Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
Лизингтік мәмілелер түрлері.
Қазіргі уақытта лизингілік қызметтер рыногында лизинг көп түрлерге бөлінеді және осыған сәйкес көп жақты лизингілік операциялар жүзеге асырылуда. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингілік операцияларды (сурет 3) қызмет көрсету түріне қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеті бар және ол міндетті түрде лизингілік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде ескеріледі.
Тек осындай жағдаймен лизингілік операциялар нақты белгіге ие болады. Бұл берілген мәміленің мәнін алдын ала анықтауда және лизингалушы үшін оның потенциалды пайдасын сақтап қалуында маңызды рөл атқарады.
Лизингтің 10 шақты түрін жіктеу белгісіне сәйкес 2 негізгі түрге бөлуге болады:
қаржылық (капитализацияланған) лизинг;
оперативті (капитализацияланбаған) лизинг.
Қаржылық лизинг бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын келісімшарт түрін, жабдықтық амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі: келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80%-ын құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингілікті өтеген жағдайда лизингілік келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20%-ын құрауы керек.
Қаржылық лизинг келісімінде лизингалушыға лизинг объектісін пайдалану құқығымен бірге көп жағдайда келісе сатып алу құқы беріледі. Сонымен бірге оған оны сатып алуға дейін келісімшарт бойынша мүлікке деген меншік құқығынан, артықшылықтар мен тәуекелдердің едәуір бөлігі де беріледі.
Бірақ бұл лизингалушыға тек мына төменде көрсетіл-гендердің беруіне қанағаттанса ғана беріледі:
- лизинг мерзімінің соңында лизингалушы меншік құқығын алады деген жеткілікті кепілдеме бар;
- бекітілген лизинг мерзімі лизинг пайдаланудан мүмкін болатын барлық экономикалық пайданы алуға мүмкіндік береді. Бұл пайданы одан оның барлық қызмет көрсету мерзімі барысында алуға болады. Әдеттегідей бұл жағдай лизинг мерзімінің ұзақтылығы осы мүліктің қызмет ету мерзімінің кем дегенде 75% құраған кезде болады;
- лизинг бойынша лизингберушіге төленетін сақтандыру, баж, мүліктің техникалық қызмет көрсетуіне төлемдер, консалтингтік қызмет және т.б. сомасыз минималды арендалық төлемдердің ағымды құны лизингке берілген мүліктің нарықтық құнына немесе 90%-ына тең болуы керек.
Осы жоғарыда айтылғандардың біреуіне жауап бермейтін лизингілік келісімдер идентификацияланады және оперативті лизинг болып саналады. Сонымен бірге лизингте мәміленің объектісі болып машиналар мен жабдықтың көп тараған, әйгілі түрлері табылады. Олар көбіне моральді тозу жағынан жоғары қарқынды болып келеді. Сондықтан лизингілік келісімшарттың мерзімі, мүліктің қызмет көрсетуінің экономикалық мерзіміне қарағанда едәуір қысқа болады. Бұл келісімшартты лизинга-лушы кез келген уақытта бұза алады. Оперативті лизинг толық амортизацияны қарастырмайды және меншік құқығымен байланысты тәуекелдерді енгізеді. Лизингалушының жалға берілетін мүліктерді ұстау және оны иеленумен байланысты шығындар бір лизингілік келісімшарт барысындағы лизинглік төлемдермен өтелінбейді. Сондықтан ол бұл мүлікті бірнеше рет және сонымен бірге әр түрлі пайдаланушыларға уақытша пайдалануға беруге мәжбүр болады.
Оперативті келісімшарттардың қаржылық келісімшарттар-дан айырмашылығы проблемаларды несие алу арқылы шешуді ұйғармайды, ал инвестициялау арқылы қарастырылған лизингі-лік төлемдер мөлшерінің деңгейі қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады. Бұл мыналармен байланысты: лизингберуші машиналар мен жабдықтарды кейде оларды кім, қашан және қандай көлемде жалға алатынынын білмей алдын ала сатып алады. Сондықтан оның осы мақсатқа жұмсалған шығындардың қайтымдылығына толық кепілдемесі болмайды және өзінің лизингілік кызметінің бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Оперативті лизинг кезінде лизингберушілердің өздері мәмі-ленің объектісін сақтандырады. Олардың техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуді қамтамасыз етеді. Бұл өзінің мүлкінің қалдық құнын өтеу кезінде тәуекелді минимизациялауға мүмкіндік береді, ал мүліктің қалдық құны моральды тозуының кесірінен өсіп отыруы мүмкін және арендаторлар жағынан сұраныстың болмау себебінен де өсуі мүмкін.
Лизингалушы, сонымен бірге шығындарды болдырмауға ұмтылады. Бұл шығындар жалға алынған жабдықтарды, оның моральды тозуының тездетілуіне байланысты пайдаланғанда;
онда өндірілген өнімнің бағасының төмендеуінен осы жабдықтың бұзылуынан тұрып қалу мен жөндеуден болған өндірістік емес шығындардың көбеюінен болады. Сондықтан егер жалға алынған жабдықты пайдаланудан түскен пайда оның бастапқы құнын өтемесе, ол оперативті лизингті қалайды. Сонымен бірге жаңа жабдықтарды бір рет пайдалану үшін және маусымдық жұмыстарды орындау үшін қысқа мерзімге жалға берілген жағдайда да ол оперативті лизингті қалайды. Лизингілік келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ли-зингалушы өзіне тиімді шартпен басқа мерзімге жаңа келісім-шарт жасауға немесе мәміленің объектісін лизингберушіге қайтаруға мүмкіндігі бар. Бірақ ол сонымен бірге мәміленің объектісін сатып ала алады. Егер бұл қаржылық лизингке жатса, онда ол оны қалдық кұнымен сатып алуы керек. Ал егер бұл оперативті лизингпен байланысты болса, онда ол лизингберу-шінің келісімімен тура нарықтық құнмен сатып алады.
Лизингілік мәмілелерді тәжірибе түрінде жүзеге асыру
келісімшартпенен рәсімделеді. Ол лизингілік операциялардың мазмұны мен түрін және олардың қаржылық және оперативті лизингтің қатарында болуын анықтайды. Бірақ лизингілік мәмілелердің барлық түрлері бірдей лизингілік операциялардың дербес түрі бола алмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде қазіргі уақытта жоғарыда айтылған лизингтердің 2 түрінің біреуіне де жатпайтын лизингілік мәмілелер кездеседі. Дегенмен олар өздерінің сипаттары және іске асу әдістері жағынан оларға жақын болып келеді. Сондықтан оларды оперативті және қаржылық лизингтің 2-ші түрі ретінде өзгеше қарастыруға болмайды.