Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Су құқығының ұғымы, түсінігі мен пәнінің ерекшелігі. сулар - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды. Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
9.Су құқығының қағидалары атаныз, олардың түсінігі мен жалпы сипаттамасың берініз.Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттік маңызын мойындау;2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткізуi;4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;9) су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.
12. Су объектілеріне меншік құқығының түсінігі, түрлері және туындау негіздерінің мазмұнының ашып берініз. Су объектілеріне пайдалану құқығының ерекшеліктерін және түрлерін айқынданыз. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы.Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы.Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік не жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық Заңдарымен реттеледi. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және иеліктен шығаруға жатпайды. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарына бекітілiп берiледi.Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарға бекітілiп берiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарынан басқалары, жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады. Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттік және өзге де ұйымдар жүзеге асырады. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.
16.су сервитуттарының мазмұның ашыныз.Сервитут міндеткерлік (латынша servіtus міндет, міндеттеме, міндеткерлік), 1) бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады); 2) халықар. құқықта бір мемлекеттің аумақтық егемендігін басқа мемлекеттің пайдасына шектеу (мыс., әскери күштерді өз аумағы арқылы өткізуге қатысты жолдарды пайдалану).су сервитуты - су объектісін шектеулі пайдалану құқығы; Сервитуттарды мемлекеттiк тiркеуМемлекеттiк тiркеуге осы Заңның 8-бабына сәйкес басымдық мүдделерге жатқызылған сервитуттардан басқа сервитуттар жатады. Сервитутты тiркеу туралы жазба жер учаскесiне немесе сервитутпен ауыртпалық салынған өзге де жылжымайтын мүлiк объектiсiне жатқызылған тiркеу парағында жүзеге асырылады. Сервитуттар үстемдiк ететiн жер учаскесiнiң немесе жылжымайтын мүлiктiң өзге де объектiсiнiң пайдасына белгiленген жағдайларда, тiркеу жазбасы пайдасына сервитут туындаған жылжымайтын мүлiк объектiсiне жататын тiркеу парағында жүзеге асырылады. Бiртектес сервитуттарды белгiлеу туралы бiр немесе бiрнеше құқық белгiлейтiн құжаттар негiзiнде кезегiмен орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қатысты туындаған сервитуттарды (адамдардың жаяу өту көлiк құралдарының өтуi, төсеу, техникалық қызмет көрсету, тыныс-тiршіліктi қамтамасыз етуде инженерлiк коммуникациялар жүйелерiн, әуе, жер үсті және жер асты желiлерiн қоса алғанда, жөндеу және бөлшектеу) тіркеу кезiнде өтiнiш берушi тiркеуге бiр өтiнiш беруге құқылы. Бұл ретте тiркеушi орган жылжымайтын мүлiктiң әрбiр объектiсiне қатысты уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен сервитуттар белгiлеу туралы жазба енгізедi. Сервитутты қолдану саласы құқық белгiлейтiн құжаттағы жазба арқылы анықталады не қажеттi жағдайларда осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарға сервитуттың қызмет ету саласы көрсетiлген жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының және (немесе) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортының көшiрмесi қосымша берiледi.
Егер сервитуттың қызмет ету саласы оны жазбасы немесе жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының және (немесе) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортының көшiрмесiне нұсқау арқылы анықталмаса, сервитут жылжымайтын мүлiктiң барлық объектiсiне қолданылады.Су сервитуты - Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртібін жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн. Қауымдық және жеке су сервитуттары: 1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу; 2) суат және мал айдау, балық шаруашылығын жүргізу; 3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi.
18 Су құқық қатынастары саласындағы мемлекеттік басқарудың орны мен ролі.Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару.Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметі, уәкілетті орган, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган,Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: 1) мемлекетаралық; 2) мемлекеттік; 3) бассейндiк; 4) аумақтық. Мемлекеттік органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi : Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару: 1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау; 2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру; 3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау; 4) бассейндiк басқару; 5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi: 1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi, елді мекендерді сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйін талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды айқындау; 2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау; 3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөніндегі iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру; 5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу; 6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу; 7) экологиялық талаптарды жоспарлау және сақтау; 8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау; 9) мемлекеттік меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару; 10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту; 11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару.12) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;13) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының жай-күйін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау.
19.Су шаруашылығын басқару органдарының атқаратын қызметі мен құзіретін ашып берініз. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi .Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 1-1) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін бекітеді;1-2) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекітеді;2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады; 3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу тәртібін белгiлейдi; 4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн бекiтедi; 5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін бекiтедi; 6) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн бекiтедi; 7) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекіту тәртібін белгiлейдi; 8) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін белгiлейдi; 8-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;9) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi; 11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерiн бекiтедi; 12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. 12-1) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындайды;14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;15-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;16) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерінбекітеді;17) елді мекендерді сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;18) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын бекiтедi;19) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларынбекiтедi;20) судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiтедi;21) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкілетті орган: 1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 2) экономиканың су секторын дамыту, оның ішінде жерді гидромелиорациялау бағдарламаларын әзiрлейдi; 3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi; 3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін әзірлейді;4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi; 4-1) бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн әзірлейді; 5-1) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растайды;6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсатты берудi, қолданысын тоқтата тұруды және оны қайтарып алуды жүзеге асырады;6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi; 7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер есебінің әдістемесін бекітеді;8) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 11) суды және оның пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады; 12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткізуiн қамтамасыз етедi; 13) су объектiлерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн бекітеді;13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;14) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады; 15) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының және су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзу жобаларын келiседi; 16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады; 17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; 18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады; 20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады; 21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады; 22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi; 23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi; 24) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердiң суармалы жерлердiң мониторингi мен мелиоративтiк жай-күйiн бағалауды жүргiзуiн ұйымдастырады. 25) судың бастапқы есебінің ережелерін әзірлейді. 26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді.28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті.Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;6) елді мекендердің су бұру жүйесіне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзірлейді;7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді;8) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен елді мекендер шегінде ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi.Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi; 3) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртібін белгiлейдi; 5) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді;6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi.Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 1-1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi; 2-1) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;3) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;4) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі өңірлік бағдарламалардың жобасын бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;6) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі бассейндiк бағдарламаларды iске асыруды жүзеге асырады; 7) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiседi; 7-1) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады; 9) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді.10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі;12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейіндік басқарудың міндеттері мен функцияларының мазмұның ашыныз.Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары : Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады. Бассейндiк басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару; 2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру;3) тиiстi бассейн шегiнде перспективалық жоспарлар мен даму бағдарламалары негiзiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер дайындау және iске асыру; 4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргізу; 6) осы Кодекспен белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануғарұқсат беру, олардың күшiн тоқтата тұру; 7) мыналарды: тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын; судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды; судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасы жобаларын;су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды; су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөніндегі iс-шаралар жоспарларын келiсу; 8) судың жай-күйiне әсер ететiн өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу; 9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;10) жер асты суларының қорларын бекітуге қатысу;11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру; 11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау; 13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу; 14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу; 16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою; 17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру; 18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру; 19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету; 20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау; 21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тіркеу;24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу.
22.Бассейндік келісімдер және кеңестер, басқарудың басқа да бассейндік әдістерін атаныз.Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер (бұдан әрi - бассейндiк келісімдер) бассейндiк басқармалардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады. Бассейндiк келісімдерде тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөніндегі мiндеттемелер болады. Бассейндiк келісімдердi дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғау схемалары, су объектiлерiн пайдалану, қалпына келтiру және қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, ғылыми және жобалық әзiрлемелер, даму болжамдары және өзге бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады. Бассейндiк келісімдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкін.Бассейндiк кеңес-тиісті бассейн шегінде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.Тиiстi бассейндiк басқарманың басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiңжәне олардың қауымдастықтарының өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң әзiрлiк жұмысын ұйымдастыру бассейндiк басқармаға жүктеледi. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келісімге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.
23.Су қорының жерлері және су қорғау аймақтарының мазмұнының ашыныз
Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi. Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес, жер бетiндегi су тоғандарының қолайлы су режимiн, сақтау, оларды қайырлану мен шөп басудан, топырақтың су эрозиясынан, су хайуанаттары мен құстарының мекендеу жағдайының нашарлануынан сақтандыру, су ағысының құбылмалылығын азайту мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi. Өзен, көл, су қоймасы, суару-суландыру жүйелерi акваторияларына iргелес жатқан аумақ - су қорғау аймағы болып табылады, онда суды ластанудан, былғану мен сарқылудан сақтандыру, оларды экологиялық тұрақтылық пен тиiстi санитарлық жағдайда сақтау мақсатында пайдаланудың айрықша шарттары белгiленедi. Су қорғау аймақтары шегiнде шаруашылық қызметi қатаң шектелетiн әрi санитарлық-қорғау мәнi бар аумақ болып табылатын су қорғау белдеулерi бөлiнедi.Су қорғау аймақтары мен белдеулерi және осы аймақтар мен белдеулердiң жерiн шаруашылыққа пайдалану режимi мемлекеттiк санитарлық қадағалау, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы, балық қорғау, жерге орналастыру қызметi мен селден қорғау (сел қаупi бар аудандарда) органдарымен келiсiле отырып бекiтiлген жобалық құжаттардың негiзiнде жасалған мемлекеттiк су ресурстарын басқару органдарының ұсыныстары бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктердiң шешiмдерiмен белгiленедi. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауды мемлекеттiк су ресурстарын басқару органдарының өтiнiмдерi бойынша мамандандырылған жобалау ұйымдары жүзеге асырады.
25. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптардың мазмұнының ашыныз.Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар:Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, қайта жаңғырту, (кеңейту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) пайдалану, консервациялау, тарату (кейіннен кәдеге жарату)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар:Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткізу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс. Уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бiрлесе отырып, су объектiсiнiң әрбiр бассейнi үшiн судың жай-күйi мен сапа өлшемдерiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеуге мiндеттi. Бассейн iшіндегі су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезеңдеп көшу мерзiмдерiн бассейндiк басқармалар мен жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесе отырып бекiткен әдiстеменiң негiзiнде белгiлейдi. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу.Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн уәкiлеттi орган су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсіндегі судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
29.Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды сипаттаныз. Мемлекеттік су кадастры және су объектілерінің мемлекеттік мониторингінің мазмұның ашыныз. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды , сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз етудің манызы.
Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу.Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жер үстi және жер асты суларын пайдалану есебiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырады.Мемлекеттік су кадастры. Мемлекеттік су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.Мемлекеттік су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттік есепке алу деректерiне негiзделедi. Мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.Су пайдаланушылар уәкiлеттi органға жәнежер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi. Уәкiлеттi орган мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi.Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi олардың жай-күйiне гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштердi тұрақты қадағалау, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша бiрлесiп жүзеге асырады.Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу; 2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау; 3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және: 1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;2) жалпы ұлттық сипаты бар инновациялық су шаруашылығы мен су қорғау бағдарламалары үшiн тiкелей мемлекеттік инвестициялар бөлу арқылы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етiледi.Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.
40. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерiн ашып анықтаныз.
Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi
Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:
1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру бағдарламаларын әзiрлеу және қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгізуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;
4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.
Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.
3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
46.Су қорын пайдалану мен қорғау және сумен қамтамасыз ету саласындағы стандартизация және сертификацияның мазмұның ашып берініз.
Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекітіледi және тiркеледi.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
47.Жер үсті сулары объектілерінің құқықтық режимінің мазмұның ашып беріңіз
Жер үстi су объектiлерi
1. Жер үстi су объектiлерi:
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
2. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.
48.Шағын су объектiлерi. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi.
Шағын су объектiлерi
1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:
тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.
Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөніндегі шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгiлейдi.
2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шаралар кешенi жеке көзделедi.
3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен келісілген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
49.Ауылшаруашылығы су пайдаланудың құқықтық мәселелерің атаныз.
50.Теңіз суларының құқықтық режимінің мазмұның ашыныз.
Теңiз сулары
1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.
51.Жер асты сулары объектілерінің құқықтық режимінің мазмұның ашып көрсетініз.
Жер асты су объектiлерi
Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:
1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;
2) жер асты суларының бассейнi;
3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;
4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;
5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.
52. Мемлекеттік су кадастрына сипаттама берініз.
Мемлекеттік су кадастры
1. Мемлекеттік су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.
2. Мемлекеттік су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттік есепке алу деректерiне негiзделедi.
3. Мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.
4. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.
5. Су пайдаланушылар уәкiлеттi органға және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.
6. Уәкiлеттi орган мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
53. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандырудың ролі.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.
2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келісімдермен айқындалады.
54.Су объектілеріне мемлекеттік мониторингтің ролі және алатын орны.
Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi
1. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi олардың жай-күйiне гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштердi тұрақты қадағалау, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады.
3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша бiрлесiп жүзеге асырады.
55.Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөнiндегi дауларды реттеу. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөніндегі дауларды реттеу
1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша даулар ізгi ниет, өзара сыйластық және тату көршiлестiк қатынастар негiзiнде келiссөздер жүргiзу арқылы немесе дауға қатысушы тараптар үшiн қолайлы басқа әдiспен шешiледi.
2. Келiссөздерде өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткізу мүмкiн болмаған жағдайда, егер трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, су дауларын шешудiң төрелiк процесi орынды деп танылады.56. Трансшекаралық сулардың құқықтық режимі.
Трансшекаралық сулар
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.
2. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртібі осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.
57. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттаның орны, принциптерiнің негіздері, тетiгi мен экономикалық негiзiдін ролі.
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасасу негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау;
3) шекаралас елдердiң трансшекаралық сулар бойынша мемлекетаралық қатынастары бөлiгiнде су заңдарын үйлестiру мен жақындастыруға қатысу;
4) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық, бағдарламаларды, нормаларды, стандарттарды, жобаларды және мониторингтi бiрлесiп әзiрлеу және iске асыру болып табылады.
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi
Қазақстан Республикасы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы өз саясатында мынадай принциптердi басшылыққа алады:
1) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын дамыту;
2) халықаралық су құқығының жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларын ескере отырып, трансшекаралық ағын судың барлық елдерiнiң су ресурстарын әдiл, ақылға қонымды және өзара тиiмдi пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
3) болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiне зиян келтiрмей қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды ескере отырып, су ресурстарын басқару;
4) адамның экологиялық құқықтарының, мүдделерiнiң және трансшекаралық өзендер бассейндерiнiң су шаруашылығы жүйелерiнiң экономикалық даму балансын сақтау;
5) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу кезiнде өзара көмек көрсету және даулы мәселелердi бейбiт түрде реттеу;
6) трансшекаралық сулардың жай-күйiне ықтимал трансшекаралық әсер етудiң алдын алу жөніндегі сақтық шараларын қамтамасыз ету;
7) халықаралық жауапкершiлiк және трансшекаралық әсер етуден туындаған залалды өтеу.
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi:
1) трансшекаралық әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде трансшекаралық суларды олардың трансшекаралық сипатын ескере отырып, ақылға қонымды және әдiл түрде пайдалануды қамтамасыз етудi;
2) трансшекаралық суларды экологиялық жағынан негiзделген түрде және ұтымды басқару, қоршаған ортаны сақтау және қорғау негiзiнде пайдалануды;
3) ластауды қоршаған ортаның басқа құрамдас бөлiктерiне ауысуға әкелмеуге тиiс болатын трансшекаралық суларды ластауды тыю, оны болғызбау, шектеу және қысқарту жөніндегі шараларды;
4) трансшекаралық әсер етуден бұзылған экологиялық жүйелердi сақтауды және, қажет болған жағдайда, қалпына келтiрудi;
5) ағынды суларды ағызудың шектi нормаларын белгiлеудi, су пайдаланудың қазiргi заманғы техникалық жетiстiктерiне және экономикалық ықтимал жағдайларына сәйкес келетiн су сақтаудың қатаң нормаларына бағдарлауды;
6) трансшекаралық сулар мен су объектiлерiнiң мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу мен келiсудi және оларды iске асыруға қатысуды;
7) трансшекаралық суларды басқаруға, реттеуге және қорғауға қаржылық және техникалық жағынан бiрлесiп қатысуды;
8) трансшекаралық өзендердiң бассейндеріндегі су шаруашылығы ахуалы туралы ақпарат алмасуды, төтенше су жағдайлары кезiнде шұғыл хабардар етудi және өзара көмек көрсетудi;
9) нормативтiк-құқықтық базаны бiрегейлендiру, трансшекаралық суларды және оларға байланысты экологиялық жүйелердi қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрлескен бағдарламалары мониторингiнiң, оларды әзiрлеудiң және iске асырудың бiрыңғай жүйелерiн құру саласында шекаралас елдермен ынтымақтастықты, осы мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды;
10) трансшекаралық сулар мен су шаруашылығы құрылыстарын бiрлесiп пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi, келiсудi және жүзеге асыруды;
11) Қазақстан Республикасы бекiткен трансшекаралық суларды пайдалану және қopғaу саласындағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердi бiрлесiп iске асыру үшiн қажет болған жағдайда трансшекаралық суларды басқару жөніндегі мемлекетаралық орган құруды;
12) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiнде аймақтық және ұлттық деректер базасын құруды;
13) су проблемаларын шешу жөнiнде бiрлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзудi;
14) трансшекаралық суларды ұтымды пайдалануға және қорғауға байланысты өзге де қызметтi көздейдi.
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi
Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi:
1) осы су объектiсiнде және оған iргелес аумақта биологиялық тепе-теңдiктi ұстап тұру, ұдайы молайту және сақтау мақсатында трансшекаралық суларды тиiмдi және ұтымды пайдалануды;
2) трансшекаралық әсер ету нәтижесiнде кiнәлi тарап келтiрген залал үшiн өтемдiк жауапкершiлiктi;
3) пайдаланылатын су ресурстарына үлес қосып қатысу принципiнде басқа мемлекеттер пайдаланатын трансшекаралық суларды басқару, реттеу және қорғау жөніндегі су шаруашылығы объектiлерiн бiржақты пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетке шығындарын өтеудi;
4) мемлекеттердiң бiрiнiң тиiстi бекітілген халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өзiнiң трансшекаралық сулар үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) өтемдiк негiзде екiншi мемлекетке беруiн көздейдi.
58. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыз сумен және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану негіздері
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыз сумен және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану
1. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген мемлекеттік стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
3. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
5. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
6. Жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi негiздеме болған жағдайда уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат бере алады.
аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.
59. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау.
Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
1. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желісі бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі су сапасының белгiленген мемлекеттік стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға,қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға мiндеттi.
Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында мiндеттi түрде тiркеп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектiлерiне оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алуға құқылы.
Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.
2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
60.Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланудың манызы. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану
1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның, уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша:
1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
1. Ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалануға оған арнаулы рұқсатсыз жол берiледi.
2. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
3. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары рұқсат бepeдi.
61. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану.
Жауабы 60суракта
62.Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылық мұқтаждары үшін пайдаланудың құқықтық сипаттамасын берініз.
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану ортақ және арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Бастапқы су пайдаланушылар қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану жоспарларының негiзiнде су көлемдерiн алуға жыл сайынғы өтiнiмдерiн жасайды. Уәкiлеттi орган жылдың жоспарланған сулылығын ескере отырып және бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде олар үшiн су пайдалану лимиттерiн белгiлейдi. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су жеткізу көлемдерi белгiленген лимиттер ескерiле отырып, бастапқы және қайталама су пайдаланушылардың арасында жасалған шарттармен айқындалады.
3. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатымен ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғаларда уәкiлеттi органның рұқсаты болуға мiндеттi.
4. Жер үстi және жер асты су объектiлерiн жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол берiледi.
6. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бағбандықпен және бақша өсiрумен айналысатын жеке тұлғаларға суару үшiн су белгiленген лимиттерге сәйкес арнайы су пайдалану тәртібімен бөлiнедi. Жеткiлiктi су ресурстары болмаған жағдайда суару үшiн су басқа су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.
7. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және басқа да мелиорациялық жұмыстар су объектiлерiн және олардың су жинау алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететiн табиғат қорғау iс-шараларымен бiр кешенде жүзеге асырылуға тиiс. Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттік мекемелер жүргiзедi.
8. Ағынды суды суару үшiн пайдалану белгiленген экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
9. Суармалы аймақта су пайдаланушылар қайталама сулардың көлемi мен сапасына болжам жасайды, су объектiлерiне ағызу көлемдерiн, жинақтағыш су қоймаларын жасауды немесе оларды жасалған жерiнде пайдалануды жоспарлайды.
63.Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдаланудың мазмұның ашып көрсетініз.
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдары айналымдық сумен жабдықталымға ие болуға мiндеттi. Айналымдық сумен жабдықталымы жоқ ұйымдар уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықталымға көшу жоспарын беруге мiндеттi.
3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе өндірілген сулар (шахта, карьер, кеніш сулары) экологиялық талаптар сақтала отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.
5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi уәкiлеттi органның келісімi бойынша белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетикасы кәсiпорындарының су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.
64. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану
1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін, кеме жүруі, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн бекітудi Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртібін уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:
1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;
4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;
5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.
3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.
4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады
.65. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану.
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану
және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (оның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстың қорытындылары бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.
3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су объектiлерi және cy шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;
2) су объектiлерiнiң жағалауларын және су шаруашылығы құрылыстарын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
3. Мелиорациялық-техникалық жұмыстар жүргiзу мен балық аулауды, су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктер өсiру уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
4. Бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы молайту мен қорғау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн және аңшылық шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да iс-әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.
66. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
Су қоймаларын пайдалану
1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.
2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.
5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.
67.Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:
1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
2) табиғи су кешенiнiң су объектiлеріндегі судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;
3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;
4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;
5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;
6) балық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;
7) рекреациялық кешендi дамыту;
8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртібін нығайту.
68.Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:
1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;
2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;
3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;
4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;
5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;
6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;
7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:
1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;
2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;
3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.
69. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен қамтамасыз етуді реттеудің экономикалық тетігі.
Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi
Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:
1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру бағдарламаларын әзiрлеу және қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгізуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;
4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұружөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.
3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
70.Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.
3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
71. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу.
Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.
3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады
72.Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi инвестициялық саясаттың принциптерi.
Су шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясаттың принциптерi
1. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негiзгi түрлерi:
1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерiн ұстау;
2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі шығындарды қаржыландыру;
3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру;
4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;
5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзiп беру және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;
7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау жөніндегі шығындарды қаржыландыру болып табылады.
2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді мелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi принциптерi:
1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;
2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;
3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;
4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттік бақылау болып табылады. )
3. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
73.Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi.Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:
1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;
2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;
3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;
4) мiндеттi мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.
. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы
1. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
2) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.
2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкін.
74.Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
1-1) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін бекітеді;
1-2) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекітеді;
2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;
3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн бекiтедi;
5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін бекiтедi;
6) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
7) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекіту тәртібін белгiлейдi;
8) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін белгiлейдi;
8-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;
9) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi;
11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерiн бекiтедi;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
12-1) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындайды;
14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
15-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;
16) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекітеді;
17) елді мекендерді сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;
18) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын бекiтедi;
19) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекiтедi;
20) судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiтедi;
21) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
75.Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;
3) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртібін белгiлейдi;
5) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
76. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.
2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келісімдермен айқындалады.
77.Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi
Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.
2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.
4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілетті органмен келісім бойынша бередi.
5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
2. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
78.Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою.
Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:
су тасу, су басу, топан су басу;
жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;
жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;
топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі
1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:
1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;
2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;
3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;
4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;
5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.
2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
79.Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері жүретін су жолдарында су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
4. Қолданылуы су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жаңа объектілердің құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесі көзделуге тиіс.
5. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қолданыстағы (салынып жатқан) объектілерді консервациялау және жою (кейіннен кәдеге жарату) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Cу объектілерінің аумағы арқылы көліктік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс.
Көрсетілген жобалар уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жобалары болмаса және мемлекеттік экологиялық сараптаманың, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі
80.Cу объектілеріне нормативті рұқсат етілген зиянды әсер ету мөлшері. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау.Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;
2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.
3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.
Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.
2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;
2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;
3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.
3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен алдын ала келісіледi.