Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Стоматология ~ДІСТЕМЕЛІК Н~С~АУ Т~ЖІРИБЕЛІК САБА~~А

Работа добавлена на сайт samzan.net:


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

Хирургиялық стоматология модулі

Пәні – Хирургиялық стоматология HS 5306.

МАМАНДЫҒЫ:  051302 «Стоматология»

                            ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

 

Тақырыбы: «Бет нервісінің  аурулары мен жарақаттары. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу қағидасы»

КУРСЫ:  5

семестрі – 10

                               

                                                              2012 ж.

Құрастырушы асс. Утеулиева К.К.

Модуль отырысында талқыланды

Хаттама №         «___    » ________   2012 ж.

Бекіткен:

Хирургиялык стоматология модулінің жетекшісі

М.ғ.к.   __________     Даулетхожаев Н.А.

1.Тақырып  «Бет нервісінің  аурулары мен жарақаттары. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу қағидасы»

2. Мақсаты: студенттерде келесі компетенцияларды  қалыптастыру

- нәтижелі кеңес беру;

- қосымша әдебиетпен, анықтамашымен, арнайы шығаралатын мақалалармен жұмыс жасау (реферат, конспект, кіріспе);

- заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып тапсырмаларға (сұрақтар, жағдайлар) өз бетінше жауап (шешім) іздестіру;

- тәжірибиелік тапсырмаларды орындағанда теориялық білімін қолдана білу;

 – өз бетімен  жұмыс барысында алған теориялық және тәжірибиелік нәтижелерді көпшілік алдында талқылау және т.б.

3. Оқыту мақсаттары:

  1.  тақырып бойынша білімін тереңдету және бекіту;
  2.  Internet ақпарат көзімен және әдебинтпен жұмыс дағдыларын жетілдіру;
  3.  - коммуникативті дағдыларын жетілдіру: Науқаспен нәтижелі қарым-қатынас үшін коммуникативті дағыдылар және науқас жайлы және ауруы жайлы ақпарат білу
  4.  - тәжірибиелік дағдыларын жетілдіру: Тіл- жұтқыншақ және бет нерві ауруының диагностикасын, алдын алуын және емделуін білу
  5.  өз пікірін аргументті баяндап және қорғай білу дағдыларын оқушыларға қалыптастыру;
  6.  - оқушыларды  Денсаулық сақтау аймағындағы ҚР нормативті құжаттары мен заңдарын ескере отырып құқық құзыреттілігі нормативтік құжаттармен таныстыру;
  7.  студенттердің оқу материалымен өз бетінше жұмысының нәтижелілігін тексеру.

4. Өткізу түрі:

-тақырып бойынша кеңес беру;

- қосымша әдебиетпен, анықтамашымен, арнайы шығаралатын мақалалармен жұмыс жасау (реферат, конспект, кіріспе);

-тапсырмаларға және сұрақтарға өз бетінше жауап  іздестіру дағдысын қалыптастыру үшін заманауи компьютерлік технологияларды қолдану;

  1.  - Тіл- жұтқыншақ және бет нерві ауруының диагностикасын, алдын алуын және емделуін білу тәжірибиелік жаттығуларды орындау

- студенттің өзіндік жұмыс кезінде алған теоретикалық немесе тәжірибиелік нәтижелерін талқылау.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1) тақырып бойынша өз бетінше қосымша әдебиеттерді оқу;

2) оқытушының белгілеген оқулығы бойынша конспект (аннотация, реферат) дайындау;

3) тақырып бойынша  глоссарий  құрастыру;

4) тақырып бойынша  библиографиялық тізім дайындау;

5) ) тақырып бойынша   эссе жазу;

6) кесте, таблица құрастыру,салыстырмалы мінездеме беру  және  т.б.

7) тәжірбие жаттығуларды альбомда,фантомда, пластилинде қиып орындау  және т.б.

8)  рецепті жазу және т.б.

6. Берілетін материал:

- мультимедиялық форматта презентация  жасау тақырыбын;

- тақырып бойынша оқу әдебиетін;

- стоматологиялық құрал-саймандар жиынтығын;

- студенттерге арнайы тапсырмалар жиынтығын.

7. Әдебиет:

Негізгі

1  .Хирургическая  стоматология:     Учебник/ Под ред.  Т.Г.  Робустова,  М.,
Медицина, 2003- С 39 - 42.

2. Основы      челюстно-лицевой   хирургии   и   хирургической   стоматологии.
Вернадский . М.: 1999 С. 8 - 14.

3. Руководство по хирургической стоматологии и ЧЛХ в 2-х тт. Безруков.
М:2000 129-134.

Қосымша

1.  Козлов   В.А.   Неотложная   стационарная   стоматологическая   помощь   Ленинград.:
Медицина, 1988.- 288 с: ил.

2.  Шайн М., Уитман Д. «Отделение реанимации» Клиническая хирургия. «Практика»,
1998 г., с. 187-243.

3.  Рябов Г.А. «Критические состояния хирургии». Москва, 1979.

4.  Дарбинян Т.М. «Руководство по реаниматологии». Москва, 1974.

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.б.)

№ 1 тапсырма

Тіл-жұтқыншақ нерві бас нервінің нешінші жұбы?

  1.  Бірінші
  2.  Үшінші
  3.  Бесінші
  4.  Тоғызыншы
  5.  Он бірінші

2 тапсырма

Тіл-жұтқыншақ нерві өзімен қандай нерв талшығын алып жүреді?

  1.  Сезімтал
  2.  Қозғалтқыш
  3.  Аралас
  4.  Симпатикалық
  5.  Парасимпатикалық

3 тапсырма

Тіл-жұтқыншақ нерві бассүйектің қай тесігінен шығады?

  1.  Дөңгелек
  2.  Овалды
  3.  Мойындырық
  4.  Көз
  5.  Ұйқы

4 тапсырма

Тіл-жұтқыншақ нерві төмендегі көрсетілгендердің шырышты қабығын нервтейді, мынадан басқасы?

  1.  Тіл түбірі мен жұтқыншақ
  2.  Жұмсақ таңдай
  3.  Ауыз қуысы түбі
  4.  Евстахий түтігі
  5.  Дабыл қуысы

5 тапсырма

Тіл-жұтқыншақ нерві  қай нервпен бірге мойындырық тесіктен шығады?

  1.  Үшкіл нервпен
  2.  Кезбе нервпен
  3.  Тіласты нервімен
  4.  Бет нервімен
  5.  Көзқазғалтқыш нервімен

№6 тапсырма

Мына белгілер- ауру пароксизмі, жұтқанда ауру сезімі, синкопалды жағдай, вегетативті бұзылыстар қандай ауруға тән?

  1.  Денталды плексалгия
  2.  Қанаттаңдай түйіні невралгиясы
  3.  Үшкіл нерв невралгиясы
  4.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№7тапсырма

Тілдің артқы үштен бір бөлігінің ащыға гиперергезия қай ауоруға тән?

  1.  Денталды плексалгия
  2.  Қанаттаңдай түйіні невралгиясы
  3.  Үшкіл нерв невралгиясы
  4.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№ 8тапсырма

Науқас жедел ауру сезіміне шағымданып келді. Тіл түбірі, таңдай, аран аймағында ұстаматәрізді ауру сезімі, ол төменгі жақ бұрышы, көз, мойын аймағына таралады.

Тіл қозғалғанда ауру сезімі, әсіресе сөйлегенде, тілді тітірткенде.

Құрғақ жөтел, ұстама кезінде көзде жас, ұстамадан кейін гиперсаливация. Ұстама бір,екі минутқа созылады. Қай диагноз дұрыс болуы мүмкін.

  1.  Фарингит
  2.  Құлақ түйіні невралгиясы
  3.  Іріңді отит
  4.  Үшкіл нерв невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы

9тапсырма

Науқас тіл түбірі, таңдай, жұтқыншақта ауру сезіміне, гиперсаливация мен құрғақ жөтелге шағымданады. Ауру сезімі бір, екі минутқа созылады. Сөйлегенде, жөтелгенде күшейеді. Қарап тексергенде- аран мен жұтқыншақ аймағында герпесті бөртпелер анықталады.

Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

  1.  Денталды плексалгия
  2.  Қанаттаңдай түйіні невралгиясы
  3.  Үшкіл нерв невралгиясы
  4.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№10 тапсырма

Науқас жедел ауру сезіміне шағымданып келді. Тіл түбірі, таңдай, аран аймағында ұстаматәрізді ауру сезімі, ол төменгі жақ бұрышы, көз, мойын аймағына таралады.

Тіл қозғалғанда ауру сезімі, әсіресе сөйлегенде, тілді тітірткенде.

Құрғақ жөтел, ұстама кезінде көзде жас, ұстамадан кейін гиперсаливация. Ұстама бір,екі минутқа созылады. Қай аурулармен дифференциалды диагностика жүргізуге болады, мынадан басқасы?

  1.  Ангина
  2.  Құлақ түйіні невралгиясы
  3.  Кеңірдек қатерлі ісігі
  4.  Үшкіл нерв невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№ 11 тапсырма

Мына белгілер- ұстама тәрізді ауру сезімі , жұту рефлексі төмендеуі, жұмсақ таңдай қозғалысының төмендеуі, вегетативті бұзылыстар қандай ауруға тән?

  1.  Денталды плексалгия
  2.  Қанаттаңдай түйіні невралгиясы
  3.  Үшкіл нерв невралгиясы
  4.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№12 тапсырма

Төменде көрсетілген клиникалық белгілер- тіл түбірі мен жұтқыншақ маңайында тұрақты ауру сезімі. жұту рефлексі төмендеуі, жұмсақ таңдай қозғалысының төмендеуі, тіл түбірі сезімталдығының төмендеуі. Қай ауруға тән?

  1.  Тіл-жұтқыншақ нерві невропатиясы
  2.  Қанат таңдай түйінінің невралгиясы
  3.  Одонтогенді невралгиясы
  4.  Үшкіл нерв невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ неві невралгиясы

13тапсырма

68 жастағы науқас жұтқыншақ пен бадамшасының оң жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Жұту 3 минутқа созылған ауру сезімімен жүреді. Ұстама қою сілекей бөлінуімен аяқталады.

Төмендегі көрстеілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін?

  1.  Денталды плексалгия
  2.  Қанаттаңдай түйіні невралгиясы
  3.  Үшкіл нерв невралгиясы
  4.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№ 14 тапсырма

78 жастағы науқас «отит » деген диагнозбен емханаға жіберілді. Төрт ай лор дәрігердің қарауында болған. Құлақ түбінің аймағында ұстаматәрізді ауру сезімі. Ұстама екі, үш минутқа созылған ауру сезімі. Ұстама кезінде бас айналу мен есауысқан жағдай болуы мүмкін.  Қарап тексергенде: ішкі мүшелер ішінде ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Жұту рефлексі төмендеуі. Көз түбі қалыпты.

  1.  Денталды плексалгия
  2.  Қанаттаңдай түйіні невралгиясы
  3.  Үшкіл нерв невралгиясы
  4.  Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ нерві жоғары және төменгі жақ түйінінің ганглионаты

№15 тапсырма

  68 жастағы науқас жұтқыншақ пен бадамшасының оң жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Жұту 3 минутқа созылған ауру сезімімен жүреді. Ұстама қою сілекей бөлінуімен аяқталады. Қарап тексергенде: ішкі мүшелер ішінде ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Жұту рефлексі төмендеуі. Көз түбі қалыпты.ло дәрігер қорытындысының ерекшілігі жоқ. Тіл түбірі сезімталдығының төмендеуі.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

  1.  Тіл-жұтқыншақ нерві невропатиясы
  2.  Қанат таңдай түйінінің невралгиясы
  3.  Одонтогенді невралгиясы
  4.  Үшкіл нерв невралгиясы
  5.  Тіл-жұтқыншақ неві невралгиясы

16 тапсырма

68 жастағы науқас жұтқыншақ пен бадамшасының оң жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Жұту 3 минутқа созылған ауру сезімімен жүреді. Ұстама қою сілекей бөлінуімен аяқталады. Объективті зерттеу әдістердің қайсысы ең ықтимал, мынадын басқасы?

  1.  АҚ өлшеу
  2.  Төменгі жақ бұрышындағы пальпация
  3.  Сыртқы құлақ аймағындағы пальпация
  4.  Тіл түбірін 10 % лидокаинмен сүрту
  5.  Бас ми МРТ

17 тапсырма

68 жастағы науқас жұтқыншақ пен бадамшасының оң жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Жұту 3 минутқа созылған ауру сезімімен жүреді. Ұстама қою сілекей бөлінуімен аяқталады. Диагностика  әдістердің қайсысы ең ықтимал, мынадын басқасы?

  1.  Невропатолог консультация
  2.  Отоларинголог консультациясы
  3.  Бассүйек рентгенографиясы
  4.  Сыртқы ұйқы артериясының доплерография
  5.  Жақ-бет хирургының окнсультациясы

18 тапсырма

68 жастағы науқас жұтқыншақ пен бадамшасының оң жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Жұту 3 минутқа созылған ауру сезімімен жүреді. Ұстама қою сілекей бөлінуімен аяқталады. Қарап тексергенде: ішкі мүшелер ішінде ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Жұту рефлексі төмендеуі. Көз түбі қалыпты.ло дәрігер қорытындысының ерекшілігі жоқ. Тіл түбірі сезімталдығының төмендеуі.

Төменде көрсетілген кешенді емдердің қайсысы қолданылады, мынадан басқасы?

  1.  Антиконвульсант
  2.  Транквилизатор
  3.  Қан тамырын кеңейтетін дәрілер
  4.  Антибиотики
  5.  Тіл түбірін 10 % лидокаинмен сүрту

19 тапсырма

78 жастағы науқас «отит » деген диагнозбен емханаға жіберілді. Төрт ай лор дәрігердің қарауында болған. Құлақ түбінің аймағында ұстаматәрізді ауру сезімі. Ұстама екі, үш минутқа созылған ауру сезімі. Ұстама кезінде бас айналу мен есауысқан жағдай болуы мүмкін.  Қарап тексергенде: ішкі мүшелер ішінде ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Жұту рефлексі төмендеуі. Көз түбі қалыпты.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы диагноз қоюға көмектеседі?

  1.  АҚ өлшеу
  2.  Төменгі жақ бұрышындағы пальпация
  3.  Сыртқы құлақ аймағындағы пальпация
  4.  Тіл түбірін 10 % лидокаинмен сүрту
  5.  Бас ми МРТ

№21 тапсырма

Төменде көрсетілген бас нервтерінің жүйелі симптомды кешенді бұзылысы нейростоматологиялық ауруларға жатады, мынадан басқасы?

  1.  Орбиталды
  2.  Үшкіл
  3.  Тіласты
  4.  Бет
  5.  Тілжұтқыншақ кезбе нервпен




1. по теме- Самоменеджмент и имидж руководителя План семинарского заняти.html
2. 022012 222-5 Зареєстровано в Міністерстві юстиції України 10 лютого 2012 р
3. зависимость переменной у от переменной x если каждому значению х соответствует единственное значение у
4. його використовують головним чином як антисептик значно більшої уваги він заслуговує у соціальному аспект
5.  Основні Закони України та Постанови Кабміну які регламентують роботу ЗМІКонституція України- Закон Про і
6. Пояснительная записка к курсовой работе Схема генплана города на 52 тыс
7. Кубанский государственный технологический университет Кафедра стандартизации сертификации
8. Организация производства пескобетонных строительных блоков и тротуарной плитки
9. Философское учение Платона о бессмертии души
10. I 7 Предательство приносило неплохие доходы
11. Зоне когда драка руганья были среди русских гостей ресторана и китайцевгостей ресторана
12. Аркаим и страна городов
13. ВГЭТК Утверждаю Зам
14. Мобильная связь и системы беспроводного доступа Группа- 439Д94РРТ; 445КД94РРТ Семестр VII Параметр
15. Чи варто сьогодні обирати професію за покликанням
16. 120Гц монотонность работы длительное нахождение в сидячем положении и постоянное напряжение зрительной сис
17. Экономико-географическая характеристика размещения производительных сил и транспорта Северо-Кавказского экономического района
18. ИРАН СДЕЛАЛ ВЫБО
19. опера Історія розвитку
20. Загальні відомості про заповідник 2