Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Еуропа Ода'ыны' бір'атар елдері арасында т'л'жатты' ж'не кедендік ба'ылауды алып тастау туралы келісімі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

1.Шенген келісімі 

«Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісімі» (Шенген келісімі деген атпен мәлім) — құжатқа 1985 ж. маусымда Лүксембордың Шенгендеген жерде Еуропаның жеті мемлекеті: Белгия, Голландия, Лүксембор, Франция, Алмания, Португалия және Испания қол қойған болатын. Ол 1995 ж. наурызда күшіне енді.

Қазіргі уақытта Шенген визасы аумағына Еуроодақтың 13 елі — Аустрия (1995 ж.), Белгия, Алмания, Грекия, Дания (1996 ж.), Испания (1991 ж.), Италия (1990 ж.), Люксембург, Голландия, Португалия, Швеция (1996 ж.),Финландия (1996ж), Франция және Еуроодаққа қосылмаған 3 мемлекет — Швейцария, Исландия (1996 ж.) және Норуегия (1996 ж.) кіреді.

2. Шенген визасы қалай рәсімделеді?

1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.

Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.

3.ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?

Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.

4. Шенген визасын алудың талаптары

  •  Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;
  •  Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;
  •  Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);
  •  Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;
  •  Сауалнама толтырылуы тиіс.

Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:

  •  Шетелдік құжат;
  •  Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;
  •  Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;
  •  Валюталық шотыңыз туралы анықтама;
  •  Әуебилет;
  •  3,5х4,5 фотосурет (2 дана);
  •  Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

5. Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?

  •  Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.
  •  Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.
  •  Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.
  •  Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.
  •  Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.


 

6. Шенген аймағына кіретін елдер

• «Еуропа Одағына мүше кейбір елдердің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды. Олар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония;

• Қысқа мерзімді шенген визаларының қолданылу тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей.

• Шенген шартын қабылдаған мемлекеттер Шенген аймағына кіруге және онда қалуға рұқсат беретін келесі санаттағы бірыңғай визаларды береді:

7.Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары

  •  Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
  •  Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
  •  Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
  •  Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

8. Турфирманы құрудағы  ұйым- құқықтық негізін таңдау

Ұйым-құқығының негізі Ресей Федерациясының мемлекеттік кодексінің қатысуымен құрылды. Туристік фирманы құру үшін, туристік бизнесті алғаш рет бастаушыларға шаруашылық қоғам формасы немесе серіктестік (ыңғай) лайықты ұсынылады.

Кіші туристік бизнес үшін иілмелі формасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады (ЖШС). Ол бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылуы мүмкін, ал бұндай серіктестікте капитал жарғысы белгілі бір құрылған құжаттар көлемімен өз еншілерін бөліседі. Сонымен қатар серіктестікке қатысушылар оның міндеттеріне жауап бермейді және салынған ақша көлеміне қарамастан серіктестік іс-әрекетіне байланысты шығындарға тәуекел етеді. Серіктестік мүшелерінің саны ЖШС туралы заңмен сәйкес келуі қажет.

Егер серіктестік саны ЖШС заңы бекіткен мөлшерден асатын болса, мұндай серіктестік бір жыл ішінде басқа ұйым-құқығының негізінде құрылуы немесе таралуы қажет.

Кіші туристік бизнестің басқа ұйым-құқығының негізі (формасы) -  бұл (жауапкершілігі) қосымша жауапкершілік серіктестік. Алдыңғы формадан айырмашылығы ЖШСдан – мұндай серіктестікте олар өздері салған капитал көлеміне міндетті болып табылады.

Егер турфирма шығынға ұшыраса онда бір қатысушы басқаларға өз мүлігін теңдей бөліп беретін болады, егер басқа жауапкершілік тәртіп құрылған құжаттарда көрсетілмесе қосымша жауапкершілік серіктестіктің қалғаны ЖШС мемлекеттік кодексінің статиялары бойынша қабылданады.

Туристік бизнес айрықша (алдын-ала) алғашқы инвестиция негізінде туристік қызмет нарығын жаулап алған және жабық акционерлік қоғам негізінде лайықты іске асыруға болады. Бұл жерде капитал жарғысы құрылған құжатқа сәйкес акциялар нақты санымен бөлінеді.

9. Қатысушылардың мүдделерінің (мақсатының) хаттамасы

Одақтасқан фирманың тапсырмасын, мақсатны нақты анықтау үшін, ұйым-құқығының формасын келісу, алғашқы инвестиция және капитал жарғысының көлемін, ұйым стадиясында құрушылардың үлесін (жүктеу) тапсыру, басқа да ұйым сұрақтарын шешу үшін – мақсатты хаттаманы құрған жөн (меморандум).  Ол құрылған құжаттардың санына кірмейді және оған қол қойған ресми тұлға қабылданған міндеттемелерге жауапкершілік алмайды. Бірақтан да бұл хаттама құрылған келісім-шарттың негізі болып табылады және фирманы тіркеу кезіне дейін құрушыларды байланыстыратын құжат болып табылады. Потенциалды тұтынушылардың қарым-қатынасы жағдайында анықталған міндеттемелер бекітілген, бірлескен қызмет туралы келісім-шарт құрылады:

  •  құрушылардың құжаттарының жасалу мерзімі және тәртібі;
  •  ұйымды қаржыландыру этабына қатысқан үлесін тарату;
  •  капитал жарғысында көрсетілген үлесін тарату;
  •  капитал жарғысында интелектуальді салым және мүліктендіру форымына келісу және оның бағасы;
  •  айналым құралын үлестерін алу;
  •  ұйым-құқығының формасына келісу және болашақ фирманы басқару құрылымына келісу;
  •  басқару органында құрушылардың қатысу формасы және деңгейі;
  •  бизнес-жоспарға келісім беру немесе фирманы құруда технико-эконоикалық негіздеу;

Бұл хаттамада көрсетілген міндеттемелердің орындалуы ұзақ уақыт өзара түсінушілік пен тиімділік негізі болып табылады.ъ

10.  Құрушы құжаттарының жобасын жасау

Құрушы құжаттары РФ мемлекеттік кодекстерінің статьясының талаптарына сәйкес және таңдап алынған ұйым-құқығының формасына сәйкес жасалынады.

ЖШС үшін құрушы құжаттары мыналар:

  •  құрушы келісім-шарт, құрушылардың қолы қойылған;
  •  жалпы жиналыста қабылданған жарғы.

Қоғамдық мекеме бір ғана тұрғыдан болған жағдайда оның құрушы құжат жарғы болып табылады. Құрушылар келісім-шартында барлық құрушылар жазылған, олардың реквизиттері, капитал жарғысының көлемі, үлесі бойынша олардың үлестері, мүлік тізімі, жарғы қорын құрушының салымы және оның бағасы т.б. болады.

ЖШС жарғысында келесідей қажетті мәліметтерді бейнелейді:

  •  серіктестік аты, заңды мекен-жайы;
  •  серіктестік құрушылар;
  •  серіктестік қандай мерзімге құрылған;
  •  серіктестік қызметінің мақсаты;

11.  Құрушылардың жиналысының өтуі

Кәсіпорынның құрушылар жиналысының өтілу процедурасы таңдап алынған ұйым-құқығының формасы және оның жарғысымен, РФ мемлекеттік кодекстік нормаларымен реттеледі. Құрушылар жиналысы мақсаттар хаттамасында шешілгендерді орындау тәртібінде ынталы топтар өткізеді.

Құрушылармен келісе отырыпшақыру қағазының күні ресми түрде (2 апта) жиын басталмай тұрып 2 апта бұрын табысталады.

Жиынға құрушылардың барлығының қатысуға құқысы бар және олардың сенімді адамдарға қатысуға болады. Шақыру күні келесідей негізгі сұрақтар енгізеді:

  •  таңдап алынған статусы бойынша фирманы ұйымдастыру туралы;
  •  жарғы жобасы мен құрушы келісім шарты жайлы талқылау;
  •  басқару органдарын таңдау;
  •  аудиттің мекемесі туралы

сонымен қатар жиында қосымша мына сұрақтарды қосуға болады:

  •  фирманың бизнес-жоспарын талқылау (егер оның жобасы бұл уақытқа дайын болса)
  •  жарнамалақ компанияның концепциясын талқылау.

лып табылады.

Егер жарғыда басқа түрі қаралмаса жиынға қатыспағандардың дауысына басқа 2-3 адам оның дауысын растаса қабылданады.

Құрушылар жиынындағы шешім бойынша тіркеуге бағытталған құрушылар құжаттары тізімінің хаттамасы құрылады.

12. Тіркеуге арналған құрушылар құжаттарының дайындалуы

Құрушылар жиыныан кейін алдын-ала жасалынған құрушылық құжаттар жобасына құрушылардан түскен қосымша және өзгертілген түрлері енгізіледі. Құжаттар минимум 4 экземпляр болып көбейтіледі және қайта теріледі.

Мына жайттарға көңіл аудару қажет: құрушылық құжаттарда құрушылардың барлығының қолының болуы, хаттамада жарғының нұсқауы болуын, сонымен қатар құрушылшар жиынының хаттамасының дұрыс жавсалуын қадағалау.

Қазіргі уақытта тіркеуге құрушылар құжаттарын бағыттауда олардың нотариалды растауын талап етілмейді.

Құрушылық құжаттар тіркеу жинағының төлемі туралы квитанциямен почта арқылы жіберіледі немесе жеке тапсырылады.

Тіркеу органдары құрушылық құжаттағы тізімге кірмейтін құжаттарды сұрауға құқығы жоқ.

13. Фирманы заңды тіркеу

РФ мемлекеттік кодексіне сәйкес кәсіпорынды тіркеу юстиция органдарына  немесе өкіметті ұйымдарын тапсырылады.

Тіркеу тәртібі РФ мемлекеттік кодексімен, ұйым-құқықтық формасының заңдарына сәйкес, Президент бұйрығымен және үкімет орнатқан заңмен регламенттелінеді.

Кәсіпорынды тіркеудегі тәртіптердің өзгертілуі және толықтырылуы Президенттің бұйргығымен ендіреді «РФ территориясындағы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеудегі заңдылықтар туралы» жарғысы 1994 жылы 8 шілдеде шықты. Бұл бұйрықта кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік тіркеудегі заңдылықтар ережесі бекітілген.

Алдын-ала айтылған жарғылық қордың минимальді көлемін регламенттелуінен басқа бұл көрсетілген нормативті-құқықтық актіде кісіпкерлік қызметті жүргізуге құқығы бар деген ереже құралады. Кәсіпорынды заңды тіркеу ескерту характерге ие, яғни кәсіпорынды тіркеуге керек заңдылықтар мен құжаттарды талап еткенде ол құжаттардан кәсіпорын бас тартпау қажет.

Құрушылық құжаттарды жасаудағы талаптарды сақтауда және тіркеуде бас тарту болмауы тиіс, егер ондай жағдай болса сотқа шағымдалуы мүмкін. Құрушының құжаттарды тіркеудегі толықтырулармен өзгертулер алғашқы тіркеуде жүргізілуі тиіс.

Кәсіпорынды тіркеу мемлекеттік реестерде тіркелсе құрылған, яғни тіркелді деп есептеледі. Кәсіпорынның жабылған сәтінен бастап тіркелген тізімнен мемлекеттік реестерден алынып тасталынады.
Кәсіпорынды қайта тіркеу ұйым-құқының формасының өзгеруіне байланысты РФ мемлекеттік кодексінің жаңа түрінде қарастырылған.

14. Кәсіпорынды есепке алу

Жарғылық қордың 50% төлемінен кейін және тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін кәсіпорынды есепке алу келесі ведомствалармен жүргізіледі:

  •  салық инспекциясы;
  •  статистика органдары;
  •  зейнетақылық қор;
  •  медициналық сақтандыру қоры;
  •  әлеуметтік қорғау қоры.

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын 10 күн ішінде салық есебінде тұру қажет, өзінің орналасқан орны бойынша салық инспекциясына тіркелу қажет. Салық инспекциясына есепке тұру үшін кәсіпорын үшін шетел инвестициясының қатысуынсыз келесілерді көрсету қажет:

а) есепке алу маркасы және мемлекеттік реестерге қосылғаны (3 экземпляр);

б) құрушы құжаттарының тіркелген копиялары, басқа да қажетті құжаттар

      Салық инспекциясы 5 күнге дейін:

  •  картаның дұрыс толтырылғанын тексереді
  •  көрсетілген (ұсынылған) құжаттар пакетінің толықтығын тексереді
  •  мемлекеттік реестрдегі номерді алады
  •  мемлекттік реестрге қосылғаны және есепке алынғаны жайлы ақпараттық қағаз береді
  •  тіркелген картаның 1 экземплярын береді
  •  салықты төлеу ережесі мен түрі туралы жадынама береді

15.  Ұйымдық процедуралар

Фирманың мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алғаннан кейін ұйымдық іс-шаралардың толық ретін орындау керек. Бұндай іс-шарлардың бірі кәсіпорынның есеп шот ашу банк мекемелерінде. Негізінен кәсіпорын банкті өздері таңдауға толық еркі бар, бірақ өзі тұрған аудандағы банкте болса өте қолайлы болады. Егер Акционерлік коммерциялық банктен есеп ашқыңыз келсе сол банктің акционері болуыңыз керек (міндетті емес).

Есеп айырысу шотын ашқанда қандай банктік есеп сізге қажет екенін білуіңз керек (рубльдік, валюталық, ағымдық т.б.) және қаржы-кредит мекемесінде есеп шот ашу ережесімен танысқаныңыз жөн болар.

Банкті және есеп шотты таңдап алғаннан соң кәсіпорын жетекшісі, бухгалтер, олардың, олардың орынбасарының расталуымен бантік карточканың 3 экземплярын дайындау қажет.

Банкее құрушылар құжаттарының копиясы, тіркеу туралы куәлік қойылған талаптарға сай болуы тиіс, салық инспекциясындағы есепке тұру картасы, расталған банктік карточка.

Егер сіздің офис модеммен компьютермен жабдықталса онда банкпен арақатынасыңызды ары қарай электронды пошта формасында модем байланысы арқылы жүргізуге болады.

Бұл жерде фирманы құруға арналған негізгі этаптар ғана көрсетілген, бірақ нақты жағдайда оның спецификасы бар, сондықтан егер қаржылық мүмкіншілігіңіз болса туристік кәсіпорынды құрудағы толық мәлімет алғыңыз келсе мамандандырылған фирманы бақыласаңыз болады және бұл тез әрі сапалы болады.

16.  Туристік фирманың жабылу тәртібі

РФ мемлекеттік кодексіне сәйкес (бірінші бөлім) – заңды тұлға ретінде кәсіпорын ликвидациясының қарапайым және еріксіз процедурасы қарастырылған. Жойылудың қарапайым процедурасы жарғымен сәйкес ликвидация туралы жалпы жиында шешілген ерікті шешіммен қабылданған жабылу. Ал еріксіз ликвидация мемлекеттік және аймақтық басқару заңдарына сәйкес соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

Сотқа арыз беруге, жабуға құқысы барлар:

  •  салық инспекциясы;
  •  фирманы тіркеген орган;
  •  қызметке құқысы бар лицензияны берген орган;
  •  антимонополиялық комитет;
  •  кредиторлар;
  •  тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдар.

Соттың шешімі бойынша фирма мына жағдайларда жабылуы тиіс:

  •  заңға қайшы келетін қызметтерді жасау;
  •  заңды біркелкі және дөрекі бұзу;
  •  оның (фирмалық) жарғының мақсатына қарсы келетін қызмет жасау;

  17. Тур қызметтің лицензиялануы және тур өнім сертификациясы

2001 жылдың 13 маусымында ҚР-сы «туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады. Олардың негізгі қызметіне тамақтандыру, спорт, сауықтыру, экскурсия, емдеумен айналысуға болатын мүмкіндікті жатқызамыз. Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

Әрбір кәсіпорын шаруашылық, қаржылық қызметін іске асыра отырып, өзінің міндеттерін орындайды және оған еркіне қойылған құқықтарын қолданады. Заңды тұлға бола отырып ол банктік мекемеде өзінің есеп айырысу шоты, уставтық қоры, дербес балансы ұйым аты мен мөрі, туристік әрекетті жүргізуге лицензиясы болуы тиіс. Туристік фирма заңды тұлға ретінде құрылады. Яғни серіктестік кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында жеке мүлігі және мамандардан құрылатын жеке субьекті ретінде құрылады.

ҚР-да кең таралған түрі секріктестік болып табылады. Серіктестікке қатысушы, кез-келген уақытта өзінің мүлік үлесімен шыға алады және тек соттың шешімімен шығарып тасталынады. Туристік кәсіпорынды құрудың ресми бөлігі, барлық шаруашылық субьектісіне бірдей:

- құрушылар жиналысы;

- жетекші таңдау,

- құрушылық келісім шартты рәсімдеу;

- уставты құру және оны заңды орындарда бекіту;

1995 жылы 17 сәуірінен №2198 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңның күші бар. ҚР Президентінің қаулысына сәйкес тіркеу картасын алу, статистика, зейнетақы қоры т.б. органдарына есепке тұру жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуді өткізу тәртібі мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

- заңды тұлғаның құрылуы және жұмысының тоқталуымен қайта құрылуы, ҚР территориясында құрылған және қайта жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаның қызметін есепке алу және олардың құрушылық құжатының республика заңына сәйкес келуі;

- заңды тұлға, олардың филиалдары мен ақпаратты жұзеге асыру, мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, түріне, қызмет сипатына, қатысу құрамына тәуелсіз, ҚР территориясында құрылатын барлық заңды тұлғалар кіреді.

Мемлекеттік тіркеуді ҚР Әділет министрлігі және оның аймақтық орындары жүзеге асырады. Қазіргі уақыттағы қаулыға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу және мемлекеттік регистрге енгізу.

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу бойынша іс-әрекеттер әдістемелік басқару. Қазіргі қаулы талаптарын заңды тұлғалармен аймақтық органдарын қадағалау.

Маусым сайын тіркелген және жұмысын тоқтатқан заңды тұлғалар тізімін басып шығару, заңды тұлғаның тіркелуі үшін ҚР Әділет министрлігі бекіткен арыз не қазақша  не орыс тілінде.

Арыз заңды тәртіппен бекітілген және құрушылық құжаттарын өкілетке өткізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу үшін алымшының төленгені туралы квинтация ұсынылады.

Тіркеу органына егер заңды актімен қарастырылмаса, устав ұсынылады. Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, құрушылық құжаттары болып, келісім шартпен устав болып табылады. Егер шаруашылық серіктестіктер бір тұлғамен құрылатын болса, онда оның құрушылық құжаты устав немесе ереже болып табылмайды. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі қажетті құжатты берген күннен бастап, ал кіші кәсіпкерлер үшін 15 күннен кем емес өткізілуі тиіс. Құжаттар пакетін толық емес ұсынылғанда, құрушылық құжаттар бойынша.

Құрушылық құжаттарға өзгертулер мен қосымшалар енгізу кезінде заңды тұлға әрекет етуші заңға сәйкес қайта тіркеу жөнінде арызды беру қажет. Бұл жағдайда тіркеу органына келесідей құжаттар беріледі:

- өкілетті органдардың шешімі, нотариалды түрде куәландырылған өзгертулер енгізілген құрушылық құжаттар, қайта тіркеуге алымды төленген жөніндегі квитанция.

Қайта тіркеу үшін заңды тұлғадан ҚР-ның Салық заңымен бекітілген мөлшерде алым алынады. Тіркеу органы 10 күн ішінде мемлекеттік статистика органдарын мемлекеттік қайта тіркеудің өткізілгендігін, сонымен қатар, заңды тұлғаның орналасу жерінің өзгергендігін хабарлайды.

Заңды тұлғаның арызы бойынша тіркеу органы 7 күн ішінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын беру жүргізіледі. Ол үшін алым-салық заңына сәйкес етіп алынады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сонымен бірге осындай тіркеуден қашу, басқа да құрушы заңды тұлғамен мемлекеттік орган арасындағы дауларды сотта қайта қаралуы мүмкін.

Мемлекеттік тіркелуінсіз алынған пайда ҚР-ның заңына сәйкес республикалық бюджет пайдасына алынады. Заңды тұлғаның мәліметтің өзгерісі жайында мәліметтің ай мерзімінде ұсынылмаса, заңға сәйкес жауапкершілік басталады. Тіркеуші орган мен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінен заңсыз бас тартуы кезінде арызданушы түсірген шығындарын сот тәртібімен талап ете алады.

    18 Кәсіпорынды есепке тұрғызу.  

Уставты қордың 50 пайызын төлегеннен кейін және тіркеу жөнінде куәлікті алғаннан кейін келесі ведомстволарда кәсіпорынды есепке тұрғызу процедуралары жүргізіледі:

- салық инспекциясына;

- статистика органында;

- зейнетақы қорына;

- медициналық сақтандыру қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын міндетті түрде бекітілген тәртіппен 10 күн ішінде өзінің орналасуы бойынша салық инспекциясына салық есебіне тұрады.

Шетел инвестицияларының қатысуынсыз кәсіпорын үшін салық инспекциясына есепке тұруы үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

А) мемлекеттік реестрге қосылуы және есепке алған картаны (3 дана);

Б) тігілген және бекітілген тәртіппен куәландырылған, тіркелген құрушылық құжаттар көшірмесін және т.б. құжаттарды:

- қабылданған тәртіп бойынша куәландырылған тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- устав көшірмесі (қабылданған тәртіппен куәландырылған);

- құрушылық келісім шарт көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- құрушылар жиналысының хаттама көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- антимонополиялық комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүлікпен басқару бойынша комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі.

Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындар сонымен бірге мына құжаттарды ұсынады:

- бірлесіп кәсіпорын құруға қатысушының әр қайсысы үшін құрушылық құжаттар көшірмесі;

- шетел инвесторы қызмет көрсететін банкпен берілген оның ақша төлеу қабілеттілік туралы құжаты;

- шетел инвесторының пайда болу мемлекетінің сауда реестрінен көшірмесі, оның орналасуы, азаматтығы немесе тұрғылықты жері.

19Туристік фирманы лицензиялау.

 Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат.

Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады.

Лицензияның әрекет мерзімі – 5 жылдан аз емес және лицензианттың өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін. Мерзімін сзоу лицензия барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдегендегідей жүзеге асырылады.

Лицензия мынадай туристтік қызмет түрлерінің әр қайсысына беріледі:

1) туроператорлық;

2) турагенттік;

3) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі;

Туристтік қызметті (туроператорлық, турагенттік және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия – бас лицензия болып табылады.

Өтінуші лиценщия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап 7 ай ішінде ҚР-ның Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес көрсетілетін туристтік қызметтерге сертификат алуға мәндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады егер:

1) туроператорлық, турагенттік қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық келісімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

2) лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

3) лицензиялық алым енгізілмесе;

4) өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

5) өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

      21. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау.

 Өнімді немесе қызметті сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға олардың сәйкестігін растайтын әрекет.

Сертификаттау мына мақсаттармен өткізіледі:

- ҚР-ның бірыңғай тауар нарығында кәсіпорынның, ұйымның және мекемелер мен кәсіпкерлер қызметі үшін жағдай туғызу;

- тұтынушыны тауар мен қызмет өндірушілердің адалсыздығынан қорғау;

- өмір, денсаулық, кәсіпорын мен мүлікті қорғау үшін өнім мен қызметтің қауіпсіздігін бақылау;

- өндірушімен жазылған өнімнің сапасының көрсеткіштерінің расталуы.

Осыған байланысты нормативті құжаттарды азаматтар, сонымен қатар, туристтер денсаулығына патенциалды қауіпті тауар, жұмыс пен қызметті міндетті сертификаттауды қарастырады.

Осы облыс бойынша жұмыстарды стандарттау, метрология пен сертификаттау бойынша ҚР-ның комитетімен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен сәйкес сертификаттау органымен кәсіпорынға беріледі:

- сәйкестік сертификаты – бекітілген талаптарға берілген өнім немесе қызметтің сәйкестігін растайтын құжат;

- бекітілген тәртіппен тіркелген сәйкестік белгісі.

Сертификаттау міндетті және ерікті болады. Міндетті сертификаттау ҚР-ның заңнамалық актілерімен алдын қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Міндетті және ерікті сертификаттау бойынша жұмыстардың төлемі өтінушілермен әске асырылады, ал, қаражаттың өздері өнім, жұмыс, төлемі өтінушілермен іске асырылады.

22. Туроператор және турагент қызметтері және олардың келісім шарт қатынастары

Агенттік келісім дегеніміз – туристік қызмет пакетін көтерме сауда сияқты турагент пен туропеатор арасындағы келісім-шарт.

Қайтямды туристік қызмет көрсету келісім шарт – негізгі заңды құжат, шарттар көрінісі, уақыт (мерзімдер), міндеттер, жауапкершілік, басқа да шарттар және т.б.

Нақты фирмалар және келісім шарт мазмұны РФ мемлекеттік кодексіне сәйкес турды сатушылармен анықталады.

Келісім шарт тапсырысы – мемлекеттік-құқықтық келісім шарт бір жақ екінші жақтың (сенуші) есебі үшін оның атынан жұмыс жасауға міндетті алатын.

Келісім шарт тапсырысы сенуші жақтың атынан іс-әрекет етуге құқысы бар мерзімнен бастап қорытындылануы мүмкін.

Сенімді (адам) жақ сенуші жақ тапсырғандарды орындауға міндетті, мыс: заңды іс-әрекетке сәйкес жасалу ережесі немесе тәсілдері.

Сенімді жақ пен сенуші жақтың құқықтары мен міндеттері РФ мемлекеттік сенімді жақтың тапсырғандарын жеке өзі орындауға міндетті және 976 статья бойынша тапсырыстың орындалуы жайлы мағлұматтарды жеткізіп отыруы тиіс. Өз кезегінде сенуші жақтың да нақты анықталған міндеттемелері бар. Ол (сенуші жақ) сенімді жаққа заңды іс-әрекеттің орындалуына сенімділік танытуға міндетті.

Сену жақ сонымен қатар өзінің тапсырыстарының орындалуына құралдарды қамтамасыздандыру қажет. Сенуші жақ сенімді жаққа сыйақы төлеуге міндетті.

Агенттік келісім шарт - өзінің атынан заңды және басқа да іс-әрекетті басқа жақтың тапсырысы бойынша сыйақы үшін жұмыс жасауға міндетті жақ (агент) арасындағы келісім шарт.

Турагент пен туроператор  арасындағы келісім шарт туроператор қойған туржолдаманың сатылуы және турқызметті брондау ережесіне сәйкес өнім сатылады. Туржолдаманы брондауда турагент өзінің атынан туристерге ұсынады. Ұсынылған қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы үшін туристер алдында турагент жауап береді. Туроператордың жауапкершілігі турөнім туралы ақпаратты жеткізу болып табылады

23. Туристік фирманың бизнес-жоспарының жасалу үлгісі.

Туристік фирманың болашақ қызметін құру үшін маңызды этаптарының бірі бизнес-жоспар болып табылады. Ол жаңадан құрылып жатқан және құрылып қойған фирмалар үшін қаржы менеджментінің негізі болып табылады. Жаңа фирманың бизнес-жоспары этаптық әдістер бойынша құрылады. Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты кәсіпорын құру үшін оның барлық болашақ қызметі туралы алдын-ала жоспарлау. Бизнес-жоспардың басты мақсаты өндіріс болғанмен де, түпкі мақсаты пайда табу.

 Бизнес-жоспарға қойлатын талаптар:

  1.  Бизнес-жоспарда ойлаған істі іске асыратын басшының өзі дербес қатынасуы қажет. Барлық шетелдік банктер, инвестициялық фирмалар, егер жоспар шеттен  келіп, кеңесшілер даярлап, басшы қол қойған болса, онда қаражат бөлінбейді;
  2.  Шеттен кеңесші алуға болмайды, әр бір салалардан мамандар алу қажет. Егер күрделі жоспар болған жағдайда оған тек жоспар жан-жақты дәлелді болады. Бұл жағдай кәсіпкер орындаушы өзінің жан-жақты даярлығын арттырады. Себебі істің егжей-тегжейін біледі.

Бизнес-жоспардың маңызды құрылымы регламенттелмейді (қатаң белгілеу). Дегенмен көпшілік жағдай мына бөлімдерден құрылады:

- резюме (жоспардың қорытынды түйіні);

- тұтынушыға ұсынылатын өнімдер, тауарлар, қызметтер сипаттамасы;

- өнімді өткізу нарығын бағалау;

- бәсекелестік;

- маркетингтегі стратегия;

- өндіріс жоспары;

- ұйымдастыру жоспары;

- әділеттілік жоспары;

- тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау;

- қаржылық жоспар.

Жаңа кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың бірінші құратын бөлімі шығаратын қызметтің негізгі түрін таңдау. Кәсіпкер өндіретін өнім жөнінде тұжырымды айқын елестетуі тиіс және де ол жаңа тауар жөнінде нені көрсету керек екенін айқындау міндетті. Ол үшін ұсынылатын тауар және қызмет қандай қажетті қанағаттаныдырады, нарықта бар осындай тауалардан ұсынылатын тауардың қандай айырмашылығы, артықшылығы бар және не себептен тұтынушылар жаңа тауарды басқалардан артық көреді деген сұрақтарға жауап беруі керек. Егер кәсіпорын туристік қызметті негізгі түр ретінде таңдаса, онда төмендегі екі мәселені шешуі керек:

     Бизнес-жоспардың келесі этапы маркетинг-жоспар. Өткізу нарығы мен бәсекелестік бөліміндегі зерттеулердің қорытындысы маркетингтік стратегиясын жасақтайды. Маркетингтік жоспар мына элементтерден тұрады:

- тауардың таралу схемасы: тауарды кім сатады? өзінің фирмалық дүкендері немесе көтерме сауда ұйымдары бар А?

- баға жасақталу – тауардың бағасы қалай анықталады және жалпы шығын деңгейі қандай болады?

- жарнама қалай ұйымдастырылады (теледидар, радио, баспасөз, жарнамалық стандарт, т.б.) оған бөлінген қаражат қанша болады?

- сатуды ынталандыру әдістері – фирма сату көлемін қалай ұлғайтады, тауарды өткізудің ауданын ұлғайту арқылы немесе тұтынушыларды тартудың жаңа әдістемелері. Мыс: жаңа тауарды сату;

- қоғамдық пікірді жасақтау, жақсы атақ алу үшін қандай жұмыс істеу керек?;

24. Туристік бағдарламаларды дайындау және оның түрлері

Турларды жоспарлау – туристік фирмалардың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл қызметті орындау барысында  бәсекелестік қабілетті сапалы турөнім дайындалады. Ал оны дайындау үшін нарықтағы ұсыныс пен сұранысты терең зерттеу керек. Сұраныс параметрлеріне негізделіп, мыналарды анықтау қажет:

  1.  жасалынған өнімнің территориялық аумағы;
  2.  тұтынушылардың әлеуметтік жағдайын;
  3.  туризм түрлері мен бағыттары

Турөнімг едеген сұранысты арттыру үшін оның құрамын анықтап, нарық туралы зерттелінген, талдау жүргізілген мәліметтерге және мүмкін болатын сұраныс көлеміне міндетті түрде назар аудару қажет.

Егер турөнім танымдық мақсатта болса, онда ежелгі мәдениетімен,  көрнекті жерлерімен әйгілі елдерді алған дұрыс.

Тур демалыс түрі ретінде де көрініс алады, сондықтан да климаттың жағдайы сәйкес келетін елдер таңдалынады (мыс, теңіз, жағажай). Одан бөлек туристік саяхаттың ұзақтығы мен маусымын анықтау қажет.

Танымдық мақсаттағы турларды өткізілетін орын өлі климатты ел болса, онда баруға ыңғайлы уақыт мамыр айынан қазанға дейін, ал егер ыстық болса – қарашадан ақпанға дейін.

Тур ұзақтығы да оның түріне байланысты. Демалу және танымдық мақсаттағы турлардың ұзықтығы 1 аптадан 2 аптаға дейін (орташа 10 күн), шоп-турлар 5 күнге ғана.

Саяхат мақсатына байланысты оның маршруты таңдалады. Нарықтық сұранысқа негізделіп әрбір елдегі топтық немесе жеке турлар анықталады.

Туристік фирмалар өздерінің туристік турларын жоғары да айтылған критерийлер бойынша дайындайды.

Ал, егер турфирма халықаралық деңгейге бірінші рет шығып отырса, онда оған контрагентті табу өте маңызды (өзіне сай әріптесті).

Әріптесті табуға туристік фирмалардың ұлттық ассоциациясы көмек бере алады. Одан кейін турфирма мен контагент фирма арасында қызмет көрсету бағдарламасы жасалады. Қызметкөрсету бағдарламасы алдын-ала төленген, турдың уақыт кезеңдеріне бөлінген, туристер қажеттілігіне және тур тақырыбына сай қызметтер тобынан тұрды.

25. Кіру туризмі дегеніміз?

 Соңғы жылдары шығу туризмі үлкен көрсеткішті көрсетіп отыр. Аталған туризмнің дамуы еліміздің экономикасына оң жақтарын көрсетуде. Орасан зор қорды халықаралық туристік айрбас алып келеді.

Көптеген туристер үшін шет елдік туристерді қаабылдау баты фактор ролін ойнайды. Мысалы, Франция, мұнда шығу туризмі қатты қарқынмен дамуда.

Ресей өзінің әртүрлі қызықтыратын жерлері арқылы шет ел туристерін өзіне тартуда. Алайда біздің елімізде шығу туризмі ішкі туризмі мен кіру туризмінен алдыңғы орында тұр.

Дәл осы себепті де турөнімді құрастырар алдында шет ел туристерін қызықтыратын және алдағы уақытта өз пайдасын түсіретін объектілерді ойластыру қажет.

Тур маршрутты құрастыру мен таңдауда ең алдымен шет ел туристерінің келуімен байланысты болуы керек.

26. Шоп – тур дегеніміз?

Туризмнің әр түрлілігі болып шоп-турлар саналады. Әдетте олар 5 күндік болады және оны өткізу барысының өз мақсаты болады. Ресейде тон-ішіктер үшін Грекияға бару немесе тері бұйымдары үшін Түркияға бару әдетке айналған. Олт урлардың аталуы да солай: «Бір ішіктің бағасымен екі тон ал» немесе «Ішік үшін Грекияға».

Соңғы жылдары Еуропа елдеіне бару маусымы сол елдегі төмен бағадағы сатылым кезінде арта түседі.

27. Круиз дегеніміз?

 Круиз деп арнайы кеме немесе қайық арқылы белгілі порттарды соғу арқылы жүргізілетін демалыс түрі. Бүгінгі күнде круиздік саяхаттармен айналысатын көптеген фирмалар бар.

Дәл қазіргі кезде кез-келген елге криуздік жолдаманы сатып алуға болады. Круиздер теңізде жасалатын саяхат, оның құрамына 3 мезгіл тамақтану, каютадағы орналасу, кеме аумағындағы сервис және түрлі мерекелер мен ойындар бағасы да кіреді.

Жағажайда жүргізілетін сауық кештері үшін құн қосылмайды, егерде  турөнім жасалып жатқан кезде арнайы пункттер арқылы келісілмесе. Сонымен қатар турды ұйымдастырушы медециналық қызметке, телефон қоңырауларына, киім жуу үшін құнды турпакет құнынан алмайды, ол бөлек төленеді.

Қосымша қызметтерге жағажайда сатылатын экскурсиялық билеттер жатады.

Круиздік фирма тұтынушының өмірі үшін тек кеме аумағында ғана жауап береді, ал егер де келеңсіз жағдай жағажайда болса фирма жауапкершілікті мойнына алмайды.

Круиздік топтың мүшелерісоляри қызметтерін, музыкалық салон қызметтетерімен, кітапхана, теледидар қарау тегін саналады.

28. Қысқы турлар

 Қысқы турлар дәстүрлі және экстремальды болып бөлінеді. Соңғы кезде аса танымалдылықпен Аяз Атанын отанына жасалатын қысқы туры жатады. Бұл тур экскурсмялық-танымдық турға жатады, ұзақтығы 3-5 күн. Бұл тур өзіне экскурсия мен қатар дәстүрлі үш жылқымен және шанамен сырғанау қосады.Тур үлкен кісілер мен қоса мектеп оқушыларына да жасала береді.

29. Іскерлік туризм  дегеніміз?

Соңғы кездегі аса табыст ытуризм түрі болып іскерлі мақсаттағы турлар жатады. Индивидуалды саяхаттар, олар өзіне конференциялық саяхаттар, семинарлар, көрмелер және конгрестерді жатқызады.

Іскерлік турды ұйымдастырудың өз ерекшелігі бар. Яғни қонақ үйдің ыңғайлылығы мен бір адмадық номерлермен қамтамасыз етілуі. Жиналыстар өткізілетін залдардың алдан ала жалға алынуымен қарастырылады. Және іскерлік туризмнің  ең  бір қажетті жағы байлансы қызметтері мен банктік орталықтардың болуы.

30. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру,

Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

  •  Анықталған үлгідегі өтініш
  •  Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін туп нұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі)
  •  Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты
  •  Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі
  •  Жұмыскерлердің біліктілігін, олардың мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсетумен (осы қаулыға қосымшаға сәйкес үлгі бойынша) қызметкерлердің бар болуы және жұмыскерлердің саны туралы құжаттың түпнұсқасы, (немесе) және нұсқаушылардың қызметтерді көрсетуге қо
  •  Туристік бағыттар және троп мемлекеттік тізілімінен үзінділер
  •  Туристік операторлық қызметтер үшін туристерге қызмет көрсету бағдарламасы
  •  Қазақстан Республикасы Үкіметімен Бекітілген типтік шарттарымен сәйкес әзірленген туристік қызмет көрсету шартының үлгілері
  •  Туристік операторлық қызметтер үшін - меншіктің бар болуын растайтын құжат немесе жалданған материалдық база және (немесе) туристік өнімдер кіретін жекелеген туристік қызметтерге берілетін тұлғамен шарттар
  •  Туристік жолдама және туристің жаднамасы
  •  Туристік оператор және туристік агенттарға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің міндетті сақтандыру шарты
  •  Заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарына туристік қызметтерді орнықтыру
  •  Офис үшін меншікті немесе жалға алынған үй-жайдың бар болуы
  •  Туристік білімдерімен жұмыскерлердің бар болуы, соның ішінде гидтар (гидтар-аудармашылар), экскурсия жетекшісі, туризмнің нұсқаушысы, қызметтер көрсетуде туризм нұсқаушысының лицензиясының болуы

31.  Туристік қызметті лицензиялау

Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға – салық органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.

32. Лицензия алуға қажетті құжаттар 

Туроператорлық немесе турагенттік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  •  белгіленген нысандағы өтініш;
  •  заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  •  жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  •  дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  •  өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  •  туристік қызметтің өтініш берілген түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
  •  туроператорлық қызмет үшін - олардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтаманы көрсетіп, білімі мен тәжірибесі туралы құжаттардың көшірмесімен қоса, туризм нұсқаушысы қызметін көрсетуге лицензиясы бар қызметкерлермен, оның ішінде гидтермен (гид-аудармашылармен), экскурсияшылармен, туризм нұсқаушыларымен жасалған жеке еңбек шарттарының көшірмелері;
  •  туроператорлық қызмет үшін - туристік бағыттардың тізілімдері мен схемалары;
  •  туроператорлық қызмет үшін туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
  •  турагенттік қызмет үшін - білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі туралы құжаттардың көшірмесі мен денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамамен қоса, қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шарттарының көшірмелері;
  •  «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
  •  

33. Лицензияны қайта жасау 

Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады.
Лицензия бір данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы өтініш беруі тиіс.

34. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату 

Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:

  •  туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;
  •  лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;
  •  лицензиялық жинақ төленбесе;
  •  өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
  •  өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.

Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:

  •  лицензия қайтарылса;

азаматтың жеке кәіспкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе заңды тұлғаның таралуында.

35. ҚР туризмнің дамуы.

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. 
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет. 
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. 
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып

36. Туристік кәсіорындар.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады. 
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады. 
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. 
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi. 

37. Қазақстан Республикасының визасын алу ережесі туралы 

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағына келу үшін, егер өзге тәртіп ҚР халықаралық шартпен белгіленбеген болса, виза қажет. ҚР визасы төлқұжатқа немесе ҚР танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады және келу үшін жарамды, сонымен бірге ҚР келу және болу, сондай-ақ одан кету немесе ҚР аумағын транзитпен өту үшін жарамды болады.
 1. Қазақстан Республикасының визасын беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімделген халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының Астана қаласында ҚР СІМ консулдық қызметі департаментіне немесе Алматыда КҚД өкілдігіне жазбаша өтінімі болып табылады.

 2. ҚР визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің отырған елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық /консулдық мекемесіне төлқұжатын (немесе халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған визалық сауалнамасымен (осы жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ КҚД визалық қолдау нөмірінің белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп хабарласуы керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну қажеттігін консул орында анықтайды.
 3. Қазақстан Республикасы азаматы - жұбайымен, балаларымен немесе ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтары үшін визалар жоғарыда аталған туыстарының өтінімдері негізінде бір айлық мерзімге, бірақ жыл бойына екіден артық емес (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматтары - ата-анасымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына таратылмайды) рәсімделе алады;
 4. Жақын туыстарының ауырғаны немесе қайтыс болғаны жағдайда дәрігер бекіткен Қазақстан Республикасынан сәйкес халықаралық жеделхат негізінде виза рәсімдеу рұқсат етіледі.
 5. Қазақстан Республикасынан кезінде шыққан - шетел азаматтарына туыстарының жеке өтінімдері (туркомпания араласуынсыз) мен төлқұжаттағы бағана, Қазақстан Республикасында туу туралы куәлігі немесе ҚР жақын туысының жерленгені туралы құжат көшірмесі, немесе Қазақстан азаматтығынан шыққаны туралы анықтама негізінде туған жерін және туыстарының зиратына бару үшін үш айлық мерзімге дейін жеке визалар беріледі алады.

38. ҚР шетелдік мекемелеріне шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін ҚР СІМ визалық қолдауға бағыттау тәртібі туралы ақпарат 

Визалық қолдауды рәсімдеу үшін ҚР СІМ Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарға шақырушы ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне мынадай құжаттарды береді:
1. Белгіленген нысандағы шақыру хат, (№ 1 нысаны бойынша);
2. Консулдық алымдарды (бюджеттік ұйымдар үшін талап етілмейді) және нақты шығындарды төлеу туралы төлем тапсырмасы немесе түбіртегі.
3. ҚР СІМ КҚД үстіміздегі жылы бірінші рет хабарласқан ұйым үстіміздегі жылы нотариалдық расталған жарғы көшірмесін, ҚР ӘМ тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің куәлігінің (туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензияны) көшірмелерін, салықтық қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасын береді, қаладан тыс орналасқан ұйымдар жоғарыда көрсетілген құжаттарды мына мекен-жайға жібереді:

39. Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен консулдық мәселелер бойынша келісімдері 

-  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында ҚР және РФ шекара маңылық аумақтарын тұрғындарының қазақстандық - ресейлік мемлекеттік шекараны өту тәртібі туралы келісім (2006 жылғы 3 қазан).
- Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында Консулдық конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2006 жылғы 04 шілде);
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметі арасында 2003 жылғы 17 қыркүйектегі азаматтардың өзара жол жүруі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасында 2005 жылғы 03 қарашадағы азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы;
- Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың 2000 жылғы 30 қарашадағы өзара визасыз сапар шегуі туралы келісім хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жылғы 25 қараша);
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасында азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісім (2006 жылғы 6-7 қараша).

40.  Қазақстандық виза және төлқұжат туралы ақпарат

Егер сіз осы елге сапар шеккіңіз келсе, төмендегі берілген виза талаптары жайлы ақпаратқа көз салыңыз.

Әзербайжан, Армения*, Беларусия, Қырғызстан, Молдова*, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан және Украина*сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің жане Грузия* азаматтарына Қазақтанға келу үшін кіру визасы қажет емес.

*90 күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады.

Басқа шет елдердің азаматтары Қазақстанға келу үшін кіру визасын алулары қажет.

Кіру визаларының көптеген түрі бар, олар:

Виза

Сипаттамасы

Іскерлік виза

Іскерлік (іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу үшін) мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.

Туристік виза

Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі.

Транзиттік виза

Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі.

Дипломатиялық виза

Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді.

Қызметтік виза

Дипломатиялық қызметші болып саналмайтын халықаралық ұйымдар мен шетел дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының үкімет органдырының шақыруымен іс-сапарға келген шетел азаматтарына беріледі.

Инвесторлық виза

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін және іскерлік жобаларды дамытуды жоспарлаған үлкен шетел компанияларының менеджерлеріне және өкілдеріне – ерекше инвесторларға беріледі.

Жұмыс визасы

Жұмыстық визалар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне байланысты шаралардан басқа, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат пен қосымша құжаттарды тапсырғаннан соң беріледі.

Оқу визасы

Білім мекемелерінің өтініш беру арқылы көші-қон полициясының рұқсатымен беріледі.

Медициналық виза

Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі.

Тұрақты тұру визасы

Заңға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін беріледі.

Кіру визасын алу үшін сіздің төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу күнінен кейін кем дегенде 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс. Рұқсат алған соң,виза төлқұжатқа жапсырылады.

Әр виза алу өтініші шақыру қағазымен расталуы қажет.

41. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар

ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі.

Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.

Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.

42. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар

ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;

3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;

4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады.

43 . Визалардың қолданыс мерзімі

Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық (ДВ), қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) туристік (ТСВ) визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар (ТСВ) 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.

Туристік санатындағы (ТСВ) бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

«Тұрақты тұруға арналған» (ТТВ) бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

 

44. Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері

     Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса ( өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, бәсекелік баға шығару), екінші жағынан, туризм – бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі және халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм сферасында ерекше сипат алады. Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-құлқын зерттейді, өйткені олар туристік өнімдерді өндіреді, бөледі, айырбастайды және тұтынады.

45. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер

     Кеңестік география ғылымында территориялық рекреация жүйенің моделі жасалынған. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында В.С. Преображенский басқарған ғалымдар тобы қарастырып, кейін Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтардың жұмыстарында онан әрі дамытылды. Батыста туризмнің концептуалдық моделін Г. Гуибилато жасаған және оны Г. Ваккерман толықтырған. Осыларға сүйене отырып, туризм жүйесі өзіне екі шағын жүйені енгізеді : «туристік іс-әрекет субъектісі» және «туристік іс-әрекет объектісі».

Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушылар немесе сатып алушылар ролінде болса, туристік қызмет көрсетушілер мен заттар әкелушілер сатушылар ролінде болады. Осылай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне – туристке – жүйеде қарсы тұратын туристік іс-әрекет объектісі – «туристік шаруашылық» болмақ.

Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар және туристік инфрақұрылым; бұларға кіретіндер: туристік мекеме, ұйымдар және кәсіпорын.

Жалпы туристік шаруашылық туристерге қызмет жасайтын басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, «туристік индустрия» жүйесін құрайды.

Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер кіреді:

түнеуге қызмет көрсететін мекемелер ( қонақ үйі, мотель, жеке пәтер, санаторий, туристік база, демалыс үйі);

тамақтану мекемесі ( мейрамхана, кафе, бар, асхана);

көлікпен қызмет көрсететін мекемелер ( автомекеме, темір жол мекемесі, теңіз флоты);

Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар (туристік бюро, туристік фирма, туристік агенттік);

Жарнама-ақпараттық туристік мекемелер (жарнама агенттігі, жолдама тарататын бюро);

Туристік өнеркәсіп мекемесі (туристік сувенирлер шығаратын фабрика, туристік жабдықтар, туристік жиһаз шығаратын мекемелер);

Сауда мекемелері (дүкендер, прокат пункті);

Туризмдегі бос уақыт сферасының мекемесі (кино-концерт залдары, ойын автомат залдары);

әуесқойлық туризм мекемесі( альпенистік, велосипед клубтары);

туризмді басқару органдары (комитеттре, туризм департаменті);

туристік оқу орны

ғылыми-зерттеу және жоспарлау мекемесі (лабораториялар, зерттеу полигондары).

46. Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар

Туристік индустрияның басты құрамы – бұл «туристік мекемелер». Туристік мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп, туристерге қызмет көрсету үшін өндіріс орнын дайындайтын ұйым.

Туристік мекемелер өз қызметтерін ұсынып, халықтың туристік қажеттілігін өтейді.

Туристер негізгі, қосымша және қосалқы қызметтерді тұтынушылар есебінде пайдаланады.

Негізгі қызметтер туристік жолдамаларда келісіммен шектеледі. Ондайларға жататындар: орналастыру, тамақтандыру қызметі.

Қосымша қызметер туризмнің инфрақұрылымы дамыған жағдайда жалпы кірістің 50% атқарады. Олар: негізгі қызметтерге кірмейтін сауықтыру қызметі, медицина қызметі, ойын мекемелері.

Қосалқы қызметтерге жататындар: сувенир өнімдерімен қамтамасыз ету, турстік символикамен, сауда валют-кредит, ақпарат.

Қосымша және қосалқы көрсетілетін қызметтердің арасында айырмашылық жоқ.

Туристік мекемелер «туроператорлар» және «турагенттер» болып жіктеледі. Туроператор дегеніміз бұл да туристік мекеме, өзінің және басқаның қызметерін араластырып өзінің жаңа туристік өнімін жасайды.

Туроператорлардың өнмдері турагенттер арқылы таратылады. Ірі туроператорлардың өзінің тарату желісі – саяхат бюросы болады.

Туризм жүйесінде ең күрделі орын алатын – «туристік ұйымдар». Демек, туристік ұйымдар туристік басқаруларға арналған.

Туристік сұраныстың көбеюі капитал салуды өсіруді және туристік қызметтің мөлшерін көтеруді қажет етеді. Бұл территорияның экономикалық іс-әрекетін жаңартуға әкеледі, кіріс көбейеді. Түскен кірістің бір бөлігі мемлекет қазынасы кеден салымдары арқылы толықтырылынады. Осылай жиналған ақшалар қайтадан жаңа туристік жобаларды қаржыландыруға жіберіледі.

47. Туристік жүйе

Туристік жүйе – оны қоршаған ірі орталармен біре қарастырғанда күрделі құрылым. Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саяси және экологиялық бір бүтін болады. Сыртқы дүние туризм жүйесіне қатты әсерін тигізеді, оның әсері екі түрлі болады: бір жағдайда туристік іс-әрекеттің дамуына мүмкіндік туғызса, басқа бір жағдайда керісінше әсерін тигізіп, тіптен жойылып кету қаупін туғызады. Жойылып кетпей нәтижелі жұмыс істеу үшін туризм жүйесі қоргаған сыртқы өзгерістерге бейімделіп отыру керек.

Туризм еліміздің белгілі бір территориясының халық шаруашылық саласының дамуына оңды түрде әсерін тигізеді, инфрақұрылым құрып, дамуын жылдамдатады, өндіріс күштерін орналастыруға әсерін тигізеді. Туристердің келуі және олардың шығыны ауыл тұрғындарының өмірінің деңгейін көтереді. Туризм территориялық ақша баланс құрылымының кірісі мен шығысына үлкен әсерін тигізеді, оны рекреациялық аудандар өз пайдасына шешеді

48. Туристік шаруашылықтың түсінігі

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайданы адамдар өте ерте заманнан байқады. Солай болса да, тек XIX жүзжылдықтан ғана бастап туризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі әсерін тигізе бастады.Туристерге көресілетін қызметтен түсетін табыстың жоғарылығына байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда XX ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын «туристік индустрия» деп атай бастады. Туристердің қажеттерін өтеу үшін туризм аудандарында бірқатар шаруашылық түрлерін игеруге тура келді.

Туристік шаруашылық дегеніміз әр түрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы және дамуы түристердің келуі және тұруымен байланысты. Бұл шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.

Туристік шаруашылықты тура және жанама түрге бөлуге болады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінсіз іс-әрекетін жоюы ықтимал. Бірінші топқп туристерге ғана қызмет жасайтын мекемелер мен объектілер жатады: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар, арнайы жолдар мен көлік орталықтары және т.б. Олар, атап айтқанда – туристік объектілер. Екінші топқп жататындар -  туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер, бірақ та жартылай немесе анда-санда оларды туристер де пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелері. Бұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникациялық және қосалқы.

49. Тамақтану объектілері.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар тамақты белгілі бір жерде нақты бір уақытта алады. Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті халыққа арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады.

Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі демалушыларға арнайы орындарда белгілі бір уақыттарда тамақтану көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс береді. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы қоғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын ролі өте күрделі. Туристьік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып жіктеледі.

50. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топ

Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі:

1.Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпигтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік тауарлар мен қамтамасыз ететіндер).

2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар).

3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.

Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден, туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.

Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынана бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бөл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі – оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді «өзіме,н алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.

Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:

туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;

туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;

туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтауда пайда болған;

-қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білік деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.

51. Туристік өнім

Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді (8-сурет):

-тур;

-қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;

-тауарлар.

Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.

Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет және 2) маршрутта көрсетілген қызметтер кешені.

Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және маршрутта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу:

трансфер;орналастыру және тамақтандыру;

міндетті түрдегі экскурсиялық және мәдени бағдарламалар.

    Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, туроператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.

Туроператор туризсде маңызды роль атқарады. Өйткені ол әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т.б.) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.

Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.

Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады:

тур – 50 %;

қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30%;

тауарлар – 20%.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрселіетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, ипрокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы керек.

Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі., оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит тауарлар және т.б.

Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен бағалануы мүмкін:

- барлық өндірістің шығынының жинағы есебі;
          - туристердің барлық шығынының жинағы немесе туримнен түскен кіріс есебінде.

Қандай бір әдіспен бағаланса да, сөз туристік индустрияда өндірілетін туристік өнімдердің жалпы табысы жөнінде болып отыр.

Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі; туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т.б.); бір реттік қызмет мен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т.б.). Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да түрлерге жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтер көліктің түріне және комфорттылығына қарай жіктеледі.

Туристік сұраныс және ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды.

Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көлікке шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.

52. Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасының түсінігі.

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Әр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мәнін түсіндіреді. Туристік салада заттар шығарылады және қызметтер көрсетіледі, олар туристердің материалдық және рухани қажетін өтейді. Табиғи-климаттық, мәдени-тарихи және материалдық байлықтарды туризмде өндіріс пен қажеттілікке қолдану арнайы ресурстарды тартумен байланысты. Соның арқасында емделгенде, ойын-сауықта, мәдени жағдайларда, іс қарым-қатынастарда өз қажеттерін өтейді. Мұндай процестерде адамның психологиялық көңіл-күйі көтеріліп, өсе түседі. Психологиялық факторлардан туристік сапа қызметтері құралып жақсарады дегенді аңғаруға болады. Солар арқылы туристерге сапалы қызмет көрсету деген түсінік кеңейіп толықтырыла түседі. Туризмде жоғары сапада қызмет көрсету халықтың саяхатта, туристік орталықтарда, ойын-сауық, әр түрлі мәдени орындарда болғанда шығынын өсіреді. Бұдан да жоғары сапада қызмет көрсету қалтасы қалың клиенттерді тартады, елімізге валютаның түсімін арттырады.

Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар және қызмет) және екі түрлі қатынаспен (материалды және материалды емес) тығыз байланысты

53. Орналастыру ортасының көрсеткіштері

Орналастыру ортасының көрсеткіштері:

-туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пәтерге тез арада орналастыру;

-ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;

-орналастыру ортасында тыныштық сақтау;

-кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету (ақшасыз немесе ақшамен).

Тамақтандыру сферасындағы қызметтің сапасының өлшемдерінің көрсеткіштері:

-берілген тағамдарды көркемдік жағынан көрсету дәрежесі, оның температурасы, дәмділік сапасы;

-кулинарлық азық-түліктің аралас түрлері;

-туристерге жылдам және сыпайы түрде қызмет көрсету;

-тапсырманы орындау жылдамдылығы;

-келушілердің тамақтануы кезіндегі көрсетілетін қызметтің мөлшері және барлық ережелерді қызмет көрсету кезінде сақтау;

-тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дәрежесі;

-қоғамдық тамақтандыру мекемесіндегі мәдени тәртіптерді, міндетті фирмалық киімдерді және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;

-көрсетілген баға бойынша тағамдардың және ішімдік сусындардың құрамы мен салмағын сақтау.

Туристерге ұсынылатын азық-түлік және өнеркәсіп заттарын сататын сауда орнындағы қызметтің сапасының көрсеткіші:

клиенттерге құрметпен қарау, жылдам қызмет көрсету;

сапалы заттарды ғана сату;

гигиенаны сақтап, дүкендерді таза ұстау.

Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Мынадай жағдайларды ескеру керек:

экскурсия жүргізуші туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, көңіл қоюшылық, ескерушілік, сыпайылық көс\рсетуі тиіс;

экскурсия жүргізуші туристік іс-әрекеттің бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бұзуға жол бермеуі керек;

экскурсия жүргізуші экскурсиялық іс-әрекет кезінде жүргізудің жаңа түрі мен әдістерін қолдана білу керек;

экскурсия жүргізуші туристерге көрсетілетін қызметтердің  сапасына бақылау жасап, ол қызметтер қабылданған стандарт пен нормативке сәйкес келуі керек;

экскурсия жүргізуші өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени сабақтары және саяхатымен келісіп жасау керек, оларға қызмет жасаудан қашпау керек.

Туристік кешендегі, объектідегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т.б.) көрсетілетін қызметтің сапасы көбінесе материалдық-техникалық базасының жағдайына байланысты. Бірақ, тәжірибенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық-техникалық базада, ынталы және тәжірибелі қолбасшының арқасында еңбекшіл ұжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көрсете алады. Көрсетілетін қызметтің сапасының әр жақты болуы және оны өлшеудің қиындығына қарай басқару органдары сапаны балл мен бағалауды ұсынады. Әрбір көрсеткіш және әрбір іс-әрекет бойынша сапаны бақылайтын комиссия балл санын анықтап, шешуі керек.

54. Туризм және интернет

Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңында құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW), Интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.

Интернет ақпараттар сақтайтын ең ірі қойма секілді ол кең ауқымды қызықтырып, өзіне тартатын асазор электронды супермаркет. Оның әлемді өзіне бағындыру жылдамдығына таңданасың. 50млн адам аудиториясын жеңіп алу үшін радио 38 жыл қажет етті, ал Интернетке – барлығы 4-ақ жыл. Пайдаланушылар саны ай сайын 15% өсуде. Егер де автомобиль өндірісі осындай жылдамдықпен дамығанда, технология индустрисы ретінде, онда ең қымбат және сәнді автомобильдің құны 2 АҚШ доллары болар еді, ол дыбыстың жылдамдығындай жылдамдықпен жүрер еді және оның бір құйған жанармайы 600 мильге жетер еді.

55. Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім

Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім.

Дүниежүзілік ақпараттық торда туризм индустриясы толық көрсетілген. Ірі-ірі компаниялар Интернетті жақсы түсініп қабылдады және оның желілеріне үйренді. Олар өздерінің жеке сайттарын ашты (Web-сайты).

2) Жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FITUR). FITUR – бұл Испандық және Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл «Еуропа мен Америка арасындағы көпір»;

3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік көрме (WORLD TRAVEL MARKET, WTM).

Америкада іскерлік ағымдар АҚШ-қа ұмтылады; Оңтүстік-шығыс Азияда – Сингапурде, Жапонияға, Тайваньға, Гонконгке, Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуі мен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко және Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында дамыған. Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өніретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған.

Туристік ағымдарға елеулі әсерін діни мотивациямен сапарға барушылар тигізеді. Діни туризмнің тарихының тамырлары бірнеше ғасырларға кетеді. Ежелгі римдіктер мен гректер храмдарға жиі барып тұрды. Орта ғасыр дәуірінде құдайға табыну жалпылама сипаттама алады. XIX ғасырда қасиетті жерлерге саяхат ұйымдасқан түрге көшеді. Қазіргі шақта жыл сайын 200 млн-нан асьам адам қасиетті жерлерге барып, құдайға құлшылық жасап қайтады, оның ішінде 150 миллион – христиандар, 20-30 млн – үнділер, 40 млн – мұсылмандар, буддистер.

56. ҚР туризмнің дамуы

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. 
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет. 
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. 

57. Туристік кәсіорындар

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. 
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады. 
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады. 
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. 
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi. 


58. Транспорттық қызмет көрсету

Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

      Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

     Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

    Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.

      Б.э.д. ХХVІІ ғасырда мысырлықтар ливандық жаңғақтан ұзындығы 50 метр үлкен кеме тұрғызып, онымен Жерорта теңізі арқылы тасымалдаулар жасады және әскери мақсатта да жорықтарға шыққан. Бұл теңіз жорықтары туралы құжаттанған мәліметтер – теңізде жүзу тарихындағы бізге белгілі алғашқы ақпарттар болып табылады. Ежелгі жүзушілер б.э.д. 3000 жылдары Парсы шығанағы және Араб түбегінің жағалауларын ашып, бағындырған болатын, ол жерлерде иемденген теңіз сауда жолдары салынған. Инд өзені және Суэц шығанағына дейінгі жағалаулар б.э.д. 517 жылы грек Силак Кариадскиймен зерттелген болатын.

59. Тараптардың жауапкершілік деңгейі

Кедендік құжаттар бір қарағанда, кеден ісіне жауап бермейтіндіктен және туристерге кеденнен өту үшін ешқандай арнайы құжат дайындамайтындықтан турфирмаға қатысы жоқ деуге болады. Бірақ, кедендік бақылаудан өту туристің көңіл-күйіне әсер ететін және кейбір жағдайларда саяхат жасауына мүмкіндік беретін маңызды процедура. Мысалы, дұрыс толтырылмаған кедендік құжат немесе алып кіруге немесе шығуға тыйым салынған демалысқа алынған заттар туристі кеденде ұстап қалуына, ұшаққа кешігуіне әкеп соқтырады.

Мұндай жағдайлар орын алмас үшін, турфирманың менеджері туристке алдын-ала ақпарат беруі тиіс, яғни ҚР-сы және туристті қабылдаушы елдердің алып кіруге және алып шығуға рұқсат еткен заттардың тәртібі туралы айтуға міндетті.

Аталған құжаттарды детальды зерттеу мүмкін емесі анық. Бірақ Қазақстан мен қабылдаушы (жіберуші) тараптардың негізгі құжаттарын білуі қажет. Шетел мемлекеттерінің ережелерін ресми туристік немесе консулдық сайттардан білуге болады. Алып кіруге немесе шығуға рұқсат етілген тауарлар туралы маңызды ақпаратты ірі туроператорлар интернеттерге орналастырады.

Нұсқау-құқықтық және ұйымдастырушылық кедендік рәсімдеудің өндіріс негіздерін және ҚР-ның кедендік органдары қызметкерлерінің кедендік бақылауды жүргізуін нақтылайды.

Нұсқау спецификалық терминдер мен жағдайларға толы жеткілікті көлемдегі құжат болғандықтан және тікелей кедендік өндірістің ұйымдық жақтарына қатысты болғандықтан, оның негізгі бөлімінің тығыз мазмұнын айтып өту маңызды:

60. Нормативті құжаттар

Кедендік бақылау тауарлар мен транспорттық құралдарды шығару кезінде тоқтатылады, егер басқа да жағдайлар ҚР ТК қарастырылмаса.

  •  ҚР кедендік шекарасынан шығарылатын тауарлар мен транспорттық құралдарды шығаруда, кедендік бақылау ҚР кедендік шекарасымен қиылысқан жерде бітеді;
  •  Кедендік бақылау жүргізетін кедендік органның қызметкері мыналарға құқылы:
  •  ҚР арқылы өтетін тауарлар туралы физикалық тұлғалардан ауызша жауап-сұрақ алуға;
  •  Кедендік құжаттарға арызданған мәліметтерді тексеруге;
  •  Қажет болған жағдайда кедендік бақылауға және кедендік рәсімдеуге қажетті басқа да құжаттарды немесе мәліметтерді талап етуге және тексеруге;
  •  Кедендік бақылауды ҚР ТК және ҚР кедендік ісіне қатысты, яғни ҚР заң әрекеттеріне қарсы келмейтін формада тексеру:
  •  Кедендік бақылау кезінде физикалық тұлғаның денсаулығына және өміріне, жануарға, өсімдікке және тауарға қауіпсіз техникалық құралдарды қолдануға;
  •  Қызметтік міндеттерін орындауы үшін бекітілген тәртіпке сәйкес ақпараттар мен материалдарды алуға;
  •  Нақты жағдайларда физикалық күш пен арнайы құралдарды, сондай-ақ  қару қолдануға.

2 бөлім. ҚР-ның кедендік шекарасы арқылы физикалық тұлғалардың тауарын құжаттау тәртібі.

Бұл бөлім үлкен қызығушылықты таныстырады, себебі онда кедендік құжаттарды толтырудың нақты нұсқалары берілген. Бөлімде, жекелей алғанда, тауарларды құжаттау кезінде декларант міндетті:

  •  Тауарларды ҚР ТК  және қазіргі нұсқауы қарастырған тәртіп бойынша құжаттаудан өткізу;
  •  Кедендік органдардың талап етуі бойынша құжатталған тауарларды көрсету;
  •  Кедендік органдарға кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен  мәліметтерді көрсету;
  •  Кедендік төлемдерді төлеу;
  •  Кедендік рәсімдеу өндірісінде кедендік органдарға көмектесу;

ҚР-ның кедендік шекарасы арқылы өтетін физикалық тұлғалардың тауарын құжаттау тәртібі конклюдентті формада жүргізіледі.

ҚР-ның кедендік шекарасы арқылы өтетін физикалық тұлғаларға қатысты жазбаша формадағы міндетті құжаттауларға мыналар жатады:

а) ҚР-нан сыртқа шығатындар:

- ҚР бекіткен ҚР валютасы 500 (бесжүз) енбекақының мөлшерінен асса;

- шетел валютасы. Оның нақты мөлшері әрқашан өзгеріп тұрады. Соңғы мәліметтер бойынша, сыртқа шығарылған 3000 (үш мың) АҚШ доллары құжаттауға жатпайды. 3000 нан 10 000 долларға дейінгі эквивалент құжатталуы тиіс. Сыртқа шығарылып жатқан шетел валютасының ҚР-на бұрын аударылғаны, кіргізілгені немесе жіберілгені туралы құжаттарды таныстырудың қажеті жоқ.

 б) ҚР-на сырттан әкелу

- ҚР бекіткен ҚР валютасы 500 (бесжүз) енбекақының мөлшерінен асса;

- Шетел валютасы 10 000 (он мың) АҚШ доларынан эквивалентінен асса;

-Төменде қарастырылған кедендік құжаттың сәйкес пункттерінде қарастырылған бағалы қағаздар және т.б.

Жазбаша формадағы құжаттау түрінде кедендік құжаттың бланкілері қолданылады.

Кедендік құжат декларанттың қолымен 1 данада толтырылады және тасымалданатын тауардың кедендік рәсімдеуін жүзеге асыратын кедендік органға беріледі.

Тауарларды кедендік құжаттаудан өткізгеннен соң, рәсімделген құжат кедендік орган істерінде қалып, сол жерде сақталады.

Мына жағдайларды қоспағанда, кедендік декларация декларантқа қайтарылып беріледі:

  •  Уақытша сыртқа шығарылатын (әкелінетін) тауарларды қайта сыртқа шығарылуы (әкелу) расталған уақытша сыртқа шығарылатын (әкелінетін) тауарлар саны болса;
  •  Физикалық тұлғаның арызы бойынша ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін багаж саны;

Декларанттың қалауы бойынша құжат 2 данада берілуі мүмкін.

61. Кедендік құжаттардың нұсқаулары

Декларация кедендік органдармен жоғалған болса, қалпына келтірілмейді, оның көшірмелері берілмейді. Кедендік органға тапсырылған сәттен бастап, декларация қабылданған болып есептеледі. Декларацияны қабылдау «қызметтік белгілер үшін» графасына декларацияны қабылдаған және тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асырған кедендік органның қызметтік тұлғасының жеке нөмірлік мөрін қоюымен рәсімделеді. Декларацияны қабылдауды рәсімдегеннен бастап, ол заңдық маңызы бар факторлар туралы дәлелі бар құжатқа айналады. Кедендік орган декларацияны қабылдаудан бас тартуына құқығы жоқ. Декларацияда көрсетілген мәліметтер кедендік органның рұқсатымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ал берілген декларация қайта алынып тасталынуы мүмкін. Декларациядағы толықтырулар мен өзгертулер немесе оның алынып тасталынуы тек декларацияны тексеруге дейін ғана жүзеге асырылады; тауарлар мен транспорттық құралдарды тексеруді бастау; көрсетілген мәліметтердің жеткіліксіздігін кедендік органдардың бекітуі.

Кедендік органдардың қызметтік тұлғалары өз еркімен, тапсырмамен немесе өтінішпен декларацияны толтыруға, онда көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.

Декларацияда декларант сәйкес квадраттарды сызу (сәйкес квадраттарды сызу мақұлдауды, ал сызбау – келіспегенді білдіреді) жолымен көрсетуі керек, егер келесі мәліметтер қарастырылмаған болса:

а) квадраттағы «кіру», «шығу» және «транзит» - тауарларды алып өтетін тұлғаның Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін бағыты; тауарларды транзит арқылы алып өту кезінде декларант қозғалудың бағытын да көрсетеді, яғни «транзит» квадратынан бөлек, «кіру» немесе «шығу» квадратын да сызады;

в) 2.1. пунктінде – физикалық тұлғадағы алып жүрген жүгінің болуы немесе жоқтығы; 2.2. пунктінің графикасына сәйкес жүк бар болса, мүліктері бар орын көлемі санмен көрсетіледі. Бұл мәліметтер кедендік органның тұлғаларымен мұндай мүліктерді алып өту туралы ескертпе ретінде қарастырылады. Мұндай мүлікті жариялау көрсетілген жүкті алу бойынша бекітілген ретке сәйкес жүзеге асырылады. Жүктің құрамында тауар ретінде транспорттық құралдың болуы кезінде декларант ол туралы мәліметтерді 4.2. пунктінде көрсетеді;

62. Туризм классификациясы

Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады:

1. Мақсатына қарай;

2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;

3. Қозғалу түрі бойынша;

4. Орналасу жолына байланысты;

5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т.б.

Бірақ, шешуші рольді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен классификациядан айырмашылығы – туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:

1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;

2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке талғамы, материалдық жағдайы;

3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;

4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т.б.

Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді  жіктеуге, түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:

1) емдеу;

2) спорттық – сауықтыру;

3) танымдық.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттың және сауықтырудың маңызы зор. Онсыз жұмыс істейтін адамның қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру мүмкін емес.

Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:

1. Ішкі (ұлттық);

2. Халықаралық (шетелдік).

Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.

Халықаралық туризм — өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.

Шетелдік туризм – шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі.

63.Халықаралық туризм түсінігі

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шыныда да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристтік инфрақұрылымының базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристтік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндік тұғызады

64.Туризм түрлері

Туризм түрі жағынан әр түрлібелгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм:

1) ұйымдастырылған (жоспарлы);

2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық);

3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.

Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат – ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы — әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристтер туристтік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.

Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе жанұяның (5 адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың  тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.

Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық – сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалысмта болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.

Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т.б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристтік кешендерде кең тараған.

Су астындағы аңдарды сүретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сүрет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмнің ішіндегі ең қымбат түрі – аң аулау туризмі.

65.Экологиялық туризм

Экологиялық туризм (экотуризм) – жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер:

-  экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;

- туризм индусриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

-  басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;

-   экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;

-  бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежежде болуы.

Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристтік ағымдарды әртүрлі мақсаттармен қамти береді.

66. Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері

Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:

1.      турист пен оның мүлкін сақтандыру;

2.      туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;

3.      шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;

4.      шетелдік туристерді сақтандыру;

5.      азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

6.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

7.      қауіпті жағдайларда  туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.

Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес  сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:

1.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

2.      көліктік сапарларды сақтандыру.

67. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. 
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет. 
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. 
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. 
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге;

68. Кеден бақылауының ұғымы, әдістері және түрлері

Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады. Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді. Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі. Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады. Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді. Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.

69. Кеден бақылауың жүргізу және оның нысандары

Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.

Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.

Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.

Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.

70. Кеден бакылауының белгілі бір нысандарынан босату

Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық) қабылданды.

Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі. Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді. Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты. "Арнайы экономпкалық аймақ туралы" жарлық арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймақты режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді.

71. Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты

Сыртқы экономикалык кызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы Қазақстанда Үкіметтің біраз қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы (мысалы, 1996 жылгы 12 кашардағы № 298 каулы) экспорт пен импорпык стратегиялык маңызды өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.

Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді. 1995 жылы Кеден комитеті «Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы» нұсқауды бекітті. Кеден дскларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап зандық құжат болып табылады. Кеден органының кеден декларацясын қабылдаудан бас тартуға қүқығы жоқ деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады ("Қазакстаи Республикасында кеден ісі туралы" заң күші бар Президент Жарлығыныц 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң). Сонымен бірге жеткіліксіз мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша немесе толық емес декларация беруге рүқсат етілген

72. Тауарлардың шыққан елін растау

"тауардың шығарылған елi" - тауар толық өндiрiлген немесе осы Ережеде белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеуге ұшыраған ел, бұл ретте, егер оларды тауардың шығарылған елiн айқындау мақсаттары үшiн болу қажеттiлiгi бар болса, тауардың шығарылған елi деп елдердiң топтары, не елдердiң кедендiк одақтары, не елдiң өңiрi немесе бөлiгi түсiнiлуi мүмкiн;

"үшiншi елдер" - әкелу елiнiң ұлттық преференциялар жүйесiн пайдаланушы болып табылмайтын елдер, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнде олармен тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың өзге ережелерiн қамтитын еркiн сауда аймағын құру туралы халықаралық шарттары және еркiн сауда туралы шарттары жоқ елдер;

"жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемi" - оған сәйкес тауар, егер оны өндiруге екi немесе одан да көп ел қатысатын болса, тауарға өзiне тән қасиеттердi беру үшiн жеткiлiктi соңғы елеулi қайта өңдеуге ұшыраған елден шығарылған болып саналатын тауарлардың шығарылған елiн айқындау қағидаттарының бiрi;

"тауар" - кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн кез келген жылжымалы мүлiк, оның iшiнде жылу, электр және энергияның өзге де түрлерi мен көлiк құралдары (жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдары үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарын қоспағанда);

"тауар номенклатурасы" - Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН);

"қосылған құн" - франко-зауыт тауарының бағасы мен оны өндiру үшiн пайдаланылатын импорттық шикiзаттар мен материалдар құнының арасындағы айырма;

73. Тарифтік женілдіктер

Тауардың шығарылған елiн растау үшiн кеден органы тауардың шығарылуы туралы декларацияны, ал Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификаттың (бұдан әрi - сертификат) ұсынылуын талап етуге құқылы. Әдетте, бiр немесе бiрнеше көлiк құралымен бiр жүк алушыдан және сол бiр жүктi жөнелтушiге жүзеге асырылатын тауардың әрбiр жекелеген жеткiзiлiмiне сертификат ресiмделедi. Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушы, сатушы немесе экспорттаушы тауарлардың әкетiлуiне байланысты, тауарға қатысы бар қандай да бip құжатта еркiн нысанда тауардың шығарылған елi туралы жасаған мәлiмдемесiн бiлдiредi. Мұндай құжаттарға: тауар көлiк құжаттары (темiр жол, автокөлiк және әуе жүк-құжаттары, коносамент); шот-фактура (инвойс), шот - проформа (инвойс - проформа); орау парақтары, түсiру ерекшелiктерi, сертификаттар (сәйкестiк, сапа, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқалар) жатады. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтер өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шығарылған елi қолданылатын өлшемдерге сай белгiленедi.

74. Тарифтік артықшылықтар

Тауардың шығарылуын растайтын құжаттар және/немесе мәлiметтер табыс етiлгенге дейiн тауар сол тиiстi елде шығарылған болып есептелмейдi. Сертификатты немесе тауардың шығарылуы туралы мәлiметтердi табыс етпеу кеден органдарына оны ұстау үшiн негiздеме болып табылмайды.

Шыққан тегi анықталмаған тауарларға Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес әкелу баждарының ставкалары қолданылады. Осы тауарларға қатысты кеден органы кедендiк декларацияны қабылдаған күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн сол тауарлардың шығарылған елiн растауды алған жағдайда ұлттың ең қолайлы режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары тауар осы мемлекет үшiн қолданылатын халықаралық келiсiмдерге және/немесе оның заңнамасына сәйкес тауарлары әкелу елiне өткiзуге жатпайтын елден шығарылған деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде ғана тауарды өткiзуден бас тартуы мүмкін. Шыққан елiн растауды ұсыну талап етiлмейтiн жағдайлар Егер: Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына әкелiнетiн тауарлар кеден органы тауарларын Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiне әкелуге немесе осы мемлекеттiң халықаралық шарттарына немесе заңнамасына сәйкес оның аумағы арқылы транзитiн тыйым салынған ел тауарлардың шығарылған елi болып табылатындығының белгiлерiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, халықаралық кедендiк транзит кедендiк режимiне немесе кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босата отырып уақытша әкелу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнетiн болса; егер бiр жөнелтушi бiр уақытта бiр алушының мекен-жайына жөнелткен, кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың жалпы кедендiк құны Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген сомадан аспайтын болса; егер жеке тұлғалар тауарларды жеке және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттар үшiн кедендiк шекара арқылы өткiзетiн болса; Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық шарттарында және/немесе заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда шыққан тегiн растауды ұсыну талап етiлмейді. Шығарылған елiн айқындау ережесi Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық және сауда қызметi жағдайындағы өзгерiстер аясында олардың баламалық дәрежесiн айқындау мақсатында кемiнде үш жылда бiр рет қайта қаралуға тиiс.

75. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай-күйі

Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарттары бiздiң д.д. үшiншi мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсiздiк алғанға дейiн туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелдi. Туристiк қызметтегi КСРО-ның негiзгi аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңiрi, Ресейдiң, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бiрге, Қазақстанның бiрқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткiштерi мен табиғи көрнектi жерлерiнiң тарихи мәнiне іс жүзiнде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестiк кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметтi атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесi элементтерiнiң бiрi болып саналды және оның басым рөлiне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулi экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндiрiсiнiң дамымай қалуының бiр себебi экономика саласы ретiнде онымен мемлекеттiк деңгейде тiкелей айналыспады. Туризмдi аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттiк емес туристiк құрылымдарды кешендi болжауға, ұзақ мерзiмді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлiгi жергіліктi бюджетке түсетiндiгiне қарамастан, жергiлiктi басқару органдарының тарапынан туристiк қызметтi басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеушi фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздiк алғаннан кейін туристiк қызметтi реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшiн негiз қаланды

76. Қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi

Халық шаруашылығының саласы ретiнде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиiс өнiм шығарады. Осыған қатысты шетелдiк тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған iшкi рыноктың ара жiгiн ажырата бiлу қажет.

Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестiкте орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұдан әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.

ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау мен қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде, қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады: Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлi) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Көрсетiлген басымдықтарға сәйкес бiрiншi кезекте игерiлетiн мынадай аудандар мен тiрек орталықтары анықталды:

1. Іле (Алматы қ., Түрген с., Есiк қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).

2. Солтүстiк Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).

3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелi қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).

4. Балқаш (Балқаш көлi, Балқаш өңiрi с.).

5. Солтүстiк Жоңғар (Достық с., Алакөл көлiнiң маңы, Лепсi с., Лепсi өзенiнің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).

77. Туризмдi дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

Туризмдi дамытудың мақсаты:

сапасы, халықаралық туристiк рынок жағдайында өндiруге, сатуға және бәсекелестiкке төтеп беретiн өнiм өндiруге және сатуға қабілеттi, рентабельдi туризм индустриясын құру жолымен туризмдi экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;

республиканың туристiк әлеуетiн арттыру;

тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;

халықтың барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;

тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;

мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;

шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады.

Республикада саланы дамыту мынадай қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

әрбiр адамның демалу және бос уақытын өткiзуге деген құқығын iске асыруы;

халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастықтың iзгілiк сипатын, бейбiтшiлiк пен сыйластық, нәсiлiне, жынысына, тiлi мен дiнiне қарамастан, адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын сақтау;

әдiлеттiлiк пен егемендiк, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйесiне қарамастан, мемлекеттердiң iшкi ісiне қол сұқпау;

қоршаған ортаға және мәдени игiлiктерге ұқыпты қарау;

әлеуметтiк тепе-теңдiк пен даму, жеке адам мен қоғамның игiлiгiн арттыру;

туризмдi тұрақты дамыту.

Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты жандандыру;

туристiк қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру;

туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн одан әрi дамыту;

78. Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуiр дәрежеде осы салада жұмыс iстейтiн кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет - туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиімдi туристiк салаға сәйкес кадрлар әлеуетiн қалыптастыру үшiн:

жаңа буындағы "Туризм" мамандығы бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк стандартын әзiрлеу;

туристiк кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристiк қызметтiң әртүрлi қажеттiлiгi мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

мамандарды оқытуда олардың отандық туристiк ресурстарды игеруiне, оларды пайдалану әдiстерiне, жаңа ақпараттық технологияларды бiлуіне, тiлдiк дайындауға негiзiнен иек арту;

орта арнаулы оқу орындарында бiрiншi деңгейдегi туристiк қызметшiлердi даярлауды ұйымдастыру;

жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында туристiк сыныптар, секциялар мен үйiрмелер құруға көмектесу;

бұдан бұрын таратылған балалар мен жасөспiрiмдер туризмiнiң республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтiру;

Ұлы Жiбек жолының (1700 км) қазақстандық учаскесiндегi туристiк-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазiргi заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетiгi мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесiн құрмайынша мүмкiн болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушiлер үшiн әлi күнге игерiлмеген "тың" күйінде қалып отыр.

79. Тасымалдау түсінігі

Жолаушыларды, соның ішінде туристерді тасымалдау – әртүрлі транспорт түрлерімен жүзеге асырылады: әуе, жер, су транспорттары (оның ішіндегі круиз). Транспорттың әртүрлі түрлерінің кең таралуы, сұранысы – сол елдің географиялық орналасуына және елдің климаттық жағдайына, экономикалық дамуына, ұлттық дәстүрлеріне, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өмірлік деңгейіне және т.б. факторларға байланысты болады.  

      Әрбір транспорттың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Соның ішінде круиздік кемелердегі көрсетілетін қызметтердің де өзінше ерекшеліктері бар. Бірақ, кез-келген транспорттық жүйенің түрлері бір мақсатты көзейді – ол саяхатшылардың қажеттіліктерін барынша толықтай қанағаттандыру. Осыған байланысты транспорттың көрсететін қызметтері – туристердің жүктерін бір жерден екінші жерге максимальді деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ете отырып, жылдам жеткізу.

    Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

      Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

     Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

80. Туристерді тасмымалдау саласының дамуы

Жолаушыларды, соның ішінде туристерді тасымалдау – әртүрлі транспорт түрлерімен жүзеге асырылады: әуе, жер, су транспорттары (оның ішіндегі круиз). Транспорттың әртүрлі түрлерінің кең таралуы, сұранысы – сол елдің географиялық орналасуына және елдің климаттық жағдайына, экономикалық дамуына, ұлттық дәстүрлеріне, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өмірлік деңгейіне және т.б. факторларға байланысты болады.  

      Әрбір транспорттың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Соның ішінде круиздік кемелердегі көрсетілетін қызметтердің де өзінше ерекшеліктері бар. Бірақ, кез-келген транспорттық жүйенің түрлері бір мақсатты көзейді – ол саяхатшылардың қажеттіліктерін барынша толықтай қанағаттандыру. Осыған байланысты транспорттың көрсететін қызметтері – туристердің жүктерін бір жерден екінші жерге максимальді деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ете отырып, жылдам жеткізу.

    Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

      Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

     Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

    Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.

81. Халықаралық туристік тасымалдаулар

    Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.

      Б.э.д. ХХVІІ ғасырда мысырлықтар ливандық жаңғақтан ұзындығы 50 метр үлкен кеме тұрғызып, онымен Жерорта теңізі арқылы тасымалдаулар жасады және әскери мақсатта да жорықтарға шыққан. Бұл теңіз жорықтары туралы құжаттанған мәліметтер – теңізде жүзу тарихындағы бізге белгілі алғашқы ақпарттар болып табылады. Ежелгі жүзушілер б.э.д. 3000 жылдары Парсы шығанағы және Араб түбегінің жағалауларын ашып, бағындырған болатын, ол жерлерде иемденген теңіз сауда жолдары салынған. Инд өзені және Суэц шығанағына дейінгі жағалаулар б.э.д. 517 жылы грек Силак Кариадскиймен зерттелген болатын.

82. Туристік  кәсіпорындар  түсініктемесі

     Туристік  салада  әр түрлі  туристік  мекемелер  жұмыс  істейді.  Бірі  тұтынушы  клиентке  бірыңғай  тур  қызмет  көрсететін  болса,  ал  басқалар  үшін  туризм – ол  комерциялық  іс-әрекетке   бағытталғандардың  бірі.   Тек  туризм  есебіндегі  мекемелер  алғашқы  (первичный)  қызмет  саласындағы  туристік  мекемелер  деп  аталады.

Ал  тек  туристік  іс-әрекеттен   ғана  емес  пайда  табатын  мекемелер  екіншілік  қызмет  көрсету  саласындағы  мекемелер  деп  аталады.  Сонымен  алғашқы  қызмет  оның  негізін  құрайтын   бірыңғай  туризмге  қызмет  ететін  мекеме,  ал  екіншісі  тек  туристік  сұраныстың  кейбір  бөліктерін  ғана  қанағаттандырады,   туризм  олар  үшін – көптеген  осы  қызметті  тұтынушылардың  бірі  ғана  және  ол   қызметті  туристерден  басқалар  қолдана  алады.

Мынаны  есте  сақтаған  жөн.   Кейбір  мекемелер  орындайтын  функциясына   байланысты   бір  уақытта  1 категорияға  немесе  басқа  категорияға   жатады.  Мыс:    туристік  қонақ үй  мен    тур  бюро  барлық  уақытта   тек  алғашқы  қызметті   ұсынады,  ал  санатория  немесе   демалыс  үйіндегі  (дом  отдых)  кафе,  ресторандар – алғашқы  қызметті  мекемелер,  сондай-ақ  қаладағы  ресторан,  кафе  туристік  функцияның  екінші  қызметін  ұсынса  да  ол  туристік  мекемеге   қатысты  болып  табылмайды.

83. Алғашқы  қызметтегі  туристік  мекемелер

Туроператор мен  тур  делдал.

Туроператор - өзіндік  және  басқада  қызметті  үйлестіріп  жаңа  тур    өнімді  жасап  шығаратын тур  мекеме. Ол тур  өнім  паушалды (комплексті)  тур  деп аталады.  Туроператор  комплекстік   турды  клиентке   өз  атынан  және  өз  тәуекелімен  ұсынады.  Паушалды  тур – бірнеше   қызметтен   тұратын  пакет,   яғни  комплекстік  тур  негізгі  қызметпен   қоса  қосымша,  жанама (сопутствующий)  қызметтерді  қамтиды.   Туроператор   оны  әлі  тұтынушысын  білмей,  алдын-ала  құрады.   Туроператор  пакетке  көбіне  әр  түрлі   мекемелермен  өндіретін (қызметті  орындаушылар),   бір – бірін  толықтыратын   қызметтерді  жинайды.   Ол  қосылыстардың  нәтижесі – жаңа  тур  өнімді  алуға  мүмкіндік  туады.  Бұл  тур  өнімге  өтімі  және  кеңесі   бойынша   тур  делдалдық  қызмет  кіреді.  

     Туристік  нарықта  жұмыс  істейтін  барлық  туроператорларды былай  классификациялауға  болады:  олардың  көлеміне,  іс-әрекет  аймағына,  бағдарламаның  жалпақтығы мен  тереңдігіне  және  экономикалық   мақсатына.  

      Көлемі  бойынша   ірі,  орта,  ұсақ  туроператорлар  болып    айрықшаланады.   Ірі  топқа – оның  қызметін  жылына   100 мың  адам  қолданатын  және  айналымдағы  қаржысы  35 млн  долларды  құрайтын   қаражатты  туроператорды  жатқызуға  болады.   Орта  топқа – жылына  30 мыңнан  100 мың   клиенттерді  қамтитын  туроператорды  жатқызуға  болады.   Ұсақ  туроператор  категориясына - әр түрлі  типтегі  мекемелер  жатады. Олар:   саяхатты  ұйымдастырумен  айналысатын  жастар  немесе   жорық  туризміне   мамандандырылған  және   туристік  топты   тасымалдайтын  автобустық  мекемелер.  

84. Туристік   кәсіпорын іс-әрекетінің  басты  және  жанама  түрлері

Басты  іс-әрекет  түріне:

  •  орналастыру
  •  тамақтандыру
  •  транспорттық  қызмет
  •  экскурсиялық  қызмет

Қосымша  қызмет  жалпы  туризмнен  түсетін  50 % - ды  алатын  кең  спектрге  ие.  Олар:

    -   басты  қызмет  есебіне  кірмейтін   қосымша  экскурсия  

    -   шынығу  қызметі

    -   мәдени  ойын – сауық  және  әртүрлі  ойын – шаралары

Жанама  қызметке:

  •  туристік  символика,  сувенирлік  өніммен  қамтамасыз  ететін  
  •  сауда, кредиттік – валюта,  ақпараттық,  конгрестік   т.б. қызметтер
  •  арнайы  байланыс  қызмет  түрлері.

85. Кәсіпорынды есепке тұрғызу

Уставты қордың 50 пайызын төлегеннен кейін және тіркеу жөнінде куәлікті алғаннан кейін келесі ведомстволарда кәсіпорынды есепке тұрғызу процедуралары жүргізіледі:

- салық инспекциясына;

- статистика органында;

- зейнетақы қорына;

- медициналық сақтандыру қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын міндетті түрде бекітілген тәртіппен 10 күн ішінде өзінің орналасуы бойынша салық инспекциясына салық есебіне тұрады.

Шетел инвестицияларының қатысуынсыз кәсіпорын үшін салық инспекциясына есепке тұруы үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

А) мемлекеттік реестрге қосылуы және есепке алған картаны (3 дана);

Б) тігілген және бекітілген тәртіппен куәландырылған, тіркелген құрушылық құжаттар көшірмесін және т.б. құжаттарды:

- қабылданған тәртіп бойынша куәландырылған тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- устав көшірмесі (қабылданған тәртіппен куәландырылған);

- құрушылық келісім шарт көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- құрушылар жиналысының хаттама көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- антимонополиялық комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүлікпен басқару бойынша комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі.

Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындар сонымен бірге мына құжаттарды ұсынады:

- бірлесіп кәсіпорын құруға қатысушының әр қайсысы үшін құрушылық құжаттар көшірмесі;

- шетел инвесторы қызмет көрсететін банкпен берілген оның ақша төлеу қабілеттілік туралы құжаты;

- шетел инвесторының пайда болу мемлекетінің сауда реестрінен көшірмесі, оның орналасуы, азаматтығы немесе тұрғылықты жері.

Салық инспекциясы 5 күн мерзімінде:

- картаның дұрыс толтырылуын тексереді;

- ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын;

- есепке тұрғызуды орындайды;

- мемлекеттік реестрде нөмірді береді;

- есепке алу және мемлекеттік реестрге қосылуы жөнінде хабарламалық хатты береді;

- тіркелген картаның бір данасын береді;

- салық түрлері мен төлеу тәртібі жөнінде ескертпелер береді.

Осындай процедура есепке тұрғызуда құрушылық құжаттар көшірмесі, тіркеу куәлігінің куәландырылған көшірмесі, салық инспекциясына есепке тұруы картасы ұсынылады.

86. Туристік фирманы лицензиялау

Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат.

Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады.

87. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау

Өнімді немесе қызметті сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға олардың сәйкестігін растайтын әрекет.

Сертификаттау мына мақсаттармен өткізіледі:

- ҚР-ның бірыңғай тауар нарығында кәсіпорынның, ұйымның және мекемелер мен кәсіпкерлер қызметі үшін жағдай туғызу;

- тұтынушыны тауар мен қызмет өндірушілердің адалсыздығынан қорғау;

- өмір, денсаулық, кәсіпорын мен мүлікті қорғау үшін өнім мен қызметтің қауіпсіздігін бақылау;

- өндірушімен жазылған өнімнің сапасының көрсеткіштерінің расталуы.

Осыған байланысты нормативті құжаттарды азаматтар, сонымен қатар, туристтер денсаулығына патенциалды қауіпті тауар, жұмыс пен қызметті міндетті сертификаттауды қарастырады.

Осы облыс бойынша жұмыстарды стандарттау, метрология пен сертификаттау бойынша ҚР-ның комитетімен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен сәйкес сертификаттау органымен кәсіпорынға беріледі:

- сәйкестік сертификатты – бекітілген талаптарға берілген өнім немесе қызметтің сәйкестігін растайтын құжат;

- бекітілген тәртіппен тіркелген сәйкестік белгісі.

Сертификаттау міндетті және ерікті болады. Міндетті сертификаттау ҚР-ның заңнамалық актілерімен алдын қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Міндетті және ерікті сертификаттау бойынша жұмыстардың төлемі өтінушілермен әске асырылады, ал, қаражаттың өздері өнім, жұмыс, төлемі өтінушілермен іске асырылады.

88. Қызметкерлерді басқару ұғымы

Қызметкерлер – кәсіп немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері (аурухананың техникалық қызметкерлері, дәрігерлік қызметкерлері, қызмет\күтушы қызметкерлері, әйел қызметкерлер).

Кадрлар ұғымына кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың мүлікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы кіреді. Отандық экономика кәсіпорынның штатына кірмеген қызметкерлердің бірқатары бар «тізімнен тыс (тізімге кірмейтін) құрамы» ұғымына да арқа сүйеді.

Кәсіпорын қызметкерлерін суреттеу (сипаттау) үшін шешілген міндеттерге байланысты топтастырудың әртүрлі астарлары (аспектілері) пайдаланылады. Мысалы, кәсіпорынды немесе оның бөлімін сипаттау (суреттеу) үшін тізім саны көрсеткішін, яғни штат және штаттық кесте бойынша пайдаланады; жұмыс күші қарқынын анықтау және еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақысын есептеу үшін орташа арифметикалық шама ретінде қарастырылатын сол немесе басқа кезең үшін орташа тізім саны пайдаланылады. Мысалы, қызметкерлердің орташа айлық саны айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлінген қызметкерлердің айдың әрбір күнтізбелік күнінің тізім санына тең.

Күнделікті бақылау үшін анық сан көрсеткішіне тең.

89. Кадр саясаты: принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру

Қызметкерлерді басқару бас бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсаулықты қорғау және әл-ауқат.

Кадр саясатындағы жоспарлау мотивация функциясымен байланысты. Кадр саясаты нәтижелі жұмыс күшін қолдануға, жақсы жұмыс жағдайын жасауға, жұмысшылар мен басшылықтың қатынасын жақсартуға бағытталады. Кадр саясатының негізін құрайтын бірқатар ұстанымдар бар. Олардың арасында – ынтымақтастықққа дайындыққа тәуелді басқаруды демократияландыру; жекеленген адамдары және олардың қажеттіктерін білу; теңдікпен бірізділікті сақтау.

Кадрлар саласындағы саясаттық қорытынды ережелері мыналар болып табылады:

- жұмыспен қамту саясаты - нәтижелі қызметкерлермен (персоналмен) қамтамасыз ету және оны еңбекке тарту жағдайларын, қауіпсіздігін және мүмкіндігінше қанағаттандыру;

- оқыту саясаты – қызметкерлердің өздерінің қазіргі міндеттерін орындауын жақсартуға және дайындалуға жағдай жасайтын тиісті оқыту қуатымен қамтамасыз ету;

- еңбекақы төлеу саясаты – қабілеттерімен, тәжірибесімен, жауапкершілікпен анықталатын құрылымға сәйкес, басқа жергілікті фирмаларға қарағанда, жоғары еңбек ақысын төлеу;

- өндірістік қатынастар саясаты – еңбек мәселелерін шешу үшін көрсетілген процедулар белгілеу;

- әл-ауқатты саясаты – басқа жалдаушыларға қарағанда, неғұрлым қолайлырақ қызметпен жеңілдікпен қамтамасыз етуі; әлеуметтік демалыс жағдайлары қызметкерлер үшін мүдделі және өзара пайдалы болу керек.

Кадр саясатының қажеттігін жалпы түсіну болмағанымен, кейбір даулар бар, оларды жазбаша түрде толтыру қажет. Кадр саясатын жазбаша рәсімдеудің басты артықшылықтары:

- Өндірістік қатынастарды жақсарту үшін билікті орталықсыздандыруды қолдау;

- Оқытумен менеджментті дамытуға қолдау;

- Қызметкерлерге, басшылыққа алатын ережелер олар туралы ақпарат беру;

- Имандылықты нығайту және қатынастарды жақсарту.

90. Жұмысты бағалау

Жұмысты ранжирлеу (бірқалыпты) – бұл жұмысты бағалаудың қарапайым түрі. Әр жұмыс  компания үшін қатысты маңыздылығы бойынша бағаланады. Мамандығы, жауапкершілігі, қажетті міндеттері қарастырылып, одан кейін жұмысты қиындығы мен бағалылығына қарай топтастырады. Ранжирлеу деңгейі мекеменің қажеттілігі арқылы анықталады.

Жұмысты топтастыру. Бұл әдіс те алдыңғысына ұқсас, тек қана жүйелілігімен ерекшеленеді. Алғашқыда жалақының деңгейі мен дәрежесі, одан кейін толық жұмыстың өзі анықталады.

Қызметтік іс-әрекетті бағалаудың кедергісі. Біздің уақытта әр қызметкердің әлеуметтік белсенділігін, еңбек жетістігін және мамандығын дұрыс бағалау басшылықтың ең басты мәселесі болып келе призмасы арқылы қарайды. Өкінішке қарай, алғашқы әсер көп ретте жаңа таныстың мінезін тануға негізделгендіктен қате болып келеді.

Басқару ісіндегі қазіргі ғылымның көрсеткеніндей дау-жанжал кәсіпорын тіршілігінің ажырамас бөлігі болып саналады. Көптеген басшылар жанжалды басуға тырысады немесе оған мүлдем араласпауды жөн көреді. Бұл екі бағытта қате, себебі бұл кәсіпорын қызметінде маңызды шығындарды алып келеді. Бірінші бағыт кәсіпорынға керекті және пайдалы жанжалдық дамуына кедергі келтіруі мүмкін, екіншісі – жанжал еркін дамып кәсіпорынның өзіне тұтасымен және онда істейтін жекелеген адамдарға зиянын келтіруі мүмкін.  

91. Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері

2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасы туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады.

Негізгі қызметтері мыналар: орналастыру, тамақтандыру, транспорт, экскурсия, ойын-сауық, білім, спортпен айналысу, сауықтыру, қызмет ісімен айналысу және т.б. Турдың тематикалық бағытына қарай кейбір қызметтер негізгі, ал қалғандары қосымша болады. Негізгі және қосымша қызметтерді комплексті түрде негізінен туристік-экскурсиялық кәсіпорындар – заңды ұйым, туризм және экскурсия саласында жергілікті халыққа және шетел азаматтарына ақылы қызмет көрсету т.б. субъектілердің осы түрдегі қызметтері жатады.

Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

Туроператорлық қызмет саяхаттарды, экскурсияларды қалыптастыру, оларды дайындау және өткізу, турагенттік қызмет жолдамаларды дайындау және жол жүру құжаттарын дайындаумен айналысады; экскурсиялық қызмет экскурсияның дайындалуы мен өткізілуі қамтамасыз етеді.

Осы қызмет түрлерінің негізгі мақсаттары:

  •  Қазақстан тұрғындарының рухани және интелектуалдық деңгейін көтеру;
  •  Халықты дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту;
  •  Шетелдермен мәдени достық қарым-қатынастарды дамыту;
  •  Жергілікті халықтардың патриоттық сезімін ояту, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына құрметтілігін арттыру;
  •  Туристер мен экскурсанттардың табиғатқа ұқыпты қарауын қамтамасыз ету;

92. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы

Туристік фирма заңды тұлға ретінде яғни, субъект ретінде құрылады. Олар жолдастық, кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында құрылады. Қазақстан Республикасы туризмінде көбірек шаруашылық формасындағы тарағаны жолдастық (толық, коммандитті, белгілі және қосымша жауапкершілікті). ЖШС-те 1-50ге дейін адам болуы мүмкін. Серіктестік қатысушысы кез-келген уақытта өз бөлігін анық алып щығуы мүмкін және соттың шешімі бойынша шығарылады.

Туристтік кәсіпорын құрудың формальді бөлігі барлық шаруашылық субъектілеріне бірдей: басшыны таңдау, келісім –шарт жасау, қаулы бекіту және оны әділет органдарына тіркеу, тіркеу картасын алу; Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен бекітілген заңға сай статистика орындарына салық инспекциясында, зейнет ақы қорында және т.б. есепке тұру.

Келесі әрекет лицензиялауға және берілген бизнесті жүргізуге рұқсат алуға дайындық. Қазақстан республикасының Парламентінің «Лицензиялау туралы» заңы 17-сәуір 1995ж №2200 кейін туристік қызмет лицензиялар болады. Қазіргі кезде барлық турфирмалар лицензия алуға міндетті, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен 2001 жылы 14 қыркүйекте бекітілген №1213   «Туристік іс-әрекетті лицензиялау ережесі» заңына сай жүргізіледі.

93. Транспорттық қызмет көрсету

Транспорттық қызмет көрсету туристер мен экскурсанттарға ұсынылатын қызмет көрсетудің бөлігі болып табылады. Ол транспорттың әртүрлі түрлерімен: тікұшақ, ұшақ, өзен, теңіз және көл кемелері; автомобиль және т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Біздің республикамызда көбірек қолданылатын автотраспорт болып есептеледі. Автотраспортты мекеме адамдары тасымалдауға, азық-түлік және өндірістік тауарларды, туристік құрал-жабдықтарды тасымалдауға қолданылады. Жеңіл, жүк және мамандандырылған (туристік) автотраснпорт деп бөлінеді.

Автомобильдерді жалға алудың бірнеше түрлері бар, бірақ, туристермен жұмыс істеу үшін туристік мекемелердің көпшілігінде ыңғайлысы автобуспен қызмет көрсету болып табылады, негізгі бөлімдері автомекеме мен туристік кәсіпорынның міндеттері болып есептелетін келісім шарт жасалады.

Туристік өнеркәсіп пен транспорттық өнеркәсіптің (автомобильдерді жалға лау) өзара қарым-қатынасы келісім шарт түрінде толтырылады. Келісім шарт статьялары осы заңды құжатқа енгізілген транспорт құралдарына, тасымалдаушының міндеттеріне және көптеген басқа аспектілерге талаптар белгіленген «ҚР-ғы туристік қызмет туралы» Заң, «ҚР-ғы транспорт туралы» Заңдар негізінде жасалады. «Екі жақтың жауапкершілігі» барынша қатты болуы тиіс. Жақсы ойластырылған келісім шартта «тапсырыс беруші» автотранспорт мекемесіне траспортты қолданбаған жағдайда 100 пайыз ақасын төлейді, өз кезегінде «орындаушы» транспортты беруде олқылық болған жағдайда маршруттың 100 пайыз ақысына айыппұл төлейді, оған қосымша моральдық шығынын өтейді (клиентті жоғалтқаны үшін). Яғни келісім шартта екі жаққа да қатысты ең әртүрлі мәселелер көрініс табуы тиіс.

94. Турларды жобалау

Туристік маршрут жақсы жобалануы тиіс. Турпакетті талдау кезінде саяхаттың барлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл үшін ең алдымен оған қысқаша сипаттама беру керек, сосын маршруттың құжатын жасау керек. Оған мынадай тауарлар енгізілуі мүмкін:

- туризм түрі (танымдық, діни, спорттық, іскерлік және т.б.);

- (қысқа) ықшамды болуы маршрут мазмұнын көрсетуі тиіс тур аты («Дала хикаялары», «Мыңжылдық ескерткіштері» және т.б.);

- рекреациялық сабақ циклдары: негізгі, ілеспелі, қосымша (Мысалы, таным, сауықтыру, көңіл көтеру);

- саяхат туралы ақпарат (аймақ, оның ерекшеліктері);

- турға қатыса алатын туристер контингенті (жас шамасы, физиологиялық-дәрігерлік көрсеткіштер бойынша);

- аялдама бекеттері мен қызмет көрсетулер көрсетілген маршрут схемасы;

- қызмет көрсету құрамы (тамақтану, тұратын жер, транспорт, инвентарь, құрал-жабдық);

- қызмет көрсетуші персоналдарға қойылатын талаптар (нұсқаушыға, аудармашыға, экскурсоводқа...);

- маршруттың технологиялық картасы;

- заңды құжатнама (келісімшарттар, лицензиялар, рұқсаттар, жолдамалар мен билеттер);

- күн және сағат бойынша қызмет көрсету бағдарламасы;

- тур құнын есептеу;

- саяхат шартын орындамағаны үшін орнын толтыру;

- маршрутты өткізу маусымы (жыл мезгіліне, аң аулау мерзіміне, балық аулау мерзіміне және т.б. байланысты болады);

- турды талдауға (жасауға) келген шығындарды (есептеу);

- буклет, альбом, жарнамалар дайындау;

- турды дайындау мерзімі және оның орындалуына жауапты адамдар.

Турларды жүзеге асыру әртүрлі жарнамалар тәсілімен: интернет, теледидар арқылы, жеке шақыру қағазын, буклет және т.б. тарату арқылы адам көп жиналатын жерлерге хабарландыру ілу арқылы және т.б. арқылы жасалады. Бұл кезеңдер туристік кәсіпорын әкімшілігіне турды жақсы жоспарлауға мүмкіндік береді, оның үстіне әрбір жетекші мүмкіндіктерден шыға отырып, басқа тараулармен толықтырыла алады, барлық кезеңдермен бір мезгілде жұмыс істей алады.

95. ҚР-ғы транспорттық жүйенің жағдайы және оның туризм үшін мүмкініктері

ҚР-ң 2030 ж. дейінгі әлемнің ең дамыған мемлекттері қатарына кіру жоспары мемлекеттің транспорттық комплексінің қарқынды дамуын болжайды.

Қазақстандағы транспорт Республиканың аймақтық ерекшеліктеріне байланысты маңызды роль атқарады:

- халықтың төмен тығыздығына қатысты;

- кеңістіктің көлемділігі және оның әркелкі экономикалық дамуы;

- ірі шетел нарығынан оқшаулығы (Германияға немесе  Шығыс Қытайға дейін 5 мың км)

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына  кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес жердегі транспорт магистралдарының қашықтығы 105 мың км-ге жуықты құрайды, олардың ішінде 87,4000 км – автомобиль жолдары,         11 мың км жоғарғы – теміржол жолдары, 4,1 мың км – су жолдары, 40 мың км жоғары - әуе жолдары.

     ҚР туристерінің елден шығуда неғұрлым (ең) танымал транстпорт түрі авиациялық (әуе) болып табылады. Мұның бірқатар себептері бар:

  •  Авиация – алыс қашықтықтарға бару кезіндегі ең жыцлдам және ыңғайлы транспорт түрі.
  •  Жоғарғы қызмет көрсету сервисі ең әртүрлі мақсаттармен шетелдерге щығатын туристерді қанағаттандырады.
  •  Туристерге  кәсіпорын бизнесінің девирсификацияболуы мүмкін, сғни олардың  көпшілігі авиабилеттерді халықаралық компьютерлік жүйелер арқылы стау және броньдау авиакомпанияларының агенттері болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР аймағында ондаған авиакомпаниялар алыс және жақын

шетелдерден және республикалардан әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асырады. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасында 56 әуе (коридоры) дәлізі бар, оның ішіндегі 26-Ресеймен, 17-Өзбекстанмен, 8-Қырғызстанмен, 2-Қытаймен, 2-Түркіменстанмен, 1-Азербайжанмен. Қазақстанның әуенарығы туристерге қызмет көрсету үшін ең перспективті, яғни республика Европа, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия сияқты аймақтар арасындағы жолдар торабында орналасқан.

96. Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау

Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды. Жалпы түрде транспортпен жасалатын саяхаттар – бұл турисердің жоллдама алып, алдын-ала жасалған маршруты бойынша транспортты және әртүрлі қызмет көрсету түрлдерін ұсынуды – тамақ, тұратын жер, экскурсиялық және т.б. пайдаланып, ұйымдастырған сапары.

Транспорттық саяхатты жіктеу негізінде В.Г.Гуляев ұсынған схеманы пайдалануға болады. Сәл өзгертудер (қосымшалар) енгізіліп, ол төменде беріліп отыр.  

   Транспорттық саяхатты жіктеудегі негізгі сипаттамалардың бірі маршрут типі болып табылады. Туризмде қозғалыстың әуе, жердегі, су және үйлестірлген тәсілдері қозғалуы мүмкін. Жердегі транспорт, өз кезегінде, темір жол және автомобильге, ал су транспорты – теңіз және өзенге бөлінеді.

Транспорт  түрлі моторлық және моторсыз болады. Моторлы құралдарға пойыздар, ұшақтар, автобустар, теплоходтар, мотоцикльдер және т.б. жатады. Қозғалыстың моторсыз құралдарына техникеалық құралдар: қайықтар, велиосопедтер және т.б. сол сияқты жануарлар жатады.

Маусымдық транспорт түріне және аймақтық табиғи климаттық жағдайларына байланысты болады. Маусымдылыққа көбінесе навигациялық кезеңге тәуелді, транспорттық суда жүзуге арналған түрлері бейімделген. Тур.фирмалар практикасында транспортты көбінесе бір реттік тапсырыстар бойынша қолданылады.

Транспорттық құрылымы бойынша маршруттар сызықтық (бір пункітен келесіне дейін) айала радиалды, қиылыстырылған үйлестірілген болып бөлінеді.

Саяхат ұзақтығы бойынша қысқа мезімді және ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімдерге «демалыс күнгі сапарлар» жатады, оның үлесі бүгінде, өкінішке орай кенеттен қысқарады. Бұл өте маңызды және сол уақытта арнайы демалысын талап етпейтін саяхаттар. Ұзаққа созылған саяхаттар негізделген демалуға, емделуге, терең тануға және т.б. мақсаттарға есептелген.

97. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар

Автокөлікпен тасымалдау сферасында, ішкі және халықаралық мәлімдемеде автокөлік транспортының қимылын реттеп отыратын, құқық жөніндегі бірнеше құжаттар бар. Халықаралық тасымалдаудағы тасымалдау дегеніміз, тасымалдау кезінде кем дегенде екі мемлекеттің теериториясынан өту. Халықаралық автотасымалдау кезінде, тасымалдауды өткізуші мемлекеттер өздерінің территориясынан көліктерді өткізу жөніндегі мемлекеттік заңдары мен нормалық актілерін іске асырады. Осыған байланысты халықаралық құжаттар келесі сұрақтарды қамтиды:

  •  инфрақұрылым;
  •  жол қозғалысы;
  •  автокөлік құралдарына талаптар;
  •  көлік құрал экипаждарымен қызметтік шарт;
  •  салықты реттеу;
  •  жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, кедендік рәсімдеу;
  •  өзгеше категориялы жүктерді тасымалдау;

Жолаушыларды халықаралық автокөлікпен тасымалдау негізінде, бірнеше немесе екі мемлекет арасында құқықтық дәрежеде көпжақты және екіжақты тұжырымдық келісімшарт жасалады. Көпжақты келісімшарт жасауда маңыздыларының бірі, 1973 ж Европадағы ішкі көлік комитеті жөніндегі экономикалық комиссиясы қабылдаған «Жолаушыларды және жуктерді халықаралық автокөлік тасымалдау жөніндегі келісім конвенциясы» болып табылады.

98. Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету

Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады.

Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ.

Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде.

99. Автосаяхатты жоспарлау және талдау

Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында  шағын  ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады.  Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы.

Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік , қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері.

Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта  мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар:

  •  Орындарының саны бойынша
  •  Отынының түрі боыйнша
  •  Категориясы бойынша
  •  Жайлылық атрибуты бойынша

Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам

100. Туристік  су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Су көлігі –  бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін  туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша  бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

  •  қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;
  •  халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;
  •  теңіз үсті ластануын бақылау;
  •  ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;
  •  халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

101. Су туризмі және өзендегі круиз

Жақын және алыс жерлерге саяхаттауда мұхит, теңіз, көл және өзендермен өту ежелгі уақыттан бері ыңғайлы жол болып табылады. Параходтардың, желкенді флот пен судалардың пайда болуы суда тасымалдау құралдарының жұмысын оңайлата түсті. Қазіргі уақытта суда тасымалдау демалушы туристердің үлкен сұранысына ие болып отырған круиз секторы жақсы дамыған. Теңіздегі круиздің дамуы 1960 жылдан бастау алады. 1980 жылдан бері круиздік бизнеспен 15 ірі компаниялар алға шықты, бұлар: KARNIVAL GROUP (22 параход), ROYAL CARIBBEAN LINE (22 суда), PRINCESS, HOLLAND AMERIKA LINE және т.б. 1995 жылға қарай «жүзетін қонақ үйлер» индустриясы сиымдылығы 150572 орындық 220 ірі пассажирлік лайнерді жасауды ойластырды. Круиздерді ұйымдастырушы судалар жұлдызбен классификацияланады, 1-6 жұлдызға дейін және топтарға бөлінеді:

  •  стандарт (2-4 жұлдызды);
  •  премиум (5-5+ жұлдызды);
  •  люкс.

Круиз маршруттары бағасы бойынша 4 категорияға бөлінеді:

  •  экономикалық (күніне 75-150$);
  •  классикалық (күніне 100-200$);
  •  премиум круиздер (150-400$);
  •  круиз люкс (1000$).

Cу транспортымен тасымалдау:

  •  круиз және теңізде тасымалдау;
  •  өзен саяхаттары және өзендегі круиздер;
  •  яхталармен, паромдармен, қайықтармен саяхаттау;
  •  теңіз және өзен экскурсиялары;

Су туристік саяхаттары төмендегідей артықшылықтарды қосады:

  •  комфорттың жоғары деңгейі;
  •  көптеген тарифтердің болуы;
  •  толығымен демалу мүмкіндігі.
  •  

102. Туристік ұйымның сыртқы имиджі

Ағылшын сөзі «image» көп түрлі мағынаны береді: роль, амплуа, бейне, типаж, стиль, мода, репутация, маска, персонификация, манера – бұлардың бәрі әлі толық мағынаны бермейді.

Кәсіпорынның нәтижелі және көпжақты имиджі арнайы құрылған. Оның негізгі элементтеріне:

  1.  фундаментін салу;
  2.  ішкі имиджін құру:

- кәсіпорынның кадрлық саясаты;

- қызметкерлердің бағыттары мен тренингтері;

- қызметкерлерді мақтау жүйесі.

3. сыртқы имиджді құру;

- тауар сапасы/ қызметтер;

- көзге көрінерлік имидж;

- жарнамалық компания;

-ақпарат құралдармен байланыс;

- қызметкерлердің сыртқы келбеті.

Бұлар қызметкерлердің компетенциясының жоғары деңгейге жетуге және қызметкерлердің кәсіпорын клиенттерімен нәтижелі жұмыс жасауына; тұтынушымен қызбалық (эмоционалды) байланысты орнатуға; кәсіпорынның табысты имиджін ұстап тұруға алып келеді.

Кәсіпорынның болашақ жоспарының барлық элементтері бірдей маңызды. Бірақ тәжірибеде көрсетіп тұрғандай, көзге көрінетін тауар белгісі (имиджі) негізге алынып, кәсіпорынның корпоративті философиясын жасау қолдау табады. Кәсіпорынның ішкі имиджін дамыту және тұрақтандыру да сыртқы ортаның назарынан тыс қалмайды.

Көзге көрінерлік ішкі имидж – бұл клиенттің сезімі арқылы: көру, есту және түйсігі. Осылайша кәсіпорын тұтынушыларында алғашқы пікір қалыптасады.

Сезілмейтін имидж –фирма қызметкерлерінің клиентке көрсеткен қызметіне және қарым-қатынасына жауап беру реакциясы.

Ішкі имидж – ұйым ішіндегі атмосфера, қызметкерлердің өзінің жұмысына, басшыларына және олардың жұмыс жүргізу саясатына қатынасы. Ішкі имидж персоналдың  фирмаға деген адал қызметін анықтайды.

Сыртқы имидж – аталмыш факторлар мен қоғамның кәсіпорынға көзқарасының байланысы арқылы әсер ету.




1. 2 2
2. реферату- Історія української державностіРозділ- Політологія Історія української державності З кінця IX с
3. Территория успеха Комитет по молодежной политике физической культуре и спорту администрации Чайковского
4. Пояснительная записка Цель изучения формирование разносторонне физически развитой личности способной
5. Особенности менталитета китайского общества, специфика художественной культуры Кита
6. Native Son Essay, Research Paper.html
7. Облік витрат і виходу продукції промислових виробницт
8. Ценовые стратегии - комплексный анализ
9. Уголовный процесс на 20132014 учебный год для заочной формы обучения юридический факультет факультет ме
10. Проектирование двухзеркальной антенны по схеме Кассегрена
11. Тема- Что такое вина.
12. Самооцінка особистості та її розвиток
13. Бригада- Вагин
14. вариант но тоже вполне рабочий
15. Казаки Дона на охране южных рубежей московского царства
16. Вариант 1 1 Написать программу которая вычисляет длину отрезка если известны его координаты
17. I Кула ~ это форма обмена которой присуще широкое межплеменное распространение; она осуществляется теми соо
18. во страниц Зар-плата Сроки в днях Страховой взнос 1121
19. Товар. Услуги. Продукт всегда имеет материальную и нематериальную составляющие.html
20. тема как основной механизм нервногуморальной регуляции секреции гормонов