Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Байт~рсынов атында~ы ~останай мемлекеттік университеті Тіл ж~не ~дебиет теориясы кафедрасы.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы

Алкебаев Б.А.

Айтыс: Кеше, бүгін, ертең

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы:  5В020500 – Филология: қазақ тілі

Қостанай, 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы

                

                                                                                «Қорғауға жіберілсін»

                                                                                    ____. ______ 2014 ж.

                                                                                    кафедра меңгерушісі

                                                                                 _________Ахметова Б.З.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Айтыс: Кеше, бүгін, ертең»

Мамандығы:  5В020500 - Филология: қазақ тілі

          Орындаған:                                              Алкебаев Б.А.

Ғылыми  жетекші:                                 Тулдегенова Ш.И.   

                                                                     ___________                           

                                                                    Дипломдық жұмыстың   

                                                                               қорғалуы

                                                           Мерзімі ____. ____. 20__ ж.

                                                          Бағасы_________________

                                               Қостанай, 2014

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................5

1. Кешегі айтыс, түрлері, ерекшеліктер.............................................................................................................7

1.1. Бәдік айтысы.......................................................................................................19

1.2 Қыз бен жігіт айтысы........................................................................................................................23

2. Бүгінгінің айтысы...............................................................................................29

2.1. Осы күнгі айтыстың ерекшеліктері, тақырыбы..............................................37

2.2. Қазіргі айтыскерлердің ой-пікірлері................................................................47

3. Бабадан қалған мұраның болашағы жайлы.................................................52

Қорытынды...............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................54

Кіріспе

Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ертеде жазу өнері болмағандықтан қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы ретінде айтыс өнері туды. Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол екздегі ел өмірінің көркем шежіресі деугеде болар еді.
«Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген. Бізде екі адамның бетпе – бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысу менде, қолма - қол шығарып айтылатын өлеңмен болуыда мүмкін. Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын – сауық, үлкен жиын, ас – тойларда өтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би, абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір қақы жоқ. Екі жақта «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап қайтарады» деген ұлағатты птинципті ұстанады.
Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мейлінше ол дамыған. Бұл кездегі жазу – сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет – ғұрып, салт – санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жаныр оларда дәл біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.
«Айтыс жанрының XVIII ғасырда даму қалыптасу ерекшелгі деген тақырыпта таңдау себебім күні бүгінге дейінтөл әдибетіміздің төрінен орын алып келе жатқан ұлы өнерге деген басты қызығушылығым себеп болды. Бұл тақырыпқа қалам тартып өз көзқарасын айтып өтпеген жазушы немесе ақын кемде – кемшығар. Өз жұмысымды жазу барысымда Х. Сүйіншәлиев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Жармұқанмедов, М. Ғабдуллин, А. Байтұрсынов,М. Мағауин,Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев, Ғ.Мүсірепов, сынды т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері мен танысып шықтым.

Зерттеудің нысаны. Халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы айтысты тақырыптық тұрғыда зерттеу нысаны ету.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Халық ауыз әдебиетінің мол мұрасы, атадан балаға мирас болған айтыс өнерін түпкілікті зерттеу, әр уақыттағы айтыс мәнерін, тақырыбын, өзектілігін тани отыра, айтыс жайлы жазылған еңбектерге ғылыми сипаттама беру, айтыстың әдебиетке қосқан өзіндік үлесін таныту. Аталған мақсатқа сәйкес мынадай негізгі міндеттер анықталады:

-    Айтыстың қазақ әдебиетіндегі рөлін айқындау;

- Айтыс түрлеріне сипаттама бере отыра, айырмышылығы мен ұқсатықтарын ашу;

- Айтыста қозғалатын тақырыптардың өзектілігін, қомақтылығын қамту мақсатындағы ақындардың шеберлігіне тоқталу;

- Кешегі, бүгінгі және келекшекте болатын айтыстарды салыстыра отырып, өзара үндестік табу;

- Бүгінгі күнде бәйгенің басын бермейтін ақындармен жүздесу, тілдесу, тың мәліметтер жинау;

- Жиналған пікірлер, ойлар, келтірілген мәліметтер, ақындардың сұхбаттарын дерек көзі ете отыра, болашақтағы айтыстың алар орнын айқындау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.  Айтыстың көпке мәлім емес көркемдік ерекшелігі анықталды. Айтыстың дәмін татқан ақтаңгер айтыскерлермен кездесіп, айтыстың болашағы жайлы нақты деректер келтірілді. Айтыстағы әзілдердің өткені мен бұрынғысы сараланды, айырмашылықтарды табылды.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, оның бәрі де тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иетін болған. Бұл тартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөздің жеме – жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан. Бұл сипаттарымен айтыс өзіміздегі шешендік сөздерді еске салады. Яғни, оқу орындарындағы білім алушылардың тіл байлығын арттыру мақсатында, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру бағытында бұл еңбектердің пайдасы бар.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу нәтижелерін орта, арнаулы, жоғары мектептерге оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, сондай-ақ жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде «қазақ әдебиеті», «әдебиет теориясы» қатысты жалпы және арнайы курстарда, айтыс өнерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын жиындарда қосымша мәліметтің көзі ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері. Сипаттама беру, талдау, жүйелеу және зерттеу жұмысына қажетті нақты мәліметтерді жинақтау әдістері.

Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан (бірінші тарау екі бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен, үшінші тарау) және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




1. і Своїм корінням сучасна біологія сягає давнини і бере початок у Давньому Єгипті та Давній Греції
2. варианты нормы поведения
3. Лекция 8 1Асептика
4. Ялгинская средняя общеобразовательная школа Городского округа Саранск Республики Мордовия Кр
5. великих реформ касавшихся разных сторон общественной жизни и государственного управления
6. тема логически последовательных методологических методических и организационнотехнических процедур под
7. новой драмы С занятиями Чехова драматургией связан новый этап в творчестве писателя
8. герб цифра на верхней ее стороне.html
9. Хлопцы пора Мальчики зевая одевались
10. оригинальный косплей могут принимать участие костюмы уличной японской моды Японии лолиты гяру чиби нэко
11. Лабораторная работа 3
12. Атеросклероз лечение и профилактика
13. Лекция 2 Интегрирующие и дифференцирующие цепи
14. Ростопчин Федор Васильевич
15. тема трудового права как отрасли права и как науки
16.  Основу легенди і повір~я становить вигадка і фантазія
17. Общеобразовательная средняя школа 11города Зыряновска Республика Казахстан
18. Совершенствование системы оплаты труда рабочи
19. .измерения Цена руб
20. Реферат- Формы загрязнения окружающей среды