Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

11.2013 практикалы~ саба~ты~ тапсырмалары Айт~али Марал 208 топ 7 ~ыс~ы Азиада ойындары 2011 жылы ~а~тара~па

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 10.5.2024

11.11.2013 практикалық сабақтың тапсырмалары

Айтқали Марал, 208 топ

7 Қысқы Азиада ойындары

2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті. Бұл шара біздің елдің тарихындағы халықаралық деңгейдегі ең маңызды және ірі спорттық оқиғаға айналды. Азиада ойындары Қазақстанның екі қаласында – Астана мен Алматыда өтті.

Ойындардың өтуі көп жағдайда Қазақстан Президентінің саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарларына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев осынау ауқымды іс-шараның өтуі үшін қажетті қаражатты бөлуге тапсырма берді. Сөйтіп, Азиада ойындарына арналып республиканың негізгі екі қаласында бірегей спорттық нысандар салынды.           Азиаданың ашылуы «Астана Арена» атты жаңа стадионда болып өтті. Бұл жылжымалы жүйедегі төбесінің көлемі 10 000 шаршы метр болатын әлемде бар осындай алты ғимараттың бірі. Астанада коньки тебу, хоккей және кёрлинг спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған «Алау»  жаңа мұз айдынды сарайы тұрғызылды. AD Sportwereld голландиялық басылымының нұсқасы бойынша «Алау» мұз айдынды сарайы ғаламшардағы коньки тебу стадиондары рейтингінде бірінші орынды иеленеді. Елордадағы тағы бір  жаңа спорт кешені – «Сарыарқа» республикалық велотрегі. Сыртынан қарағанда велошабандоздың шлемін еске салатын бұл спорттық ғимаратта шорт-трек және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізілді. Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, «Сарыарқа» – әлемдегі ең үздік велотректердің бірі.        Алматыда К-125, К-95 халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені салынды. Халықаралық шаңғы спорты қауымдастығы өткізетін жылдық сауалнаманың нәтижесі бойынша, Қазақстанның жаңа кешені 2010 жылдың ең үздік трамплині аталған. Сонымен қатар, Алматыдағы тау биігінде орналасқан «Медеу» спорттық кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы және ойындардың жабылу рәсімі өткен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы қайта жасақталды. Шаңғы жарысын, шаңғыға лайықталған биатлонды өткізу үшін Алматы облысында Шаңғы-биатлон стадионы салынды.            Азиада ойындарының жалпы бағдарламасына 11 спорт түрі енгізілді: коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей (бенди), шаңғы жарысы, биатлон, тұғырдан шаңғымен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыға лайықталған қысқы спорттық сайыс. Қысқы Азиада тарихында бірінші рет 69 медаль жиынтығы сарапқа салынды.  VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысты. Барлығы 69 медаль жиынтығы додаға түсті. Қазақстан осы ойындарда қысқы Азиадада алтын медаль саны бойынша рекорд жаңартты және жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Біздің құрамамыз 32 алтын медаль иеленді. Барлығы Қазақстан қоржынында 70 награда болса, оның ішінде 21-і күміс және 17-сі қола медальдар. Бұрынғы рекорд 29 алтын медальмен Жапония құрамасына тиесілі. Оған 1986 жылы Саппородағы бірінші қысқы Азиада ойындарында қол жеткізілген. Жапония 13 алтын, 24 күміс және 17 қола медаль алып, екінші орынды иеленді. Үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс және 14 қола медальмен Қытай иеленді.          Көптеген атақты атлеттер қысқы Азиаданың жұлдыздарына айналды. Қазақстан спортшылары арасынан екі алтын, бір күміс медальды жеңіп алған биатлоншы Елена Хрусталеваны, фристайл бойынша екі алтынға қол жеткізген Юлия Галышеваны, ерлер арасында дара мәнерлеп сырғанаудан алтын алған Денис Тенді атап өтуге болады. Қазақстанның шайбалы хоккей бойынша ерлер және әйелдер командасы алтын медаль алып, өз жанкүйерлерін қуантты.         Ирби барысы Азиаданың символына айналды. Барыс қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанның символдарының бірі болып табылады. Ойындардың логотипінің кескіндемесінде дөңгелек бейнеленген – ол еуразиялық көшпенділердің материалдық мәдениетінің орталық элементтерінің бірі. Ортақ түстерінің шешімі – қозғалысты білдіретін және көтеріңкі көңіл-күйді күшейтетін қою көк және ашық қызыл қарама-қарсы түстердің үйлесуі. Көк түс еркіндік пен шексіз мүмкіндіктердің символы, сондай-ақ спорттың топтастыру мен мақсаткерлік тәрізді қырларын  бейнелейді. Қызыл түс жеңіске деген ерік-жігердің, спорттық құштарлық пен жарыстың қызу алауының символы. VII Қысқы Азиада ойындарының ұраны: «Мақсаты бірдің – рухы бар!» – «Единство  целей – единство духа!» –  «Unity of purpose – unity of spirit!». Бұл ұран Азиаданың спорттық рухының ортақтығын, халықтар мен елдердің достығын және топтаса отырып жетістікке жетудегі бір мақсатты білдіреді.         Астанада 30 қаңтарда өткен Ойындардың салтанатты ашылуы Азиаданың ең әдемі, жарқын және орасан оқиғасына айналды. Оған елдің басшылығы, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің және Азия Олимпиадалық кеңесінің президенттері, өзге де құрметті қонақтар қатысты. Азиаданың жабылу рәсімі Алматыда өтті.     Ғаламшардың 500 миллионнан астам тұрғыны Қазақстандағы жарыстың барысын тамашалады, спорттық бәсеке туралы 17 елден келген 2 мыңнан астам журналист және 20-дан аса әлемдік телеарна мәлімет таратты  Жалпы алғанда, VII Қысқы Азиада ойындары Қазақстанның бейбітшілік пен келісім елі және азиялық және әлемдік спортта жетекші орталықтардың бірі ретінде халықаралық аренадағы беделінің арта түскенінің тағы бір дәлелі болды.        

   Сұрақтар

  1.  Қазақстанда 7 қысқы Азиада ойындары қашан өтті?

Жауабы: 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтті.

  1.  Қай қалаларда өтті?

Жауабы: Астана мен Алматы қаласында.

  1.  Ашылу салтанаты қай стадионда өтті?

Жауабы: «Астана-Арена» стадионында.

  1.  Астанада қандай спорт түрлері бойынша жарыстар өтті?

Жауабы: коньки тебу, хоккей және кёрлинг.

  1.  Азиада ойындарының жалпы бағдарламасына қанша спорт түрі енгізілді?

Жауабы: 11, коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей (бенди), шаңғы жарысы, биатлон, тұғырдан шаңғымен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыға лайықталған қысқы спорттық сайыс.

  1.  Қысқы Азиада тарихында бірінші рет неше медаль жиынтығы сарапқа салынды?

Жауабы: 69

  1.  Қай мемлекет осы ойындарда қысқы Азиадада алтын медаль саны бойынша рекорд жаңартты және жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды?

Жауабы: Қазақстан

  1.  VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің қанша елінен спортшы қатысты?

Жауабы: 27

  1.  Барлығы Қазақстан қоржынында қанша алтын, қанша күміс және қанша қола медальдар еншіледі?

Жауабы: 32 алтын, 21 күміс және 17 қола

  1.  Азиаданың символы?

Жауабы: Ирби

1-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз және олармен сөйлем құра.

2-тапсырма. Сөйлемді толықтыр.

  1.  Бұл шара біздің елдің тарихындағы .........ең маңызды және ірі спорттық оқиғаға айналды.
  2.  Ойындардың өтуі көп жағдайда Қазақстан Президентінің ...... арқасында мүмкін болды.
  3.  Сыртынан қарағанда ...... еске салатын бұл спорттық ғимаратта шорт-трек және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізілді.
  4.  Көптеген атақты атлеттер қысқы ..... айналды.
  5.  Көк түс ........  символы, сондай-ақ спорттың топтастыру мен мақсаткерлік тәрізді қырларын  бейнелейді. Қызыл түс жеңіске деген ...... пен жарыстың қызу алауының символы.
  6.  VII Қысқы Азиада ойындарының ұраны: «Мақсаты бірдің – рухы бар!» – «Единство  целей – единство духа!» –  «Unity of purpose – unity of spirit!». Бұл ұран Азиаданың спорттық рухының ......   , халықтар мен елдердің ...... және топтаса отырып жетістікке жетудегі бір мақсатты білдіреді. 
  7.  VII Қысқы Азиада ойындары Қазақстанның .......... елі және азиялық және әлемдік спортта жетекші орталықтардың бірі ретінде ........ беделінің арта түскенінің тағы бір дәлелі болды.

3-тапсырма. Мына сөздерге анықтама бер.

Қаржылық дағдарыс –

Кёрлинг –

Биатлон –

Шорт-трек –

Рекорд –

Медаль –

Фристайл –

Ирби –

Халықаралық олимпиада комитеті –

Халықаралық арена –

4-тапсырма: Берілген сөздермен сөз тіркесін құра.

Саяси, халықаралық, тау шаңғысы, логотип, мәдениет, элемент, республикалық, сарапшылар, олимпиадалық кеңес.

5-тапсырма: Мәтінді өз сөзіңмен айт.

6-тапсырма: Мәтінге парақтан аудару аудармасын жүзеге асыр.




1. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 2 Освоение технологии структурного программирования при разработке и создании п
2. х действиях. Действующие лица- Эффективный менеджерСатинСедовласый мудрый старецОптимистПессимистЧело
3. Эволюция текстовых редакторов и процессоров
4. Система налогового планирования сельскохозяйственного предприятия
5. реакцию тревоги проявляющуюся в срочной мобилизации защитных сил и ресурсов организма;2 фазу сопротивлен
6. записка Програму зовнішнього незалежного оцінювання з української мови далі ~ програма ЗНО розроблено
7. Тема- Практика сотрудничества семьи и современного детского сада
8. Картезианские традиции в философии XX века
9. І. Суми 2013 Інформатори - Гаврик Петро Сергійович.html
10. Музенидис Трэвел
11. эмоции происходит от лат
12. Тема 15 Господарський механізм в системі регулювання ринкової економіки 1
13. Фашизм истоки, сущность, роль в современном обществе
14. Бальный танец обладал и обладает огромным потенциалом для развития гармоничной личности
15. Finland
16. Психология и педагогика.html
17. Theories on syllble forml ion nd division.html
18. на тему- Молодь та наркотики Підготувала- студентка ІIIго курсу групи Ю42 Слушинська Настя.
19. тематики Общая трудоемкость дисциплины составляет 3 зачетные единицы ~ 108 часов 4
20. Расчет привода и поршневого двигателя автомобиля