Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы
«Бекітемін»
Қылмыстық, қылмыстық-атқару
құқығы және криминология
кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.к., доцент А.М.Серікбаев
_______________
«____» ___________ 2013 ж.
«Есірткі қылмыстылығымен күресудің қылмыстық-құқықтық
және криминологиялық мәселелері» пәнінен
СК(к) ІІІ курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары.
1. Есірткі,психотроптық заттар,прекусорлар заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы
іс қимыл шаралары туралы заңның қабылданған уақыты.
2. Дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен
прекусорларды даралап немесе шағын көлемде сату.
3. Есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы
мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, ҚР бақылау
жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлардың тізіміне енгізілген
өсімдіктер,заттар немесе препараттар.
4. ҚР заңнамасына,1961 жылғы есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі
1972 жылғы хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулермен қоса 1961 жылғы есірткі заттар туралы
бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылу жасалуға жататын есірткі психотроптық заттар мен
прекусорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар.
5. Құрылымы мен қасиеттері жағынан 1,2,3 кестелерге енгізілген заттарға ұқсас еліртетін,
күйзелетн немесе жалған елес күйіне түсіретін химиялық құрылымы мен қасиеттері бар,
оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті және осы заңмен БҰҰ-
ның халықаралық конвенцияларымен есірткі немесе психотроптық заттар ретінде
бекітілмеген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар.
6. ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аумағында сату үшін заңдв тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір
есірткі,психотроптық заттар мен прекусорлар саны.
7. Құрамында есірткі бар өсімдіктерлі егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық
заттар мен прекусорларды әзірлеуге, өндіруге өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге,
тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға
байланысты ҚР заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері.
8. Өзіне берілген құзырет шегінде есірткі,психотроптық заттар мен прекусорлар айналымы
саласында мемлекеттік саясаты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін
орган.
9. Есірткі,психотроптық заттар мен прекусорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке
өткізілу тәртібі мен шарттары.
10. Өндіруді қоспағанда жүзгізілуінің көмегі мен есірткі, психотроптық заттар мен
прекусорлардың алынуы мүмкін барлық процестер,сондай ақ есірткі, психотроптық заттар
мен прекусорлардың басқа есірткі,психотроптық заттар мен прекусорларға айналдырылуы.
11. ҚР заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі,психотроптық заттар мен
прекусорлар айналымы.
12. Химиялық заттардан және өсімдіктерден не басқа Есірткі, психотроптық заттар мен
прекусорлардан Есірткі,психотроптық заттар мен прекусорларды сериялап бағытталған
процесс.
13. Нәтижесінде тазартылытын препараттағы Есірткі,психотроптық заттар мен прекусорлардың
концентрациясын арттыратын іс әрекет, сондай ақ олардың негізінде, Есірткі, психотроптық
заттар мен прекусорлар болып табылмайтын заттар алу.
14. Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорларды мақсатқа сай қолдану.
15. Тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан ҚР шегінде есірткі, психотроптық
заттардың немесе прекусорлардың орнын ауыстыру жөніндегі қылмыстық іс-әрекеттер.
16. Нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, Есірткі,психотроптық заттар мен
прекусорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ҚР заңнамасына сәйкес
мәлімделген белгілі бір Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар саны.
17. Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке
үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі.
18. Есірткі немесе психотроптық заттарды дәрігердің тағайындалуынсыз қасақана заңсыз
тұтынуы.
19. Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын
және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын
мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі.
20. Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлардың ірі топтарын сату тәртібі.
21. Халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелермен тізімге
біріктірілген, ҚР-да бақылау жасалуға жататын Есірткі,психотроптық заттар мен
прекусорлардың тізбесі.
22. Апиын көкнәр мен сораны, халықаралық конвенцияларға сәйкес ҚР-да бақылау жасалуға
жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі
бар басқа да өсімдіктерді егу және өсіру.
23. Халықаралық конвенцияларға сәйкес тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін
егілетін өсімдіктерді жинау.
24. Заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер.
25. Нашақорлықпен ауыратын адамды ерікті түрде емделуден жалтарған не есірткі немесе
психотропық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешімі негізінде жүзеге
асырылатын стационарлық емдеу.
26. Есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру.
27. Есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның құқық қорғау
органдарының медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкімін қасақана
орындамауы,сондай-ақ дәрігерлердің белгілеулері мен ұсынымдарын орындамауы.
28. «Нашақорлық» деген диагноз қою немесе оны теріске шығару мақсатында адамды
стационарлық жағдайда тексеру.
29. Организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп
соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелді болуға
байланысты ауру.
30. Қандай да болсын есірткі, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және
психалық тәуелді, белгіленген тәртіппен медициналық мекеме «нашақор» диагноз қойған
адамдардың криминологиялық сипаттамасы.
31. Нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге шектен тыс салынудан науқастың өзінің
немесе заңды өкілінің келісімімен емдеу тәртібі.
32. Есірткі және психотроптық заттарды өңдеіру дайындау өңдеу кезінде пайдалынылатын ҚР-
ның заңнамасына, ҚР халықаралық шарттарына, соның ішінде есірткі және психотроптық
заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы конвенцияға сәйкес бақылау
жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар тізіміне енгізілген заттар.
33. Тізімге енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше психотроптық заттар немесе прекусорлар
бар кез келген физикалық күйдегі қоспа.
34. ҚР-ның заңнамасына, ҚР халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы психотроптық
заттар мен прекусорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар.
35. ҚР-ның заңнамасына сәйкес өздеріне берілген құзырет шегінде Есірткі және психотроптық
заттар мен прекусорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар.
36. Есірткі және психотроптық заттардың әсеріне ұқсас психикалық елірме әсер туғызатын және
республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тізімдеріне енбейтін
дәрілік препараттар мен табиғаты әр түрлі дәрілік емес заттар.
37. Қазақстан Республикасы аумағында бақылауға жататын есірткі заттарының төртінші
кестесінде көрсетілген заттар.
38. Шу алқабындағы есірткінің ғылыми атауы мен ерекшеліктері.
39. Экономикалық контрабанданың обьектісі, ол үшін қылмыстық жауапкершілік негіздері.
40. Контрабанда қылмысының заты: түрлері мен ерекшеліктері.
41. ҚР Қылмыстық Кодексі 209-бабында көрсетілген экономикалық контрабанданың обьектісі.
42. Қазақстан Республикасы аумағында бақылауға жататын есірткі заттарының үшінші
кестесімен қамтылған есірткілік заттар.
43. Есірткі құралдарының Қазақстанға ықпал ету факторлары.
44. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар айналымы саласында
обьектілер мен үй-жайларды пайдалану, қойма қорларының ұрлануы немесе басқадай
жоғалуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген жағдайда есірткі
психотроптық заттар мен прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге
асыратын органның қызметі мен құрылымы.
45. Есірткі және психотроптық дәрілік заттардың буып-түйілуі мен жазбалары сәйкес келуге
тиісті шарттар.
46. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда Есірткі және психотроптық заттар мен
прекусорларды тасымалдау, сондай-ақ, осы үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі.
47. Азаматтарға құрамында есірткі психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік
препараттарды босату тәртібі.
48. Тізімге енгізілген есірткі психотроптық заттар мен прекусорларды медициналық мақсатта
қолдану тәртібі мен шарттары.
49. Есірткі қылмыстарын саралау ерекшеліктері.
50. Жасалған құқықтық іс әрекеттің белгілері мен қылмыстық құқықтық нормаларымен
қарастырылатын құқықтық белгілерін бір бірімен толық сәйкестендіру.
51. Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс
пайдалануына қарсы іс-қимыл ұйымдастыру.
52. Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес
шаралары.
53. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің және прекурсорлардың заңсыз
айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүліктің не мүлікке құқықтың
көздері мен шығу тегін, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерін немесе шын мәнінде кімдікі
екенін жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ, осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлікті
кәсіпкерлік немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшін пайдалану.
54. Көлік құралын, ондағы жүкті, жүргізуші мен жолаушылардың жеке заттарын тексеру тәртібі. 55. Бақыланатын жеткізу ісін өткізу тәртібі.
56. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына
байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдер алу үшін жедел-іздестіру қызметкерлерінің
құқықтары.
57. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізудің тәртібі.
58. Азаматтар жаппай болатын жерлерде қызмет көрсететін ұйымдарда есірткі, психотроптық
заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері туралы
мәліметтер анықталған жағдайдағы әрекеттер тізбесі.
59. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз тұтыну фактісін анықтау.
60. Нашақорлық диагнозын қоятын органдар.
61. Медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі.
62. Медициналық тексеруді жүргізу тәртібі.
63. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет беретін кепілдіктер.
64. Кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз адамдарға наркологиялық көмек көрсету шарттары.
65. Ерікті стационарлық емдеу кезеңінде ауру адамға берілетін анықтама.
66. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететін жеке адамдардың қызметтеріне ақы
төлеу негіздері мен тәртібі.
67. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды талан тараждауға салу не қорқытып алу
қылмысының субъектісі.
68. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитарлық көмек
көрсету түрлері.
69. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитарлық көмек
көрсететін мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру.
70. ҚР-сында бақылауға жататын Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінің
құрылымы.
71. І кестеге енгізілген есірткілік заттардың сипаттамасы.
72. ІІ кестеге енгізілген есірткілік құралдары.
73. ІІІ кестеге енгізілген есірткі құралдарының сипатамасы.
74. ІV кестеге енгізілген есірткі заттар.
75. Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу.
76. Азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды
босату тәртібі.
77. Азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды
босату орындары мен шарттары.
78. Есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жойылуы тиіс жағдайлар мен жою
тәртібі.
79. Мал дәрігерлігінде пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттар тізбесін анықтайтын
органдар мен оның тәртібі.
80. Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрігерлігінде пайдалану шарты мен
тәртібін белгілеу.
81. Оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ғана пайдаланылатын
құрамында есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорлар бар Тізімге енгізілген дәрілік
препараттар сақталатын орындар.
82. Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жөнелту.
83. Есірткі,психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз ұқсату.
84. Есірткі,психотроптық заттар,прекурсорлардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты
қылмыстардың тікелей объектісі.
85.1987 жылы маусым айында Вена қаласында қабылданған Конвенция.
86. Есірткі контрабандасының алдын алу шараларының түрлері.
87. Нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін тағайындалған айыппұл жазасын орындау
тәртібі мен шарттары.
88. Құрамында есірткі заттары бар өсімдік ретінде марихуананың сипаттамасы.
89. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу.
90. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды талан тараждауға салу немесе қорқытып алу
қылмысының субъектісі.
91. Қазақстан Республикасында құрамында есірткі заттары бар жабайы өсімдіктер өсетін дүние
жүзіне белгілі Шу алқабының гоеграфиялық-құқықтық сипаттамасы.
92. Тік өсетін, жапырақтары кезекпен немесе қарама қайшы орналасқан, гүлі майда, күңгірт жел
арқылы ұрықтанатын өсімді.
93. Зығырдың өте кең таралу аймағы.
94. Ауа райы мен климаттың салқын және суық болуының зығырға әсері.
95. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің ерекшелігі.
96. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін сотталған адамдардың
криминологиялық сипаттамасы.
97. Шу алқабында ІІМ есірткімен күресу бойынша қылмысты тергеу мен ашу бойынша жеке
өкілеттіктері бар арнайы бөлімшелер.
98. Есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың
заңсыз таралуымен күресу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған
ведомстволық орган.
99. Наркотизм мен нашақорлықтың алдын алуда маңызды бағыттардың бірі.
100. Қылмыстық заңмен қорғалатын, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті,
олардың табиғи, рухани, әлеуметтік және психикалық аман-саулылығын көрсететін күйі.
101. Есірткі заттарына байланысты қылмыстардың негізгі тікелей объектісі.
102. Есірткі заттарымен байланысты қылмыстарды жүзеге асыру кезінде қолданылатын
құралдар, жабдықтар мен аспаптар.
103. Адам құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің тұқымын келешекте егу үшін алса
және жер учаскесін өңдеп даярласа, мұның барысында адамның еркінен тәуелсіз мән-
жайларға байланысты өсімдіктерді егу аяғына дейін жеткізілмеген кездегі қылмыстық
жауапкершілігі.
104. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің тұқымын егуге даярлау, адамның тұқымды
егуге тікелей кірісуі, бірақ кінәлінің еркінен тәуелсіз мән жайлар есебінен толық жүзеге
асырылмауы кезіндегі жауапкершілігі.
105. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егу, егілген мен өсіп шыққан өсімдіктерді күту.
106. Есі дұрыс емес, заңмен бекітілген жасқа жетпеген адамды есірткі заттарымен байланысты
қылмыстық әрекет жасау үшін пайдаланған кезде осы аталған іс әрекет жасауға тартылған
адамның қылмыстық жауапкершілігі.
107. Биіктігі 1.5метрге дейін жететін, сабағының диаметрі 4 см жететін қалың бұтақты, тамыры
өте тереңге кететін құрамында есірткі заттары бар өсімдік.
108. Зығырдағы галлюциногендердің көзі.
109. Өткір, ерекше иісті, жабысқақ, сағыз сияқты есірткі заттың криминологиялық сипаттамасы.
110. Организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеліп
соғатын есірткі немесе психотроптық заттарға немесе сол тектестерге тәуелді болуға
байланысты ауру.
111. Таулардың тасты бөктерінде өсетін құрамында есірткі заттары бар өсімдік.
112. Кептірілген ұсақ туралған жапырақтың тұқымдары мен жасыл, қоңыр, сұр түсті сора
гүлдерінің қосындысы.
113. Коко өсімдігінен өндірілетін ақ ұнтақ тәріздес есірткі.
114. Метилендионсинетметалланфетаминнің кримиологиялық сипаттамасы.
115. Қазақстан Республикасы аумағында бақылауға жататын есірткі заттарының бірінші
кестесінде қарастырылған есірткілік заттар.
116. Қазақстан Республикасы аумағында бақылауға жататын есірткі заттарының екінші
кестесімен бекітілген есірткілік заттар.
Қажетті әдебиеттер тізімі.
Емтихан сұрақтарын құрастырушы:
аға оқытушы Ә.Т.Керімқұлов