У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Метрология негіздер

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

  1.  Метрологияның мақсаттары мен міндеттерін анықтаңдар.
  2.  Метрологияның негізгі түсініктері мен терминдерінің анықтамасын беріңдер.
  3.  “Өлшем” деген терминді қалай түсінесіңдер?
  4.  Физикалық шаманың шкаласы деген не? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады?
  5.  Физикалық шаманың өлшем бірліктер жүйесі деген не? Осы жүйелерді құрастыру принципі қандай?
  6.  СИ жүйесінің негізгі бірліктерінің анықтамасын беріңдер.
  7.  Өлшем қателері деген не?
  8.  Абсолюттік, салыстырма, келтірілген қателердің қандай айырмашылықтары бар?
  9.  Жүйелі, кездейсоқ және өрескел қателердің қасиеттерін тұжырымдаңдар?
  10.  Тікелей өлшемдердің өңдеуін жүйелеп түсіндіріңдер.
  11.  Өлшеу құралдардың түрлері.
  12.  Физикалық шаманың бірлік этолоны деген не және олардың қандай түрлері бар?
  13.  Метрологияның қандай халықаралық ұйымдары бар?
  14.  Стандарттаудың негізгі түсініктері мен терминдері.
  15.  Параметрлік стандарттауда R және Е таңдаулы сандар қатарлары қай принципімен құрылады.
  16.  Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен принциптерін атап өтіңдер.
  17.  Метрология мен стандарттаудың негізгі халықаралық ұйымдары.
  18.  Сертификаттаудың негізігі түсініктері мен терминдері
  19.  Сертификаттаудың мақсаттары қандай?
  20.  Сертификаттаудың жұмыстарын жасауда сынақ лабораториясына қандай талаптар қойылады?
  21.  Физикалық шаманың размері мен размерлігі деген түсініктердің айырмашылығы қандай?
  22.  Өлшем жасау арқылы неге физикалық шаманың шын мәнін анықтауға болмайды?
  23.  Интегралдық және дифференциалдық таралу функцияларды сипаттаңдар.
  24.  Чебышев теңсіздіктері жэне 3δ ережесі кездейсоқ қатені бағалауда қалай қолданылады?
  25.  Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің қалыпты таралуын Гаусс таралуы сипаттаңдар.
  26.  Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің біркелкі таралуын сипаттаңдар.
  27.  Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің математикалық күтімі мен дисперсиясын сипатаңдар.
  28.  Жүйелік қателерді анықтаудың және жоюдың қандай әдістері бар?
  29.  Сұрыптауда пайдаланып өлшенетін шаманың шын мәнін және дисперсиясын қалай нүктелі бағалайды?
  30.  Параметрлердің аралық бағалауының мәнісі неде?
  31.  Аралық бағалаудың Стьюдент әдісін сипаттаңдар.
  32.  Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеудің мысалын келтіріңдер.
  33.  Бірлескен өлшеу деп қандай өлшеуді айтады? Кіші квадраттар әдісі қалай қолданады?
  34.  Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамаларын нормалаудың мәнісі қандай? Оның қалыпты жағдайлары қандай?
  35.  Метрологиялық қамтамасыздандырудың мәнісі қандай және оның қандай негіздері бар?
  36.  Стандарттаудың негізгі әдістерін атап өтіп түсіндіріңдер.
  37.  Стандарттардың қандай түрлері бар?
  38.  Қай жағдайларда міндетті сертификаттау, ал қай жағдайларда ерікті сертификаттау жүргізіледі?
  39.  Сертификаттауга қатысушылар және олардың міндеттері.
  40.  Сапа жүйелерді сертификаттау мақсаты неде?

  1.  Метрологияның мақсаттары мен міндеттерін анықтаңдар.

Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету.

Метрология – өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Өлшеу – тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады.

Өлшем бірегейлігі – өлшем нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады.

Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады.

Заңдық метрология – метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі.

Физикалық шама – сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сан жағынан әр объект үшін әртүрлі мәні бар қасиетті айтады.

  1.  Метрологияның негізгі түсініктері мен терминдерінің анықтамасын беріңдер.

Гран – медицина – 62,2  мг

Фут – аяқ – 30-48 см

Карат – асыл тас – 200 мг

Дюйм – саусақ – 2,54 см

1790 ж Францияда Лагранж – 10дық еселікті ұсынды.

1795 ж Лаплас – метрикалық жүйені ұсынды.

1/40 000 000  - 1 м деп есептеді

1 дм = 0,1 м              4°С     1дм3 = 1л = m = 1кг

1932 ж        Д – дейтерий       H2O/D2O

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы. Бұл заң 2000 ж 7 маусымда қабылданған. 15 маусым 2011 жылы оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Метрология – өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Өлшеу – тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады.

Өлшем бірегейлігі – өлшем нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады.

Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады.

Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету.

Заңдық метрология – метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі.

Физикалық шама – сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сан жағынан әр объект үшін әртүрлі мәні бар қасиетті айтады.

  1.  “Өлшем” деген терминді қалай түсінесіңдер?

Өлшеу – тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады.

Өлшем бірегейлігі – өлшем нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады.

Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады.

Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету.

Физикалық шаманың размері және размерлігі – білгілі бір объектідегі физикалық шаманың сандық мөлшерін көрсету қажет болса, онда размер дейтін термин қолданылады, ал физикалық шаманың мәні деп шаманың бірлік бойынша есептелінген сандық мәнін айтады.

Сандық мәні ол дерексіз сан, ал размері деректі объективті мөлшері.

Метрологияның негізгі постулаты деп:

Q = q [Q]              ФШ өлшем бірлігі

ФШ                сандық мәні

размері

Мысалы:  m = 15 кг

Өлшем бірлігі (шама бірлігі) – 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген, белгіленген мөлшердің физикалық шамасы.

Өлшеу – физикалық шаманың мәні оның өлшем бірлігімен салыстыру әрекеті.

ФШ сапа жағынан сипаттау үшін размерлік деген терминді пайдаланады.

  1.  Физикалық шаманың шкаласы деген не? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады?

ФШ шкаласы – өсу не кему бағытында орналасқан физикалық шамалардың мәндерінің реттелген қатарлары.

Түрлері:

  1.  Реттік
  2.  Аралық (интервал)
  3.  Қатнастық

1)Реттік шкала – өлшем бірлігі жоқ, келісім бойынша алынған қатар бар. Бұл шкала артықпа, кембе деген сұраққа жауап бере алады, бірақ қаншаға артық, қаншаға кем деген сұраққа жауап бере алмайды.

2) Аралық шкала – өлшем бірлігі бар, келісім бойынша алынған 0-де бар шкала.

       100                    негізгі аралық

100  (Q02 – Q01)/n

0

Фарангейд шкаласы

212Ғ                Q = Q01 + q1[Q1]

180                   Q = Q02 + q2[Q2]

32Ғ                 q1 = [q2 – ] *

tc = (tF – 32) *5/9

tc = (tF – 32)*5/9 = 40*5/9 = 200/9 = 22,2 c

3) Қатынастық шкала – 0-де бар, өлшем бірлік те бар

Кельвин шкаласы

273,16 К

0 К

  1.  Физикалық шаманың өлшем бірліктер жүйесі деген не? Осы жүйелерді құрастыру принципі қандай?

Физикалық шамалардың өлшем бірлік жүйесі

        1. К.Гаусс (CGS). 1832ж Карл Гаусс өлшем бірліктерінің жүйе құрастыру принциптерін бірінші ұсынған.

1) Негізгі ф.ш таңдау керек: l,m,t

2) Негізгі ф.ш. өлшем бірліктерін таңдайды: см, г, секунд

3) Туынды ф.ш.  өлшем бірліктерін анықтау керек: v=l/t=|мм/с|

         2. МКСА (метр, кг, с, Ампер)

         3. СИ 1960 ж. қабылданды:

1) 7-негізгі: l, m, t, I, ν, T, ω

2) м,кг,с,А,моль,К,кд,рад,стр

3) 2-туынды: көлемдік бұрыш, жазықтық бұрыш

1960 ж. ұсынылған физ-қ шама бірліктерінің халықаралық жүйесі б-ша SI (СИ) 7 негізгі физ-қ бірлік бар (ГОСТ 8.417-81):

1.Метр(м)-ұзындық

2.Килограмм (кг) – масса

3.Секунд (с) – уақыт

4.Ампер (А) – ток күші

5.Кельвин (К) – темп-ра

6.Моль (моль) – зат мөлшері

7.Кандела (кд) – жарық интенсивтілігі.

 Нег.бірліктерге тағы 2 қосымша бірлік бар:

1.Радиан (рад) – бұрыш

2.Стерадиан (ср) – қарсы бұрыш.

1м- 1/299792453 с арақ. жарық өтетін

Сs133    цезидің 2 деңгейінің арасында

9192661770 рет өтуі – 1с

Ɩ-м- вакуммдағы жарық жылдамдығына байланысты

t-с- меридиан арасына кеткен уақыт

I-А- 1м арақашықтықта 2*10-7 H күш шыққанша керек

Q-моль- 12С авогадро саны бар мас.

Т-К- судың үштік нүктесі арқылы 1/273,16=1К

Кд- белгілі бір уақытта жарық жиілігі берілген 540*1012 Гц қуаты бар күш 1/683 В/ст

  1960 ж. кейін нег.өлшем бірліктерін анықтау өнімділік талаптарына ж/е заманауи ғылыми-зерттеулердің дәлдігіне жақсы сәйкес келу үшін өзгертілді. Бірінші кезде метр Солтүстік полюс пен экватор аралығында мередиан бойынша 1/10 000 000-дай қашықтықтың бөлігі ретінде анықталды. Бірақ, 1970 ж. метрді анықтаудың жаңа түрі қабылданды, яғни метр электрон криптон атомына өткенде алынған екі деңгейдің арасындағы нақты толқын сандарының жиынтықтық ұзындығы ретінде анықталатын болды. 1983 ж.бастап метр – 1/299792458 секундта вакуумда өтетін жарықтың арақашықтығы ретінде анықталады. Ұзындықтың бірлігі – метр эталон таяқшаның екі сызықшасының арасы (0°С-та) болып табылады.

Нег.физ-қ шамалардың негізінде туынды физ-қ шамалар алынады, олар 50-ден асады. Мысалы, 1 Н күш 1 кг массадағы  денені 1 м/с2 жылдамдықпен айдауға қажетті күшке тең, яғни, масса бірлігі киллограммды,ұзындық бірлігі метрді, квадраттағы уақыт бірлігі секундқа бөлгенде пайда болатын жылд-қа көбейгенге тең: [ Н = кг · м/с2 ].

Массаның бірлігі килограмның эталоны. Ағаш метрлік жүйені енгізгенде килограмның эталоны ретінде таза судың тығыздығы ең жоғары мәніне сәйкес келетін температурадағы (4°С) оның 1 дм3 көлемінің массасы алынды. Кейінгі дәлірек өлшеулер нәтижесі бойынша 4°С таза судың 1 дм3 көлеміндегі массасы, масса прототипінен 0,028г – ға кем болып шықты.

  1.  СИ жүйесінің негізгі бірліктерінің анықтамасын беріңдер.

1.Метр(м)-ұзындық

2.Килограмм (кг) – масса

3.Секунд (с) – уақыт

4.Ампер (А) – ток күші

5.Кельвин (К) – темп-ра

6.Моль (моль) – зат мөлшері

7.Кандела (кд) – жарық интенсивтілігі.

 Нег.бірліктерге тағы 2 қосымша бірлік бар:

1.Радиан (рад) – бұрыш

2.Стерадиан (ср) – қарсы бұрыш.

1м- 1/299792453 с арақ. жарық өтетін

Сs133    цезидің 2 деңгейінің арасында

9192661770 рет өтуі – 1с

Ɩ-м- вакуммдағы жарық жылдамдығына байланысты

t-с- меридиан арасына кеткен уақыт

I-А- 1м арақашықтықта 2*10-7 H күш шыққанша керек

Q-моль- 12С авогадро саны бар мас.

Т-К- судың үштік нүктесі арқылы 1/273,16=1К

Кд- белгілі бір уақытта жарық жиілігі берілген 540*1012 Гц қуаты бар күш 1/683 В/ст

  1960 ж. кейін нег.өлшем бірліктерін анықтау өнімділік талаптарына ж/е заманауи ғылыми-зерттеулердің дәлдігіне жақсы сәйкес келу үшін өзгертілді. Бірінші кезде метр Солтүстік полюс пен экватор аралығында мередиан бойынша 1/10 000 000-дай қашықтықтың бөлігі ретінде анықталды. Бірақ, 1970 ж. метрді анықтаудың жаңа түрі қабылданды, яғни метр электрон криптон атомына өткенде алынған екі деңгейдің арасындағы нақты толқын сандарының жиынтықтық ұзындығы ретінде анықталатын болды. 1983 ж.бастап метр – 1/299792458 секундта вакуумда өтетін жарықтың арақашықтығы ретінде анықталады. Ұзындықтың бірлігі – метр эталон таяқшаның екі сызықшасының арасы (0°С-та) болып табылады.

Нег.физ-қ шамалардың негізінде туынды физ-қ шамалар алынады, олар 50-ден асады. Мысалы, 1 Н күш 1 кг массадағы  денені 1 м/с2 жылдамдықпен айдауға қажетті күшке тең, яғни, масса бірлігі киллограммды,ұзындық бірлігі метрді, квадраттағы уақыт бірлігі секундқа бөлгенде пайда болатын жылд-қа көбейгенге тең: [ Н = кг · м/с2 ].

Массаның бірлігі килограмның эталоны. Ағаш метрлік жүйені енгізгенде килограмның эталоны ретінде таза судың тығыздығы ең жоғары мәніне сәйкес келетін температурадағы (4°С) оның 1 дм3 көлемінің массасы алынды. Кейінгі дәлірек өлшеулер нәтижесі бойынша 4°С таза судың 1 дм3 көлеміндегі массасы, масса прототипінен 0,028г – ға кем болып шықты.

Уақыт бірлігі – секунд. 1960 жылға дейін 1 сек орташа күн тәулігінің 1/86400 бөлігі ретінде анықтап келді. 1967 жылы мералар мен таразылардың ХІІІ Бас конференциясы уақыттың бірлігі секундтың жаңа анықтамасын қабылдады. Бұл анықтама бойынша 1 сек деп сырттан әсер етуші өрістер жоқ кезде Цезий-133 атомның негізгі күйінің жіңішке құрылымының екі деңгейінің арасындағы энергетикалық өсудің резонанстың жиілігіне сәйкес 9192631770 тербеліс жасалатын уақыт интервалын түсіндіреді.

Электр тогының күшінің бірлігі – ампер. Ең алғашқы ампердің эталоны 1893 жылы Чикагода өткен электриктердің Халықаралық конгресінде қабылданды. Халықаралық ампер – азот қышқылды күмістің судағы ерітіндісі арқылы ток жүргенде 1 сек ішінді 0,0011180 г күміс бөлініп шығаратын өзгермейтін ток.

Температура бірлігі – Кельвин. Ең алғашқы термометрді 1598 жылы Галилей жасады. 1 келтвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 273,16 бөлігіне тең болды.

Жарық күшінің бірлігі – кандела. ХІХ ғасырда жарық күшінің бірлігі және оның эталоны ретінде свеча қолданылды.

  1.  Өлшем қателері деген не?

Ф.ш. шын мәні – өлшенетін қасиетін сандық жағынан ж/е сапа жағынан берілген объектіні дәл, яғни идеал түрде көрсететін қасиетін айтады. Ф.ш. шын мәні белгісіз болып қалады. Өйткені, өлшем нәтижесінде әр уақытта қателер болады.

Өлшем қатесі – ф.ш. өлшенген мәні мен оның шын мәнінің арасындағы айырымын айтады:

∆ = х – Q

Ф.ш. шын мәні белгісіз болғандықтан оның орнына нақты мәнін қолданамыз.

Ф.ш. нақты мәні – шын мәніне өте жуық болатын, тәжірибе жолымен анықталатын және оның орнына қолданылатын шаманы айтады.

Пайда болуына қарай өлшем қателері 3-ке бөлінеді:

  1.  Жүйелі қате
  2.  Кездейсоқ қате
  3.  Өрескел қате
  4.  Ж.қ. – бірнеше рет бірдей жағдайда қайталап өлшеген кезде тұрақты болып қалатын н/е белгілі заңдылықпен өзгеретін  қатенің бөлігін айтады. Ж.қ. жалпы алдын ала жорамалданып, оның мәнін анықтап, тауып, ескеруге н/е жоюға болады.
  5.  К.қ. – ф.ш. бірнеше рет өлшегенде бірдей жағдайда сақтап, қайталап өлшегенде саны да, мәні де,таңбасы да кездейсоқ өзгеретін қатенің бөлігі айтады. К.қ –нің өзгеруінде ешқандай заңдылық сақталмайды. К.қ-ні жоюға болмайды. Демек, барлық өлшеулерде к.қ. болады. Бірақ, к.қ. жоймасақта, оны кемітуге болады. Ол үшін өлшеу санын өсіру керек.

∆ = δ + θ

∆-жалпы қате,  δ-кездейсоқ қате, θ-жүйелі қате

  1.  Ө.қ. –өлшем қатарындағы басқа мәндерінен көп артық не көп кем болатын ерекше өлшемнің қатесін айтады.

Жүйесі қатесі ескеріліп жойылған өлшем нәтижелерін – түзетілген өлшем нәтижелері дейді.

Көрсету жағынан қателерді 3 түрге бөлуге болады.

  1.  Абсолюттік
  2.  Салыстырмалы
  3.  Келтірілген

А.қ. – өлшенген шама мен шын мәні арасындағы айырымды айтады. Өлшем бірлігі өлшенетін шаманың мәнімен бір:           ∆ = х – Q

А.қ. –нің өлшем бірлігі – өлшенетін шаманың өлшем бірлігімен бірдей болады. Ол өлшем дәлдігін дәл көрсетпейді. А.қ-лікті пайдаланып өлшенетін шаманың дәлдігін бағалай алмаймыз.

С.қ. – а.қ-нің шын мәніне қатынасын айтады: δ =

Дәлдік мәнге жақын болады. Өлшемсіз болады. Кейде пайызбен көрсетіледі.:

δ = *100%

К.қ. – өлшем құралдарының қатесін анықтауда қолданылады:   

QN – өлшем құралдардың барлық диапозонындағы өзгермейтін тұрақты мәнді алады.

*100%

  1.  Абсолюттік, салыстырма, келтірілген қателердің қандай айырмашылықтары бар?

Өлшем қатесі – ф.ш. өлшенген мәні мен оның шын мәнінің арасындағы айырымын айтады:

∆ = х – Q

Ф.ш. шын мәні белгісіз болғандықтан оның орнына нақты мәнін қолданамыз.

Ф.ш. нақты мәні – шын мәніне өте жуық болатын, тәжірибе жолымен анықталатын және оның орнына қолданылатын шаманы айтады.

Көрсету жағынан қателерді 3 түрге бөлуге болады.

  •  Абсолюттік
  •  Салыстырмалы
  •  Келтірілген

А.қ. – өлшенген шама мен шын мәні арасындағы айырымды айтады. Өлшем бірлігі өлшенетін шаманың мәнімен бір:           ∆ = х – Q

А.қ. –нің өлшем бірлігі – өлшенетін шаманың өлшем бірлігімен бірдей болады. Ол өлшем дәлдігін дәл көрсетпейді. А.қ-лікті пайдаланып өлшенетін шаманың дәлдігін бағалай алмаймыз.

С.қ. – а.қ-нің шын мәніне қатынасын айтады: δ =

Дәлдік мәнге жақын болады. Өлшемсіз болады. Кейде пайызбен көрсетіледі.: δ = *100%

К.қ. – өлшем құралдарының қатесін анықтауда қолданылады:   

QN – өлшем құралдардың барлық диапозонындағы өзгермейтін тұрақты мәнді алады. *100%

  1.  Жүйелі, кездейсоқ және өрескел қателердің қасиеттерін тұжырымдаңдар?

Өлшем қатесі – ф.ш. өлшенген мәні мен оның шын мәнінің арасындағы айырымын айтады:

∆ = х – Q

Ф.ш. шын мәні белгісіз болғандықтан оның орнына нақты мәнін қолданамыз.

Ф.ш. нақты мәні – шын мәніне өте жуық болатын, тәжірибе жолымен анықталатын және оның орнына қолданылатын шаманы айтады.

Пайда болуына қарай өлшем қателері 3-ке бөлінеді:

  •  Жүйелі қате
  •  Кездейсоқ қате
  •  Өрескел қате

Ж.қ. – бірнеше рет бірдей жағдайда қайталап өлшеген кезде тұрақты болып қалатын н/е белгілі заңдылықпен өзгеретін  қатенің бөлігін айтады. Ж.қ. жалпы алдын ала жорамалданып, оның мәнін анықтап, тауып, ескеруге н/е жоюға болады.

К.қ. – ф.ш. бірнеше рет өлшегенде бірдей жағдайда сақтап, қайталап өлшегенде саны да, мәні де,таңбасы да кездейсоқ өзгеретін қатенің бөлігі айтады. К.қ –нің өзгеруінде ешқандай заңдылық сақталмайды. К.қ-ні жоюға болмайды. Демек, барлық өлшеулерде к.қ. болады. Бірақ, к.қ. жоймасақта, оны кемітуге болады. Ол үшін өлшеу санын өсіру керек.

∆ = δ + θ

∆-жалпы қате,  δ-кездейсоқ қате, θ-жүйелі қате

Ө.қ. –өлшем қатарындағы басқа мәндерінен көп артық не көп кем болатын ерекше өлшемнің қатесін айтады.

Жүйесі қатесі ескеріліп жойылған өлшем нәтижелерін – түзетілген өлшем нәтижелері дейді.

  1.  Тікелей өлшемдердің өңдеуін жүйелеп түсіндіріңдер.

Өлшемдер: тікелей ж/е жанама болып 2-ге бөлінеді.

ТӨ-де анықталатын шаманы тікелей өлшем құралдардың көмегімен өлшейді.

Тікелей өлшем – тәжірибе жолымен белгілі бір өлшем құралымен тікелей өлшем аламыз (термометр, амперметр).

ЖӨ-де ТӨ шама-ң арасындағы байл-ты пайдаланып, анық-н шаманы есептейді.

ρ=m/V

Тікелей өлшемдерді өлшегенде өңдеу әдістері:

  1.  Жүйелі.қ. анықтап, жояды.Дұрысталған қателер болады.
  2.  Түзетілген нәтижені пайдаланып, орташа ариф-қ мәнін есетейміз:          х-=1/n∑ хі
  3.  Дисперсия мен орташа квадраттық ауытқуды есептейміз:

Дисперсия:

Sх2 =∑(хі - )2

Орташа квад-қ ауытқу:

Sх=

  1.  Өрескел қате бар ма, жоқ па соны анықтаймыз. Егер өрескел қате бар болса, өлшем қатарынан алып тастаймыз да, қайтадан басыан есептейміз.
  2.  Қалыпты Гаусс таралуына бағынама екенін тексереміз.

n

n

d =

Гаусс таралуына бағынады

  1.  P=0,95   н/е    P=0,99 сенімді ықтималдықтың екеуінің бірін таңдап алады. Кездейсоқ шаманың жататын аралығын есептейміз.

7) Ескерілмейтін жүйелі қате аралығын анықтау

8) Өлшем нәтижесін көрсету

Q=  δ ;            P=0,95;        

  1.  Өлшеу құралдардың түрлері.

Өлшем құралдары – өлшеу жұмыстары үшін қолданылатын нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдарды айтады.

Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамалары барлық барлық өлшем құралдарына тән қасиеттер. Ол өлшем құралдардың өлшем нәтижесіне, дәлдігіне әсер ететін өлшем құралдардың қасиеттері.

Өлшем құралдары түрлері:

  1.  Мерлер (меры)
  2.  Өлшеуіш приборлар
  3.  Өлшеуіш түрленгіштер
  4.  Өлшеуіш қондырғылар
  5.  Өлшеуіш жүйелер

Мерлер – физикалық шамасы белгілі размерін сақтайтын және қайталайтын өлшем құралдары. Олар:

  1.  Бір мәнді (гир)
  2.  Көп мәнді (сызғыш)

Өлшеуіш түрленгіштер – ол өлшем информациясын сигналды, одан әрі беруге, түрлендіруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы түрде арналған өлшем құралы. (трансформатор)

Өлшеуіш приборлар – физикалық шамасы туралы информацияны байқауға ыңғайлы түрге келтіретін өлшеу құралдары. (вольтметр, амперметр)

Өлшеуіш қондырғылар – ол өлшеуіш құралдардың және көмекші құралдардың бір функция атқаратын құралдардың жиындығы. Өлшеуіш қондырғылары бір жерде орналасады.

Өлшеуіш жүйелер – олда құралдардың жиындығы, бірақ олар әр жерде орналасқан.

  1.  Физикалық шаманың бірлік этолоны деген не және олардың қандай түрлері бар?

Эталондар – өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Физикалық шама бірлігінің эталоны деп дұрыс қайталандылығына және оларды сақтауға арналған өлшем құралдарын немесе айтады. Шама бірлігінің эталондарының көмегімен дәлдігі төмен өлшем құралдары бірліктердің размері беріледі.

Заңда. Шама бірлігінің эталоны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін ) жаңғыртуға және сақтауға арналаған өлшем құралы.

Заңда. Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны уәкіллеті органның шешімімен ҚР аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны.

Функциясы:

  •  Өлшем бірлігін сақтау;
  •  Қайталау;
  •  Өлшем дәлдігі төмен өлшем құралдарына өлшем бірліктерін беру.

Эталондар 2-ге бөлінеді:

  1.  Біріншілік эталондар
  2.  Екіншілік эталондар

Мемлекеттік дәлдігі ең жоғарғы эталондар біріншілік эталондар болып табылады. біріншілік эталондармен қатар арнайы эталондар жүреді. Олар арнайы жоғары жағдайда қолданылады. Мысалы: өте жоғары температурада, жиілікте, қысымда қолданылады.

Біріншілік және арнайы зталондар мемлекеттік эталондар деп бірігеді. Мемлекеттік эталондарды ұлттық эталондар деп те атайды. Олармен қатар халықаралық эталондар бар. Халықаралық эталондармен ұлттық эталондарды салыстыру үшін қолданылады.

Екіншілік эталон өлшемдерін біріншілік эталоннан алады.

Өлшем бірлігі басқа өлшем құралдарына беру үшін негізі еіншілік эталондар қолданылады.

Екіншілік эталондар 4-ке бөлінеді:

  1.  Эталон көшірме
  2.  Эталон куә
  3.  Салыстырмалы эталон
  4.  Жұмысшы эталон

Эталон көшірме – бірлікті сақтау және размерин жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. Ол ылғида мемлекттік эталонның тура көшірмесі бола берейді. Функциясын сақтау керек.

Эталон куә – мемлекеттік эталонның сақталуын тексеру үшін немесе мемлекеттік эталон бұзылған және жойылған жағдайда оның орнына қолданылады. (килограмның эталоны)

Салыстырмалы эталон – бір – бірімен тікелей салыстыра алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады. (нормальды элемент – электр қозғаушы күші үшін қолданылады; халықаралық эталонмен салыстырады.)

Жұмысшы эталон – бірлікті сақтау үшін олардың размерін өрлеу құралдарға, ал қажет болған жағдайда өте дәл өлшем аспаптарына беру үшін қолданылады.

Өлшем құралдарын салыстырып, тексеру схемасы (поверочная схема)

Мемлеккеттік эталоннан жұмысшы өлшем құралдарына шама бірлігін берудің құралдарын, әдістерін және дәлдігін қамтамасыз ететін заңды түрде қабылданған құжат.

                   Ұлттық эталондар

                         Екіншілік эталондар (эталон көшірме)    

                               Жұмысшы эталон

                                       Үлгілі өлшем құралдары

                                         Жұмысшы өлшем құралдары

  1.  Метрологияның қандай халықаралық ұйымдары бар?

1875 жылы метрология халықаралық деңгейге шықты. Парижде метрикалық конференцияға қол қойды. Оған 17 мемлекет қатысты. Ұйым «Халықаралық таразылар мен шамалардың бюросы» деа аталады. Севр қаласында осы халықаралық ұйым орналасқан. Мақсаты: өлшем бірегейлігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету және өлшем дәлдігін жоғарлату.

Метрология саласындағы ғылыми жұмыстар ұйымдастырылады. Эталондардың дәлдігін жоғарлатып, жаңарлатып отырады, халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастырады.

Заңдық метрологияның халықаралық ұйымы 1955 жылы ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – заңдық метрологияның жалпы сұрақтарын шешу, оның ішінде:

  1.  Өлшем құралдарының дәлдік кластарын орнату;
  2.  Өлшем құралдарының түрлерін біркелкі топтарға бөлуін қамтамасыз ету;
  3.  Өлшем құралдардың проверкадан, сынақтан өткізгенде тексеретін метрологиялық анықтамалардың біркелкі жүйеге келтіру үшін ережелерді орнату және т.б.

  1.  Стандарттаудың негізгі түсініктері мен терминдері.

Стандарттау – ғылым, техника және экономика саласында көбірек қайталанылатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет.

Заңда. Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандартау объектiлер: Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер болып табылады.

Өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.

Жалпы алғанда стандарттау стандартты жасау, жариялау және олардың қолдану процестерінде орындалады.

Нормативті құжат түрлі қызметтерге және оның нәтижелеріне қатынасты жалпы ережелерін және принциптерін қабылдайтын құжат.

Стандарт – мүдделі жақтардың бір-бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған ғылым мен техниканың және практикалық тәжирибелердің нәтижелеріне негізделген қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған нормативті техникалық құжат.

Заңда. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Стандарт өнім мен қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативті техникалық құжат. Осы құжаттарды жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да объектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер.

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Техникалық регламент - өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Техникалық регламент өнімнің белгілі бір түріне қойылатын талаптар туралы нормативтік техникалық құжат. Демек, техникалық талаптар өнімнің техникалық құжаттар жинағының бөлігі.

  1.  Параметрлік стандарттауда R және Е таңдаулы сандар қатарлары қай принципімен құрылады.

Параметрлік стандарттау – параметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.

Өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Негізгі параметрлерге жататын өнім не үшін пайдаланатын және пайдалану жағдайының параметрлер. Негізгі параметрлер размерлік, салмақтық, энергетикалық және өндірісті сипаттайтын болып табылады.

Өндірісте өнімнің жасалуына байланысты белгілі бір типі бірқатар параметрлерде сипатталады. Сол параметрлердің жиындығы параметрлік қатар деп атайды. Мысалы: киімнің размерлік қатары.

Стандарттың таңдамалы қатары негізі пайдаланылатын қатар R деп белгілейді. R5; R10; R20; R40.

1) R5  -       1.00;  1.6;   2.50;    4.0;   6.3;   10

2) R10 –      1.00;  1.25;  1.60;  2.0;  2.5; .....

3) R20 –        1.00;  1.12;  1.25;  1.40; …….

4) R40 –                 

Өндіріс үшін ең ыңғайлысы R5. Машина жасауда  да R5 қолданылады. Негізгі размерлерді R5 алады, ал бөлшектердің размерін R10 мен алады.

Электро техникада Е3; Е6; Е12 қатарды пайдаланады.

Е3 –

Е6 –

Е12 –  

  1.  Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен принциптерін атап өтіңдер.

Стандарттаудың негізгі мақсаты өнімнің немесе қызмет көрсетудің функционалдық міндеттерін, жарамдылығын жақсарту болып табылады.

Стандарттаудың жалпы мақсаты – өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапа жағынан, қауіпсіздік жағынан мемлекеттің және тұтынушылардың мүддесін қорғау болып табылады.

Заңда. Стандартаудың негізгі мақсаттары:

  1.  өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2.  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  3.  өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
  4.  саудадағы техникалық кедергілерді жою;
  5.  отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;
  6.  табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

Стандарттаудың принциптері:

  1.  мүдделі жақтардың тілектерін, пайдасының баланссын ескеру;
  2.  стандарттаудың жүйелігі мен комплекстілігі. Әр объектіні күрделі жүйенің бір бөлігі ретінді қарастыру, ал комплекстілігі күрделі жүйенің барлық элементтері бір-бірімен сай болып келуі.
  3.  Стандартаудың динамикалығы және озып дамуы. Стандарттаудың динамикалығы бүгінгі таңның деңгейінен стандарт озып отыру керек. Ол динамиканы қамтамасыз ету стандарттауды мерзімімен тексеріп, оларды жаңартып отырады. Ал басып озуды қамтамасыз ету стандарттың техникада қалай өзгеретінін қадағалау. Басып озу үшін белгілі бір мерзім қояды.
  4.  Стандарттаудың тиімділігі
  5.  Экономикалық – ресурстарды аз пайдалану, сақтау немесе жаңалықты жасау нәтижесінде қызмет ету мерзімін ұзарту.
  6.  Әлеуметтік – адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауыпсіздік сақтауға әрекеттер жасайды.
  7.  Өнімдердің қауіпсіздігін, сыйушылығын, тіркесушілігін қамтамасыз ету үшін стандарттауға жол беру керек. Стандарттауға қойылатын талаптар мен сақтау жолымен және Республикамыздың заңдылық нормаларына сәйкес болуы керек. Ол сертификаттау жұмысын жасауға ыңғайлы болуы керек және оларды тексеру жолдарын көрсету керек.
  8.  Үйлесушілік – біздің мемлекетте қабылданған стандарт Халықаралық стандартқа сай болу керек
  9.  Стандарттың анықтамалары нақты және түсінікті болу керек. Егер стандарттауда қойылған талаптар екі талай түсінуге болатын болса, ол стандарттаудың үлкен кемістігі болып келеді.

  1.  Метрология мен стандарттаудың негізгі халықаралық ұйымдары.

1875 жылы метрология халықаралық деңгейге шықты. Парижде метрикалық конференцияға қол қойды. Оған 17 мемлекет қатысты. Ұйым «Халықаралық таразылар мен шамалардың бюросы» деа аталады. Севр қаласында осы халықаралық ұйым орналасқан. Мақсаты: өлшем бірегейлігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету және өлшем дәлдігін жоғарлату.

Метрология саласындағы ғылыми жұмыстар ұйымдастырылады. Эталондардың дәлдігін жоғарлатып, жаңарлатып отырады, халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастырады.

Заңдық метрологияның халықаралық ұйымы 1955 жылы ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – заңдық метрологияның жалпы сұрақтарын шешу, оның ішінде:

  1.  Өлшем құралдарының дәлдік кластарын орнату;
  2.  Өлшем құралдарының түрлерін біркелкі топтарға бөлуін қамтамасыз ету;
  3.  Өлшем құралдардың проверкадан, сынақтан өткізгенде тексеретін метрологиялық анықтамалардың біркелкі жүйеге келтіру үшін ережелерді орнату және т.б.

Стандарттаудың негізгі ұйымы ISO (ИСО) 1946 жылы ұйымдастырылған. 25 елдің стандарттау ұйымдары бірігіп осы ұйымда орналасқан. ИСО-ға кіретін елдердің саны 150-ден асты. Халықаралық стандарттау саласында ИСО-дан басқа электротехника, радиоэлектроника және байланыс саласы бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу ұйымы бар. Халықаралық электротехникалық және электрониканың негізгі ұйымы IEC (МЭК) 1906 жылы ұйымдастырылған. МЭК мүшесінің саны 52 жуық, ол ИСО-ға қарағанда аз, себебі, электротехникасы, радиоэлектроникасы, байланысы нашар дамыған елдер ұйымға кіруге мүмкіндігі жоқ.

Стандарттау ұйымдарының мақсаттары – стандарттау мен сертификаттаудың негізі дамуы. Ол халықаралық сауданы дамыту үшін және ғылыми – техникалық саласында бірлесіп қызмет жасау.

ИСО-ның стандарттаның дүниежүзілік барлық елдер пайдаланады. Бүл халықаралық ұйым 1000-ға жуық стандарт жасайды.

90-жылдары халықаралық стандарт машина жасауда 30%, 12,5% - химияға, 3,5% - медицинаға, 3% - денсаулық, экология және қоршан ортаға тиесілі болатын. 20005 жылы денсаулық, экология және қоршан ортаға 11%-ке , информационналды технологияға 12% өсті.

  1.  Сертификаттаудың негізігі түсініктері мен терминдері.

Сертификат латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» деген мағынаны білдіреді. Сертификаттау – осы өнімнің, көрсеткен қызметтің оған әртүрлі құжатқа қойылған талаптарға сәйкес екенін растау.

Сертификаттау – өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттар және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды айтады.

Сертификаттау – өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативті техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілі.

Заңда. Сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім.

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сертификаттау объектілері:

  1.  Өнім;  
  2.  Көрсетілген қызмет;
  3.  Жұмыстар;

4. Сапа жүйелері;

5. Персонал;         

6. Жұмыс орындары  және т.б

Сетификаттау жүйесі – осы жүйеде қойылған ережелер бойынша сертификаттауды жасайтын, сертификаттауға қатысушылардың жиындығы.

Сертификаттау жүйелері регионалдық, ұлттық және халықаралық деңгейде жасайды. Сертификаттау жүйесін құрастыратын мемлекеттік уәкілетті орган.

Сәйкестік сертификат – ол өнімнің қойған талаптарына сәйкес екендігін растайтын сертификаттау жүйесін ережелері бойынша берілген құжат.

Сәйкестік декларациясы – өнімнің жасалған (сатылатын) өніміне қойылатын талаптарға сәйкес екенін растайтын құжат.

Сәйкестік декларациясының сертификатпен қатар жүретін құжат. Бұл құжат қолданылатын өнімдер тізбегін мемлекет бекітеді. Өндірушінің мәлімдемесі деп те атауға болады.

Сәйкестік белгісі – ол белгілі бір ережелер бойынша тіркелген белгі. Бұл белгі сертификаттау жүйелерінің ережелері бойынша белгіленген өнімнің қойылған талаптарға сәйкес екендігін растайтын белгі.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.

  1.  Сертификаттаудың мақсаттары қандай?

Сертификаттау мақсаттары

  1.  Тұтынушыларға сапалы өнім таңдауда көмектесу;
  2.  Тұтынушыларды ықылассыз өндірушілерден қорғау;
  3.  Өнімнің қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіздігін бақылау;
  4.  Өнімнің өндіруші мәлімдеген сапа көрсеткіштерін растау;
  5.  Кәсіпкерлердің және ұйымдардың еліміздегі жалпы рынокта бірдей жағдай жасау және халықаралық саудада жағдай жасау қажет.

Сертификаттау принциптері

  1.  Сертификаттаудың заңдық негізі («Техникалық реттеу туралы» заң және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заң).
  2.  Сертификаттау жүйелерінің ашықтығы. Меншікті формасына тәуелсіз, сертификаттау жүйелерінің ережелерін мақұлдайтын кез келген кәсіпорын және жеке адамдар қатысуға болады.
  3.  Сертификаттау ережелерінің халықаралық ережелерге сәйкес болуы керек. (гормонизация принципі).
  4.  Информацияның ашықтығы және жабықтығы. Сертификаттау туралы информация барлық қатысушылар үшін ашық болу керек. Сертификатты жасауда қатысушылардың комерциялық құпиясын сақтау керек.

  1.  Сертификаттаудың жұмыстарын жасауда сынақ лабораториясына қандай талаптар қойылады?

Белгілі сертификаттан өтетін өнімдерді сынақтан өткізеді және сынақтан өту протоколдарын дайындайды. Сынақ лабораториялары өнімнің көрсетілген құжаттағы талаптарға сәйкестігіне жауап береді. Сынақталған нәтижелердің объективті және дәлме дәл болуына жауап береді. Кей жағдайда сартификаттау органның өзі де аккредитациядан өтеді. Сынақ лабораториялары да өтеді. Оны сертификаттау орталығы жүргізеді. Негізгі сертификаттау жұмыстарын жүргізетін адам – эксперт. Эксперт болу үшін сертификаттау саласында бір немесе бірнеше жұмыс жасауға құқығы бар деген аттестациядан өтеді. Сертификат беру туралы шешім қабылданғанда эксперттің білімділігіне, тәжірибесіне және оның объективті болуына байланысты.

  1.  Физикалық шаманың размері мен размерлігі деген түсініктердің айырмашылығы қандай?

Физикалық шаманың размері және размерлігі – білгілі бір объектідегі физикалық шаманың сандық мөлшерін көрсету қажет болса, онда размер дейтін термин қолданылады, ал физикалық шаманың мәні деп шаманың бірлік бойынша есептелінген сандық мәнін айтады.

Сандық мәні ол дерексіз сан, ал размері деректі объективті мөлшері.

Метрологияның негізгі постулаты деп:

Q = q [Q]              ФШ өлшем бірлігі

ФШ                сандық мәні

размері

Мысалы:  m = 15 кг

Өлшем бірлігі (шама бірлігі) – 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген, белгіленген мөлшердің физикалық шамасы.

Өлшеу – физикалық шаманың мәні оның өлшем бірлігімен салыстыру әрекеті.

ФШ сапа жағынан сипаттау үшін размерлік деген терминді пайдаланады.

 dimensinon

  dimƖ = L      dim m = M      dim t = T

мультипликативті

Q = A*B                   dimQ = dimA*dimB

Q = A/B                    dimQ = dimA/dimB

υ= Ɩ/t                         dimυ = dimƖ/dimt = L/T = L*T-1

Q = An                      dimQ = dimnA

Q = Lα *Mβ *T γ *…

F = ma          a = υ/t

dimF = dim m* dima

dima = dimυ/dimt = L*T-1 * T-1 = L*T-2

dimF = M*L*T-2

                                         F = f(r*υ1m)

                                         dimF = mα *υ β *r γ 

                                         dimF = MLT-2

                             dim m = M    dim r = L    dim υ = LT-2

MLT-2 = Mα (L*T-2)β *Lγ = Mα *T-β *L β+γ

L = 1,     -β = -2,       β = 2

γ + β = 1 => γ = 1-β = -1

F = m α υ β r γ

F = m1υ2r-1 =2/r

  1.  Өлшем жасау арқылы неге физикалық шаманың шын мәнін анықтауға болмайды?

Ф.ш. шын мәні – өлшенетін қасиетін сандық жағынан ж/е сапа жағынан берілген объектіні дәл, яғни идеал түрде көрсететін қасиетін айтады. Ф.ш. шын мәні белгісіз болып қалады. Өйткені, өлшем нәтижесінде әр уақытта қателер болады.

Өлшем қатесі – ф.ш. өлшенген мәні мен оның шын мәнінің арасындағы айырымын айтады:

∆ = х – Q

Ф.ш. шын мәні белгісіз болғандықтан оның орнына нақты мәнін қолданамыз.

Ф.ш. нақты мәні – шын мәніне өте жуық болатын, тәжірибе жолымен анықталатын және оның орнына қолданылатын шаманы айтады.

Пайда болуына қарай өлшем қателері 3-ке бөлінеді:

  1.  Жүйелі қате
  2.  Кездейсоқ қате
  3.  Өрескел қате
  4.  Ж.қ. – бірнеше рет бірдей жағдайда қайталап өлшеген кезде тұрақты болып қалатын н/е белгілі заңдылықпен өзгеретін  қатенің бөлігін айтады. Ж.қ. жалпы алдын ала жорамалданып, оның мәнін анықтап, тауып, ескеруге н/е жоюға болады.
  5.  К.қ. – ф.ш. бірнеше рет өлшегенде бірдей жағдайда сақтап, қайталап өлшегенде саны да, мәні де,таңбасы да кездейсоқ өзгеретін қатенің бөлігі айтады. К.қ –нің өзгеруінде ешқандай заңдылық сақталмайды. К.қ-ні жоюға болмайды. Демек, барлық өлшеулерде к.қ. болады. Бірақ, к.қ. жоймасақта, оны кемітуге болады. Ол үшін өлшеу санын өсіру керек.

∆ = δ + θ

∆-жалпы қате,  δ-кездейсоқ қате, θ-жүйелі қате

  1.  Ө.қ. –өлшем қатарындағы басқа мәндерінен көп артық не көп кем болатын ерекше өлшемнің қатесін айтады.

Жүйесі қатесі ескеріліп жойылған өлшем нәтижелерін – түзетілген өлшемнәтижелері дейді.

Көрсету жағынан қателерді 3 түрге бөлуге болады.

  1.  Абсолюттік
  2.  Салыстырмалы
  3.  Келтірілген
  4.  А.қ. – өлшенген шама мен шын мәні арасындағы айырымды айтады. Өлшем бірлігі өлшенетін шаманың мәнімен бір:           ∆ = х – Q

А.қ. –нің өлшем бірлігі – өлшенетін шаманың өлшем бірлігімен бірдей болады. Ол өлшем дәлдігін дәл көрсетпейді. А.қ-лікті пайдаланып өлшенетін шаманың дәлдігін бағалай алмаймыз.

  1.  С.қ. – а.қ-нің шын мәніне қатынасын айтады: δ =

Дәлдік мәнге жақын болады. Өлшемсіз болады. Кейде пайызбен көрсетіледі.:

δ = *100%

  1.  К.қ. – өлшем құралдарының қатесін анықтауда қолданылады:   

QN – өлшем құралдардың барлық диапозонындағы өзгермейтін тұрақты мәнді алады.

*100%

  1.  Интегралдық және дифференциалдық таралу функцияларды сипаттаңдар.

Метрологияның негізгі паспулаты бойынша өлшем нәтижелері және өлшем қателері кездейсоқ шама болады. Кездейсоқ шама болғандықтан оларды өңдеу үшін ықтималдық теорияның заңдылықтары пайдаланылады.

Ықтималдылық теориясы бойынша кездейсоқ шамаларды сипаттау үшін ең ыңғайлы әдісі таралу функцияларды пайдалану.

Таралу функциясы – өлшем нәтижесімен және оның пайда болу ықтималдылығының арасындағы байланысты көрсететін функцияны айтады.

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,02

0,1

0,3

0,25

0,15

  Х

Негізгі пайдаланылатын таралу функциясының 2 түрі бар:

  1.  Интегралдық
  2.   Дифференциалдық

 Интегралдық – әр өлшем үшін оның мәні белгілі бір мәннен кіші болу ықтималдығын көрсеткен фунцияны айтады.

Ғ(х) = Р {xi < x} өлшенетін шаманың белгілі бір х-тен кем болуын көрсететін ықтималдылық.

Ғ(х) = Р {∞ < xi < x}

 Қасиеттері:

  1.   Ғ(х) ≥ 0 оң таңбалы функция;
  2.   Кемімейтін функция, егер х2 > х1 => Ғ(х2) > Ғ(х1)
  3.   Фунция 0 ≤ Ғ(х) ≤ 1 жатады
  4.   Осы функция пайдаланылатын шама аралығын анықтауға болады.

Р {x1 < x ≤ х2}= Ғ(х2) - Ғ(х1) осы белгілі бір аралығында жатуы ықтималдылығы – шектерінің айырымына тең.

Ғ(х)

                1

  1.    

                                                        Х 

Кездейсоқ шамаларды сипаттау үшін интегралдық таралу функциясынан гөрі дифференциалдық таралу функциясы ыңғайлы болады.

 Дифференциалдық таралу функциясы

Р(х) =         дифференциялық таралу функциясы – интегралдық таралу функциясының аргумент бойынша дифференциалына тең.

Ғ(х) =

Ғ(х) = Р {- ∞ < xi ≤ x}

Қасиеттері:

  1.   Р(х) ≥ 0 оң таңбалы
  2.  Нормальдау шарты орындалады  = 1
  3.  Кездейсоқ шаманың белгілі бір аралықта жату ықтималдылығын анықтауға болады

Р {х1 < xi ≤ x2} =

 dx

                                                      

         х1     х2  х

Р(δ) =   кездейсоқ қате

Р { δ 1 < δ δ 2} =  

δ = X – Q      х – шын мәніне тең болса, кездейсоқ қате 0-ге тең.

                      Р(х)                  Математикалық күтім

                                          mx = M[x] =

                                           

 

  

0                    х

Кездейсоқ қате үшін

= M[δ] =

Математикалық күтімді өлшенетін шаманың шын мәнінің орнына алуға болады.

        θ = M[x] – Q

жүйелі қ.                  шын мәні

           мат.күтім

θ = 0 =>  M[x] = Q     

Егер жүйелі қате жойылған кезде мат.күтімді шын мәнінің орнына алуға болады.

  1.  Чебышев теңсіздіктері және 3δ ережесі кездейсоқ қатені бағалауда қалай қолданылады?

Дисперцияны пайдаланып біз кездейсоқ қатенің алдын ала алынған аз шаманың мәнінен кіші болу ықтималдылығын анықтауға болады.

P {δ < ε }       ε = 0,01

D[x] = x2 =

x2 ≥  +

x2 ≥  +

δ < ε             

 x2 ≥  +  =   + ]

x2 ≥ [1-P{-}]

x2 ≥ [1-P{ ǀ}]

P{ ǀ} > 1 -

                                         Чебышев теңсіздіктері

P{ ǀ} >  

Үш сигма ережесі     ε = 3

P{ ǀ} > 1 -  = 1-

P{ ǀ} =  ≈ 89 %

P{ ǀ} = 99,73 %  Гаусс таралуы үшін ең көп таралған, ең жиі таралған ықтималдылығы

негізгі сақталатыны  

Үшінші орталық момент – ассиметрия М3[x]

Sk =    ,      Sk = 0 – симметриялы функция

Sk =0             Sk<0

Sk >0

Төртінші орталық момент – Е – эксцесс

Е =  - 3 - бұл шама таралудың графигі үшкір немесе жалпақ болуын көрсетеді.

= 3

E>0

  E=0

                               E<0

  1.  Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің қалыпты таралуын Гаусс таралуы сипаттаңдар.

Қалыпты таралу н/е Гаусс таралуы

Шарт-ы: P(x)>0;  ;

 

;                   – белгілі тұрақты шама

Н  

Энтропи максимал болу үшін

;

Кездейсоқ үшін

;     

x=mx

Ықтималдық теорияның орталық теоремасы б/ша егер кездейсоқ шамалар кездейсоқ болатын көп фактордың нәтижесінде іске асатын болса және делгілі бір фактордың әсері барлық бас фактордың қосынды әсерінен көп кем болатын болса, онда Гаусс таралуы орын алады.

=

.

.

 нормалданған нормаль функция

Ф-Ф   нормаланған қалыпты таралу формуласы

Ф(t)   әр түрлі t мәндері үшін осы интеграл мәнге келтірілген.

Ф(t);

Ғ-Ғ

Ф-Ф

Ф(t)Ф(-t)

  1.  Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің біркелкі таралуын сипаттаңдар.

Кездейсоқ қате біздің біліміміздің фш шын мәні туралы анықталмағандықты не белгісіздікті көрсетеді.

Энтропия ф-ясы – Шеннон ұсынды.

Н =  

Таралу ф-сының түрін анықтау үшін белгілі бір шарттарға сәйкес энтропиясы максимал болатын ең жуық мәнді сипаттайды.

Біркелкі таралу

       a            b

P(x) >0       

   

          a        0         b

b-a = 2α

              0, егер х<a

  1/b-a = 1/, егер a<х<b   

               1,егер х>b

Кездейсоқ қате үшін

              0, егер   <

  1/b-a = 1/2α, егер <  

               0,егер  

Кездейсоқ қате үшін интегралды таралу ф-сы

F(x) =            

F() =  =  =   =               =   =   

 

F(=

  1.  Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің математикалық күтімі мен дисперсиясын сипатаңдар.

= =

=

D( =

  1.  Жүйелік қателерді анықтаудың және жоюдың қандай әдістері бар?

Ж.қ. – бірнеше рет бірдей жағдайда қайталап өлшеген кезде тұрақты болып қалатын н/е белгілі заңдылықпен өзгеретін  қатенің бөлігін айтады. Ж.қ. жалпы алдын ала жорамалданып, оның мәнін анықтап, тауып, ескеруге н/е жоюға болады.

Жүйелі қатенің пайда болуының бірнеше себебі бар. Соған байланысты қателер:

  1.  Әдістемелік қате
  2.  Құралдың қатесі
  3.  Сыртқы факторларды ескермеу себебінен пайда болатын
  4.  Өлшейтін оператордың қасиеттеріне байланысты
  5.  Өлшейтін объектінің өзіне байланысты

  1.  Барма жоқпа анықтау
  2.  Бар болса, оны жою

Амперметрмен өлшегенде оның жүйелі қатесін анықтау. Жақсы жағдайда

1.Пайда болу себебі белгілі

2. Мәні де белгілі

θi = q

- q = Xi

Қосып не алып жүйелі қатені жоямыз.

Жүйелі қатені алудың бірнеше жолы бар.

  1.  Компенсация

m = x2x1 = x2 +∆xx1 - ∆x

           тұнба массасы       ыдыс массасы

Жүйелі қатені жою әдісі – Рандомизация

Жүйелі қатені кездейсоқ қатеге айналдырады. Кездейсоқ қатені анықтай аламыз.

Мысалы: 1 термометрмен бірнеше рет өлшедік, содан кейін бірнеше термометр ауыстырып оларды бірнеше рет өлшедік, сонда әрқайсысының жалпы алғанда жүйелі қатесі кездейсоқ қатеге айналады.

  1.  Сұрыптауда пайдаланып өлшенетін шаманың шын мәнін және дисперсиясын қалай нүктелі бағалайды?

Нүктелі бағалау

Х1 2, х3...хn  сұраптау осы нәтижелерге сүйене отырып шын мәнін бағалауымыз керек.

Сұрыптау:

1.жалпы негізгі сұрыптау

2. тәжірибелік сұрыптау

Осы тарауға байланысты мүмкін болатын барлық мәндердің жиынтығы болады.

Осы мәндерге сүйене отырып алдымен нүктелі бағалау жасайды.

 ˄ бағалау белгісі.

Шын мәні -

Дисперсия –

Нүктелі бағалауда бағаланатын шаманы 1 ғана санмен бағалайды.

Нүктелі бағалауды әртүрлі таралу үшін әр түрлі фор-мен жасайды.

Бағалау бірнеше талаптарға сәйкес болу керек:

  1.   Өлшем саны n өскен сайын бағалау шын мәніне  жуықтау керек.
  2.  Егер жүйелі қате жойылған болса, онда өлшенетін шама мәні ретінде  математикалық күтімге тең деп аламыз.
  3.   Барлық бағалаудың арасында дисперциясы ең кем болатын бағалау басқа бағалаулардан жақсы болады.

Фишер принципі. Шын мәніне ең жуықтау принципі.Р(х,  Q, )

 1.Гаусс  таралуы.

 мәні бағалау мәні ретінде алынады.

Өлш-н  шама-ң шын мәніне бағалауы:

=   орташа арихметикалық мән

Дисперция

=1/n·∑(хі - )2

Өлшенетін шама бағалау: =1/n·∑хі  

Sх2 =1/n-1·∑(хі - )2

      Sх=√1/n-1·∑(хі - )2 – орташа квад-қ ауытқу

Sх-2 =(1/n) * (1/n-1) ·∑(хі –)2

         Лаплас таралуындағы өлшенетін шама

Ƴ=∑│ хі - │-мин мәнге жетсе, сол Q бағаланатын шама болады.

1=1/n∑ хі

Біркелкі таралу

=            =

  1.  Параметрлердің аралық бағалауының мәнісі неде?

Нүктелік бағалауды бірінші сатысы ретінде қарастыру керек. Бұдан ары дамытуды аралық бағалау деп атайды.

Аралық бағалауда бағаланатын шаманың белгілі шекаралары мен шектелген аралықта жату ықтималдығын анықтайды.

Осы ықтималдықты сенімді ықтималдық дейді, ал шекараларды сенімді шекаралар дейді.

 

;

 

 

 

;

;

;

P=0,95;  P=  

 

;    

Q- өлшенетін шама бағалауы

;

P=0,95;   

;

  1.  Аралық бағалаудың Стьюдент әдісін сипаттаңдар.

Өлшенетін шаманың шын мәнін бағалау үшін таралу Гаусс таралуына бағанады. Стьюдент әдісі aралық бағалауға жатады, егер Гаусс таралуына бағынып, дисперсиясы белгісіз болса.

-белгісіз, n - өлшем саны кемірек болғанда.

Бөлшек енгізді: ;

Ағылшын ғалымы Госсет енгізген:

S(t,k)=  ;     

k=n-1 – еркіндік дәрежесінің саны;

   

P{    

P{-<= 2;

P{}= P{}= 2;

K=n-1              n=10               P=0.95

 = =;                                          =;

Q=12.15; P=0.95;   ;

12.10-12.20; P=0.95;     Q==; P=0.95

  1.  Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеудің мысалын келтіріңдер.

Жанама өлшемдер – өлшеу нәтижелерін сол шаманы тікелей өлшейтін шамалармен байланысын пайдаланып өлшейді.

ρ = m/V

Qz = Qx + Qy

Жанама өлшем         тікелей өлшем шамалары

Орт.ариф.ш                               кездейсоқ қ.

=  +

Математикалық күтім

М[z] = M[] = M[ +M[] = Qx + Qy = Qz

Дисперция

D[ = D[] = D[ + ] = M[ + )2] = M[+2 + ] = M[ + M[] + 2M[ = + + 2M[ – кореляциялық момент

=  – кореляциялық коэффициент

D[==+ + 2

>0

0-ге жуық байланыс жоқ

х>0, y=0 => σ

=0   =  + ,  =

дисперция белгісіз болса, онда

= + + 2

  1.  Бірлескен өлшеу деп қандай өлшеуді айтады? Кіші квадраттар әдісі қалай қолданады?

Бірлескен өлшеу – бұл бір уақытта жүргізілетін бір немес бірнеше, біртектес емес шамалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын өлшеу.

Кіші квадраттар әдісі

Кіші квадраттар әдісі бірлескен өлшемде пайдаланылады. Бірлескен өлшемдерде екі 2немесе бірнеше шаманы бір кезде өлшейді.

Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға байланысты. Осы кезде 2шаманы қысымды, температураны бір кезде өлшейді.

P

P1

P2

P3

T

t1

t2

t3

Осындай өлшемдерді – бірлескен өлшеидер дейді.

Y= a+bx             Y,x-өлшенетін 2 шама

    y                           a,b- коэффициенттер

  a {                      x       

Жақсы сипаттайтын a,b-ны табу біздің мақсатымыз

b=tgα

- min

Тәж.жол        теор.

 min 

 = 0   а-ның мәні

= 0   ның мәні

a=

b=

  1.  Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамаларын нормалаудың мәнісі қандай? Оның қалыпты жағдайлары қандай?

Өлшеу құралдарының метрол-қ сипаттамалары - өлшеу құр-ның өлшем нәтижесіне, дәлдігіне әсер ететін қасиеттері. Негізгісі – өлшем  құр-ның дәлдігі н/е қателері.

Өлшем түрлендіргіштердің нег. метрол-қ сипаттамасы – түрлендіргіш функция.

Y=f(x),

Х-кіретін сигнал, у-шығатын сигнал.

Өлшеуіш құр-дың мәнінде өлшеу диапазоны бар.

Өлшем диапазоны- рұқсат етілген қателер нормаланған өлшенетін шаманың аралығы.

Ө.диап.көрсетілген диапазонмен бірдей диапазон бермейді. Көрсетілген диап-н одан кем аралық болуы мүмкін.

Өлшем шектері-өлшем диап-ның минимал ж/е максисал шектері.

Өлшенетін параметр бой-ша сезімталдығы- шығатын сигнал өзгерісін кіретін сигналға қатынасы.

S=Δy/Δx              |см/А|=|бөлік/A|

Мысалы, ΔІ = 0,5 А,  ΔI=0,1мА

Шкала бөліктерінің мәні - көрсеткіштің 1 мәнге өзгергендегі өлшенетін шамалардың өзгерісі. Екі көрші бөліктерінің арасында жылжыса өзгеретін мәнді көрсетеді.

Ажырату қабілеті-өлшеу құралдарымен ажыратуға болатын 2 минимал шаманың айырымы.

0,01 мА –ді ажырата аламыз, ал 0,001 мА-ді ажырата алмаймыз.

Негізгі метрологиялық сипаттамалары – ол өлшем құралдардың қатесі.

Өлшем құралдардың қатесі – көрсетілген мән мен нақты мән арасындағы мәнді айтады.

Абсолютті қате

Салыстырмалы қате         *100%

Келтірілген қате

Өлшем құралдарын нормалау – өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамаларының іш жүзіндегі мәндерінің олардың номиналды мәндерінен ауытқуының рұқсат етілген шектерінің орнатуды айтады.

Нормалауды негізгі қалыпты жағдайда жасайды. Қалыпты жағдайлар – өлшеу процесіне әсер ететін шамалар (температура, ылғалдылық, кернеу) олардың метрологиялық сипаттамаларға әсерін ескермеуге болатын облысты айтады. Қалыпты темперетура (20)°С. Ылғалдылықтық қалыпты жағдайы (20-65)%. Қалыпты кернеу (220)В.

Сыртқы факторлар әсер ететін қалыпты жақдайда болса, онда өлшем құралдардың қателері – негізгі қателер дейді.

Әсер ететін факторлар қалыпты жағдайда тыс болса, ондағы өлшем құралдардың қателері – қосымша қателер дейді.

  1.  Метрологиялық қамтамасыздандырудың мәнісі қандай және оның қандай негіздері бар?

Метрологиялық қамтамасыздандыру – өлшем бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми, ұйымдастыру және техникалық құралдарын, ережелерді оррнату мен пайдалануды айтады. Өлшем сынақтары мен бақылауды қолданылады.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың 4 негізі бар

Ғылыми негізі

Құқықтық нормативтік негізі

Техникалық негізі

Ұйымдастыру негізі

Метрология

Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

Мемлекеттік метрологиялық жүйелердің комплексі

Мемлекет және кәсіпорындар метрологиялық қызметтері

Құқықтық нормативтік негізі ол заң түрінде қабылданған өлшем бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз ету үшін қажетті нормативті құжаттардың жиындығы. Құжаттар:

  1.  физикалық шаманың өлшем бірліктері
  2.  мемлекеттік эталондар мен өлшем құралдарын салыстырып, тексеру
  3.  өлшем құралдарын салыстырып, тексерудің әдістері мен құралдары
  4.  өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалдаудың әдістері
  5.  өлшем құралдарының дәлдігінің нормалары
  6.  өлшемнің нәтижелерін және дәлдік көрсеткіштерін көрсету әдістері
  7.  өлшеу жасау әдістемелері
  8.  стандартты үлгілер мен заттардың қасиеттері
  9.  метрология саласындағы терминдер мен анықтамалар
  10.  өлшеу құралдарын сынақтан, аттестациядан өткізу, калибрлеу, салыстырып тексеру. Мемлекеттік сынақтан өткізетін санының бәрін ұйымдастыру мен жүргізу
  11.  техникалық, технологиялық және конструкциялық құжаттардың экспертизасы

Техникалық негізі мемлекеттік метрологиялық жүйелердің комплексі. Құралдар:

  1.  шама бірліктерінің эталондары
  2.  физикалық өлше бірліктеррінің эталонынан жұмысшы өлшем құралына беруі
  3.  өлшем құралдарының разработкасы, өндірісі, шығаруы және пайдалануы
  4.  өлшем құралдарының мемлекеттік сынақтан өткізу керек
  5.  өлшем құралдарын мемлекеттік салыстырып, тексеру және калибрлеу
  6.  заттар мен материалдардың стандарттау үлгілерінің құрамы мен қасиеттері
  7.  физикалық тұрақтылығы, қасиетті туралы стандартты анықтамалар мен мәліметтері

Ұйымдастыру негізі мемлекет және кәсіпорындар метрологиялық қызметтері. Оған мемлекеттік метрологиялық қызмет кіреді, оны басқаратын агенттік бар. Қызметтер:

  1.  мемлекеттік метрологиялық қызмет
  2.  уақыт және жиілік мемлекеттік қызметтерден заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері, физикалық тұрақты шамалар мен қасиеті туралы стандарттары анықтамаларыберілген, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін өзгеде мемлекеттік қызметкерден
  3.  мемлекеттік басқару органдарының жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінен
  4.  өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы аудиторлардан
  5.  өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалардан тұрады.

  1.  Стандарттаудың негізгі әдістерін атап өтіп түсіндіріңдер.

Стандарттау әдістері – стандартаудың мақсатына жететін әдістердің жиындығын айтамыз.

  1.  Стандарттау объектілерін реттеу

Бұл әдіс стандарттау объектілердің көпшілігін кеміту, реттеу үшін бағытталған. Стандарттау әдісінің әмбебап әдісі ретінде қарастырылады. Стандарттау объектілерін реттеу – объектінің көптеген бағытын кемітуге бағытталған әдіс. Бұл реттеу нәтижесіне дайын өнімді жасау үшін құрастырушы бөлшектер санын кемітетін тізімдер жасайды. Типтік бөлшектердің альбомдарын құрастырады. Типтік құжаттар үшін де формалар жасалынады.

Жалпы әдіс өзі бірнеше әдістерлен тұрады. Олар:

  1.  Жүйелеу
  2.  Селекция (таңдап алу)
  3.  Симплификация
  4.  Типтеу
  5.  Оптимизация

Жүйелеу – бұл әдісте нақты стандарттау объектілерін кластарға, топтарға бөліп реттейді.

Селекция – өндіруге және кейін пайдалануға болады деп танылған нақты объектілерді бөліп алады.

Симплификация – кейінгі өндіріске жарамайды деп танылған объектілерді бөліп тастайды.

Типтеу – бұл әдісте типті немесе үлгілі объектілерді жасайды.

Оптимизация – бұл әдісте объектілердің негізгі оптималды параметрлерін табады және басқа сапа үнемділікті көрсететін негізгі қасиеттерін табады. Бұл әдісте оптималдау үшін ғылыми, экономикалық - матиматикалық әдіс қолданылады.

  1.  Параметрлік стандарттау

Параметрлік стандарттау – параметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.

Өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Негізгі параметрлерге жататын өнім не үшін пайдаланатын және пайдалану жағдайының параметрлер. Негізгі параметрлер размерлік, салмақтық, энергетикалық және өндірісті сипаттайтын болып табылады.

Өндірісте өнімнің жасалуына байланысты белгілі бір типі бірқатар параметрлерде сипатталады. Сол параметрлердің жиындығы параметрлік қатар деп атайды. Мысалы: киімнің размерлік қатары.

Стандарттың таңдамалы қатары негізі пайдаланылатын қатар R деп белгілейді. R5; R10; R20; R40.

1) R5  -        1.00;  1.6;   2.50;    4.0;   6.3;   10

2) R10 –       1.00;  1.25;  1.60;  2.0;  2.5; .....

3) R20 –      1.00;  1.12;  1.25;  1.40; …….

4) R40 –                 

Өндіріс үшін ең ыңғайлысы R5. Машина жасауда  да R5 қолданылады. Негізгі размерлерді R5 алады, ал бөлшектердің размерін R10 мен алады.

Электро техникада Е3; Е6; Е12 қатарды пайдаланады.

Е3 –

Е6 –

Е12 –  

  1.  Өнімді унификациялау

Өнім жасалатын бөлшектердін агрегаттың санын кеміту. Ол үшін типтик бөлшектер жасайды. Дайын бөлшектер пайдаланылады. Жаңа бөлшектерді енгізбейді.

Ку

Ку 100%

n – өнімді жасау үшін қажет жалпы бөлшектер саны

бірінші рет пайдаланатын бөлшектер (жаңа бөлшектер)

  1.  Агрегаттау әдісі

Бұл әдісте машина, құралдарды, қондырғыларды жекелей стандартты көбірек пайдаланатын бөлшекпен жасайды. Қазіргі заманда агрегаттау модельді де көп пайдаланылады. Мысалы: медициналық модуль, армиялық модуль, спорттық модульді әкеліп, орната салады. Метрологияда пайдалану өте ыңғайлы.

  1.  Комплексті стандарттау

Бұл әдіс принциптерді іске асыру үшін қолданылатын әдіс. Бұнда күрделі объектінің стандарттын сол объектінің бөлшектерінің құрастырушы бөліктердің сәйкестігін сақтап стандарттау. Мысалы: трансформатордың бір стандарттын жасау ұшін 36 стандарт жұмсайға тура келеді.

  1.  Басып озу стандарттау әдісі

Қазіргі ғылымның, техниканың дауын ескеріп стандарттың алға басын отыру керек.

  1.  Стандарттардың қандай түрлері бар?

Стандарттау мақсаты мен пайдалануына байланымты бірнеше түрлері бар.

  1.  Негіз қалаушы стандарт
  2.  Өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің стандарты
  3.  Процестердің стандарты
  4.  Сынақ және бақылау әдістерінің стандарты
  5.  Негіз қалаушы стандарт – бұл кең және жалпы пайдаоланатын стандарт немесе белгілі бір саланың негізін анықтайтын стандарт.

Сала аралық стандарт. Мысалы: мемлекеттік стандарт жүйесі, конструкторлық құжаттар жүйесң, өлшем бірліктері және стандарт аралық терминдер.

  1.  Өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің стандартты – бір өнімге немесе ұқсас өнімдер тобына арналған стандарттар. Міндетті түрде жалпы техникалық талаптар немесе техникалық талаптардың стандартты. Өнімге арналған стандарттарлың бөліктері:
  2.  Топтастыру, жіктеу
  3.  Негізгі параметрлердің размерлері
  4.  Жалпы техникалық талаптар
  5.  Белгілеу
  6.  Қаптау
  7.  Тасымалдау және сақтау
  8.  Процестердің стандарттары – өнімнің өмір циклындағы әр сатысында жасалынатын жұмысқа қойылатын талаптар.

Өмірлік цикл

                 Маркетинг

жою                        жобалау

пайдалану                         өндіру

                 сақтау, тасымалдау, қаптау

  1.  Бақылау әдістерінің стандартты (сынақ, өлшеу, анализ)

Бұл стандартқа өнімнің сапасына қойылатын талаптарды бақылау жасауға мүмкіндік береді. Стандартта көрсетілген бақылау әдісі дәл, объективті, қайталанылатын нәтижелер болуы керек.

Бұл талаптарды орындау үшін өлшемдердің қателері көрсетілуі керек. Мысалы: араққа стандарт қойғанда альдегидтердің мөлшері 8 мг/л ден аспау керек.

Әр сынақ әдісіне мынадай мәліметтер көрсетілуі керек:

  1.  Сынақ құралдары мен қосымша құралдар
  2.  Сынаққа дайындалу реті
  3.  Сынақ жүргізу реті
  4.  Сынақ нәтижелерін өңдеу ережелері
  5.  Сынақ нәтижелерін көрсету ережелері
  6.  Рұқсат етілген қателердің мәндері

  1.  Қай жағдайларда міндетті сертификаттау, ал қай жағдайларда ерікті сертификаттау жүргізіледі?

Жалпы сертификаттау міндетті және ерікті болып екіге бөледі.

Заңда. Міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны.

Міндетті сертификаттау мемлекет жағынан өнімнің қауіпсіздігін бақылау болып табылады.

Міндетті сертификаттау тек заң бойынша талап ететін жағдайда жасалынады. Міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдердің тізімін заң түрінде бекітеді. Міндетті сертификаттауда тізімде қойылған негізгі талаптардан ғана өтеді.

Міндетті сертификаттау адам денс-ғы мен ҚОҚ-ға бағытталғандықтан қауіпсіздік пен экологияның тазалығын қамтамасыз ету болып табылады.

М.с. объектілері: машина жасау, э/тех-ка, прибор жасау, мед-қ тех-ка,ауыл шар-қ ж/е тамақ өнеркәсібі  тауарлары,т.б.

Ерікті сертификаттау – өнімнің, стандарттарға және техникалық регламент құжаттарға сәйкестігін арызша ықыласы бойынша заңды түрде жүргізеді.

Егер міндетті сертификаттау өтетін тізімге кірген мемлекеттік өнімдер болса, онда олар үшін ерікті сертификаттау міндетті сертификаттаудың орнына жүрмейді.

Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттау жасалмайтын қасиеттері үшін сертификат жасауы мүмкін. Жасалу мақсаты? Мысалы: TV тез сату үшін, оны ерікті сертификаттаудан откізеді. Олар барлық қауіпсіздік талаптарға сәйкестігін түбегейлі тексеріп және де биологиялық жағынан зиян әсер етпейтінін растап береді.

Е.с. объектілері: өндіртік – технологиялық, әлеум-к – тұрм-қ (кітап,үй жиһаздарын шығару)

Міндетті сертификаттауға қатысушылар және олардың міндеті

Қатысушылар негізінде өндіруші немесе қызмет көрсетуші (I жақ), сатушылар (I - II жақ) және III жаққа жататын сертификаттау органы, сынақ лабораториясы немесе уәкілетті органдар.

  1.  Сертификаттауга қатысушылар және олардың міндеттері.

Сертификаттауға 3 жақ қатысады.

  1.  Өнім өндіруші немесе қызмет көрсетушы және кейде бұған сатушылар да жатады.
  2.  Тұтынушылар, кейде сатушылар жатады (олар өнімді алған жағдайда).
  3.  Өндірушілерге де, тұтынушыларға да тәуелсіз орган. Ол сертификаттауды жасайтын орган.

Негізгі сертификаттауға қатысушылар:

1)Өндірушілер; 

2) Сертификаттау органдары;

3) Сынақ лабораториялары

Өндірушінің сертификаттау жүргізу кезіндегі міндеттері

  1.  Өндіруші тек қана сертификаты бар немесе сәйкестік декларациясы бар өнімді сатуға жібереді.
  2.  Сатуға жіберетін өнімді сертификатқа өткізілген, негізделген, нормаланған құжаттарға сай болу керек.
  3.  Өнімнің техникалық құжатында сертификат немесе сәйкестік декларация туралы мәлімет болу керек. Өнімнің қай нормативті құжаттың талаптарына сәйкес екендігін көрсету керек.
  4.  Сертификатция жүргізетін сертификаттау орган қызметкерлеріне өз жұмыстарын кедергісіз жасауға жақдай жасау керек.
  5.  Егер өнім нормативті құжаттың талаптарына сәйкес болмай қалса, сертификаттау органның  шешімімен сертификаттың құқығын тоқтатса немесе өнімнің пайдалану мерзімі өтіп кетсе онда өнімді сатуды тоқтату керек.
  6.  Сертификаттау жұмысын жасау кезінде тексерілген сипаттамалар өзгерген болса, ол туралы мәліметті сертификаттау органына жіберу керек.

Сертификаттау органның функциялары

  1.  Өнімді сертификаттайды. Өндірушіге сертификатты және сәйкестік таңбаны (белгі) пайдалануға лицензия береді.
  2.  Сертификаттан өткен өнімді инспекциялық қадағалау жүргізіп отырады.
  3.  Берілген сертификаттың құқығын уақытша тоқтатуға немесе жоюға мүмкіндігі бар.
  4.  Өтініш берушілерге қажетті информация беру керек.

Аккредитациядан өткен сынақ лабораториялардың функциялары

Белгілі сертификаттан өтетін өнімдерді сынақтан өткізеді және сынақтан өту протоколдарын дайындайды. Сынақ лабораториялары өнімнің көрсетілген құжаттағы талаптарға сәйкестігіне жауап береді. Сынақталған нәтижелердің объективті және дәлме дәл болуына жауап береді. Кей жағдайда сартификаттау органның өзі де аккредитациядан өтеді. Сынақ лабораториялары да өтеді. Оны сертификаттау орталығы жүргізеді. Негізгі сертификаттау жұмыстарын жүргізетін адам – эксперт. Эксперт болу үшін сертификаттау саласында бір немесе бірнеше жұмыс жасауға құқығы бар деген аттестациядан өтеді. Сертификат беру туралы шешім қабылданғанда эксперттің білімділігіне, тәжірибесіне және оның объективті болуына байланысты.

  1.  Сапа жүйелерді сертификаттау мақсаты неде?

Сапа мәселесі тек қана үнемі және жүйелі жасалатын әрекеттер нәтижесінде болуы мүмкін. Сериясы 9000-нан астын сапа жүйесін қарастырады. Қоршаған ортаға қатысты серия 14000-нан басталады.

Сапа жүйесінің негізгі принципі:

1)сапаны басқару;

2)өнімнің өмір цикілінің барлық сатысын қамтамасыз ету керек.

Сапа жүйесінің бірнеше қажетті элементтері бар:

  1.  Ұйымдастыру. Сапа жүйесіндегі ұйымдастыру структурасы. Мекеменің структурасының бөлімдерінің арасында сапа жүйесінің функцияларын бөліп береді. Сапа жүйесінің структурасы мекеменің структурасымен біріккен болады.
  2.  Әдістеме. Осы жұмыстарды жасау, іске асыру әдістері.
  3.  Ресурс. Ресурсқа жұмысшылар, персоналдар, жабдықтар технология және т.б. кіреді.
  4.  Процестер. Бұл кіретін элементтерді шығатын элементтерге айналдыратын, бір-бірімен байланысты ресурстар мен жұмыстардың жиындығы.

Сапа жүйесі – сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастыру структурасының әдістерінің, процестер мен ресурстардың жиындығы.

Спа жүйесіне қойылатын талаптар алғашқы рет 1987 жылы енгізілген. ИСО-ның 9000-9004 стандартты кіреді. ИСО-9000 стандартты сапа жүйесі бойынша гид сияқты. Онда сапа жүйесі қажетті модульн таңдауды көрсетеді. Сапа жүйесін ендірк туралы стандарт көрсетіледі.

Әр мекемеде спа жүйесі бар және қойылатын талаптарға сәйкес екенін құжаттарда көрсетеді. Негізгі ортасы 9001-9003 стандарт сапа жүйесінің стандарт негізін құрастырады.

ИСО-9001 стандарт өнімнің өмірлік цикілінің барлық сатыларын қарастырады. Демек, зерттеу, жобалау, тасымалдау, сақтау, монтаж барлығы қарастырылады.

ИСО-9002 стандарт сақтау, тасымалдау және монтаж қарастырылады.

ИСО-9003 стандарт дайын өнімді сынақтан өткізу, дайындау және бақылауды қарастырады.

Осылардың айырмашылығы – әр сатыны қарастыру көлемінде.

Сапа жүйелерінің сертификаттау маңызы

Сыртқы себептер: ИСО-9000 серияның стандарты көптеген елде, көптеген фирмаларда пайдаланады. Жыл сайын олардың саны өсіп отырады. Сапа жүйесін пайдаланатын компаниялардың эффектісі басқалардан қарағанда 2-3 есе артық болды. Сапа жүйесін сертификаттау өнімді 1,5 есе арттырады. Сапа жүйесінде сертификаттау құжаттары болған мекемелер сақтандыру және кредит алғанда оларға жеңілдіктер жасалады. Халықаралық тендерді сапа жүйесінен сертификаттаудан өткен фирмалар жеңеді.

Егер белгілі бір фирманың өніміне шағымтүсірсе, сапа жүйесі сертификатталған фирманың пайдасына шешеді.

Мемлекеттік деңгейде заказ бергенде мемлекеттік заказда сапа жүйесі сертификатталған мекемеге береді. Демек, мемлекеттік деңгейде әр мемлекеттің үкіметі сапа жүйесі сертификатталған мекемелерді қолдайды.

Ішкі себептер: тұтынушылардың талаптарын толығырақ қамтамасыздандыру. Әр түрлі қадағалау органдарының тексерулерін кеміту. Өндірістің мәдениетін дұрыстау. Сапа үшін жауапкершілікті арттыру.

Сапа жүйесін сертификаттаудың ережелері мен реті

Сапа жүйесін сертификаттау тұтынушылардың өнімге сенімін арттыру үшін өндірушілердің, тұтынушылардың талаптарына сай өнімді жасауға мүмкіндігі бар екенін білу үшін қажет.

Спа жүйесін сертификаттау міндетті және ерікті сертификаттауға да жатуы мүмкін. Сапа жүйесінің сертификатты мен сәйкестік белгісі өнімнің сәйкестік белгісінен басқа болады. Сәйкестік белгісі сертификаттау органдарының жалпы белгісі және сәйкестік белгісі сапа жүйесінің сертификатында қойылады.

Сапа жүйесіндегі сертификаттының негізгі объектісі ол өнімнің сапасын қамтамасыз ету және басқару әрекеті.

Сапа жұмыстарын сатылы түрде ИСО 9001-9003 стандарт та сәйкес таңдалған модуль бойынша жасайды. Сапасын сертификаттау жұмыстары ұйымдастыру сатысының (сертификаттаудың алдындағы сатысы) және сертификаттау 3 сатысынан тұрады. Ұйымдастыру сатысында өтініш беруші сертификаттау орталығына өтініш жібереді. Сертификаттау орталығы сертификаттау жұмыстарын жүргізетін сетрификаттау органын анықтайды. Өтініш беруші регистрациялық төлемін төлегеннен кейін сертификаттау органы өтініш берушіге қажет құжаттарды тапсырады:

  1.  Сапа жүйесін алдын ала бағалау үшін қажетті құжаттардың формаларын;
  2.  Сапа жүйесін сертификаттау үшін қажетті құжаттар.

Сертификаттау келесі сатылардан тұрады:

  1.  Сапа жүйесін алдын ала бағалау;
  2.  Сапа жүйесін мекемел өзінде тексеріп, бағалау;
  3.  Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау жасау.




1. Технологія продажу пральних, миючих та дезінфікуючих засобів
2. Інтеграли зі змінними границями
3. Программа по информатике и вычислительной технике
4. тема ее элементы и функция автоперевозок Структура системы автоперевозок Входы и выходы системы упра
5. . Геодезические работы выполняемые на строительных площадках1
6. СЕРДЦЕ РОЗЫ г
7. Сталинский скачок в индустриализацию
8. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата соціологічних наук Ки
9. Статья- Наследование групп крови резус
10. подходах в понимании сущности языка Язык есть орган образующий мысль.html
11. 2 Шерил Луиза Моллер Предисловие Что это за книга или Загадка сто девятой бусины В Индии особ
12. темах традиционной рыночной командноадминистративной смешанной
13. 2011г Городская Общественная Зоозащитная Организация ГОЗО в лице
14. Детская республиканская больница
15. Юридические права и обязанности
16. Немереная крутизна GI1 ' не более чем иллюзия Высокий мужской голос разнесся по бару
17. Бизнес-план TXI LNoS в г Калуга
18.  Теоретические основы статистики таможенных правонарушений [5] 1
19. ЛЕКЦИОННЫЙ КУРС электронная версия для студентов ОФО факультета управления и психологии КубГУ 2012-
20. Контрольная работа- Психологія емоцій та почуттів.html