Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру. Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
2. Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.А)Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған). Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғалымдар чоппер және чоплинг деп атайды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы тұрақ, Аоыстанды, Қарасу;Орталық Қазақстан:Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы;Шығыс Қазақстан:Қозыбай;Бaтыс Қазақстан: Шабақтысай, Сарытас
Б)Орта палеолит.Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Ерешеліктері:от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандертаоь адамның пайда болуы. Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус)шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықщақтарын алу. Қыпғыш ең негізгі құрал. Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, біп қырымен жатқызып жерлеген. 1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі Обалысай тұрағы. Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ;Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая;Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж;Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу ;
В)Кейінгі палеолит дәуірі. Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл 12-10мың жылдар аралығы. Бұл адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас- кроманьондықтардың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы. Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа тіліктер алынды(пышақ тіліктер). Тас өңдеу әдістері де жетілдіріліп, тастарды түзету(ретушь) арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған. Болас оқ есебінде қолдыналатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда пайдаланылған. Кейінгі палеолит алңашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуысмен сипатталады. Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының алғашқы түрі аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Бұл матрилиниялық (ана жағынан есептелген) және матрилокалды(ана жағымен тұйықталған) сипатта болды. Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы, аң аулау сәттерін және би қимылдарын бейнеленген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рудың пірі болып саналатын әйел анна бейнесі кең тараған. Жануарлардың бас сүйектерін, ортан жіліктерін саз әуен құралдарын жасарда пайдаланған. Күрделі діни сенімдері-жерлеу кезінде әшекейлік заттарды көму, денеге қызыл бояу жағу. Қазақстанда осы кезеңге тән баспаналар табылған жоқ, қазақстандық ежелгі адамдар таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме қуыстарды және жартас қалқасын баспана еткен. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;
В) Мезолит дәуірі.Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң құстар пайда болды, жебелі садақ, бумераг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы садақ. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды. Аңщылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Шебер садақшы минутына 20 оқ атты. Садақ оғы 80-100 метр, күрделі садақ оғы 450м. жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды.Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты. Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте бірте Америка материгі.Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікте Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзенінің бойына қоныс аударды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз;Орталық Қазақстан: Әкімбек, Қарағанды
Г) Неолит дәуірі. Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады:Жабайы жануарларды қолға үйрету;Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу;Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру;Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі өнімді еңбектің пайда болуы.Бұл кезең тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық тас сыналар(микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, келте, келі, келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады.Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Солтүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің басталғандығын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Неолиттік ежелгі адамдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы(Солтүстік Қазақстан) маңынан табылған қабірде өрттелген мәйіттің күлі болған. Қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Бұл дәуір тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылған кезең. Қазақстан жерінде 600 ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді: Бұлақ бойындағы тұрақтар;Өзен жағасындағы тұрақтар;Көл жиегіндегі тұрақтар;Үңгірдегі тұрақтар.Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің ашық үлгідегі тұрақтар.Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырланған жер Атбасар ауданы(Ақмола обл.). Таралған аумағы Есіл өзенінің аңғары-Қазақстан ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б.з.б. VII мың ж. аяғы VI мың ж. басы).Келтеминар мәдениетінің(б.з.б. IV мың ж. аяғы - II мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 ж.ж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары-II-IV, Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т.б. тұрақтары.Мақанжар мәденитінің көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр.Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Арал маңы: Сексеуіл(Арал тұрақтар тобы), Ақеспе;Оңтүстік Қазақстан: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ;Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз;Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай;Батыс Қазақстан: Тоқсанбай,Шатпақкөл, Құлсары;Орталық Қазақстан: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай;
Д)Энеолит дәуірі.Еркешеліетері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, клаиматтың ылғалды болуы.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит (мыстытас) дәуірінен басталады.Бұл кезеңде металл біз, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғыларпайда бола бастады. Тері өңдеуді тездетуге мүмкіндік беретін бүйірлі қырғыштар басым болды. Ыдыстар саз балшықтан жасалып, оған геометриялық қарапайым әшекейлер салынған. Ыдыс жұқа болса сыйымдылығы 6-7 литрге жеткен. Энеолит дәуірінде климат ылғалды болып, ірі сүт қоректілер көбейе бастады. Бұл аңшылықты күшейтті. Ботай қонысында 70 мың жылқының сүйегі табылды. Жерлеу ғұрпы мен символдық заттар тотемизмінің, ата-бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Мәйітті қоныстағы ескі тұрғын жайға жерлеп, айналысына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. Ботай мәдениеті Ақмола облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталғанг. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды. (б.з.б. III-II мың ж. аралығы). Ботай мәдениетін археолог В.В.Зайберт ашты. Палеолит (тас) дәуірінің ескерткіштерін зерттей келіп, Қазақстан жері-адамзат қоғамы қалыптасқан аймақтардың бірі деген ғылыми тұжырым жасалынып отыр.
3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті:
Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)Қола дуірінің кезеңдері:
Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырлар
Орта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар.
Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIII ғасырлар.Ерекшеліктері:Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.Рулық қатынстар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы(А.Я.Тугаринов)).1927ж. - археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстаннан тапты. Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусиск-Орал таулары-Батыс Сібір жазығы-Памир таулары.Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық Қазақстан. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы. Мәдениеті:Б.з.б. 3 мың ж. соңында Қазақстанның таулы және далалы аудандарнда егіншілік пайда болды.Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтың тайпалар қос өркешті бактриан тайпалар қос өокешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюдыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылды. Б.з.б. I мың ж. басында андроновтықтар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді. Үй маңындағы жайылымдар жарамсыз болып қалған кезде бақташылар жаңа жайылымдарға көшіп отыпды. Бұл-мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі). Ерлер жайылымдарға кетіп, мекендеріне күз соңына таман оралған. Әйелдер мен балалар егіншілікпен айналысып, тұрақты мекендерде қалды.Кейінгі қола дәуірінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың жаңа түрі- көшпелі мал шаруашылығы шығы бастады. Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті. Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілінде қыш ыдыстар жасаған.Таспалық әдіс.Қалыпқа салып пішіндеу әдісі(б.з.б. XVII-XVIғ.ғ.).Андроновтықтардың баспанасы жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болды.
Еңбек құралдары : тесе, тас кетпен, келі, келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі). Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі Андронов дәстүрі сақталған.Жаңа элементтер енгізілген(мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты мәйітті шалқасынан жатқызу).Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырылған.
4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.
Соңғы сақ кезеңі б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер азиялық скифтер;Парсылар құдыретті еркектер;Ирандықтар жүйрік атты турлар.Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар).Мекені: Мургап аңғары.
Б.з.б. VII-IV ғасырлар сақ тайпалар одағы құрылды.Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:Жауынгерлер-қызыл түс.Абыздар-ақ түс.Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;
Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.
Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.
Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Шаруашылығы: б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.Сақтардың негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді:Көшпелі мал шаруашылығы батыс және орталық Қазақстанда.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында.Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандық ірі қара аз өсірілді.Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой өсіру. Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты.Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен өолөнер жоғары дәрежеде дамыды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы. Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген.
5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:
Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Құлан қаласы,Ілебалық қаласы.Үлкен қала Екіоғыз.Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар Отырар мен Шауғар.Тауар тасымалы Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.Мәдениет пен діннің таралуы. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы Үндістан;Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы Иран мен Византия;Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы Түрік қағанаты;Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.
Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.
Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды. Буддизм Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Испиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды. Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.). Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.). Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы). Зороастризм діннің белгісі от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде).Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:
Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты.Қалалар көбейді.Сыртқы байланыс дамыды.Сауда өркендеді
Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.
6. Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.Үйсіндер. Б.з.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го «мемлекет» деген мағынаны білдіреді.Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді.
Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.Қаңлылар астанасы Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады.Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған.Шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұраларда немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстары үйрек, қаз ауланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды.
Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөйлеген.
Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі орналасқан елді мекен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған» деген пікір бар.
Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұс бұйымдар, киетін кимешектер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта мамықтарынан жасалатын болған. Олар қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден қалпақ, кебенек-шекпендер жасап киген. Қарапайым халық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп киген.
Қаңлы елінде заң мен діни нанымдар өзара ұштастырылып атқарылған.
Қаңлылар отқа табыну, дінге сыйынатын арнаулы кесенелер салған. Табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық аспаптар болған, би билеген.
Археологиялық ескерткіштері. Мардан күйік қорымы Сырдария өзенінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ескерткіші. Бұл қорым Мардан-күйік қаласының іргесінде орын тепкен. Мұнда 50-ден артық мола бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б. I ғ. ортасында ыдырады.
7. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603ж)
Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. 535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады.
Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.
Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.
561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;
Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады. Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:Ішкі тартыстарКөрші елдермен соғыс...Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің
603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.
Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.
8. Көне түрік жазба ескерткіштері.
түркі руникалық жазба ескерткіштері 79 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (810 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Таласалқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.
Иссык жазба ескерткіш сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 54 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанныңбаласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 78 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.
Қазақстанда. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б
9.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603-704)
Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі). Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:
Халқы үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар. Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді. Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.
Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.
10)Түркеш қағанатының тарихы
Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талас алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.
11)Қарлұқ қағанатынытың тарихы
Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.Астаналары-Суяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.
Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл Қыдырхан өзін қаған деп жариялап,қарлұқтар бостандығын мәлімдеді.Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр.Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар Алатауы,Сырдарияның орта ағысы,Балқаш Ыстықкөл,Іле,Шу,Исфиджаб,Отырар төңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған:Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б.IXғ.аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады.Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.
Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе кедейлері Сырдариядан,Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді.
12. Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғ. ақыры 11 ғ. басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғ. Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғ. қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғ.алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғ. ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. VIII ғасырдың екінші жартысы IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғ. аяғы - X ғ. басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғ. тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғ. аяғы X ғ. басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған түріктердің ең басты патшасы. Қаған хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды. Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғ. жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенеттермен, қарлұқтармен, қыпшақ- тармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады.Қимақтардың шаруашылығы. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. Қимақ қағанатының құлауы X ғ. аяғы XI ғ. басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтьшған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Кытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.
13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады. IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген. Жабғудың "инал” деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға "қатын” деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары осыдан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.
14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.
15) Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
Қарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушыСарұқ Боғра хан.Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде, 942 ж бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды. қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.955 ж Мұса хан билігі орнады.
960 ж Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. XI-XII ғ.ғ Териториясы Жетісу, Шығ.Түркістан Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан орталығы.Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:
Әли Арсылан хан, Хасан , Боғра хан .XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді: Шығыс хандық. Тереториясы-Жетісу, Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн. Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен. Батыс хандық . Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.1102 ж Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128 ж қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.XII ғ. 30-жж. Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.1141 ж Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемл-ті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Қарахан дәуіріндегі мәдениет
Қарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар. Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолейлер Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, т.б; көпір салу ісі өркендеді.Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап, Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды, одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті.
16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 6-12ғ.ғ
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ, үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды. Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.
17.Орта ғасырлардағы қала мәдениеті.9-12ғ.ғҚазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айшабибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Орта ғасырда Қазақстан аумағында отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет дамыды. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам ақ қаланың аты , ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 10 ғасырларда Газгирд болған. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты 8 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Көптеген қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.9 ғ. және 10 ғ.1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол Соқылық, Харранжуван Беловодск бекінісі, Жақ Сарығ Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан Луговое, “Түрік қағанының ауылы” Шөміш, Кірмірау Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар.
18.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі.
Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған.
Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан.
19.Найман және Керей ұлыстары.
Казақстан жеріндегі ертеден келе жатқан тайпалар -Жалайыр, Найман мен Керейт. Найман тайпалар одағы /түрікше "сегіз тайпа одағы"/ VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.
Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде - қырғыздар, шығысында -Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жак бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер болды. Алайда, бұл қоныстар тұрақты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапқыншылықтар барысында тайпалар бір жерге тұрақтай алмай, жаңа жерлерге көшіп отырды. Өйткені наймандарда олармен көрші керейттер де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Наймандар мен керейттер /керейлер/ 2 мыңыншы жылдықтың басында Қазақстан жеріндегі этникалық-генетикалық процестерде белгілі рөл атқарды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. "Ұлыс" деген сөз ол кезде "халық" деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың, өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері - ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді.
Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. 1206 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Осы кезде Жетісу жерінде қара-қытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мұхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Қарақытай әскерлері талқандалып жеңілген кезде, олардан ұйғырлар бөлініп шықты. Осыдан кейін Карақытай мемлекеті құлады. Хорезмшах наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді Сайрам, Ташкент және Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды талкандап жеңді. Қашып шыққан Күшлікті олар ұстап алып Бадахшанда өлтірді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлері монғолдардың қол астына көшті.
Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың, бас кезіне жатады. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар мекендеген. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы - Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзенінің бұрылысының теріскейінде тұрған. Орхондағы бас орда өте қолайлы жерде, сауда жолының аса маңызды бөлігінде орналасқан. Сол себепті ол көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.
XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Мырғыз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бүйрек хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті.
Тоғырылхан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте -Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанкеге дейінгі, батыста - Хангай тауынан, шығыста - Халкин Голге дейінге жерлерді еркін жайлаған. Керейттер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, монғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап тұрған. Тоғырылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері - Темучин (Шынғысхан) мен Жамуха - тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болады. Керейттер билеушісі Тоғырылхан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан.
Керейттер мен наймандар әлеуметтік-саяси дамудың бір денгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Наймандар мен керейттерде кәдуілгі хұқ низамы қолданылған. Қоғамның таңдаулы тобына қызмет орындары мұра болып берілген.
XII ғасырдың аяқ кезінде Темучиннің әскерлері татарларды талқандағаннан кейін 1203 жылы керейттерді бағындырады.
20. Монғолдардың Қазақстан мен ОртаАзияны жаулауы 1219-1224 жж. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды.. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен .-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардаптары. Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыруі жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мындаған колөнер шеберлері құлдыкка айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдык, жауыздык әрекеттерге жол берілді.Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және калалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полонын айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде калалардың «әскер енгізуге бөгет жасайтын камал-қабырғалары мен кақпалары болуына рұксат етпеді. Осылай ауыздыкталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды».Жетісу калалары жаугершілік кезінде киратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен еткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонаумен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде калалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды.Осы окиғадан кейіи отыз жыл өткенле Іле анғарын басып өткен Вильгельм Рубрук былай деп жазды: «Бұл анғарда бүрын көптеген калалар болатын, казір олардын көбін татарлар (монғолдар) киратып, мал жаятын жайылымға айналдырған».Мырза Мухаммед Хайдар Дулати XVI ғасырда: «Моғолстанның кең-байтақ даласында кезге ілінсрлікбіркаланемесеелді мекен қалмады, бұл жерде бұрын калалар болғаны жайлы тек кана кітаптан немесе ауыз екі әңгімеден ғана білуге болады» деп жазды.Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.
Өзінің стратегиялық жағдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан монғол шапқыншылығы жоспарында маңызды орын алды. Ұлыс хандары ездерінің калың нөкерімен және сан мыңдаған әскерімен осы араны астана етті. Мұнда көшіріп әкелінген, көшпелі мал шаруашылығы салтын сақтаған монғол көшпелілеріне (200 мын адам) кең-байтақ жайылымдар кажет болды. Осынын бәрі егістік жерді кыскартуға әкелді. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал тұяғына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші калалармен және егінші аймактармен катынасынын үзілуі осының бәрі Жетісудағы қалалар өмірінің экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Бұл жерде көп жылдар бойы монғол феодал ақсүйектерінін, калалықжәне отырықшы-егіншілік мәдениетке жаны қас, тәуелді елдін халқын жырткыштыкпен пайдаланатын тобы үстемдік етіп келді. Жетісу аумағындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы да бұл жердегі шаруашылық пен мәдениеттің одан әрі құлдырай түсуіне ықпал етті. Жаулаушылар бұл арада мықты билік те, темірдей тәртіп те, бейбіт тұрмыс та орната алмады. Қол астындағы халықты ауыр салыктар мен телемдер төлеуге мәжбүр етті: жер салығы, алым жинау, байланыс міндеткерлігі, тұрақты және өтпелі әскерлердің қажетін қамтамасыз етудің жиырма шакты түрі, оның ішінде әскери міндеткерлік жергілікті халык монғол әскерінін катарын толықтыру үшін жауынгер беріп отыруға міндетті болды.Монғол шапкыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық каты-настардың жаксаруына үлес косты, байланыс және көлік кызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халыктар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халыктар жайлы мәліметтер таратты.
Монғолдар бір орталықтан баскару идеясымен бұрын бастары бірікпей келген туыстас тайпаларды жакындастырды.Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.
21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:
Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.
Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.
Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.
Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.
XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:
Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.
50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.
XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.
22. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы Тарханды), 1374 1375 жж Сарай Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты.
14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.
23. Көшпелі өзбектер мемлекеті құрамындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ (Әбілхайыр хандығы 1428-1468жж.). 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Әбілқайр хан жас болсада жалғыз қзі елді дамытуға коп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосыоады. Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.
24. 14-15 ғ.ғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік- шығыс Қазақстан. Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.
25.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында . Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат,найман,арғын,қаңлы,алшын,қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды
27.15 ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті
Қыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".
Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады
28. XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Қадырғали Жалаири деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Туған жері Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы."Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед 16 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген тарихшы, “Шыңғыснаманың” авторы. Хорезмдегі Шайбани әулетіне қызмет еткен ықпалды отбасынан шыққан. Өзі Елбарыс ханның (1512 1525) сарайында, қызмет еткен. Сол кезден-ақ қыпшақ даласында билік еткен Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихы туралы көптеген мәліметтерді жинап, аңыз-әңгімелерді көп білетіндігімен танылады. Олардың көпшілігі “Шыңғыснамаға” енген. “ Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек.Осман Кухистани (т.-ө.ж.б.) 15 ғ-дағы көшпелі өзбектердің тарихы жайлы жазылған “Тарих-и Абулхайр-хани” атты еңбектің авторы. Ол Әбілхайыр ханның баласы Сүйініш ханның, кейін Шайбани әулетінің ұрпағы Әбу әл-Латиф ханның сарайында қызмет етті. 1540 51 ж. дүниеге келген аталмыш еңбекте дүниенің жаралуынан бастап, 15 ғ-дың 60-жылдарына дейінгі аралық қамтылған. Шығарманың шағын он тараудан тұратын қорытынды бөлімінде көшпелі өзбектердің Әбілхайыр хан тұсындағы әскери-саяси тарихы баяндалған. Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 1664) Хиуа ханы (164563), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарма Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
29.Қазақстандағы этникалық процесстер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетісуда тандаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе, жергілікті халықтын жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік ұстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен беліп тастауға тырысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірліғі жойылмайды. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапкыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ак толық түркіленіп кетеді. Бірақ бұл кезде бұрыңғы екі үлкен расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының /антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.
Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшау-лануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орталығы Батыс Қазақстанда болды.Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін коныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті/; Байұлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп төнгенде, қазақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары,батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды. К,азақтар уш жуздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жузге бөлінгеннің жузі күйсін " - деуі де осыдан.Мұндай үштіктін шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының құрылуы, Моғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тайпаларының қазақ халқы болып бұрынғыдан да жедел топтасу процесінің күш алуы көмектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдық мемлекеттердің бұл жүйесінде ұзақ болуы қазақ халкының үш этникалық тармақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Бірақ ол процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраң қылығы себеп болды. ХІV-ХV ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр тұсында оған Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары көшіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп калады, маңғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді. XV ғасыр бітер шақта Мұхаммед Шайбани ханға еріп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың көптеген рулары мен тайпалары Орта Азияға ауысты. Міне, осының бәрі саяси жағдайды тұрақсыздандырып, Қазақстанның байтақ жеріндегі халықтың этникалық бірігуін қиындатты.XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қальштасу процесінің аяқталуын тездетті. Қазақ хандығының бұрыңғы мемлекеттермен салыстырғанда тиянақты этникалық негізі қалыптасып аяқталған халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың бүкіл түрік рулары, тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді. Оған бұл аймақты мекендеушілердің шаруашылық-саяси тағдырларының ортақтығы және байланыстылығы үлкен әсерін тигізді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың онтүстік-батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды. Мұнда Қазақстанның аса ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы Қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы Үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылды. XV ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық өздерінің кершілері арасында "қазақ" деген атпен белгілі болған.Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарының тақырыбына айналған. Ол халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптеген аныз-әңгімелерінде сөз болады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қашақ" деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп пайымдалады. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде /түрік-араб сөздігінде/ кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз "басы бос-кезбе" деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық /каспий және сақ/ одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қалай дегенде де "қазақ" этникалық терминнің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі әлі жоқ.Сонымен, қорытып айтқанда, қазақ халкының этнос болып калыптасуы өте ұзақ процесс. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өткен.
30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
Керей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Қасым ханның тұсында Казак хандығының дамығандығын сол кездегi орта ғасырлык тарихшылардың өздерi де атап өткен. Маселен, атақты Бабыр ханның айтуына қарағанда қазақ султандары мен хандарының бiр де бiреуi бул халықты дал Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Онын қарамағындағы аскер саны 300 мыңга жуық едi- дейді. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан.СоныменҚасым хан XVI ғасырдын басында ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлiгiн өзінің қол астына қаратты. Алгашкы кезде ханның саяси-акiмшiлiк және сауда-экономикалық орталығы Сырдарияның бойындаrы Сығанак каласында болған. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған. Қасым хан тұсында Моroл хандығының Жетiсуғе жүргiзген билiгi барган сайын әлсiрей бердi. Бүл кезде Моғoл хандығы мен өзбек хандығы арасында кескiлескен соғыстар болып жатты. Моғол ханы Саид хан 1514 ж Шығыс Түркістанға көшіп кетуі, Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайта түсті.
XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe осындай кең-байтақ қазақ жерiн қамтып жаткан Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Мұндай деректер жазба деректерде де хабарланrан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.
31.17 ғ Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Теуекел мен Есімнің Орта Азияга жасаған жорыктары кезiнде Тауекел Бухара каласының түбiнде жаралы болып қайтыс болады. Жазба деректерге қарағанда Тәуекелдің балалары жас болып, ел алдында танылмагандыктан, хандык билiктi iнici Eciм сұлтан алады. Eciм сол кездің өзiнде қазақтың көп санды әскер басшысы болған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан да сұлтандардың көпшiлiгi Есімнің хан болуын жақтаған. Есім енді 1598 ж бастап 1628 ж шейін ел билейді. Алайда Есімге қарсы болған саяси топтар болды. Ол қатаған руынан шыққан Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан еді. Ол 1613-1614 жылдардың шамасында өзiн хан деп жариялаған. Сөйтiп XVII ғасырдың алғашкы кезiнде қазақ хандығын екі хан билеген, содан саяси бытыранкылық болды. EciM хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын өзiн тауелсiз хан жариялап, Ташкент каласын өзінің астанасы ететi. Осы кезде бұхар хандығы мықты болып тұр еді. Бұхар хандығы Тәуекел ханның кезінде Айырылып қалған маңызды қалаларды қайтарып алу үшін соғыс ашады. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқанд мағы) болып, бұл шайқастав Қазақ хандығы жеңеді. 1611 жылы бұхар әскерімен Ташкент түбiнде ұрыс болады. Қазақтың әскерін басқарган Есім хан жеңіске жетiп, Бұхар ханы келiсiм жасауға мәжбүр болған. Осы кезде Eciм мен Тұрсын арасында кайшылықтар туып, Eciм хан өз ордасына қайтады. Осы кезден бастап eкi қазақ хандарының арасындағы қайшылық шиеленiсе туседі. Eciм хан шамамен алғанда 1627-1628 жылдары Жетiсу жерiне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған кезде Тұрсын хан өзінің әскерімен Түркістанға Есім ханның ордасына шабуылдаған Eciм ханның көптеген адамдарын өлтіріп, әйелiн, балаларын тұтқындап, Ташкентке кайтады. Eнді Тұрсын хан Eciм ханды өлтірмек болады Бул жағдайдың бәрiн естіген Eciм хан Ташкентке аттанады. Ташкент төңірегінде шайқас болған. «Бахр әл - асрардың» мағлұматына қарағанда Тұрсын қайтыс болған. 1628 жылы Тұррсынды өлтірумен бірге Есім хан қатаған руын да қырып тастаған.
Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда Есім хан 1628 ж қайтыс болған. Бірақ Есім хан 1643 ж дейін билік құрды деген мәліметтер бар. Есім хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. хХнның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағы шығады. Түркістан қаласын Есім хан өзінің астанасы етті.
32.17-18ғ. басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары.Тәуке хан. XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың арасындағы қырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ хандарының бірі - Жәңгір Бұкар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір шебер саясатшы ғана емес, сонымен бірге өте батыл ержүрек жауынгер қолбасшы еді. Оның ерліктері туралы аңыз көп. 1643 жылы 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар тауының бір қуысына ұтымды бекінген Жәңгір хан жоңғарлардың 50 мың әскерінің жолын бөгеп, қарсыластарын таптап өтпекші болған жау әскеріне бас көтертпей соққы берді. Оның 10 мың адамын шығындады. Шайқас қызып жатқан кезде Жәңгірдің шақыруымен 20 мың әскерімен көмекке жеткен Кіші жүздің Жалаңтөс батыры екеуі соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті. Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізіп, оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы қаза тапты. XVII ғасырдың 90-шы жылдарында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне шабуылы бәсендеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы жоңғар феодалдарының арам ойын іске асырмады. 1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінін туын жоғары ұстады. Тәуке хан 1687-1688 жж. Бұхара ханы Сұбхан- Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның тұсында жонғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, кырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тыйып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге беліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси-құқық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіне ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халкының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш.
33. 17-18ғ. 1 ширегінде Қазақ-Жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды» .Аңырақай шайқасы. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан Ресей мемлекетінің, шығыстан жоңғарлардың, оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.
34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістің негізігі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.
35. XVI-XVIIIғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы шаруашылығы мен тұрмысы.. XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер билер байлар батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негіделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арөылы өзінің наразылығын білдірді.
Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды , оарды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.
36. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (16631756), Қазыбек Келдібекұлы (16651765), және Әйтеке Байбекұлы (16821766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.
Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлеңжырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 ж шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадырқасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлтазаттық күресін қолдады. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Жау қуылды, халық өз жерінде емін еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тəуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сынды ата бабаларымыз жиналды.
39.Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы,ерекшеліктері. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797ж.ж) Көтерілістің алғышарттары:
-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі
-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы
-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және
Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы
-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. 1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:
-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.
-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:-Байұлы;-Жетіру;-Әлімұлы;Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.
Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті. Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:
-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру. Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.1794-Ералы хан қайтыс болды.1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір бөлігі;-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті. Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. 1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды. Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді. 1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері. 18361838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды.Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патшаүкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.
41. 1822-1824 жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылар. ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
42. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің себептері,барысы,ерекшеліктері және оның тарихи маңызы . Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.
43.19ғ. 50жылд. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарғанСыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:Әскери күшпен салық жинауы; Бекіністер салуға Арал қазақтарын күштеп қатыстыруы.Көтеріліс жетекшісі Жанқожа Нұрмұхамедұлы.1836ж Амудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуа әскеріне қарсы күрес басталды.1842ж Хиуа бекінісі Бесқаланы қиратты.1843ж Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр Қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж коктем Жанқожа тобы хиуалық 2000мың әскерді жойып жіберді.Орыс әскери топтарының Сыр бойына келуіне арқа суйеген Жанқожа тобы Сырдың төменгі ағысын хиуалықтардан тазартты.Негізгі қозғаушы күші қазақ , қырғыз шаруалары.Көтерілісшілер Әулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан комек сұрап, комекке келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды.Қоқандықтар шабуылы қазақ ауылдарының Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуін тездетті:Сарысуға 12мың шаңырақ, Перовск фортына 4700шаңырақ кошті.1858ж мамыр көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорғанмен Түркістанды қоршады. Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худьярмен ымырластық келісімге келді:Ташкент билеушісі болып Мырза Ахмет орнына, інісі Мұрат Аталық сайланды.Котеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылығы.Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы.Тарихи маңызы :Қазақ, қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы.Оңт.Қаз.ды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.
44. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары. Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен шайқасып жатқан кезде, РесейдіңІ-Петр патшасының әскерлері Қазақстан жеріне бекіністер мен қалалар салуынан басталды.Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын. Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанды өз отарында ұстаған Қоқан зекетшілері "жәй мал-мүлік салығын былай қойып, мұсылмандықтан безіп, көңіл көтеру үшін әр ауылдан бір қыз бересің" деген салық ойлап шығарды. Қазақтар бұл қорлыққа көнбей 1858 жылы мамыр айында көтеріліске шықты. Мырза би деген зекетшіні нөкерлерімен қоса Шымкент түбінде қырып салды. Қоқан ханы Құдияр әр жерден бас көтерген қазақтарды аяусыз жазалап, қанды шеңгеліне қайта түсірген соң 1860 жылы Жетісуды орыс отаршыларынан құтқарамыз деген ұранмен әскер көтерді. Ұзынағаш түбінде полковник Колпаковский басқарған орыс әскері қоқандық сарбаздарды зеңбіректерден оқ жаудырып, жамсатып салды. Осы қоқандықтар сапында Байзақ, Батырбек датқалар да болатын.Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады. Бұл 1863 жыл болатын. Сол жылы Орынбор жақтан келіп Созақта, Шолаққорғанда болып, тілік Шоқай датқамен тіл табысқан, жай-жапсарды ұққан М. Г. Черняев 1864 жылы Омбы генерал губернаторы А. Дюгамельдің қарамағына жіберілді. Сол генералдың қолы қойылған деректерге қарағанда 1864 жыл басталған қыс Оңтүстік Қазақстанда өте қатал болып, қазақтар жұттан көп малынан айырылған. Орыс дипломаттары қоқандықтарды әлсірете түсу үшін Бұхар әмірімен байланыс жасап, оны да ортақ жауына қарсы көктемде жорыққа шығуға итермелеген.Шудың бергі жағындағы қосын бастығы полковник Черняев басқарған әскер 1864 жылғы 1 мамыр күні Верный бекінісінен аттанды. Ал, бұдан бір жыл бұрын старшина Бутаков солто, сарбағыш руларынан манаптар Жанғараш, Маймыл, Тыналы, Бәйтік, Қойшы, Мәкеш, Шайділдә, Өзбек басқарған елдеріне барып, олардың Ресейге қарайтындығы туралы антын алды. Сол сияқты 1862 жылы попковник М. Г. Герасимов басқарған шағын орыс әскері Меркіге келіп, бағдарлап қайтқан еді.
45. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі отарлаушы елдің ішкі қуат көзі этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. - Әлеуметтіқ экономикалық жаңалықтар енгізу. - Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 жылғы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
46. Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер.1886 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- губернатор құзырында болды. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны халықтық сот болды. Халықтық сот империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
47. 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі. "Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: "Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі" деп танылады."Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".
Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.1886 жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5:
Қазалы,Перовск,Шымкент,Әулиеата,Ташкент уездерінен тұрды."Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 18861891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды:облыстық,уездік,болыстық,ауылдық.Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.1891 жылы 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал-губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы қарауына берілді.Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын Дала генерал-губернаторлығы басқарды, Орал, Торғай облыстарын әскери губернатор басқарды. Дала генерал-губернаторлығының орталығы Омбы, сонымен қатар Ақмола облысының орталығы да Омбы, Семей облысыныкі Семей қаласы, Орал облысыныкі Оралқаласы, Торғай облысыныкі Орынбор қаласы болып белгіленді.Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды.Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.
48. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман» мектебі. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б. еңбектері. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың бітімімен ажырамауға үндейді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір қасиеті сақап қалуға үндеген , ой пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Зар заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі Шортанбай Қанайұлы ( 1818 1881 ) « зар заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады.Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар заманның тарихи сипаты , Зар заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар , болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді
49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б.Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. ОлЕуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» 1880, «Бала зар» 1890, «Диуани хикмет» 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов,Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.
50. ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі. Қазақ ұлт зиялы.ң қоғамдық саяси қызметтеріндегі белсенділігі де арта түсті,олар 1905 ж. Желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын Ресей конс.қ демократиялық партияның бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын.Ондағы мақсат-берген бостандықтар шеңберінде Қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.Қаз.ң барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану,ұлттық мектептер ашу т.б талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев,М.Дулатов Б.Қаратаев,және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Қазақстан халқының саяси ой өрісінің дамуында мем.к Думағасайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып,онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметтермен көрінді. Мыс:1905 ж. 6 тамызында мем.к Дума жөніндегі патша монифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығына ие болды.Сөйтіп,Қазақстаннан 1-ші мем.к Думаға барлығы 9 депутат;оның ішінен 4млн.қазақ халқының 4 депутат ;Ә.Бөкейханов,А.Білімжанов,А.Қалменов,Б.Құлманов сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты.Ал барлығы 72 млн. Ғана жұмыс жасаған мемлекеттік Дума 1906ж. 9шілде күні үкімет шешемімен таратылды.2-мем.к Думаны сайлауына келер болсақ,ол 1905 ж.6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдарын негізінде өткізілді. Думаға Қаз.ң 14 депутат,олардың 6 қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов-Ақмола обл.Би Х.Нұрекенов Орал обл. Сот тергеушісі А.Бірімжанов-Торғай обл.Т.Алдабергенов-Сырдария обл. Қатынас жолдары инженері-Жетісу обл. сайланды.Патша үкіметі 1907ж. 3 маусымында шығарған заңымен II мем.Думаны да таратып жіберді.Қазақ депутаттары қатынасқан I-ші және II Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындайешқандай заңдар қабылдаған жоқ «3-маусым Заңының»өмірге келуімен бірге, қазақ зиялы.ң Думаға артқан үлесті де біржола жойған еді.Бірақ олар қазақ жеріндегі отарлау саясатына,3-маусым заңына қарсы әрекеттерін тоқтатпады.Ал,жалпы алғанда сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің I-ші және II-ші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы әрине,олар ушін үлкен өмір мектебіне айналып,белгілі деңгейде өзіндес із қалдырды.
51. 1916 ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді. Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтардышақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды. Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті. 1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды. Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді. 1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді. 1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады.
52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.нан кейінгі Қазақстан.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері. Ақпан рев.ң жеңісінен кейін Қаз.да қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдіңсаяси партиялары әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.Тарихта «Алаш» парт.ң саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 ж. 21-28 шілде аралығында өткен I Бүкіл қазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде Қазақ даласының алты обл.нАқмола, Семей,Торғай Орал,Жетісу,Ферғана,Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съеэде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды:Мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ обл.ң автономиялылығы туралы,жер мәселесі,халық милициясын ұйымдастыру,земства туралы,халық ағарту ісі сот ісі,дін мәселесі,әйелдер мәселесі,қазақтар обд.да құрылтай жиналысына делегаттар сайлау,бүкілресейлікмұсылман съезі туралы,қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б .Осылардың ішінде саяси мазмұны жағынан ұлттық автономия,жер мәс.мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінше кезекте,өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды.Съезд Қаз.ң барлық аймақтары мен бұхара,Ферғана,Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиынына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады.Олардың арасында «Қазақ»газетінің жетекшілері,қазақ ұлттық либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов,Ж.Х. Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып,шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды.Сонымен съездің қарарында «Қазақ обл.ыаумақтық ұлттық автономия құқығын алуы тиіс»деп жазды. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық - территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттыұ мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз . Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақс-да да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.
53.) Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».«Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.«Алаш» партиясының бағдарламасы:
- Басқару түрі; - Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы; - Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.Бағдарламадағы ең негізгі мәселе жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс.1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 ж желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды.
54.) 1917 ж. Қазан төңкерісі, Қаз-да Кеңес өкіметінің орнатылуы. 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші экономикалық , екінші саяси дағдарыс.Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдарыжұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі ұлт Кеңесі құрылды. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.1917ж. желтоқсан 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. 1918ж. Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.
55) Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа ШоқайТүркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесініңқұрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар бола¬тын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға ша¬қырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жер¬гілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш авто¬номиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
1918 жылдың 11 ақпанында Кеңес өкіметі жұмсаған әскер күштері Қоқан қаласына басып кіріп, Түркістан автономиясы үкіметін күшпен таратып жіберді. Қаланың өзі талан-таражға түсті.
Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе жергілікті халықтардың өзін-өзі билеу құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді. Жергілікті халықтарға түсінікті әрі жакын, сондықтан да болашағы зор мұндай саяси құрылымдардың өмірге келуі басында В.И.Ленин тұрған ұлыдержавалық күштердің зәресін алды. Түркістан мемлекетіне жол ашатын Түркістан автономиясы идеясын тезірек бесігінде тұншықтыру оларға тиімді көрінді.
56) 1917 ж. екініші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан ясыБөксейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының 6 облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы, жер мәселесі; земство туралы; халық ағарту ісі туралы; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; Бүкілресейлік мұсылман съезі туралы және Қазақ саяси партиясын құру туралы. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саями маңызы жағынан ұлттық автономия жер мәселесі мен құрылтай жиналысына дайындық мәселесі бірінші кезекте өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезд қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана. Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандитаттын 78 депутат деп сайлады. Олардың арасында қазақ газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық либералдық көсемдері Бөкейханов, Байтұрсынов, аймақтардан А. Ермеков, Х. Ғаппасов, Досмухамедовтар, М. Тынышбаев, М. Шоқай, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болды. Жалпы Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі Алаш қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды.Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.
57) Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
58) Қазақ АКСР-ның құрылуы. Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз әскери революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы болды. 1924 1929 жж. астана Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. ҚазАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы Атбасар, Ақмола, Көкшетау,Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша). 1925 жылы 1519 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды. Республикадағы қоғамдық саяси өмір. Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 жылы 4 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мәселелер: 1) Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде Кеңестерді ығайту жолдары белгіленді. 1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті. Бірақ партия жұмысының барлық буындарына әміршіл - әкімшіл әдіс енгізілді. Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Ғани Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және т. б. жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды. 1921 жылғы қаңтардың 1інде КОБОС тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық 1конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1) жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді. Осы жылдары әйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова т. б. Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті.Ауылдық және қалалық Кеңес депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер, имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері) сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арсында саяси жұмыс, насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау барысында рулық сарқыншақтарға рулық және таптық бой көрсетулеріне, патриархаттық феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күрес жүріп жатты. Қалыңмал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен насихатталды. 1922 жылы 9 мамыр 12 маусым аралығында Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» экспедициясы Орынбор Орск Торғай Атбасар Ақмола Петропавл Павлодар Қарқаралы Семейге дейін жүріп, 126 митинг өткізіп, 25 пұт әдебиет таратты, Кеңестік декреттерді насихаттап, партияның ұлт саясатын түсіндірді. Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуін жолға қойды. 1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы, 1923 жылғы қарашаның 22 інде «Қырғыз (қазақ ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декреттер қабылданды. 1927 жылғы мамырдың 17інде «Қазақ уездің, округтік мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу», 1928 жылғы қаңтар «Аралас уездік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу» жөнінде шаралар белгіленді. 1925 жылы желтоқсанда Бүкілқазақстандық V РК(б)П конференциясы өтті. Онда: ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, үкімет органдары ретінде ауылдық кеңестерді нығайту, олардағы бай,жартылай феодалдардың зорлық зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін белгіледі. 1928 жылы республикада жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика 5 буынды ауыл, село, болыс, уезд, округ, орталық басқару жүйесіне көшірілді. Республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді. Жаңадан аудандастырудыңмаңызы: 1. Кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, халықты кеңестік құрылысқа тартуға көмектесті. 2. Ұлтшылдық егестерді тоқтатты. 3. Рулық ауылдарды жойып, шаруашылық территориялық Кеңестер құру қажеттігін көрсетті. 1929 жылы Қазақ АКСР ының астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге, осы жылдары (1921 1928 жж.) қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер әміршіл - әкімшіл басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды, партиялық мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа, С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа және т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты.
59) Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі:себептері мен нәтижелері. Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Алайда, зорлық зомбылыққа негізделген азық түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты- 1921 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық түлік салғыртының орнына азық түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П ның X съезінен кейін енгізілген азық түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып».
60) 1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу . 1924 жылғы ұлттық территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР інің кіметі құрған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды.
61)Ірі-байшаруашылықтарынтәркілеу;саясижәне экономикалық салдыры.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.
62) Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары. Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.
63) Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары. 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
3. Әкімшілік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында 70 %; Жымпиты ауданында 60 %; Жәнібек ауданында 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
64) 1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады .Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды Жер, қырдағы халықтың әдеп-ғұрпы негізінде әрбір рудың ортақ меншігі болатын. Қала немесе өзге де елді мекендерде шариғатқа сай меншік құ-қығы бар-тын. Сонымен бірге, қырды мекендеген халық жерді шабындық және мал жаю үшін пайдаланатын. 1917 жылғы төңкеріске дейін қазақ қоғамында негізінде үлкен жер иеленушілер жоқ болды. Мақта егуге мемлекеттің мәжбүрлеуі және ұсақ жер иелерінің қарызға батуына байланысты1929 жылы Сталин Кеңес үкіметінің жылдық қорытындысы ретінде сөйлеген сөзінде: «Мынаны білгеніміз жөн, ұжым-дастыру әрекетінде біз туындаған дағ-дарыстан міндетті түрде құтыламыз неме-се құтылдық. Егер колхоз бен совхоздарды құруды осылайша жеделдете түссек, өл-кеміз үш жылдан кейін бидайға бай ел болып, бидайды экспорттайтын бірден-бір мемлекет болатындығына шүбә жоқ», деген еді. Бірақ, үмітке толы бұл сөздер 1929-1931 жылдар аралығында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның өлуіне әкеп соқты.Сталин 1929 жылы жариялаған ше-шімімен колхоз және совхоз жұмыстары-на басымдық берді. Бірақ, бұл реформаны іске асыруда кедергілер жоқ емес еді. Қазақстандағы Коммунистік партияның өкілдері колхоздастыруға әлі ерте екендігі жөнінде сан мәрте Мәскеуге мәлімдеме жасағанмен, ештеңе өзгермеді.Қазақстанда бұл жылдары орын алған көтерілістердің негізгі себебі Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі болған колхоздастыру реформасынан туындады. Бірақ, мемлекет жетекшілері көтерілістердің негізгі себебін басқаша көрсеткісі келді. Ф.И.Голощекин 1930 жылы 21 сәуірде Сталинге: «Қазақ ауылындағы 91 жағдай туралы» атты жіберген хатында, көтерілістер «бай, атқамінер, ру басысы әлі де ауылда елеулі күш болып табылатын тап күресінің шиеленісе түсуінен» деп бұны баскөтеру себебі ретінде көрсетті.Көтерілістерді ресми мәліметтерде көрсетілгендей Ташкенттегі зиялылар ұйымдастырған. 1921 жылы Самарқанд-та А.З.Валиди Тоған басшылығымен «Орта Азия Ұлттық революциялық қауымдастықтар одағы» құрылған бо-латын. Түркістан халықтары (қазақ, өзбек, түркмен, башқұрт) құрған бұл одақты қысқаша «жамиғат» деп атайтын. Алаш орда қайраткерлері де мүше болған бұл «жамиғаттың» жеті баптан тұратын платформасының біріншісінде: «Жамағаттың мақсаты Түркістанның тәуелсіз болуы және Түркістанның билігі түркістандықтардың қолында болуы» деп көрсетілді.Кеңес үкіметінің жетекшілерінің кө-теріліс туралы пікірі осылай еді.
65) 1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық
және демографиялық салдары.Партияның ХV съезі ауыл аруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.(1927ж.желтоқсан) негізгі ұстанымдар: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932ж.көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж. Алғ. МТС-тер құрылды ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8000 жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңшылдықтар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:
- қатал жаппай қуғынлаумен террорға негізделді.
- даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
- әкімшілшк күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
- шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырд: 1928ж.-2%, 1930ж.- 56,4%, 1931ж.қазанда 65%. Азық-түлікпен қамт/з етудің қиындауына байланысты 1929ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: шұбартау ауданында малдың 80%-і мемлекетке өткізілді. Балқаш ауданында 297 000 малға салғырт салынды. (ауданда 173 000 мал болған). Торғай ауданында 1млн.мал басынан салғырт салдарынан 98 000 ғана қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды.колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатаң жазаланды: 1929ж.56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931ж. 5500 отбасы жер аударылды. 1929-33жж. ОГПУ (бшріккен мемлекттік саяси басқарма) үштігі 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына 3386адам, 3-10жыл концентрациялық лагерьге қамауға 13151 адамға үкім шығарды. 1933ж. Саяси басқарма үштігі 21 000 адамды қамауға алды. 1930ж. 30мамыр республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110 000га жер бөлді.мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-32 жж. Аштық жайлады. 1932ж.ақпан колхозшы қожалықтарының 87%-і , жекешелердің 51,8%-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында 40,5млн. Мал болса, 1933ж.1қаңтарда 4,5млн мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: 1930ж. 313 000адам, 1931ж. 765 000адам, 1932ж. 769 000 адам қайтыс болды.
1930ж.қаңтар 1931ж.маусым аралығы 1млн. 70мың адам Қытай,Иран,Ауған жеріне көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары:
1930-33жж. 2,1млн.адам қырылды(барлығы 6,2млн.адам)
Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж.ғана қалпына келтірілді.
1930-32жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
66.ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.
67) 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал фашистердің» «Қазақстанды КСРО ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов ,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов ,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин ,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру ,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды .Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау ,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру ,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.Қызыл әскерлердің ,қызыл флотшылардың ,эвакуацияланғандардың ,әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің шағымдары кеңестердің және солардың басшыларының ерекше бақылауында болды.
68) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандыққарсыласуқозғалысынақатысты. ҰлыОтансоғысындағыерліктеріүшін 11600 адамғаКеңесОдағының батыры атағыберілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардыңішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде КеңесОдағының батыры атағы 19-танк дивизиясыныңкомандирі генерал-майор К.А.Семенченкоғаберілді, еңсоңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндайатақпанфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлынаберілді, ол 1941 ж. Мәскеутүбіндегіұрыстардаөзбатальоныменжауқоршауын 3 ретбұзыпшықты. СоғыстыБ.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштардивизиясыныңкомандиріболыпжүріпаяқтады. Ерекшеерліккөрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктерТ.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павловжәнеұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жауұшағынқұлатқан) КеңесОдағының батыры атағын 2 реталды. БатырлардыңқатарындапулеметшіМ.Мәметованың, мергенӘ.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, бронбұзушы П.К. Миллердің, минеметшіҚ.Сыпатаевтың, аттыәскерМ.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерініңкомандиріБ.П.Ущевтің, атқыштардивизиясыныңкомандиріҒ.Б.Сафиуллинніңесімдері бар. 110 қазақстандықДаңқорденінің 3 дәрежесіне де иеболды.1941 ж. маусымдағышайқасқаЛитваның Шауляй қаласыныңоңтүстігінетаман 219-атқыштар полкіқатысты, бұл полк 1919 ж. Қазанда Қостанайда Қызыл Әске рқатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталғанболатын.Қазақстандық әскери құрамалар дыңүштенбірі Ленинград түбіндесоғысты. Ленинград шайқасындаерекшеерліккөрсеткенқазақстандықтар: Балтықфлотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандықшайқасып, ерліктеріүшінордендер мен медальдарменмарапатталды. Партия ұйымдастырушысыСұлтанБаймағамбетов, А.Матросовтыңерлігінқайталап (жаудзодынкеудесіменжауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасыныңбөлімшекомандиріҚойбағаровұрыстанемістраншеяларына 1-ші болыпкіріп, ержүректіліккөрсетті. Ал 1942 жылыАрыстан Ахметов 19 жауынгерменәскеримаңызы бар төбеніқорғаудаерліккөрсетті. Жаралыболып, ессізқалғанАрыстандыжауәскеріқолғатүсіріпазапқасалды. Әскеримәлімет ала алмағанжауоныңүстінежанармайқұйып өртеді.1943 жылықаңтарда 900 күнгесозылған Ленинград қоршауыбұзылды. 1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегікескілескенұрыстарбасталды. 1942 ж-дыңкүзінде Сталинград шайқасыныңжалыныБатысҚазақстандаласынажетті. 1943 ж. желтоқсандабелгіленгеншекарабойыншаҚазақстан Сталинград облысымен Каспий теңізінен Александров-Гайғадейінгі 500 шақырымбойындашектесті. Орал қаласындаіріәскери-оперативтікбайланысторабықұрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылықұшқышНүркенӘбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағыәуешайқасындаұшағынжаутанкілерішоғырынақұлатып, ерлікпенқазатабады. ЖамбылдыңұлыАлғадай 19-гвардиялық аттыәскерполкінде пулемет расчетынбасқарыпжүріп, Синельниково қаласымаңындаерлікпенқазатапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасынжойыпжіберді. МинометшіҚарсыбайСыпатаев пен капитан А.А.Бельгинқуаттыжарылғышминаменжаутанкісініңастынатүсіпөшпесерлікжасап, қазатапқаннанкейіноларға Батыр атағыберілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамындажүріп, Лида қаласындағыастыртынжұмысқақатысты. Және де рейхстаг терезелерінеалғашқылардыңбіріболыпЖеңістуынтіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оныңдосыГ.Булатовболды. ҚазақстанныңмыңдағанөкілдеріУкраинаны, Беларусьты, Балтықреспубликаларын, Молдованыазатетугеқатысты. Мінеосындайкөптегенқазақстандықазаматтарерлікжасап, әртүрліордендер мен медальдарменмарапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігіорденініңтолықиегеріатанды. ЖалпыКеңесОдағының орден, медальдарыменмарапатталғанқазақстандықтар саны 96638. Ал ҰлыОтансоғысындақазатапқанқазақстандықтар 603 мыңадамболды.
69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын, мыс қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды.Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының, висмуттың, полиметалл рудалары мен қорғасынның жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Темір жол құрылысы жалғасты. Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді.
70.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жыл ғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Адам бостандығын аяққа таптау.•Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.•Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.•Жеке басқа табыну үстемдігі.Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді. Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:•Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.•Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ағымды әрекеттер болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды . 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады.Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді Мал түқымы асылдандырылды Экологиялық-географиялық болжам жасауы қазіргі деңгейі бойынша табиғи ортаға ауқымды антропогендік аймақтық және глобалды тұрғыда әсер етудің нәтижесін алдын-ала болжау қиын,алайда кудік туғызбайтын бір нәрсе мұндай әсер жер биосферасы жекелеген компоненттерінің деградациясын туғызады.Тарихи қалыптасқан тұрақты алмасу мен жалпы сапалық қайта тулеудің тепе-келер теңдігін бұзады.Ал экономикалық пайдалылығына келер болсақ,статистика ондай есеп жургізбегендіктен мәселенің ол жағын айқын елестету қиын.Аңызға айналған Қазақстан милиард пұт астығының экономикалық көрсеткішінің шынайы құны қандай екенін ешкім біле алмайтын шығар.
71. Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдары.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады. 1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.. Тың игерудің пайдасымен қатар Қазақстанға тигізген зияныда көп болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келген адамдар саны тым көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде орыс мектептері ашылып, қазақ балаларына мәңгурттену қаупі туды. Жер-су аттары орыс тіліне көшіріліп, орыстандыру саясаты ашық түрде жүргізіле бастады.
72) 1965-1985 жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайы. 1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.
73) 1986 жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
74) ҚР Егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі.
75) Қазақстанның мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-суретші Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде,мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды.Оған Қазақстан ақын, композитрлары қатысты.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды
76) Тәуелсіз Қазақстанның 1993-1995 жылғы Конституциясы. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назрбаевтың бастамасымен ҚР Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қаблдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің басшылық ететін жоғарғы Кеңес депутаттарынан жамсақталған Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды.Бір жылдан кем уақытта Конституцияның жобасы жасалып бітіп,Жоғарғы Кеңестің сессиясы қарауына жіберілді.Сессия қарап болысымен,1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан иөзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, лған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қ азақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрды.Қазақстан алағш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп , адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды.Мемлекеттік немесе қатынас тілді білмеу белгілеріне байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуіне тиым салынбады.Қазақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды.Конституцияда Заңда мемлектеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанымен, басқару түрі туралы нақты айтылмады.Бұл уақытта президент және прламенттік республ.екенуінің де белгілері бар еді. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқаушы биліктің қызметін атқармайды.Конс. бойынша Үкімет басшысын, соның орынбасарларын, министірлер жәнге ведмствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Жоғарғы кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. «Мемлекет және оның органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстан халқының атынан сойлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президентке тән деп көрсетілген.Эканомикалық салада жерді жеке меншікке беру тиым салынған. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің арасында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Конст. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды институттарды қоғамық,саяси және құқықтық салаларда бекітті.Бірақ 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы шынайы әлеуметтік эканомикалық жәгне саяси үрдістерден алшақтығы мемлектет тұрғындарының тіл мәселесі,меншік нысандыры, жерге ,азаматтыққа, мемлекетке қатысты сәйкессіздіктерден туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.
77) Қ.Р. ғы қазіргі саяси партиялар ,қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына кеңестер одағындағы Коммунистік партияға балама ретінде қалыптасқан саяси оппозиция мен бейресми қозғалыстардың ықпал еткені сөзсіз. Бейресми қозғалыс пен саяси оппозиция қатарында еліміздегі алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдері, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси диссиденттер, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен оны қолдаушылар болғанын айтуымыз қажет.Жалпы қазақстандық партиялар қызметіне таптық мүддені қорғаудан гөрі ұлт-азаттық мүддені бірінші орынға қою тән. Бiздiң ойымызша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлемiз. Біздің бұл ұстанымымызды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес.Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын.Осы он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. Ол графикте айқын көрінеді.Әрине, саяси партиялар сандық тұрғыдан ғана өзгерген жоқ, олардың қызметіндегі сапалық өзгерістерді де байқаймыз. Бұл өзгерістер бір жағынан, уақыт талабынан, яғни партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негіздеріндегі өзгерістерге байланысты туындап отырса, екінші жағынан партиялардың есею кезеңін бастарынан өткеріп, жетілгендігінің де дәлелі. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Олар «Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы», «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы. . 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
78. Қазақстан халқының Ассамблеясының тарихы. Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:мәдени-ағартушылық тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайында ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі барҚХА-ның төрағасы ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар.Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХVI және ХVII сессияларында берген Ассамблеяның Қазақстанды индустриалды-инновациялық дамыту және әлеуметтік жаңғырту процесіндегі рөлін күшейту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында өткізіліп отыр.Форумның мақсаты: бизнес-қауымдастықты этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық процесске, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерімен байланысын пайдалана отырып инновациялық экономиканы дамытуға тарту.Форум 3 секциялы кең көлемді көрменің таныстырылымымен ашылады, онда: этномәдени бірлестіктердің бизнес, ауыл шаруашылығы, индустриалды-инновациялық даму салаларындағы 60-тан аса жобасы, ҚХА-ның әлеуметтік қолдау және қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы бойынша 20 жобасы, сондай-ақ бірегей қолөнер бұйымдары мен шеберлік жұмыстарының жаппай сатылымы ұйымдастырылатын этномәдени бірлестіктердің қызметінде қолданбалы қолөнерді дамыту саласындағы 20 жоба таныстырылады.
79. Астана Қазақстан Республикасының астанасы.1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.
80) Қазіргі Қазақстанның сыртқысаяси басым бағыттары.Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел.Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды.Олардың бесеуі жаңадан ашылса,жетеуі Алматыдан көшіп келген.Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы,Оңтүстік-Шығыс Азия,Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.»Қазақстан Республикасыкөпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады»,-дейді мемлекет басшысы.Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке,Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі,сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады.Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді.ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.
81) ҚР қазақ тілінің мәртебесі. 1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітіліп, орыс және басқа да ұлт тілдәрі туралы І тараудың 5, ІІ тараудың 8-15, ІІІ тараудың 16-18 баптарында айтылды. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, 1998 жылы ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік терминологиялық комиссия, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 9 қазанындағы №1545 Қаулысымен «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Тіл тағдырының күрделі мәселеге айналуының бірнеше себептері бар. Оның басты себебі кеңес үкіметінің солақай саясаты. Басқаша айтқанда, коммунистік партияның «кеңес халқын» қалыптастыру желеуімен орыс тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ қоғамында қазақ тілді және орыс тілді қазақтар деген екі түсінік қалыптасты. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан 2005 жылы 133 миллион, ал 2006 жылы 560 миллион, 2007 жылы 3 миллиардтан астам, 2008 жылы 5 миллиардтан аса теңге бөлінді. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақстаында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.
82) «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегися. Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.
83."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қол жеткен табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамуында бірден-бір үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер қойылды.Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынбаған еді.Оның өзіндік себептері де бар болатын.Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай жасқаншақтап, коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында жер-жерде шашыла орналасқан еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы тапсырма берілді.Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол - фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды! Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі бар, батырлар жыры бар, айтысы мен дастаны бар оннан астам кітапты анау бір жылдары шығарғанымыз есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті.Осыған байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін жасау міндеттелді. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді.Төртіншіден, кеңес дәуірінде баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар аударылған сияқты көрінетін және әлемдік классиканы түгел аударып тастағандай сезінуші едік.Сөйтсек, бұл шаруада да тындырғанымыз шамалы болып шықты.Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-жұлып қана аударылған. Әйтеуір, орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама қамтылыпты. Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің туындылары.Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы, Ресейдің Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың ескерткішін Мәскеудің дәл ортасына орнатқыздық. Бұл да үлкен жетістік болып табылады.Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу - мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.Әлемдік ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізгі мақсат етіп қойдық. Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет.Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін.Мінеки, бұдан төрт жыл бұрын менің халыққа Жолдауымда айтылған, содан кейін қабылданған және бүгін мәресіне жетіп отырған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының алдына осындай мақсаттар мен міндеттер қойылған болатын.Менің Жарлығымен құрылған Қоғамдық кеңес, оған төрағалық еткен Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мухаммед және мәдениет, ақпарат, білім министрліктері өткен үш жылда орасан зор қызмет атқарды. Баршаларыңызға зор рахмет айтайық
84.ҚР Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.Индустриалды-инновациялық даму Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы.Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.Бірінші кезең. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Бірінші кезең19911995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды. Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың нәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді.Үшіншіден, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған неміс, т.б. халықтарға тән болды.Екінші кезең. Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.
86) Қ.тан әлемдік қауымдастықта.Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысалға Қаз.ның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 ж өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қ.тан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қаз.ның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қаз.ның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қаз.ның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 ж қазанда айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады. 2001 жылдан бастап ҚР Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
87) ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚР НЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырғфан қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады” . Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны айқындап алу қажет болды.
88. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын. Жолдауда айтылғандай, біздің ендігі міндетіміз қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуды жалғастыру.Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін де жаңа табыстарға жету жолында мұқият ескерілуі керек.Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді деп есептеймін.«Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру» деп атап көрсетті.«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп меже қойды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.Осы тұрғыда аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу керек.Ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру маңызды іс. Үстіміздегі жылы бірнеше шаруа қожалықтары басқа облыстардан асыл тұқымды бұқалар сатып әкелді. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Аққыстау селосындағы сүт өңдеу цехы, жылыжай цехы, көкөніс қоймасы жобаларының толық аяқталмауына байланысты кәсіпкерлерден аталған жобаларды жүзеге асыру сұралады. Ауданда егін өсіру жердің құнарсыздығына байланысты жолға қойылмай келеді. Алға қарай бұл мәселені де мамандармен бірлесіп, қолға алуымыз қажет деп есептеймін. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде.Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.
89.«Қазақстан-2050» стратегиясы. ХХІ ғасырдың жаһандықмәселелері..
Елдестіретін елшілер алдындағы келелі сөзді Мемлекет басшысы былтырғы жылдың маңызды жетістіктерінен бастаған болатын. Шындығында, былтырғы жыл Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты, оның ішінде сыртқы саясат тарихындағы аса жемісті қадамдарымен ерекшеленді. Былтыр еліміздің өңірдегі һәм әлемдегі ұстанымы беки түсті. Жаһандық бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-орынға көтерілдік. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ең үздік елдердің қатарына кірді. Өткен жылдың өзінде-ақ елімізге 20 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылып, БҰҰ конференциясының индексі бойынша сауданы дамытуда Қазақстан 23-орынға шықса, бизнесті жүргізу рейтингінде 29-орындамыз. Аса қысқа мерзімде мұншалықты көрсеткішке жету Қазақстаннан басқа елде болмаған жайт. Дәлелі айқын әлемнің ең қарқынды экономикасы бойынша алғашқы үштікте Қытай мен Катар және Қазақстан тұр. «Еліміздің халықаралық ұйымдардағы позициясы да айтарлықтай артты. 2012 жылы Қазақстан БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне сайланды. Бұл еліміздегі адам құқы мен бостандығын сақтаудағы ілгерілеушіліктің де айқын дәлелі», деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қазақстан ядролық қауіпсіздікке арналған Сеул саммитінде таратпау жөніндегі жаһандық қозғалысының лидері ретінде мойындалды. АҚШ пен Ресей секілді екі ядролық держава басшыларымен бірге Қазақстан Президентінің үшжақты келіссөзге қатысуының өзі еліміздің антиядролық қозғалыстағы осынау орнын нақты көрсетсе керек. Бұл ретте Президент Нұрсұлтан Әбішұлы ядролық энергетиканы бақылауда ұстауға қатысты қазақстандық бастаманың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Жылды қорытындылай келе, Елбасы аса маңызды жетістік саналатын ЭКСПО-2017 мәселесіне де миссия басшыларының назарын аударды. Президент Қазақстан халқы атынан Астанаға қолдау білдірген ел басшыларына алғыс жолдап, шетелдердің іскерлік топтарын осынау ауқымды шараға ынтымақтасуға шақырды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығайтуға бағытталған болып қала беретінін жеткізді. Бұл ретте Қазақстан өзінің көршілерімен Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия және ТМД елдерімен әріптестікті одан әрі дамытуды ұстанады. «Орталық Азиядағы көршілеріміз әрқашан біздің сыртқы интеграциялық және экономикалық саясатымыздың тірегі болып қала береді. Біз АҚШ пен ЕО, Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсеміз. Африка және Латын Америкасының басты мемлекеттерімен кең ауқымды өзара тиімді қарым-қатынастар орнатудың жақсы перспективалары ашыла түседі», деді Елбасы. Бұдан бөлек, Президент Қазақстан үшін түркі тілдес мемлекеттермен, ислам мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту маңызды бағыт екендігін айтты. Осы бағытта түркі тілдес мемлекеттермен қарым-қатынас қазірдің өзінде қалыптасқан халықаралық бірлестіктер аясында жалғасатын болады. Бұлар Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Астанада құрылған Түркі академиясы болып табылады. «Біз Алматы қаласында көптарапты дипломатияның Өңірлік орталығын қалыптастыруға кірістік. Онда ұйымдар мен бағдарламалардың, қорлар мен БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің өңірлік және субөңірлік мәртебесіндегі 16 өкілдігі қызмет етеді. Қазіргі таңда Халықаралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл агенттік біздің көршілеріміз бен басқа да мемлекеттерге техникалық көмектер көрсетпек. Сондықтан да біз осындай орталықты Астанада немесе Алматы қаласында ұйымдастыруға әзірміз», деді Н. Назарбаев. Түйіндей айтсақ, Қазақстан Еуразия жүрегінің тыныштықта, қалыпты соғуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.
90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауының баға жетпес құндылығы - қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты - «Қазақстан - 2050» стратегиясын алдын-ала сарабдал сүзгіден өткізе, толымды талдаудың айқын үлгісі ретінде ұсынуы. Демек, «Қазақстан - 2050» стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. «Қазақстан - 2050» бағдарламасының түпкі межесі - еліміздің XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан ойып орын алуы. Әрине, бұл межеге жету жолында алға қойылған мақсат, міндеттер парадигмасына жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды. Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев мәлім етті.Оның айтуынша, Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Елбасы 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміздің қажеттілігін нұсқай келе, бұл ұлт болып шешуге тиіс көкейкесті мәселе екендігін және балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиістілігімізді орынды атайды. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген әрбір ел патриотының еңсесін көтерер, көңілін марқайтар қағидалы тұжырым-түйіндерін сенімді де нық айты Елбасы Жолдауындағы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру турасындағы айтылған ой-тұжырымдар да әбден қолдауға лайық. Ал Елбасының ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек, қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады деуін бір кісідей қолдауға тиіспіз. Тап осы бағыттағы тіл саясатына қатысты жоспарлы іс-шаралар М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жүйелі жүзеге асырылуда. Биылғы 2012-2013 оқу жылынан бастап университетімізде халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, кешенді кең көлемді іс-шаралар ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолға алынуда. «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы тіл саясатына қатысты тұжырымды-түйінді қағидаларды елеп-екшей келе, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын дайындау, көптілді білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуде арнайы мамандықтарға орай ағылшын тіліндегі оқулық, оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, көптілді топтарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қатысты оқу-әдістемелік кешендерді даярлау бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ орталықтың кәсіби филолог-тілші мамандардан құрылған ғылыми-әдістемелік кеңесі жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттері үшін ағылшын тілі курстарын жүргізу, көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орнында көптілді топтар ашу, осы салаға қатысты мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге бағыт беру, көптілді білім беруді енгізу мониторингісін саралай жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруда. Көптілді білім беруді теориялық-әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында көптілді білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындап, көптілділіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлауда. Нәтижеде көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға, университет студенттерімен, орта мектеп оқушыларымен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға басымдық берілуде. Университет тарихында тұңғыш рет ашылған халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының «Полиглот» атты басылымы университет ректоры, академик Асхат Иманғалиевтің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өрілген алғысөзімен алғаш рет жарық көрді. Енді бұл басылым ай сайын жарық көріп, студенттерге көптілді білім алудың құндылықтарын насихаттай бермек. Демек, көптілді білім беруді дамыту - көп қырлы мәселе. Бұл саланы қилы қырынан қарастыру - университет профессор-оқытушылар құрамының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Басты мақсат - көптілді және көп мәдениетті маман қалыптастыру.
26.13-15ғ. ғ Қазақстанның рухани мәдениеті.
ХІII-ХІV ғасырларда Алтын Орда (Дешті Қыпшакта), Мамлюктік Египетте қыпшақ тілінде көптеген шығармалар туды. Дешті Қыпшақ тілінде жазылып, ертеден бізге жеткен мұра 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Өзінің сипаты жағынан алғанда бұл глоссарий кыпшақ (құман) тілі ескерткіштерінің бірі - "Кодекс куманикустың" (XIII ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басы) тіліне жақын. Біздің заманымызға дейін жеткен қыпшақ-орыс сөздігінің үзінділері де сол кезеңге қатысты. ХІII-ХІV ғасырларда түрік тілінде жазылған, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан белгілі жазба ескерткіштер де жоқ емес. Мәселен, XIII ғасырдың басында Мұхаммед ибн Қайс түрік тілі туралы грамматикалық шығарма жазды ("Үлкен кітаб"). Ғалым Хусам ад-дин Хамиди әл-Асими Баршынлығидың есімі әйгілі болды. Ол өз шығар-маларын үш тілде (араб, түрік, парсы) жазды.
Моңғолдар үстемдік еткен кезеңде Дешті Қыпшақ түркі әлеуметінің дамуына Алтын Орданың Еділ жағалауындағы, Хорезмдегі, Қырымдағы мәдени ошақтардың маңызы зор болды. Жошы ұлысының Шығыс бөлігінен шыққан белгілі ғалым, әдебиетші Ахмет Хорезми өзінің "Махаббат наме" деген шығармасын жазды. Өзбек хан тұсында, XIV ғасырдың 30-жылдарында Алтын Орданың түркі тілді әдебиетінің әйгілі ескерткіші - Кұтыбтың "Хұсрау-Шырын" деген поэтикалық шығармасы жарық көрді.
ХІІI-ХV ғасырларда халықтың ауызекі шығармашылығы күшті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайшы (XIV ғ.), Асан Қайғы мен Қазтуған (ХV-ХVІ ғғ.) жыраулардың шығармашылығы кеңінен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтін батырлар жыры халық зердесінде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халкының тарихын бейнелейтін "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Едіге батыр" және баска жырларды солардың қатарына жатқызуға болады. Сол тұста туған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" лирикалық эпосы да халықтың рухани қазынасындағы шығармалардың бірі.