Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1. Менеджмент ғылымының даму кезеңдерін зерделеп сипаттама беріңіз
Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Менеджмент - бұл кәсіп орынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде қызметтерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландыру туралы тиімді басқару.
Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалық көп адамдарды ұйымдастыру, басқару шеберлігін талап еткені белгілі.
Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
І кезең ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.
ІІ кезең индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым Адам Смит.
ІІІ кезең басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар алғашқы менеджерлер болатын.
ІV кезең ақпараттар кезеңі (1960 ж. қазіргі уақытқа дейін).
2. Қазақстандағы менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму кезеңдерін көрсетіңіз
Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған.
Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мән берген. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару надандық басқару болып саналады.
Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткерлердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуде қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын «мемлекетті басқару өнеріне» баса назар аударды. Ол бұл мәселені өзінің саяси идеясына сай нақтылайды. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі адамдпр мен әлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, яғни олардың мұң-мүддесін ескеру. Бұл мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі қоғамда, атап айтқанда, аса ірі әрі ауқымды экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан еліміз үшін өте маңызды.
Еліміз өркениетті ел қатарына жету үшін халықты азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ететін, кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқара білу өзекті мәселелердің ең бастысы екеніне сөз жоқ.
Қазақстанда менеджмент негіздеріне арналған оқу құралын ең бірінші 1992 жылы ағылшын ғалымдарының теориясын негізге ала отырып, Орал ауыл шаруашылығы институтының профессоры К.Ғ.Ахметов жазып шығарды. Осыдан кейін басқару академиясының профессоры К.Б.Бердалиевтің басшылығымен «Басқару негіздері» оқулығы баспадан шықты.
Қазіргі жағдайда республиканың мектептерінен бастап, барлық жоғары және орта білім беретін оқу орындарында менеджмент негіздерін оқытып, үйрету бағдарламаға енгізілді. Оның себебі нарықтық экономикада өндірістің тиімділігін арттырып, өнім өндіріп, оны сатып, пайда келтіру үшін, тұтынушылардың сұранысынан шығатындай тауар және қызмет ұсыну тек қана кәсіпорынды басқарудың барлық қыр-сырын толық білген жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан да елімізде менеджмент теорияларын жан-жақты меңгеріп, оны өмірде қолдана білу кездескен жағдайларға байланысты шешім қабылдауға бейімделіп, менеджментті дамыта түсу әрбір басшының міндеті.
Осы уақытқа дейін менеджменттің бірнеше анықтамалары белгілі. Ғылым ретінде менеджменттің теориялық негізін қалаушы ағылшын ғалымы Ф.Тейлордың анықтамасы бойынша «Менеджмент дегеніміз ережелер мен принциптерге (қағидаларға) негізделген шынайы, іргелі ғылым». Осы ереженің дәлелі ретінде Ф.Тейлордың алғаш рет менеджментті ғылым ретінде талдай келе, өзінің ғылыми еңбегін жазды («Управление фабрикой», 1903 г.). Мұнда ол фабрикада жұмысшылардың еңбегін мамандандыру, мөлшерлеу, жұмыс мөлшеріне қарай еңбек ақы төлеу, т.б. басқаруды ғылыми негіздеу жолдарын айқындапберді. Тейлор ілімін көрнекті зерттеушілер жалғастырып, өмірдегі пайдасын атап көрсетті.
Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты барлық кәсіпорындарда «менеджер» қызметі пайда болып, қазіргі менеджерлер, бұрынғы жоғарыдан бұйрық арқылы ғана өз міндетін орындайтын басшы емес, әр істің басы-қасында болып, ұйымның барлық деңгейіндегі іс-әрекеттерге қанық, іс жүзінде болып жатқан жағдайларды талдау арқылы шешім қабылдап, оны жүзеге асырушы маман, қызметкерлер. Ондай қызметкерлер менеджмент негідерін толық меңгерген, менеджерге қойылатын талаптарды нақты білетін, басқаруда бар теориялармен ғана шектелмей, ой-өрісі жоғары, жаңашыл, кез-келген тұйықтан шығатын, тапқырлық қасиеті мол, жедел шешім қабылдауға қабілетті адамдар болуы тиіс.
Нарықтық экономикаға дейін республикаға белгілі ғалымдар менеджменттерминін қолданбай, барлық жағдайда басқару, басқаруды ұйымдастыру деп келді. Оның себебі, социалистік қоғамда «Менеджер» деген сөз капиталистік ұғым болып саналды. К.Маркс өзінің «Капиталында»: «Менеджер дегеніміз жалдамалы қызметкер» - деген. Ал қызметкерді жалдау деген, қанаумен тең болды.
3. Басқару түсінігі мен басқару қызметінің негізгі қағидаттары мен әдістері
Менеджмент менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдаланудың көмегімен нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған кәсіптік әрекеттің дербес түрі.
Менеджмент ол нарық жағдайларында басқару. Ол білдіреді:
- фирманың тұтынушылық сұранысқа бағдарын;
- өндірістің тиімділігін жоғарылатуға ынталану (минималды шығындар мен максималды нәтижемен);
- шаруашылық дербестілікке бағытталу;
- нарықтың жағдайына байланысты мақсаттар мен бағдарламаларды тұрақты түрде түзету;
- әрекет ететін фирманың соңғы нәтижесіне бағытталу.
Менеджменттің ұғымы әртүрлі көз-қарастар тұрғысынан қарастырылады, олардың әрбіреуі басқару ғылымын зерттеу пәнінің жаңа қырларын ашады:
- менеджмент белгілі бір мақсатты жетуге бағытталған адамның әрекетінің түрі ретінде қарастырылады;
- менеджмент үрдіс ретінде анықталады, оның мәні мен мазмұны оның функцияларында көрінеді: жоспарлау, ұйымдастыру, уәж, бақылау;
- менеджмент басқару функциялары жүзеге асырылатын иерархиялық ұйымдастырушылық құрылым ретінде қарастырылады;
- менеджмент басқарумен айналысатын адамдардың категориясы ретінде қарастырылады;
- менеджмент ол ғылым:
- менеджмент ол өнер.
Менеджменттің негізгі мақсаттары болып табылады: кәсіпорынның табыстылығын қамтамасыз ету; кадрлық потенциалды тиімді пайдалану; ішкі және сыртқы нарықтарда жұмыс кезінде тәуекелді тұрақты түрде жеңу.
Менеджменттің міндеттері:
1) тұтынушының мұқтаждықтарын ескеріп, тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру;
2) нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету;
3) персоналдың жұмысын ынталандыру;
4) жаңа нарықтарды тұрақты түрде іздеу және игеру;
5) кәсіпорынның дамуының стратегиясын құрастыру;
6) оларды қамтамасыз етудің қажетті ресурстары мен көздерін анықтау;
7) кадрлардың квалификациясын жоғарылату;
8) шығармашылық белсенділіктің атмосферасын тудыру.
Менеджменттің түрлері менеджменттің белгілі бір міндеттерін шешумен байланысты басқарушылық әрекеттің арнайы салалары.
Функционалды ие болуына байланысты менеджмент келесі түрлерге бөлінеді: стратегиялық, инновациялық, персоналды жабдықтау, өндірістік, маркетинг, сапалық, қаржылық, инвестиционды, дағдарысқа қарсы, халықаралық.
Басқаратын ішкі жүйе (субъект) ұйымдардың әрекет етуінің белгілі бір салаларында шешімдерді қабылдау саласында өкілеттіліктерге ие әр-түрлі деңгейлі басшылар менеджерлер.
Басқарылатын ішкі жүйе (объект) кез-келген белгіленуге ие өзара байланысқан құрылымдық бөлімшелердің барлық құрамы (цехтер, учаскелер, бөлімдер, секторлар, зертханалар және с.с.)
Басқарушылық еңбек арқылы басқарушылық қатынастарды жүзеге асрытаны басқарудың субъектісі мен объектісі арасында өзара әрекеттесу жүзеге асырылады.
Осындай өзара әрекеттесі тиімді болуы үшін бірқатар шарттарды орындау қажет:
1) басқарудың субъектісі мен объектісі бір біріне сәйкес болуы керек және үйлесуі керек;
2) басқарудың субъектісі мен объектісі кері байланыс принциптеріне негізделген өз арасында екі жақты өзара әрекеттесуді жүзеге асыруы керек;
3) басқарудың субъектісі де объектісі де нақты өзара әрекеттесуге мүдделі болуы керек, бірі берілген жағдайда қажетті бұйрықтарды беруге, екіншісі оларды уақытында және нақты орындауға.
Менеджер кәсіпорынның жұмыс істеуінің нақты саласында басқарушылық әрекетпен кәсіби тұрғыдан айналысатын маман.
Менеджердің функциялары:
- мақсаттарды орнатады, міндеттерді анықтайды;
- қойылған мақсаттарды орындауды ұйымдастырады;
- ынталандыру мен коммуникацияны қолдайды;
- жұмыстың нәтижелерін өлшеуді жүзеге асырады;
- өзін қоса, адамдардың өсуіне ықпал етеді.
Менеджменттің үш иерархиялық деңгейлерін ажыратады: жоғарғы, орташа, төмен.
Менеджментке деген әмбебап мұқтаждық бизнестің барлық түрлерінде және адам әрекетінің әрбір түрінде қажет. күштерін салу объектілерінің айырмашылығына, спецификалық білімдер мен кәсіптік машықтардың болуына қарамастан, барлық менеджерлер олардың функцияларын орындаудың мүмкіндігін анықтайтын ресурстардың бірдей түрлерімен жұмыс жасайды. Оларға кадрлық, қаржылық, шикізаттық ресурстар мен еңбек ресурстарын жатқызуға болады.
Менеджменттің принципі басқару органдары ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ететін маңызды басқарушылық ережелер, негізгі қалыптар мен әрекет ету нормалары.
Тиімді менеджменттің маңызды принциптерінің қатарына келесі принциптер жатады:
- бүтінділік;
- иерархиялық тәртіптілік;
- дамудың мақсаттық бағыттылығы;
- менеджменттің ғылыми негізділігі мен оптималдылығы;
- орталықтандыру мен деорталықтандырудың оптималды үйлесуі;
- демократизация.
Бірінші принциптер басқарудың әкімшілік басқару мектебінің негізін қалаушысы Анри Файолмен салынды. Қазіргі уақытта олар толықтырылды, актуалдандырылған:
- жұмыскерлерге адалдық;
- жауапкершілік;
- көлденең мен вертикаль бойынша коммуникация;
- жұмыскерлердің потенциалын ашуға мүмкіндік беретін фирмадағы атмосфера;
- жалпы нәтижелерде әрбір жұмыскердің үлестік қатысуын анықтау;
- сыртқы ортаның өзгерісіне уақытылы реакция;
- жұмысымен қанағаттануын қамтамасыз ететін адамдармен жұмысының әдістері.
Басқару жүйелендірілген ғылыми пәнге және кәсіпке қалыптасқанның алдында көпғасырлық жолдан өтті және тек 20 ғ ғана адамның әрекетінің дербес саласы ретінде танылды. Әрекеттің дербес түрі ретінде басқарудың туындауы мен объективті қажеттілігі еңбектің қоғамдық бөлінуімен, кооперацияның дамуымен және өндірістің ауқымының ұлғаюымен негізделген.
4. Менеджмент дегеніміз не және оның негізгі атқаратын қызметі мен түрлері
Менеджмент (ағылшынша мanage басқару, меңгеру, ұйымдастыру) ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстандаменеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек жәнеқаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне менеджерлергекөшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша,менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.
Менеджменттің мазмұнын суреттейтін жалпы қызметтерін 1916 жылы А. Файол құрған. Оған ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау және басқаруды жатқызады. Қазір оларға мотивация, ақпарат беру және дамытуды қосуға болады.
Жоспарлау жоспарлардан көрінісін табатын және менеджмент объектісінің болашақ жағдайын уақыттың ағымдағы мезеттеріне бекітетін басқарушылық қызмет.
Жоспарлаудың мазмұны менеджменттің функциясы ретінде негізгі бағыттардың негізделген анықтамаларында және оны қамтамасыз етудің материалдық көздерін есепке алып, өндіріс дамуының пропорциялары.
Міндеттері:
1. жалпы ұйымның және оның бүкіл құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттық дамуын қамтамасыз ету;
2. мәселенің дамуын алдын ала білу және перспективтік бағыттау;
3. құрылымдық бөлімшелердің және ұйымның қызметкерлерінің қызметін координациялау;
4. тиімді бақылау үшін объективті базаны құру;
5. қызметкерлердің еңбектік белсенділігін ынталандыру;
6. ұйымның жұмысшыларын ақпараттық қамтамасыз ету.
Басқарудың ұйымдастыру құрылымы бір-бірмен белгелі қарым-қатынаста және тәуелділікте болатын және коммуникациялық каналдармен қосылған, басқарудың дербес буындарының (бөлімшелерінің және қызметтерінің) реттелген жиынтығы.
Құрылымда келесіні бөліп айтуға болады:
1) жалпы басқару буындары (дирекция);
2) сызықтық басқару буындары (негізгі қызметтің бөлімшелерін басқару органдары);
3) функционалдық басқару буындары (жоспарлау бөлімі және т.б.).
Бір деңгейдің буындардың жиынтығы басқарушылық сатыны құрайды.
Басқарудың ұйымдастырушы құрылымымен байланысты негізгі түсініктер:
1) элементтер (буындар);
2) деңгейлер;
3) байланыстар;
4) өкілеттіліктер.
Басқарудың ұйымдастырушы құрылымына қойылатын талаптар:
- басқарудың ұйымдастырушы құрылымы ұйымның мақсаты мен міндетін көрсетуі керек, өндіріске және оның қажеттіліктеріне тәуелді болу керек;
- жұмыстың шығармашылық сипатын және нормалды жүктемені, сонымен қатар мамандандыруды қамтамасыз ететін, басқару органдарына және жеке жұмысшыларының арасында еңбекті максималды бөлуді қарастырады;
- ұйымдастыру құрылымды құруды лауазымдарды анықтамасымен, әр жұмысшының жауапкершілігімен және олар арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстар жүйелерін құруды басқару органдарымен байланыстыру қажет;
- бір жағынан, функциялар мен міндеттер арасындағы, екінші жағынан, лауазымдар мен жауапкершілік араларында, сәйкестікті қамтамасыз ету;
- орталықтандыру, орталықсыздандыру деңгейін шешуге, лауазымдар мен жауапкершілікті бөлу, басшылар мен менеджерлердің басқару масштабтарына және дербестігіне әсер етеін, басқарудың ұйымдастырушы құрылымы ұйымның әлеуметтік-мәдени ортасында адекватно болуы керек.
Мотивация жеке мақсатта немесе ұйымның мақсаттарына жету үшін өзін және басқаларды ынталандыру үрдісі.
Мотивацияның түрлері:
1) экономикалық;
2) кәсіби;
3) биліктік;
4) ойлық;
5) шаруашылық (дербестікке ұмтылу);
6) шығармашылық (креативтік), жаңасын іздеу.
Ынталандыру ұйымның пайдасына стимулдарды қолдану үрдісі. Функциялары:
1) экономикалық өндірістің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды;
2) өнегелі моральдық-психологиялық климатына әсер етеді;
3) әлеуметтік жұмысшылардың кірістері мен шығыстарын құрады.
Принциптері:
1) кешендігі бүкіл стимулдардың түрлерінің оптималдық қатынасы;
2) индивидуалдық жол
3) түсініктігі
4) елеулілілгі;
5) нәтиже мен сый ақының арасындағы минималдық ерекшелік.
Бақылау ұйымның өздерінің мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үрдісі. Бақылау маңызды және күрделі функция, ол баршаға қатысты болуы тиіс. Олардың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) алдыңғы (алдын-ала);
2) ағымдағы;
3) қорытынды.
Алдыңғы (алдын-ала) бақылау үш бағытта жүзеге асады:
- материалдық ресурстар;
- адами;
- қаржылық.
Ағымдағы бақылау жұмыстарды орындауды өткізу кезінде жүзеге асырылады. Ол жұмыстарды орындауды өткізу кезінен кейін алынған фактік нәтижелерді өлшеуге негізделеді және тілектелген мақстарға жетуге бағытталған. Ағымдағы юақылауды жүзеге асыру үшін кері байланыс қажет болады.
Кері байланысы бар бүкіл жүйелер келесі элементтерден тұрады:
1) мақсаттары;
2) сыртқы ресурстарды қолданады;
3) Сыртқы ресурстарды ішкі қолдануға өзгертеді;
4) белгіленген мақсаттардан маңызды ауытқуларды бақылайды;
5) Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін ауытқуларды түзетеді.
Қорытынды бақылаудың екі маңызды функциялары болады:
1) Ұйымның басшыларына жоспарлауға қажетті ақпаратты береді, және егер болашақта балама, ұқсас жұмыстарды орындау көзделетін болса;
2) мотивацияға әсер етеді.
5. Жүйелер дегеніміз не? Ашық, жабық жүйелердің бір бірінен айырмашылығы қандай?
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.
Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтредің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтық мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлінуге болады:
― Техникалық;
― Биологиялық;
― Әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік экономикалық.
6. Ұйым түсінігі және оның түрлері
Ұйым түсінігі және белгілері. Ұйым бұл қызметтері жалпы мақсатқа немесе мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар тобы.
Ұйым жалпы мақсаттарға жету үшін құрылатын, айқын құрылған бірлескен қызметтері және айқын белгіленген шекаралары бар автономды адамдар тобы ретінде көрінісін табатын әлеуметтік жүйе.
Ұйымның қасиеттері:
1) ресурстар;
2) сыртқы ортамен байланысы;
3) еңбектің бөлінісі: горизонталды, вертикалды;
4) жалпы басқару.
Ұйымның жүйе ретінде функциялары мен құрылымы болады. Оның негізгі функциясы мәселелерді шешу және мақсатқа жету. Ұйымның құрылымы, яғни, оның бір-бірімен тығыз байланысқан элементтерінің реттелген жиынтығы, оның түрлері:
- техникалық;
- әлеуметтік-техникалық;
- әлеуметтік;
- нормативтік-құқықтық құрылым.
Техникалық құрылым дегеніміз материалдық объектілер мен үрдістердің жиынтығы, олар бірігіп қалғандарының базасын құрайды.
Әлеуметтік құрылым оның қатысушылары мен олардың арасындағы байланыстарының жиынтығымен құралады.
Әлеуметтік-техникалық құрылым бұл жұмыскерлерді (қызметкерлерді) кеңістікте және еңбектік байланыста біріктіретін жұмыс орындарының жүйесі.
Нормативтік-құқықтық құрылым бұл нормалар жүйесі және бұл жүйе оның функцияларын іске асыруға қажетті.
Ұйымның негізгі заңдары:
1) синергия заңы. Маңызы: бір бүтін ретінде ұйымның потенциалы мен мүмкіншіліктері оның бөлектенген элементтерінің потенциалы мен мүмкіндіктерінің сомасынан асып түседі;
2) ұйым іші үрдістерінің қосымша заңы;
3) кез-келген мүмкін кезігетін өзгерістерде ұйымның және оның элементтерінің арасындағы пропорцияналықтарын сақтау заңы;
4) композиция заңы ұйымдастыру элементтерінің барлығының функцияландырылуы қандай бір деңгейде бір жалпы мақсатқа бағынады, ал оның әр біреуінің жеке мақсаттары оның нақты екенін көрсетеді және оған қатысты мақсатшалар болып табылады;
5) өзін-өзі сақтау заңы. Ол бойынша, кез-келген ұйым, оның бөлек элементтері сияқты өзін бір тұтас ретінде сақтағысы келеді, және ол үшін бірнеше шарттарды ұстану қажет. Ұйымның өзін-өзі сақтауы екі қарама-қайшы ұйымдастырушы бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі:
- тұрақтылықты;
- дамуды;
6) ақпараттандыру заңы. Ұйымда оның қатысушыларынан артық реттік болмауы тиіс. Оның дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін заттардың нақты жағдайлары туралы ақпараты болады;
7) онтогенез заңы. Бұл заңға қатысты ұйымның өмірі үш негізгі фазалардан құралады:
- пайда болуы;
- дамуы;
- өшуі.
Ұйымның сыртқы және ішкі ортасы. Ұйымның ішкі өзгермелілеріне келсілер жатады:
1) мақсаттар;
2) құрылым;
3) міндеттер;
4) технология;
5) адамдар.
Мақсаттар ұйым ұмтылатын тіленген шекті нәтиже .
Мақсаттарға қойылатын талаптар:
- нақты;
- қол жетерлік;
- тура, нақтылы;
- сандық айқындалған;
- уақытқа бағатталған.
Құрылым ұйымның мақсатына тиімді жетуге көмектесетін формаларда құрылған басқару деңгейлері мен функционалдық облыстардың (бөлімшелердің) логикалық қарым-қатынастары
Құрылыммен басқару көлемі және басқарылу нормасы байланысты болады.
Міндеті алдын-ала келісілген уақытта және алдын-ала белгіленген әдіспен орындалуы тиіс болатын алдын-ала жазылған жұмыс, жұмыс сериясы немесе жұмыстың бөлігі.
Ұйымның міндеттері 3 категорияға бөлінеді: адамдармен, заттармен және ақпаратпен жұмыс.
Технологиясы шикізатты, адамдар болсын, ақпараттар немесе физикалық материалдар болсын, дайын өнімдер мен қызметтерге айналдыру құралы.
Технологиямен келесілер байланысты болады:
- стандарттау;
- механизациялау;
- автоматтандыру;
Технологиялардың классификациясы:
- жалғыз немесе бірреттік;
- азсериялық;
- жеке өндіріс;
- массалық, үлкенсериялық өндіріс.
Адамдар кез-келген ұйымның орталық факторы болып табылады. Олардың келесідей сипаттамалары болады:
- қабілеттілік;
- бейімділік;
- дарындылық;
- қажеттіліктер;
- тосу;
- қарым-қатынастар;
- құндылықтар;
- тұрақты сипаттамалардың қосындысы тұлғаны анықтайды.
Ішкі ауыспалылардың басты қасиеті олар бір-бірімен тығыз байланыты және олардың байланыстары мен бір ауыспалылының өзгерісі басқалардың өзгерісіне әкеледі.
Сыртқы ортаның сипаттамасы:
- күрделілік;
- қозғалмалық;
- белгісіздік;
- бір-бірімен байланысы.
7. Менеджмент мектептерінің түрлерін және даму кезеңдерін сипаттаңыз
Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңі басынан кешірді.
Менеджменттің қазіргі мектебі:
М.Х.Мескон, М.Альберт, Х.Хедори «менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым қатынасы мектебі, және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төрке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда төрт түрлі көзқараста қарастырылады.
Процестік тәсілде басқару өзара байланыты басқару функциясының үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады.
Жүйелік тәсілде атап көрсетілетіні: басшылар ұйымдастыруды адамдар құрылым міндеттер мен технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.
Ситуациялық тәсілінде басқарудың әр түрлі әдістерінің жарамдылығы нақты жағдайға қарай анықталады.
Үшінші кестеде басқару эволюциясы ғылым ретінде көрсетілген басқарудың теориясы мен практикасының дамуына елеулі үлес қосқан аса маңызды төрт тәсіл келтіріледі.
Ғылыми басқару:
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филдаелбфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерих В. Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық ьопшылау арқылы анықталған нормативті көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті зерттеу ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкелді. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым, қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі:
Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірі мен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті Европалық ғалымы деп есептелінеді.
Файоль өзінің негізгі «жалпы және өнеркәсібтік әкімшілік» атты еңбегінде капиталисттің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып осының негізінде әкімшілік етудің кейбір қатаң міндетті принциптерінтұжырымдайды. Файольдің пікірінше әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және де техникалық, коммерциялық ақша қаражаттарын іздестіру қорғаныстық бухгалтерлік әкімшілік салаларын қамтиды.
Әкімшілік функцияны талдай отырып Файоль оның бес элемениін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау. Тейлор теориясына қарамастан Файоль әкімшілік функция ұйымдастырудың барлық деңгейінде, тіпті жұмысшылар арасында болады деп есептеді.
Адамгершілік қарым-қатынас мектебі:
Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. «Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, биліктің тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын әрі оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Бихевиористтік мінез құлқы мектебі:
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психологиямен социологияның дамуы зерттеу әдістерінің жетілдіруі жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Аржирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас Мак Грегор, Фредерих Герцберг, Бихевиористтік мінез-құлық мектебінің басқада өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің мотивацияның билік пен бедел сипатын ұйымдық құрылымдарын, ұйымдастырудағы жетекшіліктң, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмысы сапасының алуан түрлі жайларын зерттеді.
Бихевиористтік мектеп адамгершілік қатынас мектебінен едәуір ауытқып адамдар арсындағы қатынасты орнықтыру тәсілдеріне назар аударды. Бұл жаңа бағытта көбінесе адамдардың өз мүмкіндігіне ықпал етуге ұйымды құруға және басқаруға негізделеді. Тұтастай алғанда бұл мектептің басты мақсаты адам ресурстарының тиімділігін арттыру болды.
Мұндағы басты мәселе мынада: мінез құлық туралы ғылымды дұрыс қолдану жеке жұмыскерлерді де, тұтастай ұйымның да тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Алайда, менеджментті зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, жұмыс мазмұнын өзгертуге және жұмыскерлердің басқаруға қатысуы секілді амалдар кейбір жұмыскерлерге ғана, әрі кейбір жағдайда ғана тиімді болады екен.
Сандық тәсілдің басқару ғылымына қосқан үлесі(1950 ж. бүгінге дейін).а)Жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару мәселелерін түсінуді тереңдету; б)күрделі жағдайды шешім қабылдауын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту, жаңа мектептің ең көрнекті өкілдеріне Акофф, Бор, Гольдберг т.б. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеудің пайда болуына байланысты. Алғашында операцияны зерттеу сандық таладу әдістерін тұтастай оны бөлімдерге жіктемей дайындаумен шектеледі. Кейінен операцияны зерттеу ғылымның зерттеу дербес саласы ретінде қалыпатсып негізгі 2 бағытта дамытылады. 1)басқаруда неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың математикалық моделін құруға запастарды басқаруға ресурстарды бөлуге байланысты болды; 2)жүйені зерттеуге жүйе техникаларын құруға айрықша мән береді.
8. Менеджментті ғылым ретінде дамытудағы Ф.Тейлордың еңбегі неде?
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филдаелбфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерих В. Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық ьопшылау арқылы анықталған нормативті көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті зерттеу ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкелді. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым, қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филдаелбфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерих В. Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
9. Әкімшілік басқару мектебінің ғылыми басқару мектебінен айырмашылығын анықтаңыз
Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірі мен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті Европалық ғалымы деп есептелінеді.
Файоль өзінің негізгі «жалпы және өнеркәсібтік әкімшілік» атты еңбегінде капиталисттің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып осының негізінде әкімшілік етудің кейбір қатаң міндетті принциптерінтұжырымдайды. Файольдің пікірінше әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және де техникалық, коммерциялық ақша қаражаттарын іздестіру қорғаныстық бухгалтерлік әкімшілік салаларын қамтиды.
Әкімшілік функцияны талдай отырып Файоль оның бес элемениін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау. Тейлор теориясына қарамастан Файоль әкімшілік функция ұйымдастырудың барлық деңгейінде, тіпті жұмысшылар арасында болады деп есептеді.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уйнслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филдаелбфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерих В. Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық ьопшылау арқылы анықталған нормативті көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті зерттеу ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкелді. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым, қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
10. Адамгершілік басқару мектебінің айырмашылығын айқындаңыз
Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. «Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, биліктің тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын әрі оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
11. Басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісіне әсер етуші факторлар қандай
Басқару шешімі- бұл менеджердің басқару қызметінің нәтижесі. Шешім қабылдау басқарудың негізі болып табылады. Шешімді өңдеу және қабылдау- бұл басшылардың қандай да бір қызметінің деңгейінің шығармашылық процесі, сонымен қатар:
Менеджердің технологиясы басқару шешімін 3 сатыдан тұратын процесс ретінде қарастырады: шешімді әзірлеу, шешімді қабылдау, шешімді тарату.
Басқару шешімінің әзірленуі үшән экономикалық жағдайға талау жүргізіледі, шешімді қабылдау үшін ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу, сонымен қатар мәселені ұйымсдатыру. Шешімді қабылдау стадиясында көп вариантты есептеу альернативті шешімге баға беру және өңдеу.
Шешімді тарату стадиясында нақтылық үшін шара қолданылады. Әрбір басқару шешімі өзінің арнайы нәтижесі болады, сондықтан басқару қызметінің мақсаты мынадай түрлерді, әдістерді, құралдарды болады.
Басшы басқару шешімін қабылдар алдында келіп түскен ақпаратты жан-жақты талдап, танып алу керек.
Шешімді қабылдау әдістері, белгілі бір мақсаттарға жету үшін бағытталған шешімдер әртүрлі болады:
Басшының шешімді таңдау мәселесі- қазіргі заманғы ғылым басқаруының ең маңыздыларының бірі. Ол басшының нақты жағдайда жан-жақты баға беру қажеттілігін және мүмкін шешімдер ішінен бірнеше варианттарын өзіндік қабылдауды керек етеді.
Басшы шешім таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, олардың орындалуына жауапкершілікті алады. Қабылданған шешімдер орындаушы органдарына түседі және олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. Сондықтан басқару мақсатты бағытталған болу керек, басқару мақсаты белгілі болу керек. Басқару жүйесінде анықталған шешім жинағынан қабылданатын шешімді таңдау принципі сақталу керек. Таңдау көп болған сайын, басқару белсенділігі артады. Басқару шешімін таңдауда оларға келесі талаптар қойылады:
Менеджмент технологиясы келесі факторлардан тұрады:
Бастапқы үш құрамды тікелей басқару деңгейдің арасындағы байланысы, ал соңғы үшеуі- көлденең байланыс координация шешімін қабылдауда. Жалпы жетекшінің шешімін қабылдауда, бір ғана жетекшінің қасында шешімді қабылдау керек, сондықтан да ол өзінің жұмыстағы персоналға жауапкер, материалды және еңбекті ресурстарға заңды басқаруда, нәтижесінде көзделген шешімдерге қол жеткізеді. Жетекші шешімді қабылдар алдында мысаларды және тікелей бағынатын адамдардың ұсыныстарын тыңдап, сосын қорытындысында ұжымды келісім шарт қабылдау қажет.
Шешімді қабылдау ережесі немесе нормативтер, негізінде мекеменің өзі өңдейді және шығарады. Онда анықталған жағдайда қабылданған шешімдерді іске асыруда қажетті іс-әрекеттер қалыптастырылады. Бұл ережелер әртүрлі бөлімшелердің арасында координацияның мақсаты болып келеді және ол оперативті стратегиялық, ұйымдастырушылық болып бөлінеді.
Оперативті ереже негізінде әртүрлі нұсқаулық түрде ортаңғы басқару звеносында қалыптастырады.
Стратегиялық ереже немесе іскерлік саясаты мынадай шешімнің түрін енгізеді, бұйымдарды шығару және қызмет түрін анықтау, сұраныстың түрі, ұйымдасытыру жүйесі, бағаны қою әдісі, мекеменің бұйымдарды сатуда жағдайымен кепілдігі және т.б. жатады.
Ұйымдастырушылық ереже жергілікті немесе мемлекеттік заңдылықтарға негізделеді. Олар мынадай сұрақтарға сәйкес келеді, мақсатын анықтау және мекеме қызметінің сипаттамасы, оның мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынасын, заңды форма және мекеменің уставын қарастырады. Бұл ережені мекеменің жетекшілері қояды, яғни олардың заңдары және жауапкершілігін, басшылардың төлем ақысын және сый ақы төлемді және т.б.
Жоспарлар басқару шешімнің қабылдауында әртүрлі бөлімшелердің координациялық қызметі болады. Нақты периодта мақсатты жемісін көру үшін бар ресурстарды анықтайды. Жоспарлар өндіруші бөлімшелердің қызметтерін қамтиды, сондықтан да басқару шешімін қабылдауда өзінің жоспарлық аумағында игереді. Жоспарлардың ережелерден айырмашылығы, олар өте майысқыш және оларды өзгерген жағдайда үйрету оңай көнеді. Жоспарлар- стратегиялық және оперативті басқару мақсатындағы қайшылықтарды болдырмаудағы ең қажетті құрал, олар әр бұйымның түріндегі босату көлемін, жаңа бұйымның шығындарын, өңдеудің ұсталымдарын, капитал салу, жұмыстың деңгейін, түсу көрсеткіштерін болжамдайды.
Жоспардың қорытындысын орындауын период сайын басшылар бағалайды. Жоспардың қорытындысында жоспар көрсеткішіне жөндеу енгізу немесе нақты шараларды енгізу шешімдерін бағалап қабылдайды.
12. АҚШ және Жапондық менеджменттің ерекшеліктері неде?
Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшейуі,монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі,ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды.Техникалық тұрғыда күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда,тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан (ұзақ мерзімді капитал жұмсаудан) гөрі,мамандықты арттыру мен ұйымдық басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.
АҚШ және Жапондық менеджменттің ерекшеліктері
Жапондық модель |
Американдық модель |
Басқару шешімі ұжымда бірауыздан қабылданады. Ұжымдық жауапкершілік. Басқарудық стандартсыз икемді құрылымы. Басқаруды ұйымдастырудың бейресмилігі. Жұмысты баяу бағалау және қызметінің жоғарылауы. Басшының негізгі критериі қарамағындағыларды дұрыс үйлестіру және бақылау білуі. Топқа басшылық етуді ұйымдастыру. Ұжымдағы үйлесімділікке және ұжымдағы нәтижеге жетуді басқаруды бағалау. Қарамағындағылармен жеке бейресми қарым-қатынас. Жасының үлкендігіне және жұмыс стажына қарап қызметін жоғарылату. Әмбебап типтегі басшыларды даярлау. Топ жұмысының көрсеткіші және қызмет стажы т.б. бойынша еңбек ақы төлеу. |
Шешім қабылдаудың дербес сипаты Дербес жауапкершілік Басқарудың қатаң ресми құрылымы Басқару прцедурасының нақты ресмилігі Басшының жекелей бақылауы Басшының басты қасиеті профессионализм және инициатива Жеке адамға басшылық етуді ұйымдастыру Жеке нәтижелер бойынша басқаруды бағалау Қарамағындағылармен ресми қарым-қатынас орнату Жеке нәтижелеріне негізделген іскерлік мансабы Тар мамандықтағы басшыларды даярлау Жеке жетістіктері бойынша еңбек ақы төлеу. |
13. Басқару үдерісінің функцияларының атқаратын қызметтері мен түрлерін атаңыз
Менеджменттің мазмұнын суреттейтін жалпы қызметтерін 1916 жылы А. Файол құрған. Оған ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау және басқаруды жатқызады. Қазір оларға мотивация, ақпарат беру және дамытуды қосуға болады.
Жоспарлау жоспарлардан көрінісін табатын және менеджмент объектісінің болашақ жағдайын уақыттың ағымдағы мезеттеріне бекітетін басқарушылық қызмет.
Жоспарлаудың мазмұны менеджменттің функциясы ретінде негізгі бағыттардың негізделген анықтамаларында және оны қамтамасыз етудің материалдық көздерін есепке алып, өндіріс дамуының пропорциялары.
Міндеттері:
1. жалпы ұйымның және оның бүкіл құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттық дамуын қамтамасыз ету;
2. мәселенің дамуын алдын ала білу және перспективтік бағыттау;
3. құрылымдық бөлімшелердің және ұйымның қызметкерлерінің қызметін координациялау;
4. тиімді бақылау үшін объективті базаны құру;
5. қызметкерлердің еңбектік белсенділігін ынталандыру;
6. ұйымның жұмысшыларын ақпараттық қамтамасыз ету.
Басқарудың ұйымдастыру құрылымы бір-бірмен белгелі қарым-қатынаста және тәуелділікте болатын және коммуникациялық каналдармен қосылған, басқарудың дербес буындарының (бөлімшелерінің және қызметтерінің) реттелген жиынтығы.
Құрылымда келесіні бөліп айтуға болады:
1) жалпы басқару буындары (дирекция);
2) сызықтық басқару буындары (негізгі қызметтің бөлімшелерін басқару органдары);
3) функционалдық басқару буындары (жоспарлау бөлімі және т.б.).
Бір деңгейдің буындардың жиынтығы басқарушылық сатыны құрайды.
Басқарудың ұйымдастырушы құрылымымен байланысты негізгі түсініктер:
1) элементтер (буындар);
2) деңгейлер;
3) байланыстар;
4) өкілеттіліктер.
Басқарудың ұйымдастырушы құрылымына қойылатын талаптар:
- басқарудың ұйымдастырушы құрылымы ұйымның мақсаты мен міндетін көрсетуі керек, өндіріске және оның қажеттіліктеріне тәуелді болу керек;
- жұмыстың шығармашылық сипатын және нормалды жүктемені, сонымен қатар мамандандыруды қамтамасыз ететін, басқару органдарына және жеке жұмысшыларының арасында еңбекті максималды бөлуді қарастырады;
- ұйымдастыру құрылымды құруды лауазымдарды анықтамасымен, әр жұмысшының жауапкершілігімен және олар арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстар жүйелерін құруды басқару органдарымен байланыстыру қажет;
- бір жағынан, функциялар мен міндеттер арасындағы, екінші жағынан, лауазымдар мен жауапкершілік араларында, сәйкестікті қамтамасыз ету;
- орталықтандыру, орталықсыздандыру деңгейін шешуге, лауазымдар мен жауапкершілікті бөлу, басшылар мен менеджерлердің басқару масштабтарына және дербестігіне әсер етеін, басқарудың ұйымдастырушы құрылымы ұйымның әлеуметтік-мәдени ортасында адекватно болуы керек.
Мотивация жеке мақсатта немесе ұйымның мақсаттарына жету үшін өзін және басқаларды ынталандыру үрдісі. Мотивацияның түрлері:
1) экономикалық;
2) кәсіби;
3) биліктік;
4) ойлық;
5) шаруашылық (дербестікке ұмтылу);
6) шығармашылық (креативтік), жаңасын іздеу.
Ынталандыру ұйымның пайдасына стимулдарды қолдану үрдісі. Функциялары:
1) экономикалық өндірістің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды;
2) өнегелі моральдық-психологиялық климатына әсер етеді;
3 әлеуметтік жұмысшылардың кірістері мен шығыстарын құрады.
Принциптері:
1) кешендігі бүкіл стимулдардың түрлерінің оптималдық қатынасы;
2) индивидуалдық жол
3) түсініктігі
4) елеулілілгі;
5) нәтиже мен сый ақының арасындағы минималдық ерекшелік.
Бақылау ұйымның өздерінің мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үрдісі.
Бақылау маңызды және күрделі функция, ол баршаға қатысты болуы тиіс. Олардың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) алдыңғы (алдын-ала);
2) ағымдағы;
3) қорытынды.
Алдыңғы (алдын-ала) бақылау үш бағытта жүзеге асады:
- материалдық ресурстар
- адами;
- қаржылық.
Ағымдағы бақылау жұмыстарды орындауды өткізу кезінде жүзеге асырылады. Ол жұмыстарды орындауды өткізу кезінен кейін алынған фактік нәтижелерді өлшеуге негізделеді және тілектелген мақстарға жетуге бағытталған. Ағымдағы юақылауды жүзеге асыру үшін кері байланыс қажет болады.
Кері байланысы бар бүкіл жүйелер келесі элементтерден тұрады:
1) мақсаттары;
2) сыртқы ресурстарды қолданады;
3) Сыртқы ресурстарды ішкі қолдануға өзгертеді;
4) белгіленген мақсаттардан маңызды ауытқуларды бақылайды;
5) Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін ауытқуларды түзетеді.
Қорытында бақылаудың екі маңызды функциялары болады:
1) Ұйымның басшыларына жоспарлауға қажетті ақпаратты береді, және егер болашақта балама, ұқсас жұмыстарды орындау көзделетін болса;
2) мотивацияға әсер етеді.
14.Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілеріне қандай бес белгі бар? Атқаратын қызметі қандай?