У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Азаматша ~лiбаева мен оны~ б~рын~ы к~йеуi ~здерiнi~ арасында жасас~ан келiсiмдi ку~ландыру ~шiн нотариус~а

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

1. Азаматша Əлiбаева мен оның бұрынғы күйеуi өздерiнiң арасында жасасқан келiсiмдi

куəландыру үшiн нотариусқа ба-рады. Ол келiсiм бойынша ажырасқан ерлi-зайыптылар кiшкен-

тай балаларын асырау жөнiнде бiр-бiрiне қандай да бiр талап қоюдан өзара бас тартады‚ күйеуi

ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлуге дəметпейдi‚ ал əйелi балалар кəмелетке жеткенше жаңа

некеге тұрмаудымiндет етiп алады. Нотариус бұл мəмiленi куəландырудан бас тартады.

Нотариустың əрекетi дұрыс па?

2. Институтта ұзақ уақыт ғылыми аға қызметкер болып iс-теген Уəлиев‚ өмiр бойы жинаған

арнайы əдебиет кiтапханасын институтқа сыйлайды. Өз сыйлығы туралы ол Институттың Ғы-

лыми кеңесiндежəне де институттық көп тиражды басылымын-дажария етедi.

Кiтаптардың көп болуынан жəне оларды бiрден тасымалдау-дың қиынға соғуынан Уəлиев оларды

кiшкене партиялармен тасымалдайды. Барлық кiтаптарды көшiрiп үлгермей‚ Уəлиев қайтыс

болады. Заң бойынша жалғыз мұрагерi болып табылатын оның ұлы институт директорының

қалған кiтаптарды берудi сұрағанына жауап ретiнде оның əкесi мен институт арасындағы шарт

тиiстi түрде жасалмағанына сiлтей отырып‚ əкесiнiң бұры-нырақ берген кiтаптарының бəрiн

қайтару талабын қояды.

Осы дау қарастырылып жатқан сотта институт кiтапхана-шысы қол қойған жəне институт

директоры бекiткен Уəлиевтiң сыйға тартқан кiтаптарын балансқа қабылдау актiсiн ұсынады.

Пайда болған дауды қалайша шешу қажет?

3. Насыровқа мұра бойынша “Жигулиң автокөлiгi өтедi. Өзiнiң досы Масановқа бұрынғы

көрсеткен қызметтерiн ескере отырып‚ жəне автокөлiктi айдай алмағандықтан‚ Насыров Маса-

новпен шарт жасасады. Ол шарт бойынша Насыров автокөлiкке құқық белгiлейтiн құжаттарды ала

салысымен тез арада “Жи-гулиң автокөлiгiн Масановқа сыйлауды мiндеттенедi. Шарт нота-риуста

куəландырылады.

Масанов автокөлiктiң профилактикалық жөндеу жұмыста-рын бастайды жəне оның жөнделуiне

бiршама көп сома жұмсай-ды. Алайда тиiстi құжаттарды алған соң Насыров Масановқа автокөлiк

сыйлаудан бас тартады. Масанов автокөлiктi беружө-нiндегi талабымен сотқа арыз ұсынады. Iстi шешiңiздер.

4. Асылов пен Есенғараев арасында тараптар бағалауы бой-ынша 2 мың АҚШ долларына тең

жиһаз гарнитурын сату жө-нiнде шарт жасалады. Бiрнеше күннен соң сатып алушы сату-шының

пəтерiне келедi‚ сол жерде сауда-саттық мəмiлесi жаса-лады. Есенғараев жүк таксидiң

жүргiзушiсi‚ жүк тасушы жəне Асыловтың көршiсiнiң көзiнше Асыловқа 2 мың доллар берiп‚

көлiкте орын табылмағандықтан екi кресло мен диван-төсектен басқажиһазды алып кетедi.

Бiрнеше күн өткен соң Есенғараев қалған жиһазды алып кету үшiн келедi. Алайда Асылов

креслолар мен диванның сатыл-ған гарнитур құрамына кiрмейтiнiн айтып‚ оларды беруден бас

тартады. Екi кресло мен диванды ол 800 долларға бағалайды‚ бiрақ заттарға қатысты

Есенғараевпен ешқандай шартжасаспағанын айтады.

Сот мəжiлiсiнде куəгерлер бiр ауыздан Асылов пен Есенға-раевтың арасында жиһаз гарнитурын

сату шарты жасалғанын‚ оған даулы заттар кiретiнiн көрсетедi. Шарт олардың көзiнше

орындалғанын‚ ал пəтерде қалған 2 кресло мен диванға байла-нысты Асыловтың ол заттарды 30

доллар мөлшерiндегi қосымша сыйақыүшiн сақтауға мiндеттенгенiн айтады.

Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? Даулы заттардың жиһаз гарнитуры құрамына кiретiнi туралы

жиһаз дүкенiнiң анықтама қағазы сот шешiмiнеықпалын тигiзе ала ма?

Егер Есенғараевтың доллармен емес‚ ал Қазақстан Ұлттық Банкiсiнiң курсы бойынша теңгемен

есептескенi белгiлi болса‚ шешiм өзгерер ме едi?

5. Шыңғысов преферанс ойнап Жүнiсовқа iрi сомаға ұты-лады. Өз қарызын ол бүкiл соманы

қолхатқа қол қойған күннен бастап 10 күннен артық кешiктiрмей төлеу мiндеттемесi бар қарыздық

қолхат түрiнде жасайды. Төлемдi кешiктiру жағдайын-да Шыңғысов қарызының жартысындай

көлемде айып төлеудi мiндет етiп алады.

Қолхаттың жасалу күнiнен 12 күн өткен соң қарыз толы-ғымен өтеледi. Шыңғысов төлемнiң

мерзiмiн бұзғандықтан‚ Жү-нiсов айып төлетужөнiнде талап арызын сотқа бередi.

Iстi шешiңiздер.

Егер қолхат орнына Шыңғысов вексель берген болса‚ ше-шiм өзгере ме?

6. Үсенов өзiнiң кемтарлығынана,— яғни, соқыр болу себе-бiнен пəтер бойынша көршiсi

Армановты Үсеновтың атынан шартқа қол қоюын сұрайды‚ ол шарт бойынша ол Болатбаевтан

100 мың теңге қарыз алады. Шартта қарастырылған мерзiм өткен соң Болатбаев қарыз сомасын

қайтаруды талап етедi. Үсенов жағдайының жоқтығына сiлтеп‚ бұл талапты орындаудан бас

тартады.

Сот мəжiлiсiнде Армановтың қойған қолын ешкiм куəлан-дырмағаны‚ ал оның өзi бұл қаладан

мүлдем кетiп қалғаны анық-талады. Қарыз шартының тəртiбi сақталмағанын көрсете отырып‚

Үсенов талап арызды мойындамайды‚ бiрақ ақшаны алғанынан бас тартпай‚ оны ретi келгенде

қайтарып беруге уəде бередi.

Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?

7. Ата-анасының өлiмiнен кейiн асырауында екi кiшкентай қарындасы қалған Асқаров ауыр

материалдық мұқтажық көр-гендiктен əкесiнен мұраға қалған үш бөлмелi пəтердi Түгелбаев-қа

сатады. Мəмiлежасауға ықыласты Асқаров пен оның қарын-дастарының ақшажағынан тапшылық

көретiнiн Түгелбаев бiле-тiн. Сатудан түскен ақшаға Асқаров пен оның қарындастары екiбөлмелi пəтер сатып алады.

Бiр жарым жыл өткен соң Асқаров оның сатқан пəтерiнiң сол кезеңде нарықтық бағасы

Түгелбаевтың төлегенiнен екi есе жоғары болғанын анықтайды. Түгелбаевтың Асқаров пен оның

қарындастарының ауыр жағдайын пайдаланып үйдi сатып ал-ғанын талабының негiзiне ала

отырып Асқаров сотқа талап арыз бередi. Сот мəжiлiсiнде Түгелбаевтың жылжымайтын мүлiк

сату агенттiктерiнiң бiрiн басқарып отырғандықтан‚ пəтерлердiң ба-ғасы жөнiнде хабары бар

болғаны анықталады. Түгелбаев талап қою мерзiмi ескiргендiгiн сiлтеп‚ талап арызды

мойындамайды.

Iстi шешiңiздер.

8. Қаржының жетiспеушiлiгiне байланысты акционерлiк қоғамның бас директоры акционерлiк

қоғамның есеп шоты орналасқан банкпен несие шартын жасасады. Несие шартын қамтамасыз ету

ретiнде директор акционерлiк қоғамның барлық тауарлық қорын кепiлге салады.

Оны бiле салысымен акцияның 15%-iнiң иесi болатын ак-ционер мəмiленi жарамсыз деп тану

жөнiнде талап арыз ұсы-нады. Талап акционерлер жиналысының шешiмiмен бас дирек-тордың

мəмiле жасау құқығы тауарлық қордың 25%-iне тең со-мамен шектелгенiмен негiзделедi.

Жиналыс шешiмiмен аталған шектеу құрылтай құжаттарына енгiзiледi де‚ тiркеледi.

Iстi шешiңiздер. Егер несие шарты басқа банкпенжасалын-ған болса‚ шешiм өзгерер ме едi?

9. Жауапкершiлiгi шектеулi қоғамның шаруашылық iс-əре-кетiн тексеру барысында салық

инспекциясы қоғамның мен-шiгiндегi дүкендердiң бiреуi арақ-шарап бұйымдарының iрi пар-

тиясын сатып алғанын анықтайды. Қоғамның арақ-шарап бұй-ымдарын сатуға лицензиясы жоқ

болғандықтан‚ салық инспек-циясы жасалған мəмiленi жарамсыз деп жариялап‚ мəмiле бой-ынша

түскен табыстың бəрiн мемлекетке өткiзудi талап етедi.

Сатушы — арақ-шарап комбинаты өз жағынан ешқандай заң бұзушылық болмағанын айтады.

Оның үстiне‚ шарт жасасу кезiнде ұсынылған Қоғам Жарғысында арақ-шарап бұйымдарын сату

сияқты iс-əрекет түрi қарастырылған.

Салық инспекциясының əрекетi заңды ма?

10. Қылмысты iстi тергеу барысында Сабыровтың алдамшы жолмен азаматтарды көне

шеберлердiң суреттерiн олардың өз бағасынан едəуiр төмен бағамен сату келiсiмдерiн жасауға

мəж-бүр еткенi анықталады. Осындай жолмен сатылып алынған су-реттер тергеумен

анықталып‚тəркiленедi. Азамат Сабыров тергеу аяқталғанша қайтыс болып кетедi.

Жəбiрленушiлер Сабыров та-рапынан алдаудың дəлелдерiн бере алмай қалады. Алайда‚ терге-ушi‚

едəуiр төмен бағаның төлену фактiсiн жəне жəбiрлену-шiлердiң түсiнiктемелерiн басшылыққа ала

отырып‚ суреттердi жəбiрленушiлерге қайтарып бередi. Сабыровтың мұрагерлерi тəркiленген

суреттердi қайтарып беру жөнiнде талап арызды сотқа ұсынады‚ өйткенi Сабыровтың өлiмiне

байланысты қыл-мысты iс тоқтатылған‚ ал оның кiнəсi сот барысында дəлел-денбеген.

Iстi шешiңiздер.

11. Тəңiрбергенова жеке меншiгiндегi екiбөлмелi пəтерiн өзi-нiң жиенi Ескеноваға сыйламақшы

болады. Ескенова салық инспекторына сыйлау шартының жасалу жағдайында оның қандай салық

төлеу керектiгiн түсiндiрiп берудi сұрап барады.

Сату-сатып алу шарты кезiндегi салықтың төмен болуын бiлiп алған Ескенова‚ Тəңiрбергенованы

сату-сатып алу шартынжасасуға үгiттейдi.

Пəтер Ескенованың атына жазылғанын анықтаған салық инспекторы сыйлау тəртiбiнде берiлетiнмүлiкке салық төлеудi талап етедi. Ал сату-сатып алу шартының жүзеге асырылғаны

анықталғанда‚ ол мəмiленiң жарамсыздеп тану үшiн жəне түсiрiлген табыстың бəрiн мемлекет

пайдасына өткiзу үшiн құ-жаттар дайындайды.

Салық инспекторының əрекетi дұрыс па? Ескенованың Тəңiр-бергеноваға пəтер құнының тек

жартысын төлеуiнiң маңызы бар ма? Егер Ескенова еш бөлiгiн төлемесе‚ бiрақ алдағы екi жылда

оныжасайтын болса‚ шешiм өзгере ме?

12. ХХ ғасырдың басында дүние салған жазушының мұражай-үйiн ұйымдастыру комитетi

жазушының өмiрi мен шығармашылы-ғына байланысты қолжазбалар мен құжаттарды‚ жеке

заттарды сыйға беруiн немесе сатуын азаматтардан сұрайды. Басқа заттар-мен қатар комитет

жазушының алыс туыстарынан жазушыке-зiнде пайдаланған стол менжазу құралын сатып алады.

Бiраз уақыт өткен соң əдебиеттанушы Исаев‚ сатылып алынған заттарды қарап‚ столдың

жазушыға еш қатысы жоқ еке-нiн мəлiмдейдi. Ал сатылып алынған жазу құралына келсек‚ ол

шыныменжазушынiкi болған.

Сатушыға қандай талаптар қоюға болады? Мəмлекi жарам-сыз деп тануға негiз бар ма?

13. Психикалық ауруға шалдыққан Шөмiшбаев‚ галантерея-лық дүкеннен күн сайын тарақ сатып

алып тұрған. Оның үйiнде 500-ден астам тарақ жиналғанда‚ əйелi дүкен директорына ба-рып‚

тарақтардың бəрiн қайта қабылдап алуды жəне олардың ақысын қайтарып берудi талап етедi. Өз

талаптарын ол Шөмiш-баевтың өз əрекетiнiң мəнiн түсiнбейтiнiмен жəне соған байла-нысты оны

əрекетке қабiлетсiз екенiн тану үшiн сотқа баруға ниет еткенiмен дəйектейдi. Директор

Шөмiшбаевтың əйелi қой-ған талаптыорындаудан бас тартады.

Бұлжағдайда кiмдiкi дұрыс?

14. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк шет ел компания-сымен жекешелендiрiлген

кəсiпорындардың бiрiнiң акциялар пакетiн сату шартын жасасады. Шарт тиiстi тəртiп бойынша

жа-салып‚ тараптардың қолы қойылады жəне брокермен куəланды-рылады. Шарттың орындалуы

барысында шет ел компания-сының өкiлiне акцияларға ие болу жөнiнде куəлiк берiледi‚ ал

серiктестiк өз есеп шотына барлық тиiстi соманытүсiредi.

Бiржылдан соң акционерлердiң кезектi жиналысына дайын-дық кезiнде‚ акционерлер тiзiмiнде əлi

күнге дейiн шет ел ком-паниясы емес‚ ал жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк көрсе-тiлгенi

анықталады. Серiктестiктiң өкiлi өз тарапынан акциялар-ға билiк ету бойынша талап етiлетiн

əрекеттiң бəрiн орындаға-нын‚ ал компанияның тiзiм ұстаушыға барып өзгертулер енгiзуге тиiс

екендiгiн мəлiмдейдi. Тiзiм ұстаушы бiр жылдық ескiлiгi бар құжаттар бойынша тiзiмге өзгерiстер

енгiзуден бас тартады.

Акцияларға құқық берiлмегендiктен‚ мəмiле жасалмаған бо-лып саналуы тиiс деген оймен‚ шет ел

компаниясы оның төлеген бүкiл сомасын қайтаруды талап етедi.

Шет ел компаниясының талаптарызаңдыболып санала ма?

Кəмелетке толған жəне ата-анасынан бөлек тұрып жатқан төрт балаға олардың ата-анасы

қайтыс болған соң мұра бойын-ша тұрғын үй өтедi. Мұрагердiң үшеуi үйдi сатып‚ түсiрген

пайдасын үлестер бойынша бөлiп алғысы келедi. Мұрагерлердiң бiреуi үйдi сатуға келiсiм

бермейдi‚ үйдегi өз үлесiн тұрғын орын ретiнде пайдаланғысы келетiнiн мəлiмдейдi. Мұрагерлер

ара-сында келiсiм оранамағандықтан‚ олардың үшеуi үйдi сатуға қарсы болған мұрагерге үйдi

сатуға кедергi жасамауы туралы талап арызын бередi. Өздерiнiң талаптарын олар үйдi толығымен

сатқанда оның нарықтық құны əп-сəттежоғарылайтынымен түсiндiредi.

Iстi шешiңiздер.

2. Ағайынды‚ Асқар мен Асхат‚ мұра бойынша тұрғын үй алады. Ағайындылар арасындағы

келiсiм бойынша Асқар жанұя-сымен бiрге оңтүстiк жаққа қарайтын үш бөлменi пайдаланады‚ ал

əлi некеге тұрмаған Асхат терезелерi солтүстiкке қараған екi бөлменi алады. Ұйдiң ас бөлмесi

ортақ болады. Асхат Солтүс-тiкке кетпекшi болады да‚ өзiне бөлiнген үйдiң бөлiгiн сатып алатын

адамды табады. Алайда‚ Асқар үйдiң бiр бөлiгiн бөтен адамға сатуға рұқсат етпейтiнiн мəлiмдейдi.

Бұнда ол ағайын-дылар арасында үйдi пайдалану тəртiбi жөнiнде тек ауызша келiсiм болғанын

жəне үйдi түпкiлiктi қайта жобалаусыз қазiргi күйiнде мүлдем бөлуге болмайтынын айтады.

Сонымен қатар‚ Асхатқа тиiстi үйдiң бөлiгiн сатып алудан Асқар бас тартады‚ өйткенi ол үшiн

қаржысы жоқ болады‚ ал үш бөлме оған жəне жанұясына тiптi жетiп тұр. Нотариус сауда-саттық

шартты куəландырудан бас тартадыда‚ ағайындыларға дауды шешу үшiн сотқа баруды ұсынады.

Тараптардың қатынасына талдаужасаңыз да‚ iстi шешiңiз.

3. Ерлi-зайыптылар Арманова мен Зекетов бiрге өмiр сүрген кезiнде “Волгаң автокөлiгiн сатып

алады. Бiрнеше жыл өткен соң Зекетов авиациялық апатта қайтыс болады. Оның анасы мұрагер

ретiнде автокөлiктi бөлiсу туралы Армановаға талап арыз ұсы-нады. Соттың шешiмi бойынша

автокөлiк əйелiне берiледi‚ ал анасына ақшалай компенсация тағайындалады‚ оны Арманова төлеп

бередi.

Ақырында Арманова көлiктi сатып жiбередi. Оны бiлген Зе-кетовтың анасы өзiнiң автокөлiктi

сатып алуға басымдылық құ-қығын бұзғандықтан‚ сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану

жөнiнде талап арызды Армановаға ұсынады.

Iстi шешiңiз.

4. Некеде тұрған кезеңiнде Сатова мен Манасов бiрiгiп үй сатып алады. Ақырында олардың

арасында неке бұзылады да‚ Сатова Манасовқа үйдi бөлiсу жөнiнде талап арыз ұсынады. Iсбойынша экспертиза тағайындалады. Экспертиза қорытындысы бойынша даулы үйдi сол

қалпында техникалық себептермен бө-луге болмайтыны анықталады. Үй қаланбалы құрылыстан

тұра-ды жəне оны сол қалпында екi бөлiкке бөлу үшiн қаланбалы керегеден есiк үшiн қуыстар

жасау қажет‚ ал ол үйдiң бүкiл құ-рылысының босауына əкеп соқтырады.

Iстi қарастыру кезiнде сот Сатованың Манасовтан туған ауру қызымен үйде тұрып жатқанын‚ ал

Манасовтың үйдi пай-даланбайтыны жəне басқа тұрғын үйi барын анықтайды.

Iстi шешiңiздер.

5. Цирктiң хайуанаттар үйретушiлерi‚ ерлi-зайыпты Али-баевтар‚ зейнеткер болған соң қала

сыртындағы өздерiнiң үйле-рiне қоныс тебедi. Үйдiң iшiнде олар жас табиғат сүюшiлер клу-бын

ұйымдастырады‚ ол жерде балалар жабайы аңдарды күтiп-бағуға үйренедi. Зейнеткерлер өз

зейнетақысына жануарларды асырау қиынға соққандықтан‚ олар аудандық əкiмшiлiкке тө-менде

көрсетiлген жайт жөнiнде шарт жасасуды ұсынады: ерлi-зайыптылар үйлерiнiң жартысын ол

жерде жас табиғат сүюшiлер бұрышын ашу үшiнжергiлiктi басқару органына сыйға тартады; ерлi-

зайыптылар қайтыс болған соң үй тұтасымен коммуналдық меншiкке өтедi; ерлi-зайыптылар жас

табиғат сүюшiлердi жа-нуарларды күтiп-бағуға‚ тамақтандыруға жəне үйретуге оқытып‚ ақысыз

сабақ өткiзуге мiндет алады; аудандық əкiмшiлiк‚ өз ал-дына‚ ерлi-зайыптыларды жануарлар

жемiмен‚ үйдi жылытып тұ-ру үшiн отын жəне көмiрмен ақысыз қамтамасыз етуге мiндет алады.

Аудандық əкiмшiлiк басшысы шарттың заңға қарсы еке-нiне сiлтеп‚ оған қол қоюдан бас тартады.

Ерлi-зайыпты Али-баевтарды қорғауға Республикалық баспасөздiң бiрi араласады.

Iстi шешiңiздер.

6. Сариевке үй салу үшiн жер учаскесi берiледi. Үйдiң құры-лысына Сариевтен басқа‚ оның əйелi

мен дербес еңбекақы алатын кəмелетке толған екi баласы қатысады. Құрылыс бiткен соң меншiк

иесi ретiнде Сариев тiркеледi.

Бiрнеше жыл өткен соң Сариевтер арасында неке бұзылады‚ содан соң мүлiк бөлiсу жөнiнде сотта

дау туады. Сариевтiң талабы бойынша үй тек өзi мен оның əйелi арасында бөлiнуi тиiс. Iске

дербес талаптарымен Сариевтердiң ұлдары араласады‚ олар əрқайсысына үйдiң меншiк

құқығындағы өз үлестерiн бөлiнуiн талап етедi‚ өйткенi олар үй салуға өз күшi мен қар-жысын

қосқан болатын‚ ал басқа тұрғын орны жоқ. Анасы ұлдарының талабы жөн деп таниды‚ əкесi

оларға қарсыболады.

Iске қатысуға жергiлiктi басқару органы шақырылады‚ ол Сариевтердiң ұлдарының талаптарына

қарсы болады. Өз қарсы-лығын ол үйдiң жақын арада бұзылатынымен түсiндiредi. Үйдiң бөлiгiне

меншiк құқығы тек Сариев пен оның əйелiне берiлiп қана қоймай‚ олардың екi ұлына да берiлген

жағдайда бəрiне бөлек бiр-бiр пəтерден беруге тура келедi.

Iстi шешiңiз.

7. Ерлi-зайыптылар Кеңесовтар бiрнеше жыл некеде тұра-ды. Кеңесова бизнеспен айналысады‚

Кеңесов жұмысынан айрылып‚ жұмыссыздық бойынша жəрдемақы алып тұрады. Кеңесова

күйеуiне некеде тұру кезеңi кезiнде жиған-терген мүлiктерiн бөлiсу тəртiбi бекiтiлген контракт

жасасуды ұсынады. Егер де ондай контракт жасалса да‚ ол заңды күшке ие бол-майды деп

мəлiмдейдi Кеңесов. Ерлi-зайыптылар келiсiмге келе алмаған соң‚ олар заң кеңесшiсне барады.

Оларға қандайжауап берiлуi тиiс?

8. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылар шарт жасасады. Ол бойынша олардың əрқайсысының

некеде тұрған кезеңде иелен-ген мүлкi олардың бөлек меншiгiнежатқызылуы тиiс.

Олардың өмiр сүрген уақытында күйеуi бизнеспен табысты айналысып жүрiп‚ одан түскенпайдаға құнды мүлiк — саяжай‚ көлiк‚ суреттер‚ антикварлық заттар‚ видеоаппаратура жəне т.б.

сатып алады. Əйелi үйжұмыстарынжүргiзiп‚ балаларын тəр-биелейдi.

Бiрнеше жыл бiрге өмiр сүрген соң некелерiн бұзып‚ ерлi-зайыптылар ажырасып кетедi‚ екi

кiшкене балалары анасымен қалады. Мүлiктi бөлiсу кезiнде əйелi шарты (контрактын) еске-рiп,

балаларын бағуға күйеуi қаржы бөлмейдi деп күдiктенген ол өзiмен бiрге тек ең қажеттi заттарды

— киiмкешектердi‚ шаруа-шылық заттарды‚ азық-түлiктердi алады. Неке бұзылғаннан үш жыл

өткен соң əйелi қорғаушының кеңесi бойынша бұрынғы күйеуiнiң алдына қалған мүлiктi бөлу

мəселесiн қояды. Ол болса‚ некеде тұрған уақытта əйелi мен балаларын асырағанын‚ контракт

бойынша жанұяны қамтамасыз етуден тысқары барлық мүлiк өзiнiкi екенiн‚ ақырында‚ мүлiктi

бөлiсу оған қандай да бiр талап қою мерзiмiн əйелi өткiзiп алғанын айтып‚ бас тартады. Тап қазiр

оныңжаңажанұясы баржəне ол оларды асырауды да ойлауықажет.

Осыдаудықалай шешуге болады?

9. Бақ өсiрушi серiктестiк мүшелерiнiңжеке меншiгiнежер учаскелерiн беру кезiнде учаскенi ерлi-

зайыптылардың ортақ меншiгiне беруге бола ма‚ əлде құқық меншiгi туралы куəлiк тек серiктестiк

мүшесi болып табылатын жұбайына берiлуi тиiс пе деген сұрақ туады. Сонымен қатар‚ егер жер

учаскесi өзiнiң кө-лемi жағынан азаматтардың жеке меншiгiн

1. Асанова мен Даутов сыйақы төлеудi уəде етiп Сарбасов де-ген азаматқа өздерiнiң қымбат

тұратын киiмдерiн: ер жəне əйел пальтоларын ломбардқа салып‚ оларға несиеге ақша алып беруiн

тапсырады. Сарбасов екi пальтоны да ломбардқа салып‚ бiрақ Асанова мен Даутовқа берiлуге тиiс

ақшаны оларға бермей өз қажеттiлiгiне жұмсап жiбередi. Несиенi қайтару мерзiмi жеткен-де,

несие қайтарылмағандықтан ломбард Асанова мен Даутов-тың киiмдерiн өзi берген несиенiң

төлемiн қайтару мақсатындажария саудаға салу арқылы сатыпжiбередi.

Осыған байланысты Асанова мен Даутов Сарбасовқа паль-толар құнының орнын толтыру жайлы

талап қояды.

Сот АК-тегi виндикациялық талапқа қатысты заң норма-ларын басшылыққа алып Сарбасовқа

арызданушыларға дəл сон-дай пальтоларды қайтаруды не болмаса олардың құнын өтеудi мiндет

етедi.

Сот шешiмi дұрыс па?

2. Рақышеваның өлiмiнен соң оның мүлкi мұра бойынша Салтаеваға өтедi. Мұраға қалған мүлiк

iшiнде белгiсiз суретшi В. Л. (бұл инициалдар суретте қойылған болатын) болған суретi бар

болады. Суреттiң авторын анықтап‚ оны бағалау үшiн Салтаева марқұмның пəтерiне өнертанушы

маманды шақырады. Суреттiң кiр болуынан өнертанушы оның авторын анықтай алмайды.

Марқұмның пəтерiн заттардан босату керек едi. Мұрагер тұрғын үй кеңсесiнiң бастығы

Бейбiтовпен суреттi уақытша кеңсе iшiне қою туралы келiседi. Ақыры картина олжерденжоғалып

кетедi. Бейбiтов тұрғын үй кеңсесiнен жұмыстан шығарылады да көп ұзамай қайтыс болады.

Бiрнеше жылдан соң Салтаева Қастеев мұражайының жаңа қойылымдар көрмесiнде жоғалған

суреттi кездейсоқ тауып алады‚ оның үстiне ол белгiсiз суретшi қыл-қаламынан шыққан сурет

ретiнде емес‚ Левитан шығармалары-ның бiрi ретiнде қойылған.

Қастеев мұражайының Салтаеваға берiлген анықтама қағазы мұражайдың суреттi Бейбiтовтен

сатып алғанын растайды‚ содан соң Салтаева мұражайға суреттi қайтару туралы талабын қояды.

Талапқа қарсы болып‚ мұражай Бейбiтовтiң сурет иесi екенiне күмəндануға еш негiзi болмағанынжəне суреттi жаңартуға мұра-жай шығындалғанын‚ ал одан соң суреттiң кұны күрт өскенiн

көрсетiп айтады.

Жауапкер дəйектерiне талдаужасап iстi шешiңiздер.

3. Қиялованың басқа мүлiгi мен бiрге қара күзен тоны да ұрла-нады. Тергеу органдары тонның

ломбардқа ссудаға кепiл ретiнде Қорабаев төлқұжаты бойынша тапсырылғанын‚ ал Қорабаевтың

төлқұжатта көрсетiлген мекен-жайда тұрмайтыны анықталады. Қиялова ломбардқа тонды

қайтарып беру талабын қояды. Та-лапқа қарсылық бiлдiре отырып‚ ломбард жарғыға сəйкес аза-

маттардың ломбардқа ссудаға кепiл ретiнде тапсыратын заттарын шынымен олардыкi ма‚ жоқ па

екенiн тексермейтiнiн‚ Қора-баевтан ломбард тонды жеке меншiгiне алмағанын жəне ақы-рында‚

егер тонды Қияловаға қайтарып беретiн болса‚ ломбард-тың мүлiктiк мүддесiне шығын келетiнiн‚

өйткенi тондылом-бардқа өткiзген азаматтан ссуданы қайтарып алу мүмкiн емес-тiгiн сiлтейдi.

Iстi шешiңiздер.

4. Омаров мұрагерлiк бойынша күрделi жөндеудi қажет ете-тiн тұрғын үйге ие болады. Омаров

күрделi жөндеу жүргiзiп‚ үйдi қайта жобалайды да оған екi үй алды бастырмасын жалғап салады

(жазғыжəне қысқы)‚ үйге буменжылытудыорнатады.

Жұмыстар аяқталған соң көп ұзамай Мұсин Омаровқа үйге меншiк құқығын тану жəне оны үйден

шығару талабын қояды. Өз талабына дəлел ретiнде Мұсин өз кезiнде қылмысты iске заңсыз

тартылғанын жəне мүлiгi‚ соның iшiнде үйi де тəркеленiп сотталғанын көрсетедi. Оның жоқ

болған кезеңiнде билiгiне үй берiлген жергiлiктi басқару органы оны Омаровтың əкесiне са-тып

жiбередi. Қазiргi уақытта Мұсин толығымен ақталып шы-ғадыжəне үйге қоныстануды қалайды.

Омаров талапқа қарсы болады. Ол бала кезiнен осы үйде тұрып жатқанын‚ үйдi мұра бойынша

алғанын‚ оның жөнделуi мен жабдықталуына өзiнiң барлық қаражатын жұмсағанын жəне басқа

тұратын орны жоғын сотқа түсiндiрiп айтады. Мұсинге қатысты‚ оның ақталған адам ретiнде

мемлекеттен пəтер алған-дығын‚ ал үйдiң оған керегi жоқтығын айтады. Пəтердi Мұсин

жекешелендiрiп алған.

Тараптар дəйектерiн талдап‚ iстi шешiңiз.

5. Ерлi-зайыпты Халеловтар некеде тұрған кезiнде автокөлiк сатып алады. Халелова некенi бұзу

жəне жалпы мүлiктi‚ оның iшiнде автокөлiктi бөлiсу жөнiнде Халеловқа талап қояды. Содан соң

талапкер талапты қамтамасыз ету үшiн сот тəртiбiмен автокөлiктi босуа тұл ғаларға сатуға тиым

салдырады. Алайда талапты қамтамасыз ету жөнiндегi сот ұйғарымы орындалмайды‚ өйткенi

Халеловамен келiсiмi бойынша автокөлiктiң Халеловта болуын пайдаланып‚ ол оны Əнетовқа

сатып үлгередi.

Содан барып Халелова Халелов пен Əнетовтың сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану

жөнiнде жəне Əнетовтан көлiктi ерiксiз алу туралы талап қояды. Талабына негiз етiп ол

автокөлiктiң ортақ бiрлескен меншiк құқығы бойынша оның жəне жауапкер Халеловтың иелiгiнде

екенiн‚ сондықтан да соңғысы көлiктi оның келiсiмiнсiз сата алмайтынын айтады.

Əнетов талапқа келесi негiздер бойынша қарсы болады: бiрiншiден‚ автокөлiктi сатып аларда ол

оның меншiк иесi тек Халелов деп ойлайды‚ екiншiден‚ көлiкке ие болу кезiнде оны жөндеуге

шығындар кетедi‚ сол шығындар көлiктi ерiксiз алғанжағдайда қалай да болмасын өтелуi тиiс.

Сот Əнетовты көлiктi қайтарып беруге‚ ал Халеловты Əне-товтың ақшасын қайтарып беруге

мiндеттеп‚ Халелованың тала-бын орындайды. Бiрақ көлiктi жөндеу шығындары Əнетовқа

өтелмейдi.

Соттың шешiмi дұрыс па?6. Екi ағайынды‚ Қайрат пен Берiк‚ əкелерiнiң қайтыс бол-ғанынан соң мұрагерлiкке тұрғын үй‚

қора-қопсы жəне басқа мүлiктi алады. Мүлiктi бөлiсу кезiнде Қайрат тұрғын үй‚ қора-қопсы мен

басқа мүлiктiң 1/8 бөлiгiне ие болу құқығын‚ ал Берiк тұрғын үйдiң 7/8 бөлiгiне ие болу құқығын

алады. Көп ұзамай‚ жер ресурстары жəне қоныстандыру бойынша аудандық бөлiмi

ағайындылардың əрқайсысының меншiгiне жер учаске-лерiнiң сəйкес бөлiктерiн бекiтедi. Сол

кезде Қайраттың иелi-гiндегi қора-қопсының бiр бөлiгi Берiкке берiлген учаскеде қа-лады. Берiк өз

жер учаскесiн Қайраттыкiнен бөлiп тұратын қор-шау орнатады. Соның салдарынан Қайрат көршi

учаскеде қалған қораның бөлiгiн пайдалану мүмкiндiгiнен iсжүзiнде айрылады.

Қайрат сотта қора пайдалануға кедергi жасамауы жөнiнде Берiкке талап қояды. Берiк‚ өз алдына‚

Қайраттан оның учас-кесiнен қораны алып тастауын талап етедi.

Бұл iстi қалай шешуге болады?

7. Тынысбаев пен Османованың Ақтөбеде үйi бар. Тыныс-баев үйдiң бiрiншi қабатында‚ ал

Османова екiншiсiнде тұрады. Үй пешпен жылытылады. Тынысбаевтың тұратын жерiнен пеш

түтiндiгi Османованың тұратын жерiндегi ортақ тұраққа шыға-рылған. Османова Тынысбаевтан

пештiң түтiндiгiн сыртқы кере-ге арқылы шығаруын талап етедi. Тынысбаев одан бас тартады‚

содан барып Османова түтiндiктi жауып қояды.

Тынысбаев Османовадан түтiндiктi қайта қалпына келтiрiп‚ келешекте оған‚ Тынысбаевқа‚

түтiндiктi пайдалануға кедергi жасамауын талап етедi. Өз талаптарына дəлел ретiнде арыз беру-шi

сотқа өрт сөндiру қоғамының түтiндiктi үйдiң сырт жағынан өткiзуге қарсылығын бiлдiретiн

қорытындысын ұсынады.

Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?

8.Думанов көпжылдар бойы скрипкада ойнаумен айналы-сатын. Ұзақжұмыс сапарына кетiп бара

жатып‚ ол өзiнiң досы Асқаровқа скрипканы сақтауға қалдырып кетедi‚ скрипка ұрла-нады.

Ақырында Думанов скрипканы кездейсоқ жағдайда таныс əуеншiден байқап қалады‚ ол

скрипканы бейтаныс азаматтан сатып алған болатын. Скрипканы сатып алушы оны Думановқа

қайтарудан бас тартады. Сонда Думанов оған скрипканы қайтару жөнiнде талап арызын бередi.

Жауапкер талапты мойындамайды‚ ол өз алдына Думановтың скрипка иесi болмағанын

мəлiмдейдi. Революцияға дейiн скрипка шет елге қоныс аударған дəулеттi меценаттың иелiгiнде

болған. Оның бүкiл мүлiгi тоналады. Скрипканы иеленудiң заңды екенiн Думанов дəлелдеп

бермейiн-ше‚ ол оған қайтарылмайды. Скрипканың мұражайлық құнды-лығы барын ескере

отырып‚ скрипканың құны өтелген жағдайда жауапкер оны мемлекеттiк скрипка қорына өткiзуге

келiсiмiн бередi.

Iстi шешiңiздер.

1. Арғынов өз досы, эстрада əртiсi Нұрлановпен оның орын-дауындағы эстрадалық өлеңдердi үй

жағдайында отырып тың-дағысы келген қызметтестерiн өзiнiң үйiнде жинайтыны жөнiнде

келiседi. Алайда белгiленген уақыттан бiр сағат бұрын Нұрланов теледидардан футбол ойынын

көру үшiн үйде қалуды шешкенiн телефон арқылы Арғыновқа хабарлайды. Белгiленiп қойылған

кездесудi өзгертуге тура келедi.

Арғыновтың ойынша, Нұрланов кездесуге даярлық жасау-мен байланысты оның барлық

шығындарын (сатып алған азық-түлiгi мен сусындарының құнын), сонымен қатар моральдық

нұқсанның орнын толтыруытиiс.

Арғыновтың Нұрлановқа осындай талап қоюының заңдынегiздерi бар ма?

2. Бiр-бiрiне жақын орналасқан көршi саяжайлардың мен-шiктi иелерi саяжайларға жанасып

жатқан жер учаскелерiнiң екеуiнде де көктемдiк жəне күздiк жинау жұмыстарын жасап

отыратыны жөнiнде шарт жасасады. Төребаевтың учаскесi Сар-мановтыкiнен екi есе үлкен

болғандықтан, Сарманов жасаған жұмыстары үшiн Төребаевтан еңбек ақының бiр айлық ең тө-

менгi көрсеткiшi мөлшерiнде қосымша төлем алатыны да шартта белгiленедi.

Бiрiншi болып жинау жұмыстарын Төребаев жасайды. Алай-да, Сарманов өз мiндеттерiн орындап

болғанда, Төребаев олар-дың шарттарының заңды күшi жоқ екенiне, жəне тек тұрмыстық сипатта

жасалғандығына сiлтеп, ақша төлеуден бас тартады.

Төребаевтың пайымдауының негiзi бар ма?

3. Некеден ажырасқаннан кейiн Алматыда бiр пəтерде тұру-ға мəжбүр болған бұрынғы ерлi-

зайыпты Аймановтар араз қа-рым-қатынастарда болады. Екеуiнiң арасындағы кезектi жанжал-дан

соң, Айманова бұрынғы күйеуiнiң жақын туыстарына оның өлiмi туралы хабарлап телеграммалар

салыпжiбередi. Алматыға Маңғыстаудан, Ақтаудан жəне Оралдан келген туысқандар Аймановтың аман-сау

екенiн көргенде қорғаушыға барып, Аймановадан авиабилеттерге, қонақ үй мен азықтануға кеткен

шығындарын жəне оларға келтiрiлген моральдық зиян-ның орнын толтыруды талап етуге заңды

негiздерi бар ма деп сұрайды.

Қорғаушықандайжауап беруi қажет?

4. Бiлалов пен Қарсақбаев жаңа үйден екi бөлмелi пəтер-лерге ордерлер алады. Тұрғын үй

пайдалану ұйымымен шарттар жасасу кезiнде, Бiлаловқа берiлген пəтердiң 5-шi қабатта, бiрақ

оңтүстiк жақта орналасқаны, ал Қарсақбаевтың пəтерi солтүстiк жақтың 2-шi қабатында екенi

анықталады. Тұрғын үй пайдалану ұйымының бастығының көзiнше Қарсақбаев күнгей жақта тұру

үшiн 2-шi қабаттағы пəтердi қуана беретiнiн мəлiмдейдi, ал Бiлалов сол арада оған келiсiмiн

бередi. Тұрғын үй пайдалану ұйымының бастығы ондай келiсiмге қарсылығы жоқтығын бiл-

дiредi.

Жасалған келiсiм бойынша тұрғын үйдi жалға беру туралы шартжасау орындыма?

5. Өзiнiң досы Мырзаевтың сұрауы бойынша Əубəкiров өзi-нiң жеңiл автокөлiгiмен Мырзаевтың

сатып алған теледидарын жеткiзiп беруге келiсiмiн бередi. Жолда келе жатқанда Əубəкiров көлiктi

басқара алмай қалып, аударылады. Жүргiзушi мен жолау-шы зақымданбайды, ал багажникте

жатқан теледидар тұтастай сынып қалады.

Мырзаев Əубəкiровтан жарамсыз болып қалған теледидар-дың құнын өтеудi талап етедi.

Əубəкiров оған қарсы болады, өйткенi оның ойынша, ол Мырзаевқа тек досы ретiнде қызмет

көрсеткiсi келген. Олар қандай да бiр шарт жасасқан жоқ бо-латын, теледидарды тасымалдау үшiн

ол ешқандай ақы алмайды, сондықтан да олардың араларында ешбiр мiндеттемелер болмауы

керек. Оның үстiне, апат нəтижесiнде тек Мырзаев қана емес, өзi де шығынға ұшырайды, өйткенi

көлiктi жөндеу үшiн оған теледидар құнынан əжептəуiржоғарысоманыжұмсауға тура ке-ледi.

Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Осы жағдайда азаматтық-құқық-тық мiндеттеме туып тұр ма? Iс

бойынша шешiм қабылда-ңыздар/

6. Айгүл Қуанышева үйiне даладан иесiз иттi алып келедi. “Ақтөсң деп аталып кеткен күшiк бiр

айдай Қуанышевтердiң үйiнде тұрады. Бiр күнi Айгүлдiң əкесi сипаттамасы бойынша Ақтөске

ұқсайтын иттiң жоғалғаны туралы бағанда хабар-ландыру жапсырылғанын көредi. Иттiң иесi иттi

қайтарып бер-ген адамға жақсы сыйақы төлеудi уəде етедi. Айгүл итке қатты үйренiсiп қалғанына

қарамастан, иттi олар иесiне қайтаруды ұйғарады. Əкесi берiлген сыйақыға Айгүлге жаңа қыстық

етiк алып берудi уəде етедi. Алайда, Ақтөстi өз итi деп таныған аза-мат Байрақов сыйақы төлеуден

бас тартады. Айгүл мен оның əкесiне ол таныс заңгерi оған сый ақы төлемеуге кеңес бергенiн,

өйткенi Қазақстан заңдары бойынша жоғалған заттың меншiк иесi оны тапқан адамға тек затты

сақтағаныжəнежеткiзгенi үшiн шығындарын өтеуге мiндеттi екенiн түсiндiрiп айтады.

Заңгердiң Байрақовқа берген кеңесi дұрыс па?

7. Тұрғын үйдiң меншiк иесi Қанатбеков, еңбек демалысына кетiп бара жатып, өз көршiсi

Нақымовтан оның үйiне бас-көз болуын сұрайды. Соңғысы оған келiседi. Қанатбековтың жол

жүрiп кеткенiнен бiрнеше күн өткен соң қатты дауылдың нəти-жесiнде оның үйi бүлiнедi:

теледидарлық антенна құлап, шаты-ры жылжып кетiп, əйнектерi сынады. Үйдiң iшiне де көп

нұқсан келтiрiледi. Дауыл басылған соң, Нақымов көршiсiнiң үйiн ретке келтiре бастайды. Ол

антеннаны орнықтырып, терезелерге əйнек салады, шатырын жөндейдi жəне үйдiң iшiн

жинастырып қояды.

Қанатбеков оралған соң Нақымов одан жел салдарынан ту-ған залалдарды жөндеуге байланысты

кеткен шығындарын өтеудi сұрайды. Қанатбеков онымен келiспейдi, өйткенi ол Нақы-мовтан тек

үйдi қарап беруiн ғана сұраған, ал қандай да бiр жөндеу жұмыстарын жасауды тапсырмағанболатын. Оның үстi-не биыл Қанатбеков үйiне күрделi жөндеу жүргiзбекшi болғанын жəне бəрiбiр

де бəрiн өзгертуге тура келетiнiн айтады.

Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?




1. Ru 31р Начало формы Конец формы Дейл Карнеги
2. на тему Вариант 1 полное наименование темы или
3. Человек и гидросфера
4. I Mniejszo~ci nrodowe bi~orusk litewsk niemieck ukri~sk ~ydowsk stnowi~ 23 og~~u ludno~ci krju
5. производственным
6. Реферат Взаимодействие следователя и органа дознания
7. Использование электроэнергии
8. ИЗО 17
9. Механизм формирования государства
10. Використання функції слияние в Microsoft Word.html
11. Разработка микропроцессорного устройства управления.html
12. Реферат- Основы естествознания
13. на тему Домашние птицы1
14. аргументированный традиционализм сформировался в Западной Европе как ответная реакция на политическую мыс
15. Вариант 7 1 Какие формирования служб ГО предназначаются для выполнения специальных мероприятий по пров
16. Актуальность совершенствования качества бетона в современном строительстве
17. Тема 6 Задача 61
18. Итоговый результат Исходные материалы- Модель Плащ накидка Космос Кисти Ресницы
19.  ПРЕДМЕТ И ЗАДАЧИ ПСИХОФИЗИОЛОГИИ 1
20. Страхи и тревожность