Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
10билет
1. ДҚ ауқым, шарттар, жазба нұсқағышының жылжуы түсініктері.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Деректерді сақтау жəне өңдеу ақпараттық жүйені құрушылардың алдындағы ең маңызды сұрақ болып табылады. Жүйелерді құру жəне эксплуатациялау кезінде бірқатар қанағаттандырылуы қажет шарттарды ескеру керек:
- пəндік аймақты бейнелеу адекваттылығы;
- əр түрлі режимде жəне əр түрлі деңгейдегі пайдаланушылар жүйелердің өзара байланысын ұйымдастыру;
- деректердің құпиялығын, ақиқаттығын жəне сенімділігін қамтамасыз ету; - қолданатын программалардың деректерден жəне деректердің программалардан тəуелсіз болуы;
- қабылдауға болатын сипаттаудың қызмет атқаруын қамтамсыз ету (сұранысты реализациялау уақыты, қажет жадының көлемі, сервис, жүйенің бағасы жəне т.б.).
ДҚда жылжу
ДҚ мен жұмыс істеу кезінде жылжу командалары қажет. Жазбалар нұсқауышы осы мезетте орналасқан жазба ағымдық жазба деп аталады, осы кезде тек осы жазбамен тікелей жұмыс істеуге болады.
Жазбалар нұсқауышының орнын өзгертетін командалар:
GO TOP - файлдың алғашқы жазбасына өту;
GO BOTTOM - ең соңғы жазбаға өту;
GO (N) - берілген (N) нөмірлі жазбаға өту; Мысал - GO 4 - номері 4 жазбаға өту;
SKIP (N) - ағымдық жазбадан берілген (N) жазба санындай қашықтықта тұрған жазбаға өту. Бұл командада (N) өрнегі теріс сан да бола алады, бұл нұсқауыштың артқа қарай жылжуын білдіреді. Параметрі жоқ SKIP SKIP 1 командасына сәйкес болады (келесі жазбаға өту).
RECNO - ағымдық жазбаның нөмірін көрсетеді;
RECCOUNT - деректер қорындағы файл ішіндегі жазбалардың жалпы санын көрсетеді;
ЕОР - файл соңының функциясы. Ол ақиқат болады (.Т.), егер соңына қол жеткізілсе, қарсы жағдайда ол жалған (.F.);
ВОР - EОР сияқты функция, бірақ файлдың басы үшін.
2. xBase программалау тілінің параметр арқылы таңдау операторы
Таңдау операторының пішімі:
DO CASE
CASE <1-шарт>
<1-командалар_тобы>
CASE <2-шарт>
<2-командалар_тобы>
.......................................................
CASE <N-шарт>
<N- командалар_тобы >
[OTHERWISE < командалар_тобы>]
ENDCASE
Мұнда <1-шарт>, <2-шарт>, ... , <N-шарт> біртіндеп тексеріледі, солардың бірі ақиқат болса, сол қатардағы <1-командалар_тобы> орындалады да, одан кейін басқару ENDCASE сөзінен кейінгі командаларға беріледі. Бұл командада көрсетілген шарттардың тек біреуі ғана ақиқат болуы тиіс жəне оған сəйкес командалар тобы ғана орындалады. Егер бірде бір шарт ақиқат болмаса, онда одан кейінгі іс-əрекет OTHERWISE параметріне байланысты болады. Егер ол көрсетілсе, онда сол сөзден кейін орналасқан <командалар_тобы> орындалады. Ал егер OTHERWISE параметрі жазылмаса, онда басқару ENDCASE сөзінен кейінгі командаларға беріледі. Мұндай жағдайда (барлық шарт жалған жəне OTHERWISE қатары көрсетілмеген) DO CASE операторының ішіндегі бірде бір өрнек орындалмайды.
3. VFP негізгі объекттері
Дерекқордың кестелері бұл ДҚБЖ негізгі объектілері. Жалпы жағдайда дерекқорлар логикалық түрде байланысқан деректер кестелері болып келеді. Сондықтан кестелер арасындағы байланыстар да дерекқорда сақталады. Кестеледегі деректерді іздеуді жеделдету үшін дерекқордың құрамына кіретін индекстер қолданылады. Көптеген ДҚБЖ триггерлер тетігі іске асырылған. Триггерлер дерекқорда сақталады жəне дерекқордағы кез-келген өзгерістер болған жағдайда пайда болатын оқиғаларды бір орталықтан өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса сақталатын процедуралар жасауға болады, олар дерекқордың бөлігі болып табылады жəне кестелерді сипаттаған кезде еенгізілген деректерді тексеру үшін, үнсіздік бойынша мəнін анықтау үшін жəне т.б. қолданылады.
Дерекқорларға қатынас құрудың ең ыңғайлы да, пайдалы құралы деректердің қойылымдары (түрлер, деректерді көру) болып табылады. Деректердің қойылымдары кестелердің деректерін біріктіріп ыңғайлы түрде қарауға мүмкіндік береді. Кестелердің тек қана бізге қажетті өрістерін таңдауға, бірнеше өрістерді бір өріске біріктіріуге, қорытынды мəндерін есептеп шығаруға, кестенің өрістеріне жаңа атаулар беруге жəне т.б. болады.
Пішіндер негізінен қолданушының графикалық интерфейсін бағдарламалау үшін, дерекқорлардағы ақпаратты қарау жəне түзету үшін, түрлі басқару элементтерін қолдана отырып деректерді бейнелеу жəне енгізу үшін арналған объектілер. Мəселен, бухгалтерия үшін қолданба əзірлеген кезде экранда тұп-тура бухгалтерлік стандартты құжаттар сияқты болатын пішіндер жасауға болады.
Есеп берулер (Есепшоттар) форматтау үшін, қорытынды есептеу үшін жəне дерекқордан белгілі бір деректерді басып шығару үшін қолданылады. Есеп берулер, егер ақпаратты басылған күйде шығару керек болса,қолданылады. Есепшоттардың мысалына тауарлардың бағалары тұратын қағазды, сатып алушылардың тізімдерін, əртүрлі ведомосттарды келтіруге болады. Əдетінше, есепшоттарды алдымен экранда қарап алуға болады.
Сұраныстар бір немесе бірнеше кестелерден деректерді таңдап алу құралы болып табылады. Шамамен барлық реляциялық ДҚБЖ сұранысты жасау үшін арнайыланған тіл Structured Query Language SQL қолданылады. Сұраныстың орындалуының нəтижелері формада, бейнеленуі мүмкін, есепшоттар жəне диаграммалар ретінде шығарылуы жəне көрсетілген кестеде сақталуы мүмкін. Сұранысты тек таңдауға ғана емес, сонымен қоса деректерді жаңартуға, өшіруге, қосуға жасауға болады.