Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
13 « Мен тандаған мамандық»
Менің болашақ мамандагым есепші болу,яғни есеп және аудит мамандығы. Осы оқуды бітірген адам болашакта салық комитеттерінде,аудиторлық фирмаларында, бақылау-ревизия баскармаларында жұмыс атқара алады. Жалпы бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі бұл мамандықты мәртебелі, жақсы төлемді және творчестволы етіп отыр. Инвесторлар, кредиторлар, жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса алғанда, басқа да ақпаратты пайдаланушылар, есепке және түрлі кәсіпкерлік мәселелер бойынша есеп беру мен салық салу жөніндегі ақпараттарға тәуелді. Мұндай қызмет көрсету кезінде маманданған бухгалтерлердің мінез-құлқы түгелімен елдің және қоғамның экономикалық тиімділігіне мүмкіндік туғызады.Жоғарыда айтып кеткендей, бухгалтер ақпараттармен түрлі дәрежеде жұмыс жасайды, содан кейін «ол дұрыс жасап жатырма?» деген сұрақ туындайды. Туындаған сұрақтарға жауап есеп бірлестігі бақылау жасайды. Сонымен қатар, бұл мамандық үшін қоғамдық сенімнің де маңызы өте зор.Бухгалтерлік есеп эволюциясын зерттеу көрсеткенде, тарих бойынша бақылау және қарастырудың әйгілі екі әдісі бар, яғни бір орталықтан тәртіп белгілеу және заңмен реттеу. Басқаша айтқанда, бухгалтер қызметінің приоритетті бағыты ретінде ұйымның этикалық және заңдық мақсатын қолдау және жеке қарым-қатынас, басқа мәселелер бойынша конфликт, билікті басшы жағынан қауіп туған кезде әртүрлі екі сөзділіктен қашуға мүмкіндік туғызады. Этикалық құжаттарда жеке пункт ретінде келесілер көрсетілулері керек:
-бухгалтерлерден заңдық негізде ережелерді, стандарттарды, заңдыбұзуын талап етуге болмайды;
-құжаттарды тексерушілерді алдауға немесе адастыруға болмайды;
-ұсынылған есептілік шынайы ақпараттар негізінде жасалуы үшін барлық шараларды қабылдау.
Бухгалтерлік этикалық нормалардың бұзылуына жауапкершілік алуға міндетті, бұл жауапкершілік жұмысқа қабылдау туралы келісім-шартта көрсетілуі керек.
Басқаша айтқанда, бухгалтер қызметінің приоритетті бағыты ретінде ұйымның этикалық және заңдық мақсатын қолдау және жеке қарым-қатынас, басқа мәселелер бойынша конфликт, билікті басшы жағынан қауіп туған кезде әртүрлі екі сөзділіктен қашуға мүмкіндік туғызады. Этикалық құжаттарда жеке пункт ретінде келесілер көрсетілулері керек:
-бухгалтерлерден заңдық негізде ережелерді, стандарттарды, заңдыбұзуын талап етуге болмайды;
-құжаттарды тексерушілерді алдауға немесе адастыруға болмайды;
-ұсынылған есептілік шынайы ақпараттар негізінде жасалуы үшін барлық шараларды қабылдау.
Бухгалтерлік этикалық нормалардың бұзылуына жауапкершілік алуға міндетті, бұл жауапкершілік жұмысқа қабылдау туралы келісім-шартта көрсетілуі керек.
14 «Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында»
Еліміздің ертеңі жастардың қолында. Қазіргі таңда мемлекет басшымыз білім алу жүйесіне ықпалдастық корсетіп жатыр. Мемлекетімізде күннен күнге жан-жақты білім беру мекемелері ашылып жатыр. Әрине бұл болашақ ұрпаққа өте жақсы, себебі жоғары деңгейде білім алу, әр балаға берілмеген. Сондықтан жақсы білім алу- міндет деп санаймын. Мемлекет жас ұрпақтың осы заманғы біліммен сусындауына барынша жағдай жасап отыр. Таяудағы бес жыл көлемінде 20 интеллектуалды мектепті қосқанда 400 жаңа мектеп салынбақшы. Елімізде техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесі қалыптастырылуда. Үдемелі инновацияны дамыту және индустрияландыру бағдарламасы бойынша көптеген жаңа өндіріс орындары салынбақ. Сонда жұмыс істеуге жоғары білімді инженер-техниктермен қоса орта білімді кәсіби жұмысшы мамандар даярлау қажеттілігі туып отыр. Кәсіби жұмысшылар техникалық орта білім орталықтарында, колледждерде даярланбақ. Жастардың бәріне университет, академия бітіру міндет емес. Техника тетігін жақсы меңгерген, жаңа технологиямен жұмыс істей алатын маман жұмысшылар біздің экономика үшін ауадай қажет. Қазір елімізде жұмыссыздық көрсеткіші 8 пайыздан асады деп есептеледі. Көптеген жастар жұмыссыз жүр. Ал кейбір өндіріс ошақтары білгір жұмысшы мамандықтарына зәру. Сондықтан да жалпы оқушылар санымен жалданбай, қажетті кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды қолға алу керек. Ал бізде шынын айту керек, жұмыс берушілермен, кәсіпкерлермен нақты жұмыс жүргізілмейді. Оларға қандай мамандық бойынша, қанша маман, оның қаншасы жоғары білімді, қаншасы арнайы орта білімді болуы керек, бұл жағымен жергілікті қалалық, аудандық, облыстық билік жүйелі түрде айналыспайды. Соның салдарынан жастар заңгер мен есеп-санақ мамандықтарын алуға ықыласты. Бұл мамандықты алған қаншама жастар жұмыс таба алмай жүргенін бұлар біле бермейді. Жоғары және арнайы орта білім ошақтары жастармен нақты жұмыс істеулері керек. Әйтеуір оқушы саны үшін күреспей, қоғамға бүгін таңда зәру мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға күш салулары керек. Ол үшін оқу орындарының басшылары қоғамда қалыптасқан коньюнктураны жете зерттеп, халық шаруашылығының қай саласына қандай мамандар, жұмысшы-қызметкерлер жетпей жатқанын зерттеп, мамандық беру жөніндегі өз профильдерін қайта қараулары керек.
Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы.
Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.
15 « Болон декларациясының негізгі қағидалары»
Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда интеграциялық үдеріс кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.
Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықлас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?
-Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;
-екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;
-үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу;
-төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету;
-бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;
-алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.
Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы студенттердің оқыту процесін ұйымдастырудың осындай бір формасы белгілі мерзімде бір жоғары оқу орнындағы студенттің басқа жоғары оқу орнындағы оқуын заңды түрде бекіту болып табылады.