Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Ашық эдвайзерлік сағат
Тақырыбы: «Ерліктің, еркіндіктің туы Абылай!»
Эдвайзер: Қуандықов Т. А.
Топ: 5В072400-12-2қ
Өткізілген күні: 11.11.2013ж.
Тақырыбы: «Ерліктің, еркіндіктің туы Абылай!»
Мақсаты: . Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында мәлімет беру. Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отырып, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге , ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбилеу.
1-көрініс
Абылай хан: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр. Ел тыныштығын ойлап батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш-қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық!
Төле би: Халықтың қамын ойлайтын күн туды. Алаштың басын біріктіріп, ақылы мен айласын іске асыратын кезі келді.
Қазыбек би: Елдің кегін қайтаратын күн туды.
Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.
Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!
Батырлар келеді: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай.
Абылай хан: Келді алдарыңызға батырлар. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеудің бір жолы сендердің қолдарыңда. Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар.
Қазақтың туын биік ұстап, елге жеңіспен оралыңдар! Айтыңыздар өсиет сөздерді, біріңіздер баталарыңызды.
Төле би: Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің санасы бол.
Бір тонның жағасы болма,
Көп елдің ағасы бол.
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол.
Қазыбек би: Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Үкіге найза таққан елміз!
Дәм-тұзды ақтай білген елміз,
Досымызды сақтай білген елміз!
Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болсаң елге пайдаң тимесе,
Батыр болыпжауға найзаң тимесе,
Елден бөлек күйің күйсін.
Батырлар: Абылай ханның ақ туының астында елімізді, жерімізді қорғауға дайынбыз. Шығып кетеді.
1-Жүргізуші:
-Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі тәрбие сағаты үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз-тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген батыр бабамыз Абылай ханға арналады.
Абылай хан-қазақ халқының ұлы ханы, дарынды қолбасшы және шебер дипломаты. Ол 1711 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Тәшкент маңында дүниеге келсе керек.
Ей,Абылай , Абылай!
Мен өзіңді көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің!
Жаныс Қарабайдың үйінде
Түнде туған ұл едің,
Ол қазақ халқының басына түскен ең ауыр қасірет «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолында тәрбиеленеді.
2-жүргізуші
20 жасында қалмақтың атақты батырынан қаймықпай, жекпежекке шығып, жеңіске жеткеніне қарағанда, жауынгерлік өнердің мектебін жетік меңгерген.
Күй «Адай»
Видеокөрініс «Жекпе жек»
Баяндама Айткалиев К.
Ән домбырамен
Өлең оқитын Бекзат Бекзат: Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей жүрісіп,
Абылайдың қасында
Бастарын бой тігісіп,
Сондай ауыр жорықта.
Қандыжаппен соғыста
Бірге болған батырлар
Мыналар еді егесіп:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Беті қайтпас арыстар,
Шақшақұлы Жәнібек,
Серкеқара Тілеуке,
Қарақалпақ Құлашбек,
Тігіден шыққан Ертерек,
Шапырашты Наурызбай,
Құдаменде Жібекбай қасында,
Бақ-дәулеті басында.
Сеңгібай мен Шүйбекбай,
Таңсыққожа Мамыт бар,
Қасқараұлы Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Айнақұл, Батый ішінде
Өңкей батырды жиысты,
Абылай салды жарлықты.
1- Жүргізуші:
Шарышты жеңіп атағы шыққан соң Абылайды Әбілмәмбет сұлтан Көкшетауға алып кетеді. Абылай сұлтан атанып, ел билеу ісіне араласады. 1734жылы Әбілмәмбет Орта жүздің ханы болып сайланады да, Абылай сұлтан Әбілмәмбетке көмекші болады.
2-Жүргізуші:
Жүзге, жікке, руға бөлмеген хан,
Екі сөзге егессе келмеген хан.
Иен даланың мәңгілік киесіндей,
Өзі өлседе, рухы өлмеген хан.
Абылай Әбілмәмбеттен батырлық жағынан ғана емес, шешендік пен көсемдік жағынан да алда тұрған. Сол себептен де Әбілмәмбет хан бірнеше рет билік тізгінін Абылайға ұсынған.
1-Жүргізуші:
Абылайдың сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр екенін көпшілік білгенімен, оның дарынды күйші екенін біреу біліп, біреу білмейді. Абылайдың «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «қайран елім», «Қара жорға», «Майда жел», «Шаңды жорық» және т.б. күйлері бізге жеткен.
Күй 2
1- Жүргізуші:
Абылай 1743жылы қалмақтың тұтқынынан қайтып келген соң Әбілмәмбет хан Орта жүз билігін Абылайханға тапсырып, өзі Түркістан шаһарына қоныс аударған. Абылайдың азаматтығы сол, Әбілмәмбет өлген соң ғана 1771 жылы оның орнына хан сайланған.
2-жүргізуші:
1779 жылы Абылай Ресей патшалығының өзіне арналған Орта жүз ханы деген лауазымының ата-белгілерін қабылдау үшін Орынборға келіп қайтуға жіберілген шақыртуынан бас тартты. Себебі, ол өзін Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақтың ханымын деп есептейтін.
Терме, Какеша Бахытжан
1-жүргізуші:
1781 жылы Тәшкен жорығынан қайтып келе жатқан жолда Абылай хан өзін жайсыз сезінеді. Әскер тоқтап аялдады. Хан осы жерде бекініс тұрғызуға бұйрық етті. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріндегі бұл бекініс халық «Хан қорғаны» деп атап кетті. Осы жылдың мамыр айында ұлы хан дүние салды. Абылайдың сүйегін үш жүздің жақсылары Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне арулап қойды.
2-Жүргізуші:
Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек.
Көрініс «Абылай мен Букар жырау»
1-жүргізуші:
Өзіңсің айбарым да, айбатым да,
Санасқан орыс, қытай, ойратың да.
Ел берген жігер болды жігерің де,
Ел берген қайрат болды қайратың да.
2-жүргізуші:
Елің үшін жауластың,
Жерің үшін дауластың,
Уа, Хан ием, Абылай!
Ешкімнен де ықпалдың,
Намыс туын жықпадың,
Маңдайдағы бағым-ай.
Теңіз құсап бұлқындың,
Найзағай болып сілкіндің,
Уа, Хан ием, Абылай!
Видеокөрініс «Өсиет бастасы Абылайдың»
Осымен «Үш жүздің басын біріктірген хан Абылайға 300 жыл.» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!