У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Христианды~ ж~не демократия

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

         Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 

             Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

  РЕФЕРАТ

               Тақырыбы: Христиандық және демократия

          

Орындаған: Саматұлы А, ДТ-21 тобы

                        Тексерген: Дәрібай М.О.

                          Астана

                                                      2013ж

         Жоспар:

  1.  Кіріспе
  2.  Христиандық демократия
  3.  Конфесионалды кезең
  4.  Халықтық кезең
  5.  Қорытынды
  6.  Пайдаланған әдебиеттер тәзімі

Кіріспе:

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіредіДемократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Діни демократия жалпы демократия тарихында жаңа дәуірді ашады

2. ХРИСТИАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯ - христиандық тәртіпке бағынатын, әлеуметтік және идеологиялық көзқарасы қалыптасқан қазіргі консерватизмнің бір түрі.

Христиандық  демократия өзінің даму жолында бірнеше өтпелі  кезеңдерден өтті. XIX ғасырда либерализм мен азаматтық  ұлтшылдықтың өсуі  нәтижесінде Католик шіркеуінің халықаралық орны күрт төмендеді.Халықтың сенімін өзіне қайтарып алу үшін шіркеу реформаларды, жаңа әлеуметтік доктринасын және христиандық демократияны жария етті.

Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін шіркеу саяси католиктік партиялардың құрылуын мақұлдамады .Ал соғыстан кейін Ватикан елі  оған өз келісімін берді, алайда шын мәнінде осы партиялардың құрамында басқа да  көптеген христиандық конфессиялардың өкілдері кірді. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін бұл құбылыс стихиялы түрге ауысты және  көптеген  Батыс Еуропа елдерінде билік басына христиандық демократтар келді .Бүгінгі таңда көптеген халықаралық  ұйымдардың құрамында  христиандық-демократиялық қозғалысы басым партиялар бар.

Ұлы Француз революциясы феодалдық қоғамның құрылымын бұзып,азамат пен мемлекеттің арасында қандай да бір адамдардың араласуын тоқтатты. Діннің саяси ықпалы күрт төмендеді.  Егер Рим-католик шіркеуі мемлекетпен бір деңгейде тұрса,революциядан кейін құрамындағы адамдар заңға қарапайым халық сияқты бағынатын ассоциацияға теңестерілді  .Қарапайым және орташа класстағы адамдардың мүдделерін иелемейтін монархиялық олигархияны жақтаушы якобиншілдердің соққыларынан кейін шіркеудің жағдайы қиын болды.

Наполеонның тақтан құлауынан кейін шіркеудің бір бөлігі контрреволюциялық қозғалысқа қосылды,оның мақсаты ескі тәртіпті қалпына келтіру болды . Католиктік елдерде (Италия,Франция,Австрия,Испания Португалия) шіркеу өзінің авторитарлы династиялармен және де аристократтармен  бірдейленуге талпынды.Соның салдарынан орта класстағы әлеуметтік топтар католицизмнен безініп,рационализм,деизм,және атеизмге басын бұрды. Бұл адамдарға католик шіркеуі ескірген парақорлық  қоғамдық құрылым жүйесі болып көрінді Кенеттен туған бұл қиындықтарды шешу үшін реакциялық программалар жасалды,ол үшін діни мерекелерді жасау,қайырылымдылық шараларды жасау қолға алынды. Бұл халықтың  қобалжуын үдетті , өйткені либерализм тұрмыс деңгейі төмендердің мәселерін, әлеуметтік-экомикалық деңгейін жаңа қарқынмен көтерді.

Қарапайым халықтың христиандыққа деген өкініші әсіресе 1848-1849 жылы болған революция кезінде кеңінен қанатын жайды және де осы оқиғалардың салдарынан халық христиандық дінінен  көңілі марксизмге ауысқан кезең болған. Христиандыққа аса ауыр соққы берген оқиға Италия болған еді,ол елде Конституция қабылданып, содан кейін христиан діні тек қоғамдық институт  деңгейіне теңестірілді.

Тек қана аздаған мемлекеттерде ғана, католиктік  қауымдастықтар саяси либерализмдік  реформаларға  сенімдерін білдірді. Папа Пий  IX өзінің айытқан ауағыздарында,айтқан сөздерінде осы кішігірім топ өкілдеріне қарсы наразылығын айтқан болатын..

1870 жылы Ватикан басынан үлкен қиыншылық өткізді. Паптық мемлекет мәртебесі алынып, Папа зайырлы күшінен айырылды. Бұл оқиғадан кейін,  ресми католик доктринасы  мен  католик қозғалыстарының  идеология сы арасында бөлiну басталды.. Ватикан өзінің капитализмге , либералды саяси жүйеге  бұрынғыдай қарсы болатыны көрсетті. Сол уақытта католиктік партиялар,соның ішінде протестандық мемлекеттерде   құқықтық-мемлекеттік  құралдарды пайдалануға үйреніп,өзінің саяси сахнадағы рөлін күшейтті.Бұл елдерде католиктер діни төзімділікке , мемлекеттің жеке өмірге және рухани өмірге араласпауға шақырса,  ал протестандық шіркеулер бұл идеяға қарсы жақты өз қатарына шақырды.

3.Конфессионалды кезең

Римдік Папа Лев XIII

XIX ғасырдың соңында Ватикан қоғамды өзіне қарату үшін, жаңа реформалар жасау керек екендігін түсінді. .Папа  Лев XIII жаңа шіркеу реформасын  жасауға кіріскен болатын. Ол 1891 жылы энцикликді шығарды (Rerum Novarum), бұл арқылы папа шіркеудің мемлекеттегі  саяси өмірден нейтральді болатының баяндады, бірақ сонымен қатар жаңа әлеуметтік доктринаны паш етті(халықтық католиктік қозғалыс). Халықтық-католиктік қозғалыс әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек көрсетуге бағытталған . Папаның ойы бойынша қозғалыс католиктік доктриналарға негізделген болуы керек еді, біріқ өзінің белсенділігін әлеуметтік өмірде көрсетуге тиісті.Жаңа доктринаға сәйкес, бостандық қоғамдық міндеттермен тығыз байланысты және де католиктерді қоғамдық белсенділікке шақырды.

Соның нәтижесінде Ватикан өзінің халық алдындағы ықпалын иерархия рұқсат етілмеген облыстарға  күшейткісі келді. Римдік Папа орта класстағы адамдардың кедейлігін кінәләп, солар үшін жауапкершілікті экономикалық либерализмге жүктеді. Сонымен қатар социализм,материализм және таптар арасындағы күресті кінәлады.Таптар арасындағы күрес өз бастамасын либерализмге қарсы ниеттен туындайды деп пайымдады.Оның орнына Папа  жұмысшылар мен бастықтарды бір жерге жинайтын  профессионалдық гильдияларды құруға ұсыныс жасады.Сонымен қоса Лев XIII жұмыскерлердің көтеріліске шықпаған жағдайда ғана олардың одағын мақұлдады.1901 жылы Лев III  «Graves de Communi Re» энцикликасын жария етті,ол бойынша доктрина «христиандық демократия» атаққа ие болды. Бұл  атақ қозғалыстың центристік мінезін либерализмге қарсы екенін көрсетті.Энцикликаның жарыққа шығудың алдында көптеген нұсқалар қарастырылды,әсіресе  «христиандық социализм». Лев XIII демократияны жақтамады, тек қана оның демократияны жақтаушы католиктердің өзінің арасындағы конфликтерді шешуге тырысты.Әсіресе Папа католиктерге сайлау мен  саяси  белсенділікті танытпауға кеңес берді.Папаның энцикликасына римдік  католиктер екідайлы көзқараста болды.Кейбіреулері  Папаның доктринасында социализм идеясының көрінісін тапқан.Олардың соңдарынан үлкен жетістіктерге жеткен католиктік профсоюз ерді. Қозғалыс Франция,Германия,Италия,Бельгия, Нидерланды және тағы да басқа елдерге тарады. 1919 жылы христиандық профсоюздардың халықаралық конфедерациясы  құрылды,орталығы Утрехте болды.Алғашында католиктік профсоюздар көтерілістерге қарсы болды,алайда уақыт өте келе социалисттік профсоюздарға  қарағанда көтеріліске жиі шығатын болды. Бірінші дүниежізілік соғыстың соңына қарай бұл одақтарда 2 млн-ға жуық жұмыскерлер болды.  «Graves de Communi»-де Лев XIII шіркеу ішіндегі демократиялық тенденцияларды айыптады,либералды қауымдастықтарға саяси партиялар құруға тыйым салды.Уақыт өте келе Пий X көптеген түзетулер енгізгісі келді.Сонымен қатар Пий X саясаттандыру қозғалысын және саяси нейтралдықты атап көрсетті.Алайда оның осы мәселені шешудегі бүкіл талпыныстары зая кетті.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ватикан католиктік партияларды құруға рұқсат етті.Олардың құрамына:Италияның халықтық партиясы,Испанияның халықтық-әлеуметтік партия ,Чили және басқа көптеген елдердің халықтық партиялары кірді.Алайда практика жүзінде партиялар өзінің діни мүддесін қорғап,демократиялық бостандыққа ұмтылды.Партиялардың көбісі басқа христиандық конфессияларға ашық болды.


Римдік Папа  Пий XI

Сонымен қоса, осы кезеңде халық дінге, прогресс пен рационалды саяси тәртіпке өз сенімін жоғалтты.

1931жылы Пий XI «Quadragesimo Anno» деген энцикликаны шығарды, сол еңбегінде ол христиандық доктринаға өзінің түзетулерін енгізді. Энциклика тұлғаның абыройының және жеке меншік құқығының  маңызды екенін атап көрсетті. Бірақ бұл құқық халықтың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.Шіркеу қоғамның өзіндік дамуға  қабілетті деген ойды қорғаштады, алайда либералды тезистің орнына  «субсидия заңдылығын» алға тартуды талап етті. Католиктік философтар  Жак Маритен и Эмманюэль Мунье өздерінің еңбектерінде ағымдағы дағдарысты тұлға және теңдестірілген қоғамға қайта оралуының себебі ретінде қарастырды. Алайда фашистік қозғалыстың өсуіне байланысты «Quadragesimo Anno»  деген еңбек парламентаризмнің кәналауы болып қарастырылды.

4. Халықтық кезең

Ватикан либералды демократияның  басымдылықтарын көрді.Біріншіден,қоғамдық қауымдастықтықтардың бостандығын кепілдік берілді.Екіншіден,көпшіліктің  ерік-жігерін қорғады.1944 жылы Пий XII  өзінің рождестволық  халыққа деген сөзінде либералды демократияны христиандыққа сай келетін саяси форма деп атап өткен болатын .

1970 жылдарға дейін христиандық-демократиялық партиялар Италия мен ФРГ саяси өмірінде билі жүргізді.Сонымен қатар Бельгия,Нидерланды,Люксембург, Австрия және Швейцарияда кеңінен таралды.Олардың жасап жатқан саясаты шың мәнісінде правоцентристік болды.Христиндық партия күштері 1970 жылдары олардың позициясы әлсіреді,бірақ 1980 жылдары қайтадан күшейді.Христиан-демократ саясаткерлері Робер Шуман мен Альчиде де Гаспери Еуропалық одақтың құрылуына негіз болғандар.

Әр түрлі мемлекеттердегі христиан демократтарын бір жерге шоғырландыратын организациялар 1950 жылы басталды.1961 жылы Халықаралық христиан-демократтар одағы құрылды,оған кіргендер: батыс,орталық еуропа,Латын Америка елдерінің партиялары кірді.1982 жылы ұйым Интернационал христиан демократтары деп атауы ауысты,ал 1999 жылы Центристік демократиялық интернационалы болып өзгерді,өйткені ұйым қарамағына көптеген басқа да діндер кірген болатын.Қазіргі таңда ұйымға 70 аса партия кіреді.

II Ватикан соборының  «Gaudum et Spes» жолдауында Ватиканның тәелсіз шіркеу екенін атап көрсетті.Жолдау бойынша шіркеу өзін саяси,эконмикалық жүйесіне алшақ екенін жариялады,бірақта өздерінің болып жатқан істерге бағасын бере алатындығын айтты.Мемлекет пен шіркеу арасындағы қарым-қатынас тек екі автономды құрылыс ретінде қарастырылады.

1980 жылдардың соңында 1990 жылдардың басында христиандық демократтар Шығыстық Еуропа мен Латын Америкасында парламенттік демократияның қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді.Олардың партиялары Словакияда,Венгрияда,Чилиде,Польшада болған сайлауларда партиялар үлкен жетістіктерге жетті. «Centesimus Annus»деген энцикликасында («Сотый год», 1991) папа Иоанн Павел II шіркеудің  демократия  идеалдарына және құқықтық мемлекетке жақын деп пайымдады. Оның пікірі бойынша әр адам шың мәнінде сенген дінге қызмет етуі керек.Зерттеушілердің айтуы бойынша христиандық демократия әлі де өзіндік даму жолында алға басады.Жартысы оның социал-демократияға қосылады десе, екіншілері оның секулярлы консерватизм жаққа дамиды деседі.

.

         

                                           

                                             Қорытынды:

Қорыта келе, біз  Рим-католик шіркеуінің Папалары өздерінің реформаларын жүргізе отырып, демократияны пайдаланып халықты өзіне қаратқысы келді.Алайда христиан діні мен демократия тез арада байланысы орнықпаған еді, ол үшін көптеген  жылдар мен беленді өзгерістер кере еді. Христиан шіркеуі халықаралық  дәрежесін көтеру мақсатында олар ерте кезде қалыптасқан доктрина мен догмалардың дәрежесін төмендетті,сол арқылы қазіргі кездегі христиандағы демократия қалыптасты.  

7.Пайдаланған әдебиттер тізімі:

  1.  Мезенцев С. Международное христианско-демократическое движение. Теория и практика. 2004жыл.(ауд. Саматұлы А.)
  2.  Нойхауз Н. Ценности христианской демократии. М.: Республика, 2005. .(ауд. Саматұлы А.)
  3.  Папини Р. Интернационал христианской демократии. СПб.: Изд-во газеты «Невское время», 1992. .(ауд. Саматұлы А.)



1. 1 Знание вечно оно не имеет ни начала ни конца и на самом деле ничегодругого и не существует
2. Предмет социальной психологии
3. П Я Григорьев
4. Лабораторная работа 1
5. Проблема человека в психологии
6. Основа здорового образа жизни студента
7. реферата О МЕСТЕ КАТЕГОРИИ ЖИЗНЕННАЯ ПЕРСПЕКТИВА В ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКЕ 14 шр
8. Теневая экономика и проблемы ее эффективного ограничения
9. Реферат- Вагон
10. Лекция 1 Сущность и функции маркетинга Классик маркетинга Филипп Котлер определяет понятие маркетинга ка
11. Особенности древнеегипетской культуры Теория локальных цивилизаций О Шпенглера
12. Контрольная работа- Конституционное право граждан на обращение
13. СОЦИОКУЛЬТУРНОЕ ПРОГРАММИРОВАНИЕ В СИСТЕМЕ УПРАВЛЕНЧЕСКИХ ТЕХНОЛОГИЙ- СУЩНОСТЬ, СОДЕРЖАНИЕ (на примере культурного центра «Заднепровье»)
14. Тема 22 Формирование программы развития таможенного органа Рассматриваются методологические положения
15. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ По дисциплине ПЛАНИРОВАНИЕ ГОРОДОВ И ТРАНСПОРТ На тему Разработка генераль
16. reveling look t how you mnifest welth Благодарность Введение 1 Человек не может управлять законами мироздания 2 Б
17. на тему- Развитие чувства прекрасного в условиях техногенного мира Студент гуманитарного факульте
18.  784 с OCR- Ихтик г
19. задание некоторой функции fх выражающей связь между двумя географическими параметрами-
20. 2 Об основах охраны здоровья граждан в Российской Федерации