Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
«Өнеркәсіп көлігі» кафедрасы
ОСӨЖ 6
Пәні: Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы
Тақырыбы: Теміржол стансасында тиеу-түсіру жұмыстарын орындаудың технологиясы
\
Орындаған: ОП 11-1тб. ст.
_______________________
Тексерген: Кенжекеева А. Р.
Қарағанды 2013
Теміржол стансасында тиеу-түсіру жұмыстарын орындаудың технологиясы
Стансаның жалпы қолданыстағы жерлеріндегі тиеу-түсіру жұмыстарын орындаудың технологиясы жүк стансасы жұмысының типтік технологиялық үрдісінің талаптарын есепке ала отырып, тиеп-түсіру жұмыстарының кешенді механикаландыруының типтік сызбалары негізіндгідей жүк түрлеріне қолдана жасалады. Бұл жағдайда жүктердің түрлері мен жүкөңдеудің тәуліктік көлемдеріне байланысты машиналардың керекті түрі, ауысымдық жүкұстағыш құрылғылардың түрлері, қосымша жабдық таңдалады.
Тайлап-бірленген жүктерді тиеп-түсіру жұмыстарының кешенді механикаландырылуының типтік сызбасы кішігабаритті дизельді автотиегіштердің, және де ауыстырмалы жүкұстағыш құрылғылары бар электротиегіштерді, стандартты поддондарды қолдану мен қоймаларды ұсақ жөнелтпелерді жинақтау және сақтау үшін стеллаждармен жабдықтауды қарастырады. Пакеттелген түрде поддондарда және поддондарсыз қатысатын жүктерді шанышқылы фронтальді немесе бүйірлік ұстағышпен жабдықталған электротиегіштердің көмегімен түсіреді. Пакеттелмеген жүктер қатысқанда вагоннан түсіру кезінде оларды стеллаждарда немесе штабельдерде 2-3 ярус қылып төсейді. Қоймалық ғимаратты тиімді қолдану мақсатында бірнеше ярусқа штабельдеуге нұсқама беріледі (рекомендуется), ол үшін биіктігі 3,5 м-ге дейінгі тиегіштер пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда штабельдің орнықтылығына назар аударылу керек.
Контейнерлерді тиеу, түсіру, сұрыптау, жинақтау бойынша операцияларды орындау технологиясы жүк станса жұмысының типтік технологиялық үрдісі негізінде негізінде ұйымдастырылады. Типтік ретінде өз ішінде КК-6 типті жүккөтергіштігі 6 т, ұзындығы 16 м, автотіреуішпен жабдықталған (автостропом) екіконсолды (двухконсольные)тағандық крандарды пайдаланатын кешенді механикаландыру сызбасы мен контейнерлі-орын нөмірленуі бар алаң нұсқалады.
Ортатоннажды контейнерлер алаңдарда, әдетте бір яруста орнатылады. Қажет жағдайда және жетерліктей көтеру биіктігі бар крандар мен жетерліктей қатты жамылғысы бар алаңдар болғанда брутто массасы бірдей біртипті контейнерлер үш ярустан аспайтындай етіп орнатылуы мүмкін.
Жалпы қолданыстағы жерлерде ірітоннажды вагондарды өңдеу жүккөтергіштігі 24 т және ұзындығы 25 м іліністе (захватом)30,5 т болатын тағандық крандармен, және де арнайыландырылған ұстағыш(захват)-спредерлермен жарақтанған «Кальмар», «Хайстер», «Валмет» және т.б. типті жүккөтергіштігі 45 т-ға дейінгі фронтальды тиегіштермен жабдықталған арнайы алаңдарда ұйымдастырылады.
Үйме және ақтарма түрінде тасымалданатын жүктер үшін жүктерді жартылай вагондардан түсіруді(люктар арқылы) кешенді механикаландыру сызбасы негіз болады, ол мыналардан тұрады: биіктігі 2,4 м болатын жоғарылатылған жол, жүктасушыларға арналған алаңы мен жартылай вагонның люк қақпаларын жабу үшін люккөтергіштері бар ферма-мостпен және ауыспалы жұмыстық қондырғымен (кранға тез алынатын құрылғы және бұрмалы ұштың (головка) көмегімен ілінетін қатып қалған жүктердің қопсытқыш тербеткішімен, жартылай вагондардың қаңқасын (кузов) тазартуға арналған тербеткішпен) жабдықталған тағандық кран. Ірі пункттерде жүктерді штабельден автомобильдерге тиеу, габариттерді тазарту мен жүктерді штабельдерге лақтыру (отвалки) үшін тракторлы тиегіштер (экскаваторлар) қарастырылуы мүмкін.
Ұзынөлшемді, ауырсалмақты және орман жүктері жаппай қатысатын (поступлением) стансаларда металды, темірбетонды бұйымдар мен балкаларды, домалақ орман мен пиломатериалдарды ұстауға арналған арнайыландырылған жүкұстағыш құрылғылары бар тағандық крандармен жабдықталған арнайыландырылған алаңдар жасалады.
Жүктерді жинақтау операциялары және тиеп-түсіру пунктін қалыпты пайдалану үшін қажетті операциялармен бірге бір кешендегі (в комплексе) вагондар мен автомобильдерді тиеу, түсіру бойынша жұмыстардың әр түріне технологиялық карталар құрастырылады.
Технологиялық карта келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
Келтірілген әр бөлімнің мазмұны нақты жағдайларға байланысты құрастырылады және жұмыс өндірісінің ең прогрессивті тәсілдерін көрсетуі керек.