У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

а сыныбы Та~ырыбы- Сыйынар ем ана деген т~~іргеСынып жетекшісі- Шаудирова Л

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

              Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

                                                  

                                         №167 жалпы білім беретін мектеп

                                                                      

                      Тәрбие сағаты

                  8 «а» сыныбы         

Тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге»
Сынып жетекшісі: Шаудирова Л.Т.

                                                        Алматы 2014


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі 8-наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру.
Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен
құштарлығын одан әрі дамыту.
Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананның махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбелеу.
Сабақтың типі: Шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың түрі: Кездесу сабағы. 
Көрнекі құралдар: Буклет, плакат, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, тарихтағы аналар суреті.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Aна-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.

 

Қашанда қазақ әйелінің дастарқаны тоқ, қонағы ырза, ыдыс-табағы таза. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Осындай береке-бірлігі жарасып, айрандай ұйыған шаңырақтың арқауын ширатып отырған ақ жаулықты аналардың бірі-Нұрбибі Әбдірахманқызы Махамбет селосында тұрады.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді дегендей, жүзінен иманы төгілген мейірбан жанмен жақынырақ танысып, тілдескеннің өзі бір ғанибет. Маңдайына кері байлаған жібек орамалын түзеп, самай шаштарын қымтаған ананың әрбір іс-қимылы ұғына білген адамға үлгі-өнеге сияқты. Бұл күнде жасы 80-нен асқан өмірлік жары Ермұқаш ақсақал екеуі біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, құбатөбел ғұмыр кешіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, солардан тараған 32 немере-жиеннің бал қылықтарын тамашалап, екі шөбересінің қолдарынан су ішіп, өздеріне бұйырған әдемі қартаю бақытын бастан кешіруде.
Саналы ғұмырын адал еңбекке, бала тәрбиесіне, отбасы қамына арнап, айрандай ұйыған шаңырақта алтын асықтай ұл, қылықты қыз тәрбиелеп өсірген алтын алқалы Батыр ана 1941-ші жылы 22 наурызда Таңдай селосында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Әкесі мен анасының жандарына жалау еткен жалғыз қыздары болса да еркелікке, шолжаңдыққа бой алдырмай жастайынан зейінді, ақыл-есті қыз болып өсті. Орта мектепті бітіргеннен кейін Гурьевтегі медицина училищесінде білімін жалғастырып, мамандық алып шығады. Сол мамандығы бойынша Сарытоғайдағы дәрігерлік пунктте жұмыс жасап, кейін сол ауылдағы өкпе аурулары санаторийіне ауысады. Қыз баланың бір парызы өмірлік жар таңдап, ұрпақ жалғастыру болғандықтан көп ұзамай отбасын құрады. Сол кезде жасы жиырмаға жаңа толған жас бойжеткен өзін алда тағдырдың қандай сыйы күтіп тұрғанын білмеп еді.
Бұл жөнінде аузы дуалы абыз ана Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келінінің «Өлке» баспасынан шыққан «Айналайындарым, менің…» атты кітабында шынайы баяндалған: «Оның азан шақырып қойған аты Нұрпаш-тын. Әлдекімдей жылтыраған жүзі ғана емес, жан дүниесі де сондай нұрлы. Махамбеттегі ауруханада қатар қызмет жасадық. Қарапайым ғана қатардағы медбике. Күйеуі өзін меңдеген дертпен біраз арпалысып, ақыры жеңіліп тынды. Қолында қалған жалғыз қарғасымен бірге жадау тірлікпен жағаласа-жағаласа қажыған шығар, әйелі бақи кеткен ауылдас, сырбілгі азаматтың етегінен ұстады. Оның да ұядағы балапандай аузын ашып, шүпірлеп отырған бес баласы бар. Атам қазақ екі жарты-бір бүтін деп жататын. Бұл жанұядағы құрау-құрау жүректер одан да асып кеткен жоқ па? Алдының арқасынан қағып, маңдайынан сипап, соңының мұрнын сығып өсіріп,ерін тәрбиелеп, өзі жұмыспен жағаласып жүріп-ақ шаңырақты іңгәға бөлеп, жеті бала және тапты. Сөйтіп, үйірі басқаны ноқта қосты, үйі басқаны өмір қосты. Айналасын думанға бөлеп жататын өз етегінен өрбігені бар, өрмегені бар он үш баланың ешқайсысын бөліп-жарып жатқан Нұрпаш жоқ. Тәртіп ортақ, талап бірдей, тәттісі- аузында, қаттысы-арқасында. Бірі, мал жайғап, екіншісі, су тасып, үшіншісі, үй жинап, әйтеуір әке-шешесінің жеңілін-жерден, ауырын-қолдан алып бәйек болып жүргендері. Мұның бәрі ананың ізгі жүрегінің арқасы. Әлдекім сынды өзі тапқанының төбесінен құс ұшырмай, өгейін өзекке теуіп, күндей күркіреп, найзағайдай жарқылдап, албастының апасы құсап отырсаң, қасыңнан адам түгілі айуан қашып кетер. Адамгершілігі әуезе ғып айтар Түсекеновтердің отбасы осындай-тын. Жапырақтары жайылып, ұлы ұяға, қызы қияға қанат қағып жатты. Өмірдің қай сапарында жүрсе де бір-біріне деген мейірімдері үстем. Жалғыз бала жар басында ойнаса, көп бала көлдеуде ойнайды деген сол». (130-131 беттер)
Иә, даналық дариясынан қанып ішіп, өнеге-өсиетін халқына таратқан абыз ана Ділдә Матайқызынан асырып айта алмаспыз, сірә! Адам баласы шыр етіп жерге түскенде маңдайына алдағы тағдыр талайы жазылып қояды деген бар. Нұрбибі анамыздың да қатыгездеу тағдыры ұмыттыра беріп, төбесіне қайғы бұлтын үйіріп отырды. Балаларымыз аяқтанып, өз қолдары өз ауыздарына жетті деп жаймашуақ тірлік кешіп жатқандағы оқыс оқиға төбеден жай түскендей кейуананы қапелімде есеңгіретіп кетті. Қаперлерінде түк жоқ, қол ұстасып үйдің моншасына жуынуға кірген Ғалымжан мен Сарбиназдың сәлден соң өлі денелері табылды. Соңынан сараптама қорытындысымен белгілі болғанындай буланып отырып, газге уланғандарын байқамай қалған. Қандай өкінішті! Қыршынынан қиылған ерлі-зайыптылардың соңында ұлардай шулап үш бала қалды. Марқұмдарды ақ жуып арулап, жер қойнына тапсырып, қаделерін атқарып, топырағы суыған соң ағайын-тума арасындағы әңгіме ауаны «өлмектің артынан өлмек жоқ» дегенге ойысып, әркім өз топшылауларын ортаға салады. «Нұрбибіге өмір бойы жетім-жесірді бағып-қағуды маңдайына жазып қоймаған болар, балалардың нағашылары бар дегендей, болмаса бөлек үй болып кеткен аға-апалары бір-бірден бауырларына басып, адам асыл етіп жіберер, тіпті қазір жетімдер үйінде де балаға жақсы қарайды, сонда өткізуге болады» деген тосын ұсыныстар да айтылады. Бірақ соңғы сөз Нұрбибі анада, не дер екен деп аңтарылған жұрт көздерімен жер сүзеді. Тағы да Ділдә апамыздың кітабынан үзінді келтірейік: «Ортаға ақыл тастап отырғандар ауыз жиғанда қайғы жеп, ащы көлдің шабағындай бозарып отырған Нұрпаш айтты дейді:- Ішіме сыйған бала сыртыма да сыйған. Немерелерімді енді ешкімге жаутаңкөз ете алмаспын. Ел тыныш, жер қарада шырылдап қалған құлындарымды бір-бірінен бөлейік дегендерің не сұмдық?! Жат бауыр боп кетпей ме? Жер таянып қалғанша, ендігі жерде шыбын жаным осылардың үстінде болар деп». Ата-аналары қайғылы қазаға душар болғанда артында қалған үш баланың кішісі сол кезде 2,5 жастағы Аман күні бүгін Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің тереңдетілген тоғызыншы сыныбында оқиды, Жұмажан мұнай-газ институтының студенті, ал Дамира жоғары оқу орнын бітіріп, мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Орнында бар оңалар деген осы.
-Басынан талай қиындықтарды өткерсе де жасымай, бәрін ақылға, сабырға жеңдіретін анамыз шын мәнінде тыныштық пен игіліктің ұйытқысы, бабадан қалған қара шаңырақтың киесі, береке-бірлігіміздің алтын арқауы,-дейді қолындағы келіні аудандық «Өнерпаз» үйінің режиссері Элеонора ағынан жарылып,- бұл кісінің отбасы тәрбиесі жөніндегі тәжірибесі елеп-ескеруге тұрарлық. Біреуге ұрсып жекуді, дауыс көтеруді білмейді, бірақ бәрін қас қабағымен ұғындырады. Ол кісінің айтқандары біз үшін бұлжытпай орындауға жататын бұйрық сияқты. Немерелерін де мінез ерекшеліктеріне қарап, «жіберіп-тартып» дегендей, жөнімен еркелетеді. Сабақтарын өзі қадағалап, бір ауық таза ауада ойнатады. Ал, өзіммен жанына шақырып алып, қызындай сырласады.
Нұрбибі ананың жұбайы Түсекенов Ермұқаш банк саласында табан аудармай 36 жыл жемісті еңбек еткен елге сыйлы азамат. Күнделікті газет-журнал, теледидар жаңалықтарын жібермейді. Жасы сексеннен асты дегенге сенгің келмейді. Сөзі орнықты, өмір жайлы, бала тәрбиесі туралы небір мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жадында сақтаған. «Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, еңбегімен қуантады түбінде» деп, Баласұғын айтқандай, бәрі жоғары білім алып, өмірден өз орындарын тапқан ұрпақтарыма ризамын. Анасы екеумізді алақандарына салып отыр ғой, -дейді Ермұқаш атамыз қазіргі тірліктеріне тәубе айтып.
-Әже-әже, Бақытжан, Ғаділжан көкелерім келіп жатыр,-деп жүрегі жарыла қуанып, сүйінші хабарды жеткізген қос немересі Бержан мен Мейіржан өздерін осы үйдің жарты патшасындай сезініп, асыр салып ойнап жүр. Жүздерінен алаңсыз бақытты балалық шақтың нұры төгіліп тұрғандай. Береке-бірлігі жарасқан Ермұқашевтар отбасының табалдырығынан көктеммен бірге көл-көсір қуаныш аттағандай ұядай үйдің іші абыр-сабыр.

Адам болу, бойына имандылықтың нұрын сіңіру ата-ананы құрметтеуден, өзін өмірге әкелген тіршілік иелеріне мойынсұнудан басталатынын аңғару қиын емес. Қаршадайынан ата-анасын сыйлап, айтқанын екі етпей орындап, «мынадай жаман әдеттерден бойыңды аулақ ұста» десе соны құп көретін, егерде балалықпен шалалыққа жол беріп жаза басқанда ата-анасы ұрысып-зекісе, дұрыс істемегенін сезініп, соған көзінің сорасын ағызып өкінген баладан түптің-түбінде жаман адам шықпайды. Әрине бұл арада балаларын иманды жолға бастайтын ата-аналардың өзі тәрбиелі болуы керектігі бірінші жолға шығады. Жиі айтылып, жазылып та жүргеніндей отбасында ұрыс-керіс, жанжал болып, екі тұтқаның бірі әлсіздік танытып, ішкілікке не тағы басқа ұнамсыз әрекеттерге бой алдырса, туған үйдің түтіні түзу шықпайтын сәттер жиілесе, шаңырақ шайқалуынан танбаса, әрине қамқоршыларынан көңілі суыған бала бақылаусыз қалып беті ауған жаққа бағыт алады.

   Аялы алақан табын аз сезінген ұрпақ та мәпелеуді көрмеген қисық ағаш сынды өз бетінше өмір сүреді. Жақсылық атаулының қиындықпен келеріне бас ауыртып жатпай, өмірдің күнделікті жеңіл жағына қарай бейімделе түседі. Егер ұрпағым ешкімнен кем болмай өсіп, ертең елінің қажетіне жарайтын адамдыққа жетсін деген әрбір ата-ана мұны көкейіне бек құлыптап, осы жолда небір кедергілерге тосылса да одан беті қайтпай, ақыры сол ізгі талпынысының биігінен табылып жатады. Сайып келгенде ұлы мен қызынан қызық көріп, асырап-сақтаған ебіл-себіл еңбегінің қайтарымының шапағат нұрына бөленіп, өздеріне сыйлы ортадан сайлы орын тауып жатады. Міне, бақытты ата-ана осылар деп, төңірегі де риза болысып жүреді.
   Жүрген жерінде опа бермейтін, бүлдіріп бүлдіргі алуға, ұжымдастарына жек көрінішті болуға бейім тұратындар мен жымқырғыштар, дау-жанжал шығармаса, жағаласа не жұдырықтаса кетпесе ішкендері бойға тарамайтындар, маскүнемдер мен алаяқтар көбіне-көп жайсыз отбасыдан шығатыны әбден дәлелденіп болған ақиқат. Елімізде «отбасы және гендерлік саясат» өткір де орынымен қойылып отырған бүгінгі шақта мұны ертеңін ойлайтын әрбір ата-ана мұқият ескеруі шарт демекпіз.
   Бұл саланың жай-жапсарын терең зерттеп, қойны-қонышын түгел ақтара зерделеп жүрген мамандары немесе ғалымдары болмаса кейде біз түсіне бермейтін жайлар да кезігіп жатады. Жақында бір ауылда ғұмырының 81 жасқа қараған шағында осы маңға қадірін асырған кейуана өмірден озды. Азаматы ертерек бақилық болып, жастай жесір қалып, төрт қыз, екі ұлды жалғыз өзі, арқа еті арша, борбай еті борша бола жүріп қатарға қосқан. Адал, күйеуінен қалған қара шаңырақты шайқалтпай ұстаған, арлы еңбекпен күнелтіс жасаған көнтерлі жан екен, жарықтық. Өз үйінде, яғни үлкен баласының қолында жасы ұлғайып, сырқат меңдей бастағанда ұлынан қайран, келінінен келісті күтім болмаған. Екінші ұл бірнеше балаларын, қыздай қосылған жұбайын тастап бөгде бір әйелдің қолына кіріп ұясынан безіп кетіпті. Сонымен кейуананы бірнеше ұл-қыз өсіріп отырған үлкен қызы қолына алып, жылдан аса мерзім қалғымай күзетіп, қасы мен қабағына қарапты. Азаматы қайтыс болып, шаңыраққа ие болған осы үлкен қыз кезінде ата-енесін де жақсы бағып-қағып, өз қолымен ақ жуып, әрулеп, бақиға аттандырған екен. Қарасына жиналған үлкенді-кішілі мұның бәрін орынымен еске алып отырды. «Қарағым, зәуімен қатерін сұрай келгенімізде қылаусыз ақ жаймада, ақ мамық төсектің үстінде көрдік. Сусын-азығы үстелде қаз-қатар орналасып, ақ дәкемен беті жабулы тұрды. Қашан көрсек те анаңды алақаныңмен аялап, мейіріміңе шомылдырып отырған саған риза болдық. Анаңа жасаған жақсылығың жасың ұлғайып келгенде өзіңді тапсын. Ұрпағың бар ғой, шырағым, перзенттік борышыңа адал болдың, ертеңің нұрлы, келешегің кемел болсын, әр қазақтың шаңырағына сендей келін немесе сәулесін жан-жағына тегіс түсіретін перзент бұйырмыс етсін» деді бір дуалы ауыз. Анасын күткен әлгі «мың болғырды» қайынжұрты да алғыс-батаның астында қалдырды. Қайынапасы ғой деймін, «біздің әке-шешемізді де осылай, өз қолымен мәпелеп еді, айтып жатырғандарыңыздың бәрі орынды» деп ағынан жарылды. Анасын жерлесуге келген екі ұл да, өзге қыздары да бұл сөздерді естіп отырды. «Бір анадан ала да туады, құла да туады» деген естілердің сөзі ойға орала кетті. Тәрбие бір, баршасы да анасының қинала жүріп, әке орнын жоқтатпай жеткізгенін біледі, бір қазаннан несібе айырып, бір көрпенің астында өскен ұялас бауырлар неге әр қалай? Бұл сұрақтың жауабы бізге шешкізер емес.
   Осы арада көне дәуірден күмбір қаққан мына бір ұлағатты еске ала кеткеннің артықшылығы болмас деп ойладым. «Біз адамзатты ата-аналарына жақсылық жасауға бұйырдық. Анасы қиналып жүріп құрсағында көтереді, қиналып туады. Құрсақ көтеру, емшек емізіп бағу мерзімі отыз ай. Ол кәмелетке толып, қырық жасқа жеткен шағында: «Тәңірім! Өзің маған және ата-анама берген ниғметтеріңе шүкір етуім үшін, сен риза болатындай ізгі амалдарды жасауым үшін маған мезет бер. Менің ұрпағымды да ізгілерден ете гөр. Мен саған шындап тәубе еттім. Мен шынайы мұсылманмын». («Ахқаф» сүресі, 15 аят). Дүниеде ең қымбат жан ана мен әке. Бұл қымбатты жандарды Алла тағаланың өзі жоғарыдағы аятта дәріптеген. Алла дәріптеген пенденің мәртебесі ешнәрсемен өлшенбейді.Өкінішке орай, күнделікті өмірімізде жастардың ата-анасына көңіліне келер қатты сөздер айтып, тіпті оларға қол көтеруге дейін ренжітіп жатқандығы жиілеген құбылысқа айналуда. Ата-анасын сыйлап, құрметтемеген адам өз перзентіне не тәрбие бермек. Ата-анасына не істесе де күндердің күнінде алдынан шығатыны хақ.
Құнды дереккөздер ата-анаға немкетті көзқарас танытып жүрген есалаң-есуастарға егер ілер сана, тыңдар құлақ болса, былай деп те өсиет қалдырыпты.
   Халық даналығында: «Әке-шешең жынды болса байлап бақ» демей ме. Пайғамбардан (с.ғ.с.): – Я, Расулулла, жақсылықты алдымен кімге істейміз?- деп сұралғанда, ол (с.ғ.с.): – Алдымен анаңа. -Одан кейін ше? -Анаңа! -Ал одан кейін ше? -Анаңа! Ал одан кейін ше? -Әкеңе!
   (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари риуаят етті.)
   Ата-анасының разылығына жетпеген балаға Пайғамбарымыз терең күрсініп, былай деген: «Тоғыз ай, тоғыз күн, тоғыз сағат сені қарнында көтеріп, өлімді жағалап барып сені туған кім? Сен ештеңеге шамаң келмей, сәби болғанда жылдап көкірегімен емізіп, баққан кім? Сені балиғат жасына жеткізген кім? Егер анаңның ризалығын алмасаң, жаннат саған жоқ! Тәуба етсең еттің, болмаса отбасыңмен жинаған мүлкіңнің жартысын беруің тиіс» деген болатын. Тағы бір өзегіңді өртейтін жайт, бүгінгі жаһандану дәуірінде қарттар үйінен өзіміздің қаракөз, мұсылман ата-аналарды кездестіргенге етіміз үйреніп алғандай. Бұған барлығымыз осылай болуы керек тәрізді қарайтынымыз өтірік емес. Бұл қатыгездікке жол бермеу үшін ақ жаулықты асыл аналарымыз бен асқар таудай әкелерімізге мейіріммен қарап, олардың разылығын алуға тырысқанымыз жөн. Шариғат бойынша, «Ата-ананың разылығы – Аллаһтың разылығы. Ал ата-ана ашуы мен ызасы – Жаратқан Алланың қаһарына тең» делінген.
   Өкінішке орай әкесін қарттар үйіне тапсырған жай кезінде біздің ауданда да орын алды. Ұлдардың айтары: «Бала шақта бізді ұрып-соқты, анамызға да қолы тиді, мінезі шатақ, барған жерінде ұрыс-керіс шығарып жұмыстан жиі шығып кететін, қысқасы бізге ұрпағы ретінде дұрыс қарамады». Жақсы, солай болған екен, төрінен көрі жақындағанда бірнеше ұл бір әкені, қарттар үйіне көзін жәудіретіп, немерелерінен қол үздіріп итере салғанда не ұтты?
   Нұржаудың сыртқы бойындағы телімде ұзақ жылдар мүйізді ірі қара баққан ана отырды. Бұл кейуана да ерінен ерте қалып, бірнеше ұрпағын жалғыз жүріп жеткізген бейбақтың бірі-тұғын. Қолынан күш кеткен сәті кеңестік жүйенің құрдымға кетіп, Тәуелсіздіктің ақ таңы болатын. Қара басып ортаншы ұл мал ұрлығымен айналысты. Өзіндейлерге қосылып, өрістен үптеп, етін көрші қалаларға өткізіп, үйге керек-жарақ, азық-түлік әкелгенде анасы аузына алмайды екен.
   «Шырағым, балам, мен баршаңды совхоздың сиырын бағып адал еңбекпен өсірдім, қазаныма харам салма, біреудің көз-жасына қалма, қартайған шағымда көрсетейін дегенің осы ма?» деп налыпты. Ұрысып та, зекіп те, ақылын сарқып та жалыныпты. Бірақ ортаншы ұл оңай олжаға бір дәнігіп алған соң шешенің сөзін құлағына да ілмепті. Ақыры болмаған соң: «Ендеше, құдай жазаңды берсін» деп қарғапты анасы. Айтқандайын, кезекті бір олжалы сапарынан оралған ортаншы ұл серіктерімен «Роял» спиртін кеңірдектен келгенше ішеді. Таң ала кеуімде лақылдата құсқан легеннен басын көтере алмай өз құсығына тұншығып жан тәсілім болады. Міне ана қарғысы дегенің. Бұл үлкен ұлы – досым айтқан айна қатесіз шындық болатын.
   Бұлардың бәрі-баршасы ата-ана алдындағы перзенттік борышты өтеу хақында туындап жатқан әңгімелер. Өзіңді өмірге әкелген, әлемнің жарығын сыйлаған, ақ сүт беріп емізген, түн ұйқысын төрт бөліп бесік тербеткен анаңды налытпа, бойыңда қаны тулап жатқан әкеңді қапа қылма, еңсесін түсірме дейді ішкі ойымыз. Сайып келгенде отаншылдық рух, ел мен жерді сүю, әркімнің өз ата-анасын сыйлап, құрметтеуден бастау алары қапысыз шындық.
   Біздің қазақ негізінен ата-ананы құрметтеуден өзге ұлт өкілдерінен қалыспаған. Қайта алдына түскен бе деймін. Сызылтып салар әндер қанша ма? «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…» «Мен сенің өміріңнің жалғасымын…», «Бұл өмірде болса егер құдірет, сыйынар ем Ана деген тәңірге»… Осылай Жайықтай есілтіп, Қиғаштың толқындарындай аунақшыта сызылтып, бойыңда ерен махаббат тербелтіп қанша ма әндерді салуға болар еді…
   Бұл баянымыздың соңғы нүктесін адамзаттың Ұлы жазушысы атанған Максим Горькийдің: «Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұры мен Ананың ақ сүтінен таралған» дегенімен аяқтағанды жөн көрдік.

«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесіана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық

Қарға тамырлы халқымыз әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын дінгегіне балаған.
Ұлт басына күн туған замандарда ер азаматтардың жігерін жанып, жүрегіне от берген де әйелдер, қаһарман қазақ қыздары.

Егер тарихқа үңілсек, аналар қандай ауыртпалықты да халқымен бірге көтерген. Жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алса, бейбіт кезеңде бесік тербетіп, ұл-қыздарын даналық пен көрегендікке, ізет пен ілтипатқа баулыған. Халық эпосындағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі Домалақ ана мен Айша бибі, ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қолбастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз сол әйелдердің шоқ жұлдыздай бір шоғыры. Ал бертін келсек, 1986 жылдың ызғары желтоқсанында мұз құрсауында алау болып жанып, әділдікті талап етіп, әміршіл жүйеге қарсы шыққан жастарымыздың деніқайтпас, қайсар, қаршадай қазақ қыздары болды.
Бүгінде жасампаз Жолдауымен халық жігерленіп отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен түйіндесек: «Тәуелсіз еліміздің керегесін нығайтып, шаңырағын биік көтеруші тағы да - әйелдер, аналар!». Олай болса ауылымыздың батыр анасы атанған асыл анамыз Нұрғожаева Рая анамызға сөз береміз.
Мұғалім: Рахмет! Сізге арнап «Анашым» әні

Мұғалім: Міне аналар мейрамы да күлімдеп көктемде келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол ана. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!

О, аналар осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасын, дағы кәріңде,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге,

Пейілі кең, сезімі терең көлден,
Ананы кем көрмеймін кемеңгерден.
Жақсылықты анадан бастаудың да,
Тәжірбиесі қазақта дәлелденген
Абай оқу бітіріп келген кезде,
Әуелі анасына сәлем берген.
Өміріміз соларға ұқсаса егер,
Өнегеміз озады бар елдерден

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді
(М. Мақатаев)

Осындай тақырыпта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Студенттер сарайында көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік жиынды гуманитарлық-педагогикалық институты мен университет жанындағы колледж ұйымдастырды. Аяулы, сүйікті, қамқоршы асыл жандар анаға, қыз-келіншектерге деген құрмет университет өнерпаздарының ән-жырымен көмкерілді.

Сахна төріне университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов көтеріліп, әрдайым игілікті істің ұйытқысы болып келе жатқан барша қыз-келіншектерді мерейлі мерекелерімен құттықтап,жылылебізібілдірді.
«Сіздер әрдайым сұлулық пен даналықтың, әсемдік пен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсете отырып, күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайымен қатар, ел дамуына зор үлес қосып келесіздер. 
Сіздерді тағы да көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз мейрамымымен құттықтаймын. Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, болашаққа зор сенім, мәңгі жастық пен сұлулық, отбасыларыңызға бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілеймін», - деді оқу орны басшысы өз сөзінде. 
Сондай-ақ, кеш барысында бірқатар ұстаздар қауымына университет ректорының Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтарыберілді. 
Нәзік жандыларға деген құрмет мұнымен шектеліп қалған жоқ. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы атынан да мерейлі мерекеге арналған тілек-лебіздер айтылып, жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар әріптестерімізге Алғыс хаттартабысталды.
Кеш көркін одан әрі өнерлі өрендер өздерінің ән-шашуларымен қыздыра түсті.

Қорытынды: Анамыз Әркашан қасымызда болсын! Сыйлап.құрметтеп оларды бағалап  жүрейік!




1. Реферат- Особенности средневековой философии и её главные основания- теоцентризм креационизм провиденци
2. тема. 3. Обзор российского рынка автоматизации управления электронными документами и документооборотом
3. Договір франчайзингу
4.  Очень многие прежде всего офицеры чиновники предприниматели интеллигенция духовенство считали больш
5. Коэффициент гидравлического трения
6. философия в переводе с греческого означает- 1
7. Реферат- Роль государства в повышении качества продукции
8. Альбрехт Дюрер
9. Современные способы кредитования заемщиков
10. Золотая осень И
11. Экономика и планирование городского хозяйства Январь 2014 г
12. СИСТЕМИ РАДІОТЕХНІЧНОГО КОНТРОЛЮ 1
13. Статья- Структура волокон поли-бис-трифторэтоксифосфазена
14. Физическое воспитание в профессионально-технических училищах (ПТУ)
15. Туризм и гостеприимство Программа преддипломной практики и методические указа
16. Лабораторная работа ’ 4 ИЗУЧЕНИЕ РЕЛЕКСАЦИОННЫХ ПРОЦЕССОВ В RCЦЕПИ Цель работы- изучение зависимости.html
17. Великобритания- Изменение структуры хозяйства и проблемы старых отраслей
18. Эрнесто Битетти
19. ИРКУТСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ГБОУ ВПО ИГМУ Минздравсоцразвития России
20. а dpter flnge ldquo;переходникrdquo; переходной фланец dptercrossover sub переводник эл