Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Шпоры на государственный экзамен по истории Казахстана (на казахском языке)

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 20.5.2024

1. Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік  тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз.  Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің  өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен  байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі  таңда  ұлттың  тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді  өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта  ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың  шындыққа  қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде  бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының  деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  1.  ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;
  2.  пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
  3.  тарихи зерттеудің  даму қажеттілігінен  шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

  Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік  мәселелер  бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.                   

Саяси тарихыҚарахандықтар мем-нің қалыптасуында  жетісуды мекендеген  қарлұқ  бірлестігінің  тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды  бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ  қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.

955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.     

Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:990 ж –Тараз, Исфиджаб992 ж –Хотан ,Бұхар999 ж –Саманилер мемлекетіXI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.

Тереториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан(Мәуренахр-Қашхар аралығы),

Астаналары: Қашғар- Мұса  хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы.Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:Әли Арсылан хан (Мұса ханның баласы)Хасан(Харун)  Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы)XI ғ. 30-жылдары мем-кет  екіге бөлінді:Шығыс хандық.Тереториясы-Жетісу ,Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн.Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен.Батыс хандық . Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим  Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. Арсылан хан атағын-  шігілдердің билеушісі; Боғра хан атағын-  Яғма көсемі алды. Тамғаш хан “хандардың ханы” атанып,бүкіл мемлек-ті биледі.  Билеуші титулы – хан. Ұсақ аймақтардың басшылары-илақ тегін. XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Қарахан дәуіріндегі мәдениетҚарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар.Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей (Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.

Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.Осы заманғы сәулет өнерімен бірге сән ж\е қосалқы өнерінің кейбір салдары дамыды.Мысалы, бедерлеу,кесу,жапсыру әдістері арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары.Алматыда тараз моншасы. Ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары т.б. қол өнерінің мұралары Орта ғасырдағы қазақ сәулет өнерінің, сән ж\е қосалқы өнердің даму кезеңін көрсетеді. 

3.ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.

Қазақстан  республикасы президентінің айтуы бойынша «мемлекеттің негізін  салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті екі қайраткерді ерекше атап айқым келеді. Ол әлде қашан өмірден откен Франция президенті Шарль Де Голль , сондай ақ қазірде куйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негңзңн салушы Ли Куан Ю.»Біз ушін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жанжақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяяси ерік жігер және дербестігімізді нығайту арқылы соларды дәйекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатқан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп одан кейінгі даму тенденцияларын алдын ала көре білу, ондаған милион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын тандап алу қажет болды . Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді тарих ұзақ сонар зерттеулермен ой қорытуларға уақыт қалдырмады әлем екпіндеген күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес жалпы мемлекеттік құрылымды да , оның ең түпкі негізінен бастап , тіпті әрбір Қазақстандықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де сонымен бірге, былайша айтқанда, біз барлық қалған әлемді «қуып жетушінң » жағдайында болдық.Ескі топтағы біздің көптеген кадрларымыз бұл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде «өмір сұру тәжірибесі деген болмады».Сингапур премьер министірінің 1991ж лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт бағдар берді. Өз даму жолымызды табу ушін неге қол жеткізсек дейміз, бізге соны айқындап алу қажет болды.

4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның  таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.

Ерте полеолит дәуірінін ескерткіштері.

Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мың жылдықтарға сәйкес келеді. Алғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл, Шымкент обл.) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдары оңт.Қаз.да табылды. 1958 ж оңт.Қаз.да тас ғасыры адамның тұрақтарын тапқан ғалым археолог ғалым Алпысбаев болатын. Ерте полеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары т.б. Адамдардың табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етті, топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдары мыналар: кварцит, обсидан, тақтас, шақпақтас. Орта палеолит дәуірінде ертедегі адамның одан әрі өсіп дамуымен, мәдени дамуының жаңа кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Осы дәуірдің адамдары неандертальдықтар д.а. Антропологиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады, сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып топтасып аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі – шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным сенім қалыптаса бастады. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері оңт.Қаз.ның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрғынынан табылған. Сондай ақ, Уалиханов атындағы тұрақ жатады.  

Оө. Қ : Бөріқазған, Тәнірқазған, Қазанғап, Шақпақты, Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Арыстанды , Қарасу.

Отр.Қ:Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы.

Ш.Қ; Қозыбай.

Б.Қ: Шабақтысай, Сарытас.

Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері.

Оң.Қ: Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Тоқалы , Қызылрыспек, Үшбұла.

Орт.Қ: Обалысай мұзбел, өгізтау, Үлкен ақмая.

Б.Қ: өніжекк , аққыр, Қүмақаж.

Ш.Қ: Бөдене , Қызылсу.

Кейінгі палеолит ескеткіштері.

О.Қ:  Ащысай, Үсіктас, .

Орт. Қ: Батпақ, Батпақ , Қарабас, Агренсор.

Б.Қ: Аққыр , Шақпақата, Өніжек.

Ш.Қ: Свинчатка, Шульбинка, пещеры, новоникольский, Қанай.

Мезолит дәуірінің ескерткіштері:

Солт. Қ: Мичурин, Боголюбов, Явленко, телман, Виоградовка, Дачная, Евгенивка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, екібастұз.

Орт.Қ:Әкімбек, Қарағанды.

Неолит дәуірінің ескерткіштері:

Арал маңы: Сексеуіл, Арал тұраұтар тобы, Ақеспе.

Оңт.Қ: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ.

Ш.Қ: Нарым, Қызылсу, сатшықсыз.

Солт.Қ: Қаратомар, Иман бұлақ, дамсы, ботай.

Б.Қ: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шандыауыл, сарықамыс.

Орт. Қ: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ.

Солт.Батыс.Қазақстан: Явленко, Карлуга, Боголюбов, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, тұздыкөл, Дүзбай, Аманкелді.

5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы бостандығы , егемендігі  үшін арнады . Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларды қазақтың ерлік заманы болып саналады деп жазған еді. Абылайдың шын аты – Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бүл кезен қазақ халқы ушін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Өытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да , 22де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

Қытай мен Ресей дипломатиялық , сауда қарым қатынастарын орнатып , кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санауға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін , жерінің тұтастығын сақтап қалды.

ХVIII ғ 50 жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап , әлсіреп , ыдырай бастады. Бірақ Абылай ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Өытай империясымен Қазақ елінің арасында қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы тқсінген. Сондықтан да ол қалқам халқының Қытай басқыншыларына  қарсы ұлт азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нәтижесінде 1756-57жж Цынь империясы Жоңғар мемлекетін жойып халқын қырып тынды. ХVIIIғ орта кезінен бастап Абылай қазақ елінін ерікті, іргелі біртұтас ел болуын ата қонысына жайғасып , бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді , уш жүздің басын қосуды, туңан отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында кеңес болған. Оған барлық жұздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім , қоныс пен жайылым, дау мен дамай , басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым қатынас мәселелері қарастырылып отырды.

Абылай ханның алға ұстаған сачсаты , мақсаты- қазақ халқының бостандығы мен бірлігі , мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дуниеге салғаннан кейін қазақ мемлекеті кайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни  іскери шеп бекіністер салу , қазақ жерін тартып алу , хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б

6. ҚР мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.

1991 жылғы 16 желтоқсан – республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында "ҚР-ң мемл-к тәуелсіздігі туралы" Заң қабылданды.Бұл құжаттың 1-бабында ҚР – тәуелсіз,демократиялық ж/ә құқықтық мемлекет болып сипатталды.ҚР:

  -Ішкі ж/ә сыртұы саясатты өзі жүргізеді.

  -Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық қстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады.

  -Территория шекарасы біртұтас,бөлінбейді ж/ә қол тигізуге жатпайды.

Құжаттың 2-тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген.Егемендіктің бірден-бір иесі ж/е мемлекеттіліктің қайнар көзі – республика азаматтары.Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қаз-ң азаматтығын қоса алу құқығы берілді.Республикадан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды.Мемлекеттің маңызды міндеттері:

1.Ұлттық мәдениетті,дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып,дамыту.

2.Қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту.

Құжаттың 3-тарауында мемл/к өкімет органдарының құрылымы анықталған.Қазақстан Республикасы ж/ә оның атқарушы өкіметінің басшысы – Президент.

Құжаттың 4-тарауында мемл-ң экон-қ негіздеріне анықтама берілді:

-Меншіктің барлық түрлерінің кһптүрлілігі мен теңдігіне негізделетін дербес экон-қ жүйе құрылады.

-Жер мен оның қойнауы, су,әуе кеңістігі,өсімдік мен жануар әлемі,экон-қ ж/ә ғылыми-техникалық мүмкіндіктер республика меншігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы әлемдік қоңамдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды.Республиканың төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге басқа елдің араласуы оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сұққандық болып табылады.

 1991 ж 16 желтоқсан – республиканың тәуелсіздік алған күні.Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды.Тәуелсіз Қаз-ң дипломатиясы тарихында алғашқы сенім грамотасын тапсырған – Түркияның Қазақстандағы Төтенше ж/ә өкілетті елшісі Арғын Өзпай.1991 жылдың соңына дейін Қаз-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі  мойындады:АҚШ,Қытай,Иран,Пәкістан,Канада,Швейцария т.б.1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып,61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.1999 жылдың басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып,106 мемл-пен дип-қ қатынас орнатылды.Қазіргі Қаз. Шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық ж/ә консулдықтар ашты.Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық ,ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.1992 ж 2 наурыз – Қаз. БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Қаз-ң тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде республиканың мемл-к рәміздерін қабылдауды талап етті.1992 ж 4 маусым – ҚР-ң мемл-к Туы мен Елтаңбасы қабылданды.Ту авторы  - суретші Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков,Шот-Аман Уәлиханов.1992 ж 6 маусым – Жоғарғы Кеңес сессиясының салтанатты мәжілісінде жаңа мемл-к рәміздерді ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді.1992 ж 11 желтоксан – ҚР мемл-к Әнұранының мәтіні бекітілді.Мәтінін жазғандар – Мұзафар Әлімбаев,Қадыр Мырзалиев,Тұманбай Молдағалиев,Жадыра Дәрібаева.Әуенін жазғандар – Мұқан Төлебаев,Евгений Брусиловский,Латиф Хамиди(1944 жылгы нұсқасы сақталды).1992 ж 15 желтоксан - Әнұран республикалық баспасөз беттерінде жарияланып,халыққа таныстырылды.

7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)

Қола дуірінің кезеңдері:

Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырларОрта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар.Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIII ғасырлар.Ерекшеліктері:Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілу(қола металургиясы).Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.Рулық қатынстар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы(А.Я.Тугаринов)).  1927ж. -      археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғапымдар – Ә.Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М.Оразбаев. Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусиск-Орал таулары-Батыс Сібір жазығы-Памир таулары. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық Қазақстан. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді.Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы(Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасы).Мәдениеті:   Б.з.б. 3 мың ж. соңында Қазақстанның таулы және далалы аудандарада егіншілік пайда болды.Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтың тайпалар қос өркешті бактриан тайпалар қос өокешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні,  Ақсу-Аюдыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылды.Б.з.б. I мың ж. басында андроновтықтар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді. Үй маңындағы жайылымдар жарамсыз болып қалған кезде бақташылар жаңа жайылымдарға көшіп отыпды. Бұл-мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі). Ерлер жайылымдарға кетіп, мекендеріне күз соңына таман оралған. Әйелдер мен балалар егіншілікпен айналысып, тұрақты мекендерде қалды.Кейінгі қола дәуірінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың жаңа түрі-  көшпелі мал шаруашылығы шығы бастады.  Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті.Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілінде қыш ыдыстар жасаған. Таспалық әдіс.Қплыпқа салып пішіндеу әдісі(б.з.б. XVII-XVIғ.ғ.).Андроновтықтардың баспанасы – жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болды. Еңбек құралдары : тесе, тас кетпен, келі, келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі) Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліг.Андронов дәстүрі сақталған.Жаңа элементтер енгізілген(мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты – мәйітті шалқасынан жатқызу). Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырылған.

8. Қазақ хандығының 15-18ғ басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.XVI ғасырда  Қазақ  хандығы  Қасым  ханның  тұсында (1511-1521) ең  жоғарғы  қуаттылығына  жетті. Ішкі  жағдайымыз  тынышталып, қазақ  рулары  Қасым  ханға  қосыла  бастады. Сыртқы жағдайымыз  біршама  алаңдарлықтай  еді. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Негізгі   мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды  өзіне  қарату.Қасым ханның  соғыс жорықтары:1510 – М. Шайбани Сығанаққа  шабуыл  жасап  жеңіліс тапты, Самарқанға қашты.1510 – Шайбани Мерв түбінде ирандықтардан  қаза  тапты.1513 – Қасым хан  Сайрамды алды.1513 – Ташкент билеушісі  Сүйінішке Қаттабекпен бірігіп соғыс ашты.Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға  шегінді. 1514 жылы Моғолстан  ханы  Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң, Жетісу Қазақ хандығына  өтті.Қазақ  саны  1 млн.-ға  жетті.Алғаш орыс мемлекетімен (Василий ІІІ. 1505-1513) дип. Қатынас орнатты.«Қасым ханның қасқа жолы»  атты  заңдар жинағы болды. Заң  5  бөлімнен  тұрды (мал-мүлікке б/ты, қылмыс, әскери қызмет, елшілік,дәстүрлерді  өткізу  туралы) .Қасым ханның  билігінің  соғында тыныштық заман  орнады. Сауран қаласы  сауда  орталығына  айналды. 1521 жыл – Қасым хан Сарайшықта  қайтыс  болды.Қасым  ханның  өлімінен  кейін  Қазақ  хандығында тартыстар  пайда  болып, хандық  әлсіреп  қалды.  Қасымның мұрагері  Мамаш тартыс  барысында  қаза  тауып, Тақыр (1523 - 1533)  хан  болды. Ол қырғыздармен  одақтасып, 1524 жылы Моғолстанға  қарсы  соғысты. Тақырдың  дипломатиялық, әскери  таланты  болмады. Хан Ноғайлардан  жеңілді, Сыр қалаларын  қайтарып  ала  алмады. Тақырдан кейін  Бұйдаш  хан  болды (1533 - 1534) Оның тұсында да тартыстар  тоқтамады. Нәтижесінде,  өзбектер  мен  Моғолстан  бірігіп  Жетісуды  жаулап  алды.Осы  тартыстардан  елді  құтқарып, жағдайды  қалып қа  келтірген  Хақназар  хан  (1538- 1580) болды. Негізгі  мақсаты: Қасым хан тұсындағы иеліктерді қалпына  келтіру. Территориясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы . Хақназар тұсында ноғайлар Қазақ хандығына кірді. Хақназарды «қазақтар мен қырғыздар ханы»  деп атайды.1560 – моғолдар  қазақ-қырғыз  одағын жеңді. Соның нәтижесінде, ойраттар шабуылы  әсерінде  Жетісу  жері  қазақтардан  алына  берді.Башқұрт деректерінде Хақназарға  башқұрттардың да бағынғаны  айтылады.Хақназар тұсында Орыстармен саяси және сауда қатынасы дамыды (1569 ж. Семен Мальцев; 1573 ж. Чебуков).1563 жылдан Сібір хандығын билеген Көшім  хан  Қазақтармен дұшпан болды1573 ж. Орыс елшісі Чебуков Көшімнің бұйрығымен өлтірілді.Жағдайдың ауырлығы Хақназарды одақтас іздеуге итермеледі. ІІ Абдаллах пен Хақназар  одақтас болды. Хақназар  Баба сұлтан мен Абдаллах  арасында бірде  бірін, бірде екіншісін қолдап, айла жүргізді. Нәтижесінде:Абдаллах Сыр қалаларын қазақтарға берді.Баба сұлтан сойырғал  ретінде Йассы  мен Сауранды берді.Хақназар хан Баба  сұлтанның тыңшысының  қолынан  1580 жылы  қаза  тапты. Хақназар ханның саясатының маңызы:Хандық аумағы кеңейді.Дербес мемлекет ретінде танымал болды.Хан билігі  күшейдіІшкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақты болуы.Хақназардан  кейін оның немере  інісі  Шығай (1580 - 1582) хан болды. Шығайдан кейін  оның  баласы  Тәуекел (1582-1598)  елді  биледі. Бұл  кезде  Сыр  бойындағы  Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары ІІ Абдаллахтың иелігінде болды. 1586 – Тәуекел Түркістанды алып, Ташкентке  қауіп  төндірді.1586-1594 – Тәуекел  хандық үшін Хақназар ұрпақтарымен күресті.1594 – Мәскеуге  Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. 1595 – Мәскеуден Степанов бастаған елшілік  келеді.XVI ғ. Ойраттар  қазақ  әскерінен  жеңіліп, тәуелділікке түседі. Тәуекел  хан  өзін   қазақ пен қалмақтың  ханы  деп  санады.1598 жыл – Абдаллах өлімінен  кейін Орта  Азияға  жаңа  соғыс  бастады. Тәуекел  хан  Бұқар  түбіндегі  шайқаста  ауыр  жараланып, Ташкентте  қайтыс  болды.  XVI  ғасырда  Қазақ  хандығы  өзінің  сыртқы  саясатында  біршама  жетістіктерге  жетіп, белгілі  бола  бастады. Ішкі  жағдайы да  біршама  тұрақты  болатын.

9.Ұлтаралық келісіммен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.Мемлекет  ұлттық саясатты жүргізу үстінде ел тұрғындарының этникалық құрамы мен оның қалыптасу барысын жан-жақты ескереді. Қазақстан ұлтаралық келісімді мейілінше ұқыпты сақтап келеді. Қазақстан Республикасы Предизентінің  1995 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан халықтарының  Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елде қоғамдық  тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің  жанынан консультациялық-кеңесші орган ретінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісім институты  деп аталуы тегін емес. Ол өзгеше достық көпірі, халықтар мәдениетінің гүл шоғыры. Ассамблеяның мақсаты – республикадагы оқиғалар мен саяси жағдай туралы болжамдарға баға бере отырып, қоғамды нығайтуды қамтамасыз ететін нақты кеңестер әзірлеу, сондай-ақ тегіне, ұлтына, әлеуметтік тобына, діни нанымдар мен сенімдеріне қарамай Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандығын сақтауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасы  Президентінің қызметіне көмек көрсету. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметіне мәдени-ағарту (ұлттық иәдениеттерді, тілдерді,салт-дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау); тәрбие (қазақстандық және ұлттық патриотизмді қалыптастыру ); ынтымақтастық (этносаралық қатынастарды зерттеу негізінде ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту); консультативтік-кеңесшілік (Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлт өкілдері  арасындағы достық қатынастарды қалыптастыруға ықпал ететін мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты кеңестер мен ұсыныстар әзірлеу) жұмыстарын жатқызуға болады. Ұлтаралық келісім институтын құру туралы идеяны Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш рет 1992 жылы республика тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған халықтарының 1-форумында ұсынды.  Қазақстан халықтарының Асамблеясы ел Президентінің жалпы мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі:еуразиялық интеграцияны(бірігуді) дамыту, қоғамды демократияландыру және жаңа азаматтық теңдікті қалыптастыру идеяларын қолдап келеді. Үкімет ұйымдары мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірлесіп атқарған қыруар жұмыстарының нәтижесинде республикадағы этносаралық қатынастар, тұтас қарастырғанда тұрақты да қолайлы даму сипатын алып отыр. Тұрғындардың барлық этникалық топтары этникалық қарым-қатынастардың көпұлтты ұжымда жұмыс атқару, басқа ұлт өкілдерімен достық сыйластықта болу, халықаралық ынтымақ сияқты формаларына жоғары ымыпраластық тпен ықыластарын танытып келеді. Ұлттық-мәдени орталықтарда жыл сайын Наурыз, Құрбан айт, Масленница мен Рождество сияқты, т.б ұлттық және діни мерекелерді тойлау дәстүрге  айналды. Бұл мейрамдардың жастарды көркеи және қолданбалы өнер, фольклорлық мәдениет қазбаларына бауыр бастыру, олардың халықтың салт-дәстүріне деген суйіспеншілігін ояту ісінде баға жетпес тәрбие құралы сөзсіз. Бұл жұмыстар республика орта оқу орындарының оқу бағдарламаларында одан әрі бекітіле түседі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы баларларға тәрбие беру жаңа тұжырымдамасына сәйкес арнаулы қосымша пәндер мен «Өнер және этика», «Халық салт-дәстүрлері», «Ұлттық мәдениет тарихы» факультативтер енгізілді.  Қазақстан қоғамындағы демократиялық қайта құрулар  этникалық азшылық тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының санын ұлғайта түсті. Мемлекеттік қолдау көрсетудің нәтижесінде көптеген тілдерде газет-журналдар шыгарылып, эфирден, радио мен теледидар хабарлары беріледі. Ұлттық театрлар мен басқа да шыгармашылық ұжымдар достық пен иынтымақтастықты нығайтудың жоғары гуманистік мақсаттарына мқызмет етеді.  Республикада Қазақстан халықтарының фестивальдары, жексембілік мектептер шәкірттерінің  мемлекеттік және ана тілін білу деңгейін анықтайтын бақылау-байқаулары, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарлар, этномәдениет дамуының көкейтесті мәселелеріне арналған «дөңгелек столдар»  жүйелі түрде өткізіліп тұрады.  Ассамблеяның халықаралық байланыстары бірқалыпты дамып келеді. Ұлттық- мәдени орталықтардың тарихи отандары мен байланысы нығая түсті. Этностардың мәдени өмірі күннен-күнге байып, ұлттық- мәдени орталықтардың ұтымды ұсыныстары мемлекеттік құрылымдар тарапынан барлық жерде қолдау көріп тұр.

10.Сақ- сармат дәуірі: жазба деректері және археологиялық есскерткіштері.Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:

  1.  Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.
  2.  Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.

Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен  Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар).     Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар).                                                      Мекені: Мургап аңғары.Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды.                        Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:

  1.  Жауынгерлер-қызыл түс.
  2.  Абыздар-ақ түс.
  3.  Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.                    Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің  бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы.  Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген.СарматтарБ.з.б ХIII ғасыр Б.з 5 ғасыр сарматтар қазақстанның бтыс аумағын мекендеген. Савромат сарматтар орталық азия мен қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпа . бұл тайпалар жөнінде грек , рим тарихшылары жазып кеткен б.з.б 8 ғ сарматтарды тарихи деректерде савроматтар деп атаған бзб 3ғ сарматар кушейіп басқа тайпаларға устемдігін жургізе бастаған .Археологиялық ескерткіштерінің ерекшеліктері.Бесоба қорымы : 1. Абыз әйелдер жерленген оба табылды.2. Екі абыз әйелдің бастары оң. Батысқа қаратылып шалқасынан жатқызылған.3. Қасқыр бейнесі бар уш аяқты қурбандық тақта , алтын сырғалар , қол айна, моншақтар табылды.Сынтас қорымы: 1. Уш савромат жерленген.2. қасқыр мусіні, киік, таутеке бастары бейнеленген суйек қасықтар табылды .Аралтөбе ескерткіші:1. Қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен әйелі қатар жерленген.2. Басын оң. Қаратып шалқасынан жатқызған.Басын оң. Қаратып шалқасынан жатқызған.3. Көсемнің қару жарағы , екі аты комілген.Бәйте, Терең ескерткәштері:1. Ас беру,мінажат жасайтын ғибадатханалар табылды. 2. Отыз қырыққа жуық адам бейнесңне келетін дінгек тастар табылды.Батыс қазақстан савромататрының ескерткіштері:

Обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған.

  1.  Қабірлер әр пішінді болып келеді.

11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі  (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д.  III-I мың жылдықтарды қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады. XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.XV  ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр  хандығын Жетісудің Шу мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді».Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.

12.Бүгінгі кезендегі Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары.Сыртқы саясат саласында:  Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті – оның тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын нығайту.
Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кіру мәселесін тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделеді.Халықаралық интеграция саясаты еліміздің тәуелсіздігіне еш нұқсан келтірмейтіндей ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы кезге дейін жасалған мемлекетаралық келісім-шарттар ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет.Осы Тұжырымдамада көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік доктриналары қайта қаралып, оларға қажетті толықтырулар енгізілуі керек.Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегі басымдықтарды:  АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты ядролық державалармен еліміздің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, кепілдік беретін арнайы екіжақты келісім-шарттар жасауға ұмтылу;
Қазақстан Республикасында шетелдік әскери полигондардың орналасуына заң жүзінде тыйым салу;  Екі мемлекет арасындағы келісім-шарт мерзімі біткенде Ресейдің әскери базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесінен туындаған экологиялық, басқа зардаптарды өндіру мәселесін қою;  Орталық Азия, түрік және мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсенді жүргізу;  Еуроодақ институттарымен жақындасу саясатын үдету, “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасын қайта қарап, толықтыра түсу;Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін, білімін, жасын, кәсібилігін, қаржылық мүмкіндіктерін, туыстық қарым-қатынастардың бар-жоқтығын негізге алу; шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына қайтару саясатын белсенді түрде жүргізіп, еліне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңілдетілген азаматтық беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай көмек көрсету;  қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиімді қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек көрсету мәселесін мемлекетаралық деңгейде көтеріп, белсенді түрде іске асыру қажет.   Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан негізгі сыртқы саяси басымдықтарының айнымайды. Бұл туралы кеше Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус басшыларымен дәстүрлі жыл сайынғы кездесуінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Кездесуді ашқан мемлекет басшысы жыл өткен сайын бұл отырысқа қатысушылардың саны артып келе жатқанын қанағаттанғандықпен атап өтті.   Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді. Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды. Олардың бесеуі жаңадан ашылса, жетеуі Алматыдан көшіп келген.   Н.Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының аса маңызды басымдықтарын айқындады.   Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардың назарын Қазақстанның негізгі сыртқы саяси басымдықтарының айнымайтындығына аударды.   Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.   АҚШ-пен стратегиялық әріптестік кеңейтілмек. Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінін атап өтті. Жапония, Үндістан, Бразилия, Түркия, Корея Республикасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ. "Қазақстан Республикасы көпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.  Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке, Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі, сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады.  Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді. ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.  Қазақстан 2011 жылы Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың әртүрлі өркениеттері мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мәртебесі көтеріліп, ауқымы кеңейе түсуде. Үшінші съезд 2009 жылдың шілде айында Астанада өтпек.  БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясының барысында Қазақстанның бастамасымен 2010 жылды "Халықаралық мәдениеттер жақындастығы жылы" деп жариялау туралы қарар қабылданды. Үстіміздегі жылдың қазанында Батыс пен мұсылман әлемі мемлекеттерінің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен "Ортақ әлем: әралуандық арқылы прогреске" атты сыртқы істер министрлерінің конференциясы осы үнқатысу алаңына деген сұранысты айғақтай түсті.  Президент форум қорытындысы бойынша қабылданған "Астана декларациясы" жоғары деңгейдегі саяси диалогты қалыптастыру үшін берік негіз бола алады деген пікір білдірді.  Кездесуде сөз сөйлеген Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Лятиф Сейфеддин оғлы Гандилов өткен жыл ішінде Қазақстанның экономикалық, сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірінде көп жетістіктерге қол жеткенін атап өтті.  "Біз Қазақстанның халықаралық беделінің нығаюына куә болдық. Бейбітшілік, өңірдегі қауіпсіздік пен ядролық қарусыз әлем идеясы жалпыдан бірдей қолдау тауып, құрметке бөленді. Қазақстанның діндер мен мәдениеттер арасындағы толеранттық пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған күш-жігері жоғары бағаға лайық", - деді дипломат. Әзербайжан елшісі Қазақстан дер кезінде қабылдаған шешімдер мен дағдарысқа қарсы бағдарламаның арқасында дағдарыстың кері әсерін азайта алғанын атап өтті. "Халықаралық сарапшылар бұл бағдарламаны жоғары бағалады. Бұл Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет екендігін тағы бір дәлелдейді. Ол демократия, ұлтаралық келісім, төзімділік пен экономикалық өсім жолында батыл қадам басып барады", - деп атап көрсетті Лятиф Сейфеддин оғлы Гандилов.  Л.Гандилов дипломатиялық корпустың атынан Елбасы мен барша Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен және Тәуелсіздік күнімен, сондай-ақ Жаңа Жылмен құттықтады.  Кездесудің соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға атқарып отырған жұмыстары үшін ризашылық білдірді.  "Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанның өздеріңіз өкілдік етіп отырған елдермен және ұйымдармен ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынасы дәйекті түрде нығайып келеді", - деді Н.Назарбаев.

13.қимақ мемілекеті:этносаяси тарихы , шаруашылығы , мәдениеті .   XI ғасырдың екіеш жартысында қимақ одағының құрамына 12 тайпа енген . олардың ішіндег ең ірі әрі ықпалдысы-қыпшақтар. Қимақтардың тустас тайпасы-құмандар. Қимақтардың мемілекеттік құрлымы туралы алғашқы мәліметтер IX-Xғасырлардағы арап деректерінде кездеседі (Әл-Якуби 9 Ғ Жеке тайпанің көсемі-Шад-Түтік. Қаған ел басқару ісінде әскерйи шонжарға арқа сұйеді. Мемлекетте салық жинау жұйесі болды. Араб тарихшысы Әл-Идриси еңбегінде қимақтар 16 қала болғаны, 12-іс Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазады.X ғасырға қарай қағаннаттің әлсірей бастакының себебі- үлыс басшыларының үлкен териториаға ие болғаннан кейінгі жеке билікке үмтылуы.Шаруашылығы :Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы Мәдениеті;Бал-бал тастар, тас келншектер , қол тиірмендер ,үккіштер , темір орақ , зираттарынан табылған қүрал –саимандар, қару- жарақтармен қатар қол өнер бұйымдарда көптеп кезігеді.

14. Ш. Уәлиханов  және  оның  ғылыми жұмыстары. Ш. Уәлиханов  саяхатшы, географ, ойшыл, тарихшы, этнограф,суретші. Ш. Уәлиханов – 1835 жылы  қарашада  Құсмұрын  бекінісінде  туып, Сырымбетте өсті. Әкесі  Шыңғыс – Абылай  ханның  немересі. Шоқанның  жетіліп, сана-сезімінің оянауына  әжесі  Айғаным  әсер  етті. 1847 жылы Шоқан 12 жасында  Омбыдағы Сібір  кадет  корпусына  оқуға  түсіп, 1853 жылы  18  жасында  бітіріп, корнет  деген   атақ  алады. Кадет  корпусында  Г.Н. Потанинмен танысып  дос болады. Шоқанның  орыс  ғалымы И.Н. Березинмен, ұстазы  Н.Ф. Костылецкиймен  байланыста болуы, оның ғылыми бағытын дұрыс  анықтауына  себеп  болды. Шоқан  ғылымға  бейімделіп, шығармашылық еңбек жолын бастады:1855 жыл – Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болып, аңыз- өлеңдерді  жинады.1856 жыл – Тянь-Шаньскиймен  Құлжаға барды.1857 жыл – Қырғыздардан «Манасты»  жазып алды. Орыс географиялық қоғамына мүше  болды.1858- 1859 - әлемге   әйгілі  Қашғарға  саяхатын  жасады.1859 – 1861 – Петербургте  орыс  мәдениетінің  алдыңғы  қатарлы өкілдерімен  танысты.1860 – Петербургте ержүрек  жиһангез және Орта Азия халықтарының  өмірін  зерттеуші  ретінде  құрметтеліп, орденмен  марапатталды.1861 – ауырып  ауылына  қайтады.1864 жыл – Черняев  экспедициясында  болды.1865 жыл – «Қытайдағы дүнгендер көтерілісі»  атты  соңғы  еңбегін  жариялады.Омбыда  «Даладағы мұсылмандық  туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы»  еңбектерін   жазды. Сонымен  қатар  бейнелеу  өнерінде  150   суреті  қалған1865 жылы  Алтынемел  жотасында  дүниеден  өтті.

15. Қазақстанда1946-64жж. қаз\ң ауыл шар\ғы. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, социалды демократиялық және мәдени , рухани салдыры.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр  кезең  .  төртінші бесжылдық жылдары Қаз\ нда  астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болған . Ауыл шар\н дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі ,  жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы ,  басқарудың әкімшілдік күштеуі , экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шар\нда қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды . Қаулының нәтижелері мынадай :  1949 жылғы  республика  колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника  және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылды .  Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды . Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді . Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды . МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру  басталды .  Өнім өндіруді  арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық  аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы  -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін  өндіру жоспарын  артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты.  Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады.  Ауыл шар\ның артта қалу себептері :

Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі ,  жергілікті  жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап , аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм ”  кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі , еңбекшілерді өндіріс құралдарынан , еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу . Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп , олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды .  1953  жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға  талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва  тың және тыңайған жерлерді игеру  идеясы пайда болды .

1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы  Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды .  1954 жылғы қаңтар-  наурыз - КОКП ОК Пленумы  “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру , тың және тыңайған жерлерді  игеру туралы ” қаулы қабылдады . Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы , 1954-1955 жылдары   1млрд.100 млн. – 1млрд.  200 млн. Пұт астық алу белгіленді .  Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары  . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп ,  оларға көптеген жеңілдіктер жасады . 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге  20млрд. Сом жұмсалды . 1954-1962  жылдары республикаға 2 млн. –ға жуық тыңгерлер көшіп келді.  1954 жылғы  тамызда жыртылған жер көлемі : КСРО-да 13.4  млн.га , Қ-нда -6.5 млн. га .1954 жылғы 13 тамыз –“Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді  одан әрі игеру туралы ” қаулы қабылданды . 1956  жылғы егістік көлемі 28-30 млн. га. ға. Жеткізу міндеті қойылды .  1955 жылы жоспардағы 7.5 млн. орнына 9.4 млн . га жер жыртылды  Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар келді . 1954 жылы көктем Қ-н тыңында 120- дан совхоз құрылды. 1954 жыл- тың жер астықтың  жалпы түсімінің 40% -дан астамын берді .  Тың игеру жылдары Қ-нда 25 млн. га жер жыртылды . Алайда сырттан келушілер тым көп болып кетті .  1954-1962 жылдары -2 млн. адам келді . Қазақтар респуб. Тұрғындарының үштен бірінен де аз болып кетті . Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі  табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып ,  қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды.  Мал шығыны көбейді .  Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда  КОКП ОК Пленумы  мал шаруашылығының  ауыр жағдайын талдады .  Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді .  Нәтижесінде  мал шаруаылығы деңгейі көтерілді . 1960 жылдары мал басы 37.4  млн-нан асты . Мал түқымы асылдандырылды . МТС тер жойылды. 1957-58 жылдары  колхоз совхоздағы мал санын көбейту үшін  тұрғындар меншігіндегі малды ала бастады .  Бірақ бұл реформа да халықты азық түлікпен толық қамтамасыз етуді шеше алмады.

16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.

Айталық, осыған қатысты келесі бір дереккөздерінің топтамасы 2005 жылы баспадан шыққан «Антикалық және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы дала: материалдар жинағы» деп аталынады. Жинақта Еуразия далаларындағы халықтар мен олардың көршілері жайлы артында баға жетпес мұра қалдырған көне эллиндік, римдік және византиялық 150-дей авторлардың (тарихшы, географ, этнограф, жазушы, филолог, т.б.) 500-ден астам шығармаларынан үзінділер берілген [15]. Әрбір автордың шағын ғұмырнамасы, шығармасының маңызы көрсетіліп, дереккөздері ішінара талдаудан өткен. Жинаққа енген шығармалардың хронологиялық ауқымы б.з.б. ХІІ ғасыр мен б.з. ХV ғасыры аралығын қамтиды. Мұның өзі ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын батыс дереккөздері арқылы танып білудің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, таным көкжиектерін одан сайын арттыра түседі. Сол себепті де біз осы зерттеу жұмысымызда жазбаша дереккөздеріне терең талдау жүргізбей-ақ, аталмыш еңбекке сілтеме жасаумен ғана шектеліп отырмыз. Әйтсе де кейбір дереккөздерінен алынған мәтіндерге ерекше тоқталып кетуге болады. Мәселен, осы жинақтағы Анахарсис пен Токсарис ерекше қызығушылық туғызады. Қазіргі таңда мамандарға Анахарсис есімі кеңінен мәлім. Бірақ, Анахарсистен де бұрын өмір сүрген, Элладаға одан сәл-пәл ертеректе келген скиф Токсарис (Тоқсары?) жайында тіптен сөз қозғалмайды десе де болады. Оның өмірлік таным-түсінігін, көзқарастар жүйесін зерделеу ілкі замандардағы ілім-білімді, ақыл-ойды, аңыз-әпсаналарды қайта жаңғыртуға, осы рухани дүниелерді толымды түрде пайымдауға жол ашары анық деген ойдамыз.Жалпы алғанда, скиф Тоқсары жайлы мейлінше толымды мәліметтер қалдырған эллин риторы, софист әрі сатирик Лукиан (б.з. 120/125-190 жылдар) болып табылады. Лукиан Самосатта кедей сириялықтың отбасында дүниеге келген, грек тілін меңгеріп, Антиохияда сот шешені болып қызмет істеген. Кіші Азия, Грекия, Македония, Италия, Галлия жерлерін аралаған. Бірқатар шығармалар жазып қалдырған. Бізге Лукианның 82 шығармасының жеткен. Олардың оны мамандардың пікірінше Лукаианның стиліне келе қоймайды. Қалай болғанда да Лукианның бірқатар шығармаларынан көне скифтерге қатысты көптеген этнографиялық мағлұматтар алуға болады. Лукиан шығармаларының көпшілігі тарихи шындыққа жақын келеді. Еңбектері сонысымен де құнды. Біз үшін әсіресе Токсарис жайлы қалдырған жазбалары құнды екендігін айта кеткен абзал. Оның «Диалогтар» атты еңбегінде келтірілген мағлұматтар бойынша: Тоқсары еліне қайтпай, Афинада өлген. Оған афиналықтар жат жерлік дәрігер ретінде құрбандық шалып тұрған. Тіпті оны фракиялық адамдарды емдеу құдайы Асклепия ұрпақтарымен қатар қойған. Анахарсис Афинаға келгенде қарт Токсариспен танысқан. Онымен әңгімелескен. Анахарсис өзіне Токсаристің ұстаз болуын, афиналықтар елі мен жерін көрсетуін сұраған.Самосаттық Лукианның «Токсарис, немесе Достық» атты еңбегі екі өркениет өкілінің, яғни грек Мнесипп пен скиф Токсарис арасындағы сұхбат ретінде өрбітілген. Орыс тіліне бұл еңбекті П.И. Прозоров аударған. Онда басқа грек-рим авторларынан кездесе бермейтін көптеген тарихи-этнологиялық, лингвистикалық, т.б. жайттарды көптеп аңғаруға болады. Екі өркениет өкілі құдайлар, әдет-ғұрыптар, жосын-жоралғылар, т.б. туралы біршама сұхбаттасқаннан кейін достыққа қатысты бір-біріне бес әңгімеден айтып беруге көшеді. Сонда Токсарис скифтердің досы үшін жанын да беруге даяр екендігін нақты көрсететін әңгімелерді баяндап береді. Солардың бірінде скифтердің екі жігіті арасындағы достық баяндалынады, онда тұтқынға түсіп қалған досы үшін жауға құн ретінде жігіттің бірі өзінің көздерін береді [15, с. 322-324]. Дәл осы әңгіме желісі қазақ халқы арасындағы «Екі дос» аңыз-әфсанасында да өрбітіледі. Осы айтылған оқиға ғасырлар қойнауынан жетіп, қазақтар арасында да сақталғандығын жалпыға білім беретін 4-сыныпқа арналған «Ана тілі» атты мектеп оқулығынан нақты көруге болады. Аңызды қайдан тапқандығын, қалайша мектеп оқулығына енгізгендігін болашақта оның авторлары (С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Б. Қабатаева) кеңірек баяндап бере жатар.Салыстыра қарап отырсақ, екі аңыздың да түпкі мәні бір, оқиға желісі ортақ. Скиф аңызын баяндаған Токсарис әңгімесінде оқиға кейіпкерлерінің скиф екендігі, кейіпкерлер есімдері, бір-біріне қарсы тұрған тараптардың скифтер мен савроматтер екендігі нақты көрсетілген. Ол екі достың оқиғадан кейінгі өмірін де азды-кемді сипаттап өтеді. Сөйтіп, Токсарис ертедегі көшпенділер өмірінде досқа деген адалдықты, өмірлік ұстанымды дәлме-дәл жеткізе білген. Шындығына келгенде, скиф үшін досын сатып кету өліммен бірдей болған, скиф қауымы ондай күнә жасаған адамды ешқашан кешірмеген. Былайша айтқанда, досқа деген адалдық скиф өмірінің мәні болған. Қазақ аңызында савромат пен скиф этнонимдері, кейіпкерлер есімдері, т.б. кейбір детальдар ұмытылған. Есесіне қазақ батырлары, сарбаздары басты кейіпкерлер ретінде танылып, ізгі достық идеясы сақталғандығы байқалады.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер         Ежелгі жазба ескерткіштері. І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші. Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер. Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері. Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде. Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы».    Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы.     Ежелгі иран жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік ескерткіштерінің спецификасы. Ежелгі түрік ескерткіштерін дешифровкалау тарихы. Кошо-Цайдам стеллалары - Күлтегін (732 ж.), Білге-қаған (735 ж.), Тоныкөктің (716 ж.) атына қойылған ескерткіштер. Орхон тобының ескерткіштері - Селенгі тасы (VIII ғ. ортасы), Терхин стелласы (756 ж.). Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Жетісудағы Батыс-түрік қағанатының ескерткіштері. Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер кешеніндегі ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің алатын орны мен атқаратын ролі.    Сақтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты мәліметтер. Грек - рим (антик) (Геродот, Страбон, Ксенофонт, Марцеллин, Птоломей. Ахаменидтік т.б.) (ежелгі парсы) сына жазбалар. "Авеста". Парсы деректері бойынша сақ территориялары: Тиграхауда, Хаомаварга, Парадария, Даха. Антикалық дерекетердегі скифтердің этникалық топтары. Герадот скиф халқының шығуы жайлы. Археологиялық ескерткіштер

17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы  «Қазақ» газеті  мен  «Айқап» журналының рөлі.

«Қазақ»  қоғамдық  саяси және әдеби газет.1913ж 2 акпанда  бастап Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған.Бірінші редакторы  белгілі ғалым,жазушы А.Байтұрсынов. Қазақ  қоғамының ұлттық санасын                                  қалыптастырудағы  рөлі 20 ғ басындағы қазақ елінің саяси әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне,қазақ шаруашылығының  жағдайына,жер мәселесіне,басқа елдермен қарым қатынасына,оқу ағарту,бала тәрбиесіне,әдебиет пен мәдениет,әдет ғұрып,салт санаға,тарих пен шежірелерін анықтап  көрсетеді.«Қазақ»газеті кітапханалар мен архивтерде түгел сақталмағандықтан көлемді мақалалармен бірге аз да болса мағлұмат беретін кейбір ұсақ хабарлар да қамтылуы маңызды болып табылады.

«Халықтың көзі,құлағы һәм тілі,білім мен жаңалықтың жаршысы болған «Қазақ» газетінің бетінде басылып тұрған халқымыздың саяси өмірінен,мәдениетінен,әдебиетінен,оқу ағарту мәселелерінен дерек беретін сан алуан,ортүрлі бай деректерді бір жүйеге келтіріп,дұрыс баға бере тұрып,ең құндылыларын қазіргі ғылымымыздың игіліне  жарату алда тұрған міндеттердің бірі болмақ.

18.ҚР президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.

 Қаз-н  халқына арналған Жолдауының Президент басқарудың барлық деңгей –сатыларына білікті мамандар даярлау үшін жағдай туғызу қажеттігін айта келіп; «Әлемнің үздік университеттерінде оқыту,елімізде санаты биік  университеттер құру,сондай-ақ отандық Мемлекеттік қызмет академиясын нығайту-бүгінгі күннің міндеттері,міне,осындай»,-деп атап көрсетеді.Бұл айтылған мәселе қазіргі қалыптасып келе жатқан демократиялық құрылыстың маңызды да басты тетігі болып табылады.Сондай-ақ ол бізге шәкірт оқыту, баулу-бантау ісінде зор жауанкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп,сандық реттен сапалық реңге ауысға басымдылық беруді меңзейді. Ұлттық университетте профессор-оқытушылардың,ғалым –ұстаздардың жеке тұлғасының да,қызметінің де орны ерекше.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев-әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Құрметті профессор».Кез-келген саланың,кез келген ортаның мерейін үстем етіп тұратын тұлғалар болады.Елге үлгі боларлық,әрбір жүріс-тұрысынан,іс-әрекетінің өзінен өнеге алатын зиялы азаматтар қара шаңырағымыздың әр факультетінен табылады.Айталық,филология факультеті үшін академик З.Қабдолов,математиктер үшін акадеик Ж.Әубәкіров мақтаныш боларлық тұлғалардың ғалым ретінде ғана емес,елге беделді қоғам қайраткері ретінде де танымал болуының өзі біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш. 75 ж жуық тарихы бар,қаншама ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ғылым мен мәдениетінің алтын ордасы саналатын  ұлттық  университет жаһандану саясаты жанып тұрған бүгінгі күннің өзінде де ұлттық сипатынан бір мысқал ажырамайтындығының анық көрсетті.ҚазҰУ-дың жоғары деңгейдегі университет екені талас тудырмаса керек.Сондай-ақ ҚазҰУ студенттері де осынау атақ  -дәрежеге әбден лайық деп білем  Біздің мақсат-заманға лайық білім беріп,Қаз-ң жоғары мектебінің қош бастауындағы ұлттық университетінің өз дәстүрін одан әрі жалғастыра беру.Елбасы  Н.Н.Назарбаев; «ҚазҰУ әлемге әйгілі Оксфорд.Гарвард сияқты университет-ң дәрежесіне жетуі керек»,-деген болатын.Бұл біздің ұжымға берілген жоғары баға ғана емес,жүктелген зор жауапкершілік пен үлкен міндет.

19.  Хуну,  Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.                                                                             

      Б.з.б І ғ аяғында Қазақстан далаларында сақтарды ығыстырған жаңа тайпалық одақтар п.б. Олардың бірі үйсіндер. Үйсіндер билеушісінің титулы-Гуньмо. Тілі- ежелгі түркі тілі.  Тайпа көсемдері мен рубасылары -Бектер. Басты байлық-мал мен жер. Б.з.б Іғ ежелгі үйсін қоғамында жерлерді жеке меншікке иелену басалды.Жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі-жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен  белгіленуі. Таңбалар дүние мүлікке, үй алдарына салынды. Әскер басшылары мен жоғары   лауазымды ақсүйектердің алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен үйсіндер тас және қыш саздан жасалған мөр ұстаған. Үйсін қоғамындағы әлеәметтік  теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді. Қорғандар көлемі жағынан үшке бөлінеді:1. Үлкен қорған -диаметрі80м, биіктігі 15м 2.Орташа қорған-диаметрі15м, биіктігі 4м.3. Кіші қорған –даметрі 10м, биіктігі 1м. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр тайпалары, Енисей қырғыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаған. Қаңлы, ғұндармен жайылым, сауда жолы үшін соғысқан. Үсіндер туралы Қытай тарихшысы Сыма Цян еңдектерінде жазылған, онда үйсін халқының саны 630 мың, үй саны 120мың, әскер саны 180мың болғандығы айтылады.  

. 20XIXғ.соңындағы және соңындағы және 20ғ басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.

   Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы: 1881-1883 жылдары Орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнгендер Жетісу мен Солт.Қырғыз өлкесіне қоныс аударды. Ұйғырлар 45000, дүнгендер 5000. Қазіргі Талдықорған мен Алматы жерінде алты болыстары құрылды. 1897 жылғы санақ бойынша ұйғырлар 55999, дүнгендер 14136 адамға өсті. Жұмысшы қозғалысының басталуы: қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланңан жері тау кен өнеркәсібі. Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды. Қарсылық түрлері: шағым, арыз жазу, өндіріс орындарынан қашу, ереуілге шығу, жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Жұмысшы ереуілдері: Алғашқы ереуіл 1849 жылы қазанда Көкшетау кен орнында болды, 1891 жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішінде ереуіл ұйымдасқан түрде өттғ. 1893,1895, 1899 жылы Батыс Сібір теміржолында ереуілдер өткізілді. 1899 жылы Омбы теміржолында ереуіл болды.Тау кен өндірісі: Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығ.Орт.Қ.да ашылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібі бастамасы Шымкент сантонин зауыты. Алматы өнеркәсібінде жұмысшы әйедер саны 1873 жылы 12% ал 1893 жылы 17,8%  болды. Темір жол: 1893-1895 жылдар –Сібір темір жолы салынды. 1893-1897 Рязань Орал темір жолы салынды. 1899-1905 ж. Орынбор Ташкент темір жолы  салынды. 1906 жылы іске қосылды.

21.  ҚР-ң тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері. Мемл\к тәуелсіздік туралы декларация. ҚР мем\к тәуелсіздігі туралы заң. 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ң ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991ж 1желтоқсан бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 1991 ж 8желтоқсан Минскіде Беловеж келісімі жасалды. Қаралған мәселе, 1922жылғы КСРО-ны құру туралы келісім-шартты жою, ТМД құру туралы келісімге келу.  1991ж 10желтоқсан Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берілді, Қазаз КСР-і Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991ж 13желтоқсан Ашхабат келісімі. Қаралған мәселе, Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қолдау. 1991ж 16 желтоқсанда республика жоғарғы кеңесінің жетінші сессиясында «ҚР-ң мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Бұл құжаттың 1-бабында ҚР-ы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп сипатталды. ҚР-ы: ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады, территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды. Құжаттың 2-тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттің қайнар көзі – республика азаматтары. Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздерң тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қазақстанның азаматтығын қоса алу құқығы берілді. Республикадан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызды. Мемлекеттің маңызды міндеттері: ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып, дамыту, қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың қадір-қасиетін нығайту. Құжаттың 3-тарауында мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. ҚР-ы және оның атқарушы өкіметінің басшысы – Президент. Құжаттың 4-тарауында мемлекеттің экономикалыө негіздеріне анықтама берілді: меншіктің барлық түрлерінің көптүрлілігі мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйе құрылды, жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңестігі, өсімдік және жануарлар әлемі, экономикалық және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер республика меншігі болып табылды. ҚР-ы әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды. Рес-ң төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге басқа елдің араласуы оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сұққандық болып табылады. Тәуелсіз Қаз-ды әлем мем-ң арасында бірінші болып Түрік Рес-ы таныды. 1991жылдың соңына дейін Қаз-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігіжер шарының 30-дан астам елі мойындады; АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канала, Швейцария т.б. 1992ж 2наурызда Қаз-н БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Тәуелсіз Қаз-ң дипломатиясы тарихында алғашқы сенім граиотасын тапсырған – Түркияның Қаз-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Арғын Озпай. 1992 ж соңына қарай тәуелсіз рес-ны дүние жүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. 1999ж дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатты. 1992ж 4маусымда ҚР-ң мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды, 1992ж 11желтоқсанда ҚР мемлекеттік Әнүраны қабылданды. Осылай, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлкетімізді орнаттық.

22.Қазақстанның қалалық мәдениеті . Ұлы Жібек жолының тарихи мәдени маңызы. Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:

Батыстан  шығысқа бакғытталатын жол

Іле бағытыЕуропа бағытыОрталық және Шығыс Қазақстан бағыттарыҰлы Жібек жолының  VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты  - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.

Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.

Іле аңғарындағы  үлкен қала – Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар – көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы – Талас өзені –Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені.

Тауар тасымалы

Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.

Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.

Мәдениет пен діннің таралуы

Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:

  1.  Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан
  2.  Бағалы тастар патшалығы  немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия
  3.  Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты
  4.  Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы  - Қытай.

Бұл  тұжырым Самарқан  төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.

Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан  мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының  өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.

Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.

Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддитзмді таратуда соғдылар үлкен роль атқарды (б.з. II-IIIғасырлар). Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды.

Христиан діні  - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.).

Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.).

Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы).

Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде). Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.

Ислам діні VIII-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам  діні алғаш рет қарлұқтар арасында  таралған (760ж.). Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. XI-XII ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.

ІХ-Х ғасырларда  жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.

Ең алғаш мұсылман бейіттері Отырардан, Боран  қала жұртынан табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.

Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, Айша Бибі, Қарахан кесенелері. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі.

Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:

Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынгасы күшейіп, бірін бірі байытты.

Қалалар көбейді

Сыртқы байланыс дамыды

|Сауда өркендеді

Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.

23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені  жасау.

1822 жыл-«Сібір қырғыздарының жарғысы» шықты.Авторы-Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский, көмекшісі-кейін желтоқсаншы болған Г.С.Батеньков. Жарғының басты мақсаты: Қазақстанның солтүстік-шығтыс өңірінде  әкімшілік,сот,саяси басқаруды өзгерту; рулық –феодалдық тәртіптерді әлсірету, орта жүздегі хандық билікті жою.Орта жүздің әкімшілік құрылымы: Округ-(15-20 болыс), басқарушысы – округтік приказ және аға сұлтан.Болыс-(10-12 ауыл), басқарушысы- болыс сұлтаны. Ауыл-(50-70 шаңырақ), басқарушысы- ауыл старшыны. Ауыл старшындарымен аға сүлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сүлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Егер мұрагері болмаса, інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы сайланды. Жарғы бойынша сот ісі Жарғы бойынша сот ісі 3-ке бөлінді: Қылмыстық істер, талап ету, шағым айту. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамы: Тобыл, Том, Омбы, Сібір қырғыздарының облысы. Басқару орталығы-Тобыл (1839 жылға дейін), Омбы (1839 жылдан бастап), Сібір қазақтарының округі аумағы: батыста Орынбор, оңтүстікте Шу өзені.  Округтер: Қарқаралы, Көкшетау (1842 ж), Баянауыл (1826 ж), Аягөз (1831 ж) және т.б  1822 жыл-Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік саяси реформаның салдары: Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді, өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады, Ресейдің отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты, хандық билікті жойды. 1824 жыл- «Орынбор қырғыздарының жарғысы» қабылданды. Авторы – Орынбор генерал-губернаторы П.К. Эссен. Кіші жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (Батыс, Орта, Шығыс), басқарушысы-сұлтан.   Дистансия (54,1831 жыл), басқарушысы-ру шонжарлары. Ауыл, басқарушысы- ауыл старшыны Реформаның салдары: Орталық басқару нығайтылды, табиғаи байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды. 1842 жыл-Кіші жүздің соңғы ханы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. «Сібір қырғыздарының» сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік тудырды.

24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.        

Республикада 1989 жыл ақпандағы миитингісінде тұңғыш кеңестік «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы салынды.Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О.Сүлейменов басқарды.Бұл қозғалыс Қазақстан халқы тарапынан күшті қолдау тапты.Елдің көптеген қалалары мен аймақтарында оның бөлімшелері құрылды.Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жыл 6 тамызда өткен митингісінде КСРО мен АҚШ –тың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мароторий жариялау қажетт

ігі туралы үндеу қабылданды.1989 жылы полигонда 18  жарылыс жасау жарияланса, соның 11 тоқтатылды.Тұңғыш рет жоғары дәрежеде үкіметтік келісімдердің негізінде, жұртшылықтың белсенді қимылы арқасында жарылыс жасауға мораторий қойылды.« Невада-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жыл мамырда Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстарының барлық ядролық державаларда қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш жігерін біріктіру мақсатымен «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы « деген халықаралық крнгресс өткізілді. Қазақстанда атом қаруын сынауды тоқтату үшін Республиканың тәуелсіздік алуыныі шешуші маңызы болды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясында республика территориясында ядролық және жаппай қырып жоятын қару түрлерін жасау және сынау толық тоқтатылатыны туралы мәлімденді.Қазақстан Президенті Н.А.НАЗАРБАЕВ 1991жыл  28  тамызда Семей палигонын жабу туралы өкімге қол қойды.Семей палигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, Американың ,Францияның палигондарында мораторийлар жарияланды.

 25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.

Б.З. I мыңжылдығының ортасында қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі.

Олар үш топқа бөлінді(VI-VIII):

  1.  Бүлгар-хазар.
  2.  Батыс-түрік(оғыз)
  3.  қарлұқ.

  VIII-X  ғасырларда батыс –түрік тілдер тармағынан қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңтүстік қазақстан халқы Монғыл-Қидан , Соғды ,араб тілдерінде де сөйлеген.

IX-XII ғ.ғ.-түріктерде араб тілі кеңінен қолданылды.

Түріктердің жазыуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды(VIғ.IIжартысы)

  Ежелгі түрік жазуларының ескерткіштері- Солтүстік Монғолиадан , Орхон , толы , Селенгі , өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар, бұл жазулар белгілі қаған , күлтегін (732ж , 735ж.).Тоныкөк(716ж.)құрметіне жазелған. Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тапқан.Жазу скандинавиялық руна жазуына үқсас болғандықтан руна жазуы деп атаған. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды . VIII-X ғасырдағы   “Қорқыт ата ” Эпосы . Жүсіп Баласағұни XI ғ.“Құтты біліні ” Махмұт Қашқари XI ғ 1072-74 жылдары жазылған “Диуани лұғат ат-түрік ”. Қожа  Ахмет   Йассуи XI ғ. “Диуани Хикмет ”.  сүлеймен Бақырғани .XII ғ. “Хакім ата ”. Ахмет Хүгенеки  (Югнаки )XII ғ. “Хибат ул-хақайк”. Әбу Насыр Әл-Фарабй.IX-X ғ. “Ғылымдар энциклопедиясы”. Әбу Райхан

Әл-Бируни.X-XI ғ. “Ежелгіхалықтардың хронологиясы”. Атты жазба деректер бар.

26.Қазақстан бірінші дуниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да  бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді.1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді.Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтардышақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді.Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды.Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды.Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді.1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді.1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады.

27.  КСРО ның құлауы және ТМДның құрылуы. Алматы декларациясы.

КСРОның құлауының басты себептерінің бірі экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, одақ экономикасынын технологиялық жағынан артта қалуы, сондай ақ оның өндірісі шығарған тауарларының бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРо АҚШ пен әскери бәсекге түсіп және капиталистік елдермен әскер стратегиялық тепе тендікті сақтау ушін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-90жж арасындағы 40ж әскери шығын 20трл долларға жеткен мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986ж бастап ашық айтыла бастады. 12-5жылдықта республика экономикасының қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Оның өзі бес жылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. 1991ж 8желтоқсан Белорусь , РСФСР және Украина республикаларының басшылары Миск каласында кездесіп мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді , сондықтан республикалардың одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терен экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендегі тұрмыс денгейі төмендеп кетті. Қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар кушейді деп атап өтілді. Мұнын өзі одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын ТМД құруға жол ашты. 1191ж 21желтоқсанда Алматыда 11республика өкілдері қатысқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы ТМД құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған достастық мемлекет басшылары және укімет басшыларының кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейкесті саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық одаққа кірген мемлекет басшылары БҰҰ алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердін барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады . сонымен қатар бұрынғы КСРО да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды . ТМД осы кезге дейін кенестер одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердән орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991ж желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларынығ келісімі КСРОның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.  

28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері

  Көне түріктердің мифологиясындағы ең жоғарғы сатыда бір объект – көк аспан және құдайды білдіретін Тәңірі бар. Тәңірі көне түріктер түсінігі бойынша бірнеше сипатқа ие: а) жоғарғыны, яғни көкті көрсетеді; ә) жаратушы қызметін атқарады; б) жазалаушы қызметін де атқарады; в) еркектік бастаумен байланысты қаралады.     Тәңіршілдік – монотеистік сипаттағы діни жүйе. Ол бір құдайды мойындайды және орталықтанған қаған билігінің түрік империясының, кейіннен қағанаттардың идеологиясы ретінде қызмет еткен.    Тәңірге табынудың идеялық негізі  табиғат заттары мен құбылыстарын жанды деп қарау болып табылады. Тәңіршілдік сана әр заттың иесі, жаны бар деп пайымдайды. Дүниенің барлық объектілері адам секілді, оларға сезңм мен сана тән. «Көне түрік дінінде түрік Тәңірісі бейбітшілік Тәңірісі болатын»,-деп жазды ойшыл Зия Гөкалп.     Ұмай ертедегі орталық және Орта Азияны мекендеген көшпелі түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке молшылық құдайы болған. Бұл әйел құдай көне түрік қорымдарында ғарыш құдайы Тәңірден кейін екінші орын алған.    Адамдар мен құдіретті күштер арасында жүретін қоғамдағы ерекше әлеуметтік топ шамандар болды. Шамандар көне түріктердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған. Шаман деген табиғат сырын ұға алатын, басқалардан білімі көп, сиқырға жетілген адамдар болған, өзі ақын, музыкант, балгер және дәрігер болып саналған.    Көне түріктерде итке байланысты нанымдар да болды, ит, әсіресе, жерлеу ғұрпында үлкен орын алған, себебі, ит өлген адамның рухын қорғайды деген ұғым болған.    Қойға табыну Сыр өңірінде ерте кезден ақ орныққан. Зерттеушілер бұл бейне зороастралық фарнға байланысты шыққан деп түсіндіреді. Қойға табыну оғыздар мен түрікмендердің арасында кең таралған және ол белгілі бір рудың немесе тайпаның қамқоршысы ретінде құрметтелсе керек.   Көне түріктердің сәйгүлікті пір тұтуы олардың заң жүйесінен де байқалады. Бүркіт секілді қыран құсты пір тұту күн мен оттың культіне байланысты шыққан. Бүркіт адамдарға күннен от әкеліп беруші ретінде қастерленген.    Батыс Түрік қағанаты жерінде болған Сюань Цзянь түріктері отқа табынады, сондықтан олар ағаш кереуітті қолданбайды, ағашта оттың бөлшектері бар деп есептейді.   Сүйекқастерлеу ата бабаның рухына табынуға сай келеді де, бұл салттың зороастризм дінінің негізгі шартынан табылуы көшпелі мәдениеттің зороастризм дінінің қалыптасуынатигізген әсерін айқындайды.

29.Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.  1905-1907 ж Ресейде болган алгашкы орис революциясинин думпуи шеткери аймактарга да жетти.Ресейде болган бул ревалюцияКазакстан енбикшилери саяси оянуина олкеде езгинин отаршилдик,алеуметтик жане баска да турлерине карси улт-азаттик,жумисши аграрлык жане  баска да козгалистардин ористеуине едеуир дарежеде серпин берди.Ревалюциялик окигаларга олке олке халкинин артурли топтариниy да козкарастари ар турли болди.Орталик онеркасиптик аудандардан алшак жаткан Казакстанда жумисши козгалиси баска жерлермен салистирган да бираз кеширек ористеп ревалюция жылдаринда ол сапа жагинан жана сатига котерилди.Петербургте басталган ревалюциялик окигалардин Казакстанга кешеуилдеп жеткенине карамастан,1905ж акпан айинин озинде-ак Шалкарда,Жосалида,Перовскиде,Туркистанда жергиликти отаршил акимшиликке карси наразиликтар болип отти.1905ж мамир айинда Перовскиде,Костанайда жумисшилар ереуили откизилдиБукилресейлик казан саяси ереуил кезинде Оралда,Перовскиде,Костанайда,жане Успен кенишинде стачкалик комиттеттер курилди.1905ж карашада 17 казанда патша манифисине ережелери мен шаруалардин талаптари талкиланган коптеген казак febklfhbylf копшилие катискан жиналистар отти.Казан жане караша айларинда ири калаларда патша окиметине карси бирнеше саяси бой котерилистер уйимдастируланди.Оринбор жане Омби калаларинда откен демонстрация мен бой корсетулер саяси талаптар коюмен патша окиметинин отаршилдик акимшилигин едауир кобалжитти.1905ж 16-26 караша аралигинда Семейде уйимдастирилган почта-телеграф кизметкерлеринин ереулерин басу ушин облыс губернаториКаркаралидан аскери куш шакsheuf мажбур болди.   1905-1907ж патша укиметинин отаршилдик саясатина карси алеуметтик-экономикалик жане саяси талаптар койган ереуилдер мен демонстрациялар Оралда Перовскиде,Атбасаврда Актобеде,верныйда Костанайда,Оскеменда жане Успен мисс рудниги мен Спаск мисс кориту зауатинда болип отти.Ревалюция жилдаринда саяси уйимдар мен топтпр жумис жасади жане саяси ис тажиребелер жинактади.1905ж сонинда Оралда откен жалпи казак сьезинде казак улттик саяси партисин куру маселеси койилди   1906 ж акпанда Семейде 2 жалпи казак сьези отти.сьезде казак жерлерин кайтаруди жане они казак халкинин меншиги деп мойиндауди мектептер,медреселер,университеттер ашу тур жане шаруалардин конис аудару козгалисин токтауди талап еткен Ресей кадеттеринин багдарламаси колга тапти Казакстанда алгашкилардин бири болип Оралда темиржолшилар касиподаги курилди.Оз катаринда 6000 адамди топтастирган Оринбор-Ташкен темиржолшилардин касиподпги олкедеги ен ири касиподак уйиминин бири болип саналди.    1905-1907ж Ресей ревалюцияси жане алдина койган миндеттерин шеше алмади.казак олкесин де камтыган булл реввалюциянин казакстаннин одан кейинги жилдардаги саяси-когамдик дамуина асери мейлинше терен болди.Болашактаги патша укиметинин отаршыл саясатина курес тажиребеси жинакталди.Бул тажиребе олардин одан кейинги жилдардаги улттик азаттик алу жолиндаги куресинде кадеге жаради.

30.ҚР ның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру. Ақмола Астана тарихы.  Қазақстан республикасы оз тауелсиздигин алганнан кейин озинин призидентин сайлади.Н. Назарбаев казакстан Республикасинин ен алгаш призиденти болди.1997ж призидент Алматы каласинан Акмола каласина кошу туралы тарихи шешим кабилдады.Бул тарихи шешимнин кабилдауина каланин оте ири коликтик жолдардын тогысында,елимиздин утымды  геосаяси орталыгында орналасу себепкер болип,ол коп жагдайда биздин жас мемлекетимиздин келешек каркинди дамуин айкиндап берди.1998ж 6 мамирда жана елордани Астана деп атау туралы шешим кабилданди.Ал 20 мамирда Казакстан Республикаси астанасинин мартебеси турали Крдин зани кабилданди.Оси жилги 10 маусимда тауелсиз Казакстаннин жана астанасин салтанатти ашылу расими болип отти.Биз айрикша киска мерзимнин ишинде елимиздин дал ортасинда жана астанамизди тургиздик.Астана-егеменди елимиздин жана ордаси.Астана казакстандиктардин мактанишина айналди10-шы желтоқсан 1997 жылы ҚР –ның Президенті Жарлығымен 1997 жылдың 20 -қазаннан бастап ) ҚР –ның қолдауымен Астана қаласы ел орда болды. Қазақстанның жаңа ел ордасы болған Астананың халықаралық ашылуы 1998 жылдың 10-шы маусымында болды.Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызыордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3 –ші сәуірде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған.Алматыдан астананы көшіру экономикалық, экологиялық, географиялық мақсатпен болды.Бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдай, қоршаған ортасы, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. көрсеткіштер бойынша Ақмола қаласы ең лайықты болып шықты.Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады.Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал – губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал – майор Дубельт МПС Ресейде Түмен –Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған.Ауа райы қоңыржайлы, қаңтардың орташа температурасы – 14-18, шілдеде –20-24 градус Цельсий. Қыс аязы 40 –қа дейін, жазы ыстық, 35 градус , шаңды желдермен болады. Жылулықтың жалғасуы 194-202 күн, суықтың жалғасуы 163-171 күн. Аяздың болмауы 105-130 күнге созылады. Жылдық жаңбыр жауыны 200-300 мм.Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, көлдері – Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б.Жануарлар әлемі: 55 сүтқоректілер түрі, 180 құстар түрі, 30 балықтар түрі. Сирек кездесетін түрлері – арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар – Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды.Облыста өсімдіктің 66 түрі өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір,

31.  ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.

16-17 ғасырларда қазақтар ислам дінін ресми ұстанды. Оны таратқан негізгі орталықтар Түркістан, Хорезм, Бұхара, Астрахань болды.Қазақтар арасында ислам дінін таратуда сауда делдалдары ерекше роль атқарды. Қазақ көпестері ислам  елдеріне бұл елдің көпестерінің оларға барып тұратыны сияқты үнемі барып тұрады және барып та жүр, деп жазды Ибн Рузбихан. Шежірешінің айтуына қарағанда, қарым-қатынастың осындай түрлерінің арқасында қазақтардың ислам дінін қабылдағанына екі жүз жылдан астам уақыт қағидаларын үйренеді. Қазір олардың хандары мен сұлтандары –мұсылман. Олар

құран оқиды,намазға жығылады,өз

балаларын мектепке береді. Алайда ислам

діні еңбекші халық арасында терең тамыр

жайған жоқ, халық бұқарасы ислам

қағидаларынан әліде аулақ болды,сөйтіп

ислам дініне дейінгі тәңірге табынуға

негізделген нанымды көбірек ұстанды.

Олардың дүниетанымында екі наным:ислам

дінін тәңірге сыйынумен ұштастыру әлі де

ұзақ уақыт өмір сүрді. Тәңірге табынуды

ұстанған қазақтар таң ата шығып келе

жатқан күнге құлшылық қылды. Ежелгі

тәңірге құлшылық туралы түсінік жаңа

таптық дәуірге бейімделді.Ол бірте-бірте бір

құдайға сыйыну формасын алып,Аллаға

баланы бастады.Қазақ хандығының

құрылып, дамыған кезеңінде тәңірге табыну

ислам дінімен қатарлас  болды.Тәңір

алла,дін-аруақ, мартушайтан, деген қосарлас

есімдердің –ескі мәжүсилік есімдер мен

жаңа мұсылман есімдерінің қатар

қолданылуы кездейсоқ емес.Ислам дінінің

қағидаларына қарамастан,халық ата-бабаға

ұзақ уақыт  сыйынды, олардың пұт тәңірі

деп аталған бейнесі болды. Ибн

Рузбихан:Сенімді адамдардың

айтқанындай,олардың арасында пұт бейнесі

бар,олар басын жерге иіп тағзым етеді.

Басын жерге жеткенше иіп,пұтқа табынудың

өзі дін мен құдай заңын нағыз келеке

еткендік екендігінде күмән жоқ, деп жазды.

Қазақтар ата-баба аруағына сыйыну өздеріне бақыт, молшылық әкеледі,малдың аман болуына көмектеседі деп ойлаған.Аруақтарға арнап құрбандық шалып,оардың құрметіне ас берген.Ата жолын құрметтеуге негізделген ата-бабаға табыну қазақтарда неғұрлым бертінгі кездерге дейін де сақталған,мұны орыс деректемелері дәлелдейді.Қазақтарда өзінше бір апокриф-киізге немесе ала қойдың терісіне жазылған діни кітап болғанын дәлелдейтін халық аңыздары болды. Халық аңызына қарағанда, онда ата-бабалар құрметіне істелген ислам дініне дейінгі әдет-ғұрып суреттелген.Аңыз шамандардың ежелгі мифология элементтері бар өлеңдерінде ішінара бейнеленген. Ескі әдет-ғұрыпты ұстанғандар ислам дініне тартыла қоймаған көшпелі қазақтар, әсіресе ислам идеологиясын қабылдамаған бақсылар болды. Олар жөнінде:Маңдайы сәждеге тимеген, киіз кітабынан басқаны білмеген делінді. Мәжусиліктің осы көріністерінің бәрін мұсылман дін басылары қудалап отырды.Шайбани хан айдап салған Бұхара шейхтері мен қазилары шешім шығарып, онда қазақтар пұтқа табынатын  болғандықтан, хан оларға қарсы ғазауат соғысын жариялауы керек деп айтылады. Исламға дейінгі наным өмірдің өлмейтіндігінің бейнесі деп есептелген  көктемде шыққан көк шөпті жұлуға тыйым салынған ғұрыпта да өз бейнесін тапты.Қазақтар жер және су рухына сыйынды. Олардың құрметіне тауларды, керемет көріністі құздарды, үңгірлерді,тоғайларды,жалғыз ағаштарды, бұлақтарды атады. Бұл қасиетті орындарға құрбандыққа мал әкеліп сойды, олардың құрметіне мейрамдар өткізді,оларға мінәжат етіп барды.Қойдың,сиырдың,жылқының,түйенің иесіне табыну да сақталды. Су, шық өмір нәрі ылғал сұрап, ай мен күнгн бие сүтін бағыштады. Қазақтар көктем келіп қымыз ашытылғанда оны ыдысқа құйып ішерден бұрын бетін күнге бұрады бәрі басын жерге жеткенше иіп,күнге тағзым етеді.Қазақтар өмірінде отқа табыну үлкен роль атқарды,ол қасиетті оттың ежелгі атын да сақтап қалды. От үйдің, үй-ішінің қамқоршысы деп саналды.Келін жаңа үйдің табалдырығынан аттағанда үлкен үйде отқа тағзым етуге, отқа май тамызуға тиіс болды.Қазақтар арасында ежелден келе жатқан отпен тазарту-аластау ырымы да болды.Ол жайлауға көшерде жасалды.Нанымдар бойынша,қысқы жайылымдарда,ескі қора-қопсы мен тұрғын үйлерде адамға залалын тигізетін жын-пері боладыделіңді,ал жайлау таза,пәк болып есептелді де,оған барғанда тазарып бару керек болды.Жауынгер өлсе,оның қабіріне садақ,найза,ер-тұрман,сүйікті атының басы қоса көмілді,өлген адамға тамақ,су қалдырылды.Атақты адамдар қасиетті жерлерге,Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің түбіне жерленетін болды. Қожа Ахмет Яссауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты-Ахмет,есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Йасауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес,жастайынан жетім қалып,ағайын-туыстарының қолына келіп,бала кезінен өскен жері.Ақынның туған жері-қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Йбраһим мұсылманша сауаты бар,сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты-Қарашаш. Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде орталық Азияда кең тараған софылық,діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы-Диуани Хикмат. Бұл шығарма алғаш рет 1878жылы жек кітап болып шығады.Халық арасында Қожа Ахмет Йасауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан аталып,басына 14ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қожа Ахмет Йасауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына,ал күмбезі түрк дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.                                          

кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар.

32.ХIХғ екінші жартысындағы оң.т Қазастанның патша үкіметінің әскери саяси шаралары .XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды.      Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Емба өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отыр­ды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әске­ри күштерді пайдаланды.    Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780–1860жж.) басқарды. Шекті руы басшыларының бірі – Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жы­лы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қира­тып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. 1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан Сырдария әскери желісі пайда болды.   Алым барлық халықтардан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей – бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бас­тан кешірді.        Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басталуының себептері қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саяса­тында жатты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды.1856 жылы 19–23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты.  Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жер­ден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды.   Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.     Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856–1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отар­лау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді.     XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар     XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.      70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.        Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан орда­сы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді.

33.1924 жылдагы Туркістан республикаларындагы ұлттық-мемлекеттік межелулер Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеу натижесинде қазақ мемлекеттілигінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі аса маңызды мәселе өз                       жөнін тапты. 1924 жылы Туркістан АКСР –і таратылып оның жерлері  Өзбек,Туркімен республикалары мен Қазақстанға берілді.Сырдария облысының Қазалы,Ақмешіт,Туркістан,Шымкент уездері,әулиеата уезінің көп бөлігі,Ташкент,Мырзашөл уездерінінң бір бөлігі,Самарқан облысы Жызақ уезінің бірнеше болысы ,Жетісу облысының Алматы,жаркент,қапал уездері,пішпек уезінің бір бөлігі және Қарақалпақ жері Қазақстанға қарады.Көп ұзамай Қарақалпақ жері тугелдей Өзбекстанға қосылды.Орынбор губерниясының бір болігі мен Орынбор қаласы Ресейге берілді. Республика астанасы Ақмешітке көшірілді.Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Республиканың жер көлеми 2.7 млн км2 болды.  Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс 1924-1930 жылдар аралығында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрамында болған Қарақалпақ Автономиялық облысының мәселелерін кеңінен қарауға негізделген. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының шешіміне сәйкес құрылған Автономиялық облыстың сипаттамасы қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихымен сабақтасып, кеңестендіру жылдарындағы Алаш зиялыларының саяси көзқарасына ортақ болған ұстанымдармен байланыстырылды. Сонымен бірге, облыстың кейінгі жағдайының Одақ көлемінде және өзбектердің ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының мүддесінде шешілуіне негіз болған, ұжымдастырудың ақтаңдағына айналған Тақтакөпірдегі бас көтерудің ақиқаты, қарақалпақ жеріндегі қазақ босқындары, екі ұлтқа да ортақ бүгінгі күн әлпетіндегі мәселелер зерттеуде кеңінен қарастырылады.   Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Кеңестік билікті тұрақтандырудың әр түрлі құрылымдарының жүзеге асқаны белгілі. Соның бірі Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу, ұжымдастыру шараларымен байланысты болған халықтар тағдырының тарихи бұрмалануы болатын. Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасына қарасты Автономиялық Республика болып отырған Қарақалпақстанның да осы кездегі тарихи өткелдері кеңестендірудің бұралаң саясатымен сараланды. Межелеу қорытындыларына және қарақалпақтардың өз мүддесіне сай, Қазақ АКСР-і құрамында Автономиялық облыс болып құрылған 1924-1930 жылдар аралығының тым аз ғана болуы, олардың заман өзгерісінен күткен арман-үміттеріне демеу бола алмады.   Тарихтағы белгілі бір мемлекеттік құрылым ішіндегі аумақтық бөліністі құрайтын автономия ұғымы өлкелік, табиғи, экономикалық және әлеуметтік мүддесі ерекшеленетін белгілі бір ұлттың аумақтық ықшамдануын сипаттайды. Автономия үрдісінде дамып келе жатқан қарақалпақ халқы өз дамуында аймақтық интеграция, Орталық Азия елдерінің арасындағы қауымдастық құруды көздейтін тәуелсіз Қазақстанның көшбасшылығына сенім білдіреді. Қазақстанның халықаралық қатынастағы абыройы мен сыртқы саяси ұстанымдарындағы маңызды қадамдары, ішкі даму әл-ауқатының озық үлгілері өркениетті қоғам құрудың барлық талап-тілектерінен шығып отырғанын уақыт көрсетуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың түркі тектес Орталық Азия мемлекеттерінің арасында аумақтық интеграция құрудағы идеялық ұстанымдары да бұл мәселеде негіз бола алады [1].   Кеңестік кезеңге дейінгі тарихы ортақ қазақ-қарақалпақ халықтарының да тегі бір түркілік негізінде жаңа Түркістан мемлекетін құрудың тетікті мақсаты М. Шоқай идеяларында дүниеге келуімен, ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлты зиялыларының рухани үнін тудырған болатын.   Орта Азия аймағындағы Патшалы Ресей боданында болған халықтардың соңғы арман-үміті, кеңестік билік заманы туған сәттен-ақ, әлеуметтік теңдікпен астасқан «лениндік ұлт саясатының» жүзеге асуына деген үлкен сенімге ұласқан еді. Кеңестік биліктің аймақ халқына қатысты қайта құру саясаты қарымында жүргізген ұжымдастыру саясатының тарихи бедері, мұнда өмір сүріп жатқан халықтардың дәстүрлі-ғұрыптық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық құрылымдарын астарлы түрде өзгертуге негіз жасады. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу шаралары нәтижесінде Қазақстанның аумақтық бірлігіне кірген ҚАО ұжымдастыру ақпараттары бойынша артқа сүйрер факторға айналған, яғни қарақалпақтардың орталыққа жағрапиялық қашықтығы сылтауға алынып, оның кейінгі тағдыры одақтық ауқымда шешіледі. Тақтакөпірде орын алған Кеңес үкіметіне қарсы бас көтеру салдары оның басты себебіне айналады.   Голощекиндік саясат лаңы тудырған қазақ жеріндегі жасанды жұт салдарынан ауа көшіп, бас сауғалаған қазақтардың қарақалпақ жеріндегі тұрағы, бұл жерде тарихи тағдыры қаланған жергілікті қазақтар санының артуына себеп болады. Қазақстан тәуелсіздігімен қатар келген, нәубет жылдары шетел асқан қазақтардың тарихи Отанға оралуы қарақалпақ жеріндегі қазақтарға оңтайлы күн тудырды.   Қазақ АКСР-і құрамында құрылған Қарақалпақ Автономиялық облысының 1924-1930 жылдар аралығындағы құрылымдық мәселесінің Қазақстан тарихында тұңғыш рет ғылыми тақырыпта сараптан өтуі зерттеудің өзектілігі болып табылады.   Жалпы қазақ-қарақалпақ тарихының сабақтасқан кезеңдерін замана мәселелерінен бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан да, зерттеу жұмысын қарақалпақтардың Автономиялық облыс жағдайындағы Қазақ АКСР-і құрамында болуы мәселесін саралау, кезең мәселесін ашуға негіз болған бірқатар тарихи жағдайларды бағамдау арқылы жүзеге асады.   Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының тарихнамалық сипаттамасы кеңестік кезеңдегі және кеңестік кезеңнен кейінгі уақыттағы қазақ, қарақалпақ және өзге де бұрынғы одақтас республикалардың тарихшы ғалымдарының бұл мәселедегі ғылыми ұстанымдарына қарай жіктелді.    М. Шоқай еңбектері негіз болған қазақ және өзге де түркі халықтарынан шыққан ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы зиялылар шығармалары мен олардың саяси ұстанымдарын жарыққа шығарған еңбектер зерттеудің жеке тарихнамалық топтамасын құрады [2]. Ә. Бөкейханов, С. Асфендияров, А. Байтұрсынов және С. Сәдуақасов сынды ұлт зиялыларының ұлттық негіздегі мемлекет құру, Автономия мәселесіне қалам тартқан еңбектері де басты назарда болды.    Кеңестік кезең тұсындағы Отандық тарих ғылымы тарихында Қарақалпақ Автономиялық облысына қатысты арнайы зерттеу еңбегі жарық көрмеді. Соған қарамастан, Әмудария мен Сырдария өзендерін бойлап мекен ететін қазақ, қарақалпақ халықтары байланысының өткен кезеңдерден тарихи тамырлана сабақтасқаны және екі елдің бірқатар саяси аймақтық мәселелердегі ауызбірлігі, сондай-ақ өзара қарым-қатынас мәселелерінің ғұрыптық, тарихи-этнологиялық аспектілері У.Х. Шалекеновтың зерттеулерінде кездеседі [3].   Қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихи негізі, қарақалпақ жеріндегі археологиялық-этнографиялық зерттеу экпедицияларының қорытындысы және Кіші жүз қазақтарымен қатар Ресей империясының отарлау саясатындағы қарақалпақтардың да бодандануы П.П. Иванов, С.П. Толстов және В.Я. Басин сынды орыс зерттеушілерінің еңбектерінен қарастырылды.  Ұлт мүддесінде тарих жазуға мүмкіндігі әлі де болса қалыптаспаған қарақалпақ ғалымдарының кеңестік жүйе тұсында зерттеу мәселесіне арнаған еңбектерінде, Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелену шараларының даярлығы мен жүзеге асу барысы, ұжымдастырудың құрылымы Қарақалпақ Автономиялық облысының құрылу тарихының әлеуметтік-экономикалық сипаттағы очеркі үрдісінде берілген. ҚАО-ның қалыптасуы қарақалпақ ұлтынан шыққан тұлғалардың саяси белсендігімен сипатталады. Осы тұста Автономияның құрылу кезіндегі аумаққа басшылық еткен Қ. Авезов және П. Варламовтардың еңбегіне талдау жасау жұмыстың саяси мәселелерінің негізін ашты [4].

 34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында

1219-1221 жылдардағы  монғол шапқыншылығы салдарынан  Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.Шыңғысханның жаулап алған байтақ жерлері түгел оның балаларына  бөліп берілді.Шыңғысхан  Ертістен Орал тауларына дейінгі онан әрі батысқа қарай  үлкен аумақты  үлкен ұлы Жошының билігіне берді.Атап айтқанда Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал ,Сырдың төменгі ағысы тиді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына Амударияның төменгі жағындағы аудандар мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.  Шыңғысхан екінші баласы Шағатайдың үлесіне -Мәуеренахр Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты . Үшінші баласы Үгедейге  Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды. Кіші ұлы Төлеге  Монғолия жерінің өзі мұраланды. Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына енді: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының ,Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамыны кірді.

35.18ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.

Көтерілістің алғышарттары:

-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және

Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы

-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.

1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.

-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.

-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.

Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.

Көтерілісшілердің басты мақсаты:

Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басшысы -  Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында  «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды»  деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.1783 жылдың күз -   батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.1783 жылғы желтоқсан   Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.1784 жылғы маусым   Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды  Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі менОр бекінісі төңірегінде шайқасты.1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.1785 жылғы 17 ақпан  көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт)Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын  шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.1785 жылғы 15 наурыз  көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды.Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға  бөлу ұсынылды:

-Байұлы

-Жетіру

-ӘлімұлыСырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.Кіші жүздегі қайшылықты  бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті.Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.Бұл тұста Сырым па та үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, И-м реформасы уақытша тоқтатылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 ж тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица II Екатерина 1790 ж 21 қазанда  және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда ген-губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 ж наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.Батыр екінші жолды таңдады.Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша  үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады.  1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін  талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады.  Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.1794-Ералы хан қайтыс болды.1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.1797 жылғы күз  полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты.1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді.1797ж- Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті.1802ж-Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себептері:Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.Руаралық қайшылықтар.Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.Қару-жарақтардың

аздығы.Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы: Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.Көтерілістің нәтижесі:1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

36. Қазақстан екінші дуниежүзілік соғыс жылдарында.Ұлы Отан майдандарындағы Қазақстандық батырлардың ерлік істері. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды. Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.

КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.Республикаға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне де ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын.312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 жылы Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 ж-дың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1943 ж. желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен Каспий теңізінен Александров-Гайға дейінгі 500 шақырым бойында шектесті. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза табады. Жамбылдың ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамында жүріп, Лида қаласындағы астыртын жұмысқа қатысты. Және де рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қазақстандық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер мен медальдармен марапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны – 96638. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 603 мың адам болды.

37. Жүздер және  қазақтың ру-тайпалық құрылымы

 Жүз – тарихи шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз – бөлік, тарап мағынасын білдірді. Үш жүз географиятық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: 1. Ұлы жүз. Территориясы: Жетісу мен Оңт. Қазақстан. Рулары: үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңлы, сіргелі, ысты, ошақты, т.б. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.

2. Орта жүз. Террит-сы: Орталық және  Солт.-Шығыс Қазақстан. Рулары: қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ, т.б. Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.

3. Кіші жүз. Террит: Батыс Қаз. Рулары: адай, алшын, төртқара, жағалбайдлы, табын, тама, байбақты, қаракесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы. Кіші жүзді Ақарыс деп те атайды.Құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.1. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс құқығы. 

Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу. Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін – 500 қой.Дене мүшелерінің құны: бас бармақ – 100, шынашақ – 20 қой.

38.ХVIII –ХХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.

 Қазақстан аумағы XYIII  ғасыр  бойында және   

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының тұрақты және тұрақты емес бөлімдері орналастырылатын орын ретінде пайдаланылады. Бұл орыс казак шекарасының бүкіл бойында ғана емес қазақ даласының терең ішкі өңірінен де құрылды. Осы сансыз көп әскер және казак бөлімшелері Ресей империясы Оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Солдаттар мен казактар көптеген әскери және құрылысшылық міндеттер атқарды .Патша үкіметі оларға жердің жақсысын бердіказактар мен солдаттар  бекіністерстанциялар мен қалалар салу кезінде жұмыс күші ретінде кеңіінен пайдаланылды. Алайда осынау зор және қымбатқа түскен барлық шаралардың саяси мағынасы мүлде тереңде жатты. Қазақстан аумағына әскер орналастыра отырып патша үкіметі Орта Азияға қарай ілгерілеу үшін алғы шеп дайындады және ең соңғысы  тұрақты бөлімдер мен казак әскерлері қазақ халқының сана сезімін тұншықтьыруға және ұлт  азаттық күштерін талқандауқа арналды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен көтерілісті басып жаныштауда нақ солай болды. Кенесары бастаған қазақ халқының күрес жылдарында да нақ солай болды.

39.Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер. Қазақстанда жүргізілген экономикалық   реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы ролін, орны мен функциясын түбегейлі қарастырды.Министрліктердің ендігі міндеті – басқару емес, салааралық өркендеуіне жағыдай жасап, бағдар беру жұмыстарымен айналысты.Наррықтық қоғамның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу жкекшклендіру жоспары жасалды.Негізгі мақсаттары:                  Кәсіпкерлікті дамыту.Кәсіпорындардығы мемлекет иелігінен алу.Еркін баға орнату.Жеке меншікті секторлар құру.Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.Жекешелендіру 3 кезеңнен тұрды:

  1.  1991-1992 жылдар
  2.  1992-1993 жылдар
  3.  1993-1995 жылдар

1991-1992 жылдар жекешелендірудің негізгі міндеттері:

- Мемлекеттік меншіктің көлемін құрылымын белгілеу.

- Меншіктік құқық беруді дайындау.

- Шағын жекешелендіру объектілерінінң 50 пайызын жекешелендіру.

Осымен қатар тәуелсіздіктің алғаш жылында «монополиялық қызыметті шектеу туралы» заң қабылданды.Мақсаты:

1. Нарықтық басқару механизімін ендіру.

2.Ерікті  бақталастықпен кәсіпкерлікті,сұранылымдықты қорғауды қамтамасыз ету. 3.Тұтынушылардың мүддесін қорғау.Бұл заңда монополиялық басқару құрылымын тарату, тауар нарқындасапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген. Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымдық өзгерістер халықтық әлеуметтік жағдайын жақсартпады.Керісінше өндірістік тауарлар мен қызметтер қысқартылды.1992 жылы қаңтардағы бағаны босату деңгейі күрт өзгертілді:Алғашқы кезеңде- 186,4 есе өсті.Екінші кезеңде  -554,5 есе өсті.Күрделі техника, мәдени шаруашылық тауарлар бағасы күрт өсіп тұтынушылар оны пайдалана алмады.Отандық түрлі түсті теледидарлар бағасы үш жүз отыз мыңға жетті.Нан өнімдеріне баға мейлінше жоғарлады.Бір нанның бағасы алпыс сомға жетті.Шынына келгенде нарықтық реформалау жүйелі жүргілгенімен халық жағдайы нашарлай түсті. Инвестицияға жеңілдіктер қарастырылып жатты.Инвестициялық қорлар құрды. Бірақ сол жылдарда басталған реформалар кейінгі жылдарда нәтижесін бере бастады.

 40. Алтын Орданың этносаяси тарихы

1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді.  Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық

Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыскнязьдықтары,Мордова,Еділбұлғарлары,Қырым,СолтүстікКавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі.  Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.  Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын  “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның   “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:           Оң қанат Батый хан билігі.Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды.   Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды.  Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және  Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл  Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға  хан болды.Ол билігін нығайту үшін  1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің  1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс;  1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері:Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы.  XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда .  XY ғ.20-40 жылдары  Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты.   Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.

41.Кіші және Орта жүз қазақтарыңың  Ресей протектаратын қабылдауы. Кіші жүз.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кәшә жүз ханы Әбілхайыр (1693- 1748ж.ж.)Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханның мақсаттары:1. Қалмақтар мен башқұрттардың  Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп .аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.3. Жайықтың төменгі ағысы ,Есіл,Ертіс,Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.Ханның ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.   Әбілхайыр осыған дейін,1726 жылы  Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын.Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.1730 жыл Кіші жүз билері Әбілхайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.     Алайда, хан 1730 ж. Қыркүйекте Петербургке аттандырылған елшілеріне әскери одақ құру емес,Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан Елшілері Сейітқұл Құндағұлұлы,Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.1731 жылғы 10 қазан Кіші жүзді 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1731 ж мамырда Сенаттың хатшысы  И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады:Ор өзені бойында бекініс тұрғызу.Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту.Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру.Сырдария бойында қала тұрғызып,Өзен флотилиясын тұрғызу. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.1735 жылы  Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И. Неплюев Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді.Бұл қоныс Орынбор д.а.1735-1737 ж. Болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілхайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі  кетуінен сескенген патша үкіметі 2 рет ант алуды көздеді.1738 жылғы тамыз Орынбор комиссиясының басшысы,тарихшы

В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезі өткізілді.Кіші жүзден 25,Орта жүзден 27 старшина барлығы  60-қа жуық Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. Әбілмәмбет пен Абылай  сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды,яғни Ресеймен жақындасып,Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету.                  1733-1734  ж Оңт. Қ. ықпалды билері мен сұлтандары Ресей құрамына кіруге тілек білдірді.1734 ж 10 маусым императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.Бірақ бұл жоспардың кейінге ығыстырылуы себептері:Ұлы жүздің Ресейден алыстығы.Ресейлік бағыт ұстаған Жолбарыс ханның 1740 ж қайтыс болуы.Орта жүз.Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын ,жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп,Ресейге арқа сүйеді.1740ж  28 тамыз Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп Ресей билігін мойындады.Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды.Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 ж Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 ж бостандыққа шықты.Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.         1745 ж қоңтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі Әмірсана Абылайды паналап,Орта жүзге қашты.Бұл жағдай 1752 ж қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.1778ж 24 мамыр  II Екатерина Абылайды тек Орта жүз ханы етіп бекітті.1759 ж  1қаңтар Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды.Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді.Мәдениетті дамытуға үлес қосты.Оның төңірігіне белгілі жыраулар ,ақындар топтасты:Бұқар жырау,Үмбетай жырау, Тәтіқара ақын.Бұқар жырау Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен кеңесшісі.қазақ хандығы дербестігінің жаршысы.Абылай  хан күйші ,сазгер.Домбырада шебер орындап,бірнеше күйлер шығарған.Абылай хан 1781 жылы дүние салды.Ол Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесінде жерленді.1781 ж мұрагері Уәли хан болып сайланды. 1782 ж Уәли Петропавл бекінісіне барып,Ресей адалдыққа ант берді.Абылай ханның бас мирасқоры Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен,ол мемлеткет басқаруға қабілетсіз болды.  

42.Тәуелсіз Қазақстан : саяси құрылымның негіздері , азаматтық құқықтары мен міндеттері, экономикалық дамудағы принциптері.Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабымен анықталған адам құқықтары негізінің бірі адамдардың денсаулығын сақтау құқы болып табылады, ал мемлекет саясаттың нәтижелілігі халық денсаулығын жақсартуға бағыттылған іс шараларымен анықталады. Азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқықтары                Қазақстан Республикасының 12 –і бірдей заңымен анықталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі екі жылда бір рет ақысыз кепілдендірілген медициналық көмек көрсету көлемін қарайды. 2008–2009 жылдарға бекітілген Тізім былтырғы жылға қарағанда едәуір кеңейтілді.Ақысыз кепілдендірлген медициналық көмек деңгейі өмірлік маңызды дәрі –дәрмекті негізгі тізім деңгейінде ақысыз қамтамасыз ету, халықтың барлық топтары үшін шұғыл жағдайда пайдалану, іш құрылысы ауруларында, асқыну, бақытсыздық жағдайларда, жарақат алғанда, уланғанда, сондай-ақ жүкті және бала туу кезінде тегін қамтамасыз ету ескерілген.
Денсаулық сақтау саласында азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін республикада 1000 аурухана мен 4000 амбулаториялық – емханалық мемлекеттік ұйымдар қызмет етеді, ол ұйымдарда 184 мың медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 57 мыңы дәрігерлер болып келеді.  
Жылсайын Қазақстанда 2,5 млн адам тұрақты емдеу қабылдайды, 100 млн адам амбулаториялық– емханалық мекемелерде қаралып тіркеледі, назар аударады және соңғы жылдардың басты оқиғаларының бірі 2005–2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы болды.
Мемлкеттік бағдарламаның бірінші сатысы салаға кең көлемді инвестициялар енгізуге бағытталды: техникалық модернизациялауды жүргізу, денсаулық сақтау инфрақұрылымының құрылысы мен дамыту, бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуді нығайту шешілді, медициналық қызмет көрсету түрлері сапасын көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды. Халықтың әл ауқаты нашар топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі Мемлекеттік іс шараларынегізгі медициналық – демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына алып келді: бала туу өсімі жоғарлады, жалпы адам өлімі төмендеді, халықтың табиғи өсімі пайда болды. Ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді, әлеуметтік қауіпті аурулардың қатары тұрақты төмендеді.Ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне басты назар аударыла бастады. Тұрақты түрде бала мен аналарды медициналық қарау жүргізіледі, әйелдердің 70 проценті сәйкес ем алып жазылды. Жалпы білім беру мектептерінде медициналық пункт орындарын қалпына келтіру сатылап жүргізілуде. Халықтың кейбір топтары мен ауруларды тегін және жеңілдіктер арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету енгізілді. Мемлекет бюджет есебінен дәрі –дәрмек үшін экономикалық мүмкіндіктер туғызу үшін тұрақты емделушілерге және ауруларға, сондай-ақ амбулаториялық емделу түрлері бойынша дәрі тегін жіберледі.Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Үкімет 2007 жылы аналар мен сәбилердің өлімін төмендетуге бағытталған, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті аурулардың түрлері: қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез және АИЖВ/ИЖТС ауруларын, қан қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын қалыптастыру салалық бағдарламаларды бекітілді және іске асырылуда. Медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру үшін үш жыл ішінде санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Қазақстан дәрігерлерін шетелдерде оқыту тәжірибесі жалғасуда. материалдық-техникалық база едәуір жақсартылды: 3200 денсаулық сақтау ұйымдары күрделә жөндеуден өтті, 173 жаңа объект іске қосылды. 5 млн адам жедел медициналық көмек шақыртулармен қамтамасыз етіледі. Бұл көрсеткіштер Қазақстан халқы үшін денсаулық сақтаудағы конституциялық құқықтар іске асырылатыны көрсетеді. Мемлект басшысы Н.Ә.Назарбаев денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше Бастапқы медициналық– санитарлық көмек көрсету ұйымдары қажет.Медициналық кадрлар жетіспеушілігін ескере отырып жылсайын ЖОО студенттерді қабылдау өсуде, бүгінгі күні жылына 4,5 мың студентті құрайды.Аймақтарда бюджеттерді біріктіру қорытындысында екі жыл ішінде облыс деңгейінде адам басына шаққандағы шығындардың айырмашылығы едәуір қысқарды. Соңғы жылдарда республиканың бір тұрғыны есебінің шығындары 2004 жылы 8740 теңгеден 2007 жылы 20196 теңгеге өсті. Бұл жұмыста жалғаса бермекші.Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Комитеттің мәліметтері бойынша жылсайын арыз шағымдардың 70 процентінің негізі бар.
Комитет тексерістерінің қорытындысы бойынша 3259 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында 1196 әкімшілік іс қозғалды. Құқық қорғау және сот органдарына 455 материал жіберілді. Халықтың үштен бірі ғана амбулаториялық –емханалық және стационарлық көмек көрсету сапасы жақсы деп бағаланды. Сұрату жасалған респонденттердің жартсының көбі соңғы жылдарда медициналық көмек көрсетудің жақсара бастағанын айтты. Азаматтардың медициналық көмек көрсету сапасына құқықтарын іске асыру үшін 2006 жылдан бастап медициналық қызмет көрсету саласын реттейтін заңдарға өзгерістер енгізілді, медициналық қызметкерлердің сапасыз медициналық қызмет көрсетуі мен заңсыз медициналық қызмет көрсеткедігі үшін әкімшілік құқықтар бойынша Қазақстан Рсепубликасының Әкімшілік Кодексіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ азаматтардың арыз шағымдарын дұрыс қарау, сондай-ақ Денсаулық министрлігі көрсететін қызметтердің сапасын көтеру мақсатында Денсаулық министрлігі тәуелсіз сараптама институтын дамытуға, медициналық қызмет жабдықтаушыларды аккредициялау біліктілік бағасы жүйесін жетілдіру мақсатында нормативтік актілер жасалды. Алғашқы рет медициналық ұйымдарды аккредитациялау стандарттары, осы стандарттар мен ережелерді сынау жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында біліктілік процедураларын жетілдіру бұл қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мақсатында үнемі жетілдіру үстінде. Республикада диагностиканы және көп таралған ауру түрлерін емдеу хаттамасының тәжірибесі енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстан:саяси құрылымның негіздері,экономикалық дамудағы азаматтың құқықтары мен міндеттері.24-бап.1.Әркімнің еңбек ету бостандығына,қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.2.Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына,еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына,сондай ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.3.Ереуіл жасау құқығына қоса алғанда,заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып,жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.4.Әркімнің тынығу құқығы бар.Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына,демалыс және мереке күндеріне,жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдары.9-баб.ҚР мемлекеттік өкімет билігі бұл биліктің заңдық,атқарушы және сот билігі болып бөлінуі принципін басшылыққа ала отырып құрылады және жүзеге асырылады.Республика халқы атынан сөйлеу хұқы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен Президнтіне беріледі.10-бап.Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырады.ҚР және оның атқарушы өкіметінің басшысы Президент б.т. Сот билігін ҚР Жоғарғы соты мен Жоғары арбитаждық соты атқарады.Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғарғы орган Қазақстан Республикасының Конституциялық соты б.т.

43. Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді.  Қаралған мәселелер:Еуропаға жорықӘскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыс князьдықтары,Мордова ,Еділ бұлғарлары,Қырым,Солтүстік Кавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын  “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның   “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:           Оң қанат Батый хан билігі.Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.  Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды.  Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды.Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және  Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл  Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға  хан болды.Ол билігін нығайту үшін  1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің  1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс;  1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс. Алтын Орданың күйреуінің себептері:Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.

Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы. XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда .  XY ғ.20-40 жылдары  Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты.Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.

44. Қазақ Жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: солтүстік-батыстан – башқұрттар; солтүстіктен-Сібір қазақтар; оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары; шығыстан – жоңғария; оңтүстік – шығыстан – Қытай. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты: қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру; қазақ жерін иемдену. XVII ғ соңы XVIII ғ басы – жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. 1718 ж Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті. 1722 ж Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алды. 1723 ж – Цеван – Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп Қазақ өлкесін ойрандады (Жетісу – Қаратау –Талас алқабы). Бұл – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» қайғысының бастамасы (1723-1727). Ел басынын кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жердерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті: Ұлы жүз және Орта жүздің   бірқатар рулары – Шыршық өзенің Сырдарияға құяр саласынан жоғары өтіп, Ходжентке беттеді. Орта жүз рулары – Самарқандқа. Кіші жүз рулары – Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне; Қазақтардың бір бөлігін Тобыл губерниясына қарай жылжыды. Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы қазақтар,оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу. «18 ғ алғашқы он жылдықтарының қазақ халқының өміріндегі қияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар ұлыстарды талқандап, малдарын айдап, отбасыларын тұтқындап алып кетті» деп жазды Ш. Уәлиханов. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы – Цеван – Рабдан. 1725 ж – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Бұл Оңтүстік аудандардың елді мекендері мен керуен саудасына нұсқан келтірді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар билігінде қалып қою қаупі төнді. Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерге басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. Тәукеден кейін оның мирасқорлары Қайып, Болат елдің басын құрай алмады. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-40) басқарды. Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-38), Күшік (1718-50) хандар басқарды. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр (1698-1748) 1723 ж жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленді. Ал қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Есет, Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. Біртұтас әскер ұйымдастыруда белгілі би Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 ж басталды. 1726 ж – «Қалмақ қырылған» шайқасы. Сарысудың орта ағысы, (Торғай даласы). Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандады. Тарихи маңызы: қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақ өлкесінің солтүстік батысы азат етілді. Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 ж Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналастырылды. 1729 ж көктем Аңырақай шайқасы (балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы: Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда, Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке (Шахмұхамбет) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілхайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті. Осы себептерден Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүз әскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуге талап етті.  

45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен  дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері,  эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық  Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар,   шаруалар және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық  және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов, Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді.
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт  автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.  Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:-ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;-жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орыстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

46.Қазақ хандығының тарихына қатысты жазба деректер.

 Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасының мәні ерекше. Ол қазақ хандары Керей мен Жәнібектің бөлініп көшуі жөнінде тиянақты сөйлеген. Қазақ хандығының құрылуы тек Керей мен Жәнібектің бөлініп көшуіне байланысты айтылады. Нақ сол кезде, яғни XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында болған тарихи оқиғалардың барысында қазак халқының қазіргі атауы орныққанын байқаймыз. «Тарихи Рашидиде» алғашқы қазақ халқының қазақ-моғол, қазақ-қырғыз, қазақ-өзбек арасының одақтастық және жаугершілік қарым-қатынастар, Моғолстанға ену үшін қазақтар мен моғолдар арасындағы күрес туралы материалдар молынан кездеседі. Шығыс авторларының жоғарыда аталған шығармалары, негізінен ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақстаның саяси тарихы бойынша деректерді қамтиды. Әбілғазы Баһадүр ханның еңбегі ақсүйектердің ата-тегін талдап айтады, ал Қадырғали би Қосымұлы Жалаиридің шежірелер жинағы, Алтын орда, Қырым және қазақ хандарынан мәлімет береді. Рашид ад-диннің "Шежірелер жинағы" (1300-1310) бұл еңбектерге әсер еткен үлгі болып табылады.XVIII–ХІХ ғғ. өлкетану, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен лингвистикасына байланысты деректерді жинақтау ісі қарқынды болды. Бұл дәуірде этнографиялық мағлұматтарды қолға түсіру мақсатымен даярланған көптеген ғылыми экспедиция мүшелеріне айналған ғалымдар өз ынталылығын танытты, жан-жақты ізденіп, ғылыми мәнді деген мәліметтерді тіркеп жазды. Аты әйгілі А. Левшин, В. Вельяминов-Зернов, Н. Аристов, А. Харузин, В. Радлов, Н. Остроумов, А. Нестеров және т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде шежіре мәліметтерін қазақтың этноқұрамын қарастыруға ғана қолданған. «Тарихи шежірелерге патша үкіметі саяси мән беріп, жергілікті орындардан жинатып отырған, – деп жазды Ә. Марғұлан. Қай заманда да солай болған. Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ә. Диваев, Н. Гродеков, И. Шангин  сияқты шежіре жинаған ғалымдардың топтамалары архивте сақталған. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында еңбек еткен Ә. Диваев (1856–1933) қазақ халқының фольклор үлгілерін мол жинады. Шежіре мәліметін әсіресе халықтың этникалық тарихын зерделеуге көп қолданған. Ойға алып зер салсақ, шежірелерді зерттеуде сүйенетіндей біршама ғылыми мақалалар мен салмақты монографиялар бар: біріншісі – қазақтың ағартушы-ғалымдар Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, А. Байтұрсын жазған еңбектеріне байланысты болса, екіншісі – шежіре деректерін этнография, этникалық тарих тұрғысынан зерттеп жазған Ә. Х. Марғұлан, Х. Арғынбаев, М.С. Мұқанов, В. Востров сияқты кәсіби тарихшылардың зерттеулерімен байланысты.ХІХ ғасырда «Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған ірі ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Кейін бүл мұралар Г. Потаниннің кітаптарында жарияланған. Ә. Бөкейханның төрелер шежіресіне қатысты жинақтаған генеалогиялық мәліметтері бүгінгі күні де өзектілігі мен ғылыми-қолданбалы мағынасын жоғалтпаған. Қазақ өткенін баяндайтын деректерді жариялаған М. Тынышпаев, өз еңбегінде қазақ руларының жүйесі, шығу тегі, ата-тек кестелері мен халық саны туралы мәліметтер келтірген. Оның ізденістеріне А. Харузин, Н. Аристов, В. Бартольдтің еңбектері қатты әсер еткен. Орыстың шығыстанушы ғалымдарымен жақын таныса отырып, М. Тынышпаев бұл еңбекте олардың зерттеу әдістерінен көп тәлім алған.
+Қазақстандағы тарихи деректану ориенталистикамен тығыз байланыста дамудың өзіндік ішкі объективтік себептері бар екені белгілі. Бұрынғы ресейлік ғалымдардың ішінде шығыстық тарихи шығармалардың мәндік мәселелерімен ерекше ден қойып айналысқандар қатарында И. Березин, Г. Грумм-Гржимайло, Н. Веселовский, А. Самойлович, Н. Катанов, Г. Вамбери сияқты зерттеушілер болды. Деректануда ізденуде мұны ескермей өтуге болмайды. Ресейлік шығыстанушылардың ішінде Орталық Азияның тарихнамалық дәстүрін терең зерттеген ғалымдар көп. Орта Азиядағы ортағасырлық шығармалардың мәліметтерін қытай деректемелерімен алғашқы салыстырулар жасап зерттеген Н. Бичурин болды. Оның ізімен еңбек еткен синолог ғалымдар Н. Кюнер, В. Таскин сияқты ғалымдар өшпес еңбек етті. Әбілғазы баһадүр ханның «Шаджара-йи түркі» еңбегіне ерекше зерттеп, үлкен баға бергендердің бірі А. Кононов болды. Тарихи мазмұн тұрғысынан шежірелердің деректеріне аса зор көңіл бөлген Ә. Марғұлан мен Е. Бекмаханов, М. Вяткиндердің есімдері алдыңғы қатарда тұр. Ерте және ортағасыр дәуірі тарихына қатысты қазақтың шежіресін қолдану нәтижелігін дәлелдеген ғалымдар осылар. Е. Бекмаханов өз зерттеулерінде қазақтың қария сөзін қолдану қажеттілігін дәлелдеп, қазақы тарихи деректерді қолданса, М. Вяткин тарихи-шежірелік деректерді Сырым батыр қозғалысын қарастыруға пайдаланды.
Қазақстандағы шығыстанушылық зерттеулер ХІХ ғасырдағы Ш. Уәлиханов еңбектерінен бастау алып, ХХ ғасырда жақсы дамыды. Ғылым үшін үлкен жетістіктің бірі С. Ибрагимов, Н. Мингулов, К. Пищулина, В. Юдин тәрізді бір топ қазақстандық ғалымдардың үлкен еңбегімен байланысты. Олар дайындаған қазақ хандығы дәуіріне қатысты дерек үзінділерінің жинағы орыс тіліне аударылған 17 құнды тарихи-деректік құжатты қамтыды. Жалпы, шежірелердің тарих, деректану және тарихнама пәндеріне орай зерттеудегі орны туралы тиянақты айтып кеткен Ю. Зуев, Б. Көмеков, Ж. Тулибаева, А. Қадырбаев, З. Қинаятұлы, С. Сыздықов, Т. Бейсембиев, С. Жақыпбеков, М. Қойгелдиев, Н. Келімбетов, К. Есмағамбетов, Н. Әлімбай, Н. Базылхан, Т. Омарбеков, Х. Ғабжалелов; М. Қадыртаева, Г. Жакупова, Р. Айтбаева, И. Ерофеева және т.б. зерттеушілер болды. Парсы және түркі тілінде жазылған тарихи туындыларына шолу, олардың деректік маңыздылы, мәліметтердің кеңінен қолданылуы В. Юдин, Т. Султанов, Т. Бейсембиев, М. Әбусейітова еңбектерінде берілген. Шежірелік дәстүрді жалғастырушы ХІХ ғасырдағы қазақ тарихшылары терең мұсылмандық білімі бар, ислам қағидаларына жетік болған. Сондықтан шежірелік деректер негізінен мұсылмандық әдеп, исламдық мәдениет құндылықтары мен дала әдеті тұрғысынан жазылған. Мұның өзі шежірелік танымды ұғынуда бір жағынан теологиялық зерттеулерге сүйенуді қажет етеді. Орталық Азияның тарихнамалық дәстүрін, тарихи деректерін осы сипатта зерттеу тәжірибесі А.Қ. Муминовтың, З. Жандарбектің зерттеулерінде орын алады.
Қазақ халқының этногенез мәселесін қарастырған М. Ақынжанов, С. Ахинжанов еңбектерінде ерте және ортағасырлық тарихтағы ескі рулардың, халықтардың, қазақтың шығу тегіне қатысы туралы айтылады. М. Ж. Көпейұлының шежірелік мұраларын жария ету ізденістері Е. Жүсіповтің еңбектерінде жүргізілген. Бірқатар еңбектер шежіре мәліметтерін этнография пәні тұрғысынан этникалық территория, халықтың шығу тегі, этноәлеуметтік, рулық құрылымы мәселелерін қарастыруда қолданылған. Бұл ізденістер Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров, Н. Әлімбай, Ж. Артықбаев, М. Жакин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жасалған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасыр басында қария сөз үлгілерді жинап, шежірелік тарих жазып еңбек еткен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы, Құрбанғали Халид (Халиди), Нұржан Наушабай, Мұхамеджан Тынышпаев, Мәнен Тұрғанбай. Бұл авторлар қазақтың тарихи мұрасын сақтау мақсатында шежіре нұсқаларын хаттап, баспа бетіне жариялады.

Ш. Уәлиханов еңбектерінде Есім хан, Тәуке хан, Сәмеке мен Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталғандығы шежірелер туралы айтыладыХХ ғасырда басында қазақ шежірелерін халықтың өткен тарихы мен тағдырын зерттеуге кеңінен қолданған, шежіре мәліметтерін рулық, этноәлеуметтік тұрғыдан зерттеу тарихында Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсын, М. Дулат, А. Чулошников, М. Тынышпаев, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров тәрізді ғалымдардың есімі әйгілі.  Е. Бекмаханов және Ә. Марғұлан сол ғалымдар қатарында болды. Оның қазақ тарихына байланысты алғашқы ғылыми мақалалары қазақ рулары, жыр, шежіре дәстүрі турасында жазылған. Е. Бекмаханұлының зерттеу тақырыбы қазақ жерлерінің отарлануы, патшалы Ресейдің жүргізген саясатының мақсаттары қазақты тәуелсіздігінен айырып, өз қоластына күшпен қаратылуы болды. Е. Бекмаханұлы қазақ тарихының ең белесті оқиғалары қатарына Кенесарының азаттық жолындағы күресін қоя білді. Ғалымдардың тарихи фольклор деректерін тарихи зерттеулерде қолданғаны үшін қуғын көріп, репрессияға да ұшырағаны аз емес.

47. Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесінің тарихнамасы. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі.Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдыц екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Қазакстанның Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі.
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге үрықсат алды. Бүл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды.
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Қүлмүхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бүқар ханы Абдулламен уақытша бітіэд жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп түрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмүхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар кеп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уә

48. 1990жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іскеасыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар – парламент, 1993- ші және 1995 жылдардағы конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Тәуелсіз алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы жарық көрген “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” – деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық  міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты. Бұдан кейін мемлекет алдына бой көтерген жаңа тактикалық  мақсаттырдың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған “Қазақстанның болашағы – қоғамдық идеялық бірлігінде” – деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз елемездің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.Алайда, осы белгіленген стратегиялық міндеттерді тәжірибе жүзінде іске асыруда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауда  әлсіздік көрсеткен С.Терещенко басқарған Министрлер Кабинеті 1994 жылы отставкаға кетті. Оныі орнына Ә.Қажыгелдин бастаған  жаңа үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл ішінде елімізде болып жатқан  реформаларды іске асырудың жаңа бағдарламасын белгіледі, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын белгіледі, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін жеткізбей Ә.Қажыгелдиннің үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға шықты. Оған, әрине, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен қателіктердің зияны тигенін, кейбір жерлерде әділетсіздіктің орын алғанын айтуға болады. Ә.Қажыгелдин үкіметінің орнына Н.Балғымбаев басқарған үшінші үкімет келіп екі жыл қызмет етті. Бұл үкіметте қиын кезеңде жұмыс істеді. Елде қордаланып қалған  қарыздарды қайтару, сыртқа шығарылатын шикізат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсері кезінде жұмыс істеуге тура келді. Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ақ, өткен күрделі кезеңде 1999 жыл бұрынғы заемдарды төлеуде шарықтау шегіне жеткенмен, мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелерін орындауда Н.Балғымбаев басқарған үкімет бірқатар айтуға тұраралық қызмет атқарды. 1999 жылы қараша айында Қазақстан үкімет басына Қ.Тоқаев басқарған төртінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет Республика Парламентінде өзінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламадан туындайды.1991 және 2000 жылдар аралығында Егемен Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы -  Парламентте төрт рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет, 1990 жылы 12 шақырумен сайланған Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың желтоқсан айында көптеген депутаттардың өз міндеттерінен бас тартуымен байланысты тарады. Одан кейін 13 шақыруымен сайланған Парламенттің өмірі де ұзақ болмады. Себебі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  желтоқсанда бекіткен сайлау кодексі негізінде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент 1995 жылғы  мамырда заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Міне, осымен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлауы туралы” 1995 жылғы 28 қыркүйектегі пәрмені бойынша  сол жылдың желтоқсан айында жаңа Парламент сайлауы өткізілді.  Ал 1997  жылдың қазан айында  Парламенттің жоғары палатасына сайланған депутаттардың құрамының жартысы өзгертіліп, оларға жаңа сайлау жүргізілді. Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне  алып келді. Бұларда егемендік алған кезден бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті  атқарушы органдар – облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері мен Кеңестерді қосып, оларды бір адам – Кеңестің төрағасы басқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін - әкімдер, өкілдік органдарды – Мәслихат жүйесіне келтірді. 1985 жылдан кейінгі қоғамды қайта құру, жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партияныі үстемдік етуінен бірте-бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге көшу белең алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей байланысты еді. Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі – 1989 жылдан Қазақстан саяси өмірінде  болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарас идеясы, жариялылық, міне осымен байланысты қоғамда іске аса бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың басты ұрандары – социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану. Екінші себебі – 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа  құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкейкесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері – үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік қызмет органдарында көпшілік қолдайтын  ниеттестік тәртіпті қамтамасыз ету т.б. Міне, осымен байланысты Қазақстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінің сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді. Үшінші себебі – бұл еркіндік синдромы, ол барлық саясиұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайында ол әсіресе реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар жіне тағы басқа да топтар жатады. Ұазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардың пайда болуы ескі тоталитарлық жүйенің күйреуімен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты.Осындай себептердің нтижесінде 1990  жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық “Азат” қозғалысы қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгілері – құқық органдарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке ұжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тқтастығы т.б.1994 ж өткен парламент сайлауында Әділет министірлігінің тіркеуден өткен төрт-ақ партия қатысты. Олар – социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократиялық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партиясы құқық  органдарынан тіркеуден өтті. 1994 жылдың соңында Қазақстан Халық Конгресі партиясы Республика басшылығына қарыс конструктивтік оппозицияда екендігін жариялағанда, елде тез арада бірнеше жаңа саяси партия пайда болды. Олар – Ауылшаруашылық кооператорлар партиясы, Демократиялық және Қазақстанның дәуірлеу партиясы, Қазақстан халық бірлігі партиясы болып қайта құрылды.1990 ж республикада 14 саяси партиялар мен 30 жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды.Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарының көпшілікке жеткілікті дәрежеде белгілі болмауының тағы бір себебі, қоғамда көппартиялықтың  қалыптасып, аяғынан тік тұру  процесінің тек жаңадан басталуымен байланыстылығында екендігін айтқан жөн. Бұл жағдай еліміздің дамуына, өркендеуіне, қоғамымыздың одан әрі демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономикамыздың, әл-ауқатымыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің жақсаруына игі-ықпалын тигізетініне сенімімізді күшейтеді де берді.

49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – 1546 ж парсы тілінде жазылған  «Тарих-и Рашиди » еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілхайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған.

«Тарих-и Рашиди » еңбегінде былай деп көрсетілген: «...қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз(Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі».

50. А. Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19ғ 2 жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы. Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы 1845 – 1904 жж өмір сүрген қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Семейде кездесіп, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауым өкілдері Абайға ықпал етті. Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері – Е.П. Михаэлис, А. Леонтьев, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократтық бағытта қалыптасуына әсер етті. Абай орыс демократтық мәдениетінің өкілдері А.С.Пушкинге, М.Ю. Лермонтовқа, М.Е.Салтыков – Щедринге, Л. Толстойға бас иді. Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының көрінісі – Абай мен Е.П. Михаэлистің қарым – қатынасы. Абай Пушкиннің «Евгений Онегинінен» өзі аударған бөлімдеріне ән шығарды. Әкесінің әсерімен ұлдары Ақылбай, Кәкітай, Мағауия орыс мәдениетіне көңіл қойып, поэзиялық туындылар жазды. Әбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Еңбекшілер тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуден көрді. Қазақтардың өркениетті дамуын – егіншілікті, қолөнерді, сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды. Жастарды ғылым мен білімді үйренуге шақырып, өзге халықтарды құрметтеуге солармен қарым – қатынас орнатуға үндеді.

51.1986ж Желтоқсан оқиғалары және олардың қоғамның сачсилауына әсері.  Жетпіс жылдай өмір сүрген тоталитарлық жүйе қанша жерден әрекеттенгенімен адамдардың ой пікір бостандығын   біржолата  тұншықт ыра алмады. Кеңестік жүйенің ұлттар мен  халықтардың мәдениеті мен тарихын ж.е ұлттық сана сезімін  тұншықтыруға бағытталған әрекеттеріне қарсы жаңа наразылық пен жаңа күш туып келе жатты. Бұл күш 1986 ж Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді. Желтоқсан оқиғасының басталуына республика басшылығын ауыстыру жөніндегі Мәскеудің әміршілдік әрекеті ғана себеп болған жоқ.Жаңа басшылыққа республика халқына мүлдем таныс емес Колбиннің келуі ж.ж бойына жинақталған ашу ыза мен наразылықтың буырқана сыртқа атылып шығуына түрткі болды.Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен қазақ халқының мүдделерін аяққа басқан Мәскеудің әрекеттерін  айыптаған қазақ жастарының демонстрациясы басқа ұлтқа  қарсы бағытталмаған еді.Талай ұлт пен халыққа пана болған , төрінен орын берген қазақ халқы, қазақ даласын мекендеген басқа халықтарға қарсы ұлтшылдық пиғылда ешқашан болған емес.1986 ж  17 желтоқсанда Алматыда басталған шеру бейбіт ж.е  саяси сипатта болды.Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған ұрандар айтылып, басқа халықтарға қатысты олардың намысын қорлайтын әрекеттер жасалған жоқ.Алаңға жиналған жастар Пленум шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп, сол шешіммен  өздерінің келіспейтіндігін  білдірді .Саяси наразылықты билікке төнген қатер деп есептеген республика басшылығы жастар наразылығын тұрақты армия бөлімдерін  қолдана отырып басып жаншу мәслесін қойды.Бейбіт сипаттағы наразылықтың жаппай тәртіпсіздікке ұласуына республика басшыларының өткір жағдайдан шығудың бейбіт жолын таба білмеуі, олардың ақыл парасат пен ізгі ниетке емес, қайта күшке сүйенуі себеп болды. Ішкі істер министрі Власовтың бұйрығы бойынша Алматыға ішкі істер әскерлерінің арнайы бөлімдері жіберілді.Шеруге қатысушыларды тарату кезінде сойылдар, кіші саперлік күректер,үйретілген иттер , су шашатын машиналар пайдаланылды . Күшпен басылған желтоқсан оқиғасының зардаптары да ауыр болды. Толық емес мәліметтер бойынша ішкі істер министірлігінің деректерін де ұсталғандардың саны 2336, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша 2401 адам болды. Уақытша қамау орындарына , арнаулы қабылдау ж.е тергеу изоляторына  жеткізіліп, сонымен бірге  ұсталып қала сыртына апарып тасталған адамдарды есептегенде ұсталғандардың барлық саны  8.5 мың адам болған.Дене жарақатын алғандар саны 1.7 мың адамға жеткен. Оқиғаға қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде қарау процесінде де заңдылықтың өрескл бұзылуына  жол берілді.Тергеулер қысқа мерзімде,үстірт,ойдан шығарылған ж.е айыптауға айқын бейімділікпен жүргізіді .99 адам сотталып , 271 адам оқудан, 319 адам жұмыстан шығарылды,жүздеген адам партия ж.е комсомол қатарынан қуылды. (Халықтар достығының лабороториясы) аталып келген Қазақстан бір күн ішінде  (қазақ ұлтшылдығының  ұясы ) атанып шыға келді.КОКП Орталық Комитетінің Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына берген бағасының басты қорытындысы осы еді. Мәскеу  мен оның жергілікті жердегі өкілі Колбиннің Желтоқсан оқиғасынан кейінгі қызметінің басты бағыты қазақ интелигенциясын жаныштауға бағытталды.Республика басшылығындағы қазақтар мен жоғары оқук орындарындағы жергілікті ұлт оқытушылары ж.е зиялыларының есебі алынды.Тіпті қазақтар көп шоғырланған оңтүстік облыстардағы студенттердің басқа ұлт өкілдерінен көптігі  де сарапқа салынды.Жоғары оқу орындарындағы қазақ жастарының көбеюі  де  орталыққа жақпады.Ұлт тілінде тек өз республикасында ғана білім алуға болатындығы ескерілмеді.Жоғары  оқу орнына қабылдауда жергілікті  ұлт өкілдеріне шектеу енгізілді.  Колбиннің «Үшінші Қазаны» Қазақстанды біржолата қазақтық сипаттан айыруды мақсат тұтқан  қызыл империяның ең  соңғы ж.е шешуші зор майданы еді.Бұл майдан да  ең алдымен ұлтты рухани жаныштаудан басталды.Студент жастарды, ұлттық интелленгияны , қазақ баспасөзін, тіпті ұлттық бюрократияны да жүйлі түрде тоқпақтау осындай мақсатты көздеді.Бірақ саяси күреске үлкен  серпін берген Алматы оқиғасын ж.е оның қорытындыларын тұншықтыруға Орталықтын шамасы келмеді.Желтоқсан оқиғасы бүкіл кеңестік аумақтағы ұлттық қайта серпілудің басында тұрды.Бұған Баку,Тбилиси,Сумгаит,Ферғна,Ашгабат,Рига,Вильнус,Душанбе,Жаңа ө оқиғалары жалғасты.  Тоталитаризмнің мызғымайтындай болып қатқан мәңгілік мұзын алғаш рет жібіткен Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына әлі күнге дейін толық қанды баға берілген жоқ . Өйткені , сол кездегі оқиғалардағы шындықтың айтылмауына мүдделі адамдар әлі де бар.Уақыт өте келе бұл оқиғаға да тарих өз бағасын бере жатар . Қалай болғанда да Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кеңестік  жүйедегі екі күштің: жаңа басталып келе жатқан  буыны қатпаған жас демократия мен  сол кезде әлі де өз күшінде  тұрған әкімшіл әміршіл жүйенің алғашқы қақтығысы еді.

52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.

Этносаяси тарихы:

Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы  «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.

IX ғасырдың аяғы11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтарыиналдар.Олардыатабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.

53. К.Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру талпыныстары. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады.  1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының  Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.   

54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір

Кеңес елінің басшылары тауарсыз утопияны іске асыруда бір-бірімен дәйекті түрде жарысып, сынақ алаңындағы сияқты шетсіз-шексіз эксперименттер жүргізді. Елдің әрбір жаңа басшысының билікке келуі алдыңғы кезеңде жол берілген қателіктер мен асырасілтеушіліктерді еңсеру жөніндегі белсенді «реформаторлық» қызметімен ілесе жүрді. Бірақ осы бастамалардың бәрінің өзекті желісі «социализмді жетілдірудің»жоғары әлеуетін анықтау болды. 80-жылдардың аяғына дейін идеологиялық қатаң қағида мен саяси төзімсіздік қалыптасқан «кеңестік үлгінің» орынды баламасының кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.

Кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдегі тарихты сын көзбен қайта ой елегінен өткізу демократиялық үдерістің дамуындағы маңызды белес болды. «Басқаша болуы мүмкін емес», «Тарихшылар дауласады», «Бұл жайында айтылмады», «Қазақстан тарихы: ақтаңдықтар» атты жариялымдарда, мақақалар жинақтарында – Қазан револяциясына, Азамат соғысы мен Отан соғысына, большевиктер жетекшілерінің – В.Лениннің, И.Сталиннің, Ф.И.Голощекиннің т.б. қайраткерлеріне жаңаша берілген бағалар пайда болды. Шындықты іздеу ахуалында саяси террордың құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. 1987 жылдың қыркүйегінде құрылған КОКП ОК Саяси бюросының 30-40 жылдардағы және 50-жылдардың басындағы қуғын-сүргіндерге байланысты материалдарды қосымша зерделеу жөніндегі комиссия 30-50 жылдардағы ең ірі саяси зұлматтардың барып тұрған озбырлық және заңдылықты бұзу салдарынан болғаны туралы қорытынды жасады. 1988 жылы жұртшылықтың қысымымен Қазақстан Компартиясы ОК-нің шешімімен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев саяси, кейінірек азаматтық тұрғыда ақталды. Қалың халық бұқарасы осынау қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің шығармаларымен танысуға көптен күткен мүмкіндік алды.   

Кезінде Виктор Гюго: «Армияның шабуылына қарсы тұруға болады, бірақ уақыты келген идеяның таралуына қарсы тұруға болмайды» деп жазған еді. Жариялық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады. 1988 жылы КОКП-ның жұмысм істеуінде, сталиншілдіктен арылу оқиғасын өрістетуде бетбұрысты жыл болды. Осы жылы өткен ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясы төменгі буындағы партиялық ұяларды ең қажетті және өзекті мәселе ретінде айтылып жүрген жайттарды жариялады. «Бюрократизммен күрес туралы» қарарда конференция «кадрларды іріктеп, орналастырудың ашық, конкурстық, шығармашылық негізде жүргізілуін» талап етті. Конференция шешімдері арнасында партия ұйымдары кадрлерді іріктеп, жоғарылату кезінде неғұрлым демократиялық үрдістерді іс жүзінде қолдана бастады. Мәселен, 1989 жылы қалалық және аудандық партия комитеттерінің жаңадан сайланған хатшыларының әрбір үшіншісі, 1990 жылы жартысынан астамы конкурстық негізде сайланды. Мұндай көзқарас басшылық құрамға неғұрлым тың күштердің келуіне жол ашты. Қазақстанда бұр үрдіс 1989 жылға дейін күн тәртібінен орын ала алмады. Қазақстан Компартиясының ХVІ съезінде кейбір делегаттардың республикалық партия ұйымының және оның басшылғының қызметін неғұрлым сыншылдықпен бағалауға тырысқан әрекеттері табысты болмады. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанда демократияның қалыптасуында кейіннен игі рөл атқарған өзгерістер орын алды. Бұл кезеңде Коммунистік партияның өз ішіндегі реформатиялық күштер өзінің қатарларына неғұрлым білікті, жаңашыл, ұшқыр ойлы, жан-жақты саяси білімді меңгерген адамдарды тартуға объективті түрде мүдделі болды. Өкімет орындарының қудалауына қарамастан, республикада 1987-1988 жылдары бастапқыда экологиялық қозғалыстар түрінде пайда болған бейресми ұйымдар жасақтала бастады. Мұндай жағдайда қалыптасқан экономикалық және саяси жүйенің түпқазығын неғұрлым тереңірек түрлендіру қажеттігін түсінетін де уақыт жетті. Қоғамдық бастамаларда шектеудің қатаң саясатына қарамастан, 80-жылдардың ІІ жартысындағы саяси оқиғалардың салдары ретінде Қазақстанда жаңа саяси ахуал қалыптаса бастады. Көптеген қоғамдық қозғалыстар мен бейресми ұйымдар пайда болды, көппартиялыққа көшудің алғышарттары қалыптасты. Неше түрлі митингілерде, демонстрацияларда, сайлаушылардың клубтарында күнделікті өмірдің өзекті мәселелері, ел дамуының көкейтесті проблемалары талқыланды. Республикадағы реформа жүргізіп отырған ірі саяси орталықпен терезесі тең бәсекелесуші баламаға айнала алмаса да, тұрғын халық арасында белгілі бір әлеуметтік негізге ие болған бейресми ағымдардың жағдайы басқаша болды. Қазақстандықтардың құндылыққа бағдарлануы 1989 жылдың маусымынан бастап республикалық партия ұйымының басшысы, 1990 жылдың 24 сәуірінен Қазақстанның Президенті болған Н.Ә.Назарбаев жағына қарай өскелең серпінмен ойыса бастады, ол «нарықтың экономика және демократия біздің өзгерістеріміздің түпкі мақсаты болмақ» деп есептеді. 1989 жылғы ақпанда сол уақытта КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келді, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. Нақ осы «Невада-Семей» Қазақстанда қайта құру кезеңінде ең ауқымды, бұқаралық қозғалысқа айналу тағдыры жазылды. Аяқ астынан дүниеге келген қозғалысты Қазақстанның Өкімет орындары қолдады.1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы полигонда жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-іне жол бермеді. 1989 жылы қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Ядролық сынауларды тоқтату туралы қаулы қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ТЖМК) бүлігі сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жаңа жағдайда Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.Осымен бір мезгілде дерлік Қазақстан қоғамында басқа қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар – «Әділет», «Мемориал» т.б. топтаса бастады. Өкімет орындарының 1988 жылдың аяғы мен 1989 жылдың басында Қазақстандағы бейресми қоғамдық ұйымдарды бейтараптандыру әрекеттері өкімет басына Н.Ә.Назарбаев келгеннен кейін ғана тоқтады.1990 жылдың көктемінде бірқатар социал-демократиялық ұйымдар Қазақстан социал-демократиялық партиясына бірікті. 1990 жылғы мамырдың аяғында «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрылтай съезі маусымда шақырылды.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ҚазақстанКоммунистік партиясының кезектен тыс ХVІІІ съезі өтті. Съезде ККП-ні Қазақстан Социалистік партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстан Халық Конгресі партиясының (ҚХКП) І Құрылтай съезі ұйымдастырылды. «Невада-Семей», «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті («Арал-Азия-Қазақстан» ХҚК), Әйелдер одағы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы, «Қазақ тілі қоғамы», Республиканың жас құрылысшылары қауымдастығы және Қазақстанның басқа да бірқатар ұлттық-мәдени орталықтары ҚХК-нің құрылтайшылары болды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының І құрылтай съезі өткізілді. Съезде қозғалыстың Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды. 80-жылдардың аяғында басқа да республикалардағы сияқты Қазақстанда да 800 мың мүшесі бар коммунистік партияның әлеуеті төмендей бастады. КОКП қатарынан партия мүшелерінің шығу фактілерінің жылдан-жылға жиілеуі Қазақстан Компартиясының ішкі өміріндегі кері кету үрдісінің тым елеулі екенін көрсетті. Егер 1988 жылы 265 коммунист өз бастамасымен партиялық билеттерін өткізген болса, 1989 жылы олаодың саны 1468-ге дейін жетті. 1989 жылдың аяғында партиядан шыққандардың саны КОКП мүшелігіне өтушілердің санынан асып түсті. Партияны тастап шығушылардың саны Қазақстан Компартиясының өмір сүрген толық емес соңғы екі жылында күрт өсті: 1990 жылы 12446 адам, ал 1991 жылдың алғашқы үш тоқсанында 15 мыңнан астам адам партиядан шықты.

1990 жылғы 12 наурызда КСРО халық депутаттарының кезектен тыс ІІІ съезі ашылды. Съезд КСРО Конституциясының КОКП-ның қоғамдағы басшылық рөлі туралы 6-бабының күшін жойды, мұның өзі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруін білдірді. Басқарудың президенттік жүйесіне көшу туралы шешім оның жұмысының екінші бір маңызды қорытындысы болды. Ел Президенті болып М.С.Горбачев сайланды.1990 жылы наурызда ХІІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. 340 депутаттық мандатқа 1242 кандидат тіркелді. Сайлау сайлаушылар дауыстарының теңдігі принципіне сәйкес келмейтін, Одақтық сайлау туралы Заң бойынша өткізілді. Бұл Заңға сәйкес былайша сайлау көзделді:Депутаттарының 2/3-сі жалпыға бірдей сайлау жүйесі бойынша сайланады;Депуттаттардың 1/3-і қоғамдық ұйымдардан – шығармашылық одақтардан, ардагерлер ұйымдарынан (соның ішінде КОКП-ден, комсомолдан) сайланды.

55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.

ХIII ғ бас кезінде Моңғол империясының құрылуы  Орталық және Орта Азия , Қазақстан және шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына оразан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Евразия аумағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық саяси , шаруашылық мәдени дамуының журісін өзгертіп жіберді. 1218- 1219жж моңқолдар корші елдердің коптеген халықтарын бағындырады. Енисей қырғыздары мен буряттарыдың жерлері тартып алынды, таңғұттар мемлекеті құлатылды. Ұйғырдың Тұрфан бектігі моңғол бодандығын  өз еркімен қабылдайды. Цинь империясының әскерин талқандағаннан кейін, Моңғолдар солтүстік Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті батыс елдерін Орта Азия мен Иранды , Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс Еуропаны жаулап алу еді. Ертістен Арал теңізі мен Амудариядан ары , батыс жақтағы әлі алынбаған жерлерді, Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарына ұлыс етіп береді.Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210-11жж қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғысханның қол астына көшеді.Деректерде Сібір хандығы билеушілерінің ( Шайбанилер әулетінің) Тобыл мен Есілдің , Ертістің Орта ағысындағы Ямышев көлңне дейін жайылып жатқан жері туралы айтылады. Ал Ертістің Оңтүстүк шығыс бетіндегі жерді ХVIғ бастап ойраттар игереді.

ХVI ғ бас кезинде ыдырап кеткен Моғолстан мемлекетінің теріскейдегі жерінде , Тарбағатайдан әрі шығысқа қарай көсіліп жатқан , Ертістің жоғарғы ағысы маңындағы, Іленің жоғарғы жағында жерлерде ойрат тайпаларының саяси бірігуінің қалқатері жасалып жатады. Сібір хандығы мен Ойрат тайшылары Қазақстанның терістік территориясинда қазақ хандарымен ұдайы бәсекелес болалды. Қазақ халқы тек ұзақ күрес арқасында ғана ұдайы өз жерін қорғап қалып отырады.

56. Қазақстан тарихын зерттеудегі үлес қосқан орыс зерттеушілерінің үлесі. ( Бартольд, Левшин, Велияминов Зерновт.б )  П.П. Семенов – Тянь-Шанский (1827-1914жж) Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап «Қырғыз өлкесі» «Түркістан өлкесі» деген бөлімдерін Қазақ өлкесі Орта Азияға арнады. 19 ғ. Аяғында В.Вельяминов – Зернов «15-16 ғғ Қазақ хандығы және 18 ғ ортасындағы Кіші жүз тарихы» енбегін жаздыМ.Красовский «Сібір қырғыздарының облысы» еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлдіА.Н.Добромыслов Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін толық зерттей келе, «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегін жазды.Қоғам өмір сүрген бастапқы кезеңде Ресейдің орыс емес халықтарының этнографиясын зерттеу жөнінде бағдарламалар жасауға әрекет етілді. «Халықтық зандық ғұрыптарды жинауға арналған бағдарлама» осылайша жасалды /12/. Оны этнография бөлімшесі жанынан құрылған Халықтық заңдық ғұрыптарды комиссиясы дайындады: «... сол қоғамның этнография бөлімшесінің төрағасы М.В. Калачевтің бастамасымен және П.А.Муновтың қызу қатысуы арқылы 1864 жылы заңдық ғұрыптарды жинауға арналған бағдарлама жасалып, зерделенді» /13/. Бағдарламада: «қолайлы жағдайлар болғанда Ресей шегінде тұратын бұратаналар тұрмысының тайпалық ерекшеліктерін де көрсеткен жөн болар еді» деп атап айтылған /14/. Онда Ресейдің оған кіретін халықтарды зерттеу жөніндегі ғылыми топтары ден қоятын барлық тұрмыс ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Барлығы 425 сұрақ әзірленді. Ол 1889 жылы қайта шығарылды, сонымен бірге қайта өңделді. Бағдарламада жеке адамның да, тұтас алғанда қауымның да барлық өмірінің жақтары қамтылды. Бұл бағдарлама орыс емес халықтардың әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық жағдайларын 20 жылдан астам уақыт бойы қамтып келді. XX ғасырдың басында Ресей бұратаналарының әлеуметтік және экономикалық жағдайына деген ғылыми ынта-ықылас тағы да өсе түсті. Осыған байланысты 1914 жылы этнографиялық карталар жасау жөніндегі комиссияның сауалнама сұрақтары. Ал 1915 жылы «Ресейдің тайпалық картасын жасау жобасы» жарияланды /15/. 1917 жылы С.Ольденбургтің басшылығымен «Тайпалық карталар жасау жөніндегі нұсқау» жасалды, онда былай деп атап көрсетілді «қолданымдағы тайпалық карталарды... Орта Азия үшін, Сібір үшін масштабы - дюймде 40 шақырым болатын етіп, жеке парақтар және екі жиынтық тайпалар карта шығару жобаланды. Сібір мен Орта Азияға арналған екіншісінің масштабы — бір дюймде 100 шақырым» /16/. 1912 жылы көрнекті этнограф және орыс географиялық қоғамының мүшесі Л.Я.Штеренбергтің лекциясын тындаушылар оның лекциясы бойынша «этнографиялық материалдар жинауға арналған нұсқау» дайындады, ол кейін қазақтардың және басқа да азиялық халықтардың этнографиясын зерттеу ісіне елеулі үлес қосты /17/. Қазақ халқының тарихи өткенін зерттеу жөнінде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы зор жұмыс атқарды. XIX ғасырдың аяғында Ресейдің 29 губерниясында ғылыми мұрағат комиссиялары құрылды. Олардың негізгі міндеті өлкенің тарихы бойынша мұрағат деректемелерін жинап, жүйеге келтіру болатын. Сонымен бірге, олардың міндетіне губерниялардың аумағына археологиялық зерттеу жүргізу кірді. Сондай-ақ,, мұрағат комиссияларына жергілікті жағдайлар бойынша өзінің тікелей міндетіне қарамастан, елдің басқа да кез-келген ескерткіштерін іздеп табуды, суреттеуді және түсіндіруді өз жұмыстары шеңберіне енгізу жүктелді /18/. 1881 жылы бұрынғы Орынбор генерал губернаторлығы кеңесінің мұрағат істерін ретке келтіру жөніндегі комиссия ретіндегі құрылған Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы ғылыми мекемеге айналды. Комиссияның жұмыс көлемін, мақсаттары мен міндеттерін анықтаған кезде 90 мыңнан астам істеп тұратын, олардың 1/10 бөлігі ғана мұрағатқа енгізілуге тиіс болған орасан көп құжаттардың құндылығын анықтау мен сақталуын қамтамасыз ету қажет екендігі байқалды. Алайда кездескен қиыншылықтарға қарамастан, 1887 жылдың желтоқсан санында екі адамнан тұратын Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы (ОҒМК) құрылып, жұмысын бастады. Төрағасы болып П.Н. Ракков, орынбасары болып Т.Н. Аидриев, хатшысы болып «Оренбургский листоктың» редакторы И.И. Ефимовский-Мировид сайланды. Комиссияның басты мақсаты - мұрағат істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археологиялық және этнографиялық материалдар жинау болды /19/. Күрделі мәселелердің бірі комиссияны материалдық жағынан қамтамасыз ету болды, неғұрлым кең қызметке қаражат жетіспеді. Алғашқы жұмыс жылында мұрағат құжаттары тәртіпке келтірілді, онда қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, әкімшіліктің өкімдері, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар көрініс тапты. Тұтас алғанда, істерде өлкенің алуан түрлілігі көрсетілді. Сондай-ақ өлкенің көптеген бағалы мәліметтер комиссияның мұрағат істерін тәртіпке келтіру жөніндегі қызметінің арқасында сақталып қалды. ОҒМК қызметін ұйымдастырумен бірге ғылыми баяндамлар оқылған отырыстар өткізілді. Мысалы, олар Г.Н: Зелениннің «Перовскийдің 1831-1833 жылдары Хиуаға жорығы туралы, Маңғыстау түбіндегі адайлар көтерілісі туралы және оларды басу туралы, » М.Л. Юдиннің «Қазақтар этнографиялық очерк» деген баяндамасы.Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, С-Петербург Археология институтының директоры И.В. Покровский, академик В.В.Радлов құрметті мүшелер ретінде белсене араласты.ОҒМК еңбектерінде ХҮІІІ - ХІХ ғасырдағы Қазақстанды отарлау тарихы жөніндегі.

57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.

А)Қоғамның саяси дамуы.

- 70-жылдар ерекшеліктері:

жаңашыл үрдістер әлсіреді.

- қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады

- саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. 1968 жылғы тамыз – Чехословакияда жаңару, Сталиндік үлгіден бас тарту оқиғасы. « Прага көктемі аталған бұл ұмтылыс бес ел әскерлерінің Чехословакия территориясына енгізуіне байланысты тоқтатылды. Идеологиялық науқан басталды. ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, опортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партияның жетекшілік рөлі туралы марксистік – лениндік тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге әрекет жасалды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туындады. 1960 жылы Қазан төңкерісінің елу жылдығына арналған мәжілісте Брежнев  еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы – кемелденген социализмнің орнатылуы деп мәлімдеді.

1977 жылы 7 қазанда КСРО конституциясы қабылданды.Комунизмге өтер жолдағы кезең – кемелденген социализм, ал КСРО-ның саяси негізі – халық депутаттары кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекетьтік және колхоздық-кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды.

 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР жаңа конституциясы қабылданды.Конституцияда негізгі демократиялық бостандықтар жарияланды, бірақ олар сөз жүзінде ғана орындалды. 1963 жылы Мәскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш биресми бірлестігі – «Жас тұлпар» құрылды. Бұл ұйым қызметі 70 жылдары тоқтатылды. 1974-1977 жылдары Х. Қожахметов қазақ халқын ұлттық қайта түлету мақсатында «Жас қазақ» ұйымын құруды ойластырды. 1979 жылы көктемде КСРО МХК төрағасы Ю. Андропов ұсынысымен КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады.

  ә) Өнеркәсіптегі жағдай:

  70 жылдары ғылым мен техниканы тұтастырып, ғылыми-өндірістік бірлестіктер көбейді. Осындай бірлестіктермен бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артты:

1971 -97, 1985 – 610. 80-жылдары басында КСРО бойынша Қазақстанның үлесіне өндіріске енгізілетін ғылыми-техникалық жаңалықтардың үш пайызы тиіп, әкономикалық тиімділігі 2,9% болған.  Өндіріс саласыедағы кемшіліктер:Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржаққты бағдар ұсталды. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегі шикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі төмен болды.  Б) Мәдени өмір.Экономикадағы ірі агрокешендер құру кезеңінде «болашағы жоқ» ауылдар жойылып, шағын комплектілі мектептер жабылды. 1960-80 жылдары 27 жоғары және 100-ден астам орта арнаулы оқу орындары ашылды.Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері дүние жүзіне танымал болды: Сокольский, Ахмедсафин, Айтхожин.

70-80 жылдары көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты: 5 томдық «Қазақ КСР тарихы» кітабы, Әл-Фараби, Ш. Уәлиханов, Алтынсариннің мұраларын зерттеген басылымдар және т.б. Мәдени дамуда табыстар мен қайшылықтар қатарласа жүрді. Кеңестік насихат, үлттық мәдениеттің гүлденуі туралы, тұтас алғанда кеңес мәдениетінің интернационал-дануы жөніндегі тезисті үнемі қуаттап жатты.  

58.Түркеш және Қарлұқ қағанаттары және 8ғ орталық азиядағы геосаяси жағдай.Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз  түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер  соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің  екі одақтастықтың  арасында  алауыздық туғызуының  салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл  Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш  арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер  шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға  түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен  бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты  оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар  түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара  жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес  қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып  алуға жағдай  жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар  мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған  шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың  тегеурініне  төтеп бере алмай біржолата құлады.

59. Қазқстандағы қоныс аудару  саясатының мақсаттары мен кезеңдері. Жер мәселесі(ХХғ.басы).  Патша үкіметінің орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырудағы негізгі мақсаттары: 1.ішкі губернияларда революциялық толқуларды әлсірету2. жер тапшылығын шешу3. ұлттық аймақтарда әлеуметтік тірек жасау ХІХғ.60жж. орт. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аударту басталды.ХІХғ. 70-80жж. Жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды.868ж. Жетісу губернаторы  Колпаковский басшылығымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар: 15ж.салық төлеуден және әскери міндеткерліктен босатылды. Жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді.1883ж. Жетісуға Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру жөнінде жаңа ереже қабылданды.жан басына 10 десятина жер беруқоныстандырушыларды салықтар мен міндеткерліктен 3ж.босату.1889ж.13шілде «село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркіменқоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже» қабылданды.қоныс аударатын басты аймақтар Тобыл,Том губерниялары, Жетісу, Ақмола,Семей облыстары.Жан басына 15 десятина жер беруҚоныстандырушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету.Бұл ереженің күші 1891-92жж. Торғай мен Орал облыстарына тарады. Қоныс аудару көшпелі қазақтардың жерлерін тартып алу есебінен жүргізілді.1855-93жж. Ақмола обл.- да 251779 десятина жерСемей обысында 33064 дес.жер алынды.

Әсіресе қоныс аударудың басты аймағы – Жетісу. Сонымен қатар Сырдария облысында түгелге жуық жер қоныстандырылды. Шымкент, ташкент, Әулиеата уездерінде 37 қоныс құрылды.1886ж. 2маусым – «Түркістан өлкесін басқару н/е жер, салық, өзгерістерін енгізу туралы ереже» бекітілді.түркістан өлкесінде ресейлік үлгімен жаңа соттар құрылдытөменгі сот буыны – халықтық сот.

60.1965-66жж социолистік экономиканы реформалаудын ұмтылыстары: жетістіктері мен қайшылықтары.  60-шы ж. Бәрәншә жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. 60-шы ж. Басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері біден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді. Ауыл шаруашылығын ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізуге зиянын тигізді, осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді көп жүргізді.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді мысалы Ақмола-Целиноград,ОҚО-Шымкент обл.,БҚО-Орал обл. болып өзгертілді. Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан1964ж. Пленумы өтті.Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате түзіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-1965 ж. Қазақстанда халық шарушылығы кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық-республикалық министірліктер иен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Бұл ауыл шаруашылығын жандандырды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға игі әсерін тигізді.КОКП-ның 1965ж қыркүйек айында өткен пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларын жетілдіру, жаңа техниканы енгізуге көңіл бөлінді.сонын нәтижесінде кәсіпорындар көрсеткіштері жоғарғы станцияларға айналды.Сөйтіп,8-ші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамыған кезеңі болды. Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех, зауыттар мен фабрикалар жарақтандырылды. Өнеркәсіптің энергетика, түсті мен қара металлургия, мұнай өндеу, химия өнеркәсібі т.б. салалар ілгері басты.  

61.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Моғолстан.ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.Билеушісі – Тоғылық Темір хан(1348-1362жж). Астанасы- Алмалық(Іле алқабында). Территориясы- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-рашиди” еңбнгінде жазған:”Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан- Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы”.Орталық аймағы- Жетісу. Моғолстан атауы монгол сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монголдардыосылай атаган. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар- ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь- Шань атегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады. Билеуші титулы-хан.Дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер (ханның көмекшілері) тағайындалды.Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери  жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты.Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді.Салықтың бірнеше түрі жиналды.Әскери, көліктік, еңбек ету, байланыс міндеткерліктері болды. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігн нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Соғыс жорықтары:1361 жыл- Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына Моғолстанның билеушісі болды(1362-1365).1365 жыл- Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді. Бірақ Самарқанды ала алмай, кейін шегінеді. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: - Дулат әмірі Камар-ад-дин- Жетісуды;- Енге төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.

Осыны пайдаланған  Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрды.Қыдыр қожа хан (1385-1399 жж) Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындайды.Мұхаммед хан(1408-1418 жж) Темір Ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі.Уайс хан(1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Оның мүрагерлері арасында талас басталды.Есен-Бұға(Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді(1429-1462)ХҮ ғ. 50ж аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған халық көшіп келді.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларға жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;қарсыласы Әбілхайыр мен Жүніске (інісіне) қарсы қою.Моғолстанның ыдырауының себептері:Феодалдық өзара қырқыстарАқсүйектердің елді үлестік жерге бөлшектеуі Халық наразылығының жиілеуі және қазақ хандығына барып қосылуы.ХҮІ ғ басында Моғолстан хандығы жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысына негіз болды.

62. И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бас-н Бөкей ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс.(1836-1838). Еділ өзен-ң Каспийге құятын аймағын 1635 ж-дан бастап Жоңғар шап-ғы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда 20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан аренда үшін уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі штраф, алым-салық көбейді.Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады.1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды. Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергевші штат та тұрды.Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті. Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 ж. соңында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды.1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңберек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қонысына келді.Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастапан жасақтар пайда болды.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.

63. Сталиндік режим Қазақстандағы кезеніндегі саяси репресиялар. Қазақстанға халықтың  депортайциялануы жіне оның салдыры.20-жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жұйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы өиындықтар жаңа экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты рдан ірң тереңдей түсті. Республикада «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі жұмыс тәсңлдері өайтадан жанданды. Халықтың үкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж Ф.И. Голощекиннің келуімен байлаынсты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп,  бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж желтоқсанында өткен Өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «ауылды кеңестендіру» туралы шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада «Кіші Қазан» төңкерісіе өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол өазаө халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.

Қазақсьанда голощекиндік сталиндік үлгі бойынша «Қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж әр түрлі сылтаулармен мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М Мырзағалиев республикадан аластатылды, Қазақстан Атқару комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С.Садуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар  қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж қарашада өткен үшінші Өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК б П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі «топқа бөлінушілердің» бірі С.Садуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа; Л.М.Кагоновичке жазған хатында Қазақстан Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежов «барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілідік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деп жеткізді.  Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай «даярланды», 1937 ж жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20 жж соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 ж аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың ішінде бұрынғы  Алашорда өкілдерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Оларлың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бар еді. Құрамында  М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж.Ақбаев, К.Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (қырық адамдай) басқа тобы 1930 ж қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен он бес адам Ресейдің орталық қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-38 жж атылды. Жалпы 1928-1931 жж қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

Қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 ж басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, О. Жандосов, С.Есқараев, Т.Жүргенов, ақын жазушылар С. Сейфуллин, Б.Мйлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов т.б. ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылды. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.

64.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Көшпелі өзбектер хандығы.ХҮ ғ 20ж Қазақстанның орталық, батыс, солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды.1428ж Шайбан ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468) осы аймақтардағы билікті өз қолына алды. Әбілхайыр Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті Қыпшақтың бытыраңқы феодалдардың басын қосып «Көшпелі Өзбектер мемлекетін» құрды.Территориясы: Жайық Балқаш Арал теңізі; Сырдарияның төменгі ағысы, Тобыл Ертіс.Астанасы: алғашқыда Тура, 1431ж. Орда Базар(Батыс Сібір),1446 ж Сығанақ. Халқы өзбектер.Құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б. болды.Елді 40ж билесе де, Әбілхайыр хан мемлекеттің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:мемлекет бір орталықтан басқарылмады, бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды, билік үшін Жошы ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды, толассыз соғыстар тоқтамады.Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:1430 ж. Тобыл өзені бойында Махмұт Қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Махмұт және Ахмет хандарды жеңіп, Орда Базар қаласын тартып алды.1446 ж. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ,Аққорған, Үзгент,Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮ ғ. 50ж. Самарқанд,Бұхарды шабуылдап,осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты.1457 ж. Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілхайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ.50ж. аяғы 60 ж. Басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті.1468ж. Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Негізгі себептері:Жекелеген ұлыстар арасындағы берік байланыстың болмауы,Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін тартыстар, көшпенділердің ақсүйектер қанауына наразылығы, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер. Оның мұрагері Шайх Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбан(1470-1510жж.) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді.1500ж. Мұхаммед Шайбан Самарқанды алды.1501-1502жж. Орта Азияны жаулады. 1510ж. Сығанақ түбінде Қасым ханның әскерінен жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды. 1510ж. Мерв түбіндегі шайқаста қаза болды. Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті. Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынды.ХҮІғ.басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, Орта жүз құрамына енді.

65. Қазақ хандығының саяси құқықтық жүйесі . Жеті жарғы.XVII ғ. басы – Батыс Монғолия жерінде ойрат тайпалары шиеленіскен күрес жағдайында бірігу кезеңінде болды. 1627 жылы ойрат одағы ыдырады. 1635 жылы Батыс Монголияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батыр қонтайшы. 1635 жылы ол Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып «Салқам жәңгір» атаған. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. 50 мың әскермен келген Батыр қонтаәшыға 600 әскермен Жәңгір хан қарсы тұрды. Сарбаздар құрамныда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Найман Көксерек батырлар болды. Соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды.            Тәуке хан (Жәңгір үлы) 1680-1718 жылдары билік етті. Билігінің ерекшелігі:

Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.

Мемлекеттік құрылыстың негізі ұстанымдарын анық-тайтын «Жеті жарғы»заңын жасады.

Көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.Тәуке ханның негізгі мақсаты – билердің көмегімен хан билігін нығайту. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би. «Жеті жарғы» заңдар жнағы шығарылды:Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.

66. Голощекиннің кіші қазан идеясы. Қазастанда индустриализациялауды жүзеге асырудың ерекшеліктері.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салынды.Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.

67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.

Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті.   Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан  Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты.    Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы  XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.

Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.

1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан  қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды.    Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты.  14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.

1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.

68. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрі және білім беру жүйесі. Ы.Алтынсаринның педогогикалық қызметі. Халықтың сауаттылығы. XIX ғ-дың ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғарғы дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды.Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ материалдары жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1%-ы ғана сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары олардың 12%, әйелдердің сауаттылары 3,6% құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан байқалды. Қазақстан халқы сауаттылығы дәрежесінің шындап артуы XX ғ. басында да бола қойған жоқ: мектеп жасындағы әрбір 10 баладан тек бір бала ған мектепке барды.Мектептік және кәсіптік білім беру. Қазақстандағы халық ағарту ісі 2 бағытта: діни және жәй азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. XIX ғ. өзінде Ш.Уәлиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстаздық еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды: «Таңқаларлық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде-бір нақты ой-пікірге құрылмаған оқу», - деп бағалады.XX ғ. басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыс басталды. Оны ұйымдастырушылар жаддашылар болды. Олар оқытудың әріп құрастыру тәсілін дыбыстық тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметиканың, географияның, жаратылыстанудың, тарихтың және басқаларының оқытылуы керектігін дәлелдеді. Соған қарамастан оқытудың жаңа тәсіліне көшкен мектептер көбейе қоймады.Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі – 3 жылдан 4 жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды.Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты.Азаматтық сипаттағы жай оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғанынан кейін ашылды. Олар отарлық аппарат үшін шенеуніктер, тілмәштәр, мұғалімдер, дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1786 ж. Омск қаласында Азиаттық мектеп, 1789 ж. Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындары балаларды, соның ішінде қазақ балаларын да тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) мамандыққа үйретті. Әскери мамандарды және әкімшілік шенеуніктерін 1825 ж. Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 ж. негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.

Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 ж-дан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып-үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған 7 жылдық мектеп болды.1850 ж. осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы.Алтынсарин табысты бітіріп шықты.XIX ғ. 3-ші бөлігінде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ және орыс-жергілікті халық училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының ролін атқарды. Бөкей Ордасында ересектер мектептері құрыла бастады. Олар 2 класстық курсты бітіріп, мұғалім болды. 1898 ж-дан 1914 ж. дейін Қаз-дағы бастауыш мектептердің саны 29,1 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті.Орта оқу орындарының реальдық училищелердің, ерлер мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 ж. олар 12 ғана болды. Бұларда 4 мың шәкірт білім алды.Мектеп ісін жолға қоюда қыз балаларға білім берудің дамуы прогрессивті құбылыс болды. Ы.Алтынсариннің күш салуымен 1887 ж. Ырғызда қыздар училищесі ашылды. 1890 жж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады.

1896 ж. қарай  бұларда 211 қыз, соның ішінде 70 қазақ қызы оқыды. Қазақ қыздарының білім алуға кеңінен тартылмауына әйелдердің құқықсыз жағдайы және ісләмнің кертартпалық дәстүрлері негізгі кедергі болды.Бастауыш және орта оқу орындары шәкірттерінің құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болғанды. Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс және бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж. мәліметтер бойынша Сырдария обл-да 56 орыс жергілікті-халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғындардың балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар санының 2% ғана құрады.Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ы.Алтынсарин терең із қалдырды. Ол Қостанай обл-да дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, атасы – Орынбор шекаралық комиссияның әскери ағаманы Балқожа Жаңбыршин бидің қолында тәрбиеленді.Мектепті бітіргеннен кейін Алтынсарин 3 жылдай осы атасының қол астында кеңсе қызметкері болып, онан соң Орынбор басқармасында тілмәш болып жұмыс істеді. 1860 ж. облыстық басқару Орынбор басқармасында (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және мұны соған орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.

Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің мәнін түсіндірді. Қазақ жұртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үйін салуға кірісті. Ол салдыртқан жаңа мектептің ашылу салтанаты 1864 ж. 8-қаңтарда өтті. Оның мектебінде оқуға 16 бала жазылды, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды. 1869 ж. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызметіне орналасты. Онан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл ағамандарының сайлауына қатысып жүрді. Сол сайлауларда дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868 ж. «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәлады.1879 ж. Ы.Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастаушылығымен және тікелей қатысуымен Қаз-да халықтық азаматтық мектептер тармақтары, атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Осы мақсатпен ол Торғай обл-ң қазақ ауылдарын аралады, халықтан қаржы жинады, ал сонан соң Ырғыз, Николаевск, Торғай және Илецк уездерінде 2 кластық орыс-қырғыз училищелерін ашты: оларды мұғалімдермен және оқушылармен қамтамасыз етті. Алтынсарин училищелерді жабдықтауға, әрбір мектеп жанынан кітапханалар құруға ерекше көңіл бөлді. Жергілікті халық арасынан мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп, ол қолөнеркәсіптік және ауылшаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады.

Ы.Алтынсариннің өзі орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін 2 оқу құралын: «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқауды» жазды. Орыс классиктерінен аудармаларында, қазақ тіліндегі өз шығармаларында ол демократиялық ағартушылық идеяларын насихаттады, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін қазақ әдеби тілінің қалыптасуы саласында жемісті еңбек етті. Білімді адам ретінде Алтынсарин этнографиямен әуестенді, қазақтардың ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жүйеге келтіріп отырды.Алғашқы кәсіптік оқу орындары 1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі (1883 ж.) болды. Кейіндері мұғалімдер семинариялары Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 300 қазақ мұғалімін даярлады.XIX ғ. ауылшаруашылық, фельдшерлік мектептер ашылды, оларда орта білімді мамандар даярланып шығарылды. Тек Брровской орман техникумының бір өзі ғана 1889 ж-дан 1917 ж. дейін 163 маман әзірледі. Қазақстанның кәсіптік оқу орындары уақыт қажеттілігін қанағаттандырмады. 1914-1915 жж. оқу жылында 7 орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды. Бұл Ресей жоғары оқу орындары студенттерінің жалпы санының 1%-не де жетпейтін еді. Бүкіл өлкеде бір де бір институт пен университет болмады.

69.Социализмнің тоттық әкімшілік жүйесі және 20ғ40-50жж Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір. Е. Бекмаханов ісі. Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне  қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті:

Адам бостандығын аяққа таптау.

Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.

Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.Жеке басқа табыну үстемдігі.

Мына жүйені таратып айтсақ  халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты.     40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді.1939 жылы партияның XVIII съезінде   Сиалиндік қағиданы  жоспарлау комитетінін басшысы  Н.А Вознесенский  патия стратегиясының басшылығына алатын болып жариялады.20 жыл ішнде халыққа комунизмнің басы басталатынын тұжырымдады.Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:

Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.Ел өндірісі  статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.

50 жылдарда нақты комунизм  өмірі  көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.

50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ажғымды әрекеттер болды:1953  КОКП-ның съезінде Қуғын-сүргіннің ұйымдастырушысы, авантурист Л.П. Берия қамуға алынды.Комунстік партия қатарынан шығарылды.1956 жылы Н.С. Хрушщев КОКП-нің  XX съезінгде «жеке басқа табыну және оның зардаптары » баяндамасы жарияланды.

Баяндама Хрущевтың өзінің әрекеттерін жасырып, Молотов, Каганович,Ворошиловиы қорғады.Баяндама халыққа жарияланбады.Тек 35 жылдан кейін «Известия » газетінде баяндаманы ң толық мәтіні  жарияланды.Хрущевтың бастауымен 1953-1955 жылдары ГУЛАГ жойылып, ондағылар азат етілді.Қорғамды басқару формасы «жоғарыдан төменге » принципіне сүйенді.Ендігі жерде «халық жауы » орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазқстанның қарапаиым мұғалімі     М. Елікбаев Хрущевқа Қазақстанның қазіргі  хал ахуалы туралы  хат жазады. 1957 жылы Елікбаев партия қатарынан шығарылып,жындыханаға жатқызылады. КСРО бойынша «өзгеше ойлайтындар »  саны  90000 ға жетті.50 жылдарда прогресшіл бастамалардың іске аспау себептері:

Саясатты жүзеге асырудың ғылыми негізі болмауыХрущевтан бастап Кеңес басшылығының білімі мен саяси мәдениетінің  төмен болуы.Хлықтың санасының жоғарлатуына ұмтылмауы.

70. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы. Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азияның территориясына жасаған жорықтары еді. Бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен  Алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорықтарына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият дайындалған еді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған монғол отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан хан Қойлықтағы қарақытай наместнигін өлтіруге бұйрық беріп, өзі Шыңғыс ханның қол астындамын деп жариялайды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы  1218 жылы қайта басталды. Найман басшысы Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргенен кейін монғол қолбасшысы Жебе жаршылар арқылы хабарлатып, әскерлерге бейбіт тұрғандардың мүлкіне тиісуне тйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету правосы қайтарылсын деп бұйрық береді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік қазақстан емн орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге «Отырар опаты» деген жағдай себеп болды. Шыңғыс хан Орта Азияға Омар-Қожа Отрари, Жамал Марағи және бақа көпестер басқарған сауда керуенін жіберді. 500 түйесі бар керуенде монғол жансыздарынан қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп дадамы бар керуен 1218 жылы Отырарға келеді. Отырар әміршісі Қайыр хан Иналшық көпестерді жансыз тылшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды.Шыңғыс хан Қайыр ханды қолыма бер деп талап етеді, бірақ хорезмшах бұл талапты орындамай, елшілерін өлтіріп тастайды. Осының өзі Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Шыңғыс хан орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылы қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталды. Отырырға таяғанда монғол басшылары өз күштерін былай бөлген еді: Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түмендер Отырарды қоршау үшін қалдырылды. Жошы бастаған басқа бөлік Сырдария бойымен төмен кетті. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысына қалаларды бағындыру үшін жіберілді. Шыңғыс ханның өзі мен кіші баласы Төле негізгі күштерімен Бұхараға аттандыОтырар  билеушісі Қайыр хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Оның басқаруында, Нисавидің деректері бойынша, не бары 20 мың әскер болған, ал Жувейнидің деректері бойынша хорезмшах оған «сыртқы әскерден» 50 мың әскер берген. Қоршауға алынғанға дейін ол Отырарға Қараджа хаджиб басқарған 10 мыңдық отряд жіберген еді. Отырар бес ай бойы дерлік қоршауда болды. Тек Қараджа хаджиб еңсесі түсіп, «Суфи хан» қақпасы арқылы қаланы тастай қашып, өз отрядымен монғолдарға берілгенде ғана монғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа хаджиб өлтірілді. Алайда Отырар сонда табандылықпен қорғана береді. «Арыстан тәрізді» әскерлер отрядымен Өайыр хан берік қамалға бекініп алды, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт берді. Ол 1220 жылдың февралінде алынды. Қайыр хан қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына әкелінген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалының қабырғасын жермен жексен етіп Шағатай мен Үгедейдің монғол отрядтары Шыңғыс ханға келіп қосылды, бұл кезде ол Самарқанд пен Бұхараның арасындағы жолда болатын. Сырдария жағалауындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның өзінде бірқатар қалалардың  қорғанысында қалалардың төменгі тұрғындарының арасынан шыққандар  басшылық роль атқарды.Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сығанаққа келіп, оның тұрғындарымен келіссөз бастады. Өзінің өкілі ретінде ол соғысқа дейін-ақ монғолдаға қызметке берген мұсылман көпесі Хасан қожаны қалаға жіберді.  Ол тұрғындарды ұрыссыз берілуге азғыруға тиіс болатын, бірақ «жауыздар,тобырлар мен қаңғыбастар» бұған ашынып сатқынды өлтірді де, қарсылық көрсетуге әзірленді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршауға алып, ақырында оны шабуылмен алды да, «кеңшілік пен аяушылық қақпасын» жауып тастап бүкіл халықты қырып тастады. Сырдария бойымен төмен қарай жүрген одан арғы жолында монғолдар Үзкент пен Баршынлығкентті алды. Бұдан соң монғол отряды Ашынасқа жетті, мұнда қала қорғанысын қаланың  төменгі тұрғындары  - «қаңғыбастар мен тобырлар» өз қолына алған болатын. Табан тіресек қарсылық көрсеткеніне қарамастан қала басым күшпен жеңіліске ұшырап, оның тұрғындарының көпшілігі қырылды. 1220 жылдың сәуірінде монғолдар Жент қаласына келіп кірді, бұл кезде оны Хорезм шах әскерлері қалдырып кеткен еді. Жошы келісім жүргізу үшін қалаға оңғыттардан шыққан Шыңтемір дейтін біреуді жіберді. Алайда моңғолдардың жіберген адамын тұрғындар салқын қабылдап, ол моңғолдарды қаладан аулақ әкетемін деп уәде берген соң ғана тірідей қайта оралды. Шыңтемірді қоя беріп тұрғындар қақпаны жауып алды. Моңғолдар қоршау құралдарын пайдаланып, қаланы алды. Қаланың билеушісі болып бұхарадан шыққан Әли қожа тағайындалды. Жошы жіберген басқа бір отряд Янгикентті алды. Осының барлығы 1219/20 жылдарда қыс пен көктемде болған еді. Шыңғыс хан бастаған моңғол армиясының негізгі корпусы 1220 жылы мамырға дейін Орта Азияның Амударияға дейінгі бүкіл территориясын басып алды. 1219-1224 жылдардағы Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.

71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи

XXг басинда Казакстаннин негизги тереторияси алти облистан турди;Сирдария мен Жетису-Туркистан гинерал губернаторинин,ал Акмола,Семей,Орал,Торгай обл-Дала гинерал губернаторлигинин курамина кирди.Ишки Орданин тереторияси Астрахань губерниясина,ал Мангистау Закаспи облисин куради.

1897жБукилресейлик халик санагинин малиметтери бойинша олкенин казирги шекараси шебиндеги тереториясинда 4147,8 мин адам турди,мунин 3392,7мини немесе 81,7проценти казактар болди.Олке халкинин осими озге жагдайлардан баска,негизинен алганда асиресе стольпиндик аграрлик реформадан кейин Ресейден Акмола,жетиису жане Торгай облистарина жаппай агилип келген конис аударушилар есебинен кобейди.XXг басинда олке халки бурингидан да коп ултти болди.Казакстаннин негизги халки ауилдик жерлерде турип жыртылай кошпели мал шаруашилигимен айналисти.Оган мал устаудин жайилимдилик жартилай колда багу жуеси егиншиликпен шоп жабумен жане баскалармен шугилдану тан болди.Казактар жилкикой,ири муйизди мал,туйе жане ешки осирди/XIX-XXбасинда Казакстан егиншиликпен айналису барган сиякти кен таради.1897ж малиметтер бойинша егиншиликпен иайналисатин халиктар арасиндаги казактардин улеси салмаги 55,4 процентке жетти.Сонимен катар Казакстанда негизинен кен казип шигару жане тау-кен заводтик сондай-ак ондеуши касипориндар дамиди.Тау-кен онеркасиби тусти металдар мен темирдин бай кен ориндари пайдаланилип жаткан Алтай мен Орталик Казакстанда оркендеди.XXг басинда мис,алтин темир жане баска казба байликтари шигаратин тау-кен онеркасиби касипориндаришетелдик акционерлик когамдардин колина кошти.1914 ж Риддер рудниги Екибастуз коргасин-мириш заводин курилистари басталди темир жол салинип жатти.Олкенин экономикалик омиринде темир жолдардин болудин зор манизди болди.Ойткени темир жолдар олкенин Ресейдин онеркасип орталиктаримен байланистирип,они жалпиресейлик экономикалик рынокка тартти.Казакстаннин ар турли экономикалик онеркасиптик шикизаттари сиртка шигарилип олкеге фабрик зауит буйимдари буйимдари акелинди.Семей облисинда темир жолдар болмагандиктан су жолдари пайдаланилди.Ертис арк жуктерди Параход шаруашилигимен сауданин батис-Сибир сериктестигинин пароход компаниялари жане баскалар тасиди.1911ж Ертиспен 73 пароход жане 214 бусиз кемелер мен баржилар жузип журди.Олкеде колик арбалар кени нен таради.Олармен Семей-Верный-Ташкент,Оринбор-Гурье,Петропавл-Кокшетау-Акмола жолдаримен жук тасилди.Тау кен онеркасибиндеги ауир жагдайлар жабайи енбек куралдарин катти алсиретти.Олардин жагдайлари жаман болди.Оздерине алаушилик жасап кукиктаринан айирилу колданилган казак жумисшилари ерекше ауир жагдайда болди.Тендей аткарган жумистари ушин казак жумисшилари жалакини орис жумисшиларина караганда едауир кем алди.Осинин бари:томен жалаки,коптеген штрафтар кем олшеп кем есептеу тургин уйдин ауир турмистик жагдайин жаксарту ушин куреске итермеледи.

72. XX ғ. 20-жж. Басындағы экономикалық жағдай ЖЭС ге өту.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салындыы.

Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.   

73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .

Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.

XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.

Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.

«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

74.ХIХ  ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.

ХIХ ғ екінші жартысындағы қазақ әдебиеті Шоқан, Ыбырай, Абай, секілді кқркем ой алыптары бастап іргесін қалаған жазба әдебиет үлгілерімен молыға түсті. Олардың реалистік , демократтық және ағартушылық бағыттағы  дәстүр тағылымы Шәкәрім, Нарманбет, Мәшһүр Жүсіп сияқты ірі ақындар шығармаларынан айқын байқалады. Өнері мен өлең жырлары өзара тең түсіп , халық аузында сал , сері, әнші, сазгер. Ақындар атанған Біржан сал , Ақан сері , Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай т.б өнерпаздар тобының үздік туындылары да осы ғасырдың екінші жартысының үлесіне тиеді .

19ғ  бірінші жартысында қазақ қоғамындағы іргелі қзгерістер , бір жағынан , Қоқан хандығының екінші жағынан Ресей патшалығының қазақ елін отарлау саясаты қатысты өріс алды. Махамбет , Шернияз , Сүйінбай т.б ақындар да тайсақтауды білмейтін сыншылдықты берік ұстанды . Олар өз тұсындағы төре сұлтандардың қазақтарды қанаған ірекеттерін сынады. Сөйтіп бұрынғы от ауызды , орақ тілді Қазтуған , Шалкиіз, Жиенбет, Жанақ, сынды жыраулардың сыншылдық дәстүрін жалғастырды. 19ғ алғашқы ширегінен бастап , Ресей патшалығының отарлауы мен феодалдық қысымдарға қарсы қозғалыстар етек алды. 30жылдардығы Исатай ахамбет көтерілісіне байланысты туған Махамбет , Шернияз, т.б ақындардың жалынды жырлары әдебиетімізді күрескерлік мазмұнын дамытты.Бұл кезенде әдебиетте азаматтық сипаттағы саяси әлеуметтік лирика қалыптасты. Дулат, Шортанбай, Махамбет, толғаулары өзінің өзгеше өжет ерлігімен, оқиғаның естен кетпесжанды көрініс бейнелерімен ерекшеленіп, толғау формасын идея жағынан да жаңартып , жаңғыртты. Шернияз бен Сүйінбайдың арнау қлеңдері де осындай жаңалықтармен өзгешеленді. Сөйтіп, қазақ әдебиетінде бұқарашыл реалистік бағыт өріс алды.Өз тұстарының ішінде халыққа аты көп таралған Шернияз ақын болды.Шернияз жырларындағы заман қайшылықтары Алмажан Азаматқызының шығармаларында да аңғарылады. Тарихта қазақ жыраулары мен шешендері хандық дәуір әдебиетінің басты өкілдері болғаны мәлім. Қазақ даласындаотаршылдық өктемдіктің орнығуы халықтың сол заманға деген наразылығын , ашу ызасын өршіте түсті. Осы кезеңде өз халқының тіршілік тынысын , көңіл күйін терең түсінегн Дулат, Шортанбай, т.б. ақындар шоғыры езгіге түскен ел жұртының қайғы қасіретін тебірене толғады. Өздері өмір сүрген заманға наразы үн күшейіп , ақындардың шығармашылығында «зар заман» сарыны алға шыға бастады.Бұл кезендегі әдебиет осыған дейінгі әдебиеттің заңды жалғасы еді.

75.Кеңес үкіметінің орнауы социолистік ревалюция мен коммунистік идеологияның мәні. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды. 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік жіне солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контррнволюциялықкүштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 ж қарашада Петропавлда Уақытша рев Комитет(төрағасы Дубинин) құрылды.Осы жылы қарашада Орынборда атман Дутов контрреволюциялық төңеріс жасап, үкңмет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басыр алды.  Ең алғаш рет кеңес үкіметі 1917 ж 30 қазанда Перовскіде орнады. 1 қарашада Ташкентте кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады. 1917 ж аяғында торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп, шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде: 1918 ж 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен кеңес орнады. 8 қаңтарда  Ақтөбеде орнады. 15-16 қаңтарда Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. Оралда кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал өңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы сол жылы 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес үкіметін құлатты. Кеңес үкіметі осындай өиыншылықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный Кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж 2-3 наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1917 ж қазан 1918 ж наурыз аралығы Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

76.қыпшақтар:(IX-XIғғ):этносаяси тарихы.Этносаяаси тарихы:қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетілді. XI ғасырдың екінші ширегінде “Оғыз даласының ”орнына “Дешті Қыпшақ” атауы паида болды . Дешті -Қыпшақтың тарихы-географиалық аумағы –Ертістен Днестрге дейінгі жер.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында екіге бөлінді.Батыс Қыпшақ және Шығыс Қыпшақ..Билеушісі-хан.Билікке елбөрі руынан сайлады. Мемлекет екі бөлікке бөліндіОң қанат-орталығы Сарайшық;Сол қанат-орталығыСығанақ.Теңсіздіктің негізі-малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды.Малынан айырылған кедей жатақ деп аталған.Қыпшақтар-XI-XII ғасырларда саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы Әл-Омари(XIVғ.)жазған.Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрады.Шаруашылығымалшаруашылықегішілік.Мәдениеті:қалалардың қалыптасуы, қыш өндірісі , ұсталық , зерігерлік , тоқымашылық , шыны жасау , сұйек өңдеу , металлургияның даму , Жеті суда күміс заттарды шығару .

77.XV-XVIIIғ.қазақ қоғамы: әлеуметтік стратификация, элитарлы топтар Кеңес үкіметі қиындықсыз орнаған Түркістан өлкесінде 1917ж 15-22 қарашада Ташкентте өткен Кеңестердің III съезі мен оның шешімдері де көп жайтты аңғартты. Съезде №1 бұйрықпен Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің орнағаны аталып көрсетіліп, оның 14 адамнан тұратын басшылық құрамы жарияланды. Жергілікті халықтың саяси ұйымының әлсіздігі мен басқару тәжірибесінің жоқтығын сылтауратып, олардың бірден бір өкілі Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамына енгізілген жоқ. 1917жылдың 26 қарашасында Қоқан қаласында мұсылман-ң IV съезі шақырылды. Съезд Түркістан (Қоқан) автономиясымен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес-ң құрамына 32 адам сайланды. Түркістан(Қоқан) автономия-ң президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышпайұлы, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышпайұлы қызметтен кеткеннен кейін М.Шоқай орнына оның президент болды. Осылайша Қазақст-ң оңт. қараша- желтоқсанда қос өкімет пайда болды. Түркістан автономиясы мен оның съезі түркістан-ң барлық азамат-н, мұсылман-ды, еврей-ді, жұмысшы-р мен шаруа-ды, өлкені мекендейтін барлық тайпа-р мен халық-ды, саяси, қоғамдық ұйым-ды т.б. түркістан өлкесі төңірегіне топтасуға, аталған міндет-ді орындауға шақырды.Ташкентте және Қоқанда қос үкіметтің орнауына байланысты революциялық және ұлт- азаттық қозғалыс орталықтары пайда болды. Бірақ Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі басқарған революцияшыл үкімет көзқарастарды жақындату жөнінде шара-р қабылдамай кері қадам- оқшаулану мен ұлт араздығын күшейтуге бағытталған шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1918ж қаңтарда болған Кеңестердің IV өлкелік съезі Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және жою жөнінде шешім қабылдады. Қызыл жұмысшы-р отряд-ры мен Ташкент горнизоның әскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5ақпаннан 6ақпанға қараған түнде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Үш күндік жойқын шабуылдан кейін қала алынып, қала халқы қырғынға ұшыратылды, бүкіл қаланы өрт шалды. Көп шығынға ұшыраған Қоқан автономиясының қорғаушылары мен қала халқының бір бөлігі тауға қарай шегініп, парттизандық соғыс тәсіліне көшті.1897ж санақ бойынша  қаладағы 120мың халықтан 1926ж 69мыңдай адам қалды.

78.1917ж. Қаақстанның оңт.саяси жағдайлар. Түркістан «Қоқан» автономиясының жариялануыҚазақ-ң әлеуметтік құрылымы туысқандық, отбасы-қ, шаруашы-қ, генеология-қ, саяси, әскери, мәдени және басқа адам-р арасындағы сан қырлы қатынас-ға негізделді, олар өмір-ң барлық сала-ында пайда болып, әлеуметтік құрылым-р мен институт-ң күрделі жүйесін құрды. Ақсүйек-ң ішіндегі ең жоғарғы тұратыны төре-р тұқымы немесе сұлтан-р болды. Олар Шыңғыхан-ң билеуші мұрагер-і бұтақ-ның бірінен тарады. Төре термині Шыңғыс ханның ұрпақ-ң ер адам-ына алатын орны мен атқаратын қызметіне қарамастан берілді. Төре тұқымына сұлтан-р тобы Шыңғыс ұрапақ-ы жатқызылды. Атқаратын қызметі: әскери қолбасшы болу. Олардың барінде «хан таңбасы» деп аталатын таңба болды. Төренің артықшылығы туралы ереже-р болды. Сұлтанға тіл тигізгені үшін 26бас мал айыппұл салынды. Өлтірілген сұлтанның құны жеті қарапайым адам құнына тең болды. Қазақ қоғамының барлық қалған мүшелерінен төрелердің артықшылығы оның бтлер соты емес, хан соты соттай алды.  Ақсүйек-ге сейіт-р мен қожа-р жатады. Сейіт-ге Орталық Азияның мұсылман ақсүйек-ң мұрагерлік өкілдері жатады. Олар қазақ даласы мен Орта Азия шектесетін жерінде ислам дінін таратушы болғандықтан халық арасында үлкен беделге ие. Сейіттер әйелдерге ерекше назар аударып қараған, оларды «менің ханымым»д.а. сейіт..дүре соғуға, өлім жазасына кесуге рұқсат етілмеді, жоғарғы билеушілермен қатынастары тең дәрежеде болып, жасаған қателіктеріне мен заңсыз әрекеттеріне ескерту жасай алды. Қожа мұсылман халқ.арасында ерекше топтарының бірі. Қожаның төре мен сейіттерден ерекшелігі олардың ортақ генеологиясы болған жоқ. Олар салықтан босатылды, дүре соғуға және өлім жазасына кесілмеді, тек ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана қожалар жиналысының шешімімен жалпақтығы үш елі белбеумен дүре соғылады. қызметі: уағыз тарату, ислам дінінің этникалық дәстүрін енгізу, зікір салу, бақсы болу, балаларды оқыту т.б. «ақсүйекке» жатпайтын халықтың қалған түрі «қара бұқара халық» деп аталды.

79. Қазақстанның археологиялық деректер бойынша сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:

  1.  Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.
  2.  Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен  Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар).     Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар).                                                      Мекені: Мургап аңғары.Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды.Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:Жауынгерлер-қызыл түс.Абыздар-ақ түс.Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.                    Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Шаруашылығы: б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді:   Көшпелі мал шаруашылығы – батыс және орталық Қазақстанда.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның  бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.Отырықшы мал шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес  өзендерінің бойында.Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандық ірі қара аз өсірілді.Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру. Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен  айналысты.Ерекше суару жүйесі бар егістік  аймақтар – Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен өолөнер жоғары дәрежеде дамыдыды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің  бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы.  Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген. Үйсіндер: Архелогиялық екерткіштері, орналасуы, шаруашылығы.Археологиялық ескерткіштер. Үйсіндер оалары салынған уақытына қарай үшке бөлінді: 1) Ерте қорымдар:Қапшағай,Өтеген,Қызылеспе,Қызылауыз,Қызылқайнар.Ерекшелігі: солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп салынған, әр тізбекте 5-6 оба бар.2) Орта кезең қорымдары: Өтеген – Қарлақ, Қаратума, Тайғақ, Алтынемел, Талғар, Ақтас.Ерекшелігі: жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.3) Соңғы кезең қорымдары: Қапшағай, Шолақжиде,Қалқан.Ерекшелігі: тізбексіз және жүйесіз салынып, қабірлер лақатталып қазылған.Үйсіндердің алғашқы қоныстары Шу алқабында, Қырғыз Алатауының сілеміндегі құлан ауылы маңында салынған. Қаратал кезеңі: (Б.з.бІІІ -Іғ.ғ)Үйсін мәдениетінің дамуының бастапқы сатысы: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай, Үңгірқора Қызылеспе, Бесшатыр Өтеген, Қалқан, Ақшқы, Беғаш, Сарытғай, Кеңсай, Бурака, Шелпек.Жетісу кезкңі: (І-ІІІғ.ғ)Үйсін мәдениеті эволюциясының маңызы: Талғар, Ақтас, Сарытау, Ақшоқы, Ұзынбұлақ, Алтынемел, Қызылқайнар, Күрті, Қараша, Ащысау, Шошқалы.Іле кезеңі (б.з.ІІІ-Үғ.ғ) Үйсін мәдениеті дамуының кейінгі сатысы: Ақтас, Үңгіртас, Шолақжиде.Орналасуы: Б.з.б ІІғ үйсін тайпалары орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. Б.з.б. 160ж үйсіндер тиграхауда сақтарының жерін мекендеді. Үйсіндердің негізгі орналақан жері –Іле даласы. территориясы: Шу мен Талас өзендері-Қартау-Тянь Шань тауы-Балқаш көлі- Ыстықкөл. Мемлкет үшке бөлінген:  Шығыс, батыс, орталы (Б.з.б 73ж бұрын)Астанасы Чегучен(Қызыл Аңғар) қаласы. (Ыстықөл жағасы).Шаруашылығы:Үйіндер аруашылығның ерешелігі- мал шаруашылығы егіншілікен ұштастырыла жүргізілді. Мал шарашылығы үсіндер өмірінде маңызды болған, әсіресе жылқ өсіруге ерекше өңіл бөлген. Бай үйсін 4-5мың жылқысы болды.Байлықты негізгі өлшемі-жылқы саны. Үйсіндердің егін шаруашлығымен айналысқандығын суару жүйелерінің болғандығы дәлелдейді. Қарапайым суару жүйелері жоңғар алтауы, Шу Іле бойындағы Шу аңғарында, Қырғыз алатауының Талас аңғарында абылды. Б.з бас кезінде үйсіндерде тырықшылқ болып, ал б.з. ІІІ -Ү ғасырында бау бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түріндеодан әрі дамыған. Үйсіндер мыс, қорғасын қалайы, алтын кен орындарын пайдаланған. Темірді балқытып пышақ, семсер, қаншар, жебе ұштарын жасаған.

Қаңлылар, орналасуы, шаруашылығы және археологиялық ескерткіштері.

Б.з.б. II ғ халықтардың ұлы қоныс аударуы оқиғасының нәтижесінде орталық Азияда п.б. мемлекеттік бірлестік.  Орналасуы: Б.з.б Қ-ның оңтүсігіне қаңлылардың тайпалы бірлестігі құрылды. (Б.з.бІІІғ немесеІІғ соңы). Территориясы: Қаратау жасы-Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі атамекені- Сырдария өзенінің орта ағысы. Асанасы –Битьян қаласы. Халқы-600мың, 120 үй. Билеушнің тулы-Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның үш уәзі атқарған.  Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Қаңлы туралы мәліметер б.з.б ІІ ғасырда Қытай деректерінде кездеседі. Археологиялық ескерткіштері. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарды қазба жұыстарын жүргізіп, көпдеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды қауыншы, отырар-Қаратау, жетіасар археологиялық мәдениттері деп бөлді. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің жақсы зерттелегн есеркіші-Сырдария жағалауындағы Шардараа таяу орналасқан Ақтөбе қонысы. Отырыр қаратау мәдениеті- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаатау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бұл мәдениет ескертіштерінің маңызды орталығы-отырар алқабы. Арыс өзенінінің  сол жағалауынан жиырма шақты төбе табылды: Шаштөбе, Қостөбе, Мардан, Сейітман төбе, Шлтөбе. Ең үлкені-Көкмардан. Бұл қоныстан балшытан жасалған кеспектер табылды. Онда тары, кріш, бидай, арпа, ақбұршақ сақталған. Жетіасар мәдениеті –Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл б.з.б І мыңжылдығының ортасы мен б.з І мыңж.ортасы аралығындағы Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мәдениет. Шаруашылығы: Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы-көшпелі мал шауашылығы. Асты байлығы-мал. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал жайылымы орталық Қ-н далаларына дейін жетті. Қыстаулары-негізінен Сырдария бойы. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қаңллар жеріндегі металл өндірсінің орталығы-Шаш-Илақ аймағындағы қоныстар ежелгі Құлата қаласы-металл өңдеудің ірі орталығы.

Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыды. Б.з.ІІ-Үғ қаңлылар күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындған. Қаңлыларда сүйек ұқсату ісі дамыған, сүйекиен пышақ, қанжар, семсерлерге қын жасаған. Қаңлылар ұлы жібек жолының бір тармағын бақылап отырды: Сырдария-Жайық-Еділ бойы-кавказ-Қара теңіз. Отырар алқабындғы  Мардан қорымдарынан Қытай теңгелері, Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа қорымынан кушандар мен сасанилердің теңгелері табылды.Қаңлылар Иран, Сирия, Үндістан, Қытай, Қаратеңіз жағалауындаңы елдермен сауда қатынас жасаған. Ғұндар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

Саяси тарихыБ.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды. Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған. Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б. 228-174ж.ж.) батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін  жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, « Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн  одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы – 1,5 млн. адам.Б.з.б. 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:

  1.  Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды (шаньюй Хуханье).
  2.  Солтүстік ғұндар Монғолияның  солт.батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи-чжи Оңтүстік және солтүстік арасындағы  өзара  қырқыстан кейін, Чжи Чжи басқарған солт. ғұндар  Солт. Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.Б.з.б. 47ж солт. ғұндар Тянь Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.

Чжи Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара жанжалдасып, Чжи Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына кетіп, екі жыл бойы сол жерде қала салдыртты (б.з.б. 37-36 ж.ж.).

Чжи Чжи өз қаласын қорғауда Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды. Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың  салдары:Ғұн әскері талқандалып, қала қиратылдыЧжи Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп, қатал жазаланды.1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы Ферғана және үйсін билеушілеріне сыйлыққа берілді.Б.з. 93 ж ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.Б.з. IV ғасырда оңт.Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды.Ғұндар тарихы, әсіресе, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. V ғасырдың ортасы Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бурнгундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған.Еділ патша  тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасадыҒұндарды әскери демократиялық құрылыс нығайды.451 ж Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты452ж Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды.453 ж Еділ қайтыс болғаннан кейін ғн империясы ыдырай бастадыҚазақ ғалымдарынан Атила (Еділ) туралы алғаш рет  жазып, ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов. «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырым жасаушы Мағжан Жұмабаев.Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңт.Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты – монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысы).Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс кезең.ШаруашылығыҒұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орынды алды.Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М.Қашғари (ХІ ғ.) ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспанасы киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан.

Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шаруашылығы деп сипатталады.Мәдениеті

Ғұн, үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі  дамытушы болды. Мемлекеттердің жас уақытынан бері темірден жасалған бұйымдардың, қарапайым тігін станогының  және аған өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші болды.

Ғұндарға жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істегі тас қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Осылайша қаруланған  олар қарсыластарын талқандап, қалаларды оңай жаулап алды.Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі үлкен күйме арба. Оған өгіздер мен түйені жеккен. Үлкен арбаның ішіне иесінің жағдайына қарай төсеніш және киіз төселген. Түтілген жүн осы жерде өндірілсе, жібек матаны Қытайдан малға айырбастап әкелген.

Қазіргі таңдағы тарихшылардың ғұн үйсіндерді қаншалықты отырықшы мәдениет өкілдері деп сипаттағанымен, б.з.д. І мыңжылдықта ғұн үйсін этносы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелілердің перифериясы  негізінде қыстау тұрақтар ретінде, отырықшылар мен жер өңдеушілерің оазистері болды. Кейбір тұрақтар бекініс қалашықтар түрінде болды. Мысалға ғұндарда Сібір тұрақтары. Рим тарихшысы Прийск Паннониядағы Аттиланың ордасын сипаттады. Оның айтуы «алып қала», «сарайдың көлемі мен бірдей биік дуалмен қоршалды». Бұл бүкіл варвар әлемін қолында ұстаған Аттииланығң сарайы болған және жаулап алған қалаларды да бұндай сарайға айналдырғысы келді. Ерте көшпелілердің бейіттері өзеннің  жағасында орналасқан. Олар көш қоныс бойында салынып, көбінде кішігірім қорғандардан тұрды. Ғұн кезеңінің «дың» типтес ең әйгілі ескерткіш кесенелері: Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Домбауыл, Теке.  

80. Қазақстанда отарлау режимин орнықтыруға бағыттылған патшалық реформалар.Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 ж Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғ 60 ж – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды: Батыс облысы, орталығы – Торғай; шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы. Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 ж – Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 ж 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін өз пікірлерін  ұсынды. Халықтың өзін - өзі басқаруы негізінде құру. Әлеуметтік – экономикалық жаңалықтар енгізу. Алайда Ш. Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 ж 11 шілде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 ж 21 қазан – «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережеге» бекітілді. Әкімшілік басқару құрылымы. Генерал – губернаторлық (басқарушысы - генерал) : Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан. Облыстары (басқарушысы әскери-губернатор) : Орынбор, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария. Уездер (басқарушысы уезд бастықтары) : Орал, Атырау, Көкшетау, Елек, Түркістан, Баянауыл, Қапал, т.б. Болыстар: 1 – 2  мың, кейде 3 мың шаңырақ, (басқарушысы – болыс сұлтаны). Ауылдар 100 – 200 шаңырақ; (басқарушысы – ауыл старшыны).  Әкімшілік басқару құрылымы 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кері әсер еткен буыны - әкімшілік ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды. Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уезд бастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал – губернаторлар тағайындады. Генерал – губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды. 1870 ж Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 ж Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал – губернаторлығы Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді. Әскери – губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице – губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру. Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық Әскери – губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды. Әкімшілік басқару әскери сипатта болды: Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді. Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді. Реформаның басты қағидасы - әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы. Сот ісін басқару құрылымы: Әскери сот комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар соты. Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери – уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери – губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты – отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ескі шариғаттық салттаодың шектелуі. Реформа нәтижесі: Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты; феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады; таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптасабастады; отарлық басқару күшейді; қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды; орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. 1867 -1868 жж реформалар екі жылға уақытша енгізілгенімен, бұл «тәжірибе» 20 жылға созылды.     

81. Қазақ ауылын отырықшыландыру мен ужымдастырудың қайғылы нітижелері. 20ғ 30ж ашаршылық.Партияның ХV съезі ауыл аруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.(1927ж.желтоқсан) негізгі ұстанымдар: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932ж.көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж. Алғ. МТС-тер құрылды ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8000 жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңшылдықтар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:

-  қатал жаппай қуғынлаумен террорға негізделді.

-  даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

- әкімшілшк күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

- шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.

Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырд: 1928ж.-2%, 1930ж.- 56,4%, 1931ж.қазанда – 65%. Азық-түлікпен қамт/з етудің қиындауына байланысты 1929ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: шұбартау ауданында малдың 80%-і мемлекетке өткізілді. Балқаш ауданында 297 000 малға салғырт салынды. (ауданда 173 000 мал болған). Торғай ауданында 1млн.мал басынан салғырт салдарынан 98 000 ғана қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды.колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатаң жазаланды: 1929ж.56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931ж. 5500 отбасы жер аударылды. 1929-33жж. ОГПУ (бшріккен мемлекттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386адам, 3-10жыл концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1933ж. Саяси басқарма үштігі 21 000 адамды қамауға алды.

1930ж. 30мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110 000га жер бөлді.мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-32 жж. Аштық жайлады. 1932ж.ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-і , жекешелердің 51,8%-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5млн. Мал болса, 1933ж.1қаңтарда 4,5млн мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: 1930ж. – 313 000адам, 1931ж. – 765 000адам, 1932ж. – 769 000 адам қайтыс болды.

1930ж.қаңтар – 1931ж.маусым аралығы – 1млн. 70мың адам Қытай,Иран,Ауған жеріне көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары:1930-33жж. 2,1млн.адам қырылды(барлығы 6,2млн.адам)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж.ғана қалпына келтірілді.

1930-32жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.

Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы  Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу  өзенінен шығысқа қарай  орналасқан бес тайпаНушиби  -  Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпаҚоғамдық құрылымы

Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған

  1.  Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)
  2.  Бек (ру,  тайпа басқарушысы)
  3.  Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)
  4.  Тұдын (салық жинаушы)
  5.  Қара бұдын (қарапайым халық)
  6.  таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін  Шығыс  Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.

Қағанаттың күш-қуаты  Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар  жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.

704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

Қарлұқ мемлекеті(756-940ж.):этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.

Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті.  756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.АстаналарыСуяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан  жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап,қарлұқтар бостандығын мәлімдеді.Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр.Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар Алатауы,Сырдарияның орта ағысы,Балқаш Ыстықкөл,Іле,Шу,Исфиджаб,Отырартөңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған:Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б.IXғ.аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады.Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанатыөмір сүруінтоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе кедейлері.

Сырдариядан,Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді.

83. 20ғ.бас. қаз\ғы қоғамдық-саяси элитасы : Алаш қоғалысы. Азамат соғысынан кейінгі қиыншылықтар  Қ-нның едәуір бөлігін қамтыды . 20 ж.ж ашаршылықтың , 1921 ж. Астық салығы жүргізудегі  наразы шаруалардың ,  Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтерілісі  салдарынан онан сайын шиеленісе түсті . Қозғалысқа неғұрлым тән ұрандар «Комунистерсіз Кеңестер үшін », «Ерікті  еңбек және ерікті сауда үшін » болды .  Азық түлік салғыртын енгізгеннен кейін  ғана кеңеске қарулы күрес  бірте бірте  тоқтады .  1921 ж.  Қаңтар ақпанда  Қазақ АКСР 6509 ауылдық , селолық , поселкелік  Кеңестер сайлауы болып өтті .  Кеңестер сайлауы  еңбекшілер қалың бұқарасының  қоғамдық саяси белсенділігін  көтеру үшін қолданды .  Өлкенің қоғамдық саяси өміріне Қ-н облыстық бірінші партиясының  конференциясы  көрнекті орын алды .  Ол экономиканың  аса маңызды мәселесәмен бірге  қоғамдық саяси өмірдің проблемеларын талқылады .  

20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірінде  шаруалардың бұқаралық ұйымдары : қосшылар одағы, шарком және жұмжерорман  одақтары  маңызды орын алды .  Бұл одақтар  бір жағынан Кеңес өкіметі мен  Коммунистік партияның , екінші жағынан  миллиондаған  шаруалар бұқарасының арасындағы  байланыстырушы буын болып  табылды . 20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірін айтқанда  қайғылы ерекшелігі мынада болды : Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық  аппараты  халық зердесін жоюға ,  бұл зерденің  иелері  ұлттық интелегенцияның  көрнекті өкілдерін  қыруға бағытталған  кең көлемді  шаралар жүргізе бастады .  20 ж.ж  екінші жартысында Қ-нның қоғамдық саяси өмірі күрт өзгерді . 1925  ж. Желтоқсанда өткен өлкелік  партия өкіметінің V  конференциясының  Ауылды кеңестендіру туралы  шешімі тап күресінің  шұғыл шиеленісінуіне түрткі болды . Республикада  Кіші Қазан  төңкерісін өткізу  үшін идеологиялық  негіз жасалды , бұл күшпен ұжымдастыру  және  1937-38  жж . жаппай жазалау дәуірінде қазақ  халқын  құлақ есітпеген  қайғы қасіретке  ұшыратты . 1937-38  жж. Қ-нның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов , Н. Нұрмақов , С.Қожанов, О. Жандосов , А. Асылбеков , Ж. Сәдуақасов  З. Төреғожин  және  басқа да  көптеген адамдар  өтірік жаламен жазаланды .  Ә.  Бөкейханов , А Байтұрсынов ,  І . Жансүгіров ,  Ж. Шанин  т.б. жазықсыз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп 20 – жж. мен 30-жж.  қоғамдық саяси  өмірдің  барлық саласында бекіді .Өлкедегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер , Қазақстанға  Одақтас  республика  дәрежесін  беру , мәдени құрылыстағы ,  халық ағарту ісіндегі  және ғылымдағы  табыстар  тоталитарлық жүйенің  қатаң  идеологиялық қыспағында өтті .  міне, осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді

20ғ. бас. Қаз\ғы саяси партиялар мен қозғалыстар.   Тыл жұмысшыларының  орыс жұмысшыларымен ,  орыс жұмысшыларымен , солдаттармен  қарым қатынаста болуы  олардың саяси санасының  өсуіне ықпал етті .  Олар туған жерлеріне түрлі  саяси партиялардың  мүшесі  болып оралды .  Мыс: Верныйда- «Қара  жұмысшылар одағы » (жетекшісі  Жүсіп Бабаев ) Сергиөпілде (Аягөз)- «Солдаттардың  орыс мұсылман  ұйымы » Петропавлда –«Жас арбакештер ұйымы » Жастар ұйымдары құрылып , белсенді жұмыс жүргізді : Әулиеата мен Меркеде –«Қазақ  жастарының революцияшыл одағы » , Ақмолада- «Жас қазақ » ұйымы , Петропавлда- «Талап» ұйымы  Спасск зауытында –«Жас жүрек  »  ұйымы , Қазақ зиялылары құрған  қозғалыстар 1905 жылы- «Алаш» қозғалысы , 1917жылы  – «Алаш » партиясы  . Әлеуметтік негізі  капиталистік даму жолына  бағыт алған зиялылар . Мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден азат ету , Автономиялық ұлттық мем-т құру . Бағыты – реформистік капитализм жолы .  Жетекшісі - Әлихан Бөкейханов . Мүшелері : А . Байтұрсынов , М. Дулатов , Ш. Құдайбердиев , М. Тынышпаев , Ғ . Қарашев , С. Торайғыров , Х. Ғаббасов , Ә. Ермеков , ағайынды Досмұхамбетовтар . «Алаш» партиясы жетекшілері  Қазан төңкерісін , Қазақ мемлекеттігін  кеңестік негізде  құру идеясын қабыламады .  1917 жылғы күз –«Үш жүз» партиясы құрылды . Жетекшісі – Көлбай Тоғысов . Мақсаты  большевиктік бағыт ұстау . 1917 жыл- Ақпан төңкерісінен кейін  Семейде , Петропавлда , Қостанайда , Оралда , Өскеменде  Кадеттер ұйымы құрылды .  Мақсаты : бөлінбес ,  біртұтас  Ресей  конс. Монархиясын құру , қоныстандыру саясатын құру .  1917жылғы көктем  - өлкеде эсерлер  ұйымы құрылды .  Мақсаты:  Жерді шаруаларға беру , жер  бүкіл  халықтың  меншігі ұранын көтеру .  Патша өкіметінің  отарлау саясатын айыптау .  Ақпан төңкерісінен кейін  Қазақ өлкесінде  көппартиялы жүйе құрылды .   Билік жолында күрескен партиялар  мен ағымдар  дағдарыстан шығудың  алуан бағдарамаларын  ұсынды.

84.Қазақстанда Кеңес мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері. ҚАКСР мен ҚКСР ның құрылуы. Жұмысшы шаруалар кеңестерінің орталық пен жер жердегі үкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж қарашасында Торғай облысының әкімшілік ортвлығы Орынборда қалыптасты. Мұнда Орынбор кзактары әскерінің атаманы Дутов кеңес үкіметін құлатып Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алады.Кеңес үкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917 ж 1 қарашасында Жетісу казактары әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Кеңес үкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемелекеттердің белсенділік көрсетуіне орай, 1918 ж жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші Чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро  венгртя тұтқын солдаттары чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері рев ға қарсы ішкі күштермен қоян қолтық бірлесіп, Ақмола, петропавл, атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918 ж2 маусымында Семейдегі Кеңес үкіметі құлатылады. Сол жылдың жазында аөгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын Торғай облысынң көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Азамат соғысы өршіп, етек алған Қаз аудандарының көпшілігінде кеңес үкіметі құлатылған алмағайып жағдайда, Алашорда Орынбордағы Дутовпен одақтасып, Омбыдағы Сібір Уақытша үкіметімен жіне Самарадағы Құрылтай жиналысының комитетімен тіл табысып түсінісіп, Орал мен сібір, Жетісу казактары мен байланысты күшейтіп, Кеңестерге қарсы тізе қосып күреспек болады.Азамат соғысы жағдайында Қызыл армияны құру ісі ойдағыдай жүзеге асырылды. Орыстармен бірге Қызыл армия қатарына қазақ еңбекшңлерң де бара бастайды. Бүкілресейлік атқару комитетінің 1918ж мамырдағы жарлығымен әскерге ерккімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылады. 1918 ж жазында бәрыңғай \қызыл армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдері құрыла бастайды. Қызыл армияның Қаз территорияындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей ордасы мен Торғай облысының Кеңестік уездері табан тірер негіз болды.1920 ж 26тамызда РКФСР Бүкілресецлік Орталық атқару комитеті мен Халық Комисарлары кеңесі М.И. Калинин мен Ленин қол қойған РКФСР құрамында, асатанасыОрынбор қаласында болатын «ҚырғызКеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдады. 1920 ж 4 12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қаз Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдайды, ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз АССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекшң қазақ халқының шаруалар, қазақтар, Қызыл әскерлер депутаттары кеңестерінің республикасы ретінде бекітті.  

85.Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдары. Абу Насыр Аль Фараби, М. Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Ж. Баласағұни және т.б   “Оғыз-нама” эпосы ел арасында кең таралып,

XIII ғ – Рашид ад дин, XVIII - Әбілғазы көшірген. “Оғызнама” жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады. VII ғ жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғғ ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Жүсіп Баласағұни XIғ. “Құтты білік” дастанын дайындауға отыз жылын арнап, бір жарым жылда жазып шыққан. (1069ж) Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді. Махмұд Қашғари XIғ. 1072-1074 жж жазылған “Диуани лұғат ат түрік”  атты еңбегі тілтану ғылымына  үлкен үлес қосты. Бұл шығарма – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еібек ғалым А.Егеубайдың аударуымен 1997-1998 жж қазақ тілінде жарық көрді. Қожа Ахмет Иассауи XII ғ Сайрамда дүниеге келіп, Ясссыда қмір сүрген. Ұстазы Арыстан  Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы – сұпы болған. “Диуани Хикмет” (“Даналық кітабы”) шығармасы – тарихи этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа “Мират ул - Кулуб” (“Көңіл айнасы” ) және  “ Пақырнама” деген еңбектері бар.  Сүлеймен Бақырғани XIIғ. “Дүниенің ақыры” еңбегінде тәңірге сенімді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. “Диуани Хикмет” және “Дүниенің ақыры” еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды. Ахмет Игунеки “Хибат ул -хакайк” дастаны он төрт тараудан тұрады: білім, әдеп, адамгершілік еңбек туралы.

  Әбу Насыр әл-Фараби “Ғылымдар энциклопедиясы”, “Ғылымдардың шығуы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы”, “Жұлдыз бойынша болжаулар”,   “Ваккум туралы трактат” және т.б. Әбу Райхан әл – Бируни X-XI ғғ.  150 ге жуық еңбек жазған. “Ежелгі халықтардың хронологиясы”, “Астрономияның кілті” т.б. еңбектері бар.

86. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары немесе негігі кезеңдері. Хандықтың құрылуының алғы шарттары. Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті – Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен – Бұғаның билігіне мойынсұнбады. Сондықтан, XV ғ 40-50 ж олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 ж Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзкент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. XV ғ 20 жылдарынан бастап ойраттар Жетісуды жиі шабуылдай бастады: жайылым қажеттілігі; сауда орталықтарына ұмтылу. XV ғ 50 ж ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 ж Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларының Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. XV ғ 50 жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады (200мың адам). Халық Жетісудың батысына, Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Саяси тарихы. Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен – Бұға Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен – Бұғаның мақсаты: Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану. Ойраттар шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау. 1465 – 66 ж Қазақ хандығы құрылды. Хандықтың алғашқы территориясы: Батыс Жетісу, Шу, Талас өңірі. Хандықтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек. Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, оңтүстік және батысында Темір ұрпағының мемлекеті және Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Жас мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жәнібек хан Моғолстан ханымен достық қатынаста болуға ұмтылды. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынан еш нәтиже шықпады. 1468 ж Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр кенеттен қайтыс болды. Бұдан кейін Жәнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті – Қыпшақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық және стратегиялық маңызы күшті болды: Сауда байланыстарының орталығы; мықты бекіністі қалалар; құнарлы жерлері бағалы қыстаулар. Шығыс Дешті – Қыпшақтағы шайбанилер әулетінің билігін қайта орнатуға ұмтылған Мұхаммед Шайбанидің көздегені де осы жерлер болғандықтан, екі арада жаулаушылық соғыстар басталды. Құлдырау жағдайындағы Моғолстанның билеушілері Жүніс пен оның үлы Сұлтан Махмұд Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін жанталасты. Бұл күрес отыз жылға созылып, Бұрындық пен Қасым хандар тұсында жеңіспен аяқталды. XV ғ 70 ж – Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудың Соғынлық асуында ірі шайқастар болды. Йассы мен Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхаммед Шайбани басып алып отырды. Осы кездегі біріккен қазақ қолын басқарған – Бұрындық хан XV ғ  80-90 ж Сыр бойындағы Сығанақ, Йассы, Аркөк, Сауранды өзбектер мен қазақтар кезекпе – кезек алып отырды. 1480 ж қазақ хандығының жағына Моғол билеушісі Жүніс келіп қосылды. 1482 – 1485 ж Жүніс хан ташкент пен Сайрамды жаулады. 1495 ж Іле Алатауы етегінде өзбектер жеңіске жетіп, Сыр бойындағы қалаларды иеленді. XV ғ аяғында ұзаққа созылған күрестің нәтижесінде: Қазақ хандығының иелігі – Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары. Мұхаммед Шайбани иелігі – Отырар, Йассы, Үзкент, Аркөк қалалары. Моғол ханы Махмұд сұлтан иелігі – Ташкент, Сайрам қалалары. XV ғ аяғындағы Қазақ хандығының территориясы: Батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау Аймағы, Сырдария, Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі. XVI ғ басы Қазақ хандығы Ақ Орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді. Жошы ұрпағы Астрахань, Сібір, Қазан хандықтарына кетті.

 87. Тұтас Түркістан идеясы . М. Шоқайдың қызметі. Мұстафа Шоқай 1890 жылы қаңтардың 7-сі күні Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария округіндегі Наршоқы ауылында дүниеге келген. Тарихшылар Мұстафа Шоқайдың атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы ел арасында атақты би болған деседі.
Мұстафа Шоқай қазақ тарихында саяси қайраткер, түркі халықтарының біртұтас идеясының авторы және сол үшін күресуші ретінде аты қалды. Ол Кеңес Үкіметі кезінде халық жауы атанып, қуғынға ұшыраған, күні кеше ғана есімдері ақталып, халқына оралған Алаш қайраткерлерінің бірі. Кеңес Үкіметі тұсында Мұстафа Шоқай есімін атау қылмыспен пара-пар болды дейді М.Шоқай өмірін зерттеп, көркем фильм түсірген режиссер Сатыбалды Нарымбетов. - Мұстафа Шоқай бейнесі ұзақ жылдар бойы тарих күлінің астынды көміліп келді. Қазақ интеллигенциясын, қазақтың атпал азаматтарын Голощекин бір қырса, оның алдындағы жүйе бір қырды. Қазір жаһандану деген шықты. Мен зерттеу барысында байқағаным, М.Шоқай сол өткен ғасырдың 17-18-ші жылдары-ақ жаһанданудың келе жатқанын біліп, жасыл тудың астына бүткіл түркі тектес халықтарды жинағысы келген. Өкінішке қарай, ол Түркістан мемлекеті 62-ақ күн өмір сүрді де, ұлы арман іске аспай қалды. Шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Әйтсе де, ол күресті шетелде жүргенде де тоқтатқан жоқ. Парижде жүрген кезде ол «Яш Түркістан» журналын шығарды.
Мұстафа Шоқай өмірін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан ғалым, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қарадан қайраткердің көпшілік біле бермейтін тұлғалық ерекшеліктері жөнінде сұрап едік.Қазақстанда М.Шоқай бейнесін көпшілікке экран арқылы танытуды мақсұт тұтқан мамандар жоқ емес. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмінің премьерасы өтті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, фильмнің басты мақсаты - М.Шоқайды қоғамда қалыптасып қалған, жаттанды образынан аршып, ұлт мұратын көксеуші қайраткер ретінде таныту болыпты.
Қағазға жазып елестету бір бар да, өндіріске әкеліп, соны түсіру процесі бір басқа. Көп ойларым қаражатқа байланысты іске аспай қалды. Бірақ, ең бастысы Мұстафа Шоқай бейнесін өзіміздің ұрпаққа таныстыру мақсатым орындалды деп айта алам.
«Қазақфильм» киностудиясы жақында ғана 40 минуттық Алашорда туралы деректі фильмінің монтажын аяқтапты. Дегенмен Мұстафа Шоқайдың өмір дерегіне қатысты көп мәліметтер айтылмайды, себебі, М.Шоқайдың қайраткерлік бейнесі жеке деректі фильмді қажет етеді дейді фильмнің сценарисі, журналист Болат Мүрсәлім.
- Басында Мұстафа мен Әлиханды кезіктіріп, Қоқан автономиясы мен Алашорда Үкіметінің қарым-қатынасы жөнінде дүние жасау ойымызда болған. Деректі фильмнің бюджеті де, көлемі де көтермейді. Айналдырған 40 минуттың ішіне екі автономияның қызметін қатар сыйғызып, алып жүру мүмкін болмады.

Мұстафа Шоқайдың бейнесі көптеген ғалым, мамандардың айтуынша, ол туралы түсірілген фильмдерде анық ашылмаған. Ал Болат Мүрсәлімнің ойынша мұндай кемшілік тіпті тарихи зерттеулерде де кездеседі.Фильмдердегі басты кемшілік, сондай ақ, тарихшылардың еңбектеріндегі басты кемшілік – М.Шоқайдың 17-ші жылғы Қоқан автономиясын құру кезіндегі күресі мен кейінгі Еуропадағы эмиграциядағы күресі екеуінің айырмашылығын ашып бере алмайды. Мұны тек қана Мәмбет Қойгелдиевтың еңбектерінен ғана оқуға болады. Шоқай 17-ші жылғы құрғысы келген автономия ол Ресейдің құрамындағы автономия еді. Кейінгі тұтас Түркістан идеясы - Кеңес Үкіметі Түркістан халықтарына бостандық әпермейтініне көзі жетккеннен кейінгі тәуелсіздік жолындағы күрес еді. Бірінші күресте автономия деңгейіндегі бірлікті айтса, екінші жолғы күресте мүлде тәуелсіздік жолындағы күрес болды. Мұстафа Шоқай 1941 жылы желтоқсан айында Берлиндегі бір ауруханада 51 жасында, жұмбақ жағдайда  қайтыс болған. Оған біреу у беріп, улап өлтірді деген де болжам бар. Кейбір тарихшылардың айтуынша, Мұстафа Шоқай сүзек дертінен көз жұмған

88. Түрік қағанаты (552-603ж)Түріктердің этногенезі  және түркі мемлекетінің қалыптасу кезеңдері.Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. 535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады. Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.«Түрік» атауы алғаш рет  542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы  - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек  жолын өз бақылауында ұстады.Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады.Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:Ішкі тартыстарКөрші елдермен соғысОсы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

89. XIV-XV ғғ. Қазақстан мәдениеті (фольклор, жазба ескерткіштер, архитектура).Қазақстан аумағында  XIV-XV ғғ. түркі тілі негізгі тіл болды. Ал монғол тілі таралмады.  XIV-XV ғғ. қыпшақ тобындағы қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп шықты. Cыпыра жырау – XIV ғ. ноғай-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Батыс Қазақстанда өмір сүрген. Сыпыра жырау туралы «Ер тарғын» жырында «тоғыз ханды түзеткен кісі» деп, «Телағыс» жырында ноғайлылар-дың өзара қырқысын өршітпей, жеке басының беделімен жаулаушы жақтар-ды бітістіруші деп жырланады. «Едіге» жырында 180 жасқа келген халықтың ақылшысы ретінде сипатталады. Сыпыра жырау Тоқтамыс пен Темір арасындағы тартыстарды жырлаған.Асан қайғы – қазақ хандығының насихатшысы,  « көшпелілер философы» атанған жырау, жырау күйші, «Қырында киік жайлаған» толғауында өзара қырқысқан Алтын Орда хандарын сынайды. Ол – Алтын Орда ханы Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі. «Жерұйықты» ізлеп, Сарыарқаның бел ортасы Ұлытауда дүниеден қайтты.  Күйлері: «Ел айырылған»,  «Желмаяның жүрісі», «Зар», «Асанқайғы».Қазтуған Сүйінішұлы – жырау, күйші, шешен, әскербасы, батыр. Оның шығармалары туған ел, әскери тұрмыс туралы («Алаң да алаң, алаң жұрт). XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында «Едіге батыр» эпосында Едіге мен Тоқтамыс арасындағы күрес баяндалады. XIV-XV ғғ. «Қобыланды батыр» эпосында қара қыпшақ Қобыландының қызылбастармен (парсылар) соғысы баяндала-ды. Осы кезде «Алпамыс» жыры шықты.

90.I және  II   Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы  мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық – территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттыұ мемлекетінің өмірге келгенін  жария еткен  Екінші  Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік  өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде  Алашорда  үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде  қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз .    Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай  Қазақс-да да ең өзекті ұлт өміріне  қатысты мәселелерді шеше алмаған  әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы  оның арты бүкіл  империяны  қамтыған  анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

АААА

5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

40. Алтын Орданың этносаяси тарихы

43. Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.

50. А. Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19ғ 2 жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы.

45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.

ББББ

12.Бүгінгі кезендегі Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары

82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.

ГГГГ

66. Голощекиннің кіші қазан идеясы. Қазастанда индустриализациялауды жүзеге асырудың ерекшеліктері

ҒҒҒҒ

1. Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі

ЕЕЕЕ

16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.

ЖЖЖЖ

37. Жүздер және  қазақтың ру-тайпалық құрылымы

ИИИИ

31.  ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.

62. И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бас-н Бөкей ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс

КККК

25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.

27.  КСРО ның құлауы және ТМДның құрылуы. Алматы декларациясы.

28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері

41.Кіші және Орта жүз қазақтарыңың  Ресей протектаратын қабылдауы. Кіші жүз. 

53. К.Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру талпыныстары 

ҚҚҚҚ

2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.     

3.ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.

4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның  таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.

6. ҚР мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.

8. Қазақ хандығының 15-18ғ басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.

11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.

13.қимақ мемілекеті:этносаяси тарихы , шаруашылығы , мәдениеті

15. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, социалды демократиялық және мәдени , рухани салдыры

 18.ҚР президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.

21.  ҚР-ң тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері.

22.Қазақстанның қалалық мәдениеті . Ұлы Жібек жолының тарихи мәдени маңызы. 

26.Қазақстан бірінші дуниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс

30.ҚР ның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру. Ақмола Астана тарихы.  

 34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында

36. Қазақстан екінші дуниежүзілік соғыс жылдарында.Ұлы Отан майдандарындағы Қазақстандық батырлардың ерлік істері.

44. Қазақ Жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресі. 

46.Қазақ хандығының тарихына қатысты жазба деректер.

47. Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесінің тарихнамасы.

54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір

55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.

56. Қазақстан тарихын зерттеудегі үлес қосқан орыс зерттеушілерінің үлесі. ( Бартольд, Левшин, Велияминов Зерновт.б )

59. Қазқстандағы қоныс аудару  саясатының мақсаттары мен кезеңдері. 

61.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Моғолстан

64.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Көшпелі өзбектер хандығы

65. Қазақ хандығының саяси құқықтық жүйесі . Жеті жарғы 

67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.

73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .

75.Кеңес үкіметінің орнауы социолистік ревалюция мен коммунистік идеологияның мәні.

76.қыпшақтар:(IX-XIғғ):этносаяси тарихы

79. Қазақстанның археологиялық деректер бойынша сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.

80. Қазақстанда отарлау режимин орнықтыруға бағыттылған патшалық реформалар 

81. Қазақ ауылын отырықшыландыру мен ужымдастырудың қайғылы нітижелері. 20ғ 30ж

84.Қазақстанда Кеңес мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері. ҚАКСР мен ҚКСР ның құрылуы.

86. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары немесе негігі кезеңдері

ММММ

49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.

НННН

24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.        

39.Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер.

ОООО

52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.

РРРР

29.Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.

СССС

10.Сақ- сармат дәуірі: жазба деректері және археологиялық есскерткіштері

23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені  жасау.

63. Сталиндік режим Қазақстандағы кезеніндегі саяси репресиялар. Қазақстанға халықтың  депортайциялануы жіне оның салдыры.

69.Социализмнің топтық әкімшілік жүйесі және 20ғ40-50жж Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір. Е. Бекмаханов ісі.

ТТТТ

42.Тәуелсіз Қазақстан : саяси құрылымның негіздері , азаматтық құқықтары мен міндеттері, экономикалық дамудағы принциптері.

58.Түркеш және Қарлұқ қағанаттары және 8ғ орталық азиядағы геосаяси жағдай.

85.Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдары. Абу Насыр Аль Фараби, М. Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Ж. Баласағұни және т.б   

87. Тұтас Түркістан идеясы . М. Шоқайдың қызметі. 

88. Түрік қағанаты (552-603ж)Түріктердің этногенезі  және түркі мемлекетінің қалыптасу кезеңдері.

ҰҰҰҰ

9.Ұлтаралық келісіммен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы

ШШШШ

70. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

14. Ш. Уәлиханов  және  оның  ғылыми жұмыстары.

ХХХХ

19.  Хуну,  Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.                                                                             

17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы  «Қазақ» газеті  мен  «Айқап» журналының рөлі.

20XIXғ.соңындағы және соңындағы және 20ғ басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.

32.ХIХғ екінші жартысындағы оң.т Қазастанның патша үкіметінің әскери саяси шаралары

33.1924 жылдагы Туркістан республикаларындагы ұлттық-мемлекеттік межелулер

35.18ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.

38.ХVIII –ХХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.

48. 1990жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.

51.1986ж Желтоқсан оқиғалары және олардың қоғамның сачсилауына әсері.  

57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.

60.1965-66жж социолистік экономиканы реформалаудын ұмтылыстары: жетістіктері мен қайшылықтары.

68. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрі және білім беру жүйесі. Ы.Алтынсаринның педогогикалық қызметі.

71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи

өту.Қ

72. XX ғ. 20-жж. Басындағы экономикалық жағдай ЖЭС ге

74.ХIХ  ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.

77.XV-XVIIIғ.қазақ қоғамы: әлеуметтік стратификация, элитарлы топтар

78.1917ж. Қаақстанның оңт.саяси жағдайлар. Түркістан «Қоқан» автономиясының жариялануы

83. 20ғ.бас. қаз\ғы қоғамдық-саяси элитасы : Алаш қоғалысы.

89. XIV-XV ғғ. Қазақстан мәдениеті (фольклор, жазба ескерткіштер, архитектура)

90.I және  II   Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы  мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                




1. Душа Не возьмешь мою Душу живу М
2. Статья 110. Формы таможенного контроля 1 проверка документов и сведений; 2 устный опрос; 3 получение объя
3. Кавказского округа Возмездность гражданских договоров При рассмотрении споров нередко возникает связан
4. 2013- читали чули знаємо Ми учні 11А класу Куцурубської загальноосвітньої школи ІІІІ ступенів знаєм
5. Шанхайской пятёрки в Шанхайскую Организацию Сотрудничества для стран азиатского региона
6. теория перевода противопоставляется термину
7. Реклама и ПР
8. Отказ страхователя от прав на застрахованное имущество в пользу страховщика с целью получения полной страх
9. . ~ 304 с. ил. 239 267 Василий Васильевич КАНДИНСКИЙ 1866 ~ 1944 78 Между Россией и Германией Старший из них
10. Затраты и издержки - синонимы.html
11. Искусство Древнего Египта. Древнее царство
12. Вчитель початкових класів Петрук Оксани Яківни Місце проходження практики- Рівнен
13. А Перед страной стоит двуединая задача укрепление демократии преобразование бюрократического аппа
14. европеизации страны
15. Дарсі є створення безпечних умов праці
16.  Биржевые спекуляции
17. Характеристика МЧП
18. Федерация скалолазания IV этап Кубка Ставропольского края по спортивному скалолазанию 21 декабря 2013
19. Организация предпринимательской деятельности
20. Реферат- Взаимоотношение полномочий в социальной работе