Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
5В0712
$$$ 1
Материалтану ғылымы нені зерттейді?
А) Материалдардың құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы байланысты зерттейтін ғылым
$$$ 2
Қатты денелердің түрлерін атаңыз
А) Кристалды және аморфты
$$$ 3
Металдар мен қорытпаларды химия-термиялық өңдеу дегеніміз не ?
А) Металдар мен қорытпалардан жасалған металл бұйымдарының химиялық құрамын, құрылымын және беткі қабатын химиялық белсенді орталарда жылумен өңдеу
$$$ 4
Макроқұрылым дегеніміз не ?
А) үлкейту шамасы 30-ға дейін болатын лупаның көмегімен немесе көздің көмегімен көруге болатын металдар мен қорытпалардың құрылымы
$$$ 5
Шағын құрылым (микроқұрылым) дегеніміз не?
A) Арнайы үлкейткіш аспап көмегімен зерттелетін құрылым.
$$$ 6
Ликвация дегеніміз не ?
A) Кристал құрылымының қима бойынша химиялық құрамының біртексіздігі
$$$ 7
Термиялық анализ қандай қисықтарды алу үшін қолданылады?
А) Салқындау қисықтарын
$$$ 8
Жүйе дегеніміз не?
А) Тұрақты күйдегі фазалар жиынтығы
$$$ 9
Металдар мен қорытпалардың құрылымы дегеніміз не?
А) Фазалардың түрлері мен өзара орналасуы
$$$ 10
Кристалдық тор дегеніміз?
А) Кристалды қатты денелерде атомдардың дұрыс геометриялық ретпен орналасуы
$$$ 11
Кристалл торының периоды дегеніміз ?
А) Кристалл тордың периоды деп оның жақын жатқан екі атомының арасындағы қашықтықты айтады
$$$ 12
Координациялық сан дегеніміз не?
А) Берілген атомға ең жақын және бірдей қашықтықта орналасқан атомдар саны
$$$ 13
Анизотропия дегеніміз не ?
A) Кристал торының әр түрлі кристаллографиялық жазықтықтары мен бағыттарында қасиеттерінің біртексіздігі.
$$$ 14
Кюри нүктесі дегеніміз не?
А) Дененің ферромагнитті қасиеттерін толық жоғалтуға сәйкес температурасы
$$$ 15
Аллотропия дегеніміз не?
А) Сыртқы әсерлердің өзгеруі нәтижесінде кристалл торының өзгеруі
$$$ 16
Цементит дегеніміз не?
А) Құрамында 6,67 % С бар темір мен көміртегінің химиялық қосылысы
$$$ 17
Темірдің магнитті айналуының температурасын анықта?
А) 768 ОС
$$$ 18
Салқындай деформациялау қай температурада өткізіледі ?
А) Рекристалдану температурасынан төмен температурада
$$$ 19
Ыстықтай деформациялау қай температурада өткізіледі ?
А) Рекристалдану температурасынан жоғары температурада
$$$ 20
Қорытпаларда қандай фазалар түзіледі?
А) Балқымалар, химиялық қосылыстар, қатты ерітінділер
$$$ 21
Феррит дегеніміз не ?
A) α -темірге көміртек атомдары енген қатты ерітінді
$$$ 22
Ферриттің кристалдық торы қандай?
А) Көлемге шоғырланған куб
$$$ 23
Металдар қандай негізгі топтарға бөлінеді?
А) Түсті және қара металдар
$$$ 24
Эвтектикалық түрлену дегеніміз не?
А) Сұйық фазаның тұрақты температура жағдайында екі қатты фазаға ыдырауы
$$$ 25
Екі компоненті күй диаграммаларының вертикаль өсінде қай параметр белгіленеді ?
А) Таза компоненттердің балқу температурасы
$$$ 26
Беріктік дегеніміз не?
А) Дененің деформацияға қарсыласу қабілеті
$$$ 27
Қандай металдар қара металдарға жатады ?
А) Темір және темір негізіндегі қорытпалар: болат , шойын
$$$ 28
Қаттылық дегеніміз не?
A) Денеге өзінен қатты басқа дененің енуіне қарсылық көрсету қабілеті
$$$ 29
Қақталма дегеніміз не ?
А) Илемді деформация әсерінен металдардың беріктенуі
$$$ 30
Шынықтырылған болаттың құрылымы қандай ?
А) Мартенсит
$$$ 31
Темірдің полиморфты түрленуі қандай температурада өтеді?
А) 911 ОС и 1392 ОС
$$$ 32
Темірдің балқу температурасы қанша?
А) 1539 ОС
$$$ 33
Темірдің аллотропты (полиморфты) түрлері
А) Fe және - Fe
$$$ 34
Босату дегеніміз не?
А) Ас1 температурасына дейін қыздыру, сол температурада ұстау және ауада суыту
$$$ 35
Солидус сызығы нені анықтайды ?
A) Кристалдану процесінің аяқталуын
$$$ 36
Ликвидус сызығы нені анықтайды?
A) Кристалдану процесінің басталуын
$$$ 37
Қандай болаттар эвтектоидты деп аталады?
А) Құрамында 0,83 % С бар болаттар
$$$ 38
Қандай болаттар эвтектоидқа дейінгі деп аталады?
А) Құрамында көміртегінің мөлшері 0,025 %-дан 0,83 %-ға дейін болатын болаттар
$$$ 39
Қандай болаттар эвтектоидтан кейінгі деп аталады?
А) Құрамында көміртегінің мөлшері 0,83 %-дан 2,14 %-ға дейін болатын болаттар
$$$ 40
Гиббстің фазалар ережесі ненің арасындағы байланысты белгілейді?
А) Еркіндік дәрежесінің саны, фазалар мөлшері және компоненттер саны
$$$ 41
Қатты ерітінді түрлерін атаңыз
А) Ену және орын басу қатты ерітінділері
$$$ 42
Қандай температурада құрамында 0,8% көміртегі бар болат эвтектоидтық түрленуге ұшырайды ?
А) 727°;
$$$ 43
Темір-көміртегі қортыпаларында эвтектикалық түрлену қандай температурада өтеді?
А) 1147°С
$$$ 44
Сұр шойында графиттің пішіні қандай түрде болады?
А) Тілімше тәрізді;
$$$ 45
Сұр шойынның таңбасын көрсет:
А) СЧ 30
$$$ 46
Аса берік шойында графиттің пішіні қандай түрде болады?
А) Шар тәрізді
$$$ 47
Аса берік шойынның таңбасын көрсет:
А) ВЧ 45
$$$ 48
Соғылғылмалы шойында графиттің пішіні қандай түрде болады?
А) Үлпек тәрізді
$$$ 49
Соғылмалы шойынның таңбасын көрсет:
А) КЧ 30-6
$$$ 50
Шойындар металды негізіне байланысты қалай ажыратылады?
А) Ферритті, феррит-перлитті, перлитті
$$$ 51
Ақ шойында графит қандай түрде болады?
А) Цементит түрінде
$$$ 52
Эвтектоидты ақ шойынның құрылымы қандай ?
А) Ледебурит
$$$ 53
Шынықтырудың негізгі көрсеткіштері қандай?
А) Қыздыру температурасы мен салқындату жылдамдығы
$$$ 54
Пайдалану кезінде машина тетіктері қандай жүктемелерге ұшырайды?
А) Статикалық, динамикалық, циклды
$$$ 55
Болатты 727С дейін қыздыру, сол температурада ұстау және пештің ішінде салқындату термиялық өңдеу процесі қалай аталады ?
А) Босату
$$$ 56
Статикалық сынаулар нәтижесінде конструкциялық беріктік қандай критерийлермен бағаланады ?
А) в 0,2; НВ
$$$ 57
Динамикалық сынаулар нәтижесінде конструкциялық беріктік қандай критерийлермен бағаланады ?
А) КСU
$$$ 58
Конструкциялық беріктікті жоғарылатудың қандай тәсілдері бар?
А) Технологиялық, металлургиялық, конструкторлық
$$$ 59
Жоғарылегірленген болаттардың құрамындағы легірлеуші элементтердің мөлшері (%, масса бойынша)?
А)
$$$ 60
Тотықсыздандыру дәрежесі бойынша болаттар қалай жіктеледі?
А) Тынық, қайнау, жартылай тынық
$$$ 61
Болаттың құрамында қандай қоспалар зиянды болып саналады?
A) S, P, O2, N, H
$$$ 62
Эвтектоидтан кейінгі болат қандай микроқұрлымға ие?
А) Перлит - цементитті
$$$ 63
Цементит пен ферриттің механикалық қоспасы қалай аталады ?
А) Перлит
$$$ 64
Термиялық өңдеудің негізгі түрлерін атаңыз ?
А) Жасыту, шынықтыру, қалыптандыру, босату
$$$ 65
Қандай болаттар цементтелінетін болаттарға жатады?
A) Құрамында көміртегінің мөлшері 0,08-ден 0,3 %-ға дейінгі болаттар
$$$ 66
Қандай болаттар жетілдірілген деп аталады?
A) Шынықтыру мен жоғарғы босатуға ұшыратылған болаттар
$$$ 67
Сапасы кәдімгі А тобының болаттары қалай таңбаланады?
A) Ст0.......Ст6
$$$ 68
Сапасы кәдімгі Б тобының болаттары қалай таңбаланады?
A) БСт0.....БСт6
$$$ 69
Сапасы кәдімгі В тобының болаттары қалай таңбаланады?
A) ВСт1...ВСт5
$$$ 70
Сорбит дегеніміз не?
А) Феррит пен цементиттің механикалық қоспасы
$$$ 71
Көміртекті және аспаптық болаттар қалай таңбаланады?
A) У7...У13
$$$ 72
Тезжонғыш болаттары қалай таңбаланады?
A) Р18, Р9, Р6М5
$$$ 73
Соғылмалы шойындардағы екінші сан нені білдіреді?
A) Салыстырмалы ұзаруды
$$$ 74
Соғылмалы шойын қандай термиялық өңдеу нәтижесінде алынады?
A) Графиттендіруші жасыту
$$$ 75
Ыстыққа төзімділік дегеніміз не?
A) Металдар мен қорытпалардың жоғары температураларда газды жемірілуге қарсыласуы
$$$ 76
Ыстыққа беріктік дегеніміз не ?
A) Металдар мен қорытпалардың жоғары температураларда деформациялану мен қирауға ұзақ уақыт бойы қарсыласуы
$$$ 77
Қандай металдар ферромагнетизмге ие ?
A) Fe, Ni, Co
$$$ 78
Мойынтіректі болаттар қалай таңбаланады?
A) ШХ15, ШХ20СГ
$$$ 79
Қандай болаттар жемірілуге төзімді деп аталады?
A) Электрохимиялық жемірілуге қарсыласуы жоғары болаттар
$$$ 80
Қандай негізгі легірлеуші элементтер жемірілуге төзімділікті қамтамасыз етеді?
A) Cr, Ni
$$$ 81
Қатты қорытпалар қалай таңбаланады ?
A) ВК3, Т30К4, ТТ20К9
$$$ 82
Қандай қорытпалар жездер деп аталады?
A) Мыстың мырышпен қорытпасы
$$$ 83
Қандай қорытпалар қолалар деп аталады?
$$$ 84
Қандай қорытпалар құймалы алюминий қорытпаларына жатады ?
A) Силуминдер, магналийлер
$$$ 85
Деформацияланатын конструкциялы алюминий қорытпаларына қандай қорытпалар жатады ?
A) Дуралюминдер
$$$ 86
Термиялық өңдеумен беріктенбейтін деформацияланатын конструкциялы алюминий қорытпаларына қандай қорытпалар жатады ?
A) Al+Mg қорытпалары, Al+ Mn қорытпалары, техникалық Al
$$$ 87
Қандай заттар полимерлер деп аталады?
A) Қайталанып келетін қарапайым буындардан түзілген ірі молекулалардан салынған заттар
$$$ 88
Түрлі температураларда полимерлерге қандай үш күй тән?
A) Шынытәріздес, жоғарысозымталды, илемді
$$$ 89
Қандай материалдар пластмассалар деп аталады?
A) Пластмассалар органикалық және элементорганикалық полимерлер негізінде алынған жасанды материалдар
$$$ 90
Босатудың негізгі параметрлеріне не жатады?
A) Қыздыру температурасы, ұстау уақыты
$$$ 91
Композитті материалдардың құрамы қандай?
A) Темір мен талшықтытемірдің қорытпасы
$$$ 92
Пенопласт пластмассалардың қай тобына жатады ?
A) Газбен толтырылған
$$$ 93
Резеңке дегеніміз не?
A) Каучуктың вулканизацияланған өнімі
$$$ 94
Кәдімгі резеңкенің құрамындағы күкірттің мөлшері қанша ?
A) 5-7 %
$$$ 95
Эбониттің құрамындағы күкірттің мөлшері қанша ?
A) 30-35 %
$$$ 96
Қандай болаттар автоматты болаттарға жатады?
A) Кесумен өңделуі жоғары
$$$ 97
Фосфордың зиянды әсері қалай байқалады?
А) Суықсынғыштықты жоғарылатады
$$$ 98
Күкірттің зиянды әсері қалай байқалады?
А) Қызусынғыштықты туғызады
$$$ 99
Металдардың келесі қасиеттері қай топқа жатады: беріктік, серпімділік, илемділік, қаттылық, тұтқырлық?
А) Механикалық
$$$ 100
30ХГС таңбалы болаттын талдаңыз:
А) Cr-Mn-Si конструкциялық болат