Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Егемен ~аза~стан

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

Елдегi жағдай және 2002 жылғы iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы

Республика Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, 2001 жыл

 

"Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 4 қыркүйек N 197

 

      Тәуелсiз Қазақстанның шежiресi, оның жаңа тарихы ендi басталып келедi.  
      Бiрақ сiздер мен бiздер тәуелсiздiктiң бастау алар шағындағы аса бiр күрделi тарихи кезеңде өмiр сүру құрметiне ие болып отырмыз, бұл уақыттың әр жылы ондаған жылдарға парапар деп нық сенiммен айтуға болады.  
      Бiз алғашқы жетiстiктердiң қуанышы мен қиындығын, сондай-ақ, қоғамдық-саяси жүйенiң және мемлекеттiк-экономикалық құрылыстың алмасу кезеңiндегi тауқыметтi де бастан кешiрдiк.  
      Бiздiң ұрпақ жаңа мемлекеттi құру, оның қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң құрметi мен жауапкершiлiгiн қайыспай арқалағанын, экономикалық қатынастар жүйесiн түбiрiмен қайта құруға, қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықты орнықтыру мен нығайтуға байланысты қиын сәттердi абыроймен өткергенiн атап өтуге болады.  
      Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары алдымызға қойылған қоғамды және экономиканы реформалау мiндеттерi негiзiнен алғанда тиянақталды деп айтуға әбден болады.  
      Қысқа мерзiмнiң iшiнде, бiр қарағанға, қолдан келместей қыруар iс тындырылды. Небәрi бiрнеше жылдың iшiнде өзiне тән барлық айқын сипаты бар жаңа мемлекеттiлiк құрылды.  
      Алғашқы күндерден бастап қолға алынған конституциялық құрылыс барысында мемлекеттiк дамудың жаңа үлгiсiн қалыптастыруға қажеттi берiк негiз қаланды.  
      Құрметтi депутаттар! Қымбатты қазақстандықтар!  
      Өмiр бiздiң ашық нарықтық экономика мен демократиялық даму үлгiсiн таңдауымыздың дұрыс болып шыққанын көрсетiп бердi деп басын аша айта аламыз.  
      Бiздiң реформаларымыздың әлеуметтiк бағыт ұстанғаны өте маңызды. Мұның өзi реформа жолына түскен кейбiр басқа елдерде орын алған iрi саяси сүргiндерге ұрынбай өтуге мүмкiндiк бердi.  
      Қазiр қарап отырсаңыз өмiрiмiздегi көптеген құбылыстар өзiнен өзi бола салғандай көрiнедi.  
      Кәсiптiк еркiндiк те, жаңа салық, бюджет, банк жүйелерi де, жекеше кәсiпорындар, шаруа, фермер қожалықтары да, сондай-ақ басқа көптеген жайлар да баяғыдан бар сияқты.  
      Шынтуайтында, мұнан 8-10 жыл ғана бұрын осының ешқайсысы да жоқ едi, оны айтасыз - мұндай идеялардың өзiне талай жұрт тосырқай қарайтын. Бұл жөнiнде қоғамда қандайлық пiкiрталас өрiстегенiн, билiк басындағыларға қандайлық айыптар тағылғанын еске алудың өзi жетiп жатыр.  
      Қоғамдық пiкiрдi өзгерту оңайға түскен жоқ.  
      Алайда, бiз осының бәрiн еңсере алдық. Бiз жаңа экономикалық қатынастардың негiзiн қаладық, шын мәнiнде тақыр жерде нарық тетiктерiн жасап шыға алдық.  
      Қазiргi таңда ел экономикасы өрлеу үстiнде - биылғы жылдың алғашқы жартысында жалпы iшкi өнiмнiң өсуi өткен жылдың осындай мерзiмiмен салыстырғанда 14 пайыздан асып отыр. Өндiрiс орындарының тоқтап қалғандары қалпына келтiрiлiп, бiразы жаңадан құрылып жатыр, инфрақұрылым белсендi түрде қалыптастырылуда, ауыл еңсесiн тiктеп келедi.  
      Жарты жылдың нәтижесi бойынша ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өсуi 5%-дан артты. Мемлекет бөлген пайызсыз несиелер егiс науқанын ойдағыдай өткiзуге, егiндi жинап алуға жақсы дайындалуға септiгiн тигiздi. Биыл ауыл-село жанар-жағар майға қатысты да, техниканы әзiрлеу жөнiнде де қиындыққа кезiге қойған жоқ. Жағдайдың жақсаруына ауылға арнап қабылданған заңдар, сондай-ақ Үкiмет пен әкiмдердiң белсендi жұмысы да көмектестi. Сонан да бiз қазiр диқандарымыз биыл бiтiк егiнмен қуантар деп күтiп отырмыз.  
      Импорт алмастыру саясаты өзiнiң жемiсiн бере бастады. Отандық тауар өндiрушiлерiмiз 2001 жылға экономиканың шикiзат секторымен 220 миллион долларлық шарт жасасты, мұның өзi өткен жылдағыдан 2,2 есе артық. Бiрiншi жарты жылдықта әлгi шарттардың 54%-ы орындалды, бұл ұқсатушы өндiрiстiң өркен жаюына түрткi болды: мәшине жасау өндiрiсiнiң ауқымы 40%-ға, тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң iс көлемi 20%-ға өстi.  
      Бұл үшiн бiз елдiң iрi кәсiпорындарында жұмыс iстеп жатқан Қазақстан инвесторларына алғысымызды айтамыз. Iс жүзiнде Қазақстанның iрi кәсiпорындарының барлығы, орташа кәсiпорындарының көбi қалпына келтiрiлдi.  
      Темiржол салу жалғасып жатыр, бiз стратегиялық тұрғыдан маңызы үлкен "Дөң-Қызылоктябрь кенiшi" темiржолының құрылысын бастадық, ол елiмiздiң орталық өңiрiн батыстағы аймақпен, атап айтқанда - Ақтау портымен байланыстыратын болады.  
      Банк жүйесiндегi депозиттердiң көлемi биылғы 1 тамызға дейiн 393 миллиард теңгенi, банктердiң экономикаға несиелiк салымы 397 миллиард теңгенi немесе АҚШ долларымен 2,5 миллиардтан астам соманы құрады, мұның өзi осыдан екi жыл бұрынғыдан анағұрлым артық.  
      Жеке тұлғалардың елiмiз банктерiндегi депозиттерi 150 миллиард теңгеден артып түсiп, АҚШ долларымен бiр миллиардтан астам сома мөлшерiне жеттi.  
      Негiзгi капиталға салынатын инвестициялар жоғары қарқынмен өсiп келедi, қазiр ол 30%-дың маңайында, инфляция деңгейiн төмендету саясаты сақталып отыр.  
      Iшкi инвестициялардың артуына азаматтарымыздың ақшаларын жария ету жөнiндегi сәттi жүргiзiлген акция да септестi, мұның өзi жарты миллиардтай доллар қаржыны ресми есепке алуға, сөйтiп осы арқылы әлгi ақшаларды ел экономикасына қайтаруға мүмкiндiк бердi.  
      Жаңа елордамыз Астананы салу мен абаттандыру жөнiндегi жалпы-ұлттық мәнi бар iрi мақсат жүзеге асуда, Астана аз уақыт аралығында бiздiң бүкiл экономикалық және әлеуметтiк-саяси тыныс-тiршiлiгiмiзге соны серпiн беретiн, барлық қазақстандықтарды өзiне тартып тұратын, елдiң басқа қалаларының дамуы үшiн жақсы үлгi көрсететiн әкiмшiлiк орталығына айналды. Көкшетау, Талдықорған сияқты облыс орталықтары қалпына келтiрiлуде, облыс орталықтарының барлығы дерлiк қазiргi заманғы келбетке ие болуда, кейiнгi жылы бұл үрдiс аудан орталықтарынан да бой көрсете бастады.  
      Ауруханалар, мектептер, мәдениет пен спорт нысандары салынуда және жөнделуде. Қазақстанның барлық мектептерiн компьютерлендiру аяқталды.  
      Мектептердегi ұстаздар мен шәкiрттердi жаңа оқу жылының басталуымен ғана емес, осынау маңызды тарихи оқиғамен де құттықтауымызға болады ғой деп ойлаймын.  
      Өркен жая түскен экономика әлеуметтiк мiндеттердi де ойдағыдай шешуге мүмкiндiк беруде. Кейiнгi екi жылдың iшiнде ғана адамдарымыздың жан басына шаққандағы номиналды ақша кiрiсi 30%-ға, нақты кiрiсi 12%-ға жуық артты.  
      Барлық әлеуметтiк жәрдемақы мен зейнетақы, бюджет ұйымдарындағы жалақы уақтылы төленiп келедi. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi 1999 жылғы 3 мың теңгеден 2001 жылы 4 мың теңгеге, яғни үштен бiр есе өстi.  
      Жұмыс орындарының саны артып келедi. Экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың еңбекке тартылуы 90,2%-ға жеттi. Тек iрi және орта кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн адамдардың саны 6,1%-ға көбейдi. Адамдарға жаңа жұмыс орындарын тауып беретiн қоғамдық жұмыс түрлерi жандана түсуде.  
      Бiзде өзiне жұмысты өзi тауып, өзiн де, отбасын да қамтамасыз етiп жүргендердiң тұтас бiр жiгi қалыптасып қалды. Олардың құрамы 3 миллиондай адам. Ұлттық компанияларда, банк саласында, кәсiпкерлiк құрылымдарда, шетелдiң қатысуымен ашылған кәсiпорындар мен фирмаларда жұмыс iстейтiн бүгiнгi заманғы менеджерлердiң, жоғары бiлiктi мамандардың қалың шоғырланған әлеуметтiк тобы бой түзеп келедi.  
      Қазақстанның қазiргi бұғанасы беки түскен орта табының арқауын құрайтындар да осы әлеуметтiк топтар. Олар экономикалық прогрестi елдiң тұрақты даму мәселелерiнен бөлек қарастырмайды. Қоғамның одан әрi ырықтандырылуы, саяси жүйенiң демократиялануы олардың мүдделерiне сай келедi.  
      Осы жылдар iшiнде бiз нақты демократиялық институттары орныққан қоғам құрып шықтық деп батыл айта аламыз.  
      Қазақстанның мемлекеттiк құрылымы мемлекеттiк билiктiң бiрлiгi және оның заңдылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiнiң демократиялық қағидатына сүйенедi. Елдi басқарудың президенттiк формасының орныққаны билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiнiң кепiлi болып отыр. Мұндай мемлекеттiк құрылымды өзгертуге ешқандай негiз жоқ.  
      Мықты атқарушылық билiк қоғамдағы тұрақтылықтың негiзi және экономикалық реформалардың табысты болуының басты факторларының бiрiне айналды, бұл орайда Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында көшбасшы ретiнде көрiнуде. Мұны халықаралық сарапшылар мойындап отыр.  
      Бiз мемлекеттiк қызметтi реформалауда да табысқа қол жеткiздiк, көптеген көршiлерiмiз жинақтаған тәжiрибемiздi қызыға зерттеуде.  
      Адамдардың азаматтық сезiмi мен патриотизмi, олардың ертеңгi күнге деген сенiмi нығая түсуде: өткен жылы Қазақстан азаматтығын алуға ниет еткен адамдардың саны азаматтықтан шығуды қалайтындардың санынан 2,5 есе асты.  
      Қалыптасқан жаңа құндылықтардың орнығуы жағдайында жас қазақстандықтардың тұтас бiр буыны өсiп шықты, олар үшiн нарық пен бостандық - орны ештеңемен толмайтын ұғымдар.  
      Бiздiң азаматтарымыз бостандықты, экономикалық та, саяси да еркiндiктi алды, елiмiзде осы жылдардың бәрiнде де бейбiт өмiр мен жарасымды тiрлiк салтанат құруда. Тегiнде, өзiмiз жүрiп өткен он жылдың басты қорытындысы да, бiздiң дамуымыздың негiзгi қозғаушы күшi де осы болар. 

                                     ***

      Алайда, бұл жылдардың iшiнде қол жеткен оңды көрсеткiштердiң бәрi де ағымдағы және стратегиялық сипаттағы проблемалар түп-түгел шешiле қалған екен, ендi мұртымызды балта шаппайтындай болған екен деген ойға дес бергiзбеуге тиiс. Атқара алмай жатқан iстерiмiз бен бiзге төнер қауiп әлi де бастан асады. Сондықтан да елдегi жағдайға сын тұрғысынан талдау жасау өте маңызды.  
      Бiз елiмiздiң қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне елеулi қатер төндiретiн болашақтағы шетiн жағдайларды ескеруге тиiспiз. Әлемдегi экономикалық дағдарыстардың бiрiнен кейiн бiрi туындап жататыны, оңтүстiктегi шекараларымыз жақтағы тұрақсыздық, қанды қақтығыстар аймағының кеңейе түскенi, терроризмнiң өсуi, есiрткiге салыну мен СПИД-тiң етек жаюы, көптеген елдерде қылмыстың құрық бермей бара жатуы - осындай қатерлер. Мұндай қауiптi құбылыстардың барлығы да бiздер үшiн ауыртпалық алып келуi әбден мүмкiн.  
      Iс жүзiнде бiз шешуге тиiс басты мiндеттердiң барлығы да "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында" баяндалған. Оның қағидалары iс-шараларымыз бен бағдарламаларымызда, соның iшiнде орташа және қысқа мерзiмдi болашаққа арналған жоспарларымызда ұдайы нақтыланып отырады. 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын орындау мақсатында менiң тапсырмам бойынша елiмiздiң дамуының 10 жылдық стратегиялық жоспары жасалды, онда жаңа айтып өткен iшкi және сыртқы қатерлердiң барлық негiздемелерi ескерiлген. Бұл орайда басқа да бiрқатар тенденциялар назар аударуға тұрарлық.  
      Социалистiк жүйе күйреп бiткеннен кейiнгi әлемдiк қауымдастық әлi де жаңа әлемдiк тәртiптi орнатудың бiрiншi белесiнде тұр, ол қарқынды дамып, стратегиялық тепе-теңдiктiң жолдарын iздестiруде.  
      Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы мен аймақтық сипат ала түсуi дамудың маңызды факторына айналды. Көпполярлы дүниеге қарай ойысу күшейе түсуде. Мұндай тенденция Қазақстанның стратегиялық мүдделерiне сәйкес келедi.  
      Шикiзат қоры бай, жерi ұлан-байтақ, стратегиялық тұрғыдан транзиттiк әлеуетi мықты, ашық әрi нарықтық экономиканы қалыптастырған Қазақстан геосаяси және геоэкономикалық процестерден тыс тұра алмайды, тыс тұруға тиiстi де емес. Сондықтан да бiздiң ұзақ мерзiмге межелеген стратегиялық мiндеттерiмiздiң шешiлуi әрi қуатты, әрi басқалармен бәсекеге түсе алатын экономиканы құруымыздың қарқыны мен динамикасын қаншалықты арттыра бiлетiнiмiзге байланысты болмақ. Осы мiндеттi жүзеге асыра отырып, бiз өмiр сүрудiң тиiстi деңгейiн сақтауға, азаматтарымыздың еркiндiктерiне кепiлдiк беруге, елдiң қауiпсiздiгiн нығайтуға тиiспiз.  
      Алдағы онжылдықтағы барлық билiк тармақтарының ең басты парыз-мiндетi мiне осы.  
      Қазақстан алдағы кезде де экономикадағы құрылымдық өзгерiстер жағынан да, әлеуметтiк даму деңгейi жағынан да көршiлес мемлекеттердiң барлығынан озық тұруының принциптi тұрғыдан маңызы үлкен.

     Әлеуметтiк-экономикалық даму саласында 2010 жылға дейiн бiз мынандай негiзгi мақсаттарды алға қоямыз: 
     - жекелеген секторларда орнықты әрi басқалармен бәсекелесе алатындай экономиканы қалыптастыруды жалғастыру; 
     - iшкi жалпы өнiмнiң көлемiн, кем қойғанда, екi есе көбейту; 
     - экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесiн арттыруға қол жеткiзу; 
     - азаматтарымыздың әл-ауқатын анағұрлым арттыру. 
     Саяси және мемлекеттiк құрылыс саласында алдағы онжылдыққа мынадай түйiндi мiндеттер алға тартылады: 
     - билiктiң үш тармағының өзара iс-әрекет жасауының тиiмдi жүйесiн құруды жалғастыру; 
     - мемлекеттiк басқаруды бiр орталықтан жүргiзудi тоқтатуды жоспарды түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 
     - сайлау процесiнiң тетiктерiн одан әрi жетiлдiре түсу; 
     - саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарын одан әрi дамытуға, iшкi саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен еркiндiктерiн кеңейтуге септесу.  
      Экономиканы жаңғырту мен бiздiң қоғамымызды демократияландыру мiндеттерiн шешу Конституцияға және елдiң заңдарына дәлме-дәл сәйкес келетiндей күйде қамтамасыз етiлуге тиiс.  
      Заңға тақ тұруды бiздiң өмiрiмiзге ендiру қоғамның, соның iшiнде елдiң құқық қорғау органдарының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып қала бермек.  
      Сыртқы саясат және елдiң қауiпсiздiгiн нығайту саласында бiз мынандай басты проблемаларды шешуге тиiспiз:  
      - ықпалдасуды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның әлемдiк қауымдастықтағы рөлiн күшейту;  
      - аймақтық қорғаныстың тиiмдi жүйесiн қалыптастыруға белсене атсалысу;  
      - әскери реформаны аяқтап, осы заманға сай Қарулы Күштердi қалыптастыруды жалғастыру;  
      - шекара және iшкi әскерлердi нығайту;  
      - шекараның ұзына бойында делимитация процесiн аяқтау және басқа да трансшекаралық проблемаларды шешу үшiн тиiмдi шаралар жасау;  
      - елдiң экономикалық және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты күшейте түсу.  
      Экономика саласы түйiндi сала болып қала бермек. Реформаларды жүзеге асыруда алда келе жатқанымыз бiздi тоқмейiлсушiлiкке салындыруы, сөйтiп өсу қарқыны мен жаңғырулардың жеделдiгiнен айырылып қалуымыз мүмкiн деген күдiк-күмәннiң көлденең тартылатын жөнi де бар.  
      Бiздiң экономикамыз өте қатты дағдарыстан және 90-шы жылдарғы құлдыраудан кейiн ендi ғана дами бастағанына және айтарлықтай жоғары деңгейде емес екенiне өзiмiзге есеп беруiмiз керек.  
      Жан басына шаққандағы бiздiң IЖӨ соңғы жылдары серпiндi өсiп келедi және ол ТМД-дағы деңгей бойынша барынша жоғары көрсеткiштердiң бiрi. Алайда оның бiр жарым мың АҚШ долларына дейiн жетпейтiнiн де айтайық.  
      Бiздiң алдымызда ел экономикасының көлемiн айтарлықтай ұлғайтудың өзiнiң маңызы жағынан орасан мiндетi тұр.  
      Сыртқы экономикалық орта мәңгi қолайлы болып қала бермейтiнiн түсiнуге тиiспiз.  
      Бiз қазiр әлемдiк экономика мен шикiзат тауарлары бағасы ахуалының циклдық нашарлауын байқап отырмыз. Елде сауда балансының оң сальдосы төмендеп барады.  
      Сондықтан да бiз кейбiр саясатшылар ұсынып жүргенiндей соңғы екi жылда жинағанның бәрiн таратып беру жолымен жүрмей, қайта ресурстарды молықтыра беруiмiз керек. Әрбiр отбасы былайша айтқанда "қиын күндерге" деген қаражаттың болуына ұмтылады. Үлкен отбасы секiлдi ел де өзiн қилы-қилы тосын жағдайлардан қауiпсiздендiруi керек. Менiң Үкiметке негiзгi тапсырмам және 2002 жылға арналған бюджеттi қарау кезiндегi Парламентке өтiнiшiм, мiне, осы.  
      Осындай жағдайда Үкiмет пен Ұлттық банк орта мерзiмдi макроэкономикалық саясатты айқындап, бағамдық, фискалдық және индустриялдық саясаттарды қоса алғанда ақша-кредит саясатының сәйкестiгiн қамтамасыз ету принциптерiн талдап жасауы керек.  
      Үкiметтiң де, сондай-ақ жергiлiктi деңгейде де қабылданатын шешiмдерде экономикалық мазмұнның әлсiреушiлiгi сезiлетiнiн атап айтуға тиiспiн. Бұған жоспарлау деңгейiнiң төмен сапасы себеп болуда.  
      Бюджет процесiнiң жүрiсi қанағаттанғысыз, ол, бiр американ қаржыгерiнiң бейнелеп айтқанындай, көңiл толмаушылықты тең дәрежеде бөлу өнерiне айналып барады. Былайша айтқанда - Үкiмет, Парламент және жергiлiктi билiк құрылымдарының сауда-саттық затына айналып барады.  
      Қосымша табыстардың пайда болуы мемлекеттiк органдардың, әсiресе атқарушы билiктiң қырағылығын әлсiретiп, олардың резервтердi iздеу мен жұмылдыруға, бюджет қаражатын үнемдеу принциптерiн сақтауға деген ұмтылысын әлсiреткен сыңайлы. Барлық министрлiктер мен облыстардың әкiмдерi 2002 жылдың бюджетiн талдап жасау процесiнде биылғы жылы өздерiне бөлiнгенiне қарағанда 2-3 есе көп ресурстар сұраған. Оларға қатысты Үкiмет тарапынан талапшылдық деңгейi төмендеп кеткен.  
      Өз пiкiрiмдi айтқым келедi: министрлер де, әкiмдер де өрекпулерiн басуы керек.  
      Келесi жылғы шығындардың өсуi азаматтардың ең төменгi табыстарын арттыруға арналған шығындардан басқа барлық баптар бойынша барынша аз болуы қажет. Ақшаны, егер ол бар болатын болса, жаңа өндiрiстердi, инфрақұрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсау керек.  
      Табиғи рентаны мемлекеттiң пайдасына әдiлдiкпен алып қою, трансферттiк баға құрылымы, акциздердi толық мәнiнде жинау тұрғысындағы барлық айтыстар мен пiкiрталастар жайлап "сиырқұйымшақтанып" кеттi. Парламенттiң талабы төмендеген жағдайда Үкiмет те, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi де бұл жұмыс учаскесiн ұмыт қалдырды. Бұған жол беруге болмайды.  
      Қоғам үшiн әсiресе өндiрушi саладағы iрi кәсiпорындар мен инвесторлардың жұмысында толық мөлдiрлiктiң болуына қол жеткiзу қажет. Бұл мәселенi одан әрi созуға жол беруге болмайды. Үкiмет және бұл мәселеге жауапты министрлер мұнда мемлекеттiк көзқарас үлгiсiн көрсетуi тиiс. Егер Қазақстанда жұмыс iстейтiн әрбiр компания өзiнiң барлық ақша арналарын - қанша тапқанын, жұмсағанын, қандай пайда алғанын адал көрсететiн болса, онда Үкiмет мүшелерi бәзбiреулердiң мүдделерiн тоқайластырып отыр деген сөз де шықпайды.  
      Үкiмет осындай мөлдiрлiкке қол жеткiзуi тиiс.  
      Iшiнара тексерулер мемлекеттiк сатып алу ережесiнiң жаппай дерлiк бұзылатынын көрсетiп бердi - ал мұнда үнемдеу резервтерi айтарлықтай едi. Алдымен бюджет қаражатын үнемдеу туының астында, ал содан кейiн бюджет шығындарының жаңбырша төпеуiнiң астында өзi үшiн жұмыс iстей бастаған мемлекеттiк кәсiпорындар тез қоздап кеттi.  
      Үкiмет пен әкiмдер ең қысқа мерзiмде мұнда тәртiп орнатуға мiндеттi.  
      Елеулi табыстарға қарамастан, экономиканың нақты секторында қосымша жүйелiк өзгерiстер қажет. Ең алдымен, және бұл туралы сөз бiрiншi жыл болып отырған жоқ, меншiк қатынастарында, кәсiпорындардың есебi мен есеп беруiнде, банкроттық пен медеттеу ресiмдерiнде, инвестициялау мен капиталдандыру тетiктерiнде айқындық пен мөлдiрлiк орнатқан жөн.  
      Өндiрiстi жаңартпастан және жаңғыртпастан мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басқа мiндеттердi шешу қиынға түседi.  
      Бұл үшiн қаражат қажет. Және аз қаражат емес. Ал нақты инвесторлар айқындығы жоқ кәсiпорындардың акцияларын сатып алуға ақшаларын жұмсамай қоймайды.  
      Қазiрдiң өзiнде бiр миллиард доллардан астам жинақтаған зейнетақы қорларының қаражат салуы үшiн жоғары табысты нысандары да, қаржы аспаптарының сайма-сай саналуандығы да жоқ. Неге бұлай? Өйткенi, қор рыногын құру жөнiндегi жұмыс iс жүзiнде тоқтап тынған. Бұл мiндет жылдан жылға қойылып келе жатқанына қарамастан, Үкiмет пен Ұлттық банктен осы проблемаларды шешу жөнiндегi құлақ асарлық ұсыныстарды бiз көре алмай отырмыз.  
      Банкроттық ресiмi рынокты тазалау тетiгiнен көп ретте арам пысықайлар үшiн табыс табудың тәсiлiне айналып жатады.  
      Қазiр әзер дегенде банкроттық туралы заң қабылданды. Үкiмет оның тиiмдi орындалуының тетiктерiн жедел талдап жасап, iске қосуы керек.  
      Туындап жататын экономикалық проблемаларды шешуде Үкiметке жеделдiк те жетiспейдi.  
      Бiздi аймақтық саясаттың сапасы, формальды емес еңбек рыногы мен көшi-қон процестерiнiң мөлдiр еместiгi қанағаттандыра алмайды.  
      Үкiмет Әлеуметтiк қорғау айқындамасының негiзiнде 2003 жылдың бюджетiмен бiрге елiмiзде еңбек қатынастарын жария етуге ынталандыратын мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң ендiрiлуi үшiн барлық қажеттi шараларды жүзеге асыруы керек.  
      Салық түсiмдерiн талдау елдегi көптеген әкiмшiлiк аудандардың шығынды болып отырғаны және бола беретiнiн айқын көрсетiп отыр.  
      Нарық жағдайында оларды үнемi дотацияда ұстап тұру - болашағы жоқ iс. Әдетте, оларда өмiр сүрудiң экологиялық жағдайы да мәз емес.  
      Бiз соны қаласақ та, қаламасақ та, адамдар бұл аудандардан қалаларға және тәуiр аудандарға көше бастайды, урбанизацияның жедел процесi жүретiн болады. Бұл әбден қалыпты құбылыс.  
      Мемлекет бұл процестерден тыс қалмауы керек және қалмайды да.  
      Ақырында күштi демографиялық саясатты да талдап жасаудың мезгiлi жеттi. Бұл да Үкiметтiң 2002 жылғы мiндетi.  
      Бiзде адамның өзiнiң өмiрiн қамтамасыз ету жүйелерi бойынша мәселелер қордаланып қалуда.  
      Бiз коммуналдық реформаларды дер кезiнде және ойдағыдай жүргiздiк. Алайда, пәтер иелерi кооперативтерiнiң ахуалы жөнiнде ештеме айтылмайды.  
      Ал мұнда бәрi, әсiресе тұрғын үй қорын жөндеуге байланысты тiптi де ойдағыдай емес, ол тозып барады, ал ешкiмнiң қолының ұшын қимылдатар түрi көрiнбейдi.  
      Осы тұрғыда өткiзiлген парламенттiк тыңдаулар сол күйi жақсы шешiмдер бере қоймады.  
      Жалпы, урбанизацияға және ел халқы санының өсу саясатына қарай тұрғын үй, әсiресе арзан тұрғын үй проблемасы тез күрделлеенiп келедi. Парламент қабылдаған заңға сәйкес талдап жасалған ипотекалық кредиттеу схемасын, оның жақсы болашағы мен дұрыстығына қарамастан, әзiрге жұрттың бәрiнiң бiрдей қалтасы көтере бермейдi. Үкiмет осы мәселенi шешумен айналысуы керек, оның үстiне бұған заң да мүмкiндiк бередi.  
      Коммуналды қызметтердiң құны жоғары күйiнде қалуда. Мұнымен қоса, жергiлiктi атқарушы органдардың жол берiп қоюшылығы жағдайында мұнда қызмет көрсетушiлер мен оларды тұтынушылардың арасында қаптап кеткен делдалдар әрекет етуде. Осынау жасанды делдалдарға, неге екенiн қайдам, бәрi де төзiп бағуда. Барлық деңгейдегi әкiмдер жедел түрде мұны ретке келтiруi, ал Үкiмет бұл жұмысты бақылауға алуы керек.  
      Қалалардағы базарларда бәсекенi шектеу практикасы жалғасып келедi, мұнда базар иелерi бiлгенiн iстеуде, әкiмдер мұны бiлмеген сыңай танытады, тиiстi санитарлық қадағалау да жоқ.  
      Соның салдары: баға жоғары, ассортимент аз, ал сапасы ақсап жатыр. Әкiмдерге бұл олардың жол берiп қоюшылығы болмаса да, тiкелей жетiмсiз жұмысы екенiн ескертемiн.  
      Қазiр күз келдi, адамдардың өсiрiлген астығын, көкөнiсiн, жемiсiн, етiн сату жүрiп жатыр. Жекешелендiрiлген базарлар бақылаусыз қалғандай әсер пайда болуда.  
      Мен оған әкiмдер мен құқық қорғау органдарының назарын бiрнеше рет аударғанмын. Әкiмияттар ақ та адал бағаны айқындайтын коммуналдық базарлар құратын уақыт жеттi.  
      Бәсекелестiк қыспаққа алынып, мұның өзi базардағы бағалардың өсуiне соқтыруы нелiктен? Бұл мәселенi ретке келтiрудiң болмағаны ма?  
      Бюджеттiк саланың қызметкерлерi табыс деңгейi жөнiнен өндiрiсшiлерден елеулi түрде қалып қоюда.  
      Сондықтан да, әсiресе, төменгi және орта қызметкерлер үшiн жалақы деңгейiн арттыру өзектi болып қалуда. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшерiнде де әдiлдiк орнататын кез келдi.  
      Бiздi денсаулық сақтау мен бiлiм берудiң бүгiнгi сапасы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi, қоршаған ортаның жағдайы қанағаттандыра алмайды.  
      Мемлекеттiк органдардың жұмысын да сын тұрғысынан ой елегiнен өткiзген жөн. Атқару билiгiнiң жекелеген буындарын нығайту талап етiледi. Олардың жұмысын ұйымдастыруды және мемлекеттiк қызметтi реформалауды дамыту жақсартуды қажет етедi.  
      Өткен жылы бiз соттар мен бүкiл құқық қорғау жүйесiн материалдық қамтамасыз етудi айтарлықтай жақсарта алдық. Ендi бiз тұтастай сот жүйесi жұмысының едәуiр жақсаруын күтуге құқылымыз.  
      Есiрткi пысықайларына, жалпы қылмысқа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты мiндет болып қала бередi.  
      Қазақстанда нашақорлық үлкен қасiретке айналып барады. Солай болса-дағы мен жергiлiктi орындарда елдiң, облыстар мен аймақтардың құқық қорғау органдары осынау проблемамен байыпты айналысып, оны шеше бастағанын көре алмай отырмын.  
      Билiк өкiлдерi ретiнде құқық қорғау органдары ең алдымен ел азаматтарының заңды құқықтары мен еркiндiктерiн қорғауға мiндеттi екенiн үнемi еске салып отыруға тура келедi. Кейбiреулерi бұл мiндеттi керiсiнше түсiнедi.  
      Бiз қылмыстық жазалар жүйесiн iзгiлендiру және түзеу мекемелерiнде ұстау жағдайларын жақсарту жолымен алға қарай жүруiмiз керек.  
      Жаңа қылмыстық заңнама бiрқатар әрекеттердi криминалға жатқызбайтын болды, жекелеген қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi жұмсартып, бас бостандығынан айыруға балама болатын жазалар санын кеңейттi.  
      Алайда статистика қылмыстық қудалау органдарының да, сондай-ақ соттардың да құқық қолдану практикасы, керiсiнше, жөнсiз қытыгездене түскенiн көрсетедi.  
      Сондықтан да айқын да анық қылмыстық саясатты iске асыру талап етiледi: заң ауыр қылмыстар жасаған адамдарға қатысты қатал, бiрақ төменгi немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды алғаш рет жасағандарға, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға иманды болуы керек.  
      Заңнама саласында да бәрi ойдағыдай емес. Тәуелсiздiк жылдары бiз қабылдаған заңнамалық кесiмдер саны мыңға таяп қалды. Бұл оларды дұрыс қолдануға байланысты қиындықтар туғыза бастады, қолданыстағы құқықты құқықтық алдарқатушылықтан, ескiрген және бiр-бiрiн қайталайтын нормалардан арылту қажеттiгi туындайды.  
      Тағы бiр бұрыннан келе жатқан проблема мынада: бiз қабылдаған көптеген заңдар заңға тәуелдi қажеттi қосымша актiлердiң жоқтығынан толық күшiнде жұмыс iстемейдi.  
      Үкiметтiң де, сол секiлдi депутаттардың да жекелеген заңдарды тоқайластыру оқиғаларының жиiлеуi алаңдаушылық туғызады, белгiлi бiр мемлекеттiк органның немесе кәсiпкерлiк құрылымның мемлекеттiк мүдделерге залал келтiретiн тар ведомстволық мүдделерi айқын байқалуда.  
      Жеке бiр проблема - халықаралық шарттарды бекiту. Жүргiзiлген талдау он жыл iшiнде бiздiң 350-ге жуық халықаралық шарттарды бекiткенiмiздi және елу шақтысына заң кесiмдерiн қабылдау арқылы қосылғанымызды көрсетедi.  
      Мынадай сұрақтар туындайды: бiз өзiмiзге халықаралық мiндеттемелердi тым көп алған жоқпыз ба; олардың барлығы қазiргi кезде Қазақстанның мүддесiне сай келе ме; олар өзiмiздiң ұлттық заңнамамызды республика Конституциясына сәйкес дамытуға бөгет жасамай ма?  
      Осы шарттарды және қабылданған мiндеттемелердi тегiс қарау қажет.  
      Жоғарыда айтылғанның барлығы iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары бойынша дұрыс шешiмдер қабылдау қажеттiгiн дәлелдейдi. Бiзге неғұрлым белсендi, неғұрлым тапқырлықпен жұмыс iстеу қажет.  
      Әлеуметтiк-экономикалық даму саласына назарды күшейте отырып, мынаны айтқым келедi, анық айқындалған басымдықтар шешушi мәнге ие болып отыр. Сондықтан ресурстарды да соларға шоғырландыру қажет, қорлану мен тұтыну арасындағы өлшемдi қатаң сақтау қажет.  
      Осы бағыттар бойынша жұмысымыз дұрыс болуы үшiн жоспарлаудың сипатын, мазмұны мен көкжиегiн, оның методологиялық және әдiстемелiк базасын айтарлықтай жақсарту қажет.  
      Осы мақсатта келесi жылдан бастап Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы бюджеттi жоспарлау процесiнiң аяғында емес, сол процестiң басында баяндалатын болады, бұл талдап жасаушылардың әу бастан алдағы жылғы арналған басымдықтарды айқындап алуы үшiн керек. Бұл шамамен бiрiншi тоқсанның аяғында болуы тиiс.  
      Бюджеттi жоспарлау процесiнiң өзi Қаржы министрлiгi мен Үкiметтен әлдеқайда тәуелсiз болуы керек.  
      Бюджеттiк және стратегиялық жоспарлаудың толық сәйкестiгiне, Ұлттық банктiң жұмысын тек ақша кредит саясатына шоғырландыруға қол жеткiзу қажеттiгi пiсiп жетiлдi.  
      Стратегия талап ететiндей, әрбiр министрдiң жылға арналып, нақты талдап жасалған және қоғам үшiн түсiнiктi жұмыс жоспары, тиiсiнше кең тұрғыдағы бюджеттiк бағдарламалары болып, олардың орындалуы бойынша есеп беруi тиiс.  
      Бұл талап барлық деңгейдегi әкiмдерге да қатысты.  
      Келесi жылы бюджеттi қалыптастыру және атқару барысында мына девиз негiзгi болуға тиiс: "Инвестициялар, табысы төмендердi қолдау және елдiң қауiпсiздiгi".  
      2002 жылы Үкiмет мынадай мiндеттердi шешуi тиiс:  
      - индустриалдық және аймақтық саясаттың талдап жасалуын аяқтау;  
      - жоспарлау жүйесi бойынша айқындалу;  
      - мемлекеттiк функциялардың одан әрi орталықсыздандырылуына кiрiсу және бюджетаралық қатынастардың орта мерзiмдi моделiн бекiту; 
      - үш жылдық перспективалық бюджеттi бекiтуге  көшудi қоса алғанда, бюджеттiк процестi анағұрлым жетiлдiру. 
      Елiмiздiң Бюджет Кодексiнiң Тұжырымдамасы туралы да ойланатын кез келдi. 
      Нақты секторы одан әрi дамыту үшiн: 
      - акционерлiк қоғамдардың қызметi; 
      - бағалы қағаздар рыногын реттеу; 
      - есеп және есептiлiк мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнамаға жедел түрде өзгерiстер енгiзу қажет. 
      Сондай-ақ Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заң қабылдаған жөн.

      2002 жылдың аяғына дейiн Үкiмет iрi кәсiпорындардың халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына көшуiн қамтамасыз етуi тиiс.  
      Келесi жылы ең төменгi жалақыны 20%-ға арттыру үшiн экономикалық жағдай жасалды деп ойлаймын.  
      Мен Қазақстанда жұмыс iстейтiн барлық компаниялардан өз қызметкерлерiнiң жалақысын арттыруды өтiнемiн. Бұл қазақстандықтарға Тәуелсiздiктiң оң жылдығына жақсы сыйлық болады.  
      Отандық жекеменшiк секторды капиталдандыру мiндетiн әлдеқайда белсендi шешу қажет, онсыз бiз экономикадағы ғаламдандырудың келеңсiз құбылыстарына белсендi қарсылық көрсете алмаймыз.  
      Бiз импорт алмастыру саясатын тереңдетуге, сондай-ақ бiздiң экономиканың экспортқа бағдарлануы, жақын жатқан елдерге бiздiң капиталдың экспансиялануы жөнiндегi шараларды күшейтуге тиiспiз.  
      Бiздiң бизнес ел мүддесi тұрғысынан бiрiгуге өзiнiң ыңғайы мен қабiлетiн көрсетiп, инвестициялаудың iрi проблемаларын шешу үшiн өз ресурстарын шоғырландыруы керек.  
      Үкiмет бұл iсте көмектесуi тиiс.  
      Экономиканың көлемiн ұлғайту, бизнеске қолдау көрсету мақсатында мемлекет 2002 жылға арналған республикалық бюджеттен 90 миллиард теңгеге жуық, немесе үстiмiздегi жылдың бекiтiлген бюджетi бойыншадағыдан 30% көп бөле отырып, барлық маңызы инфрақұрылымдық нысандарға мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының көлемiн ұлғайтуы керек.  
      Үкiмет үшiн 2002 жылға арналған нақты мiндеттердiң қатарынан мыналарды бөлiп көрсеткiм келедi:  
      - Астананың құрылысы мен қайта жасақталуын жалғастыру;  
      - Амангелдi газ кен орны тобын игеруге кiрiсу;  
      - "Дөң-Қызылоктябрь кенiшi" учаскесiнде темiр жол құрылысын жалғастыру;  
      - Көксарай су қоймасын салу жобасы бойынша айқындалу;  
      - Орал қаласы маңында Орал өзенiне көпiр салуды аяқтау.  
      Автомобиль жолдарын салу мен қайта жасақтау тұрғысында үлкен мiндеттер бар, бұған 42 миллиард теңге инвестициялар, немесе биылғы жылға қарағанда 60% көп жұмсалады.  
      Келесi жылы "Алматы - Астана" автомагистралiн қайта жарақтандыру аяқталуы тиiс.  
      Батыс Қазақстанда "Атырау - Орал - Ақтөбе" автожолын, "Алматы - Бiшкек", "Алматы - Қорғас" жолдарын, Қызылорданың маңында Сырдария өзенiнен өтетiн көпiрдi қайта жарақтандыру басталады, "Астана - Бурабай" автожолы учаскелерiнiң және "Шығыс Қазақстан - Алтай Республикасының шекарасы" автожолының құрылысы жалғасады.  
      Әлеуметтiк салада да үлкен мiндеттер тұр.  
      Халық ахуалына қатысты стратегиялық мiндеттердi шешу көп ретте бiздiң денсаулық сақтаудың сапасымен, халықтың денсаулығымен айқындалатын болады.  
      Соңғы жылдары бiз ана және сәби өлiмiнiң төмендеуiне қол жеткiзiп келемiз. Өткiр iшек инфекцияларымен және вирустық гепатитпен, бактериялық дифтериямен, сүзекпен ауыру азайды. Ең бiр қауiптi дерт - полиомиелит жойылды.  
      Сонымен бiрге медициналық қызметтiң сапасын жақсарту мен оның баршаға ашық болуын қамтамасыз ету хақында қоғамның қойып отырған талабы да орынды.  
      Денсаулық сақтау реформасының бағдарламаларын жасаймыз, дегенмен осы уақытқа дейiн ақшаның қайда кетiп жатқанын бiлмеймiз. Ендеше үкiмет мұның ақ-қарасын анықтап алуға тиiс.  
      Ендiгi жерде денсаулық сақтау iсiн басқаратын органның деңгейi мен мәртебесiн көтеру керек. Денсаулық сақтау министрлiгiн құру қажет.  
      Әлеуметтiк саладағы келесi маңызды бағыт бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс болуға тиiс.  
      Бiздiң бұл саладағы басты мiндетiмiз онжылдықтың соңына дейiн қазақстандық жоғары бiлiм беру жүйесiнiң ТМД-ның басқа елдерiнiң, ең алдымен Ресейдiң, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерiнiң бiлiм жүйелерiмен бәсекелестiк қабiлетiн көтеруге саятын болуы керек.  
      Алдағы уақытта Қазақстанның әлемдiк энергетика рыногында барған сайын маңызды рөл атқаратынын ескере келiп, жоғары оқу орындарында бiлiктi мамандар даярлауды жолға қою шарт. Мұндай саласының кадрлары мен менеджерлер даярлау үшiн Қазақ-Британ университетiн құру қажеттiлiкке айналды. Техникалық мамандықтардың беделiн қалпына келтiру керек.  
      Мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң зейнетақысы мен лауазымдық жалақыларының мөлшерiн арттыру жөнiнде қосымша шаралар қолданатын кез жеттi.  
      2002 жылы зейнеткерлер топтарына қатысты әлеуметтiк әдiлеттiлiк мәселесiн принциптiк тұрғыдан шешкен жөн. Айталық, 1994 жылға дейiн тағайындалған зейнетақыларды 25%-ға көтеру қажет. Мұның 1 миллион 215 мың адамға қатысы бар.  
      1994-1998 жылдар аралығындағы кезеңде тағайындалған зейнетақылардың мөлшерi де арттырылатын болады.  
      Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi: дәрiгерлердiң, мұғалiмдердiң және бюджет саласындағы басқа да қызметкерлердiң, соның iшiнде бастықтардың емес, қатардағы қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларын көтеру қажет. Осы орайда ақысы неғұрлым төмен санаттағы қызметкерлердiң лауазымдық окладының көлемiн арттыру 25%-дан кем болмауға тиiс.  
      Үкiмет келесi жылы бюджеттiк мекемелерде еңбекке ақы төлеудiң жаңа жүйесiн кiргiзуi, сондай-ақ Парламентке "Азаматтық қызмет туралы" Заңның жобасын енгiзуi керек.  
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң де, ең алдымен төменгi және орта буындағы қызметшiлердiң жалақысы арттырылатын болады.  
      Жалақы мен зейнетақыларды арттыру бiздiң 2,7 миллион азаматтарымызды қамтиды.  
      Бұл ретте өткен жылы әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары барлық қызметкерлерiнiң жалақысын едәуiр көтергенiмiздi естен шығармаған дұрыс. Осылайша, экономикамыздың жақсаруы елiмiз халқының барлық жiктерiне оңды ықпал жасап отыр.  
      Бiз қауiпсiздiк саласына барған сайын көбiрек назар аударатын боламыз.  
      Бiздiң сыртқы саяси басымдықтарымыз өзгерiссiз қалады. Соған қарамастан, ахуалдың өзгеруi мен елдiң қажеттiлiгi:  
      - аймақтық рыноктарды, ең алдымен - еуразиялық және орталық азиялық экономикалық қоғамдастықтар рыноктарын тездетiп қалыптастыру;  
      - Шанхай Ынтымақтастық ұйымының шеңберiндегi ынтымақтастықты кеңейту;  
      - Каспий өңiрiндегi проблемаларды бейбiт жолмен шешу жөнiндегi дипломатиялық күш-жiгердi жандандыру сияқты бағыттарға айрықша ден қоюды талап етедi.  
      Қалыптасып отырған ахуал Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық институттарға сүйенiп, тиiмдi аймақтық қауiпсiздiк жүйесiн қалыптастыруға да баса назар аударуды талап етедi. 
      Сонымен қатар, бiз АӨЫСШК-ге де аса зор мән беремiз. Бұл басқосу қарашада өткiзiледi. 
      Осы заманғы Қарулы Күштердi жасақтау жөнiндегi күш-жiгердi де ұлғайта беру қажет. 
      Бұл үшiн әскердi қаржыландыруды 2002 жылы биылғымен салыстырғанда шамамен 8 миллиард теңгеге ұлғайту керек. 
      Шекара және iшкi әскерлер үшiн де 50%-дан астамға ұлғайтыла отырып, едәуiр қаражат бөлiнедi.

                                  ***

      Таяуда бiз өз тәуелсiздiгiмiздiң 10 жылдығын атағалы отырмыз. Бұл бiз үшiн ерекше мерейлi күн, мұның көптеген себептерi бар.  
      Өз еңбегiмiздi бағалау тұрғысынан да маңызды. Еңсемiздi жазуға мүмкiндiк алу тұрғысынан да маңызды. Бiздiң жастарымызға, балаларымыз бен немерелерiмiзге тәрбие беру тұрғысынан да маңызды. Бiздiң алдағы дамуымыздың iргетасы тұрғысынан маңызды.  
      Өткен он жылдың толық әрi дәл бағасын, сайып келгенде, уақыт және бiздiң ұрпақтарымыз бередi.  
      Бiз 10 жылдықты мерекелеу ұшы-қиырсыз ұзақ жолдағы бел жазу емес екенiн түсiнуге тиiспiз.  
      Бұл өткенiмiздi бiр шолып алуға, негiзгi жолдың әлi алда екенiн, ол үшiн жаңа күш-қуат керек екенiн және барынша шапшаң жылжу керек екенiн бағамдап алу үшiн берiлген мүмкiндiк.  
      Бiздi алдымызда үлкен мiндеттер күтедi. Тұжыра айтсақ , бұл дегенiмiз - не саяси, не болмаса дiни немесе ұлттық экстремизм орын ала алмайтын мемлекет құру.  
      Бұл - саяси және әлеуметтiк әдiлеттiктiң, экономикалық еркiндiктiң берiк iргетасына негiзделетiн Қазақстанды орнату, тек Заңның күшi үстем тұратын ел орнату.  
      Бүгiнгi таңда бiздiң өзiмiзге де, сонымен бiрге бiздiң бүкiл әлемдегi достарымыз бен серiктестерiмiзге керегi де нақ осы. Бiздiң кемел болашаққа қарай ойдағыдай iлгерi жылжуымыздың кепiлдiгi де мiне осында жатыр.  
      Құрметтi депутаттар!  
      Қадiрлi отандастар!  
      Бiздiң алдымызда талай асқаралы асулар мен белестi биiктер тұр. Бiздiң алдымызда әлi талай жүрiлмеген жолдар мен соны сүрлеулер жатыр.  
      Бiздiң алдымызда халқымыздың жаңа ғасыр көгiндегi жұлдызды тағдырын шешетiн жұмбақ дәуiр бар.  
      Осы он жыл iшiндегi бiз қол жеткiзген табыстар мен оңды нәтижелер келер күндерiмiздiң кереге тасын қалайтын негiз болмақ. 
      Ең бастысы, бiз қоғамда қалыптасқан саяси және әлеуметтiк тұрақтылықты сақтауымыз керек. 
      Қазақстан халқының ауызбiрлiгi мен келiсiмiн ең жоғары жетiстiгiмiз ретiнде көзiмiздiң қарашығындай сақтауымыз керек. Қоғамның тұтастығы мен бiрлiгi бiздiң болашақ табыстарымыздың кепiлi екенiн бiр сәт те естен шығармауымыз керек. 
      Осы ортақ iсте сiздердiң де, құрметтi халық қалаулылары, лайықты қолтаңбаларыңыз боларына мен сенiмдiмiн.

      Бiздiң тәуелсiз Қазақстанымыз гүлденiп, көркейе берсiн!

      




1. Впрочем у некоторых из них были прототипы из плоти и крови
2. помрачение рассудка
3. Центральные банки
4. Реклама товара
5. Контрольная работа- Виды аренды основных средств и учёт арендных операций
6. государственной форме организации общественной в том числе экономической жизни
7. Основы закаливания 001
8. ТЕМА БЕЗНАЛИЧНЫХ РАСЧЕТОВ [3
9. Оценка рисков инвестиционных проектов
10. ТЕМАТИЧНОГО МОДЕЛЮВАННЯ НЕЛІНІЙНИХ НЕСТАЦІОНАРНИХ СИСТЕМ ДЛЯ ЗАДАЧ ОЦІНКИ ЇХ СТІЙКОСТІ ТА ЧУТЛИВОСТІ В ПРОС
11. директора Інституту держави і права НАН України академіка HH України і АПН України Ю
12. Рефераты по социологии Тип- дипломная работа Добавлен 10-35-11 01 января 2008 Похожие работы Просмотров- 3123 Комм
13. Классификация кормов
14. Роль игры в развитии ребенка
15. А у нас во Дворце ~ поговорим о мальчишках и девчонках
16. История музея Мадам Тюссо
17. Форма пи ~ это совокупность его дизайнерских элементов установившийся внешний вид издания состоящий из
18. Реферат- Пластичность организма как основа приспособления его к условиям сред
19. на тему- Становление личности в эпоху Петра I на образе А
20. Теоретические и методологические основы комплексного анализа и оценки финансового состояния