Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

.То~ан балы~ шаруашылы~ыны~ ж~йелері ~ызметі ~сірілетін балы~тар т~рлеріне сипаттама бері~із

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 22.5.2024

1.Тоған балық шаруашылығының жүйелері, қызметі, өсірілетін балықтар түрлеріне сипаттама беріңіз. Балық шаруашылығындағы айналым түсінігін түсіндіріңіз. Балық шаруашылығында қолданылатын өндірістік тоғандарды сипаттаңыз.

Балық өсіру процесінің аяқталуна ж/е ұйымдастыруына байланысты келесідей шаруашылық жүйелеріне бөледі:Толық жүйелі тоған шаруашылығы.Толық емес жүйелі тоған шаруашылығы

Толық жүйелі тоған шаруашылығы – балық уылдырықтан бастап тауарлық салмаққа (өнімге) дейін өсіреді. Сонымен қатар, өндіруші ж/е асыл шабақтарды өсіретін асылдандыру шаралары да жатады.

Толық емес жүйелі тоған шаруашылығына балық питомнигі, жайылымдар жатады. Балық питомнигі шаруашылығы – отырғызушы матералды, дернәсіл,шабақ,осы жылдық шабақ, бір жылдық балықты үш жылдық айналымда тұқының екі жастықтарын өсіумен айналысады. Жайылым шаруашылығы – тауарлық (асханалық) балықты өсіреді.

Балық шаруашылығы топырақты климаттық жағдайға ж/е қабылданған технологияға байланысты 1, 2 немесе 3 жылдық айналымда жұмыс істейді. Балық шаруашылығы айналымы дегеніміз – балықты уылдырықтан бастап тауарлық өнімге дейін қажетті уақытты айтады. Негізінде 2 жылдық айналым жиі қолданылады, тек жеке аймақтарда климаттың қолайсыздығына байланысты 3 жылдық айналымды қолданады. 2 жылдық айналымда тауарлық балықты 2 жыл өсіреді. Бірінші жылы отырғызушы материал салмағы 20-30 г осы жаздық шабақтар алынады. Екінші жазда осы шабақардан тауарлық балық алынады. Екі жылдық айналымның ұзақтығы 16-18 ай. Егер балықтың өсуіне қолайлы жағдай жасаса онда балық өсіруді вегетациялық маусымға дейін қысқартуға болады. Үш жылдық айналымда тауарлық өнімді тек үшінші жылдық айналымға тауарлық өнімді тек үшінші жылдық сақина қарай алады. Ұзақтығы 28-30 ай. Бірақ мұнда ірі балықты өсіру мүмкіндігі пайда болады. Мысалы, тұқының 1-кг/дық ж/е одан да ірісін алуға болады.

2. Тоған балық шаруашылығы туралы түсінік беріңіз. Тоған шаруашылықтарының типтері мен категорияларын сипаттаңыз.

Балық еті белоктардың тез қорытылатын 16-21%-нан тұрады, олар биологиялық құндылығы бойынша жылықанды жануарлардың бірқатар құндылығынан артық болып табылады. Негізгі қоректік заттардың құрамы алмастырылмайтын амин қышқылдарының, минералдық заттардың және қанықпаған май қышқылдарының бар болуымен және оңай қорытылуы мен оңай сіңірілуіне байланысты балық етін диеталық тағамға жатқызуға болады. Жеке балықтарда майдың құрамы түрлі болады. Ең азы шортанда – 0,5,-1%, ең көбі жылан балықта – 32 %. Тұқы балығында өсірілу жағдайына байланысты 2 жастығында орташа 9-11%. Витаминдердің құрамы бойынша, С витаминінен басқа балық жемістер мен көкеністерден асып түседі. Осылайша, тұқы етінде А витамині (каротин) лимонға қарағанда 2 есе, 3,5 есе В1 – витамині, 6,5 есе В2 – витамині және 15 есе РР витамині артық. Балықтардың маңыздылығы тек оның тағамдық құндылықтарымен ғана шектеліп қоймайды. Балық өнеркәсібі 600 мың тоннадай балық ұнын шығарады, ол көптеген ауыл шаруашылық жануарларының рационында алмастырылмайтын компонент б.т.

3. Балық шаруашылығында қолданылатын тоғандардың топтарын сипттаңыз. Олардың қызметі. Орналасу ерекшеліктері. Тоған шаруашылықтарының формаларын сипаттаңыз.

Балық шаруашылығының типтеріҚазіргі тоған шаруашылқтарын шартты түрде 2 типке бөледі: жылысулы және суық сулы. Оның негізінде өсірілетін балықтардың биологиялық ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына әсеріне температураға, гидрохимиялық режимге және т.б. бейімделгіштігі жатады. Жылысулы шаруашылықта негізгі өсірілетін объектілерге тұқы, ақ және шұбар дөңмаңдай, ақ және қара амур күміс мөңке, шортан, көксерке, канал жайыны, буффало, бестер, веслонос және тиляпия жатады.Суық сулы шаруашылықтарда құбылмалы бахтахты, пелядь және ряпушканы өсіреді. Балық өсіру процесінің аяқталуына және ұйымдастырылуына байланысты келесідей шаруашылық жүйелерін бөледі. 

Балық шаруашылығы тоғандарын өзінің қызметіне (категориясы) байланысты 4 топқа бөледі:

1. сумен қамтамасыз етуші бас тоғандар, жылытушы, тұнба тоғандар (пруды отстойники),

2. өндірістік тоған оған келесілері жатады: уылдырық шашушы, дернәсілдік, өсіруші, қыстау, жайылымдық және аналық тоған.

3. санитарлық – профилактикалық: карантиндік тоған

4. көмекші – шарбақтық тоған

1) Бас тоған – суды толтырып оны ары қарай өндіруші тоғандардың жүйелеріне беруге арналған. Бас тоғанның орналасуы ондағы су горизонты басқа өндіруші тоғандардан биікте болатындығымен ерекшеленеді. Егер өзенде жүзбе заттар көп болса, онда бас тоған тұндырма тоғанның қызметін атқарады. Егер бас тоғанды сумен қамтамасыз етуші тоған ретінде қолданбаса, онда оны жайылымдық тоған ретінде қолдануға болады.

2.а) Уылдырық шашушы немесе көбеюші тоғандар – балықтардың көбеюіне арналған, уылдырық пен шабақтың дамуына қажетті оптимальді жағдайларға жауап беруі керек. Бұл тоғандарды батпақсыз, жұмсақ учаскілердеорналастыру керек. Егер тоғанның түбінде өсімдік болмаса, онда жасанды уылдырық шашатын жерлер жасау керек. Бұл тоғанда сумен қамтамасыз етілу және судың ағызылуы тәуелсіз болуы керек. Уылдырық шашушы тоғандарды басқа мақсатта қолдануға тиым салынады.

б) Дернәсілдік тоғандар – шабақтардың өсуіне арналған, оларды көбеюші тоғандардан н/е инкубациялық цехтанотырғызады. Дернәсілдерді өсіру 15-18 кейде 40 тәулікке созылады.

в) Өсіруші тоған – осы жаздық шабақтарды өсіруге арналған, көбеюші н/е дернәсілдік тоғандардан отырғызылған дернәсілдер өсіруші тоғанда вегетациялық периодқа дейін өсіріледі. Сосын шабақтарды қыстау н/е жайылымдық тоғандарға ауыстырады. Өсіруші тоғандарды қатты батпақтанған жерде орналастыруға болмайды. Себебі, табиғи балық өнімі төмен болады. Ыңғайлы болу үшін бұл тоғанды қыстау тоғандарына жақын жерде орналастырған жөн. Сумен қамтамасыз етілу тәуелсіз болуы керек.

г) Қыстау тоғаны – тереңдігі шаруашылықтың зонасына байланысты. Оңт. аймақтарды 1,5 аспауы керек. Негізгі талап балықтың қыстауына оптимальді жағдай жасалынады. Ол үшін жақсы оттегілік режиммен үнемі ағындылық жасау арқылы қамтамасыз етілу керек. Ол үшін тоған сумен қамтамасыз етілу көзіне жақын жерде орналасуы керек.

д) Жайылымдық тоған – тауарлық н/е асханалық балықты өсіруге арналған. Бұл категорияныңтоғандары шаруашылықта ең үлкен болып келеді. Олардық режимі жер бедерінен анықталады. Үлкен емес тоғандарда интенсификациялық шараларда түрлі кешенін жүргізуге болатын 1 көлем бірлігінен көп балық өнімі алынады. Кішігірім тоғандар таяз сулы, онда қоректік база жақсы дамиды. Ал үлкен тереңдіктегі тоғандар қоректену мен өсуге қолайсыз. Суды ағызғаннан кейін жайылымдық тоғандар толығымен құрғамайтындай етіп жорамалдауы керек.

е) Аналық жаздық н/е қыстау тоғадары – өндірушілер мен ремонттық шабақтарды жазда н/е қыста ұстау үшін қажет. Тоғанның көлемі өндірушілердің санына байланысты болады. Бұлтоғанда жасалатын жақсы жағдайлар жоғары сапалы, ұрпақ алуға септігін тигізеді.

3) Карантиндік тоған – ауру н/ басқа шаруашылықтан алып келінген ремонттық н/е аналық балықты ұстауға арналған тоған. Бұл тоғандарды шаруашылықтың аяғында, басқа тоғандардан 20 м қашықтықта жақын емес жерде орналастыру керек. Карантиндік тоғандардан суды тек дезинфекциялағаннан кейін лақтыруға болады.

4) Шарбақтық тоғандар – көмекші тоғандардың тобына жатады, себебіоны негізінен күзде тірі балықты сақтау үшін, ал көктемде 1 жастағы балықтарды, оларды реализациялағанша (өнімге шығарғанша) қолданылады. Шарбақтарды көктемде өндірушілерді көбеюші тоғандарға ж/е ремонттық материалдарды аналық тоғандарға отырғызылғанша қолданылады. Үшінші айналымында балық өсіруде қосымша тағы бір тоған категориясы екінші ретті өсіруші тоған болады. Олар екі жастық  балықтарды өсіруге арналған. Орналасуы жағынанолар жайылымдық тоғандарға ұқсас.

4. Тұқы балықтарының ұрпағын зауыдтық әдіспен алуды сипаттаңыз. Гипофизарлық инъекция жасау әдісін, уылдырықты ұрықтандыру, инкубация процесін түсіндіріңіз.

Тұқының ұрпағын алуда табиғи уылдырық шашу және зауыдтық алу тәсілдері қолданылады.Өндірушілерді уылдырық шашуға дайындау қыстау қыстау тоғандардан ауланғаннан кейін көктемде басталады.Өсіру кезінде жыныс өнімдерін тек дені сау, зақымданбаған өндірушілерден алады, ол үшін балықтардың бонитировкасын жүргізеді. Бонитировка кезінде, балықты сырттай бағалау арқылы классқа бөледі. Аналықтарды әдетте 3 класқа бөледі. 

1 класқа салмағы және эктерьерлік белгілері ең жақсы. Орта жастағы     (6 – 8 жас) жыныс белгілері айқын белгіленген даралар жатады. Оларды уылдырық шашуға І – ші пайдаланады. 2 класқа – қалған аналықтарды қолданады.Сырттай аталықтарды, өзгешеленбейтін аталықтарды 3–класқа жатқызады және оларды қолданбайды (бракованный). Аталықтарды 2 класқа бөледі. 1 класқа орта жастағы (5 – 7 жас) шәуеті қою, ағыңқы және экстерьері жақсы аталықтар жатады. Қалған аталықтар 2 класқа жатқызылып резервке қалады.Тұқымның жынысын анықтау қиынға соғады, ал жас және жыныстық жетілмеген дараларда сырттай анықтау мүмкін емес. Тек уылдырық шашу маусымында жынысты анықтауға болады.Аналықтардың жыныстық тесігі үлкенірек, кішкене ісінген, қызыл, құрсақ қуысы ұлғайған.Аталықтардың жыныс тесігі әлсіз боялған, кішкентай саңылау. Басында және желбезек қақпағында қатты сүйелдер пайда болады – неке сәні. Соңғы жылдары тұқыны зауыдтық тәсілмен өндіру кең етек алуда. Оның артықшылығына келесілер жатады.

1. Өндірушілерді дайындау процесін, жыныс өнімдерін алу, ұрықтандыру және уылдырық инкубациясын басқару мүмкіндігі пайда болады.

2. Сеелекциялық процесті тездететін асылдандыру ісінің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңиді.

3. Алынған личинкалар инвазиялық аурулардан бос болады.

4. Үйірлердің санын азайтуға болады. Бұл әдіспен аналықтың аталыққа қатынасы 1 : 0,5.

5. Босаған көбеюші тоғандар басқа балық процестеріне қолданылуы мүмкін. 

Тұқыны және өсімдік қоректі балықтарды зауыдтық өсіру биотехниканың прогресі гипофизарлық инъекция әдісін жетілдіру арқылы мүмкін болады. Гипофиздің физиологиялық әсерінің механизмін 30 – шы жылдары Гербильский ашқан болатын. Гипофиздің гонадотропты гормоны оогенез бен спермотогенезді реттейтіні, жыныс клеткаларының пісіп жетілуіне овуляцияның және шәуеттің түзілуіне әсер ететтіні анықталған.Өндірушілерге балық гипофизінен гонадотропты гормонының суспензиясын бұлшықетке іштей инъекция жасағанда гормон қанға түсіп жыныс процесін реттейді. Осы арқылы өндірушілердің жыныс бездері IV – ші пісіп жетілу сатысынан V пісіп жетілу сатысына өтеді. Гонадотропты гормон түрлілік спецификалығымен ерекшеленеді. Осылайша, сазанның гипофизін әдетте тұқылар тұқымдасының өндірушілеріне сазанға, тұқыға, өсімдікқоректі балықтарға енгізеді. 1 кг уылдырыққа 1-3 аталықтан алынған 3-5 мл шәует керек. Уылдырық пен шәует араласқан қоспаға 1 кг-ға 150 мл тоған суын қосып араластырады. Уылдырықтың жабысқақтығын кетіру үшін Вейс аппаратын қодданады. Уылдырыққа сүт немесе тальк қосу арқылы аппараттарға салынған ұрықтанған уылдырықты 40 минут бойы барботаж әдісімен, аппарат астынан ауа жібері арқылы жабысқақтығын кетіреді. 8 литрлік Вейс аппаратына 500-600 мың уылдырық сыяды. Ауа берілу арқасында уылдырық үнемі қозғалыста болып эмбриональдық даму процесі жүреді.

5. Өсімдікқоректі балықтардан жасанды уылдырық алу әдісін түсіндіріңіз. Өсімдікқоректі балықтарға гипофизарлық инъекция жасау, уылдырықты ұрықтандыру, инкубация процесін сипаттаңыз

Жасанды уылдырық алу. Жыныс өнімдерін алуда гипофизарлық инъекция әдісін қолданады. Оңтүстік аймақтарда аналықтары уылдырық шашуға мамырдың ортасында дайын болады. Жасанды ұрықтандыру судың орташа тәуліктік температурасы 19-20ОС болғанда басталады. Гонадотропиннің әсеріне тек IV  пісіп жетілу сатысына жеткен аналықтар ғана жауап береді. Өндірушілерді қолдану мерзімі мен баптау режимін анықтауда дифференциацияланған жолдары жетілдірілген. Ең алдымен көбею процесіне уылдырық шашуға дайын, бірақ нашар ет қосқан аналықтарды алады, ал күйлілігі жақсы уылдырық шашуға дайын аналықтарды терең аз қоректі тоғандарда ұстайды. Ал гонадалары дамымаған аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы бай тоғандарға отырғызып, олардың пісіп-жетілуін тездетеді. Уылдырық шашу кампаниясын өте қысқа уақытта жүргізу қажет, себебі өсімдікқоректі балықтардың дернәсілдерін тоғандарға неғұрлым ерте жіберу керек. Балық гипофизінен суспензияны енгізгенде балық уылдырық шашуға көбею жағдайының бар немесе жоқ болуына тәуелсіз өтеді. Пісіп жетілуге қажетті жағдайлар қолайлы оттегілік режим (О2 құрамы 4 мг/л-ден аз болмауы керек.) және судың температурасы 19-20ОС – тан төмен болмауы керек. О2 – нің мөлшері 2 мг/л-ге дейін төмендегенде аналықтар пісіп жетілмейді. Температураның күрт төмендеуі де аналықтардың пісіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Гипофизарды екі мәрте егеді. Өндірушілердің пісіп-жетілу стимуляциясына сазан, тұқы, тыран, мөңке, жайынның гипофизін және хариондық гонадотропионды қолданады. Оны арнайы жасайды. Ацетондалған гипофиздің тапшылығы мен қымбаттылығы ұқсас қасиеттерге ие басқа стимуляторларды синтездеуді талап етеді. Осындай препараттардың біріне «нерестин - la» жатады. Ол изотомикалық ерітіндіде еріген синтетикалық компоненттерден тұрады. Препарат стандартты активті антистресстық әсері әлсіз, қосымша антибиотиктердің енгізуін талап етпейді. Жыныс өнімдерін алу, уылдырық инкубациясы, дернәсілдерді өсіру. Зауыдтық тәсілмен ұрпақ алу келесідей процестерден тұрады:

-уылдырық пен шәуетті сауу

-уылдырықты жасанды ұрықтандыру

-уылдырық инкубациясы мен личинкаларды күтіп-бағу

Инъекциялауға арналған гипофиздің мөлшері аналықтардың салмағы мен дене ауқымын ала отырып анықтайды.

Есептеуді номограмма бойынша жүргізеді, ол үшін балықтың массасын дене ауқымына байланысты гипофиздің дозасына (мг/кг) көбейтеді. Екінші (рұқсат етілген) инъекцияда аналықтарға 3-5 мг/кг дене салмағына, ал аталықтарға 0,8-1,2 мг/кг есептеп егеді. Алынатын уылдырық сапасын анықтаушы негізгі сәтке алдын ала және рұқсат етілген инъекциның арасындағы интервалды дұрыс таңдау жатады.  

Судың температурасы жоғарылаған сайын интервал 20-22ОС – та 24 сағаттан 27ОС – тан жоғары температурада 6-8 сағатқа дейін қысқарады. Сәйкесінше, гормонның дозировкасы да қысқарады, әсіресе алдын-ала инъекция жасағанда 1/15-1/20 – рұқсат етілген доза (рұқсат етілген доза 3-5 мг/кг аналықтың салмағына).

Жыныс өнімдерінің жетілуі инъекциядан кейін 10-12 сағаттан кейін 20-22ОС температурада жүреді. Әр аналықтың уылдырығын жеке-жеке ыдысқа сауады. Уылдырықты алу мезетінде шәует алынып қоюы керек, оны салқын қараңғы жерде сақтау керек. Уылдырықты ұрықтандыру құрғақ тәсілмен жүргізіледі. 1 л уылдырыққа 3-5 аталықтан алынған 5 мл шәует қолданады. Шәуетті құстың қауырсынымен біркелкі етіп уылдырықтың үстінен араластырады. Одан кейін ыдысқа 100-150 мл су құйып уылдырықты 1-2 мин бойы жақсылап араластырады. Осы уақытта уылдырықтың ұрықтануы жүреді.

6. Бекірелердің ұрпақтарын зауыдтық әдіспен алуды сипаттаңыз.

Өндірушілердің пісіп жетілуі гормональдық стимуляциямен жылы сулы шаруашылықтарда бекіренің аталығының жыныстық жетілу-3-4, аналығыныкі 6-7 жасында. Аналығының пісіп жетілгендігін бонитировка кезінде қазаннан сәуірге дейін сипап сезу арқылы анықтайды. Өндірушілер үшін оптимальды t-ра 13-16, температураның кеңірек диапазоны -11-18 градус.

Өндірушілерді бір рет  балығының ацетондалған гипофизімен: аналықтарға 3-тен, аталықтарға 2мг-нан/кг дене салмағына егеді. Суспензияның құрамында 1мл физиологиялық ертіндіде 10 мг құрғақ зат болады. Аналықтың пісіп жетілу уақыты судың температурасы жоғары болған сайын қысқа болады. Аналық пен аталықтарды инъекциялау судың орташа температурасы 13,5-15 градуста кешкі сағат 21.00-22.00   сағатта, уылдырықты бір күннен кейін жұмыс уақытында жинау үшін жүргізеді. Бұл уылдырықты бір күннен кейін жинау үшін жасалады. Гипофиздің 0,8-1 мг/кг. Инъекциялардың аралығы 24 сағат. 14-16C су температурасында аналықтары 21-24 сағ.кейін, 17-19C t-да 18-21 сағ кейін пісіп жетіледі. Уылдырықты эмальденгеен ыдысқа салады. Бірінші рет 50-100мл уылдырық 1 сағ кейін уылд. Тағы 2-ші, 3-ші порциясы алынады. Сосын аналықты бір сағатқа шарбаққа отырғызып хирургиялық жолмен алады. Құрсақ жағынан бир жарым екі см-ден 8-10 см ге дейін кеседі. Құрсағынан уылд. Шығарып алады. Уылдырық алынғаннан кейін кесілген жерді кетгут жібімен тігеді. Операциядан кейін аналықты тегіс ыдысқа салады. Аналықтың тірі қалуы 80% 1 г уылд/та 100-130 дана уылд. Болады. Аталықтан шәуетті жеңіл массаж жасау арқылы алады. Сперматозойдтардың ұрықтандыру қабілеті судың 14 C-та 5-8 мин созылады. Әр аталықтан 30-40 мл шәует алынады. Уылдырық пен шәуетті құрғақ ыдысқа салады. Жартылай құрғақ тәсілмен жүргізеді. Ұрықтандыру алдында уыылдырық тар ыдыстан қуыстық сұйықтықты төгеді. Бірнеше аталықтан алынған алынған шәуетті сапасына байланысты құйып тез араластырып уылдырыққа құяды. Уылдырықты 3-5 мин қауырсынмен араластырады. Уылдырықты жабысқақтығынан арылту үшін саз немесе тальктік суспензия қолданылады. Ұрықтанған уылырықты таза сумен шайып инкубациялық аппараттарға орналастырады. Олар: «осетр» аппараты, «ющенка» аппараты.

7. Ескектұмсықты жасанды өсіру биотехникасын түсіндіріңіз. Ескектұмсық балығына гипофизарлық инъекция жасау, уылдырықты ұрықтандыру, инкубация процесін сипаттаңыз.

Ескектұмсық түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген – субтропикалықтан күрт континентальдыға дейін. Көлден-өзенге және керісінше миграцияларды жасайды.

Ескектұмсықты арнайы өндірушілерге арналған суқойма заказниктерден тұратын, осы жылдық шабақпен инкубцехтері бар арнайы тоғандардан тұратын шаурашылықтарда өсірген эффективті. Ескектұмсықты кәдімгі тұқы тоғандарында өсіреді. Қолайлы жағдайда ремонттық шабақтардың өсімі бір жазда 6,8 кг (8,5 тен 15,3 кг) анағұрлым қолайсыз жағдайларда 3 кг құрайды. Климаты жағынан қолайлы зоналарға V-VI балық шаруашылықтық зоналар жатады. Ескектұмсықты суқойманың табиғи қорегімен зоопланктонмен (негізінен төменгі сатыдағы шаянтәрізділер), фитопланктон және біраз детритпен өсіреді.

Ескектұмсықтың түрлі жастағы топтарын бірге өсіруге болмайды, себебі популяцияның үлкен тығыздығында ірі балықтар шабақтарды байқаусызда жеп қоюы мүмкін.
Ескектұмсықты өсімдікқоректі балықтармен өсіруге болады: (бірақ дөңмаңдайдың қоректік рационының спектрі жақын) – қара амурмен, тұқы каналдық жайынмен. Балықтардың дұрыс өсуі мен дамуы үшін зоопланктонның орташа биомассасы 3-5 г/м3 деңгейде болу керек. Макрофиттер өсетін аудан (олард ақ амур жейді) акваторияның 15-20%-ынан аспауы керек. Қоректену спектрінің кең болуына байланысты ескектұмсық аквакультурасының бағалы объектісі болып табылады.

8. Бахтах балығының өндірушілерін күту және уылдырық шашуға  дайындау процесін сипаттаңыз. Бахтах балығының жыныс өнімдерін алу, уылдырық инкубациясын түсіндіріңіз.

Бахтах балығының аналық үйірі 4-6 жастық, салмағы 800-3000 г-дық аналықтардан және 3-5 жастық 150-1500 г-дық аталықтардан тұрады.Аналық пен аталықтың сандық қатынасы 1:3-4; аналықтардың резерві өндірушілердің үйірінен – 50 %-ға дейін, аталықтардыкі – 10 %.

Өндірушілердің бір бөлігі жасына байланысты оқтын-оқтын шеттетіліп отырады, оларды 2-3 жастан ремонттық балықтармен ауыстырып отырады. Ремонттық балықтарды аналық үйірге ауыстырғанда, оларды салмағы, экстерьерлік  көрсеткіші, уылдырығы мен шәуетінің сапасы бойынша бағалайды. Аналық үйірге ауыстырғанда аналықтың салмағы 800 г-нан, ал аталықтардың 500 г-нан  төмен болмауы керек.

Ремонттық үйірді уылдырығынан бастап түзе бастайды, уылдырықтың диаметрі 4-5 мм, салмағы 60-80 мг болып келеді.

Уылдырықты шәуеті жоғары сапалы 3-4 жастық аталықтармен ұрықтандырады. Инбридинг болмау үшін 2 тұқымдық топ ұстаған жөн, ол екі сызықтық өндірістік будандастыру жүргізуге мүмкіндік береді. Аталық пен аналықтың қатынасы: 1:4-10. Өндірушілерді ауданы 150-160 м 2 тоғандар мен бассейндерде, максимальды тереңдігі 2 м және су деңгейі 1 м-ден төмен емес болатындай етіп ұстайды. Отырғызу тығыздығы гидрологиялық жағдай мен қоректендіруге байланысты. Судың сапасы жақсы болған жағдайда 2-3 кг өндірушілерді 100 м 2 30 данаға дейін, 1-2 кг-дық 100 м 2  100 данаға дейін отырғызады. Ремонттық балықтардың отырғызу тығыздығы орташа салмағы 400-600 г-да 1 м2 10 данадан. Арнайы гранулденген қоректі қолданғанда өндірушілерді 1 м 2 5 данаға дейін, ремонттықтар 20 дана 1 м 2-қа отырғызуға болады.

Бахтахтың уылдырығы мен шәуетін сығу арқылы, наркоздың көмегімен алады. Анестезия үшін хенальдин ерітіндісін қолданады. Балықты ерітіндіге бір мин салады. Сосыноны таза сумен шаяды, денесін жұмсақ матамен сүртеді. Бір ыдысқа 5-8 аналық уылдырық алып оны 3-5 аталық тан алынған шәуетпен араластырады.  Бахтахтың уылдырығын құрғақ және жартылай құрғақ тәсілмен ұрықтандырады. 5-10 мин уылдырықты тыныштыққа қояды. Сосын уылдырық құыстық сұйықтықтан шаяды. Сосын уылдырық сол ыдыста, тыныштықта 2-3 сағат ісінуге қалдырады. Бірақ міндетті түрде уылдырық судың әлсіз ағынымен қамтамасыз етілуі керек және қараңғыда болуы керек.

9. Тұқы балықтарының ұрпағын алу процесін сипаттаңыз. Табиғи жағдайда уылдырық шашуға жағдайлар жасау түрлерін көрсетіңіз

Тұқыны және өсімдік қоректі балықтарды зауыдтық өсіру биотехниканың прогресі гипофизарлық инъекция әдісін жетілдіру арқылы мүмкін болады. Гипофиздің физиологиялық әсерінің механизмін 30 – шы жылдары Гербильский ашқан болатын. Гипофиздің гонадотропты гормоны оогенез бен спермотогенезді реттейтіні, жыныс клеткаларының пісіп жетілуіне овуляцияның және шәуеттің түзілуіне әсер ететтіні анықталған.Өндірушілерге балық гипофизінен гонадотропты гормонының суспензиясын бұлшықетке іштей инъекция жасағанда гормон қанға түсіп жыныс процесін реттейді. Осы арқылы өндірушілердің жыныс бездері IV – ші пісіп жетілу сатысынан V пісіп жетілу сатысына өтеді. Гонадотропты гормон түрлілік спецификалығымен ерекшеленеді. Осылайша, сазанның гипофизін әдетте тұқылар тұқымдасының өндірушілеріне сазанға, тұқыға, өсімдікқоректі балықтарға енгізеді. 1 кг уылдырыққа 1-3 аталықтан алынған 3-5 мл шәует керек. Уылдырық пен шәует араласқан қоспаға 1 кг-ға 150 мл тоған суын қосып араластырады. Уылдырықтың жабысқақтығын кетіру үшін Вейс аппаратын қодданады. Уылдырыққа сүт немесе тальк қосу арқылы аппараттарға салынған ұрықтанған уылдырықты 40 минут бойы барботаж әдісімен, аппарат астынан ауа жібері арқылы жабысқақтығын кетіреді. 8 литрлік Вейс аппаратына 500-600 мың уылдырық сыяды. Ауа берілу арқасында уылдырық үнемі қозғалыста болып эмбриональдық даму процесі жүреді.Үйірді өсіру және күтіп-бағу. Бұл процесте гонадаларының дамуына уақытында жыныстық жетілуді қамтамасыз ететін жағдай жасау керек. Жасанды уылдырық алу: жыныс өнімдерін алуда гипофизарлық инъекция әдісін қолданылады. Оңтүстік аймақта аналықтарды уылдырық шашуға мамырдың ортасында дайын болады. Уылдырық шашу компаниясын өте қысқа уақытта жүргізу қажет, себебі өсімдікқоректі балықтардың дернәсілдерін тоғандарға неғұрлым ерте жіберуі керек. Инъекциялауға арналған гипофиздің мөлшері аналықтардың салмағы мен дене ауқамынан ала отырып анықтайды. Есептеуді номограмма бойынша жүргізеді, ол үшін балықтың массасын дене ауқымына байланысты гипофиздің дозасына көбейтеді. Екінші инъекцияда аналықтарға 3-5 мг\кг дене салмағына, ал аталықтарға 0,8-1,2 мг\кг есептеп егеді. Өсімдікқоректі осы жылдық шабақтарды монокультурада және тұқымен бірге поликультурада да өсіруге болады. Поликультурада өсіру анағұрлым эффективті, себебі онда тоғанның өнімділігі 2-3 есе өседі.

10. Балықтарды күріш атыздарында өсіруді сипаттаңыз. Балықтарды балық-биологиялық тоғандарда өсіруді сипаттаңыз.

Күріш аудандарын кешенде пайдалану көп ғасырлық тарихқа ие. Балықтарды күріш атыздарында өсіру оңт.шығыс Азия елдерінде ежелден қоланылады. Кейін бұл формасы басқа елдер де қолдана бастады. Күріш - балық шаруашылығында балық-күріш өнімін көп алуға көмектееді. Балық зиянкестерді құртады ж/е топырақты тыңайтады. Күріш б/ш-да балық өнімділігі жылына 50-ден 200-кг дейин алынса, күріштің өнімділігі 5-10 ц/га. Күріш атыздарынба балық өсірудің 2 тәсілі бар: Балық пен күрішті біріктіріп өсіру.Су буына бөлінген күріш алқаптарында балық өсіру

Күріш алқаптары жақсы жобаланған жер бөліктерінен тұрады. Жеке учаскілердің ауданы бірнеше га-дан аспайды. Алқаптарға су, сумен қамтамасыз етуші каналдардың торы арқылы келеді ж/е лақтырушы тоғандар арқылы ағызылады. Атыздағы судың биіктігі 20см. Күрішті өсіру технологиясы периодты түрде атызды құрғатумен байланысты. Сондықтан балық өсіру үшін дамбалардың бойымен екі 0,3-0,5 м және тереңдігі 0,2-0,3 м үлкен емес каналдар жасайды. Судың келетін ж/е ағызылатын жеріне бөгеттеуші торлар мен қосымша дамбалар жасайды. Оңт шығыс Азия елдеріндегі күріш атыздарында өсірілетін балықтарға тұқы, теляпия, гурами, дөңмаңдай жатады. Ал Еуропа елдерінде ж/е АҚШ-та тұқы, буффало, мөңке ж/е өсімдік қоректі балықтар өсіріледі. Егер балықтарды отырғызу тығыздығы сақталса 1га-дан 1,2 тонна балық алуға болады. Балықтарды қыркүйек, қазан айларында аулайды.

11. Балық өсіруші тоғандарда суда жүзуші құстарды өсіруді сипаттаңыз. Балық өсіруші тоғандарды ауыл шаруашылық  дақылдарын өсіруде қолдану әдісін түсіндіріңіз.

Тұқы – үйрек шаруашылығы Германия, Венгрия және Чехословакияда кеңінен аралған. Екі апталық жасқа дейін үйректерді арнайы жабық жерде ұстайды, оның жанынан шатыры (навес) бар үйрекуерді сыртқа шығаратын бетондық аудандар жасады. Тоғандарда 47-50 күндік үйректерді өсіреді. Олардың тауарлық салмағы 2,5-3 кг. Тұқының екі және үшжылдықтарымен бір маусымда 800 дана/га үйрек өсіреді (әр партияның отырғызу тығыздығы 160 дана/га, бұл 2 т үйрек етін берді. Үйректер жағалауда автоматты кормушкалардың көмегімен қоректендіреді. Үйректер бар тоғандарды тыңайтпайды. Сор топырақты тоғандарда балық егін айналымында үйректер балық өнімділігін 5 ц/га-ға, күріштің өнімін 10 ц/га-ға арттырады. Біріктірлген тұқы-үйрек шаруашылығында екі өнім алады: балық және үйрек. Біріктірілген шаруашылықтың артықшылықтары:

-Үйрек тұқының қорегіне бәсеклес емес, ол бақаның шабақтарын, бҴқаны, олардың уылдырықтарын, су насекомдарын жейді.

-Үйрек тоғандардың жақсы мелиораторы. Олар су түбіндегі жұнсақ өсімдіктерді, су бетіндегі және қатты өсімдіктерді жейді.

-Тоғанға түсетін үйректің экскременттері бағалы және арзан органикалық тыңайтқыш. Олар тоғанның табиғи қоректік базасының артуына көмектеседі. Үйректер тоған түбін қопсыту арқылы органиканың тез тотығуына әсер етеді. Тәжірибе көрсеткендей табиғи балық өнімділігі 100%-ға дейін артады.

Суда жайылу үйректердің өсуіне және олардың көбеюіне оң әсер етеді. Үйректерді тек жайылымдық тоғанда жайылтады. Жайылымдық тоғандарда үйректерді отырғызу тығыздығы  200-250 га. Үйректерді өрістеуші, шабақтық, өсіруші және қыстату тоғандарына жайылту тиым салынады. Тұқыны монокультурада өсіргенде уйректердің жайылымы шектеулі болады. Себебі, органиканың көп мөлшері жинақталып суқойманы ластауы мүмкін. Сондықтан ақдөңмаңдай мен тұқыны біріктіріп өсіру ұсынылады. Бұл балықтың санының өсуін болдыртпайды және санитарлық жағдайының жақсаруына әсер етеді. Балықты уйрекпен өсіргенде 2 тәсіл қолданылады:

1)жағалау маңында өсіру

2)акваториальді өсіру

Жағалау маңы тәсілінде уйректі жағалауда, шатырдың астында өсіреді және жайыымға судың жағалауына ғана шығарады.

Акваториальді – уйректерді сол понтон, балон шатырларда ұстайды. Су үстінде орналасқан шатырларды ауданында 30-дан 400 уйрекке дейін ұстауға болады. Тұқының біржылдықтарымен өсімдікқоректі балықтарды отырғызу тығыздығы 4500-5500 дана/га.

12. Көлдегі абиотикалық факторлар: судың температурасы, судың қозғалысына сипаттама беріңіз.

Барлық көлдерде тұрақты немесе уақытша көлдер болады. Тұрақты ағыстар көлге құйылатын және шығатын өзендермен байланысты. Уақытша ағыстар апталап соғатын желдерден пайда болады. Жағалауда желдік ағыстар суды деңгейін көтеріп отырады. Көлдегі судың түсі оның химиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Судың табиғи түсі лазурлы-көк түсті, ең алдымен қызыл спектрдегі сәулелерді жұтатындықтан, біз көл түбінде шағылатын  көк спектрдегі түсті көреміз. Көлдің суы таза болған сайын соғұрлым ол көк түсті болады. Суда неғұрлым гумин заттары көп болса, соғұрлым тұнықтығы аз болады Көлдегі су массасының температурасы. Су тек күн сәулесімен жылынады. Судағы температурасы күрт түсетін зонаны термоклин деп атайды.  Осы қабаттан жоғары эпилимнионда температура тәулік бойы өзгеріп отырады. Секіріс қабатынан тереңірек гиполимнионда тәуліктік циркуляция болмайды. Судың химизмі. Көл суларының химиялық құрамы біркелкі емес. Тұзданған суларда тұз 1 г литрде 0,5 тен 16 граммға дейін болады. Көлдердің минерализациясы, тұз бен оның химиялық құрамы судағы организмдерге үлкен әсер етеді.

13. Балықты торфтық карьерлерде өсіру. Поликультура жөнінде түсінік беріңіз, өсірілетін объектілерді сипаттаңыз. Поликультураның тиімді жақтарын ашып көрсетіңіз.

ТМД елдері бойынша торфтық карьерлердің ауданы 1 ѧлн га-дан асады. Торфты барлау тәсіліне байланысты сапасы түрлі күйде қалған жерлер болады. Тоғандарды құруға торфты фрезерлік тәсілмен барлаған карьерлер жарамды. Торфтық карьерлерді балық өсіруге пайдлану балық өнімін арттыру мақсатында және жердің қайта батпақтануын болдыртпайтын экологиялық тәсіл  ретінде қолдануға болады. Тофтық батпақтарды 3типін ажыратады – жоғарға, аралық, төменгі типі. Бұндай бөлінудің негізгі ондағы өлетін өсімдіктердің күлдік заттар және азотпен қоректену сипаты жатады. Төменгі торф типі жоғарғы типке қарағанда минералдық заттарға 3есе бай болып келеді. Сумен толтырылған торфтық карьерлер тоғандардан гидрохимиялық режимі мен қоректік базасымен қатты ерекшеленеді. Су мен топырақтың қышқылдылығының жоғары болуы гумин қышқылының көп мөлшеріне байланысты фитопланктн мен фотосинтез қарқындылығын төмендетеді. Сондықтан торфтық тоғандарда 1-жылдары балық өнімділігі 1-1,5 ц/га-дан аспайды. Өнімділікті арттыру үшін суқойманың мелиорациясын тыңайту жүргізу керек. Балықты қоректендіріп поликултураны нгізеді. Шабақтарды өсіру үшін тереңдігі орташа 0,8-1м, максимальді тереңдігі 1,8 м таяз сулы зонасы бар тоғандарды қолданады.  Торфтық крьерлердің негізінде бір жылдық және толық жүйелі екі және үш жылдық айналымдағы балық шаруашылықтрын ұйымдастыфруға болады. Интенсивті шаруашылық формасында торфтық суқоймалардағы тауарлѥқ балықтың өнімі 6-8 ц/га құрайды.

14. Көлдердің ихтиологиялық жіктелуіне сипаттама беріңіз.

. ихтологиялық типті көлдер осы суқойманың экологиялық  жағдайлары сәйкес келетін балық шаруашылықтары бойынша аталады. Көлдердің ихтиологиялық классификациясы біздің елімізде М.П. Сомовтың классификациясы кеңінен таралған. Ол 6 типке 2 тип тармағына бөлінеді.

Албырт-бахтахтық көлдер. Бұл терең олиготрофты көлдер, суы төмен минерализацияланған гидоркарбонатты-кальцилік сулар. Судың реакциясы бейтарапқа жақын рН 6,8-7,0. Жағалауы биік литоральды зонасы тасты, макрофиттері сирек. Фитопланктон әлсіз дамыған. Суқойманың Учаскелерінде палия ақсаха, ряпушка, корюшка, литоралбдық таяз суларда өсімдігі бар жерде алабұға, ерш, торта, тыран және көксерке тіршілік етеді.

Ақсахалық қөлдер  тереңдігі өте үлкен емес, бірақ гидрологиялық режимі және судың хим құрамы албырт бахтахтық  көлдерге ұқсас. Профондаль жүқа сазбен жабылған молюскалардың түріне бай. Генезисі бойынша ахсақалық көлдер тектоникалық мұздықтық және құламалы болады. Біріншілері  Карелияда және Кавказ помир , саяның таулы аймақтарында басым, қалғандары ТМД солтүстәк аймақтарында кездеседі.

Трандық көлдер тереңдігі үлкен емес 10-15 метрге жететін бірақ ауданы үлкен литоральді зонасында жұмсақ жіне қатты өсімдіктері дамыған ,суы орташа минералданған, әлсіз сілтілі реакциялық рН 7.2- 8.0 қоректілігі бойынша трандық көл мезо және эвтрофты деп бағаналады. Трандық  көлдерге көксерке, снеток, алабұға,мерш, шортан,язь, торта,қызылқанат тіршілік етеді.

Көксеркелік көлдер ТМД елдерінде сирек кездеседі, трандық көлдерге ұқсас, бірақ литоралинде құнды учаскелер басым. Бұл көлдерді жиі трандық көксеркелік тип тармағы ретінде сипаттайды.

Алабұға- торталық көлдер. Тайга және аралас ормандарда көп. Бұл кіші көлдер таяз сулы қоректілігі бойынша эвторфты, мезотрофты, дистрофты. Жағалауында су өсімдіктері жақсы дамыған. Алабұға және торта мен бірге шортан, ершь, таутан,язь,және т.б мекендейді.

Торта алабұғалық көлдерде  трофтылық деңгейі бойынша эвтрофты көлдердің тіршілік жағдайлары қолайлы боып табылады. Ал балық өнімділігі басқа тип тармақтарымен салыстырғанда ең көп болып келеді. Су реакциясы бейтарапқа жақын рН6.8-7.5 зоопланнктон мен бентос жақсы дамыған кәсіптік аулаунуы 5кг дан аспайды.

Мөңкелік көлдер. Ауданы генезисі және гидрологиялық режимі бойынша түрлі болып келеді. Көптеген көлдер толығымен қатты (тростник, қамыс, рогоз)және жұмсақ өсімдіктермен( рдест, элодея, роголистник,телеориз) жабылған. Мұнда балдырлар өте қатты дамып, балықтардың жаппай қырылу құбылыстары байқалады.  Зоопланктон мен бентостың түрлік құрамы үлкен емес, бірақ биомассасы көп мөлшерге жетеді.

15. Көлдердің мелиорациясы: химиялық түбегейлі және мерзімдік шараларды сипаттаңыз.

А.М. Березовский бойынша балық шаруашылықтық мелиорация дегеніміз суқоймаларды эффективті қолдану мақсатында техникалық мелиорациялардың тобын пайдалану.Осыған байланысты ол барлық мелиоративті шараларды екі топқа бөледі:1) суқоймадағы  қоректік гидробионттарға және балықтарға арналған жағдайларды жақсарту; 2) суқоймадағы аулау жағдайларын жақсарту Б.И.Черфас бойынша барлық балық шаруашылықтық шараларды түбегейлі – суқойма режимінің терең өзгерістеріне әкелетін мелиорация және мерзімдік – жыл сайынғы өзгерісті талап ететін мелиорцияға бөледі. Түбегейлі өзгерістерге көлдегі су деңгейін арттыруға арналған гидротехникалық құрылғылардың құрылысы жатады.
Атмосфералық жауынмен қоректенетін құрғақ аймақта орналасқан көлдердің мелиорациясына су реттеуші төмен ағысты дамбаларды құрайды. Сонымен қатар көлден ағатын өзендерге құрылатын плотиналар үлкен роль атқарады. Түбегейлі шараларға
ихтиоцидтерді қолдану жатады. Ихтиоцидтер бұл балық шаруашылығында қолданылатын көлдегі қажетсіз құнсыз балықтарды құртуға арналған химиялық заттар. Ихтиоцид ретінде кальций гипохлоридін, карбофосты, мыстың 8-оксихинолятын, левористатинді, каротон, этафосты қолданады, сусыз сұйық аммиак анағұрлым қауіпсіз болып келеді. Нақты ағыссыз көлді өңдеудегі ихтиоцидтің мөлшерін М.А. Перевозниковтың формуласымен есептейді:

X= 100 x V x K1 / К2 , Мұндағы,Х – химиялық препараттың қажетті мөлшері,

кг; V – су массасының көлемі, 1 000 м3; К1 – ихтиоцидтің нормативті

концентрациясы, кг/га; К2 - әсер ететін заттың концентрациясы, %.

16. Көлдердің мелиорациясы: мерзімдік шараларға, көлдердің аэрациясына сипаттама беріңіз.

А.М. Березовский бойынша балық шаруашылықтық мелиорация дегеніміз суқоймаларды эффективті қолдану мақсатында техникалық мелиорациялардың тобын пайдалану.Осыған байланысты ол барлық мелиоративті шараларды екі топқа бөледі:1) суқоймадағы  қоректік гидробионттарға және балықтарға арналған жағдайларды жақсарту; 2) суқоймадағы аулау жағдайларын жақсарту Б.И.Черфас бойынша барлық балық шаруашылықтық шараларды түбегейлі – суқойма режимінің терең өзгерістеріне әкелетін мелиорация және мерзімдік – жыл сайынғы өзгерісті талап ететін мелиорцияға бөледі. Мерзімдік техникалық шаралар жазда және қыста су аэрациясы. Саздың механикалық өңделуі. Артық су өсімдіктері техникадан компаниядан арылуы. Бағалы балықтарды аулау.

17. Суық сулы шаруашылыққа сипаттама беріңіз. Өсірілетін объектілер. Суық сулы шаруашылыққа қойылатын талаптар.

Қазіргі тоған шаруашылқтарын шартты түрде 2 типке бөледі: жылысулы және суық сулы. Оның негізінде өсірілетін балықтардың биологиялық ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына әсеріне температураға, гидрохимиялық режимге және т.б. бейімделгіштігі жатады.Жылысулы шаруашылықта негізгі өсірілетін объектілерге тұқы, ақ және шұбар дөңмаңдай, ақ және қара амур күміс мөңке, шортан, көксерке, канал жайыны, буффало, бестер, веслонос және тиляпия жатады. Суық сулы шаруашылықтарда құбылмалы бахтахты, пелядь және ряпушканы өсіреді. Балық өсіру процесінің аяқталуына және ұйымдастырылуына байланысты келесідей шаруашылық жүйелерін бөледі. Толық жүйелі тоған шаруашылығы -  балықты уылдырықтан тауралық өнімге дейін өсіреді. Толық жүйелі шаруашылыққа сонымен қатар өндіруші мен асыл шабақтарды өсіретін асылдандыру шаралары да жатады.

18. Жылы сулы шаруашылыққа сипаттама беріңіз. Өсірілетін объектілер. Жылы сулы шаруашылыққа қойылатын талаптар.

Өсірілетін обьектілер.

Бекірелер шеміршекті  ганоидтыларға жатады, бұлардың ежелгі шығу тегі бірнеше 10 миллион жыдарға созылады. Қазіргі  бекірелерді екі тұқымдасқа жатқызады: бекірелер және ескектұмсықтылар. Бекірелер тұқымдасы солтүстік жарты шардың тұщы су балықтары  4 туыстан және 23 түрден тұрады.   Бекірелердің – 16 түрі, қортпалардың - 2 түрі, тасбекірелердің- 2 түрі, жалған тасбекірелердің -3 түрі бар.   Ескектұмсықтылардың 2 туысы және 2 түрі бар: американдық және қытай ескектұмсығы – екеуі де эндемикалық.

19. Балықтарды біріктіріп өсіру формаларының түрлері, алынатын өнім ерекшеліктері, тиімді жақтарын ашып көрсетіңіз.

Тірі балықтар мен уылдырықтар шаруашылық ішінде және сол сияқты бір шаруашылықтан келесісіне тасымалданады. Шаруашлықтың өз ішінде балықтарды өрістеу тоғанынан семірту тоғандарына, өсіруден қыстауға, ал қыстаудан әр түрлі жаздық тоғандарға тасымалдайды. Шаруашылық аралық өсіру және жерсіндіру орындарына шәуетті, ұрықтанған уылдырықты, дернәсілді, шабақты және ересек, тұқымдық балықтарды тасымалдау және тауарлық балықтарды сатылу орындарына жеткізу жүзеге асырылады.Балықтарды суда сол сияқты сусыз тасымалдайды. Кең тарағаны суда тасымалдау. Тасымалдау уақыты мен жол ұзақтығы және балықты отырғызу тығыздығы температураға және оның құрамындағы оттегі мөлшеріне байланысты. Жаздың күні жылу сүйгіш балықтарды 10-120С, ал салқын сүйгіш балықтарды -5-80С, күзде-көктемде тиісті 4-60С және 3...50С температурада тасымалдайды. Жасына және балықтың түріне қарай бір уақыт арасында салмақ бірлігіне шаққандағы қажет етілетін әртүрлі оттегі мөлшері кестеде көрсетілген. Сондықтан тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі маңызды фактор балық салмағы мен су көлемі арасындағы қатынас.

Балықтар шәуетін тасымалдау - өндіргіштерден алынған шәуетті диаметрі 0,7-0,8 см, ұзындығы 4-5 см пробиркада сақтайды және сонымен тасымалдайды. Пробиркаларды алдынала дистеллденген суда қайнатып, кейін оны кептіріп ағаш тығынмен аузын бекітеді /резинка тығын жарамайды/. Пробиркаға этикетка жапсырады онда балықтың түрі, өндіргіш номері, шәуеттің алынған уақыты, күні, мөлшері және сапасы көрсетіледі. Пробиркаларды мұзбен толтырылған температурасы 0 ден 10С аралығындағы термос ішіндегі ағаш штативтерге отырғызады. Тұқы балықтарының шәуеті пробиркаларда өзінің қаблеттілігін 24 сағат сақтайды.

Уылдырықтарды тасымалдау - тұқылардың (сазан, тұқы, оңғақ, яз, мөңке, рыбец, шемай) ұрықтанған уылдырықтарын қозғалысқа түскен, пигментарлық көзі пайда болған кезінде  немесе «глазок немесе көзше» стадиясы уақытында эмбрион кезінде тасымалдайды, одан ерте стадиясында ол механикалық әсерге және температураның ауытқуына өте сезімтал болып келеді. Жабысқақтығы кетірілген уылдырықтарды пенопластан жасалған ауа келетін тесігі бар, көлемі 58х51х46 см изотермикалық жәшіктерде тасымалдайды. Уылдырықтарды рамаға 1,5-2 қабат етіп салады да, бірінің үстіне бірін қатарлап қойып бағаналап жіппен байлап қояды. Бағананың астындағы табақшаға таза мұз бөлішектерін салады. Жәшіктерге « шайқауға болмайды» деп жазып қояды. Күзде уылдырықты жылы ыдыстарда тасымалдайды, мұзбен суыту қажет емес.Тасымалдау кезіндегі температура 8-100 С. Уылдырықты тасымалдау уақыты ұзақтығы , тұқыларда 1-2 тәулік , албырттарға 5-10 күнен артық уақыт болады.  Уылдырықты ұшақтар, вагондар, жолаушылар поездында жүк ретінде және автомашиналарда тасымалдайды.Ұрықтанған өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтарын тасымалдауға болмайды, себебі олардың инкубациялық стадиясы мерзімі өте қысқа.Балықтардың дернәсілдері мен шабақтарын тасымалдау - дернәсілдер мен шабақтарды дамуының бастапқы кезеңінде, олар еркін жүзген кезінде тасымалдайды. Тасымалдаудағы сәттілікке қойылатын негізгі талап - еріген оттегі, жеткілікті су. Ыдыстағы судың темепратурасы (көбінесе полиэтилен қапшықтар) судағыға дәл келуі керек. Ыдыстағы судың температурасының бірден ауытқуына жол берілмейді. Тұқылардың шабақтарын әдетте температурасы 10-120С суда 160С жеткізбей тасымалдайды. Судың температурасын төмендету үшін ыдыстың ішіне таза қапшықтағы бөлек мұз бөлшектерін салады. Шаруашылық ішінде шабақтарды тірі балық тасымалдауға арналған брезент чандар қойылған (шабақтарды оның арнайы төгуге арналған жеңі арқылы төгеді) атты арбада тасымалданады.Саны шағын шабақтарды тасымалдауда сүт құятын бидондар литрге 100 дана есебінен алынып тасымалдайды. Алыс жолдарға тұқы шабақтарын машиналарға орнатылған чандар немесе бидондарда литріне 50 дернәсіл немесе шабақ есебінен тасымалдайды. Сол сияқты ұшақтарда тұқы шабақтарын брезент чандарда сыймдылығы 200 л немесе полиэтилен оттегі бар қапшықтарда тасымалдайды. Егер 3 сағат аралығында ұшақта тасымалдаса аэрациясыз шабақтарды 100 дана 1 литрге, компрессор қойса 200 данаға дейін етіп отырғызады.

20. Тоғанға енгізілетін органикалық тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.

Органикалық тыңайтқыштар. Тоған шар\да органикалық тыңайтқыштарды аз құнарлы құмды, сазды, күлді, сазы жеткіліксіз топырақтарда қолданады. Бұл тыңайтқыштар бактериялар дамуына ол өз кезегінде зоопланктонның дамуына әкеледі. Су түбіндегі органиканың көп мөлшерібентостық организмдердің биомассамы мен санын ұлғайтады. Органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштармен салыстырғанда биогендің элементтерге бай келеді. Ең жақсы органикалық тыңайтқышқа сиыр және шошқа қиы жатады. Жоғары t-да балық тоғандарында қи бактерияларының дамуын тездетеді, сосын 24 сағ кейін бір клеткалы өсімдіктер мен жануарлар дамиды. Қиды тоған суы толғаннан кейін 1га-ға 2т есебімен енгізеді. Балғын қиды құрғақ тоған түбіне енгізіп үлкен емес тереңдікке дейін жыртады. Бұл тығайтқыштардың жетілдіру нормасы енгізілмеген. Жасыл тыңайтқышатр б/ш-да кеңінен қолданылады, эффективті органикалық тыңайтқыш болып таьылады. Жасыл тыңайтқыш ретінде тоғандардың дамбаларынан шабылатын өсімдіктерді, немесе арнайы отырғызылған дақылдарды, негізінен бұршақты , жоңышқаны қолданады.

21. Тоған шаруашылығында балықтарды өсіруге қойылатын абиотикалық талаптарды көрсетіңіз.

Қазіргі тоған шаруашылқтарын шартты түрде 2 типке бөледі: жылысулы   және суық сулы. Оның негізінде өсірілетін балықтардың биологиялық   ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына әсеріне температураға,   гидрохимиялық режимге және т.б. бейімделгіштігі жатады.Жылысулы   шаруашылықта негізгі өсірілетін объектілерге тұқы, ақ және шұбар   дөңмаңдай, ақ және қара амур күміс мөңке, шортан, көксерке, канал жайыны,   буффало, бестер, веслонос және тиляпия жатады.Суық сулы   шаруашылықтарда құбылмалы бахтахты, пелядь және ряпушканы өсіреді.   Балық өсіру процесінің аяқталуына және ұйымдастырылуына байланысты   келесідей шаруашылық жүйелерін бөледі. Тоғандарды тыңайту  қарқындарудың эффективті формаларының бірі бола отырып табиғи қоректік    базаны максимальды дамыту арқылы балық өнімін және балықтарды күтіп  бағуды жақсартуда мүмкіндік береді.Балық шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштарды минералдық (фосфорлық, азоттық, кальцийлік, калийлік),  органикалық (қи, қилық жижа, жасыл тыңайтқыштар) де бөлінеді. Тірі балықтар мен уылдырықтар шаруашылық ішінде және сол сияқты бір шаруашылықтан келесісіне тасымалданады. Шаруашлықтың өз ішінде балықтарды өрістеу тоғанынан семірту тоғандарына, өсіруден қыстауға, ал қыстаудан әр түрлі жаздық тоғандарға тасымалдайды. Шаруашылық аралық өсіру және жерсіндіру орындарына шәуетті, ұрықтанған уылдырықты, дернәсілді, шабақты және ересек, тұқымдық балықтарды тасымалдау және тауарлық балықтарды сатылу орындарына жеткізу жүзеге асырылады.Балықтарды суда сол сияқты сусыз тасымалдайды. Кең тарағаны суда тасымалдау. Тасымалдау уақыты мен жол ұзақтығы және балықты отырғызу тығыздығы температураға және оның құрамындағы оттегі мөлшеріне байланысты. Жаздың күні жылу сүйгіш балықтарды 10-120С, ал салқын сүйгіш балықтарды -5-80С, күзде-көктемде тиісті 4-60С және 3...50С температурада тасымалдайды. Жасына және балықтың түріне қарай бір уақыт арасында салмақ бірлігіне шаққандағы қажет етілетін әртүрлі оттегі мөлшері кестеде көрсетілген. Сондықтан тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі маңызды фактор балық салмағы мен су көлемі арасындағы қатынас.

22. Тұқы балығы – аквакультураның негізгі өсіру объектісі ретінде. Тұқы балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. 

Тұқы (Cyprinus carpio)  - көптеген балық шаруашылығында өсірілетін объектілердің бірі. Тұқы балығын өсіру оның бағалы қасиеттеріне байланысты: ол сыртқы орта жағдайларына бейімделгіш, барлығымен қоректенеді, тез өседі, өсіруге ыңғайлы және еті дәмді.

Тұқы – жылы сулы шаруашлықыта өсірілетін балық. Тіршілігіне оптимальды температура 18-30ОС температурасының аралығы. Суқойманың температуралық режиміне байланысты түрлі жаста жыныстық жетіледі. Солтүстік және орталық аймақтарда тұқының аналықтары 4-5 жасында, оңтүстік аймақтарда 2-3 жасында пісіп жетіледі, аталықтары аналықтарына қарағанда ертерек пісіп жетіледі. Тропиктерде тұрақты жоғарғы температурада тұқының аталықтары мен аналықтары бір жасқа дейін пісіп жетіледі. Салмағы 5-8 кг аналықтар 1 млн және одан да көп уылдырық шашады. Табиғи жағдайда уылдырық шашуы жағалау маңы учаскелерде су өсімдігі бар жерде судың 17-20ОС температурасында жүреді. Тұқы фитофильді балық, өсімдік жабысқақ уылдырықтарының субстраты болып табылады.

Эмбриональды дамуының ұзақтығы су температурасына байланысты 3-6 тәулікке созылады. Уылдырықтан шыққанннан кейін2-3 күні активті қоректенуге көшеді, алғашында ұсақ зоопланктонмен кейінірек ірі зоопланктонға көшеді. Шабақтары мен ересек жастық топтары негізінен бентоспен қоректенеді: хирономидтердің личинкаларымен, олигохеталармен және моллюскалармен. Тұқының өсу мүмкіндіктері өте зор: оның максимальды массасы 25 кг-нан артық, ұзындығы 1 м-ге жетуі мүмкін. Тіршілігінің оптимальды жағдайларында (қолайлы температуралық режим, жақсықоректік база) өмірінің бірінші жылында тұқы 1-1,5 кг –ға, екінші жылында 2-3 кг-ға жетуі мүмкін. Орталық аймақтарда орналасқан тоғандарда салмағы бойынша келесі стандарт белгіленген: осы жылдық шабақтар – 25-30 г, екі жастықтар – 400-500 г, үш жастықтар 1 000-1 200 г. Тұқыны қарқынды өсіруде су ауданының 1 гектарынан 2-3 т балық алынады. Шарбақтаық және бассейндік жылы суда өсіргенде 1 м3 – тан 150-200 кг өнім алынады.

Қабыршақтық жамылғысы бойынша тұқының 4 түрін ажыратады: қабыршақтық, айналы, сызықтық айналы және жалаңаш, немесе терілі.

23. Ақ амур балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Ақ амур балығының систематикасы, таралуы, аквакультура объектсі ретіндегі маңызы.

Ақ амур (Ctenopharyngodon idella) -  тез өсетін балық, салмағы 40-50 кг-ға және ұзындығы 1 м – ге жетеді. Денесі валиктәрізді, ірі қабыршақпен қапталған. Басқа тұқытәрізділердегідей амурдың жағында тістері болмайды, қоргегін төменгі жақ сүйектерінде орналасқан мықты аратәрізді тістерімен талқандайды.

Өсімдікпен қоректенуге ақ амур өмірінің бірінші жылында ұзындығы 3 см шамасы болғанда көшеді. Егер рационында коловратка, шаянтәрізділер және хирономидтер сияқты жануарлар қорегінің 30% болса, 7-12см шабақтар өте жақсы өседі. Кейінгі қорегінің негізін жоғарғы су өсімдіктері және суқоймаға келетін жер беті өсімдіктері құрайды. Су өсімдіктерінен ақ амур рдестті, элодеяны, рясканы, мүйізжапырақты (роголистник) талғайды. Әсіресе жас өсімдіктермен қоректенгенімен, олар болмайтын болса, ірі балықтар әсіресе оңтүстік аймақтарда қамыс және рогоз сияқты қатты өсімдіктерді де тұтынады. Жер беті өсімдіктерінен жоңышқа, люцерна, астық тұқымдастарымен қоректенеді. Тәуліктік рацион, өсу темпі, және жыныстық жетілуінің жылдамдығы температураға байланысты. 25-30ОС температурада тәуліктік рацион дене массасынан асуы мүмкін. Су температурасының 32-34ОС-қа көтерілуі активті қоректенуге кедергі жасамайды. Оптимальды температурадан төмен температрада қоректену қарқындылығы төмендедйді, ал 10ОС – тан төмен жағдайда ақ аммур қоректенуін мүлдем тоқтатады. Өсімдікпен қоректенетін балықтардың қоректік коэффициенті оның түрлік құрамына байланысты 1 кг-ға 25-тен 70 кг-ға дейін ауытқуы мүмкін. Су өсімдіктерін көп мөлшерде тұтынуы  ақ амурды балық шаруашылықтық және техникалық суқоймаларда, ирригациялық жүйелер мен каналдарда  биологиялық мелиораторлар ретінде қолдануға мүкіндік береді.

Ақ амурдың өсуінің мүмкіншіліктері өте зор. Оптимальды температура мен оттегілік режимде, қорегінің жеткілікті жағдайында ақ амур 1,5 жасында 10-12 кг-ға жеткендігі туралы мәліметтер бар.  Оңтүстік аймақтарда тоған шаруашылықтарында өсіргенде ақ амур 2 жасында 800 – 1000 г және одан да көп салмаққа жетуі мүмкін.

Солтүстік аймақтардағы ақ амурдың шектік жасы 20 жыл, ал оңтүстік аймақтарда одан да аз. Тіршілік жағдайына байланысты түрлі жасында жыныстық жетіледі. Амур өзенінде ақ амурдың жетілуіне орташа жылына 2865 градусо-күн  қажет, оның 565-і көбею алды периодына кетеді. Мұнда аталықтардың негізгі массасы 7-8 жасында, аналықтары 8-9 жасында пісіп жетіледі, Краснодарда бұл балықтар 4-5 жасында, Орта Азияның оңтүстігінде 3-4 жасында, тропиктерде – 2-2,5 жылда пісіп жетіледі.  Қорекпен қамтамасыздығы нашар болғанда жыныстық жетілуі кешігіп, өнімділігі азаюы мүмкін.  Әдетте салмағы 6-8 кг-дық ақ амур 1 млн және одан да көп уылдырық беруі мүмкін.

Өсімдікқоректі балықтар пелагофильді балықтар, яғни уылдырығын судың қабатына шашады. Табиғи жағдайда көбеюі ірі өзендердің арналарында қатты ағыста, судың 0,8-ден 3м/с жылдамдығында, судың 18,5ОС температурасында жүреді. Жаппай уылдырық салу судың 23-28ОС  жүреді.

Ақ амурдың уылдырығы батипеоагикалық; үлестік (удельная масса) салмағы судан ауырлау. Ағыспен бірге ағызылып су қабатында дамиды. Инкубациялық периоды судың температурасына байланысты 18-20 сағаттан (28-29ОС та)  3 тәулікке дейін (18ОС та) созылады. Егер судың температурасы оптимальдыдан төмен не жоғары болатын болса, эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдікқоректі балықтардың уылдырығы мен ұрығы суда еріген оттегінің төмндеуіне өте сезімтел келеді.

24. Ақ дөңмаңдай балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Ақ дөңмаңдай балығының систематикасы, таралуы, поликультурады өсіру объектісі ретіндегі ерекшелігі.

Ақ (Hypophtalmichthys molitrix) және шұбар (Aristichthys nobilis) дөңмаңдай тұқы балықтарының бөлек тұқымдас астына – дөңмаңдайларға жатады. Бұл ірі, тез өсетін, салмағы 50 кг-нан асатын балықтар. Олардың басы үлкен және көздері төмен отырғызылған. Денсі ұсақ қабыршақты. Екі түр бірқатар биологиялық ерекшеліктерімен және сыртқы белгілерімен өзгешеленеді. Осылайша, шұбар дөңмаңдайдың басы үлкенірек және денесі биіктеу. Арқасының түсі қоңырқай-сұр, бүйірлері күміс түстес, ірі қоңыр дақтары бар. Ақ амурдың арқасы сұрғылт-жасыл және күміс түстес бүйірінде дақтары болмайды. Шұбар дөңмаңдайдың желбезек өскіндері ұзын және жиі, ақ дөңмаңдайдың өскіндері бір-бірімен бірігіп балдырлар мен зоопланктонның ұсақ формаларын сүзетін сүзгіш тор түзеді.

Ақ дөңмаңдай негізінен фитопланктонмен және детритпен қоректенеді. Фитопланктонмен қоректенуге дене ұзыныдығының 1,5 см-де көшеді, оғанға дейін зоопланктонмен қоректенеді. Оның қорегінде балдырлардың барлық тобы кездеседі, бірақ кейбір балдырлардың түріне таңдаушылық танытады.

Екі дөңмаңдайдың қоректену спектрлері дернәсілдік периодында ұқсас, бірақ өсе келе қоректік спектрі өзгешеленеді.

Жыныстық жетілуі климаттық жағдайларға байланысты түрлі жаста болады. Орталық Азияның оңтүстігінде ақ дөңмаңдай - 3 жасында, шұбар дөңмаңдай – 4 жасында пісіп жетіледі. Аталықтары аналықтарына қарағанда 1 жыл ерте пісіп жетіледі. Орталық аймақтарда дөңмаңдайлар кеш әдетте 7-8 жасында пісіп жетіледі.

Салмағы 7-10 кг-дық дөңмаңдайлардың жұмысшы өнімділігі 1 млн уылдырық шамасында. Ұрықтанбаған уылдырықтың диаметрі 1,0 – 1,2 мм, ісінгеннен кейін диаметрі 5 мм-ге дейін үлкейеді.Эмбриональдық дамуы табиғи жағдайда өзен суында уылдырықтың дрейфінде жүреді. Торсылдағы ауаға толатындықтан су қабатында жүзе алады. Судың 20-23ОС температурасында уылдырықтан шыққаннан кейін 80-85 сағаттан кейін аралас қоректенуге көшіп активті жүзе бастайды.

25. Көл тауарлы балық шаруашылығына сипаттама беріңіз. Көлдерде болатын биологиялық процестерді түсіндіріңіз.

Олиготрофты көлдер. Биологиялық өнімділікке өте кедей, терең, суық және  оттегіге бай көлдер. Эвтрофты көлдер. Таязсулы, жақсы жылынатын,  планктонға және су түбілік фаунаға бай көлдер.Дистрофты көлдер. Суы  қоңыр түсті, гумин қышқылдарына бай, су түбі сазды торфпен жабылған,  тіршілігі аз, су өсімдіктері мен су жануарлары жоқтың қасы. Көлдің  котлтвинасы үш қабатқа бөлінеді:Литораль (жағалау маңындағы таяз су),  Профундаль (көлдің түпкі аймағы), Сублитораль (бірінші және екінші  аймақтардың шекарасы).Абиотикалық факторлар:Су қозғалысы. Барлық  көлдерде тұрақты немесе уақытша көлдер болады. Тұрақты ағыстар көлге  құйылатын және шығатын өзендермен байланысты. Уақытша ағыстар  апталап соғатын желдерден пайда болады. Жағалауда желдік ағыстар суды  деңгейін көтеріп отырады. Көлдің түсі мен тұнықтығы. Көлдегі судың түсі  оның химиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Судың табиғи  түсі лазурлы-көк түсті, ең алдымен қызыл спектрдегі сәулелерді  жұтатындықтан, біз көл түбінде шағылатын  көк спектрдегі түсті көреміз.  Көлдің суы таза болған сайын соғұрлым ол көк түсті болады. Суда неғұрлым  гумин заттары көп болса, соғұрлым тұнықтығы аз болады.Көлдегі су массасының температурасы. Су тек күн сәулесімен жылынады. Судағы температурасы күрт түсетін зонаны термоклин деп атайды.  Осы қабаттан жоғары эпилимнионда температура тәулік бойы өзгеріп отырады. Секіріс қабатынан тереңірек гиполимнионда тәуліктік циркуляция болмайды. Судың химизмі: Көл суларының химиялық құрамы біркелкі емес. Тұзданған суларда тұз 1 г литрде 0,5 тен 16 граммға дейін болады. Көлдердің минерализациясы, тұз бен оның химиялық құрамы судағы организмдерге үлкен әсер етеді.

26. Көлдердің лимнологиялық классификациясын көрсетіңіз.

Олиготрофты көлдер-биологиялық өнімділікке өте кедей,терең,суық және оттегіге бай көлдер.

Эфтрофты көлдер таяз сулы жақсы жылынатын,планктонға және су түбілік фаунаға бай көлдер.

Дистрофты көлдер-суы қоңыр түсті,гумин қышқылдарына бай,су түбі сазды,торфпен жабылған.Тіршілігі аз су өсімдіктері мен су жануарлары жоқтың қасы.

Көлдің котлтвинасы 3 қабатқа бөлінеді:

Литораль(жағалау маңындағы таяз су)

Профундаль(көлдің түпкі аймағы)

Сублитораль(1-ші және екінші аймақтардың шекарасы)

27.Көл балық шаруашылығында өсірілетін объектілердің биологиялық активтілігіне әсер ететін факторларды сипаттаңыз.

Олиготрофты көлдер. Биологиялық өнімділікке өте кедей, терең, суық және  оттегіге бай көлдер. Эвтрофты көлдер. Таязсулы, жақсы жылынатын,  планктонға және су түбілік фаунаға бай көлдер.Дистрофты көлдер. Суы  қоңыр түсті, гумин қышқылдарына бай, су түбі сазды торфпен жабылған,  тіршілігі аз, су өсімдіктері мен су жануарлары жоқтың қасы. Көлдің  котлтвинасы үш қабатқа бөлінеді:Литораль (жағалау маңындағы таяз су),  Профундаль (көлдің түпкі аймағы), Сублитораль (бірінші және екінші  аймақтардың шекарасы).Абиотикалық факторлар:Су қозғалысы. Барлық  көлдерде тұрақты немесе уақытша көлдер болады. Тұрақты ағыстар көлге  құйылатын және шығатын өзендермен байланысты. Уақытша ағыстар  апталап соғатын желдерден пайда болады. Жағалауда желдік ағыстар суды  деңгейін көтеріп отырады. Көлдің түсі мен тұнықтығы. Көлдегі судың түсі  оның химиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Судың табиғи  түсі лазурлы-көк түсті, ең алдымен қызыл спектрдегі сәулелерді  жұтатындықтан, біз көл түбінде шағылатын  көк спектрдегі түсті көреміз.  Көлдің суы таза болған сайын соғұрлым ол көк түсті болады. Суда неғұрлым  гумин заттары көп болса, соғұрлым тұнықтығы аз болады.Көлдегі су массасының температурасы. Су тек күн сәулесімен жылынады. Судағы температурасы күрт түсетін зонаны термоклин деп атайды.  Осы қабаттан жоғары эпилимнионда температура тәулік бойы өзгеріп отырады. Секіріс қабатынан тереңірек гиполимнионда тәуліктік циркуляция болмайды. Судың химизмі: Көл суларының химиялық құрамы біркелкі емес. Тұзданған суларда тұз 1 г литрде 0,5 тен 16 граммға дейін болады. Көлдердің минерализациясы, тұз бен оның химиялық құрамы судағы организмдерге үлкен әсер етеді.

28. Тауарлық балық шаруашылығын құру мақсатында көлдерді таңдау. Аналық, өсіруші, жайылымдық көлдердің сипаттамасы. Жайылымдық тоған – тауарлық (асханалық) балықты өсіруге арналған. Бұл категорияның тоғандары шаруашылықта ең үлкен б.т. Олардың өлшемдері жердің рельефі мен анықталады, бірақ әдетте 50-150 га-лық тоғандар құрылады, себебі балық шаруашылығы практикасы тоғандардың балық өнімділігі олардың өлшеміне байланысты екенін көрсетеді.

Осылаша, үлкен емес тоғандарда интенсификациялық шаралардың түрлі кешенін жүргізуге болатын бір көлем бірлігінен көп балық өнімі алынады. Кішігірім тоғандар таяз сулы, онда қоректік база жақсы дамиды. Үлкен тереңдіктер қоректену мен өсуге қолайсыз, себебі ондағы су температурасы тереңдігіне байланысты және су түбілік қабаттарда О2-аз болады.

Бірақ оптимальды ауданда тоғандарды таңдағанда бұл тоғандардың құрылғылары қымбат, әрі дамбалар үшін қосымша аудандарды және су түбілік көп ағызбаларды және басқа гидротехникалық құрылғыларды қажет етеді.

Суды ағызғаннан кейін жайылымдық тоғандар толығымен құрғатылмайтындай етіп жобалануы керек.

Аналық жаздық немесе қыстық тоғандар - өндірушілер мен ремонттық шабақтарды жазда және қыста ұстау үшін қажет. Тоғанның өлшемі өндірушілердің санына байланысты. Бұл тоғанға жасалатын жақсы жағдайлар – жоғары сапалы ұрпақ алуға септігін тигізеді.

Өсіруші тоғандаросы жылдық шабақтарды өсіруге арналған. Көбеюші немесе дернәсілдік тоғандардан отырғызылған шабақтар өсіруші тоғанда вегетауциялық преиодтың соңына дейін өсіріледі, сосын шабақтарды қыстату немесе кейде жайылымдық тоғандарға ауыстырады.. Өсіруші тоғандарды қатты батпақтанған жерде орналастыру қажет емес, себебі табиғи балық өнімділігі төмен болады. Ыңғайлы болу үшін өсіруші тоғанды қыстату тоғандарына жақын жерде орналастырған дұрыс. Сумен қамтамасыз етілуі тәуелсіз болуы керек.

29. Қортпа балығына  биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Қортпа балығының систематикасы.

Қортпа –тұщы судағы ең ірі балықтардың бірі, салмағы 1000 кг-ға жетеді, денесі цилиндрикалық, жуан, ұзындығы 9 метрге дейін жетеді.

Жыныстық жетілуі аймаққа байланысты 12-18 жасында, өмір ұзақтығы 40 жыл, бірақ кейбір даралары -100 жылға дейін өмір сүрген. Өмірінің көп бөлігін теңізде өткізеді, көбеюге өзенге кіреді. Негізгі таралу аймақтары: Қара, Азов және Каспий теңізі, Жерорта теңізінің шығыс бөлігі, Дунай, Дон, Кубань, Волга, Урал, Терек, Кура, өзендері. Өзенге қортпа күзде  (қыстық раса) және  көктемде (яровая раса) кіреді, бірақ уылдырық шашуы көктемде – мамырда жүреді. Барлық бекірелер сияқты қортпа тасты, қатты ағысты жерді таңдайды, яғни литофильді балық. Уылдырығы су түбілік, жабысқақ, 8 тәулікте дамиды. Бір аналықтан алынатын уылдырық саны 400 мыңнан 8 млн уылдырыққа дейін. Уылдырықтан шыққан дернәсілдер судың ағысымен теңізге өрістейді.

Өзендегі қортпаның негізгі қоректік объектісіне – шаянтәрізділер – гаммаридтер жатады – 90%-ға дейін. Өрістеуге байланысты миграциялық жолдың аяғына қарай мизидтарының үлесі 40%-ға және балықтың үлесі – 20% - ға көбейеді. Ересектері түрлі балықпен қоректенеді: торта, майшабақ, бұзаубастар, хамса, килька султанка және тағы басқалар.

1936 – 1937 жж. қортпаның аулануы 76 мың тоннаға жеткен. Гидроқұрылыстар, өзен және теңіз суының ластануы, токсикологиялық және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты бекіре мен қорпаның табиғи уылдырық шашушы жерлері күрт төмендеп кетті. Қазіргі кезде қортпа популяциясының уылдырық шашушы бөлігінің аулануы мен кәсіптік қоры 70-ші жылдар мен салыстырғанда 2 есе қысқарды.

Қортпаның санын қалпына келтіру үшін жыныстық жетілген дараларды ұстап, аналықтарының уылдырығын алып, жасанды ұрықтандыру арқылы алынған шабақтарды арнайы аппараттарда суқоймада өсіріп өзенге жібереді.

Қортпаның уылдырығы басқа бекірелердікіне қарағанда ірі болады. Ірі өкілдерінде уылдырықтың салмағы 200 килограммға жетуі мүмкін.оны негізінен түйіршікті икра дайындауға қолданады.

Белуга мен шиптің гибриді алынған – бешип.

30. Сүйрік балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Сүйрік  балығының систематикасы, таралуы, аквакультураның маңызды объектілерінің бірі ретіндегі ерекшелігі.

Сүйрік – тұщы су балығы, Солтүстік Двина, Обь, Енисей, Ертіс, Каспий бассейінінің өзенінде, Қара және Балтық теңіздерінде мекендейді, Канал арқылы Ладога және Онежское көлдеріне енген. Күздік және жаздық формалар бар.

Аталықтары 3–7 жасында, аналықтары 5–12 жасында жыныстық жетіледі. Абсолютті өнімділігі 4 – тен 140 мың уылдырыққа дейін, жұмысшы өнімділігі – 30 мың уылдырық.

Уылдырық шашуы көктемде, сәуірдің аяғынан маусымға дейін судың температурасы 7- 100-нан 200С –қа дейін аралықта, қиыршық таста қатты ағыста жүзеді. Уылдырығы жабысқақ, диаметрі 1,9–2 мм. Инкубациялық уақыты 4-5 тәулікке созылады. Дернәсіл алды сатысында сарыуызы температураға байланысты 6–10 тәулікте ыдырайды. Сүйрік насекомдардың личинкаларымен және моллюскалармен қоректенеді. Табиғи қорекке бай тоғандарда өсіргенде сүйрік жыныстық жағынан жетіледі, бірақ уылдырық шашпайды. Өндірушілерден жетілген жыныс өнімдерін жасанды жағдайда гипофизарлық инъекция жолымен алады. Тоғандарда өсіргенде осы жылдық шабақтар 15 г–ға, тауарлық екі жылдықтар 250 – 300 г-ға жетеді. Сүйрікті өсімдікқоректі балықтармен бірге, тұқымен және монокультурада өсіреді. Кәсіптік қорды сақтап қалу үшін жылдық аулау 24%-дан аспауы керек. Сүйріктің еті өте бағалы (5,6 – 6,4% майы бар), бірақ уылдырығы тауарлық емес.

31. Шоқыр балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Шоқыр балығының систематикасы.

Шоқыр – Каспий, Қара, Азов теңіздерінің бассейіндерінде таралған. Шоқыр - өткінші балық, уылдырық шашуға өзенге кіреді.

Урал – Жайық өзенінде 1976-1977 ж.ж. максимальды ауланған саны 10,4 мың тонна, барлық ауланған балықтың 95%. 1988 ж. 3,1 мың тонна ғана ауланған.

Еділдің ағысы реттелгеннен кейін уылдырық шашатын жерлердің ауданы 7 есе қысқарған, бұл бекіре мен шоқырлардың санының күрт азаюына алып келді. Күздік және жаздық формалары бар, көбеюі сәуірден қыркүйекке дейін жүреді. Аналықтарының өнімділігі 30-дан 600-мың уылдырыққа дейін. Уылдырық шашқаннан кейін өндірушілермен шабақтар теңізге кетеді. Ересек даралар балықпен (бұзаубастар, майшабақ, килька және тағы басқалар) шаянтәрізділермен, моллюскалармен (монодакналар) қоректенеді. Шабақтар насекомдар мен шаянтәрізділердің личинкаларымен қоректенеді.

Көптеген өзендерде гидроэлектростанциялар құрылғаннан кейін шоқырдың уылдырығын балық зауыдтарында инкубациялайды, өскен шабақтарды табиғи суқоймаларға жіберіледі.

Шоқыр сүйрікпен және пілмай мен (шип) оңай будандасады. Еділ мен жайықтағы кәсіптік жерлеріндегі шоқырдың аталығының  минимальді жасы 5-6 жыл. Жаппай өсірілу кезінде аталық – 11–15, аналықтары 14 – 18 жасында жыныстық жетіледі.

Ауланған балықтың арасынан 12 жасқа дейінгі аталықтың саны аналықтарға қарағанда шамамен 10 есе көп, ал 12 – 15 жасынан бастап аталықтардың аналықтардан көп болуы екі есе қысқарады, 15 жасынан бастап аталықтары аналықтарынан басым болады. 25 жастан кейін аталықтармен аналықтар үлесі 0,3 – 1,1% -дан аспайды. Популяциядағы аталықтардың шектік жасы 27- жыл, аналықтардікі 30 – 31 жыл.

32. Құбылмалы бахтах балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Құбылмалы бахтах балығының систематикасы.

Бахтах, форель (Salmo) - албырт тұқымдасына жататын балық. Тау өзендері мен көлдерінде тіршілік етеді. Бахтах - құмжаның тұщы суда тіршілік ететін түрлері (өзен Бахтағы, көл Бахтағы) мен болатбас албырттың (құбылмалы Бахтах) жалпы атауы. Өзен Бахтаы ұзындығы 37 см-дей, салмағы 200 - 500 г (кейде 2 кг-ға дейін) болады. Жыныстық жағынан 3 - 4 жыл жетіледі. 200-ден 500 мыңға дейін жететін уылдырығын қиыршық тасты су түбіне күзде не қыста шашады. Көл Бахтағы ірі, салмағы 8-10 кг (кейде 34 кг-ға жетеді). Бахтахтың тағы бір түрі - ишхан (армянша - “князь”) Севан көлінде тіршілік етеді, оны көп жағдайда “севан форелі” деп те атайды. 1964 жылы Қазақстанда құбылмалы Бахтах (S. gaіrdnerі) – Шелек өзеніне жерсіндірілді. Оның ұзындығы 50-90 см, салмағы 6 кг-дай. Денесі ұзын, аузы үлкен, жақтарында өткір тістері болады. Басы қара, жүзу жарғақтарында анық дақтары бар, түсі құбылмалы, жолақтары айқын көрінеді. Арқасы қанық сары, ал бауыры күмістей ақ келеді. 2-4 жыл жыныстық жағынан жетіледі. Ақпан-сәуір айларында судың темп-расы 4-5°С-қа жеткенде уылдырығын (5-6 мыңға дейін) өзендердің қиыршық тасты жеріне шашады. Ұрығы 2 айда дамиды. Оның шабағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдерімен, ересектері майда балықтармен қоректенеді. Бахтах - кәсіптік маңызы бар, қолдан көбейтілетін балық

33. Ескектұмсық балығына биологиялық, экологиялық сипаттама беріңіз. Ескектұмсық балығының систематикасы, аквакультураның негізгі объектілерінің бірі ретіндегі маңызы.

Ескектұмсық – Polyodon spathula. Ірі, тез өсетін балық, екі түрі бар. Біріншісі Миссиссипи, екіншісі Янцзы өзендерінде мекендейді. ТМД елдеріне Ескектұмсық АҚШ-тан 1974жылы әкелінді. Табиғи ареалда Ескектұмсықтың орташа салмағы 20-дан 40 кг дейін , жеке даралары 80 кг жетеді. Өмір ұзақтығы 15-20 жыл.Аналық жыныстық жағынан 10-12 жасында, аталық 7-12 жасында жетіледі. Уылдырықтары жабысқақ , қиыршық тасты жерлерде, қатты ағысты, су температурасы 14-16С сәуір, мамырда уылд. шашады. Инкубациялық уақыты 7-10 күн. Ескектұмсық негізінен зоопланктонмен және аз мөлшерде фитопланктонмен, дентритпен, су және ауа насекомдарымен, олардың личинкаарымен қоректенеді. Ескектұмсық деп аталуы үлкен рострумына байланысты. Басының танау бөлігі созылып ескекке ұсайды. Денесінің 3/1 бөлігін алып жатады. Рострум өзіндік локатордың функциясы бар тактильді мүше. Көздері кішкентай нашар көреді. Ал рострум тек кеңістіктегі бағдарлануына ғана емес, сонымен катар мекенін, қорегін табуға және ұстауға көмекеседі. Денесінің құрылысы басқа бекірелерге ұқсайды, бірақ сүйекті пластинкалары болмайды.

Ескектұмсық (лат. Polyodon spathula) - бекіретәрізділер отрядының ескектұмсықтылар тұқымдасының тұщы су балығы. Миссисипи өзенімен Эри көлiн мекендейдi. Бекіретәрізділер арасында жалғыз планктонқоректі түр.

Дене ұзындығы 2 м жетедi, салмағы - 75 кг. Денесінiң үштен бiрін ескекке ұқсаған тұмсығы құрайды. Уылдырық шашуды сәуiр - мамырда бастайды, су температурасы +14 ... +16 C жеткен кезде. Уылдырығын(82—290 мың уылдырықшадан турады) 5 метр тереңдiкте шашады.

34. Бестер балығына аквакультурның объектісі ретінде биологиялық  сипаттама беріңіз. Тоған шаруашылықтарында өсірілу ерекшеліктері.

Бестер — будан балық. 1952 ж. Ресей ихтиологы Н.И. Николюкиннің басшылығымен Еділде қортпа мен сүйрік балықтарын өзара қолдан ұрықтандыру арқылы алынған. Қортпа мен сүйріктің орысша аттарының (белуга және стерлядь) алғашқы буындарын алып, бестер деп атаған

Бестер қортпа тәрізді жыртқыш. Дене тұрқы 50 — 80 см (180 см-ге дейін), салмағы 3 — 5 кг (кейде 30 кг-ға жетеді). Өте тез өседі. Бұл будан өзара шағылысып, ұрпақ бермейді. Соңғы жылдары бестерді басқа бекіре балықтарымен қолдан ұрықтандырып, буданды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Оның сыртқы пішіні мен белгілері қортпаға да сүйрікке де ұқсас. Бестер қортпа сияқты тез өседі әрі сүйрік сияқты жыныстық жағынан ерте (аталығы 3 — 4, аналығы 6—8 жасында) жетіледі. Ол тұщы суда да, тұздылау суда да тіршілік ете береді. Бестер тоған шаруашылықтарында қолдан да өсіріледі.

35. Көлдегі абиотикалық факторлар: судың химизмі, көлдің түсі мен тұнықтығына сипаттама беріңіз.

Олиготрофты көлдер. Биологиялық өнімділікке өте кедей, терең, суық және  оттегіге бай көлдер. Эвтрофты көлдер. Таязсулы, жақсы жылынатын,  планктонға және су түбілік фаунаға бай көлдер.Дистрофты көлдер. Суы  қоңыр түсті, гумин қышқылдарына бай, су түбі сазды торфпен жабылған,  тіршілігі аз, су өсімдіктері мен су жануарлары жоқтың қасы. Көлдің  котлтвинасы үш қабатқа бөлінеді:Литораль (жағалау маңындағы таяз су),  Профундаль (көлдің түпкі аймағы), Сублитораль (бірінші және екінші  аймақтардың шекарасы).Абиотикалық факторлар:Су қозғалысы. Барлық  көлдерде тұрақты немесе уақытша көлдер болады. Тұрақты ағыстар көлге  құйылатын және шығатын өзендермен байланысты. Уақытша ағыстар  апталап соғатын желдерден пайда болады. Жағалауда желдік ағыстар суды  деңгейін көтеріп отырады. Көлдің түсі мен тұнықтығы. Көлдегі судың түсі  оның химиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Судың табиғи  түсі лазурлы-көк түсті, ең алдымен қызыл спектрдегі сәулелерді  жұтатындықтан, біз көл түбінде шағылатын  көк спектрдегі түсті көреміз.  Көлдің суы таза болған сайын соғұрлым ол көк түсті болады. Суда неғұрлым  гумин заттары көп болса, соғұрлым тұнықтығы аз болады.Көлдегі су массасының температурасы. Су тек күн сәулесімен жылынады. Судағы температурасы күрт түсетін зонаны термоклин деп атайды.  Осы қабаттан жоғары эпилимнионда температура тәулік бойы өзгеріп отырады. Секіріс қабатынан тереңірек гиполимнионда тәуліктік циркуляция болмайды. Судың химизмі: Көл суларының химиялық құрамы біркелкі емес. Тұзданған суларда тұз 1 г литрде 0,5 тен 16 граммға дейін болады. Көлдердің минерализациясы, тұз бен оның химиялық құрамы судағы организмдерге үлкен әсер етеді.

36. Тоғандарды тыңайту процесін түсіндіріңіз. Минералдық тыңайтқыштарды көрсетіңіз.

Тоғандарды тыңайту қарқындарудың эффективті формаларының бірі бола отырып табиғи қоректік базаны максимальды дамыту арқылы балық өнімін және балықтарды күтіп бағуды жақсартуда мүмкіндік береді.Балық шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштарды минералдық (фосфорлық,азоттық, кальцийлік, калийлік), органикалық (қи, қилық жижа, жасыл тыңайтқыштар) де бөлінеді.Минералдық тыңайтқыштар:

Азоттық тыңайтқыштар.  Көптеген гетеротрофты бактериялар органикалық

қосылыстардың аммонификациясына қатысып энергия көзі ретінде протеиндерді немесе олардағы гидролиз өнімдерін ұолданады. Оттегінің қатысуымен түзілген аммиактың айтарлықтай бөлігі 2сатыда нитрификацияланады: біріншісі – нитритке дейін, екіншісі – нитратқа дейін.

2NH3+3O2 =2HNO2+2H2O (Nitrosomonas)

2HNO2+O2=2HNO3

Аммиактың нитратпен ниритке дейін тотығуы нитрификациялаушы бактериялардың энергия көзі болып табылады. Азоттың бұл қосылыстары өсімдіктермен фотосинтез процесіне қолданылады. Одан басқа көптеген бактериялар нитраттарды молекулярлық азотқа дейін тотықсыздандыруға қабілетті. Бұл процесс денитрификация деп аталып келесі сызбанқұсқадан тұрады:

4HNO3+5C=2H2CO3+2N2+3CO3

Фосфорлық тыңайтқыштар. Фосфор минералдық қоректенудің негізгі

элементі бола отырып, фотосинтез процесінің қарқындылығын анықтайды. Табиғи суларда фосфор өзінің қозғалғыштығына байланысты төменгі концентрацияларда болады. Фософрлық тыңайтқыштардан тоған шарушылығында жай суперфосфат, қос суперфосфат және суда еритін моокальцийсуперфосфат қолданылады.

Кальцийлік тыңайтқыштар. Кальций балық су флорасы мен фаунаның  өкілдеріне қажет. Ол су мен топырақтағы химиялық және физикалық процестерге әсер етеді.Тоғандарды тыңайту үшін кальций кқмірқышқылын  және сқндірілмеген ізбес қолданады.

Калийлік тыңайтқыштар. Калийлік тыңайтқыш ретінде каинит қолданылады.  Калийдің жеткіліктігін өсімдік арқылы көруге болады.Минералдық тыңайтқыштарды құрама пайдаланған эффективті. Азоттық,фосфорлық қосылыстарды ізбеспен бірге пайдалану кеңінен тараған.

37. Көлдердің балық өнімділігін реттеу әдістерін сипаттаңыз. Мерзімдік, түбегейлі шараларды түсіндіріңіз.Көлдің мелиорацияциясы  су қоймадағы балық өнімділігін арттыру шаралары.

А.М. Березовский бойынша балық шаруашылықтық мелиорация дегеніміз суқоймаларды эффективті қолдану мақсатында техникалық мелиорациялардың тобын пайдалану.

Осыған байланысты ол барлық мелиоративті шараларды екі топқа бөледі:

1) суқоймадағы  қоректік гидробионттарға және балықтарға арналған жағдайларды жақсарту;

2) суқоймадағы аулау жағдайларын жақсарту

Б.И.Черфас бойынша барлық балық шаруашылықтық шараларды түбегейлі – суқойма режимінің терең өзгерістеріне әкелетін мелиорация және мерзімдік – жыл сайынғы өзгерісті талап ететін мелиорцияға бөледі.

Мелиорациялық шаралардың жіктелуі

Мелиорациялық   шара 2ге бөлінеді:  түбегейлі  және мерзімдік. Оларға техникалық, химиялық, биологиялық әдістері қолданылады.

түбегейлі шаралар химмиялық жағдайда кіші көлдерді өсіруші және аналық көл тауарлы балық шаруашылық ретінде қолдануға рұқсат етілген ихтиоциттерді енгізу.

Техникалық жағдайда су режиммін балық өнімділігін жаксарту үшін, су тұздылығын азайту үшін көлдерде канал қазу. Жер снарядтарымен су түбімен тереңдету. Балықтардың аулануына кедергі жасайтын батқан ағаштардан, тас және басқа заттардан тазарту. Гидрологиялық режимде  насекомдардың концентрациясын жоғарлатқанға жағалаулық зонада өсімдік отырғызу.

Биологиялық жағдайда табиғи көбеюмен ихтиофаунаның реконструкциясы есебіне бағалы балықтардың акклиматизациясы . балықтардың қорегі ретінде омыртқасыздардың акклиматизациясы.

Мерзімдік шараларда биологиялық жағдайда уақытша жоғары өнімді ихтиоциоздарды төзімді шабақтарды отырғызу әдісі арқылы құру монокультурада биомемоторлардың арнайы отырғызылуы (ақ амур, шортан, көксерке, нельма)

Химиялық жағдайда ізбес тыңайтқыштарды енгізу қатты өсімдіктерге қарсы гербицидтерді енгізу. Үнемі қолданатын өсіруші көлдерге ихтиоцитерді қайта енгізу.

Техникалық жағдай  жазда  және қыста су аэроциясы саздың механикалық өңделуі артық су өсімдігінен техника көмегімен арылу, бағалы балықтарды отырғызу алдында көл тауарлы балық шаруашылығы көлдерден қажетсіз балықтарды жылыммен алу. Су көздерін бұлақ ағыстарыды тазалау.

38.Тоған шаруашылығында өсірілетін балықтардың тіршілігіне әсер ететін жауларды көрсетіңіз. Олармен күресу жолдарын түсіндіріңіз

Тоған Балық шаруашылығында балықтарды қорғап қалу үшін оның жауларымен және бәсекелестерімен үнемі күресіп отыру керек. Тоған шаруашылығында балықтарға зиян келтірілетін көп түрлі жануарлар кездеседі, олардың көбі балықтармен кейбіреуі балық қорегімен қоректенеді, ал үшіншілері жұқпалы ауруларды қоздырушылар болып саналады. Балықтардың жауларының ішінде үлкен топты алатын сүтқоректілер: жертесерлер –кутора, жүпар тышқан, кәмшат, қара күзен, ондатра, су тышқаны және басқалары олар балықтарға шабуылдайды. Су тышқаны ондатра,жүпар тышқан олардың өмірі суқоймасымен тығыз байланысты, балықтың қорегі мен және балықпен қоректенеді.

Тоған шаруашылығында әртүрлі балықпен қоректенетін құстар: бірқазан, су қүзғын, көк құтан, шағала,гагар сонымен қатар үйректер, кроха  жатады. Олардың ішінде ең қауіптілері пеликан және баклан.олар көп мөлшерде оларды жейді.

кәмшат- тоған шаруашылығындағы ең қауіпті және үлкен зиянкест болып табылады. Онымен күрес

Арнайы  үйретілген иттер және арнайы қақпан қодану арқылы  жүргізеді. Землеройка уылдырық пен шабақтар үшін аса қауіпті болып саналады. Су тышқаны және сүр тышқан да уылдырық пен шабақтар үшін аса қауіпті болып саналады. Олармен қорғану  шетттерін жан жағын цементпен қатырып олар кіре алмайтындай ету.

Көк құтан  әсіресе тұқы балық шаруашылығына аса қауіпті. Зиммородок ол бахтах балық шаруашылығына зияны көп. Скопа ол да  көлемді үлкен бахтахжәне тоған шаруашылығында мекен ететін балықтар үшін қауіпті. Нырок чонга ол үшып жүріп аулайды. Олянка албырт балықтарының уылдырықтарын жейді.

Үйрек, аққу, қаздар тоғанның аса қауіпті жаулары. Олар уылдырықты және шабақтарды жейді. Жабайы  құстарды қарулармен және арнайы қаақпандармен өлтіреді. Жасыл құрбақа ол да шабақ пен уылдырықты жейді. Бақалар және оның головастиктары үлкен жетісттікпен бахтах балықтарын жеп құртады.

Құстармен қорғануда тоған үстін тормен жауып , атып және әр түрлі тәсәлдерді қолдану арқылы жояды.

39. Аквакультураның қысқаша даму тарихына шолу жасаңыз. Аквакультураның Қазақстанда даму болашағын өз көзқарасыңыздан түсіндіріңіз. балық өсіруге арналған тоғандар XII ғасырдан бастап салына бастады. Ең алғашында балықты монастырьларда өсірген болатын, ал XV ғасырдан бастап мемлекеттік тоғандар пайда бола бастайды.XVII ғасырда Борис Годуновтың бұйрығымен Москваның түбінде Борисов селосының маңында баслық өсіруге арналған көлемі 83 га тоған салынады, бұл тоған әлі күнге дейін қолданылады. Петр I-дің кезінде Преснен тоғандарында тұқы балықтарын өсіре бастайды. Балық шаруашылығы ғылымының негізін қалаушы ғалымға Андрей Тимофеевич Болотов (1737-1864) жатады.Юұл білімі энциклопедиялық адам болатын. Оның көптеген мақалалары өзінің жеке тәжірибесінен басылған. Ол балық шаруашылығы мелиорациясы мен балықтарды қоректендірудің негізін салған. Балық шаруашылығы ғылымының дамуына Владимир Павлович Врасский (1829-1862) үлкен үлес қосты, ол жасанды балық өсіру әдісін жетілдірген болатын. Оскар Андреевич Гримм (1845-1921) өзінен кейін үлкен ғылыми мұра қалдырып, балық өсіруде ірі ғалым б.т. 1879 жылдан бастап ол Никольсикй зауыдының жетекшісі – басқарушысы болып оны жабдықтауда үлкен үлес қосады. Зауыд балық өсіруші мамандарды дайындаудың мектебі болады. Бұл зауыдтың жұмысы XIX ғ-ң аяғы мен XX ғ-ң басында жаңа жеке меншік және мемлекеттік балық өсіру зауыдтарының пайда болуына көмегін тигізеді. Осы және келесі жылдары балықты өсіру, балықты қоректендіру, тоғандарды тыңайту және басқа мәселелерді шешу сұрақтарымен Н.А. Бородин, И.Н. Арнольд. А.Н. Елеонсикй, Б.И.Черфас, Г.В.Никольский, Г.С.Карзинкин, Н.И.Кожин, Ф.М.Суховерхов, В.И.Ильин сияқты ғалымдар айналысады. Тоғандық балық шаруашылығының дамуына Феодосий Георгиевич Мартышев (1898-1975) үлкен үлес қосады. Соңғы жылдары Ресейде тоған балығының өнімі айтарлықтай қысқарды. Егер 1995 ж тұщы суларда 4 293 т балық ауланады, 2002 ж – 2536 т немесе 41% аз ауланған. Қоректің жеткіліксіздігіне немесе  болмауына байланысты негізінен өсімдікқоректі балықтар өсіріледі. Тоған балықтарынан дөңмаңдай (81 %), тұқы (9 %), басқа балық түрлеріне 10% - дан келеді. Соңғы 3-4 жыл ішінде Донецк облысының ихтиофаунасынан бұрын көп санды болған бірнеше балық түрлері жоғалып кетті (мысалы, қортпа, бекіре, сүйрік, шемая. Жоғалып кеті қайпінде тұрған категорияға украин миногасы, сүйрікті, Данилевсикй тарақ балығын, вырезубты жатқызуға болады. Негізгі себебі экологиялық жүйеге технологиялық салмақ пен табиғи процестерге адамның араласуы.

Қазақстандағы балық шаруашылығының дамуы

Балық шаруашылығының типтеріҚазіргі тоған шаруашылқтарын шартты түрде 2 типке бөледі: жылысулы және суық сулы. Оның негізінде өсірілетін балықтардың биологиялық ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына әсеріне температураға, гидрохимиялық режимге және т.б. бейімделгіштігі жатады. Жылысулы шаруашылықта негізгі өсірілетін объектілерге тұқы, ақ және шұбар дөңмаңдай, ақ және қара амур күміс мөңке, шортан, көксерке, канал жайыны, буффало, бестер, веслонос және тиляпия жатады.Суық сулы шаруашылықтарда құбылмалы бахтахты, пелядь және ряпушканы өсіреді. Балық өсіру процесінің аяқталуына және ұйымдастырылуына байланысты келесідей шаруашылық жүйелерін бөледі

40.Аквакультураның Ресейде даму тарихына шолу жасаңыз. ҚР балық шаруашылығына арналған концепциясы: Қазiргi кезеңдегi балық шаруашылығының негiзгi проблемаларын ашып көрсетіңіз.

ТМД – да тоған балық шаруашылығының дамуыРесейде балық өсіруге арналған тоғандар XII ғасырдан бастап салына бастады. Ең алғашында балықты монастырьларда өсірген болатын, ал XV ғасырдан бастап мемлекеттік тоғандар пайда бола бастайды.XVII ғасырда Борис Годуновтың бұйрығымен Москваның түбінде Борисов селосының маңында баслық өсіруге арналған көлемі 83 га тоған салынады, бұл тоған әлі күнге дейін қолданылады. Петр I-дің кезінде Преснен тоғандарында тұқы балықтарын өсіре бастайды. Балық шаруашылығы ғылымының негізін қалаушы ғалымға Андрей Тимофеевич Болотов (1737-1864) жатады.Юұл білімі энциклопедиялық адам болатын. Оның көптеген мақалалары өзінің жеке тәжірибесінен басылған. Ол балық шаруашылығы мелиорациясы мен балықтарды қоректендірудің негізін салған. Балық шаруашылығы ғылымының дамуына Владимир Павлович Врасский (1829-1862) үлкен үлес қосты, ол жасанды балық өсіру әдісін жетілдірген болатын. Оскар Андреевич Гримм (1845-1921) өзінен кейін үлкен ғылыми мұра қалдырып, балық өсіруде ірі ғалым б.т. 1879 жылдан бастап ол Никольсикй зауыдының жетекшісі – басқарушысы болып оны жабдықтауда үлкен үлес қосады. Зауыд балық өсіруші мамандарды дайындаудың мектебі болады. Бұл зауыдтың жұмысы XIX ғ-ң аяғы мен XX ғ-ң басында жаңа жеке меншік және мемлекеттік балық өсіру зауыдтарының пайда болуына көмегін тигізеді. Осы және келесі жылдары балықты өсіру, балықты қоректендіру, тоғандарды тыңайту және басқа мәселелерді шешу сұрақтарымен Н.А. Бородин, И.Н. Арнольд. А.Н. Елеонсикй, Б.И.Черфас, Г.В.Никольский, Г.С.Карзинкин, Н.И.Кожин, Ф.М.Суховерхов, В.И.Ильин сияқты ғалымдар айналысады. Тоғандық балық шаруашылығының дамуына Феодосий Георгиевич Мартышев (1898-1975) үлкен үлес қосады. Соңғы жылдары Ресейде тоған балығының өнімі айтарлықтай қысқарды. Егер 1995 ж тұщы суларда 4 293 т балық ауланады, 2002 ж – 2536 т немесе 41% аз ауланған. Қоректің жеткіліксіздігіне немесе  болмауына байланысты негізінен өсімдікқоректі балықтар өсіріледі. Тоған балықтарынан дөңмаңдай (81 %), тұқы (9 %), басқа балық түрлеріне 10% - дан келеді. Соңғы 3-4 жыл ішінде Донецк облысының ихтиофаунасынан бұрын көп санды болған бірнеше балық түрлері жоғалып кетті (мысалы, қортпа, бекіре, сүйрік, шемая. Жоғалып кеті қайпінде тұрған категорияға украин миногасы, сүйрікті, Данилевсикй тарақ балығын, вырезубты жатқызуға болады. Негізгі себебі экологиялық жүйеге технологиялық салмақ пен табиғи процестерге адамның араласуы.

Шетелдердегі балық шаруашылылығыДүниежүзінің көптеген аймақтарында, әсіресе Азия елдерінде балық шаруашылығы дәстүрлік болып табылады.Соңғы жылдары аквакультураның дамуында Жапония үлкен жетістіктерге жетті. Ол балық аулау бойынша жүниежүзінде 1-ші орында. Балық пен судың басқа объектілерін тұтыну бір жанға жылына 60 кг құрайды. Су өнімдерінің аулануына қоректік рационның 70-80 % келеді. Аквакультураның жалпы өнімі жылына 1 млн. Тоннадан асады. Жағалау смаңы суларында 200 мың тоннадан аса балық пен 300 мың тонна басқа су объектілері (моллюскалар, шаянтәрізділер, өсімдіктер). Қытайда да балық шаруашылығымен ертеден айналысады. Жалпы өнім бойынша бұл ел 3 орында. Аквакультура 3 млн. Тнно балық пен басқа объетілердің аоуын қамтамасыз етеді. Балықтарды негізінен поликультурада өсіреді. Поликультураның құрамына ақ және шұбар дөңмаңдай, ақ және қара амур, тұқы, жыланбас балық және т.б балықтар кіреді. Поликультура жағдайында тоғандардың өнімі 20 т/га-ға жетеді. Индияда 3 млн. тонна балық ауланады. Балықты поликультурада өсіреді. Өсіру объектілерін үнділік (катля, роху, мригель) және қытайлық тұқылар (дөңмаңдай мен амур) жатады. Көптеген фермаларда балықты өсіруді шошқа немесе үйрек шаруашылығымен ұштастырады. Күріш атыздарында балықты өсіргенде 0.7 т/га балық және 5 т/га күріш алынады. Индонезияда балық шаруашылығының көмегімен 375 мың тонна балық алады. Балықты үйрек, шошқа басқа ауыл шаруашылық жануарларымен және күрішпен біріктіріп өсіреді. Балық шаруашылық тоғандарында шошқа мен суда жүзуші құстарды өсіру Филиппин аралдарында да іске асырылады.Европа елдерінде балық шалуаышлығы кең етек алуда.  Балықтың негізгі объектісі ретінде Батыс Европада – бахтах. Шығыс Еуропада – тұқы өсіріледі.Германияда балықты шарбақ пен бассейндерде өсіреді. Негізгі өсіру объектісі тұқы 60 % және бахтах - 30%. Венгрияда балық өсіру тоғандар мен көлдерде 140 мың га ауданда жүргізіледі. 70%  - жоғары балықты тоған шаруашылығында өсіреді, онда тұқыны, өсімдікқоректі балықтарды, бахтах, жайын, көксерке, оңғақты өсіреді. Одан басқа Чехословакияда (бір жанға 5.2 тонна балық келеді), Болгария, Румыния, Польша, Югославия, Италия, Франция, Испания, Данияда, Норвегияда да балық шаруашылығының дамуна көп көңіл бөлінуде. Бұл елдереде негізінен тұқы, бахтах, жылан балық Польшада канал жайыны, Скандинавиялық мемлекеттерде албырт, Испанияда оңғақ, тиляпия, канал жайыны, Данияда бахтах пен албырт өсіріледі.АҚШ – та әр жан 6-дан 7,8 кг-ға дейін балық тұтынады. Бұнда жоғарыда аталған балықтарда басқа буффало өсіріледі, ең көп өнімді каналды жайын береді. Латын және Оңтүстік Америкада каналды жайынды, тиляпия, тұқыны, өсімдікқоректі балықтарды, моллюскалар мен шаянтәрізділерді өсіреді.




1. обеспечение и координация информационного потока по всей логистической цепи на всех иерархических уровнях
2. Памятник Екатерине II
3. Проект открытия кадрового агентства по подбору персонала
4. Возникновение и совершенствование педагогики в России
5. Изучение характеристик ключевых схем на дополняющих МОП-транзисторах (КМОП)
6. Typiclly snow strts to in the spring
7. Если возникнет чрезвычайная ситуация- алгоритмы поведения учащихся и студентов
8. можно сравнивать; 2 промежутки времени можно складывать; 3 вычитать; 4 умножать на положительное число; 5 де
9. Финансовый контроль осуществляемый до совершения какоголибо финансового мероприятия предварительный фи
10. І.Б. Дата отримання Кількість листів Примітка 1
11. Історія розвитку вокального мистецтва на Буковині у ХІХ поч ХХ ст
12. Бухгалтерский учет
13. на тему Технология составления бухгалтерского баланса Выпол
14. тебя там могут убить или покалечить
15. . Теория полезности и принятия решений
16. Цивилизационная Периферия Азия, Африка и Латинская Америка
17. Теоретическая часть Основные положения Вредными токсичными называют вещества которые при контакте с
18. Восхождение на Килиманджаро
19. Лекция 1 пп Наименование и содержание темы Кол
20. Мировой рынок и свободные экономические зоны