У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~~рыптары мен д~ст~рлері

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Мазмұны:

   Кіріспе ......................................................................................................................4

2.1 Ел жайлы мәлімет .................................................................................................5

2.2 Географиясы, орналасуы, климаты ...................................................................16

2.3 Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері ..........................................................17

3  Ірі қалалары мен астанасы ...................................................................................20

3.1 Туристік орталықтары ........................................................................................24

3.2 Ерекшелігі және символдары ............................................................................31

3.3 Елде кездесетін кедергілер ................................................................................31

Қорытынды .............................................................................................................33

Қазақстанмен байланысы  ........................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................

Қосымшалар .............................................................................................................


І Кіріспе

Жалпы дүние жүзінде 150-ден астам дін бар. Олардың таралуы да әркелкі. Олардың өзінің сиынатын орны, әдісі, тәртібі бар.

Б.Э.Д. жерорта теңізі халқының көбін, тіпті Ұлы Римді рухани азғындау көрініс таба бастады. Гректік және Римдік құдайылар рухани жағынан артта қалды, ескірді. Дүние жүзіне сол кезде ортақ дін керек болатын. Пайғамбарлар өмірге жаңа құтқарушы (мессия) келеді деп болжады. Ол құтқарушы – Иисус Христос болды. Ол қазіргі Израиль мемлекетінің Вифлеем қаласында туылған.

Жалпы Израиь елін таңдауымдағы негізгі мақсатым – Израиль елінің бір шаңырақ астында дүние жүзіндегі үш негізгі дін, олар: христиан, ислам, иуданың қасиетті жерде орналасуы болды. Бұл елге сондықтан жер жаханнан жыл сайын миллиондаған туристер ағылады. Изральде діни туризм өте жақсы дамыған. Мұнда жоғарыда атап өткен үш дін өкілдерінің ортақ және діни архитектуралық объектілері бар (мысалы «Таулы мешіт» (ислам мен иудаизмге ортақ). Аль-Акса (бір бөлігі – мұсылмандарға, бір бөлігі – христиандарға) жасты тау (еврейлер мен христиандарға бөліседі). Израиль туризмінің негізгі бөлігін осы діни туризм құрайды. Мұнда туристердің керемет аураға бөленуі қасиетті жердің қасиеттілігі болса керек. Жер бетінде алғашқы дін – христиан, ең жас дін – мұсылман, ең архаикалық дін – иудаизмнің осы Израильде орналасуы тегін болмаса керек. Оның үстіне еврей халқының көптеген ғасырлар бойы рухани езгілікке шыдап келуі 1948 жылы тәуелсіздігінде рухани қайта көтеріліп, мемлекеттік дін ретінде иудаизм деп бекітілуі болды.

Жалпы Израиль елінің негізі ретінде дін мен туризмді симбиоздап көрсете білуім керек. Израиль елінде құм – шағылды жағалауымен, асуланған шөлдерімен сиынатын діндерімен ерекшеленеді.


2.1 Ел жайлы мәлімет

Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.

Израилдің астанасы – Иерусалим қаласы, дегенмен қаланы толық бақылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер тарапынан мойындалған жоқ.

Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Еуропа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – еврей анклавы; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конгломераттың ортасында Көне қала орналасқан.

Тарихы. Израиль жері – ежелгі мәдениет гүлденген аймақ. Еврейлер өздерін осы аймақты мекендеген ежелгі ұлт деп есептейді.

Израиль патшалығы. Израиль патшалығы – шамамен б.з.б. 928 – 722 жылдар аралығында қазіргі Солтүстік Палестинада болған мемлекет.

Израиль – Иудей патшалығы тарағаннан кейін құрылды. Патшалықтың негізін қалаушы – Иеровим І (б.з.б. 928 – 907). Аңыз бойынша Израиль патшалығы 12 израиль-иудей тайпаларының онын біріктірген. Алғашқы астанасы Сихем қаласы (Шехем, қазіргі Наблус) болды. Егіншілік, қолөнер, сауда жақсы дамып, құл иеленушілік пен өсімқорлық күшейді. Халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікке Илия, Амос, Осия, т.б. пайғамбарлар қарсы шықты. Израиль патшалығы көрші елдермен, соның ішінде Иудей патшалығымен үздіксіз соғыстар жүргізді, сондай-ақ, Финикиямен, Мысырмен, т.б. мемлекеттермен тығыз мәдени-экономикалық байланыстар орнатты. Омри (б.з.б. 882 – 71) және оның мұрагерлері тұсында елде біршама саяси және экономикалық тұрақтылық орнады. Мемлекеттің жаңа астанасы Самария (б.з.б. 876) салынды, Иеху патша билік құрған тұста (б.з.б. 841 – 814) Израиль патшалығы Ассирияға кіріптарлыққа түсті. Б. з.б. 722 ж. ассириялық патша Саргон ІІ ел астанасы Самарияны қиратып, Израиль патшалығы жерін толығымен басып алды. Израиль патшалығы халқының басым көпшілігі Ассирияның шеткері провинцияларына жер аударылды.

Ежелгі мемлекеті. Израиль мемлекеті еврейлік дәстүрмен Израль халқына мұраға қалдырылған Израиль елінде пайда болған. Бұл Иисустың дүниеге келген және мұсылман дінінің елшісі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері. Иисус Израиль елін римдектер басқарып отырға нкезде дүниеге келген. Біздің эрамыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады.

640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды. Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары хрисандарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Европа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен шабуылға шықты. Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері темпилерлерді талқандап, мәмлүктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеонның Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі европалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығын қайта аңғара бастады.

ХХ ғасыр. Қазіргі Израиль мемлекеті 1947 жылы 29 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімі негізінде 1948 жылы 14 мамырда өз тәуелсіздігін жариялаған. Оған бұрынғы Палестина жерінің 56%-ы (14 мың км2) беріліп, Израиль мен оның төңірегіндегі аймақ бейтарап зона деп жарияланды. Жаңа мемлекет құрыла салысымен оған қарсылық ретінде бірнеше араб мемлекеті басып кірді. Соғыс 1 жылдан аса уақытқа созылып, Израильдің пайдасына шешілді. Ол басқа елдердің қарсылығына қарамастан, БҰҰ шешімімен арабтық Палестина мемлекетіне берілген жердің көп бөлігін (6,7 мың км2) және Иерусалим қаласының батыс бөлігін басып алды. Израиль басып алған жерлерінен 1 млн-нан аса арабтарды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жыды 11 желтоқсанда шығарған босқындардың отандарына қайтып оралу құқы туралы қарарын орындаудан бас тартты.

1949 жыды Израиль Египетпен (25 ақпан), Ливанмен (23 наурыз), Иорданиямен (3 сәуір), Сириямен (20 шілде) уақытша бітім жасасты. Бірақ арабтармен екі арада соғыс тоқтатылған жоқ.

1956 жылы Израиль Ұлыбритания және Франция жағында Египетке қарсы соғысты.

1967 жылы маусымда Египетке, Сирия мен Иорданияға тұтқиылдан шабуыл жасап, жеңіске жетті де, арабтардан Синай жарты аралын, Газа секторын, Иордан өзенінің батысын, Иерусалимнің арабтық бөлігін, Голан жотасын басып алды.

1973 жылы қазан айында қайта басталған Израиль мен араб елдері арасындағы соғыс БҰҰ-ның талабымен желтоқсан айында тоқтатылды.

1975 жылы Синайдан әскерді әкету туралы Египетпен арада келісім жасалынды. 1978 жылы Кэмп-Девидте (АҚШ) Египет пен Израиль арасында тағы келісім жасалып, Египет Синайды өзіне қайтарып алды.

1980 жылы Израиль үкіметі Иерусалимді “өзінің біртұтас және бөлінбес астанасы” деп жариялап, Сирия жері болып табылатын Голан жотасын өзіне қосып алғандығын жариялады. Бұл әрекет БҰҰ тарапынан заңсыз деп айыпталды.

1981 жылы Израиль мен АҚШ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

1982 жылы маусымда Израиль әскерлері Ливанға басып кіріп, астанасы Бейрут қаласын қоршауға алды және онда тұрған Палестинаны Азат ету ұйымының қарулы жасақтары штаб-пәтерін елден кетуге мәжбүр етті. Ливанның оңтүстігіне басып кірген әскер тек 2000 жылы кері шығарылды.

1995 жылы Газа секторы автономияға қол жеткізді. Дегенмен әлі де араб елдерімен арада бейбіт келісімдерге қол жетпей отыр.

Экономикасы. Израиль дамыған аграрлы-индустриальды ел. 1995 жылғы есеп бойынша, жылдық ұлттық табыс 70 млрд. доллар шамасында, әр адамға шаққанда жылдық табыс мөлшері – 14,4 мың доллар. Елде меншіктің үш түрі (жеке меншік, мемлекеттік, кооперативтік – кәсіподақтық), әскери өнеркәсіп жақсы дамыған. Дегенмен Израиль экономикасы, негізінен, сырттан АҚШ пен Еуропа Одағы елдері тарапынан қаржыландырып отырады. Қорғанысқа ұлттық табыстың 15%-нан астамы жұмсалады. Елде жыл сайын сырттан келетін еврей ұлтты иммигранттарға қолайлы жағдай туғызылған. 1983 – 96 жылдары елге ТМД елдерінен 800 мыңнан астам адам келіп қоныстанды. Экономикадағы өнеркәсіптің үлесі – 21%, ауылшаруашылығы – 3%. Елде медициналық электроника, байланыс құралдары, компьютерлер шығару жақсы дамыған. Оған қоса металл өңдеу, машина жасау (кеме мен авиация, әскери техникалар шығару), электротехника, химия, алмаз өңдеу, т.б. өндіріс орындары шоғырланған. Ауыл шаруашылығында, негізінен, цитрусті жемістер (1,5 млн т.) өсіріледі. Оған қоса жеміс-жидек, бау-бақша, гүл өсіру, құс өсіру жақсы дамыған. Астық өнімдері сырттан әкелінеді. Сыртқы сауда айналымы – 40 млрд. доллардан астам. Негізгі сауда серіктестері – АҚШ пен Батыс Еуропа елдері. Израиль сыртқа қару-жарақ сататын әлемдегі он елдің ішіне кіреді (2 млрд. доллар).

Мемлекеттік құрылымы. Израильде ел Конституциясы жоқ. Мемлекеттік құрылымдар жекелеген заң актілері бойынша реттеліп отырады. Мемлекет басшысы – парламент (кнессет) 4 жылға сайлайтын президент. Бірақ оның билігі шектеулі. Үкімет билігі премьер-министрдің қолында (2001 жылдан Ариэль Шарон). Заң шығарушы орган – бір палаталы парламент. Ол халық 4 жылға сайлайтын 120 депутаттан тұрады. Басқару формасы – парламенттік демократия.

Израиль мемлекеті 1948 жылы 14 мамыр күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылдың 29 қарашасында қабылданған №181 қарарына байланысты құрылғандығы туралы жариялады. Тәуелсіздік декларациясына байланысты Израиль еврейлік мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Израиль көпұлтты және демократиялық мемлекет болып есептеледі, онда еврейлермен бірге басқа да этникалық және діни топтардың да тең құқықтары сақталады. Кнессетте друз және бәдәуи депутаттары, араб партиялары және депутаттары көрсетілген. Израиль мемлекетінің билігі демократиялық қағидаларға сүйеніп, үш тармақтан тұрады: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі. Кнессет – израильдік парламент – партиялардың пропорциялық өкілдігімен 120 депутаттан тұрады. Парламенттік сайлаулар әр төрт жыл сайын болып тұрады. Кнессеттің құпия дауыс беру арқылы үкіметті тарату құқығы бар. Израиль мемлекетінде жинақталған конституция жоқ, оның орнын уақытша негізгі заңдар жинағы атқарады. 2003 жылы Кнессетте осы заңдарға негізделіп конституцияны құрастыру жобасы басталған.

Израиль мемлекеті парламенттік жүйе арқылы басқарылады және барлығының сайлауға құқығы бар демократиялы ел болып танылады. Президент – формальді түрде мемлекет басшысы, бірақ негізінен оның қызметі – салтанат құру (церемониальные). 2000 жылғы қабылданған заң бойынша Президент 7 жылға бір рет қана сайлану құқығы бар.

Премьер-министр үкімет басшысы болып табылады және өзінің орнында төрт жыл отырады. Әдетте, парламенттік сайлау кезінде көп дауыс жинаған партияның төрағасы премьер-министрлікке тағайындалады. Егер кандидат Кнессеттің көпшілігінің қолдауын таба алмаса және 45 күннің ішінде үкіметті құра алмаса, онда оның орнын екінші көп дауыс жинаға партияның төрағасы алады. Егер үкімет 75 күннің ішінде құрылмаса, қайта сайлаулар жүргізіледі.

Сот билігінің жоғарғы органы – Жоғарғы Сот (Әділдіктің Жоғарғы Соты). Ол азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын соңғы инстанциясы болып табылады, сонымен қатар, конституциялық соттың да рөлін атқарады.

Израильде бір де бір партия абсолюттік басымшылыққа ие болмайтын көппартиялы жүйе қалыптасқан. Бұл жүйе Израиль мемлекеті 1948 жылы құрылғанға дейін қалыптасқан. Бастапқы кезде негізгі күшті социалистік бағыттағы партиялар құрады («МАПАЙ» сияқтылар). Сонымен қатар, оңшыл партиялар болды (ең салмақтысы – «Херут»), олардың арасындағы «Эцель» және «Лехи» саясатпен қатар ағылшын оккупанттарына қарсы террористік қызметпен айналысқан.

Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін үкіметті «МАПАЙ» басқарды, ал оның көшбасшысы Давид Бен-Гурион премьер-министрі болды. 50 жылдары өте солшыл «МАПАМ» алып күшке ие болды. «Ревизионистер» партиялары («Херут») және либералды-буржуазиялық бағыттағы партиялар сол кезде оппозицияны құрады.

Израильде партияларды оңшылдар және солшылдар деп бөлінуі басқа мемлекеттерде танылған дәстүрлі түсініктен ерекшелеу. Партияларды мынадай қағидаларға байланысты бөлуге болады: бейбіт үрдіске көз-қарас және дінге көзқарас.

Дәстүрлі түрде арабтармен болған конфликтті бейбіт түрде шешуге талпынатын солшыл партиялар болып табылады; бұл партиялар («Авода», «Яхад-Мерец» сияқты және араб партиялары) көптеген территориялық шегіністерге дайын. Оңшыл партиялар («Ликуд», «Мафдал-Ихуд Леуми» сияқтылар) қатаң бағыттарды ұстанады. Қазіргі кезде үкіметті Биньямин (Биби) Нетанияху бастаған оңшыл орталық «Ликуд» партиясы басқарады. «Кадиманың» көшбасшысы Ципи Ливни бейбіт келісімдерге дайын екендігін білдірген болатын (мысалы, Аннаполистегі конференция).

2009 жылғы ақпанда болған сайлауда Кнессеттің 18 отырысына (созыв) өткен партиялар:

  •  «Кадима» (Кнессеттегі орын: 28) — көшбасшысы Ципи Ливни
  •  «Ликуд» (Кнессеттегі орын: 27) — көшбасшысы Биньямин Нетаньяху
  •  «Біздің үй — Израиль» (Кнессеттегі орын: 15) — көшбасшысы Авигдор Либерман
  •  «Авода» (Кнессеттегі орын: 13) — көшбасшысы Эхуд Барак
  •  «ШАС» (Кнессеттегі орын: 7) — көшбасшысыЭли Ишай
  •  «Яхадут а-Тора» (Кнессеттегі орын: 5) — көшбасшысы Яаков Лицман
  •  «Ихуд Леуми» (Кнессеттегі орын: 4) — көшбасшысы Яаков Кац
  •  «Хадаш» (сонымен қатар Израиль Коммунистік Партиясы) (Кнессеттегі орны: 4)
  •  «Біріккен араб тізімі» — «Тааль» (Кнессеттегі орын: 4)
  •  «Еврей үйі» (Кнессеттегі орын: 3) — көшбасшысы Даниэль Гершкович
  •  «Балад» (Кнессеттегі орын: 3)
  •  «Мерец» (Кнессеттегі орын: 3) — көшбасшысы Хаим Орон.

2009 жылы ақпандағы сайлауда үкімет басына Биньямин Нетанияху бастаған оңшыл орталық коалиция келгеніне бір жылдан асты. Оның ядросын үш оңшыл орталық партиялар құрады – басқарушы Ликуд, «Біздің үй – Израиль» «орыстар» («израильдік акценті» бар) партиясы және сефардтар-традиционалистер әлеуметтік-популистік қозғалысы ШАС; ал флангтарда солшыл Еңбек партиясы («Авода»), діни сионистертердің оңшыл блогі «Еврей үйі» - Жаңа Мафдал және ашкеназдар-ультраортодокстер блогі «Таурат еврейлігі». Көптеген «жаманойлаушылардың» айтуы бойынша сондай әртүрлі ойлайтын және әртүрлі мақсаттары бар үкімет ары кетсе екі-үш айға дейін ғана шыдауы керек болатын. Бірақ сарапшылардың таң қалғаны – бұл үкімет әлі де болса тұрақтылықты ұстап келеді.

Үкіметті қолдаушылардың айтуы бойынша, олар басқарушы кабинеттің жетістігі ретінде Ливан мен Газа секторы шекараларындағы салыстырмалы түрде созылған тыныштықтың сақталуын, мемлекеттің экономикасына дамыған мемлекеттер тобы арасында біріншілердің бірі болып экономикалық өсуге әкелген нәтижелі қаржылық саясатын қаржылық цунамиден құтылып кеткенін жатқызады. Сарапшылар тағы да Беньямин Нетанияху үкіметі мен Барак Обаманың әкімшілігінің арасындағы өткір қарама-қайшылықтарға қарамастан, 2009 жылы айтарлықтай ашық түрде қақтығысқа ұшырамағандығын айта кетеді. Биби қазірше Израильден палестиналық арабтарға жаппай шегіністерге баруын талап ететін Ақ үй мен «таяушығыстық делдалдардың» қысымын көтеруде, бірақ көбі бұл мәселедегі қиындықтар әлі алда деп ойлайды. Қазіргі кездегі Кнессеттің көпшілік орнын иеленіп отырған «Кадима» партиясы 2005 жылы пайда болды. Сол жылы Ариэль Шарон мен оның жақын жақтастарының «Ликуд» партиясының басшылығымен қарама-қайшылықтар болып қалады. Қарама-қайшылықтың негізі межелеу саясаты болды – Газа секторынан израиль әскерін шығару және 1967 жылдан кейін салынған еврейлік елді-мекендерін бұзу. Бұл Ариэль Шаронның «Ликудтан» кетіп жаңа партияны құруына себеп болды. Алғашқы аты жаңа саяси бірлестіктің лозунгі болған «Ұлттық жауапкершілік» ұраны болды. Ариэль Шаронмен бірге «Ликудтан» Эхуд Ольмерт, Ципи Ливни, Меир Шитрит, Авраам Гиршзон, Марина Солодкина және басқалары шығып кетті. 2005 жылы 30 қарашада 82 жастағы «Аводтың» көшбасшысы және премьер-министр Шимон Перес Ариэль Шаронды және оның жаңа партиясын қолдау үшін өзінің партиясынан шығатынын жариялады. Шаронның жақындары Перестің жаңа партияға қосылмайтынын айтқан, бірақ ол жеңіске жетсе Шаронға министрлік орын берілетінін жеткізді, онда ол үлкен ұлттық жобалармен айналысатын болады – Негев шөлін дамыту, Өлі теңіздің экологиясы және т.б. Алайда, Шимон Перес «Аводадан» шығып «Кадимаға» қосылды. Переспен бірге «Кадимаға» Кнессеттің депутаттары Хаим Рамон және Далия Ицик ауысты. «Біздің үй – Израиль» партиясының басшылығымен болған түсініспеушіліктерден кейін, Кнессет депутаты Михаиль Нудельман «Кадимаға» кетіп қалды. «Кадима» билеуші партияға айналды, бірақ Кнессеттің 16 отырысында көпшілік орынға ие болмады.

2006 жылы 12 шілде мен 14 тамыз аралығында Екінші Ливан соғысы өтті. Бұл соғыс әскер мен мемлекет басшылығындағылардың кемшіліктерін көрсетті. Әскери опреацияның негізгі мақсаттары орындалмады: 2 тұтқын сарбаз босатылмады, «Хезболла» жойылмады, тек әлсізденді. Конфликт аяқталғаннан соң сот төрешісі Элиягу Виноград басқарған Ливандағы жағдайларды зерттеуге байланысты арнайы комиссия құрылған. Премьер-министр Эхуд Ольмерт, Қорғаныс министрі Амир Перец, Бас Штаб бастығы Дан Халуцты отставкаға жіберуді қолдап көптеген митингілер өте бастады.

«Кадиманың» мына басшыларына қарсы жемқорлыққа байланысты айыптаулар қозғалды: Ариэль Шарон, Омри Шарон, Авраам Гиршзон, Цахи Анегби, Хаим Рамон, Рухама Авраам, Яков Эдри және Эхуд Ольмерт. Премьер-министр Эхуд Ольмертке қарсы жоқ дегенде үш іс бойынша айыптаулар қозғалды: парақорлыққа байланысты іс (кәсіпкер Морис Таланскиден конверттер), Өнеркәсіп және сауда министрлігіндегі жемқорлық және шетелге заңсыз қаржының алынуы бойынша істер («Ришон турз» ісі). Ольмерт 2008 жылдың 17 қыркүйегіне белгіленген праймеризге қатыспайтындығын айтты. 2009 жылы 10 ақпанда өткен Кнессеттің 18 шақырылымының сайлауына «Кадима» 28 депутаттық орынды иемденді: сыртқы істер министрі Ципи Ливни, көлік министрі Шауль Мофаз, ішкі қауіпсіздік министрі Ави Дихтер және Ішкі істер министрі Меир Шитрит. Бұл сайлауда, жоғарыда айтып кеткендей, «Кадима» 28 орынға ие болып, «Ликудтан» 1 орынға басым түсті. Алайда, оңшыл партиялар жалпы алғанда Кнессеттің 120 орынының 65-сін алған соң, Президент Шимон Перес үкімет құруды «Ликудтың» төрағасы Биньямин Нетанияхуге тапсырды. Сол күні «Ликуд» төрағасы «Кадима» мен «Авода» көшбасшыларына өзінің қоластындағы ұлттық бірлік үкіметіне кіруін ұсынған .

Оңшыл партиялардың жеңу себебі, Нетанияху өзінің коалициялық әріптестерін палестиндік мәселенің ішінде мына үш нұсқаның – нәтижелі реттеуге жету үшін жаппай ымыраларға келу; Иудея мен Самарияда біржақты межелеудің жаңа кезеңі және Иордан өзенінің батыс жағында геосаяси статус-кво сақтау – үшіншісі ғана оңтайлы екеніне сендірді. Бұл қадам «Осло саясаты» сияқты саяси тәжірибелерге шаршаған халық үшін қолайлы көрінді. Басқаша айтқанда, солшыл партияларда туған палестиндік арабтарға «жерге бейбітшілікті ауыстыру» қағидасын тарату және «территориялардан біржақты кету» бағдарламалары израильдік қоғамда өз маңызын жоғалтқандай, тіпті өзінің электоралды нарығын әлсіретуде.

Қазіргі кезде солшыл оппозицияда билікке қайтып келу үшін тек зайырлы қоғам мен діни қоғамды бір-біріне қарама-қарсы қою мен әлеуметтік-азаматтық мәселелерін көтеру қалған сияқты. 1999 жылы солшылдардың бұл тәсілі іске асқан болатын. Ол кезде солшылдар өздерінің бақылауындағы бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы израильдіктерді Израильде «зайырлы мәдениет пен діни мәдениет арасында соғыс» болып жатқанына скендірген еді. Ал оған қарағанда ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелері онша маңызды болмай тұр деген. Осы жағдайда сол кездегі премьер-министр (қазіргі кездегі де) Нетанияху «діннің күшеюімен күрескер» Эхуд Барактан сайлауда ұтылып қалды. Солшылдардың политтехнологтары осындай жағдайды қайтадан туғызайын деп отыр. Солшыл БАҚ-тарда қайтадан белсенді түрде пәлен «залым паразит-ультраортодокс» кейпі пайда бола бастады. Бұған мысал ретінде «Гаарец» газетінде 10 наурызда пайда болған Алуф Беннің мақаласын жатқызуға болады. Қазіргі халықтың «діни адамдарға» («ақырын қайнай бастаған қазанның астына от сала» бастаған) наразылық білдіріп отырған кезінде, солшылдарға еш қиыншылықты да қажет еткізбейді, тіпті келесі сайлауда өз шыңына жетеді деген мүмкіндіктер бар.

Халқы. Халқының саны 7 млн-ға жуық, олардың 80% еврейлер, 20 % арабтар құрайды. Діні – 76,5% яһудилер, 16% мұсылмандар, 2% християндар, 1,5% друздар, 4% дінге сенбейтіндер. Тілі- иврит, араб.

Валютасы – израильдік жаңа шекель. Шекель 100 агоротқа тең.

Демалыс күндері жексенбіден бейсенбіге дейін таңертеңгі сағат 9:00 ден кешкі 19:00 ге дейін жұмыс жасайды. Сауда орталықтары сенбі күндері ашық. Ресторандар мен кафелер әдетте жұма-сенбі күндері жұмыс істейді. Мұсылмандар дүкендері жұма күні жұмыс істемейді, себебі бұл күні мұсылмандар демалады, ал христиандар дүкендері жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Транспорт. Израильде кеңінен таралған транспорт түрі – автобус. Барлық автобустардағы билет бағасы арзан. Автобустары ыңғайлы, кондиционерлермен жабдықталған, жиі әрі уақтылы жүріп тұрады. Автобустар сенбі және еврей мейрамдары кезінде жүрмейді. Таксилерге келетін болсақ, олар жергілікті және қалааралық болып бөлінеді. Қала ішінде таксимен жүрудің ақысы счетчикпен есептеледі. Такси бағасы салыстырмалы түрде қымбатырақ. Үш түрлі тариф қарастырылған:

(0)-қосымша тариф, телефонмен тапсырыс берілген жағдайда алынады;

(1)-әдеттегі тариф;

(2)-әдеттегі тариф және 25% түнгі уақытта (21:00- ден 5:30-ға дейінгі уақыт аралығы) және сенбі күндерінде жүру үшін алынады;

Израиль БҰҰ-ның мүшесі (1949) және Еуропа одағының ассоциаланған мүшесі. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар біршама дамыған. Израильдіктер Қазақстан экономикасына 1992 – 99 жылдар аралығында 188 млн. доллар көлемінде инвестиция енгізді. Елімізде Израильдің 76 компаниясы жемісті еңбек етуде. 2000 жылы сәуірде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Израильде болып қайтты.

2.2 Географиясы, орналасуы, климаты

Табиғаты. Израиль теңіз жағалауында, 500 – 1000 м. биіктіктегі таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Солтүстік жауын-шашынды, оңтүстікке қарай жартылай – шөл және шөлейтті. Солтүстік-шығысында Иордан өзені ағып жатыр. Ұсақ өзендері жазда құрғап қалады. Жері пайдалы қазбаларға, өсімдіктер дүниесіне кедей. Үлкен ормандар жойылып кеткен.

Солтүстігінде – Ливанмен шекараласады. Солтүстік-шығысында – Сириямен, шығысында – Иорданиямен, ал оңтүстік батысында Мысырмен шекараласқан. Батысында Жерорта теңізімен шектеседі (жағалау сызығы – 230 км), оңтүстігінде – Қызыл теңізбен шектескен (жағалау сызығы – 12 км). Ортақ ауданы шамамен 21,643 шаршы метр.

Климаты. Израиль климаты - әртүрлі болып келеді. Елдің орталық және солтүстік бөліктерінде жерорта теңіздік климат, яғни, ыстық жаз бен жаңбырлы қыс. Израильдің оңтүстік және шығыс аумақтарында шөлді климат. Шөл мен теңізге жақын аудандарда жартылай құрған зона. Күз бен көктем елге келуге ең ыңғайлы кезең. Жазы ыстық. Шілде-тамыз айларындағы орташа темп-ра 24 – 28°С, Гхор ойпатында 36°С-ке дейін. Қысы жылы, оңтүстік-батыста қаңтардағы температура 6 – 14°С, ал қалған өңірлерде 18°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері Гхор ойпаты мен Негев шөлінде 100 – 200 мм, кей жерлерде тіпті 100 мм-ге дейін, таулы жерлер мен Жерорта теңізі жағалауларында 400 – 800 мм. Жауын-шашын, негізінен, қыс айларында болады.

Ландшафт. Израиль негізінен үш регионға бөлінеді: теңізге жақын орналасқан теңдік, таулы регион және Иордан даласы. Теңіз теңдігі – елдің батыс бөлігі. Ал шығысына таман қыраттар бар. Таулы район – солтүстігіндегі Ливаннан бастап оңтүстігіндегі Эйлат шығанағына дейін созылған және теңіз теңдігі мен Иордан даласының ортасында жатыр. Таулы аймақтың сольүстігіндегі климат – жерортатеңіздік, жаңбырлы, а лоңтүстігінде – шөлейт. Самари және Иудей қыраттарының солтүстік бөліктері сәйкесінше Самари мен Иудей шөлдеріне ұласады. Иордания даласы – солтүстігінде Метуладан бастап оңтүстігінде Қызыл теңізге дейін жалғасып, бүкіл Израильді басып өтеді. Иордан Израильдің ең үлкен өзені. Ол Иордан даласы арқылы ағып жатыр. Иордан өзені өз жолында Киренет өзенін және тұзды Өлі өзенді қосады.

Флора мен фауна. Израиль климаттық және географиялық зоналардың ортасында болғандықтан флора мен фаунасы өте бай. Оның флорасында 2380-ге жуық өсімдік түрі кездеседі, ал олардың кейбіреулері өз кезегінде тек Израильде ғана кездеседі. Шөлейт жерлерде өімдіктер сирек кездеседі. Израиль фаунасы мөлшермен 100-ге жуық жабайы суқоректілерден тұрады. Израиль территориясында 510 құс түрі кездеседі, олардың көбісі жыл құстары. Израиль «бөтелке ауызы» тәрізді жыл құстары ұшатын жер, яғни, теңіз бен шөлейттің арасындағы миллиондаған құстардың солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ұшқандағы демалыс орны болып табылады. Қызыл теңіздің суасты әлемі де тропикалық балықтар мен түсті кораллдарға бай.

2.3 Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

Еврейлер ежелден өз үйлерінде есіктерінің жақтауларына жын-шайтаннан қорғайтын мезуза, яғни Второзакониенің екі үзіндісі бар пергамент шиыршық қағаз бекітіп қоятын болған. Иудаизмде діндарлардың арнайы жабдықталған хауызда жаңбыр және бұлақ суы – микведе дәрет алу рәсіміне ерекше мән беріледі. Тек дәрет алу рәсімін қабылдағандар ғана дұға қылуға жіберіледі. Ежелден бері еврейлерде сүндеттеу рәсімі сақталып келеді. Еврей заңдарына сәйкес ұлын әкесі сүндетке (хаттафат, дамбрит) отырғызады, бұл рәсімді «мохел» деп аталатын басқа адам да жасауына болады. Бұл рәсім балаға «барух хаба» («келушіге бата берілді») деп сәлемдесуден басталып, баланың денсаулығы үшін дұға қылумен аяқталады, осыдан кейін оның есімі жария етіледі. Бұл операция үйде, ауруханада, синагогада жасалады. Еврейлерде үйлену тойы сән-салтанатты түрде өткізіледі. Ашық аспан астына көшпелі қалқа – хула орнатылады. Күйеу жігіт пен қалыңдықты некелестіретін раввин дауыстап неке келісімін немесе ксубуды оқиды. Еврейлер үшін кашера ұғымы өте маңызды болып табылады, яғни қандай да бір нәрсеге Галаха, яғни Тора мен Талмудадағы заңдар мен нормалар тұрғысынан рұқсат етілу немесе оның қажеттілігі. Кашер адамның қандай да бір заңдық немесе рәсімдік әрекеттерді жасауға құқылы болуына, табынушылық заттары – Тора шиыршығының, тфилиннің, мезузаның, дикваның және т.б. дұрыс қызмет етуіне таралады. Егер адам адал және парасатты болса, оның өзі де, сонымен қатар оның киімі де кашерлі болуы мүмкін. Бірақ бастысы тағам кашерлі болуы қажет, атап айтқанда мал өнімдері. Израильде кашерді сақтау міндетті болып табылады. Еврейлерде қасиетті жерлер көп. Бірінші кезекте бұл Иерусалим, Мәңгі қала, мұнда аңызға сәйкес, әлем жаратылған тас – Негіз тасы бар. Израиль Жерінің басты қасиетті орындары – ата-бабалары Авраам, Исаак, Иаков, сонымен қатар патриархтар, пайғамбарлар, даналар мен тақаулар жерленген Храмдар тауы мен Жендет қамалы.

Ұлттық мейрамдар. Иом Кипур — күнәлардан арылу, базнаны ұмыту және тазару күні. Оның алдында капоройс – қоразды немесе тауықты құрбандыққа шалу рәсімі орындалады. Оның мәні өз үйін зұлымдықтан тазарту және Құдайдың қаһарын қайтару болып табылады.

Ең көңілді мейрамдардың бірі – Сукот, немесе Кущей мейрамы. Ол астық жинау уақытына дөп келеді, және табиғат мейрамы деп саналады.

Еврейлер Ханукуды – жарық пен қуаныш мейрамын өте жақсы көреді. Ту-би-шват, бұл ағаштардың Жаңа жылы, Жемістер күні – Израиль табиғатының мейрамы, бұл мейрам уақытында дастарханға Қасиетті Жердің жемістері – жүзім, інжір, гранаттар, құрма және т.б. қою әдетке айналған. Атаулы күндердің ішінде Катастрофа да бар, бұл терминмен 1933-1945 жж. Германияда және олар жаулап алған аумақтарда ұлтшылдардың еврейлерді ұйымдасқан қудалау және жоспарлы құрту нәтижесінде 6 млн. Еврейдің қаза болуы белгіленеді. Израильдің сыртында, атап айтқанда Қазақстанда бұл күн 1943 жылы Варшавалық геттодағы көтерілістің басталу құрметіне 19 сәуірде атап өтіледі.

Асханасы

Еврейлер тағамдары туралы айтсақ, оның осы халықтың бай тарихының нәтижесі болып табылатынын ұмытпау керек. Бұл онда еврейлердің діни заңдарымен және мерекелік дәстүрлерімен еврейлер диаспорасы өмір сүрген елдердің аспаздық ықпалдарының қосылысы.

Еврейлердің қандай да бір елде жүздеген, ал кейде мыңдаған жылдар бойы өмір сүруі аспаздық дәстүрлердің араласуына әсер еткен және үнемі дәмдердің байлығын ұлғайтқан . Цимес немесе "дәмді"

Цимес негізінде ет қосылып дайындалған көкөністер мен жемістерден тұрады. Ең жақсы мәлім көкөністер сәбіз және шалқан болып табылады, ал жемістерден алмұртты, алманы, фиганы және алхорыны атап кету керек.

Еврей диаспорасы ортасында екі басты аспаздық дәстүр кең таралған, олар еврейлердің  жүздеген жылдар бойы Орталық және Шығыс Еуропада мекендеген  ашкеназийліктерге және Қара теңіздің жағасында орналасқан елдерде мекендеген сефрадтықтарға бөлінуінің нәтижесі болды.

Сондықтан да ашкеназийлік еврейлерде дәстүрлі Шабата  тамағы шоққа пісірілген тауық немесе сиыр етінен, картоптан және сәбіз „цимесінен” құралуы мүмкін, ал сефрадтық еврейлер салаттарға турама салынған жүзім жапырақтарына және кускуске басымдылық береді.

Балық (гефилте) дәстүрлі түрде терісін алу, жон етін ұсақ тілімшелерге бөлу, жұмыртқамен, пиязбен, тұзбен және бұрышпен араластыру әдісімен, түйіршіктерге домалатумен және баяу отта балық көжесінде дайындаумен әзірленеді.

Көжелер, әсіресе тауық сорпасы. Көжелерге не үй макаронын (локшен), не кнедли (kneіdlach) қосады. Көжені дайындау кезінде әдетте ет немесе майды қолданбайды. Мұндай көжелердің мысалы - борщ немесе жармадан дайындалған көже.

Шоққа пісірілген ет (gebrattens), ұсақтап кесілген, сірке суы дәмдеуішінде (essig fleish) – бұл оны дайындаудың сүйікті тәсілі. Жартылай шоққа пісірілген етке қант, лавр жапырағын, бұрыш, мейіз, тқз және шамалы сірке суын қосады, сонан соң шоққа пісіруді жалғастырады.   

Цимес негізінде ет қосылып дайындалған көкөністер мен жемістерден құралады. Ең жақсы мәлім көкөністер сәбіз мен шалқан болап табылады, ал жемістерден алмұртты, алманы, құрманы және алхорыны ерекшелеу керек.

Мерекелері

Еврей халқының мерекелерiне келер болсақ,  олардың негiзгi мейрамы пейсах деп аталады. Орысша  — «пасха». Бұл мейрам ежелгi заманда еврейлердiң Мысырдағы құлдықтан қашып құтылуына арналған. Бiр аптаға созылатын пейсах мейрамы кезiнде еврейлерге ашытып жасалған кез келген азық-түлiк пен сусынды iшiп-жеуге тиым салынады. Арнайы бұлақтың суына жуынып, жыл бойы осы мейрам үшiн сақталған ыдыстан ғана тамақ iшедi. Бұл да Тороның бiр қағидасы. Тiптi нанды да тек арнайы дiни ереже бойынша ашытпай, тек ұн мен суды ғана илеп пiсiруге тиiс. Дайындалған қамырдың уақыты  18 минуттан аспай, пешке салыну қажет. Нанның бұл түрi маца деп аталады. Маца — бiздiң Қазақстанда жасалынбайды. Еврейлер қауымдастығы қамқорлық кеңесiнiң мүшесi Борис Шамуэловтiң айтуынша, мұндай қытырлақ пәтiр нанды қазақ елiне осы мереке қарсаңында Александр Машкеевич жеткiзiп отырады екен. «Пейсах» мерекесi күндерi еврейлерге сол өздерiнiң арнайы пiсiрiлген  нандарынан басқа нанды жеуге рұқсат етiлмейдi. Бұл — ықылым заманда ата-бабалары перғауындарға құл болудан қашқан уақытта жолына тек ұн алып үлгергенiн еске салатын дәстүр. Жалпы, еврей ұлтының  барлық мерекесi григориандық күнтiзбе бойынша емес, еврейлiк күнтiзбемен тойланатын мейрамдардан тұрады.

3  Ірі қалалары мен астанасы ТЕЛЬ-АВИВ

ТЕЛЬ-АВИВ Израилдің біріккен қалалық мунициполитетінің Жеррорта теңізінің шығыс шығыс бөлігінде орналасқан. Саны жағынан Израильде екінші орын алады.(403,7 мың адам-желтоқсан 2009ж) елдің экономикалық, және мәдени орталығы. Алғашында ТЕЛЬ-АВИВ еврейлік «яффо» қаласы болып қаланды.Қала халқы шамамен 403700 адамды құрайды. Агломерацияға байланысты қала маңында 2млн адам қоныстанға,Оның 96,1%- еврейлер 3,0%- араб мұсылмандары және 0,9%-араб христиандары. Бұл агломерация «Гуш-Дан» мұнан басқа бірқатар қалаларды біріктіреді. Олар; Холон, Бат-ям,Раман-Ген, Бней,Брак,Гивитайм және бірқатар селолар. Қола 1909 жылы еврейлердің кварталы Яффо болып құралып-Ахузат байт деп аталады. ТЕЛЬ-АВИВ Қаласында еврейлердің ежелгі, қаласы қираған «Тель-Касил» ор-қан. Мамырдың айында 1910ж көпшілік халықтың дауысымен  ТЕЛЬ-АВИВ болып өзгертілді. Тель-Авив сөзі танах жинағында кездеседі (Иез.3;15)      иврит сөздігінде «қорғанның өрлеуі» немесе «көктем шатқалы» деп аударылады. Кейін қола кварталдан мегаполис болды. Еврейлерге пана болды. Тель-Авивте сол жылдары немістер көшіп келді. Себебі Германияда «Фашизм» өршіп тұрған бұл қала менталитетін өзгертті. Тіпті ХХ ғ 30-шы жылдары немістік стильмен уйлер салынды. ХХ ғ 30-жылдағы уйлер қазір архитектуралық ескеркіш болып саналады. Ол  «Юнеско» тізіміне кірген. «Ақ қала» деген атақ берілген. Қала тез өсті, еврейлердің роталығы болып 1948 жылы уақытша Израйільдің астанасы болып, кейін соғыс біткеннен соң Иерусалиге өшірілді.

ТЕЛЬ-АВИВте бірінші рет Кнесат (изрейлдік парламент) жиналды. Бірінші отырыс ТЕЛЬ-АВИВ музейінде болды. Кейін қала әкімшілігінде отырыс болды. 1949жылдың 26-желтоқсанында Изрейль парламенті Иерусалимге көшті.

1949жылдың қазанында ТЕЛЬ-АВИВ және Яффо біріктіріліп жаңа администровтік орталық болып, ТЕЛЬ-АВИВ  Яффо аталды. ТЕЛЬ-АВИВ экономикалық орталығы болды.

ТЕЛЬ-АВИВ эклектикалық қала болып саналды. Биік уйлер, Аалон трассасы, екі этажды уйлер кездеседі (Невек районында). ТЕЛЬ-АВИВ құрылысымен Манхэттенге қаласына ұқсайды. Отельдер және мейрамханалар жерорта теңізі маңында шоғырланған.

Климаты; Жерорта теңіздік қысықы жұмсақ, жаңбырылы. Қысының ең суық кезі Ақпан +13,3 жазы ең ыстық кезі 27,кей кезде 45 барады.

ХЕВРОН

Хеврон Израйльдің ең үлкен қаласы және ол Иордан өзенінің батыс жағалауында Полестина автономиясының Хеврон провинциясының астанасы. Иерусалиммен 30км алшақ жатыр және мұхит денгейнен 927м орналасқан. Халық саны 166000 палестиналық (2006ж)бойынша және 800израйлдік.

  Хервон – Израйльдің ең ежелгі қалаларының бірі,тіпті дүние жүзінің.Хервон  Иудейлердің ежелгі облысында орналасқан. Қасиеттілігі жағынан Иерусалимнен кейінгі орында.  Ең танымал орны-бұл Патиорхтар  үнгірі, бұған үш дін өкілдері бағынады. Мұсылмандар, Христиандар және Иудейлер. Библияда кираиф – Арба белгілі Бэд. 300жылға дейін Хонон мәдениетіне кірді.

Хеврон Бэд 950ж Давид патшаның астанасы болды. Одан кейін Римдік колонияға айналды.Бірінші ДЖ соғысқа дейін Османдықтардың қөлында болды, одан кейін Британдық мондоттың қолына көшті.

  Англиялық үкіметшілер арабтық лидерлерге көңіл аудармады арабтар Хеврон қоғамын бұзуды көздеді. 1929ж еврейлер көтерілісі болды. 1948-67ж Хевронды Иордания жаулап алды. Алты апта соғыста 1967ж Израйлге қайта қосылды. 1997ж басында Хеврондық декларация бойынша қала 2-секторға болінді.Н1 және Н2 қазір мұнда 120мың полестиналық тұрады.

ХАМАТ-ГАДЕР

Хамат-Гадер (ивр ыстық- сулы Гадер) – Ярмук өзенінің сағасында Иордания мен Израйль шекарасында орналасқан. Атының мағынасы «бес ыстық бұлақ»пен байланысты (42с)және емдік қасиеті мол, себебі құрамы минералды тұзбен байытылған. Тадер қаласының маңында орналасқан.

Хамат-Гадер бұлақтары бұдан алдын ала белгілі болған. Римдік әскерлер Гадер маңында қалалар, колониялар соғылған. Бұдан көптеген елдер жаулап алды.Олар; Сирия,Иордания,т.б елдер. 1970ж 6 күндік соғыс кезінде Израйль құрамына енді.

Мұнан басқа қайта жабдықталған курорттың туристік көмплекс куббиц Мево-Хамма крокодил асыраумен шұғылданды. Иордан өзенінде крокодил кожасын әлемдік экспортқа шығарды.

Астанасы  - Иерусалим

әл-Құдыс (ивр. יְרוּשָׁלַיִם‎ — Йерушалаим (?·тыңдау); араб.: القُدس‎ — әл-Құдс (?·тыңдау), «Киелі». Тәурат пен Інжілде араб.: أورشليم‎ Ұршалим; Исраелде ресми: араб.: أورشليم القدس‎ Ұршалим-әл-Құдс (ежелгі мен қазіргі арабша атауларының қоспасы) — Жерорта теңізі мен Өлі теңізі сушекарасында, 650-840 м биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қала жасы — 3500 жылдан астам. Әл-Құдыс үш діннің — иудаизм, христиан және ислам діндерінің орталығы болып табылады, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен.

Бұрын көне Иудей патшалығының орталығы болған, бүгін Израил мемлекетінің ресми астанасы болып табылады. Әйтсе де, Шығыс Әл-Құдысқа деген Израил егемендігін дүниежүзілік қауымдастықтың басым бөлігі мойындамайды.

Құдыс – Таяу Шығыстағы қала. Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Темір жол стансасы, тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық. Радиотехника, тамақ, тоқыма, тері илеу, аяқ киім тігу, металл өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Қолөнер кәсіпшілігі дамыған. Қаланың ескі шығыс бөлігінде Ежелгі Грекия, Рим империясы және ерте христиандық дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдықтары сақталған, Құббат ас-Сахра мешіті (687–691), 11 – 12 ғасырлар шіркеулері, көне қамал (14 – 16 ғасырлар) бар.

Иерусалим қаласы б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта шеніндегі жазбаларда кездеседі. Иерусалим патшасы Абди-хибаның Мысыр перғауыны Аменхотеп ІV-ге жазған хаттары Тель әл-Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 жылы шамасында Иерусалимді Дәуіт жаулап алды да, қала Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 ж. шамасында Иудея патшалығының астанасына айналды. Дәуіттің мирасқор ұлы Сүлеймен қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Сүлеймен әулеті ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 жылы қаланы Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ қиратты. Б.з.б. 6 ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. 3 ғасырда қала Птолемей әулеті мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысаны болды. Б.з.б. 140 жылдан Иерусалим Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасына айналды. Б.з.б. 63 жылы қаланы римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66 – 67) кезінде Иерусалим римдіктерге қарсы қарсыласу орталығы болды. Б.з. 70 жылы римдіктер қаланы басып алып қиратты. 2 ғасырда Иерусалимнің орнында Рим қонысы – Элия Капитолина салынды. 4 ғасырда, Рим императоры ұлы Константин тұсында Иерусалим христиандардың қасиетті орталығына айналды. 638 жылы Омар халиф тұсында Иерусалимді Асаб халифаты жаулап алды да, ол мұсылмандардың Меккеден кейінгі қасиетті орталығына айналды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер, 1187 жылы Мысыр сұлтаны Салах әд-Дин басып алды. Қала 1517 – 1917 жылы Осман империясының құрамында болды. 1917 жылы желтоқсанда Иерусалимді ағылшын әскерлері басып алды. 1920 – 48 жылы қала ағылшындардың мандаттық жері – Палестинаның әкімшілік орталығы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерусалим қаласы халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (1948 – 49) кейін Иерусалим екіге бөлінді, батыс бөлігі (қаланың дені) Израиль мемлекетіне, ал азғантай шығыс бөлігі Иорданияға өтті. 1950 жылы БҰҰ-ның Иерусалимді дербес әкімшілік бірлік етіп бөлу туралы шешіміне қарамастан оның батыс бөлігін Израиль өз астанасы деп жариялады. 1967 жылы Израиль Иерусалимнің шығыс бөлігін де басып алды. 1980 жылы шілдеде бүкіл Иерусалимді Израиль өз елінің “мәңгі және бөлінбейтін астанасы” деп жариялады

3.1 Туристік орталықтары

ИЗРАЙЛЬ ТУРИЗМІ

Интенсивті дамып келе жатқан Израйль туризінің бірқатар ерекшеліктері бар. Россия мен Израйль арасындағы визалық режимін тоқтатуына байланысты, елге туристер қаптай бастайды. 2010ж 3 айлық көрсеткіш бойынша Израйлге 114мың ресейлік туристер келді. Сол себеппен Ресей  АҚШ-тан кейінгі Израйль келетін елдердің арасында 2-ші орында. Бірақта туристердің көп келуі, ел қауіпсіздігін арттырады. Екінші Ливандық соғыс пен экономикалық кризис туризм саласын өркендеуі баяулады. Украина мен 2011ж 9қаңтарындағы визалық режим туристерді екі еселенеді деген болжам бар.

  Орталық бюроның статистикалық мәліметі бойынша соңғы 10ж-да Израйль туризмінің сыртқы туризмі құбылиалы куйде болуы,Израйль елінің қауіпсіздігімен дуние жузінің кризисіне байланысты болып отыр. 2000ж алғашқы 9 айында туризм қарқынды өскенімен, туризм 2000ж қыркуйекте «Интифатқа» ұшырады. Ары қарай 3ж туризм кризисі болып, 2003ж туризм қайта өрледіді, Ливан соғысына дейін өсті(2006ж.). 2007-8ж туризм өз шырқауына жетті. Әлемдік экономикалық кризис 2008ж соңғы кварталында басталып, және де «Литой куміс» операциясы (2009ж), Израйль туризміне негативті әсерін келтірді. Жалпы Израйльге 2010ж туристердің жалпы саны 3.275.692 адамды құрап,2009ж ға қарағанда 22% өсті. Израйльге келетін туристердің көпшілігі Европадан- 63%, соның ішінде Россиядан 16,83%. –ші орында –Америка (оң.т және сол.т) -25%,соның ішінде 18,93%АҚШқа тиесілі. Израйльге келетін туристердің орташа шығыны (сол елдегі толеммен қосқанда ) 2010ж 1083$ құрады. Америкадан келетін туристердің орташа шығыны -1392$, Ол Эвропадада 935$, Азияда-893$, Африкалық туристер 1044$ шығынға ұшырады. Шығынның 35% қонақ уйге тиесілі, 15%-шоппинг ке кетсе, 17%транспорт, ал 17%сусын мен тағамға, 14%- басқа заттарға кетті.

  2010ж Израйльдің туризмнен тусірген пайдасы – 3,7млрд $ құрап ол 2009ж қарағанда 35%(2,7млрд) өсті. 2009ж туризмнен тучскен кіріс 10% құраса, 2010ж бұл көрсеткіш 13%өсті. Алайда туризм индустриясы алмаөдың өндірістен пайда жағынан аз болып табылады.

МАХПЕЛА Үнгірі

Хевронның ең қасиетті жері- Махпела (ивр Ме;арат ха-махпела; екі жақты үнгір) Монотейстік дәстүр бойынша бұл жерде жер бетіндегі ең бірінші адамдар – адам мен Ева және Бибилялық патриархтар және олардың әйелдері – авраам мен Сарра, Исаак және Ревекка, Иахов пен Мия жатыр деседі  Бүгінде бұл орынның есігі мұсылмандарғада, Еврейлергеде сиуына мұмкіндік жасаған. Үнгір жайында толық Мағлұмат жоқ.

  Махпела сөзінің түп мағынасы «қабат немесе терраса» деп аударылады. Еврейлік тілде Махпела үнгірінің «Құрьят-Арба» қала торттігі аталуы төрт әулиенің жатуына байланысты. Адам және Ева , Авраем және Сарра, Исаак және Реббека, және де Иоковпен Мия.

   Махпела Үнгірі Хеврон қаласының орталық болігінде орналасқан. Үнгір үстінен ежелгі монументальді дуалдар салынған биіктігі шамамен 12м.

Қалануы жылтыр тастармен (ұзындығы 7,5м) көмкерген Ирод патшалығы тұсындағы стильмен қаланған.Толмудқа сенсек Авраем мен Сарра қабірі орналасқан жағынан орталығында орналасқан, Иаков пен Мияның қабірі сол.т батысында орналасқан. Исаак пен Ревекка қабірі оң.т батысында.

ШЫҒЫС ДУАЛЫ

Шығыс дуалы (ивр.ha-котель ha-Маарови) болігі (ұзындығы 485м) Хром дуалының маңында орналасқан

 Дуал Бэд 37м Ирод патшаның қолдауымен салынды. Негізгі ойы Храм дуалының жалғастыру. Бұл дуал жылтыр тастардан қаланған (отр биіктігі 1-1,2м, ұзындығы 1,5-3м)Сейсмикалық жағдайын жақсы ойластырған.

  Шығыс жағын көбіне «Дуал жасы» деп атайды. Себебі;бұған 100-деген жылдар бойы еврейлердің сиынатын жері болвп табылады. Соғыстан кейін «Храмдық дуал» Иордан патщалығына өтеді. 1967ж дейін еврейлерді сиынуға жібермеді.

«Дуал жаста» еврейлердің ең қасиетті сиынатын жері болып табылды. Иерусалимдік еврейлердің сиынатын және тілетін қағазға жазып қалдыратын киелі орындары болып табылады. Ол қағазда адамдар денсаулық,байлық тілеп әр елден мыңдаған туристер ағылады.

 «Дуал жасы»- Храмдық таудың жалғасы фрагменті болып сақталады. Ескі қолжазбаларды 2мың жыл бұрын құдірет иесі уәде беріп жазып кеткен. «Бұл дуал қуламайды» деген екен. Еврейлердің бұл дуалға сиынуға болмайды, себебі; бұл мұсылмандардың киелі орны деген сөздер айтылды. Кейіннен Араб-Израйль қақтығысы болды.

ҚАСИЕТТІ ҚАБЫР (Гроб гос)

Қасиетті қабір(греч.Ауіос-тафос) христиандардың ең танымал табынатын жері. Қабір шатқалда орналасқан. Бұл қабірде евонгелия бойынша Иисус Христос шегеленіп, жерленген жері. Қабір Иеруслимде орналасқан. Дәстүр бойынша қабір қалак сыртындағы шатқалда Иерусалимнің сол.т батысында орналасқан, Голгоф маңында. IVғ басында оның үстіне «Кувуклия» «Қабір құдайының ғибадатханасы» салынды. Мұны іздеуде  IVғ константин патша ізжеуді бастаған.

Құдай қабірі-шатқалдан ойылып жасалған. Христос денесі тас қбірде жерленген (200х80см биіктігі 60см аяғы шығысқы, басы батысқа еврей әдісімен жерленген.)Қабір қатты бұзылған себебі; пилигримдер сеніммен тас үгітіп алып кеткен. Кейін мұндай вандолизмді тоқтату үшін ақ мрамормен көмкерген. Қазыр мұнда сақталған тек Кувуклии үнгірі (1,93х2,07м) сақталған

1. «Періштенің келуі» (грек)бұл кішкентай ғана қойма (3,4х3,9м) Кувуклияның шығыс шеткейінде орналасқан. Құдай қабіріне тек осы арқылы өтуге болады. Евонгелияға суйенсек Христосты шегелегенде Періште осы жерде отырған деседі.Аңызға сүйенсек Христостың шегеленген естірткен орхонгель Гавриил деп аталады. Ақ мраморға грек тілімен «Не іздедіндер тіріні олілерден ? Ол жоқ мұнда, Ол өлді» деп жазылған.

Кувуклия (лат. Сubiculum тыныштық) бұл үлкен емес (6х8м) қөңыраулы сағат сары түсті мрамордан жасалған.Ол өзімен бірге «Құдай қабірімен – «періштенің куелуін» қосады. Кувуклияға шығыстан кіреді, есігі ағаштанжасалған. Бірінші Кувуклия Ұлы Константин кезінде 325-335 ж салынып, 1009 ж мұсылмандар қолынан қиратылды. Кейіннен Кувуклияны 1042ж қайта византиялық патша константин Монахр салды.

Өлі теңіз

Өлі теңіз (арабша Бахр-Лут) – Таяу Шығыстағы, Иордания мен Израиль жеріндегі ағынсыз тұзды көл. Гхор тектоникалық ойысына, теңіз деңгейінен 395 м төмен (жағалауы – құрлықтағы ең төменгі жер) орналасқан. Ауданы 1050 км2, ұзындығы 76 км, ең терең жері 356 м. Өлі теңіз жағалауы шөлді, кей жерлері жартасты. Негізінен Иордан өзінің суымен толығады. Дүние жүзіндегі ең тұзды көлдердің бірі. Суының орташа тұздығы 260 – 270‰, кей жылдары 310‰-ге жетеді. Минералды тұздар өндіріледі. “Өлі теңіз” аталуы суында органик. тіршіліктің жоқтығымен түсіндіріледі.

Израиль мамандары жер шарының ең терең нүктүсі – Өлі теңіздің түбін зерттеуге кірісті. Шараның мақсаты – климаттың мөлшерден тыс жылынуы мен апаттардың құпиясын ашу. Сол үшін инженерлер мен ғалымдар теңіз деңгейінен 1200 тереңдікке түсіп, су астынан топырақ алмақ.

Экспедиция екі айға созылуы мүмкін. Жоба жетекшілерінің айтуынша, Өлі теңіздің табанындағы жер қабаты жыл сайын екі рет өсіп отырады. Яғни, ол да ағаштар тәрізді жаңаруға бейіміді. 500 мың жылға созылған мұндай геологиялық құбылыстың сыры неде?

Климаты: қысы, жазы, көктем және күз мезгілдерінде жақсы, жұмсақ ауа райы тұрады. Жылына 330 жылы күндер сәйкес келеді.

Жағалау бойымен көптеген термалды бұлақтар мен балшықтар бар.Өлі теңіз минералдар мен тұздардық көптеп орналасқан жері. Бұл организмнің жалпы сауықтырылуына және жүйкенің демалуна пайдалы.

Өлі теңіз бүкіләлемдік мұхит деңгейінен 396м төмен жатыр. Ауа бұл жерде фильтр құрап, пайдалы  күн сәулелерін содан өткізеді. Сондықтан да басқа жерлермен салыстырғанда, тері күйіп кетпейді. Бұл денсаулығы нашар адамдарға өте жақсы әсерін тигізеді.

Өлі теңіз аймағанда ауа ластанудан және алергиойдтардан бос және бромның мөлшері басқа жерлермен салыстырғанда 10 – 20 есе көп. Ауыз суда селеннің өте көп концентрациясы бар. Бұл элемент ауру клеткалардың көбеуін тоқтатады. Теңіз суында 33% тұзбен минералдар бар.

Осы жерде сіз жүзіп білмесеңізде батып кетуіңіз мүмкін емес. Теңізде тұз коцентрациясы сонша көп болғандықтан тіршілікте  жоқ. Алайда теңіз аты өлі болғанмен ол адамның тез жазылуына үлкен әсерін тигізеді.Өлі теңіздің пайда болуына 15000 жыл, сол уақат бойы адамға пайдасын тигізуде.

Акабадан Каракқа бара жатып сіз Маин спаға соғып кетуіңізге болады. Мадабадан 25км қашықтықта термалды бұлақтары бар керемет жер бұл – Маин спа.     Үлкен Каньонның ішінде орналасқан. Ал каньонның жоғары жағынан өлі теңізге және Сат каньонына  керемет панорама ашылады. Майн спа суларында кезінде Ұлы Ирод ем алған. Бұлақтың емдік әсері бар екенінін византиялық уақыттан білген. Бұлақтың суы аллергияға қарсы қолданылады. Себабі күкірттің  көп мөлшері бар (580 мг/л). Оның ағза клеткаларына тигізетін әсері сонша, қартайу процесін баяулатады. Суда кальций, магний, калий және натрий қосындылары көп.

Қазіргі уақытта бұл жерде үлкен рекреациялық – сауықтыры базасы орналасқан. Бұл курортта адамдар әр түрлі аурулардан комплексті ем алады. Отель ішінде сауықтыру клиникасы бар. Бұл жерде сізге арнайы ванналар, инголяторлар, термалды және физиотерапиялар ұсыныды. Сіздің еміңізді өте тәжірибелі мамандар жүргізеді. Бұл жерде ревматизм , артрит, гайморит, ас қорыту мүшелерінің және қан айналым ауруларынан емдейді.

Эйлат

Эйлат – бұл қала Израильдің оңтүстітігінде Акаб заливінің (израиль халқы «эйлат» деп атайды) жағалауында орналасқан. Халқы – 47,6 мың адам.

Эйлат – бұл танымал курортты және туристік орта болып табылады. Су асты өміріне бай Эйлатты гығанағы шыңдаған су спортын сүйетін туристерді өзіне тартады. Эйлат шекарасының негізгі ұсынатын тамаша жері – Корольды риф болатын. 1968 жылы ЭЙлат жағалауы табиғи қорық болып бекітілді. Эйлатта салық қолданбайды. Қазіргі күні Эйлаттағы қонақүйлер фонды 10000 асып жағалады.

Массада қорғаны.

Массада қорғаны Израильдің ең атақты туристік жерлер қатарына кіреді. Бұл жер тек әдемілігімен ғана емес, сонымен қатар жергілікті ландшафт пен ежелгі заманның архитектуралық мәдени орталығы болып табылады (Ирод патша тұсында). Ирод патша «(б.з.д. 73 – 74 – б.з.д. 4) өмір сүрген, құрылысты жаны сүйетін, архитектуралық таланты болған деседі.

Мешітті тау (храмовая гора).

Мешітті тау (ивр Хор а – Бит, араб аль-Хорам аль-Құдс ош Шариф – «Қайырымды жарық») – тауы ескі Иерусалимнің оңтүстік шығысында орналасқан. Мұсылмандар мен Иудейлердің қасиетті жері болып табылады. Бұл жердің негізгі тік жартасты болып келеді. «Мешітті таудың» жалғасы мұсылмандардың қасиетті орны Аль-Аксамен және де Куббат ас-Сохра мешітімен жалғасады.

Дәстүр бойынша «Храм» (қасиеттілердің қасиеттісі) «Шертас Күмбезінде» орналасқан.

Иерусалимдік мешіт (Храм)

Иерусалимдік мешіт (ивр «Бей а - Миндаш» «Қасиеттілер үйі») еврейлердің Хғ. – б.з.д.Іғ. діни орталығы болып саналған. Бұл архитектуралық керемет «Мешітті тауда», Иерусалимде орналасқан. Және бұл жер жалғыз құдайға құрбандық шалынатын жер болған. Бұл мешіт еврейлердің зират ететін орны, және ол жылына 3-рет өткізіледі: пасха, шовуат және Суккот (күшейлер мейрамы).

Менора. Жеті жарық.

Израиль халқының символы болып «Жеті жарықты» менора болып табылады. Екі жағында зәйтүн жемісімен көшірілген. Бұл символ Рим қаласындағы тит арнасында бейнеленген. Себебі – еврейлердің ұлы көтерілісі болған, және Рим империясының патшасы Титке қарсы шыққан.  

Ал-Акса мешіті

Аль-Акса мешіті (араб «тысқарыдағы мешіт») – мұсылмандардың ескі Иерусалимдегі (араб Аль-Құдс) негізгі сиынатын орны болып табылады. Исламдық мұсылмандар сиынатын Мекке мен Мадинадан кейінгі 3-ші орын алады. Мұсылмандық дерек бойынша бұл жерде Мұхаммед (ғ.с.) түнде Меккеден Иерусалимге ауысқан деседі, және оның астыңғы көтерілуі (мираж). Аль-Акса мешітінің орнында Мұхаммед (ғ.с.) барлық пайғамбарлармен сиынған. Аль-Акса және алтын күмбезді Куббат ас-Сахра. Аль-Ақса мешітін алғашқы құрылысын басқарған Умар Халиф Храм атуында салған болатын. Ал 2-ші рет Римдіктер қиратқан болатын. Ал қазіргі құрылысты Аб-аль Малик Халиф 8 ғасырда бастаған. Мешіт алғашында кішкентай сиынатын орын болды. Кейіннен Аб аль-Маликтің ұлы Аль-Валид 705 жылы жалғастырды. Кейіннен 746 жылы жер сілкінісінен кейін мешіт толық қирап, 754 жылы Аль-Мансурдың көмегімен қайта жөнделді. Туристердің көбісі Аль-Акса мешітінің күмбезі мен Куббат ас-Сахар күмбезімен шатастырады. Аль-Аксаны екінші аты «Омар мешіт» деп аталады. Себебі негізін қалаған Халиф Умар болатын.

3.2 Ерекшелігі және символдары

Давид жұлдызы

Давид жұлдызы (ивр – маген давид, «Давид қақпасы» немесе шогендовид) – ежелгі белгі, алтыұшты жұлдыз тәрізді (гексограмма) бір бірімен қайысып өрнектелген жұлдыз болып табылады.

«Давид жұлдызы» сөзінің мағынасы аңыз бойынша Давид патшаның әскерінің қалқандарында бейнеленген. Ал екінші нұсқа бойынша бес ұшты пентограмма «Соломонның мөрі» атымен белгілі. Давид жұлдызы Израиль елінің туында белгіленген және ең негізгі символ болып табылады.

3.3 Елде кездесетін кедергілер

Антисемитизм - [Ӏнжілдегі Сим - Нүқ пайғамбардың ұлдарының бірінің атымен байланысты] - еврейлерге қатысты жауласқан өшпенділіктің, ұлттық санаспаушылықтың түрі. Антисемитизм түп-тамыры Таяу Шығыстағы мемлекеттер мен халықтардың өзара жауыққан сонау ежелгі Ӏнжіл заманынан бастау алады. Кейіннен Еуропаға және басқа елдерге тараған еврейлер ұлттық және діни кемсітушілікке ұрынды. Антисемитизм күрт қарқынды дамуы XX ғасырдағы реакциялық әлеуметтік-саяси күштердің ұлтшылдықтың бұл түрін бейбітшілікпен, демократиямен және дамумен күрес үшін қолдануында. Антисемитизм жабайы, тұрпайы, бұқаралық түрлері (геноцид, қырып-жою) "бүкіләлемдік еврейлердің сыбайластығы" желеуімен фашистік Германия 6 млн, II дүниежүзілік соғыс кезінде кеңестік 3 млн-дай еврейлердің қырғынға ұшырағаны белгілі. Антисемитизм түрлері соғыстан кейінгі жылдарда көптеген ел¬дерде жалғасын тапты (Франциядағы лепеневшілер, АҚШ-тағы жекелеген фа-шистік ұйымдардың іс-әрекеттері, КСРО-дағы қолдан жасалған "кісі өлтіруші дәрігерлер ісі", қазіргі Ресейдегі "Память" ұйымы және т.б.). Антисемитизм сионизмнің отына май құйып, сырттай ұлттық санаспаушылықтың қарама-қарсы бағытын дамытып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі еврейлердің Израильге жаппай көшуіне түрткі болады.

«Холокост» деген сөз грек тілінен аударғанда оттың көмегімен құрбандыққа шалу деген мағынаны білдіреді. Негізінде бұл сөз 1933-1945 жылдар арасында Гитлердің билік басына келуімен фашистердің 6 миллион жебірейдің (Еуропа жебірейлерінің 60 пайы­зы) көзін жойғанымен байланысты айтылады. Тұңғыш рет «холокост» термині АҚШ баспасөзінде 1960 жылдары Освенцим крематорийіне байланысты қолданылған.

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар

 

     Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 10 сәуірде орнатылды.

            Израильдің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылдың тамызынан бері жұмыс атқарады. Қазақстанның Израильдегі Елшілігі 1996 жылғы мамырда ашылды.

            Қазақстанның Израильдегі Елшісі Б.Нұрғалиев (2012 жыл, сәуір).

            Израильдің Қазақстандағы Елшісі Исраэль Мей Ами (2008 жыл, қазан).

            Өткен кезеңде екі ел арасында әртүрлі деңгейде бірқатар сапарлар жүзеге асырылды.

            ҚР Президенті Н.Назарбаев Израильге екі рет ресми сапармен барып қайтты (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір).

            Қазақ тарапынан Израильге сонымен қатар келесі тұлғалар сапар жасады: Премьер-Министр (1992 ж.), Премьер-Министрдің орынбасарлары мен бірқатар министрліктер мен облысәкімдіктерінің басшылары (1992 ж.), Жоғарғы соттың төрағасы (1995 ж.), Білім және ғылым министрі (2007, ақпан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007, маусым),Парламент Сенатының Төрағасы (2008, мамыр), Парламент Мәжілісі Төрағасның орынбасары (2008, желтоқсан).

            Қазақстанда сапармен Израиль Ғылым және экономика министрі   (1993 ж.), Энергетика министрі (1993 ж.), Қорғаныс министрлігі Бас директорының басшылығымен әскериделегация (1995 ж.), Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек), Премьер-министрінің орынбасары-Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. маусым, АӨСШК саммиті),Премьер-министрінің орынбасары-Негев және Галилейді дамыту министрі (2006 ж. маусым, АӨСШК екінші саммиті), Мәдениет, ғылым және спорт министрі (2008 ж,. қаңтар), Кнессет(Парламент) Вице-спикері (2008 ж,. мамыр) болды. Израильдің ұлттық инфрақұрылым министрі Б.Бен-Элиезер Қазақстанда үш мәрте сапармен болды (2007 ж. желтоқсан, 2008 ж. қыркүйек, 2010 ж. сәуір), Ғылым министрі Д.Гершкович және экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының Лауреаты Р.Ауман (2010 ж. шільде және 2011 ж. мамырда Астана қаласында III-IV Астана Экономикалық Форумы).

            Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтті – 1993 ж. наурызда, 1998 ж. маусымда Алматыда, 1994 ж.қарашада, 2004 ж. қарашада Иерусалимде 2010 ж. сәуірде Астанада.

            2009 жылғы 30 маусым – 1 шілдеде Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перестің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды. Сапар шеңберінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші Съезі мен Қазақстан-Израиль бизнес-форумына қатысты. Аталған бизнес-форумда 6 келісімге қол қойылды.

            2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне (Астана) израиль тарапынан Премьер-министрдің орынбасары, Стратегия істері жөніндегі министрі М.Яалон қатысты.

            2010 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан-Израиль сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

            2011 жылы ҚР мен ИМ арасындағы тауар айналымы 1,544 млрд. долл. жетті (экспорт – 1,418 млрд., импорт – 126 млн.долл).

            Қазақстан-Израиль шарт-құқық базасы 35 келісімнен тұрады.

Қорытынды

Қорыта келе Израиль туризмнінің негізгі атрибуты – діни туризмі мен емдік сауықтыру туризмінің қарыштап дамуын айқын көре аламыз. Бұл елдің діни туризм системасын Қазақстан еліне ендіруге болатынын, және толеранттық идеологиялық тұрғыдан Қазақстан еліне қолдануға болатынын көре аламыз. Бізде діни туризмді дамытуда бірден – бір өлке бұл Оңтүстік Қазақстан облысы болып табылады. Себебі Оңтсүтікте екінші мекее атынған Иүркістан, Отырар, Тараз, Сайрам сынды діни жерлердің болуы Израилдің діни туризмдік системаны қолдануға болар іс.




1. . 1. Поняття принципи та правове регулювання адміністративної відповідальності Адміністративна відпов.
2. Холмогоры старое направление км 134100 км 145100 в Переславском муниципальном районе Ярославской обла
3. Проблемы народонаселения
4. Рынок ссудных капиталов
5. Методические рекомендации.1
6. Цель- выполнить расчет электронагревательного оборудования.html
7. Кабинет Министров; Государственный департамент промышленной безопасности охраны труда и горного надз
8. Проектирование эквалайзера с активными фильтрами
9. на тему- Порядок внесення залишків матеріальних цінностей до програми 1С-Підприємство
10. Размышления о Всероссийском конкурсе Учитель года
11. Феодальное государство в Германии
12. Роль и особенности функционирования малых предприятий в современных условиях
13. Різновиди ОС Windows, загальна характеристика найбільш використовуваної ОС
14. Страхование экологических рисков доклад
15. 2013 г. паспорт серия ’ выдан г.html
16. Тема 1 Предмет метод и основные этапы становления экономической науки Экономика- сущность и значение
17. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата хімічних наук Київ 6 Дисертаці
18. Клиника отека легких
19. Учёт дилерской деятельности
20. Он добрый и нежный как ребенок1