Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Барлау ж~мыстарыны~ ма~саттары міндеттері ж~не нысандары объектілері- Геологиялы~ барлау ж~мыстары.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1) Барлау  жұмыстарының мақсаттары, міндеттері және нысандары (объектілері): **** Геологиялық барлау жұмыстарының мақсаттары, міндеттері және нысандары (объектілері)...... 

2) Минералдық тұзар мен бор кенорындарының өнеркәсіптік типтері: Минералдық тұздар мен Бор кенорындары бөлек жазылган. 95) Минералды тұздар кенорындарының өнеркэсіптік типтері; 21) Бор кенорындарының өнеркәсіптік типтері

3) Кондициялардың анықтамасы мен маңызддары:73) Кондиция түрлері мен көрсеткіштері.

4) Вольфрам және молибен кенорындарының  өнеркәсіптік типтері Вольфрам мен молибденнiң эндогендiк кенорындары скарндық, плутоногендiк және жоғары-орташа температуралы гидротермалық түрлерге бөлiнедi. Шашылымдық кенорындар ТМД елдерiнде бұл металдардың негiзгi көзi саналмайды.

Шетелдерде вольфрам өндiрiсi мен қорының жетекшi ролiн скарндық (қоры 60% және өндiрiсi 55%) пен гидротермалық (қоры мен өндiрiсi 40%) кенорындар атқарады. Кейбiр шашылымдық кенорындар да өнеркәсiптiк мәнге ие (қоры 0,8%, ал өндiрiсi 3,2%). Малибденнің өндiрiсi мен қоры штокверк (порфир) кенорындарда шоғырланған (қоры 97%, өндiрiсi 99%). Кенорындардың басқа өнеркәсiптiк-генетикалық типтерiнiң үлесiне молибден концентратының 1% жуық мөлшерi ғана тиедi.

Гидротермалық плутоногендiк жоғары температуралы кенорындарға Джида, Белуха, Бекука, Шахтама (12.7-сурет), Бом-Горхан, Жирикен (Забайкалье), Қазақстандағы Шалғия мен Жоғарғы Қайрақты жатады. Шетелдерде мұнай кенорындар Португалия, Норвегия (Кнабен), ҚХР (Ляндушань, Шанпин), Маңғолия (Тумен-Цокто), АҚШ (Квеста), Канада (Ред-Роуз), т.б. елдерде бар.

Гидротермалық плутоногендiк орташа температуралы молибден мен мыс-молибден (порфир) рудасының кенорындары қышқылдау гранитоидтардың iрi интрузивтерiмен, сондай-ақ гранит-порфир штоктарымен және дайкаларымен байланысты. Бұл типке Қоңырат, Бозшакөл (Қазақстан), Қалмақыр (Орта Азия), Каджаран, Агарак (Армения), Сор (Батыс Сiбiр) кенорындары жатады. Шетелдердегi iрi кенорындар – Медет (Болгария), Майданнек (Югославия), Эрденет (Маңголия), Кляймакс, Бингем (АҚШ), Токенама (Перу), Чукикамата (Чили).

Скарндық кенорындар карбонат қатқабаттарды жарып өткен қышқылдау гранитоидтармен генетикалық және кеңiстiкте байланыста. Негiзiгi руда минералдарға шеелит (кейде молибдошеелит) пен молибденит жатады, сонымен қатар пироксен, анартас, сульфид минералдар болады. Шеелит скарндар құрамында шашыранды секпiлдiк түрiнде байқалады. Рудадағы Мо мөлшерi 0,05–0,3%, WO3 – 0,5–1%. руда құрамында бұл металдардан басқа висмут, алтын, күмiс, қалайы, мыс, күшәла, мырыш болады. Кенорындарда молибденнiң қоры жүздеген мың т, WO3 – ондаған мың т. Бұл типке ТМД аумағында Тырныауз (Кабардин-Балкар), Ингичке, Чорух-Дайрон, Майхура (Орта Азия) кенорындары жатады. Шетелдердегi iрi кенорындар – Санг-Донг (Корея Республикасы), Азгур (Марокко), Пайн-Крик (АҚШ).

Вольфрам және молибден

Қолданылуы. Вольфрам металлургияда легирленген болат алуға (болаттың қаттылығы, берiктiгi және оттөзiмдiлiгi артады), ал таза түрiнде – жарық шығаратын электр жабдықтарында пайдаланады. Молибден металлургияда жоғары сапалы тотықпайтын аспаптық және арнайы болат пен қорытпалар алу үшiн қолданылады. Металл молибден электро- және радиотехникада пайдаланады. Молибден қосылыстары мұнай крекингiнде – катализатор, бояу өндiрiсiнде – шикiзат, химиялық реактив, оттөзiмдi пластмасса, тыңайтқыш ретiнде қолданылады.

Геохимиясы мен минералогиясы. Вольфрамның кларкі 0,003%, молибденнiң – 0,0011%. Олардың жоғары мөлшерi қышқыл магмалық таужыныстарға тән. Вольфрам 14 минерал құрамына кiредi. Өнеркәсiптiк вольфрамдыларға жататындар: вольфрамит (Fe,Mn)WO4 (76,5% WO3) пен шеелит CaWO4 (80,6% WO3). Молибден 9 минерал жасайды, басты минералдары – молибденит MoS2 (60% Mo) пен молидошеелит Ca(Mo,W)O4 (0,5–1% Mo).

Рудасының типтерi мен кондициялары. Рудадағы минимал өнеркәсiптiк WO3 мөлшерi 0,3–2 % (орташа мәнi 0,7%) аралығында ауытқиды, комплекстi рудада одан төмен болуы мүмкiн. Шашылымдық кенорындар үшiн вольфрамның минимал өнеркәсiптiк мөлшерi 400–1000 г/м3 болады. Молибденнiң минимал өнеркәсiптiк мөлшерi кенорындардың типiне, руданың комплекстiлiгiне және өндiру жағдайларына байланысты 0,01–1% аралығында өзгередi.

Қорының масштабы бойынша кенорындар былай бөлiнедi: WO3 >250 және Мо >100 мың т – өте iрi; 100–250 мен 50–100 мың т – iрi; 15–100 және 25–50 мың т – орташа; 15 және 1 мың т-ға дейiн – ұсақ кенорындар. 1 кг WO3 $14–16, ал 1 кг молибден концентраты $7 шамасында бағаланады.

ТМД аумағында вольфрам мен молибден рудасының көп қоры бар. Монометалды және комплекстi руданың iрi кенорындары белгiлi жерлер – Қазақстан, Өзбекстан, Забайкалье, Қиыр Шығыс, Красноярск өлкесi, Солтүстiк Кавказ.

Қазақстан жер қойнауында 16 кенорынның қоры есепке алынған, оның iшiнде 12 кенорын баланстық және 4 – тысбаланстық. Негiзгi қор 6 iрi және аса iрi: Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солтүстiк Қатпар, көктінкөл, Баян, Ақсоран кенорнында шоғырланған. Басқа – баланстық Нұраталды, Солнечное, Ақмая; тысбаланстық Батыстау, Байназар, Шірікаяқ, Гремячее кенорындарының мәнi аз. Өнеркәсiптiк санатты вольфрам қорының 87 %-тен астамы штокверктiк рудасының үлесiне тиедi (Жоғарғы Қайрақты, Көктінкөл кенорындары), олардағы вольфрам үшоксидiнiң мөлшерi төмен, бұл кенорындарды игерудi тежейтiн фактор болып саналады. Осыған байланысты туындайтын басты проблема – шартты тиiмдi вольфрам рудасы бар жаңа кенорындарды (скарндық, желiлiк, шашылымдық) табу.

Қазақстан молибденнiң қоры бойынша әлемде төртiншi, ал Азия елдерi арасында бiрiншi орын алады. Молибден рудасының қоры 34 кенорын бойынша есепке алынған, олардың iшiнде – 26 кенорын баланстық, қалғандары – тысбаланстық. 16 кенорын (Көктінкөл, Южный, Шалқия, Жанет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Солтүстiк Қатпар, Ақшатау және т.б.) дербес молибдендiк және комплекстi молибден-вольфрамдық; 10 кенорын (Ақтоғай, Айдарлы, Бозшакөл, Қаратас IV, Көксай, Қоңырат, Борлы, Саяқ, Шатырқұл, Жайсан) – комплекстi мыс-молибдендiк (молибден-мыс-порфирлiк). Молибден рудасының 70%-ке жуығы дербес молибдендiк және комплекстi молибден-вольфрам кенорындарында, ал олардың 50 %-тейi негiзiнен Көктінкөл молибден кенорнында (Оңтүстiк бөлiкшесінде) шоғырланған. Молибден кенорындарының негiзгiсi – штокверктiк (порфирлiк) типтiсі. Бұл типтi кенорындар қорының меншiктi үлесі 94% шамасында. Молибден ресурстарының бiршамасы Қаратау мен Таластың комплекстi молибден-уран-ванадийлi кенорындарда (Баласауысқандық, Жабағылы, Қорамсақ).

5) Бериллий, тантал және ниобий кенорындарының өнеркәсіптік титері: 89) Литий,берилий,тантал,ниобий кенорындарының өнеркәсіптік типтері?

6) Сүрме мен сынап кенорындарының өнеркәсіптік типтері Сүрме мен сынап кендерінің өнеркәсіптік минералдармен типтерін атап беріңіз Геохимиясы мен минералогиясы. Сүрменiң кларкi 0,00005%, ал сынап – 0,000003%. Сүрме 75 минерал жасайды, бiрақ өнеркәсiптiк мәнi бары антимонит Sb2S3 (71,4% Sb ) қана. Висмуттың кларкі 9∙10–7, 120-дан аса белгілі минералдарының ішінде өнеркәсіптік мәнге иесі: сомтума висмут Bi, висмутин Bi2S3 (81,3 %), виттихенит Cu3BiS3 (42,15), тетрадимит Bi2Te2S (59,27), галенобисмутит PbBi2S4 (55,48), козалит Pb5Bi2S5 (42,1), айкинит CuPbBi2S3 (36,29). Сынаптың 20 минералы бар, оның iшiнде киноварь HgS (86,2% Hg) ғана өнеркәсiптiк.

Рудасының типтерi мен кондициялары. Сүрме мен сынапты монометалды рудадан, комплекстi сынап-сүрме-күшәла және сынап-алтын-сүрме рудадан, сонымен қатар iлеспе түрiнде полиметалл, қалайы және вольфрам рудасынан алады.

7) Хром және титан кенорындарының өнеркәсіптік типтері

Хром:Өнеркәсіптік кенорындарының типті

Хромит кенорындары арасында мынадай типтер бөлінеді: бастапқымагмалық, соңғымагмалық және шашылымдық (олар мардымсыз).

Бастапқымагмалық кенорындар қабатталған ультранегізді интрузиялық таужыныс массивтерінде хромит рудасының қабат тәрізді денелерінен тұрады. Қоры бойынша бірегейлерге ОАР-дағы Бушвельд массиві (қоры 500 млн т) мен Зимбабведегі Ұлы Дайка кенорындары жатады.

Соңғымагмалық кенорындар дунит, перидотит, пироксенит массивтері мен оларды сыйыстырушы таужыныстар ауқымында орналасады. Кенорындардағы руда қоры ондаған млн т. Кенорындар Мұғалжарда (Кемпірсай), Оралда (Алапаевское, Сарановское) және Кавказда (Шоржинское) дамыған. Шетелде мұндай кенорындар белгілі жерлер: Албания, Греция, Түркия (Гулеман), Индия, Куба (Каледония).

Қазақстан хромит рудасының қоры бойынша әлемде екiншi орында. Балансқа алынғаны 21 кенорын (қоры шамамен 230 млн т). Руданың жалпы қоры 430 млн т. барлық қор Кемпiрсай кендi ауданында (Мұғалжарда) шоғырланған. Бірегей хромит кенорындарының қатарына (қоры 100 млн т-дан асады) Алмас-Жемчужина кенорны жатады. Iрi кенорындар: Миллионное, Молодежное, Юбилейное, Геофизическое ХII.

Өнеркәсіптік кенорындарының типі

Өнеркәсіптік мәнге титанның магмалық (қорының үлесі 55 %) және жекелеген метаморфогендік (қоры 2 %) кенорындары ие.

Магмалық кенорындары арасында руда мен сиыстырушы таужыныстардың заттық құрамына байланысты бірнеше типтері бөлінеді. Олардың ішінде бастылары мыналар: анортозит пен габбро-анортозит массивтеріндегі ильменит; габбро мен габбро-дунит-перидотит массивтеріндегі титанмагнетит; ультранегізді-сілтілі таужыныстардағы перовскит-титанмагнетит және сілтілі таужыныстардағы лопарит пен ильменит-перовскит-сфенді кенорындар. Ең ірі титан кенорындары анортозит пен габбро-анортозит массивтерімен байланысты. ТМД-да кенорындардың бұл типі Шығыс Саянда (Малотагул, Лысанск, Кручинск) бар. Шетелдерде ең ірілерге жататын кенорындар Канадада (Лак-Тио), АҚШ-та (Тегавус), Танзанияда (Укинга, Уванджи).

Титанды шашылымдар жағалаулық-теңіз пен континенттікке бөлінеді. Жағалау-теңіз шашылымдары әдетте комплексті – ильменит-рутил-цирконды болып табылады. Олар қабат, линза, таспа тәрізді жатындар, TiO2-нің мөлшері 0,5–35 %. Мұндай кенорындар Батыс Австралия, Индия, Шри-Ланка, Съерра-Леон, Бразилия мен АҚШ-та бар. Көне жағалау-теңіз шашылымдары Украина, Ставрополь өлкесі, Зауралье, Торғай ойысы мен Прибайкальеде орналасқан.

Қазақстанда титан рудасының мол қоры бар. Титанның минералдық шикізат қорының негізін ильменит-циркон шашылымдары құрайды. Барлығы 300-ден астам титан рудасының білінімдері анықталған. Олардың 25-і кенорын санатына жатады. Олар негізінен Батыс Мұғалжар маңында: Шоқаш, Сабындыкөл, Ашысай және т.б.; Солтүстік Арал маңында: Прогнозное (Болжамдық), Үстірт; Солтүстік Қазақстан (Обухов және т.б.) мен Шығыс Қазақстанда (Қараөткел, Баскемпір) орналасқан.

Титанның есепке алынған қоры (50 млн т) Қараөткел, Бектемір, Обухов, Шоқаш, Үстірт, Құмкөл, Прогнозное, Жарсор кенорындарында шоғырланған. Алдын ала бағалау бойынша перспективалыларға Сабындыкөл, Новомихайлов, Шпаков, Шұбарсай, Құмдыкөл, Сеңгірбай, Дружба және басқа кенорындар жатады.

 8)Асыл, әшекей және техникалық тастар кенорындарының өнеркәсіптік типреті: 9) Асылтастар шикізатты кенорындарының өнеркәсіптік типтері.

9) Пегматиті кенорындарының жаралу жағдайлары. Кенорындардың типтеріПегматиттер деп тереңдiк массивтер қатаюының аяққы сатысында қалыптасатын, минералдық құрамы, морфологиясы, құрылымы мен генезисi бойынша өзiндiк сипатқа ие соңғы магмалық және метасоматоздық денелердi айтады. Олар интрузилық таужыныстар мен постмагмалық руда желiлерi арасында өтпелi жағдайда.

Пегматиттер интрузиялық таужыныстармен байланысты, өйткенi олар кеңiстiкте массивтің iшiнде немесе тiкелей маңында орналасады. Пегматиттер мен түпнұсқа таужыныстардың құрамы бiрдей болғанымен, олар бiр-бiрiнен мынадай ерекшелiктермен ажыратылады: пегматит денелердiң өлшемi кiшiлеу болады, пiшiнi желi мен ұя тәрiздi, iшкi құрылысы белдемделген, таужыныстардың құрылымы iрi және зор түйiрлi, минералдық құрамы күрделi, құрамында минералдаушы ұшпа компоненттер, сирек және сирекжер элементтер болады, бұрынғы минералдық ассоциацияларды кейiнгiлердiң алмастыру белгiлерi байқалады.

Пегматиттерге кез-келген құрамды интрузиялық таужыныстар да кездесетiнi тән. Минералжаралу процесi 700–800-ден 400–500С-қа дейiнгi температура аралықтарында жүредi. Осыған байланысты пегматит жаралымдарының әр фазасында өзiндiк минералдар бөлiнiп, тиiсiнше пегматит денелерiнiң құрылысы өзгередi.

А.Е. Ферсман бойынша гранит пегматиттер таза желi және будан (гибрид) желi пегматиттерiне бөлiнедi. Таза желi пегматиттерi граниттерде немесе соларға ұқсас таужыныстарда орналасып, құрамы бойынша осы түпнұсқа таужыныстарға сәйкес келедi. Будан желi пегматиттерi құрамы басқа таужыныстар арасында жаралады. Осындай жағдайларда, бiр жағынан, қапталдас таужыныстар затын ассимиляциялаған және, екiншi жағынан; бiршама кремнеземiн қапталдас таужыныстарға беруiне байланысты кремнийсiзденген будан пегматиттер пайда болған

10) Геологиялық карта түсірудің міндеттері:30) Геологиялық карта түсірудің сатылығы.

11) Аймақтық геологиялық зерттеулер сатылары мен мазмұны:2)Аймақтық геолгиялық зерттеулер мазмұны?

12) Игерілімдік барлаудың негізгі мақсаттары: Игерімдік барлау. Кенорынды игеруден сәл-пәл ертерек басталып, ол игеріліп біткенше тұрақты түрде жүргізіліп отыратын барлау жұмыстарының үшінші сатысы. Бұл жұмыстардың басты мақсаты — кенорынды игеруді жоспарлап және реттеп отыруға қажетті геологиялық деректер мен материалдарды уақтылы алып отыру. Бұл жұмыстар нәтижесінде пайдалы қазба жатындарының пішіні мен ішкі құрылысы, құрамы және техникалық сипаттары нақтылана түседі, игеріліп жатқан өңірлердегі пайдалы қазбаға тиесілі өндірістік сорттардың орналасу ерекшеліктері аса дәлдікпен анықталады, кенді өндірудің тау-кендік және гидрогеологиялық жағдайлары нақтыланады, кен қорының игерілу барысы есептеліп отырады.[ 

Игерімдік немесе өндірістік барлау

      Өндірістегі кенорынды жете барлау жұмыс істеп тұрған кен өндіруші кәсіпорынның минералдық-шикізат базасын ұлғайту мақсатында жүргізіледі. Ол негізінен кенорынның қанаттары (шеттері) мен терең горизонттарын қамтиды. Негізгі мәселелері мен әдістемесі жалпы алғанда барлаудың алдыңғы сатыларындағыдай болғанымен, бірақ олар бірқатар ерекшелікгерге ие, ол жете барлаудың көбінесе геологиялық және географиялық-экономикалық жағдайлары жақсы зерттелген кенорын ауқымында жүргізілетіне байланысты.

     Өндірістік барлау кен өндіретін кәсіпорын құрлысын жүргізу кезінен басталып, оны жойғанға дейін жүргізіледі. Барлаудың бұл сатыдағы геологиялық-барлау жұмыстары кенорынның біршама шағын бөлікшелері ауқымында орындалады, бұл бөлікшелерді жақын алғанда немесе бір-екі жылда (максимал мерзім) игеру жоспарланады. Сондықтан өндірістік барлудың негізгі мәселесіне өндірістік блок немесе блоктар тобы ауқымында пайдалы қазба қорынын саны мен сапасын, жатыс жағдайлары, кен-техникалық жағдайларын және т.б. Нақтылаулар жатады. Шешілетін мәселелердің типіне байланысты озық және қатарлас (ілеспе) өндірістік барлау түрлері белгіленеді.

Түбегейлі барлаудың соңғы нәтижелерінде кенорынның қоры есептеледі және өнеркәсіптік кондициялар тағайындалады. Оларды ҚМК (қор бойынша мемелекетгік комиссия) немесе ҚАК (қор бойынша аумақтық комиссия) бекітеді. Атқарылған жұмыстар бойьшша кенорынды игерудің техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) жасалды, ол көптеген графикалық материалдан, кестелерден және мәтіндік сипаттамалардан тұрады. Барлаудың барлық матриалы (карталар, қималар, пландар, проекциялар, сынау мен талдау нәтижелері, геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер материалы) ТЭН-мен бірге жобалаушы ұйымдарға барланған кенорынды игерудің жобасын жасауға беріледі.

13) Барлау торабы жүйесін негіздеу: Барлау торының тығыздығы - Тиімді (рациональды) барлау жүйесінде қазындылардың арақашықтығы барлау сатысына, түріне, кенорынның физика-географиялық орналасу жағдайына, кен-денелерінің өлшемдеріне пайдалы қазбаның сипаты мен оның құндылығына байланысты. Кен денелері кенорын көлемінде өзгермелі болғандықтан әр блок бойынша тордың тығыздығы да әртүрлі болады. Мысалы, қарапайым кенорындарды  дәлдікті барлау сатысында қазындының арақашықтығы 1000-1500 м болады. Ал, күрделі кенорындарда қазындының арақашықтығы 500-200 м-н кем болмауы керек. Ал өте күрделі кенорындар үшін тордың тығыздығы 50-25 м-ге дейін жиілейді. Кенорындардың әр түрлі өнеркәсіптік-генетикалық, типтерін барлаудың ерекшіліктері берілген геологиялық тапсырма бойынша және сол бөлікшедегі географиялық-экономикалық жағдайға баланысты болады.

14) Пайдалы қазбалар қорларын есептеу үшін қажет бастапқы мәліметтер 86) Қорларды есептеуге қажетті бастапқы геологиялық мәліметтерді анықтау

15) Тау-кен ұнғымаларын сынамалау 88) Құбырлы (колонкалы) бұрғылау ұңғысынан сынама алу әдісі

16) Шашылым кеорындары. Жаралу жағдайлары мен типтері:                138) Шашылымдық кенорындарда жүргізілген тау-кен қазындыларынан сынамалар алу әдісі

5) Техногендік кенорындардың типтері

6) Барлау тау-кен үнгімелерін геологиялық құжаттау

9) Қалдық және инфильтрациялық кенорындар

11) Ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің түрлері

13) Механикалық және химиялық шөгінді кенорындар

15) Пайалы қазбалар кенорындарын барлаудың әдістері

16) Биохимиялық шөгінді кенорындар. Жаралу жағдайлары

18)  Фосфор мен күкірт кенорындарының өнеркәсіптік типтері: фосфор мен күкірт жеке жазылған.

19) Техногенді минералды құрылымдар

20) Метаморфтық кенорындарының жаралу жағдайлары мен типтері

21) Магмалық кенорындардың жаралу жағдайлары. Кенорындарының типтері

23) Карбанатиттер кенорындарының жаралу жағдайлары. Кенорындардың типтері

25) Скарындық кенорындарының жаралу жағдайлары. Кенорындарының типтері.

26) Жер қойнауын мемлекеттік зертту жұмыстарын сипаттаныз

27) Альбитті және грейзенді кенорындарының жаралу жағдайлары. Кенорындардың типтері

30) Вулканогенді гиротермальды кенорындарының жаралу жағдайлары. Кенорындарының типтері.

31) Колчеданды кенорынның жаралу жағдайлары. Кенорындарының типтері

32) Барлау үнгімелерін сынамалау

33) Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау

34) Пайдалы қазбалардың өндірістік қорларының жіктемесі.

35) Стратифорымды кенорынарының жаралу жағдайлары. Кенорындарың типтері

36) Сынамаларды алу амалары және әдістері

37) Пайдалы қазбалар қорларын есептеу әдістері

38) Пайдалы қазба кенорынарын қазып алу кезіндегі гирогеологиялық және инженерлі-геологиялық зерттеулер

39) Вулканогендік-шөгінді кенорындар. Кенорындардың типтері

40) Ұлттық компанияның функциясы

41) Жанартаулық таужыныстардың жатыс элементтерін анықтау әдістері

43) Ашылымарға сипаттама беру тәртібі

44) мору кенорындарының жаралу жағдайлары. Кенорындарының типтері

45) Шөгінді кенорындардың жаралу жағдайлары. Кенорындарының типтері

46) Жыртылыс құрылымарының негізгі типтерін атаңыз және оларды сипаттаңыз

47) Гидротермалық-шөгінді кенорындар. Кенорындардың типтері

49) Жапсарлық-метасоматоздық кенорындар. Жаралу жағдайлары

50)Алюминий кенорының өнеркәсіптік типтері.  

3) Кенорындардың жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтерімен байланысы




1. Казни времён Ришелье
2. Солнечная энергетика
3. Личная жизнь Екатерины II
4. Понятие экономики и экономических отношений
5. grmotey.com- Аркадий СТРУГАЦКИЙ Борис СТРУГАЦКИЙ ОТЯГОЩЕННЫЕ ЗЛОМ ИЛИ СОРОК ЛЕТ СПУСТЯ Из десяти девя
6. Юл~а сы~ып Салауаттан Ст~рлене ~т~бе~
7. Тема 100 Максимальная произвольная сила человека абсолютная сила мышц зависит от двух групп факторов- мыше
8. Тема 5. Финансовая система Различные подходы у определению понятия финансовая система Сферы и звен.html
9. ТЕМА 5 МЕРОПРИЯТИЯ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ИНФЕКЦИОННЫХ ЗАБОЛЕВАНИЙ
10. основные индикаторы органические соединения способные изменять цвет в растворе при изменении кислотнос
11. эмболия Эмболия это закупорка сосудов эмболами приносимыми током крови или лимфы
12. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук
13. СТРОИТЕЛЬНАЯ АКАДЕМИ
14. ть травм возникающих за определенный промежуток времени в определенной группе населения или коллективе
15. Геологическая характеристика процесса оползней
16. Курсовая работа- Организация и экономическая эффективность ремонта и ТО МТП
17. При повторном открытие HIN файла если файл который Вы сохранили в Уроке 3 propene
18. Лабораторная работа- Проектування дволанкової розподіленої інформаційної системи для роботи з базами даних із використанням SQL Interbase
19. Радиотехнические цепи и сигналы Работа состоит из 4х этапов Исследование спектральных характери
20. з курсу ldquo;Менеджментrdquo; Для студентів спец