Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс ж~не дербес с~з ма~ынасында~ы екі негізді~ барын бай~.html

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-01-17

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 19.5.2024

№1 сұрақ-Септеулік шылаулар

Септеулік ш. тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды. Қ.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын сөз етеді. Жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы екі негіздің барын байқаймыз. Септеуліктер атауыш сөздердің арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Септеулік шылаулар мьналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б.

«Қазақ грамматикасы» бойынша: Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі- қызмет атқарады. Біріншісі — түбір я белгілі септік тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті (Ғ. М.). Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (А). Мысалдагы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр.  Екіншісі — септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келеді де, сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемді мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынаста байланыстырып тұрады. Мысалы: Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті. (С. М.) Мысалдағы  сайын септеуліктері мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып тұр. Септеуліктер орыс тіліндегі «предлогтар» деп аталатын көмекші сөздерге жақын.  Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жұмсалып тұрған сөзге косымша мән үстейді әрі оны екінші бір сөзбен сабақтастыра байланыстырып, сөз тіркесін құрайды немесе екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердін шылауында айтылады. 1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б.2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б. 4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге. Қазіргі қазақ тілінде түбір, я негіз сөзбен тіркесетін септеуліктер, негізінен, есім сөзден соң қолданылады.  Үшін септеулігі түбір тұлғалы зат есіммен тіркесіп келіп оларға себептік, мақсаттық мағына үстейді. Балалары айран-шалап үшін әлді ағайынға жалшы кетіпті (Әуезов).Бұл мысалдағы үшін шылауы түбір тұлғадағы есім сөз айран-шалап сөзінен соң, қолданылып мақсаттық мағына үстеп тұр.  Сайын септеулігі зат есіммен және –ған/-ген тұлғалы өткен шақ есімшемен тіркесіп келіп, оларға даралау мағынасын үстейді. Көтеріп көптің көңілін күнде шауып, Жүлде алар жұма сайын туды күнім (Жансүгіров). Бұл сөйлемде сайын шылауы жұма сөзін даралау мағынасында қолданылып тұр.Сияқты, секілді, тәрізді септеуліктері зат есім, есімдікпен, есімшемен тіркесіп, ұқсату, теңеу мағынасын білдіреді. Рақымбай сияқты жағымтал, Жорға болыстың тағы бір екеуіне көзі түсіп еді, олар да алға түсетін, бой көрсететін сияқты емес (Әуезов). Сияқты шылауы кейде сөз тудырушы жұрнақтарын қабылдап, сияқтанбай, сияқтанады тұлғасында да қолданылады. Туралы, турасында, жайлы, жайында, жөнінде септеуліктер зат есіммен, есімдікпен, заттанған сөздермен тіркесіп, белгілі бір іс-әрекет, оқиға жөнінде айтылғанын білдіреді. Брилев бәрімізді жинап, сап алдында сынаудың қорытындысы жайлы қысқаша талдау жасады.  Арқылы септеулігі зат есім, қимыл атаумен тіркесіп, істің, қимылдың амалын, не арқылы іске асқанын білдіреді. Үлкен істі елдің салмақты үлкендері арқылы болмаса, өз беттерімен істеп кете алмайтын (Әуезов).

Бойы, бойымен, бойынша септеуліктері зат есіммен, есімдіктермен және        -ған/- ген тұлғалы өткен шақ есімшемен тіркесіп келіп, іс-әрекеттің амал, тәсілін білдіреді. Ежелгі салт, машық бойынша бұл өңірдегі ағайын Зере отырған үйді жатсынған жоқ.Шамалы, қаралы, шақты септеуліктері сан есіммен тіркесіп, болжалдық мағына береді. Інісі Тектіғұл болса, қайшылықпен он шақты жыл қыршын жас күнін кешіріп еді (Сонда).Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер Дейін, шейін септеуліктері зат есімдерге, сан есімдерге, есімшелерге тіркеседі. Рақымбайға шейін, күн шартылдап жай түскеннің артындағыдай құп-қу болып, есеңгіреп қалған сияқты (Әуезов). Қарай, таман септеуліктері зат есімдерге, есімдіктерге, үстеу сөздеге тіркесіп, мекендік, мезгілдік қатынасты білдіреді. Назыкеш ұзай берген соңғы бір көшке қарай шауып кетті (Мүсірепов).  Салым, тарта, жуық, таяу септеуліктері зат есімдер мен сан есімдерге тіркесіп, мезгілдік қатынас білдіреді. Мың жарым екі мыңға тарта жылқысы бар (Әуезов).  Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер Гөрі септеулігі зат есім, есімдікпен, заттанған сөздермен, -ған/-ген тұлғалы өткен шақ есімшемен тіркесіп, талғау, таңдау мағынасында қодлданылады. Жас жігіт бұдан гөрі де қаталырақ кетуге Игіліктен бата алмады (Мүсірепов).  Бері шылауы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышының құрамында келіп мезгілдік қатынасты білдіреді. Мына хабар шыққаннан бері, өзінен шоши бастады (Майлин).  Кейін, соң септеуліктері зат есім, есімдіктерге, қимыл атауы мен есімшеге тіркесіп, оқиғаның соңынан болатын мекендік, мезгілдік мағынаны білдіреді. Әбден орнығып отырғаннан кейін ғана Зылиха сөз бастаған (Оразалин).  Бұрын септеулігі шығыс септігінде тұрған сөздермен тіркесіп, оқиғаның алдын ала болуын білдіру үшін қолданылады. Бұрын осы көлдің басында үй саны онға толмайтын еді (Майлин).  Кейін, соң, бұрын септеуліктері де атрибуттық мағынада қолданылатын           –ғы/-гі  формалы жұрнақтарды қабылдап, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Ендігі бұдан соңғы бірк кезең ұлықтың айтқанына көнбедік (Әуезов). Бетер септеулігі іс-әрекеттің болып кеткен амалдан анағұрлым күшті болғанын білдіру үшін жұмсалады. Жел одан бетер соққан сайын, айнала шаңғытып ешнәрсе көрінбей кетті (Мұқанов).  Көмектес септікті сөзбен тіркесетін қатар, бірге септеуліктері іс-әрекеттің, негізінен, бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады. 1936 жылы Қиры Шығысқа менімен бірге бір қазақ жігіті барды (Момышұлы).  

№2 сұрақ-Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Жасалу жолдары

«Қазақ грамматикасы» бойынша: Етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне –ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе, -на, -не қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық категориясын да жасайды.   Болымсыздық категориясының бірден бір тұлғалық көрсеткіші –ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе, -на, -не болымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің –ған,-ген,-қан,-кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің                    –ған,-ген,-қан,кен, -атын,-йтын,-йтін,-ар,-ер,-р,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты сәйкес емес. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семанткиасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады: 1) бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, оынмен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді;3) сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады.  Күрделі етістікке болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр- ме, сөйлеп қой-ма т.б. Егер болымсыздық форма екі етістікке де жалғанса , онда ол болымдылық мән білдіреді, онда да әдеттегі  болымыдылқтан өзгеше ерекше  стилдік бояу болады: айт-па-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды т.б.   

№3-Есімшелер (А.Ысқақов)  Бір алуан жұрнақтар етістік негізінде жалғанып, олардың етістік  қасиеті де, есім, қасиеті де бар есімше деп аталатын жаңа категория тудырады.  Есімге де, етістікке  де телі бұл категорияға тән формалар (есімшелер) қолдану ыңғайына қарай көптік, тәуелдік, септік, жіктік, жалғауларына жұмсалып, сөйлемнің барлық мүшелері де бола алады. Бастапқы қимыл атауына тән формалар есім қабілетін бойына сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, өз алдына дербес есімше категориясы болып қалыптасқан. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларда түрленіп, сөйлемде барлық мүше бола алатын морфологиялық және синтаксистік сипаттары бар, амал-әрекеттің атауы болу, семантикасы мен шақтық ұғымды білдіру қабілеттері де бар формалар есімшелер категориясы деп аталады. Есімше формалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді: 1)Есімшенің өткен шақ түрі етістік негізіне –ған, (-ген, -қан, -кен) жұрнағы мен –атын, -етін жұрнағы жалғану арқылы жасалады; 2)Есімшенің осы шақ түрі,  контекске қарай, -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады. 3)Есімшенің келер шақ түрі етістік негізіне –ар, -ер, -р жұрнағы мен –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.

(А.Байтұрсынов.)  Есімше - есім сияқты айтылатын етістіктің түрін мәселен, айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде «айтушы», «шабатын», «жазған» деген сөздер есімше болады. Есімше үш түрлі: 1) осы шақтық; 2) өткен шақтық; 3) ұйғарынды; Есімшеге есімдер сияқты жалғаулар да, етістіктер сияқты жіктеулер де жалғанады. Жіктегенде де есімдерше жіктеледі.

(Қазақ грамматикасы). Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүреді. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. Есімше жұрнақтарының қызметі- өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы- бар- қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал барған, барар, баратын, барушы- заттың қимыл нәтижесімен аңғарылатын белгісі.

 Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімше формасының әрі сын есім, әрі етістік ретінде қолданылуына қарай күмәнді пікірдің пайда болуы анық.

1.Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:

а) Есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? Деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес. Мысалы,

көк шөп                          көгерген шөп

ақ шаш                          ағарған шаш

қызыл орамал              қызарған орамал

деген мысалдардағы бірінші бағандағы көк, ақ, қызыл сын есімдермен екінші бағандағы көгерген, ағарған, қызарған есімшелерінің мағынасындағы айырмашылыққа назар аударайық. Сын есімдер заттың тұрақты белгісін білдірсе, есімшелер қимыл-әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті аңғартып тұр.

ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. Мәселен, Көрмес- түйені де көрмес дегенде бірінші көрмес атау септігінде тұрып бастауыш, екінші көрмес сөзі жіктеліп, 3-жақ нөлдік формада қолданылып, баяндауыш қызметін атқарып тұр.

б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелер де, жоқ, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Мысалы, бармаған- барған жоқ, барған емес. Демек, есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдерше аналитикалық формамен де жасайды екен.

2. Есімшелердің етістікке жақын белгілері:

а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгерілуі себеп болады. Мысалы, кітапты алған, қаламды берер, хатты жазатын, жүкті тасушы, үйді көрмекші, дегенде табыс септіктегі сөздерді сабақты етістік ретінде меңгеріп тұр. Ал балаға қараған, үйге жеткен, үйде отырған, даладан кірген, бізбен келген дегенде салт етістік ретінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді меңгеріп тұр.

б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі- қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктерше болымды, болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.

  Қазіргі қазақ тілінде есімше түрлері жұрнақтарының мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді.

1.Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданысты болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады.

2.Дағдылы өткен шақ есімше. Бұл түрі –атын, -етін, -йтын,-йтін жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді.

3.Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады. –ар, -ер, -р жұрнағы болымды етістіктерге, жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады: барар-бармас.

4. Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірақ –мақ, -мек жұрнағы жалғанған сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есімше жасала бермейді. Мысалы: Кел демек бар, кет демек жоқ дегенде мақсат мәні жоқ, қимыл есімін жасап тұр (қара:қимыл есімі). Есімшенің бұл түрі басқаларынан ерекше. Мәселен, атрибуттық мағынада қолданылмайды. Тек жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. Бір ерекшелігі- бұл форманың есімшеге қатысын да жоққа шығаратын сияқты, -мақ формалы есімшеге қолданыс барысында –шы, -ші қосымша қосылып та айтылады. Бірақ бұл қосымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық, не грамматикалық мағына үстемейді. Сондықтан –мақ формалы есімше мен –мақшы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.    

(Н.Оралбаева). Есімше қимыл, әрекет түрінде қолданылып, заттың сапасы, қасиеті, белгісі ретінде ұғынылады. Мысалы, оқыған адам, білген кісі, тозбайтын тон, жарқыраған күн, келетін кісі, айтар сөз, шығар күн, т.б. сияқты заттың түрлі белгісі ретінде қолданылу- есімшенің негізгі қызметі.

 Сонымен бірге, есімше етістіктің салт, сабақтылық мағынасын да толық сақтайды. Мысалы, Көрген кісі- нені көрген кісі? Естіген адам- нені естіген адам? Келген кісі- не естіген кісі? Жүгірген бала- не істеген бала? сияқты есімшенің қолданысына қойылған сұрақтар есімшелердің салт, сабақты екенін анықтап тұр.

 Етістіктің сөйлемде қимыл иесінің, яғни  субъектінің қимыл-әрекетін білдіріп, баяндауыш қызметінде қолданылатыны белгілі. Есімшенің бұл ретте өзіндік ерекшелігі бар, ол сөйлемдегі негізгі қимылды білдірмей, жеке затқа қатысты жанама қимылды білдіреді. Сондықтан есімше анықтауыш қызметін, яғни аттрибутивтік қызметті атқарады. Мысалы, Айтылған сөз- атылған оқ. Оған сұрақ қандай сөз? қандай оқ? Түрінде қойылады. Есімшенің сөйлемдегі негізгі қимылды білдірмей, жанама қимылды білдіріп, анықтауыш қызметінде қолданылуы оның заттық белгісін білдіретін сөз табына, қызметі жағынан сын есімге ұқсататынын туғызған. Осы ерекшелік есімшенің сын есім сияқты заттанып қолданылуына негіз болған. Сондықтан есімшенің заттанып қолданылуы- тілдегі жиі кездесетін құбылыстардың бірі. Осымен байланысты есімше заттанғанда септік, көптік, тәуелдік жалғауларымен қолданыла береді. Мысалы, Алғанды ұнатасың, бергенде де солай қара. Көргендердіңді түгел айт. Білмегеніңді сұрауға ұялма. Ұялмаған бұйырмағанды алады. Осы мысалдардағы алғанды, білмегеніңді, бұйырмағанды деген есімшелер табыс септік жалғауында, бергенге- барыс септік жалғауында, ұялмаған- атау септігінде қолданылған. Бұл мысалдардағы көргендердіңді есімшесі көптік жалғауымен, көргендеріңді, білмегеніңді есімшелері тәуелдік жалғауларымен келген. Есімше түбір етістіктен төмендегі грамматикалық жұрнақтар арқылы жасалады:

1)-ған, -ген, -қан, -кен;

2)-атын, -етін, -йтын, -йтін;

3)-ар, -ер, -р;

4)-мақ, -мек, -бақ, -бек;

№4-Еліктеу сөздер.

  (Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»).  Еліктеуіш сөздер- сөз табы ретінде кейінірек танылған сөз табы. Еліктеуіш сөздерді дербес сөз табы деп дәлелдеген- ғалым А.Ысқақов.  1950 жылдарға дейін еліктеуіш сөздер одағайға жатқызылып келген болатын. 1948 жылы А.Ысқақов «Еліктеу сөздер туралы» деген мақаласында еліктеуіш сөздерді жеке сөз табы деп кіргізді. 1954 жылы еліктеуіш сөздер алғаш ғылыми грамматикаға кірді.

  Еліктеуіш сөздер деп өмірдегі заттардың бір-біріне соқтығысуынан шыққан, әр түрлі дыбыстарға еліктеуден немесе заттардың әр түрлі әрекеттерінің әр қилы көріністерінен пайда болатын сөздер аталады. Мысалы, гүрс, тарс, дүрс, сарт, сырт, кірт, тық-тық сияқты еліктеу сөздер заттардың бір-біріне соқтығуынан шыққан әр түрлі дыбыстарды білдіреді. Ал арс-арс, маңқ-маңқ, қарқ-қарқ, бырт-бырт адам, жан-жануарлар шығаратын дыбыстарға еліктеуден туған. Сондай-ақ жалт-жалт, қалт-құлт, одыраң-одыраң, қисаң-қисаң, көлбең-көлбең секілді еліктеу сөздері өмірдегі заттардың, құбылыстардың, адамдардың сыртқы көзге көрінетін әр түрлі бейнелерін суреттеп білдірген. Бұдан еліктеуіш сөздердің мағынасы басқа ешбір сөз табына ұқсамайтыны анықталды. Еліктеуіш сөздер затты, заттың сынын, санын, қимылын, қимылдың сынын білдіретін сөз таптарының ешқайсысына ұқсамайды, ол тек дыбысқа, бейнеге еліктеуден пайда болған сөздер. Бұл- еліктеуіш сөз табын таңдауда қызмет еткен мағыналық ұстаным.

  Еліктеуіш сөздер- белгілі дыбыстық құрамнан тұратын, буын, дыбыс саны да белгілі сөздер. Атап айтқанда, еліктеуіш сөздер екі, үш, төрт дыбыстан, не бітеу бір буыннан тұратын сөздер: гу, ду, гүр, тыр, дір, тарс, сарт, қаңқ, саңқ, жылт, көлбең, жалбаң, дода, жалмаң, мылжа,т.б. Еліктеу сөздер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: 1)еліктеу сөздер; 2)бейнелеуіш сөздер;

(Қазақ грамматикасы).  Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер (мимема) деп аталады.

 Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, әр түрлі әрекет қимылдарынан туатын, әрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әрқилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер.

Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сыр-сипаттары жақтарынан да (мысалы, буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары, синтаксистік қызметтері) бір-бірімен ұқсас, орайлас болып келеді. Еліктеу сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері тән жалқы ерекшеліктері мен барлығына да тән жалпы қасиеттері бар.

Еліктеуіш сөздер- өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

 Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері. Еліктеу сөздердің дыбыстық ерекшелігін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуі керек: 1)дыбыстық құрамы; 2)буын жігі; 3)айтылу ырғағы. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады.  Еліктеуіш сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай, жалаң да, күрделі де болады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға бөлінеді. Негізгі еліктеуі сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді атаймыз. Туынды еліктеу сөздер деп негізгі еліктеу сөздерден және басқа атауыш сөздерден де тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді атаймыз. Туынды еліктеуіш сөздержасайтын жұрнақтар:

1.-ың,-ің, -ң, -аң, -ең жұрнағы. Бұл жұрнақ арқылы туынды еліктеу сөздер жасауға мынадай формалар негіз болады:

а)Негізгі еліктеу сөздер (арсаң, ырсың, жалтаң, бортаң,т.б.);

ә)Кейбір атауыш сөздер (алаң, ағараң,былғаң,жыртың,т.б.);

б)Кейбір жеке-дара қолданылмайтын формалар (арбаң (арбай), қорбаң (қорби),ажыраң (ажырай), кірбең (кірби));

2.-лаң, -лең,-алаң,-елең жұрнақтары кейбір етістіктерге жалғанып, туынды еліктеу сөздер жасайды. Мысалы, бұр-алаң, иір-елең, соз-алаң,т.б.

Күрделі еліктеу сөздер деп жалаң еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.

Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формаларына қарай оларды мынадай негізгі төрт топқа бөлуге болады:

1)арс-арс,борт-борт, быж-быж, жалт-жалт, лап-лап, тарп-тарп, күмп-күмп ,т.б.

2)арс-ұрс, баж-бұж, жарқ-жұрқ, шап-шұп;

3)арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, бүрсең-бүрсең, жалтаң-жалтаң,т.б.

4) арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең,т.б.

№5 билет-Осы шақ, түрлері, жасалуы

1.Етістік амал тәсілдерді білдіреді, ал амал-әрекеттердің жасалуы мезгілмен байланысты, өйткені амал әрекеттер белгілі бір мерзімде жасалады. Ал шақ категориясы қимылдың жасалу мезгілін білдіреді. Грамматикалық шақ үштік парадигмадан тұрады.

Осы шақ   Өткен шақ  Келер шақ

Осы шақ деп сөйлеуші  хабарлап тұрған  мезгілге жасалуы сай келетін етістік аталады. Мысалы: Ол қалада тұрады.Мен жазып отырмын. Ол бізге күнде келеді деген сөйлемдердің етістік баяндауыштары  сөйлемдегі қимыл әрекеттің сөйлеуші хабарлап тұрған мезгілге қатысы бар  қимыл әрекетті білдірген. Бірақ олар білдіретін қимыл әрекеттің  сөйлеушінің  хабарлап мезгіліне қатысында айырма бар,осымен байланысты осы шақтың екі түрі бар:

Нақ осы шақ

Ауыспалы осы шақ

Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап жатқанда болып ,жасалып жатқанын білдіреді.Мысалы: Міне,біз екі шатқалдың арасында тұрмыз. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Нақ  осы шақ хабарлайтын қимыл сөйлеуші хабарлаған кезге қатысты болғанмен, оның ішінде ұзаққа созылатын қимыл да болады, сондықтан ол басқа кезеңге де қатысты  бола алады. партизандар ішінде жүр,оқып жатыр деген нақ осы шақтағы етістіктер мен екі шатқалдың арасында тұрмыз деген нақ осы шақтағы етістіктердің арасында айырмашылық бар. Алғашқы 2 етістік қимылдың ұзаққа созылғанын білдіреді, сонд.ол сөйлеуші сөйлеп тұрған уақыттан басқа уақытты да қамтиды. Ал үшінші мысалдағы қимыл сөйлеуші хабарлған кезге ғана қатысты.Бұл нақ осы шақтың мағыналық ерекшеліктері.

Нақ осы шақтың жасалуы:

Н.О.С. аналитикалық форманттар арқылы жасалады:

1.   - ып отыр: оқып отыр,көріп отыр, тыңдап отыр

2. –ып тұр: көріп тұр, оқып тұр,айтып тұр

3. –п жүр: келіп жүр, сынап жүр, біліп жүр

4. –п жатыр: оқып жатыр, өсіріп жатыр, қайтарып жатыр

. Жіктік жалғауы  бұл 4 формантқа тікелей жалғануы міндетті, нақ осы шақта жіктік жалғаудың  толық түрі келеді.

Отыр,тұр,жүр  етістіктерінің  түбірінде нақ осы шақ  мағынасы болғандықтан , олар сен тұрсың, мен отырмын деген сияқты қолданыста осы шақ мағынасын береді.

Тілдің кейінгі даму сатынсында Отыр,тұр,жүр  жатыр нақ осы шақтың көрсеткішіне айналып,  -п отыр,-п тұр,-п жүр,-п  жатыр аналитикалық форманттары қалыптасқан.

Бұл форманттар қимылдың нақ осы шақта даму үстінде екенін білдіретін  -п бара жатыр,-п келе жатыр деген күрделенген аналитикалық орманттар қосылған. п отыр,-п тұр,-п жүр,-п  жатыр форманттарының нақ осы шақ мағынасында айырма жоқ, бірақ мағыасында іштей реңк бар. Бұл форманттар  нақ осы шақ мағынасаһымен бірге қимылды субъектінің  қандай қалыпта жасағанын білдіреді. Демек нақ осы шақ тың форманттарныың мағынасы күрделі деп тану керек.

Нақ осы шақтың болымсыз мағынасының жасалуы:

–ма,-ме болымсыз жұрнағы арқылы

Жоқ көмекші сөзінің тіркесуі арқылы

Дара нақ осы шақтың  отыр, тұр,жатыр,жүр етістіктеріне –ған,-ген,қан,-кен жұрнағы жалғанып, оған жоқ көмекшісі  тіркесіп, жіктік жалғауы жоқ көмекшісіне  жалғану арқылы жасалады. Тек жатыр етістігі жат түбіріне -қан жұрнағын қабылдап, жоқ көмекшісімен тіркесед

Ауыспалы осы шақтың мағынасы кең, ол сөйлеуші хабарлаған кездегі қимылды да,үнемі істелетін қимылды да, адамзатқа, ғаламзатқа тән табиғи қимыл әрекетті де білдіреді.

АОШ жасалу жолы : түбір етістікке –а,-е,-й жұрнағы жалғанып, одан соң жіктік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Күнде кел/е/сің.Күн жылынып кел/е/ді.Адам ойла/й/ды.

АОШ етістік болымды-болымсыз түрде қолданылады.Болымсыз мағынасы нөлдік жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы Күн күркіре/й/ді.

АОШ-тың болымсыз түрі –ма,ме, -ба,-бе –па,-пе жұрнағы арқылы жасалады.Болымсыздық жұрнақ ауыспалы осы шақта түбір етістікке жалғанып, шақ жұрнағының алдында тұрады.Мысалы.Ит күл/ме/й/ді, ағаш сөйле/ме/й/ді.

АОШ-тың жақ мағынасы жіктік жалғаудың  толық түрі арұылы беріледі, онда жалғау барлық жақта бар.

Жекеше түр

Мен жазамын, күлемін,сөйлеймін.

Сен жазасың,күлесің,сөйлейсің.

Сіз жазасыз, күлесіз, сөйлейсіз

Ол жазады күледі,сөйлейді.

Ал ғалым Ахмеди Ысқақов осы шақ  категориясын жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ деп үшке бөледі.

Ол жалпы осы шақты ауыспалы осы шақ формасы деп атап, Н.Оралбай бөлінісіндегі ауыспалы осы шақтың жасалу жолымен сәйкестендіреді.

Ал нақ осы шақты жалпы осы шақтан айырмашылығы ғалым мынада деп көрсетеді: мен келемін деген келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылс, мен келіп тұрмын дегенде ситуация нақтыланып аталып тұр дейді. Күй жай етістіктерінің қатысатын тіркестердің бірі нақ осы шақ қызметін атқара бермейді сондықтан жатыр, жүр, отыр,тұр етістіктері  басқа дәнекерлерсіз тек жіктеліп тұрғанда ғана нақ осы шақ мағынасын береді .

Неғайбыл осы шақ.

Бұл түрі 2 түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады.

–ғалы, -гелі+ жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктері тіркеседі+жіктік жалғауы.Мысалы: Барғалы жатырмын, келгелі жатыр

–йын деп+ жатыр, жүр, отыр, тұр+жіктік жалғауы тікелей қосылады

Мысалы: барайын деп отырмын, жүрейін деп жатырмын

№6-Сын есім ,мағыналық топтары

Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табына жасалуы, сапалық және қатыстық сыны туралы сөз қозғаған.

Қ.Жұбановтың 1936 ж жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» морфологияға арналған, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады. Сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, туынды негіз қосымша терминдеріне ғылыми негіздейді. «-қы, -кі, -ғы, -гі» үстеуін ертетін күн, жаз, жыл, мезгіл – мекен есімдеріне жалғанса, сын есімденеді. Автор сөздің сыртқы мен ішкі мазмұнына терең мән беріп, сыртқы тұлғасының өзгеруі ішкі мағынасының да өзгеруіне әкелетінін түсіндіреді.

Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл).

Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төрке бөлген. Сыр сыныа түбір сөздерді жатқызады, қатыстық снына заттың текін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшаларфы арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады

А.Ысқақов  Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық сын және қатыстықсын деп  бөлінеді.

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар(мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс 

Олардың нақтылы мағынасы олардың  жасалуына негіз болған сөздің мағынасына байланысты. Н.Оралбай да сын есімдерді семантикасына қарай сапалық және қатыстық деп екі түрін атап көрсетеді.

Сапалық сындар тілдің қазіргі даму сатысы бойынша танылған сөздер. Олардың  құрамында туынды сын есімдер де бар,мысалы: ұзын-ұза, қызыл-қызғылт, ары-арық, үлкен-үлкей тб.

Сапалық сын есімдер антонимдік қатар құрай алады. Мысалы: жеңіл-ауыр,жақсы-жаман, биік-аласа, ақ-қара т.б.

Сапалық сын есімдерге синонимдік қасиет тән.Мысалы: жақсы-тәуір-оңды-керім,аласа-тапал-қысқа-тәпелтек т.б.

Сапалық сындар бір  морфемалы негізгі түбір болғандықтан, олардың туынды түбір жасау қабілеті күшті.Сапалық сындардың уәждемелік  қызметі арқылы олардан көбіне туынды зат есім, туынды етістіктер жасалады. Жақсы-жақсылық, жылдам-жылдамдық, ақ-ақта, көк-көкте т.б.

Қатыстық сындар тек туынды  сын есім  сөздерден тұрады. Қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарын сындық белгіні білдіруге қатыстырады деп саналып, оларды қатыстық сын деп атаған,Сапа жағынан қатыстық сын есімдер сапалық есімдерден әлдеқайда көп, өйткені олар тілге әр кезде жиі қосылып, тілдің сөздік  қорын белсенді толықтыру нәтижесінде өсіп отырған.

Қатыстық сындар барлық сын есімдер сияқты зат есімің алдынан ешбір  қосымшасыз тіркесіп, зат есіммен орын арқылы байланысып, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.Қатыстық сын есімнің мағынасы оның уәждемесіне байланысты,олардың ең басты мағыналары:

Белгінің кімге қатысын білдіру: әкелік ақыл, аналық сезім

Белгінің жан жануарға қатысы: жылқылы бай, қойлы ауыл

Белгінің жансыз затқа қатысы: өзенді жер,нулы орман

Деретің ұғымға қатысын білдіру:ғылыми еңбек, тарихи уақыға, философиялық ой

Белгінің мезгілге қатысы: жазғыкүн, күзгі суық

Белгінің мекенге қатысы: қалалық адам, ауылдық жігіт

Белгінің қимылға қатысын білдіру: білгіш адам, дайындық жұмыс, өлермен адам т.б.

№7-Өткен шақ,түрлері,жасалуы.

А.Ысқақ. «Қазақ тілінің морфологиясы»  Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бұрын болған қимыл аталады. Мыс: Ол кеше келдң.Ахмет бұрын күнде кедетін. Сен бұрын келген едің.

Осы мысалдардағы етістіктердің бәрі де сқйлеуші хабарлаған кезден бұрын болған қимылды білдіреді. Бірақы олардың мағыналарының арасында айырма бар анқталып тұрады. Түрлері:

1.Жедел өткен шақ. 2.Бұрынғы өткен шақ.   2.Ауыспалы өткен шақ. 4.Қатыстық өткен шақ

Жедел өткен шақ.қимылдың тез арада жасалып өткенін сенімді түрде білдіреді.Мыс. ол кеше келдіМен бүгін келдім. Сіз қазір келдіңіз. Ж.Ө.Ш етістіктің түбіріне ды,ді,ты,ті жұрнағы тікелей жалғанып одан кейін жіктік жалғауының қысқа түр жалғану арқылы жасалады. Ж.Ө.Ш.тың болымсыз түрі ма,ме,ба,бе,па,пе жұрнағы арқылы жасалады да, ма,е жұрнағы желедөткен шак жұрнағынан бұрын түбір етістіккке жалғанады. Мыс: көрмеді, айтпадым, келмедің....

Бұрынғы өткен шақ. Өте ерте. Сөйлеуші хабарлағаннан кейін бірспыра бұрын болып өткен қимылды білдіреді.Мыс.Баяғыда бір бай болыпты, Ол университетті Москвада бітірген.

Жасалуы:Етістіктің түбіріне бұрынғы өткен шақтың ып,іп,п жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Мыс:Суретін де беріп үлшеріпті. Қазір Базаралы жол жүрптіндей киініп алыпты.ған,ген,қан,кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс. Келген екен, айтқан екен. Мұнда қимылдың жасалғанын біреу арқылы анықтағандай реңк бар. Бұрынғы өткен шақтың бұл түрі бірнші жақта субектнің қимылды жасағанын ұмытып, кейін, еске түсіретіндей реңкті білдіреді. Мыс. Көрген екенмін, айтқан екенмін. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрлері екі түрлі жолмен жасалады. Ма,ме,ба,бе,па,пе жұрнағы .Мыс: келмепті, бармапты, көрмеген, қашпа.

Емес,жоқ бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі. Бірақ олар бұрынғы өткен шақтың барлық түрнен емес, тек ған,ген,қан,кен тұрінен ғана болмсыздық мағ жасайды.Мыс: Жиренше, басқа да бірдеңелер сөйлеспек еді, ол қалған да, үрдеген де жоқ.

Ауыспалы өткен шақ. Атын,етін,йтынғ,йтін жұрнағының түбір етістікке жалғагуы арқлы жасалынып, сөйлеуші хабарлағанға дейін болған, болып тұрған қимылды білдіреді.Мыс: ілулі тұратын, жол іздейтінбіз.А.Ө.Ш болымсыз үрі ма,ме,ба,бе,па,пе жұрағы арқ жасалады. Мс:келмейтінсің, барматнсың, кездеспейтінсіз.

Қатыстық  өткен шақ.Қимылды кейін түсіру мәнін қатыстық өткен шақ білдіреді.Мыс: Жұмыскерлер үйіп төгіп алғыс айтатын еді. Сандыбай да әлі оснда жүр еді.Қатысты өткен шақ ,жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ тұлғаларының бәріне еді көмекші етістігі тіркесіп олардан қатыстық өткен шақтың аналитикалық формасын жасайды.п,еді,ған еді, іп отыр еді, п тұр еді, п жүр еді, п жатыр еді, мақ еді, уш еді, уде еді. Өткен шақта болған қимылды ескерту үшін п еді, ған еді, атын еді аналитикалқ форманттар қолданылады.Мыс. оқу басталып ед, түсінген еді, болатын еді. Осы шақта болған ұимылды кейін еске түсіруді п отыр еді, п тұр еді, п жүр еді, п жатып еді, уде еді  форманттар білдіреді. Мыс: ойлап отыр едім, біліп жүр еді. Келер шақтағы қимылдың  жасалуына бір кедергі барын мақ еді, мақшы еді, ар еді, тын еді форманттар білдіреді. Мыс. Жайларын сұрамақшы еді.

№8-Жалғау,түрлері.

Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілі»Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мғына үстейтін морфологиялық формалар.  Жалғауларда мағыналқ дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, Іден:жеке дара қолданылмайды,ІІден. Жеке дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дбыстардың әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкесетні сияқты, дауыссыз дыбыстардың да орайна қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі үштвариантты болп түрленгені ғана болмаса шексіз өзгере бермейді.Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы өатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр түрінің  көрсеткіші есебінде қызмет етеді.

Көптік жалғау. Тілімізде көптік категориясы, көптік жалғау категориясы да бар. Осы екеуі бірдей, бірдей де емес. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық,морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы. Сөзатаулының қай қайсысы да болса да жалпыланған, жинақталған ұғмды біілдіреді. Мы:ағаш,шөп,жылқы, ет т.б. деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде формаларсыз-ақ  тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға  келмейтін заттардың  (су,сүт,сорпа,ұн,жүн және т.б.), қоғамдық әлеуметтегі ұғымдардың аттары (социализм, капитализм, мәдениет, ботаника, дін), адамның ішкі құб.ның, дүниедегі сын сипаттардың, іс әрекеттің, күй жайлардың аты (алданыш, ақыл,достық, түс,жүріс т.б.). Сөздердің осылайша тікелей өз лексикалық мағынасы арқлы білдіру лексикалық тәсіл деп.а.

Сан есімдер (реттік пен болжалдқ сандардан басқа), сондай ақ көп,аз,әлденеше,бірнеше, бірталай, қыруар трізді сөздер зат есімдерден бұрын  анықтаыш тұрып, ещқандай да қосымша формасыз-ақ көптік ұғымды  білдіре береді. Мыс: бес кісі, отыз қой, ондаған студен, қыруар мал, .Міне, көптік есімдердің осылайша сөз тіркестері арқылы берлу жолы синтаксистік тәсіл деп.а.  Сөздердің қосарлануы арқылы да жинақтау, топтау, жалпылау, ұғымдарды айтылатны мәлім. Мыс:бала-шаға, кәрі-жас, ас-ауқат, туған-туыстық, қазан-ошақ т.б.  Қос сөздерсинтаксистік тәсіл  арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруін лексика-синтаксистік  тәсіл деп атауға да болады.  Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы  берілу жолын  морфологиялық тәсіл деп.а.\

Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі  морфологиялық форма бар. Олардың бірі ыз,із,з ормасы, екінші қ (к) формасы, үшінші лар,лер, дар, дер, тар, тер формасы. 1)Ыз,із,з формас әуелде көптік жалғау емес, жұп,егіз, екеу болып келетін заттардың аттарына жалғанатын қосымша болған. 2)етістітің ашық райының жедел өткен шағының  (мыс.біз бардық,біз келдік), бұйрық райының  (біз барайық, біз келсек), шартты райының  көпше түрінің (біз барсақ, біз келсек) бірнші жағына қосылатын  жіктеу жалғау әрқашан  қ (к)болып келеді. Бұл форма да –к,-қерте кездегі көптк мағ білдіретін морфологиялық формалардң бірі болғанына ұқсайды. 3) лар,лер,дар,дер,тар,тер формасы сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбсының әуеніне қарай өзгеріп жұмсалады. Лар,лер қосымшасы зат есімдерге, есімдіктерге, субстантивтенетін өзге де өз тптарына және етістіктің  жіктелетін формаларының екінші жақтарына қосылып, көптік мағынаны білді,ді. Көптік жалғау лар бір сөйлемде біріне бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау. Бір жағынан, сөздерді бір бірімен қиыстыру үшін қолданылса, екінші жағнан, олард сараландырып,айқын,ашық етәп айту үшін қолданылады. Мыс: бастары жалаңбас,ауыздарын қалың мұрт, беттерін ұзын,тығыз сары саөал басқан үлкендер балаларға әлі де аса сауық түсті көрінеді. Мұндағы үлкендерді бастауышқа тікелей қатсы жоқ, бірақ баяндауышқа қатысы бар, балаларға деген толықтауышты балаға деп, жекеше формаға қойып өзгертпек. Көптік жалғау  ларқажетін қарайғсөздің маынасын анықтап, айқындап қолданған жағдайда түбір мен жұрнақтың немесе түбір мен көнеленген форманың араларында да жұмсалады. Мыс: Абай ұрыларша шапаан,бөркін айналдырып киіпті.

Тәуелдік жалғау:Әдетте, иеленуші үш жақтың біріне белгілі біір заттың меншікті екенін біілдіретн граммматикалық категория тәуелдену категориясы деп аталды. Қазақ тілінде тәуелдену категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:Морфологиялық, синтаксистік, аралас.

Синтаксистік пен аралас тәсілдің ерекщеліктері қысқашаа мынадай. Синтаксистік тәсіл біз,сіз есімдіктеріне ілік.с қосымшасые жалғап (біздің,сіздің) оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді еш қосымшасыз тіркестіру арқылы жасалады. Мыс: біздің үй, біздің шелек...тб.Сөйтіп, тәуелдік ұғымды коипоненттерінің бірі анықтауышы, бірі анышталушы мүшелеер ретінде құрылу арқылы ғана білдретіндіктен бұл тіркестер синтаксистік тәсілге жатқызылады. Аралас тәсіл бұрынғы компонентінің есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден де бола беретіндігі жағынан және соңғы компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатндығыы жағфнан (Мыс:біздің үйіміз, оладың балаларығ колхоздың есепшісі).

Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдену категориясы мынадай екі түрлі қосымша арқылы жасалады: 1) нікі, дікі,тікі                        2) тәуелдік жалғаулары арқылы

Тәуелдену ұғымын тудыратын  нікі, дікі,тікіжұрнақтары тарихи жағынан алғанда, ілік.септіктің ның, нің, дың,дің, тың,тің жалғауына және кі,қыы,ғы,гі жұрнағынан бірігіп пайда болғаны мәлім. Бұл форма рақылы туатын меншіктілік  меншіктелуш заттан жеке де айтыла береді:Мыс: менікі, сенікі, сіздікі....т.б.

Тәуелдік жалғау бір заттың басқа бір заатқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да зат есім қызметін атқаратын демек, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мыс: әкем , дәптерім, Тәуелдеулі сөзден бұрын айтылатын ілік септік формасындағы І,ІІ жақ жіктеу есімдіктері түсіріліп те, түсірілмей де айтылатын сияқты. Тәуелдік жалғау септік жалғауынан да, жіктік жалғауына да бұрын жалғанады. Мыс: әкемнің, әкемнен. Студентіңмін, студентіңізбін т.б. Бірақ тәуелдік жалғау  түбір мен кейбір жұрнақтың және түбір мен кейбір көнеленген формалардың арасна да тұсе береді. Мыс:өзімше, өзіңше, әкемше, әкесінше .т.б.Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық экспрессивтік райды  я мәнді білдірерліктей  де міндет атқарады. Мыс.кһкем, айым, күінм, жаным, қалқам, сәулешім т. б.

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де өзді өздері де жалғасып әр алуан қарым қатынасқа түседі.олар сөздердің лексикалық мағынасын өзгертпейғ ол сөздер мағына жағынан қызметтерін ғана өзгертетіндіктен, ол сөздер мағына жағынан бір бірінен алыстап та кетпей, біреулері етістік арқылы айтылған қисылдың тікелей обектісін (еңбекті), біреуілері қимлдығ шығуын (еңбектен) , біреулері қисылдың болған орнын (еңбекте), біреулері қимылдың бағытын (еңбекпен) білдірі тұрады. Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бір біірімен жалғастырып, септестріп тұрады. Жай септеу септк қосымшаларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануы. Тәуелді септелу септік жалғауларының  зат есім немесе зат есім қызметін атқаратн басқа сөздердің тәуелді   түрлеріне жалғануын айтамыз.

Атау септік. Ол тек белгілі бір заттыы атау үшін ғана емес, онан әлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде ұаралады. Осыған орай ол негізгі септік деп аталады. Атау формадағы сөз кім?кімдер?не?нелер? деген сұрауларға жауап береді де, жекеше,көпше және  тәуелід түрлрде де қолданла береді.

Ілік септік.бұл септік меңгеру я меңгерілу жаңынан тікелей етістікке қатыспайды, әрқвшвн соңғы тәуелдеулі есңм сөзбен субстантивтенген сөзбен байланысты  болады. Ескерту: лексикаланған кейбр тірестерде ілік септік жалғаудың соңғы ңдыбысы түсіп қалып біріккен сөзге айналуға бейімделу бағыты да бар. Мыс: қысты күні (қыстың күні), жызды күні. Т.б.

Барыс септік. Бұл септіктегі сөз әрқашан етістік мүшемен тікелей де,жанай да байланысып негізінде қисылдың бағытын,мақсатын білдіреді.Мыс.москваға жүреді, кітапханаға барады ...т.б.Табыс септік: Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып өызмет атқрады. Мыс:түзетпек едім заманды, темірді мысқа,  т.б.

Жатыс септік. Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекндік, мезгілдік мағына береді.осыған сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, кейде орнына қарай баяндауыш та болады. Шығыс септік. Іс амал, қимыл әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезглін,мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та,кейде баяндауыш та болады. Көмектес септік.іс қимылдың,амалдың құралы мен тәсілін, мекенін,мезгілін,ортақтасу,бірлесуғастауғ ұштасу, сияқты жай күй қатынастарын және басқа сәйкес әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағ.на сәйкес көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыг та бола береді.

Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқрады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана  болады. Жіктік жалғау баяндауышқа ғана тән жалғау.

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.

І топқа отыр,тұр,жатыр.жүр етістіктері, есімщелер, зат есімдер, сан есімдр,есімдіктер, үстеулер жтады.

ІІ топқа а,е,й формалы және ып,іп,п формалы көсемшелер жатады.

ІІІ топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы  мен шартты рай формасы жатады.

Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай  формасы жатады .

№9-Грам.қ форма, түрі, грам.қ мағ.мен арақатынасы.

А.Ысқақов"қаз.қаз т": Сөздің нақтылы лек.қ мағынасымен жарыса отырып, сол лек.қ мағынаны айқындай,саралай түсетін я сойлемдегі басқа сөздермен қарым қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грам.қ мағына дейміз.Грам.қ мағына сөздің түрленуі арқ. да,сөйлемдегі басқа сөздермен қарым қатынастары арқ.да айтылады.М:Қонақ бір күн қонса құт,екі күн қонса жұт, деген сойлемде қонақ және қонса сөздері өзара түбірлес олардың тұлғаларында ұқсастық та айырм.қ та бар. Себебі  гр.қ мағ.да да,гр.қ формаларында да ерешеліктер бар. Гр.қ мағ.ды білд. гр.қ амал тәсілдер гр.қ формалар деп аталады.Қандай грам.қ мағына болса да, оның өзіне тән гр.қ формасы болады, керісінше қандай бір гр.қ форма болса да, оның өзіне тән гр.қ мағынасы болады.Гр.қ мағынасы жоқ гр.қ форма болмайды,гр.қ формасы жоқ.грам.қ мағына болмайды.

Оралбаева"каз.қазак т морф": Сөздің гр.қ формасы деп сөздің сөйлемде категориялардың көрсеткіштерімен қолданылып,гр.қ мағынада қолданылған түрі аталады. Яғни: 1Сөзтұлға сөйлемде ғана қолданылады, сөйлемнен тыс қолданылмайды. 2Сөйлемде сөздер түрлі тұлғада қолданылуы қай сөз табының сөзі болуына байланысты,өйткені барлық сөз табына ортақ сөзтұлға жоқ.Әр сөз табының сөз ұлғалары әр түрлі. 3Сөзтұлға грам.қ категорияларға байл. 4Гр.қ формалар сөз табына қатысты болғ.,сөзтұл.р да сөз табына қат.5Гр.қ сөзтұлға екі түрлі болады:синтетикалық және аналитикалық.Синт.қ сөзтұлға деп, грам.қ категор.ң қосымшалары арқ. түрленген сөздер аталады.Мыс:мектепке,кеткен,барса.Аналитикалық сөзтұлға деп, грам.қ мағ.ң көмекшілері,яғни ана.қ форманттар арқ. түрленетін сөздер аталады.М:өте жақсы, ең қымбат,үп үлкен. Сөздің сыртқы формасына берілетін мағына грам.қ мағына.

№11-Жалғаулардың сөздегі орын тәртібі

 А.Ысқақов бойынша:Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дара қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды.

Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың 4 түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар. Осы төрт жалғаудың өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы гр-қ формалары және сол гр-қ мағыналары мен формаларына сай, олардың өзді-өздеріне тән ерекше қызметтері бар. Түбір сөзге алдымен көптік жалғауы, одан кейін тәуелдік, септік жалғаулары жалғанады. Мысалы: адам+дар, адам+дар+дың, адам+дар+ым+ды.

№12-Өздік және ырықсыз етістер

Етіс  категориясы дегеніміз –  амалдың субьекті мен обьектіге қатысын, сондай-ақ, керсінше, субьекті мен обьектінің амалға қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Оның 4 түрі бар: өзік етіс, ырықсыз етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс.

Өздік етіс. Қимыл, іс-әркеттің орындаушысына, субьектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке –ын,-ін,-н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ін-ді, көр—ін-ді т.б Осы мысалдан көретінімздей, біріншіден, қимыл, іс-әркет иесі субьектіге қарай бағытталады, сөйтіп, субьекті әрі тура обьекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне-өзі субьекті әрі тура обьекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзін-өзі киіндіреді, өзі көрсетеді т.б. Бұл ьжерде түбірдегі сабақты етістіктердің обьектісі субьектінің дене мүшесіне, өзіне т.б қарасты сөздер, ал өздік етісте ол обьекті түгел субьектінің өзіне көшеді. Екіншіден, өздік етіс жұрнағы негізінен сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді, яғни барлық сабақты етістік түбірге өздік етіс қосымшасы жалғана бермейді, тек қимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне қарай бағытталатын сабақты етістіктерден ғана өздік етіс жасалады. Және онда өздік етіс қосымшасы сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады. Мысалы, айт, оқы, бер, ағыт, ат т.б сияқты сабақты етістіктерден өздік етіс жасалмайды, өйткені бұл сияқты сабақты етістіктердің тура обьектілері(өлнеңді,әңгіме айту, кітап оқу) іс иесі субьектіге тура қаратыла алмайды. Кейде жыр мәтіндерде өздік етіс сөйлемде тура обьекті де бөлек беріліп, қимылдың субьектіге байланысты нақты қай жеріне бағытталғанын білдіреді: Енді белін түйді, Асыл киім киді. Бұл әдеттегі қолданыстан стильдік мақсаттағы нормадан ауытқу болып табылады. Құранды қосымшалдар -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары өздік етіс мағынасында жұмсалады. (ойлан, намыстан)

Ырықсыз етіс деп қимылдың, іс-әркеттің өздігінен мән үстеп, қимыл, іс-әркеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден –ыл,-іл,-л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын,-ін,-н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып оны салт етістікке  айналдырады  деп көрсетілген. Мысалы кітап оқылды, үй тазаланды дегенде ырықсыз етістің жұрнақтары жалғану арқылы сабақты етістік салт етістікке айналған. Өздік етіс пен ырықсыз етіс жұрнақтарының ұқсастығы:

1)қосымшаларының бірдей болып келетіні, тек контекст арқылы ажыратамыз.

2)екеуі де сабақты етістікті салт  етістікке айналдырады.

Айырмашылығы: Өздік етісте логикалық субьект(іс иесі)  субьект-грамматикалық субьект(бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обьект  болады.

35-билетпен байланыстыру айту қажет!!!

№13-Зат есім, лексика-грамматикалық сипаты.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі». Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды. Мысалы: ағаш, су,шөп,темір тәрізді сөздер, әдетте көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі ұғымдармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл,сана, ой,ықпал секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын абстрактілі заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді.

Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы: құрт, құмырсқа, апа, қарындас, төсек,орын тәрізді дара сөздер белгілі заттардың аты болса, құрт-құмырсқа, апа-қарындас, төсек-орын сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Керісінше, мая-мая, қора-қора, жал-жал, тау-тау, төбе-төбе сияқты қос сөздер бөлу я даралау ұғымын білдіреді. Зат есімдерді іштей семантикасының өзара орайлас астас болуларына қарай, әлденеше топқа бөлуге болады. Мысалы: семантикалық ерекшеліктеріне қарай, зат есімдерді іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа атаулары, үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстың, саяси-әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алуан топқа жіктеуге әбден болады.  Дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.

(Қазақ грамматикасы,2002ж.)Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы – зат есімдер. Мұны аңғару үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмысымызда жиі айтылып, жиі қолданылатын түрлі бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, табақ, қалам, қағаз); тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, тұз); жан-жауарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен, киік); өсімдік атаулары (қайын, баялыш, тобылғы, бидайық); табиғат денелері мен құбылыстардың аттары (жауын-шашын, ай, жұлдыз, боран, аяз); адамның кәсібін,тегін, мамандығын, қабілетін, қоныс-тұрағын білдіретін сөздер (мұғалім, тілші, диқан, қаламгер, алыпсатар, қызметкер, саятшы,керей, найман, қазақ,орыс); тұрмыс-салтқа, әдет ғұрыпқа байланысты айтылатын сөздер (көкпар, шілдехана, жар-жар).

Адамзат және ғаламзат; Жалпы және жалқы есімдер; Көптік мәнді есімдер; Реңдік  және үстеулік мәнді есімдер; Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер; Көмекші есімдер;

Өзге сөздермен сөйлем ішінде грамматикалық қатынасқа, байланысқа түсуіне орай зат есімге тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанады, сондай-ақ олар сөйлемде не жекеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес оның түрлену жүйесін зат есімнің тәуелденуі, септелуі, жіктелуі, көпше түрде қолданылуы деп аталатын ірі-ірі грамматикалық категорияларға бөліп көрсетуге болады.

Проф. А.Ысқақов зат есімдерді семантикалық жағынан іштей нақтылық және абстрактілік, жаппылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық деген түрлерге бөлсе , С.Омарбекұлы "Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуантүрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама- шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір) аттарын да білдіре алады « ,-дейді.Сонымен қатар ғалым зат есімнің жалқы, жалпы, жиынтық мәнді, адамзат, ғаламзат есімдер деген түрлерін де атаған. Зат есімдерді семантикалық топтарға бөлуде Ә.Төлеуов нақтылы және абстрактілі, жалқы және жалпы (жинақты, жіктемелі)  деген топтармен шектеледі.Осылайша, ғалымдардың зат есімдерді лексика-грамматикалық жағынан бірнеше топтарға бөліп көрсетулері ол топтардағы зат есімдердің өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқатады. Сонымен зат есімдер адамзат және ғаламзат есімдері, жалпы және жалқы есімдер, көптік мәнді есімдер, эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер, көмекші есімдер деген ірі топтарға жіктеледі. Қазақ тілінде зат есімдер кім? не? сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді. Зат есімдердің осылай екі топқа бөлінуі басқа тілдердің зат есімдерінен өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осымен байланысты А.Ысқақовперсондық және бейперсондық деген атаулар енгізді, яғни персондық зат есімдерге кім? деген грамматикалық сұраққа жауап беретін сөздер, ал бейперсондық зат есімдерге не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жатқызды. Ғалым бұл терминдерді "Қазіргі қазақ тілі» оқулығының 1974 жылғы басылымында адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері деп өзгертті. Сондай- ақ кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерді өз ішінде тағы да бірнеше мағыналық топтарға бөліп көрсетті: а) адамға тән атаулар: бөпе, бала, ұл, қыз т.б. ә) туыс атаулары: аға, іні, нағашы, жиен т.б.  б) іс-әрекетпен кәсіп-мамандық иелерінің атаулары: студент, оқытушы, дәрігер, заңгер т.б.  в) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары: ректор, әкім,директор т.б. г) кісі атаулары: Арман, Дәурен, Әлия, Раушан т.б.

Проф. А.Ысқақов не? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлық жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады дей келіп, оларды-деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары, өсімдік атаулары, ас пен ішімдік атаулары, хайуанаттардың, аң мен құстың атаулары, балық аттары, құрт-кұмырсқа, бақа-шаян аттары, мекен, қопсы, құрал-жабдық атаулары секілді бірнеше түрлерге бөлген.Ғалымның бұл пікірлерімен келісе отырып, ғаламзат есімдерін өз ішінен жанды заттар атаулары және жансыз заттар атаулары деп, екі мағыналық топқа бөлуге болады. Сонда жанды зат атауларына адамнан басқа кеуд-сінде жаны бар тіршілік атаулары жатады да, жансыз зат атауларына өлі табиғат денелері мен өсімдіктер дүниесіне қатысты есімдер жатады.Бірақ тілімізде бұл қағидалардан ауытқитын да жайттар кездеседі. Мысалы, егер адам есімдері жер-су, мекен атауына ауысса, соңғы атауға не? деген сұрау қойылады: Алтай- екінші курс студенті. Алтай-кенге бай өлке. Бірінші Алтай сөзіне кім?, екіншісіне не? деген сұрақ қойылады. Ал керісінше, не? деген сұрауға жауап беретін жай ғана жалпы есім кісі аты ретінде қолданылғанда, кім? деген сұрауға жауап береді . Мысалы: бақыт, қуаныш-БақытХасенқызы, Қуаныш Үсенұлы,

Ә.Төлеуов бұдан басқа кім? не? сұрауларының ауысып жұмсалатын мынадай орындарын көрсеткен: «Өзіміз кісі туралы сөйлей тұрсақ та, сөйлемнің мағынасына қарай ауызекі тілімізде, ертегілерде не күлдіргі әңгімелерде ретіне қарай кім? не? сұраулар бірінің орнына бірі ауысып жұмсала береді. Мысал үшін, мен енді кім болдым? деудің орнына, мен енді не болдым? деп, ренжіп айта береді. Бұл жерде әңгіме кісі туралы екенін сөйлемдегі сөздің контекстегі мағынасынан байқаймыз. Мұндай жағдайда не? деп сұрау коя тұрсақта, контекстегі мағынасына қарай, әңгіме кісі туралы екенін аңғарамыз «, - дейді.Қазақ тіл білімінде зат есімдерді жалпы есім және жалқы есім деп екі топқа бөлу А.Байтұрсынов оқулығынан басталады. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, «зат есім екі түрлі болады: біреулері-нәрсенің дербес өз басына ғана қойылған: жалқы есім. Екіншілері-нәрсенің біріне емес, барлық табына қойылған: жалпы есім»,-дей келіп, жалқы есімдерге- Ахмет, Ашымтай, Ағытай, Қызылжар жалпы есімдерге: кісі, еркек, қапа, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке секілді мысалдар келтірген .Зат есімдерді семантикалық және грамматикалық жағынан осылайша жалпы және жалқы есімдер деп бөлу кейінгі оқулықтар мен зерттеулерде жалғасып келеді. Мысалы, проф. А.Ысқақов жеке я дара заттарға берілген зат есімдерді жалқы есім деп, тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдерді жалпы есімдер деп атаса, Ә.Төлеуов "Кейбір зат есімдер тобы жеке нәрсенің өзіне арнай қойылған атын көрсетсе, кейбіреуі жинақты, жалпылама нәрсенің атын көрсетеді. Мәселен, тау, ағаш, жусан, сексеуіл деген сөздер бірыңғай көптеген заттардың жалпылама аттарын көрсетсе, Асан, Алатау деген сөздер- көптеген заттардың ішінен бөліп алынған жеке нәрсенің арнаулы аты. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай зат есімдер жалқы есім, жалпы есім болып екіге бөлінеді „ -деп сипаттаған. Осы пікірмен үндестікті 2002 жылы шыққанакадемиялық грамматикадан да кездестіреміз. "Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздер жалқы есімдер, ал бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді жалқы есім " деп аталған.

Зат есімдердің семантикалық топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды білдіреді. Сондықтан, ғылымда "затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мәнді есімдер ,, деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық көрсеткіші болмаса да, көптік мәнді білдіреді.Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б.

2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетегет.б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау т.б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш т.б.

б.Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қарт.б.

№14-Сөз және оның морфологиялық құрылымы, оған кіретін морфемалар жүйесі.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі». Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға-тұрпаттың арқасында әрбір сөз бір бүтін единица ретінде қызмет етеді. Ал, сөздің құрылымы оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Ал, сол әр қилылық, әрине, сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты.

Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфеманың өзіне тән мағынасы (мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Ендеше, морфема деп сөздің өзіне ғана тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін айтамыз. Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды ең алдымен түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға  (түрге) бөлуге болады.

 Түбір морфема-сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы қосып алып та  жеке сөз ретінде қолданылатыны сияқты, қайталанып та (тау-тау, қора-қора), басқа түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас, қора-қопсы), бірігіп те (белбеу, басқұр), тіркесіп те (он екі, қара сұр) жеке сөз ретінде жұмсала береді.

 Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топқа бөлінеді. Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды.

Мағыналары мен қызметтеріне қарай, сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады. Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан лексика-грамматикалық категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады.  

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің  морфологиясы  Сөздің морфологиялық құрылымы – морфологияның маңызды мәселелерінің бірі,өйткені қазақ тілінде сөздер сөйлемде әр түрлі құрамда қолданылады, кейде сөздердің өте күрделі құрамда қолданылуы да кездесе береді. Сөйлемде сөздің бір тұтас бірліктен тұруы өте сирек кездеседі. Сөздің морфологиялық құрылымы морфемалардан құралады. Морфема деп сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналы бөлшегі аталады. Морфемалар екіге бөлінеді: 1) негізгі морфемалар; 2) көмекші морфемалар.

Негізі морфемалар деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар морфема аталады. Мысалы: ат, ақ, бөл, бар, кел, жас, өс т.б.

Көмекші морфемалар деп өздігінен жеке қолданылмайтын, сөйлемде сөздің құрамында ғана қолданылып, оған түрлі грамматикалық мағына үстейтін морфемалар аталады. Көмекші морфемалар әр түрлі: 1) қосымшалар; 2) көмекші сөздер.

Көмекші морфеманың қосымша түрі сөздің дыбыстық құрамына кіріп, яғни сөзбен бірге жазылып, оған түрлі мағына қосады. Осымен байланысты көмекші морфеманың қосымша түрі екіге бөлінеді: 1) грамматикалық мағыналы қосымшалар; 2) сөзжасамдық қосымшалар. Грамматикалық мағыналы қосымшалар деп грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін, грамматикалық категориялардың көрсеткіші саналатын қосымшалар аталады. Грамматикалық мағыналы қосымшалар іштей 2-ге бөлінеді: 1) жалғаулар; 2) грамматикалық жұрнақтар.

Көмекші морфеманың екінші түрі – көмекші сөздер. Көмекші сөздердің грамматикалық қызмет атқаратын бірнеше түрі бары жоғарыда айтылады. Олар – септік категориясының аналитикалық формасын жасайтын көмекші есім және септеулік шылаулар.

     Ы. Маманов «Қ.т.б.-нің мәселелері Белгілі лингвист ғалымдардың  «морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі» дейтін анықтаманың флективті тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады.   Орыс тілі – флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі – аглютинативтік (жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді. Ы.Е.Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол – «сөз мұқылы» ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді . Грамматикалық құбылыстар жөнінде пікір алалығы түркі тілдерін зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Осымен байланысты форма тудырушы қосымшалар мен жалғауларға берілген түсініктемелер әлі де жеткіліксіз бе деген ойға саяды.  Сөйтіп, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес, тілдің аглютинативті табиғатына сүйенген ғалым Ы.Е.Маманов сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады деп есептейді.

№ 15-Зат есімнің септік категориясы, септеу түрлері

  Қазақ тілі грамматикасының негізін қалыптастырған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл тағлымы» еңбегінде сөздерді атауыш және шылау сөздер деп бөліп, зат есімді атауыш сөздердің ішінде қарастырады.Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді десе, ғалым Қ.Жұбанов «Есім-(мағынаша) заттың өзін не тұрғылықты белгісін көрсетеді,морфологияда көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі; синтаксисте сөйлем мүшелерінің қайсысы да бола алады» дейді. Ал ғалым Н.Оралбай з.е-жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы дейді. Ғалым қазақ тілінде септік категориясының екі түрін көрсетеді: 1) синтетикалық септік 2)аналитикалықсептік. Олардың жасалу жолы мен мағынасында өзгешелік бар. Септік категориясы-зат есім сөздерді сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстыру қызметін атқаратын категория. Септік категориясының қызметі синтаксиспен байланысты саналады. Олай болса септік к. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыру қызметін атқаратын, зат пен заттың, зат пен қимыл-әрекеттің қарым –қатынасын білдіретін, синтаксиске қызмет ететін кат-я.7септіктен тұрады..Сөздің септік кат-ң жалғаулары арқылы түрленуін синтетикалық парадигмасы дейді. Түбір сөздің септелуін –жай септелу, тәуелденген сөздің септелуі-тәуелді септелу деп аталады.Септіктердің әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштері бар. С.к. көп мағыналық құрамнан тұрады, кейде бір септіктің өзі бірнеше мағынаны білдіруі жиі кездесетін құбылыс.

1)субъектілік мағына-септік қимылды кім жасағанын білдіреді :самолет ұшады

2)нысан(объект) мағынасы-септік қимылға түскен затты, қимылдың қай затқа бағытталғанын білдіреді: жемісті жина, кітапты оқы

3)пысықтауыштық мағына-қимылдың жасалатын орнын, мезгілін, себебін, қалай жасалатынын білд-ді: бөлмеде отыр, көшеден өтті

С.к. мағынасының тек септік жалғаулары арқылы берілуі синтетикалық септік деп аталады.

Атау с. Бұл септіктің жалғауы жоқ.А.септіктегі сөз нөлдік формада болады, сөйлемнің бастауышы қызметін атқарады. Ілік с. Грамматикалық белгісі-меншікті заттың иесін білдіру.(Сәкеннің үйі,Абайдың өлеңі). Септіктің бұл түрі тәуелдік категориясымен тығыз байл. Ол тәу-к жалғаулы сөзбен әрдайым синтаксистік бірлікте айтылады.З.е ілік жалғауында келгенде тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркессе тиянақтылықты білдіреді және ылғи 3-жақта тұрады. І.с нөлдік тұлғада да қолданылады: ауыл баласы, мәдениет үйі. Барыс с. Заттың, қимылдың кімге, неге бағытталғанын, яғни қимылын, қимылдың аяқталар жерін, мекенін, мақсатын, мезгілін, сандық белгінің қатысты затын білд-ді. Барыс с.нөлдік формада қолд,өте сирек. Табыс с. Қимылға түсетін затты,яғни қимылдың нысанын білд.Мыс:өлеңді айт, биді биле. Осы мағынасына сәйкес ол сабақты етістікпен тіркеседі,сөйлемнің тура толықтауышы болады. Жатыс с. Істің қимылдың жасалу орнын, мезгілін, мекенін, көлемін білд.Сөйлемнің мекен, мезгіл толықтауыш қызм атқарады. Шығыс с. Қимылдың қайдан басталғанын,яғни шыққан орнын, себебін, мезгілін,мөлшерін білд.Нөлдік формада сирек қолданылады,бірыңғай мүшеге қатысты болады. Көмектес с. Тілде кеш қалыптасқан септік,мағыналық құрамы күрделі.Көптен аталып жүрген мағынасы-құралын білдіру.Сонымен қатар: қимылдың тәсілін; ортақтық мағынаны; қимылдың мекенін; мезгілін де білдіреді. Бірыңғай мүшелерде нөлдік формада қолд. К. С жалғауы мезгіл мағыналы сөзге жалғанғанда ол сөздер үстеулік мәнге ие болады. Есім сөздерден тыс етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, қарсылық мәнін білдіреді: Ол сені көргенмен, мені көрген жоқ.

Аналитикалық септікте әр септіктің негізгі мағынасы сақталады да, ол мағынаның үстіне қосымша мағына үстеледі. Көмекші есім мен септеулік шылау көрсеткіштері септік категориясының мағынасын кеңейтіп, нақтылай түседі.

№16 - Адамзат және ғаламзат есімдер, жіктелуі

 Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілін ерекшелеп, даралап көрсетіп тұратын белгілердің бірі-адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағынасы тек адамды, кісіні білд зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен предикаттық қатынаста айтыла алады,ал зат есімнің басқа түрлері болса, олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағынасы жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін з.е үш жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, з.е қалған тобы бірінші, екінші жақта жіктелмей айтылады.Мысалға әйел, ұшқыш жіктеледі де, өзен, сай жіктелмейді.Мұндай з.е бірден бірі өзінің тура мағынасында жұмсалғанда жіктік жалғауының бірінші, екінші жағын қабылдамайды, бұлай болуы жіктеу есімдіктерінің тек адамға, кісіге байланысты қолд.сөздер екендігінен. Мінекей, осы сияқты қасиеттері тұрғысынан алғанда үш жақта  бірдей жіктелу қабілеті бар адамға байланысты зат есімдерді шартты түрде жақты з.е, үш жақта бірдей жіктелу қабілеті жоқтарды жақсыз з.е деп атаймыз.Нәрселер мен құбылыстардың жан жануардың аты болып келетін з.е адамға тән әр алуан қасиетті бейнелі түрде көрсету үшін кейде көркем әдебиетте, көбінесе поэзияла, жоғарыда аталған адам ұғымындағы з.е орнына жүретін кездер болады.Мысалы: Хан емессің қасқырсың,...Қара шұбар жылансың.

Орыс тілінде кім?дегенді барша кеудесінде жаны бар мақұлыққа, не? Дегенді өлі табиғатқа қатысты қолданатыны белгілі.

№17-Сабақтылық және салттылық категориясы

«Қазақ грамматикасы» бойынша: Етістіктің салттылық, сабақтылық мәні оның біріншіден семантикалық сипаты, екіншіден тумысына тән ерекшелігі екенін баса көрсеткен жөн. Мысалы,негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру, туынды түбір деп танылып жүрген ойлау (ой-ла), шегелеу (шеге-ле),ескеру (ес-кер). Күрделі түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру, әңгіме құру етістіктер сабақты және әртүрлі тұлға түрлері де, оқыған,оқыдым,оқыпсың,жазыпты, жазады, көргісі келді сабақты етістік болып табылады. Өйткені бұлардың барлығы да тура объектіні тікелей талап етеді. Бұған кімді, нені деген сұрақ қойылады да, онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады: кітапты нені деген сұраққа жауап береді, оқу, оқып, отыру, отырған, баласын кімді немесе артық сөзді нені, жек көр, жек көретінсіз, жек көргісі келді. Сол сияқты түбір тұлғасы келу, жүру, тұру, күлу туынды түбір ойнау (ойна), бозару (бозар) күрделі түбір таң қалу, тарс ету, бармақ еті, келе жату етістіктер салт болып, бұлардан басқа да әр түрлері, мысалы, келгенмін, келсе, келіп отыру,сабақты емес салт етістік боып табылады. Өйткені бұлардың барлығы тура обьектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. Сондықтан да кімді, нені келді, ойнады, бозарған, таң қалды деп айтуға болмайды. Әрине бұдан салт етсітікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалық тұлға топ бүтіндей жоқ екен деуге болмайды.

Ахмет Байтұрсынов «Тіл құрал» бойынша: Сабақты етіс еткен іске бірнесе сабақтаулы болса, мәселен хат жаздым, шөп шаптым, қармақ салдым дегенде: жаздым, шаптым, салдым істер хат жаздым дегенде, жазу ісіне хат сабақталып тұр. Шөп шаптым дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр. Қармақ салдым дегенде салу ісіне қармақ сабақталып тұр. Жаздым, шаптым,салдым деген сияқты нәрсе сабақталатын істі көрсететін сөздерді сабақты етістік дейміз.

Салт етіс өткен іске сабақталып, байланып тұрған  ешнәрсе болмаса, мәселен: мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр. Менің жүргеніме, сенің тұрғаныңа, оның отырағанына сабақталып тұрған һешнәрсе жоқ. Бірман жүгірді. Ержан күлгеніне. Нұржамалдың жылағына сабақталып тұрған ешнәрсе жоқ. Жүрмін, тұрсың, отыр, күлді, жылады, жүгірді деген сияқты сабақсыз істі көрсететін сөздерді салт етіс дейміз.

Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Етістіктердің ішінде кімді, нені деген сұрауларға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай ақ жұмсалатын етістіктер көп. Мысалы: ау, бар, жат, жет, жүр, кел, көн, қал, қаш т.б. мұндай табыс септіктіктег» сөзге  тура толықтауышқа сабақталмайтын етістіктер әдетте салт етістіктер деп аталады.

 Аш, айт, бақ, бер, жаз, жай, тер, үз, шеш, ыс, сыз, тап, тер, айда, апар, етістіктерін алсақ бұлардың бәрі де кімді нені деген сұрақтарға жауаап беретін табыс септікті сөзге сабақталады. Әдетте сөйлеу тілінде табыс септіктегі сөзді демек тура толықтауышты қажет ететін семантикасы бар осындай етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.

 Етістіктердің бәрі де салт сабақты бола бермейді. Олардың ішінде әрі салт, әрі сабақты болатындары да бар. Мұндай қасиеттер не омоним етістіктерде, не поисемиялы (көпмағыналы) етістіктерде болады. Мысалы, арт, жүр, тара...етістіктерін қолдана қалсақ, олардың әрқайсысының жүкті арттық, және ақылы арттық, «сен жетілік қарғаны жүр» және «үйді үйлеріңе тараңдар» деген сөйлемдер құрауға болады. Ал ондағы етістіктің әрқайсысы әрі салт, әрі сабақты болып қызмет атқарады.

Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Салт етістіктер тобын құрайтын етістер: өздік етіс пен ырықсыз етіс.

Салт етістік жасайтын өздік етістік жұрнақтары:

-Ын,ін, н. Мысалы: сен жуын, таран, ора;

-Ыл,іл,л жұрнағы өздік мәнін білдіріп, салт етістік жасайды. Мысалы: бұрыл, жазыл, керіл, басыл.

Ырықсыз етіс жұрнақтары:

-Ыл,іл,л. Мысалы: үй тазартылды,жіп есілді, үй жиналды, қора сыпырылды.

-Ын,ін, н: майлан,байлан, жалдан, қора тазаланды.

-Лын,лін,ныл,ніл құранды жұрнақтары өнімсіз. Мысалы: ас желінді, ұрыс үделенді.

Сабақты етсітік жасайтын етіс өзгелік етіс жұрнақтары:

-Т өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы: санат, қанат, сұрат, тыңдат, сөйлет.

-Дыр,дір,тыр,тір. Мысалы: қондыр, қойдыр, жаздыр.

-Қыз,ғыз,кіз,гіз өнімді жұрнақ. Мысалы: айтқыз, жатқыз, өткіз, алғыз.

-Ыр,ір, дар өнімсіз жұрнақтар. Мысалы: асыр, кетір, өшір, түсір, өсір, пісір.

-Т жұрнағы салт етістіктен сабақты етістік жасайды. Мысалы:

                               Шырқатып, шығындатып, шалықтатып,

                               Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.

                               Орғытып, орағытып, бас өрлетіп,

                   Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп (І.Жансүгіров)

  Осы мысалдағы    шырқатып, шығындатып, шалықтатып, шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп, орғытып, орағытып, өрлетіп, самғатып, саңқылдатып, желгізіп.

 - Дыр, дір, тыр, тір салт етістіктен сабақты етістік жасайтын өзгелік етістіктің өте өнімді жұрнағы. Мысалы: екі пәуескені осында қалдырды. Өзгесін үлкен отауларға таратып берді. Осы мысалдағы қалдыр сабақты етістігі салт етістіктерден қал өзгелік етістің дыр жұрнағы арқылы жасалған сабақты етісітіктер.

 -Ыр,ір,дар жұрнақтары салт етістіктен сабақты етістік жасайтын өнімсіз жұрнақ. Мысалы: өшір үніңді, жауыз. Осы мысалдағы өшір деген сабақты етістіктер, өш салт етістіктерінен өзгелік етістіктің ір жұрнағы арқылы жасалып тұр.  

№18- Одағай сөздер, сөз табы ретіндегі ерекшелігі, мағыналық топтары

Ахмет Байтұрсынов «Тіл құрал» бойынша: Одағай сөздерді шылау сөздерге жатқызған.

Одағай одағайланып, оңаша айтылатын сөздер. О.сөздер қазақ тілінде көп. Барша шапшаң болған істі көрсету үшін айтылатын барша шабыттау үшін айталатын, барша жек көру, ақыру, тыю, қайыру, тоқтату, басу, жұбату үшін айталатын, барша қуаныш, қорыққанда, шошығанда, таңдандағанда, тамсанғанда айтылатын сөздер һәм шығатын дыбыстар бәрі одағай болады. Солай болған соң одайғай бірнеше топқа бөлінеді.

Ілездік одағай: лап,шап,жұлт,жалт,сып, тік, күмп, күрс, мырс, қалт, пырт.

Еліктеу одағайы: шыр- шыр, пыр- пыр, сықыр- сықыр, сылдыр -сылдыр, күлдір- күлдір.

Шақырыс одағайы адамды шақырғанда әй! «аттан!» һәм ұран сөздер, һәр жүздің, һәр рудың шақыратын өз ұрандары болғандықтан қазақ ұран сөздері басқа басқа бәріне бірдей жалпы ұраны «Алаш!».

Малды шақырғанда, түйеге күс- күс, жылқыға қырау -қырау, сиырға ау- қау.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Одағайлар өз алдында ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол мына ерекшеліктер:

Одағай сөздердің мағыналары адамның әртүрлі сезіміне байланысты шығатын дыбыстық ишараттар. Мысалы: Япырмау, қайда сол күндер! Дегендегі япырмау өкінгендікті арманды білдіреді.

Адамның көңіл күйі құбылмалы болғандықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары құбылмалы ауыспалы, көпмағыналы болып келеді. Мысалы: уай, жараңдар, мен бір ақыл айтайын ба? Деген сөйлемдегі айтылған ойдың мағынасына аңғар сарынына қарай одағай сөздер дауыс ырғағы арқылы сөйлеуші адамның көңіл күйін қабаттастыра білідіріп тұр.

Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды. Олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. Дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөліп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетті ау! Дегендегі қап одағайы сөйлемдермен жарыса айтылып, тоылқытар түсіп тұр.

Одағайлардың түрлері

 Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.Негізгі одағайлар: ау, па, ей, әй, уау, уай, я, пай, охо, әй, аха.

 Туынды одағайлар: массаған, бәрекелді, әттеген ай, о тоба, астапырала, япырмай, ойпырмай, о дариға сияқты одағайлар жатады.

 Адамға арнайы айтылатын одағайлар бар. Мысалы: кәне, міне, әні, мә, жә,әйдй, тек, тәйт. Бұлардың мағыналары жоғарыдағы одағайлардан гөрі басқаша. Демек олардың кейбіреулері көрсету, я нұсқау кәні, міне, әні кейбіреулері ұзын мә, әйдә мағыналарын береді. Бұларды ишарат одағайлары деген дұрыс.

Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» бойынша:Одағай.Таптасқан сөздер: Мен бүгін келдім..Таптаспаған сөздер: Әй, е, бәсе; заттың өзі, ісі, сипаты айрылмай, түйдек күйінде жүреді.

Таптасқан сөздер –атау сөздер. Бұлар заттың өзін, сипатын, ісін айырып, атау үшін қажет; таптасқан сөздер жеке тұрып хабар беру үшін емес, бірнешеуі қосылп барып, хабар беру үшін жасалған.

Таптаспаған сөздер – заттың өзін, сипатын, түйдегін жазбай атау үшін қажет. Ол хабарлаушы сөздер, жеке тұрып ақ хабар беру үшін жасалған. Бұлар құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем не сөйлемдер жинағы. Таптасқан сөзді сөйлемдерде бұлар одағайланып тұрады. Оның түрлері:

Шаруашылық одағай  тілге тән сөз емес, өйткені ол адамдар арасында қолданылмайды. Адамнан басқа жан жануарларға қолданылады. Мысалы: жылқыға айтылатын одағайлар құрау құрау, (шақырғанда), құр құр, лық лық, (асауды тоқтатқанда )кіш-кіш (суарғанда )

Көңіл одағайлар.  Тілде көіл райын қоса білдіретін амалдар өте көп. Өйткені көңілдің әр түрлі райынын өзіне тән әр тұрлі райы бар.  Айтушының көңіл райын сөйлемнің әніне қарай танимыз. Көіл райын білдіру үшін қосымша, қосалқылар да қолданылады. Таптасқан сөздерден құралған сөйлемдер арқылы да көіл райы білдіреді. Мәселен ақындар өз өлеңдерінде суреттеу арқылы көңіл райын танытады.

Қатынас одағайлары. Сәлемдесу, жөн сұрау қоштасу формулаларынан құралған қатынас одағайлары бар. Мысалы: әй, ау, о, мә, деген одағайлар тындаушының көңілін өзіне аудару үшін айтылады.

«Қазақ грамматикасы» бойынша:Одағай. Одағайдың түрлері.Тілімізде одағай сөздері үш топқа бөлінеді:

Көңіл күй одағайы: жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлар. Мысалы: алақай, охо, жолдас болатын болдым;

Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы: әттең ай, қап, Уай, қайдасындар? Түге бар болғырлар.

Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы: а) пай- пай, қандай жарасады, ә!

ренжу, наразылық мағынасында: пай- пай, осы бір емізіп тартаның ай!

Императивті ишара одағайлары:

адамға бағышталып айтылатын одағайлар бұған адамның адресіне бұйыру, жекіру, тиым салу мақсатымен қолданылады. Мысалы: Тек, танымай сөйле! Былғама Нұрғанымды.

Мал, үй хаиуанаттарына бағышталып айтлатын одағайлар. Мысалы: әукім әукім, ақ бұзау ертерек өс! Құтты бол, сиыр бол да, сүтті бол!

Тұрмыс салт одағайлары бұған адамдармен амандасу, қоштасу т.б. сыйластық белгісі ретінде қолданылады. Мысалы: Құп деді де, қоштасып жүріп кетті агороном.

Одағайдың мағыналық ерекшеліктерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

Бір мағыналы одағайлар. Бұл топқа одағайлар қай ситуация болмасын, қай контекске түспесін, қандай интонациямен айтылмасын үнемі бір ақ мәнде жұмсалады. Алақай, ура сөздері тек шаттану, қуану сезімін білдіру үшін жұмсалса, қап, әаттең, әттеген ай сөздері әр уақытта өкіну мағынасында жұмсалады. Мысалы: Әттеген ай, неғып біз былай болып қалдық  деген ой әрқайсысымызды қинады.

Көпмәнді одағайлар. Бұл топқа екі үш, не одан да көп мәнде жұмсалатын сөздер жатады. Пәлі, бәлі одағайы үш түрлі мәнде қолданылады.

Одағайлардың интонациялық ерекшеліктері:

Қазақ тілінде барлық дыбыстар бәрі бірдей одағай мағынасында жұмсала бермейді. А,ә,о дыбыстары ғана одағай мәнде жұмсалады. Ұ,ү,у,ө,і дыбыстары одағай жасай алмайды. Ал ы дыбысы одағай қызметінде сирек кезедседі.

Одағайлардың грамматикалық ерекшеліктері:

Одағайлар негізінен түрленбейтін сөздер одағайлардың өзіне ғана тән жұрнақтар жоқ. Олар субстантивтенгенде ғана болмаса, жалғауда да көп қабылданбайтын сөздер. Кейбір одағайларға ла, ле, шыл, шіл жұрнақтары жалғанады: ойбайлау, тәйір айшыл.

№19 -  Қосымша морфема, түрлері, қызметі.

Ахмет Байтұрсынов « тіл құралы». Қосымшалар  - сөз емес сөзге жалғанатын буындар. Бұларда өз алдында мағына жоқ. Басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды. Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулер жалғанған сөздің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшшалар тысқарғы жалғаулар не тікелей жалғау деп аталады. Екінші қосымшалар ішкергі жалғаулар, не тікелей жұрнақтар деп аталады. Мысалы : жылқы деген сөздің  шы ның деген қосымшаларды.  Жылқы деген сөзге шы қосымшасы да ның қосымшасын да қосып байқайық.қайсысы жұрнақ болып шығар екен.  Жылқы жылқышы, жылқы жылқыны. Жылқышы деген сөздің бастапқы мағынасы тұлғасы да өзгереді. Жылқышы деген сөз енді мал табының есімін көрсетпейді, адам табының есімін көрсетеді. Жылқының дегенде сөздің тұлғасы өзгерілді  мағынасы өзгерген жоқ: жылқының деген сөз бәрі бір тобының есімін көрсетіп тұр. Айтылғаннан  шы қосымша жұонақ екені, ның қосымша жалғау екені.

«Қазақ гарамматикасы» Қосымша морфемалар өз алдында жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып оған әр түрлі қосымша мағына үстейтін морфемалар. Мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтар сөз тудыратын және форма тудыратын болып екіге бөлінеді. қосымшалар кейде сөз тудыратын морфемалар, сөз түрлендіретін морфемалар және сөз жалғастыратын морфемалар болып бөлініп соған лайық сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, сөз жалғастырушы морфемалар болып бөлінеді. екіншіден қосымшалар жаңа мағыналы сөз тудыру немесе форма тудыру олардың қызметі емес мәні болып табылады. Үшіншіден қосымша морфеманың  басты семантикалық грамматикалық белгісі мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болуы . сөйтіп қосымшалардың  білдіретін және беретін мағынасы оның ең бірінші қасиеті.  Оның ең бірінші басты қасиеті атқаратын қызметі сол мән мағынасы арқылы жүзеге асатын негізгі қасиет. Қосымшаларды мағыналарына қарай сөз тудырушы  және форма тудырушы, сөз түрлендірушу болып бөлінеді.

Мағыналары мен қызметіне қарай қосымшалар жұрнақ және жалғау болп бөлінеді. демек морфемалық құрамы жағынан түбір қосымша жалғау, жұрнақ  сөз деген ұғымдар мен бөлшектер болады. Сондай-қ мағыналық жағынан қосымша морфемалардың, қосымшалардың өз ішінде  омонимдік, синонимдік, антонимдік,моносемиялық,полесемиялық сипаттары құрамы жағынан жалаң және күрделі, құрама, шығу жағынан төл және кірме қосымшалар.

Сондай-қ қосымшалар құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. жалаң қосымшалар тұлғалық жағынан да  семантикалық жағынан да, қанша дыбыстан тұрса да  бөлінбейтін біртұтас морфема болып саналатын одан да көп қосымшалардан құралып  мағына жағынан  тұтасып кеткен қолданылуы мен көне тілде жұмсалуы арқылы  болатын қосымшалар  құранды қосымшалар деп аталады.

Жалаң қосымшалар бір немесе бірнеше дыбыстан  құрала береді м, ым,ім салым, білім,балам. Ал құранды  қосымшалар бірнеше дыбыстан құралады  себебі оның құрамында кем дегенде екі қосымшаның элементі бар.

Н. Оралбай  қазіргі қазақ тілінің морфологиясыазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: жалғау, нөлдік қосымша, грамматикалық жұрнақ.

Жалғаудың төрт түрін берген: көптік, септік, тәуелдік,жіктік.

Нөлдік форма тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар,бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамынан тұратын көрсеткіші жоқ бар.

Ысқақов  «қазіргі қазақ тілі» Қосымша морфемалар -деп түбірге қосылған, оған қосымша мағына үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз ішінде: жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топқа бөлінеді. бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, ал қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір бірімен байланыстыру үшін қолданылады.Қосымша морфемалар мағыналық дербестік тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол қосымша түбірдің қатысынсыз жеке дара қолданылмайды. Сондай ақ қосымша морфема жеке дара қолданылмай, тек түбір сөзге тіркесіп қана жұмсалатын болғандықтан, тұлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп өзгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі варианты болуы мүмкін . мысалы: атты кісі, сүтті сиыр, малды шаруа, білімді адам, саууылы інген, елеулі мәселе дегендегі -ты,- т, -лы, -ды, -ді бөлшектері бір морфеманың әр алуан түрлері.

Жолы бірді жолдас дейді. Ауыр асу қиын кундер бар алдымызда. Жолдаспыз сол жолда деген сөйлемдердегі жолы, жолдаспыз, жолда, жолдас сөздерін алайық. Түпкі морфемасы жол , қосымша морфемалары  -ы  (жолы), -дас (жолдас),   - пыз (жолдаспыз)  -да (жолда) .

Осы жол деген түпкі морфемаға қосылып тұрған қосымша морфемаларды ауыл, ел, жер, қалам,майдан сияқты есім сөздерге жапа тармағай  жалғай,беруге болатыны тәрізді, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды  тос, бас, қос, жаз, соқ тәрізді етістік сөздерге керегінше жалғап, қолдана беруге болады. Бірақ алдыңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар соңғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайтыны сияқты, соңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар бұрынғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайды.

Жалпы морфема атаулыға олардың түрлеріне тән сыр сипаттар шығады. Ол сыр сипаттар мыналар:

Түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір біріне парықсыз емес: олардың қарым қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді, олар өзара бір бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар түбір морфемалардың граматикалық қасиеттері жағынан бірыңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардың белгілі бір тобына ғана жалғанады. Мысалы:  -па, -саң  (жақпа жақсаң) морфемаларын тек етістіктергк ғана жатпа, айтпа, жақсаң, айтсаң  тікелей жалғасақ, -м , -да, -дан, (жолы жолда, жолдан) морфемаларын тек есім сөздерге ғана тікелей жалғай аламыз,керісінше жалғай алмаймыз.                               

Қай қосымша қосылса да және қанша қосымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өзгермейді, үнемі бір қалыпты сақталып отырады. Ал қосымша морфемалар тұлға жағынан тұрақсыз демек түбір морфеманың ерекшеліктеріне қарай орайласып өзгеріп отырады. мысалы: айтылады, айтылар, айтылғандықтан, айтылмақшы, айтыңдар, айтысыңдар,

Сөйтіп түбір морфема мен қосымша морфема мағыналарының ең негізгі айырмашылығы мынау:түбір морфеманың мағынасында біріншіден әрі нақтылы,әрі дербестік тән болса. Қосымша мағынанын мағынасына  біріншіден әрі тым жалпылық, әрі дербестігі жоқтық тән болса екіншіден сол жалпы мағынаны тек сөздің құрамында ғана тиянақты болып анықталады. Осыған сәйкес түбір морфема тілдің өзіне тән мағынасы бас тұлғасы ретінде жеке дара тұрып қызмет етсе, қосымша морфема тілдің мағыналы тұлға есебінде жеке дара жұмсалмайды , тек сөздің құрамында ғана қолданылады.

Қызметтеріне қарай , сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар морфемалар  жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар морфемалар жалғаулар деп аталады. Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан лексико граматикалық категория қатарына жатады,форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды грамматикалық категория қатарына жатады.  Мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтар сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар болып бөлінеді.

Түбірге сөз тудыратын жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма туынды негізгі  туынды түбір деп аталатын жұрнақтар сол негізге де сол негізден туған жаңа негізге де қажетіне қарай жалғана береді. Мысалы:егіншілік деген сөз ек деген етістік түбірге әуелі - ін,одан кейін -ші одан кейін -лік жұрнақтары қосылудан туған. Жұрнақ арқылы туған егіншілік сөзі туынды сөздер деп аталады. Форма тудыратын жұрнақтар да өзі жалғанған сөзге я түбірге сәл де болса жаңа мағына үстейді.бірақ ол жаңа мағына сол сөздің барлық формасына өзек болатын негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейді, оған нұсқан келтірмиді. Мысалы: кел, келме,келер, келмес дегендегі бәрі де бір түбірдің негізгі лексикалық мағынасын бұзбай және сол мағынадан алшақтап та кетпи оны берік сақтапбір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары ретінде қызмет етеді.

Құрылымы мен құрамы жығынан  жұрнақтар: жалаң және құранды болып бөлінеді.

Жалаң жұрнақ - мағына жағынан да форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақтарды айтамыз. Мысалы: білім, кеспе, малшы,ұшқыш, үйшік, әкелік дегендердегі -ім, -пе,,-шы,-қыш,шік,-лік әрқайсысының мағына жағынан да тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.

Құранды жұрнақ -мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да құрамы жағынан кемі екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар. Мысалы: жайшылық, басыңқы, тұрғылықты, құранды, дегендердегі -шылық, -ыңқы, -ғылықты,- ынды жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан бір бүтін форма болғанымен құрамы жағынан әуелгі екі я үш жалаң жұрнақтардан бірігіп жасалған күрделе жұрнақтар.

1.Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шықандығына қарай олар: төл жұрнақтар, кірме жұрнақтар болып бөлінеді.

2.Ерте я кеш қалыптасуларына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.

3. Сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоғына қарай тірі және өлі жұрнақтар болып бөлінеді.                                                                               4. Құрамындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай олар  жалаң және құранды болып бөлінеді

5. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіретініне қарағанда олар дара мағыналы (моносемия), көп мағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.

6. Формасы айтылуы жазылуы басқа бола тұра мағыналары бір біріне жақын я мағыналас синоним, омоним жұрнақтар болып бөлінеді.

7. Сөз тудыру жағынан өнімді өнімсіз болуына қарай олар құнарлы,құнарсыз болып салаласады.

Жалғаулар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар болып бөлінеді.

Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олар: -ыз,-із,-з, (біз,сіз егіз,бардыңыздар,келдіңіздер). -қ,-к, (біз бардық, біз келдік). -лар,- лер, -дар, -дер, -тар, -тер (балалар,үйлер,кітаптар).

№20-Сөз таптары және сөздерді таптастыру қағидаттары

«Қазақ граматикасы», Н Оралбай, Ысқақов, кітаптарынан алынған.

Сөз табы  - жалпы лексика грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. Сөз табының мазмұны осындағы лексика грамматикалық деген қос сөз арқылы айтылған екі компоненттің бірлігінен құралады. Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы граматикадан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып әр тілдің грамматикаларында сөздердің топтарын нақтылап барған сайын анықталып келеді. 1914 жылы баспадан шыққан А байтұрсыновтың Тіл құрал атты оқулығында атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал шылау сөздерге: үстеу, демеу, жалғаулық,одағай сөздерді жатқызған. Ал 1915ж басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген.сөздерді бұрынғыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат есім, сан есім, сын есім,есімдік, етістік,үстеу, демеу, жалғаулықтар,одағай. Қ.Жұбанов тілдегі сөздерді басқаша таптастырып. Ғалым сөз атаулыны мүшелі, мүшесіз деп екі топқа бөліп, мүшелі сөздерді түбір және шылау деп бөледі,мүшесіз сөздерге одағайды жатқызады. Ал түбір сөздерді зат есім, сын есім, сан есім,мезгіл мекен есім қазіргі үстеу, орынбасар қазіргі есімдік, етістік. Демек бұл алты сөз табына шылау мен одағайды қосқанда ғалым 8 сөз табын таныған. Мұнда төмендегі ерекшелікті санамағанда кейін грамматикалардан орын алған жаңалық шылаудын әр түріне жеке сөз табы деп санамай, олардын басын қосып бір сөз табы деп санап оны шылау деп атауы. Бұл пікір ғылымда орын алып әбден қалыптасты. Бірақ Қ. Жұбанов қолданған мезгіл мекен, орынбасар есім деген үстеу, есімдік терминдері мағынасындағы терминдер ғылымнан орын ала алмады.

Сонымен бұл кезеңдерден соң мына сөз таптары танылды: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, шылау,одағай.

Бұл сөз таптарын А Байтұрсынов белгілеген, тек Байтұрсынов екі сөз табы деген жалғаулық пен демеулікті Қ Жұбанов қосып, шылау атағына ғылымда әбден орнықты. Бұл сегіз сөз табы қазақ тілі грамматикаларында 1952ж дейін өзгеріссіз қолданылып келді. 1952ж  А Ысқақов оған еліктеуіш сөзді қосты. 2002жылға дейін  9 сөз табы танылып келді. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеуіш, шылау,одағай. Қазақ тілінде барлық сөздер семантикалық және морфологиялық жағынан үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер.

Атауыш сөздер - лексикалық мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді, сөйлем мүшесі болады,олардың көбінің түрлену жүйесі грамматикалық категориялары бар сөйлемде категорияларының көрсеткіштерін қабылдап, белгілі грамматикалық тұлғаларды қолданады.атауыш сөздер ішінде грамматикалық категориялары жоқтары да кездеседі, бірақ олардың бәрі лексикалық мағынасы бар сөздер.атауыш сөздердің белгілері мынадай:

1. Атауыш сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер; зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеуіш сөздер. 2. Атауыш сөздер лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан олар сөйлемдегі ойды білдіру үшін сөйлемді құрауға қатысады. 3. атауыш сөздер сөйлемді құраушы негізгі сөздер болғандықтан олар сөйлем мүшесі болады.                                                                                      4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүкін емес                                                   5. Бұл топтағы сөздердің мағыналарының бәрі шындық өмірді суреттеуге қатысты. Оны әр сөз табының мағынасынан көруге болады.       6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс та қолданылады мәселен түрлі сөздіктерде қолданылады, атауыш сөздерді жеке атағанда да мағынасы түсінікті болады.

Міне бұл белгілер атауыш сөздерге жататын жеті сөз табының бәріне қатысты. Бұл осы сөз таптарының ұқсастық белгілері бәрінің бір топ болуына негіз болуына негіз болған белгілер.қалған сөздердіңтобында бұл белгілер жоқ.

Көмекші сөздер- грамматикалық дамуы нәтижесінде лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанмен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге,сөзге түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мысалы: карабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді. Осы сөйлемде үш сөз бар. Олар үш түрлі көмекші сөздер үшеуі үш түрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі ет көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуіш сөзге тіркесіп оған қимыл мағнасын қосып сөзжасамды қызметін атқарған. Бұл сөйлемде  мырс етіп бір сөз сөйлем мүшесі оның мағнасын мырсылдады деген туынды түбір етістікпен салыстыруға болады бірақ ол сөздің жасалуы осы сөйлемге  қатысты деуге болмайды ол сөйлемге дайын түрінде кірген дербес сөз.

Қазақ  тілінде көмекші сөздердін мынадай түрлері бар: көмекші есім, көмекші етістік,  септеулік шылау, күшейткіш көмекшілер,күшейткіш буындар. Бұл көмекшілер сөз табына қатысына қарай екіге бөлінеді: біріншісі белгілі сөз табына қастысты көмекшілер, екіншісі сөз табына қатысы жоқ көмекшілер. Белгілі сөз табына қатысты көмекшілер мыналар: көмекші есімдер, көмекші етістіктер, септетулік шылаулар, күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер. Сөз табына тікелей қатысы жоқ көмекшілерге: жалғаулық, демеулік, шылаулар жатады. Беалгілі сөз табына қатысты көмекшілер деп белгілі сөз табының құрамына кіретін сол сөз табтарының граматикалық категорияларының бірінің көрсеткіші саналатын көмекшіл. Мысалы: ол үйдің сыртында отыр деген сөйлемдегі үйдің сыртына сөзі қайда деген сұраққа жауап беріп сөйлемнің бір мүшесі қызметін яғни бір сөз қызметін атқарады.

Ал көмекші етістіктердің сөз табын сақтағаны ғылымда белгілі ол еш уақытта дау туғызған емес. Ол етістіктің шақ мадальдық рай категорияларының қимылдың өту сипаты категориясының мағыналарын білдіретін көрсеткіштер қызметін атқарып сөйлемде етістіктерді ол категориялардың аналитикалық тұлғаларына түсіретіні ғылымда белгілі.

Көмекші сөздердің келесі түрі күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер бұрын оқулықтарда көмекшілер тобында аталмай келді . бірақ сын есімнің шырай категориясының түрлерін жасайтын көрсеткіштер ретінде олар әбден танылған. Сын есімнің асырмалы шырайы өте тіпті ең тіптен орасан керемет сияқты күшейткіш үстеулері арқылы жасалады.

Күшейткіш буын көмекшілер де сын есімге ғана қатысты. Олар сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын грамматикалық көрсеткіштер қызметін атқарады.тек сын есіммен қолданылуына байланысты сын есімге қатысты көмекшілер саналады.

Жеке сөз табы құрамына байлаулы емес әр түрлі сөз табына тіркесе беретін көмекшілер жалғаулық, демеулік,шылаулар . Олардың қайсысы болмасын сөйлемде дербес сөзге тіркесіп қана өз қызметін атқарады жеке қолданылмайды.сондықтан олар көмекшілер қатарына жатады.

Одағайлар сөздердің ешбір тобына ұқсамайтын ерекше сөздер.одағай сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Сөйлемде айтылатын ойды білдіруге қатыспайды грамматикалық категориялар көрсеткіштерін қабылдамайды, грамматикалық мағына білдіруге де қатыспайды, сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар адамның көңіл күйін әр түрлі сезіміне байланысты дыбыстық ишараттарды білдіреді де сөйлемнен тыс тұрады. Мысалы: қап жеңіліп қалдыау.

Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек негізгі болатын үш ұстаным қалыптасқан. Олар: сөз табының ортақ семантикалық мағынасы, сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері, сөздердің синтаксистік қызметі.

Семантикалық ұстаным барлық сөз табына қатысты. Мысалы:  зат есім сөз табының ортақ жалпы мағынасы  бүкіл осы бір сөз табына жататын сөздердің бәрінен абстракцияланып алған жалпы грамматикалык мағына,сын есім сөздердің семантикалық ұстанымы сындық белгіні білдіру, сондықтан сындық белгіні білдіретін сөздер ғана жатады. Сан есім сөздердің семантмкалық ұстанымы сандық ұғым, етістік сөз табының семантикалық ұстанымы қимыл ұғымы, үстеудің семантикалық ұстанымы қимылдың белгісін білдіру, есімдіктің семантикалық ұстанымы олардың басқа сөздердің орнына қолданылу қабілеті.  сөз таптарына таптастыруда семантикалық ұстанымы негізгі қызмет атқарады.

Сөздердің морфологиялық грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі. Морфология тілдегі сөздердің түлену жүйесін зерртейтін ғылым.ал сөздер сөйлемде тілде қалыптасып қалған заңдылықтар бойынша түрленеді. Мысалы: тарап кеткен балаларынды баурыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім. Осы өлең жолдарында түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта аларсың, және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады. Бірінші топтағы түрленіп тұрған қосымшалар: -п, -кен-,а,-ар, -сың. Екінші топтағы түрленіп тұрған қосымшалар:- ың, -ды, -ың,-а, -ың-, мен,-ім

сөздерді таптастыруда сөздердің тобының түрленуіне көңіл бөлінеді. сөздерді таптастыруда әр топтағы сөздердің өзіне тән грамматикалық ерекшелігі грамматикалық құбылысы, грамматикалық сипаты есепке алынады. Сөздерді таптастыруда сөз таптарының грамматикалық сипаты негізгі қызмет атқаратын ұстанымдардың бірі.

Сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік қызметі ескеріледі. Мәселен:  зат есім сөздердің бастауыш,толықтауыш, қызметін атқаруы, сын есім, сан есім, сөздердің анықтауыш, үстеудің пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда есепке алынады. Алайда тілде әр түрлі синтаксистік қызмет атқаратын да сөз табы бар, ол есімдік. Есімдік табиғатында әр түрлі сөз табының әр түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Есімдік қай сөз табың сөзінің орнына қолданса сол сөздің синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы: асан ауылы бұл ауыл, жақсы адам осы адам қандай адам.т.б

Осы көрсетілген принцптер негізінде  қазіргі кезде 2002 ж шыққан Қазақ грамматикасы кітабында бұрыннан танылып келе жатқан  9 сөз табына модель сөздер қосылып 10 сөз табы берілген. зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеу сөздер, шылау,одағай, модаль сөздер.  Атауыш сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылау, одағай, модаль сөздер жеке жеке сөз табы болып қаралады., өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе мәнер үстейді.

№21-Морфология,зерттеу нысаны, зерттелуі

Морфология көне грек тілінің morphe форма және  logos ілім деген сөзінен шыққан.Морфология деп тілдің морфологиялық  құрылысын зерттейтін ғылым яғни сөздің грамматикалық  түрлену сипатын зерттейтін ғылым аталады.А.Ысқақов морфологияны сөз және оның формалары туралы ілім деп атаған. Орыс тіл білімінде В.В.Виноградовтан кейін морфологияны грамматикалық сөз туралы ілім деп атау да жиі кездеседі.Сөйлем, сөз тіркестері бір бірімен байланысты сөздерден құралады. Сөздерді бір бірімен байланыстыратын  заңдылықтарды грамматиканың морфология саласы зерттейді.Морфология нені зерттейді деген салаға келсек, сөз атаулы  байланысты ойды білдіру үшін сөйлемде қолданылғанда, сөз сөздіктегі қалпымен бірге, түрлітүрлі тұлғада қолданылады.

 Сөздердің сөйлемде қандай тұлғада қолданылатынын, сөз тұлғасын түрлендіру заңдылықтарын морфология зерттейді.

 Тілдегі сөздердің түрлену заңдылықтарын сөйлемде, мәтінде түрлі тұлғалардың қандай мақсатпен түрленетінін, қолданылатынын зерттейтін ғылым- морфология.Демек, грамматика деп сөйлемнің, сөз тіркесінің,сөздің түрленуінің қандай заңдылықтар бойынша жүзеге асатынын зерттейтін ғылым 

 Грамматиканың екі бөлімі бар, олар Морфология мен синтаксис.Грамматиканың бұл екі саласы бір бірімен тығыз байланысты.Морфология сөздің грамматикалық сипатын зерттегенде, оның жеке сөзге қатысын емес, сөздердің белгілі топттарына қатысын зерттеп,ол грамматикалық сипаттың  байланысты ойды білдіруде сөйлемде қандай қызмет атқаратынын анықтайды.

 Морфологияның зерттеу нысаны- сөздің түрлену заңдылықтары,синтаксистің  зерттеу нысаны- сөз тіркесі, сөйлем.

 Негізгі сөз таптары бір бірінен грамматикалық категориялары арқылы және сол категориялардың көрсеткіштері  арқылы ажыратылады.Демек, грамматикалық категориялар, олардың көрсеткіштері мен мағыналарын морфология зерттейді.

 №22-Грамматикалық категория,түрлері, сөз таптарына қатысы

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі- грамматикалық категория. грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, әрі грамматикалық мағынамен байланысты, әрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі болып келеді. Грамматикалық категорияғ,ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты.Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес.Екіншіден грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен граматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен,яғни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен, ондағы жүйелілікпен байланысты.яғни кез келген грамматикалық мағына немесе қайсібір  грамматикалық форма нрамматикалық категория  құрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі, белгілі грамматикалық топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория құрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жинтығы, бір жағынан, өзара бір тектес біріңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы мәндегі мағыналар болу керек,Яғни, Грамматикалық категория-- өз ішінде бір біріне қарама қайшы  қасиетте бола алатын бірнеше  тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы,бірлігі.Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін  әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні,сипаты, шегі байқалып, айқындалады.

Грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының  белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады.Демек, грамматикалық категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалық мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағыына түрімен байланысты.

Грамматикалық категория болудың алғы шарттары: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек. 2) Ол мағыналар бір бірімен тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар  грамматикалық мағына құрай алмайды.  3) Ол грамматикалық мағыналар қашанда  тектес, ыңғайлас болсада,мысалы, тәуелдік мағына,екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы болып,мысалы,сол тәуелділіктегі жақ сияқты,яғни 1- жақ2-жаққа,я 3-жаққа қайшы, 2- жақ 1- жаққа,я 3- жаққа қайшы келуі 4) сөйтіп барып,  әрі тектес,әрі ыңғайлас, әрі бір біріне қарама қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы.5) сол тектес мағына да қайшы мағынада бөлек бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс өана грамматикалық категория болып таныла алады.

Түрлері: Грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым қатынысымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды  тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге де болады.Сондай ақ морфологиялық категорияларды  сөз түрлендіру мәнді м.к және топтау,жіктеу мәнді м.к.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі.Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді.Тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық категория бола бермейді.Кейбір сөз табында мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар белгілі парадигмалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді.Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары- зат есім,сын есім,етістік.Олар зат есімнің сан мөлшер категориясы,, тәуелдік категориясы,сапалық сын есімнің шырай категориясы,етістіктің салт сабақтық категориясы,етіс категориясы, болымсыз ет.категориясы, рай,шақ категориясы,жіктік категориясы.

Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын әсер ететін түрлерін лексика- грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей,өзгертпей,тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің негізі бар.

Н.Оралбай: грамматикадағы негізгі мәселеге грамматикалық категория жатады. Грамматикалық категория деп біртектес жүйелі грамматикалық мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіштері бар тілдік құбылыс аталады.

    Грамматикалық категориялар морфология және синтаксис деп бөлінеді. Морф.қ категория грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөздерді бір бірірмен байланыстырады.   Грамматикалық категорияның мағыналары бір бірімен байланыста талданады. Және ол мағыналары білдіртін көрсеткіштер де бір бірімен салыстырлы талданады, зерттеледі, оқытылады. Өйткені грамматикалық категория- біртектес грамматикалық мағыналардың және олардың көрсеткіштеріның жиынтығы. Грамматикалық категория екі жақты тілдік құбылыс саналады. Олар: мағына және тілдік көрсеткіш. Мағына жағынан алғанда әр категория біртектес бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Грамматикалық  категория біртектес бір бірімен байланысты бірнеше мағынаны қамтиды. Мыс: қимылдың өту сипаты категориясы қимылдың жасалу сипатын білдіреді.

    Грамматикалық категориялардың мағыналық құрамы әртүрлі. Ең мағыналық құрамы аз категориялар екі мағыналық құрамынан тұрады.Оларға зат есімнің сандық категориясы мен етістіктің болымддылық,болымсыздық категориясы жатады.

А.Ысқақов  «Қазіргі қазақ тілі»Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грам.қ категориялар ішінара морф.қ категориялар және синтаксистік кат.р болып бөлінеді. Морф.қ категориялар деп жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грам.қ мағыналарды айтамыз. Мыс: Құлпыртып ән алайық түрден түрге.

Сөйлемдегі сөздер өзара бір бірімен қарым қатынасқа түсудің нәтижесінде әртүрлі морф.қ өзгерістерге ұшырап та оған ұшарамай ақ әрт.рлі синтаксистік тілдер арқылы да байланысады. Грамм.қ категория сөздің негізгі мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жарып қана отырмайды. Ол екеуі бірмен бірі іштей ұласып, өзара бір біріне ықпалдарын тигізіп  тығыз қарым  қатынасқа түседі. Сол себептен де бір сөздің бойынан брнеше категориялар табуға болады.

№23-Грамматикалық мағына, берілу жолдары мен тәсілдері, түрлері.

(Н.Оралбаева). Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының айырмашылықтары бар. Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы, қағаз, күн, ай, көзде, жүзік, он бес, т.б. Мысалы, қағаз+дар сөзіндегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. (Жарық) күнді (көрдім) дегенде көру қимылының нысаны мағынасын табыс септік жалғауы білдірген. Айға ұшты десек, бағыт мағынасын барыс септік жалғауы білдірген. Бұл мысалдардан шығатын қорытынды: грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылады, грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмайды, лексикалық мағына нақты, шындық өмірге қатысты, ал грамматикалық мағына абстракты, дерексіз. Жалпы грамматикалық мағына- сөйлемдегі сөз атаулының құрамында үнемі болатын, басқа грамматикалық мағыналармен бірге жарыса, қабаттаса жүретін, қолданылу аясы кең мағына. Грамматикалық мағынаның берілу жолдары:

І. Қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;

ІІ. Көмекші бірліктер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;

І. Грамматикалық мағынаның қосымша арқылы берілуі. Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: 1) жалғау; 2) нөлдік қосымша; 3) грамматикалық жұрнақ;

1.Жалғаулар 4 түрлі: 1) көптік жалғау (кітаптар, адамдар, мектептер, т.б.);

2) тәуелдік жалғаулар (менің, сенің, біздің,т.б.);

3) септік жалғау (халықтың, елмен, адамды, т.б.);

4) жіктік жалғау (мен, сен, ол, біз, т.б.);

2. Нөлдік қосымша арқылы берілуі. Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелері бар. Мысалы, атау септіктің, жіктік жалғау парадигмасының 3 жағы, сондай-ақ бұйрық райдың жіктік жалғауының 2-жақ жекеше түрінің нақты қосымшалары жоқ. Бірақ қосымшалары жоқ болса да, сол қосымшаның жоқтығы олардың атау септік, 3-жақ, 2-жақ екенін білдіреді. Олар ешқашан шатастырылмайды. Жалпы тіл білімінде мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш бар деп саналады да, жоғарыдағыдай жағдайда мағынаны көрсеткіштің жоқтығын байқататын нөлдік жалғау білдіреді деп санайды. Мысалы, Хакім сөз таба алмай қалды. Бөлме іші тар. Бейімбет екеуміз Аманкелдінің туған еліне, Торғай, Батпанқыраға жүріп кеттік. Осы мысалдардағы сөз табыс септіктің нөлдік жалғауымен, бөлме ілік септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Соңғы сөйлемдегі Торғай сөзі барыс септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған.  Демек, нөлдік жалғауы- грамматикалық жүйеден кең орын алатын, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірлік.

3. Жұрнақтар арқылы берілуі. Тілде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық жұрнақтар бар. Ол жұрнақтар сөз таптары тұрғысынан келгенде, етістіктерге қатысты. Етістіктің болымсыздық мағынасын білдіретін –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, осы шақ мағынасы –а,-е,-й, -ды, -ді, -ты, -ті, -ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -ар, -ер, -р, -у, т.б. жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.

ІІ. Көмекшілер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Көмекшілер- тілдің дамуында лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық мағынаға көшкен тілдік бірліктер. Олар алуан түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болып қалыптасқан. Оларға:

1)шылау ( және, да, дейін, -ақ);

2) көмекші есімдер (іші, сырты, асты, үсті);

3) көмекші етістіктер (еді, екен);

4) модаль сөздер (мүмкін, бәлкім, келсе деймін, кетеді білем);

5) күшейткіш көмекшілер (өте қалың, тым биік, ең жеңіл);

6) күшейткіш буындар (ұп-ұзын, қап-қара);    (Н.Оралбаева)

(Қазақ грамматикасы) Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы- нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағынасы- сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады. Грамматикалық мағына сайып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең (Абай) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық мағынасы және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: 1. туғанда лексикалық мағынасы- нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары- 1)жалпы қимылды білдіруі; 2)салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4)бір қимылдың мезгілін білдіруі; 2.дүние, лексикалық мағынасы- әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: 1)жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән; 3.есігін, лексикалық мағынасы- үйдің бір бөлігі болып табылатын есік нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2)екінші бір затқа тәуелді, соның бөлшегі болуы; 3)ол тәуелділік 3-жаққа да қатысты; 4) тура обьектіні білдіру; 4. Ашады, лексикалық мағынасы- ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: 1)жалпы қимылды білдіру; 2) ол қимылдың сабақты болуы; 3) ауыспалы осы шақ мәнін білдіру; 4) 3-жақтағы субъектінің қимылы; 5.өлең, лексикалық мағынасы- нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) ашу қимылының грамматикалық субъектісі болуы;

  Грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Грамматикалық мағына, ең алдымен, сөйлеу процесінде лексикалық мағынадан туындайтын, яғни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы сөздік ұғымның жалпылық абстрактылық сипатқа ие болуы арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы сөйлеу процесінен тыс грамматикалық мағына болмайды. Одан әрмен сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі арқылы да, түрлі грамматикалық формалар үстелуі арқылы да, дауыс ырғағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т.б. арқылы да грамматикалық мағына үстеле береді. Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолдарына байланысты және соған сай олардың грамматикалық немесе лексика-грамматикалық, қызметтік, т.б. сипаттары айқындалады.

  Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны  жалпы грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Жалпы граматикалық мағына грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы 1)сөздердің семантикалық жақындығы; 2) ортақтығы пайда болып, 3)грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нәтижесінде үлкен грамматикалық топтарынан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шығып отырады. Жалпы грамматикалық мағына сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады. Сөздерді топтастырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді. Тіліміздегі грамматикалық формаларға сөзге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, суплетивтік тәсіл жатады. Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау қажет.Категориялық грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі грамматикалық топтағы сөздердің түрлену жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясын құрауға негіз болады. Мысалы, тәуелділік немесе белгілі шақ тұлғалары (есімше, көсемше, қалып етістіктері,т.б.)арқылы беріліп, зат есімнің немесе етістіктің тәуелдік немесе шақ категориясын жасауға негіз болады. Сөйтіп, категориялық грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберін, мәнін айқындайды да, сөздерді таптастырудың морфологиялық принципіне негіз болады.

  Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация, т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет. ҚГМ сөздердің сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан, грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген ұғыммен байланыстылығын және грамматикалық категория деген ұғымының мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын категориялық мағына көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп кететінін қатыстық грамматикалық мағына көрсетіп, морфология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына жекелеген сөз топтарының семантикалық сипатын айқындайды.

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері.  Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі- семантикалық тәсіл. Ол- сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші- синтетикалық тәсіл. Синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің бірнеше жолы бар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі немесе бір тұлға арқылы бірнеше грамматикалық мағынаның берілуі;екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруі мен грамматикалық мағынаның берілуі; супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші- аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атауы алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған), негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.  

№24-Амалдың өту сипаты категориясы

(Қазақ грамматикасы).  Әдетте амал-әрекет ешқашан біркелкі орындалмайды. Қимыл-әрекеттің шапшаң не баяу, шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң, біркелкі немесе үздік-создық, т.б.түрлері кездеседі. Сондықтан тіліміздегі етістіктер өзінен-өзі тұрып мұндай мән-мағынаны бере алмайды. Ондай әрекет қозғалысты етістіктің грамматикалық формалары ғана аңғарта алады. Негізінен бұған аналитикалық формалар қызмет етеді. Себебі аналитикалық формалардың бойында амалдың жүзеге асуын сипаттайтын грамматикалық мағыналар болады. Мысалы, айт етістігі айта бастады, айта жөнелді, айта қойды, айта тұр, айта бер, айта қал дегенде түрлі форманттар жалғанып, айту амалының сан түрлі өту сипатын байқатып тұр.

(Н.Оралбаева).  Өмірде қимыл түрлі тәсілмен жасалады, тілде қимылдың түрліше жасалуы түрлі тәсілдер арқылы білдіріледі. Мысалы, Жалт қарап еді, есінен тана жаздады. Дегенмен, Нүрке шыдап бақты. Хадиша бұл сезімді мақұл көріп, жабыса кетті. Осы мысалдардағы етістіктердегі қимылдардың жасалуы біріне-бірі ұқсамайды, әрқайсысы әр түрлі жасалған. Мәселен, есінен тана жаздады дегенде, қимылдың жасалуға барып жасалмай қалғанын білдіреді, шыдап бақты дегенде қимылды жасауға бар ынтасын салғанын, өте тырысқанын білдірген, жабыса кетті дегенде қимылдың оңай, тез жасалғанын білдірген.

  Қимылдың жасалуындағы осындай алуан түрлі ерекшеліктерді дәлме-дәл көрсететін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория қимылдың,яғни амалдың өту сипаты категориясы деп аталады. Оның қалыптасқан көрсеткіштері бар. Қимылдың өту сипаты категориясы- көп мағыналы категория. Өйткені, қимылдың жасалу тәсілі әр түрлі, қимылдың жасалу тәсілі осы категорияның мазмұны болғандықтан, категория- көп мағыналы. Бір етістікпен категорияның бірнеше көрсеткішінің қолданылуы осы категорияның ерекшелігіне жатады.

  Қимылдың өту сипаты категориясы көп мағыналы болғандықтан, оның көрсеткіштері де көп, олар: 1) қосымшалар, яғни грамматикалық жұрнақтар; 2) аналитикалық форманттар;

І. Қимылдың өту сипаты категориясын жасайтын жұрнақтар:

1) –ла, -ле, -да, де, -та, -те жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қайталану мәнін қосады. Мысалы, бүркеле, сипала, үйкеле, т.б.

2) –қыла, -кіле, (-ғыла, -гіле) жұрнағы қимылдың қайталануын білдіреді. Мысалы: шапқыла, тепкіле, түрткіле,т.б.   

3) –мала, -меле жұрнағы да қимылдың қайталана созылуын білдіреді.: қазбала, бастырмала, итермеле, т.б.

4) –ғышта, -гіште: барғышта, бөлгіште, келгіште.

5) –ыңқыра, -іңкіре жұрнағы қимылдың жалғаса түсуін білдіреді: алыңқыра, сұраңқыра, созыңқыра,т.б.

6) –ымсыра, -імсіре жұрнағы қимылдың жетімсіз, әлсіз екенін білдіреді: жыламсыра, күлімсіре, өлімсіре,т.б.

7) –сы, -сі жұрнағы жасалынған қимылды жасалған боп көрінуді білдіреді: білгенсі, жазғансы, ұялғансып отыр,т.б.

  ІІ. Бұл категорияның ең көп көрсеткіші- аналитикалық форманттар. Қимылдың өту сипаты категориясы негізінен аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Мысалы, Сөйтіп жүрген күндердің бірінде Имақ Тоқпанов келе қалды. Мәкеш қолдарын қағып жіберді деген мысалдарда –а қал, -п жібер форманттары тез жасалған қимылды білдіреді.

  Қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы үлкен екі топқа бөлінеді: 1) қимылдың жасалу тәсілі; 2) қимылдың жасалу сатысы мағыналары.

  Қимылдың өту сипаты категориясының негізгі мағыналарының бірі- қимылдың қалай жасалғанын сипаттау. Қимылдың жасалу тәсілі 8 түрлі:

Қимылдың тездік тәсілі  (-а кет, -п кет, -п қоя берді, -п кеп түсті);

Созылыңқы қимыл тәсілі (-ла, -ле, -мала, -меле, -қыла, -кіле);

Жасандылық тәсілі (-ған бол- ұялған бол,білген бол);

Жетімсіз қимыл тәсілі (-а жазда, -а жаздап барып);

Қимылдың бағыт-мақсат тәсілі (айтып берді, көшіп алдым);

Қимылдың ынта тәсілі (шыдап бақты, тілеп бақты);

Қимылдың немқұрайды тәсілі (айта сал, бере сал, көре сал);

Қимылдың бейімділік тәсілі (ұйықтайын деп жатыр, ашылайын деп тұр);

Қимылдың даму сатысы деп оның басталуынан аяқталуына дейінгі қалып болып саналады. Үш сатысы бар. 1-сатысы –а баста, -а жөнел, -п сала бер, -п жүре бер, -п қоя бер аналитикалық форманттары арқылы жасалады. 2-сатысы –п келе жат, -п бара жат, -п келе, -п жат, -п тұр, -п жүр, -п отыр аналитикалық форманттары арқылы жасалады. 3-сатысы аяқталу кезеңін білдіреді: -п бол, -п шық, -й қой, -п қал аналитикалық форманттары арқылы жасалады.

№ 25-Шартты рай

1) А.Байтұрсынов:Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мыс: Берсең аларсың, ексең орарсың. Алуға – беру шарттығын, оруға – егу шарттығын «берсең, ексең» сөздері көрсетіп тұр. Жіктеу: І. Күрессем; ІІ. Күрессең; ІІІ. Күрессе.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындау мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-гр/қ категориялар тұлғаларына –са,-се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлғ болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Мыс: айтсам, айтсаң, айтса.

Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да,де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде де жұмсалады. Мыс: көзімді ашып қарасам, екі адам қарауытып тұр екен.

Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, армен, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнәнде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мыс: шіркін, биыл оқуға түссем!

Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етті, ма, ме сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтінішін, өкінішін, болжам, ниетін  т.б. білдіреді: бар-са-м екен, жолық-са еді.

Сондай-ақ –са,-се тұлғасына –шы,-ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, 2-жақта кейде –ң жіктік жалғауының орнына –й тұлғасы айтылады. Мен бар-са-м-шы. Сіздер бар-са-ңыздаршы. Мұндайда етістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді көрсетеді.

Шартты райлы ет-к игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді. Болжамды мәнді керек сөзімен тіркесіп білдіреді: айт-са керек.

3) А.Ысқақов бойынша:Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздерніе -са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалы етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйленің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Мыс: олар келсе, бәріміз киноға барамыз.

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Мыс: мен бар-са-м, сен бар-са-ң, ол бар-са. Шартты рай формасының дәйім жіктеліп жұмсалатынына 2 себеп бар:

1) «еді» көмекшісімен тіркестіріліп қолданылғанда да, шартты форма жақ қосымшасында тұрып жіктеледі. Мыс: барсам еді, айтсаң едің.

2) сабақтас құрмаластардың бағыныңқы сөйлемдерінің баяндауыш формаларының ішіндегі үнемі жіктеліп жұмсалатыны – тек осы шартты форма, өзге формалар жітелмейді.

Шартты рай формасының жіктелуі түріне –шы,-ші дәнекері тіркесіп жұмсала береді, бірақ бұл шартты форма шарт мәнінен айырылып, қапы қалу, опық жеу, өкіну тәрізді мәнді білдіреді: сен барсаңшы.

№26-Демеулік шылау

1) А.Байтұрсынов бойынша:Демеу дейміз – сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге демеу болатын сөздерді. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер, тіпті жоқтың қасы. Мәселен, сұрау демеу: ма, ме, ба, бе, да. Жай демеу: ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу орнына басқа сөздер жүреді. Басқа сөздер дегенде демеу орнына есімдік пен етістік екеуінің біте қайнаған сияқты қосылған түрлері әсіресе көп жүреді. Мыс: үйткені (олай еткені дегеннен қысқарған), сүйтіп (солай етіп). Бұлар толық күйінде де қолданылады: олай болса, неге десем. Демеу орнына «мен» (бен) жалғаулық та жүреді.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, оған әр түрлі гр-қ мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер бар. Мұндай көмекші сөздер шылау деп аталады. Шылау сөздердің толық мағынасы болмағанмен, атқаратын қызметіне тән гр-қ мағынасы болады. осымен байланысты шылаудың өзіндік ерекшеліктері бар:

Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды.

Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша әр түрлі гр-қ мағына, рең үстейді.

Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады.

Сөйлем ішінде синтаксиситік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.

Түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан айрылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.

Оның 3 түрі бар: жалғаулық, септеулік, демеулік.

Демеуліктер – өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі гр-қ мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальдық-экспрессивтік сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөдер.

Демеуліктердің білдіретін мағынасы сан алуан. Олар өзі қатысты сөздерге я сөйлемге сұраулық, шектік, нақтылық, күшейту, тежеу, болжалдық, күмән сияқты гр-қ мағыналар үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге үтейтін мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді:

Сұраулық демеуліктер көбіне баяндауыш құрамныда келіп, сұраулық мағына береді: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше.

Күшейткіш демеуліктері сөйлемге, айтылған ойға күшейту мәнін қосу үшін қолданылады: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да/де, та/те;

Шектеу (тежеу) демеуліктері тіркескен сөздеріне шек қойып тежеу мағынасын үстеу үшін қолданылады: ғана/қана, тек, ақ.

Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, -ау. Сөйлеушінің айтылған ойға күмәндануын, сенімсіздікті білдіреді. Сөйлемнің эомционалдық-экспрессивтік мәнін арттырады.

Болымсыздық, салыстыру және қарсы мәнді демеуліктерге түгіл, тұрсын, тұрмақ, ғұрлым сөздері жатады. Түгіл, тұрсын, тұрмақ болжалдық, қарсы қою мәнін білдіреді. Олар етістік, үстеу, есім сөздермен тіркеседі. Ал ғұрлым салыстыру мәнін білдіру үшін қолданылады.

Нақтылау мәнді демеуліктер: қой/ғой, ды/ді, ты/ті. Тіркескен сөздерге нақтылау мәнін үстейді.

Қомсыну мәнді демеулік: екеш. Бұл шылау тіркескен сөзіне қомсыну, менсінбеу мағынасын үстейді. Екеш шылауы негізінен есім сөздердерге тіркеседі: Түйе екеш түйе де егінді таптап беріп қойса керек.

3) А.Ысқақов бойынша:Демеуліктер деп өздері тіркескен сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағына) жамайтын сөздерді айтамыз. Лексика-грамматикалық жағынан 7 топқа бөлінеді: Сұраулық, Күшейткіш, нақтылық, шектік, болжалдық, болымсыздық, қомсыну.

4) Н.Оралбай бойынша:Демеулік шылаулар деп тіркескен сөзіне әр түрлі гр-қ мағына қостаын шылаудық түрі аталады. Демеулік шылау ерекшелігі:

Демеуліктердің дыбыстіқ құрамы өте шағын, көбі бір буынды, екі буынды дем-р өте аз.

Демеулік-ң қосымшаларының дыбыстық вариантары бар: да, де, та, те, қана, ғана.

Дефис арқылы жазылатын дем-р де бар: -ды, -ді, -ты, -ті, мыс, -міс.

Басқа шылауларға қарағанда демеу-р қолданыста мағыналық түрленіске бейім. Күшейткіш мәнді –ау демеулігі қолданыста таңдануды да білдіреді: ғажап-ау, ...

Демеу-ң дербес лексикалық сөзге тіркесуінде де өзіндік ерекшелігі бар. Олар негізінен түрлі сөз таптарына сөзтұлғасын таңдамай тіркесе береді: оқытушы да, сен де, жақсы да, бүгін ше, т.б.

Одағайлармен көп тіркеспейді: ойбай-ай, япырым-ау.

Түрлі сөйлем мүшесімен тіркесе береді. Демеуліктердің 8 мағыналық тобы бар:

Күшейткіш Сұраулық Шектеу: ғана/қана, -ақ.

Тежеу: тек шылауы ғана жаады. Мұнда тежеу мәні өте анаық және күшті.

Болжалдық  Нақтылау  Қомсыну  Болымсыздық

№27-Зат есімнің тәуелдік категориясы

1) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Сөздің тәуелденуі деп нақтылы бір заттың кімнің меншігі екенін білдіретін грамматикалық белгіні айтады. Тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі. Әрі оны иемденуші адам – мұны екеуі де қоса ұғынылады. Тәуелділік категориясы – өзге жүйедегі тілдерден (мәселен, орыс тілінен) түркі тілдерді типологиялық жағынан оқшаулап тұратын басты бір грамматикалық ен-таңбаның бірі. Көп тілдерде тәуелдік мағына түркі тілдеріндегі сияқты сөз ішінде болатын морфологиялық құбылу арқылы емес, ол сөзге бөгде сөздердің тіркесуі пайда болады. Демек, ондай тілдерде тәуелдік мағына тудыру үшін, әлбетте, екі сөз керек. Ал түркі тілдерінде белгілі қосымшалардан негізгі, яки туынды түбірге жалғаудың өзі-ақ мұндай мағынаны беру үшін жеткілікті. Мәселен, көйлек дегеннің өзімізбен бірге сөйлесіп отырған адамға тән бұйым екенін көрсетпек болсақ, оның атауышы зат есім көйлек сөзіне көйлегің деп –ің қосымшасын жалғаймыз. Сонда ешбір сырт сөздің жәрдемінсіз-ақ бұл сөздің бір өзінен көйлек дегеннің тыңдаушы жаққа меншікті нәрсе екені аңғарылатын болады. Мұның былай болуы түркі тілдеріндегі тәуелденіп тұрған сөз біреудің меншігі болып табылатын затты білдіреді де, оған жалғанатын тәуелдік жалғауы меншік иесін білдіреді. Тәуелденіп отырған көйлегің деген сөзде мағыналық тұрғыдан да, сол секілді құрылымдық тұрғыдан да бір-бірінен бөліп көрсетуге келетін екі элемент бар. Оның бірі – көйлек деген сөз арқылы көрініп тұрған меншіктелетін зат та, екіншісі –ің деген қосымша арылы көрінетін сол заттың иесі. Асылында, тәуелдік категориясын түзетін тіліміздегі басты белгінің өзі де осы сияқты екі бірдей мағынаның бір ғана сөздің бойына сыйысуы. Бұл категорияға зат пен оны иеленушінің арасындағы қарым-қатынасты көрсететін категория деп анықтама беру себебі де осы қасиетінен.

Сөзге тәуелдік мағына беретін арнаулы қосымшалар тәуелдік жалғауы деп аталады. Тәуелдік жалғауының әрқайсысы жіктеу есімдіктерімен мағыналық іліктестікте айтылып, грамматикалық үш жаққа тән болып келеді. Тіліміздегі тәуелдік жалғауларын фонетикалық жағынан екі топқа ажыратуға болады. Оның бірі – тәуелдіктің дауыссыз дыбыстан басталатаын нұсқасы да, екіншісі – дауысты дыбыстан басталатын нұсқасы. Мұның алғашқы тобы дауыстыға біткен сөздерге, соңғы тобы – аяғы дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жалғанады. Тәуелдік жалғаулар:

Дауыссыздан басталатын тобы:

1-жақ: -м, -мыз, -міз (балам, баламыз)

2-жақ: -ң, -ңыз, -ңіз (балаң, балаңыз)

3-жақ: -сы, -сі (баласы)

Дауысты дыбыстан басталатын тобы:

1-жақ: -ым, -ім, -ымыз, -іміз (үйім)

2-жақ: -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз (үйің, үйіңіз)

3-жақ: -ы, -і (үйі)

Тәуелдік жалғаулы сөз жекеше мағынада да, көпше мағынада да қолданыла береді. Бірақ тәуелдеулі сөздің жекешелік, көпшелік мәнінде болатын мына секілді ерекшелікті ескеру керек. Әдетте меншіктелетін заттың жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар да, меншік иесінің жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар. Мұның меншік иесінің көптігін білдіретін түрін ортақ тәуелдеу деп, меншік иесінің жалғыз екенін білдірітен түрін оңаша тәуелдеу деп атайды. Өйткені ортақ тәуелдеуде меншіктелетін зат әр уақыт бірнеше субъектінің ортақ меншігі ретінде ұғцнылады да, оңаша тәуелдеуде бір ғана субъектінің тек өзіне тән, дербес меншік ретінде ұғынылады. Мәселен, үйім деген сөздегі оңаша тәуелдеу жалғауының мағынасынан объектінің тек сөйлеуші адамның өзіне тән меншікті нәрсе екенін білсек, үйіміз дегендегі ортақ тәуелденуден осы объектіге сөйлеушімен қоса басқа адамдардың да иелік ететіні білінеді.

Көптік жалғауы тәуелдіктің оңаша түріне де, ортақ түріне де жалғана береді. Егер тәуелдеулі сөздің құрамындағы көптік жалғауынан меншік иесінің көптігі ұғынылмай, меншіктелетін заттың көптігі ұғынылатын болса, мұнымыз оңаша тәуелдеу болады. Ал, керісінше, бұл жердегі көптік жалғауы, меншіктелетін зат мейлі біреу, мейлі одан көп болсын, әйтеуір, меншік иесінің көп екендігін білдіретін болса, мұнымыз ортақ тәуелдеу болады. Бұл арасы қанша түсінікті болғанымен, дәл осындағы көптік мағынаның тәуелдеулі сөздің қай элементіне қатысты екенін ажыратудың өзіндік қиындығы да бар. Мыс: балалары жігіт болды ма? Деген сұрауды бірнеше бала туралы бір адамға да, бірнеше адамға да қоюға болады. Сол тәрізді балалары жігіт болып па? Дегендегі көптік мағынаның балаға қаысты екені, яғни оның ата-анасына қатысты екені тосыннан тыңдап тұрған адам үшін айқын емес. Біз оның балалары, олпардың балалары деп те айта ламыз, ендеше тәуелденудің қай түрі екенін анықтау үшін контекстке назар аударуымыз керек.

2) А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша:Әдетте, иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу каегориясы деп аталады.Тәуелдік жалғау – негізінен зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді дегендеге үлкені сөзі – субстантивтеніп, әрі тәуелденіп тұр.

Тәуелдік жалғау көптік жалғауынан кейін жалғанады: кітаптарым, үтіктері.

Тәу-к жалғау септік, жіктік жалғауларынан бұрын жалғанады: әкемнің, әкемнен.

Тәу-к жалғау қосымша эмоциялық-экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мыс: айым, жаным, құлыным, сәулем. Бұл көбіне 3-жаққа тән. Ал 1-,2-жақтағы тәу-к жалғаулар қолданылу ерекшелігіне қарай үлкен тұтып құрметтеу не мысқалдау, қомсыну мәнінде де жұмсалады. Мыс: жаман ағаң, қыдырымпаз апаң.

Тәу-к жалғ-ң ең көп қолданылатыны – 3-жақ тұлғасы, себебі оның сөзінің орнына кез келген сөзді қойып, айтуымызға болады. Мыс: Арманның кітабы, қаланың көшелері.

3) Н.Оралбай бойынша: Зат есімнің тәуелдік категориясы – түркі тілдерінің, оныі ішінде қазақ тілі грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігі. Меншіктілік, тәуелділік мағына барлық тілдерде бар болғанымен, ол мағынаның грамматикалық категория, оның грамматикалық көрсеткіші арқылы берілуі тілдердің бәріне қатысты емес, славян, орыс тілдерінде бұл категория жоқ. Қазақ тілінде меншіктілік, тәуелділік мағынаны білдіретін гр-қ категория бар. Ол – тәуелділік категориясы. Тәуелділік категория деп бір я көп заттың екінші бір затқа меншікті екенін білдіретін катеогрия аталады. Мыс: менің үйім. Бұл гр-қ сөзтұлға тәу-к категориясының гр-қ көрсеткіштері арқылы жасалған. Өйткені тәу-к категориясының меншіктілік мағынасын осы категорияның тәуелдік жалғаулары, меншікті заттың иесін ілік септік білдіреді. Иелік мәнді білдіретін іліс септік жалғ сөз тіркесінің 1-ші сыңарына жалғанады (менің, сенің, оның), ал меншіктілік мәнді білідіретін тәу-к жалғ сөз тіркесінің 2-ші мүшесіне жалғанады (ыдысым, көлігім). Мұнда ілік септік, тәу-к жалғ нөлдік тұлғада да қолданылады. Мыс. Біздің ауыл, өмір кемесі.

Тәу-к жалғ-ң барлығы меншіктілік мағынаны білдірмейді, мысалы: көздің жасы, ағаштың жапырағы, өмір кемесі, қазақ мектебі сияқты қолданыстарда тәу-к жалғауы меншіктілік мағынаны білдіреді деп айтуға келмейді. Мұнда ілік және тәу-к жалғ-ы бар, меншіктілік мағынаға да келеді, бірақ олай емес. Яғни, тәу-к жалғ-ң қолданыста өз мағынасынан алыстап, қатыстық мағынаға да ие болғаны анықталады. Бұл – әрине, кейін қалыптасқан мағына.

Тіл дамуы тілдік көрсеткіштрге әр түрлі мағына қосып, кейде гр-қ көрсеткіштер өз қызметінен толық айырылып қалуы да тілде бар құбылыс. Мысалы, шырағым, қалқам, айым, жаным, дұрысы, тәйірі сияқты сөздердің құрамындағы тәу-к жалғаулары өз мағынасынан айырылып, түбірдің құрамына кірігіп, біртұтас сөзге көшкен. Оларды атауыш сөз деп атап жүр. Бұл сөздер ілік септік жалғаулы сөзбен тіркеспейді. Тіл дамуы барысында бұл сөздердің құрасындағы тәу-к жалғаулары өз мағынасынан, қызметінен айырылған.

Тәу-к мағынаның келесі берілу жолы, меншіктілік мағына –нікі, -дікі, -тікі жұрнағы арқылы беріледі. Мыс: Көз жасымды көретін, көз болса бір – сенікі. Мұнда: көз сенікі.

Меншіктілік мағынаның берілу жолдары 1) жалғау арқылы; 2) жұрнақ арқылы берілуі арасында үлкен айырмашылық бар.

Меншіктілік мағына тәу-к жалғау арқылы берілгенде, жалғау жалғанған сөз заттың кімге меншікті екенін және меншікті заттың не екенін білдіреді. Түркологтар тәк-к жалғауы арқылы берліген меншіліктілікті деректі меншіліктілік деп атайды.

Тәу-к мағынаның жұрнақ арқылы берілуінде жұрнақ жалғанған сөз меншікті заттың иесін ғана білдіреді. Мысалы, менікі, әкемдікі дегенде 1-жаққа, Сәулеге, әкеме бірдеңенің меншікті екенін, олардағы иелік мән білдіріледі, бірақ не меншікті екені белгісіз қалады. Ал, бұл сөздерді меншікті затпен тіркесте алғанда ғана мағына нақтыланады: көйлек Сәуленікі, бөрік әкемдікі. Меншіктілік мағына жұрнақ арқылы беріліп, ал меншіктілік мағынаға қатысты сөздер сөз тіркестерінде қолданылғанда ғана, меншіктілік мән нақтылы көрінеді. Осымен байланысты түркологтар меншіктілік мағынаның жұрнақпен берілуін дерексіз меншіктілік деп атайды.

Қазіргі әдеби тілде меншіктілік мағына екі жолмен беріліп, екеуі де белсенді қолданылады. Ал сөйлеу тілінде мменшіктілік мағынаның тәу-к жалғау арқылы берілуі белсенді қызмет атқарады, ал жұрнақ арқылы берілуі бәсең екенін көреміз.

Оңаша тәуелдену дегеніміз – бір не көп заттың бір адамға меншіктілігін білдіреді. Мыс: менің кітабым, кітаптарым. Ал ортақ тәуелденуде бір я бірнеше зат бірнеше затқа я

адамға меншіктілігі білдіріледі. Мыс: біздің баламыз (балаларымыз).

4) А.Байтұрсынов бойынша: Зат есімде екі қалып бар: 1) жай қалып нәрсенің битарап күйіндегі есімнің түрі, мәселен, жекеше: ата, дене, белбеу, үй. Көпше: аталар, денелер, үйлер.

2) тәуелді қалып – бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі. Тәуелдік 2 түрлі: оңаша және ортақ.

Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәу-к бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалыпта 3 жақ бар: 1-мендік, 2-сендік, 3-бөгделік. Мыс: мендік үйім, сендік үйің, бөгделік үйі. Ал ортақ тәу-кте біздік атамыз, сіздік атаңыз, бөгделік атасы.

№28-Бұйрық рай (мағынасы, жасалуы, жіктелуі).

1) А.Байтұрсынов бойынша: Етістікте 14 рай бар:

-тұйық рай            - билік рай         -ашық рай          -шартты рай

-ереуіл рай            - реніш рай        -қалау рай          -сенімді рай

-сенімсіз рай         - мұң рай           -көніс рай           -қайрау рай

-азалы рай             -теріс рай

А.Б. топтастырыуында бұйрық рай жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық рай формасына мына рай түрлерін ұқсастырып қарауға болады:

Билік рай дейміз – істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз үрін. Әр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік рай түрінде жіктеп айтып көрейік. Мыс:

1-жақ: Жазайын, жазбайық

2-жақ: жазба, жазбаңдар

3-жақ:жазсын, жазбасын.

Қайрау рай дейміз – істі істеуге я істемеуге қайрай сөйлегендегі сөз түрін. Мыс: барайыншы, бармайыншы, баршы, барсыншы.

Азалы рай дейміз – қайрау райдың азамен айтлатын түрі. Мыс: жүрсейші, қалсайшы, барсайшы.

Реніш рай – істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: 1-жақ: жазсамшы, жыласамшы; 2-жақ: жазсаңшы, 3-жақ: жазсайшы.

2)  «Қазақ грамматикасы» бойынша: Сөйлеушінің қимыл, іс-әекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің гр-қ категориясы рай категориясы деп аталады. Етістік райының 4 түрі бар: ашық, бұйрық, шартты, қалау.

Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды. Ғылым таппай мақтанба. Енді сен жүре бер.

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Мыс: бұлбұл құс әнге салсын. Алма өссін, бұршақ жарсын.

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Мыс: Сөйле десең, сөйлейін, сөз келгенде... Алдымда толған мақсат, алайын, мынасын ба, анасын ба?

Сөз жоқ, бұйрықтық мағынаны білдіруде 2-жақ пен 1- және 3-жақтардың арасында айырмашылық бар екені көрінеді.

Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3-жақта және жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

І. Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айық, кел-ейік.

ІІ. Сен бар, кел. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер.

ІІ. Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер.

ІІІ.Ол бар-сын, кел-сін. Олар бар-сын, кел-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың  1-жағында жекеше –айын, -ейін, -йын, -йін, көпше –айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымша жоқ, бірақ бұл етістіктің тұлғасы емес, нольдік форма, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі – гр-қ тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түрінде ертеде –ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың 2-жақ сыпайы түріндегі және 2-жақ көпше түрінің құрамындағы –ың, -ің, -ң қосымшасы (ал-ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ақ бұйрық рай формасының үш жағына да –шы,-ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі

орындау туралы өзіне, тыңдаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді: айтайын-шы, айт-шы, айтыңыз-шы, айтсын-шы. Сөздердің мағынасы айтылу сазына, интонацияға да байланысты.

3) А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, гр-қ тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік (рай) категория деп аталады. Бұл қатынас ақиқатқа орай, оған сай келетін нағыз шындықты да (жүзеге асуға боларлықтай, орындаларлықтай), реальді құбылысты да білдіре алады. Модальділік категориясының етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдердің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Райдың 4 түрі бар.

Етістіктің бұйрық рай (императив) деп аталып жүрген түрінің модальдық мағыналары – семантика жағынан да қарымы кең формалар. Бұл рай іске қосу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру, тілек айту, өтініш ету, жалыну, бұйыру тәрізді қыруар көп модальдік мағыналарды білдіреді. Демек, бұл рай сөйлеушінің белгелі бір істі жасау, жүргізу, тындыру туралы көңіл қошынан туған талабын, тілегін білдіреді. Қозғпу салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, көп тыңдаушыға да, үш жақтың бәріне де арналады және етістіктің жалаң я күрделі түрлері арқылы да айтыла береді. Мыс: мен барайын, сен бар, ол бара салсын.

Модальдік мағыналарды білдіруге лексикалық тәсіл де, гр-қ тәсіл де, интонация да қатысады. Бұйрық райға телініп, оның формасы ретінде қаралып жүрген гр-қ тәсіл және оның көрсеткіштері, әдетте, сөйлеушінің тыңдаушыға белгілі бір амалды, істі істеу я жүзеге асыру қажет екенін меңзеген шешім білдіретіндіктен, осы ұйғарымның модальдік мағыналары, жоғарыда айтылғандай, әр түрлі болады. Ол модальдік мағыналардың біреулері әрқашан амалды істеу үшін біреуге ықпал жасау ниетін аңғартады да, ол субъектіні іске иемдеп, көндіру үшін қолданылады. Бұлар әрине бұйрық ретінде айтылады. Кей мағыналар тілек ретінде айтылады. Интонация арқылы бұйрық, өтініш мағынасын ажыратамыз.

1-жақтағы мен бар-айын, біз бар-айық, баралық формаларында бұйырудан гөрі істі өз мойнына алғаны, істі атқаруға өз ынтасы бары аңғарылады. 2-жақ формалары нағыз бұйыру мәнімен қатар, тілек, өтініш, кеңес, ұсыныс тәрізді модальдік мағыналарды да білдіреді. Бірақ бұл мағыналардың да қилы-қилы реңктері контекске, интонацияға қарай анықталып, эмоциямен, экспрессиямен ұштасып жатады.Ал –сын/-сін формасы (3-жақ қосымшасы) бұйрық мәнін білдіріп, амалды жүззеге асыруға қозғау салу реңкін білдіреді. Бірақ бұл форма арқылы білдірілетін бұйрық 3-жаққа қаратылғандықтан, ол оптатив (тілек, өтініш) мәнінде жұмсалады.

Бұйрық формасына –шы/-ші модальдік шылауы тіркессе, ол форма бұйрық мәнінен айырылып, сұрану (1-жақ), жалыну (2-жақ), өтіну (3-жақ) мағынасын білдіреді. Мыс: мен барайыншы, сен барсаңшы, ол барсыншы.

Түбір етістік пен бұйрық рай 2-жаққа қаратылған формасы екеуі бірдей деген пікірлер бар, алайда бұл қате. Себебі етістік қимылдың мағынасын білдіреді, ал бұйрық рай формасындағы етістік бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: оқы – етістік, қимыл мағынасы. Сен оқы – бұйыру мағынасы. Етістік қимылдың тек өзін  білдіреді, қимыл мағынасын береді: жаз, сал, бар. Ал қимыл процесінің атаулары – жазу, салу, бару.

Н.Оралбай: «Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген. Сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке бұйрық рай формалары жалғану керек», - десе, Ә.Төлеуов: «Етістіктің түбірі 2-жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымша қосылу арқылы жасалады, яғни етістіктің морфологиялық категориясы бұйрық райдан бөлініп жатады», - дейді. Етістік түбірі мен бұйрық рай ұғымдарын деп қарастыруыдң еш реті жоқ. Бұл тұрғыда С.Исаев:

1) Екеуін бір түрде атау керек, егер бір категория болса;

2) бұйрықтық, жақтық мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір гр-қ категориясының (рай) бірі бола алмас еді;

3) етістіктің түбірін білдіретін мағына барлық етістік тұлғаларында сақталады, ал бұйрық мағыналы етістіктің белгілі бір сөздермен гр-қ байланысы нәтижесінде көрінеді.

Бұдан шығатын қорытынды: етістік түбірі мен бұйрық рай әр түрлі. Етістік барлық гр-қ тұлғалармен түрленіп, өз формасын сақтайды (кел-ді, кел-ме, кел-е-ді, кел-мек, кел-етін), ал бұйрық рай арнайы гр-қ формалар арқылы өз формасын сақтайды (кел-ейін, кел-іңіз, кел-сін).

№29 -      Өзгелік және ортақ етіс жасалуы.

Қазақ грамматикасы Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекетітің тікелей  субектінің өзі арқылы емес, екінші бір субекті белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының  түрі болып табылады. Демек, өзгілік етісте қимылды әрекетті іске асырушы субекті бір емес екеу болады: бірі – іс- әрекетті қимылды орындатушы иесі сөйлемде ол грамматилкалық бастауыш  қызметінде болады яғни бұл логикалық субекті болады ,екіншісі, іс –әрекетті қимылды  орындаушы субекті. Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе, барыс септік  т ұлғасында тұрып, өз сөз сөйлемде  жанама толықтауыш қызметін  атқарады. Бұл –бір. Екіншіден, өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасалады, сабақты етістіктен жасалады, сабақты етістікке  өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс –әрекет, қимылды тікелей атқарушы  барыс септіктегі  екінші субект қана пайда болады, баяндауыш сабақты етістікті  сөйлемде іс –әрекеттерді  орындатушы субект пен обект өзгелік етіс  қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде  бар болатын. Мысалы:өнер білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.(Алтынсарин)  деген сөйлемде  сал деген сабақты етістіктен  -ғыз қосымшасы  арқылы өзгелік етіс жасалған. Салу сабақты етістігінің  тура обектісі, сарай(ды)   және салу әрекетінің иесі, іске асырушы субектісі ( өнер- білім бар жұрттар). Салт  етістіктің  субектісі қызметіндегі  жанды заттар мәніндегі сөздер, салт етістікке  өзгелік етіс жұрнағы  жалғанғаннан, тура обектіге айналумен бірге екінші субекті –агенс мәнін  де  жұмсалатын сиякты көрінеді. Мысалы,  ол баланы ойнатты (бала ойнады),  жолаушы атын отатты (аты оттады) деген тәрізді  мысалдар ойнату оттату  қимылын іске асырудың  бұл сөйлемдердегі  тура обектісі, ал салт етістік мәнінді (өзгілік етіс  қосымшасы)  қолданылған түріндегі субектіні ( бала, ат) екінші субекті- агенс  мәнін де білдіретін  сияқты, яғни ойнайтын  - бала, оттайтын – ат қой.

Өзгілік етіс қосымшалары : 1. – ғыз, - гіз, - қыз, -кіз, 2.  –дыр, дір, - тыр, - тір; кей жағдайда қосымшаның  алдыңғы д, т дыбыстары түсіп қалып , -ыр, - ір, -р  тұлғалары да кездеседі: ас-ыр-у- ас –тыр-у, өс-ір-у-өс-тір-ту, Абайда: Адам баласын заман өсіреді; піс-ір-у-піс-тір-ту;

жоғары да көрсетілгендей , өзгелік етіс қосымшасы бір түбірге бірінің үстіне бірі жалғана береді: айту – айтқызу, келу- келтіру- келтірткізіу т.б.

ортақ етіс  - қимыл ,  іс- әректінің бір емес, бірнеше субекті арқылы іске асатынын білдіріп, - ыс, -іс, - с қосымшасы арқылы жасалады.  Біріншеден, ортақ етісті қимыл, іс – әрекетттің  субектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес те болуы мүмкін (субект көптік тұлғадығы  бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар, немесе біреуі грамматикалық жанама обекті болуы мүмкін т.б. екіншіден, о-ты, ол бізге ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етіскке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс- ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр-ыс- ты, ол бізге үй салысты т.б.  сөйтіп, ортақ етіс мағынасы мен қосымшасы етістің басқа түрлерінен сабақтылық – салттылық сипатқа бейтарап болуы негізінде де ерекшеленді. Ортақ етістоің тағы бір ерекшелігі – қимыл атауын білдіруге бейім тұрадв да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда  болуымен зат есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс т.б. ортақ етіс пен өзгелік етістің семантикасында мынандай бір ұқсастық бар: екеуі де қимылдың, іс – әрекеттің бір субекті арқылы орындалатынын білдіреді, бірақ өзгелік еіс тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субект – агенс міндетті түрде болады да, ол – қимыл, іс – әрекетті тікелей орындаушы, ал ортақ етісте бұлар жоқ.

Сондай- ақ етіс қосымшалары бірінің үстінде екіншісі де жалғана береді. Оның тәртібі: 1. Өздік етіс + өзгелік етіс: жу-ын- дыр, ки – ін – дір т.б.

(Н.Оралбай) Тілдегі сабақты етістікті бір ғана өзгелік етіс жасайды, бірақ сабақты етістікті жасау – ең өнімді, ең жиі қолданатын тәсіл. Оған тілімізде өзгелік етіс жасайтын жұрнақтардың молдыға да әсер етеді. Өзгелік етіс қимыл іс- әрекетті сөйлеуші, бөгде біреуге жасату арқылы басқа біреудің қимыл әрекетін білдіретін сабақты етістік жасайды. Мысалы, оны келтір, жұмысты жасат, үйді салдыр, қымызды ішкіз, баланы қуант, шайды қайнат т.б. өзгелік етіс мына жұрнақтар арқылы жасалады:

–т өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы, санат, сұрат,қуант,ойлат,сайрат т.б.

–дыр , -дір, -тыр, -тір өте өнімді жиі қолданылатын  жұрнақ. Мысалы қондыр, жаздыр, кептір,сендір т.б.

–қыз, -гіз, -кіз, - гіз өнімді жұрнақ. Мысалы, айқыз,жатқыз,алғыз, жазғыз т.б.

–ыр, -ір, - дар –өнімсіз жұрнақтар. Мысалы асыр, кетір, өшір, түсір, пісір, қашыр, аудар.

Ортақ етіс  қимыл   іс- әрекетінің  бірнеше  субектіге  ортақ екенін блдіреді. Ортақ етіс жасайтын жұрнақтар: 1. –ыс, -іс, -с.  Онымен  айтыс, күрес, сынас, матас, егес, жұғыс  аударыс ,салт т.б. ортақ етіс салт, сабақты етістерден жасала береді, бірақ салт, сабақтылық  мәнді өзгертпейді.

(А.Ысқақов) Ортақ етіс – с ( -ыс, -іс ) жұрнағы арқылы негізі етіс формасының етістік негізнен жасалады. Бұл  жұрнақ  негізі етістікке амалды кемі екі де я онан да аса субекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін  мән үстейді, демек, бірнеше субектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс т.б.

Өзгелік етіс – т; - тыр, - тір, дыр, - дір; - қыз т.б. жұрнақтары арқылы және сол жұрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негізі етіс формасынан жасалады. Бұл жұрнақтар етістік негізінің мағынасы амалды басқа бір бөгде  адам  арқылы істелуін білдіретіндей мән үстейді. Әр жұрнақтың жалғану нұсқалары мынадай:

– т  жұрнағы көбінесе дауысты я сонор  дыбысқа  біткен етістік негіздерінде жалғанады. Мысалы: ал- дыр, біл- дір, айт- тыр, кел- тір, кеп- тір, жап- тыр, көн-дір, жақ-тыр, қыз-дыр, без-дір.

– тыр тір, - дыр, - дір жұрнағы көбінесе қатаң я сонор дыбысқа біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал- дыр, біл- дір, айт- тыр, кел-тір, көн- дір,жақ- тыр т.б.

–т, - тыр, -ғыз жұрнақтарының бірінен соң бірі қабаттасып  келеді де, әрқайсысы  өзінше  тиісті үстеме мағына жамайды. Мысалы: қал-ғыз, бер- гіз, аш- қыз,іш-кіз, жап- қыз, сеп- кіз, біл- гіз т.б.

– қыз, - кіз, - ғыз, гіз жұрнағы дауыссыз дыбысқа біткен етістік негіздеріне жлғанады. Мысалы: іш-кіз,  біл –гіз, сеп- кіз, қой- ғыз т.б.

А.Байтұрсынов.Өзгелік  етіс- біреудің ісіне себепкер  болуды, мәселен : атты жүрдгізді,  қойды жүргізді, түйені тұрғызды, дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенінің тұруына себепкер болғанды көрсетеді. Олар өздігінен істесе  ат жүрді, қой көрді, түйе  тұрды болар еді. Ортақ етіс- іс жеке ңстелмесе, мәселен: бала жарысты, жау соғысты, балуан күресті.  Бала

жалғыз жарысуға  болмайды,  біреумен жарысады; жау өзімен өзісоғыспайды, біпеумен соғысады. Осындай жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін сөздері  Ортақ етіс дейміз.

№30 Жалғаулық шылаулар

(Қазақ грамматикасы) Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар –лексикалық мағынасы жоқ, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді р түрлі ыңғайда  мағыналық қатынаста салластыра байланыстыратын сөздер. Мысалы :  наданның түсінгені көп пен дүрмек.  Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй. Әй , ол  жеңер сені, себебі келешек онікі ғой.

1 .ыңғайластық  жалғаулықтар:  мен, бен, пен, да ,де, та, те, әрі, және.

2 .қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенменен, сонда да, әйткенмен.

3.  талғаулықты жалғаулықтар:әлде, біресе, не, немесе, болмаса, яки, кейде

4. себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең

5. себеп- салдарлық  жалғаулықтар:сондықтан ,сол себепті, себебі, өйткені.

6. шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.

Ынғайластық жалғаулықтар

Жалғаулықтың бұл тобына  мен, бен, пен, және, да, де, та, те, әрі шылаудары жатады.  Ынғайласытқ жалғаулықтар бірыңғай  салаласа байланысатын  сөйлем мен тең дәрежедегі сөздер,  сөз тіркестерін байланыстырып, ыңғайластық қатынастында блдіреді.

Қарсылықты жалғаулықтар

Қарсылық мәнді жалғаулықтарға  бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен,  сөйтсе де,  дегенмен шылаулары  жатады. Қарсылықты жалғаулықтар салаласа байланысатын  сөйлемдер арасындағы  қарсылық мәнді  білдіру үшін қолданылады.

Қарсылықты мағынаны білдіретін  алайда, әйтседе, онда да, шылаулары  тілде бірақ  шылауынан сирегірек кездеседі. Бұлар  тек құрмалас сөйлем құрамында ғана қолданылады, олардың да өзіндік сипаты бар.

Талғау мәнді жалғаулықтар

Жалғаулықтың талғау мәнді білдіретін түрлеріне мына шылаулар жатады: біресе,  болмаса, әлде, не, немесе, я, яки, мейлі, бір. Біресе, бір жалғаулықтары  іс –әрекетінің  кезекпен  бірінен соң бірі қайталанып отыратын білдіру  үшін қолданылады.  Мысалы:  біресе Ақжелкеге, біресе  тілмашқа кезек- кезек, жалтақ –жалтақ қарайды.

Бір шылауы етістіктердің  тікелей алдында  келіп қолданылады.  Мысалы: қосқа бір кірдім, бір шықтым.

Себеп мәнді жалғаулықтар.Себептік қатынасты білдіретін  жалғаулықтарға  өйткені, себебі шылаулары жатады.  Бұл шылаулар  салалас құрмаластың  жай  сөйлемдерін байланыстырып, соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемдегі іс- әрекеттін себеін білдіреді.  Мысалы: Ешкім үндемейді, өйткені  бұндағы кісілердің  бәрі де қарт  әйелдің даусын білетін. Бұл мысалдағы өйткені  шылауы алдыңғы сөйлемдегі  болған іс- әрекет ,жай – күйдің  болу себебін  көрсету үшін қолданылып тұр.

Салдар мәнді жалғаулықтар. Салдар мәндә жалғаулықтар  сондықтан, сол себепті жалғаулықтары жатады. Олар құрмаластың  жай сөйлемдердің  арасында қолданылып, соғғы сөйлем құрамына енеді. Бұлар болған іс- әрекеттің  нәтежиесін, салдарын  білдіру үшін қолданылады. Оңай алдаймын дейтін, сондықтан оңай алданатын анайы мінезедрі жоқ емес.

Шартты мәнді жалғаулықтар.Сөйлемде арасында шарттық қатынасты білдіруге  егер, онда шылаулары қызмет  етеді. Шарттық жалғаулық   егер құрмалас сөйлемнің   бағыныңқы сыңарынын басында қолданылады да, онда басыңқы сыңардың бас позициясында тұрады. Сонау бақша ішінен  табылармын , егер мені іздесең көңіліне алып. Сонымен бірге  егер, онда шылаулары болмаса да, баяндауышты –са, -се шартты рай жұрнағы арқылы жасалған сөйлемде шарттық қатынасы бұзылмайды.

( Н.Оралбай ) Жалғаулық шылаулар:

1 ыңғайластық 2 талғаулы  3 қарсылық 4себептік 5 салдарлық 6 шартты деп бөледі.

Жалғаулық шылаулар- бірыңғай мүшелердің немесе құрмалас сөйлемдердің құрамындағы  жай сөйлемдердің  араларын байланыстыру үшін қолданылатын шылаулар.

( А.Ысқақов) Жеке  сөздер мен сөйлемдерді  байланыстыру  қабілеті  жағынан, олар : салаластырғыш, сабақтастырғыш деп екіге бөледі. Салаластырғыш жалғаулықтарға:

1 ыңғайластық 2 талғаулы

Сабақтастырғыш жалғаулықтарға:

1 қарсылықты  2 себептік  3 салдарлық 4шарттық 5. айқындағыш – яғни, демек шылаулары жатады.  Олар я жеке сөздерді, я жеке сөйлемдерді  бір- бірімен жалғастырады да , алдыңғы сөз арқылы айтылатын  ойды кейінгі сөз  я сөз тіркесі  я сөйлем арқылы баяндауға болады.мысалы: диссертацияны ұнатқан екенбіз, демек,  біз де бірдеңе ойлаған болармыз

6. ұштастырғыш- ал ендеше, олай  болса шылаулары жатады.  Мұндай жалғаулықтар  мағына жағынан  біріне –бірі  орай қолданылатын екі жай сөйлемді ұшастырып байланыстыру үшін жұмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екенінші  сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер ретінде қызмет етеді.  Мысалы:Ендеше бәрімізде әжемнің төрелігіне тоқтайық

(А.Байтұрсынов) Жалғаулықтар – жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты басқа сөздерінің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайтын сөздерді. Жалғаулық  сөздер өзара  тілінде аз. Болғаны  мынау-ақ : менен ,бенен, мен, ұшін, шейін, дейін, таман, сайын, арқылы, туралы.

Көбінесе жалғаулықтар  орнына  басқа  сөздер жүреді. Мәселен : әрі, бері, соң,  бойы, бойын, бөтен, басқа, қасына, жанына, маңайына, т.б.

№31- Жіктеу, сілтеу есімдіктері, септелу ерекшеліктері

1) А.Байтұрсынов: Есімдік дегеніміз есімдердің яғни, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер. Есімдік 5-ке бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, жалпылау, танықтық.

Жіктеу есімдігі дегеніміз сөйлеген кезде сөйлеушінің, тыңдаушының һәм бөгдедегілердің жігін ашатын сөздер. Сондықтан жіктеу есімдігі 3 жақты болады: 1) сөйлеуші үшін «мен» дейді, бұл бірінші жақ. 2.Тыңдаушыға сөйлеуші «сен» дейді,бұл екінші жақ. 3.Сөйлеуші өзі мен тыңдаушыдан басқаны «ол» дейді,бұл үшінші жақ.

Сыпайылап сөйлегенде сөйлеуші өзін «мен» деудің орнына «біз» дейді,бөгде кісіні «ол» деудің орнына «о кісі» (ол кісі) дейді.Сондықтан «біз» бірінші жақ болады, «сіз» екінші жақ болады, «о кісі» үшінші жақ болады.

Жіктеу есімдігінің жалғыз ғана жалғаулары емес,өзі де азырақ өзгеріңкірейді.

Жіктеу есімдігі*(негізі жалпылау есімдігі деп түсінген жөн) дегеніміз –нәрсенің жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер. Мәселен, бәрі, барша. «Һәр» деген сөз өзі жіктеу һәм басқа сөздерге де қосылып, жіктеу есімдігінің орнына жүреді. Мәселен, һәр кім, һәр қайсысы, һәр бір. Жіктеу есімдігі нәрсенің жігін бөлетін себебінен тәуелдік қосымшаларымен айтылады. Мысалы: өз сөзінің септелуі: Өзім, Өзімнің, Өзімде, Өзімді, Өзімде, өзімнен.

Сілтеу есімдігі дегенімізол нәрсені көрсеткенде айтылатын сөздер.Мәселен,жақын нәрсені көрсеткенде: осы,бұл,мынау дейміз,алыс нәрсені көрсеткенде:сол,анау дейміз.Осы,бұл,мынау,сол,анау деген сөздер сілтеу есімдігі болады.Сілтеу есімдігінің де жалғыз жалғаулары ғана өзгеріліп қоймайды,өздері де өзгеріңкірейді.

Септелу ерекшеліктері:(жіктеу есімдігінің)

«Мен» деген сөз: Сен                                Ол

Атау кім? Мен ,біз                         сен,сендер                  ол,олар

Ілік кімнің? Менің,біздің              сенің,сендердің         оның,олардың

Барыс кімге? Маған,бізге              саған,сендерге           оған,оларға

Табыс кімді? Мені,бізді                 сені,сендерді              оны,оларды

Жатыс кімде? Менде,бізде            сенде,сендерде          онда,оларда

Шығыс кімнен? Менен,бізден      сенен,сендерден       онан,олардан

Септелу ерекшеліктері:(сілтеу есімдігінің)

              Осы                              бұл                                    мынау

Атау   осы,осылар                   бұл,бұлар                         мынау,мыналар

Ілік  осының,осылардың        бұның,бұлардың       мынаның,мыналардың

Барыс осыған,осыларға         бұған,бұларға             мынаған,мыналарға

Табыс  осыны,осыларды        бұны,бұларды            мынаны,мыналарды

Жатыс осында,осыларда        мұнда,бұларда            мынада,мыналарда

Шығыс  осынан,осылардан    бұнан,бұлардан         мынадан,мыналардан

2) «Қазақ грамматикасы»: Есімдік7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.

Жіктеу есімддіктері әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер болып саналады.  Сол себепті олар үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсетуімен бірге әрқашан сөйлеушімен тығы байланыста қолданылады. Сондықтан олар өзгелерге (тыңдаушы мен бөгде кісіге) сөйлеушінің қатынасы қай дәрежеде болатынына сай жұмсалып, соған лайықты белгіленіп отырылады. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар сөздері жатады.

Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Мен, сен, ол сөздерінің бірах өхіндік ерекшеліктерімен септелуінде ерекшліктер бар:

н дыбысының қазақ тіліндегі ілік, барыс, табыс, шығыс септік жалғауларында түсіп қалуы. Менен,сенен,онан; менің, сенің, оның. Негізгі нұсақалары түркі тілдерінде менден, сенден, ондан, мәндән, сәндән, ондан.

Барыс септігіндегі н дыбысының пайда болуы. Барыс септік жалғауының түрлері мен даму жүйесі жайлы көптеген пікірлер кездеседі. Бұл пікірлерді жүйелей келгенде, негізінде 3 салаға топтауға болады:

барыс септ жалғауы басында –ғару болған да, кейін –ғар формасынан түсіп, одан –ған түріне ауысады. Сонда ғару – ғар – ған болып қалыптасқан.

Барыс септік жалғауының соңғы н дыбысын ингредиент деп тану. Бұл негізінде оғар – оға – оған дегенге тура келеді.

Шалғай метотезис арқылы н және ғ дыбыстарының орын алмасуы, яғни онға – оған болып қалыптасқан.

3. Көмектес септігінде ы, і дыбыстарының пайда болуы. Бұл көмектес септігінің тұлғалық құрмаы ме-ні-мен деген сияқты жеке бөлшектерден тұрады. Сонда ме деген түбір морфема да, -ні деген бір кездерде дербес мағыналы сөз болған нәң дегеннен шыққан –нің морфемасының фонетикалық өзгеріске түсе ықшамдалу дәрежесінің бір көрінісі болып саналады. Ал, соңғы –мен тұлғасы көмектес септік жалғауы. Бұл тұлға – ертеде толық мағыналы шылау сөздерден мынан – менен//ман – мен деген сияқты жолдармен пайда болған қосымша.

Сілтеу есімдіктері әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын не алыстық сияқты аралық қатынастарын білдіріп отырады. Сілтеу есімдіктері аралық қатынасты да білдіреді: ана жақта, сонау өлкеде. Бұл, сол есімдіктері көз алдыңдағы, жақындағы жолға нұсқағандықты білдіреді. Сілтеу есімдіктері есім сөздер орнына қолданылады.

Ы.Томанов: Барыс септік жалғауының қолданылу үлгісінде мен, сен, ол, бұл, сол, анау есімдіктерінің тұлғалануы мен тәуелдеулі есімдердің тұлғалануы мына тәрізді болады: маған, саған, оған, бұған, соған, анаған. Сөйтіп, бұл жерде барыс септіктің екі түрлі ерекше тұлғасы көрінеді: -ған. Бұл қосымшаны  тарихи тұрғыдан қарастыру екі түрлі жайды ескеруді қажет етеді: біріншіден, басқа септік жалғауларында жіктеу есімдіктері өздерінің дыбыстық құрамын сақтайды, мыс: мені, сені, ал барыс септігінде түбірдің жіңішке дауыстысы жуан дауыстыға айналып кетеді: ма-ған, са-ған. –ған қосымшасының тарихи құрамын анықтауда мына фактілер ескерілуі керек: көне түркі тілінде, қазіргі кейбір түркі тілінде де барыс септіктің –ғар форманты бар. Кейбір ғалымдар осы қазақ тіліндегі –ған қосымшасы –ғар қосымшасының қазақша баламасы деп қарасытарады, ал Банг, Севортян пікірлері бойынша қосымшаны –ға-н деп бөліп те қарастырады да,–ға қосымшасын барыс септігі жалғауы деп, ал -н қосымшасы мүлдем басқа жалғау деп есептейді.

Мен, сен есімдіктерінің шығыс септікте мен-ен, сен-ен болып септелуі де ерекше жағдай. Негізгі нұсқасы мен-ден, сен-ден, себебі түркі тілдерінде менден, сенден болады. ал қазақ тілінде бізден, сізден, сендерден деп жазылады. Ал жекеше түрдегі жіктеу есімдіктерінің менен, сенен болуы құрамындағы д әрпінің түсіп қалуымен түсіндіріледі.

Жіктеу есімдіктерінің жекеше үш жағында да болған ілік, шығыс жалғауларының қабаттасуының ізі қазіргі қазақ тідінде де қалған: мен-і-мен, сен-і-мен, о-ны-мен. Бұлайша тұлғаланудағы –і, -ны бір кезгі ілік септік жалғауының ізі екені айқын.

33-билетКөмекші етістіктер түрлері ерекшелігі

Қазақ грамматикасы  Көмекші етістіктер - грамматикалық дамудың нәтижесінде алғашқы лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктер. Көмекші етістіктер саны да аз емес, бірақ олардың тілдегі құрамы тұрақты. Қазақ тілінде 30 көмекші етістік бар. Олар:ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, қор, қал, қой, қыл, отыр, от, сал, таста, тұр, түс, шық.

Көмекші етістіктер қимылдың қалай жасалғанын нақтылы сипаттап, дәл көрсетуде ерекше қызмет атқарады. М: құлап қала жаздап барып қалды дегенде құлау қимылының жасалуға жақындап, бірақ жасалмағаны айтылған. Оны дәл суреттеу қажет болмаса, ол құламады деген бір сөзбен айтылар еді.

Қимылдың жасалу тәсілін білдіруге қазақ тілінің грам-қ құрылысының бай мүмкіндігі бар. Оған көмекші етістіктер де, қосымшалар да қатысады : айта сал, айтып бақты, жазып ал, келе қалды, ойланып қалды т.б.

Көмекші етістіктер сөзжасамға да қатысады. М: адам қыл, жәрдем ет, еңбек ет, жақсы бол т.б.Осы келтірілген мысалдарда көмекші етістіктер есім сөзге тікелей тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып тұр. Көмекші етістіктердің басым көпшілігі лексикалық мағынасынан айрылғанымен, дыбыстық құрамын толық сақтап қалған. Олар: ал,бақ, бар, баста, бер, бал, біл, біт, жат, жөнел, жүр, жібер, де, кел, көр, қом, қай, қыл, отыр, өт, сал, таста, тұр, түс, шық.

Бол, ет, қыл, көмекші етістіктерінің қызметі. К.етістіктер тілде түрлі-түрлі қызмет атқарады. Сонымен бірге көмекші етістіктердің сөзжасамдық қызметі де бар, ол әдетте назардан тыс қалып, көбіне, ол туралы сөз қозғалмады. К.е. тобына бол, ет, қыл көмекшілері өздерінің сөзжасамдық қабілеті арқылы ерекшеленеді. Бұл көмекші етістіктер есім сөздерден етістік жасайды. М: Бәйбішенің қапысын таба алмай ыза болып отырған. Ғалымдар бұл жөнінде көп табысқа ие болды. Жақсы атының да болмағанын арман етеді. Осы мысалдардағы ыза болып дегенді ызаланып, ие болды дегенді иеленді арман етеді дегенді армандайды деген туынды түбір етістіктерімен әбден болады.

Бол көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктерде салт етістік мәні бары байқалады: сен адам бол, сен сері бол, сен азат бол сияқты құранды етістіктер субъектінің өзіне жасайтын қимылды білдіретіні анық.

Ал әбігер ет, әзір ет, әуре ет сияқты мысалдарда объектіге жасалатын қимыл екені байқалады. Біреуді әбігер ет, әуре ет, әзір ет деген мағына анық көрініп тұр.

Қыл көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктер де субъектіге де, объектігі де жасалатын қимылды білдіреді. М: маған жақсылық қыл, жәрдем қыл, оны адам қыл т.б.

Қазіргі тілімізде осы қызметте  ең жиі қолданылатын көмекші етістік-ет. көне кезеңдерде қыл  көмекші етістігінің қызметі белсенді болған.  

Жазда көмекші етістігі.

жазда- тек қана көмекшілік қызметте қолданылатын етістік, оның толық , негізгі мағына қолданылуы тілде жоқ, яғни тұрақты көмекші етістік. Бұл етістіктің де көне кездерде лексикалық мағынасы болған. Жазда көмекші етістігі тілде қимылдың өз сипаты категориясының көрсеткішіне жататын- жазда аналитикалық форманты болып қалыптасқан. –й жазда аналитикалық форманты жетімсіз қимыл білдіреді. Жетімсіз қимыл деп қимылдың жасалуға жақындап барып,тіпті жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқтауын, үзілуін білдіріп аталады. Құлай жваздады, жығыла жаздады, кете ұала жаздады т.б.

Маманов  Қазақ тілінде көмекші етістіктер лексикалық мағынасына қарай екі топқа бөлінеді.Бірінші

топқа е, ет, жазда, де көмекші етістіктері жатады. Бұлар сөйлемде дербес қызмет атқара алмайды, лексикалық мағынасы жоқ, тек басқа толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, солардың шылауында қолданылады да, тіркескен сөздеріне грамматикалық мағына үстейді. Бұлардың әрқайсысының сөз тіркесінде атқаратын грамматикалық қызметі мен семантикасы әр басқа. Сонымен қатар кейбіреулерінің лексикалық мағынасы бүтіндей жоқ болса, кейбіреулерінікі жартылай. Сондықтан бұлар мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады.

Е көмекші етістігінің сөздік мағынасы бүтіндей жоқ және ол жедел өткен шақ( едім, едің, еді) және өткен шақ есімше (екен) формаларымен ғана түрленеді де, етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. М: Осы кезде бұлар Құнанбай пәтеріне де жетіп, қораның ішіне кіріп еді.

Ет көмекші етістігі істе, қыл етістіктерімен синонимдес, бірақ соңғы екеуі толық мағыналы атауыш сөздер де, ет сөзінің мағынасы жартылай және ол өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Ет көмекші етістігі есім сөздер және еліктеуіш сөздермен тіркесіп, тіркесті түбір етістңктер жасайды. М: Кәрі әжей әшейінде Абайдың дегеніне көне берсе де, бұл тұста ырық бермей, қатты бұйрық еткен.

Де көмекші етістігі – айт, сөйле етістіктерінің синонимі, бірақ оның олардан айырмасы грамматикалық қызметте жұмсалуында. Яғни, де көмекші етістігі сөйлемде дербес қызмет атқара алмайды, басқа сөздермен  тіркесіп айтылады. Сөйлеуші бөгде адамның сөзін, не ойын екінші біреуе айтқанда, осы де көмекші етістігін қолданады. М:Жұмабек ертең келемін,- деді.

Де көмекші етістігі өткен шақ көсемше (деп) формасында сөз бен сөзді, сөйлеммен мен сөйлемді байланыстыру үшін дәнекерлік қызмет атқарады. М: Мұндай масқараны естимін деп кім ойлаған.

Жазда көмекші етістігі келер шақ көсемше(-а,-е,-й)  формасымен тіркесіп, күрделі етістік жасайды. М: жығыла жаздау, күле жаздау, өле жаздау т.б. М: Ащы даусы құлағымды жара жаздады.

Екінші топқа жататын көмекші етістіктер- өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздер. Көмекші етістіктің бұл түрі мәнді көмекші етістіктер деп аталады. Мәнді көмекші етістіктер арқылы жасалған күрделі етістіктердің құрамындағы алдыңғы сыңары көсемше формаларында қолданылып, лексикалық мағынаға ие болады, соңғы сыңары – көмекші етістіктер етістіктің басқа формаларымен түрленетін констуктивтік элемент қызметін атқарады. Күрделі етістік құрамындағы мәнді көмекші етістіктеркейде сөздік мағынасын бүтіндей жойса, кейде жартылай сақтап қалады. М: кетіп қалу, келе жату, оқып шығу, оқи алмау, айта түсу т.б. Әжем қартайғандықтан, инені де сабақтай алмайды.

Оралбай  Көмекші етістіктердің даму дәрежесі бірдей емес. Осымен байланысты көмекші етістіктер 2 топқа бөлінеді. Олар : толымды, толымсыз көмекші етістіктер. Толымды көмекші етістіктер деп дербес етістік кезіндегі дыбыстық құрамын сақтаған, бірақ лексмкалық мағынасынан айрылған, қазіргі тілде грамматикалық мағына білдіріп, түрлі категориялардың көрсеткіштері қызметінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады. М: оқығысы келеді, өсіп барады, адам болды, қалып қойды т.б. Толымды көмекші етістіктер тілде 30 шақты. Олар: ал, бар, баста, бақ, бер, бол, бөл, біл, біт, жүр, жөнел, жібер, қал, қара, қой, көр, кет, кел, отыр, тұр, жат, таста, түс, сал, өт, шық.

Толымды көмекші етістіктер қимылдың жасалуының қай сатыда, қандай дәрежеде екенін білдіреді. М: сөйлей бастады, жаза бастады қимылдың бастапқы сатысын яғни басталуын білдірсе, жазып отыр, ұйықтап жатыр қимылдың жасалу үстінде екенін, бітіріп қалды, айтып қойды қимылдың соңғы сатыда екенін білдіреді.

Толымды көмекші етістіктербұйрық рай мағыналарын да білдіреді. М: беруші болма, айта көрме, келе көр сияқты қолданыста қалау мағынасы, бұйрық мағынасы, бұйрықтың тілек түрі сияқты мағыналар берілген.

Толымды көмекші етістіктершартты рай мағынасын да білдіреді. М: Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Ол келсе болды, жиналысты бастай береміз.

Толымды көмекші етістіктер нақ осы шақ жасайды. М: көріп отырмын, әндетіп жатырсың, келіп жүрсіз т.б.

Толымсыз көмекші етістіктер деп дербес сөз кезіндегі дыбыстық құрамын сақтамаған, етістіктің түрлі грамматикалық тұлғаларында қалыптасып, қазір сол тұлғада түбір сөз ретінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады.Олар саны жағынан өте аз, атап айтқанда: еді, екен, емес, ет, жазда.

Еді толымсыз көмекші етістігі шақ, рай көрсеткіштерімен тіркесіп, олардан күрднелі аналитикалық форманы жасайды: -қан еді, -атын еді,- ар еді, -са игі еді, -п жатыр т.б.

Екен толымсыз көмекші етістігі есім сөзбен де, шақ, рай көрсеткіштерімен де тіркесіп, күрделі аналитикалық формант жасайды. М: мұғалім екен, бай екен, үлеһкен екен- еді екен, -ген екен, - атын екен, - а жатыр екен, кім екен?

Ет көмекші етістігі есім сөзден құранды етістік жасайды. М: жәрдем ет, көмек ет, арман ет, сәлем ет т.б.

Жазда толымсыз көмекші етістігі дербес етістіктерге көсемшенің –а,-е,-й жұрнағы арқылы ғана тіркесетін-а (-е, -й) жазда аналитикалық  формант ретінде қолданылады. Жазда көмекші етістігінің бастапқыы төркіні жаз оған дәлел- жаздым, жаңылдым, жазығым не сияқты сөздер.

34- билет .Сан ес

Исаев  Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтаға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.    М: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты  деген сөйлемде тоқсан деген сан есім жас деен зат атаулының санын білдіріп тұр.

сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. М: он, үш, бес, мың, жүз т.б.  

Екі я оданда көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. М: екі жүз, оннан бір, үштен екі, үш-төрт т.б.

• Сан есімнің түрлері  

Сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: есептік сан есімдер, реттік сан есімдер, жинақтық сан есім, бөлкештік сан есім, топтау сан есім, болжалды сан есім.

1)Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. М: бес, он екі, жүз жиырма сегіз т.б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2)Реттік сан есім

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе –ншы, -нші, дауыссызға аяқталса –ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. М: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, жүз отыз бес-інші т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі.

1) Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе, ыншы, - інші,- нші, жұрнағының орнына дефис қойылады. М: Ол 6- қатардан орын алды. Біз 3- қабатта тұрамыз.

2) Реттік сан есімдер рим цифрмен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. М: VI класс оқушылары жиналыста отыр

3) Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрмен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. М: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты.

3)Жинақтық сан есім

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады. М: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

4)Болжалдық сан есім

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.

5)Топтау сан есім

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы арқылы жасалады. М: екіден, жүзден, он-оннан т.б.

6)Бөлшектік сан есім

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.

• Сан есімнің емлесі

1) Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. М: жүз бір, жиырса бесінші т.б.

2) Цифрмен табылатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. М: Ол 25-ке толды, мен 6- дан 7- ге көштім.

3) Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе, -ыншы, - інші,  -нші, -нші жұрнағының орнына дефис қойылмайды. М: 5- класс, 23- қатар, XX ғасырдағы әдебиет т.б.

4) Екі, алты, жеті деен сандарға болжалдық сан есімнің –ау, еу жұрнағыи жалғанғанда, түбірдің соңғы қысаң ы,і дыбыстары түсіп қалады. М: екі- екеу, алты алтау, жеті- жетеу

5) Болжалдық сан есімдер цифрмен азылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады. М: 100- деген, сағат 5- терде т.б.

6) Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады. М: он-оннан, 10-15 тен т.б.

• Сан есімнің сөйлемдегі қызметі  

1) сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен, әдетте, сөйлемде анықтауыш болады.

2) Сан есім жіктеліп келіп немесе көмеші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады.

3) Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. М: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

4) Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей е етістіктің алдында келіп пысықтауыш та болады. М: кездесіп жетпіс үште іздегенім.

5)  Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін де атқарады. М: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

6) Сан есім зат есімнен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. М: Біз үш түрлі кедергіден өттік.  

Оралбай Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз тобы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім сындық белгісін білдіреді.

Әр сөз табы белгілі бір жалпы мағынаны білдіретін сөз табы болғанымен, іштей мағыналық ерекшеліктері болады. Сан есімнің де сан атауын  әр түрлі білдіруіне қарай бірнеше мағыналық топтары бар. Олар:

1) есептік сан есім

2) реттік сан есім

3) жинақтау сан есім

4) топтау сан есім

5) болжалдық сан есім

6) бөлшектік сан есім

А.Ысқақов. Сан есім – есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын , сипатын, қасиетін, түр-түсін  т.б. сыр- сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім- заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.

6 түрі бар. Олар:

1) есептік сан есім

2) реттік сан есім

3) болжалдық сан есім

4) жинақтау сан есім

5) топтық  сан есім

6) бөлшектік сан есім

№35- Етіс  категориясы дегеніміз –  амалдың(іс-әрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын, сондай-ақ, керсінше, субьекті мен обьектінің амалға(іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз.

Етістің түрлеріне байланысты ғалымдар арасында түрлі пікір қайшылығы бар.

Ғалымдар:

Етістің түрлері:

Ахмет Байтұрсынов етістің 10 түрін көрсетті:

1)сабақты етіс-еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса, мәселен, хат жаздым, шөп шаптым,қармақ салдым

2)салт етіс-өткен іске сабақталып, байланып тұрған еш нәрсе болмаса, мәселен, мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр.

3)ортақ етісіс жеке істелмесе, мәселен, бала жарысты, жау соғысты, балуан күресті.

4)өздік етісістеуші басқаға іскерлік ісін өзіне істесе, мәселен, мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды.

5)өзгелік етіс-біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды

6)беделді етіс- істі біреу арқылы істеуді. Мәселен, хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды.

7)ырықсыз етіс- істелі арқылы ырқы істеушіден басқада болған істі. Мәселен, ат жегілді, қоян қуылды, қозы сойылды дегендегі ат ырықсыз жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр.

8)шығыс етіс- ортақ істі істеуге себепкер болуды. Мәселен балаларды күрестірдім, елді табыстырдым.

9)дүркінді етіс- қайта-қайта істелетін істі, мәселен хат жазғыладым, қолынан жұлқыладым.

10)өсіңкі етіс күшейген істі білд. Мәселен ат жүріңкіреді, су тасыңқырады, бала ұйықтаңқырады.

Ахмеди Ысқақ  5 түрін көрсетті:

1)негізгі етіс-өзге етіс формаларына таяныш-негіз болатын, солардың түрлерін,мағыналарын,қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы айтамыз.. Оның арнаулы көрсеткіші болмайды.( бар,кел, сөйле, ақта, арала т.б)

2)ортақ етіс- амалды(істі) кемі 2 я одан да аса субьекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіреді.

-ыс,-іс,-с жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы( таныс, көріс, апарыс т.б) Ескерту: лас(-лес,-дас,-дес,-тас,-тес) біріккен құранды жұрнақтарда ортақ етістің семантикасын білдіереді.

3)өзгелік етіс- амалдың(істің) басқа бір бөгде адам арқылы істелуін білдіреді

-т, -тыр, (-тір, -дыр,-дір), -қыз, -кіз,-ғыз,-гіз  жұрнақтары арқылы жасалады.

-ыр,-ір қосымшасы өзгелік етіс деп есептелініп жүр. Негізгі бастапқы толық түры –тыр,-тір. Мысалы Адам баласын заман өсіреді.

4)Ырықсыз етісамалдың ырықсыз істелетіндеймән жамайды, бірақ ол формадан амалды кім істегені, яғни субьектісі көрінбейді, көбінесе логикалық обьекті есебінде қызмет етеді. Мысалы қой қамалды, кір жуылды, қар күрелді.

-ыл,-іл,-л жұрнақтары және етістік негізінде л дыбысы болсаын,-ін.-н арқылы жасалады

Ескерту: -лын,-лін, -ныл, -ніл формалары ырықсыз етіс мағынасын береді. Мысалы ізделінді, байланылды, желінді т.б

5)өздік етіс- амалдың шарпуы я нәтижесі оны жасаушы субьектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мән жамайды. Мысалы таран, жкын, оран, киін.

-ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалады.

Ескерту: -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары өздік етіс мағынасында жұм-ы.

Мысалы. мейір+лен, әуре+лен т.б

-ырқан, -іркен, -сын, -сін құранды жұрнақтары да өздік етіс мағынасында жұмсалады. (ашыр+қан, аз+сын, көп+сін, жүрек+сін, шім+іркен:

Сейілбек Исаев және Ыбырай Маманов етістің 4 түрін көрсетті:

1)өздік етіс

2)өзгелік етіс

3)ортақ етіс

4)ырықсыз етіс

 Нұржамал Оралбай

Етісті  салт, сабақты етістік жасау қызметіне қарай алдымен екіге бөледі:

1)салт етіс жасайтын етістер:

А)өздік етіс

В)ырықсыз етіс

2)сабақты етіс жасайтын етістер:

А)өзгелік етіс тілдегі бір ғана өзгелік етіс жасайтын ең өнімді, ең жиі қолданылптын тәсіл.

Ортақ етісті  бұл топтарға қоспайды, себебі ол қимылдық бірнеше субьектіге қатысын білдіріп. Салт, сабақтылық қасиеттін өзгертпейді.

Ғалым Н.Оралбаева  А.Ысқақов пен А.Қалыбаеваның етіс түрлеріне қосқан негізгі етісті етістің құрамында қарастырмайды. Негізгі етістің  көрсеткіші  жоқ, өзіндік мағынасы да жоқ., ол түбір етістік қана,  сол себепті оны етістің бір түрі санау дұрыс емес, себебі әр етістің өз мағынасы, өз көрсеткіші бар, ал бұл белгі негізгі етістікте жоқ  дейді.

Қ.Жұбанов етістің 7 түрін көрсетеді.

Етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеуішінің арасына сыйыса алатын үстеулер- етіс үстеулері. Оның 7 түрі бар:

Түп негіздің етістері: салт етіс, сабақты етіс

Туынды негіздің үстеулері:өздік етіс, ырықсыз етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс.

Ғалым өсіңкі етіс дегенді өосады. Ол 

-ыңқыра, -іңкіре арқылы жасалады. Мағынасы жағынан етіс болмаса да, құрылысы жағынан етіске ұқсас болғандықтан оны етістің жетінші түріне қосады.

«Қазіргі қазақ грамматикасында»: етістің негізгі төрт түрі көрсетілген. Бұл еңбекте ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып оны салт етістікке  айналдырады  деп көрсетілген. Мысалы кітап оқылды, үй тазаланды дегенде ырықсыз етістің жұрнақтары жалғану арқылы сабақты етістік салт етістікке айналған. Өздік етіс пен ырықсыз етіс жұрнақтарының ұқсастығы:

1)қосымшаларының бірдей болып келетіні, тек контекст арқылы ажыратамыз.

2)екеуі де сабақты етістікті салт  етістікке айналдырады.

Айырмашылығы: Өздік етісте логикалық субьект(іс иесі)  субьект-грамматикалық субьект(бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обьект  болады.

Етісті грамматикалық категория ретінді санай ма?

Негізінен етістің түрлерінің болуы оны категоря санауға негіз болған. Н.Оралбай түбір етістіктің салт, сабақтылығы қандай лексикалық мағыналы болса,салт,сабақты етістіктерді жасайтын етіс жұрнақтары сондай лексикалық мағына жасайды, яғни олар сөзжасамдық жұрнақтар десе, етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуының өзі оның категория емес, сөзжасамға жататын болғандықтан дейді.

А.Қалыбаева етісті категория деп атап, оның жұрнақтарын сөзжасамдық жұрнақтар қатарына қосады.

А.Ысқақов та етіс жұрнағын сөзжасамдық жұрнақдеп санаса, С.Исаев етісті лексика грамматикалық категория деп танып, оның жұрнақтары грамматикалық форма тудырады деп айтады.

«Қазақ грамматикасында»: етіс тұлғаларының тіліміздегі етістік атаулының бәәріне  я белгілібір тобына жалғана алуы, яғни әмбебап қасиеті, сөйтіп барып грамматикалық абстракция жасай алуы , өнімділік және өнімсіздік, құнарлық жіне құнарсыздық сипатының болмауы, соның арқасында қосымшалары жалғанған жердің бәрінде жаңа сөз тудыру қатарын құрай алмауы етіс қосымшаларын сөзжасам қатарына қосуға болмайтындығын көрсетеді. Ал кейін етістіктің құрамында келіп, жаңа туынды түбір, демек, негізгі түбірден өзгеше жаңа лексикалық мағына білдіретін қыл айттыру, таң асыру, біліс, таныс, үйдіжылытты, асудан асыру, жахудан жазылу тәрізді жеке дексема болып, сөздік құрамынан бөлек бөлек орын орын алуы тек қана етіс қосымшаларының жалғану нәтижесі емес, одан гөрі семантикалық, процестің басым болуы, ондай процестер тілімізде аз емес.

Етіс тұлғасының тағы бір ерекшелігі:

Етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанып, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді, яғни етіс тұлғалы түбір етістіктер (негізгі, туынды)етістіктерше: 1)сырттай бұйрық райдың 2-жақ жекеше ,анайы түрімен сәйкес келеді. 2)тікелей жіктелмейді, тек шақ,рай тұлғаларын үстеп барып жіктеледі және сол тұлғалар жалғануға негіз болады.  3)сондықтанда сөйлемде сол тек етіс тұлғасында қолданылмайды. Осы сияқты қасиеттердің негізінде Маманов жалпы етістік атаулыны негізгі етістіктер және функциялық етістіктер деп топқа бөліп, негізгі етістіктер оның   грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады дей келіп, оның өзін екі түрге бөліп, бірін түбір етістіктер, екіншісін модификациялы етістіктер деп, модификациялы етістіктердің қатарына етіс, болымсыө етістің, күшейтпелі етістік және күрделі етістікті ерекше бөліп жатқызады. Сөйтіп етіс тұлғалары сөзжасамдық қосымшалар емес, етістіктің  лексика грамматикалық категориясы болып табылады. Негізгі етісті етістің түріне қоспайды, ол тек сол категоря түрлеріне негіз болады деген қорытынды жасалады.

№ 36-Шырай категориясы,түрлері,зерттелуі

Шырай категориясы – заттың бір түрлі сындық белгісінің түрлі дәрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория. Шырай категориясы сын есімге, оның ішінде сапалық сын есімге тән. Бұл сапалық сын есімді қатыстық сын есімнен ажыратудың басты белгісі. Шырай – жалпы сын есімге емес, сапа сынына қатысты категория. Сапа сындары ғана шырай формаларында қолданылады. Қатыстық сындардың ішінен сапа мәніне ие болған сөздер ғана шырай формасында қолданыла алады. Мысалы, өте ақылды, сенен ақылдырақ, көріктілеу, аса көрікті, тым манызды, маныздырақ, әсерлірек, өте әсерлі сияқты қолданыс бар. Бірақ таулырақ, ең таулы, сусызырақ, өте сусыз  сияқты қолданыс тілде жоқ.

Қазақ тіл білімінде шырай түрлерінің санына  байланысты түрліше пікірлер қалыптасқан. Ғалым Ахмет Байтұрсынов сыр сынының 3 шырайы бар деп көрсетеді:

1)Жай шырай артық-кем демей нәрсенің сиқын жай көрсетеді. Мысалы: жақсы атан, ттентек бала, жуас бала т.б

2)талғаулы шырай- нәрсенің сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді: ол –рақ,-рек деген талғау қосымшалары арқылы жасалады. Жаксы-жақсырақ, алыс-алысырақ

3)таңдаулы шырай-нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Ең,нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер арқылы жасалады. Мысалы ең жақсы, нақ шешен, тым қорқақ.

Қ.Жұбанов шырайдың бірнеші түрін көрсетеді:

1)Жай шырай

2)Кесімді араластырмалы шырай –бірде тура күйде, бірде шығыс жалғаулы күйде болады.

3)Салыстырмалы шағын шырай (-рақ, рек, леу)арқылы

4)Жалаң шағын шырай- қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, соөылыңқы

5)Таңдаулы шырай

6)Дәйек қосылыңқы шырай- өте қысқа

7)Қосақты- қып қысқа

8)Үстеулі- ұзын ақ

9)Орта шырай-бір жөн, бір қос, бірсыпыра, едәуір, бірқатар.

Ахмеди Ысқақ шырай формаларын «заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары» деп сипаттай келіп, шырай категориясының 4 түрін көрсетеді:

1)жай шырай

2)салыстырмалы шырай (-рақ,-рек, ырақ,-ірек, -лау,-леу,-дау,-деу) - өнімді формалар

-ғылт,-ғыл,-қылт,-ғылт,-тым,-шыл,-шіл,-қай,-аң - өнімсіз жұрнақтар (дымқыл,бозғыл,сұрғылт)

3)күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі.)жап-жаңа, тап-таза)

4)асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді.(аса,өте,тым,тіпті,тіптен,шымқай,нағыз,нақ,ең,ал) мысалы, ал қызыл,өте үлкен, тым қиын.

Шырай жұрнақтары бірінің үстіне бірі үстеліп жұмсалады.

Н.Оралбай сындық белгінің 3 дәрежесі болады деп көрсетеді: негізгі дәрежесі, төменгі дәрежесі, жоғарғы дәрежесі. Сапа сындары сөйлемде осы 3 дәреженің бірінде қолданылады. Шырайдың осы үш түрлі мағынасына қарай ғалым шырайдың 3 түрін көрсетеді:

1)жай шырай –сапаның негізгі дәрежесін білдіреді. Ғылымда мағына бар жерде оның көрсеткіші бар деп, ал оны білдіретін көрсеткіш болмаса, ол нөлдік жұрнақ деп саналады. Мысалы, жақсы адам, әсем ән жай шырайда салыстыру мәні жоқ деп саналады, бірақ кейде жай шырай салыстыру мәнәнде қолданылады. Ол контекстке қатысты. Мысалы, Бірақ бәрінен осынікі жақсы. Бәрінен деген сөздерденшығыс септіктегі сөзден екінші заттағы спаның артықтығы білінеді. Жай шырай салыстыратын заттардың теңдігін білдіреді. Бұл ғылымда экватив деп аталады. Мысалы, Асан сен ақылдысың, Асқар да сондай ақылды.

2)салыстырмалы шырай(-рақ,-рек, ырақ,-ірек, -лау,-леу,-дау,-деу) жұрнақтары арқылы жасалады.

-ғылт,-ғыл,-қылт,-ғылт,,-шыл,-шіл,-ақ жұрнақтарын ғалым шырай жұрнақтарына жатқызбайды. Олар-сөзжасамдық жұрнақ деп көрсетеді. Кейбір жағдайда шығыс септіктегі сөзге гөрі,да,де демеулік шылаулары тіркесіп салыстыру мәнін айқындай түседі. Салыстырмалы шырай тұлғасындағы сөздер сөйлемде анықтауыш, баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.

3)күшейтпелі шырай

1)күшейткіш буынды сапа сыны қос сөзге жатпайды.

2)Күшейткіш көмекші деп сапа сынының мағынасын күшейтіп,сапаның жоғарғы дәрежесін білдіреді. Оған аса, өте, ең,тңптң, тңптен, тым,орасан, керемет көмекшілері жатады. Бұл күшейткіш көмекшілерді үстеуге жатқызуға болмайды. Себебі үстеу лексикалық мағыналы сөздер, ал күшейткіш көмекшілер грамматикалық мағынаны білдіреді.

3)Ал, шымқай сөздері шырай жасамайды, күрделі сын есім жасайды.

«Қазіргі қазақ грамматикасында» сын есімнің семантикалық түрі сапалық сын есімнің шырай жұрнақтарын қабылдауы бұл сын есімнің сөз табы ретінде түрленуі емес, бір ғана мағыналық тобының  семантикалық сипатын сипатын көрсететін лексика-грамматикалық тұлғалану көрсеткіші  болып табылады деп көрсетілген.

Шырай категориясының (-рақ,-рек,, -лау,-леу,-дау,-деу) жұрнақтары сапалық сын есімдерге түгелдей жалғанады. Ал –ғыш,-гіш,-ғылт,-шыл қосымшалары бірді-екілі сөздердің құрамында ғана кездеседі. Бұл еңбекте жай  шырайды шырай қатарына қоспайды. Себебі жай шырай өзге шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынанда оппозициялық қатар құра алмайды, басқа түрлерімен парадигмалық жүйе жасай алмайды. Мұндай жағдай етіс категориясындағы негізгі етіс тәрізді. Жай шырайдың шырай түрлерінің қатарына кіре алмауының бір себеі оның сапалық сын есім ұғымымен барабар келуі, екі ұғымның да сыр-сипаты бір болғандықтан бір ұғымды екі түрлі атау дұрыс болмас деген ой айтылады. Шырайдың өзге түрлері жайлы күшейтпелі және асырмалы шырайды біріктіріп қарастырып, сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді:

1)салыстырмалы шырай

2)күшейтпелі шырай – күшейткіш буын арқылы жасалады.(жап-жасыл), күшейьткіш үстеулер арқылы жасалады(өте,тым алыс, аса)

Сәрсен Аманжолов шырайдың 4 түрін көрсетеді:

1)жай шырай 2)шағын шырай 3)салыстырмалы шырай 4)таңдаулы шырай

Ғалым Ғ.Мұсабаев шырайдың 5 түрін көрсетеді:

салыстырмалы шырай( (-рақ, -рек)

Бәсең шырай (-дау,-деу,-лау, -лек, -тау, -теу)

Шағын шырай (-шыл, -шіл, -ғыл, -ғылт, -ғыш, -ілдір)

Күшейтпелі шырай-күшейту буыны арқылы жасалады. (қып-қызы, сап-сары)

Үдетпелі шырай – күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. (өте биік,тым жақсы)

Ғалым үдетпелі шырай қызметін атқаратын бірнеше сөздерді көрсетеді: қырмызы,мақпал, әсіре, ал, орасан)

Шырай грамматикалық категорияға жата ма, жоқ па ?

Әр грамматикалық категория танылғанда, оған қойылатын шарттар бар. Алдымен әр категорияның білдіретін өзіндік мағынасы болу керек, ол мағынасының ішкі құрамы, өзіндік көрсеткіштер (бірліктер) болу керек. Өйткені шырай сапа сынының әр заттағы дәрежесін білдіреді. Анығырақ айтқанда, шырай бір сапаның әртүрлі заттағы түрлі ерекшелігін, сапаның бірінде артық, бірінде кем я сапаның ең жоғарғы дәрежесінде екенін білдіреді. Бұл – шырай категориясының жалпы грамматикалық мағынасы. Сонымен бірге, грамматикалық мағынаның ішкі құрылымы бар, олар: сапаның сәл бәсеңдігі, не сәл басымдығы, немесе сапаның өте күштілігі, не өте төмен дәрежесі т.б. Демек, шырай сапаның әртүрлі дәрежесін білдіреді. Бұл грамматикалық мағыналар басқа ешбір сөз тобында жоқ. Олай болса, бұл – шырай категориясының өзіндік грамматикалық мағынасы.

Грамматикалық категорияда оның мағынасын білдіретін көрсеткіштері, яғни морфемалары болуы керек және ол біреу емес, ең кемі екеу болуы керек. Шырай бұл шартқа да сай келеді. Өйткені шырайдың грамматикалық мағынасын білдіретін көрсеткіштері бар, олар: =рақ, =рек, =лау, =леу күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буындар. Осы көрсеткіштер тек шырай мағынасын білдіру үшін қолданылады, яғни шырайдың морфологиялық бірліктері.

Сын есімнің шырай категориясын қазақ тіл білімінде көпшілік ғалымдар– грамматикалық категория деп таныған. Олар: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, К.Аханов, Ғ.Әбуханов, М.Б.Балақаев (бастауыш мектептің оқулығында), Ғ.Беғалиев, С.Жиенбаев, Б.Катембаева, Н.Оралбаева, Н.Мадина, А.Әбілқаев, Ж.Шакенов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов. Тек С.Исаев ғана сын есімнің шырайларын лексика-грамматикалық категория деп таныған.

Шырай жұрнақтары форма тудырушы ма әлде сөз тудырушы ма?

«Қазіргі қазақ грамматикасында»: Жалпы тіл білімінің қағидасы бойынша бір категорияға жататын граммтикалық формалары бірінің үстіне бірі жалғанбайды. Бір септік жалғауының үстіне екінші септік жалғауы, бір есімше формасының үстіне екінші есімше қосымшасы жалғанбайды. Олай болса, сын есімге жалғанатын –ғыш,шыл, -ғылт қосымшалары шырай формасының грамматикалық көрсеткіші емес сөз тудырушы қосымшалар.

№ 37 сұрақ-Етістіктің шақ категориясы. Шақ түрлері

Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» бойынша:Етістіктің шақтары:

 Өткен шақ (сөйлеп тұрған кезден болған іс).

Айғақ өңді өткен шақ (істің болғанына айтушы куә айғақ бола сөйлейді):Жазы-п-ты, оқы-мап-сың, біл-ме-п-піз.

Аулақ өңді (істің болғанын айта тұрып, өзі басы-қасында болмағанын қоса білдіреді): Жаз-ған, оқы-ған соң, көр-ген-біз.

Мойындау өңді өткен шақ (істің болған-болмағанын мойындай сөйлейді):Жаз-ған, оқы-ған соң, көр-ген-біз.Күмән өңді – жазған шығар.

Айғақ баяғылық (ертеде істің болғанына, не болмағанына айғақ бола сөйлейді):Жазып еді.

Аулақ баяғылық (ертеде  өткен істің болғанынан, не болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіреді). Жаз-ған екен.

Әдетше баяғылық (ертде өткен істің әлденеше рет болып, әдет болғанын айтады): бар-у-шы едім.

Опылық баяғылық (ертеде  өткен іске опына хабарлайды): бар-атын едім.

Арман баяғылық: бармас па едім;

Келер шақ.

Кесімді келер шақ: бар-атын, жаз-ба-й-тын.

Болжалды келер шақ: бар-ар-мын, оқы-ма-с-пын.

Мақсатты келер шақ: жаз-бақ-пын.

Тілекті келер шақ: жаз-ар едім, жазайын

Сенімсіз төл шақ: жазса игі еді.

Осы шақ. Дағдылы осы шақ пен  дәл осы шақ.

Дағдылы осы шақ: жазады, оқиды, білмейді:Сиыр мөңірейді – осы шақ;Ертең сиыр

Дәл осы шақтың тараулары:

а) Жалпы осы шақ – жазып жатырмын.

ә) Кәдімгі осы шақ – жазып жүрмін.

б) қазіргі осы шақ – жазып отырмын.

в) әзіргі осы шақ – жазып тұрмын.

Жалпы осы шақ- істің нақ осы кезде істеліп жатқан болуы да, немес, көптен бері созылып келе жатқан іс болып үздік-создық жүріп жатқан болуы да  мүмкін, осыны жалпы түрде айтсақ, етістік жалпы осы шақта болады.

 Кәдімгі осы шақ – ұзаққа созылған, үздік-создық істеліп келе жатқан істің жайын айту керек болса, кәдімгі осы шақпен айтамыз.

Қазіргі осы шақ – істеуші дәл осы кезде іс үстінде екендігін көрсету үшін қазіргі осы шақты қолданылады.

Әзіргі осы шақ – дәл осы кезде болып жатқан және өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз.

С. Исаев «Қазақ тілі» бойынша: Етістіктің шақтары туралы түсінік

 Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі  сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

 Осы шақ – сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді.  Әрдайым қайталанып тұратын іс-әрекеттерді көрсетеді.

 Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ  және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.

Нақ осы шақ- қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып бөлінеді.

Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады.

Нақ осы шақтың күрделі етістіктің –ып,-іп,-п және –а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесуінен жасалады.

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен кел-е-мін. Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.

Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан оны ауыспалы осы шақ деп атайды.

Келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер.

 Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бар, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.

Келер шақтың түрлері:

Болжалды келер шақ- қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.

Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар,-ер,-р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың. Сіздер кел-ме-с-сіздер.

Мақсатты келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын. Сіз ерте кет-пек-сіз.

Етістіктің –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағының үстіне –шы,-ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға  бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сің.

Ауыспалы келер шақ  -  ол ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтары жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп... деген ссөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға мен кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын білдіріп тұр.

Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта 1 жақ жіктік жалғауы кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады. Мысалы: айта-мын – айта-м, келе-мін- келе-м.

Өткен шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған  сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Өткен шақтың түрлері:

Жедел өткен шақ  етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты. Мен өлең айт-ты-м. Сен үйге кел-ме-ді-ң.

3 жақтың жіктік жалғауы тек көсемешнің –ып,-іп,-п және –а,-е,-й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады: кел-ді, қара-ды, кел-тір-ді, қара-т-па-ды.

Бұрынғы өткен шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады:

Бұрынғы өткен шақ –ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: бар-ған-мын, кел-ген-сің.

Бұрынғы өткен шақ –ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшеге немесе көсемешнің –ып,-іп,-п тұлғасына е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады: оқыған едім, оқып едім т.б.

Ауыспалы өткен шақ -  есімшенің –атын,-етін-йтын,-йтін жұранқтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оын ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен ктіапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару қимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.

Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тікесіп те жұмсалады. Мысалы: көр-етін-мін, қара-йтын-мын.   

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» бойынша:  Етістіктің шақ категориясы

Өткен шақ: Жедел өткен шақ; Бұрынғы өткен шақ; Ауыспалы өткен шақ; Қатыстық өткен шақ – қимылды кейін еске түсіру мәнін білдіреді. Мысалы: Жұмыскерлер үйіп-төгіп алғыс айтатын еді. Ол өз қалтасына түсетінін әлдеқашан есептеп қойған еді.

Осы шақ: Нақ осы шақ;Ауыспалы осы шақ;

Келер шақ:Ауыспалы келер шақ;Болжалды келер шақ;Мақсатты келер шақ

№38-Модаль сөздердің семантикалық сипаты

Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі  пікірн білдіру үшін қолданылатын арнаулы модаль сөздер құрамы әр түрлі. Модал  сөздер лексика-граммтикалық ерекшеліктеріне орайесім сөз таптарынан да,  етістіктерден де, көмекші сөздерден де басқа да кейбір сөз топтарынан да бола береді. Мысалы, мүмкін, шамасы, рас, тәрізі, әлбетте деген сөздер синтаксистік қызметі жағынан және сөйлемдегі байланысы жағынан –қыстырма сөздер.

Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан онша көп емес. диалектілік сипаттағыларын, жеке тіркес түрінде келетіндерін дәне дыбыстық вариант түрлерін қоса есептегенде алпыстан сәл ғана асады. Бірақ бұларды соның өзінде де семантикалық сипаты жағынан мына  төмендегідей  бірнеше топқа бөліп қөарауға болады: болжал мәнді модаль сөздер, міндеттілік мағына беретінмодаль сөздер, біреудің сөзі не бір дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, қостау(растау) мағынасында қолданылатын модаль сөздер, қалау(тілек) мәнді модаль сөздер және күмән(күдік) ұғымын білдіретін модаль сөздер.

1)Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі, басқарынан гөрі дымыңқырай түскен саласы-болжал мәнділер. Көпшілік модаль сөздердің денін  осылар құрайды бұл топқа мысалы, сияқты, шамалы, сыңайлы, әлпеті, мүмкін, сынды, ықтимал, кәдік, болар, шығар, білем;

2) қазақ тілінде міндеттілк модальдық мағынаны негізінен керек, қажет, тиіс, лазым сөздерінің қатысуымен жасалатын –у керек, у-қажет,-у лазым, -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы,-уі тиіс сияқты аналитикалық форманттар білдіреді. –у модальдылық форманы кейде міндеттілкті, сондай-ақ болжалық мәнде де алып қарауға болады. Мысалы: Ендігі шара қатал сөгіс болуы керек.

3)Сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабардың ақиқаттығына әбден көзі жеткендігі модальдық мағынаның тағы бір түрі болып табылады. Қазақ тілінде бұл модальдық мағынаны көбінесе көрінеді етістігі, «екен» формасы білдіреді. М/ы Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен.

4)Біреулердің сөзіне сүйену арқылы не бір нақты дерек негізінде білдірілетін модальдық мағына.  Бұл одальдфық мағынаны, яғни сөйлеушінің сөйлемде айтылмыш хабар тарапты пікірін білдіруде негізге ұйытқы қызметін қазақ тілінде «де» формасы атқарады. Ол бұл ретте көбінесе дейді түрінде, ара тұра тіпті»деп айтады», «деп естиміз», «деп естиміз деген сөз бар» сияқты құрамда да қолданылады. м/ы Әсіресе жандарал кеңсесі ашулы дейді.

5)Қазақ тіліндегі модаль сөздердің келесі бір семантикалық қыры сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойды өз тарпаынан қостау (растау) түріндегі  пікірнен көрінеді. Бұл модальдық мағынаны рас,.расында, шынында, анығыда, сөздері білдіреді. м/ы Арғысын бір-ақ Алла біледі, рас.

6)Жалпы модальдық мағынаның келесі бір сөйлеушінің сөйлемде айтылған ой жөніндегі нық сенімімен байланысты. Оны көпшілік түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де негізінен әрине және әлбетте сөздері білдіреді. Алайда бұл екі лексемаға  қатысты көңіл аударатын бір нәрсе: бұл екі сөз ауыз әдебиеті үлгілерінің де, ақын-жырау шығармаларының да ешқайсынан кездеспейді. Мысалы. Тек Абайдан былай ғарай ғана ұшырасады: өзгелер басын изейді, әрине деп, мақұлдап;

7) тілек (қалау), ниет, пиғыл мәнді модалдық мағына. Модальдық мағынаны бұл түрі қазақ тілінде –са,-се екен, -са,-се дейім», «деймін» аналитикалық құрамасы арқылы білдіріледі. Мысалы: Мына жақта кедей Қамбар деген адам бар, сіз оны шақыртып алсаңыз екен.

8)Қазақ тілінде модальдық мағынаны сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабар жөніндегі күдік күмәнімен байланысты да түрі бар. Тілімізде мұндай модальдық мағынаны әдетте –ар ма екен, -са неғылсын, кім біледі, сияқты аналитикалық конструкциялар білдіреді. м/ы Қазақтың жайын жақсырақ білеміз десек мақтанған болар ма екенбіз.

Қазақ тілінде кейде екі модаль сөз қатарласа қолданылады. Мысалы Абылай мүмкін білем осы болар: Жаңа келген қонақтың құрметіне ішу керек шығар. Алдыңғы сөйлемдегі білем мен мүмкін, келесі сөйлемдегі керек пен шығар сөздері сондай қатарлар. Бұл сияқты модальдық қатарлар әдетте көркем әдебиет стиліне сыйымды, сөйлем модальдылығы мұндайда қатардың соңғы бөлігіне ауысады.

  Әдеби тіліміздегі дағдылы –ды білем, -а тын(-е –тін) шығар модальдық констукциялары түрікменстан қазақтарының тілінде - -ар, -ер білем , -а-м(-е-м) шығар формасында қолданылады: Мынаның келесі жаман, сірә, маған бірдеме жасар білем.

Қазақ әдеби тіліндегі сондай-ақ мүмкін, ықтимал, кәдік модаль сөздерінің орнына түркіменстан қазақтарының тілінде болжал мағынасында шек лексемасы қолданылады, мысалы : Соған қарағанда таныс досы болуы шек.

№39-Адъективтену амалы.

Адъективтену –басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс. Қазақ тілінде сын есімнің өз алдына дербес грамматикалық  топ болып қалыптасуына адъективтену процесінің атқарған рөлі зор. Себебі, негізгі сын есімдердің барлығы о баста басқа сөз таптарынан ауысып атрибутивтік мәнде қалыптасқан сөздер болып табылады. Қазақ тіліндегі сын есімдер тобындағы ауру, жамау, жүдеу, кебу, тебеген, басқа, ұшқалақ,өзге сөздер есім мен етістік тобындағы сөздерден ауысып, сын есімдерге айналады. Қазіргі қазақ тілінде ақ, қара, көк,бай,жарық,тең сын есімдері атрибутивтік мәнде орнығуы осы синтаксистік қолданыс нәтижесі.Қызыл,жасыл,сары,ұзын,жүдеу,үлкен,кішісын есімге етістікке ауысқан.Сын есімдердің мағынасы мен грамматикалық ерекшелігіне қарай түпкілікті және уақытша адъективтенген болып бөлінеді. Алаңғасар, тас бауыр, көнетоз, төртпақ, ұр да жық с.е-дер деформаланған, идиомаланған. Құрамына қарай жалаң және күрделіболып бөлінеді.Жалаң – бір сөзден тұратын лексемалар. Қашаған, сүзеген, ақсақ, қызу.Күрделі – екі компонент немесе оданда көп сыңардан тұратын сын есімдер.Ұр да жық, желаяқ, жатыпішер.. Осымен байланысты күрделі адъективтер біріккен, күрделі, фразеологиялық тіркес болып келеді.Шығу тегіне қарай есім негізді, етістік негізді, немесе аралас түрдегі адъектив болып бөлінеді.Сөз таптарынің ішінде адъективтену процесіне зат есімдер мен етістік анағұрлым бейім.   Етістік тұлғаларының адъективтенуі.Түбір етістіктерге қарағанда, оның тұлғалары адъективтену процесіне жиі ұшырайды. Адъективтенген қимыл есімдері: ұшқыр, тапқыр,білгір, үшкір. Есімдерінің формаларының адъективтенуі: қиылған(қас), қашаған, жаңғалақ, ұшқалақ, сасқалақ.

№40-Модаль сөздер     

 Модаль сөздер тілдегі модальдылық және предикаттылық құбылыспен тығыз байланысты. Предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен жалпы ара қатынастылығын білдіреді. Ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдық қатынас болып табылады. Предикаттылықтың қандай бір формасы болмасын, бәрі тікелей тілмен, ал модальдылықтың  түрлі формалары сөйлеумен байланысты. Модальдылыққа әдетте сөйлемнің негізгі тұрақты белгілерінің ішінен ойдың тиянақтылығын белгілейті интонация, яғни хабардың айтылу ырғағы, сөйлеушінің тағы басқа модальдық қатынасы тиесілі. Предикаттылық келетін болсақ, ол сөйлесу единицаларының грамматикалық жақтан ұйымдасуын қамтамасыз етеді. Модальдылық дегеніміз айтылған сөз бен болмыс арасындағы қатынас түрлерін және хабарлардың әр түрлі қабылдауын көрсететін семантикалық теория.    Модаль дегеніміз мөлшер, тәсіл, қосымша мән мағына. Сейілбек Исаев 80-90жж модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қарастырған. Ал Н.Оралбай модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қарастырмайды. Күшейітпелі үстеу бірге көмекші қатынаспен қосып олардың көмекші қызметін саралап модаль сөздерді «аналитикалық ф-ң құрамында модаль категориялық көрсеткіші болғандықтан» оларды сөз табы қатарына қоспайды. Алмагүл Алтайқызы модаль сөздерді көмекші етістік функциясы түрінде қарастырған. «Көмекші сөздердің семантикасы» деген еңбегінде.Сөйлемде айтылған ойға байланысты объективті және субъективті болып екіге бөлінеді. Объективті –сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа ақиқат көрінісі, рай категориясымен берілген, тілдің сөз өзгертім форманттарына жақын.Ол жақта қыс ерте түседі.Субъективті –ол хабарға деген сөйлеушінің қатынасының көрісі, көмекші сөздер арқылы білдіреді. Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты. Модаль сөздер түркі тілдерінің бірқатарында негізінен көмекші сөздер тобына кіреді. Модаль сөздер әдетте модальдылықты білдіретін фонологиялық(етістік райлары және олардың аналитикалық формалары), синтаксистік(әр түрлі сөйлем типтері)сияқты барлық амал тәсілдермен тығыз байланыста жұмсалады. Модаль сөздер, басқа барлық көмекші сөз таптары сияқты, ұзақ уақытқы лексика грамматикалық даму процесінде дербес сөз таптарына дараланып шықты. Бұған мысалы білем, кім біледі, әлпеті сияғы. Модаль сөздер сондай ақ заттық мәнін және диалогта предикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады. Модаль сөз тіркестері де сол модаль сөздердің жасалу жолымен пайда болды. Көмекші сөздерді зерттеу өз алдына толық мағыналы дербес сөздердің грамматикалану проблемасымен тығыз байланысты.Олай деуіміздің мәнісі: флективті де, жалғамалы да тілдерде аналитизмнің дамуы мен синтаксистің жетіліп шындалуы көмекші сөздердің әр түрлі топтарын үнемі байытып отырады және біртіндеп даралай түседі. Тек өзінің заттық мәнінен ажырап барып модальдық семантикаға ие болған сөздер ғана грамматикалық мағына білдірудің арнайы лексикалық құралы бола алады. Модаль сөздер сөз табы ретінде міне осында сөздерден ғана құралады. Модаль сөздердің семантикасында номинативтік мағына және соншалықты бір көрінеу тұрған ап анық, яғни «сезімді лексикалылық» болмайды. Модаль сөздердің айрықша бір синтаксистік ерекшелігіолар диалогта келгенде жеке лексема күйінің өзінде сырт формасы және айтылу интонациясы жағынан өз алдына тұтас бір тиянақты сөйлем қызметін атқарып тұрады. Модальды сөздер, басқа көмекші сөз таптары сияқты, толық мағыналы дербес сөз таптарының ұзақ замандарғы лексика грамматикалық даму процесінде өзінің бастапқы мән мағынасынан оқшаулана, ақыры біржола ажырап, солардан келіп шыққан. Модаль сөздер лексика-семантикалық мағынасына қарай 8 топқа бөлінеді.1)болжал мәнді –сияқты, сыңайлы, қисыны, кәдік, болар,-қан (ген), білем, нэяты, ұқсайды(ұсайд), әлпетті . Мыс:Түрлері бұзық. Бірдеңе пәле іздеп келген әлпетті.2) міндеттілік–керек, қажет, тиіс,лазым, болу керек сөздердің қатысуымен жасалатын –у керек, -у қажет, -мақ керек. Мыс: Ендігі шара қатал сөгіс болу керек. 3)біреудің сөзі дерек негізінде айтылатын сөздер –көрінеді, екен. Мыс: Тайынан таңдап мінген Құбақанын Жаратып қойған екен үйдегілер.4) қостау,растау – рас, расында, шынында анығыда. Мыс: Арғысын бірақ Алла біледі рас. 5)қалау, тілек – -са,(се) екен, -са(се) дейім, деймін ана-қ фор-т. Мыс: Сорлы баланың ит салпақта жүргенін көрмей өлсем екен.6) Күдік, күман - -ра ма екен, -са неғылсын, кім біледі. Мыс:Қазақтың жайын жақсырақ білеміз десек,мақтанған боларма екенбіз.7) айтылған ақиқаттылқта нақтылайтын –«де» деп айтады, деп естиді.Мыс: Әсіресе жандарал кеңсесі ашулы дейді. 8)нық сенімділікті білдіретін –әрине, әлбетте, әлбеттемен. Мыс: Әрине мен ел кетті, қоқиланды, мақтанды.Қазақ тіліндегі модаль сөздердің қолданылуындағы басты бір ерекшелік: олардың көпшілігі бүгінде әр түрлі модальдық мағынада жұмсалғанымен, өздерінің әуелгі тура мәнінен әлі толық ажырамаған. Мысалы Сынды:Мерейі асқан өренім, Кебек сынды таққа бер. (Әуезов)  Ләзім:Сіздің де естіп білуініз ләзім (Әуезов) Нәті: Кейбір нәті жұмсақ бастықтардың бір екі сағатқа босатыны да бар. Реуішті: Мынау адамның басы реуішті нәрсе екен.Синтаксистік сипатына байланысты 3 топқа бөлінеді: 1)Сөйлемде тек синтаксистік қыстырам мүше қызметінде қолданылатын м.с –әлпеті, тәрізі, зады, сиқы, бәлки, зайыры, сиқы,туасы әлбетте, бәлкім, туасы, шынында, шындығында, расы, жобасы.Мыс:Туасы, заманды құратын адам. 2)Баяндауыштың шылауында көмекші мүше қызметінде жұмсалатын м.сөздер - -у керек, -уы, (-уі) керек, -ар-ға керек,  -са (-се) керек, дейді, деседі, -ған(-ген) білем, -ар(-ер) білем, -у-ға (-у-ге)тиіс. Мыс: Тек ауыз бірлік қылсақ деймин.3)Екі жағдайдада қолданылатын м.с  -  -уы (-уі) мүмкін. Мыс:Мүмкін,олар үйде жоқ.

№41Келер шақ ,түрлері, жасалуы

С. М. Исаев: «Қазақ тілі» Алматы 1993ж. Келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Кедер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ ж-е ауыспалы осы шақ болып 3-ке бөлінеді. Болжалды келер шақ- қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар, -ер, -р, болымсыз етісіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мыс: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың.

Мақсатты келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мыс: Мен ауылға бар-мақ-пын. Сіз ерте кет-пек-сіз.

Ауыспалы келер шақ ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мыс: Ол нағашысының қолында тұрады.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 1991ж Келер шақ категориясына амал-әрекеттің алдағы уақытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны-айпайтыны я асырылатыны – асырылмайтыны туралы түсінік беретін етістік формалары жатады. Келер шақ формалары мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай, жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ және мақсатты келер шақ деп 3 топқа бөлінеді.

Жалпы (анық ) келер шақ- амалдың алдағы уақытта шүбәсіз, анық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ  формасының жұрнағы (-а, -е, -й) қосылу арқылы жасалады.

Болжалды келер шақ- формасы алдағы уақытта істелетін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті,  екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының –ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерінен жасала береді.

Мақсатты (арнаулы)  келер шақ – формасы амал-әрекеттің алдағы уақытты шүбәсіз, күдіксізжүзеге асатынын көрсетеді.

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы 2007ж. Келер шақ-сөйлеушінің хабаралауынан кейін болатын қимыл-әрекетті білдіреді. Осы келер шақта қолданылған етістіктер қимылдың жасалуын нақ білдірсе (келеді), басқалары қимылдың жасалуын дүдәмал білдірген. Бұл келер шақтағы етістіктердің мағынасында айырма болатынын байқатады. Осымен байланысты келер шақтың бірнеше түрі бар, олар: ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ.

Қазақ тіл білімінің кейбір мәселелері Ы. Маманов Алматы 2007ж. Келер шақ- сөйлеу кезінене кейін болатын істі, қимылды білдіретін етістік формасы. Қазіргі қазақ тілінде келер шақ формалары 3-ке бөлінеді. Ауыспалы келер шақ; болжалды келер шақ; Ниет келер шақ: Ниет келер шақ- етістік негіздеріне –мақ, - мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -мақшы, -мекші, -бақшы, -бекші, -пақшы, -пекші жұрнақтары, сонан соң жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Мұнды есімше жұрнақтары ниет келер шақтың грамматикалық көрсеткіш қызметін атқарады.

Қазақ Грамматикасы Келер шақ- қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Келер шақтың түрлері: мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ 3-ке бөлінеді: болжалдық келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.

№42     Үстеу, мағыналық топтары

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы 2007ж. Үстеу - түрлі-түрлі мағынада қолданылатын сөз табы. Өйткені ол қимылды әр тұрғыда сипаттайды, оған қимылдың жасалған орны, жасалған мезгілі, қимылдың жасауының алуан түрлі сапасы, қимылдың жасалу мақсаты, себебі сияқты түрлі мағыналар кіреді. Сондықтан да үстеу көп мағыналы сөз табы болып саналады. Осымен байланысты үстеу сөздер мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар. Мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, мақсат, себеп-салдар, топтау, күшейту үстеулері.

Мезгіл үстеулері - қимыл атаулының шындық өмірде жасалуы белгілі бір мезгілге қатысты болады. Үстеудің қимылдың мезгілін білдіретін бір топ сөздері бар: кеше, бүгін, ертең, былтыр, биыл, түнімен, күнімен, түнде, енді, әуелі, жаңа т.б.

Мезгіл үстеулері қимылдың жасалу мезгілін дәлме-дәл де, шамамен де, белгілі уақыт арасында да, әр түрлі мезгілді де бере алады. Мыс: Раушанмен оқта-текте сырласпайлы, мұңдаспайды. Сонымен қимылдың, амалдың жалпы мезгілін, дәл мезгілін білдіретін үстеудің түрі мезгіл үстеуі деп аталады. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді.  Мекен үстеулері- бұл үстеу түрі қимылдың не әрекеттің орнын білдіреді: жоғары, төмен, жолшыбай, әрі, бері, ілгері, алда, артта т.б. Шындық өмірді қимыл белгілі бір орында, мекенде жасалуына байланысты сөйлеуші қимылдың орнын мекен үстеу арқылы береді. Ол қайда? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері – қимылдың мөлшерін білдіреді: әрең, жете, қирай, сонша, мұнша, онша, соншалық, мұншалық, осыншалық, қыруар, едәуір, осынша т.б.Ол, қанша? Қаншалық? Қаншама? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын-бейне үстеулері- қимылдың қалай жасалғанын суреттеп көрсету: азар, дереу, осылай, ойша, бірден, бірге, жылдам, біртіндеп, ескерте, қазақша, ауызша, өзінше, әлінше, көзімше, біржола, қолма-қол, бетпе-бет, шалқасынан, етпетінен, қаннен қаперсіз т.б. Ол қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді.Мақсат үстеулері - қимылдың қандай мақсатпен жасалғанын білдіреді: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, жори. Қимылдың жасалу мақсатты түрлілігі сөйлемде анық байқалады. Ол, неге? Не үшін? Деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеулері - қимылдың себебін білдіреді: босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, тектен-текке, аққұла, лажсыздан. Ол, неліктен? Не себептен? Деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулері - қимылды жасаушылардың топ-топ болып жасайтынын білдіреді: екеулеп, ондап, жүздеп, он-ондап, миллиондап т.б. ол нешеден? Қаншадан? Нешеуден? Қалай-қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Күшейту үстеулері - қимылды те күшейтіп я өте солғындатып көрсетеді, олар саны жағынан тым аз: мейлінше, әбден, ылғи, кілең, өңкей, сәл, мұншалық, барынша т.б. Қимылдың сапасын я өте күшейтіп, я өте шегіне жеткізе төмендетіп көрсететін үстеудің түрі күшейткіш үстеу деп аталады.

Қазақ Грамматикасы  Үстеудің семантикалық топтары.Үстеудің сөз табы ретінде басты белгісі- оның семантикалық сипаты болып табылады. Соған сәйкес сөйлемде белгілі қызмет атқарады, ол-пысықтауыш және етістікпен тіркесіп жұмсалады, ал морфологиялық жағынан түрленбейді. Ол қимыл, іс-әрекетті әр түрлі мекендік, мөлшерлік, сындық сипаттары мен мақсат, себептерін білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, олар мына семантикалық топтарға бөлінеді.: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл (бейне), күшейтпелі, мақсат, сееп-салдар, топтау үстеулері деп бөлінеді.

№44-Қимыл есімі.

 (Н.Оралбай «Қазақ тілінің морфологиясы Етістіктің бұл түрі ғылымда әр түрлі аталып келді. Алғаш ол тұйық рай деп аталып, ол термин бірсыпыра уақыт қолданылды. Бірақ тұйық етістіктің рай көрсеткіштерімен түрленбейтіні ескеріліп, ол тұйық етістік аталатын болды. 1960 жылдарда етістіктің бұл түрін зерттеген Қ.Неталиева оны қимыл есімі деп атады. Ғалым бұл етістіктердің түрленуін негізге алған.

Қимыл атауы етістіктер қимылдың атын ғана білдіріп, қимылдың әрекеті, жасалуы туралы ешбір мәлімет білдірмейтіндіктен, оның рай, шақ, модальдық мағынаға қатысы жоқ. Сондықтан қимыл атауы рай, шақ, модальдық категориялардың көрсеткіштерін, жіктік жалғауын қабылдамайды, олармен түрленбейді. Сондай-ақ, қимыл атау есімше, көсемше, жұрнақтарын да қабылдамайды. Бұл қимыл атауларының етістіктің түрлену жүйесімен түрленбейтінін дәлелдейді.

Қимыл атауы етістіктері, зат есім сөздердің заттың атын білдіруі сияқты қимылдың атын білдіретін сөздер болғандықтан, олардың атау сөздер ретінде зат есімдерге ұқсастығы нәтижесінде қимыл атаулары зат есім парадигмалары бойынша түрленеді. Мысалы, Ол жылағанды, жаншылғанды ойлаумен өмір кешкен (М.Ә). Шегір көз, жұқалтаң сары доцент ағасының жүдеуі оны қатты ойландырды (М.Б). Бұл мысалдардағы ойлаумен, жүдеуі деген қимыл атаулары септік тәуелдік парадигмалары бойынша түрленген. Бұл етістікке тән құбылыс емес, ол – осы қимыл атауы етістіктерінің ерекшелігі.

Осы ерекшелігі арқылы қимыл атаулары етістіктің барлық түрінен, барлық категорияларынан өзгеше түрі болып саналады. Қимыл есімдерінің осы ерекшелігімен байланысты олардан зат есімге көшкен бірсыпыра сөздер де бар. Мысалы, жамау, бояу, көсеу, жабу, қабу.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», Қимыл атауы істің я әрекеттің нақтылы процесін білдірмей, тек оның атауы ретінде қызмет ететіндіктен, онда шақтық ұғым болмайды. Қимыл атауы семантикасы жағынан да, түрленуі жағынан да етістіктен гөрі зат есімге жақын. Сол себептен қимыл атауына, қолданылу ыңғайына қарай, есімдерге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғана береді, бірақ оған еш уақытта жіктік жалғауының қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: сендердің бүгін келулерің қажет, мына киноны көрулеріңізге болады.

Қимыл атауына –лы, -сыз, -лық, -шылық, -ыш, -дай тәрізді елгезек жұрнақтар қосылып, туынды есімдер жасала береді. Мысалы: жазушы, байлаулы, айтушы, естуші, жалғаулық, орауыш, айтудай-ақ айтты т.б.

Етістік негізінен –у жұрнағы арқылы туған кейбір формалар қимыл атауы ретінде жұмсауларымен қатар, субстантивтеніп, адьективтеніп зат я сын есімдер қатарына көшкен. Бұл құбылыс – қимыл атауының есімге жақындығының айғағы. Мысалы, бұрау, жамау, құрау, көсеу.. Қимыл атауы, сөйлеу талабына лайық тиісті жұрнақтар мен жалғаулар қосылып түрленуіне орй өзге де негізгі және көмекші сөздерментіркесуіне қарай, сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене береді.

Тұйық етістік есім сөздерше түрленгенімен, ол өзінің етістік мағынасын сақтайды, яғни әртүрлі қимылдық қатыстарды білдіреді.

Тұйық етістік тұлғасындағы кейбір сөздер әрі етістік, әрі зат есім ұғымын білдіретін омоним сөздер болып қалыптасады.

Зат есімге айналған тұйық етістік тұлғалы сөздер сөздік мағынасы жағынан мынадай топтарға бөлінеді.

(Ы.Маманов «Қазақ тіл білімінің мәселелері»

Үй бұйымдары және құрал-сайман аттары: жабу, жасау, егеу, сабау, тіреу, бояу, көсеу...

Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, күзеу, бастау, асу..

Дерексіз ұғым білдіретін зат есімдер: тілеу, оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау..

Грамматикалық терминдерді білдіретін зат есімдер: үстеу, қалау рай..

Тұйық етістік тұлғасының омоним болып зат есімге айналғандарын, біріншіден, сөйлем ішінде контекске байланысты ажыратуға болады. Екіншіден, зат есімге айналған түріне етістіктің болымсыз формасын тудырушы –ма қосымшасы жалғанбайды.

 Қазақ грамматикасы .Қимыл есімнің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір түбір не туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы болады екен. Мысалы: бар-бару, барыс, бармақ.

Түбір не туынды түбір етістікке қимыл есімдерінің жұрнағы жалғанғанда қимылдың атауы ретінде қолданылғанымен салт және сабақтылық мағынасы толық сақталады. Сондықтан түбір етістік пен туынды түбір етістіктің септік формадағы сөзді меңгеруі қимыл есіміне айналғанда да сол қаопын сақтайды. Мысалы: далаға бар- далаға бару.

Қимыл есім мен ортақ етіс формасының өзгешеліктері:

Ортақ етістің грамматикалық мағынасы әрқашан іс иесі екі не одан да көп екенін білдіреді. Ал қимыл есімінде іс несінің санына қатысты мағына болмайды.

Ортақ етіс формасы рай, көсемше, есімше, формасында қолданылады: айтысса, айтысады. Қимыл есімі тек есімдерше тәуелденіп, септесіп қолданылады: Асан келісімен сабаққа отырды.

Ортақ етіс формасында қолданылып тұрған сөзді –у қосымшалы қимыл есімімен ауытыруға болмайды. Ал қимыл есімдерінің жұрнағы өзара ауыса береді. Мысалы: күннің батысы – күннің батуы

Ортақ етіс формасында қимыл есімінің –у, -мақ жұрнағы жалғана береді, ал –ыс жұрнақты қимыл есіміне бұл жұрнақтар үстемеленіп жалғанбайды. Мысалы: танысу, таныспақ, айтысу, айтыспақ дегенде ортақ етістер қимыл есіміне айналып тұрса, қоныс, өріс, батыс сөздерін олайша айта алмаймыз.

№45- Зат есімнің көптік категориясы,берілу жолдары

Исаев: Қазақ тіл білімінде сан мөлшер категориясы көбінесе көптік ұғыммен байланысты қаралып келеді. Қазақ тілінің грамматикаларында сан мөлшер категориясы деген терминнің болмай,грамматикалық тұлға ретінде көптік жалғау,көптік категориясы деген терминдердің қолданылуы да осының дәлелі болса керек. Тілімізде көптік категориясы да,көптік жалғау категориясы да бар.Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі:лексикалық,морфологиялық,синтетикалық тәсілдер арқылы.Көптік ұғым мен оған қарама қайшы жекелік я даралық ұғымның болуы жалпы зат атаулыға тән қасиет.Міне,осы көптік және жекелік ұғымдардың арақатынасынан және сол ұғымның белгілі морфологиялық тұлғалар арқылы берілуінен сан мөлшер категориясы туады.Көптік ұғымды білдірудің тәсілдері әр түрлі.Көптік ұғаымның бірден бір грамматикалық көрсеткіші көптік жалғау.Бірақ көптік ұғым тек көптік жалғау арқылы ғана берілмейді.Көптік ұғымның берілу тәсілдері:

Көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі деп отырғанымыз  зат есімнің жекеше көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай,сөздің өз ішкі лексикалық мағынасына байланысты болып келуі.Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі.Сан есімдер,сандық мәні бар сөздер,қайталама қос сөздер т.б. зат атауының алдынан келіп,оны анықтап тұрса,ол зат біреу емес бірнешек екенін түсінеміз.Әдетте ондайда зат атауын білдіретін сөз көптік жалғауынсыз қолданылады:талай жыл өтті,көп адам жиналды,мая мая шөп иген.

Көптік жалғаудың бірден бір грамматикалық көрсеткіші лар,лер,дар,дер,тар,тер.Бұлар бөлек бөлек жалғаулар емес,өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына байланысты түрленетін бір жалғаудың нұсқалары.Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы заттың көптігін білдіру.

Қазақ грамматикасы: Нақтылы лексикалық мағынасына орай  зат есім сөйлем ішінде не жекеше не көпше түрде қолданылады.Зат есімдерді жекше,көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі оларға көптік жалғауының жалғануы.Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы негізінен алғанда,көптік жалғауының қызметіне байланысты.Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса,өзінің бастапқы дексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде мынадай мағыналарға ие болады:Нәрсенің өз алдына дербес дербес санап көрсетуге болатын бөлшектерден тұратындығын көрсетеді:өзендер,ыдыстар.

Көптік жалғауы өзі жалғанған зат есімдерге молшылық,қисапсыз көптік секілді мағыналарды үстей алады:сулар,үгінділер.

Зат есімге көптік жалғауы жалғанғанда бұдан кейін пайда болатын басты бір мағыналық реңк белгілі бір адамдардың тобын,жиынтығын білдіру:жастар.

Туыстық жақындықты білдіретін зат есімдердің тәуелденген түріне жалғанған кезде көптік жалғауы  біреудің есімін сый тұтуды,құрмет тұтуды білдіреді:апамдар,әжелер.

Көптік жалғауы мезгіл мөлшеріне байланысты айтылатын кейбір зат есімдерге жалғанған кезде сөзге тұспал,шамалау мағынасын үстейді:қыстың ортасында қыстың орталарында.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»  : Көптік категориясы тым жалпы ұғым да,ал көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым.Көптік категориясының берілу жолдары:

Сөз атаулының қайсысы болса да,жалпыланған,жинақталған ұғымды білдіреді және де ешқандай қосымшасыз тұрып,тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар:су,сүт,орыс,тұз,ақыл,қуаныш.Міне,көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіріу лексикалық тәсіл деп аталады.

Синтаксистік тәсілде сан есімдер(реттік,болжалдықтан басқалары) сондайақ,көп,аз,әлденеше,бірнеше тәрізді сөздер зат есімдерден бұрын анықтауыш болып тұрып,ешқандай да қосымшасыз көптік ұғымды білдіреді:бес кісі,ондаған студент,қыруар мал.

Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі  сөздер болғандықтан,олардың көптік ұғымды білдіруін лексика семантикалық тәсіл деп атауға болады.

Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл  деп аталады.

А.Байтұрсынов «Көптік жалғау»: Жалғау екі түрлі: септік жалғау және көптік жалғау.

Көптік жалғаулар нәрсенің жеке емес,көп күйдегі есімін көрсетеді.Көптік жалғау біреу-ақ: -лар. «-лар» жалғау жіңішке сөзде « –лер» болады.Сөздің аяқ дыбысы дауыссыз,,яки жарты дауысты болса, -лар жалғау -дар болып,лер жалғау -дер болып өзгереді.

№46- Көмекші есімдер,мағыналық топтары

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып,бірде солғындап,өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай,синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше ретінде ,кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып,морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.Көмекші есімдер сан жағынан көп емес,оларға алды,арты,үсті,жаны,қасы,маңы,асты,төбесі,

тұсы,маңы, сияқты сөздер жатады.Бірақ, сан жағынан аз болғанымен,бұл сөздердің қолданылу өрісінің кең болуы да,атқаратын қызметтерінің мол болуы да олардың тілімізде алатын орындарының ерекшеліктерімен байланысты.Бұл сөздердің бойында зат есімдерге тән семантикалық дербестік те,морфологиялық жағынан дәл сол зат есімдердей түрлену қабілеті де толық сақталады.Көмекші есімдердің негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбінесе көлемдік,мезгілдік  қатынастарды  білдіреді.Осындай семантикалық ерекшеліктеріне орай,көмекші есімдер көбінесе көлемдік және мезгілдік мағыналарды білдіретін барыс,жатыс,шығыс,көмектес септік формаларында қолданылады.Бұдан,әрине,көмекші есімдер атау,ілік,табыс септік формаларында жұмсалмайды екен деген қорытынды шқпасқа тиіс,ө»ткені олар ретіне қарай қажетті болған жағдайда,бұл грамматикалық септік жалғаулардың формаларында да қолданыла береді.  Көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын,мекен жайларына байланысты демек,белгілі бір заттың не нәрсенің,заттық құбылыстың,не уақиғаның алды я арты,асты я үсті,басы я ұшы тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсіз.

Ескерту:

1.Көмекші есім қайталанып та қолданылады,бірақ ондайда қайталану арқылы туған жаңа форма үстеу сөзге айналады да,дербес мүше болады: Зеңбірек снарядтары суға үсті үстіне түсті.

2.Көмекші есімдердің кейбір лексикаланып та,идиомаланып та кеткен тіркестері кездеседі:Мал кешкі өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер еленбейтін кезде аттанып кеткен.

Қазақ грамматикасы:

Көмекші есім дегеніміз зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы.Жеке алып қарағанда,олар  морфологиялық тұрғыдан зат есімдердің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер.Көмекшілік қызметте жұмсалған кезде бұл сөздер тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрып тәуелдеулі септеудің үлгісімен септеледі.Көмекші есімдерге тән кеңістік мәнінің мейлінше айқындала,саралана түсуі олардың кеңістік қатынасты білдіретін барыс,жатыс,шығыс септіктерінде жұмсалуымен өзектес:Есіктің алдына келіп тоқтады.Есіктің алдынан шыға келді.Көмекші есімдер өзінің алдында тұрған ілік жалғаулы сөзбен әбден жымдасып,сонымен біртұтас семантикалық бірлік түзеді.Сөйтіп,өзінің бастапқы лексикалық дербестігін жоғалтып,көмекші сөздердің өзге түрлері сияқты бейне бір граммикалық элементке айнала бастайды.Тәуелдік жалғауында тұратындықтан көмекші есімдер әлбетте ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысып,сонымен бір тіркесім құрайды.

№ 47 сұрақ - Нөлдік форма«Қазақ грамматикасы» бойынша:

  Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі белгілі грамматикалық мағына білдіруді нөлдік тұлға тұлға деп атауға болады, өйткені арнайы көрсеткіші, формалық тұлғасы болғанымен, сыртқы түрі түбірмен сәйкес келсе де, онда түбір білідретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық мағына болады. Осы айтылғандар түсініктірек болу үшін мына сөйлемге назар аударып,талдап көрейік. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Мысалдардағы баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен тұрып, сөздің әрбір тұлғасы ойға лайық жеке-жеке грамматикалық мағына білдіріп тұр: бар-ды-м, сал-ды-м, шық-ты, тыңда. Осындағы түбір тұлғалар қимылды білдіріп, одан кейінгі –ды,-ті морфемалары сол қимылдың айтып тұрған сәтке байланысты болу мезгілін, шақтық мағынаны, яғни осы қимылдың айтып тұрған кезден бұрын болғандығын білдіріп тұр. Алғашқы екі сөздегі –м (барды-м, айғай салды-м) тұлғасы қимылдың иесін, яғни сол қимылды орындаушы (субъект)кім екенін және қимыл иесі кез келген біреу емес, бірінші, яғни айтушы жақтың өзі (мен) екенін көрсетіп тұр. Ал үшінші сөзде грамматикалық тұлға жоқ (шықты), соған қарап бұл сөз қимыл иесін білдірмейді екен деп ойлауға болмайды. Осы сөздің формасы арқылы қимылды (шығуды) іске асырушы субъектіні біле аламыз, ол субъект үшінші, бөгде жақ (жаңғырық). Сонда қимыл иесін мегзеп, үшінші жақты білдіріп тұрған мағына нөлдік тұлға арқылы берілген.

 Тілімізде осындай арнайы белгілі грамматикалық мағынасы бар, бірақ арнайы көрсеткішсіз тұлғада жұмсалатын ерекше форма 3-жақ жіктік жалғауы ғана емес, басқа да грамматикалық   түрлену жүйесінен кездеседі. Мысалы: Мәскеу бардым, не көрдім (Жамбыл). Кел, балалар, оқылық (Алтынсарин). Ғылым таппай мақтанба (Абай). Осы сөйлемдердегі сөздердің формасы мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік: Мәскеу осы сөйлемде ешбір грамматикалық формасыз қолданылған, бірақ соған қарамастан қимылдың бағытын білдіріп, барыс септіктің мағынасын беріп тұр. Ғылым сөзі ешбір көрсеткішсіз тура объект болып, табыс септік мағынасын білдіріп тұр.

 Нөлдік тұлға өзінше грамматикалық форма бола алатынын тіл зерттеуші ғалымдар атап көрсеткен болатын. Бірақ нөлдік тұлғаға нелер жатады дегенде, ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды.

 Міне, осы ыңғайда нөлдік форма мен грамматикалық форманың арақатынасын ашып алған жөн. Рас, қазақ тілінде де, басқа да түркі тілінде де негізгі сөз таптарына жататын сөздер ешбір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түбір күйінде тұрып белгілі лексикалық мағынаны білдіреді, міне, соның нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға ие болады. Сол лексикалық мағынасы негізінен қалыптасқан жалпы грамматикалық мағынасы жағынан қарасақ, бұл сөздерде ортақ белгі бар: ол – зат атауын білдіру. Сондықтан да бұл сөздер  грамматикалық тұрғыдан бір топ – зат есім құрайды. Сондай-ақ қызыл,  үлкен, биік, жақсы т.б. сөздер заттың сын-сапасын білдіруі, он, екеу, жүз елу т.б. сөздер заттың санын білдіруі, кел, жүр, ойна, жүгір т.б.  сөздер қимылды білдіруі жағынан жеке-жеке грамматикалық топ құрайды. Сондықтан да кейбір еңбектерде айтылып жүрген «түбір сөздерде лексикалық мағына болады да, грамматикалық мағына болмайды» деген қағида шындыққа жанаспайды. Бірақ түбір сөзде грамматикалық мағынаның болуы оны нөлдік формада тұр деуге негіз болмайды, өйткені түбірдің тұлғасына тән ерекше қызметі, синтаксистік қарым-қатынасы бола бермейді және ол сөйлеу кезінде туатын форма емес, ал, «грамматикалық формалар – сөйлеу негізінде сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу бүтіндері»    (Маманов). Оның грамматикалық мағынасы да сөйлеу кезінде анықталады. Демеку, нөлдік форма болу үшін ол сөз сөйлемде белгілі бір тұрақты қызмет атқарып, басқа бір сөзбен қарым-қатынасқа түсуі, түбір білдіретін жалпы грамматикалық мағынадан басқа мағына білдіріп тұруы қажет. Мысалы: одан да шықты жаңғырық. Кел, балалар, оқылық деген сөйлемдерде шықты, кел деген сөздер қимылды білдіріп тұр. Бұндай мағына кез келген негізгі етістікте бола береді, яғни қимылды білдіру осы екі етістіктің шық, кел деген түбірлеріне ғана тән емес. Сонымен бірге осы мысалдағы шықты, кел  деген сөздерде осы топтағы басқа сөздерден ажыратылатын грамматикалық мағына бар: ол  - бірінші сөзде өткен шақтық (-ты) және 3-жақ жіктік, екінші сөзде 2-жақ жекеше, анайы, бұйрықтық мағына. Демек, етістік түбір мен нөлдік форма, етістіктің бір формасы мен басқа нөлдік форма бір емес. Кел деген мен сен мұнда кел деген, яғни жеке тұрғандағы етістік түбірі мен сол түбірдің бұйрық рай формасында сөйлемде қолданылуы бірдей емес.

 Кейбір гармматикалық тұлғалар бірде нөлдік форма ретінде формалдық жағынан ешбір морфологиялық көрсеткішсіз, бірде нөлдік форма болмай, арнайы морфологиялық көрсеткішері сөзге қосылып жарыса қолданыла береді. Оған ілік, барыс, табыс, шығыс септіктері мен тәуелдік жалғауын жатқызуға болады. Барыс, шығыс септіктерінің нөлдік тұлғалары сирек кездеседі: қала (ға) барды, ол бел (ден) асты. Кейбір тұрақты тіркес құрамында бұл септіктердің нөлдік тұлғалары кездеседі, бірақ онда грамматикалық мағына сақтала бермеген, сондықтан әуелгі тұлғасын салыстырмалы-тарихи  фактілер негізінде ғана айқындауға болады: бой (ға) жету, ер (ге) жету, ірбіт (ке) шабу т.б. ілік пен табыс септік формаларының түсіп қалуы жиі кездеседі.

 Нөлдік тұлға сырт қарағанда түбір тұлғамен сәйкес келгенмен, сөз түбірінің барлығы жеке-жеке грамматкиалық нөлдік форма бола алмайды, ол тек гармматикалық форма жасауға негіз болады. Грамматикалық формалар – сөйлеу кезінде сөздерді дәнекерлеп, оларға әртүрлі грамматикалық мән-мағына үстеп, бір-бірімен қатынасын көрсетіп тұратын, сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу элементтері. Сондықтан нөлдік тұлғаның мағыналық қолданылуы, атқаратын қызметі жағынан белгі  шеңбері болады.

Нөлдік форма – парадигмалық түрлену жүйесінің бір түрі болып табылатын, сондықтан сол түрлену жүйесінің синтаксистік сөз байланыстырушы қызметін толық атқаратын форма, бірақ осы мәндер мен қызметті тікелей көрсететін арнайы формасы жоқ тұлға және осы қасиеттері арқылы бір грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне қарама-қайшы, әрі онымен бірлікте болып,бір бүтін құрайды.

Нұржамал Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» бойынша:

Нөлдік қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі

  Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелер бар. Мысалы, атау септіктің, жіктік жалғау  парадигмасының 3-жағы, сондай-ақ бұйрық райдың жіктік жалғауының 2-жақ жекеше түрінің нақтылы қосымшалары жоқ. Бірақ қосымшалары жоқ болса да, сол қосымшаның жоқтығы олардың атау септік, 3-жақ, 2-жақ екенін білдіреді. Олар ешқашан асқа мағынамен шатастырылмайды. Жалпы тіл білімінде мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш бар деп саналады да, мағынаны көрсеткіштің жоқтығын байқататын нөлдік жалғау (нөлдік морфема, нөлдік жұрнақ) білдіреді деп санайды.

№49- Етістіктің аналитикалық формалары,мағынасы, құрылымы, зерттелуі

Аналитикалықформанттар.
Аналитизм – (гр.analysis
 – ыдырау) деген мағына береді. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін негізгі сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы: келе жатыр деген тіркесте негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз - келе етістігі, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ол көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, соларға тән қызмет атқарып тұр. Белгілі бір сөздердің тіркесінің сөз тіркесі емес, аналитикалық форма болу үшін, оның белгілі бір грамматикалық категориялардың мағынасын беруі керек.
Аналитикалық етістік я аналитикалық тұлға болу үшін, дейді А.Ысқақов,-
 біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Аналитикалық етістік кемі осындай 3 компоненттің тіркесуі арқылы жасалады.
Аналитикалық етістік грамматиканың семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі – көсемше жұрнағы мен көсемше етістік - мағына жағынан да, қызметі жағынан да дәйім бірлікте жұмсалады да бір ғана форма ретінде қызмет етеді. Бұл грамматикалық форма аналитикалық қосымша я аналитикалық формант деп аталады.
Аналитикалық форманттың І компонентінің есебінде көсемшенің
 й (а, е), ып, (іп, п) жұрнағы қызмет етеді де, екінші компоненті ретінде толымды көмекші етістік жұмсалады.
Әрбір аналитикалық форманттың өзіне тән мағынасы бар:


1.
 – п, ал – форманты негізгі етістікке жалғанғанда субъект өзге істі қол тұрып, я басқа іске көшпей тұрып, әрекетті әуелі өзі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән үстейді: көріп ал, жұлып ал, сыпырып ал, жуынып ал, сөйлесіп ал.
 а,е  ал форманты сол амалды жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін білдірерліктей реңк жасайды. Мысалы: үйден шыға алмадым, бітіре аласың ба?
2.
 – п бар – амалдың бірте-бірте я үдеуін, я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк үстейді. Мысалы: кетіп барады, тасып барады, бітіп барады т.б.
 й бар амалдың мақсатын не одан жол-жөнекей істелетін амалды білдіреді. Мысалы: ала бар, қарай бар, сұрай бар. 
3.
 – п бер амалдың бөгде адам үшін істелетінін көрсетеді. Мысалы: айтып бер, жазып бер, алып бер.

 й бер амалдың тоқтаусыз жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: жаза бер, ала бер,көре бер. 
4. -п кел -й кел
өсіп келеді қорыта кел
көркейіп келеді сөйлей кел
5. -п сал -й сал
айтып салды ала сал
шығарып салды жаза сал
6. -п кет -й кет
 
қалғып кетті қисая кет
үсіп кетті құлай кет
Толымсыз көмекші етістіктер де аналитикалық форманттар жасауға қатысады:
– ып еді (айтып еді) – са игі еді (айтса игі еді)
 
          қан еді (айтқан еді) – ушы еді (айтушы еді)

атын еді (айтатын еді) – а жатқан еді (бара жатқан еді)

ар еді (айтар еді)

Көмекші етістіктің қатысымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан: 
-ған екен (барған екен).

атын екен (баратын екен)

ады екен (барады екен)

са екен (барса екен)

ар ма екен (барар ма екен)

мақшы екен (бармақшы екен)

а жатыр екен (бара жатыр екен)

ып жатыр екен (барып жатыр екен) 

тұр, жүр, отыр – арқылы (сөйлеп тұр екен).
№50 - Сөз формалары және сөз таптарының формалану мүмкіндіктері

Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық, не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.

Сөздердің аналитикалық және синтетикалық формалары - сөз формаларының грамматикалық түрлері. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Көмекші сөз дербес лексикалық мағынасынан айрылып, сөз түрлендіруші аффикстерге ұқсас грамматикалық қызмет атқарады. Мысалы, бара жатыр, оқып кел, тым жақсы. Сөздің аналитикалық формасының компоненттері біртұтас лексикалық мағынаны білдіріп, сөйлемде бір ғана мүше болады. Қазақ тілінде аналитикалық форма, әсіресе, етістіктің рай, шақ категорияларына тән. Сөздің синтетикалық формалары аффрикстену және дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады. Қазақ тілі үшін аффикстену грамматикалық тәсіл ретінде жиі кездеседі, мысалы,жазу - жазушы - жазушылар; оқушы - окушыға - окушымен; төмен - төменірек. Сөздің синтетикалық формаларын жасайтын — сөз түрлендіруші және сөз формаларын тудырушы жалғаулар мен жұрнақтар. Мысалы, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары сөйлемде сөздерді түрлендіріп, бір бірімен байланыстырады.     

Сөз дегеніміз белгілі формалардың жүйесі. Ол ұғымға сол сөздің барлық формалары енеді. Ендеше кел, келші, келіңіз...дегендердің бәрін де бір сөздің әр түрлі формалары деп таныған мақұл. Өйткені тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын, сөзден сөз тудыратын демек, кейбіреулері жаңа сөз тудыратын, кейбіреулері  сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін(форма тудыратын) қосымшаардың қай қайсын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді я бір грамматикалық категорияны екінші бір грамматикалық категорияға көшіретін, я болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы категоряларды іштей бірінен біріне аударатын формалар ретінде қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларын маңызы мен қызметіне қарай үшке бөлеміз:

1)Сөз жалғастыратын формалар

2)Сөз түрлендіретін формалар

3)Сөз тудыратын формалар

Қазақ тілінднгі  сөздердің өзара қарым қатынасы тек қосымшалар арқылы ғана, яғни морфологиялық тәсіл арқылы ғана емес, синтаксистік тәсіл арқылы да беріледі. Синтаксистік тәсіл арқылы сөздерді бір бірімен байланыстырып, әр алуан грамматикалық мағыналармен қатар, дексика грамматикалық мағыналар жасауға болады.  Бірақ   бұл тәсіл арқылы туатын мағыналар да сөздердің қалай болса  солай, кездейсоқ түрде тіркес салуынан пайда болмайды, тілдің ішкі даму заңдылықтары лайық қалыптасқан жүйе-жүйе ережелері бойынша құрылуынан туады. Мысалы: ала бер, ала кел, ала кет, ала тұр. Ала жазда, ала қой сияқты тіркестерді және қуа түс, ала түс, оқи түс, көре түс, сөйлей түс деген тіркестерді алсақ, әрбір тіркестің  лексика грамматикалық мағыналары тіліміздегі дағдылы тіркестер арқылы туған. Сондай-ақ қызмет ет, қызмет еткен екен, қызмет етсе игі еді деген тіркестердің мағыналары мен қызметтері де жеке-жеке сөздердің жоғарыдан гөрі басқашалау бір жүйесі бойынша тіркесулерінен пайда болған. Осы сияқты көк ала, сұр ала, шұбар ала деген тіркестердің және аө көк, қара көк, қызыл көк тәрізді тіркестердің мағыналары мен қазметтері де олардың құрамындағы сөздердің белгілі жүйе бойынша құрылуынан туадыү Осы формалар тек грамматикалық я лексика грамматикалық мағыналардың және олардың қызметтерінің наөтылы тілдік жамылышы ретінде қызмет етеді. Ендеше осындай формаларды сөз формалары деп танимыз. Бірақ бұл соңғы формалар морфологиялық формалар емес, синтаксистік формалар. Солай болса, қазақ тілінде сөз формалары морфологиялық тәсіл арқылы да, синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Сөйтіп сөздің грамматикалық және лексикалыө жақтарының әр түрлі болып кетуі оның құрамының және байланысу-жалғасу түрлерінің өзгеруіне байланысты. Өйткені сөздің морфологиялық құрылымының түр-түрлері де, олардың өзге формаларымен немесе басқа сөздермен әр алуан жол арқылы тіркесулері де енеді.

Сөз формасы деп оның морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің. Синтаксистәк байланыс-жалғас тәсілдерінің һзара бір-бірінен ерекшекленіп бөлінерлікьтей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз. Соынмен, Сөз дегеніміз өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса даөмір сүретін және қызметі жағынан өзара сілбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып шығады.

Сөз формаларының түр-түрлерінің қызметтері де, мағыналары да, әрине бірдей болмады. Өйткені егерде бірдей болмайды. Өйткені егерде бірдей я пар-пар болса, олар жарыса өмір де сүрмеген болар еді. Мысалы, бірінің олқылығын бірі толтырып, бірі мен байланысып қызмет ететін морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы туатын сөз формаларының өызметтері мен мағыналары былай тұрсын. Тек синтетикалық тәсіл арөылы туатын сөз формаларында да олар өзара бірдей емес.

Сөз формалары- тарихи құбылыс. Демек, тілдің грамматикалық құрылысының даму, жетілу ерекшеліктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бірте өзгеріп не ауысып, я жаңадан өосылып немесе керсінше өолданудан шығып қалып отыруы –заңды нәрсе. Бүған түрік тілдеріндегі морфологиялық формалар бұрынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуынан туған дейтін пікірді айтса да жеткілікті.Мысалы қазіргі айтты, келді деген формалардағы өткен шақтың –ты,-ды көрсеткіші бұрын есім тідыратын форма болған, керсінше өазірге кезде етістіктен сын есім тудыратын аған, еген формасы бұрын есімшенің жұрнағы болған. Бұрынғы кездердегі неме ерсе деген тіркестен немесе формасы. Олай етпесе тіркесінен әйтпесе формасы, солай етіп дегеннен сөйтіп формасы пайда болды. Алдынғы айтты, қабаған деген мысалдар морфологиялық формалардың өзара сараланып ауысқандықтарын дәлелдесе , соңғы мысалдар    жай сөз тіркестерінің келе бір сөзге айналғандығын көрсетеді.

№51- Септік жалғаулары, грамматикалық мағынасы

Оралбай"Қаз.қаз морф":Септік категориясы зат есім сөздерді сөйлемдегі басқа сөздермен байл.у қызметін атқаратын категория.Септік категориясы жеті септіктен тұрады.Және олардың өзіне тән мағыналары бар. Атау септік сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрған күйі.Ілік с иелік,меншікті білдіру. Сондай ақ басқа да сөздермен байланықа түседі: туыстық,жақындық қарым қатыста қолд.(досының қарындасы),бүтіннің бөлшегі(ағаштың бұтағы), заттың сандық қатысы(қонақтардың бесеуі), заттың сапасына қатысы(жігіттің әдемісі), заттың ерекше қаситі(сұлудың сұлуы). Барыс с заттың,қимылдың кімге, неге қайда бағытталғанын яғни бағытын(мектепке), қимылдың аяқталар жерін,мекенін(үйге келді),мезгілін(екі айға созылды)білд.Табыс с қимылға түсетін затты,яғни кимылдың нысанын білд.М:биді биле,сабақты аит. ол сабақты етістікпен тіркеседі.(тура толықтауыш). Жатыс сістің, қимылдың жасалу орнын, мезгілін,мекенін,көлемін білд.Осы мағ.на сай сөйлемнің мекен,мезгіл толықтауыш,жанама толықтауыш қызм.атқ.М:Өмірде себепсіз іс болмайды. Шығыс с қимыл әрекеттің қайдан басталғанын,қайдан шыққанын,яғни шыққан орнын,себебін,мезгілін,мөлшерін білд.М:мен үйден де, күйеуден де кетпеймін.(қимылдың шыққан орнын көрсетіп тұр). Көмектес с мағынасы өте күрделі. қимылдың тәсілі(балтамен шапты),ортақтық мағ(оқушылармен кездесті),қимылдың мекенін білд(жолмен жүрді),мезгілін білд.(күнімен күтті).

А.Ысқақов"қаз.қаз т": Септік жалғауы деп, қосымшалары сойлемдегі сөздерді бір бірімен жалғастырып,септестіріп тұруын аитамыз. Ол екіге бөлінеді жай септеу жане тәуелді септеу. Жай септеу деп септік қосымшаларының тікелей затесімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздің тура түрлеріне жалғануын айтамыз.Ал,тәуелді септеу деп, септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.

Атау с: кім?не?    кімім?кімің?кімі?нең?несі?нем?

Ілік с: кімнің?ненің?    кімінің?кіміңнің?немнің?неңнің?

Барысс:кімге?неге?қайда?кіміме?кіміне?неңе?неме?несіне?

Табыс с: кімді?нені?  кімімді?кіміңді?кімің?немді?несін?

Жатысс:кімде?неде? кімімде?кіміңде?немде?неңде?несінде?

Шығысс:кімнен?неден? кімімнен?кіміңнен?немнен?неңнен?

Көмектесс:кіммен?немен?кіміммен?неңмен?кіміңмен неммен?

Атау с.жай септелуде де,тәуелді септелуде де атау септіктің өзіне тәң арнаулы қосымшасы ьолмайды.Осыған орай ол негіз септік деп аталады. Олар септеулік шылаулармен де жұмсала береді.(хат арқылы,ел үшін,жыл бойы)

Ілік с.Меңгеру я меңгірілу жағынан тікелей етістікке қатыспайды,әрқашан соңғы тәуелдеулі есім сөзбен я субстантивтенген сөзбен байл.болады.меншіктілік,иелікті білд.(мектеп директоры,колхоздың бастығы, Сабиттің даптері,үй іші)

Барыс с:Ол әрқашан етістік мүшемен тікелей де,жанай да байланысып,қимылдың бағытын,мақсатын білд.(Ол ертең астанаға барады, Шоқан кітап алуға ауылға кетті)

Табыс с:Етістікпен байланысып,сойлемде тура толықтауыш қызмет атқ.(Ел үшін қызмет қыл, көз сүзбе)

Жатыс с:Бұл септіктегі сөз нег.көлемдік,мекендік және мезгілдік мағына береді.(байлық еңбекте,жерде)

Шығыс с:іс қимыл,әрекеттің шыққан орнын,себебін,мезгілін,мөлшерін білд.(әкемнен атты сұрап алдым)

Көмектес с: Бұл септік іс амалдың құралы мен тәсілін,мекені мен мезгілін,ортақтасу,бірлесу, астасу,ұштасу сияқты мағ.білд.(біз автобуспен жүргенді ұнатпаймыз. Ол тоғайлард кезумен келеді)

№52 - Бол, ет, қыл көмекші етістіктерінің қызметі

 «Қазақ грамматикасы» Көмекші етістіктер тілде түрлі қызмет атқарады. Сонымен бірге көмекші етістіктердің сөзжасамдық қызметі де бар, ол әдетте назардан тыс қалып, көбіне, ол туралы сөз қозғамайды. Бұл көмекші етістіктернің қызметінің толық қамтылмауына әкеліп соғады. Сондықтан көмекші етістіктердің сөзжасамдық қызметін де ашып көрсетіп отырған жөн.

Көмекші етістіктердің грамматикалық қызметінің ерекше назарда болуы бұл қызметтың ерекше етістіктерінің басым көпшілігіне қатысты болуына байланысты. Ал сөзжасамдық қызмет көмекші етістіктердің өте аз, санаулы түрлеріне ғана қатысты, сондықтан да ол көмекші етістік туралы жалпы сипаттамада көп жағдайда ескеріле бермейді.

Көмекші етістіктер тобынан бол, ет, қыл көмекшілері өздерінің сөзжасамдық қабілеті арқылы ерекшкленеді. Бұл көмекші етістіктер есім сөздерден етістік жасайды. Бәйбішенің қапысын таба алмай ыза болып отырған (Мүсірепов). Ғалымда бұл жөнінде көп табысқа ие болды (Дарқанбаев). Жақсы атының да болмағанын арман етеді (Нұршайықов). Кітапты өзі оқығанын қанағат қылмай... (Әуезов). Бұл мінезің өзіңді әуре етер (Қозып Көрпеш). Осы мысалдардағы ыза болып дегенді ызаланып, ие болды дегенді иеленді, арман етеді дегенді армандайды қанағат қылмай дегенді қанағаттанбай, әуре етер дегенді әурелер деген туынды түбір етістіктерімен ауыстыруға әбден болады. Олай болатын себебі, бұл мысалдардың алғашқыларында есім сөзден көмекші етістік арқылы етістік жасалған, екінші сыңарларында есім сөзден жұрнақ арқылы туынды түбір етістік жасалған. Екеуінде де есім сөзге қимыл мағынасы қосылған. Сондықтан ыза болу мен ызалану, ие болу мен иелену, арман ету мен армандау, қанағат қылу мен қанағаттану, әуре ету мен әурелеу мағынасы жағынан бірдей. Сонда бұл мысалдарда есім сөзге қимыл мағынасын бірде көмекші етістік, екіншіде етістік жасаушы жұрнақ қосып тұр. Анығырақ айтқанда, есім сөзден етістік бірде аналитикалық тәсіл арқылы, бірде синтетикалық тәсіл арқылы жасалған. Олай болса, есім сөзге көмекші етістік қимыл ағынасын қосып, оны етістікке айналдырған. Сондықтан да олар құранды етістік аталып жүр.

Бұл қызметті кез келген көмекші етістік атқара алмайды, тек белгілі көмекші етістіктер ғана осы қызметті атқара алады. Олар: бол, ет, қыл көмекші етістіктері. Осы көмекші етістіктердің есім сөзді етістікке айналдыруын олармен  мағыналас туынды түбір етістіктермен салыстыру арқылы олардың мағына бірлігін тануға болады. Олардың біразын салыстырып көруге болады: алаң, алаң бол, алаң ет, алаң қыл- алаңда, арманда бол, арман ет, арман қыл-арманда, әбігер бол, әбігер ет, әбігер қыл-әбігерле, әзір бол, әзір ет, әзір қыл-әзірле, әуре бол, әуре ет, әуре қыл-әуреле, әшкере бол, әшкере ет, әшере қыл-әшкереле, ие бол, ие ет, ие қыл-иелен қуат бол, қуат ет, қуат қыл-қуаттан, құмар бол, құмар ет, құмар қыл-құмарлан, құштар бол, құштар ет, құштар қыл-құштарлан, ойран бол, ойран ет, ойран қыл-сақтан, таң бол, таң ет, таң қыл-таңдан, ыза бол, ыза ет, ыза қыл-ызалан.

Бұл келтірілген әр құранды етістіктермен туынды етістіктердің мағыналас екені анық байқалып тұр. Сонымен бірге бол, ет, қыл көмекші етістіктерінің құранды етістік жасау қызметінде ортақ белгілердің бәрі де көрініп тұр. Оны үш көмекші етістіктің құранды етістік жасаудағы жалпы қасиеттерімен, белгілерімен бірге, аздаған әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де байқалады.

Бұл көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктерде салт етістік мәні бары байқалады: сен адам бол, сен сері бол, сен азат бол сияқты құранды етістіктер субъектінің өзіне өзі жасайтын қимылды білдіретіні анық.

Ал әбігер ет, әзір ет, әуре ет сияқты мысалдарда объектіге жасалатын қимыл екені байқалады. Біреуді әбігер ет, әуре, әзір ет деген мағына анық көрініп тұр.

Қыл көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктер де субъектіге де, объектіге де жасалатын қимылды білдіреді.

Мысалы, маған жақсылық қыл, жәрдем қыл, оны адам қыл, оны өзіңе бала қыл т.б. тілде осы құранды етістіктердің соңғы мағынасы жиі кездеседі.

Қазіргі тілімізде осы қызметте ең жиі қолданылатын көмекші етістік-ет. Көне кезеңдерде қыл көмекші етістігінің қызметі белсенді болған.

Бұл көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктер сөйлемде етістік жүйесі бойынша түрленеді: ие етті, ие еткізді, ие еткізеді т.б.

Жазда көмекші етістігі

Жазда-тек қана көмекшілік қызметте қолданылытын етістік, оның толық, негізгі мағынада қолданылуы тілде жоқ, яғни тұрақты көмекші етістік. Бұл етістіктің де көне кездерде лексикалық мағынасы болған.

Жазда көмекші етістігі тілде қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткішіне жататын й жазда аналитикалық форманты болып қалыптасқан. Й жазда аналитикалық форманты  жетімсіз қимылды білдіреді. Жетімсіз қимыл деп қимылдың жасалуға жақындап  барып,  тіпті жартылай жасалып аяғына жетпей тоқтауын үзілуін білдіруі аталады. Құлай жаздады, жығылы жаздады, кетіп қала жаздады т.б.

Бұл қимыл субъектінің өздігінен әдейі жасайтын қимылы емес, қимылдың жасаудыбастап, оны субъекті өздігінен тоқтатпайды. Қимыл кездейсоқ себептердің әсерінен, көбіне субъектінің ырқынан тыс кездескен себептердің әсурінен аяқталмай тоқтайды.

Қимылдың жасалуының бұл тәсілі- түркі тілдеріне тән құбылыс. Мысалы, башқұрт тілінде: йоқлай яззы, йығыла яззым; өзбек тілінде: улар ёзди, йиқила ёзды; татар тілінде: киттә язды, егыла язды түрінде қолданылады.

Бұл формант өте белсенді, салт, сабақты етістіктерді талғамай тіркесе береді. Мысалы: Өзін өлтіре жаздаған Мекешке сүйсінеді (Мүсірепов). Қыз отқа құлай жаздап, әрі шошып, әрі ашуланып, булыға жаздады (Әуезов).

Аузекі тілдебұл форманттың мағынасын басқа жолмен, түрлі тіркестермен беру де кездеседі. Мысалы, кетуге аз-ақ қалдым,  ф

Бұл формант тіркескен етістік болымсыздық жұрнақты қабылдамайды, ол осы форманттың мағынасына байланысты. Й жазда формантының өзі болымсыздық мағына береді, сондықтан ол формант бар сөзге болымсыздық жұрнақтың қажеті жоқ. Осы формантты қабылдаған аналитикалық етістік етістіктің түрлену жүйесімен толық түрлене бермейді. Ондай тұлғадағы етістік тілде көбіне, жедел өткен шақ, кейде ауыспалы шақ пен бұрынғы өткен шақ тұлғаларында кездеседі. Мысалы: Жалт қарап еді, есінен тана жаздады (Майлин). Қайық бұлтаңдағанда, ауып қала жаздады  «Мүсірепов». Мен түгілі атақты адвокат Ақбаев, Дүйсенбаевтар бір сөз үшін айдалып кете жаздаған (Мүсірепов). Мал-мүлкі сатылып кете жаздапты (Мұқанов).

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»

Бұл үш етістік әрі жетекші, әрі көмекші болып қызмет атқарады. Үшеуінің мағыналарында да, түрлену жүйелерінде де, функцияларында да, ортақ сипаттар болумен қатар, бір-бірінен ерекшкленетін өзгешеліктері де бар. Бірақ бол етістігі өзінше бір басқалау да, ет, қыл көмекшілері өзара бірыңғайлау. Дегенмен бұлардың қай-қайсысы болсын есімдермен тіркесе қойып, құранды етістік жасауға аса бейім тұрады және сондай тіркесте өте жиі ұшырайды. Осы өзгешеліктерінен болу керек, әдетте, олардың жетекшіліктерінен гөрі, көмекшілік қызметтері басымырақ сияқтанып көрінеді. Мысалы:

Адам бол                     адам ет                     адам қыл

Алаң болма                 алаң етпе                  алаң қылма

Дайын бол                   дайын ет                   дайын қыл

Мәз болды                   мәз етті                     мәз қылды

Қарық болды              қарық етті                  қарық қылды

Қорған болды             қорған етті                 қорған қылды

Осы және осы сияқтанған мысалдардан бұл үш етістіктің құранды етістік жасауда әрі ең негізгі, әрі өте өнімді, әрі тіпті жиі қолданылатын сөздер екені анықталады (Соңғы кезде үш етістіктің қатарына істе (іс+те) деген етістік ене бастағанын ескерте кеткен жөн).

Сонымен бірге, осы мысалдардан бұл үш етістіктің бір-бірінен ажырайтын мағыналық ерекшкліктері барлығы да бағдарланады. Ол- табиғи құбылыс, өйткені егер олар мағыналары жағынан да, қызметтері жағынан да дәл бірдей, барабар я тең болса, тілде «босқа» жарысып жүрмеген де болар еді. Ал олардың мағына  жағынан абсолютті тең еместігі, әрқайсысына тән өзіндік сипаттарынан да түседі. Мысалы: абай бол (абайла), сақ бол (сақтан), оқып бол, айтқан бол... деп қолдануға болғанымен. Абай ет, сақ қыл, оқып ет, айтқан қыл деуге болмайды. Бұлардың осылайша ажырауы, әрине, мағыналарының ерекшкліктеріне, соған лайық қалыптасқан тіркесу қабілеттеріне байланысты. Демек, бұдан сөз-сөздің өздеріне тән мағыналық аясы, қолданылу өрісі болатыны аңғарылса керек.

Сонымен, бол, ет, қыл (істе) етістіктерінің басқаша, демек, бұлардың ең негізгі және дыбасты қызметі-есімдерден құранды етістіктер тудыру. Олардың бұл «мамандығын» өзге көмекшілер атқара алмайды. «Бол», «ет», «қыл» етістіктерінің жәрдемімен жасалған құранды етістіктердің соңғы компоненті түрленіп, саралама, суреттеме етістіктер жасалуымен қатар (қызмет ете көріңіз, қызмет көрсетсе екен т.б.), лексикаланған, идиомаланған тұрақты етістіктер  көп қалыптасқан.                                                      

№53 - Қалып етістіктері

Қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле апу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр - сен отыр, ол тұр - сен тұр, ол жүр - сен жүр, тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.

Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімдерше жіктеледі.

Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;

Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;

Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;

Ол отыр, тұр, жатыр, жүр, көрер.

Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;

Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;

Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;

Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер. Қалып етістіктерінің мұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол турар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүрде, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақгың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.

Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме? Дегенсұрақ туады.

Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бар бір ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр - түбір десек, сен тұр - бүйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр - 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.

(Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. Алматы, 1980. 176 б.)

Қалып етістіктері. Тілімізде адамзаттың амал-әрекеті, табиғи күй жағдайлары тұр, жатыр, жүр, тұр етістіктері арқылы беріледі. Олар тіл ғылымында қалып етістіктері деп аталатыны белгілі. Осы төрт етістіктің формаларындағы, функцияларындағы, семантикалық реңктеріндегі нәзік айырмашылықтарды, бәріне ортақ бірыңғай ерекшеліктерді қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев, М.Оразов, Т.Қордабаев, Н.Оралбаева, З.Оспанова т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп, айтып кеткен. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып бұрын соңды айтылмай, зерттелмей келген тың мәселе емес, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анықталған. Біздің мақсатымыз қалып етістіктері Ы.Маманов зерттеулерінде қай тұрғыдан қарастырылды, осы тақырыпты сөз игі әсері қандай болды, бүгінгі таңда оның маңыздылығы неде деген сұраулардың басын ашу болып отыр.

   Алғашқылардың бірі болып бұл төрт етістіктің өзіндік ерекшелігін таныған ғалым – профессор Қ.Жұбанов қалып етістіктерінің әрқайсысының беретін лексикалық, семантикалық мағыналарына қарай оларды дәл осы шақтың төрт түріне бөліп қарастырады. Ғалым сыпат категориясына нақты тоқталмағанмен, істің жүру процесін білдірудегі осы төрт етістіктің көмекшілік қызметін аңғара білген деп есептейміз

   А.Байтұрсынов қалып етістіктерін көмекші етістіктер қатарында қарап, оның болымды түрінің жіктелуі басқа етістіктерден өзгеше екендігін, яғни жіктік жалғауы оларға тікелей жалғанатынын, ал болымсыз формада келдгенде қалып етістіктері басқа етістіктер сияқты жіктелетінін, яғни тікелей жіктелмейтінін байқаған

   Н.Т.Сауранбаев «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциясы» еңбегінде (1942) күрделі етістіктердің жасалуына тоқталады. Толымды, толымсыз көмекші етістіктерді нақты атамағанмен, жатыр, отыр етістіктерінің көсемше формалы негізгі етістікке тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратынына бірнеше мысалдар келтірген.

   С.Аманжолов негізінен шақтық мағына осы төрт етістіктің өз ішінде, бүтін тұлғасында болатындығын айтса (1994), аталған төрт етістіктің грамматикалық мағыналарын орыс тілімен салыстыра зерттеген ғалымдарымыздың бірі Ш.Х.Сарыбаев олардың есімдерше жіктелуін, шаққа, жаққа қатысын т.б. алғаш танып, дұрыс нұсқау берген (1939).        М.Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» (1980) атты монографиясында аталған етістіктердің морфологиялық құрылымында туған тұл,алық, мағыналық өзгерістергі және әбден орныққан формаларына тарихи, ғылыми тұрғыдан талдаулар жасалады. А.Ысқақов пікірлерін сараласақ (1991), басқа авторлар пікірінен онша алшақ еместігін байқаймыз. Ғалым қалып етістіктерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге, амал-әрекеттің даму кезеңін (фазасын), өту сипатын білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан, етістіктің нағыз осы шақ категориясын құрауға негіз болады дейді. Бірақ ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының синтетикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын үшке бөліп (қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын көрсетуі ғылым үшін жаңалық деп білеміз.  

№54 - Сөз таптарының заттануы

Сөздер қолданыста, сөйлемде бір-бірімен түрлі қатынасқа түседі, сондай қатынаста сөз таптарының бір-бірімен алмасу , бір-біріне ауысу процесі де болып тұрады. «Сан есім мен сын есім қолданыста заттанып (субстантивтеніп) қолданыла алатын сөз таптары. Субстантивтену - контекске байланысты құбылыс, ол зат есімге көшу емес. Міне, бұл сөз таптарының зат есім сөздер екенін білдірмейді» -дейді ғалым Н.Оралбай. Сын есімнің көптеліп, септеліп, тәуелденіп келіп, зат есімге ауысып, заттанып қолданылуы субстантивтену процесі  деп аталады. Сын есім мен зат есім тек лексика-семантикалық жағынан ғана емес, қолданылу ерекшелігі қабілеттілігі  жағынан да ажыратылады. Кейде заттың сындық, сапалық т.б белгісін білдіретін сын есімдер әдеттегі қолданылу қалпынан ауытқып, заттың атауы ретінде де жұмсала береді Ондай жағдайда зат есім түсіріліп айтылып, сын есім сол түсірілген з.е қызметін атқарып, заттық мағынады қолданылады. Демек, субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі, әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі.Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.Бұл мысалдардағы  заттанған сын есімдердің қасына анықталушы сөздердіқойған жағдайда , қайтадан сындық сипатқа ие болып, анықтауыштық қызмет атқара алады. Алайда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбір сын есімдер біржола заттанып кетеді. Олар: жас, бала, ауру, жүдеу, бай, кедейт.б.Бұлар заттық мағынада қолданылғанымен қоса сапалық мағынада да кездеседі. Мысалы: Көп ішінен салпы ерін бала жігіт шықты.

Жоғарыда аталған сын есімдердің әрі заттық, әрі сындық мағына білдіруінің негізгі себебі о бастағы зат есімнің атрибутивті қолданылумен байланысты. Мұндай қолданыс тілде анықтауыш деп аталатын  синтаксистік қызметтегі сөйлем мүшесін қалыптастырған, ал бұл син-к қатынастың тұрақтануы тілдің морфологиялық құрылымында сын есімнің дербес грамматикалық топ ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Сын есімнің заттануын Н.Оралбай екіге бөледі: контекстік заттану және  лексикалық заттану. Контекстік з. Деп белгілі контексте ғана заттық мағынаға ие болатын сын есімдер аталады. Мыс: Білімдіден үйрен, жақыныңды сыйла.

Сын есімдердің кейбір түрлері бара бара заттық лексикалық мағынаға көшкен. Мысалы: байдың малы,жастың ісі

№56Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері.

А. Ысқақаов «қазіргі қазақ тілі». Сөз – дегеніміз қыр сыры мол күрделі тілдік категория.сөздің мағыналық дыбыстық шығу төркіні даму тарихы қолданылу ерекшелігі жасалу жолы өзгерілу жүйесі және басқа алуан жақтары бар.

Тіл ғылымыынң әр саласы сөзді әр тұрғыдан қарап тексерді. Мысалы сөзжің дыбыстық жағынанбелгілі бір дыбыстық комплекс арқылы айтылатынынан сол дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілетінінен байыптаймыз. Сөздің осындай дыбыстық жақтарымен байланысты мәселелерін зерттеу фонетика тарауынын міндеті.

Белгілі бір ұғымнын атауынретінде қолданылатын дыбыстық комплексті сөз деп атаймыз.

Әрбір сөздің бір бірімен тығыз байланысты екі жағы бар: сөздің сыртқы дыбыстық жағы,сыртқы дыбыстық жамылғыш. Екіншісі сол дыбыстық жамылғыш арқылы айтылатын не ұғынылатын ішкі мазмұны мағына жағы. Сөздің сыртқы дыбыстық құрамы мен ішкі мағынасы үнемі бірлікте болады.

Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналары.

Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы әдетте лексикалық я тура мағына деп аталады.мысалы: тас,ағаштопырақ деген  сөздерді алсақолардың әрқайсысы әрі нақтылы әрі жалпы атау.өйткені  ағаш деп көз алдымыздағы белгілі бір нақты ағашты да сондай ақ жалпы ағаш атаулыны да атай береміз.

Тілдегі сөздерді олардың жүйесін даму жолдарын, жеке сөздердің лексикалық мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының дамуы  қолдану өзгешеліктерін лексикалогия ғылымы тексереді.

Лексикалық мағыналары басқа басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалға: тас, ағаш, топырақ сөздерін бір ғана топқа жатқызып зат есімдер деп грамматикалық жағынан топшылауымызға болады.

Екінші сөзбен айтқанда  сөздерді грамматикалық топтарға бөлу рәсімі  оларға грамматикалық тұрғыдан қарап мағыналарын ашып соған сәйкес категориялық сыр сипаттарын анықтаудан туған.мысалы: кен асылы жерде сөз асылы еледе деген сөздердің лексмкалық мағыналырында  айырмашылық бола тұрса да , бұл сөздерде грамматикалық мағыналарында өзара іштей әлдеқандай жалпылық бар. Мысалға жалпылық барлығын аңғру қиын емес жерде елде сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына  жатыс септік жалғауы арқылы байланысқан.

Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланысатын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын білдіретін формаларды  граматика ғылымы зерттейді.

Лексикалық мағына да грамматикалық мағына да бір сөздің бойында жарыса өмір сүре береді. Мысалы: Көршіні көрші шақырады дегендегі үш сөйлемді алсақ, алғашқы екі сөздің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сөздің лексикалық мағынасы басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болған мен грамматикалық мағыналарында өзгешелік те бар.бұл екеуінің грамматикалық мағыналарындағы жалпы ұқсастық мыналар:екеуі де зат есім екеуі де жекеше мағына білдіреді. Ол екеуінің грамматикалық мағыналарындағы өзгешелік сол екі сөздің сыртқы түрлеріндегі айырмашылыққа байланысты. Әрине көрші деген сөзден көршінің деген сөздің бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің сыртқы түріне ғана емес грамматикалықт мағынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек көршіні деген сөзде грамматикалық мағынасынан басқа табыс септігінін мағынасы да бар. Екі сөздің сөйлем мүшелік қызметі қызметі жағынан құралатын грамматикалық жағы да ажырап , біреуі сөйлемнің бастауыш көрші, екіншісі сөйлемнің толықтауышы көршіні болып тұр. Соңғы шақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар. Бұл сөз  етістік, ол әрі өткен шақтын мағынасы, әрі үшінші жақтын мағынасы.

Осы талдаудан мынадай қағидалар туады. Сөз мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да аса күрделі категория. Сөз қолданғанда әәр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап  түрленіп отырады. ондай өзгеріс әсіресе  сөздің морфологиялық құрамында болып олтырады. Осындай тұлғалық өзгеріске орай,  сөздің бірде лексикалық мағынасы өзгерсе бірде семантикасы ьасқа реңкке көшеді. Сонымен қатар осындай өзгерістерге байланысты сөздің грамматикалық мағынасы да түрленеді.

Сөздің әрбір грамматикалық бөлшегінің өзіне тән көрсеткіші болады. Грамматика сөзді тексергенде фонетикаға да лексикаға да сүйенеді  олармен тығыз байланыста отырып сөдің сырын ашады.

Н Оралбай. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге, оған қосыла жүріп байланысты ойды білдіру қызмет атқарады. Сөздің лекс икалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының мынандай ерекшеліктері бар.

Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі.  Мысалы: қағаз, күн, ай,көз, жүзік т.б. ал грамматикалық мағына түрлері грамматикалық көрсеткіштер арқылы түбір сөзге үстеледі.  Мысалы: қағаздар бұл сөздегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. Жалпы грамматикалық мағына сөйлемдегі сөз атаулының құрамында үнемі болатын басқа грамматикалық мағыналармен бірге жарыса, қабаттаса жүретін , қолданылу аясы кең мағына.

Жеке грамматикалық мағына сөйлемдегі сөздердің басқа сөздермен қандай грамматикалық қатынасқа түсуіне байланысты бір сөйлемде қолданылсы, екінші сөйлемде кездеспеуі мүмкін. Демек жеке нрамматикалық яғни категориялық грамматикалық мағынаның қолданылу аясы жалпы грамматикалық мағынадан әлдеқайда тар.

«Қазақ граматикасы» Сөз  ұғымды білдіріп соның тілдік көрсеткіші. Сөз алдымен лексикалогияның тікелей және басты обектісі бар. Өйткені тілдегі сөздік құрам оның баюы дамуы, сияқты сөздің тікелей басындағы қасиеттері лексикалогия саласында қаралып шешімін табады.  Сондай ақ сөз сөзжасам саласының да тікелей обектісі .

Ал, грамматика гректің оқи алу, әріп жазу білу деген сөзінен қалыптасқан болса. Сөздердің бір бірімен тіркеске түсіп сөйлем құрау сияқты қасиеттері қарастырылады.  Грамматиканың бір саласы  морфология сөздердің грамматикалық сипатын зерттейді. Ал синтаксис  сөздің грамматикалық мағыналарын олардың берілу жолдарын түрлену жүйесі мен ерекшеліктерін қарастырады.

Сөздің бар сипаты оның қолданысында сөйлем ішінде айқындалатын сияқты дыбыстардың да бар қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады. Сондықтан  да сөз фонетикаға да қатысты.  Міне осы қасиеттері негізінде сөзді өте күрделі тілдік еденица, өйткені  ол тілдің мәнді, мағыналы бөлшегі және сөйлем құрауға негіз болатын тілдік еденица.

Қ. Жұбанов. Сөзді екі мағынада қолданамыз:

Жазылған сөйленген сөздің бәрін сөз дейміз. Мысалы:  Қатесі  көп  болғансын, жазғанның сөз болмай шығыпты.

Нәрсенің атының бірі өзін ғана сөз дейміз. Мысалы: жер жүзінің пролетарлары, бірігіңдер.дегенде  төрт сөз бар.

Грамматикада сөз дегенді көбінесе осы соңғы мағынада қолданамыз. Айырып айтқымыз келсе бұл соңғы мағынасындағы сөзді жеке сөз дейміз.

Жеке сөз заттың бір белгісінің аты. Мысалы:  балла тас үй, деген сөздердің әрқайсысы бір бір заттың аты.

Сөйлегенде жеке заттың немесе заттың белгілерінің өзді өзіне ғана айтқымыз келсе үй, тас, бала.деп айырым сөздер деп айтамыз. Әрбір сөз осыла й айырым айырым айтуға келеді.

Сөз деген зат біткеннің бәрінің аты емес әр елдің өзінің білген затының білген құбылысының ғана аты. Білінген нәрселерге қойылған атты сөз дейміз.

№57 - Аналитикалық форманттар, көмекші етістіктермен арақатынасы.

(Н.Оралбаева).  Грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштердің бір түрі- аналитикалық форманттар. Аналитикалық форманттар тілдің грамматикалық құрылысынан бірсыпыра орын алады. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөзден құралып, бір грамматикалық мағына беретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, Айттым боз қасқа,- деп кәрі әкесі еңіреп жіберді. Аспанға атылған аңғал асау енді тісін қаршылдатып, болат ауыздықты шайнап тұр. Сен әртіс бола аласың. Осы мысалдардағы шайнап тұр, еңіреп жіберді, бола аласың деген етістіктердің құрамында –п жіберді, -п тұр, -а ал аналитикалық форманттар қолданылған. Олардың әрқайсысы әр түрлі грамматикалық мағына білдіретін, әр түрлі грамматикалық категорияның көрсеткіштері: -п жіберді- қимылдың тез, бірден болғанын білдіретін формант, ол- қимылдың қалай жасалғанын білдіретін қимылдың өту сипаты категориясының форманты, -п тұр- форманты- нақ осы шақтың форманты, -а ал- мүмкіндік модальдығының форманты, ол қимылды жасау субьектінің қолынан келетін, яғни қимылды жасауға субьектінің мүмкіндігі барын білдіреді. Бұл мысалдар әр аналитикалық форманттың өзіндік мағынасы барын, ол мағынаның әр түрлі категорияға қатысты болатынын дәлелдеді. Аналитикалық форманттың құрамы қанша күрделі болса да, ол қолданыста бір ғана мағына береді, яғни аналитикалық формант тұтас бір мағынаны білдіреді.

  Аналитикалық етістікті жасауда көмекші етістіктің қызметі ерекше. Көмекші етістік болмаса, аналитикалық етістік те жасалмайды. Сол себепті аналитикалық етістіктің негізгі белгілері болып танылатын аналитикалық форманттар көмекші етістікпен тікелей байланысты.

  Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу- қазақ грамматикасының аса бір қызық та, қиын да, маңызды мәселесі.

  Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Олардың қызметі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасы толық дербес арқылы сөз білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстрактілі мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы: шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып қала жаздадым...деген етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажыратуға болады.

  (А.Ысқақов). Көмекші етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестерде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере отырып, оларды ең әуелі толымды көмекшілер және толымсыз көмекшілер деп екі салаға бөліп қарауға болады.

  Толымды көмекші етістіктерге бір жағынан, негізгі лексикалық мағынасын толық сақтап, дербес грамматикалық функцияларын түгелдей атқарып, етістік атаулыға тән парадигмалық формалардың бәрін қабылдап, жазба тілде де, сөйлеу тілінде де дербес сөз мүше ретінде қолданыла беретін, солай бола тұра, екінші жағынан, аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады. Олар: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел, жібер, кел, кет, көр, қал, қара, қой, сал, таста, тұр, отыр, өт, шық, де, қыл, ет.

Толымсыз көмекші етістіктерге еді, екен, емес сөздері жатады. Еді көмекшінің дәнекерлігі арқылы арқасында тілімізде өткен шақ мағыналарын білдіретін мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан: -ып еді (айтып еді), -қан еді (айтқан еді), -атын еді (айтатын еді), -ар еді (айтар еді), -са еді (айтса еді), -са игі еді (айтса игі еді), -а,-е,-й (бара жатыр, келе жатыр), т.б.

Екен көмекшінің қатынасымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан: -ған екен (барған екен), -атын екен (баратын екен), -ады екен (барады екен), -са екен (барса екен), -ар ма екен? (барар ма екен?), - ып па екен? (барып па екен?), т.б.

  Бұл көмекші етістіктерде семантикалық реңкті ажырату жағынан ғана болмаса, тіркесу жүйесі, жұмсалу реті және қызметі жақтарынан өзге аналитикалық форманттардан ерекшеленетіндей айырмашылық табылмайды.

  (Қазақ грамматикасы).  Көмекші етістіктер грамматикалық дамудың нәтижесінде грамматикалық қызметке көшіп, грамматикалық көрсеткішке айналғандықтан, олар сөйлемде толық мағыналы етістікке көсемше, есімше жұрнақтары арқылы тіркесіп, оған грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы: Бір түйе жас көзімнен ыршып кетті. Аш есікті, сен ол қызды жасырып алмайсың. Осы мысалдардағы грамматикалық мағыналы көзімнен, ыршып кетті, есікті, қызды, жасыра алмайсың деген түрлі формадағы сөздерді алып қарайық. Көзімнен дегенде жастың шыққан жерін –нен шығыс септік жалғауы білдіріп тұр, онда грамматикалық мағына қосымша арқылы берілген; ыршып кетті дегенде ыршу қимылының тез жасалуын –ып көсемшесі арқылы тіркескен кет көмекші етістігі білдіреді; есікті, қызды дегенде қимылдың обьектісі мағынасын табыс септік жалғауы білдіреді; жасыра алмайсың дегенде қимылды жасау мүмкіндігінің жоқ екені етістікке –а жұрнағы арқылы тіркескен алма көмекші етістігі арқылы білдірілген.

  Қазақ тілінде аналитикалық формалы сөздің құрамы негізінен төмендегідей:

Дербес сөз+қосымша+көмекші сөз (өсіп кетті);

Дербес сөз+көмекші сөз (жүр еді);

Көмекші сөз+дербес сөз (өте жақсы);

Аналитикалық формалы сөз сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы, Ол оқып жүр дегенде жүр- сөйлемнің баяндауыш мүшесі. Сол сияқты аналитикалық формалы сөз тіркесінің де бір сыңары, бір мүшесі болады. Мысалы, Ол үйде оқып отыр дегенде үйде оқып отыр бір сөз тіркесін жасайды. Осы сөз тіркесінің бір сыңары- үйде, екінші сыңары- оқып отыр.

  Сөздің аналитикалық формасы төмендегідей белгілер арқылы танылады:

1.Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір грамматикалық категорияның жүйесіне, тарамына ену керек.

2.Әрбір аналитикалық формалы сөз лексикалық мағынаға қоса грамматикалық мағына береді.

3.Сөздің аналитикалық формасын категориялардың тұрақты аналитикалық форманттары жасайды.

4.Сөздің аналитикалық формасы белгілі топтағы сөздің басым көпшілігінен жасала береді.

№58 - Сан есім және сандық ұғымды білдіретін сөздер.

1)  А.Байтұрсынов бойынша:Кей сөздер нәрсенің санын атайды, мәселен: бір, екі, үш, төрт, бес. Нәрсенің санын сұрағанда неше? Қанша? Деп сұраймыз. Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда неше? Деп сұраймыз. Ал нәрсенің дәл санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? Деп сұраймыз.

2)«Қазақ грамматикасы» бойынша:Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты

Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Қазақ тілінде барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік (бір, бес), ондық (он, жиырма), жүздік (бір жүз, үш жүз), мыңдық (бір мың) сандар деп бөлінеді.

Морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі деп 2-ге бөлінеді.

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Мыс.: бір, алтау, екінші. Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі сан ес-ге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады. Мыс: екі, бес.

Күрделі сан есімдер дара сан еісмдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Мыс: бір-екі, он төрт.

Сан ес-ң ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан ес-р есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әр түрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан.

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан ес-ге жақын біраз сөз табы бар. Олар:

Салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: пұт, келі, батпан;

Көлем өлшемін білд-н сөздер: бір уыс, бір шым-шым, бір құшақ;

Қалыңдық өлшемі: шынашақ, бармақ, екі елі;

Қашықтық өлшемі: адым, таяқ тастам, шақырым;

Ұзындық өлшемі: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс;

Сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер:

Жарты мағынасын білд-н сөздер: жарты, жарым;

Бір мағынасын білд-н сөздер: жеке, Дара, Жалғыз, жалқы;

Екі мағынасын білд-н сөздер: егіз, қос, пар;

Төрттен бір мағынасында: ширек сөзі.

Уақыт мөлшерін білд-н сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым уақыт.

Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

3) А.Ысқақов бойынша: Сан есімнің мағыналық топтары: Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстрактылы сандық ұғымды білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді.

Реттік сан есімдер есептік сандарға –ыншы/-інші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, белгілі бір зат, құбылыстың сандық ретін білдіру үшін қолданылады.

Жинақтық сан ес-р бірден жетіге дейнгі есептік сан есімдерге –ау/-еу жұрн-ң қосылуы арқылы жасалады.

Топтық сан ес-р есептік, жинақтық, болжалдық сан ес-ге, қазыргі кезде шығыс септікке тән гр-қ  мағынадан біржола қол үзген –дан(-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жаслады да, біркелкі зат, құбылыстардың сан мөлшерін ьоптап көрсетеді. Мыс: төрттен.

Болжалдық сан ес-р – белгілі бір зат, құбылыстардың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен айтатын сөздер. Мыс: үш жүздей адам болды. Болжалдық сан ес жасайтын жұрнақтар:

-дай,-дей,-тай,-тей: елудей

–ер жұрнағы өте көне форма, қазіргі кезде тек бірер сөзінде қолданылады. Бірер адам машина қасында қалды.

Сан есім-ң қосарлануы арқылы: төрт-бес күн болдық.

Сан ес-ге шақты, шамалы, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам сияқты сөздер тіркесіп жасалады: жиырма шақты студент.

Субстантиветніп, көптік, септік, тәу-к жалғауларын қабылдайды: сағат ондарда келеді.

Бөлшектік сан есімдер – таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді: үштен бір.

Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамы жағынан жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркестері түрінде де бола береді. Мыс: жарым, жарты - бөлшектік ұғымдары, жалғыз, сыңар, дара - бірлік ұғымдары, кг, тонна, қадақ – көлем өлшемдері, метр, адым, қарыс, қозы көш – аралық өлшемдері, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты уақыт өлшемдері. Бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш – тек олардың біршама мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық белгілері ғана. Олар сан есім сөз табына жатпайды.

4) Н.Оралбай бойынша: Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретн, есімдер сөз тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Сан есім зат есімнің сан-мөлшерін білдіреді. Мыс: бес кітап. Ал зат есімсіз жеке бес десек, жалпы сандық ұғымды ғана білдіреді.

Шындық өмірде заттардың көбі түрлі мағынада, түрлі сандық құрамда қолданылады да, олар түрлі сан есім сөздермен көрсетіледі. Бұл сан есімнің зат есіммен тіркесте қолданылуын қалыптастырған. Алайда, сөйлемде сан есімдер зат есімге тіркеспей, сан атауы ретінде жеке де қолданылады. Мыс: Жолға шыққан үшеу едік.

Заттың саны мен мен мөлшері бір-біріне қатысты, сондықтан олар тілде қатар қолданылады. Мыс: жарты уыс бидай, ет асым уақыт. Мұндай сөздер сағынасы жағынан сан есімге жақын болғанымен, олар – табиғаты басқа сөздер. Өйкені, жарым, жарты, жалқы, кг, центнер, адым – зат есімдер, сүт пісірім – фразалық тіркестер.

Сан есімдер сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады.

№59 - Көсемше, жасалуы, қызметі.

А.Ысқақов бойынша: Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдік және басқа мәндерді білдіретін ерекше формалар көсемшелер категориясы деп аталады.

Көсемшелер етістіктің жалаң және күрделі негіздеріне, қимыл атауларына, есімшелерге, рай формаларына, көсемшелердің өздеріне басқа ешбір дәнекерсіз-ақ еркін тіркесіп, олардың белгілерін, сипаттарын білдіреді де, сөйлемде көбінесе динамикалы адвербиал (етістіктен болған  пысықтауыш) болып қызмет атқарады. Көсемшелердің осы қасиеті оларды етістіктің өзге формаларынан ерекшелендіріп отыратын негізгі жалпы грамматикалық сипаты болады. мұнымен қатар көсемшелердің барлық түрлері де бағыныңқы сөйлемнің басяндауышы бола береді, бірақ олардың ішінен тек жіктелетін түрлері (-ып, -іп, -п; -а, -е, -й) ғана басыңқы сөйлемнің баяндауышы болады. мыс: Жаңбыр жауып,жер көгерді.

Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, морфологиялық жағынан түрленбейді, демек, көптік, тәуелдік, септік қосымшалары қосылмайды, тек әредік қана жіктеледі, пысықтауыш және баяндауыш қана болады. көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, субстантивтік, адъективтік қызмет атқармайды, тек пысықтауыш, баяндауыш болады және күрделі етістік компоненттерінің құрамында негізгі я жетекші сыңар есебінде қызмет етеді. Осыған орай, көсемшелержің әбден қалыптасқан дағдылы қызметі етістіктің белгісін білдіру болады.

Көсемшенің жалпы гр-қ (категориялық) қызметі етістік айналасына байлауыл болса, мағынасы етістікке қатысты белгімен бйланысты болады. осы себептен де көсемшелер етістіктің негізгі бір категориясы саналады.

Бұл категорияның арнаулы формалары бар. Олар мыналар: 1) –ып,-іп,-п; 2)-а, -е, -й (бұл екеуі жіктеледі); 3)-ғалы, -гелі, -қалы, -келі; 4)-ғанша, -генше, -қанша, -кенше (бұлар жіктелмейді).

Жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне орай, шаққа қатысына қарай, көсемшелерге төмендегідей қысқаша сипаттама беріледі.

Өткен шақ көсемше етістік негізіне –ып,-іп,-п, -ғалы,-гелі,-қалы, -келі; 4)-ғанша, -генше,-қанша,-кенше жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Өткен шақ көсемшенің бірінші түрінің мағынасы да, қызметі де орасан көп. Олардың кейбір негізгі сыр-сипаттары мынадай:

Бұл форма дара түрде де (айтып, көріп), қайталанып та (айтып-айтып, көріп-көріп), қосарланып та (келіп-кетіп), бірінен соң бірі тізіліп те (бәрін көріп біліп, байыптап отырмын), аналитикалық етістіктің жетекші компоненттері ретінде де (айтып жібер), және жіктеліп те (айтыппын) жұмсала береді. Осындай жағдайларда көсемше, біріншіден,

сөйлемде амалдың белгісін, бейнесін, мезгілін, тәсілін, себебін және басқа сипатын білдіретін дара я күрделі пысықтауыш болады (мыс: институтқа оқуды аңсап келіп түстім). Екіншіден, бағыныңқы сөйлемнің де, басыңқы сөйлемнің де баяндауышы болады (мыс. Үйдегі шам сөніп, қараңғы түсіпті). Үшіншіден, күрделі етістіктің жетекші компоненті болып қызмет етеді (мыс: Шөлдеп кеттім). Төртіншіден, бұл форма жедел бірінен соң бірі, бірімен-бірі жалғаса, бірімен-бірі  жарыса-қабаттаса істелген бірнеше амалдың не бейнесін, не амалдың өзін білдіретін бірыңғай мүше бола береді (мыс: мен ерет тұрып, жуынып, тамақ ішіп, киініп жұмысқа кеттім).

Көсемшелердің мезгіл мәнін дәл білдірмей, контексте оның бір нышанын білдіре алады. Осы соңғы қасиет –ып,-іп,-п жұрнақтарына тән: мен барыппын, сіз барыпсыз дегенде өткен шақ мәні бар.

Ал –ғалы,-гелі,-қалы,-келі және –ғанша, -генше,-қанша,-кенше жұрнақтарының шақтық мәні контексте қолданылу ыңғайына қарай, бірде өткен шақ, бірде келер шақ реңкіне көшіп отырады. Мыс: сізбен танысқалы көп болған сиқты, көріспегелі көп уақыт өтті.

Осы шақ көсемше. Бұл формаға –а(-е,-й) жұрнағы арқылы жасалтын көсемше жатады. Бұл көсемшенің де мағынасы мен қызметі өте көп. Оның негізіглері:

Көсемшенің жалаң түрі (айта), қосарланған (айта-айта), күрделенген (айта келе) етістік негіздерімен, олардың туынды формаларымен жатырқамай тіркесіп, еркін жұмсала береді. Осындай тіркестердегі бұл көсемше мынадай қызметтер атқарады:

–ып формалы көсемше сияқты амалдың белгісін, мезгілін, тәсілін, мақсатын, себебін, басқа амалмен жарыстырыла я жол-жөнекей (бірақ негізгі амалдан бұрын) істелу сипаттарын білдіреді. Мыс: ол әрі сөйлей, жүгіре жөнелді.

Құрмаластың бағыныңқысында, жалаң және жай сөйлемдер де баяндауыш болады. мыс: жастар ән салады, би билейді.

Көсемшенің бұл түрі әдетте ауыспалы осы шақ формасы деп аталады. Бұл форма контексте осы шақ мәнін де, келер шақ мәнін де білдіреді.

Келер шақ көсемше. Бұл форма –а (-е, -й), -ғалы, -гелі, -ғанша, -генше жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс: егін жинауға барамыз. Сізді әдейі көргелі келдім. Біз келгенше, ел аман болсын.

Н.Оралбай бойынша: Көсемше деп сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі аталады. Мыс: біз келгенде, ол жантайып жатыр екен. Жанама қимылды білдіретін етістіктер негізгі қимылды уреттеп, олардың қалай жасалғанын көрсетеді.  Осы жанама қимылды білдіретін етістік – етістіктің көсемше түрлері. Жанама қимылды білдіру – көсемшенің негізгі мағынасы, ол оның табиғатына тән негізгі қызметі. Сондықтан да көсемшелер қайтіп?неге?қалай? деген сұақтарға жауап береді.

Тілдің кейінгі даму сатысында көсемше түрлі өзгеріске түсіп, негізгі қызметіен басқа да қызмет атқаратын болған, олар:

Күрделі етістік құрамындағы етістіктерді байланыстыру қызметін атқарады: көріп келді, айтып шықты.

Сөйлем мен сөйлемді байланыстырады: сол күні таң бозынан тұрып, атқа мініп еді.

Көсемшелер шақ көрсеткшітерін білдіре алмайды? Сондықтан шақтық  формадағы көсемше тұлғалы сөздердің қосымшаларын көсемше деп қарастыру орнды емес, олар басқа. Себебі көсемшенің шақтық тұлғалануы оның табиғатына қарама-қарсы? Яғни көсемше жанама қимылды ғана білдіреді, ал шақ формалары негізгі қимылды білдіреді.

Көсемше жасайтын жұрнақтар:

-ып,-іп,-пнегізгі түбір етістікке жалғанып, қимылдың қалай жасалғанын, сын-бейнесін білдіреді: сораптап ішті. Негізгі қимылмен болатын жанама әрекетті білдіреді: сүйреп тарту. Негізгі қимылдың себебін: алайын деп келді.

–а,-е,-й тұлғалы көсемше негізгі қимылдың қалай жасалғанын суреттеп, қалай?қайтіп?деген сұрақтарға жауап береді.

–ғалы,-гелі,-қалы,-келі қимылдың жасалу мақсаты мен негізгі қимылдың аяқталуға жақындағанын білдіреді: сенімен танысқалы келді? Аяқтағалы отыр.

–ғанша, -генше, -қанша, -кенше жанама қимылдың негізгі қимылдан бұрын қатар болатынын білдіреді: жеңгенше күрес, бітіргенше тоқтама.

–майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше,-пайынша,-пейінше. Бұл А.Ысқақвота –ғанша жұрнағының болымсыз түрі делінген. Олар мағыналас: Бірі болымды, Екіншісі болымсыз мағынаны білдіреді. Бұлар негізгі қимылдан бұрын болған жанама қимылды білдіреді: хабар келмейіне, қозғалма.

№ 60 - Негізгі және көмекші етістіктер,арақатынасы,қызметі

Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»: Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді:олар дербес етістіктер мен көмекші етістіктер.Дербес етістіктер деп заттың қимыл әрекетін білдіріп,етістіктің қосымшалары арқылы түрленіп,сөйлемде түрлі синтаксистік қызмет атқарып,белгілі сұрақтарға жауп беретін,сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсіп,сөз тіркестерін жасайтын етістіктер жатады.Лексикалық мағыналы дербес етістіктердің өзіндік белгілері мыналар:

1.Лек.мағ.дербес ет. сөйлем мүшесі болады,белгілі сұрақтарға жауап береді.

2. Лек.мағ.дербес ет. сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түседі.

3. Лек.мағ.дербес ет. заттың қимыл әрекетін білдіреді.

4 . Лек.мағ.дербес ет. сөз тіркесін жасайды:үнсіз жатты.

Тілдің дамуымен байланысты бірсыпыра етістіктер лексикалық мағынасынан айрылып,грамматикалық мағынаға көшкен.Тілдегі грам.мағынаны білдіретін,грам.көрсеткіш қызметіндегі етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.Көм.етістіктердің даму дәрежесі бірдей емес.Осымен байланысты көмекші етістіктер екі топқа бөлінеді:толымды к.е. және толымсыз к.е.

Толымды к.е. деп дербес етістік кезіндегі дыбыстық құрамын сақтаған,бірақ лексикалық мағынасынан айрылған,қазіргі тілде грам.мағына білдіріп,түрлі категориялардың көрсеткіштері қызметінде қолданылатын к.е. аталады.Толымды көмекші етістіктер тілімізде отыз шақты:ал,бар,баста,бақ,бер,бол,бөл,біл,отыр,тұр,жат т.б.

Толымсыз көмекші етістіктер деп дербес сөз кезіндегі дыбыстық құрамын сақтамаған,тістіктің түрлі грамматикалық тұлғаларында қалыптасып,қазір сол тұлғада түбір сөз ретінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады.Олар саны жағынан өте аз:еді,екен,емес,ет,жазда.Бұл көмекші етістіктер көне тілде болған ер етістігінің қысқарып,е түріне ауысқан кездегі түрлі грамматикалық тұлғалары сақталып,е етістік ретінде қолданыстан шыққан,ал оның грамматикалық түрлі тұлғалары көмекші етістіктер қызметіне көшкен.Тілімізде бұл көмекші етістіктер әртүрлі қызмет атқарады:

Еді көмекші етістігінң қолданылу аясы кең,ол есім сөзбен де,етістікпен де қолданыла береді.Еді толымсыз көмекші етістігі шақ,рай көрсеткіштерімен тіркесіп,олардан күрделі аналитикалық форма жасайды.

Екен толымсыз көмекші етістігі есім сөзбен де,шақ,рай көрсеткіштерімен де тіркесіп,күрделі аналитикалық формант жасайды.

Ет көмекші етістігі есім сөзден құранды етістік жасайды.

Жазда толымсыз көмекші етістігі дербес етістіктерге көсемшенің –а,-е, -й жұрнағы арқылы ғана тіркесетін аналитикалық формант ретінде қолданылады.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Етістіктерді қалыптасқан негізгі функциясына қарай үш салаға бөлуге болады:

Бірінші сала: Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын дәйім толық сақтап отыратын,соған орай дербес грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын түбір етістіктер жатады.

Екінші сала: Бұл топқа  өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап сөйлемде дербес мүше болумен қатар, негізгі етістікпен тіркескенде лексикалық мағыналарын жартылай не  бүтіндей жоғалтып,оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп жәрдемші ретінде де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады.Мұндай бірде жетекші,бірде көмекші болатын  етістіктердің саны тілімізде отыз шамалы.

Үшінші сала: Бұл топқа енетін етістік саны аз.Олраға өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай,я бүтіндей жоғалтып,тек қана грамматикалық мағына жамап,грамматикалық формаға лекер болып қызмет ететін яғни бірыңғай көмекші есебінде ғана жұмсалатын е,еді,екен,жазда етістіктері ғана жатады.




1. ТЕМА- ФОНОВЫЕ ЗАБОЛЕВАНИЯ ШЕЙКИ МАТКИ
2. ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ О РАЙОНЕ РАБОТ
3. Современные формы и методы правового воспитания молодёжи- проблемы и цели
4. Лабораторная работа 8 Основы работы с системой Криптон Выполни
5. тема финансовых вложений и платежей предприятия
6. Вначале было слово или след на воде
7. І.П. хворого Показник Результат.html
8.  Содержание и форма философские категории во взаимосвязи которых содержание будучи определяю
9. I. СУЩНОСТЬ И НАЗНАЧЕНИЕ ИСТОРИИ.
10. Россия в годы НЭПа
11. Основы мелиорации студенты должны написать курсовую работу
12. Реферат- Объективная сторона преступлений
13. Программирование на языке высокого уровня
14. Экономика 080100 квалификации Бакалавр SOYEZ LES BIENVENUS ФРАНЦУЗСКИЙ ЯЗЫК Преподаватель Зотов
15. . Вычислите сумму чисел 101112 и 648 результат представьте в 16ой системе счисления
16. А36 В36 С36 Д36 Е36 48
17. Тема 5. Понятие инвестиционного проекта содержание классификация фазы развития.
18. ЮрПомощь Владимир Усанов
19. Тема 11. Мотивация труда 1.
20. представительная монархия сформировавшаяся в основных чертах в середине XVI в.