Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
51.Болон декларациясының негізгі қағидалары
Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда интеграциялық үдеріс кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықлас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?
Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;
екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;
үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу;
төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету;
бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;
алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.
Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы студенттердің оқыту процесін ұйымдастырудың осындай бір формасы белгілі мерзімде бір жоғары оқу орнындағы студенттің басқа жоғары оқу орнындағы оқуын заңды түрде бекіту болып табылады.
52.Бакалавриаттағы кредиттік оқыту жүйесі
Бакалавриатқа түсу үшін біртұтас ұлттық тесті сәтті тапсыру керек. Оқу барысы 4 жыл, оқу пәндерінің саны 40- тан кем болмайды. Бакалавриаттың төменгі сатысында оқу 2 жылға созылады. Мұнда студент 68 кредит алуға тиіс. Төменгі сатының аяғында студент мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі керек. Одан сәтті өткен студент жоғарғы сатыға көтерледі. Ал өте алмаған жағдайда, оқу орны оған ассоциацияланған дәреже береді де, тиісті үлгідегі сертификат тапсырады.
Бакалавриатта оқуды аяқтаудың міндетті шарты теориялық оқу бойынша студенттің жинаған кредиті 128- ден кем болмауға тиіс: оның 42- 60- ы міндетті компоненттер, ал 68- 86- сы таңдаған пәндер бойынша. Сонымен бірге міндетті оқуда 68 кредит ағылшын тіліне бөлінеді. Жалпы білім беретін (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары циклі) пәндер 35-45 кредитті құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихы, әлементтану, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, математика, информатика секілді 7 пән міндетті болып табылады. Дене тәрбиесі пәні қосымша білім беру шеңберінде жүзеге асады да, жалпы кредит көлемінің ішіне кірмейді. Қосымша жаратылыс пәндерінің элективті пәндерін студент мамандығына қарай өз еркімен таңдайды. Тәжірбиенің барлық түрі және оқытудың басқа да формалары қосымша білім беру бағдарламасы шеңберінде қарастырылып, жалпы кредит ауқымына енгізілмейді. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімінің әрбір студенті 12- 18 кредит жинауы керек.
Міндетті және ерікті түрде таңдалатын компонентер бойынша, тиісті мөлшердегі несиені жинап, мемлекеттің стандарт талаптарын орындаған студент бакалавриатта диплом жұмысын қорғап, емтихан тапсыру түрінде өтетін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Диплом жұмысын жазуға 2-4 кредит бөлінеді.
Студентке жоғары кәсіби білім құжатын (диплом) тапсыру және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мәселе мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша шешіледі. Барлық емтихандарды “А”, “А-”, “В+”, “В”және “В-” бағаларына тапсырған, қорытындысында өту балын 3,25- тен кем жинамаған, сондай- ақ дипломдық жұмысын “А”, “А-” бағасына қорғаған немесе осындай бағаға мемлекеттік емтихан тапсырған студентке үздік диплом беріледі.
53.Жасыл экономика таза экология
Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау, жанында кірбің болдырмау мәселесі ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», деді. Қоршаған ортаға залалын тигізетін құрылымдарды бірте-бірте жойып, оған балама көздерін табу қазір қолға алыну үстінде. Облысымызда табиғатты таза сақтау бойынша «жасыл экономика» жобалары жасалып, іргелі жұмыстарға басымдық берілуде. Соның бірі күн нұрынан қуат өндіру болса, екіншісі жел энергетикасын заман талабына сай қолданысқа енгізу, сол арқылы табиғатты таза сақтау. Елбасы Жолдауындағы он жаһандық сын-қатерінің дені азық-түлік қауіпсіздігіне, су, табиғи ресурстарды, энергетикалық, тағы да басқа адам өміріне қажетті дүниелерді таза сақтай отырып, дамыту жолдары айқындалғанын көріп отырмыз. Сол секілді, «жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында атқарылатын шараларға құқықтық, экономикалық, ғылыми негіздер қалай отырып, табиғатты керегімізге қарай игеру, игерілген байлықты тиімді тұтыну, яғни, байтақ жеріміздің әр түп жусанын сақтау көзделген. Осындай елдік істі мінсіз атқарудың заңнамалық жол-жосығын Президенттің таяуда бекіткен «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама туралы» Жарлығында жан-жақты дәйектелген.
54.Түркістан - киелі мекен
Түркістан 5-6 ғасырларда іргетасы қалыанған. Есім ханнан бастау алып 14-18 ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 14-ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған. Ол жерде Қожа Ахмет Иассауи кесенесі бар. Бұл қалада Ахмет Иассауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Қанжығали қарт Бөгенбай батырдың және т.б. тұлғалар жерленген. Қаланың іргетасы б.з. 1 мыңжылдықтың бас кезінде қаланған. Бүгінгі күні археологтар Түркістан қаласының тарихының тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірінің ескерткіштері бар. Оның дәлелі тастарға қашап жазылған шоқтас, қошқарған өрнектері. Бұл өңірде әуелге адам кем дегенде 500 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Түркістан-көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекетінің құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарада тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихы беттерге толы. 4-10 ғасырларда Түркістан орнынла Шахбар деген үлкен қала болған. 9-10 ғасырларда ол жақсы қалалардың қатарына қосылып гүлденеді. Ол кезден бастап Яссы, ал 15-ғасырдан бастап Түркістан деп аталады. «Түркістан деген сөз түріктер мекені, ел» деген сөз. Өйткені сол заман бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Сол кезден бастап қала түркі халықтардың діни орталыгы болып келді.
55.ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры
Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде ХХІ ғасырды ақпараттандыру ғасыры деп жариялады. Бүгін ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінсіз экономикада да, әлеуметтік салада да, білім мен ғылым саласында да ілгерілеу мүмкін емес.Ақпарат бүгін өтімді және айтарлықтай қымбат тауар. Бұрын тұрмыс жағдайы көбіне еңбексүйгіштікке және табандылыққа негізделсе, бүгін ол аз. Өндіріске сапалы көп тауар жіберуге болады, бірақ нарықтың қазіргі жағдайын және тұтынушылардың конъюнктурасын бақыламаса, тауар дүкен сөрелеріне жетпей жатып ескіруі мүмкін.Ғаламдық ақпараттық инфрақұрылым жасаумен Еуропа қауымдастығы және үлкен сегіздіктің үкімет басшыларының кеңестері құрған комиссиялар айналысуда. Ұтымды басқару үшін болып жатқан үрдістер жайлы толық ақпаратты алуда уақыт факторы маңызды рөл атқарады. Неғұрлым тез және көбірек білген сайын біздің қабылдаған шешімдеріміз оңтайлы бола түспек. Бұл мақсатқа жету информатика есептеріне байланысты. Информатика және басқару проблемалары институтының ұжымы осы заңның негізгі ережелерін өзінің бұдан былайғы еңбек және ғылыми қызметінің негізгі бағыты ретінде қабылдап, іске кірісті. Жаңа заң бізді жаңа биіктерге көтеретініне сенімдіміз.
56.Интернет - ақпарат алмасудың ең тиімді құралы
Интернеттің қазіргі заманғы қоғамдағы ролін, Интернет жаһандық желісінің негізгі сервистерін қолданудың мүмкіндіктері мен жүйелерін,Интернеттің программалық қамтамасыз етілуін білуі тиіс;
Интернеттің негізгі қызметтерін пайдалана білуі керек,интернетте ақпарат іздеу мен қарауды жүзеге асыра алуы тиіс.
Біз қазір ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз.Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып-ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда,ақпараттар көзі болып табылатын интернеттік жүйені жақсы меңгермесек ,бүкіл дүние жүзінен келетін байланыстан кейін қаларымыз анық.Осы жағдай туралы 2007 жылы өткен интернет конференцияда берген сұхбатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Адамдар жаңа технологияларды игеруге мүдделі болуы тиіс, өйткені бүкіл әлем ,көп кешікпей біз оларсыз тұрмыста да, жұмыста да, өз мамандығымызда да бола алмайтындай жағдайға ілгерілеп барады.»-деген болатын.
Олай болса,бүгінгі сабағымызды бүкіләлемдік байланыс көзі болып отырған компьютерлік желілер,соның ішінде Интернет желісі мен оның қызметіне арнаймыз.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.