Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

анасыны~ ~ам~орлы~ынсыз ~ал~ан балалар мен жас~спірімдерді аны~тау оларды отбасылар~а ~ор~аншылы~~а мемл.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Балалардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Мақсаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді анықтау, оларды отбасыларға қорғаншылыққа, мемлекеттік тәрбиелеу мекемелеріне орналастыру, олардың мүліктік және басқа да құқықтарын қорғауда балалардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға қоғамның көмегін дұрыс ұйымдастыруға көмектесу.

қоғамдық инспекторлар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, оларды орналастыру нысанын қарастырып, немесе әлеуметтік, құқықтық, материалдық, педагогикалық және басқа да көмек көрсетеді;

- балалардың тұрмыс жағдайын бастапқы анықтау, жасөспірімге тиесілі мүлкі анықталған жағдайда, мүлікті қаттау және олардың сақталуына шаралар қолдану;

- оларды тәрбиелеу және құқықтарын қорғау ісіне қатысты отбасылардағы балалардың заңды өкілдерімен басқа да азаматтардан деректер алу;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алуға ниет білдірген азаматтар жайында білім бөліміне хабардар ету;

- қорғаншылық белгілеуге, жасөспірімдерді интернаттық мекемелерге орналастыруға, мемлекеттік жәрдемақы алу үшін қажетті құжаттардың алуына көмек көрсету;

- қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған жасөспірімдердің тәрбиесіне, денсаулығына, тұрмыстық жағдайына, мүлкіне, қорғаншылардың өз міндеттерінінің дұрыс орындауына жылына екі рет жүйелі бақылау жүргізу;

- жүргізілген тексеру бойынша тиісті акт толтырылып нәтижелері мен ұсыныстарымен білім бөліміне жолданады;

- кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын және басқа мүдделерін қорғау мақсатында қажетті іс-құжаттарды сұрастыруға;

Мектеп яғни мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мектепте оқитын оқушылардың отбасылық тұрмыс жағдайын, олардың жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жөніндегі бірінші кезекте  мәлім болатыны белгілі.

Қоғамдық инспектор өзінің тұрғылықты шағын ауданында тұратын  халықты жақсы білуі қажет, себебі оның қарауына өзінің мектебінде оқитын балалар да, оқымайтын балалар да кіреді.

Ерекше бақылауды қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алынған жасөспірімдер қажет етеді.  Осы балалардың отбасылық тұрмыс жағдайын бақылау мен тәрбие беруде көмек көрсету білім беру ұйымы атқарады. Қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы жасөспірімдердің қорғаншылары мен қамқоршылардың өз міндеттерін атқарудағы жыл сайыңғы есебін тыңдап, білім бөліміне жолданады. Қорғаншыларға қамқорлықтағы балаларды демалыспен қамтуға көмек беру. Қорғаншылардың іс-әрекетіне шағымдарды қарауға, қорғаншылық тоқтатылған балаларды орналастыру шараларын қарастыру.

 

Мектеп директорының  жанындағы  жиналыста балалық шақты қорғау бойынша жұмыстарының жағдайы туралы қаралатын мәселелердің үлгісі.

1. қамқорлықтағы балалардың тәрбие, оқу, денсаулық жағдайы мен материалдық жағдайын бақылау жұмыстары.

2. қамқорлықтағы балалардың мүліктік сақталуы

3. қамқорлықтағы балаларға материалдық, әлеуметтік және педагогикалық  көмек көрсетілуі, жазғы демалысы.

4. Мектептегі жалпы балалық шақты қорғау жұмыстарының жағдайы.

ІІ бөлім.

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  баланы отбасылық тәрбиелеудің нысаны болып табылады. Он төрт жасқа дейін қорғаншы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін қамқоршы отбасыға беріледі. Отбасыға берілудің негізі аудан әкімиятының қорғаншы тағайындау туралы қаулысы шығарылады.

Қорғаншылық (қамқоршылық):

- ата-аналық қамқорлықтан айырылған балаларды тәрбиелеуге;

- осы балалардың мүліктік құқығын қорғауға белгіленеді.

Ата-аналық қамқорлықтың болмауының мәні кең ұғынылады, оның негізгі критериі: бала ата-анасының көмегінен тыс қалған, оның мүдделері мен құқықтары бұзылуда.  «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 100 бабының  1 т. сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалудын себептері:

- ата-анысының қайтыс болуы;

- ата-ана құқығынан айыру;

- ата-анасының сырқаттылығы;

- ата-анасының қайтыс болған деп танылған;

- ата-анасының тәрбиелеуден жалтаруы;

- ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылған;

- ата-анасының ұзақ уақыт болмауы;

Ата-анасымен балаларын туыстарының немесе жақын адамдардың қолында қалдырып кетуде, қорғаншылық белгілеу  міндетті емес, тек егер баланың мүддесі талап етсе және ата-ананың ұзық уақыт болмауы алты ай мерзімнен асатын болған жағдайда.

«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 108 бабына сәйкес екі жыныстың да кәмелетке толған адамдары, мыналарды:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарды;

2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдарды;

3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншылық (қамқоршылық) мiндеттерден шеттетiлген адамдарды;

4) егер сот олардың кiнәсiнен бала асырап алудың күшiн жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды;

5) денсаулығының жай-күйiне байланысты баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда  қорғаншы (қамқоршы) бола алады.

Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезiнде қорғаншының (қамқоршының) адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық (қамқоршылық) мiндеттердi орындау қабiлетi, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерiнiң балаға деген көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етiп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу үшін білім бөліміне төмендегі құжаттар табыс етіледі:

1. Өтініш;

2. ата-анасының қамқорлығы болмауының дәлелдейтін құжаттары;

3. Қорғаншының жеке куәлігінің көшірмесі;

4. Жұбайының нотариалды расталған келісімі, егер де қорғаншы некеде болса;

5. Қорғаншының және оның жұбайының денсаулық жағдайы туралы анықтамалар;

6. тұрғын үй жайында құжаттар көшірмесі;

7.  жұмыс орнынан анықтама, жалақысы туралы, мінездеме;

8. баланың туу туралы анықтамасы;

9. Баланың тұрмыс жағдайын анықтау актісі;

10. оқу орнынан анықтама, мінездеме;

Егер бала мен қорғаншы бөлек тұрған жағдайда қорғаншыға бөлек акт жасалады.

Қорғаншылық аудан әкімиятының қаулысы шығарылған күннен бастап  жүргізіледі. Қорғаншы (қамқоршы) баланың мүдделері мен құқықтарын қорғайтын заңды өкілі болып табылады. «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 111 бабында қорғаншының міндеттері нақты келтірілген. Қорғаншы қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қорғаншы (қамқоршы) қамқорлығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алиментi, зейнетақысы және басқа да әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктер есебiнен жүзеге асырылады.

Дәлелдi себептер болған кезде (сырқаттану, мүлiктiк жағдайдың өзгеруi, қамқорлыққа алынушымен өзара түсiнiспеушiлiк және т.с.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның өтiнiшi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы мүмкiн. Қорғаншы немесе қамқоршы өзiнiң тиiстi мiндеттерiн тиiсiнше атқармаған жағдайда, соның iшiнде өзiнiң қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажеттi көмексiз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы мiндеттердi атқарудан шеттеуi және кiнәлi адамды заңмен белгiленген жауапқа тарту үшiн қажеттi шаралар қолдануы мүмкiн.




1. Базовое университетское образование и социальный заказ на педагогическую работу
2. ТЕХНОЛОГИЯ РАБОТЫ ПАССАЖИРСКОЙ СТАНЦИИ
3. тема Сложные системы это составной объект элементы которого можно рассматривать как отдельные системы
4. Курсовая работа- Источники набора, отбора и приема персонала
5. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Львів ~
6. . Задача педагогической науки- а вскрытие закономерностей в областях воспитания обучения образования;
7. Сколково выделяет грант на разработку портативного дозиметрарадиометра Кластер ядерных технологий Фон
8. Тема- Этапы развития экономической теории Нобелевскую премию 1975 года за вклад в теорию оптимального рас
9. Технологія вирощування рису1
10. электронный выпуск новостей о текущих конкурсах российских и международных фондов и программ
11. Производство погрузочно-разгрузочных работ
12. Система игр по развитию речи детей младшей группы
13. Контрольная работа- Информационно-поисковый тузаурус
14. ~а~тар 2014 ж Атырау инженерлікгуманитарлы~ институтыны~ ректоры Е
15. Самарский государственный медицинский университет Министерства здравоохранения и социального развити
16. . ТЕОРЕТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ ЛИТЕРАТУРЫ ПО ПРОБЛЕМЕ ГЕНДЕРНЫХ ОСОБЕННОСТЕЙ ПРОЯВЛЕНИЯ АГРЕССИВНОСТИ В РАННЕМ ЮНО
17. курсом Смирнова Е.
18. Тема- Понятие алгоритмов свойства алгоритма
19.  Маркетинг включает в себя множество самых разнообразных видов деятельности в том числе маркетинговые ис
20. Тема 3. Психофизиология акта чтения