У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Бухгалтерлік есеп пен ~аржылы~ есептілік туралы ~аза~стан Республикасыны~ 2007 жыл~ы 28 а~панда~ы За~ыны~ 20

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Источник: ИС ПАРАГРАФ-WWW http://online.prg.kz

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 438 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1992 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 45-46, 729-құжат);

2) «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18.09.2002 ж. № 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2003 жылғы 21 қазандағы № 372 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 43-48, 896-құжат);

3) «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы» 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 426 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 ж. № 2, 201-құжат).

4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 23 мамырдағы

№ 185 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

 

2. Үлгілік жоспар

 

2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.

3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі - кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.

4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады.

 

 

3. Үлгілік жоспардың бөлімдері

 

5. Үлгілік жоспар мынадай бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім -«Қысқа мерзімді активтер»;

2-бөлім -«Ұзақ мерзімді активтер»;

3-бөлім -«Қысқа мерзімді міндеттемелер»;

4-бөлім -«Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;

5-бөлім -«Капитал мен резервтер»;

6-бөлім -«Кірістер»;

7-бөлім -«Шығыстар»;

8-бөлім -«Өндірістік есепке алу шоттары».

 

 

4. «Қысқа мерзімді активтер» 1-бөлімінің шоттары

 

6. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.

7. «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

1000 - «Ақша қаражаты»;

1100 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;

1200 - «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

1300 - «Қорлар»;

1400 - «Ағымдағы салық активтері»;

1500 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»;

1600 - «Өзге қысқа мерзімді активтер».

8. 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 - «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 - «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.

9. 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1110 - «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;

1120 - «Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады;

1130 - «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;

1140 - «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;

өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

саудаға арналған қаржы активтері;

1150 - «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.

10. 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1210 - «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1220 - «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1230 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1240 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1250 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің:

активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;

қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1260 - «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;

1270 - «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар:

акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;

қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1280 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;

1290 - «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

11. 1300 «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1310 - «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;

1320 - «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;

1330 - «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1340 - «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;

1350 - «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;

1360 - «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.

12. 1400 «Ағымдағы салық активтері» кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1410 - «Корпорациялық табыс салығы», онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;

1420 - «Қосылған құн салығы», онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;

1430 - «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.

13. 1500 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1510 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;

1520 - «Сатуға арналған істен шығатын топтар», онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.

14. 1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1610 - «Берілген қысқа мерзімді аванстар», онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;

1620 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;

1630 - «Өзге қысқа мерзімді активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.

 

 

5. «Ұзақ мерзімді активтер» 2-бөлімінің шоттары

 

15. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары, ұйымның ұзақ мерзімді ретінде топтастырылатын активтерін есепке алуға арналған.

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

2000 -»Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»;

2100 -»Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;

2200 -»Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»;

2300 -»Инвестициялық жылжымайтын мүлік»;

2400 -»Негізгі құралдар»;

2500 -»Биологиялық активтер»;

2600 -»Барлау және бағалау активтері»;

2700 -»Материалдық емес активтер»;

2800 -»Кейінге қалдырылған салықтық активтер»;

2900 -»Өзге ұзақ мерзімді активтер».

16. 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда ұзақ мерзімді активтерді қаржылық инвестициялар есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2010 - «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады;

2020 - «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;

2030 - «Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек,

өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

2040 - «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

17. 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2110 - «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;

2120 - «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;

2130 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;

2140 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;

2150 - «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;

2160 - «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады;

2170 - «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;

2180 - «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.

18. 2200 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға арналған.

2210 - «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар», онда үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді ұйымдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі.

19. 2300 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» кіші бөлімі инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2320 - «Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы», онда инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизациясының сомасы шоғырландырылады.

2330 - «Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын» - онда егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүліктің барлық объектілері іс жүзіндегі шығындардан жинақталған амортизацияны және құнсызданған активтердің жинақталған шығындарын қоспай өлшенетін іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алудың моделін таңдаған жағдайда құнсызданудан болған сома шоғырландырылады.

20. 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2410 -»Негізгі құралдар»;

2420 -»Негізгі құралдардың амортизациясы»;

2430 -»Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар».

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.

Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі - бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:

жер;

жер және ғимараттар;

машина жабдығы;

кемелер;

ұшақтар;

автокөліктік құралдары;

жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;

кеңсе жабдығы.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшеутеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобына арналған.

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған.

21. 2500 «Биологиялық активтер» кіші бөлімі ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2510 - «Өсімдіктер»;

2520 - «Жануарлар».

22. 2600 «Барлау және бағалау активтері» кіші бөлімі минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2610 - «Барлау және бағалау активтері», онда шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі.

2620 - «Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы», онда барлау және бағалау активтері амортизациясының сомасы шоғырландырылады.

2630 - «Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар», онда барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.

23. 2700 «Материалдық емес активтер» кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2710 - «Гудвилл», онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;

2720 -»Гудвиллдің құнсыздануы», онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;

2730 - «Өзге материалдық емес активтер», онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:

тауарлық белгілер;

титулдық және баспа құқықтары;

компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;

лицензиялар мен франшизалар;

өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;

рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.

2740 - «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы», онда материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;

2750 - «Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар», онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.

24. 2800 «Кейінге қалдырылған салықтық активтер» кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2810 «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер», онда мыналарға:

шегерілетін мезгілдік айырмаға,

алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;

алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге.

25. 2900 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2910 - «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», онда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;

2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;

2930 - «Аяқталмаған құрылыс», онда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:

негізгі құралдарды салуға байланысты;

келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;

2940 - «Өзге ұзақ мерзімді активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.

 

 

6. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3-бөлімінің шоттары

 

26. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.

3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

3000 - «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

3100 - «Салықтар бойынша міндеттемелер»;

3200 - «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3300 - «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;

3400 - «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»;

3500 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер».

27. 3000 «Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3010 - «Қысқа мерзімді банктік қарыз», онда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;

3020 - «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар», онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар есепке алынады;

3030 - «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрініс табады;

3040 - «Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады;

3050 - «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.

28. 3100 «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3110 - «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;

3120 - «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3130 - «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;

3140 - «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3150 - «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3160 - «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3170 - «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3180 - «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3190 - «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

29. 3200 «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3210 - «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3220 - «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3230 - «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3240 - «Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

30. 3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3310 - «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады;

3320 - «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;

3330 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;

3340 - «Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;

3350 - «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;

3360 - «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;

3370 - «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3380 - «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;

3390 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

31. 3400 «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3410 - «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады;

3420 - «Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;

3430 - «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;

3440 - «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

32. 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3510 - «Алынған қысқа мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;

3520 - «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс табады;

3530 - «Сатуға арналған қатардан шығатын топтың міндеттемелері», онда сатуға арналған қатардан шығарылатын топтың міндеттемелері көрініс табады;

3540 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда алдағы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

 

 

7. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4-бөлімінің шоттары

 

33. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.

4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

4000 - «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

4100 - «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;

4200 - «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»;

4300 - «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер»;

4400 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер».

34. 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4010 - «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар», бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;

4020 -»Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар», онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар есепке алынады;

4030 - «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.

35. 4100 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4110 - «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады;

4120 - «Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;

4130 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;

4140 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;

4150 - «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

4160 - «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады;

4170 - «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

36. 4200 «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4210 - «Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер», мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;

4220 - «Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;

4230 - «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;

4240 - «Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.

37. 4300 «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» кіші бөлімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер есепке алуға арналған.

4310 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер», мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.

38. 4400 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

4410 - «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;

4420 - «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады;

4430 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

 

 

8. «Капитал мен резервтер» 5-бөлімінің шоттары

 

39. 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.

5 «Капитал мен резервтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 - «Жарғылық капитал»;

5100 - «Төленбеген капитал»;

5200 - «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»;

5300 - «Эмиссиялық кіріс»;

5400 - «Резервтер»;

5500 - «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)»;

5600 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)».

40. 5000 «Жарғылық капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5010 - «Артықшылықты акциялар», онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;

5020 - «Қарапайым акциялар», онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;

5030 - «Салымдар мен пай», онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.

41. 5100 «Төленбеген капитал» кіші бөлімі төленбеген капиталды есепке алуға арналған.

5110 - «Төленбеген капитал», онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.

42. 5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған.

5210 - «Сатып алынған меншікті үлес құралдары», онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген  ығындар ескеріледі.

43. 5300 «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған.

5310 - «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.

44. 5400 «Резервтер» кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5410 - «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5420 - «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5430 - «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5440 - «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв», онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5450 - «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалары көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;

5460 - «Өзге резервтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.

45. 5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5510 - «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;

5520 - «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.

46. 5600 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.

5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.

 

 

9. «Кірістер» 6-бөлімінің шоттары

 

47. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.

6 «Кірістер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

6000 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»;

6100 - «Қаржыландырудан алынатын кірістер»;

6200 - «Басқа да кірістер»;

6300 - «Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер»;

6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».

Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.

48. 6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6010 - «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;

6020 - «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6030 - «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.

49. 6100 «Қаржыландырудан түсетін кіріс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6110 - «Сыйақылар бойынша кірістер», онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;

6120 - «Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6130 - «Қаржылық жалдау бойынша кірістер», онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6140 - «Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6150 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;

6160 - «Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

50. 6200 - «Басқа да кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6210 - «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6220 - «Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер», онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;

6230 - «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6240 - «Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.

6260 - «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6270 - «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6280 - «Өзге кірістер», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алуға байланысты операциялар көрсетіледі:

шарттардың талаптарын бұзғаны үшін есептелген айыппұлдардан, өсімақыдан, тұрақсыздық айыптарынан алынатын кіріс;

түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы;

келтірілген шығындарды өтеу;

қолданыстағы заңнамада белгіленген талап қоб мерзімі өткен кредиторлық берешекті есептен шығарудан түсетін кіріс;

қалпына келтірілген бағалау міндеттемелерінің сомасы;

қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлық табыстар;

сақтандыру жағдайлары;

өзге кірістер.

51. 6300 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер» кіші бөлімі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған.

6310 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер», онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.

52. 6400 «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6410 - «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

6420 - «Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардың пайда үлесі ескеріледі.

 

 

10. «Шығыстар» 7-бөлімінің шоттары

 

53. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.

7 «Шығыстар» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

7000 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»;

7100 - «Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»;

7200 - «Әкімшілік шығыстар»;

7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар»;

7400 - «Басқа да шығыстар»;

7500 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар»;

7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі»;

7700 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар».

Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.

54. 7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» кіші бөлімі сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға арналған.

7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі.

55. 7100 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші бөлімі өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.

7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.

56. 7200 «Әкімшілік шығыстар» кіші бөлімі әкімшілік шығыстарды есепке алуға арналған.

7200 - «Әкімшілік шығыстар», онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі.

57. 7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар» кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7310 - «Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

7320 - «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға;

7330 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар», онда әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар көрсетіледі;

7340 - «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.

58. 7400 «Басқа да шығыстар» кіші бөлімі басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайды.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7410 - «Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», онда активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, бөлшектеу жөніндегі шығыстар ескеріледі;

7420 - «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», онда активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар ескеріледі;

7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі;

7440 - «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар», онда резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар ескеріледі;

7450 - «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», онда операциялық жалдау бойынша шығыстар ескеріледі;

7460 - «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар ескеріледі;

7470 - «Басқа да кірістер», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі:

шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар,

тұрақсыздық айыптары;

түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың жетіспеуі;

келтірілген шығындарды өтеу;

сот шығындарын және төрелік алымдарды өтеуге арналған шығыс;

ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар;

бағалауға және барлауға арналған, капиталдандыруға жатпайтын шығыстар;

қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлы шығындар;

сақтандыру жағдайлар бойынша шығындар;

өзге де шығыстар.

59. 7500 «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар» кіші бөлімі қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстарды есепке алуға арналған.

7510 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар», онда қысқартылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулар бойынша шығыстар ескеріледі.

60. 7600 «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7610 - «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;

7620 - «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.

61. 7700 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» кіші бөлімі корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.

7710 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар», онда корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар ескеріледі.

 

 

10. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары

 

62. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.

8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

8100 - «Негізгі өндіріс»;

8200 - «Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;

8300 - «Көмекші өндірістер»;

8400 - «Жүкқұжат шығыстары».

63. 8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімі негізгі өндірістегі шығындарды есепке алуға арналған.

8110 - «Негізгі өндіріс», онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығыс, тікелей негізгі өндірісте айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан шегерімдер, негізгі өндіріске жатқызылған үстеме шығыстар есепке алынады.

64. 8210 - «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар ескеріледі;

8210 «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығыстар есепке алынады;

65. 8300 «Көмекші өндірістер» көмекші өндіріс шығындарын есепке алуға арналған.

8310 «Көмекші өндірістер», онда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты көмекші болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.

66. 8400 «Жүкқұжат шығыстары» кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған.

8410 - «Жүкқұжат шығыстары», онда негізгі және қосымша өндірістер, сондай-ақ жеке өндірілген жартылай фабрикаттар бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.

 

Бухгалтерлік есеп шоттарының

үлгілік жоспарына қосымша

 

1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер

 

1000   Ақша қаражаттары

1010   Кассадағы ақша қаражаты

1020   Жолдағы ақша қаражаты

1030   Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты

1040   Карт-шоттардағы ақша қаражаты

1050   Жинақ шоттарындағы қаражаты

1060   Өзге ақша қаражаты

1100   Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1110   Қысқа мерзімді берілген қарыздар

1120   Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер

1130   Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар

1140   Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1150   Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1200   Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1210   Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1220   Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1230   Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1240   Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1250   Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1260   Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1270   Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар

1280   Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1290   Күмәнді талаптар бойынша резерв

1300   Қорлар

1310   Шикізат және материалдар

1320   Дайын өнім

1330   Тауарлар

1340   Аяқталмаған өндіріс

1350   Өзге қорлар

1360   Қорларды есептен шығару бойынша резерв

1400   Ағымдағы салықтық активтер

1410   Корпорациялық табыс салығы

1420   Қосылған құн салығы

1430   Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

1500   Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1510   Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1520   Сатуға арналған істен шығатын топ

1600   Өзге қысқа мерзімді активтер

1610   Берілген қысқа мерзімді аванстар

1620   Алдағы кезеңдердің шығыстары

1630   Өзге қысқа мерзімді активтер

 

2-бөлім. Ұзақ мерзімді активтер

 

2000   Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2010   Ұзақ мерзімді берілген қарыздар

2020   Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2030   Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2040   Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2100   Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2110   Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі

2120   Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2130   Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2140   Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2150   Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160   Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170   Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2180   Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2200   Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2210   Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2300   Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

2310   Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

2320   Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы

2330   Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын

2400   Негізгі құралдар

2410   Негізгі құралдар

2420   Негізгі құралдардың амортизациясы

2430   Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар

2500   Биологиялық активтер

2510   Өсімдіктер

2520   Жануарлар

2600   Барлау және бағалау активтері

2610   Барлау және бағалау активтері

2620   Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы

2630   Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар

2700   Материалдық емес активтер

2710   Гудвилл

2720   Гудвиллдің құнсыздануы

2730   Өзге материалдық емес активтер

2740   Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы

2750   Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар

2800   Кейінге қалдырылған салықтық активтер

2810   Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

2900   Өзге ұзақ мерзімді активтер

2910   Берілген ұзақ мерзімді аванстар

2920   Алдағы кезеңдердің шығыстары

2930   Аяқталмаған құрылыс

2940   Өзге ұзақ мерзімді активтер

 

3-бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

3000   Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3010   Қысқа мерзімді банктік қарыздар

3020   Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар

3030   Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3040   Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі

3050   Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3100   Салықтар бойынша міндеттемелер

3110   Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы

3120   Жеке табыс салығы

3130   Қосылған құн салығы

3140   Акциздер

3150   Әлеуметтік салық

3160   Жер салығы

3170   Көлік құралдары салығы

3180   Мүлік салығы

3190   Өзге салықтар

3200   Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер

3210   Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер

3220   Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер

3230   Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3240   Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3300   Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3310   Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек

3320   Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3330   Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3340   Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3350   Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

3360   Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек

3370   Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі

3380   Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар

3390   Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3400   Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3410   Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

3420   Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер

3430   Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3440   Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3500   Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

3510   Алынған қысқа мерзімді аванстар

3520   Алдағы кезеңдердің кірістері

3530   Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері

3540   Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

 

4-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

4000   Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4010   Ұзақ мерзімді банктік қарыздар

4020   Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар

4030   Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4100   Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4110   Берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек

4120   Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4130   Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4140   Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4150   Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек

4160   Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

4170   Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4200   Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4210   Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

4220   Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4230   Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4240   Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4300   Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

4310   Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

4400   Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер

4410   Алынған ұзақ мерзімді аванстар

4420   Алдағы кезеңдердің кірістері

4430   Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

5-бөлім. Капитал мен резервтер

 

5000   Жарғылық капитал

5010   Артықшылықты акциялар

5020   Қарапайым акциялар

5030   Салымдар мен пай

5100   Төленбеген капитал

5110   Төленбеген капитал

5200   Сатып алынған меншікті үлес құралдары

5210   Сатып алынған меншікті үлес құралдары

5300   Эмиссиялық кіріс

5310   Эмиссиялық кіріс

5400   Резервтер

5410   Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал

5420   Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв

5430   Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв

5440   Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв

5450   Шетел қызметі бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв

5460   Өзге резервтер

5500   Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)

5510   Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

5520   Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

5600   Қорытынды пайда (қорытынды залал)

5610   Қорытынды пайда (қорытынды залал)

 

6-бөлім. Кірістер

 

6000   Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6010   Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6020   Сатылған өнімді қайтару

6030   Бағадан және сатудан жеңілдіктер

6100   Қаржыландырудан түскен кірістер

6110   Сыйақылар бойынша кірістер

6120   Дивидендтер бойынша кірістер

6130   Қаржылық жалдаудан түскен кірістер

6140   Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялардан түскен кірістер

6150   Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер

6160   Қаржыландырудан түскен өзге кірістер

6200   Өзге кірістер

6210   Активтерді істен шығарудан түскен кірістер

6220   Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер

6230   Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер

6240   Құнсызданудан шығындарды қалпына келтіруден түскен кірістер

6250   Бағам айырмасынан түскен кірістер

6260   Операциялық жалдаудан түскен кірістер

6270   Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер

6280   Өзге кірістер

6300   Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6310   Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6400   Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда үлесі

6410   Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі

6420   Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі

 

7-бөлім. Шығыстар

 

7000   Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7010   Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7100   Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7110   Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7200   Әкімшілік шығыстар

7210   Әкімшілік шығыстар

7300   Қаржыландыруға шығыстар

7310   Сыйақылар бойынша шығыстар

7320   Қаржылық жалдау бойынша пайыз төлеуге шығатын шығыстар

7330   Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7340   Қаржыландыруға өзге шығыстар

7400   Өзге шығыстар

7410   Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар

7420   Активтердің құнсыздануы бойынша шығыстар

7430   Бағам айырмасы бойынша шығыстар

7440   Резерв құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар

7450   Операциялық жалдау бойынша шығыстар

7460   Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7470   Өзге шығыстар

7500   Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7510   Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7600   Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның шығын үлесі

7610   Қауымдастырылған ұйымдардың шығын үлесі

7620   Бірлескен ұйымдардың шығын үлесі

7700   Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

7710   Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

 

8-бөлім. Өндірістік есептің шоттары

 

8100   Негізгі өндіріс

8110   Негізгі өндіріс

8200   Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар

8210   Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар

8300   Көмекші өндірістер

8310   Көмекші өндірістер

8400   Жүкқұжат шығыстары

8410   Жүкқұжат шығыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

PAGE   \* MERGEFORMAT 2




1. тема не была предметом специального литературоведческого изучения поэтому в нашей работе мы поставили для с
2. Периферийные устройства вычислительной техники Технические средства ЭВМ.html
3. на тему Идея это
4. Прогнозирование и планирование НТП и инновационной деятельност
5. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук ХАРКІВ 2003
6. Даму ~~ымы с~здікте
7. АЛЛЕРГОЛОГИЯ МОДУЛІ ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ
8. Объекты товароведной деятельности их основополагающие характеристики
9. Франция в системе общеевропейской интеграции
10. кадастровой документации- Единый государственный реестр земель кадастровые дела и дежурные кадастровые к
11. Утверждаю Проректор по УВиМР О
12. і. В гористій місцевості рудні копалини залягають переважно жилами
13. Цветы сказали небо отворись и нас возьми к себе
14. Реферат- К вопросу о металлической связи в плотнейших упаковках химических элементов
15. Звіт з практичної роботи 1 з предмету- ldquo;Проектування автоматизованих інформаційних системrdquo;
16. способность металлов и сплавов течь по каналам формы и заполнять ее
17. die ~sthetik bleibt hier eindeutig uf der Strecke
18. на тему- Прохождение практики на предприятии.html
19. тема основных понятий юриспруденции.html
20. ЛЕКЦІЯ 9. ОСНОВНІ ТЕНДЕНЦІЇ РОЗВИТКУ БЛАГОДІЙНОСТІ У ЗАХІДНІЙ ЄВРОПІ РОСІЇ ТА США з кінця ХVIII до поч