Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лекцияны~ ма~саты- логистикада~ы а~паратты~ а~ымдар т~сінігі а~паратты~ логистикалы~ ж~йелер~~ымы Лекц

Работа добавлена на сайт samzan.net:


7 Тақырып:  Ақпараттық логистика

Лекцияның мақсаты: логистикадағы ақпараттық ағымдар  түсінігі, ақпараттық логистикалық жүйелерұғымы

Лекцияда қарастырылатын сұрақтар:

1. Логистикадағы ақпараттық ағымдар.

2. Ақпараттық логистикалық жүйелер.

3. Логистикадағы ақпараттық-компьютерлік технологиялар.

Материалды ағымдарды басқару үрдісінің негізінде логистикалық жүйелерде жүретін ақпараттарды өңдеу жатады. Осыған байланысты логистиканың маңызды түсініктерінің бірі ақпараттық ағым түсінігі болып табылады.

Ақпараттық ағым – бұл логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті, логистикалық жүйелер мен сыртқы орта арасында жүретін, логистикалық жүйенің ішінде жүретін ақпараттар жиынтығы.

Логистикалық функцияларға қатысты ақпараттық ағымдар қарапайым, кешендік, маңызды және базалық болып бөлінеді.

Логистикалық жүйеге (ЛЖ) қатысты ағымдар төмен-дегідей болып бөлінеді:

  1.  ішкі және сыртқы (сәйкесінше ЛЖ ішінде немесе ЛЖ мен сыртқы орта арасында жүретін ағымдар);
  2.  горизонталды, бұл ЛЖ иерархиясының бір деңгейіне жатады және вертикалды-логистикалық менеджменттің жоғарғы деңгейінен төменгісіне жылжитын ағымдар;
  3.  кіретін және шығатын – ЛЖ-ге кіруіне не шығуына байланысты.

Ақпаратты таратушылардың түрлері бойынша ең көп таралғаны қағаздардағы ағымдар (құжаттар), ал ақпаратты өңдеудің компьютерлік технологиясын қолдануда – электронды видеограмма түріндегі магнитті тасымалдаушылар (магнитті ленталар, дискілер) және т.б.

Ақпараттық пайда болу уақтысы бойынша тұрақты ағымдар, мерзімді (уақытысы қатаң шектелген) және абоненттердің байланысын интерактивті және “on lіne” мен “off lіne” диалогтың тәртібінде қамтамасыз ететін жедел ағымдар болып бөлінеді.

Мақсатына байланысты басқарушы ақпараттық ағымдар, нормативті-анықтамалық ақпараттарының ағымдары, шешім қабылдау кезінде есептеу үшін және талдау үшін қолданылатын ақпараттар және көмекші ақпараттық ағымдар болып бөлінеді.

Ашықтық дәрежесі және маңыздылық дәрежесі бойынша ашық, жабық, коммерциялық, құпия, қарапайым және тапсырыстық ақпараттық ағымдар болып бөлінеді.

Ақпараттық ағым мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

  1.  пайда болу көзі;
  2.  ағымның жылжу бағыты;
  3.  беру және қабылдау жылдамдығы;
  4.  ағым қарқындылығы және т.б.

Логистикадағы материалдық ағымдарды сипаттайтын параметрлердің (материалды ресурстардың номенклатурасы, дайын өнім номенклатурасы, ассортимент, габаритті және салмақты сипаттар, тұтынушылық қасиеттер, қолданылатын ыдыс пен орау түрлері және т.б.) көп болуы өнімді, ыдысты, орауды, жүк бірліктерін және т.б. автоматты идентификациялау қажеттілігін тудырады, ол қазіргі уақытта логистикалық ақпараттық жүйеде штрих кодтарды сканерлеу арқылы жүргізіледі.

Машина оқитын штрих код (bar-code) – бұл компьютерлік техниканы қолдана отырып, тауар жөніндегі ақпаратты кодтауға, есептеуге және анықтауға мүмкіндік беретін күңгірт және ашық жолақтардың белгілі бір жиыны.

Логистикалық операциялар мен функцияларды орындау үрдісінде өнімнің штрих кодтарын автоматты сканерлеу келесі негізгі артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді:

  1.  өнім туралы толық және шынайы ақпаратты тез алуға (сондай-ақ тауар, ыдысы, орамы, жүк бірлігі, сақтау бірлігі және т.б. туралы);
  2.  тауар өндірушісі, жүк жіберуші, жүк алушы, логистикалық делдалдар туралы ақпарат алу;
  3.  логистикалық тізбектің (арна, тордың) кез келген учаскісінде әр өнім бірлігін жылжытқаннан кейін ақпараттық-компьютерлік жүйелер арқылы бақылау және мониторинг жүргізу;
  4.  логистикалық менеджменттегі тауарлы-тасымалдау, қаржы және басқа да құжаттарды автоматты электронды өңдеу;
  5.  қоймаларда, өндірістік учаскілерде және логистикалық жүйенің басқа бөлімшелеріндегі материалды ресурстардың, дайын өнімнің болуын, шығындалуын және қозғалуын автоматты есептеуді қамтамасыз ету;
  6.  шығындарды азайту, тұтынушылардың тапсырыстарын жинау, өңдеу және орындау процедураларын, өндіріс пен өткізудегі өнімдер қорларын басқару процедураларын қарапайымдандыру және тездету;
  7.  материалды ағымдар туралы логистикалық ақпарат-тардың дәлдігін және шынайылығын қамтамасыз ету;
  8.  өнім мен логистикалық қызмет сапаларын бақылау процедураларының тиімділігін жоғарылату;
  9.  берілген тауарлар ассортименті үшін сұраныс пен рынокты маркетингтік талдау процедураларын жеңілдету.

Логистикадағы штрих кодтарды қолданудың негізгі проблемалары мен аспектілерін қарастырайық.

Халықаралық сауда саласындағы батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша, қағаз құжаттарды өңдеумен байланысты шығындар тауар бағасының 3,5 – 15% құрайды. Штрих-кодтарды сканерлеу негізінде автоматтандырылған индикация жүйелерін енгізу бұл шығындарды 0,5 – 3% дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Логистикадағы штрих кодтарды автоматты оқу технологиясын пайдалану логистикалық үрдістің барлық сатыларындағы материалдық ағымдарды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді. Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік.

Өндірісте:

  1.  әр учаскідегі жылжитын өнімдер мен олардың құрамдас бөліктерін, сондай-ақ кәсіпорындағы логистикалық үрдісті жалпы есептеу және бақылаудың бір жүйесін құру;
  2.  көмекші персонал санын және есептеме құжаттарын қысқарту, қателерді жою.

Қойма шаруашылығында:

  1.  материалды ағымды есептеу мен бақылауды автоматтандыру;
  2.  материалды қорларды түгендеу үрдісін автоматтандыру;
  3.  материалды және ақпаратты ағымдармен жүргізілетін логистикалық операциялардың уақытын қысқарту.

Саудада:

  1.  материалдық ағымды есептеудің біртұтас жүйесін құру;
  2.  тапсырыстарды автоматтандыру және тауарларды түгендеу;

сатып алушыларға қызмет көрсету уақытын қысқарту.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Логистикадағы ақпараттық ағымдар.

2. Ақпараттық логистикалық жүйелер.

3. Логистикадағы ақпараттық-компьютерлік технологиялар.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1.  Тулембаева, А. Н. Логистика [Текст] : оқулық / А. Н. Тулембаева ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы : Дәуір, 2011.
  2.  Канке, А. А.  Основы логистики [Текст] : учебное пособие / А. А. Канке. - М. : КНОРУС, 2010. - 576 с.
  3.  Сейсекенова М.Б. Маркетинговая логистика : учебное пособие, Ч. 1-2 /

М. Б. Сейсекенова. - Талдыкорган, 2008. - 294 с. 

  1.  Сауытбаев, Е. К. Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы [Текст] : оқу құралы / Е. К. Сауытбаев. - Алматы : Экономика, 2010. - 128 б. - (МВА

8 Тақырып:  Логистикадағы қорлар

Лекция мақсаты: Материалдық қорлар, материалдық қорлардың түрлері, қорларды жіктеу белгілері.

Лекцияда қарастырылатын сұрақтар:

1. Материалдық қор түсінігі.

2. Материалдық қорлардың түрлері.

3.Қорларды жіктеудің белгілері.

4. Қорларды толтыру үшін тапсырылған партияның оңтайлы мөлшерін анықтау.

Материалдық қорлар – бұл өндірістің әр түрлі сатысында болатын және өндірістік-техникалық бағыттағы өнім айналымындағы, жеке немесе өндірістік тұтыну үрдісіне енуін күтетін халық тұтынатын бұйымдар және басқа да тауарлар.

Қорлардың құрылуы әрқашан шығындармен кездеседі. Қорлардың құрылуымен және құрамымен байланысты шығындар:

  1.  қатырылған қаржы-қаражат;
  2.  арнайы жабдықталған орынды күтуге кететін шығындар;
  3.  арнайы персоналдың жалақысы;
  4.  ұрлаудағы, бұзылудағы үздіксіз тәуекел.

Қордың негізгі екі түрі  болады:

  1.  өндірістік қорлар;
  2.  тауарлы қорлар.

Осы аталған қордың әрбір түріне сипаттама берейік.

Өндірістік қорлар - өндірістік тұтынуға арналған материалдық өндіріс өрісінің барлық салалардағы кәсіпорындарда болатын қорлар. Өндірістік қорларды құру мақсаты – өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Тауарлы қорлар - әзірлеуші кәсіпорындарындағы дайын өнімнің қорлары, сонымен қатар тауардың жабдықтаушыдан тұтынушыға жүру жолындағы қорлар, яғни көтерме, шағын көтерме және бөлшек саудадағы кәсіпорындардағы, дайындау ұйымдарындағы және жолдағы қорлар. Тауарлы қорлар өндіріс құралдарының қорлары және тұтыну заттарының қорлары болып бөлінеді.

Жабдықтаудағы қорлар - бұл жабдықтаушыдан тауар өндірушінің материалдық ресурстар қоймасына дейінгі логистикалық арнада болатын материалдық ресурстар, олар дайын өнім өндірісін қамтамасыз етуге арналған.

Өндірістік қорлар - бұл материалдық қорлардың және аяқталмаған өндірістің қорлары, олар фирманың өндірістік-технологиялық бөлімшесінің шеңберінде өндірістік кестенің орындалуын қамтамасыз етуге арналған.

Өткізетін (тауарлы) қорлар - бұл өткізу торларында және өндіруші фирманың дайын өнім қоймасында болатын дайын өнім қорлары және тұтынушылар (сату) сұранысын қанағаттандыруға арналған. Жабдықтау, өндірістік және өткізетін қорлар жалпы шығын тұрғысынан логистикалық менеджментті оңтайландыру объектісі болып табылатын фирманың жиынтық материалдық қорларын құрайды.

Кешендік логистикалық функцияға қатынасы бойынша қоймалық, көліктік және жүк өңдеу қорларын атап өтуге болады.

Көліктік қорлар (жолдағы қорлар, транзиттік қорлар) - бұл логисткалық жүйенің бір звеносынан басқаға немесе бір звено шеңберінде тасымалдау үрдісінде болатын материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім қорлары.

Қорлардың жағдайын бақылау - бұл қорлардың мөлшерінің ауытқуын анықтау және осы ауытқуды  жою үшін оперативті шараларды қабылдау мақсатында өндірістік-техникалық бағыттағы қорлардың деңгейін, халық тұтынатын бұйымдарды және т.б. зерттеу және реттеу.

Қорлардың жағдайын бақылау және жабдықтаушыға тапсырыстың қалыптасуы төменде көрсетілген жүйелердің біреуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Оперативті басқару жүйесі. Белгілі бір уақыттан кейін оперативті шешім қабылданады: тапсырыс беру немесе тапсырыс бермеу, егер тапсырыс берсе, онда қанша тауар бірлігіне беріледі.

Біркелкі жеткізу жүйесі. Бірдей уақыт аралығынан кейін тауар бірлігінің тұрақты саны тапсырысқа беріледі.

Қордың максималды деңгейіне дейін толтыру жүйесі. Бұл кезде бірдей уақыт аралығынан кейін партия тапсырысқа беріледі, яғни тауар бірлігінің саны қордың белгіленген максималды деңгейінің және қордың нақты деңгейінің айырымына тең. Тапсырыстың көлемі тапсырысты орындау мерзімінде өткізілетін қорлардың мөлшеріне көбейеді.

Қордың нақты деңгейін мерзімді тексеру кезінде тапсырыс мөлшері белгіленген жүйе. Қорлардың нақты деңгейі бірдей уақыт аралығы арқылы тексеріледі. Тауардың тұрақты көлемінің тапсырысы туралы шешім тексеру кезінде тауарлы қор аз болса немесе тауарлы қордың белгіленген бастапқы деңгейіне тең болған кезде қабылданады. Олай болмаса, тапсырыс бермеу туралы шешім қабылданады.

Қордың нақты деңгейін үздіксіз тексеру кезінде тапсырыс мөлшерін белгілеу жүйесі.

Қордың бастапқы мәніне жеткен кезінде тұрақты көлемдегі партия тапсырысқа беріледі.

Қордың нақты деңгейін мерзімді тексеру кезіндегі екі деңгейлі жүйе. Тауарлы қорлардың нақты деңгейі бірдей уақыт аралығындағы аралық арқылы тексеріледі. Егер ол минималдыдан кем немесе соған тең болса онда максималды тауарлы қор мен нақты қордың айырымына тең партияға тапсырыс беру жөнінде шешім қабылданады. Егер нақты тауарлы қор минималдыдан жоғары болса, онда тапсырыс бермеу туралы шешім қабылданады.

Қордың нақты деңгейін үздіксіз тексеру кезіндегі екі деңгейлі жүйе. Партия тапсырысқа беру шешімі бастапқы қорға жеткен кезінде қабылданады. Тапсырысқа берілген партия көлемі максималды тауарлы қормен бастапқы деңгейінің айырымына тең болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Материалдық қор түсінігі.

2. Материалдық қорлардың түрлері.

3.Қорларды жіктеудің белгілері.

4. Қорларды толтыру үшін тапсырылған партияның оңтайлы мөлшерін анықтау.

  1.  Тулембаева, А. Н. Логистика [Текст] : оқулық / А. Н. Тулембаева ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы : Дәуір, 2011.
  2.  Канке, А. А.  Основы логистики [Текст] : учебное пособие / А. А. Канке. - М. : КНОРУС, 2010. - 576 с.
  3.  Сейсекенова М.Б. Маркетинговая логистика : учебное пособие, Ч. 1-2 /

М. Б. Сейсекенова. - Талдыкорган, 2008. - 294 с. 

  1.  Сауытбаев, Е. К. Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы [Текст] : оқу құралы / Е. К. Сауытбаев. - Алматы : Экономика, 2010. - 128 б. - (МВА




1. ВЯТСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ И.html
2. Определение трудоемкости работ на обслуживание электроустановок В процессе эксплуатации электрообор
3. Реферат- Копыто лошади
4. і. Основу виробничих відносин рабовласницького суспільства становила повна власність на знаряддя праці зас
5. ВИКА 3.1. Общая характеристика деятельности и персонала фирмы ВИКА 3.
6. давно когда я еще не понимала что была собой и была счастлива
7. тема и система наук
8. тема Строение органов дыхания Источником энергии в организме человека являются органические веществ
9. двухнедельным турикам
10. Заря с 1997 г. сельхозартель возник на базе одноименного колхоза в 1992 г.
11. экономические отношения собственности
12. тема государственноуправленческих административных взглядов идей представлений о законах регламентирую
13. Мастерство сатирического изображения действительности в одном из произведений русской литературы XIX века
14. Введение Актуальность темы исследования обусловлена потребностью философского исследования проблемы вну
15. Тема любви в романе Грозовой перевал
16. 30 Пропедевтика внутренних болезней Понедель ник Респират
17. Протокол был разработан IETF
18. Правовое положение военнослужащих
19. Студенческая весна ~2014 Весна Молодость Любовь 1
20. Эпидермис. Дерма