У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

а П~н- ~аза~ тілі Саба~ты~ та~ырыбы- ~арсылы~ты ба~ыны~~ы саба~тас.

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 13.3.2025

Күні: 14.02.2014 жыл

Сынып: 8 «а» 

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:  Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. 

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысының жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру, олармен ұқсастығы, айырмашылығын ажырату. Салалас құрмаластың қарсылықты түрі, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас туралы ұғымдарды меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың қарсылық мәні туралы, оның сөйлемдегі, құрмалас сөйлемдегі көрінісі туралы ой қорытындысын жасауға қабілетін дамыту, ұғымдар және пайымдау жасау қабілеттерін, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту, өз пікірін білдіру, бала бойында өзін - өзі сыйлау идеясын дамыту.

Тәрбиелік: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, белсенділігі мен қызығушылығын, жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Баяндау, талдау сабағы

Сабақтың әдістері: Іздену, қозғау салу, сұрақ - жауап, салыстыру, оқулықпен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, ойындар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

а) сәлемдесу;

ә)оқушыларды түгендеу;

б)оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру

130 – жаттығу ды орындау.

III.Жаңа сабақ

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз. Сұраулары қайтсе де? Не етседе? Қайткенмен? Не еткенмен? Бағыныңқының баяндауышы мына жолдармен жасалады:

1 

-са да, -се де 

Мұғалім түсіндірсе де, түсінбеді. 

2 

-ғанмен,-генмен,-қанмен,-кенмен 

Мұғалім түсіндіргенмен, түсінбеді. 

3 

(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне)+ қарамай,қарамастан 

Мұғалім түсіндіргеніне қарамастан, түсінбеді. 

4 

(-а,-е,-й) + тұра 

Мұғалім түсіндіре тұра, ол түсінбеді 

5 

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені)+болмаса 

Мұғалім түсіндіргені болмаса, ол түсінбеді 

6 

-ғанша,-генше, -қанша,-кенше 

Дүкен аралап бекерге ақша құртқанша, үйде отыр. 

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар, өмірдегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіруде адам өз ойын қарсыластыра, қарама - қарсы нәрселердің біртұтастықта көрінуіне мән бере сөйлейді. Қарама - қарсы құбылыстарды, іс - әрекеттерді қатар айтуда құрмалас сөйлемнің қызметі ерекше болады. Өйткені, бір ғана сөйлем ішінде іс - әрекеттің қарама - қарсы екі түрі беріледі. Енді олардың берілуінде салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдер мен сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдердің екеуі де белсене қызмет атқарады. Бірақ құрмаластың екі түрі болғандықтан да, салалас та қарама - қарсылықтың берілуі екінші басқа болып келеді. Бірақ екеуінің ортақ нүктесі бар, ол – құрмаластың осы екі түрінде де бір мағынаның көрініс беруі. Мына сызбаны қарайық. Мұнда ортақ мағынаны беруде салалас пен сабақтастың екі түрлі қызметі көрінеді.

Қарсылық мағына
Қарсылықты салалас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Енді қарсылықты салалас құрмалас пен қарсылықты бағыныңқы сабақтастың табиғаты танылатын ережелерді салыстырып көрейік:

Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері біріне - бірі қарама - қарсы мағынада айтылған салаластың түрін қарсылықты салалас деп атаймыз.
Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ - ты.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе басыңқыдағы іс бағыныңқыдағы іске қарама - қарсы мағынада айтылса, ондай сабақтастың түрін қарсылықты бағыныңқы сабақтас деп атаймыз.
Мысалы: Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді көргенім.(О. Ш.)

Оқушыларға өзіндік тапсырма:

1. Ережелердегі ортақтықты анықтаңдар.
2. Ережелердегі айырмашылықтарды көрсететін жерлерді анықтаңдар.
3. Екі ережеге сәйкес келетін сөйлем құраңдар.

V.Жаңа сабақты бекіту

Тұжырым жасау . Құрмалас сөйлемнің салаласа байланысқан түрі де, сабақтаса байланысқан түрі де қарсылық мағынасын бере алады. Бірақ:
1. Екі түрінің қарсылықты мағынаны беруі екі түрлі болып келеді.
2. Ол түрлілік салалас пен сабақтастың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
3. Ол түрлілік екі түрдегі қарсылықты бір мағынаның жасалу жолдарының түрліше болып келуімен байланысты.

VI.Қорытындылау

Оқушыларға тұтас ереже жасату.

VII.Үйге тапсырма беру

130, 131 – жаттығуларды орындау.

VIII.Бағалау

Тексерген:  

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі                                            Ахметова Л




1. оградить их от пропаганды ислама и обратить в православие
2.  Организационноэкономическая характеристика 4
3. Международные отношения после Второй мировой войны
4. тема заповедников формировалась в течение 80 лет и насчитывает в настоящее время 100 заповедников общей.html
5. ДЕЛО О СТАКАНЧИКАХ Дата и время эфира- 7 марта 2012 года с 11-30 до 13-30 Место - г
6. Поскреби русского и найдешь татарина
7. Ростов н-Д-Феникс 2002
8. Анализ рентабельности на предприятии
9. Проблема снижения издержек на россиийских предприятиях
10. Макиавелли Николо История Флоренции Книги 14 НИККОЛО МАККИАВЕЛЛИ История Флоренции Книги 14