У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Т~ра~ты даму ж~не оны~ критерийлеріне сипаттама

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

2лист

1.Тұрақты даму және оның критерийлеріне сипаттама.

Тұрақты даму»  (sustainable development) - эколого-экономикалық өсу.

Халықтың экономикалық және әлеуметтік даму мақсаты оның тұрақтылығымен, барлық елдердегі - дамыған, даму жолындағы, нарықты немесе экономиканың өзге түрлері де бар мемлекеттермен экологиялық императивті, яғни бұйрықты түрде сәйкес келуі. Тұрақты даму -  бұл қазіргі қарастырылып отырған экономикалық шешімдердің ұзақ мерзімді экологиялық зардаптарын есептеу.

Ұзақ мерзімді тұрақты даму критерийлері:

1.Қалпына келетін табиғи ресурстар (жер, орман т.б.) оның саны, биомасса жинақтау қабілеті азаймай ұдайы өндірісті қанағаттандыру. 

2.Қалпына келмейтін табиғи ресурстар (мысалы, пайдалы қазбалар) қорын мүмкіндігінше аз өндіре отырып келешекте таусылмайтын ресурстар түрлерімен алмастыру. (Мысалы, мұнайды, газды, көмірді альтернативті энегия қорымен - күнмен, желмен т.б.).

3.Қалдықтарды мүмкіндігінше азайтып, оның орнына аз қалдық беретін ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияны кіргізу.  

4.Келешекте, қоршаған орта ластануы, қазіргі заман талаптарының деңгейінен артпауы тиіс, қоғамдық және экономикалық ластанудың минимальды мүмкүндіктерін қарастыру қажет.

Тұрақты даму концепциясының негізгі үш түрлі:экологиялық, экономикалық  және әлеуметтік көзқарастың бірігуінің нәтижесі 

2. Жалпы экология бөлімінің  құрлымына анықтама

Экология құрлымы : Тарихи экология , Эволюциялық экология, Жалпы экология, Жалпы  экология , Қолданбалы экология, Өндірістік экология , Әлемдік  экология , Ауылшаруашылық экология , Геоэкология , Әлеуметтік экология , Адам экологиясы

Жалпы экология::

  1.  Аутэкология - жеке организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
  2.  Аутэкология - жеке организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
  3.  Синэкология  - популяцияның, биоценоздың, экосистеманың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.

3. Тірі жүйенің ұйымдасу деңгейлері. Биологиялық компоненттерге анықтама Экологиялық факторларды жіктеу. 

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

4. Гомойо- және  пойкилотерімділерге салыстырмалы сипаттама

5. Гомойотерімділерде температураның реттелу механизмімен, шағаланың аяқ температурасы  «Ғажайыпып тор» бойынша түсіндіріңіз

6. В.Н. Беклимишев (1951) бойынша биотикалық байланыстарды жіктеу

7.Ю.Одум (1986) бойынша биотикалық байланыстарға сипаттама

8.Популяцияға негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз

9. Түрлік құрлымы сипаттайтын көрсеткіштер. Доминанттар мен эдификаторлардың ролі.

10.Этологиялық құрлымға анықтама

Этологиялық  құрылым- бір популяциядағы особьтардың бір бірімен қатынасын популяцияның этологиялық не мінез-құлықтық  құрылымы д.а. Популяциядағы жануарлардың мінез құлқына байланысты;жеке ,семья құру,колония,үйір,табын болыптоптарға бөлінеді

ҮЙІР – жануарлардың уақытша бірігуі,биологиялық пайдалы ұйымдасу іс-әрекеті: жаудан қорғану, қоректік зат табу,миграция

11 Трофикалық деңгейлер және ондағы продуценттер, консументтер және редуценттердің орнын

көрсетіңіз

 Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер  (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер  деп атайды. Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер  деп аталады. Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер  деп атайды. Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.

 

12 Қоректік тізбектегі  жылу энергиясының ағымын сипаттаңыз

Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды. Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық  бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

13  Бірінші, екінші және үшінші трофикалық деңгейлерге анықтама беріңіз

Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен  тірі немесе өлі күйінде  сондай ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды .Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат жіне энергия ағымының белсенділігімен сипатталады. Мәселен жасыл өсімдіктер-бірінші трофикалық деңгейді тузсе, фитофактар- екінші ал жануарлар тектес қоректілер ушінші деңгейлерді тузеді.

14  Автотрофтар, гетеротрофтоар, редуценттерге сипаттама.

Автотрофтар (гр.autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады.Гетеротрофтар (гетеротрофы); (грек, heteros — басқа, trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — қоректенуге дайын органикалық заттарды (протеиндерді, майларды, көмірсуларды) пайдаланатын организмдер (гетеротрофты организмдер). Гетеротрофты организмдерге адам мен барлық жануарлар (жәндіктер), кейбір өсімдіктер, микроорганизмдер (бактериялардың көпшілігі), саңырауқұлақтар жатады.[Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. РРедуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек Редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биол. тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.

15  Популяция құрылымына  анықтама

Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен»  сипатталады   1. Жалғыз немесе отбасылық  2.Топтық. Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін  бір дараның немесе отбасының қолданады. Жалғыз тіршілік ету  сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының  иемделген территориясы қорғалады - ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).

16  Биоценоз құрлымын жіктеңіз

Биоценоздың түрлік құрылымы- бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі. Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізп алады: Түрдің өте көп болуы- бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дмі суда немесе тоғандардағы саны. Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықты біртекті немесе әртүрлі тралуында. Доминантталу көрсеткіші- қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді. Биоценоздың кеқістіктік құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің- фтоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады. Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосалыс тән. Ярусты дегеніміз- жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы ) және басқалар. Мозаикалыққа- өсімдіктердің горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы, микроценоздар, парцелдар және т. б.).

Биоценоздың экологиялық құылымы. Биоценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының қатынасымен анықталады.

17  Пирамида саны туралы ұғымға сараптама

Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады: 1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.  «Экожүйелер» және «биогеоценоз»  ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен  сипатталады.

18 Мутация,  генотип және фенотипке анықтама

Мутация[1] (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.'Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі.

Генотип[1] (ген және гр.typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы.

«Генотип» терминін 1909 жылы даниялық генетик В.Иогансен ұсынған. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады.

Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип организмнің тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол организмнің дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминің алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен (1857 – 1927) ұсынды. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Генотип пен Фенотип арасында нақты түрдегі байланыс болмайды, яғни генотиптің өзгеруі әрқашан Фенотип тің өзгеруімен қатар жүрмейді (немесе керісінше).

19 Су өсімдіктері туралы түсінік және гидро-, гигро- және ксерофиттерге анықтама.

Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен  тұрып өсетін өсімдіктер.  Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың  көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.  Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды  ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.  Мезофиттер – аздаған және  өте  шөлді  жерлерде өсетін өсімдіктер.   Ксерофиттер -  ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.

20  Экологиялық адаптацияға анықтама. Адаптация түрлері.

Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.

21 Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз түсінігіне жалпы сипаттама

Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.

Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.

22  Биогеоценоз (экожүйе) құрлымын схемамен көрсете отырып түсіндіріңіз

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз екі блоктан тұрады:  1)«биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция); 2)«биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.  Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады. Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады. Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.

Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:

I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.

IV- ірі жыртқыштар.

23 Бірлестіктің жалпы биомасса жинақтау процесіне сипаттама

Биомасса(гр.bios - өмір және масса) — бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроорганизм және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы; аудан немесе көлем (г/м2 немесе г/м3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.Өлшем бірліктері: кг/га, г/м2, г/м3, кг/м3, т.б. Өсімдіктердің биомассасы фитомасса, жануарлардың биомассасы зоомасса деп аталады.Экожүйедеэнергияның таралуы мен орташа биомассаның арасындағы байланысты анықтау үшін Дж/м2 өлшемі пайдаланылады. Құрлықтағыгетеротрофты организмдердің ішінде топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің биомассасы өте жоғары болады. Атап айтқанда, жауын құртының тіршілік ету ортасына байланысты биомассасы 200 — 1500 кг/га аралығында болады. Сүтқоректілер мен құстардың орташа жылдық биомассасы 1 — 15 кг/га (бірақ бұл көрсеткіш құстардың қыстауы мен қоныс аударуы кезінде жоғары болады).Биосферадағы тірі организмдердің жалпы биомассасы, әр түрлі есептеулерге қарағанда 1,8х1012 — 2,4х1012 т болуы мүмкін.Биомассапирамидасы (Пирамида биомасс) — экожүйедегі өндіргіштердің, тұтынушылардың (бірінші реттік, екінші реттік), ыдыратушылардың олардың массаларында (сандарында — Элтон сандары пирамидасы) көрсетілген және графикалық үлгімен (экологиялық пирамидалар деп аталатын) кескінделген ара қатынасы. Жер бетіндегі экожүйелерде өндіргіштердің салмағы (аудан бірлігіне және абсолютті)тұтынушьшардың салмағынан көп, ал бірінші реттік тұтынушыларекінші реттіктен көп және т.б., сондықтан да графикалық үлгі пирамида торіздес болады.

24  В. И. Вернадский бойынша планетадағы тірі заттың негізгі сипаты,  спецификалық қасиеттері мен ерекшеліктері туралы ұғымды түсіндіріңіз

Биосфера туралы ілімді Жер химиясын тіршілік химиясымен байланыстырып, жер бетін өзгертудегі тірі заттардың ролін белгілейтін жаңа ғылымның – биогеохимияның негізін қалаушы академик В.И.Вернадский (1863-1945) жасады. Ілімнің негізі оның «Биосфера» кітабында (1926) баяндалған. В.И.Вернадский тірі заттың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы кезінде химиялық және физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды. Биосфераның белгілі шекарасы бар. Жоғарғы шекарасы жер бетінен 15-20 км биіктікте орналасқан. Ол стратосфера қабатымен өтеді. Тірі организмдердің негізгі салмағы оның төменгі қабаты - тропосферада орналасқан.

25  Озон қабаттарының бұзылуына байланысты өткізілген әлемдік шаралар

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот қосындылары жатады.Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.  1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.  Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.  Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде.  Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.  Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды

26  Озон  тесігінің пайда болуынан  биосферадағы елеулі өзгерістер

 Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның азаюы 3% құрайды. Мынадай мәліметтер бар, егер озонның азаюы 1% болса, онда тері рак ауруы 5-7% көтеріледі. Ең көп озондық жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерден соңғы 30жылда озон қабатының 40-50% азайған.

Озон концентрациясының азаюын тркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

27 Озон қабатының бұзылуына әкелетін антропогендік әсер

Озон қабатына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электормагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциясын жақсартады және озонның жинақталуымен түзілуіне ықпал етеді.

“озон ойықтары”  пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метанэтан, пропанның хлорлы және фторлы туындыларын (фреондар) өнеркәсіпте кеңінен пайдалану — озон қабатының жұқара түсуіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының бұзылуы — Жер бетіндегі бүкіл тіршілікке үлкен зиянАзот тотықтары мен күкірттің сумен қосылыстары “қышқылды жаңбыр” жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфера ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі — қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары.

Озон қабатының бұзылу процесіне  ғарыштық аппараттар,  дыбыстан да жылдам ұшатын  ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және  ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Сол сияқты, космосқа ұшу аппараттарын шығару  атмосферадағы ядролық жарылыс,  атмосфераның жоғарғы қабаттарына  азот оксидтері мен кейбір көмірсулардың  шығарылуына әкелетін  ірі өрттердің озон қабатын бұзатыны тіркелген.Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде  атмосфераға оттегі бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың  жойылуы аталады.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.
Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

28  Б.Коммонер бойынша  (1974ж.), адамзаттың экологиялық процестерге араласуының негізгі этаптарын көрсеттіңіз.

Б.Коммонер бойынша  (1974ж.), адамзаттың экологиялық процестерге араласуының негізгі этаптарын көрсетті:

  1.  Экосистема құрылысының өзгерісі және биологиялық циклдардаң үзілуі
  2.  Шашыраңқы энергия концентрациясының жылулық энергияға айналуы
  3.  Химиялық өндірістен шығатын улы қалдықтардың деңгейінің жоғарылауы
  4.  Экосистемаға жаңа түрлердің кіруі
  5.  Өсімдіктер мен жануарлар организмінде генетикалық өзгерістердің көрінуі

Негізінде антропогендік әсер адамзаттың өз мақсатына жету барысында саналы түрде жүзеге асады. Кейде өте қауіпті экологиялық проблемаларды мағыналы түрде дәл айту өте қиын. Ауа бассейндеріне түсетін химиялық ластағыштар алдын ала тазаланып немесе өңдеуден өтпеген соң адам денсаулығына зиянды. Қазіргі ғимараттар газ түріндегі химиялық ластағыштардан қорғай алмайды. Әсіресе, ауа ластануынан балалар көп зардап шегеді, себебі улы заттардың қалың концентрациясы 1 метр биіктікте орын алады.

29 «Қышқылдық жаңбырдың » пайда болуынан биосферада елеулі өзгерістер. «Қышқылдық жаңбырдың » әсерінен болатын,  топырақ пен судағы катиондар мен биогенді элементтің өзгерістерін сипаттаңыз

Қышқылдық жабыр терминін ең алғаш 1872ж ағылшын инженері Роберт Смит өзінің «Ауа және жаңбыр хим-қ климатологияның басталуы» атты кітабында енгізді. Күкірт және азот қышқылдарынан тұратын қышқылдық жаңбыр табиғатқа үлкен зардабын тигізеді.

Жыл сайын Жер атмосферасына 255 млн. Тонна күкірттің қос тотығы және азот тотықтары бөлінеді (1994ж) Өте үлкен көлемдегі табиғи ортаның қышқылдануы бүкіл экосистемаға кесірін тигізуде. Қауіптілігі тек қана жаңбырдың қышқылдылығы ғана емес, оның әсерінен туындайтын әр қилы процестердің өтуі.Мысалы, Топыраққа келіп түскен қышқыл жауын-шашындар катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады, редуценттердің, азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минералдардың ерігіштігі артады да, олардан бос күйде улы болып табылатын, алюминий бөлініп шығады. Қышқыл судағы алюминий құрамының 1 литрде 0,2 мг артуы балықтардың өліміне әкеледі.Фитопланктондардың өсімін көтеретін фосфаттар судағы алюминиймен әрекеттесіп, фитопланктондардың сіңіруіне кедергі келтіріп оның өсімін тоқтатады. Алюминий ағаштардың да өсуін төмендетеді. Қышқылдық жауын-шашын ауыр металдардың(кадмий, қорғасын, сынап) да қозғалғыштығын арттырады. Кейбір жерлерде қышқылдық жауын-шашын мен олардың әсер ету өнімдері грунт суларына, одан су қоймаларына және су құбырына түсіп, құбырлардан алюминий мен басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуына әкеледі.Бұл құбылыстың нәтижесінде ауыз судың сапасы төмендейді.

Қышқылдық жауын-шашын мен оның компоненттері, әсіресе, ормандарға орасан зор зиян келтіреді.Ол өсімдіктерден биогенді(әсіресе, кальций, магний, калий) қанттар, ақуыздар, аминқышқылдардан ығыстырып зақымдайды. Оларға қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап, ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігі арттырады. Мұндай әсердің нәтижесінде фитоциноздардың өнімділігі төмендеп, кейде толық жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Әсіресе, қылқын жапырақты ормандар күшті зақымданады. Бұл ең алдымен, олардың қылқанының ұзақ (4-6жыл) өмір сүруіне, ондағы улы заттардың жиналуына байланысты өзгереді. Сонымен қатар, атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады. Олар әдетте ең бірінші болып, экожүйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын арттырады. Нәтижесінде, минералды тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Бұл құбылысты шымды күлгін топырақтардан қатты байқауға болады. Қышқылдық жауын-шашындардың кері әсерін табиғи экосистеманың бірі өзеннің қышқылдануынан көруге болады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі 1мг/м куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.

30   «Қышқылдық жаңбырдың » туындауына әкелетін антропогендік жағдайлар

Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық жауын» деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі. Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың нәтижесі болып табылады. 

31 «Парник эффктісінің» туындауына әкелетін антропогендік жағдайлар

Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99,8% күн радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон, су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа шығатын 0,77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының «жылулық эффектілігін» туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%, СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының пайыздық көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы- 0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-0,075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен Орта Азия елдерінде   қаңтар айының орташа температурасы 6-15оС- қа жоғарылап, қыста түсетін   қар мен жауын 20-30 пайызға кемиді. Біздің онсыз да қуаң климатымыз   күрт өзгеріп, ауа райы тіпті қолайсыз болуы мүмкін.

32  «Парник эффктісі» пайда болуынан биосферада елеулі өзгерістер

2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 көтерілуі мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар судың астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің - 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы жүргізілген зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0,1оС   жылынатынын анықтаған. Парник эффектісі климаттың ғаламдық жылынуынағ яғни Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жерлердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

33 Рекреационды зоналарға сипаттама

Рекреационды зона- адам қолымен жасалған, жаппай дем алуға, спортпен шұғылдпнуға және көңіл көтеруге бағытталған қала айналасындағы жасыл зона. Табиғи ормандар мен парктерге қарағанда мәдениеттенген қала парктерінде өзін-өзі реттеу және өзін-өзі ұстап тұру системасы болмайды. Қаладағы жасыл алаңдар азайып, көгерген мекен-жайлар, сая бақтар мен басқа да экологиялы рекреациондық орындар жеткiлiксiз. Аталған табиғи ортаның экологиялық төмендеу шарттары Алматы қаласының тұрақты әлеуметтiк экономикалық дамуына терiс әсерiн тигiзедi, қалалықтардың денсаулығы мен халжағдайларына қауiп туғызады. Қала тұрғындарының орнықты өмiрi мен денсаулығына көзделген жұмыс әлi де төмен деңгейде. 

34 Мегаполис түсінігіне анықтама беріңіз

Мегалополис (грек. megas — үлкен және polіs — қала) —көптеген қалалар мен елді мекендердің қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі қоныстану аймағы. Қалалық агломерацияға қарағанда мегалополисте қоныстану формасының иерархиялық деңгейі жоғары болады. Мегалополис тек қалалық құрылыстардан ғана тұрмайды. Шамамен аумағының оннан тоғыз бөлігі ғана ашық жерлер болады. Дүние жүзінде қалыптасқан Мегалополистерге Токио — Осока (Жапония), Рейн өзенінің орта және төменгі ағысында (Германия — Нидерланд), Лондон— Ливерпул (Ұлыбритания), Ұлы көлдер (АҚШ — Канада) және Калифорния (АҚШ) аудандары жатады. Мегалополис Ежелгі Грекияның 35 елді мекенінің тұтасып кетуі нәтижесінде қалыптасқан Мегалополь қаласының атауынан пайда болған.

35 Қала жасыл желектерінің маңызы

36 Қалдық проблемасы. Қоқыс көбеюінің басты себептерін талдаңыз

Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, планетамыздың әр тұрғыны орта есеппен жылына 1,2 тонна қоқыс тастайды екен. Қоқыстың көбеюінің басты себептерін былай көрсетуге болады: Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.  

  1.  Бір рет қолдануға жарайтын тұтыну тауарларының көптеп шығарылуы
  2.  Тауарлар қабықтарының көбеюі
  3.  Өмір сүру жағдайының жақсаруы(ескірген заттарды жұмыс жасап тұрғанына қарамастан жаңасымен ауыстыруы).

Шектеулерге қарамастан қоқыстар мүлде тиісті емес жерлерде шашылып жатыр.Мұндай жерлерден жел жеңіл қалдықтарды жан-жаққа таратады. Ал қалдықтардың таралуынан пайда болатын заттар атмосфераны ластауға өз әсерін тигізеді. Зауыттардан шыққан түтінмен ілескен қышқылды қалдықтармен араласып үлгерген жаңбыр суы жердегі түрлі улы заттарды ағызып әкетіп, ашық су қоймалары мен грунт суларын ластайды және ондағы тірі ағзалар, яғни балықтар мен балдырлардың тіршілігін жояды.

37  Эльтонның  «экологиялық жарылыс»  түсінігіне анықтама бере отырып  оны мысалдармен талдаңыз

Агроценозда жекелеген түрлердің шектен тыс көбеюі жиі болып тұрады. Бұл Эльтон бойынша «экологиялық жарылыс» деп аталады. Тарихта «эколог-қ жарылыстар»: ІХ ғасырдың аяғында Франциядағы саңырауқұлақ фитофторы бүкіл картошканы құртып жіберіп аштыққа әкелді; колорад қоңызы Америкадан Атлант мұхитына дейін және ХХ ғасырда Батыс Еуропаға кіріп, 40 жылдары соғыстан кейін Ресейдің еуропалық бөлігің шарлап, егістікті түгел тып-типыл етті.Осындай құбылыстар қайталанбас үшін зиянкестер санын жасанды жолмен реттеу қажет.Бірақ, бұл жағдайда қандайда бір зиянкестің шектен тыс көбеюі туралы адамның пікірі мен табиғат «пікірі» сәйкес келе бермейді.Мысалы, алманың жеміс жегіш көбелегінің санының тұрақтылығын табиғи сұрыпталу позициясынан қарайтын болсақ, ол алманың түр ретінде тірі қалуына әсер етпейді, бірақ адамға қорек үшін көп мөлшерде сапалы өнім қажет.Ауылшаруашылық практикада зиянкестердің санын азйту үшін қолданылатын тәсілдер абиотикалық және биотикалық факторларға қарағанда бірнеше есе күштірек. Барлық ландшафты ауылшаруашылығына айналдыруға болмайды. Сондықтан да, бірлестіктегі түрлердің сукцессия жолмен қалпына келуіне мүмкіндік беретін қорықтарды сақтау қажет.

38 Мелиорацияға анықтама және оның түрлеріне сипаттама

Өсімдік пен жануар өнімдерін алатын өндірісті жыртылған жерлер, жайылымдықтар және пішен шабатын жерлер қамсыздандырады. Агрожүйені тиімді қолдану бағытының бірі- мелиорация(лат.-жақсарту деген мағынаны береді), яғни ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлерді жақсарту үшін бағытталған ұйымдық-шаруашылық және техникалық шаралар.

Мелиорация түрлері: ауылшаруашылық, құрлыстық, ландшафтық, т.б. Ауылшаруашылық мелиорациясын 3 класқа: су, жер, климатқа бөлінеді. Ең көп тараған су мелиорациясы: жерді суландыру, яғни су жетіспейтін егістік далаларына жеткілікті болатындай етіп су беру; кептіру- топырақтың өсімдік тамырлары жатқан бөлігіндегі артық суларды азайту; суландыру- жергілікті су ресурстарының көмегімен суы аз немесе сусыз аудандарға су жеткізу немесе каналдармен құбырлар арқылы суды аудару. Мелиорацияның көп қолданатын түрі-жерді суландыру, бірақ шектен тыс немесе дұрыс пайдаланбау салдарынан жердің екінші реттік сортаңдануына әкелуде.

39 Табиғи және агроэкожүйеге салыстырмалы сипаттама

40 Табиғи экожүйеден агроэкожүйенің айырмашылығы

  1.  Биоәртүрлілік шектеулі: биоценоздағы мәдениеттенген өсімдік түрлерінің төмендеуі жануарлар түрлерінің төменденуіне  әкеледі; адам қатысуымен жинақталған жануарлар түрлері табиғи жағдайға қарағанда төмен; игерілген жайылымдардың ( тұқымын сеуіп өсірген шөптесін өсімдіктермен бірге) алуан түрлілігі ауылшаруашылық далаларына ұқсас.
  2.  Жасанды жолмен сұрыпталып алынған өсімдік және жануар түрлері, жабайы түрлермен күресте адамның көмегінсіз қарсы тұра алмайды.
  3.  Агроэкожүйе күн энергиясымен қатар адам субсидиясы арқылы қосымша энергия алады.
  4.  Таза өнім(урожай) экожүйеден жоғалып биоценоздың трофикалық тізбегіне кірмейді, ал кейде өнімнің зиянкестерге түсуі және өнім жинау мезеттерінде жоғалуы арқылы табиғи трофикалық тізбекке түсуі де адам қатысуымен кедергіге ұшырайды.
  5.  Экожүйенің дала, бақ, жайылым, бақша және т.б. агроценоздары, бұл сукцессияның алғашқы этаптарында адамның көмегімен жасалған қарапайым жүйе.Бұлардың табиғи пионерлік бірлестік сияқты өзіндік реттелуге мүмкіндігі жоқ және тұрақсыз, сондықтан да адам көмегінсіз тіршілікке мүмкіндігі төмен.

41. Қоршааған ортаның шумен ластануынан кейінгі ауру.  

Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

42. Денсаулық және оның көрсеткіші. 

Бүгінде тұрғындар саны - 2622,1. Өмір сүру ұзақтығы жағынан оңтүстікқазақстандықтар республикалық орташа көрсеткіш - 69 жастан озық тұр. Яғни 69,8 жасты құрап, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айтылғандай, орташа өмір сүру деңгейіміз 70 жасқа жақындап қалды. Сондай-ақ тұрғындардың сәбилердің дүниеге келу жағынан да жетістігіміз жетерлік. Республикалық көрсеткіш - 22,6 болса, Оңтүстік Қазақстанда - 30,7. Соған қарамастан жалпы өлім-жітім аз - 5,9. Бұл көрсеткіш республикада - 8,6 екенін айта кетсем, артық болмас. Әйелдер арасында жатыр мойны рагын анықтауға 93 775 әйелдердің 78463-і немесе 83,7 пайызы қаралды, 6,8 пайыз әйелдер науқас болып анықталып, диспансерлік есепке алынды. Әйелдер арасында сүт безі рагын ерте анықтау бойынша 61 897 әйел жоспарланса, оның 86,9 пайызы тексерумен қамтылып, 9,1 пайыз әйелдер науқас болып анықталды

43. Шаң және шаімен ластанудан пневмокониоз ауруы. 

Пневмокатоздардың тудырушы себептері болып, құрамында қос тотықты кремнийжоқ, әр түрлі өнеркәсіптік шаңдары да болуы мүмкін. Оларға мына металлокониоздар жатады: бериллиоз,

сидероз, алюминоз, баритоз, станиоз т.б. және де органикалық шаңдарының пневмокониоздары (биссиноз, микоз т.б.) мақталық, бидайлық, саңырауқұлақтық, пластмассалық пнемокониоздары.
Шаңның өзінен басқа, шаңдық патологиялардың дамуында бронх-өкпе жүйесінің аллергиялық реакцияларының маңызы да үлкен.
Өндірістік шаңның өзі де аллерген болып астмоидты бронхит, бронхиальды астма, эозинофильді инфильтрат сырқаттарын тудыруы мүмкін. Ал басқа жағдайларда шаң аллергиялық өзгерістердің аллергопневмониттік дамуына тек ықпал етеді. Осыпроцесстер ауқымды пневмокониоздардың дамуына үшін зең (фон( болып келеді.
Пневмокониозардың ең жиі кездесетін асқынуы болып туберкулез саналады. Бұл сырқатты кониотуберкулез деп, яғни пневмокониоздың туберкулез ауруының әртүрлі формаларымен қабысуы (үйлесуі) деп сипаттау керек. Пневмокониоздың пайда болу тегіне байланысты силикотуберкулез, антрокотуберкулез, асбестотуберкулез, сидеротуберкулез т.б. ажыратады. Туберкулезбен асқынуы әсіресе силикозда жиі кездеседі. Бұл каниотуберкулез өте ауыр өтеді.

44. Қоршаған ортаның өнеркәсіп қалдығымен ластану. 

Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. Өндіріс қалдықтарында химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмаған жерлерге тал болады. Олардың көпшілігі химиялы белсенді, әрі тірі ағза ұлпасының кұрамына кіретін молекулалармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті. Сондықтан пайда болған осындай улы зиянды заттардың түзілуімен қатар өндірісте газ, сұйық және қатты күйде орын алатын қалдықтардың шығу тегі, жіктелуі және оларды жою немесе қайыра пайдаланып, үстеме өнім алу аса зәру мәселе болып табылады. Өнім алуға болмайтын жағдайда зиянды қалдықтармен өндіріс уларынан қорғану жолдарын анықтай отырып, сақтану тәсілдерін ұсыну дайындалып отырған еңбектің негізгі ұстанымы болып табылады.

Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы) шыққан тегі бойынша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар; - адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде болатын Антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіп өндірістің техногендік әсерлері үлкен үлес қосады.

Пайда болған осындай улы зиянды заттардың түзілуімен қатар өндірісте газ, сұйық және қатты күйде орын алатын қалдықтардың шығу тегі, жіктелуі және оларды жою немесе қайыра пайдаланып, үстеме өнім алу аса зәру мәселе болып табылады. Өнім алуға болмайтын жағдайда зиянды қалдықтармен өндіріс уларынан қорғану жолдарын анықтай отырып, сақтану тәсілдерін ұсыну дайындалып отырған еңбектің негізгі ұстанымы болып табылады.

45. Радиоактивті көрініске: изотоптар,ішкі және сыртқы сәулелену,нуклидтер,иондаушы сәуле.   

Бір ғана элементгің әртүрлі изотоптарына тән атомдар өздерінің ядросына кіретін нейтрондар саны жағынан, ядролық қасиеттері тұрғысынан бір-бірінен анық өзгешеленеді, алайда олар, электронды қабаттары құрылысының бірдей болуына байланысты, бір-біріне өте ұқсас химиялық қасиеттерді иемденеді. Химиялық элементтердің көпшілігі атомдық салмақтары әр түрлі изотоп қоспасынан тұрады. Бүгінгі танда 264 тұрақты изотоптар, 50 шамалы табиғи радиоактивті изотоптар және 1000-нан астам жасанды радиоактивті изотоптар белгілі . Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.Жарықтық сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.  Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында).Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады. Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді. Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады. Сыртқы сәулелену радиоактивтік заттар мен зақымданған жергілікті жерде болған кезде бүкіл организмге ядролық жарылыстың өтпелі радиациясылың немесе гамма сәулелердің әсер етуінен тұрады. Жеке құрамның радиациялық сәулелену дәрежесі жұтылған доза шамасымен анықталады. Ішкі сәулелену радиоактивтік заттардың организм ішіне тыныс органдары, асқазан-ішекжолы, жаралар арқылы түсуі салдарынан пайда болады. Бұл жағдайда ең көп иондандыру мүмкіндігі бар альфа-актив заттар аса қауіпті болып келеді

46. Тірі организмдердің радиосезімталдылығы.

Ағзаның радиосезімталдығы табиғаттың негізінен екі жағдайына байланысты – сыртқы ортаның температурасы және табиғаттағы оттегінің концентрациясы. Мысалы, бақаның денесінде радионуклидтердің жинақталып көбеюі сыртқы температурасының жоғарылауына сай болады. өсімдіктер радионуклидтерді өздерінің жапырақтары және тамырлар жүйесі арқылы жинайды. Радиоактивтік заттардың ыдырауынан пайда болған заттарды топырақтан өсімдіктердің сіңііруі топырақтың қасиеттеріне – механикалық және минералдық құрамына, химиялық қасиетіне, гумус заттарының және т.б. байланысты.   әр түрге жататын тірі жәндіктер және жануарлар тіршілігінің жойылуы сәулелену мөлшерінің деңгейіне байланысты. Бактериялардың және қарапайым жәндіктердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы төмен. Гүлдердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы төмен. Саңырауқұлақтардың сәулеленуге сезімталдығы өте жоғары. Көпшілік жоғары өсімдіктердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы жоғары. Сүтқоректілердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы өте жоғары.

47. Табиғи және жасанды радиациялық фон сипаттамасы. 

Табиғи радиациялык фон (ТРФ) жер бетінде космостық және жер бетіндегі табиғи көздерден адамға әсер ететін иондаушы сәулелер. Технологиялық өзгерген табиғи радиациялык фон (ТӨТРФ) адамның іс-әрекеті нәтижесінде, белгілі өзгерістерге ұшыраған, мысалы жер бетінің қойнауларының пайдалы қазбаларының (әсіресе, минералды тыңайтқыштар) биосфераға түсуі, органикалық жанар майының жану өнімдерінің қоршаған ортаға түсуі, құрамында табиғи радионуклидтері бар материалдан алынған бөлмелердегі сәулеленулер нөтижесінде болатын иондаушы сәулеленулер. Бұларға кейде қазіргі уақыттардағы ұшу кезіндегі қосымша сәулеленуге ұшырауларды, тұрмыстық сәулеленуге ұшырауды, құрамында табиғи радионуклидтері бар, тұрақты әсер ететін, циферблатында жазуы бар сағаттарды тағуды жатқызады. Жасанды радиоактивтік изотоп биологияда және медицинада жиі қол-данылады. Оны қолдану тәсілдерін изотоптық тәсіл изотопный метод және таңбаланған атомдар тәсілі метод меченых атомовдеп атайды.

48. ҚР радиоэкологиялық мәселелер

Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.

Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм   көріп  отыр.   Теңізбен   қоса,   Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. 

Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы  осьінен тайдырын  жібере  жаздады.   Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы
тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

49. Адам денсаулығына әсер ететін ластаушы заттар ксенобиотиктер. 

Ксенобиотиктер (Ксенобиотики) (грекше хенос — бөтен, жат, біос — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, жуғыш заттектер (детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады. Қоршаған табиғи ортаға түскен соң олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.

50. Адам денсаулығына әсер ететін факторлар.

Адамның денцаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.




1. Постановка задачи В данной курсовой работе необходимо решить дифференциальное уравнениес заданными на
2. Квалифицированное убийство
3. Контрольная работа- Еволюція інтелектуальної власності
4. . Развитие перевода в России и за рубежом
5. Дядюшка Толик воспитатель СРЦг
6. Необходимость оптимизации системы налогообложения
7. тема 2 показники
8. Особенности технологии получения доброкачественного молока
9. Обобязательных резервах кредитных организаций от 29 марта 2004 года ’ 255П
10.  Джон Стюарт Мілль про свободу порядок і соціальний прогрес
11. Антропология человека
12. . Аттестация рабочих мест по условиям труда Основная цель аттестации рабочих мест по условиям труда заклю
13. Ансамбли различаемых сигналов. Структура устройств распознавания портретов. Оптимальная обработка некоррелированных портретов
14. Ненависть к малой родине, или Элегические проклятия
15. Control in mngement
16. Устройства оптоэлектроники
17. МОРДОВСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ Н
18. Кредит и кредитные отношения
19.  производя ремонт силами собственного электроцеха; 2
20. rhythmos мірність сумірність узгодженість суголосся закінчень у суміжних та близько розташованих словах