У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Муссолини режиміні~ да~дарысы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

15.Муссолинидің тоталитарлық режимді орнатудағы рөлі. Муссолини режимінің дағдарысы.

Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.

  1.  1911 – 12 жылы Түркиямен соғысып, одан Ливия мен Додеканес аралдарын тартып алды. 1882 жылы Үштік одаққа (Германия, Австрия-Венгрия, Италия) қосылғанымен, Бірінші дүниежүзілік соғыста (1914 – 18) Антанта (ҰлыбританияФранцияРесей, т.б.) жағына шығып кетті. Осы соғыста 700 мың адамы өліп, 1 млн-нан астамы мүгедек болды, бүкіл Солтүстік Италия қаңырап қалды. Дегенмен, соғыс нәтижесінде Трентиноны, Оңтүстік Тирольді, Истрияны, Адриатикадағы кейбір жерлерді өзіне қосып алды.
  2.  1920 жылы тұрмыстың ауырлығынан елде жұмысшылардың кәсіпорындарды басып алу қозғалысы басталды. Барлық металл өңдеу, машина жасау зауыттары мен фабрикалар іс жүзінде елдегі 600 мың жұмысшының қолына өтті. Оған қарсылық ретінде ірі буржуазия 1919 жылыБ.Муссолини құрған фашистік партияға қаржылай көмекті күшейтті.
  3.  Нәтижесінде 1922 жылы фашистер үкімет басына келді. Фашистерге қарсы партиялар (негізінен, социалистер мен коммунистер) ел парламентінен шығып кетіп, оппозициялық фракция комитетіне бірікті. Бірақ көп ұзамай фашистер шабуылға шығып, сөз бостандығына тыйым салды.
  4.  1926 жылы фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым салынды. Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды.
  5.  1943 жылы 25 шілдеде елде мемлекет төңкеріс болып, Муссолини корольдің бұйрығымен тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия Италияға басып кіріп, Муссолиниді түрмеден босатты. 3 және 9 қыркүйекте ағылшын-американ әскерлері (Апеннин түбегіне) десант түсірді. Елде фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы күшейді.  1945 жылы неміс әскерлері Италияда жеңіліс тапқаннан кейін, Муссолини Австрияға қашпақшы болды, бірақ италяндық коммунист жансыздар оны ұстап алып, атып тастаған.
  6.  1946 жылы 2 маусымда елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін мойындады.

Муссолини Бенито Амилькаре Андреа (Mussolini, Benito Amilcare Andrea)- (29 шілде 1883 жыл, Предаппио, Италия - 28 сәуір 1945 жыл, Донго маңы), италяндық мемлекеттік және саяси қайраткер. [1].Тілазар, бірақ жастайынан қабілетті, белсенді социалист болып, 1912-14 жылдары партиялық «Аванти!» газетін басқарды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін бас редактор қызметінен кетіп, «Пополо д'Италия» газетін басқарады. Италияны тезірек соғысқа қатысуға үндегені үшін оны партиядан шығарып тастайды. 1915-17 жылдары италян әскерінде ерікті әскер қызметінде болды, кейін редакторлық жұмысына қайта оралды. Билікті мемлекеттегі диктатураға беру қажеттілігін насихаттады.

1919 жылы Ардагерлер одағын (Фаши ди комбатгименто) құрды, бұл фашизм деген атауға ие қозғалыстың басталуын білдірді. Екпінділігімен әрі тамаша шешендігімен Муссолини өзінің партиясын бұқаралық партияға айналдырды. 1922 жылы «Рим жорығын» ұйымдастырды, жорық барысында оған билікті қалыптастыру тапсырылған болатын, ол Италия тарихындағы ең алғашқы жас премьер-министр болды.

Италияны фашизмдеу барысында бір партиялы мемлекет етіп құруға қол жеткізіп, ұлт «көсемі» деген атаққа ие болды. Муссолини қатаң шараларымен мемлекетке тәртіп орнатты, қылмысты қысқартты, әлеуметтік реформалар жүргізді, көлік және т.б. жұмыстарын реттеді, соның арқасында көпшіліктің қолдауына ие болды. Оның империя құрам деген арманы 1935 жылы италян әскерінің Абиссинияға (Эфиопияға) басып кіруіне әкеп соқты. Германиямен, А.Гитлермен тығыз қарым-қатынаста болып, сонымен бірге оның қуатты одақтасынан қауіптене отырып, Муссолини «Рим-Берлин осін» құруға мәжбүр болды, 1940 жылы гитлерлік коалиция мемлекеттеріне соғыс жариялады. Италян әскерлерінің Греция мен Солтүстік Африкадажеңіліс табуы, Муссолини саясатына наразылық тудырды, бұл наразылық Италияда күшейе берді.




1. Реферат- Культура барокко
2. Деформирующая остеодистрофия
3. Конспект лекцій Фінанси підприємства Гордієнко Н
4. экономическую систему
5. задание- Создайте новый стиль для Вашего фрагмента так чтобы он имел название Ваша фамилия; Устано
6. Реферат- Анализ хозяйственной деятельности предприятия
7. Тема- Карбоновые кислоты
8. Вулканы.html
9. Лекция 11 Движение
10. Хрустальный Апельсин Приглашаем умных смелых талантливых девушек принять участие в специальном Ко.html
11. бытие В каком из приведенных ниже суждений дается правильное определение его понятия- абытие это Всел
12. Возникновение древневосточной философии
13. Предмет и система источников корпоративного права
14. Тема- С помощью выбранной системы управления базами данных Ж-Д вокзал разрабатывается автоматизированная
15. АДМИНИСТРАТИВНОЕ ПРАВО 1 2 Привести определения понятия 02 балла - установить соответствие опред
16. Тема- Засоби електронного online перекладу тексту
17. Обоснование контрактных цен
18. Атрезия пищевода
19. Понятие герменевтики
20. Метатеорія держави і права