Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аза~станны~ мемлекеттік мекемелер тарихы курсы ~ылыми п~н ретінде ~аза~станны~ мемлекеттік мекемелер

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

ҚММТ

1.«Қазақстанның мемлекеттік мекемелер тарихы» курсы ғылыми пән ретінде

«Қазақстанның мемлекеттік мекемелер тарихы» пәнінің бағдарламасында мемлекеттік биліктің жоғары және жергілікті органдарының және басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, сот мекемелерінің, қоғамдық тәртіп қорғау мекемелерінің, сонымен қатар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және ғылым мекемелерінің тарихын оқыту көзделген.

Курстың мақсаты студенттерге мемлекеттік мекемелер тарихы туралы бойынша жалпылама материал беру, олардың тарихи дамудағы мемлекеттің қызметіндегі рөлін, ұйымдастыру ерекшеліктерін, құрылымы мен штатын көрсету.

Пәнді оқыту мына міндеттерді қояды:

- студенттерді мемлекеттік мекемелердің пайда болу тарихымен, мекемелердің құрылу жағдайларымен және себептерімен, олардың міндеттерімен және өкілеттілігінің ауқымымен таныстыру;

- мекемелердің ішкі ұйымдық: құрылымын, мамандарын, іс жүргізу ерекшелігін, сонымен қатар мекеме қызметінің бағыттарын, қызметінің формасы мен әдістерін, олардың нақты бір тарихи жағдайларда өзгеруін зерттеу;

- мемлекеттік мекемелер жүйесін, олардың өзара қарым-қатынастарын және мекемелердің қайта құрылуы және жойылуы себептерін, мемлекет қызметіндегі рөлі мен маңызын зерттеу.

Қазақстанның мемлекеттік мекемелер тарихы ғылыми пән ретінде.

Пәннің құрылымы, мазмұны, міндеттері. Курстың тарихи және мқрағаттану пәндері арасындағы орны. Өзге ғылыми пәндермен байланысы. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік аппараттың орны мен рөлі.

Мемлекеттік аппаратты жетілдіру – мемлекетті ұйымдастыру және қызметінің принциптерінің бірі.  

2.Мемлекеттік құрылым дегеніміз мемлекеттің ұлттық териториялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Мемлекеттік құрылым келесі түрлерге бқлінеді:

Унитарлық

Федерация

Конфедерация

Автономия

унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]

Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Федерация - [ фр. federation - бірлестік, одақ , лат. federatіo – одақ, бірлестік] - мемлекеттік құрылым түрі. Федерация– заңжүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш федерацияАмерика Құрама Штатта 1787 жылғы конституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерац. жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігінтолығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқысаяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территорияәскери күштерсалық жүйесі болмайды

Автономия- (грекшеautos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.

Мәдени, ұлттық, аумақтық түрлері болады. Әдетте, тілдік, тұрмыстық және экономикалық ерекшеліктері бар аймақтарда жүзеге асырылады. Көп этносты мемлекеттерде автономия ұлт мәселесін шешудің мемлекеттік-құқықтық тәсілі ретінде жиі пайдаланылатын, әрі белгілі аумақ шегінде қалыптасып, дамитын мемлекеттік құрылым. Дербестік деңгейіне қарай ұлттық автономия "ұлттық- аумақтық" және "ұлттық-мәдени" деп ажыратылады. 1920-1936 жылдары Қазақстан саяси-ұлттық құрылым ретінде Ресей Федерациясы құрамынан автономия алды.

Автономия әлемнің бірқатар елдерінде кездеседі. Мысалы, АҚШ-тың федералды штаттары, Испанияда - КаталонияБаскімен Галисия, Канададағы - Квебек штатыРесей Федерациясындағы - автономдық республикалар, т.б.

8.   Мемлекеттік аппарат тетіктері

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске  асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру /1, 48-49б./.

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:

1)      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;

2)      демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;

3)      биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;

4)      заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;

5)      жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;

6)      кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;

7)      алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

8)      сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;

9)      бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік                  органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді

       қорытындылай келсек, мемлекеттік аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.

9. 11    Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Саяси жүйелердің жіктелуі

Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарайтоталитарлықавторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

  Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән.Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.

Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектепинституттеатр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.

Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.


10.Мемл.мекеме  Қоғамдық ұйымдар саяси партиялар туралы түсінік, белгілері, қызметі
Саяси қоғамдық ұйымдарға  халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар      3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.


 14.  1920жылғы құрылтай съезі

1920 жылғы 4—12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР-інің жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарының Құрылтай съезі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарынан 6 делегат қатысты. Делегаттар құрамы – 128 қазақ, 127 орыс, 18 басқа ұлттардың өкілдері, 197 коммунист пен олардың 4 жақтаушыларынан тұрды. Коммунистердің ішінде қазақтар аз еді.

Алашорданың көрнекті қайраткерлерінің бірі Әлімхан Ермековтің (Қазақстан Кеңестері Құрылтай съезінің делегаты) айтуынша «... съезд басталғанға дейін... Арганчеевтің (С. Арғыншиев. — К.Н.) пәтерінде Жангелдин, Мендешев, Әлихан Бөкейханов және басқалар қатысқан қазақ делегаттарының (партияда барлар мен жоқтар) мәжілісі ашылды... Мәжіліс едәуір кең көлемде өтті. Оған Әлібеков пен Әйтиев, сондай-ақ Смағұл Сәдуақасов... қатысуға тиіс болатын. Меніңше Сейфуллиннің тобы болмады. Мәжілісте партия мүшелері мен партия қатарында жоқ қазақтардың қарым-қатынасы туралы мәселе қойылды. Съезде қазақтардың ұлттық, тұрмыстық және шаруашылық ерекшеліктеріне қатысты мәселелерде бірігіп дауыс беруге шешім қабылданды... Сейфуллин келген соң, Жангелдин мен Сейфуллиннің солшыл (коммунистік. — К.Н.) тобы құрылды да, бұл шешімнің іске асуына кедергі келтірді».[23]. 

Бұдан съезде тек қана қазақ депутаттарынан тұратын фракция құру әрекетінің Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, А. Досов және басқа коммунистердің қарсылық білдіруімен іске аспай қалғанын байқауға болады.

Съездің күн тәртібіне 15 мәселе енгізілді: президиумды, мандаттық және редакциялық комиссияны сайлау, комиссияларды (әкімшілік, әскери, жер, экономикалыққұрылыс) сайлау, секцияларды анықтау (халыққа білім беру, денсаулық сақтау,әділет, әлеуметтік қамсыздандыру мен қаржы) және олардың өкілдерін сайлау, Қазақ революциялық комитетінің есебі, қазақ халқы еңбекшілерінің құқықтық декларациясы, азық-түлік, жер, әскер мәселелері, КазОАК мен КазАКСР ХКК-ін сайлау.

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі қабылдаған аса маңызды саяси құжат «Қырғыз (Қазақ. - К.Н.) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» болып табылады. Декларация Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның ұйымдары мен қызметінің басты принциптерін белгіледі. Декларацияда еңбекшілердің өзара қатынастарының негізі «ендігі РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп атап көрсетілді.

Қазақ АКСР-інің құрылуы. Съезд былай деп мәлімдеді: «Қырғыз (қазақ) халқының саналы еңбекші бұқарасы республиканың еңбекші халықтарының біртұтас ынтымақты әулетіне енеді... ал оның басты міндеті «адамды адам қанауын, қоғамның таптарға бөлінушілігін толық жою..., социалистік қоғам орнату». Съезд делегаттары 1920 жылғы 26 тамыздағы БОАК пен РКФСР ХКК-інің Автономиялы Қырғыз (Казак) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы декретін құптап, мақұлдады. Декретте «Автономиялы Қырғыз (қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасының басқару органдары жергілікті депутаттар Кеңестері, Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі болып табылады», — деп атап көрсетілді.


 

6. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы 

1978 жылғы 20 ақпанда республиканың Жоғары Кеңесі шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Қазақ СССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған сәйкес барлық билік халыққа тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар және еңбек интелегенцияларының кластарына бөлінген. Билік және басқару органдарының үстінен Қазақ СССР Комунистік партиясы қойылды (6 бап). Республиканың экономикалық жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі жарияланды.

1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-территориялық құрылымы, жергілікті билік және басқару органдарының құзіреті

(78-83, 97-139 баптар), сайлау жүйесінің қағидаттары, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік дамытуды мемлекеттік жоспарлау институттары, мемлекеттік бюджет, сот төрелігі, арбитраж, прокурорлық қадағалау және т.б. анықталған болатын.

1990 жылдардың басында Қазақ ССР-інде, содан кейін Қазақстанда бірнеше заң қабылданды, онда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізілді. 1990 жылғы «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру туралы» заңға сәйкес Конституцияға Президенттің атқарушы және орындаушы биліктің басшысы екені туралы өзгеріс енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Басқа да заңдардың арасында 1991 жылғы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ СССР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы» Заң, 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгеру туралы» Заңы, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заңы және тағы басқалар бар.


24. Мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарына реформа жүргізу

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.Құқық қорғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

  1.  қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  2.  қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
  3.  кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;
  4.  өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
  5.  жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;
  6.  мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау, тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
  7.  Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Ішкі істер органдарының қызметі — заңдылық, дара басшылық, Ішкі істер органдарының тұтастығы, жариялылық, құқық қорғаумемлекеттік органдар мен және азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады.

Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдарыішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны РеспубликаПремьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

.


 18. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

  1.  заң шығарушы;
  2.  атқарушы;
  3.  сот билігі

болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

  1.  авторитарлық;
  2.  тоталитарлық;
  3.  демократиялық

болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:

  1.  пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  2.  пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  3.  жария-саяси сипатта жүруі,

мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.

Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардыңқұзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе 
ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттікбасқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

   Қ.Р-ның 1995-ші жылғы конституциясы бойынша халық билікті:

1. тікелей (еркін сайлау)

2. мемлекеттік өкімет органдары

3. жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.

 43. Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы,Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.

Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.

 Құқық қорғау органдары – заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституц. кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда өлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеум. шаралар да кіреді.


10.мемлекеттік мекемені соғыс баст орай  Қайта құру

11.Соғ кеингі кезеңдегі мемлекеттік билік және басқарудың жоғ орг

12. Халық комиссариаты және ХКК министрл етип кайта куру


32.1960-1980 ҚММ

 .60 жылдардың бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның XXII съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететін барлық жүйеден өкілдер құрамына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі артты.

1964 жылы КОКП Орталық Комитетінің пленумы өтті. Пленум барысында партия және мемлекет басшылары арасында ауыс-түйістер туындады. Ең алдымен Н. С. Хрущев КОКП ОК-ның бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды. КОКП ОК-ның бірінші хатшысы болып Л. И. Брежнев сайланды. Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметі А. Н. Косыгинге жүктелді. Бұл пленумда негізгі мәселелер Л. И. Брежнев, А. Н. Шелепин, М. А. Суслов, В. Е. Семчастный, Д. А. Қонаевтың қатысуымен шешілді. М. А. Суслов баяндамасында Н. С. Хрущевті айыптады.

70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы теориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л. И. Брежнев мәлімдеді.

1977 жылы 7 қазанда КСРО конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.

1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы конституциясы болды.

  33. Ауыл шаруашылығын басқарудағы өзгерістер

     Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .

    Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .

      Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен  асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.

     Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік – экономикалық жағынан терең түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің экономикалық  механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды .

      Ауыл – шаруашылығын өркендетуде қазргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр:

  1.  бірінші, азық –түлік рыногын тұрақтандыру ;
  2.  екінші , импорттық тауарлардың тасқыны күшейген  қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу ;
  3.  үшінші , аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;
  4.  төртінші , ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.
  5.  Мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін қолдауға және рыноктық жағдайларға бейімделуге көмек беруі қажет.
  6.  Аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түлік өндіруге, өңдеуге және оларды өткізуге, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік-техникалық камтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсері болып табылады.

34. Әлеуметтік мәдени құрылыс саласындағы басқару органдары

Кеңестік кезеңдегі әлеуметтік мәдени құрылыс саласындағы басқару органдарының бірі Қазақстанды зерттеу қоғамы.. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік маңызды мәселелердің бірі сәулет пен өнер туындыларын, тарихи ескерткіштерді зерттеу мен сақтау болды. 1918 жылы РКФСР Халық комиссариаты елдегі бүкіл материалдық және рухани жәдігерлерді тізімдеу жайында декрет қабылдады, ал 1919 жылы көне ескерткіштерді зерттеу, есепке алу және қалпына келтіру міндеті жүктелген Материалдық мәдениет тарихының мемлекеттік академиясы (ГАИМК) құрылды. 1920 ж. Ташкентте Түркістан (кейіннен Орта Азиялық (Среднеазиатский) деп аталған) мұражайлар ісі мен көне ескерткіштерді, өнерді және табиғатты қорғау (Туркомстарис - Средазкомстарис) комитеті құрылды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанның тарихи зерттеу нысанасына айналған әр түрлі елді мекендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері белгілі ғалымдар В.В. Бартольдтің, П.П. Ивановтың және М.Е. Массонның еңбектерінде кең түрде баяндалды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде жәдігерлердің түгелдей сипаттамасы беріліп, олар жайында бар мәлімет толықтай жинастырылды.
М.П. Грязнова мен Б.Н. Граковтың жүргізген ғылыми зерттеулері жәдігерлерді зерттеудің жаңа жүйесінің қалыптасуында үлкен маңызға ие болды. Олардың 1926-1928 жылдары Батыс Қазақстанда жүргізген зерттеулері Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің жоғары дамыған мәдени орталықтарының орнын ашуға мүмкіндік берді .
Б.Н. Жданов пен С.С. Черниковтың ізденістері де нәтижелі болды . Бұл еңбектердің негізгі бағыттарын жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелері айқындады.

Түркістан АКСР және Қырғыз (Қазақ) АКСР территориясындағы Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі, оның құрылған 1920 жылдардан бастап, ол таратылған 30-шы жылдардың екінші жартысына дейінгі кезең қамтылды.

Сауатсыздықты жою 1920 жылы РКФСР ХКК-нің шешіміне орай өлкелік Халық ағарту бөлімдерінің жанынан саутсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданатын сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. 1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда "Сауатсыздық жойылсын" ұйымын құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 1924 жылдың 17 ақпанда өткен алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою ұйымы (СЖҰ) рәсімделді [1]. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын социалистік құрылысқа тартумен және сауатсыз село халқын бар күш жігері мен қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның принциптерін насихаттаумен де айналысты.

35. Өнер және мәдениетті басқаратын орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады

Өнер және мәдениетті басқаратын органның негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  1.  мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2.  мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру;
  3.  Министрліктің стратегиялық жоспарларына, мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілері салаларындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға ұсыныстар енгізу;
  4.  мәдениет сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  5.  мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды іске асыру;
  6.  Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
  7.  объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау;
  8.  Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
  9.  ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегін айқындау;
  10.  ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
  11.  Министрлікке мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;.

Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

.

36. Ғылым және жаңа технологияны басқару органы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) республиканың ғылымы мен техникасы саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлейтiн және жүргiзетiн республикалық мемлекеттiк басқару органы болып табылады. 
       Министрлiк өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Министрлiк заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар. 
      Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 
      республикада ғылым мен техниканы дамытудың жайы мен перспективаларын талдау, iрi ғылыми-техникалық және аймақтық проблемаларды шешуде ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын айқындау, ғылыми мекемелердiң оңтайлы жүйесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      ғылым мен техниканы дамыту мәселелерiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялар мен өндiрiстiк бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiру және оларға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету; 
      инновациялық қызметтiң әралуан нысандарын дамытуға жәрдемдесу, ғылыми-техникалық салада экономикалық тетiктi жетiлдiру, ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша республикалық, мемлекетаралық және халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 
      ғылыми және ғылыми-педагог кадрларын даярлау, ғылыми-техникалық салада мамандарды қайта даярлау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 
      информатика мен есептеу техникасы саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу, осы заманғы есептеу құралдары мен ақпараттық технологиялар негiзiнде басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жасау; 
      қорғаныыс мақсатындағы кәсiпорындар мен объектiлерде жүргiзiлетiн ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға басшылық ету әрi үйлестiру; 
      министрлiк жүйесiнде өнертабыс пен патент-лицензия жұмысын ұйымдастыру мен жетiлдiру, республикалық патент қорын қалыптастыру; 
      республикада ғылыми-техникалық прогрестi дамытуға жұмсалатын шығындарды негiздеу, ұлттық ғылыми орталықтар шеңберiнде ғылымды, мақсатты және кешендi ғылыми-техникалық бағдарламаларды, iздестiру бағдарламалары мен техникалық жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен, сондай-ақ, Ғылым қорын қоса, қаржыландырудың басқа да көздерiнен бөлiнетiн қаражатты бөлу мен оның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету; 
     

37.41. Саяси – әкімшілік органдар

Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Саяси – әкімшілік органдар өз құзыреті аясында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) мемлекеттік саясатты іске асыру саласында: 
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 
авариялардың және өндірістік жарақаттанудың жай-күйін, себептерін талдайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 
қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу жөніндегі қадағалаудағы ұйымдардың қолданатын шараларының жеткіліктілігіне талдау жасауды жүзеге асырады; 
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; 
 Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

  1.  аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
  2.  қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
  3.  әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
  4.  әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
  5.  атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
  6.  ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
  7.  ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
  8.  жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
  9.  мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
  10.  халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
  11.  ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
  12.  ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  13.  ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.

25.38.50 сурак. Мемлекеттік билік және басқарудың жергілікті органдары - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

  1.  заң шығарушы;
  2.  атқарушы;
  3.  сот билігі

болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

  1.  авторитарлық;
  2.  тоталитарлық;
  3.  демократиялық

болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:

  1.  пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  2.  пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  3.  жария-саяси сипатта жүруі,

мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.

Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардыңқұзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе 
ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттікбасқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

   Қ.Р-ның 1995-ші жылғы конституциясы бойынша халық билікті:

1. тікелей (еркін сайлау)

2. мемлекеттік өкімет органдары

3. жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.

66. 1937 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

1936 ж КСРО конституциясының іс жүзге енгізілгеннен кейінгі қабылданған қазақ Кеңестік Социалистік республикасының конституциясы сай келді. Осыған орайҚазақ АКСР ОАК Президиумы  1936ж  9 шілдеде «Қазақ Республикасының жаңа конституциясы туралы » қаулысымен конституциялық комиссия құрды. Комиссия қазақ КСР конституциясының жобасын КСРО конституциясын негізге ала отырып даярлап, бүкілхалықтық талқылауға жіберді. 1,5 айдан  кейін Алматы қаласында 1937 ж 25-26 наурызда Бүкілқазақ кеңестерінің Х төтенше съезі өтіп Конституция қабылданды.  1937ж  26 наурызда  Хбүкілқазақ съезі қаулысымен бекітілді.  Қазақ СССР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды.

  1.  «Қоғам құрылысы»
  2.  «мемлекет құрылысы»
  3.  «ҚазКСР мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органдары»
  4.  «ҚазКСР мемлекеттік басқару органдары»
  5.  «мемлекеттік үкіметтің жергілікті органы»
  6.  «ҚазКСР бюджеті»
  7.  «Сот және прокаротура»
  8.  «азаматтардың құқықтары мен міндеттері»
  9.  «Сайлау жүйесі»
  10.  «Герб, жалау, Астана»
  11.  «Конституцияны өзгерту тәртібі»

Конституцияда былай деп жазылған: «СССР Конститутциясының 14 бабынан тыс Қазақ СССР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құқықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылған.

Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық сот төрешілері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).

1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.


41. Саяси әкімшілік органдар

Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Саяси – әкімшілік органдар өз құзыреті аясында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) мемлекеттік саясатты іске асыру саласында: 
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 
авариялардың және өндірістік жарақаттанудың жай-күйін, себептерін талдайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 
қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу жөніндегі қадағалаудағы ұйымдардың қолданатын шараларының жеткіліктілігіне талдау жасауды жүзеге асырады; 
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; 
 Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

  1.  аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
  2.  қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
  3.  әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
  4.  әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
  5.  атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
  6.  ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
  7.  ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
  8.  жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
  9.  мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
  10.  халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
  11.  ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
  12.  ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  13.  ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.

42. Халықтық бақылау органдары

Кеңестер Одағында бақылау органдары бірнеше атпен аталғаны тарихтан белгілі.

Мысалы, ол кеңестік, мемлекеттік, партиялық-мемлекеттік және халықтық бақылау деген

атауларды иеленді. 1962 жылы партиялық-мемлекеттік бақылау комитеттері құрылып,

оған үлкен маңыз беріліп, халық шаруашылығында, қоғамда орын алған кемшіліктермен

күресуге бағытталған көптеген бағдарламалар қолға алынып жатты. Бұл орган өзінің

күнделікті қызметін негізінде бұқара халықтың, ұжым мүшелерінің алдыңғы қатарлы,

сана-сезімі жоғары қоғам өміріне белсене қатысатын көпшіліктің күшімен жүргізген.

СОКП ОК-нің 1962 жылы қараша айындағы пленумы КСРО-дағы бақылаудың бүкіл

жүйесін қайта құрды. СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің Партиялық-мемлекеттік бақылау комитеті және СОКП ОК жанындағы партия комиссиясы құрылды.

СОКП ОК-нің 1965 жылғы желтоқсан айындағы пленумы Партиялық-мемлекеттік бақылау органдарын Халықтық бақылау органы етіп қайта құрды. Партиялық бақылау

комитеті қалпына келтірілді.

Халықтық бақылау комитеті кеңес мемлекетінің басқару аппараты мен оның қызметкерлерінің, колхоздар және кооперативтік, қоғамдық ұйымдары қызмет

адамдарының жұмысына бақылау жасады. Мемлекеттің жоспардың орындалуын, еңбек және материалдық ресурстардың, ақша қаражаттарының дұрыс, үнемді жұмсалуын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырды


59.75 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске  асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру /1, 48-49б./.

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:

1)      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;

2)      демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;

3)      биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;

4)      заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;

5)      жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;

6)      кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;

7)      алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

8)      сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;

9)      бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік  органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді .

қорытындылай келсек, мемлекеттік аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.

 12. Қазақстан мемлекеттік мекемелері 1920-1940

1920 жылғы 4—12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР-інің жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарының Құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) кеңестік автономиялық республикасы еңбекшілері құқықтық декларациясын қабылдайды.Қазақ автономиясының жоғарғы билік органы болып қазақ орталық атқару комитеті және ХКК сайланды.

Қазақ орталық атқару комитеті орталық басқару органы ретінде 1920-1936 ж қызмет атқарды. Төрағасы болып С.Меңдешов болды.

Құрамында 76мүше және  25мүше кандидат болды. Олардың ішінен 10 адам төралқа мүшелеріне сайланды.

ХКК заң шығарушы өзінің құқықтар шеңберінде атқарушы орган болып табылады. Төрағасы В.Радус Зенькович ьолды.

ХКК құрамына төмендегі коммиссариаттар енді:

1. ішкі істер х к

2 әділет х к

3 ағарту х к

4 Денсаулық х к

5 әлеуметтік қамсыздандыру х к

6 егіншілік х к

7 азық түлік х к

8 қаржы х к

9 жұмысшы шаруа инспекциясының х к

10 халық шаруашылығы х к

11 еңбек х к

12 байланыс жолдар х к

13 әскери х к

ХКК қызметінің барсында төрағалық қызмет атқарғандар:

  1.  Радус Зенькович (1920-1923)
  2.  Нығмет Нұрмақов(1923-24 - 1928)
  3.  Ораз Исаев(1929-1936)


17. ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті

Қазақ орталық атқару комитеті орталық басқару органы ретінде 1920-1936 ж қызмет атқарды. Төрағасы болып С.Меңдешов болды.

Құрамында 76мүше және  25мүше кандидат болды. Олардың ішінен 10 адам төралқа мүшелеріне сайланды.

Қазақ Орталық Атқару Комитеті (бұдан былай ҚазОАК) заң шығарушы, басқарушы және бақылаушы орган болды. ҚазОАК Қазақ үкіметінің және жергілікті жерлердегі Кеңес үкіметінің органдарының қызметіне жалпы бағыт беріп отырды. Орталық органдар мен жергілікті билік органдарының қаулылары мен қараларының орындалуын қадағалады. ҚазОАК Халық Комиссарлар Кеңесінің декреттерін қарады және бекітті, өз декреттері мен үкімдерін шығарды. ҚазОАК үкіметпен бірге жекелеген үкіметтің бөлімдерін құрды.  Биліктің бір тармағы ретінде құрылған Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Орталық Атқару Комитетінің заңдық, атқарушы және билік органы болды. Халық Комиссарлар Кеңесі өз қызметі барысында Орталық Атқару Комитетінің алдында жауапты болып, есеп беріп отырды. Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің құзырына жалпы басшылық және РКФСР, ҚАКСР мемлекеттік жоғарғы билік органдарының заңдық актілері негізінде Қазақ автономиясын басқару жатты. Қазақ үкіметі әр салалы халық комиссариаттарының қызметтерін біріктірді және бағыт беріп отырды. Қазақ автономиялы Республикасының халық шаруашылығы дамуының жоспарын қарап Орталық Атқару Комитетінің қарауына ұсынды. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттің орындалуын алдын-ала қарады. Қазақ автономиялы Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесі заңдық актілерді шығаруға құқылы болды. Ол бүкіл Республика территориясында орындалуға тиісті декреттер және қаулылар, нұсқаулар шығарды. Халық Комиссарлар Кеңесі Бүкілодақтық, Бүкілресейлік және Жалпықазақтық кеңестер сиезінің, КСРО Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ АКСР-нің қаулыларын орындау үшін жоғарғы және жергілікті органдардың қызметін бақылады, жетекшілік етті, бағыт беріп отырды. Кейбір жағдайларда ХКК-і жергілікті атқарушы комитеттердің қаулыларының іске асуын тоқтатты және жергілікті жағдайларға сәйкес келмейтін мәселелер бойынша РКФСР Халық комиссариаттарының қаулыларын тоқтату жөнінде Орталық Атқару Комитетінің алдына мәселе қоюға құқылы болды. Халық Комиссарлар Кеңесінің барлық мәселелері кеңес мүшелерінің ашық дауысымен шешіліп отырды. Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулылары мен үкімдерін тоқтату немесе күшін жою құқығына Орталық Атқару Комитеті ие болды.  Алғашқы жылдары Қазақ АКСР ХКК-і жанында кіші кеңес жұмыс істеді. Кіші кеңестің құрамына: юстиция, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер,қаржы, еңбек наркоматтарының жауапты өкілдері кірді. Іс жүзінде кіші кеңес халық комиссарлар орынбасарларынан тұрды. Кіші кеңес алдын-ала талқылауға жататын, келісілуді қажет ететін барлық заңдық ұсыныстарды және мемлшекеттік басқару мәселелерін қарады. Кіші кеңестің барлық қаулылары ХКК-інің бекітуіне жатты.

 17. 31 Халық комиссарлар кеңесі

ХКК заң шығарушы өзінің құқықтар шеңберінде атқарушы орган болып табылады. Төрағасы В.Радус Зенькович ьолды.

ХКК құрамына төмендегі коммиссариаттар енді:

1. ішкі істер х к

2 әділет х к

3 ағарту х к

4 Денсаулық х к

5 әлеуметтік қамсыздандыру х к

6 егіншілік х к

7 азық түлік х к

8 қаржы х к

9 жұмысшы шаруа инспекциясының х к

10 халық шаруашылығы х к

11 еңбек х к

12 байланыс жолдар х к

13 әскери х к

ХКК қызметінің барсында төрағалық қызмет атқарғандар:

  1.  Радус Зенькович (1920-1923)
  2.  Нығмет Нұрмақов(1923-24 - 1928)
  3.  Ораз Исаев(1929-1936)

«ҚАКСР-і депутаттарының жергілікті Кеңестері, Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесі автономиялы республиканың басқару органдары болып табылатындығы» айтылып, автономиялы мемлекеттің билік тармақтары айқындалды, сондай-ақ, бүкіл заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы өкімет бүтіндей тек қана еңбекші халықтың қолында болуға тиіс екендігі көрсетілді. Жарияланған декларацияға сәйкес автономиядағы ең жоғарғы билік Кеңестердің Жалпықазақтық сиезінің қолында болды. Әр жылда бір реет шақырылатын сиездер аралығында жоғары билік Орталық Атқару Комитетінің қолында болды. Орталық Атқару Комитетінің мүшелері және мүшелегіне кандидаттарды Кеңестердің Жалпы Қазақтық сиезі сайлады. Бірінші құрылтай сиезінің шешімі бойынша Орталық Атқару Комитетінің президиумына 10 мүше мен 5 кандидат: С.Меңдешев төраға, В.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, И.Киселев және басқалар кірді.Орталық Атқару Комитеті Республиканың Халық Комиссарлары Кеңесін құрды, оның төрағасы болып Ресейдегі революциялық қозғалысқа белсене қатысушы В.Радус-Зенькович сайланды. Уақытша орган бөліп келген Қазақ революциялық комитеті өзінің барлық өкілеттіктерін Қазақ АКСР-інің үкіметіне берді.

25.  Мемлекеттік билік және басқарудың жергілікті органдары - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

  1.  заң шығарушы;
  2.  атқарушы;
  3.  сот билігі

болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

  1.  авторитарлық;
  2.  тоталитарлық;
  3.  демократиялық

болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:

  1.  пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  2.  пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  3.  жария-саяси сипатта жүруі,

мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.

Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардыңқұзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе 
ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттікбасқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

   Қ.Р-ның 1995-ші жылғы конституциясы бойынша халық билікті:

1. тікелей (еркін сайлау)

2. мемлекеттік өкімет органдары

3. жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.

26. 1936 жылғы КСРО Конституциясы.

      1936 -1935 жылы ақпанда БКП(б) Орталық Комитеті елдегі болған үлкен өзгерістерге сәй- кес сол кезде қолданып жүрген Конституцияға өзгерістер енгізу және дауыс жасырын берілетін жалпыға бірдей тең сайлауға көшу қажет деп тапқан болатын. Кеңестердің Бүкілодақтық VII съезі бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады. И.В.Сталиннің төрағалық етуімен Конституциялық комиссия құрды. Конституцияның жобасын жасап, 1936 жылы маусым айында мақұлдап, бүкіл халықтың талқысына салуға, баспасөз бетінде жариялауды ұйғарды. Жарты жылға уақыт созылған талқылауға 50 млннан астам адам қатысты. Бүкіл халықтық талқылаудың барысында көптеген түзету толықтыру, редакциялық жөндеулер ұсыныл- ды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі жаңа Конституцияны бекітті. Бұл қабылдаған Конституция «Сталиндік конституция» деп халық арасында кең аталды. Жаңа конституция социализмнің жеңісі мен оның негізгі принциптерін бекітті. Конституцияның бірінші бабында: «Кеңес Социа- листік Республикалар Одағы жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті болып табылады» делінген.

   КСРО-ның саяси негізі - еңбекшілер депутаттарының кеңестері, ал экономикалық негізі - жоспарлы социалистік меншік, оның екі формасы

- мемлекеттік

- колхоз - кооперативтік түрлері көрсетілді. Конституцияда адамды адамның қанауына тыйым салды.

Конституцияда КСРО тең құқықта ке- ңес социалистік республикалардың өз еріктерімен бірігуі негі- зінде құрылған одақтық мемлекет болып табылады деп жазыл- ды. Одақтас республикалардың саны көбейіп 11-ге дейін жетті. Закавказье федерациясы таратылып Әзербайжан, Армян, Грузин одақтас республикалар ретінде КСРО-ның құрамына тікелей енді. Бұрын РСФСР құрамында болып келген Қазақ және Қыр- ғыз автономиялық республикалары дербес Қазақ ССР болып, одақтас республика ретінде КСРО-ның құрамына кірді.

1936   жылғы Конституция КСРО азаматтарының еңбек ету, білім алу, тынығу, қартайғанда зейнетке шығуға құқықтарын бекітті. Әйелге еркекпен тең құқық берілді. Ұлты, нәсілі қандай болуы бұлжымайтын заң болды. Азаматтардың жеке басына, үй- жайына ешкімнің қол сұқпауы, сөз, баспасөз, жиналыс пен митингтер өткізу бостандығы, қоғамдық ұйымдарға бірігу бостандығы Социалистік Отанды қорғау, заңдарды орындау міндеттері жүктелді.


83.79 Қазақстанның мемлекеттік мекемелер қызметі

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген.  Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:

1. Мемлекеттік  билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.

2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.

3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.

4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.

ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.

Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.

Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.


43.  Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы,Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.

Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.


44.   Ауыл шаруашылығын басқарудағы өзгерістер

     Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .

    Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .

      Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен  асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.

     Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік – экономикалық жағынан терең түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің экономикалық  механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды .

      Ауыл – шаруашылығын өркендетуде қазргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр:

  1.  бірінші, азық –түлік рыногын тұрақтандыру ;
  2.  екінші , импорттық тауарлардың тасқыны күшейген  қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу ;
  3.  үшінші , аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;
  4.  төртінші , ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.
  5.  Мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін қолдауға және рыноктық жағдайларға бейімделуге көмек беруі қажет.
  6.  Аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түлік өндіруге, өңдеуге және оларды өткізуге, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік-техникалық камтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсері болып табылады.

45. Ішкі және сыртқы сауданы басқару

Сауда 

  1.  материалдық және рухани игіліктерді иеліктен шығару және иемденутүріндегі сатып алу-сату әрекеті барысында меншіктенушінің ауысуы нысаны;
  2.  тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік нәтижелерінің айналымын, сатылуын ұйымдастыру жөніндегі шаруашылық қызмет аясы, яғни жеке адамның пайда алу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі шаруашылық қызметі; сатып алу-сату арқылы тауарларды өткізетін ұлттық шаруашылық саласы.

Сауда түрлері

Iшкі сауда, сыртқы саудааукциондық сауда, баспа-бас айырбас сауда, биржалық сауда, комиссиялық сауда, консигнациялық сауда, өтемақылы сауда, лицензиялық сауда (технологияларды пайдалану құқығын, ноу-хауды, патенттерді, өнертабыс лицензияларын мерзімге және сыйақыға беру), көтерме сауда (заңи тұлғаларға не заңи тұлға құрмаған жеке тұлғаларға кәсіби қызметте пайдалану үшін кез келген тауарды түрін өзгертпестен қайта сату және сату), бөлшек сауда (халыққа жеке бастың тұтынуы немесе үй қожалығында пайдалану үшін сату), халықaралық сауда, "көзге көрінбейтін" сауда (көрсетілетін қызметтердін көлік, сақтандыру, қаржы, компьютерлік, ақпараттык, лизингтік, құрылыс, тағы басқа қызметтердің экспорты мен импорты), тағы басқа түрлерге бөлінеді. 

Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады. Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

  iшкi сауда (iшкi сауда қызметi) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.

 Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

      1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 

      2. Iшкi сауда объектiлерiне: 

      1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 

      2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 

      3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы; 

      4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс; 

     

 

 





1. тема просто згадується
2. тематизувати знання про будову матерії
3. Управленческий анализ ОАО Аксайкардандеталь.html
4. Реферат- Собеседование- лицом к лицу с работодателем Собеседование- лицом к лицу с работодателем Достойны
5. Стирка запрещена и ручная и в стиральной машине
6.  Философия Древней Индии а Джайнизм VI в до н
7. тема досягає успіху у своїй діяльності якщо вона знаходиться в стані послідовного і неухильного розвитку
8. Общие сведения о миграции населения 1
9. Контрольная работа- Каліграфія в школі
10. то снять чтото расстегнуть
11. Автоматизированные системы ведения истории болезни
12. Задание 2 Практическая работа 1
13. Невроз как этиопатогенетический механизм гипертонической болезни
14. Создание структуры Web-сайта
15. Українська народна казка- жанрові різновиди й поетика Казка ~ епічний твір народної словесності в якому в
16. Пермская государственная фармацевтическая академия Минздравсоцразвития России Кафедра промышленной
17. Про охорону праці вперше чітко визначив політику держави у сфері захисту інтересів як найманих працівникі
18. Ветеринария направления 111900
19. на тему- Лизинг. Лизинговые отношения КП01
20. конспект лекций Елабуга 2008Печатается по решению редакционноиз