У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

тематика Кафедра а~паратты~ ж~йелер 1203 2А С~Ж Та~ырыбы Жедел ж~не т~ра~ты есте са~т

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Факультет: механика-математика

Кафедра: ақпараттық жүйелер

12-03 ( 2А )

  СӨЖ

Тақырыбы: Жедел және тұрақты есте сақтау

                                     құрылғылары.

      Орындаған: Батырбаева М.Ж.

      Қабылдаған: Сапакова С.З.

Алматы – 2014

Жедел және тұрақты есте сақтау құрылғылары.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы (RАМ), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (RОМ) компьютердің ішкі жадысын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады. Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп, өңделгенсоң олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жүмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгетде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадысы көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі аркылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1 кб (1 килобайт)=1024 байт, Мб (1 мегабайт)=1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген катты дискіде, 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады. Әдетте ІВМ РС ХТ (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, ІВМ РС АТ үшін - 1Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1 -ден 16 Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді - жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады. Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жадысы бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды,ешкім оны өшіріп қайта алмайды, оны тек оқуға болады.

Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32 – 64 Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоқ көзіне жалғаған кезде оны тексеріп,
іске қосу үшін қажет. Сиымдылығы 1 Мб немесе оғн жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады - алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төметдегідей мақсаттарға пайдаланылады:

- операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;

- экранға кескіндерді беру үшін;

- компьютердің қосымша құрылығыларымен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әр түрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.

Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оның бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып калады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (ехtended) мен қосымшасы (ехраnded) пайдаланылады.

INТEL фирмасының 80286, 803865Х и 804865Х сияқты процессорлары 1-4 Мб жедел жад көлемімен, 80386 и 80486 процессорлар - 4-8 М6 көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосымша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар — драйверлер жасалынады, олар колданбалы программадан тапсырма алады да, процессордың қорғалған режим жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, процессор жүмыстың қалыпты режиміне ауысады.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) немесе бүркеме-жады деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жүмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жады ретінде пайдаланылады.

Процессордан бөлек компьютер құрамында:

- ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және олардың жұмысын   басқаратын электрондык схемалар (контроллерлер);

- енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әр түрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады.

Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LРТ1 – LРТ3 деп белгіленетін параллель және СОМ1 – СОМ3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жүмысты жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).




1. Наклон кривой совокупн предлож зависит от того каким образом реагируют цены на ресурсы на измен цен на гото
2. рефератдисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Д
3. Детский сад. с. Казачка Калининского района Саратовской области ПЛАН РАБОТЫ КРУЖКА ЛАДУШКИ
4. ти лет вышел со второго курса университета я не верил уже ни во что из того чему меня учили
5. липиды объединяет вещества обладающие общим физическим свойством гидрофобностью т
6. M GIVEN NME-OLEG MRITL STTUS-SINGLE FTHER~S NME-V.html
7. 3 жалпы орта білім беретін мектепкешені КММ Ребус
8. Лабораторная работа 333 Исследование альфаизлучения с помощью сцинтилляционного счетчика
9. статья- Революция 1905 1907 годов в России
10. Мой край ~ мое дело Осуществляется прием экспертиза и составление рейтинга работ ~ победителей муниц