Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
17) Жол жүрісіне қатысушы көлік жүргізушісі, жаяу жүргінші, көлік құралдарының жолаушысы, т.б. ретінде жол жүрісіне тікелей қатысқан адам. Қазақстанда электрондык жуйеде азаматтардың жол жүру қауіпсіздігіне қатысты құқықтарына мемлекет кепілдік береді және бұл құқықтар Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық келісім-шарттарды орындау жолымен қамтамасыз етіледі. Жол жүрісіне қатысушының өз құқықтарын іске асыруы басқа жол жүрісіне қатысушылардың құқығын шектеуге немесе бұзуға тиіс емес. Жол жүрісіне қатысушы белгіленген ережелерге сәйкес жолмен еркін және кедергісіз жүруге; қарамағында автомобиль жолдары бар атқарушы өкімет органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, заңды тұлғалар мен азаматтардан жол жүрісінің қауіпсіз жағдайлары туралы ақпарат алуға; тиісті уәкілеттік берілген лауазымды адамдардан жолмен жүруге шек қоюдың немесе тыйым салудың себептері туралы және жолдардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сапасы мен көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат алуға; жол-көлік оқиғасы кезінде заңдарда, өзге де нормативтік-құқықтық актілерде немесе берілген лицензияда көзделген ақысыз медициналық көмек алуға; құтқару шараларымен, т.б. жедел көмекпен қамтамасыз етілуге; жол-көлік оқиғалары салдарынан дене жарақатын алған, сондай-ақ көлік құралдары зақымдалған жағдайда шеккен зиянының заңдарда белгіленген негіз бойынша және тәртіппен өтемін алуға; жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өкілеттікті жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен шағынуға құқылы. Жол жүрісіне қатысушы Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңының және осы заңға сәйкес шығарылған нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындауға міндетті.
18) Электрондық құпия қолтаңба (ЭСҚ) бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Электрондық сандық қолтаңба ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АҚҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді, Электрондық сандық қолтаңбаның жабық кілті тіркеу куәлігінің иесіне белгілі электрондық сандық рәміздерінің дәйектілігі және электрондық сандық қолтаңбаның құралдарын пайдалануымен электрондық сандық қолтаңбаны құру үшін арналған.[2]
Электрондық сандық қолтаңбаның ашық кілті электрондық сандық рәміздерінің дәйектілігі, кез келген тұлғаға қол жеткізілімді және электрондық құжатта электрондық сандық қолтаңбаны растау үшін арналған; ашық кілт тек қана жабық кілтпен жұптасып жұмыс жасайды.[3]Ашық кілтке тіркеу куәлігі беріледі, ол автоматты түрде электрондық сандық қолтаңба қол қойылған сіздің хатыңызбен бірге беріледі. Сіз кіммен қол қойылған құжаттарды алмасқыңыз келетініңіздің барлығында өз кілтіңіздің бар болуын қаматамасыз етуіңіз тиіс. Сіз сонымен қатар оның тіркеу куәлігін көріп, сіз алған құжаттың электрондық қолтаңбасымен қол қойған тұлға туралы көз жеткізесіз. Ашық кілттің телнұсқасы куәландырушы орталығына жолданады, онда электрондық сандық қолтаңба ашық кілтінің кітапханасы құрылған. Куәландырушы орталығының кітапханасында жасанды көшірмені жасаудан немесе бұрмалауды енгізуден қашуға ашық кілттердің тіркеуі мен сенімді сақталуы қамтамасыз етіледі
19) Ғарыштық коммуникациялық байланыс жербеті қабылдаутарату станциялары мен ғарыштықаппарат арасында немесе жер бетіндегі екі станция арасында ғарыштық аппарат және жердің жасанды серігі арқылы орнатылатын немесе ғарыштық екі аппарат арасында орнатылатын байланыс. Жер серіктері мен жербеті станциялары арасында 1 ГГц 10 ГГц жиіліктер диапазонында жерсеріктік байланыс жүйесі қалыптасқан. Байланыстың жер бетіндегі жабдықтарыныц қуатты (ондаған кВт) радиотаратқыштардан, тиімділік алаңы өте үлкен қабылдағыштардан және шуылы аз қабылдағыштардан тұрады. Ғарыштық (серіктердің) борттық аппаратуралары аса сенімді, салмағы жеңіл жөне көлемі шағын. Радиотаратқыштың қуаты ондаған ватқа жетеді. Энергия көзі ретінде күн батареясы немесерадиоизотоптық термогенераторлар қолданылады. Ғарыштық байланыс жүйесі ақпараттар (телеметриялық, өлшемдік, телеграфтық деректер), командалық сигналдар, тарату жөне траекториялық өлшемдер жүргізу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бұл жүйе арқылы теледидар, радио бағдарламалары таратылады, кемелермен және ұшақтармен байланыс орнатылады Радиотаратқыш (Радиопередатчик) радиожиіліктер диапазонындағы модуляцияланған электр тербелістерін алуға және оларды электр-магнитті толқындар түрінде таратуға (антенна арқылы) арналған радио-электрондық құрылғы (құрылғылар кешені).
20) Қарулы қақтығыс бір-біріне қарсы тұрған күштер арасындағы әскери қимылдар. Онда белгілі бір саяси, экономикалық, әскери, т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан түрде қарулы соғысқұралдары қолданылады. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер әр түрлі мүдделерді көздейтін саяси күштер, әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуді мақсат етеді.Әлеуметтік-саяси, ұлттық, діни, аймақтық және басқа негіздерде қарулы күреске, әскери жанжалға ұласып, адам шығындарына әкелуі мүмкін. Қарулы қақтығыс мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуына кері әсер етіп, оның ішкі қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Қарулы қақтығыстар құқығының негізгі қағидаларын 3 топқа бөлуге болады:
Жалпы қағидалар құқықтық саланың барлық қағидаларын біріктіреді. Мысалы, мемлекеттердің бейбір өмір сүру қағидасы, гуманизм қағидасы, халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілік қағидасы, қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын шектеу қағидасы және т.б.
Адамгершілік (гуманизм) қағидасы - қарулы қақтығыстар құқығының ескі қағидаларының бірі. Бұл қағиданың мәні - қарсыласушы тараптартың әскери қажеттілікпен ақталмайтын зорлық-зомбылық қолдануына тыйым салу. Женева Конвенциясында соғысушы тараптардың әскери тұтқындарға қатысты адамгершілікпен қарау талап етіледі делінген (13-б.).
Кемсітушілікке жол бермеу қағидасы адамзаттың тегі, діні, әлеуметтік жағдайы немесе дәрежесіне қарамастан, бірдей қарауды білдіреді.
Халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілік қағидасы мына мәселелерді біріктіреді:
Қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын қолдану және азаматтық, сонымен қатар әскери объектілерді шектеу қағидалары 1868 жылғы БҰҰ БА Декларациясында бекітілген.
21) Лаңкестік, терроршылдық саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Б.з. 1 ғасырында Иудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия,Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету” деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратистер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Бұл кезеңдегі Лаңкестік әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне, халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды. Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20 ғасырдың 70 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т.б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық (халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер); пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік. Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963); Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971); Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т.б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49-сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000). Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген. [1]
22) Ақпараттық қауіпсіздік мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты. Қатерді талдау мыналардан тұрады:
Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.
Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады:
23) Кеден, таможня (түркі тілінде тамға таңба, белгі сөзінен шыққан) тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.
Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды. Мыс., Ежелгі Грекияда б.з.б. 6 ғ-да кіре тауарларына салынған кірелік баждар олардың құнының 1/10 бөлігін құрады, ал одақтастар үшін 1/100 бөлігін, Грекияға тәуелсіз қалалардан 1/20 бөлігін құрады. Кеден саясаты - мемлекеттің елге импортталатын тауарларға кеден салығын салудың белгілі бір тәртібін орнататын мақсаткерлік қызметі. Кеден саясатын жүзеге асырудың негізгі құралдары - кеден тарифтері, салықтары, алымдары, баждары және т.б. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады. 1. Кеден ісі саласында тікелей басшылық жасауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;
5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
6) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
8) тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
10) кедендік статистиканы жүргізеді;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24) Жүйе дегеніміз бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін үстеу оның құрылуы мен жұмыс істеуін көрсетеді . Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міңдеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді.Олар проблемаларды талдауға және жаңа өнімдерді жасауға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскер-лердің өзара байланысты жиынтығы.
Кез келген мақсаттағы ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ету үдерістерін шартты түрде мынадай блоктардан тұратын схема түрінде ұғынуға болады:
сыртқы немесе ішкі қайнар көздерден ақпаратты еңгізу,
түсетін ақпаратты өңдеу және оны оңтайлы түрде беру,
тұтынушыларға ұсыныу немесе басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару,
кері байланыс бұл түсетін ақпаратты түзету үшін аталған ұйым адамдарымен қайта өңделген ақпарат.
Ақпараттық жүйе төмендегідей қасиеттерімен айқындалады :
кез келген ақпараттық жүйе талдауға жатуы мүмкін, олар жүйелерді құрудың жалпы принципі негізінде құрылған және басқарылды,
ақпараттық жүйе серпінді және қарқынды дамуда,
ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелілік тәсілді қолдану қажет,
ақпараттық жүйенің шығатын өнімі ақпарат болып табылады, оның негізінде шешімдер қабылданады,
ақпараттық жүйені ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі ретінде қабылдаған жөн.
Жасанды интеллект бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептесу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты.ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ-нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы(имитациялауы) тиіс болды.
Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:
25) Қазіргі уақытта Жоғарғы сотта, сондай-ақ барлық облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарда Қазақстан Республикасы сот органдары біріңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі бағдарламасымен жумыс жасайды. Аталған бағдарлама кіріс, шығыс хат - хабарларды және ішкі құжаттарды электронды іс жүргізуді тіркеумен қатар азаматтық, қылмыстық және өзге де материалдарды есепке алып, статистикалық есептерді автоматты түрде жүргізеді.
Соттарда арыз, талап, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер және басқа да материалдар сот төрағаларының араласуынсыз арнайы әзірленген бағдарламаның көмегімен автоматты түрде бөлінеді. Бұл судьялардың арасында істер мен арыздардың тең бөлінуін қамтамасыз етеді, сондай ақ бөлуге басқа тараптың араласуын болдырмайды.
Сот жүйесі 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап “ҚР СО БААТЖ ” бойынша электронды құжат айналымына толықтай көшті. Осы жерде әлемде сот жүйесіндегі іс жүргізуді істердің барлық санаттары бойынша электронды (қағазсыз) тәсілге толығымен көшу Қазақстанда ғана жүзеге асқанын айта кеткен жөн. Әрине, жаңа технологиялардың сот қызметкерлерінен және судьялардан қосымша білім және іскерлікті талап етеді. Бірақ Қазақстандық сот органдары қызметкерлері бұл талаптан шығатынына да сенімдімін.
2012 жылдың 01 ақпанынан бастап БААТЖ бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы “электронды үкімет” порталы арқылы талап арыздар бере алатын болады. Ол үшін арнайы толтырылып, жауапкердің тіркелген немесе тұрақты мекен-жайы аудандық сотты таңдап, арыз мазмұнын, істің дәрежесін және мемлекеттік баж салығының көлемін көрсету керек. Үлгіні толтырған соң талап арызбен жалғанар құжаттарды тіркеп, талап арызға өзінің электрондық қолтаңбасын қойып, сотқа жолдайды. Электрондық нұсқада берілген талап арыз сотқа 30 минут ішінде түседі. Сот қарауына қабылданған арыздың дәрежесін Қазақстан Республикасы сот органдарының БААТЖ ақпараттықсараптамалық жүйесінен (http://eaias.supcourt.kz) білуге болады. Сонымен бірге электрондық нысанда сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш және сот отырысының хаттамасына ескерту беруге болады.
26) Электрондық Коммерция сатып алушылар мен сатушылар арасындағы желілік өзара байланыстар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге бағытталған қызмет. Электрондық коммерция құралдары бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыруға, заңды тұлғалар арасында мәміле жасасуға, электрондық биржаларда қызмет жүргізуге, тапсырысты және тұтынушылық тауарлардың, көрсетілетін туристік, білім беру, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Тауарды жарнамалау, оған тапсырыс беру, ақы төлеу, жеткізу жұмыстары желілік құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, желілік жарнамалау кезінде дүкен өзінің Web-тізілімін немесе Web-сайттасөре жасайды, мұнда сатып алушы тауардың ерекшеліктері мен сипаттамалары туралы хабарды оқып қана қоймайды, сонымен бірге мультимедиа-құралдарын пайдалана отырып, оны көре де алады. Тауарлардың тізімін көрсететін Web-бет сатып алушының желілік тәсіл арқылы таңдаған тауарлардың және оларға тапсырыстың қоржынын қалыптастыруға негіз болады. Қоржындар туралы барлық мәлімет жүйеде қалады және сатушыны маркетингілік ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сатып алушы сайтқа жіберілетін және клиенттің нені сатып алғысы келетіні туралы мәліметтерді жинайтын электрондық бағдарламадан тауарды таңдай алады. Тауардың ақысы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып немесе дәстүрлі тәсілмен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз төленеді. Электрондық коммерция логистикаға және электрондық өзара іс-қимылдың ғалами сипатын ескере отырып жеткізу мәселесіне ерекше талап қояды. Электрондық коммерция екі секторға бөлінеді. Олар: көтерме сауда секторы (busіness-to-busіness, B2В) және бөлшек сауда секторы (busіness-to-consumer, B2C). B2В аясындағы қызметтің ерекше түрі Marketplace нарықтық алаңша жасау Электронды және дәстүрлі сауданың ортақ сипаттамаларын қарастырсақ:
- сатып алушының тауар сапасымен танысуы;
- тауардың сыртқы көрінісі;
- негізгі ерекшеліктерінің сипаттамасы;
- тауарды қолдану немесе пайдалану туралы кеңес;
- сатып алушының шешім қабылдауы;
- таңдалған тауар үшін есеп айырысу;
- сатушының тауарды орау, дайындау және тауарды сатып алушыға жіберу;
- тауарды үйге жеткізу;
- тарауды ары қарай дайындау (құрастыру, жинау және т.б);
- тауарды сатып алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету (егер шартта қаралса).
Енді электрондық сауданың дәстүрлі түрінен айырмашылығын он сатылы ерекшелігі бойынша анықтайды, яғни:
- сатып алушыларды өзіне бейімдеу әдісі.Тұтынушыларды дүкенге бейімдеу тәсілі үлкен мәнге ие. Ол сауданың дәстүрлі түрінде 4 кезеңмен сипатталады:
- тұтынушыны жарнама арқылы еліктіру, мұнда дүкен орналасқан орын аса маңызды болып табылады;
- тұтынушығы дүкен сөрелерінің ерекше, әрі ұйымдастыру жолдарымен әсер ету;
- дүкенге кірген тұтынушыны сауда алаңындағы тауардың орналасуы және оның ыңғайлы, тартымдылығы;
- тұтынушының қажетті тауарды таңдауы кезінде сауда алаңындағы кеңесшілер көмегі арқылы тауарды таңдау.
Ал, электронды саудада жоғарыда аталған сатылар басқаша ұйымдастырылады:
Біріншіден - электронды сөрелер. Тауар туралы жарнамалық ақпарат электронды дүкендер сөрелерінде орналасады. Бұл қай жерден қай тауарды алу керектігін қамтамасыз ететін қысқа және түсінікті түрі болып табылады.
Екіншіден тұтынушыға психологиялық әсер етуі. Электронды саудада сатушылар сатып алушыларға психологиялық әсер ете алмайды. Мысалы, электронды саудада сатушы сатып алушыға өз келбетімен, сауаттылығымен, көркемділігімен және жағымды дауысымен әсер ете алмайды.
Үшіншіден - тауар туралы ақпарат беру. Қарапайым сауда үрдісінде тауармен жеке танысу қалыптасады. Ал электронды саудада тұтынушы тауар туралы сипаттамасы мен ақпараттық анықтамасын оқу арқылы танысады.
Төртіншіден - сауда жасау. Қарапайым сауда жасау кезінде тұтынушы тауарды жеке сатып алады.Ал электронды саудада сатып алушы тіркеуден өтіп, Интернет арқылы тапсырысты рәсімдейді.
Бесіншіден - сауда ұйымдастырылуында шығын мөлшері. Электронды дүкенде сауданы ұйымдастыру және қызмет көрсету кеңселері, офистер, қойма және басқа да құралдардың болуын қажет етпейді. Бұл жарнама, бөлшек сауда мазмұнына шығынды азайтады және тауар арзанырақ болады.
Алтыншыдан - дүкенді аралау қарапайымдылығы. Қажет тауарды іздеу мақсатында дәстүрлі сауда орнын аралағаннан, электронды дүкенді аралау оңай.
Жетіншіден - тиімділік деңгейі. Кез-келген электронды дүкен әлемнің кез-елген жерінде, іссапар немесе демалыс кезінде қажетті тауар немесе қызмет көрсету таңдауы шектелмеген. Мұнда дүкендер дәстүрлі сауда орнындай сатып алушыларға толы емес, яғни кезекте тұрмайсың және тәулік бойы жұмыс істейді. Сатып алушы кез-келген уақытта өзіне қажетті тауарды сатып ала алады.
Сегізіншіден - қызмет көрсету сапасы.Қарапайым дүкенде тауарды сатып алу не тауар туралы кеңес алу үшін кеңесшілер көмегіне жүгінуге тура келеді. Мұндай жағдайда таңдалатын тауар сатушының сатып алушыға неғұрлым сапалы кеңесіне және бөлген уақытына байланысты. Электронды дүкен сатып алушыны тауар турала толық ақпараттық көмекпен қамтамасыз ете алады. Алайда дұрыс ұйымдастырылмаған электронды дүкен қызметі тиімді нәтиже бермейді.