Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Бекітемін»
Оқу жұмысы жөніндегі проректоры
_______________Әбдибеков У.С.
«____» _________________ 2013 ж.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ 2013»
көркемөнерпаздар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы
29 наурыз, 2013 ж.
Ұйымдастырушы: Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент
Медиа-қолдау: ҚазҰУ ТРК, Алматы ТК, «Қазақстан» телеарнасы.
БАҚ: «Қазақ университеті», «Ана тілі», «Айқын», «Литер», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Экспресс К» газеттері т.б.
Интернет-ресурстар: www.kaznu.kz, http://www.stud.kaznu.kz, www.alzhastar.kz, www.zhastar.com, www.mail.ru, www.nur.kz, www.afisha.kz, www.karl-off.media.kz, www.didar-com.kz, www.baq.kz т.б.
Мақсаты мен міндеттері:
Байқауға қатысушылар: Барлық факультеттердің көркемөнерпаздар ұжымы.
«Студенттік көктем - 2013» байқауы 2013 жылдың 1 ақпаннан 29 наурыз аралығында үш кезеңде өтеді. Байқауға тек әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттері мен колледж студенттері қатыса алады.
Бірінші кезең: Іріктеу кезеңінің өткізілуі
Әрбір факультеттен қатысатын өнерлі жас алдымен ұйымдастыру комитетіне 10 ақпанға дейін stud.vesna_2013@mail.ru почтасына өтініш жіберіп, тіркелуі керек (1 үлгі, қосымша тіркелді). Аталған өтініште номинацияның және орындалатын нөмірдің аты, орындаушының аты-жөні, факультеті толық жазылуы қажет. Егер топтық орындау болса, барлық қатысушылардың толық аты- жөні көрсетілуі қажет.
Электоронды өтініш берген барлық студенттер 11-15 ақпан аралығында төменде көрсетілген номинациялар бойынша Студенттер сарайында «Жастар рухани орталығында» өтетін 1-кезеңге қатысады. Биылғы жылдың ерекшелігі әрбір номинацияға бір күн беріледі. Студент өзі қатысатын номинацияға сол күні қалаған уақытында келіп, өнерін көрсете алады.
11 ақпан. сағ. 10.00.-18.00
Ән байқауы
1.1 Эстрадалық ән
1.2 Домбырамен дәстүрлі ән
1.3 Топтық орындауда ән
1.4 Авторлық ән
12 ақпан. сағ. 10.00.-18.00
Бишілер байқауы
2.1.Халық биі (топтық)
2.2.Заманауи би (топтық)
2.3.Классикалық би (топтық) музыка классика
13 ақпан. сағ. 10.00.-18.00
Музыкалық аспаптарда орындаушылар байқауы
3.1. Келесі аспаптарда музыкалық шығармаларды жеке орындау:
3.1.1.домбыра
3.1.2.фортепиано
3.1.3.гитара
3.1.4.аккордеон, баян
3.1.5.скрипка, қобыз
3.1.6. саксофон т.б.
14 ақпан.сағ. 10.00.-18.00
4. Поэзия және жүргізушілер байқауы
4.1 Жас ақындар
4.2 Үздік жүргізуші
15 ақпан. 10.00.-18.00
5. Ерекше жанр
(Таңқаларлық өнер көрсету. Мысалы, цирк, фокус, акробатика т.б.)
16 ақпан. 10.00.-18.00
6. Ең үздік КТК (КВН)
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша байқауды ұйымдастырушылар мен әділ-қазылар «Студенттік көктем - 2013» байқауының екінші кезеңіне, яғни финалға өтетін студенттерді анықтайды.
Екінші кезеңнің өткізілуі: Финал.
Екінші кезең 15 наурыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының сахнасында өтеді. Белгілі өнер жұлдыздарынан құралған әділ-қазылар алқасы факультеттер бойынша жүлдегерлерді анықтайды. Сонымен қатар номинациялар бойынша жеке орындаушылар мен топтық орындаушылар марапатталады.
Факультеттердің сахнаға шығу реті жереби арқылы анықталады.
Үшінші кезең: Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және Гала-концерт. 2013 жылдың 29-наурыз күні сағ. 18.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.
Әділ-қазылар алқасы
Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлері, вокал
және аспаптық музыка мамандары әділ-қазылар алқасын құрайды.
Орындаушылардың бағасы 5 - балдық жүйемен белгіленеді.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талап:
Әрбір концерттік нөмір жеке бағаланады. Әрбір концерттік нөмірге қойылған баға факультет ұжымының пайдасына жазылады. Әрбір номинация бойынша ең үздік орындаушы, ең үздік факультеттер анықталады.
«Студенттік көктем - 2013» байқауының жеңімпаздары демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.
Қосымша ақпарттар алу үшін 8 707 390 97 90, 8 702 264 7779
Тәрбие жұмысы жөніндегі
департамент директоры Ноғайбаева М.С.
Студенттер клубының директоры Ә.Б.Әлімжанова
PAGE 3