У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Биржалы~ сауда да ерекше белгілеріне ж~не талаптарына сай тауарлар ~ызмет етеді- Биржалы~ сауда~а та

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

                                          4-тақырып

                                       Биржалық тауарлар

Биржалық тауарлар-биржалық саудалық объектісі бола отырып ол биржалық саудада сатылатын және сатып алынатын тауар. Өндірілген кез-келген тауар биржалық саудаға түспейді. Биржалық сауда да ерекше белгілеріне және талаптарына сай тауарлар қызмет етеді:

  1.  Биржалық саудаға тауардың нақ өзі түспейді. Биржалық саудадағы тауар стандартқа сай сапасы мен басқа да параметрлері заң талаптарымен сәйкес келуі керек.
  2.  Биржаға тауардың ірі партиясы саудаға түседі.
  3.  Биржалық сауда тауарға еркін баға белгілеумен сипатталады.

Әлемдік тәжірибеде биржалық тауарлардың негізгі кластары мыналар:

  1.  Заттық материалдық тауарлар
  2.  Бағалы қағаздар
  3.  Шетелдік валюталар

Тауар биржасының объектісі заттық материалдық тауар. Биржалық тауарларды бейнелейтін белгілерді мыналардан көреміз:

  1.  Өндіру мен тұтынудың көптілігі
  2.  Стандартталуы
  3.  Жақсы сақталуы
  4.  Тасымалдануы
  5.  Тауардың сапалық сипатының нақты тұтынушыға байланысты болмауы.
  6.  Табиғи, мерзімдік, саяси және басқа факторлардың әсерінен бағалардың өзгермелілігі.

Әлемдік тәжірибеде тауар биржаларының шамамен 70-тен астам  түрі тауарлар айналысында болады. Олар үлкен 2 топқа бөлінеді:

  1.  Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы сондай ақ  өндірілген өнімдер.
  2.  Минерал шикізаты және жартылай фабрикаттар.

Тауар биржасында сатылатын тауарлардың өндіру мен тұтыну көптілігімен және бағаның еркін қалыптасуы сияқты ерекше қасиеттердің болуымен қатар оның сапасы да айырықша болады.

Биржалық саудада тауардың сапасы туралы ақпаратқа қатаң талаптар қойылады. Олар:

  1.  Ақпараттың толықтылығы
  2.  Оның дұрыстығы
  3.  Биржалық саудаға барлық қатысушылардың тауар сапасын бағалаудағы ауызбірлігі.

Жарнамалық ақпараттың мақсаты -нақты тауарлардың басқа сондай тауарлар мен салыстырғандағы негізгі атқарушылығын оның  артықшылықтары мен жаңа тауарға деген көпшілік тұтынушылардың назарын аудару.

Тауардың сапасы туралы тұтынушылар одақтары мен қоғамдарының міндеті мынадай : ол тұтынушыларды сатылатын нақты өнімнің келеңсіз жақтарын сипаттайтын және жан-жақты мәлімет айту. Өнімнің сапасы туралы мейлінше толық және дәл ақпаратты тауардың стандарты береді.

Тауар стандартының  міндеті – өнімнің қасиеттерін және осы қасиеттердің мөлшерлік көрсеткіштерін заң жүзінде белгілеу сондай ақ біртектес өнімдер  тобының сапасына қойылатын стандартты талаптарды айқындау.

Биржалық тауардың сапасын бағалауда мыналарды білу керек:

  1.  Өнімнің сапасы стандарты мен шарттағы талаптарға сәйкестігін айқындайтын құрал ретінде өнімнің сертификациясын;
  2.  Стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттарда көрсетілген сапасы туралы ақпаратты;
  3.  Өндірушіге өнімнің жоғары сапасын және өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге сапа жүйесін сертификациялауды;

Биржалық тауардың сапасын анықтау үшін биржаның өзінің арнаулы құрылымы яғни сынақтан өткізетін арнайы зертханасы болуы керек.

Тауар сапасының дұрыстылығын бақылау үшін мыналарды бақылаған жөн:

  1.  Тасымалдау және сақтау процесінде тауар сортын;
  2.  Тауар сапасының шарттағы бағасы мен сәйкестігін;
  3.  Тауар сапасының қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі;
  4.  Тауарды қайта бағалаудың және арзандатудың дұрыстығын;
  5.  Табиғи кемудің мөлшерін;
  6.  Тауардың жарамсыздығының себебін;
  7.  Тауардың дұрыс аталуын, қызметін және таңбасы мен транспорттық құжатқа сәйкестігін;

Бағалы қағаз- бұл ерекше тауар арнаулы нарықта яғни бағалы қағаздар нарығында айналыста жүреді. Оның тұтыну құқы және құны жоқ. Ол физикалық тауар емес. Ол келісілген құжат және анық бағамен сатуға сатып алуға болады. Бағалы қағаз деп көрсетілсе оның айналысы ол шығарылған күннен мерзімі аяқталғанша заңмен реттеледі.

Бағалы қағаздар қоғамдық  маңызы бар мынадай қызметтерді атқарады:

  1.  Экономика салаларында ақша қаражаттарын қайта бөледі.
  2.  Иемденушісіне белгілі бір қосымша құқық береді және табыс әкеледі.
  3.  Капиталды қайтаруды қамтамасыз етеді.

Экономикалық категориялар тәрізді мынадай сипаттамасы бар:

  1.  Мерзімдік
  2.  Кеңістік  : 1.Қызмет ету формасын көрсетеді ( қағазды, қағазсыз)

                  2.Ұлттық яғни Отандық немесе шетелдік бағалы қағаздар

                  3.Аймақтық

    3) Нарықтық:

3.1 Иемдену формасы бойынша ұсынушыға арналған және белгілі бір тұлғаға арналған.

3.2 Шығару формасы бойынша эмиссиялық немесе эмиссиялық емес.

3.3 Меншік формасы бойынша мемлекеттік, коорпорациялық, жеке.

3.4 Бағалы қағаздардың негізін құрайтын активтің түрі немесе оны шығару негізі.

3.5 Қаржы салу формасы бойынша бағалы қағаздарды қарызға алам ма әлде меншік құқығына ала ма.

3.6 Тәуекелдік деңгейі тұрғысынан жоғары және төмен.

3.7 Айналымдылығы бойынша нарықта еркін айналатын немесе кедергінің болуы.

           Бағалы қағаздар, биржалық тауарлар

     Негізгі        Туынды

Алғашқы         Екінші фьючерстік еркін

Облигация       Воранттар                                     шарттар                айналыстағылар

Акция         Депозиттік қолқат                         тауарлы                        тауарлы

                                                                                валюталық                валюталық

                                                                                пайыздық                  пайыздық

                                                                                индекстік          фьючерстік шарттар  

Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың басты белгілері мыналар:

  1.  Бағалы қағаздарды шығарушы органның тарапынан шектеусіз еркін сатып алынуы және сатылуы.
  2.  Элементтердің сенімділігі оның шығынсыз қызметі және өзіне алған міндетемелерін орындауы.
  3.  Эмитент компанияның мөлшері және еркін айналыстағы акциялардың, облигациялардың санының көрсетілуі.

Атаулы бағалы қағаздар -дегеніміз бағалы қағаздардың бет жағында немесе олардың иемденушілері тізімінде кәдімгі құжат түрінде иемденушісінің аты-жөні бағалы қағазда көрсетілмеген және оның айналысы еш жерде тіркелмеген бағалы қағаздар.

Андрейдтер - эмитент  атынан немесе өз атынан бірақ эмитенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздарды орналастыруға өзіне міндет алушы тұлға.

Эмитент – бағалы қағаздарды шығарушы және сатушы.

Бағалы қағаздар жіктелуі мынадай түрде жүргізіледі:

  1.  Қолдану мерзімі бойынша:

а)мерзімді              в) мерзімсіз

     2) Қолдану формасы бойынша

а) қағазды құжатты     в) қағазсыз құжатсыз  

3) Пайдалану типі бойынша :

а) инвестициялық     в) инвестициялық емес

4) Шығару формасы бойынша:

а) эмиссиялық     в) эмиссиялық емес

5)Айналыс сипаты бойынша:

а) нарықтық    в) еркән айналыстағы    с) нарықтық емес

6) Ұлттық тиістілігі бойынша:

а) Отандық      в) шетелдік

7) Иемдену тәртібі бойынша:

а) ұсынушы     в) атаулы    

8) Тәуекел деңгейі бойынша:

а) қауіпсіз   в) аз қауіпті     с) қауіпті

9) Табыстылығы бойынша:

а) табысты    в) табыссыз

10) Меншік формасы бойынша:

а) мемлекеттік бағалы қағаздар      в) мемлекеттік емес бағалы қағаздар

11) Қаражат салу формасы бойынша:

а) қарызды    в) үлесті     с) иеленушілік

                                         5-тақырып

                                 Базистік нарықтар

Базистік нарыққа мынадай нарықтар жатады:

  1.  Бағалы қағаздар нарығы
  2.  Тауар нарығы
  3.  Валюталық нарық

Бағалы қағаздар нарығы-бағалы қағаздарды шығару, оларды айналысқа түсіру бойынша туындайтын экономикалық категория болып табылады.

Бұл нарық басқа нарықтардан тауардың арнаулы сипатымен ерекшеленеді, яғни тауар бір немесе бірнеше рет сатылады ал бағалы қағаз шексіз сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығының негізгі тауар нарығы, ақша нарығы және ақша капиталы. Бағалы қағаздар биржада мынадай түрлерге бөлінеді:

  1.  Халықаралық және ұлттық
  2.  Аймақтық
  3.  Мемлекеттік және коорпоративтік
  4.  Алғашқы және туынды

Бағалы қағаздар нарығының алатын орнын 2 тұрғыдан бөліп қарастыруға болады:

  1.  Әр түрлі көздерден тартылған ақша қаражаттарының мөлшері
  2.  Кез –келген нарыққа жұмсалған бос ақша қаражаттары мөлшері

Бағалы қағаздар нарығы- бос капиталды жұмсайтын қаражаттарды тарту үшін құрылған нарық болып табылады. Қаражат қозғалысы мынадай факторларға байланысты болады:

  1.  Нарықтың табыстылық деңгейі
  2.  Нарыққа салық салу жағдайы
  3.  Болжанған табысты ала алмау тәуекелдерінің деңгейі
  4.  Нарықты ұйымдастыру мен оның инвесторлар үшін қолайлығы

Бағалы қағаздар нарығы қызметін мынадай нарыққа бөліп қарастырамыз:

1) Жалпы нарықтық қызметтер:

1.1 Коммерциялық бағалы қағаздар нарығында жүргізілетін операциялардан табыс табу.

1.2 Ақпарат тарату яғни сауда объекттерімен оған қатысушылары туралы ақпарат шығарып өзінің қатысушыларына жеткізу.

1.3 Реттеу қызметі яғни нарықтық сауда жүргізу оған қатысу ережелерін қатысушылар арасындағы даулы мәселелерді шешу ережесін жүргізетін қызметтерді белгілеу, бақылау органдары мен басқару органдарын бекіту.

1.4 Баға белгілеу -нарықтық  бағаларды қалыптастыру.

Биржалық және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығы – бөлудің негізі, белгілі бір бағалы қағазға қатысты бағалы қағаздар нарығының қызметі ол кең мағынада сауданы ұйымдастыру тәсіліне байланысты болады.

Осыған байланысты нарық былай бөлінеді:

  1.  Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
  2.  Биржалық және биржадан тыс
  3.  Дәстүрлі және компьютерленген

Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы лицензиясы бар нарықтың кәсіби қатысушылары делдалдардың нарыққа басқа қатысушылардың тапсырмасы бойынша бекітілген ереже негізінде бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыруды білдіреді.

Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы нарыққа барлық қатысушының ережені орындауын қажет етпейтін бағалы қағаздар айналысы.

Биржалық нарық- бағалы қағаздармен сауда жүргізетін қор нарығы, ол әрқашан ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы ,себебі биржа саудасы қатаң тәртіп бойынша және нарыққа басқа қатысушылар арасынан мұқшет таңдап алынған биржалық делдалдар арасында жүргізіледі.

Биржадан тыс нарық ол қор нарығынан тыс бағалы қағаздармен сауда жүргізу және ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарық болуы мүмкін. Ұйымдастырлған биржадан тыс нарықта бағалы қағаздар мен сауда қатысушылар мен байланыс және қызмет көрсету компьютерлік жүйеде жүргізіледі.

Бағалы қағаздар нарығында компьютерленген  нарықтың дәстүрлі нарықтан мынадай ерекше белгілері бар:

  1.  Сатушы мен сатып алушының кездесетін белгілі бір орынының болмауы
  2.  Екі жақтың өзара ездеспеуі
  3.  Белгілі бір орынның болмауы
  4.  Сауда процесі және оған қызмет көрсеті толық автоматтандырылған

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар – бағалы қағаздарды сатып алатын немесе олардың айналысын қамтамасыз етіп олар бойынша  есеп айырысатын жеке тұлға немесе ұйымдар.

Мынадай бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын атап өтуге болады:

  1.  Эмитенттер –бағалы қағаздарды айналысқа шығарушылар, олар әдетте кәсіпорындар, мемлекет және коммерциялық ұйымдар.
  2.  Инвесторлар- айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды сатып алушылар, әдетте бұл бос ақша қаражаттарын ұлғайтуды көздеген халық және коммерциялық ұйымдар.
  3.  Қор делдалдары- бағалы қағаздар нарығының эмитентері мен инвесторлары арасындағы байланыстарды жүзеге асырушы тұлғалар.
  4.  Бағалы қағаздар  нарығы қызметін реттеуші ұйымдар- бағалы қағаздарды сатып алудан басқа қызметпен айналыспайтын ұйымдар қор биржасы, есеп айырысу орталықтары, тіркеушілер және коммерциялық ұйымдар.

Бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі тенденциялары мыналар:

  1.  Нарықтың жахандануы
  2.  Нарықты ұйымдастырудың деңгейін көтеру, оны мемлекеттік бақылауды қатаңдатуы.
  3.  Бағалы қағаздардың компбтерлендіруін жетілдіру.
  4.  Секюритизациялау – ақша қаражаттарының дәстүрлі формасының бағалы қағаздар формасына ауысуы. Бағалы қағаздардың бір формасынан басқа көпшілік инвесторлардың қолына тиетін формасына ауысу.

Тауар нарығы – аса  күрделі әлеуметтік экономикалық категория. Тауар айырбасы ретінде және тауардың өндірушілерден тұтынушыларға дейінгі  қозғалысын атқаратын шаруашылық іс-шаралар мен ұйымдастырудың экономикалық әрекеті жүйесінде көрінеді.

Тауар нарығының құрамдас элементтері: тауар ұсынысы, халықтың сұранысы және тауар бағасы.

Тауар ұсынысы- дегеніміз сатуға арналған тауар массасы және оның негізгі көзіне тауар өндірісі елдегі тауар қоры және шет елден сатып алынған тауарлар.

Тауарға сұраныс- халықтың төлем қабілеттік мұқтаждығы және тұтынушының тауар ақысын төлей алатын мүмкіндігі сұраныстың тілектен айырмашылығы.

Тауар бағасы- тауар құнының  ақшалай көрінісі. Тауар бағасы көптеген факторлардың әсерінен тауар құнынан ауытқиды.  

Валюта нарығы –бұл шетел валютасын сатып алу, сату қатынастарын қалыптастыратын ерекше институционалық механизм. Бұл кезде мәміленің көпшілігі банктер арасында сондай ақ брокерлер  мен басқа да қаржылық институттардың қатысуымен жүргізілетін нарық.т Кең мағынада валюта нарығы ол тек оның субъектілері арасындағы қатынастар ғана емес сондай ақ банктер мен клиенттердің арасындағы қатынастар жиынтығы. Валюта нарығының ең басты белгісі ондағы ақшы бірліктері  корреспонденттік шотта жазу түрінде бір-біріне қарсы тұрады. Валюта нарығы биржалық және банкаралық нарық болып табылады.

Себебі, бұл нарықта жүргізілетін операциялар валюта бағамын қалыптастырады және оның операциялары әр түрлі байланыс және коммуникация құралдарының көмегімен жүргізіледі.

Ел экономикасында валюта нарығы мынадай қызметтерді атқарады:

  1.  Халықаралық тауар, қызмет көрсету және капитал айналымына;
  2.   Сұраныс пен ұсыныстың әсерінен валюта бағамын қалыптастыру қызметін;
  3.  Валюталық қауіптен және саудагерлердің капиталын қорғау механизмін;
  4.   Ақша ,несиелік  және экономикалық саясаттағы мемлекеттік құрал қызметін.

Валюта нарығы жүргізетін операциялардың сипатымен қолданылатын валютаның саны мен көлеміне байланысты әлемдік , аймақтық, ұлттық нарық болып бөлінеді.

Әлемде валюта нарығы әлемдік қаржы орталықтарында орналасқан .

Әлемдік валюта нарығында банктер әлемдік төлем айналысына  кең қолданылатын валюталар мен операцияларды жүргізеді.

Аймақтық валюта нарығында белгілі бір айырбасталымды валюталар мен операциялар жүргізуді білдіреді. Ол үшін аймақтағы банктер валюта бағамын белгілейді.

                            6-тақырып.

     Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру.

Биржа өзінің құрылтайшылары еркімен қызмет ету мерзімінің шектеусіз болуымен құрылады. Сондықтан биржаның құрылтайшылары болып өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелері есептелінеді. Құрылтайшы неғұрлым көп болса соғұрлым биржаның қаржылық, материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Бірақ кейбір жағдайда құрылтайшылардың көптігі биржаны басқаруды күрделендіреді.

Биржаны құруға құқығы жоқ мыналар:

  1.  Жергілікті және жоғарғы басқару органдары
  2.  Банктік операцияларды жүргізуг заң негізінде алған лицензиясы бар банктер мен несиелік мекемелер.
  3.  Сақтандыру және инвестициялық қорлар.
  4.  Қоғамдық діни ұйымдар мен қорлар.

Биржаны құрушылардың оны ұйымдастырушысы ретіндегі міндеттері мыналар:

  1.  Биржаның ішкі нормативтік құжаттарын дайындау.
  2.  Биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру.
  3.  Биржаның ұйымдық құқықтың формасына сәйкес көлемде жарғылық капитал жинақтау.
  4.  Биржа мүшелерін таңдап алу.
  5.  Биржа мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу.
  6.  Белгіленген тәртіп бойынша  биржаны тіркеуден өткізу.
  7.  Биржалық сауданы ұйымдастыру үшін лицензия алу.

Биржаның жарғысына сай оның мүшесі болып жарғылық капиталын қалыптастыруға мүшелік жарна немесе жабдықтарына мақсатты жарна төлеген жақтар саналады.

Қор биржасын құрушы тек бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар ғана, ал валюта биржасын құрушы валюталық операциялар жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар коммерциялық банктер немесе қаржы мекемелері болады.

Қор биржасының мақсаты бағалы қағаздармен сауда жасау үшін көпшілікке қолайлы жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражатын салушы және институционалдық инвесторларды тарту, клиенттердің, биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.

Биржа мүшелерінің құқығы мыналар:

  1.  Биржаның жалпы жиналысына қатысу және оның ісін басқару.
  2.  Басқару және бақылау органдарын сайлау және оларға сайлану.
  3.  Биржаның мүлкін, ақпаратын көрсететін барлық қызметтерін пайдалану.
  4.  Биржа залында өз атынан және өз есебінен сондай ақ клиенттің атынан сауда жүргізу.
  5.  Биржа жабылғаннан кейін оның қалған мүлкін алуға қатысу.

Биржа мүшелерінің міндеттері

  1.  Биржа жарғысын және басқа да ішік нормативтік құжаттарын орындау.
  2.   Жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртәп пен жарнаны төлеу.
  3.  Биржаның мақсатын міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге  араласу.

Биржа мүшелерінің саны шектеулі, ол жарғылық қордың көлеміне және бір акцияның көрсетілген құнына сондай ақ жарғы бойынша биржаның бір мүшесі акция иеленуге құқығы барлығына байланысты болады.

Егер биржа мүшесі оның құрамынан шыққысы келсе оның орыны сатылуы немесе жалға берілуі мүмкін. Оның орынының құнын бижалық комитет анықтайды.  Оның орнына  деген сұраныс ұсынысқа байланысты бағасы өзгеріп отырады. Биржаның ұйымдық құрылымы қойылған міндеттерді орындауға биржалық сауданы ұйымдастыруға, шығынды аз шығаруға мүмкіндік туғызуға мүдделі болуы тиіс.

Биржаның жоғары басқару органы  -акционерлердің жалпы жиналысы.

Оның негізі қызметі мыналар:

  1.  Пайданы бөлу
  2.  Төрағаны және биржа кеңесінің мүшелерін сайлау
  3.  Жарғыға және басқа реттеуші құжаттарға өзгеріс енгізу.
  4.  Биржа ісінің бағдарламасын бекіту.
  5.  Жылдық есебін қарау және бекіту туралы шешімдер қабылдау.

Диллер-биржалық саудаға мәмілені өз атынан және өз есебінен жасайтын кәсіби өатысушы.

Диллер бұл заңды тұлға. Бұл нарықта қызмет ету үшін диллер лицензия алуы тиіс.

Диллердің міндеті мынадай:

  1.  Сату және сатып алу бағасын , сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін сонымен қатар мәлімденген бағаның мерзімін хабарлау.
  2.  Диллер өз ұсынысы бомаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле жасау.
  3.  Эмитенттің  бағалы қағаздармен операциялар жүргізгенде өзінде бар ақпаратты мәлімдеу немесе жоқ екенін алдын ала хабарлау.
  4.  Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау комитетіне өз қызметі туралы есеп беру.
  5.  Бағалықағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.

Диллердің құқықтары:

  1.  Бағалы қағаздарды сатып алу, сату шарттарын жасау.
  2.  Эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда қызметін бақылау.
  3.  Бағалы қағаздарды сатып алу бойынша клиентке кеңес беру.
  4.  Бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне қарыз шарттары бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру.
  5.   Клиент өз қаржы жағдайын хабарлайтын мәлімет алу.

                                                                                                                          




1. При розгляді проблем енергії варто розрізняти первинну вторинну та корисну енергію
2. по теме- Магнитное поле земли.
3. Технология производства работ по устройству столбчатых фундаментов под колонны из монолитного железобетона
4. О лекарственных средствах
5. Реферат- Тестирование жестких дисков
6. Не обов~язково планувати щось спеціально або їсти за двох
7. СанктПетербургский государственный университет технологии и дизайна Колледж технологии моделиров
8. тема взаиморастворенных газообразных и легкокипящих жидких нефтяных углеводородов находящихся в термодина
9. світове господарство
10. Реферат- Ціннісні характеристики соціальних працівників та соціальних педагогів
11. по не not Упр 1
12. Реферат- Виды организационных документов
13. Спочатку було Слово зазначено в Біблії
14. учебник помогает при разьяснении нового матла является необходимым условием при повторении ШУ логично исп
15. Проектирование механизмов двухцилиндрового четырехтактного двигателя внутреннего сгорания
16. духовне виробництв
17.  История Казахстан
18. Применениe подоходного налога
19. возможность перекрывать большие площади и линейность форм возможность перекрывать большие площади и п
20. 18.30 Частичное пребывание 8