Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ны~ бас органы болып табылады ол ~йымны~ барлы~ м~шелерін ~амтып шешім ~абылда~ан кезде ~р~айсысы бір дауы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

Название статьи

Касимова Л.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Ғылыми жетекші – т.ғ.к., доцент  Смағұлова Г.М.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен басты 6 органдар бар, олар:

  1.  Бас Ассамблея
  2.  Қауіпсіздік кеңесі
  3.  Экономикалық және әлеуметтік  кеңесі
  4.  Қамқорлық жөніндегі кеңес
  5.  Халықаралық сот
  6.  Бас хатшы және хатшылық

    Бірақта БҰҰ өте кең 15 мекеме, бірнеше бағдарлама жәнеде органдарын құрайды.

     Бас Ассамблеяға тоқталсақ : Бас Ассамблея БҰҰ-ның бас органы болып табылады, ол Ұйымның барлық мүшелерін қамтып, шешім қабылдаған кезде әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

     Бейбітшілік және қауіпсіздік, жаңа мүшелерді қабылдау және бюджет секілді күрделі  мәселелер бойынша шешім қатысып отырған  дауыс берушілердің үштен  екісі жақтап дауыс бергенде  қабылданады. Өзге  м әселелер бойынша  шешім көпшілік  дауыспен қабылдана  береді.

   БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес Бас Ассамблеяның қызметі мен өкілеттігі, өзге мәселелермен  қатар, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіндегі ынтымақтастықтың  ортақ принципі бойынша нұсқауларды талқылау және қарастыру, саяси, экономикалық және әлеуметтік, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы халықаралық байланысқа ықпал ету, сондай-ақ  адам құқығы мен жалпыға ортақ негізгі  бостандықты жүзеге асыруды қамтиды.

   Сессияның ашылған  алғашқы күнінде Бас Ассамблея Төраға мен орынбасарларын сайлайды. Бұл жерде барлық мемлекеттер- БҰҰ мүшелері географиялық ерекшеліктеріне байланысты Африка, Азия, Латын Америкасы, Шығыс  Еуропа, Батыс Еуропа елдері мен өзгеде мемлекеттерді (АҚШ, Австралия мен Жаңа Зеландия) біріктіретін 5 аймақтық топқа бөлінеді.

    Бас Ассамблеяның Төрағалығына аймақтық топтың ұсынысымен, сол топтағы мемлекеттің бірінің өкілі ауыспалы түрде (ротация) сайланады (әдетте, ол топ ішінде талқыланады). БҰҰ-дағы келісім бойынша Бас Ассамблеяның Төрағалығына БҰҰ Қаіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын мемлекеттің өкілі сайлана алмайды.

    Өзінің алғашқы пленаралық мәжілісінде Бас Ассамблея Бас Комитетті ұйымдастырады, ол орташа есеппен 160-180 мәселені қамтитын күн тәртібін алдын-ала талқыға алып, Бас Ассамблеяның қарауына ұсынады. Содан соң пленаралық мәжіліс барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының Бас Комитеттерінің ұйымдық мәжілістері өткізіледі.

   Қазір Бас Ассамблеяның 6 Бас Комитеті бар:

Бірінші Комитет- қарусыздандыру және халықаралық қауіпсіздік мәселелері;

Екінші Комитет- экономикалық және қаржы мәселелері;

Үшінші Комитет- әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени салалар;

Төртінші Комитет- арнайы саяси мәселелер мен колониялықтан құтылу мәселелері;

Бесінші Комитет- әкімшілік және бюджет мәселелері;

Алтыншы Комитет- құқықтық мәселелер.

     Әр Бас Комитет құрамында төраға, орынбасарлары мен әртүрлі аймақтық топ өкілдері ішінен баяндамашылары бар өз басшылығын сайлайды.

     Әдетте мәселелердің бір бөлігі пленаралық мәжілістерде бекітіледі. Күн тәртібіндегі күллі мәселелер бойынша шешімдер, қарар, дауыс беру арқылы немесе аккламация, яғни дуысқа салмай-ақ қабылданады.

    Қажет болғанда Бас Ассамблея Қауіпсідік Кеңесінің не көпшілік мемлекеттердің-БҰҰ мүшелерінің талабы бойынша арнайы сессияларға жиналады. 24 сағаттың ішінде Қауіпсіздік  кеңесінің, БҰҰ мүшелерінің көпшілігінің немесе басқаларының келісіміне сәйкес бір мемлекеттің талабы бойынша БҰҰ төтенше арнайы сессиясы шақырылуы мүмкін.

    Әдетте Бас Асамблеяның сессиясы, дәлірек айтқанда, оның негізгі бөлігі қыркүйектен желтоқсанның соңына дейін созылып күн тәртібіндегі мәселелердің басым көпшілігі қаралды.

   Бас Ассамблеядан өзге Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесі бар: бес тұрақты мүшесі- Қытай, Ресей Федеациясы, Біріккен Корольдік, Америка Құрама Штаттары; Франция және Бас Ассамблея 2 жылы мерзімге сайлайтын он уақытша мүшелері болады. Қауіпсіздік Кеңесінің әр мүшесі бір  дауысқа ие. Негізгі мәселере бойынша шешім бес тұрақты мүшенің сәйкес дауыстарын қосқанда кемінде тоғыз дауыс басымдықпен қабылданады. Ұлы державалардың үндестігі деп аталатын бұл ереже вето деп аталады.  Егер тұрақты мүшелердің бірі шешімге келіспесе, ол “қарсы” дауыс береді де, бұл акт “вето” күшіне ие болады. Тұрақты мүше шешімді қолдамаса, әрі вето арқылы тоқтатғысы келмесе, ол қалыс кала алады.

     БҰҰ-ның Жарғысы бойынша Қауіпсіздік  Кеңесі шешімі міндетті әрі БҰҰ-на мүше мемлекеттер сөзсіз орындайтын бірден-бір басты орган болып саналады.

     БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мен өкілеттігі Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен мүддесі негізінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамассыз етуге, халықаралық шиеленіске не жанжалға әкелетін талас пен ахуалды қарастыруға , халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпті айқындауға әрі мүмкін іс-қимылға кеңес беруге, экономикалық және өзге де санкция ендіруге, басқыншыларға қарсы соғыс қимылын жүзеге асыруға салды. Кеңес Бас Ассамблеяға Ұйымының жаңа мүшелерін қабылдауға БҰҰ-ның Бас Хатшысын тағайындауды Ассамблеямен бірге Халықаралық Сотқа судьяларды сайлауды жүзеге асырады.

      Кеңестің негізгі қызметінің біріне бітімгершілік күштерін жанжал аймағындағы шиеленістігі бәсендету үшін жіберу және Жарғысын VII тарауына сәйкес ұжымдық соғыс қимылдары туралы шешім қабылдау болып табылады.

      Кеңес тұрақты жұмыс істейді және әр мүше-мемлекеттерінің БҰҰ-ның Штаб-пәтерінде тұрақты бір өкілі болады. БҰҰ-ның Жарғысы Экономикалық және әлеуметтік Кеңесті(ЭКӘЛК) БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелері жүзеге асыратын экономикалық және әлеуметтік салада іс-әрекетті үйлестіру үшін басты орган болып табылады. Ол үшін жыл мерзімге сайланатын, әрқайсысы бір дауысқа ие болатын 54 мүшеден тұрады.  Экономикалық және әлеуметтік Кеңесті экономика, әлеуметтік даму, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және өзге салалардағы мәселелерді талқылайтын орталық қызметін атқарады. Ол аталған мәселелер бойынша кеңес беруге, сондай-ақ одан құқығы мен  басты бостандықты сақтауда ынталандыру саясатына өкілетті. Оның қызметінің біріне белгілі бір мәселемен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға қатысты кеңестік қызмет жатады.

        Экономикалық және әлеуметтік Кеңесті әртүрлі тақырып бойынша қосалқы органдарды комиссиялар мен комитеттерді құрайды.

        БҰҰ-ның басты алты органдарының бірі Қамқорлық жөніндегі Кеңес БҰҰ-ның мандатының қарамағындағы аймақтарды басқару үшін құрылған. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес қамқорлық жүйесінің негізгі міндеттеріне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, қамқорлық аясындағы аймақта тұратын халықтың саяси, экономикалық және әлеуметтік процесіне ықпал ету және оның өзін-өзі басқаруға не тәуелсіздігіне біртіндеп қол жеткізу жатады.

          Бұрын БҰҰ-ның қамқорлығында болған барлық аймақтар бүгінде дербес мемлекет, не көршілес мемлекетке қосылу арқылы тәуелсіздікке және өзін-өзі басқаруға қол жеткізеді.

        Гаагада(Нидерланды) орналасқан Халықаралық сот БҰҰ-ның Басты сот органы болып табылады. Ол мемлекеттер арасындағы заңды таластарды шешеді әрі БҰҰ-ның сұранысы бойынша оның арнайы мекемелері консультациялық тұжырым бере алады. Оның Статусы БҰҰ Жарысының бөлінбес бөлігі болып табылады. БҰҰ-на мүше-мемлекеттер Халықаралық Сот Статусының бірден қатысушысы болып табылады. БҰҰ-на мүше емес мемлекеттер, мысалы Швейцария оның Статусына қатысушы бола алады.

       Халықаралық құқық негізінде өзіне берілген дауды шешуге тиісті сот таласушы мемлекетртер белгілі түрде мойындайтын ережелерді қамтитын халықаралық конвенцияны; жалпыға ортақ практикалық дәлелі ретінде халықаралық дәстүрді; әр ұлттың неғұрлым білікті мамандарының сот шешімдері мен доктриналарын қолданады. Ол 15 мүшеден тұрады да, Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесіне тәуелсіз қайта сайлануға құқығы бола отырып 9 жылға сайланады.

        Хатшылық- БҰҰ-ның Штаб-пәтерінде және оның дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі бөлімшелерінде қызмет ететін халықаралық персонал- ұйымының күнделікті қызметін қамтамассыз етеді. Оның басында БҰҰ-ның Бас Ассамбллеясы Қауіпсіздік Кеңесінің ұйғарымымен 5 жылға қайта тағайындалатын Бас Хатшы болады.

        Бас Хатшы Ұйымыныңибас әкімшілігі қызметіндегі тұлға болып табылады.

        БҰҰ персоналының мүшелері Ұйым алдында ғана жауапкерілігі бар халықаралық қызметшілер болады. Бүгінде БҰҰ-ның Хатшылығында 170 елден тоғыз мыңға жуық адам қызмет етеді.

        БҰҰ-ның Штаб-пәтері Нью-Йоркте қоныс тепкен. Женевадағы бөлімше адам құқығы және қарусыздану мәселелерімен айналысады. БҰҰ-ның Венадағы офисі есірткіні бақылау, қылмыстың алдын алу және онымен күрес, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану және халықаралық сауда мәселереімен айналысады.  БҰҰ-ның Найробидегі офисі БҰҰ қызметінің қоршаған орта мен елді мекендерді қорғау саласындағы штаб-пәтер болып  табылады.




1. Математичні методи в психології
2. Башкирский государственный аграрный университет Рабочая программа дисциплины Б
3. Термодинамические свойства реальных газов Как известно уравнение состояния устанавливает функциональ
4. Лабораторная работа 2 Тема
5. ЛИДЕРОВ СТРАНЫЛИДЕРЫ АТРИБУТЫ И ПОТЕНЦИАЛЫ
6. Тема- Анализ финансовохозяйственной деятельности бюджетной организации на примере ФГОУ СПО СППК С
7. ДИПЛОМНАЯ РАБОТА Разработка технологического процесса изготовления изделия Направляющая
8. как экономическая категория
9. Оказание платных медицинских услуг
10. Общаться с ребенком.html
11. М. Горький ’Старуха Изергиль~~
12. 00 30 май Чт История заруб
13. Свойства почвы
14. тема трудового права
15. R1 Ом R2 Ом R3 Ом R4 Ом R5 Ом
16. Лекция Балка на упругом основании 2
17. Вампир Лестат Книга подготовлена сообществом Книжный клуб https---vk
18. тематическая модель1
19. -Плечовою кісткою великим круглим м~язом довгою головкою триголового м~яза плеча 2
20. вариант прочтения- Дрaгрейсинг гоночное соревнование являющееся спринтерским заездом на дистанцию в 402