Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ЛЕКСИКА
Замандас келбеті.
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.
Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.
Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.
Ал, Оляныі ұлты орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.
Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.
Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.
Отан отбасынан басталады
Менің отбасым туралы
Отбасы шағын мемлекет. Біздің тәуелсіз елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.
Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.
Мен 1994 жылы Қостанай облысы Таран ауданында тудым. Менің атым Жанар. Біздің отбасымыз үлкен емес, отбасымызда 4 адам бар. Олар :анам, әжем және мен. Менің анамның аты Гүлнар. Ол оператор, Қазақстан темір жолында еңбек етеді. . Анамның жасы 51-де. Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы қара, қысқа , қой көзді, кірпіктері ұзын, қыр мұрын және ол ең сымбатты, аяулы ана. Мен оны өте қатты сүйемін.
Әжем - зейнеткер. Мен кішкентай болғанда әжем мені тәрбиеледі, өйткені анам жұмыс істеді. Әжемді де мен өте қатты сүйемін. Оның жасы қазір 75-те.
Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым инженер.
Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату тәтті тұрады!
Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер
1. Әуелгі байлық ден саулық,
Екінші байлық он саулық,
Үшінші байлық ақ жаулық
2. Денсаулық зор байлық.
3. Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
4. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
5. Бас ауырса жан қорқады.
6. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде
7. Жаман ауруға жақсы ас.
8. Емнің алды - еңбек.
9. Басы аманның малы түгел.
10. Демі бардың емі бар.
11. Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
12. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
Тусытық атаулар
Ата әкеннің әкесі, бергі ата.
Арғы ата атаның әкесі.
Жеті ата сегізінші атаға дейінгі аталар.
Нағашы ата шешенің (ананың) әкесі.
Әже әкенің шешесі,үлкен әже.
Нағашы әже шешенің шешесі.
Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апа әпке, тәте, іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас.
Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар.
Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде.
Құдалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.
ӨЗ ЖҰРТЫ
Ата - дедушка, со стороны отца
Әже - бабушка со стороны отца
Әке/Көке - отец. Кстати "Көке" иногда называют старших братьев, распространено в основном на юге
Ана - мама
Апа/тәте - тётя
Аға - дядя или старший брат.
Әпке - старшая сестра. Так же старшой сестрой в центральном Казахстане называют "Апа"
Іні - младший братишка
Сіңлі - младшая сестренка
Туыс/тума - не очень близкие, но все же родственники со стороны отца
Бөле - дети родных сестер будут друг другу "бөле"
Жиен - внуки со стороны дочери.
Жиеншар - правнуки со стороны дочери
Жеңге - Жена старшего брата. Жену младшего брата называют как обычно "келин бала".
Жезде - Муж старшей сестры. А старшая сестра может называть мужа младшей сестренки "күйеу бала"
НАҒАШЫ ЖҰРТЫ
Ата - дедушка со стороны матери
Ана, әже - бабушка, со стороны матери
Аға - дядя
Апа - тетя
Құда жегжат - дальние родственники, близкие друзья
Қабырға ағайын - "косвенные" родственники.
Балдыз - Младшие братишки и сестренки жены для мужа будут "балдыз"
Бажа - мужья родных сестер будут друг другу "бажа"
Абысын, абысын ажын - жены родных братьев будут друг другу абысынками.
Төркін - родственники вышедшей замуж девушки. Если проще, другое название родственников жены
ҚАЙЫН ЖҰРТЫ
Күйеу - муж
Құдалар - родственники со стороны мужа/жены
Қайын ата - отец мужа/жены
Ене (қайын ене) - мать мужа/жены
Қайнаға - старший брат мужа
Остальное так же іні, сіңлі, апа, әпке только с добавлением "қайын" - қайын іні, қайын сіңлі, қайын апа и т.д.
Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізеді. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған. Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін.
Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшін қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге несиелендіру мерзiмдерiн ұзарту, несиелендірудiң бастапқы жарнасы мен мөлшерлемелерін азайту болып табылады.
«Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында қолжетімді баспана мәселесін ерекше атап көрсетті. Әрине, бұл үлкен мәселе. Қазір Үкімет арнайы бағдарлама дайындап жатыр. Осы бағдарлама бойынша, тұрғын үйлер салынады. Ұзақ мерзімге жалға беріледі. Кейін сатып алуға болады. Жоспар тұрғын үй алаңын бір миллион шаршы метрге жеткізу, жарты миллион жас отбасыға баспана беру. Бұған мемлекет көп қаржы бөледі. Құрылыс саласын дамытады,.-деді.
«Казақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі өз қызметін мынадай үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:
1. Тұрғын үй құрылыс дамыту
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді жетілдеру
3. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыру және дамыту
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр.
Атап айтқанда, мынадай бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының көлемін өсіру және қолжетімдігін қамтамасыз ету ұсынылады:
1. Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуы, оны тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатуы.
2. Кезекте тұрғындар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу
3. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу
4. «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үй салуы
5. Жеке тұрғын үй құрылысы
6. Инженерлік коммуналдық инфрақұрылым салу
Жас отбасы бюджеті.
Мысалы екі адамнан тұратын, отбасылық бюджетті енді ғана бірлесіп жүргізе бастаған жас отбасының қаржы жоспарын қарастырайық. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арналған тәсілді өзгерту қажет. Егер қазіргі жағдайда оның пассиві көп болса және негізінен отбасының ағымдағы қажеттіліктерінен тұратын болса, болашақта бюджет кіріс әкелетін активтермен толықтырылуы тиіс.
Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай? Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағыдай отбасының шығыстарын қысқарту, әрине күрделі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады. Екінші кеңес: отбасының тұрақты қорын қалыптастыру толық аяқталғанша қарызға ақша алмау және несиеге ірі тауарлар сатып алмау керек. Үшіншіден, отбасы шығын жұмсалатын жерде үнемдеу керек, бірақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.
Кез келген компанияның жетістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кәсіпорынның экономикасымен салыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.
Досымның отбасы
Менің жақсы досым бар. Оның аты Әділ. Ол 1994 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Оған 8 жас болғанда ол отбасымен Қостанай облысына көшті. Оның отбасы үлкен емес. Оның отбасы 4 адамнаң тұрады. Олар: әке,ана,аға және Әділ. Әділдің әкесінің аты - Айдарбек. Ол Қазақстан темір жолында жұмыс істейді. Оның келбеті: қараторы, шашы қалын, көзі қара және үлкен, құс мұрын, кең иықты және денелі. Анасының аты Дариға. Мамандығы мұғалім.Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы ұзын, қара, қой көзді, құс мұрын, сымбатты. Әділдің ағасының аты Талғат. Талғат 21 жаста. Ол университеттің үшінші курстың студентті. Болашақ мамандығы юрист. Әділ биыл мектепті бітірді. Қазір ол «Астана медицина университетінде» бірінші курсте оқиды. Ал оның болашақ мамандығы хирург. Әділдің отбасы өте жақсы және тату.
Біздің үйіміз
Біздің үй Қостанай қаласында, Абай даңғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты үй-біздікі. Ол жеке меншік үй емес, қазыналық үй. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта. Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.
Кіре берісте кең, үлкен дәліз бар. Ең үлкен бөлме-төргі (қонақ) бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір теруесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Төргі бөлменің он жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі тұр. Төргі бөлменің едені-паркет. Паркеттің үстінде кілем төсілген. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.
Екінші бөлме әке-шешемдікі. Ол жатын бөлме. Мұнда екі кереует, екі тумба, үлкен үш есікті шифоньер және үлкен айна тұр.
Үшінші кішкене бөлме менікі. Бөлмемде екі кереует, гарбероб, жазу үстелі, бір орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, қалам, қарындаштар, кітап және дәптерлер бар. Компьютер, кітап сөресі де осында.
Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.
Жуынатын бөлмесі, әжетханасы бөлек. Бөлмелер оңаша, өте қолайлы. Телефонымыз да бар.
Бір күндік жұмыс жоспары
Бүгін жұмыс күні. Адамдардың көбі жұмыс күні ерте тұрады. Кейбіреулері дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды, кейбіреулері орындамайды, жуынады, киінеді, таңертеңгі астарын ішіп, жұмысқа асығады. Таңертең уақыт жетпейді.
Вильям шетел фирмасының директоры. Әйелі екеуі Алматыда Наурызбай көшесіндегі 56-ншы үйде тұрады. Әйелінің аты Шерил. Балалары жоқ. Екеуі де Нью-Йорктан.
Вильям сағат алтыда тұрады, дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды да, жуынады. Таңертеңгі иамағын ішеді. Үйден жетіде шығады. Машинаға отырып, жүмысына барады. Сағат бірде түскі асын ішеді, жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға дейін істейді. Кейде пицца сатып алып, кейде Шерил екеуі мермаханаға барып тамақтанады. Үйге келіп, біраз жұмыс істейді немесе демалады. Сағат он екіде шешініп, ұйықтауға жатады.
*************************************
Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Жуынып, жетіден он бес минут кеткенде таңертеңгі тамағымды ішемін. Мен үйден сегізде шығамын. Сағат тоғыздан бірге дейін сабақта отырамын. Түскі тамағымды екіге жиырма минут қалғанда ішемін. Мен кешкі беске дейін оқу залында отырып, сабаққа әзірленемін. Үйге алтыға он бес минут қалғанда келемін. Кешкі тамағымды сағат жетіде ішемін. Жеті отыздан он бір жарымға дейін мен үй жұмысымен айналысамын, кітап оқимын. Сағат он екіде жатамын.
Дені саудың-жаны сау.
Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?
1. Спорттың денсаулыққа әсері.
2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.
3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.
Ел президентінің Қазақстан 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.
Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.
Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);
Темекі шекпеу керек;
Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.
Дәстүрлі әдістер
Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.
Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.
Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.
Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.
“Денсаулық баға жетпес
асыл қазына”- деген қазақ халқы.
“Бірінші байлық- денсаулық”
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Замандас келбеті.
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.
Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.
Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.
Ал, Оляныі ұлты орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.
Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.
Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.
Студенттің бос уақыты.
Қазіргі уақытта мен студентпін.Сондықтан менің әр күнім бір-біріне өте ұқсас. Біз аптаның алты күнінде оқимыз, ал жексенбі күні демалыс.
Денсаулығым мен үшін өте қымбат, сондықтан бұл күні ең алдымен ұйқымды қандарып аламын . Әдеттей сағат 10 немесе 11-ге дейін ұйықтаймын. Содан соң бос күнімді жоспарлаймын.
Ең алдымен ата анама көмектесуге тырысамын. Отбасымызбен маңызды шаруаларды шешеміз. Кейін өз бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, себебі «уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған.
Күннің екінші жартысында достарыммен хабарласып, Сити орталығында немесе А.Байтұрсынов алаңында кездесеміз. Бір-бірімізге жаңалықтар айтып, біраз уақыт демалып қайтамыз.
Әр адамның өз қызығушылықтары болады. Менің де бір жақсы көретінім- бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері бұл менің қатысатын үйірмем. Ол қаланың орталығында Шығармашылық үйінде орналасқан. Жексенбі күні сағат 18-ден 19.30-ға дейін мен осы үйірмеде боламын. Онда біз атақты қыл қалам шеберлері туралы, олардың тамаша туындылары туралы әңгімелесеміз. Композиция, пропорция, перспектива сияқты теориялық ұғымдарды меңгереміз. Қарындашпен, тушьпен, пастельмен, гуашьпен, сулы және майлы бояулармен суреттер саламыз. Бұл менің бір жақсы көретін қызығушылығым. Мүмкін, бұл өнерім менің өмірімде қажетті болар деп сенудемін.
Ал кешке қарай ерте жатып, келесі оқу күніне дайындаламын.
Адамның сәні.
Сән ( modus деген латын сөзі) өлшем, тәсіл, іс қимыл бейнесі. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Стиль (styios деген грек сөзі) мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Романтикалық стиль бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.
Спорттық стиль (спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
Уақыт алтыннан да қымбат
Уақытты басқару өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгіре алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді. Әйтсе де, жұмысы өз уақытында тамаша орындап тастайды.
Кеңес одағы кезінде адамдарда ауқытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барылығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Соныдықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр.
Әркім өз уақытын меңгере алмайды, өйткені уақытымыздың жаулары көп. Ал мен болсам, өз уақытымды құрметтеймін, өйткені уақыт алтыннан да қымбат.
Уақыттымыздың жаулары ( враги нашего времени):
ұмытшақтық;
Дені саудың-жаны сау.
Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?
1. Спорттың денсаулыққа әсері.
2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.
3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.
Ел президентінің Қазақстан 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.
Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.
Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);
Темекі шекпеу керек;
Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.
Дәстүрлі әдістер
Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.
Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.
Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.
Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.
“Денсаулық баға жетпес
асыл қазына”- деген қазақ халқы.
“Бірінші байлық- денсаулық”-деген халқымыз.
Ауру- астан
Ас, адам өмірінде маңызды орын алады. Ас арқылы адам ойлайды, жұмыс істейді, сөйлейді, оқиды, жазады, тыңдайды, қуанады, ұйықтайды. Сондықтан деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек.
Қазіргі кезде тамақтың түрі өте көп. Дүкендерде жартылай дайындалған тағамдарды кең түрде сатылады. Әсіресе, шет мемлекеттерден біздің елімізге дайын күйіндегі тағамдар көптеп әкелінеді. Оларды жиі қолданып, жей беруге де болмайды.
Тамақты уақытында ішудің де денсаулығымызға үлкен әсері бар. Себебі, адам ағзасы тамақ арқылы ғана қажетті дәрумендермен, соның ішінде белок, май, көмірсу, минералдық заттармен қамтамасыз етіледі. Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғылымда белокты протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіне айран, қаймақ ақ ірімшік, құрт, жент, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады.
Біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су керек, өйткені адам денесінің шамамен 2/3 бөлігі судан тұрады. Адамға күніне 100 г белок, 85 г май, 400 г көмірсу қажет екен.
Тазалық-денсуалық кепілі
Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.
Жеке бас тазалығының ережелері.
-Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса
-Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара
-Киімің таза және үтіктелген болсын
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл.
Тері тазалығы адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
Отбасы шағын мемлекет