Балапан туыл'аннан кейін оны' 'андай 'ызметі болмайды Препаратта дамуды' 'рт'рлі де'гейдегі аналы' жын
Работа добавлена на сайт samzan.net:
Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
от 25%
Подписываем
договор
- Балапан эмбрионының саруыз эктодермасы алынып тасталған. Балапан туылғаннан кейін оның қандай қызметі болмайды?
- Препаратта дамудың әртүрлі деңгейдегі аналық жыныс жасушалары берілген. Аналық жыныс жасушасының көлемі өскен сайын оның құрамында сарыуыз қосындыларының бір полюсінде жинақталуы байқалады. Олардың аналық жыныс жасушасының қандай түріне және қандай жануырға тән екенін анықтаңыз.
- На какой стадии развития находится зародыш, и к какому виду животных он принадлежит?Препаратта қуысы ортасында орналасқан, көпіршік тәріздес көпжасушалы ұрық берілген. Ұрықтың қабырғасы көлемі бірдей жасушалардың бір қабатынан құралған. Ұрық дамудың қандай деңгейінде және жануардың қай түріне жатады?
- Иондаушы радиация әсері нәтижесінде кейбір жасушаларда жекелеген органеллалардың бұзылысы байқалды. Олардың қалдықтарын жасуша қандай жолмен жояды?
- Жарақат беткейі аймағында құрамында көптеген фагосомалары, біріншілікті, екіншілікті лизосомалары бар жасушалар көп мөлшерде пайда болады. Бұл жасушалардың қызметтік маңызы қандай?
- Жасушада Гольджи кешені, түйіршікті эндоплазмалық тор, митохондриялар және жасуша орталығы жақсы айқындалған. Ал басқа жасушаның құрамында көпдеген митохондриялар, лизосомалар бар және аздап түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торлардың мембраналары кездеседі. Осы жасушалардың қызметі қандай? Оларда ақуыз синтезі жүре ме?
- Эксперимент жүзінде жасушаны жасанды түрде екі бөлікке бөлген - бір бөлігі ядромен, екіншісі ядросыз. Жасушаның аталған бөліктерінің өмір сүрі қабілеттілігі қандай болмақ?
- Жасушада дочерний жұлдызшалардың бейнесі көрінеді. Бұл митоздың қай сатысы? Әр жұлдызшаның құрамында хромосомалар қанша?
- Адамның сомалық жасушасының митоз жолымен бөліну нәтижесінде дочерние жасушалар пайда болды. Олардың құрамында қанша хромосома бар? Хромосомалар санының тұрақты сақталу механизмін түсіндіріңіз.
- Май бездерінің орталық бөлігінің соңғы бөлімінде көптеген бұзылған жасушалар көрінеді. Бұл белгілер нені дәлелдейді?
- Без жасушаларын зерттегенде жетілген пластинкалы жиынтық жақсы анықталған, бұл цитоплазманың көп бөлігін толықтыратын элемент. Бұл көрініс қандай секреторлы циклдың кезеңіне тән?
- Көру алаңында саны жағынан көп болатын, цитоплазмасы оксифильді, ядросы жоқ жасуша, бұл қанның қандай пішіндік элементі?
- Ең кіші пішінді, ядросы жоқ, азурмен тегіс емес боялған, эритроциттердің арасында азмөлшерде жинақталып орналасқан, бұл қандай пішіндік элемент?
- Электронды микрофотографиялық сараптама барысына құрамында 2 түрлі өсінділі жасуша және фибриллалары көлденең жолақты, қайталануы 64 нм, бір жасушада түйіршікті эндоплазмалық торы, екіншісінде лизосома дамығаны анықталған. Осы 2 жасушаның қайсысы фибрилланың дамуына қатысады?
- Екі электронды микрофотографияда сүйек тінінің жасушалары көрсетіледі: біреуінде түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамығанымен сипатталады, екіншісі нашар дамыған торы және электрондытығыз жасушааралық затпен қоршалған. Осы жасушаларды атаңыз.
16) Эксперимент барысында жануарларды кіші жамбас сүйегінің қырып алу (эпифизарлы пластинка бойынш өсу). Мына жағдайларда сүйек тінінің толық қалпына келуі жүреме?
а) сүйек қабығы сақталған; б) сүйекпен бірге сүйек қабығы алынғанба?
17) Неліктен шеміршек тіні трансплантация жасағанда төзімді?
18) Бұлшықет тінінің әртүрлілігін анықтаңыз:а) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда оксифильді талшықатр жақсы көрінеді; осындай талшықтардың көптеген ядролары сарколемманың астында орналасады; б) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда саркоплазманың оксифилиясы анықталады, бірақ ядролары орталықта орналасқан; сонымен қатар талшықтарды сегменттерге бөлетін жолақтар анықталады.
19) Көлденең жолақты бұлшықет тінінің әртүрлілігін анықтаңыздар: а) миоглбин, митохондрий көп; б) миоглобин аз, бірақ миофибрил көп.
20) Фотографияда синапс көрсетілген. Оң жақ бөлігінде майда көпіршіктер көрінеді, сол жағында олар жоқ. Синапстардың қайсысында (оң немесе сол) синапстық бөлім орналасқан? Бұл синапс қозуды қай жаққа бағыттайды.(солдан оңға немесе керсіншеме)?
21) Науқаста салдану анықталды, яғни салданған дене бөлігінің қимыл мүмкіндігі шектелді. Үшбөлімді рефлекторлық доғаның қай құрылымының бұзылуы салдануға алып келеді?
22) Екі науқаста инемен шаншығанда аяғы мен қолы сезбейді. Бірінші науқас инемне шаншығанда ауру сезімі байқалады, екінші науқаста-ауру сезімі мен ине шаншуын сезбейді. Үшбөлімді рефлекторлық доғаның қай құрылымының бұзылуы бірінші және екінші науқасты инемен шаншығанда сезбеуіне алып келеді?