У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Терапиялы~ стоматология пропедевтикасы Маманды~ы- 051302 Стоматология Курс 4 Уа~ыты ~за~ты

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 30.12.2024

Ф КГМУ 4/3-06/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ортопедиялық стоматология курсымен  терапиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС

Тақырып: Түбір өзектерін ұсақ аспаптармен өңдеу эдістері (51ер ВасІ<, Сголүп ВО\УП. теңестірілген күшпен әсер ету). Түбір өзектерін аспаптармен өңдеудің сапапылығын анықтау белгілері.

Пәні TSP 4301 «Терапиялық стоматология пропедевтикасы»

Мамандығы:  051302 «Стоматология»

Курс   4

Уақыты ( ұзақтығы ) – 1 сағат

Қарағанды 2011 ж

Ортопедиялық стоматология курсымен  терапиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланып бекітілді      

Хаттама № 1 31.08.2011 

Ортопедиялық стоматология курсымен  терапиялық

стоматология кафедрасының меңгерушісі _____________________Танкибаева Ж.Г.


Тақырып: Түбір өзектерін ұсақ аспаптармен өңдеу эдістері (51ер ВасІ<, Сголүп ВО\УП. теңестірілген күшпен әсер ету). Түбір өзектерін аспаптармен өңдеудің сапапылығын анықтау белгілері.

Мақсаты: Түбір өзектерін аспапты өндеу әдістерімен (Step Back, Crown Down, теңестірілген күш әдісі ) студенттерді таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1.  Қолданылатын аспаптар
  2.  Теңестірілген күш әдісі
  3.  Step-back (степ-бэк)-әдісі
  4.  Crown Down әдісі
  5.  Түбір өзектерін аспаптармен өңдеудің сапалығын анықтау белгілері. 

Эндодонтиялық аспаптар

Түбір каналын мұқиятты және берікті өңдеу эндодонтиялық аспаптарсыз мүмкін емес. Қазіргі таңда канал ішілік өңдеуді жүргізу үшін көптеген жаңа және әр түрлі инструменттер шығарылды, бұған қоса жыл сайын жаңарып дәрігердін жұмысын женілдетеді.

Эндодонтиялық инструменттер: ұзындығына, иілгіштігіне, жұмыс бөлігінің пішініне,жұмыс істеу әдісіне байланысты.

Тағайындалуына байланысты:

  1.  Тіс қуысын егелеу үшін
  2.  Түбір сағасың кеңейту үшін
  3.  Түбір каналынан өту үшін
  4.  Түбір каналын кеңейту үшін

Тіс қуысын егелеу үшін

 Егелеу үшін көбінесе шар тәрізді және фиссуралы борлар қолданылады. Негізгі борларға сабы ұзартылған шар тәрізді борлар және Maillefer фирмасымен шығарылатын ұшы  өткір емес фиссуралы борлар жатады, осы бордын арқасында тіс қуысынын түбінде перфорация жасап алмаймыз.

 

 

Gates

Gliden – қысқа жұмыс бөлігінен тұратын дриль, сабынын ұзындығы 15-19мм. Өлшеміне байланысты 6 өлшемді (1 - 6) болып шығарылады.

Largo (Peeso-Reamer) – ұзын жұмыс бөлінінен және мықты сабынан тұрады. Өлшеміне байланысты 6 өлшемді (1 - 6) болып шығарылады.

Profile Orifice Shapers (профайл орифис-шейперс) — 6-12% конусты және откір емес ұшты, никель- титан балқытпасынан жасалатын инструмент.

Бұл инструменттер ример (К- Reamer) деген атпен біріккен. Иілгіш және жоғары өткізгіштік қасиетіне ие. ISO стандарттарына байланысты 20 өлшемді (006 - 140) болып шығарылады.

K-Flexoreamer - никель- титандық қоспадан жасалғандықтан жоғары икемділікке ие. 

 K-Flexoreamer Golden Medium – икемді инструмент, бір өлшемнен екіншіге баяу өту үшін арналған. Инструменттін өлшемі 0,05 ке емес 0,25ке өседі. Өлшемдері: 0,12; 0,17; 0,22; 0,27; 0,32; 0,37.

K-Reamer Forside - өте тар каналдарды өту үшін қолданады. Диаметірі 0,06; 0,08; 0,10; 0,15, жұмыс бөлігінің ұзындығы 15 және 18мм.

K-File файл(дриль Керра).Кесуші беті майдалығымен сипатталады. Бұл инструменттер 006 – 040 және 045 – 140 өлшемді болып дайындалады. Соңғыларының қаттылығы жоғары сол себептен оларды қисық өзектерде қолдану перфорацияға алып келеді.

K-Flexo File – икемді канал кенейткіш инструмент, бұның көмегімен тар және қисық каналдарды кеңейту үшін қолданады. Өлшеміне байланысты: 015, 020, 025, 030, 035, 040 және жұмыс бөлігінің ұзындығы 21, 25, 31 мм болады.

K-Flexo File Golden Medium – аралық өлшемді, иілгіш канал кеңейткіш инструмент. Бір өлшемнен келесі өлшемге 0,2 өлшеммен баяу өсу үшін қолданады. Инструменттер 012, 017, 022, 027, 032, 037 өлшеммен және жұмыс бөлігінін 21, 25, 31 мм ұзындығымен шығарылады.

SAF адаптационды эндодонтиялық технологиясы

  1.  SAF — эндодонтиялық файл, металдан жасалған торлы цилиндр пішінді, никель- титандық қоспадан жасалып диаметірі 1,5 мм.
  2.  SAF — түбір өзегін түгел үш өлшемді (трехмерной) өңдеу үшін бір инструментті қолданады.
  3.  SAF-тың 3 стандартты өлшемі бар: 21 мм, 25 мм және 31 мм.

 

SAF жоғары иілгіштік қасиетіне ие. Ол каналдын пішінін өзгертпей керісінше оған сәйкестеліп түбір озегінің қабырғаларын өңдейді.

ProFile (профайл) — бұл никель- титандық қоспадан (NiTi) жасалған жаңа эндодонтиялық инструмент. Стандартты инструменттерден төрт артықшылығы бар:

  1.   никель- титандық қоспадан жасалғандықтан жоғары икемділік қасиетіне ие және 90° тық қисық каналды өңдеуге болады.
  2.  Файлдар 4 және 6 %- ті  конусты болып келеді осынын арқасында жұмыс қауыпсіз болады.
  3.  Бүйір кесіндісінде V- тәрізді формалы, осынын арқасында түбір каналынан үгінділерді алуға көмектеседі.
  4.  Доғал  ұшы болғандықтан инструмент түбір каналына кірген кезде қосымша бағыт түзбейді (перфорация).

04 Профайлдар 9 өлшемді: 015, 020, 025, 030, 040, 045, 060, 090 және жұмыс бөлігінін ұзындығы 21, 25 и 31 мм болып шығарылады. 08 және 015 өлшемдері қолмен жұмыс істеу үшін, ал 04 және 06 наконечникпен 300айн/мин жылдамдықпен жұмыс істеу үшін арналған.

Теңестірілген күш әдісі

Тік және қисық түбірімен каналдарда қолданылады,активті ұшсыз файлмен жұмыс жасалады. Тістін жұмыс тереңдігін анықтағаннан соң оған сәйкес өлшемді файлды таңдап  түбір ұшына тірелгенше еңгіземіз. Содан соң инструментті сағат бойымен 120- 180°-қа бұрады. Саусақпен файлды басу арқылы оны осы тереңдікте фиксациялап 360° қа сағат бағытына қарсы бұрамыз (кері қарай). Файлға қысым түсіріп айналдырған кезде, ол айналу барысында түбірден шықпау қажет. Сосын файлды дентин қалдықтарымен шығарып канал шайылады.    

 

Step-back (степ-бэк)-әдісі

Бұл әдісте кішіден үлкенге ауысады. Степ- бэк әдісі арқылы қисық каналдарды өңдеу үшін қолданылады. Кеңейтуді К- файлмен (мысалы 010) бастайды. Жұмыс бөлігінде силиконды шектеуді қай терендікте жұмыс жасап жатқанын белгілеп қояды (мысалы 20мм), содан сон өлшемі 015 К- файлды алып сол (20мм) терендікте өңдейді. ЭДТА препаратымен каналды шайғаннан кейін келесі өлшемді қолданады 020 және 025 пен каналды өңдейді, сосын 030 өлшемді қолданады, бірақ жұмыс бөлігінің ұзындығын 1-2мм ге қысқартады. Содан соң 025 өлшеміне қайта оралып, каналды шайамыз да 035 өлшеміне көшеміз, жұмыс тереңдігін 1-2 мм ге азайтамыз. Осындан кейін қайта 025 өлшеміне келеміз. Осылай көбінесе 040- 050 өлшеміне дейін үлкейтеміз, бірақ түбір ұшында 025 өлшемі 2

Crown Down- сауыттан төмен әдісі ( үлкеннен кішіге ауысу әдісі). Осы әдіс 1985 жылы ұсынылған. Қисық каналдар кезінде қолданылады. Басында сауыт бөлігін кейін кезеңдеп апикальді бөлікке өтіп өңдейміз. Кеңейтуді микромоторды қолдана отырып немесе 250- 300айн/мин бар эндодонтиялық наконечникті қолданамыз.

 

Жұмысты барысында ( инструмент сынып қалмауы үшін) мынандай шараларды ұсталу қажет:

  1.  Түбір ұшына карай қатты күш түсірмей жасау керек.
  2.  Әр дайым инструментті төмен- жоғары бағытта жылжыту қажет.
  3.  Инструмент каналда болған кезде моторды тоқтатпауға.
  4.  Инструменттін жұмыс бөлігінің жағдайын әр дайым қадағалау.

CROWN DOWN әдісімен жұмыс істегенде NiTi TEE Poldent файлдік жүйесін қолдану.

Йодинол

Құрамы поливинилды спиртке қосылған йод. Қанық көк түсті. Препарат бактериоцидті, фунгицидті қасиетке ие, тіндердің регенерациясын жоғарлатады және лейкоцидтердін фагоцитарлы әсерін жоғарлатады. Эндодонтияда 1%- тік йодинол ерітіндісін каналды оңдеу үшін қолданады, соған қоса түбір өзегінің тазалығын тексеру үшін индикатор ретінде қолданылады. Ыдыраған тіндермен, ірінмен жанасқан кезде түссізденеді.

Иллюстративті материалдар:слайдтар,таблицалар

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:  

  1.  Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.
  2.  Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии (атлас) – М., 2005.
  3.  Скорикова Л.А. Пропедевтика стоматологических заболеваний. -  Ростов-на-Дону, 2002.

Қосымша:

  1.  Базикян Э.А. Практическое руководство по эндодонтии. – М., 2007.
  2.  Бир Р., Бауман М.А., Киельбаса А.М. Иллюстрированный справочник по эндодонтии. – М.: МЕДпресс-информ, 2006.
  3.  Бойд Л. Стоматологические инструменты. Иллюстрированный справочник (пер. с англ.). – М., 2007.
  4.  Пропедевтическая стоматология: учебник. Под ред. Э.А.Базикяна - М., Издательская группа «ГЭОТАР-Медиа», 2009.
  5.  Терапевтическая стоматология: Учебник для студентов медицинских вузов.- Под ред. Боровского Е.В.– М. : «Медицинское информационное агентство», 2007.
  6.  Николаев А.И., Цепов Л.М. Практическая терапевтическая стоматология.- М., «МЕДпресс-информ», 2007.
  7.  Зазулевская Л.Я. Гиперестезия зубов, причины, методы лечения и профилактики. – Алматы, 2007.

 Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

1.Түбір өзектерін ұсақ аспаптармен өңдеу эдістері ( теңестірілген күшпен әсер ету).

2.Түбір өзектерін аспаптармен өңдеудің сапапылығын анықтау белгілері.




1. Криптографические протоколы
2. а hnd ~ механическая рука to duplicte ~ дублировать to provide the concept ~ давать понятие to contribute the notion ~ дава
3. Особливістю українського руху Опору стала наявність двох напрямків боротьби
4. Орландо Ди Лассо (Lasso)
5. та 3а группы x Преподаватель- x Жалобы Головные боли в лобной и височной областях- пульсирующие п
6. Система живлення карбюраторного двигуна
7. Задание 1 Вопрос- Какой из перечисленных ферментов смешанной слюны ротовой жидкости оказывает влияние.
8. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата юридичних наук Київ ~
9. Троллейбусный парк 2 2
10. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата філологічних наук Київ ~
11. тематических решений стандартных или совсем неординарных одним словом ' это все вам позволит создать свой
12. политология этимологически образован сочетанием двух греческих слов- politike ~ государственные дела и logos ~ з
13. Европейское Средиземье
14. Правовое регулирование аудиторской деятельности в РФ
15. Голкошкірі, напівхордові й палеозоологія хребетних
16. История создания Агентства безопасности связи Армии США (1914-1945 гг)
17. на тему- ldquo;ЗАЛОЗИ ВНУТРІШНЬОЇ СЕКРЕЦІЇ ГОРМОНИ ТА ЇХ РОЛЬ У РЕГУЛЯЦІЇ ЛЮДИНИrdquo; Основн.
18. на тему- Определение центра тяжести составного плоского сечения для студентов заочного отделения
19. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Харків 2001 Дисер
20. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Дніпропетровс