Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Отбасы.Менің атым Ғабит. Мен сіздерге өзімнің отбасым жайлы айтып берейін.Біздің отбасымыз үлкен. Әкем құрылысшы, қырық тоғыз жаста. Анам дәрігер, қырық бес жаста. Үлкен ағам инженер-информатик, жоғары білімді маман. Оның жұмысы аса қызық, айлығы да жақсы. Қарындасым алтыншы сыныпта оқиды. Біз Кенесары көшесіндегі, үш қабатты, төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз.Біз күн сайын кешке қарай жиналып, күндізгі әрекетіміз туралы әңгіме айтамыз. Қарындасым пианинода ойнайды, ағам ақырын әдемі ән салады. Менің әкем домбыраны жақсы тартады. Ол Құрманғазының күйлерін өте шебер орындайды. Анам да ән салуға құмар. Ал мен тоғызқұмалақ ойнағанды ұнатамын. Жақында институттағы турнирге қатысып, үшінші орын алдым. Менің жеңгем де, жоғары білімді мұғалім. Ол мектепте математика пәнін оқытады. Әкем келінін өте сыйлайды. Анам да келініне риза. Мен жеңгемді «тәте» деймін, біздің жақта солай атайды. Ал жеңгем мені өзінің інісіндей жақсы көреді. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Мен осы уақытқа дейін тек қана біздің отбасымыздың мүшелерін және жақын туыстарды ғана білдім. Енді отбасымыздың жеті атасын білгім келгендіктен, ол туралы әкемнен сұрадым. Әкем маған жеті атамды жазып берді. Содан-соң туыстық қарым-қатынас туралы былай түсіндірді: «Әр қазақ отбасының үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты дегеніміз туыс-бауырлары, бала-шағасы. Нағашы жұрты шеше жағынан туысқан адамдар. Олар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас. Қайын жұртыңды уақытында білерсің».
Біздің үйіміз. Менің үйім Тараз қаласында. Біз Төле би көшесіндегі, он бесінші үйдің жиырма бірінші пәтерде тұрамыз. Біздің үйдің батыс жағындағы үш қабатты үй аурухана. Үйдің шығыс жағында дәріхана, аялдама орналасқан. Үйдің оңтүстік жағында мектеп, солтүстік жағында азық және өндіріс бұйымдарын сататын дүкен бар.Біздің үйіміз үлкен: қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме, ауыз үй бар.Қонақ бөлменің ортасында дөңгелек үстел, алты орындық тұр. Еденде қызыл кілем жатыр. Екі терезеде әдемі перде құрылған. Бөлме әрқашан таза, жарық. Екінші үлкен бөлме әкем мен шешемдікі. Онда екі ағаш кереует, төргі қабырғада кілем ілулі тұр. Сол жақтағы шифоньерде киімдер ілулі тұр. Ол киімдер әкем мен шешемдікі, Айнұр мен менікі.Айнұр - менің сіңлім. Мынау бөлме біздікі. Үстел үстінде біздің кітаптарымыз, дәптерлеріміз, қаламдарымыз жатыр.Ас үй - әжемдікі. Себебі, әжем күні бойы ас үйден шықпай, дәмді тамақтар пісіреді. Ауыз үйдің бұрышында менің сүйікті итім Рекс жатады. Ауыз үй Рекстікі.
Менің туыстарым. Менің туыстарым өте көп. Анамның бір сіңлісі, бір інісі бар. Сіңлісі Алматы қаласындағы медицина институтында оқытушы болып қызмет атқарады. Ол кісінің жолдасы ғылым кандидаты, инженер, олардың екі егіз қыздары бар. Анамның інісі 33-те, мамандығы геолог. Ол кісі үнемі іс-сапарларда жүреді. Нағашы ағамның жолдасы шағын кәсіпорында бухгалтер болып қызмет істейді. Ол кісі өте жақсы адам. Олардың бір ұл, бір қызы бар. Олар балабақшаға барады, әлі кішкентай.Ал әкемнің төрт қарындасы бар. Үлкен апайларымның барлығы да Тараз қаласында тұрады. Үлкен апайым тараз қаласында Мұхамед Хайдар Дулати атындағы университетте оқытушы болып жұмыс істейді. Ол кісі филология ғылымының кандидаты. Екінші және үшінші апайларым тіс дәрігерлері. Ол кісілер Тараз қаласындағы тіс емдеу орталығында қызмет атқарады. Олар өз мамандықтарын ұнатады. Ал кіші апайым балабақшада тәрбиеші. Ол кісі Тараз қаласындағы «Наурыз» балабақшасында қызмет істейді.Біз мерекелерде, туылған күн кештерінде жиі кездесеміз.Біз өте татумыз. Туыстардың көп болғаны өте жақсы.
Жыл мезгілдері. /Ауа райы/.Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның 22 сінде күн мен түн теңеледі.Жаздан кейін қоңыр салқын күзде де келіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі жиі жауады. Қар аралас жауын шашын болады.Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязда жер тайғақ болады. Бұл кезде енді күн қысқа, түн ұзақ болады. Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем өз орнын жазға береді.Жылдың әр мезгілінде ауа райы өзгеріп тұрады. Сондықтан адамдар ауа райының болжауын радиодан , теледидардан біледі. Ауа райын бір екі күн, апта, ай бұрын алдын ала болжауға болады. Мұнымен метеорология ғылымы айналысады. Ауа райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі барометр. Ал, жердің жасанды серіктері жоғарыдан ауа райының жағдайын, өзгерісін бақылайды да, радио арқылы жерге хабарлап отырады.Ауа райының құбылысын алдын ала біліп отыру кеме капитандарына, ұшқыштарға, автомобиль жүргізушілеріне, теміржолшыларға, құрылысшыларға, егіншілерге және малшыларға аса қажет.
Сағат.Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір қүрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, рөлі артты.Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан 3500 жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты. Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.Механикалық сағаттар жөніндегі деректі VІ ғасырдың аяғында ақ белгілі болған. Ол туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі болған.Голландиялық ғалым Х. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты.Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады, ал 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. Кремільдегі бұл сағат Ресейдің басқа қалаларында да орнатылды. Кварцты сағат отыз жылда бір секундқа ғана қателесуі мүмкін.Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін атомдық және молекулалық сағаттар ойлап шығарылды. Атомдық сағат бір миллион жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Атомдық сағат 1948 жылы орнатылды. ХХ ғасырдың 70-жылдары электронды сағат кеңінен тарады. Соңғы кезде өздігінен жүретін сағаттар да пайда бола бастады.Сіз сағатқа жиі қарайсыз ба? Сағаттың керектігі қазіргі кезде аса қажет екені әр адамға түсінікті. Автокөлікке немесе кездесуге кешікпеу үшін сағатқа еріксіз қарайсыз, өйткені қазіргі кезде іскер адамның бәріне сағат қажет.Ең алғашқы сағаттар қалта сағаты деп аталған, өйткені олар киімнің қалтасына салынатын болған. Қалта сағатының алтын не күміс шынжырының екінші басында сағатты бұрып отырытын кілті болған. Қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады.Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағаты 1910 жылы Роллекс компаниясы жасап шығарды. Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып отырады.
Жұмыс күнi .Бүгін жұмыс күні. Адамдардың көбі жұмыс күні ерте тұрады. Кейбіреулері дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды, кейбіреулері орындамайды, жуынады, киінеді, таңертеңгі астарын ішіп, жұмысқа асығады. Таңертең уақыт жетпейді.Санжар шетел фирмасының директоры. Әйелі екеуі Алматыда Абылайхан көшесіндегі 16-шы үйде тұрады. Әйелінің аты Шолпан. Балалары жоқ.Санжар сағат алтыда тұрады, дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды да, жуынады. Таңертеңгі тамағын ішеді. Үйден жетіде шығады. Машинаға отырып, жұмысына барады. Сағат бірде түскі асын ішеді, жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға дейін істейді. Кейде пицца сатып алып, кейде Шолпан екеуі мейрамханаға барып тамақтанады. Үйге келіп, біраз жұмыс істейді немесе демалады. Сағат он екіде шешініп, ұйықтауға жатады.Ертең Санжар сағат алтыда тұрмайды, дене тәрбиесі жаттығуларын орындамайды, жуынбайды. Таңертеңгі тамағын ішпейді. Үйден жетіде шықпайды. Машинаға отырып, жұмысына бармайды. Сағат бірде түскі асын ішпейді, жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға дейін істемейді. Пицца сатып алып немесе мейрамханаға барып тамақтанбайды. Үйге келіп жұмыс істемейді, демалмайды. Сағат он екіде шешініп ұйықтауға жатпайды. Өйткені ол ауырып жатыр. Ол енді бір апта төсегінде жатып емделеді.
Менің жұмыс күнім.Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Сағат жетіден он бес минут өткенде жуынып, дене шынықтыру жасаймын. Сағат жеті жарымда таңертеңгі асымды ішемін. Сағат сегізге он бес минут қалғанда институтқа келемін. Сабақ сағат сегізде басталады. Алты сабақ сағат 13:30 бітеді. Сабақтан шыққасын кітапханаға барамын. Кітапханада асхана бар. Сол жерде тамақтанып алып, оқу залына барып сабаққа дайындалуға кірісемін. Кітапханаға уақыт көп кетеді. Үйге сағат 18:30-да келемін. Сағат 20:00-ге дейін кешкі асымды ішіп боламын. Мен ұйықтауға сағат 23:00-де жатамын.
Демалыс күні.Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандырғысы келеді. Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. Үйде отырып телидидар көреді, демалады немесе демалыс күнін пайдаланып үй шаруасымен айналысады. Содан кейін жалқауланып телидидардың алдына отырады.Ал кейбір адамдар ерте тұрып, үй жұмысын тез бітіруге тырысады. Сонан соң қыдырады, қонаққа барады, қаланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс күндерін босқа өткізгілері келмейді.Мен үйде отырып демала алмаймын, өйткені ішім пысады. Жолдастарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын. Кейде киноға, театрларға барамыз, қыста коньки, шаңғы тебеміз, жазда жағажайға барып суға түсеміз. Мен суда онша жүзе алмаймын, ал менің жолдасым жақсы жүзеді, өйткені ол жүзумен шұғылданады.Әрине, үйге де көмектесемін: үй ішін жинаймын, кілемдерді қағамын, еденді сыпырамын, жуамын, жиһаздың шаңын сүртемін, кірімді жуып, үтіктеймін, содан кейін оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қоямын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге, базарға барып, азық- түлік, көкөніс жеміс жидек әкелемін. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке- шешеме көмектесемін: жер қазамын тырмалаймын, арам шөптерді жұламын, оларды және түскен жапырақтарды сыртқа шығарамын, өртеймін ағаштарды суарамын,үйдің айналасын сыпырамын.Ертең тағы демалыс күні, жексенбі. Бұл күні жоспарым өзгеше: мен ертең ерте тұрамын. Терезенің желдеткішін ашамын, керуеттің алдына дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын, жуынамын, киінемін, таңертеңгі тамағымды ішемін. Сонан соң үй ішін жинап, жолдастарыма барамын. Ертең спорт кешенінде жеңіл атлетикадан спорт жарысы болады. Мен өзім көркем гимнастикамен шұғылданамын. Аптасына үш рет спорт кешеніне барып тұрамын. Спорттың барлық түрін жақсы көремін. Спорт жарысын көріп, кафеге барып түскі асымызды ішеміз. Содан кейін киноға барамыз. Түстен кейін үйге қайтамыз. Үйде музыка тыңдаймын. Кешкі тамақты әзірлеймін. Менің ең жақын досым ұлттық билер үйірмесіне қатысады. Кешке оның концерті болады. Концерттен кейін үйге барып демаламын, теледидар көремін. Ерте жатамын, өйткені келесі күні жұмыс аптасы басталады.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері.Мерекенің екі түрі бар: бірі үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі ресми емес, ұлттық мерейтойлар. Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел бақытты ел. Бақытты елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың отызында), Республика күні (қазанның жиырма бесінде) ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір екісінде тойланатын Жаңа жыл мерекесі, Наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, наурыздың жиырма екісінде тойланатын Наурыз мейрамы, мамырдың бірінде тойланатын Халықаралық Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жіңіс күні бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар.Ал екіншісі 1999 жыл - тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланған жылы; 1998 жыл мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов. Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтпаев мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы қаласының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлеміде аталып өткен тойлар. Қазақ халқы тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар өтуде. Бұл еліміздің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі. Мұның бәрі тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.
Қазақ қонақжай халық.Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп есікті жабуы керек. Қонақ күту қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шүбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың қөңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, қүйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты жақсы қарсы алған үй туралы «мырза үй», ал қонақты дұрыс қарсы ала алмаған үйді «сараң» дейді.
Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы қонақжай халық» деп бекер айтпайды.
Тамақ түрлері. Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Мәселен, Қытайдың оңтүстігіндегілер күріш, ал солтүстігіндегілер кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, ал теңізден қашық жатқан Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.Тамақты қалай, немен жеу де әр елде әр түрлі. Мысалы; солтүстік Америкада, Австралия мен Еуропада пышақ пен шанышқыны пайдаланса, Қытай, Жапон елдері қос таяқшамен, ал Үндістан және таяу шығыс елдерінде адамдар тамақты қолмен жейді.Қазіргі кезде азық түлікті жер шарының бір түкпірінен екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе, жыл мезгілінің қай уақытында пайдаланғың келсе, мүмкіндігің бар. Дегенмен, кедей елдерде адамдар ашығуда, ал бай елдерде адамдар тамақты көп жейді.Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас адамның арқауы» деп бекер айтпайды. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдер қамтамасыз етіледі.Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғылымда белокты протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі екен. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде айран, қаймақ, ақ ірімшік, құрт, жент, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады. Сондықтан, «ағы бардың бағы бар» деп сүті бар үй бақытты үй болып саналады.Ал енді майға келсек, мұның түрі де өте көп: сары май, жылқының, сиырдың, қойдың, шошқаның майы. Өсімдіктен алынатын сұйық майлар: мақта, күнбағыс, зығыр т.б. Орта Азия халықтарының көпшілігі, сонымен бірге қазақ халқы күнбағыс, мақта майын азық түлікке көп пайдаланады.Тамақтың үшінші бір бөлігі көмірсулар. Олар қанттың, крахмалдың, картоптың, нанның, жеміс жидектің, көкөністің құрамында көп болады. Тамақтың қай түрінде болмасын, минералдық заттар (натрий, калий, кальций, фосфор) бар.Біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су керек, өйткені адам денесінің шамамен 2/3 бөлігі судан тұрады. Адамға күніне 100 г. белок, 85 г. Май, 400 г. көмірсу қажет екен.
Асхана. Біздің жұмысымыздың қасында екі қабатты үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тамақтар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар, және түрлі сусындар сатады.Мен таңертеңгі асымды үйден ішемін. Ботқа, қуырылған жұмыртқа немесе нан мен май жеймін, шай немесе кофе ішемін.Ал түсте асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, бірінші сорпа, кеспе немесе борщ, екіншіге картоп пен ет, палау немесе мәнті, ал үшіншіге шырын немесе шай аламын. Салқын тағамдардан капуста салатын немесе сәбіз салатын жеймін.Кешкі асымды кейде үйден, кейде асханадан ішемін. Салат аламын, екіншіге палау немесе картоп алуды ұнатамын. Үшіншіге шай мен самса немесе бауырсақ аламын.Біздің асханамыз таза, жарық және кең. Асханада даяшы болмайды, әркім өзіне - өзі қызмет етеді., сондықтан тамақты кезекке тұрып аламыз. Асхана қызметкерлері халыққа мінсіз қызмет етеді.
Дене мүшелері.Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай т.б. мүшелері орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты шампуньмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі тазалық.
Емханада.- Сәлеметсіз бе, ата! Қай жеріңіз ауырады?- Барлық жерім ауырады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім, бауырым, өтім, өкпем асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзім, құлағым… - Тоқтаңыз, ата, асықпаңыз. Біз Сізді тексерейік, содан кейін емделесіз де, жазылып кетесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма? -Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.- Кәне тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып тұр екен.-Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге қатты суық тиген екен.-Тұмау емес пе?- Тұмау да бар, баспа ауруы да бар. Қазір Сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет ішесіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосқан сүт ішіңіз. Енді емханаға жұма күні келіңіз. -Басқа жерімді тексермейсің бе?-Тексереміз. Әуелі мына ауруыңызды жазып алайық. Емделіңіз жазылыңыз ауырмаңыз. Өзіңіз білесіз, денсаулық - зор байлық. -Рахмет, қалқам Сау бол!-Сау болыңыз!
Денсаулық зор байлық. Адам өмірін ұзарту мүмкін бе? Белгілі гигиеналық, емдәм ережелерін сақтап, өмірді ұзартуға болады. Бұған әрбір адам міндетті. Денсаулық әркімнің өзі үшін, оның отбасы және елі, халқы үшін де қажет. Әр адам 120 жыл, одан да көп өмір сүруге хақылы, міндетті. Денсаулықты сатып алуға болмайды. Оны тек өзіңнің тынымсыз еңбегің арқылы ғана табасың. Тек табанды еңбек арқасында қайратты боласың, ұзақ жасайсың. Ол үшін ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30 дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы адамның рухы мен ұрпағын жояды», - деген болатын.Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
Спорттағы тұңғыш дәрігер. Ибн Сина, шын аты Әбу Алы Хусейн Бин Абдуллах Бин Сина, 980 жылы Хорезмде, түркі отбасында дүниеге келген. Ибн Сина Батыста ірі оқымысты ретінде танылып, аты-жөні қысқартылып Авиценна деп аталған.14 жасында білім жағынан ұстаздарынан басып озады. 16 жасында дәрігерлік тәжірибе жасай бастайды. 20 жасында «Әл-Канун Фиет-Тиб» атты тұңғыш кітабын жазған. Бұл еңбегі Батыста жоғары бағаланып, оның даңқын шығарды.Ғалым бұл шығармасында денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Ұлы ойшыл өз кітабында «Адам өзін-өзі қинап спортта еш нәтиже шығара алмайды, ол үшін бұл іске шынайы берілу керек, тек сонда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады» деген. Ол спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Және оның әр түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты екенін жазған.Ибн Синаның әлемдегі ең бірінші спорт дәрігері екендігін бүкіл дүние жүзі мойындаған. Анкара қаласында ғалым атында үлкен аурухана бар.
Қажымұқан. Мұңайтпасұлы Қажымұқан /1871-1948/ - қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері.Дүние жүзіне әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Қызылжарда /қазіргі Петропавл қаласы/ Н.И.Масликов дейтін саудагердің малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Қыста шөп әкеле жатқанда аты болдырып қалады. Үлкен шананы бір өзі сүйреп ауылға жеткізеді. Жас баланың мына керемет күшіне ауыл тұрғындары таң қалады. Осыдан бастап оның аты шыға бастайды.Ол 18 жасында Омбы қаласына келіп, циркте күшті балуан А.И.Злобиннің көрермендер арасынан күрескісі келетін кім бар дегенде, Қажымұқан шығады. А.И.Злобин кәсіпқой балуан Қажымұқанды 18 минутта әрең жеңіп шығады. Осыдан кейін «Ваня ағай» деген атпен классикалық күрестің түрімен көп қалаларда күреске қатысады.1913 жылы Қажымұқанның аты ерекше шықты. Троицкіде өткізілген халықаралық жарыста 18 балуанды жеңді. Ол Париж, Лондон, Берлин, Варшава, Будапешт, Стокгольм, Кабул, Тегеран, Харбин қалаларында жеңіске жетті. Оның есімі орыстың аты шулы балуандары И.М.Поддубный, Иван Шемякин, И.М.Зайкиндермен қатар аталады. Түріктің мықты балуандарын жеңіп, Мұқан деген атына Қажы деген сөзді қосып алды. Ол 48 алтын, күміс, қола медальмен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Оған 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын алуына орай Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ даласының батыры» деген атақ берген.
Спорт туралы.Спорт адамның денсаулығын нығайту, түрлі жарыстарда жоғары көрсеткіштерге жету үшін арналған жаттығулар. Спорт ағылшынша «ойын» деген сөз. Спорттың түрлері көп.Қазақстанда спорттың 50-ден астам түрі дамыған. Республикада көптеген спорт мектептері, қоғамдары бар. Онда балалар, ересектер спортпен шұғылдана алады. Елімізде спорт шеберлері, әлем чемпиондары аз емес. Олар спорттың әр түрімен айналысады.Республикада шығатын «Спорт» газеті 1959 жылы 1 желтоқсанда жарық көрді. Газет чемпионаттар, біріншіліктер, жарыстардан репортаждар жариялайды.Спорттық жарыстарды өткізу үшін түрлі спорт алаңдары, сарайлары салынған. 1973 жылы биік таудағы атақты Медеу спорт кешені ашылды.
Қоғамдық көлікте.Қоғамдық көлікте қатты сөйлесу, дауыс шығарып күлу, айқайласып дауласу, жүргізушіге тіл қату ережеге қайшы әдет. Егер әлдекімді қағып кетсеңіз, аяғын бассаңыз, сол бойда кешірім сұраңыз. Өтіп кету керек болса, алда тұрған адамның ығысып жол беруін өтініңіз. Көліктен түсерде де алдымен қарттарды, әйелдерді, балаларды өткізіп жіберуді ұмытпаңыз.Көшеде, серуенде жүргенде мәдениетті адам тәртіпті қатаң сақтайды. Көшенің оң жағымен жүреді, біреуді басып озу керек болса, дұрысы сол жағынан өткен.Көшеде келе жатып қағаз, шылымның тұқылын лақтыру, шекілдеуік шағу, түкірініп-қақырыну, қарсы келген адамды тоқтатып, шылым тұтатып, оттық сұрау - әдептілікке жатпайды. Әлдебір танысыңызды көріп қалған жағдайда, оны айқайлап шақыру лайықсыз. Біреумен тоқтап сөйлесу қажеттігі туса, әрі-бері өтушілерге кедергі келтірмес үшін, көшенің не тротуардың бір жақ шетіне шығып тұру керек. Сондай-ақ көшеде, тротуарда бірнеше адам қатарласып қол ұстасып жүру де лайық емес, ол басқаларға кедергі болады.Қарсы кездескен танымайтын адамның киімінен әлдебір ыңғайсыздық байқасаңыз, оны басқаларға сездірмей, өзіңіз ғана елеусіз ескерткен жөн. Ал біреу қандайда бір затын түсіріп алса, оны жерден көтеріп, иесіне қайтарып беру мәдениеттіліктің белгісі. Бұл үшін ол рақмет айтуға тиісті, ал айтпаса, талап етудің, реніш білдірудің қажеті жоқ.
Көшеде /на улице/ Әр қалада даңғылдар мен көшелер болады. Әр көшенің қиылысында бағдаршамдар. Олар машиналар мен жаяу жүргіншілердің жүрісін реттеп отырады. Әр көшеде жол ережелеріне байланысты жол белгілері ілінген.Маған көшелердің таза болғаны, әдемі безендірілгені ұнайды. Біздің үй орналасқан Абай даңғылы кең де таза. Оның бойында мекемелер, дүкендер, көптеген дүңгіршектер бар. Сол сияқты бұл даңғылда орталық стадион, Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайы, мемлекеттік цирк, М.О.Әуезов атындағы Қазақ драма театры орналасқан.
Сауда орталығында.Біздің қаламызда супермаркеттер, дүкендер және сауда орталықтары өте көп. Үйіміздің қасында үлкен сауда орталығы бар. Сіздің өзіңізге бір зат алғыңыз келсе, сауда орталығына барасыз, өйткені үйге мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап, ине жіпке дейін сатады. Бұл өте қолайлы. өйткені үйге қажетті заттарды бір ақ жерден алуға болады.Сауда орталығымыз үлкен, үш қабатты, іші кең, тамаша. Бірінші қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілуге болады.Бірінші қабатта кафе, оптика, дәріхана, азық түлік, кондитер бөлімдері бар. Гүл де, газет жорнал да бірінші қабатта.Екінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, киносурет, күй табақтары, галлантерея, парфюмерия, сыйлықтар, маталар, зергерлік және үй ішіне қажетті бұйымдар бөлімдері бар.Киім алғыңыз келсе, үшінші қабатқа барыңыз. Үшінші қабатта киім бөлімі, іш киім бөлімі, сырт киім бөлімі, бас киім бөлімі, балалар бөлімі орналасқан.Клара мен Марат бүгін сауда орталығында жүр. Марат өзіне керекті заттарды алып жатыр. Клара өзіне әдемі көйлек таңдап жүр. Қазір олар киім бөлімінде тұр.Клара: Кешіріңіз, мына көйлек қай жердікі?Сатушы: Финляндиянікі. Бұл жаңа үлгімен тігілген көйлек. Сізге көйлектің нешінші өлшемі керек?Клара: Қырық екінші. Көйлектің басқа түсі бар ма?Сатушы: Басқа түсі жоқ, бірақ мына түс Сізге өте жарасады. өлшеп көріңізші. Бұл Сіздің өлшеміңіз ғой. Өлшейтін бөлмелер әне, ана бұрышта.Марат: Рас, Клара, саған жақсы жарасып тұр. Аяқ киіміңе де сәйкес. Тар емес пе?Клара: Жоқ, тұп тура әдемі екен, бірақ...Сатушы: Бағасына қарамаңыз, сапасына қараңыз. «Сараң екі рет төлейді».
Базарда. Бүгін жексенбі күні. Әділ үйге көкөніс, жеміс жидек алу үшін базарды аралап жүр. Базардың іші ығы жығы халық. Сөрелерде жемістерден алқызыл алма, сап сары алмұрт, шабдалы, өрік, қара өрік, жидектерден құлпынай, таңқурай, шие, қызыл шие, қарақат, тошала, пияз, сарымсақ, қияр, қызылша, қызанақ, көк бұршақ, бұрыш, шалғам жатыр. Базардың іші мен сыртында қауын, қарбыз, асқабақтан аяқ алып жүре алмайсың.Әділ: Сәлеметсіз бе! Көкөніс, жеміс жидек сатасыз ба?1-сатушы: Сатамын. Келіңіз, алыңыз.Әділ: Картоптың, пияздың, сәбіздің бағасы қанша?1-сатушы: Картоп 80 теңге, сәбіз 70 теңге, пияз 60 теңге.Әділ: Қымбат екен. Арзандау бермейсіз бе?1-сатушы: Көбірек алсаңыз, бағасын түсіремін.2-сатушы: Азамат, менікін алыңыз. Мен арзандау берейін. Неше килограмм аласыз? Әділ: Сіздікі өте ұсақ екен. Ірілеуі жоқ па?2-сатушы: Жоқ, бары осы.Әділ: Сіздікі ше?3-сатушы: Таңдап алыңыз. Ұсақтары арзандау, ірілері қымбаттау.Әділ: Онда маған 3 килограмм картоп, 1 килограмм сәбіз және 2 килограмм пияз беріңіз.3-сатушы: Жеміс жидектен не аласыз?Әділ: Алмадан, алмұрттан, шабдалыдан 1 килограмнан алайын. Өріктен 2 килограмм, шиеден 2 килограмм, таңқурайдан және құлпынайдан 1 килограммнан беріңіз. Қанша ақша төлеймін?3-сатушы: Бәрін қосып есептесек, 1210 теңге болады.
Мұражайда.Көрме мен мұражайға барған адам әдетте сыртқы киімімен бірге қолшатырын, портфелін, сөмкесін, пакетін және т.б. гардеробта қалдырады.Музейлер мен көрмелерге барғанда адамның тек екі-үш сағат бойы ғана әсер алуға қабілетті, сондықтан үлкен музейлерде каталогтардың көмегімен көру жоспарын жасаған жөн. Музей залдарын тез аралап шығудың мәні де, пайдасы да жоқ. Көруге не белгілі бір туындыларды, не бір суретшінің творчествосын, немесе қайсыбір бөлімді таңдап алу керек.Көрме залына басқаларға кедергі жасамай, тыныш кіреді. Туындыларды көргенде басқа келушінің алдына немесе оған тым тақалып тұрмайды. Өзіңнің қатысуың арқылы айналадағылардың мазасын алмайтындай етіп ұстап, қатты сөйлемеу, күлмеу, жөтелмеу, сіңбірінбеу керек және т.б.Экспонаттарға қол тигізуге болмайды. Егер сіз музейде экскурсоводтың ізіне еріп жүрген болсаңыз, оның айтқандары өзіңізге қызықсыз болған жағдайда түсіндірмелерін үнсіз тыңдауыңыз керек. Көршіңмен сөйлесу немесе өз ескертпелеріңді айту инабаттылық емес. Егер сіздің сұрағыңыз болса, оны толас кезінде сұрауыңыз керек.Өнерді сынағанда сақ болған жөн. Интеллигент адам әдетте өзінің алған әсерін айтуға сараң болады. Сондықтан, егер сіз өзіңізге түсініксіз көркем шығармаға душар болсаңыз, ол жөнінде алғашқы әсер бойынша пікір айтуға асықпаңыз және, ең алдымен, суретшіге және туындыға менсінбей қараудан тартыныңыз.Өнерді шын бағалай білетін адам атақты туындылар жөніндегі алған әсерін серігіне жайымен және ұстамды түрде айтады.
Ғабит Мүсіреповтың мұражайы.1991 жылы қазанның 9-күні Алматыда Социалистік Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мұсіреповтың мемориалдық мұражайы ашылды. Саңлақ суреткер артына мол әдеби мұра қалдырды. Музейдің ашылуы да осы рухани қазынаны жасаушы жазушы еңбектерін бір жерге жинастырып, жақынырақ онымен халықты таныстыру.Салтанатқа ақын-жазушылар, мәдениет, өнер қайраткерлері, студенттер мен мектеп оқушылары жиналды. Салтанаттың ашылуы сәтінде композитор Е.Рахмадиев сөйледі. Ақын Әбу Сәрсенбаев жазушының оған сыйлаған заттарын музейге тапсырды. Енді музей классик жазушының шығармашылығын зерттейтін орынға айналды. Ғабеңнің әлі де жарық көрмеген әдеби мұралары мен хаттары мол.
Әуезов музейі.Бұл Қазақстан Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту мекемесі.1963 жылы М.О.Әуезов мәңгі есте қалдыру жөніндегі Қазақстан үкіметінің арнаулы қаулысы бойынша құрылған. Музей жазушының соңғы он жыл бойы /1951-1961/ тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен, шығармашылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материалдарға толы мемориалдық бөлмелер бар. Онда жазушының қолжазбалары, дүние жүзінің 30 тілінде басылған «Абай жолы» эпопеясының нұсқалары қойылған. Музейде жазушы-драматургтың қазақ театрымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша павильон бар.Әуезов музейі жазушының әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Музейдің негізгі қоры - Әуезовтың өзінің жеке архиві. Мұнда оның шығармаларының .
Кітапханада. Кітапханада айналадағыларға кедергі жасамауға тырысады. Кітапты пайдаланғанда оны өзінің ең жақсы досыңдай ұстау керек екенін ұмытпаңыз. Оқитын кітапты қаптап ұстау керек. Бұл үшін пластикадан, былғарыдан немесе тіпті қағаздан жасалған мұқабаны пайдалануға болады. Кітап парақтарын ашқанда, саусақты суламайды, беттердің бұрыштарын бүктемейді. Кітап беттерін ортасынан не жоғарғы жағынан абайлап ұстап, аударады. Өзіңіз оқып жеткен жерді белгілеу үшін қыстырма қағазды /закладканы/ пайдалануыңыз керек. Кітап беттерін әр түрлі жазулар жазып, суреттер салып бүлдіру дұрыс емес. Егер сіз маңызды бірдеңені жазып алғыңыз келсе, мұны қойын кітапша жасап, кітаптың атын, авторын және бетін белгілеп алуыңыз керек. Өзіңіздің аты-жөніңізді және арнау сөзіңізді кітаптың бірінші парағына немесе мұқабасының ішкі жағына жазып, экслибристі де сонда жапсыру керек.Кітаптың парақтарын және суреттерін жыртып алатын сорақы әдеттер туралы айтып жатудың өзі артық тәрізді. Амал не, айтуға тура келеді. Кітапхана қызметкерлері мұндай жағдайлардың болатынын әлі де қынжылып айтады. Таныс адамыңның немесе кітапхананың кітабын өз кітабыңнан да гөрі ұқыпты ұстауың керек. Ал өзгенің кітабын бермей кету қарызға алған ақшаны қайтармаудан да жаман, өйткені кітап дегенің нақ сол ақшаның өзі ғой, ол одан да гөрі анағұрлым көп нәрсе, әсіресе кітапқұмар үшін солай.
Жайлауда.Алақай! Демалыс! Енді біз жаз бойы алыстағы жайлаудағы атаммен әжемнің, ағаммен жеңгемнің үйіне қыдырып барамыз. Атқа мінеміз, балық аулаймыз. Сарысу даласын көргендеріңіз бар ма? Бір ауыл мен бір ауылдың арасы бір күндік жер, тыныш дала жайқалған шөп, жайылған мал. Олар да жазды асыға күтеді. Жаздай үлкендерге қолғабыс етеміз. Әжем мен атамның өздері жасаған ақ киіз үйде жаздың самал ауасын жұтып демалған қандай рахат! Төрде аунап жатып, шіркін, апам да осындай үй жабдықтарын жасап үйренсе ғой деп ойлаймын.Күн қызғылттанып ұясына батып барады. Менің қиялыма батыр болған бабаларым, дана болған аналарым, арыстан жүректі жігіттер, саусақтары майысқан шебер тәтелер елестейді. Атам мен әжемді, әкем мен апамды, достарымды ұятқа қалдырмайтын азамат болуға бекіндім. Жайлау. Менің жүрегіме нұр қонды.
Театрда.Сырт киімін гардеробқа өткізу, өзін ретке келтіріп, орындарын табу үшін уақыт қажет болатынын біліп, театрға немесе концертке ертерек келеді.Сіздердің орындарыңыз. Егер сіздер өз орындарыңыз қатардың ортасында екенін білсеңіздер, басқа көрермендерді әбігерлендірмеу үшін соңғы қоңырауды күтпей-ақ алдын-ала отырып алуларыңыз керек. Егер отырғандардың бәрібір мазасын алуға тура келсе, олардан кешірім сұрайды. Сіздерді өткізіп жіберу үшін орындарынан тұрған инабатты адамдарға алғыс айту қажет.Отырғандарға алдыңғы жағыңды беріп өту керек. Отырып, тұрғанда тарсылдатпауға тырысады. Креслоның отырғышын дыбысын шығармай түсіреді. Тұрып бара жатқанда ол креслоның арқалығына соқпау үшін оны қолымен ұстап тұрады. Креслоның екі қанатына да сүйеніп отыру сыпайылық емес. Алдыңғы креслоның арқалығына сүйенуге немесе оған аяқ тіреуге болмайды.Бағдарлама мен дүрбіні көршісінен сұрамай, әркім өзі алады. Өзгелердің орнына отырмайды, өйткені бұл, әсіресе осы орындардың иелері кешігіп келсе, көп әбігерлік туғызуы мүмкін.Егер сіз әлде бір себеппен кешігіп қалсаңыз, залға тыныш кіріп, есік алдында тұрыңыз немесе жақын жердегі бос креслоға шу шығармай отыра салыңыз.Бағдарлама басталған кезде қандай әңгімені болса да тоқтату керек. Айтылмай қалған әңгімені үзілісте жалғастырады. Ойын немесе киносеанс көрсетіліп жатқан кезде әңгімелеспейді және оны түсіндірмейді, қайта көріп, тыңдайды. Залда көршілерінің мазасын алуы мүмкін ештеңемен айналыспауға тырысады: кәмпит ораған қағазды немесе бағдарламаны сыбдырлатпайды, сөмкенің аузын тырсылдатпайды, басын қозғамайды және т.т.Үзіліс /антракт/ кезінде демалып жүргендердің жанынан өтіп бара жатып, оларға жалтақтап қарай бермейді.Шымылдық түсіріледі. Театрда немесе концертте шымылдық түсірілгенше күтіңіз, пальто алу үшін гардеробқа жүгіріп кетіп қалмаңыз.
Қазақ театры.Театр ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылды.Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы, т.б. дәстүрлеріміздің театр өнерінің алғашқы көріністері болған.Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында /қазіргі Семей облысы, Абай ауданында/ М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш рет музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма театры ашылды.