Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Астана медицина университеті А~ ТС~~07

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.5.2024

«Астана медицина университеті» АҚ

ТСӘӨ-07.1-23-2013

Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

5 беттің 5-беті

Тәжірибелік сабаққа арналған ӘдістемеліК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: ХОЛЕСТЕРИННІҢ АЛМАСУЫ. МАЙЛАР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ МЕН РЕТТЕЛУІ.

 

Сағат: 4

Курс: 2                

Мамандығы:   Жалпы медицина

                                                                   Құрастырғандар:

                                                                   х.ғ.д., проф. А.Ж.Сейтембетова

                                                                   х.ғ.к., доцент м.а. Г.А.Малибекова                                                                       

                                                     аға оқытушы  П.О.Оразай

Астана 2013 ж.

Тақырыбы: Холестериннің алмасуы. Майлар алмасуының бұзылуы мен реттелуі.

Сабақтың мақсаты:  

1. Холестериннің метаболизмі мен алмасуының реттелу механизмі туралы түсінікті қалыптастыру;

2.Кетондық денелердің алмасуы туралы түсінікті қалыптастыру;

3.Қандағы майлардың  тасымалдаушы түрлері туралы түсікті қалыптастыру.

Оқыту мақсаты:

Қан липопротеиндерінің биохимиялық құрылымы мен құрылымының ерекшеліктері және холестерин мен кетондық денелердің алмасуы негізінде май алмасудың бұзылуына байланысты пайда болатын аурулардың (атеросклероз, гиперлипопротеинемия,кетономия және т.б.) биохимиялық механизмдерін түсіндіруді үйрену.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:                     

  1.  Холестерин: құрылымы, физиологиялық рөлі, қайнар көздері, организмдегі қолдану жолдары.
  2.  Организмдегі холестериннің биосинтезінің кезеңдері. Осы процестердің реттелуі.
  3.  Холестериннің тасымалдануы  және липопротеиндердің осы процестегі рөлі.
  4.  Липопротеиндердің кластары. Атерогенді және антиатерогенді липопротеиндер.
  5.  Холестериннің алмасуының реттелу механизмі. Атеросклероз. Гиперхолестеринемия. Өттегі тас ауруы. Семіздік.
  6.  Кетондық денелердің синтезі және олардың қолданылуы. Кетонемиялар, асқынуының себептері.
  7.  Майлардың алмасуындағы  горманальды реттелуі.
  8.  Майлар мен көмірсулардың алмасуының өзара байланысы.

Оқытудың және сабақ берудің әдісі: практикалық оқыту –  аз топтардағы жұмыс.

Тапсырмаларды келесі түрде бөлу:

1 топ -  Холестерин синтезі

2 топ -  Кетонды денелер синтезі

3 топ - Холестерин алмасудың реттелу механизмі

4 топ -  Липопротеиндердің кластары, функциялары

5 топ –Майлар алмасуынын гормональді реттелуі, бұзылыстары .

Жұмыс барысында келесіге назар аудару:

Қан плазмасының барлық майлардың қан тасымалының қамтамасыз ететін суда ерігіш жиынтығы болып табылады, әр класты липопротеидтердің құрамына кіретініне назар аудару керек.

        Липопротеиндер тығыздығы үлкейген сайын диаметрі азаятын сфералық бөлшектер болып табылады. Бөлшектердің ядросы полярлы емес липидтері - триацилглицерины, бос және  эстерифицирлі холестерин, ал қан плазмасымен байланыста тұратын сыртқы бөлігі ақуызбен (апопротеином) байланысты афолепидті 2 қабат болып табылады. Липопотеидтер және физика- химиялық қасиеті бойынша өте гетерогенді. Липопротеиндер липидтерінің тасымалдаушы түрлері болып табылатын 5 клиникалық ең маңызды процестері бар екеніне назар аудару керек:

        Хиломикроны (ХМ) экзогенді триацилглицерин және холестериннің сорылу процесінде ішектің қабырғасында пайда болады. Алдымен ХМ кеудедегі лимфатикалык тармаққа, одан кейін қан тармағына түседі.ХМ экзогенді триацилглицериннің негізгі тасымалдаушы түрі болып табылады.Олардың  ХМ кұрамындағы үлесі 81-87%. ХМ электрофорезде катодқа да, анодқа да орын ауыстырмайды, бастауда кала береді.

  1.  Тығыздықтағы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) немесе -липопротеиндер бауырда түзіледі және триацилглицериндердің негізгі тасымалдаушысыболып табылады. Липопротеинограммада хиломикрондармен --липопротеинамдер (денедегі электрофорез) арасында орналасқан.

Төмен тығыздықтагы липопротеиндер  (ТТЛП) және -липопротеидер холестериннің жоғары мөлшерімен   (47% дейін) ерекшеленеді және осы липоидтың бауырдан ұлпага негізгі тасымалдау түрі болып табылады.  ТТЛП атерогенді ЛП болып табылады.

Тығыздықтағы жоғары Липопротеиндер (ТЖЛП) -липопротеиндер бауырда тұз лицитин-холестерин-ацилтрансфераза асерімен құрамындағы холестериннің  эстерификация жүзеге асады. Осылайша  стерифициленген холестериннің басты тасымалдаушы турі болып табылады. Мұндагы егер ТЖЛП ұлпалар мембраналарына тасымалдаса, онда кері процесс холестерин ұлпа мембранасының жойылуы, ТЖЛП ең негізгі функциясы болып табылып, олардың антирогенді құрылымын камтамасыз етеді.

Каннын липопротеині канның  99 % ақуыз және 1%  эстерифицирленбеген май қышқылдарынан тұратын альбумин май қышқылдары комплексін жатқызуға болады.

        Кейбір ауруларда кан сарысуындағы  липопротейдтерінің спектрі өзгеруі мүмкін.

        Көміркышқылдың шектеулі пайдаланылуын және триацилглицериндерді күшейтілген мобилизациясы кезінде метаболизмнің  ацетил - КоА – лимонды кышкылының циклы май қышқылының синтезінің 3 жолының 2 жолының жылдамдығыны айрықша төмендейді. Нәтижесінде  ацетил-КоА 3-окси-3метилглутарил-КоА арқылы холестеринге және ацетоацетатқа айналады.

        Холестерин – сүтқоректілердің негізгі стерині, манызды биологиялық мәні бар: биологиялык мембрана құрамына кіреді,өт қышқылының, кейбір дәрумендер мен гормондардың негізін қалаушы, сондай-ақ липопротейидтің қажетті кұрамдас болігі болып табылады. Ақуыз холестериннің басты қайнар көзі болып және холестерин плазмасын бөлу орталығы жарты болігі өтке барады, болып кызмет етеді. Бауырдағы холестерин зат алмасу бұзылуы холестерин тастарының, (холестерин кристалдарының) өттің түсуіне келип согады. Қандағы холестерин көбейуі  (гиперхолестеринемия) диабет,атеросклероз,менингит және баска ауруларда байқалады, сондықтан қандағы холестеринді анықтау маңызды диагностикалық тест ретінде пайдаланылады. Жалпы холестерин сау адамның плазмасындағы кұрамы  115-247 мг% аралығында тербеледі, оның 60-70%   холестерин эфирі болса,  ал 30-40 % бос холестерин.

          Холестерин организмдегі плазмалық және жасушаішілік мембрананың міндетті құрам бірлігі болып табылады.  Оның көп бөлігі миелинді қабатында болады, эритроцит мембранасында және плазмалық мембранада(25% дейін).

Қан құрамындағы холестериннің диагностикалық белгісін анықтауда, мынаған көңіл бөлген жөн, жасқа байланысты холестерин көлемі өспейді. (30-50 жаста холестерин көлемі 150-250мг% құрайды). Тұқымқуалаушылық гиперхолестеринемияда қандаңы холестериннің көлемі 500-1000мгдл жетеді. Қандағы холестериннің төмендеуі (гипохолестеремия) өкпе туберкулезінде, панкретитте, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде болады.

     Тәжірибелік жұмыста клиникалық- диагностиклық лабароторияда холестеринді анықтау үшін калориметриялық әдіс қолданылады.

Аштықта, ұзақ физикалық күш түскенде және қант диабетінде май қышқылдарының  жоғарғы ерігіштігі ацетил-КоА жиналуына әкеледі, ол бүйректе кетон денелеріне айналады. Кетон денелеріне β- гидроксибутират, ацетоацетат және ацетон жатады.

Глюкоза жетіспеушілігінде жасушадағы ҮКҚЦ реакциясының жылдамдығы бауырда төмендейді, өйткені оксалоацетат глюконеогенез үшін қолданылады. Нәтижесінде ацетил-КоА түзілуі жоғарылаған кезде ҮКҚЦ тотығу жылдамдығы мүмкіндігін арттырады. Ацетил-КоА бауыр митохондриясында қорда жинақталады,ол кетон денелерінің синтезінде қолданылады. Кетондық денелердің синтезі тек бауырдың митохондрияларында өтеді,  ол ацетил-КоА 2молекуласының байланысуы арқылы басталады, тиолаза әсерімен ацетил-КоА түзіледі. Ацетоацетил-КоА мен ацетил-КоА 3ші молекуласы байланысады да 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА (ГМГ-КоА) түзіледі. Осы реакцияны  ГМГ-КоА-синтаза ферменті катализдейді. Ары қарай ГМГ-КоА-лиаза  ГМГ-КоАны бос  ацетоацетат және ацетил-КоА айналдырады.

Ацетоацетат қанға бөлінуі мүмкін немесе қалпына келу жолымен бауырда β-гидроксибутиратқа айналуы мумкін, өйткені бауыр ұлпаларындағы активті NADH жоғары концентрациясы құрылады. Сондықтан қандағы негізгі кетонды дене β-гидроксибутират.

Ацетоацетаттың жоғары концентрациясы кезінде оның бөлігі ацетонға айналып, ферменті декарбоксиленеді, ацетон ұлпаларымен кайта пайдаланылмайды, бірақ шығарылатын ауамен және зәрмен болініп шығады. Осылайша организм тотығып игермейтін бірак суда еригіш қышқыл болып табылып, ацитоз акелетін кетон денелер шектен тыс колемінен құтылады.

Ұзақ ашыққанда кетонды денелер қанқаның бұлшық етіне жүрек және бауырға энергия көзі болып табылады. Осылайша глюкоза тотығу үшин ми жіне эритроциттерде сакталады. Ашығып бастағаннан кейін 2-3 күннен кейін кет денелердің концентрациясы ми ұлпаларына кіріп оның глюкоза сұранысын азайта отырып тотығуына жеткиликті етеді.β-Гидроксибутират, ұлпаларға жетіп  НAD-тәуелді дегидрогеназамен тотыгып  және  ацетоацетатқа айналады. Ацетоацетат сукцинил-КоА –  КоА донорымен күшейеді:

Ацетоацетат + Сукцинил-КоА – Ацетолацетил-КоА + Сукцинат.

 

Реакцияны сукцинил-КоА-ацетоацетат-КоА-трансфераза катализдейді. Бұл фермент бауырда синтезделмейді, сондықтан бауырдағы кетон денелерді энергия көзі ретінде пайдаланбайды « экспорттайды».

Негізгі әдебиеттер:

  1.  Дәріс конспектісі.
    1.  Т.С. Сейтембетов., Б.И. Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия. Қарағанды 2007 ж.
    2.  Тапбергенов Т.С., Медициналық химия. Алматы. 1988 ж.
    3.  Биохимия, сұрақ және жауап. Әдекенова С.М. 2003 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1.  Биохимия, сұрақ және жауап. Әдекенова С.М. 2003 ж.
  2.  Т.С. Сейтембетов., Б.И. Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия. Қарағанды 2007 ж.

Бақылау:

Тапсырмаларды шешу:

1. 3 моль ацетосірке қышқылының толық тотығуы кезінде неше моль АТФ  түзіледі?

2. Құрамында олеинхолестерині (бүкіл көмірсу атомдары радиоактивтенген) бар тағаммен жануарларды қоректендіргенде, 2 сағаттан кейін қан сарысуында хеломикронның табылғанын көреміз. Бірақ бұл тек холестеринде мен оның эфирінде емес, сондай-ақ ТАГ фракциясында да кездеседі. Мынаны еске отырып, тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіріндер:

a) ащы ішектерде тағам холестерин эфирлері қандай айналымдарға ұшырайды;

b) Гидролиз өнімдерінің сіңіру процесіне қатысатын компоненттері;

c) Ішектің эпителиальді клеткаларында холестерин және май қышқылдары қандай айналымдарға ұшырайды;

d) Экзогенді холестерин және оның эфирлері қанға липопротеиндер түрінде түседі.

3. 1 молекула миристилSСоА  СО2 ға дейін толық аэробты тотыққанда неше АТФ түзіледі? Сонымен қатар, осы процеске жұмсалған АТФ молекуласының санын анықтаңыз.

4. Олеинды, линоленды және арахинды қышқылдарының ацетил S- КоА дейін толық катаболизмнің схемасын салыңдар.

5. Май қышқылының алты көміртек атомына сәйкес АТФтың шығымы гексозаның алты алты көміртек атомына сәйкес АТФтың шығымынан көп болады (екеуінің де метаболизмі СО2 ге дейін жүретінін ескере отырып). Не себепті?




1. доклада; б отчет о научноисследовательской работе; в письмо в редакцию краткое сообщение о научных рез
2. 05010301 ~ Розробка програмного забезпечення 5
3. Лизингстроймашгенеральный директор к
4.  Выявление проблем и формулирование целей исследования
5.  Число А называется пределом функции fx в точке x0 если для любого числа ~] 0 которое может быть как угодно ма
6. План развития Кукморского филиала ОАО Росгосстрах на 2009-2011 гг
7. правовых актов Виды правовых норм
8. Тема 16 логистический менеджмент 1
9. Как бродяжничество так и бездомность явления присущие человечеству на всем протяжении его существования.
10. тематика Специальность 240 01 01 Программное обеспечение информационных технологий Группа Препод
11. Задание 1 Требуется распределить V тыс
12. 20г. Федеральное государственное автономное образовательное учреждение высшего профессио.html
13. Иоахим Флорский. Книга о согласовании Ветхого и Нового заветов
14. 12.2005 N 199ФЗ от 23
15. Синтаксический разбор простого предложения пошаговый помощник 8классникуизучающему простое предложени
16.  Оперативно тактическая характеристика объекта
17. по теме Заболевания желудка и пищевода.1
18. I. ТИТУЛЬНЫЙ ЛИСТ Гродненский государственный медицинский университет Кафедра факультетской терапии.
19. определение групп покупателей на которые предприятие хотело бы преимущественно работать; определение пр
20. вариантов решения