Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ана~рбір адамны~ жары~ д~ниедегі е~ жа~ыныжанашыры~адірлісі~ам~оршысыа~ с~тін беріпаяла~анжанын да

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

                  Ана Махаббаты

   Ана бізге дүние сыйлап,өмір кілтін берген адам.Өмір есігіе аша саласымен-ақ көз алдыңа күлімсіреген қасиетті де қадірлі түған ананың бет-бейнесінің көресің.

 «Ана»-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін беріп,аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы,ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

  Анамыздың бізге деген істеген жақсылығы шексіз.Ана шынында да өмір гүлі,0күннің нұры.Тун ұйқысын төрт бөліп оянған.

 

         Мемлекеттік тіл - ұлт негізі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.Әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті.Тіл әр елдің  асыл қазынасы.Тілдің байлығы,сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты.Халықтың тілін білсең,оның жанын сезінесіңтіл арқылы бүкілд идеяларға қол жеткізуге болады.Тіл сөзінің орны ерекше.Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебиесі өсіп,абыройы орта түсуде.Тіл-халықтың жаны.Тіл құрыса,хаық та жер бетінен жоғалады.Ата-бабамыздан қалған асыл қазына қазақ тілімізді сақтаудың тиімді жолы-отбасында ана тілінде сөйлеп,айналадағы дүние туралы сол тілде айтып,сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп,өзіңді өзгені жұбатыу болып табылады.Бул-ана тілінің қадір қасиетін арттыра түсері даусыз.

              Өмір қайта оралмайды

Өмірдің мәні туралыойланбайтын  адам бар ма.Өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,жақсы өмір сүруге тырыспайтын адам болмайды.Кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін тартымды өткізуге,артында жақсы із қалдыруға тырысады.Дүние жүзінде қанша адам болса,сонша өмірлік ұстаным бар.Бұл өмірге келгеннен өміріңді бақытты өткізуге тырысу керек.Өмірдің қиыншылығына төзіп,оны жеңе білу керек.Ешнәрсе адамға оңайлықпен келмейді.Егер жақсы өмір сүргің келсе,жетістікке жеткің келсе тек қана алдыға ұмтылу керек.Өмір адамға екі рет келмейді,қайта оралмайды.

                Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан

Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет.Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің тәуелсіздігімізге 21 жыл орындалды. Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі. Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Бақыт деген не?

Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде машна ма, ақша ма?
Көп қырғында қалу ма, әлде жан сақтап?
Расында да, бақыт деген не нәрсе?
Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастапбақытты болуға ұмтылады. Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар.Адамдар арасында бақыттың алар орны әртүрлі, әрине, ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.
Ал, менің бақыт туралы түсінігім ше? әлемнің қай түпкірінде болмасын, ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары бар. Міне, осы ұғымдар нағыз бақытты құраушылар дер едім.
Ел бақыты дегеніміз ұлтын сүйер, халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл--қыздары.
Ер бақыты дегеніміз қиналғанда қол ұшын берер қаумалаған қалың елі, достары келгенде де, дұшпаны келгенде де ер атын ез атына айналдырмай сыйлай білетін адал жары, әке атын ертеңге адалдықпен, кәусарлықпен жеткізетін ұл-қыздары.
Бала бақыты дегеніміз көз жасын төкпей, қайғы көрмей, жетімдіктің, жоқтықтың зарын тартпай өткізетін балғын балалық шағы, жел жағынан пана, жаңбыр жаусы таса, өмір-өзен қыспағында қалса, араша бола білетін асқар таудай әкесі мен мөлдір бұлақтай аяулы анасы.
Ана бақыты дегеніміз тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен, жүрек жылуы, көз қуанышы, бауыр еті баласы, кейде досы, кейде жанашыры кей-кейде арқа сүйер панасы бола білетін сүйген ері.Міне, осы төрт ұғым тек қана ұғым болып қалмай, шынайылықпен жүзеге асса, онда бақыт шырағданы мәңгі өшпес өмір шырағданына айналар еді. Өмір көгінде нағыз бақыт қанат жайып, әлемді өз нұрына бөлер еді. Менің ойымша, бақыт деген осы. Бақыт жайлы ойымды Күләш Ахметованың мына бір тамаша өлең жолдарымен аяқтайын:
Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.

        Студенттік өмір

Өмірдегі ең қызық кезең меніңше «Студенттік өмір»! 
… бірінші курс «балмұздақ» атанып,үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін, екінші курс, университет қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін, үшінші курс, білім алудан ұйқыны артық көретін, мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы балды қоржынға салып жүретін, төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен,үлкен өмірге аяқ басатын кезең…
Қызығы мен қоса шыжығы да қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындады, өмірлік жарын және достарын тапты! Біреулер үшін бұл кезең түк те қызық емес, параға қатыспай, асханаға келіп кетуді қанағат тұтатын, аралық бақылау кезінде бір келіп мұғаліммен «келісімді түрде» баға алатын жастар да бар (стереотип солай қалыптасқаны соншалық, әдетте олар жастар арасында үлкен сый құрметке ие болады)… Біреулері үшін бұл уақыт алтыннан қымбат, күні түні кітаптан көз алмай, білім алу, оқу, болашағымды жасайтын өзім деп бір минутын құр жібермейтін жастар да бар (бұндайларды «оқымысты» деп шеттетуі мүмкін кейбірлері)… Біреулер үшін бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді… Біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинайды… бір студент сөйлеуді үйренеді… біреулерін мүлдем түсіну қиын, сабақтан қалмайды, сабақ айтпайды не тобымен араласпайды…
Студенттік өмір туралы айта берсе том том кітап шығады! Сол кітапты оқыған кезде қызықты, айтып берерге тұрарлықтай қылу ол әрбір жазушының(СТУДЕНТТІҢ) қолында!!!

 

              Кітап – білім бұлағы

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

Ел болашағы – білікті маман қолында

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Жастар Қазақстанның жарқын болашағы

Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады.Жастар тәрбиесімен жұмысты  жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының биылғы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты елге Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттердің бірі. Болашағы зор айбынды  Қазақстанның сенім артар азаматтары  - асқақ рухты жастар десек қателеспейміз. Білімді де білікті жастар - еліміздің ертеңгі тірегі. Сондықтан ел ертеңі жастардың қолында.Еліміздің барлық аймағында жастар тәрбиесімен кешенді жұмыс жүргізілуде.

Бағдар бойынша досыңызға сипаттама жазыңыз.

Менің досым менімен бірге оқиды. Оның жасы 21-23 аралыгында. Шашы орташа ұзындықта, түсі – қара. Маңдайы биік. Қасы қалың қара, сыртқы ұштары төменге қараған, ассиметриалы. Көзі улкен, түсі – қара. Мұрны – орташа, таңқы. Ол өте инабатты, тәрбиелі. Мінезі ашық. Әрдайым қиын кездерде қасыннан табылады, қол ұшын беруден тайынбайды. Оның осы қасиеті маған өте ұнайды. Оған жүктелген іске өте тианақты қарайды.




1. Введение Потребности торговли обусловленные необходимостью обработки и хранения прежде всего прод
2. Контрольная работа- Управление качеством продукции
3. ЦЕНА РАБОЧЕГО МЕСТА ПРИ СОЦИАЛИЗМЕ
4. тема 7 Оплата труда гарантии и компенсации 1
5. Использование факторинга в финансовой деятельности предприятия.html
6. встановлюється на висоті не вище 100 см від нижнього краю мішені нерухома
7. тема- понятие основные элементы функции структура [3] 2
8. Дьяволиада Роковые яйца1924 Собачье сердце~возвр
9. Теория рационального питания
10. Реферат- Деякі аспекти інтерактивного навчання
11. Лабораторная работа 5 ПО ДИСЦИПЛИНЕ ИНФОРМАТИКА РЕШЕНИЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫХ УРАВНЕНИЙ 1ГО
12.  Понятие применения права и его признаки
13. На тему- Будівництво житлового будинку в м.
14. Складывается из полученных знаний и выведенных оценок идеалов и т.
15. Тема- Гигиена питания.
16. а протекающего через поперечное сечение трубопровода в единицу времени
17. Курсовая работа- Автоматизована система керування заводу по виготовленню цегли
18. Технология высококачественного оштукатуривания кирпичных поверхностей
19. . XІVХV ~.~ Осман с~лтандарыны~ Бал~анды иеленуі.
20. экономический институт Ректор акад