Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і А~ша ~ндіріс ж~не б~лу ~дерісіндегі адамдар арасында~ы ~атынасты бейнелейтін тарихи т~рде дамып келген

Работа добавлена на сайт samzan.net:


А

Ақша және оның қызметтері. Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу нысаны; айырбас құнының дербес нысаны; еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.Ақшаның әр қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын тауар өнлірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі  әлеуметтік экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.Ақша 5 түрлі функцияны орындайды.1.Ақша құны өлшем ретінде – құн өлшем қызметі тауар өндірісі  жағдайында туындайды.Бұл ақшаның  барлық  тауарлар  құнын  өлшемі ретіндегі қабілеттілігін  білдіреді бағаны оның тауда делдал қызметін  атқарады.Ақша еңбек өлшемі ол жұмыс уақытын емес осыеңбекпен құрылған құнды  көрсетеді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны оның  бағасынан пайда болады.Құнын өлшемі қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға  деген қатынасын көрсетеді.2. Ақша айналыс құралы- ақша айналыс  құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып  өзінің  тұтынушысын тапқанға дейін, ақша үздіксіз қозғалыста болады. Өзінің  құнын  өткізгеннен  кейін  айналыстан  кететін  тауарға қарағанда ақшалар айналыс құралы ретінде  барлық  уақытта осында қалып отырады және сату сатып алу процесіне айналыс құралы ретінде ақша қызметінің ерекшелігі мыналар тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы нақты ақшалар орындалады.Ақша  айналйс құралы қызметін атқаратын болғандықтан айналыс қажеттілігі олардың бағасы мен масса негізінде ,яғни өткізілуі тиіс тауардың бағасының суммасымен анықталады.3.  Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты.Бірақ  ақша қозғалысы міндетті түрде тауар  қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес ақша құнын  еркін  формасында көрінеді ол өтеізу процесіне еркін  аяқтайды.Егер тауарлармен  ақшалардың  қарама-қарсы  қозғалысы  болмаса  яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған  болса  немесе  керсінше онда бұл жағдайда  ақшалар  төлем құралы қызметін атқарады.Ақша төлем құралы ретінде айналыс  құралынан өзара  айырмашылықтары бар бұл қызметте  ақшалар делдал болып  табылмайды бұл тек қана  сату сатып алуды аяқтайды.4. Ақша  қорлану немесе  қазына жинау құралы ретінде ақшаның және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді.Ақша айналыс саласынан  уақытша шығып  қалғаннан кейін олар қорлана бастайды.5. Дүние жүзілік ақша қызметі –Тауар шаруасының кеңейуі шаруашылық байланыстың  интерноционалдануы. Дүние  жүзілік  нарықтың пайда болуы дүние жүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүние жүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Айналмалы қорлар және негізгі қорлар (капитал). Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жаб¬дықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдер¬де пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады. Айналмалы  капиталға шикізаттар, материалдар жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық (өтелім) қорға айна¬луын - амортизация (өтелім) деп атайды.

Ақша айналысы. Ақша жүйесінің негізгі компоненттері. Ақша айналым— ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады

Ақша массасы және оның құрылымының жиынтық көрсеткіштері (ақша агрегаттары). Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды

Ақшаның пайда болуына байланысты концепциялар .осы уақытта ақшаның пайда болуына екі негізгі тұжырымдамасы бар. Ол рационалистік және эволюциялық . Ақшаның  рационалистік тұжырымдамасы тарихи бойынша бірінші туды. Онда ақшаның түсіндірмесі үшін бекітілді, яғни ақшаны  ойлап тапқан және кіргізген адамдармен айырбасты жеңілдету  үшін жасалған болатын. эволюциялық тұжырымдама дәлелдейді, ақшалар тез пайда боған жоқ, заңның күшіне немесе келісімнің, ара қатынастың  ұзақдаму үдерісі. Осы тұжырымдамада ақшаның натурал шаруашылықтан  тауарға өтуі, құнның  дамуы.

Аралас экономикаға тән белгілер және оның үлгілері. Аралас экономикаға тән белгілер және оның үлгілері.Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі – мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды

Б

Баға индексі бойынша инфляцияның түрлері.Инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;энергетикалық дағдарыс.

Банк жүйесіндегі екінші деңгейдегі банктер және олардың қызметтері. Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.

Банк жүйесіндегі орталық банк, оның атқаратын қызметтері мен негізгі ерекшелігі. Орталық банктiң мiндетi- ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету /14/.Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң кәшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Орталық банктiң қызметтерi:- ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота шығару;- орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың құрамдас элементi;- орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.- орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);- орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi;Мемлекеттiк борышты басқару деп- орталық банктiң зайымдарын орналастыру және конверсия операциясын жәргiзу.

Банк операциялары. Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай — орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.

Бәсеке: мәні, түрлері.Бәсеке  — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным. Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады. Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады. Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді: жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады; сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады; сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді; өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады. Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады. Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.

Бюджет тапшылығы. Оның негізгі себептері. Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;қоғамдық өндіріс шығындарынық өсуі;айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауга жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудын комақты ауқымы;«көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар

Бюджет тапшылығын жою жолдары. Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғалған баптардың құрамын республика Парламентімен биліктің жергілікті орғандары анықтайды.Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай әдістері болады:1. шығыстар тұракты, кірістер өседі;2. кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;3.кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырак төмендейді).Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:1.Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін,коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.2.Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.3. Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қорық басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.4.Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Е

Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері.Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұракты жұмыс жасайтын мекеме. Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады.  Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмысқа, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.

Еңбек нарығы және тепе-теңдік проблемалары.Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы;Ішкі және сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз ету проблемасы тауарлық, ақша және валюталық рыноктардың жұмысына жатады. Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке жету макроэкономикалық реттеудің маңызды проблемасы болып табылады, кері жағдайда ішкі және сыртқы өзгергіштердің өзара әсер етуін, және де олардың бір-біріне кері әсер етуін назарға алуға тікелей қажеттілігін тудырады.

Ж

Жалпы экономикалық теорияның даму кезеңдері.Экономикалық  теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI¬XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» — саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту.Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.Классикалық саяси  экономия — ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) — өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп  дәлелдеген.ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм. Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне  мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп  есептеді.

Жекешелендіру дегеніміз не? ? Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. ЖекешелендіруҚазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды.Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді.

Жетілмеген бәсекенің түрлеріне сипаттама беріңіз.Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,тін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:- сатушының монополист болуын;- сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;- алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.Жұмыссыздықтан қорғау шаралары қоғамда табыстарын және әлеуметтік мәр-тебесін жоғалтқан топтардың болуымен байланысты әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Халықаралық тәжірибеде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы белсенді түрде жұмыс іздеушілерге беріледі. Қордан төленетін әлеуметтік төлем мемлекеттік бюджет есебінен берілетін жұмыспен қамту бойынша шараларға қосымша әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады. Осыған байланысты, егер тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы немесе елордадағы) белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлеу арқылы  мемлекет қолдау көрсетеді. 2011 жылдан бастап Қазақстанда Жұмыспен қамту 2020 мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, мұнда ең алдымен оқытуға, жұмысқа тұрғызуға, тұрғылықты жерінде өзінің ісін ашуға және оны кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жұмыссыздық:мәні,себептері.Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық негізгі себептері:Жұмыссыздық жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тартуынан, жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан,  сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан және өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады.  Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобын айтамыз.

Жұмыссыздықтың түрлері. 1. Құрылымдық жұмыссыздық- егер адам бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілік, білімі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмай жүрген адамдар. Жұмыстың бұл түрінің пайда болу себебі: техникалық прогресс себепші. Мыс: банкомат, компьютер…. т/б.2. Циклдік жұмыссыздық- егер өндіріс қысқарса, кәсіпорындар, фирмалар қысқарса, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуын айтамыз.3.Уақытша жұмыссыздық(фрикциондық)- егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.4.Маусымдық жұмыссыздық- егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобын айтамыз.

ЖҰӨ мен ЖІӨ-ді өлшеу әдістері. Жалпы ұлттық өнімнің есептеу әдістеріЖалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру табыстар ағымы.1 әдіске келсек «шығындар ағымы». Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз жалпы ұлттық өнім көлемін аламыз.Шығындар мыналардан тұрады:Тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік т.б) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары.Станок, ғимарат, үй құрылысы және тағы басқаларды алу үшін инвестициялар.Мемлекеттің тауар және қызметті сатып алуға (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар және т.б) және трансферттік төлемдерге (зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б төлеуге) кететін шығындар.Таза экспортты яғни экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.Ұлттық өндіріс көлеміне тек сол елдегі өндірілгендер кіргендіктен, басқа елдердің шығындарын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда автомобиль өндірді және оны АҚШ қа әкелді және сатады. Бұл жағдайда автомобильді өндірумен байланысты шығындар жапонияның шығындарына жатады, ал жеткізу және сату шығындары АҚШ шығындарына жатады.2 әдіске келсек табыстар ағымы оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз. Табыстар мыналардан тұрады.Жалпы рента , процент және пайда. Табыс бойынша есептелген, жалпы ұлттық өнімге жататындар:жалақы,рента,процент,пайда,жанама салықтар,амортизациялық шығындар.

И

Инфляция: мәні, себептері.Инфляцияның  мәні -   ол  тауарлар  мен  көрсетілген  қызметтің  бағасының  өсуі   және    тауар  тапшылығы    мен   қызмет   сапасының   төмендеуі   салдарынан  ақшаның  құнсыздануы,  оның   сатып  алу  мүмкіндігінің  құлдырауы.  Инфляция-  қоғамдық  ұдайы   өндірістегі  диспропорцияның  көрінісі.  Ол мемлекеттің  табысы мен шығынның   үйлеспеуі  салдарынан   кездесетін   кез  келген  экономикалық  формацияға  тән   құбылыс.  Инфляция  ұлттық   табысты   экономиканың  салдары  арасында,  коммерциялық   құрылымдар, халықтың   топтары мен    мемлекеттің  және  шаруашылық  субъектілері арасында  қайта бөлуге  тірейді. Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары. . Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді.Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді..Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді

К

Капиталдың (қорлардың) ауыспалы айналымы мен айналысы. Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйені: өндірістік, ақшалы және тауар формаларын қолдайды.Айналым мен айналыс бір-бірімен аргономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашқы формасында авансталған құнын қайтарады. Бір бөлігі әрбір айналыстан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: қолданылған шикі¬заттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған құн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс фондасын құрайды.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері. . -Шаруашылық  субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі - Экономикалық мүдделілігі -  Шаруашылық тәуекел етуі  және жауапкершілігі - Белсенді ізденуі - Жаңалықтығы.Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:1. өндіріс ресурстары2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.4. нәтижесінде пайда табу..

Кәсіпкерліктің субьектілері мен объектілері. Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.Кәсіпкерлік нысандары(объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық,сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.Кәсіпкерлік құқық объектілері:А) жоғарыда аталғанның барлығы Б) табиғи байлықтарВ) ескерткіштерГ) құнды байлықтар Д) өндіріс орындары, кәсіпорындар, зауыт, фабрикалар

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары. Экономиканың негізінен екі фундаметалды ақиқат құрайды және оларшын  мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.Бірінші ақиқат : қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.  Екінші ақиқат : экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдықтар ресурстары. Олар : фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар, әртүрлі транспорт, байланыс құралдары, материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлікке қабілеттілік.Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық.1. Жер. «Жер» деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады - өндірісте қолданылатын барлық «табиғи әншейін байлығы». Оған мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары тағы басқа.2. Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жаблықтар, фабрика – зауыттар, қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді. Фирма теорисы. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;• серіктестік немесе партнерлік;• корпорация (акционерлік қоғам).

Қ

Қаржы. Қаржы жүйесі. Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар мен буындардың  жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.

М

Макроэкономика. Макроталдаудың ерекшеліктері. Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды.Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табыладыМакроэкономикалық талдауды 3 кезеңге  бөлеміз: Фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын  зерттеушілер теория деңгейінде  қарастырады . содан соң макроэкономикалық  құралдарды пайдаланып  фирмаларды әр түрлі  экономикалық  жағдайларға байланысты  қарастырады.Фирмалар мен үй шаруашылықтарының  жиынтық шешімдерін  қарастыра отырып  жалпы экономикалық байланыстар  талдауға түседі. Макроэкономикалық ақпаратты  талдау және  жинау арқылы теорияның  нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық  теориямен агрегатталған  ақпараттардың ортасындағы  байланысты нысандық  тәсілмен зерттеуді  қарастыратын ерекше ғылым.

Мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?Мемлекет иелігінен алу - шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру.Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, нарықты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың мемлекеттік кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады.Қолданыстағы зандарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.. Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мқсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға арқылы реттеледі.

Мемлекеттің монополияға қарсы шаралары. Монополиясыздандыру — экономикалық саясат пен заңнама шеңберіндегі бәсекені дамытуға және монополиялардың қызметін шектеуге бағытталған шаралар кешені. Жалпылама түрде Монополиясыздандыру – мемлекеттің монополияға қарсы екі бағытта жүргізетін саясаты. Рыноктарды дәйекті түрде ырықтандыру. Мұнда монополияға тиіспей монополистік іс-әрекетті ірі бизнес үшін тиімсіз ету мақсаты көзделеді, сонымен бірге кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, шетелдік кәсіпкерлер үшін ішкі рыноктарды ашу, атап айтқанда шетелдік инвесторлар үшін инвестиц. ахуалды жақсарту, кеден салықтарын төмендету, лицензиялау рәсімін оңайлату, өнімі монополиялардың тауарларымен бәсекелесе алатын өндірістерді қолдау үдерістері жүріп жатады. Батыс елдерінде антимонополия заңдар ірі корпорацияларға, монополиялардың рыноктағы басымдығын қиянатпен пайдалануына қарсы қолданылады. Қазақстанда Монополиясыздандыру, ең алдымен, монополияларға қарсы тұратын бәсекелі нарықтық құрылымдарды құрып, дамытуға бағытталды. Қазақстан экономикасын Монополиясыздандырудың аса маңызды шаралары ретінде, ең алдымен, Монополиясыздандыруға жатпайтын табиғи монополиялар аймағы айқындалғанын айтуға болады. Мұндай аймақта энергетика, металлургия, темір жол көлігі салаларындағы технология олигополия, ғылыми-техникалық және мемлекеттік монополиялар, ақша ұсынысын ұйымдастыру мен реттеу, мемлекет тарапынан қатаң түрде құқықтық тұрғыдан реттелетін монополиялар, капиталды шоғырландыру және орталықтандыру негізінде пайда болған монополиялар қамтылды.

Меншік құқықтары. Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау. Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.

Меншіктің объектілері мен субъектілері. Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық  және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.Мемлекет  меншіктің ерекше  субъектісі  болып  табылады.  Бұл  оның  жоғарғы  абстрактілігімен  және  формальділігімен  анықталады.  Көптеген  әртүрлі  сипаттағы  функцияларды  жүзеге  асырудың  қажеттігі  және  бірдей  бағынышты  мемлекеттік  органдардың  тармақталған  жүйесі  мемлекеттік  меншік  құқығын  іске  асыратын  субъектілердің  көп  болуын  алдын  ала  анықтады.  Сондықтан  оларды  екі  деңгейге  бөлген  дұрыс:  кімді  білдіреді,  соның  деңгейі  және  кім  білдіреді,  соның  деңгейі.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасының  заңнамасы  өз  атынан  әрекет  ететіндей  құқығы  бар  мемлекеттік  меншіктің  екі  субъектісін  қарастырады:  бүтіндей  Қазақстан  Республикасы  және  әкімшілік - аумақтық  бөліністер.  Яғни,  азаматтық  айналымда  бұл  субъектілер  мемлекеттік  меншік  құқығын  көтеретіндер  болып  саналады.  Атқарылатын  міндетке  қарай  мемлекет  аталған  субъектілердің  біреуінің  атынан меншік  иесінің  құқық  өкілеттігін  жүзеге  асырады.

Монополияның ерекшеліктері.Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кезкелген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.

Н

Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

.

Нарықтың инфрақұрылымы.Нарықтық инфрақұрылым (орыс. Рыночная инфраструктура) – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы: ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Нарықтың қалыптасуының алғы шарттары .Нарықтық  экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: нарық әлемінің пайда болуы; натуралдық айырбас кезеңі нарығы; тауар болмысы кезеңінің нарығы; тауар емес балама кезеңінің нарығы;

Нарықтың құрылымы .Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:игіліктер мен қызметтер нарығы;өндіріс құралдарының нарығы;ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;құнды қағаздар нарығы;жұмыс күші нарығы.2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;халық тұтынатын тауарлар;азық-түлік тауарлар нарығы;шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.3.Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:аймақтар ішіндегі;аймақаралық;республикалық;республикааралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар.Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.4.Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:монополиялық;олигополиялық;салааралық нарықтар.5.Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар — жеке азаматтар.ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар,колхоздар, фермерлер, агрокешендердер және т.б 6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:занды, ресми нарықтар;занды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, т.б.

Нарықтың мәні, қызметтері. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді. Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар. Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады. Экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды. Рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы. Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер. Нарықтың  мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:- Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;—Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;—Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ, бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;- Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді; Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін — өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциялданады.

Нарықтың негізгі элементтері.Нарық тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.Жеке табыс (ЖТ немесе өзіндік түсім (ӨТ)) салық төлегенге дейінгі табыс.Қолда қалған табыс (ҚҚТ) салық төлегенннен кейінгі табыс.Таза экономикалық тұрмыс (ТЭТ (ЧЭБ)) өмір сүру сапасын ескеретін қоғамның экономикалық тұрмыс -жағдайын өлшейтін көрсеткіш.ЖҰӨ өлшеудің үш әдісі бар: қосылған құн арқылы, өндірістік немесе шығындар бойынша, кірістер бойынша. Бірінші тәсіл бойынша, бір жыл ішіндегі қосылған құндар сомаланады. Екінші тәсіл жыл көлемінде жұмсалған барлық шығындар сомасы да ЖҰӨ береді дейді. Үшінші әдіс бойынша жыл көлеміндегі барлық кірістер сомаланады.ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ. Баға индесі ағымдағы жылғы товарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.

Несие жүйесі. Банктер және олардың атқаратын қызметтері. .  Несие жүйесі — жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің ізіндік ерекшелігене қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі — банктік жүйе, ал екіншісі — парабанктік жүйе(банктік емес мекемелер). Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады: Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді; Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Несие: мәні, негізгі көздері. Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды

Несиенің қызметтері. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:қайта бөлу;айналыс шығындарын үнемдеу;айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;капиталдың шоғырлануын жеделдету;ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің формалары. Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйіңде сақталады. Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:коммерциялық несие;банктік несие;тұтыну несиесі;мемлекеттік несие;халықаралық несие;ипотекалық несие

Ө

Өндіріс шығындары: мәні, түрлері.Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. йқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі.

С
Салықтар және олардың қызметтері
.Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:1. реттеушілік;2. фискалдық;3. қайта бөлу.

Салықтың түрлері.Салықтар салық салу объектісіне қарай тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;Мүлік салығы;Жер салығы;Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;Көлік құралдарына салынатын салық;Әлеуметтік салық;Жанама салықтарға салықтар жатады:Қосылған құн салығы;Акциздер;Баж салығы;Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Т
Тауардың айырбас құны дегеніміз не?
Тауардың екінші қасиеті — айырбас құны, яғни белгілі бір пропорцияда басқа тауарға айырбастала алу қасиеті. Тауардың айырбас құны сандық қатынас түрінде нақты көрініс табады: тұтыну құны түріндегі бір тауардың белгілі бір саны тұтыну құны өзгеше басқа тауарға айырбасталады. Мысалы, 1 жылқы 10 қойга айырбасталған кезде айырбасталып жатқан тауарлардың сандық катынасы, яғни айырбас құны көрініп тұр. Айырбас кезінде тұтыну касиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлар белгілі бір саны арқылы бір-бірімен теңестіріледі.жатқан тауарлардың сандық катынасы, яғни айырбас құны көрініп тұр. Айырбас кезінде тұтыну касиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлар белгілі бір саны арқылы бір-бірімен теңестіріледі.

Тауардың тұтыну құны дегеніміз не?Тауардың тұтыну құны дегеніміз оның адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілеті. Шындығында, кез келген өнім тұтыну құны болып табылады. Өзі тұтынады ма, әлде басқалар үшін өндіреді ме, бәрі бір, ешкім ешқашан пайдасыз өнім өндірмейді. Адам өндірген өнім белгілі бір жеке қажеттіліктерді қанағатандыра алады немесе басқа өнімдерді ендіру құралы бола алады. Демек, кез келген заттың тұтыну кұны бар, сондықтан экономикалық теория тілінде зат тұтыну құны немесе пайдалылық де аталынады..

Ұ
Ұлттық табыс және Таза ұлттық өнім.
Ұлттық Табыс (ағылш. national income)- елдің халық шаруашылығында немесе материалдық өндіріс саласында белгілі бір кезең (әдетте бір жыл) бойына жаңадан жасалған күннің макроэкономикалық көрсеткіші, жалпы қоғамдық өнімнің оны өндіруге жұмсалған шығынды шегергеннен кейін қалатын бөліп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіші.Заттай және құндық нысандары болады. Заттай нысаны — халықтың жеке қажеттіліктерін және өндіріс құралдығын қанағаттандыратын тұтыну заттары. Оның белгілі бір тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдығының сақтық қорларын толықтыруға арналған. Ұлттық табыс елдің (саланың) бүкіл таза өнім көлемін көрсетеді. Онда материалдық өндіріс аясындағы сондай-ақ қызмет көрсету аясындағы өнімнің құны камтылған статистиканың әдіснамасы бойынша жалпы ішкі халық арасындағы сандық айырма тозымпұлдық аударым құнына тең. Ұлттық табыс өндірілген және тұтыну мен заңды пайдаланылатын ұлттық табыс түрлеріне бөлінеді.Таза ұлттық өнім – өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық өнім. Демек, жалпы ұлттық өнім – брутто болса, Таза ұлттық өнім – нетто. Жалпы ұлттық өнім капиталдың тозымпұлын шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық табысқа тең, ал таза ұлттық өнім таза ұлттық табысқа тең. Таза ұлттық өнім – өнім көлемінің неғұрлым жетілдірілген көрсеткіші, өндірістің осы жылғы таза көлемінің өлшеуіші. Таза ұлттық өнім жалпы ұлттық өнім сияқты жер, капитал, жұмыс күші, басқарушылық машық-дағды сияқты ресурстардың көмегімен жасалады. Ресурстардың ұлттық өнімді жасауға қосылған ағымдағы үлесі пайдаға салынатын жанама салықты шегергендегі Таза ұлттық өнімді көрсетеді. Пайдаға салынатын жанама салықтарды қоспағанда қоғамның ұлттық табысын құрайды. Ұлттық табыс Таза ұлттық өнімді жасаудың ресурстарды жұмсау тұрғысынан қаншаға түсетінін көрсетеді, өнімнің ағымдағы көлемінің оны жасауға пайдаланылған экономикалық ресурстардың нарықтық бағасын айқын көрсетеді

Ц
Цикл түрлері.
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. 2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. 3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты 4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. 5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты. 6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

Циклділік: мәні және осыған қатысты көзқарастар. Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу — сатылары (фаза) циклдер  болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс — тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды    қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның    төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке  келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.Тоқырау (депрессия) — өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып),  екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жаңарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін құрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу қайтадан дағдарысқа түсу процестері болады.Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге   әсерін тигізеді.Көтерілу ждеңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың  жоғары мен  сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен (перенасыщения), тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе — бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша  әлеуметтік көзқарастар мен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке  меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру  арасындағы  тұрақты қарама – қайшылық ретінде  негіздеген. Индустрия қоғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К. Маркс циклдер себептеріде жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін  түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп — жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарын-дағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты. Индустриялық қоғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты (антогонизмді), маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі — бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар — экономикалық цикл табиғаттын толық түсіндіре алмады К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган — Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк , Дж.  Кейнс,  М. Миллер,  И. Шумпетер  және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалық циклдерді зерттеуге арналған.Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық  процестер теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл  циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық  ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н. Кондратьевтің, К. Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған. Шумпетер экономикалық жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған.П.Самуэльсон өзінің “Экономика” кітабында экономикалық өмірдің барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы  экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік — экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп — үйренуді ұсынады.Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек “технологиялық” себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті – салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың “бейнесі” өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары “өркендеу” мен “тоқырау”  шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын “буырқаныс”, “қысқару”, “құлдырау”, “көтерілу” циклы деп аталады.

Циклдің негізгі фазалары.Тоқырау фазасының сипаттамасы:1.Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.2.Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.3.Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.Жандану фазасының сипаттамасы:1.Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.2.Инвестициялар өседі.3.Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.4.Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.5.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының сипаттамасы:1.Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.2.Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.3.Тауарлардың бағасы өседі.4.Қарыз капиталының ұсынысы өседі.5.Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Э
Экономикалық өсу және оның мәні
. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы болып табылады.

Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету, т.с.с.Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:1.Халық2.Табиғи ресурстар3.Капитал жинақтау4.Техника

Экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштері. Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;2. адамның бос уақытының көбеюі;3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;4. адам капиталына инвестицияны өсіру;5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің негізгі факторлары. Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:Тікелей факторлар:- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.Жанама факторлар:- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

.

Экономикалық өсудің түрлері. Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:-       жұмыс күшінің санының өсуі;-       капиталдың көлемі өсуі.Аралас типі — факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық өсудің шарттары мен нәтижесі. Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:1.Халық 2.Табиғи ресурстар3.Капитал жинақтау  4.Техника Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады /1/.Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру мүмкіндігін білдіреді.Экономикалық өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде екі анықтама да қолданыла береді. Мысалы, егер басты назар саяси әскери потенциалының мәселелеріне арналса, онда бірінші анықтама сәйкес келеді. Бірақ жеке елдермен аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен 70%-нан асады, әйтсе де Үндістан Швецариядан халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60 есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың кез келгенінен экономикалық өсу пайызбен, өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі шығады.

Экономикалық ресурстар дегініміз не?Экономикалық ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы. Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофиз.), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары. Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда эко¬номикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегеніміз — тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар. Оған ғимарат және құрылыс, жабдықтардың барлық түрлері, машиналар, құрал-саймандар, берілу құрылғылары, коммуникациялар, еңбек түрлері, жер және әртүрлі кен байлықтар жатады. Барлық экономикалық ресурстар (өндіріс факторлары) былай бөлінеді:1. материалдық немесе табиғи ресурстар - "жер", капитал;2. адамдар ресурстары - еңбек пен кәсіпкерлік қабілет. Жүйе ішінде әрбір фактордың өз орны және нақтылы функциясы бар.

Экономикалық теорияның атқарытын қызметтері және құрылымы. . Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады

Экономикалық тиімділік дегеніміз не?Экономикалық тиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚ өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қорсыйымдылығы Өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады. Экономикалық тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын күшті ықпал етеді. Сондықтан Өндірістің тиімділігінде экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы – шаруашылықты жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табыладыТиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің,үрдістің операцияның жобаның  нәтижелі болуы.  Шағын кәсіпкерліктің  нарықтық ортадағы қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі  маңызды сапаның  мінездемесі. Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік  потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді,бұл нәтиженің  өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады . сол шығынмен нәтиже жоғарлаған сайын  қажетті еңбектің 1 теңгеге жұмсаған шығынның  есебінен  тез өскен сайын  немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын  аз болған  сайын  қызмет ету тиімділігі жоғарлай түседі.  Қызмет ету тиімділігі  - тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу  бойынша  қызмет тиімділігінің көрсеткіші . тиімділікті  мына коэффициент  бойынша өлшеуге  болады . шығудағы ресурстарды  кірудегі немесе  өнім шығару көлемине , оның  номенклатурасына  нәтиженің қатынасы .Адамзат қызмет тиімділікпен  тікелей немеесе  жанама байланысты.  Бұл сөздің негізінде  ресурс шектеулігі ,уақытты үнемдеу ,қолда бар ресурстан  барынша көп өнім алу жатыр.

Экономикалық цикл және оның құрылымы.Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар  арасындағы мерзім және осы кезде оның  төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді.  Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:1. Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен  кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.2.Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.3.Бағалы қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.4.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлі жалақысы өседі.Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.Тоқырау фазасының  сипаттамасы:1. Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау  жағдайында болады.2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.3. Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.Жандану  фазасының сипаттамасы:1.Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.2.Инвестициялар өседі.3.Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.4. Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.5.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.Өрлеу фазасының сипаттамасы:1.Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.2.Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.3.Тауарлардың бағасы өседі.4.Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.5.Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы  және ішкі деп бөлуге болады.Сыртқы  факторлар –  экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар:  халық санының өзгеруі, соғыстар,  төңкеріс, басқа да саяси  шиеленістер, жаңа  жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа  кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің  көзіндегі  құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың  физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.Экономикалық  құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың  бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық  процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық  жағдайында өндіріс  қозғалысының циклдық  себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Экономикалық өсудің интенсивті түрі. . Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивті түрі кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе де бастысы өнімділік тиімдлігінің жоғарлауы мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан түскен кері қайтарылымдықтың өсуі болып табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының сапасының жоғарлауы табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарлауы.

Экономикалық өсудің экстенсивті түрі. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі кезінде қоғамдық өнімнің көбеюі өндіріс факторларының сандық көбеюінің: өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдарын),жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр станцияларын құру мен сатық жинайтын комбайындарды үлкен көлемде шығару үшін жұмысшылардың неғұрлым үлкен көлемін тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы.Экономикалық өсудің бұл типі кезінде өнімнің өсіміне жұмысшылар санын мен олардың мамандану құрамының сандық өсуінің және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің арқасында, сонымен қатар орнатылған жабдықтың көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады

Экономикалық циклдердің себептері.Экономикалық цикл дегеніміз – экономикадағы қалыптасқан бір дағдарыстан екніші дағдарысқа дейінгі уақыт аралығы.Циклділік теориясын құрған Н.Д.Кондратьев. Ол анықтаған циклділік ұзақ толқындардан құралады. Ұзын толқындар теориясы макроэкономикалық тепе-теңдіктегі ауытқу жағдайында болатын экономикалық жүйені көрсетеді. Циклділіктің қалаыптасу себептері:1-ден, бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы ауытқулар;2-ден, бұл ауытқу өндіріс құралдарына сұраныстың өзгеруімен байланысты;3-ден, бұл тепе-теңдіктен 40-60 жылды құрайтын ұзақ ауытқулар.Сондай-ақ тұтынудың, инвестицияның, негізгі қорлардың жаңаруы, ақша массасының өзгеруі;

.




1. Апофатизм, или Негативная теология
2. Решение проблем сестринского ухода Теория- 1
3. Фундаментальная информатика и информационные технологии
4. Бернар Бербер Звездная бабочка- Гелеос РИПОЛ Классик; Москва; 2009 ISBN 9785818916859 9785386014247 Оригинал- Bernrd Werb
5. ТЕМА- ФИБРОМИОМА МАТКИ
6. отстаивание; фильтрация; центрифугирование; термическое воздействие; электрическое воздействие; внутри
7. Введение Структура завода цехи и службы управления и отделы Электролизное производство применяе
8. Проблема метода в бихевиоризме
9. Скилл Темный Удар Вы поджигаете противника нанося ему 20 дмг
10. Теократическая идея.html
11. Признаки и функциональные особенности бандитизма
12. Элементы организации и процесса управления
13. Оганизаторскаясоревнования дежурство по школе2.html
14. а а также человеческий капитал т
15. тарок Глядя на этих людей никто не сказал бы что на их плечах тяготеет бремя государственных устоев
16. Системный администратор в производственную компаниюДата рождения- 01
17. реферату- Загартування його принципиРозділ- Фізкультура Загартування його принципи Загартувальні вплив
18. ТЕМА 8 Рынок труда сфера формирования спроса и предложения на рабочую силу
19. Державно-правове становище українських земель у 1918-1940 роках
20. Конспект лекций Омск 2007 УДК К 301