Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1 билет.
1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы.
2. Түрік қағанаты.
3. 17-18 ғ. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі.
Жауабы
Палеолит өзі 3 кезеңге бөлінеді: Ерте, орта, соңғы палеолит. Ерте палеолит(олдувай кезеңі) б.з.д. 2,5/2,6 млн ж.-б.з.д. 800 мың жылдықта аяқталады. Орта палеолит(ашель-мустье) ашель-б.з.д. 800-б.з.д. 140, мустье-б.з.д. 140- б.з.д. 40 жылдықта аяқталады. Соңғы палеолит б.з.д. 40- б.з.д. 12 мың жылдықта аяқталады.
552 ж.-Бумын 50 мың әскерімен (авар) жужань мем-н талқандады. 552 ж.- Түрік қағанаты құрылды. Алғашқы қағаны Бумын. 542 ж.- «Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. 545 ж. Қытай елшісі Түрік қолбасшысына келіп, бейбіт қатынас орнатты. Бумын қағанның ізбасарлары Қара Еске және Мұқан қағандар тұсында мем-т Орталық Азияда саяси үстемдік етті.
Қара Еске қаған Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Мұқан қаған 552-554 ж.ж. жужандарды түпкілікті жеңді. Түріктер: ұлы даланың қожасы болды, Қытай билеушілері оларға жылына 100 мыңға тең жібек маталарын жіберіп отырған.
Истеми қаған 10 түмендік күшпен соғдылықтарды жаулады. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды. 555 ж. Түріктер Арал теңізіне дейін жетті. Түріктер Қытайдан Әмударияға дейін, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулаған. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. 561-563 ж.ж.-түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен яскери одақ құрды. 563-567ж.ж.- эфталиттерді бағындырды.
«Теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан. Түрік қағанатында 30-дан астам теле тайпасы болған. (қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін). Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінген. Мемлекет басшысын қаған немесе хан болған. Оны ақ киізге отырғызыр хан сайлаған. Одан кейінгі адамды «жабғу» деп атаған, ол ханның бас уәзірі. Мем-тің ірі лауазымдарына қаған әулетінің мүшелері сайланған. Тақ мұрагері «тегін» д.а. Билігінде жер-суы бар ханзада «шад» д.а.
581 ж.-қағанат ішінде соғыс басталды. Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады. 603 ж.- қағанат екіге бөлінді: 1. Батыс Түрік қағанаты. 2. Шығыс Түрік қағанаты. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.
Қазақ жеріне қауіп төндірген жоңғар мем-і. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты :
1718 ж. Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жаушағар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандады. Шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. 1723 ж. Цеван Рабдан бастаған 70 мыңға жоңғар әскері 7 шепке бөлініп қазақ өлкесін талқандады(Жетісу-Қаратау-Талас алқабы).
1723-1727 ж. «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама, ақ мешін» апаты. Ел басынан кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Қатты ойрандалған жер- Жетісу. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабдан.
1725 ж. жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар.
1726-28 ж «Бұланты шайқасы» (Сарысудың орта ағысы, Бұланты өзені маңы, Торғай даласы) «Қара сиыр деген жерде 60 мың қазақ-қырғыз әскері күшімен қалмақтар талқандалды. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» д.а.
1726 ж Ордабасы жиыны(Түркістанның Оңт.Шығысы) Әбілқайыр бастаған 3 жүздің әскерлері бірігіп соққы беру жөнінде келісімге келді. 1729-1730 ж Аңырақай шайқасы(Балқаш көлінің оңт.). Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр мен Сәмеке(Шахмұхамед) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды.
Нәтижесінде: 1.Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. 2.Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жорып кетті. Осы себептен Ұлы жүз әскері қалмақтарға қарсылық көрсете алмады. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.
2 билет.
Жауабы
Аңшылардың қоныстанған жерлері: Ертіс, Еділ, Тобыл, Торғай,, Жайық өзендері.
Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:
Қоғамдық өзгерістер: Қауым мүшелері 3 топқа бөлінді:
Неолит дәуірі(Жаңа тас дәуірі) б.з.д. 5 мың 3мың ж.ж. Бұл кезеңде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды. Ғылымда бұл құбылыс «неолиттік төңкеріс» д.а.
Неолиттік төңкерісінің мәні адам тұтынушы дәрежеден өндіруші дәрежесіне жетті. Құрамалы құралдары жүзі өткір тастардан жасалған, сабы сүйек н-е ағаш пышақ пен орақ. Балта таяққа бекітілген қашау. Көзе саздан жасалған қыш ыдыс. Неолит «қыш құмыралар заманы» д.а.
Қазақстанда 4 мәдениет таралды:
Энеолит дәуірі(мысты тас ғасыры) б.з.д. 3-2 мың ж. Энеолит дәуірінде адамдар тас құралдармен қатар мыстан жасалған құралдары қолдана бастады. Ең бірінші қолданылған металл мыс. Бұдан 7 мың жыл бұрын. Қоғамдағы ірі өзгерістер:
Шаруашылығы; мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас, дөңгелекті транспорт пайдалана бастаған, керамикалық ыдыс жасау және т.б. Энеолит дәуірінде С. Қазақстанда 2 мәдениет қалыптасты: Ботай және Терсек.
Ботай мәдениеті: Ақмола обл., Ботай бекеті. Бұл мәдениетке тиесілі 20 қоныс зерттелген. Ең жақсы зерттелген ескерткіштер: Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағаналы, Иманбұлақ өзендерінің жағасында орн. Тұрақтан 158үй және жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар ең алғашқылардың бірі болып жылқы өсірген. 178 мыңға жуық сүйек табылған. Аумағы 15 га жер.
Шебір тұрағы (Маңғыстау). Мекеннің маңынан тас пен қыш еңбек құралдары табылды. Ыдыстардың түбі жұмыртқа тәрізді. Негізінен аң аулаумен айналысқан.
Қоғамдық құрылысы
Қаған (Ең жоғарғы билеуші, әскер басы) - Шад, жабғу, елтебер (Ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер) Бек (Жергілікті жердегіқағанның негізгі тірегі) Тархан, бұйрық (Сот қызметін атқарушылар) Селиф (Жергілікті салық жинаушы) Қара бұдын (Қарапайым халық) Таттар )Құлдар).
Саяси жағдайы
Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Шығыс қағанатын жаулап алып, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап. Өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп жариялайды. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді. Қағанаттың күш-қуаты Шегу мен Тон қағандар тұсында арта түсті.
Шегу қаған саясаты (610-618ж.ж.) шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін кеңейтті. Тон қаған саясаты (618-630ж.ж.) Батыс шекараны нығайтты. 327 ж. Иранға қарсы Византиямен одақтасты.
Ешбар Елтеріс қаған саясаты. 634 ж. нушеби тайпасының қолдауымен билікті алды. «Он оқ бұдұн» жүйесін енгізіп, сол басқаруды қайта құрды. 640-657 ж.ж. дулу мен нушеби арасындағы тартыс болды. 659 ж. Қытай Жетісуға басып кірді. Ешбар қаған қаза тапты.
Түріктердің Таң империясына арсыкүресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж.ж түргештер Жетісудағы саясим білікті жеңіп алды.
Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1978-1775)- бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы, батыр, дипломат. Оның жасақтары Жайық казактарымен, жоңғарлармен, цин империясының әскерімен шайқасқан.
Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1703-1781) қолбасшы, халық батыры. Түркістанды қорғауды, Алакөл, Бұланты. Аңырақай, Шығанақ шайқастарында найман жасағын бастаған Абылай хан оны «Дарабоз» д.а.
Шақшақ ұлы Жәнібек қолбасшы, мем. Қайраткері, дипломат. Қазақ орыс қатынастарыннығайтуға белсене қатысты.
Көкіұлы Есет (1667-1749!) қолбасшы, дипломат. Шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып, найзагершілігімен ерекшеленген батыр.
Хангельдіұлы Райымбек Ұлы жүздің албан тайпасы, әлжан руынан тарап, он бесінде «ат құлағында ойнап», он алтысында «орда бұзар» атанғанбатыр. Ойрантөбе шайқасында Райымбек бастағанқазақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді. Жоңғар шапғыншылығы кезінде қаза тауып, қазіргі Алматы жерінде жерленген.
Наурызбай Құттымбетұлы (1706-1781)- Ұлы жүздегі шапырашты тайпасының асыл руынан тараған батыр. Абылай ханның ту ұстаушы батырының бірі. 1729 ж. Қалмақ батырлары Шашалғанмен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген қас батыр.
3-билет
Андрон мәдениетінің аумағы: Орал Енисей өзендері Батыс Сібір Памир тауы. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар Әлкей Марғұлан, Ақышев, Максимова, Черников, Оразбаева. 1927 ж. архелолог Грязнов андрон мәдениетінің ескерткіштерінің Б.Қазақстаннан тапы.
Негізгі қогыстанған ауданы: Орт.Қаз. Бұл өңірден 30 дан астам қоныс, 150 дей оба зерттелді. Солт. және Б.Қаз-да 80 нен аса қоныс зерттелді.Ең ежелгі қаласы Арқайым. Академик Алексеев: «Олар мұрынды, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен келген, кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым жігерлі келбетті адамдар.
Басты кәсіптері: мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік, балық аулау.Егіншілік құралдары: диірмен, тесе, мыс пен қола орақтар. Андрон мәдениетінің негізгі сипаты саз балшықтан ыдыс жасау.
Баспаналары: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер. Қоныстар өзен көлдердің жағасына орн. Қоныстар 5-10 үйден, кейде 20 үйден тұрды. Ежелгі андрондық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болған.
Діні мен наным-сенімдері: олар табиғат күштеріне табынған. Қайтыс болған адамдар келесі дүниеге айысады деп ойлаған.Кейінгі қола дәуірінде Орт. Қаз-да пайда болған жаңа мәдениет Беғазы Дәндібай мәдениеті. Ерекшеліктері:
Сурет өнері: Тастағы суреттерде жиі кездесетін бейне жабайы бұқа. 49 соғыс арбасының суреті табылған.
Зергерлік өнері. Алтын білезік Айбас сағасындағы Алакөл қабірінен табылған. Екі сырға Мыңшұқыр қабірінен табылған. Самай сырға бір жарым орамды алтын сырға.
Қоғамдық құрылымы: рулық тайпалық құрылым. Қоғамның негізгі тобы жауынгерлер. Абыздар да жоғары бағаланған. Меншік түрі: малға жеке меншік, жерге қауымдық, рулық меншік.
М.Қашқари: оғыз одағында 24 тайпа болған. Әл-Марвази: оғыз одағында 12 тайпа болған. Боз оқ қағанның оң жағы, үш оқ қағанның сол жағы. Жабғуды сайлағанда боз оқтың артықшылығы болған.
Мем-тік құрылымы: Тайпалық одақ ел. 12 аймаққа бөлінген.
Саяси жағдайы: «оғызнама» деректерінде батысқа жасалған жорықтар баяндалған.
Сыртқы саясаттағы мақсаты: Оғыздар Еуразияның саяси өміріне араласқан. 965 ж. Киев Русінің князі Святославпен одақтасып, Хазарияны талқандады. 985 ж. князь Владимирмен одақтасып, Хорезмді жаулады. 1043 ж. Шахмәлік салжұқтардың қолдарынан қаза тапты. Ол оғыздардың соңғы билеушісі.
Оғыз мем-нің әлсіреу себептері: Сежұқтармен ұзаққа созылған соғыстар; ішкі тартыстар; Қыпшақ тайпаларының шабуылдары. Қыпшақтар оғыздарды сырдарияғағ Арал бойынан ығыстырды. 11 ғ. басы оғыз одағы ыдырап, қыпшақ мем-тің құрамына кірді.
Шаруашылығы: мал шаруашылығы: жартылай көшпелі, жартылай отырықшы. Қалалары: Сырдарияның төменгі ағысы-Жанкент, Жент, Жуара. Сыдарияның орта ағысы-Қарнақ,Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран.
Көтерілістің басты мақсаты: орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату. Нұралы ханмен оның сыбаластарының озбырлығына шек қою.
Көтерілістің басшысы-Байбақты руының старшыны, батыр және шещен Сырым Датұлы (1742-1802)
1778 ж. орал казактарымен шайқаста Сырымның балалары қайтыс болды.1783ж. күзде Орал казактарымен шайқас басталды.1783 ж. Желтоқсан-Сырымды оралдық казактар тұтқынға алынды. 1784 ж. Көктем- Нұралы хан оны тұтқыннан босатты. 1784 ж. маусым Сырымның орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды. 1784 ж. Қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. 1785 ж. 17 ақпан көтерілісті басу үшін генерал майор Смировтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт) 1785 ж. наурыз көтерілісшілерге қарсы 1000 нан астам казак тобымен старшина Калпаков және Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшіер саны 7 мыңға жетті. 1785 ж. наурызы майор Назаровтың басқаруымен 405 орал казактары Табын руына шабуылдады. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдады.1785 ж. жаз-Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы Орал әскери шебіне қашып, паналады. 1786 ж. Уфава жер аударылды. 1790 ж. қайтыс болды.
Игельстром реформасы генерал губернатолық шекаралық сот ауылдық буындар.
2-ші Екатерина бұл жобаны уақытша қабылдады. 1786 ж. орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 ж. Кіші жүзде патшаның әкімшілі билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Игельстром реформасы тоқтатылды. Көтерілістің қайта өрлеуіне түрткі болған оқиға орал казактарының қазақ тарға қарсы шабуылы. Императрица 2-ші Екатерина 1790 ж. 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. 1791 ж.Ераланы хан (91-94) етіп сайлауы, 1792 ж. Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады, көтерілістің жаңа кезеңіне шығуына әсер етті. 1794 ж. Ералы хан қайтыс болды. 1797 ж. Айшуақты хан етіп сайлады(1797-1805). 1797 ж. Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 ж. қайтыс болды.
Жеңілу себептері: Көтерілісшілердің нашар дайындалуы, қару-жарақтың аздығы, Сырым көтерілістің әр кезінде мақсаттарын өзгертуі. Қазақ өкесіндегі ең ұзақ соғыс 14 жылға созылды.
Көтерілістің нәтижесі: 1801 ж. 11 наурыз патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
4 билет
Жауабы:
1.Қазақстан темір дәуірінде. Сақ тайпасы
Темір дәуірінде Қазақстанды мекен еткен тайпалардың бірі сақтар. Б.з.б 7-4ғ сақ тайпалары Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеді. Сақтар туралы мәлімет беретін алғашқы жазба дерек Геродоттың "Тарих"атты шығармасы. Парсының Бехистун ескерткішінде сақтарды "құдіретті еркектер" д.а. Сақтар 3тайпаға бөлінд: Тиграхауда (шошақ бөріктілер) ; Парадарайа (теңіздің ар жағынан келгендер); Хаомаварга (хаома сусынын қайнатушылар). Парадарайа сақтарын сонымен қатар дайоар, аргипейлер, исседондар д.а. Страбонның "Жағрафия" еңбегінде , Қытайдың "Хань" кітабында сақтар туралы мәліметтер кездеседі.
3 Көтеріліс басшылары: Исатай Тайманұлы(1791-1836ж.ж.) мен Махамбет Өтемісұлы(1804-1846ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Хан озбырлығына ше қою. Шаруалар жағдайын жақсарту. 1836 ж. 17 наурыз Жәңгір хан Қарауылқожағакөтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды. 1836 ж. қазан Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келеді.1837 ж 3 қазан Атаман Покатиловтың 200 казактан тұратын тобымен Исатайды қамауға алу әрекеті іске аспады. 1837 ж 15қазан Теректіқұм шайқасы. 1837 ж 24 қазан Исатай 1500 сарбазымен хан аулына қауіп төндірді. Исатайдың 1000 адамдық қолы Жиделі түбінде Меркуловтың әскеріне шабуыл жасады.1837 ж 15 қараша Тастөбе шайқасы . 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлінді. 1838 ж 12 шілде Ақбұлақ шайқасы. Зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. 1838 ж 23 шілде Махамбет тобы Нұртазғали және Табылды сұлтандарының ауылдарына шабулдады. Ол 1846 ж қазанда хан жендеттернің қолдарынан қайтыс болады. Исатай көтеріліс б/ша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. 1836-1838 ж көтерілістің жеңілу себептері: Қару жарақтың теңсіздігі, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі, үстм тап өкілдеорінің опасыздығы. Нәтижесі: Салық мөлшеріне шек қойылды, Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды. Тарихи маңызы 19 ғ. 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық көтеріліс.19 ғ. Өлкедегі ең ірі азаттық үшін болған көтеріліс.
5-билет
3. 1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалаушы отряд қыруар көп малды айдап әкетті, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелі Күнімжан да болды. Кейінірек қазақтар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты.
Билет 6.
1.Қыпшақ хандығы.(XI-XIIIғ.басы)
Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері XIғ.да жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді.Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып,батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі,солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты.Қ.х күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп ,Сырдарияның орта ж/е төменгі бөлігін,Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан.Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған.Қ.этникалық құрамы VII-VIIIғ.да құрыла бастаған.Жалпы қ-дың э.құрамы 2бөліктен тұрған.1.қ.дың батыс бірлестігі-11тайпадан тұрады:елбөрілі,тоқсоба,йетиоба,дурут,т.б.2.қ-дың шығыс бірлестігі бұлар 16тайпадан тұрады.Олардың 8-інегізгі тайпалар,ал 8-і ұсақ тайпалық бөлімшелер.Ең беделді тайпасы бөрілер болған.Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт тайпалары да енген.XIIғ.дан бастап қ-тар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар,қарлұқтар және жікілдер де болған.Қоғамдық құрылысы:тікелей Қимақ қағанатының қоғ.құрылысымен жалғасы болды.Хандық әкеден-балаға беріліп отырды.Бір ерекшілік ,хан тағына елбөрілі тайпасының белгілі өкілдері ғана сайланып отырған.Хандық биліктің орталығы орда деп аталды.Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді.Оң қанат-ордасы Сарайшық(Жайық)күшті,беделді.Сол қанат-ордасы Сығанақ(Сырдария бойы) Ақсүйектер:хан,оның туыстары,тархандар,басқақтар,бектер,байлар,ру-тайпа көсемдері.Қарапайым халық:кедейлер,(жатақтар),құлдар(яланкуг).Саяси жагдайы:XIғ.бастап Жетісудан басқа жерлерді қ.тар иеленді.Оғыздарды жеңіп,Еділге дейінгі жерді иемденді.Оңтүстік далаларын,Кавказ,Қырым жерлерін басып алды.Ресей жеріндегі қ.тар половшылар(далалықтар) деп аталған.Дунай бойындағы қ.тар кундар немесе командар деп аталған.1133ж.-қ.тар Хорезмдіктерден жеңіліп,екіге бөліне бастады.Хорезмдіктер саясаты:Қ.тардың ақсүйектерін қызметке тартып,олардан әскери топтар құру.Ислам дінін тарату.1195ж.-Хорезм билеушісі Текеш Отырар билеушісі Алып-Деректің әскерін өз жағына тартып,Сығанақты жаулады.XIIIғ.басы-Хорезм шахы Мұхаммед Қыпшақ хандығы мен Сыр бойындағы қалалар үшін шайқасты.Қ.тар мен хорезмдіктер арасындағы шайқасты тоқтатқан-монғол шапқыншылығы.Дешті қ.тағы қ.халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығы зардабын тигізді.Шаруашылығы.1.Мал ш.Ауған,Иран,Египет,Үнді жерлерінде қ.жылқыларының құны 100-500 динарға жеткен.Қ.тардың қалыптасқан көшу бағыттары,тұрақты қыстаулары мен жайлаулары болған.Егіншілік:Еврей саяхатшысы Петахья(XIIғ.):қ.тар тары мен күріш өсірген.Әл-Омари (XIVғ.):қ.тар бидай,арпа,тары өсіреді,тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады.
2.Қимақ мемлекеті(Ixғ.соңы-Xiғ.басы)
Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Қытай деректерінде кездеседі.VIIғ.басы-Монғолияның солтүстік-батыс ын мекендеді. VIIғ.ортасы-Алтайдың солтүстігіне,Ертіс бойына қоныс аударды.766-840жж.-қ.тар Батыс Алтайға,Тарбағатай.Алакөлге қоныстанды.IXғ.соңы-қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды.Астаналары-Қимақия(Ертіс бойында),Карантия (Алакөл жағасы).Қағанат Қазақстанның солт.-шығ.,орталық аймақтарын алып жатқан.Монғолияның солтүстігін мекендеген қ.тар арасында қыпшақтарда болған. (Сыма Цянь)Қ.тар құрамы 7 тайпадан тұрады. Ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар(парсы тарихшысы Гардизи).
Тайпалары: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ.
Қоғамдық құрылысы
Билеушісі қаған. Қағаннан екі саты төмен атақ ябғу. Билік мұрагерлікпен берілген. Қағанның 11 іс басқарушысы болған.Жеке тайпаның көсемі шад-түтік. Әскер үлестік-тайпалық жолмен басқарылған. Отырықшылар жатақтар деп аталған.
Саяси жағдайы
Қимақ қағандары тоғыз-оғыздардң Шығыс Түркістандағы қалаларына,Енисей қырғыздарына жорықтар жасап отырды. Әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Қимақ шонжарларының лауазымдары: ұлы қаған, кіші қаған, ябғу, шад. IX ғ. Қ.тар «тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін алды. Х ғ. Басы тоғыз-ғұздардың Жамлекес қаласын басып алған. Сыр бойындағы оғыздармен бірде бейбіт, бірде соғыс жағдайында болған. Х ғ. Екінші жартысы Қарахандықтардыңшабуылы басталған. ХI ғ. қарахандықтар жорықтары жиіліген. Қимақ қағанаты құлауының себептері: Қыпшақ хандарының дара билікке ұмтылуы. Ішкі тартыстың күшеюі. Орталық Азиядағы көшпелі тайпалардың көптеп келуі. Көрші тайпалардың шапқыншылығы.
Мәдениеті. Араб тарихшысы Әл-Идриси: қ.тарда 16 қала болған, 12-сі Ертіс өзені бойына орналасқан. Қ.тар қамыс қаламмен жазған. Қимақ зергерлері жасаған әшекей бұйымдарға басқа түрік тілдес тайпалардың жасаған әшекейлері сай келмеген.
Діні
Ата-баба аруағына сыйынған. Көкке, Тәңірге табынған. Кейде мәйітті өртеу ғұрпы кездесіп отырған. Х ғ. қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Қимақ қағаны Жанақ ибн Хакан әл-Қимақи атанды. Бұрынғы жерлеу рәсімі өзгерді.
3.XIXғ.50-ж-дағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
XIXғ.ортасы-антифеодалдық ірі көтерілістер болып өтті.Сырдарияның оңтүстігі мен Оңт.Қазақстанды Ресейдің отарлауына қарсы.Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы.Көтеріліс себебі.Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы.Көтеріліс жетекшісі-Жанқожа Нұрмұхамедұлы.Көтеріліске қатысушылар:кіші шектілер,шөмекей,төртқара,қарасақал.1843ж.-Ж.Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж.көктем-Жанқожа тобы хиуалық 2000әскерді жойып жіберді.1847ж.-Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды.1856ж.жазы-Жанқожаның жанына 2мыңдай қарулы топ жиналды.Жаңақала ауданы-көтеріліс ошағы.1856ж.желтоқсанның аяғы-көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды.Жанқожа әскерінің саны:1856ж.-1500;1857ж.-5000. 1853ж.-орыс әскерлері Ақмешітті алып,Сырдария әскери шебін құрды.1857ж. 9қаңтар-Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.1860ж.-Жанқожа көтерілісі талқандалды.Патша үкіметінің отаршылдық саясатына,бекіністердің көптеп салынуына қарсы наразылық басқа аймақтарда да күшейді.Арал теңізінің солтүстігінде көтеріліс жалғасты.Көтеріліс жетекшісі-Есет Көтібарұлы.
Билет7.
1.Наймандар,керейіттер ж/е жалайырлар.
Бұл тайпалардың негізгі мекені-Монғолияның орта ж/е батыс ауданы.Xғ.-Қазақстанға қоныстана бастады.
Наймандар.Мекені-Орхон өзені-Алтай.Найман сөзінің мағынасы:сегіз тайпа бірлестігі.Секиз өзені бойында тұратын тайпалар.XIIғ.2жартысы-Найман мемлекетінің аты шыға бастады.Орталығы-Балықты(Орхон маңы).Билеушісі-хан.Наркеш Дайын хан(1160-1203жж.)саясаты:егін шаруашылығы дамыды.Отырықшы қалалық өмір салты орнады.Инанч-білге хан саясаты:елді өнерге,күнкөріске баулыды.Бейбіт өмірді насихаттады.Сауда қатынасын дамытты.Наймандар одағын біріктіріп,мемлекетті күшейтті.Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.Білге хан атанды.Бұйрық пен Даян хандар(Білгенің ұлдары)саясаты:Билік үшін өзара таласты.Даян хан далалық өлкеде билік еткен.Бұйрық хан Қара Ертістегі Орүнгу маңын мекендеген.Соғыстары:Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп,Енисей қырғыздарына қашты.1201ж-қырғыз,меркіт,наймандар құрылтайға жиналып,әскери одақ құрды.Соғақ суаты шайқасында одақтастар әскері Шыңғыс әскерінен жеңілді.1204ж.-Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді.Күшлік(Даянның ұлы)хан Жетісуға қашады.
Керейіттер.Мекені:Орхон,Керулен,Селенга,Аргун өзендері.Керейіт сөзінің мағынасы:Керлин(Керулен)өзені атынан шыққан.Керейіт мемлекетінің аумағы:Долы өзені-Завхан аймағындағы Қазақ тауы.Мемлекеттің орталығы-Битөбе жері(Хантәңірі тауы,Улан-Батор маңы).Керейіт хандығының құрамына 8аймақ кірді(Xiғ.екінші жартысы):Керей.Жиркиы.Қоңқай.Сақай.Тутау.Албат.Тунхай.Қыркун.Керейіттер көне түрік жазуын пайдаланған.Монғол мемлекетінің хатшылары керейіттерден болған.X-XIIғғ.-Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында мемлекет шарықтады.Орталық Қарақорымға ауыстырылды.XIIғ.соңы-мемлекет екіге бөлінді.1202жыл-Шыңғыс хан к.ді жаулады.Бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп қоныстанды.
Жалайырлар.Мекені:Селенга,Хилок,Орхон өзендері,Қарақорым таулы қыраттары.Жалайыр Мұқылай-Шыңғыс ханның ең жақын адамы,түменбасы.Жалайыр Жамұқа-1201ж.өзін гурхан деп жариялап,таққа отырды.Шыңғыс хан Жамұқаны жеңіп,жалайырларды бағындырды.Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан.Қоғамдық құрылысы:Басқару жүйесі-хандық билік.Басқару ұлыстық жүйемен жүргізілген.Хан билігінің ең басты басқару орталығы-Орда.Ұлыстардың ішкі істерін жүргізушілер-шербилер.Көршілес тайпалары-меркіт,таңғұт,монғолдар.Найман,керей,жалайырлар біріккен ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмаған.
2.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып,Римге барып аяқталған.Қытай деректері:Б.з.б. II ғ.ортасы-Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандануы басталды.Б.з.б. 138ж.-Қытай императоры У-Ди жіберген елшілік Батысқа аттанды.Елшілік 13ж.кейін оралған.Б.з.б.II-Iғғ.-Үйсін мемлекеті Қытай өкіметімен сауда байланысын жасаған.Б.з.б.Iғ.ортасы-алғаш рет Қытайдан Батыс елдеріне жібек артқан керуен шықты.VIғ.-жібек матасы Еуразияға әйгілі болған.VIғ.-Батыс Түрік қағанаты және оның нөкерлері жібек шапан киген.568ж.-Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім жасалған.Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған киімдер жіберілген.Ұлы Жібек жолы-Шығыс пен Батысты байланыстырып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі.Ұзындығы-7мың шақырымнан астам.Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.
3.Түріктердің рухани және материалдық мәдениеті.
Оңтүстік Сібір,Алтай-Саян,Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген.Олар түрік тілінде сөйлеп,көне түрік жазуымен жазған.Көне түрік әліпбиі 35әріптен тұрған.Т.дің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған.Сондықтан да көне руналық жазу-түріктердің төл жазуы.Т.жазуы жерімізде біздің жыл санауымыздан бұрынғы 1-нші мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан.Соңғы 30-40ж.дың ішінде Талас,Іле,Сыр,Ертіс өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды.Сөйтіп,көне т.жазуы VIII-Ixғ.лар аралығында бүкіл халық игілігіне айнала бастаған.Т.жазуымен қоса елде соғды жазуы да кең қолданылды.Әсіресе бұл жазу қаған сарайында маңызды рөл атқарған.Жалпы көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған.Жазу өнерінің дамуына байланысты VIIIғ.да т.дің жазба әдебиеті дүниеге келеді.Т.жазба әдебиетінің көне ескерткіштерінің бірі-Күлтегін ж/е Тоныкөк жазулары.Бұлар-нағыз тарихи дастандары.Мұнда т.дің құрылуы мен дәуірлері,ақырында күйреуі жайында айтылады.VIII-Ixғ.ға жататын әдеби шығармалар-Қорқыт ата кітабы мен Оғызнама дастаны.Бұл шығармалар алғаш VIIIғ.да ауызша айтылып,ел ішінде кең таралса,тек XIғ.дан бастап қағазға түсе бастаған.Қорқыт ата кітабы 12жырдың қосындысынан тұрады.Кітап жастарды тәрбиелі болуға,жерін,елін қорғауға,батыр да,батыл да болуға шақырады.Ертедегі орта ғасыр әдеби ескерткіштерінің бірі-Оғызнама.Біздің дәуіріміздің екінші ғ.дағы тарихи оқиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VIғ.да парсы тіліне, Ixғ.да араб тіліне аударылған.Оғызнаманың ескі нұсқасын XIIIғ.да бірінші жазып қалдырған-тарихшы Рашид ад-Дин.Одан кейін оны XVIIғ.да толық жазған-Әбілғазы хан.Шығарманың идеясы бірлікті,ерлікті уағыздайды.Ежелгі түріктердің діни сенімдері әртүрлі болған:Көкке-Тәңірге табыну;Жерге-Жер-Суға табыну;Ұмай анаға табыну;Отқа табыну;Тотемге табыну;Көк бөріге табыну.Оғыздар қойға табынған.Будда дінін таратуды соғдыларатқарды.Қазақстанның оңт.де.,Жетісу аймағында басқа да діни әдет-ғұрыптар болды.Олардың ішінде мұсылман дінін VIIIғ.дан бастап кең түрде етек жая бастады.Оның басты орталығы болған қалалар:Сайрам,Тараз,Отырар,Йасы.Бұл дінді Қарлұқ қағаны Сатұқ Боғра хан мемлекеттік дін есебінде қабылдаған.
Билет8
1.Қарақытайлар мемлекеті(1125-1212жж.)
Қарақытайлар тарихында Орталық Азиядағы монғол тектес қидан тайпаларының орны ерекше.Қарақытайлар:Солтүстік Монғолия,Солтүстік Қытай,Маньчжурия,Уссури өлкесін мекендеген қидандар.(қытай дерегі).Xғ.батысқа жылжыған қидандардың бір бөлігі(мұсылман дерегі).Тілі:тұнгұс-монғол,түрік(араб,парсы дерегі).Қ.дың Жетісуға қоныс аударуының себептері:Орталық Азиядан жылжыған түрік тілдес тайпалардың қ.жерін жаулап алуы.Жетісудағы Қарахан ханының қ.ға шығыс шекарасын қорғауды тапсыруы.
Xғ.(924ж.)-қидандар Ляо империясын құрды.Аумағы.Тынық мұхит-Алтай аралығы.1125ж.Ляо империясы құлап,40мың отбасын басқарған Елюй Даши Жетісуға келіп қоныстанды.1125ж.-қидандар Жетісуға қоныстанып,Баласағұнды басып алды.Аумағы.Жетісу.Орталығы:Ғұз ордасы.Билеушінің титулы-гурхан(хандардың ханы).Қарақытайлар билік еткен аймақ:Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.Түркістан мен Мәуереннахр.Сыртқы жағдайы:1137ж.-Ходжент маңында қарахандарды жеңді.1141ж.-Қатуан шайқасында қарахандарды жеңіп,Бұхараны,Мәуереннахрдың орталығын басып алды.Қарахандар қ.ға вассал болып қалды.Хорезмді жаулап,хорезмшах жылына 3000динар төлеуге міндеттенді.Гансу жеріндегі ұйғырларды бағындырды.1198-1204жж.-гурид тайпаларымен соғыста жеңілді.1210ж.-Хорезм шахымен соғысты.1212жылы-Қарақытайлар мемлекеті құлады.Қарақытайлардың жері наймандардың иелігіне айналды.Салық жүйесі:Жетісу аймағ.егіншілер өнімнің оннан бір үлесін төледі.Ірі қара әкімдері харадж(жер салығы)төледі.Әр үйден 1динар жиналған.Егістік жерлер халыққа беріліп,салық жиналып тұрған.Үлестік жер иелеріне арнаулы грамота берілді.Бұл-гурханның қамқорлығында екенін көрсететін белгі.XIIғ.екінші жартысынан салық салу күшейді.Халық наразылық көрсете бастады.Қоғамдық құрылысы:Қ.лар қарахандықтардың басқару құрылысын сол қалпында қалдырды.Гурхан әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастырды:Жергілікті тайпалар шекараны қорғауға тиіс болды.Өз адамдарын шекаралық қызметтен босатты.Қ.дағы мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі:Әйелдер мұрагер болған.Әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті.1143ж.-Елюй Даши қайтыс болып,билікке әйелі Табуян ие болды.1155ж.-Иле қаза болып,билік Елюй Дашидың қызы Бұсұғанға көшті.
2.Қ. Ресейдегі 1905-1907жж.революция кезіңінде
XXғ.басында Қазақстан қалаларында жасырын құпия ұйымдар пайда болды.1902ж.-Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды.Отарлық ұлт аудандарының ұйқыдан оянуына негіз болған оқиға-1905жылғыҚанды жексенбі(9қаңтар,Петербург оқиғасы).1905ж.ақпан-Түркістанда,Перовскіде,Жосалыда,Шалқарда алғашқы қарсылықтар болып өтті.1905ж.мамыр-Верныйда,Перовскіде,Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді.Қарқарыладағы қарсылық жиынына Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті.Перовскіде(Қызылордада),Қостанайда,Оралда,Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды.17қазандағы патша манифесінің (Мемлекеттік тәртіпті дұрыстау туралы)халықты алдау екенін Алаш қозғалысы өкілдері әшкерелеп,сынады.Орынбордағы 18-19қазанда өткен шеру «Демократиялық республика жасасын»,»Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.25-қазан-Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірді.Перовскідегі саяси шеру қазақ-орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді.Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең бастысы-1905жылғы желтоқсанда 12күнге созылған,Успен(Нілді)кенішіндегі 360(265қазақ)жұмысшы қатысқан ереуіл.Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі,іс басқарушысы-ағылшын Фелль.Ереуілге шығу себептері:1.Жалақының тапшылығы;2.Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы;3.Ағылшын капиталистері Мессен,Гиббердің қатыгездіктері.Ереуілге «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» ұйымы(П.Топорнин,Л.Байшағыров,С.Невзоров)басшылық етті.Талаптары:Азық-түлік бағасын төмендету;Жалақының 15,25%-ға көтеру;үш сыныптық орыс-қазақ училищесін ашу;жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту;Фельдшер Е.Костенконы,қызметкер М.Ивченконы жұмыстан шығару;жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету.Кеніштің шетелдік иелері бұл талаптардың біразын орындауға мәжбүр болды.1905ж.16-28қараша-Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан әскери күш шақыртты.1905ж.6-7қарашада Верныйда,21қарашада Жаркент гарнизонында әскери қарсылықтар болды.1905ж.,6желтоқсан-Өскемендегі жұмысшылар жиынында социал-демократ Крушеев патша үкіметіне қарсы күресте ынтымақтасуға шақырды.1905ж.13желтоқсан-Павлодарда Ертіс бөлімінің жұмысшыларының митингісі өтті.1906ж. басты саяси оқиға-Семейдегі шілде айында 500жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл.Негізгі талаптары:Жұмыс күнін10сағатпен шектеу,балалар үшін-8сағат.Ауырган күндерге ақы төлеу.Жалақыны өсіру.Күштеп қосымша еңбек еткізуге тыйым салу.Әйелдер құқығын қорғау.1906ж.-Қарқаралы уезінде(Семей облысы),Жаркент уезінде(Жетісу облысы),Әулиеата,Шымкент уездерінде(Сырдария облысы),Орал,Торғай болыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.Қазақ шаруаларының қарсылығы туралы «Орынбор өлкесі», «Орал күнделігі», «Орал» басылымдарында жарияланды.Саяси толқулардың жиілеуінен шошынған патша өкіметі шаралар қолдана бастады.1906ж.10қаңтар-ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды жаныштауға арнайы тапсырма берді.Қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда,талаптарын түсіндіруде аянбай күрескен ұлттық демократиялық қауым өкілдер:Әлихан Бөкейханов-Семей облысы.Ахмет Байтұрсынұлы-Торғай облысы.Б.Қаратаев-Орал облысы.М.Тынышбайұлы,Б.Сыртанов-Жетісу.Саяси топтардың,партиялардың арасындағы өзара талас,патша үкіметіне қарсы күрес екінші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде күшейді.Бұратана(түземдік)халық арасынан депутаттыққа сайланғандар:Ақмола облысынан-молда Ш.Қосшығұлұлы;Жетісудан-федералист М.Тынышбайұлы;Оралдан-кадет А.Бірімжанұлы;Семейден-бай Х.Нұрекенұлы.Семейден сайланған «Семипалатинский листок» газетінің редакторы,қазақ өлкесінің тарихы туралы еңбектің авторы Н.Я.Коншин уәдесінен бас тартып,Сібірдің дербес дамуын жақтаған топқа қосылып кетті.1905-1907ж.ж алғашқы революцияның жеңілу себептері: Қазақ жұмысшыларының аздығы.Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.Революцияның тарихи маңызы:
Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып,революциялық күреске шақырды.
3.1870ж.Маңғыстаудағы көтеріліс.
1870ж.-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.Көтеріліс жетекшілері-Досан Тәжіұлы,Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160.000сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.1870ж.16наурыз-Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге» қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.Бозащы түбегінде 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станицасы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы-10.000-ға жетті.1870ж.5сәуір-көтерілісшілер Алексанровск фортына шабуылдады.1870жылғы мамыр-Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.Әскери министр Милютиннің «бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады.1870жылғы желтоқсан-И.Тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Салдары:Маңғыстау қазақтарынан 57.901сом салық хиналды.Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90мың қой өткізді.Тарихи маңызы:Тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы.Көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс сақталды.
Билет 9.
1.Үйсін мен қаңлы мемлекеттері
Үйсіндер(б.з.б.3-б.з.4ғғ.)-Орталық Азиядағы алғашқы этникалық бірлестік.Б.з.б.2ғасыр-үйсін атауы қытай жазбаларында кездеседі.Аумағы:Қытайдың солтүстік-батысы(Бесбалық),Шу,Талас өзендері,Қаратаудың шығыс беткейі.Ордасы:Қызыл аңғар(Чигучен немесе Чигу)Ыстықкөл мен Іле арасы.Билеушісі-гуньмо.Тайпа көсемі-бек.Халқы-630мың адам.Әскері-188800адам.Ерте темір дәуірінде үйсіндер сақтардан кейін Жетісу жерін мекендеген.Жетісудағы үйсін мәдениеті 700жылдай уақыт өмір сүрген.Деректер:Қытай тарихшысы-Сыма Цянь:Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған.Гуньмоны бала кезінде қарғалар мен қасқырлар асыраған.Шаньюй(сюннулар билеушісі)баланы тәрбиелеп өсірген.Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси-сауда қатынасын жасаған.Қоғамдық құрылысы:Үйсіндер-мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.Қытай дерегінде «Усунго», «синго» атаулары-көшпелі мемлекет.Мал мен жерге жекеменшік болған:Бай ү-нің 4-5мың жылқысы болған.Байлар жылқыларына таңба салған.Билеушілер,әскербасылар,ауқатты адамдар да алтын ж/е мыс мөрлер болған.Қарапайым адамдар балшық ж/е тас мөрлер ұстаған.Құлдар еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.Тұрмыс-тіршілігі.Мал шаруашылығы:Мойынқұм,Балқаш өңірінде жайлау мен қыстау арасы 20-100шақырым болған.Далалы аймақтан тау бөктеріне дейін көшіп жүрген.Егіншілік:Суармалы ж/е тәлімі егіншілік.Ақтас қонысынан аумағы 60X150 шаршы метр егіс танабының орны табылды.Егіс алқабы өзен бойларында салынған.Шу мен Кеген өзендері маңынан көне қала орны табылды.Баспаналары:Тау бөктерлерінде тұрақты үйлерде тұрған.Қысқы үйлері шикі кірпіштен ж/е тақтатастан қалаған.4-5үй бір ауылды құрады.Зираттар қонысқа жақын орналасқан.Кәсіпшілік өнері:Былғарыдан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған.Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылды.Ыдыстарды әйелдер саз балшықтан жасаған.Ыдыстарды арнайы ұршықшамен н/е құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру арқылы жасаған.Тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған.Зергерлік өнері:Ақтас зиратынан(Алматы облысы)табылған алқа.Қарғалыдан(Алматы обл)табылған диадема(тәті).Бұл диадема 2300м биіктегі тау шатқалынан табылды.Мұндай құпия жерлерге бақсыларды жерлеу дәстүрі болған.Диадема ұзындығы-35см,ені-4,7см екі алтын тіліктен жасалып,аң-құстар бейнелерімен өрнектелген.Диадемадағы пырақты аттар күнді білдіреді.Діни наным-сенімдері:Обалардың ең үкенінің диаметрі-20м,биіктігі-2м.Адамды басын батысқа қаратып,шалқасынан жатқызып,қабірде жерлеген.Жаратушы күшке сенген.Қыш ыдыстарға күннің суреті салынған.Үйсіндер-ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі.Бүгінде Ұлы Жүз құрамындағы ру.
Қаңлылар(б.з.б.3-2ғғ.-б.з. 5ғ.)
Аумағы:Арыс,Талас жағалаулары,Сырдарияның төменгі ағысы.Негізгі мекені-Сырдарияның орта ағысы.Ордасы-Битянь(Түркістан маңы немесе Таразға жақын жер).Халқы-600мың адам(120түтін).Әскері-120мың адам.Қаңлылар шекарасы-осы күнгі Ташкент,Қаратау,Талас аралығы.Оңтүстігіндегі көршісі-Қытай мен Үйсіндер.Солтүстігіндегі көршісі-Сарматтар мен Аландар.Қаңлылардың экономикалық,мәдени,саяси байланыста болған елдері:Қытай,Рим,Кушан.Б.з.б.46-36жж.-қаңлылар Қытайға қарсы шыққан ғұндарға көмектескен.Деректер.Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбалары»еңбегінде қаңлылар өмірі мен тұрмысын баяндаған.Қытайдың «Цянь Ханьшу» дерегінде Қаңлы мемлекетінің құрылу тарихы мен шекарасы туралы жазылған. «Авеста»(б.з.б.6ғ.)кітабында «канха» камалы туралы мәлімет берілген. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік,бәрінен жоғары тұрған Канха камалының алдында құрбандық берді».Қоғамдық құрылысы:Билеушісі-хан.Ел басқарудағы көмекшілері-уәзірлер.(3орынбасары).5иелікке бөлінген,әр иелікті кіші хандар басқарған.Ру,тайпа билеушілері-көсемдер.Көсемдер билігі мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі:Мал күту.Мал өнімдерін өңдеу.Қолөнер кәсібі.Егін егу.Шаруашылығы.Мал шаруашылығы:Жылқы,қой,ешкі,сиыр өсірді.Жайлауы Орталық Қазақстан.Егіншілігі:Арал өңірі,Ташкент алқабында отырықшылық дамыды.Сырдария аңғарында бау-бақша дақылдары өсірілді.Жер өңдеу құралдары-тас ж/е металлкетпендер.Шыршық өзенінің сол жағасы-Ханарық арығы қазылды.Шыршық өзенінің оң жағасы-Зах каналы қазылды.Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған.Аң аулау:Елік,Таутеке,арқар,киік,марал аулаған.Құс ж/е балық аулау кәсібі:Қаз,үйрек,бірқазан аулаған.Балықты сүңгімен түйреген.Жүн өңдеу:Жүннен киіз басқан.Иірілген жіптен киім,төсеніштер тоқыған.Металл өндірісі:Металл өндірісінің орталығы-Шаш-Илақ аймағы.Металл өндеудің ірі орталығы-ежелгі Құлата қаласы.Сүйектен пышақ,қанжар,семсерге қын жасалды.Сауда ісі:Сырдария аймағынан б.з.3-4ғғ.соғылған 1300-дей теңгелер табылды.Отырар алқабындағы Мардан қорымынан б.з.б.2ғ.жататын Қытай теңгелері табылды.Отырардан Балтық бойынан әкелінген кәріптас(янтарь)моншақтар табылды.Жетіасар,Отырар,Ташкент алқаптарындағы қабірлерден Сирияның көгілдір фаянсты моншақтары табылған.Сырдария мен Арал аймағынан Қара теңіз,Иран,Сирия,Үндістан,Қытайдан әкелінген бұйымдар табылды.Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге шығатын бағытын бақылап отырған.Мәдениеті:Алтын-асар қала жұрты(16га):үйлер шикі кірпіштен салынған.Бөлмелердің қабырғасына қызыл бояулы оюлар,гүлдер салынған.Қос ішекті ж/е бес ішекті музыкалық аспаптары,сыбызғы-сырнайлары болған.Жазулары болған(қаңлы ханы заң жарғыларын жазған).Діні:Күнге,айға,жұлдыздарға табынған.Ата-баба аруағына сыйынған.Табиғаттан тыс құдіретті күшке табынып,құрбандық шалған.Қауыншы мәдениеті таралған аймақтарда адамды киімімен жерлеген (б.з.1мың ж.алғашқы жартысы).
2.Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.
Абылай(Әбілмансұр,Сабалақ,1711-1781жж.)-Қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп,елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер.Әкесі-Орта жүздің сұлтаны көркем Уәли,атасы-Түркістан қаласының билеушісі, «қанішер» Абылай.13жасында жетім қалып,әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбетті паналады.15жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатысқан.Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын,жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп,Ресейге арқа сүйеді.Орынбор комиссиясының бастығы князьВ.Урусовтың мақсаты-бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау.Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді.Ол батырларды біріктіріп жоңғарлардышабуылдауды ұйымдастырды.1745жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққаталасушылардың бірі-Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарасытырған мәселелер:Қазақ ақсүйектерін біріктіру.Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржығаұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру.Жоңғарияға шабуылдау.Абылайдың мақсаты:жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған трихи иелігін қайтару.1753ж.-Абылай сұлтан ірі қолды басқарып,Жоңғарияға шабуыл жасады.Жоңғар қақпасы маңында Абылай бастаған қол жоңғарларды талқандады.Жоңғария құлағаннан кейін Қытай жағынан төнген жаңа қауіп қазақ сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды.Абылайдың туы астына үш жүздің жасақтары жиналды.Кіші жүзден Ералы сұлтан жасағымен келді.Зеңбіректермен қаруланған Маньчжур-Цин күштеріне ашық қарсы тұру қиындығын білген Абылай дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігін түсінді.1757-1760жылдар-Абылай Қытайдың билігін мойындады.Абылайдың Цин богдыханның билігін қабылдау себебі:Қазақ рулары қоныстарының тарылуы.Ресей патшасының әскери шараларды күшейтуі.Цин әскерінің Қазақстанға басып кіру қаупінің күшеюі.Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалып,Ресей мен Цин империяларына тәуелдігінсөз жүзінде мойындады.Абылайдың басты мақсаты:Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.Ол Тарбағатай,Алтай таулары,Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады.Пекин билеушілері 1760жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда,оны келіссөздер арқылы шеше білді.Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты болды.XVIIIғ.70жылдарының басы-белгілі қолбасшы Абылай Хождент,Ташкент билеушілеріне соққы берді.Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды.Түркістан,Сайрам,Шымкент,Созақ ж/е Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті.Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.1771ж.-Түркістанда Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болды.Дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес,Абылайды хан сайлады.Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері:Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы.Үш жүзді біріктіруі.Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан,іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы.Патша үкіметі тәуелсіз Қазақ хандығын жоюға күш салып,Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді.1778ж.24мамыр-II ЕкатеринаАбылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті.Абылай хан Ресеймен қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп,ресми түрде бодандықты мойындады.Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады.Абылай хан билігіне ж/е шаруашылыққа өзгерістер енгізді:Хан билігін шектеусіз етті.Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады.Билер қызметіне шек қойды.Халық батырларының қолдауына сүйенді.Ертіс,Есіл бойы,Көкшетау,Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын енгізді.1761ж.Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын ж/е 200-300пұтастық жіберуді сұрап отырықшылықты дамытты.Көкшетау,Ертіс,Ақтөбе,Ой шебінде қыстақтар салғызды.Қазақстандағы шұрайлы,құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан төлеңгіттер бақылады.Сауда қатынасына көңіл бөлді:1759ж.1қаңтар-Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды.Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді.Мәдениетті дамытуға үлес қосты.Оның төңірегіне белгілі жыраулар,ақындар топтасты:Бұқар жырау,Үмбетей жырау,Тәтіқара ақын.Бұқар жырау-Абылай ханның ішкі ж/е сыртқы саясатына әсер еткен кеңесшісі,қазақ хандығы дербестігінің жаршысы.Абылай хан-күйші,сазгер.Домбырада шебер орындап,бірнеше күйлер шығарған.1781ж.-Абылай хан дүние салады.Ол Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесінде жерленді.1781ж.-мұрагері Уәли хан болып сайланды.1782ж.-Уәли Петропавл бекінісіне барып,Ресейге адалдыққа ант береді.Абылай ханның бас мирасқоры-Уәли сұлтанды Орта жүз ханы ретінде танығанымен,ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды.
3.Қазақстан 1917жылғы Ақпан революциясы тұсында.
Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.
Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты социализм құру.Буржуазиялық демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда,Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:
1. 1917 жылы 14 наурызда «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.
2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.
3. 1917 жылы 5 мамырда «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы орыс халқына).
Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:
1. Шаруаларға жер беру
2. Жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күні
3. Соғысты тоқтату
4. Халыққа бейбітшілік беру
Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде береуін орындамады.Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.Саяси партиялар мен ағымдар.Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда «Жас арбакештер одағы» құрылды.Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда «Талап» ұйымы,Спасск заводында «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар . Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер :
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.
1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық аймақтық федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.
Мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру.
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.
Мақсаты:
1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді.
2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы :
1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.
4.Буржуазиялықдемократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.
Кемшіліктері:
1. Ұлттық аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.
2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады
3. Шаруаларға жер бермеді.
4. Империалистік соғысты жалғастырды
Билет10
1.Қазақстан жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіштері
Сәндік қолданбалы өнер.Мұндай өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған.Ол көбінесе металдан жасалған ыдысты өрнектеу ісінде ж/е ғимараттарды сәндеп жасаудан көрінеді. Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.
Мешіт-мұсылман дінінің әдет-ғұрып,салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат.Мешіт,мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдіреді.Xғ.дың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады.Кейбірлері осы кезге дейін сақталған. Мысалы,бір кезде ірі мешіт болған Боран мұнарасы-осының айғағы.
Кесене діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Сәулет өнері Х ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 км жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.
2.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.
Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 21-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.
Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны құсырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. VIII ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарыдікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 4050-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің лнтропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді.Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендіғін көрсетеді. Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек.Ғұндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностық топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі.Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа карай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек.Сырттан келіп қосылған халықтар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.Исмағүловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалғанҚазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.
Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.
Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIVXV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.
Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік этностық сананың көрінісі.
Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.
Қазақ этнонимінің бастапқы түрі "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты.
"Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVIXVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы Алаш Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVIXVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы
"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.
Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) нағыз және "сақ" көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" нағыз сақ деген ұғымды береді", дейді.
"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IXX ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.
X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", деп қорқытады.XXI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды."Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:
3.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков.
2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов.
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында С.Мендешев, Ә.Әйтиев.
4. Маңғыстауда Ж.Мыңбаев.
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып жаныштады.
3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада 50 мыңға жетті.
1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
Салдары:
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.
-161-і каторгаға айналды.
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны:
- Қазақ өлкесінде 446 мыңға;
- Орта Азияда 121,7 мыңға;
- Астрахань губерниясында 51,8 мыңға;
- Россия империясында 617,5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
Билет №11
1) Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жерлеріне бағытталған. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар ханда өзін Шыңғыс ханның жақтастарымыз деп таныды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта бастады. Ол жеке басы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуді өзіне қарату үшін оған Жебе Ноян бастаған әскер тобын жібереді. Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алады. Монғолдардан қорқып қашып кеткен Күшлік ханның зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға бастарын иеді, ал Күшлікті монғолдар Шығыс Түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басын алды. Шығыс Түркістан мен Жетісуді басып алғаннан кейін монғолдарға Оңт. Қазақстаг мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге “Отырар опаты ” деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс хан Орта Азияға өзінің сауда керуенін жібереді, 450 адамы 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді тыңшы деп айыптап, оларды өлтіруге бұйрық береді. Шыңғыс хан Ғайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мұхаммед бұл талапты орындамай, Шыңғыс хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге бұйрық береді. Осының өзі Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай бет алды.Шағатай мен Үгетей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды жаулап алуға бет алды. Ал Сырдарияның жоғарғы бөлігін Шыңғысхан өзі жаулап алып, өзінің кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет алды. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах 2 Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа-Хаджибтің Суфи ханы қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана қақпа арқылы қалаға кірді. Қараджа-Хаджиб өлтірілді. Алайда, моіңолдар Отырарды жаулап алу үшін тағы бір ай керек болды. Қала 1220 жылы ақпанда алынды. Сырдария бойындағы басқа қалаладың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан терісіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақты да жаулап алады. 1219-1220 жылы арасында бүкіл Сырдария бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қолына өтті. Шыңғыс хан ұлан ғайыр жерін өзінің 4 ұлына бөліп берді. Қазақстан жерінде: Жошы ұлысы Қазақстанның орталығы, солтүстік-батыс Сырдария мен Арал теңізінің аумағы. Шағатай ұлысы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Үгедей үлысы Жетісудің солтүстік шығысы. Ал кенже баласы Төлейге Монғолия жерін мұраға қалдырды.
2) “Сібір қырғыздары туралы Жарғы” қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр 1 1822 жылы 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енді. Авторы: Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский, көмекшісі Г.С.Батеньков. Жарғының басты мақсаты:
Орта жүздің әкімшілік құрлымы:
Округ (15-20 болыс)
Басқарушысы округтік приказ немесе аға сұлтан
Болыс (10-12 ауыл)
Басқарушысы болыс сұлтаны
Ауыл (50-70 шаңырақ)
Басқарушысы ауыл старшыны.
Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен беріледі. Егер мұрагер болмаса, інісі немесе облыс басқарма бекіткен туысы сайланады. Болыстық сұлтан ресейлік 12-класстық дәрежедегі шенеунікке теңестірілді. Старшындар Ресейдегі селолық старостарлармен теңестірілді. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлап, майор әскери шені, 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Жарғы бойынша Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігінің териториясы “Сібір қырғыздарының облысы ” деп аталады.
Жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобы пайдаланып, 3 күндік тәртіп бұзушылыққа ұластырды. Бұзақылықты басуға әскер шақырылып, жастар арасынд мерт болғандар, әскер мен милиция қызметкерлері қатарынан жаралағандар, мертіккендер болды. Теміртаудағы оқиға басшылықтың қоғамның келешегі туралы қалыптасқан көзқарастарын өзгерте алмады.
Билет №12
1) XII ғ. Алтын Орда мемлекеті құрылды. Негізін салушы Батый хан. Аумағы: Алтай тауы Дунай өзені аралығы. Астанасы Сарай Бату(Еділ бойы), кейіннен Сарай-Берке. Алтын Орда Жошы ұлысының орнына қүрылған алғашқы мемлекет. XIIғ. 60 ж. дербес хандық болып бөлінді. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:
Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Басқару құрылымы:
Сұлтандар ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы.
Құрылтай ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Құрылтайда хан жариялау және таққа отырғызу рәсімдері жасалды.
Диуан ең жоғарғы атқаруш орган. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды.
Беклербек әскери істерді басқарушы.
Уәзір азаматтық істі басқарушы.
Мәлік азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік әулетінен).
Даруғалар салық жинады, халық санағын өткізіп, әскер жинады, байланыс қатынастарын ұйымдастырды.
Басқақтар басқару қызметін атқард, әскери бақылау жүргізді, салық жинады.
Білікшілер, хатшылар іс қағаздарын жазушалар.
Нояндар, бектер,әмірлер,баһадүрлер әскербасылар.
Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді. XIV ғ. Алтын Ордда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады. XIII XIV ғ. Алтын Орда күшті мемлекет болды.
2) 1824 жылы “Орынбор қырғыздарының жарғысы” қаблданды. Авторы: Орынбол генерал-губернаторы П.К.Эссен.
Кіші жүздің әкімшілік құрылымы
Бөліктер (батыс, орта, шығыс)
Басқарушысы сұлтан.
Дистанция (54, 1831 жыл)
Басқарушысы ру шонжарлары.
Ауыл
Басқарушысы ауыл старшыны.
Реформаның салдары:
1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақрылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
3) 1986 жылы 16 желтоқсан Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінің V пленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Сол жылы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, онын орнына Г.В.Колбин келді. Бұл жағдайдың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп соқты. 1986 жылы 17 желтоқсан Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына таралды. Алматы толқуының себептері:
Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Алматы гарнизонн жауынгерліік дайндыққа келтірілді. 18 желтоқсанда сағат 13-те әскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінін шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті.
“Бұқарасын-86” атты құпия жедел жоспар жасалды. КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:
Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков. Оған “жасақшы С.Савицкийді өлтірді” деген айып тағылды. Қайраттың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. 1988 жылы оған берілген ату жазасы 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылы мамырда қайтыс болды.
Билет№13
1) XIV ғ. ортасы Шағатай ұлысы ыдырады:
Моғолстанның негізін салушы дулат тайпасының басшысы Әмір Поладшы. Билеушісі Тоғылық Темір хан. Аумағы оңтүстік-шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Астанасы Алмалық. Орталық аймағы Жетісу.Халқы: дулат, қаңлы. Керей, арғын, бұлғшы. Дулаттар ең қуатты тайпа. Билеушісінің титулы хан. Моғолстанның
алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, Ілияс Қожаны билеушісі етіп қойды. 1365 жыл Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңді. 1365 жыл 22 маусымда Батпақ шайқасында Ілияс Қожа Әмір Темірді жеңді. Сол кездері өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді:
Қамар ад-дин билеушісі Қызыр Қожа отырды. XVI ғ. Моғолстан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.
2) XV ғ. орта кезінде Әбілхайыр хандығының саяси дағдарысқа ұшырау себебінен қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ханның қатал саясатына қарсы шығып, одан бөлініп Моғолстан жеріне қоныс аударады. Керей мен Жәнібек сұлтандарын Әбілхайыр хандығынан бөлініп кетудегі негізгі 2 себеп болды:
1465-1466 жылы Керейді Қазақ хандығының алғашқы ханы деп сайлайды. 1470 жылы Керей мен Жәнібек Оңт.Қазақстандағы Созақ, Сауран, Сығанақ қалаларын қазақ хандығына бағындырады. XVI ғ. Соңында Қазақ хандығымен Шайбанилер арасындағы Сырдария қалалары үшін болған 100 жылдық соғыс ақыр соңында Қазақ хандығының жеңісімен аяқталды. Қазақ хандығының Моғолстан мемлекетімен қарым-қатынасы XVI ғ. 1 ширегінде Таһир ханның тұсында нашарлай бастайды. Ал XVI ғ. 50 ж. бастап Хақназар (1548-1580) Қазақ хандығы өрлей бастайды. Қазақ хандығының күшейген кезі XVI ғ. соңы мен XVII ғ. 1 ширегі болып табылады. Бұл кезде Шығай ханның баласы Тәуекел (1583-1598) мен Есім (1598-1613) хандар билік жүргізген. Тәуекел хан жоңғарларға шабуыл жасап отырған. Алайда Тәуекел ханның 1594 жылы Мәскеуге жіберген елшлігі Қазақ хандығы нығайып алғандығын, Тәуекел ханның інісі Шах Мұхаммед қалмақтардың бір бөлігін билеп отыр деген хабары Қазақ хандығы қалмақтардан басым болғандығын көрсетеді.
3) Алматыдағы желтоқсан оқиғалары партия басшылығының жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиіс еді. Осындай шешімін таппаған түйінніә бірі 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау олысының Жаңа Өзен қаласының ірі толқу. Толқудың себептері:
№14 билет.
1.XV-XVIIIғ Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік құрылымы
XVғ хандар сайланып қойылатын болған. Хан азаматтық, әкімшілік, сотық және әскери билікті қолына жинақтаған мем басшысы. Әскери құрылымы:
біріккен әскер, басқарушысы жоғары қолбасшы хан
ұлыс әскері,басқарушысы-ұлыс әскерінің басшысы
рулық тайпалық жасақ, басқарушысы жасақ басшысы, рубасы
қазақ хандығының әкімшілік құрылымы ірі ұлыстарға бөлінді. Ұлыс аумағы жұрт. Ұлыстарды басқарушылар сұлтандар. Қалаларды басқарушылар уәзір , уәкіл, хакім, даруға . Қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды; 1.Ақсүйектер Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар
2.Қарасүйектер Мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.
Сұлтан ұлыс бмлеушісі, хан болып сайлануға құқылы.
Билер ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.
Батыр қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар , кәсіби әскерилер , жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрік адамдар.
2. Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі - дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы. Маньчжур Цин әулетінің өктемдігіне қарсы 1862- 1877ж ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресіне қырғыз, өзбек, қазақтар қатысты. Көтеріліс барысында Қоқан хандығынан барған әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашқар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті құрылды (Жетішар). Көтеріліс басылғаннан кейін ұйғыр, дүнген халықтарына қысым көрсету кушейді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты. Ұйғыр, дүнген халықтарының тарихында ерекше орын алатын оқиға 1881ж күзінен 1884ж дейінгі кезең аралығында басқа аймақтар мен Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашында 45мыңнан астам ұйғыр, 5мыңдай дүнгеннің басты орын тепкен аудандары Жетісу өлкесі мен Солт.Қырғыстан өңірі болды. Жетісудағы ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық өмірінде де көзге түсерлік құбылыстар қалыптасты. Мал шаруашылығымен көбіне бай ұйғырлар айналысты.
3. Қазақстан 1917ж Қазан төңкерісі.
1917ж 24-25 қазанда Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп, Қосөкімет жойылды. Буржуазиялық Уақытша үкімет орнына , Кеңес үкіметі келді. Кеңес үкіметі алғаш рет Перовск қаласында орнайды. 1917ж 15-22 қараша Түркістанда "Түркістан халық комиссарлар кеңесі" орнады. Кеңес құрамына 14 өкілдер болды. Төрағасы Ф.Колесов. 1917ж 22 қараша Қоқанда Бүкілтүркістандық төтенше 4 сьезд ашылды. Қаралған мәселе :
№15 билет.
Әбунасыр әл- Фараби (870-950)- философ, математик. Отырарда туып- өскен. Дамаск қаласында қаза болды. Әскери отбасынан шығып, Отырар медресесін үздік бітірді. Негізгі шығармалары: "Музыка туралы үлкен кітап", "Даналықтың жауһарлары". 150- ден астам трактаттар жазды.
Жүсіп Баласағұни (11ғ)
Құтты білік дастанын дайындауға 30 жылын арнап, жарым жылда жазып шығады (1069ж). Дастанда- өмір шындығы , қоғамдық түсінік пен саяси тұжырымдар берілген.
Махмұт Қашқари (11ғ)
1072- 1074 ж жазған "Диуани лұғат ат- түрік" атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Түркі халқының тұрмыс тіршілігі , әдет ғұрпы, тілі туралы дерек. Бұл еңбек А.Егеубаевтің аударуымен 1997- 1998ж қазақ тілінде жарық көрді.
Қожа Ахмет Иасауи (12ғ) Сайрамда туып, Йасыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан бабтан тәлім алып, уағыздаушы сопы болған. "Диуани хикмет" шығармасы тарихи, этнографиялық дерек. "Пақырнама" және "Мирет ул- Кулуб" еңбектері бар.
Сүлеймен Бақырғани (12ғ) Хакім ата болған. Ахмет Йасауидің шәкірті. 1104ж Йассыда туып, 1186ж Бақырғанда қайтыс болды. "Дүниенің ақыры" еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.
Әбу Райхан әл Буруни (10-11ғ) 973-1050ж өмір сүрген. Астроном, математик, географ, тарихшы, ақын. 150 еңбегі бар: "Астрономияның кілті" , "Ежелгі халық хронологиясы" 600- ден астам қала координаталарын анықтады.
Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 2 жолмен жүрді:
Қазақстан өлкесінде кеңес билігі алдымен темір жол бойындағы қалаларда орнады:
Ақмола, Ертіс бойындағы шайқастарды басу үшін Семей большевиктеріне көмекке Новосибирден өкілдер келді. 1917ж қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық көтеріліс жасап, өкімет билігі казактардың яғни әскери үкіметтің қолына көшті. 1917ж атаман Дутовтың казактар тобы Алашорда үкіметі, меньшевиктерге қарсы бірікті. Оларға қарсы күрес жүргізді. 1918ж Қостанайдағы кеңес съезінде бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. ТОрғайда кеңес үкіметі орнады. 1918ж Жетісуда орнады. 1917-1918ж Кеңес үкіметі бүкіл өлкеде орнады. Большевиктердің шаралары: Бүкілресейлік төтенше комиссия органы құрылды. Контрреволюцияға іш тартқаны үшін бас бостандығынан айыру, лаңкестік жасап, кепілдерді ату. 1918ж наурызда Кеңестің Ақмола уездік съезі Алашорда үкіметін теріске шығарған қарар қабылдады. Қазақ газеті жабылды. 1918ж 20 сәуір- 1мамыр Ташкентте Түркістан өлкелік кеңесінің 4 съезі өтті. Қаралған мәселелер: Түркістан автономиялы кеңестік соц. Респ жариялануы. Респ.құрамына Сырдария, Жесағтісу обл кірді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөнінде коммисия жұмыс істеді. 8сағ жұмыс уақыты енгізілді, 3,5 десятина жер кедейлерге берілді. 1918ж Торғайда кеңестер съезі өтті. Онда жеке саудаға тыйым салу, саудагерлер тауарларын тәркіленді. Қазақ АКСР құруға әзірлік жұмыстар жүргізіліп , Жангелдин Қазақстанда Кеңес Құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда ол шетел инвестициясы мен Азамат соғысының әсерінен тоқтап қалды.
3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
1991ж 16 қарашада Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа енуі басталды. 1991ж соңына дейін 18 ел таныды: Туркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан. 1992ж 2наурызында БҰҰ мүшелікке қабылданды. 1992ж 25мамырда Мәскеуде Ресеймен достық, көмек туралы шарт жасасты. Қытаймен 50шақты келісім шарттар жасалды. 1996ж 26сәуірде Шанхай келісіміне қол қойылды. 1999ж желтоқсанда Қазақстан АҚШ келісімі бойынша Болашақ бағдарламасымен АҚШ, Франция қазақ студенттерін оқуға қабылдай бастады. 1996ж БҰҰ мүшесіндегі 129 ел ядролық қару таратпау туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның сыртқы саясатында басты үш мәселе ерекше назар аударды:
-ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
-Мәдени - экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
-Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежузілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында назар аудартатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен , солт- Ресеймен, шығ - Қытаймен ойдағыдай қарым қатынас орнату.
№16 билет
Тарих- и Рашиди. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546ж Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі Тарих- и Рашиди Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Онда орта ғасырлардағы қазақ тарихы, Дешт Қыпшақ оқиғалары, Моғолстанның құлауы туралы мағлұматтар берілген. Бұл шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептерін тұңғыш рет айтылады. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы жетік білген.
Жылнамалар жинағы. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің 1600- 1602ж жазған еңбегі. Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде Борис годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінді. Шығарма құрылымы мен мазмұны жағынан 3бөлімге бөліп қарауға болады. 1бөлімі Борис годунов патшаға арналған. 2бөлімі Жамиғат тауарих атты еңбегінің негізі бойынша жазылған. 3бөлімі қазақ халқының тарихына арналған.
Шыңғыснама. XVI ғ орта шенінде жазылған шығарма. Бұл тарихи шығарманын авторы Өтеміс қажы . бұл еңбектегі кездесетін аса бір құнды хабар- өлімі аңызға айналған Жошы хан туралы дерек. Бұл шығарма Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көш і қон мәселесіне назар аударылған.
Әбілғазы шежірелері. Әбілғазы еңбегінің алғы сөзінде үш түрлі өнерді меңгергендігі жазылады. Біріншісі әскери өнер, екіншісі ақындық өнер, үшінші тарихшы.
2.Аңырақай шайқасы
1729ж көктемде Балқаш көлінің оңтүстігінде Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрыста Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы; Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгел азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр пен Барақ сұлтан хандыққа таласып, алауызыдық пайда болады. Нәтижесінде Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге , ал Барақ сұлтан өз әскерін Орта жүзге алып кетеді. Осыған байланысты Ұлы жүз әскерлері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Сондықтан жеңіліп Оңтүстік Қазақстан жоңғар өктімдігінде қалып қойды.
3.Жаңа экономикалық саясат
Жаңа экономикалық саясат 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 1924) жүргізілді. ЖЭС тің белгілері: азық - түлік салығы; сауда еркіндігі; жерді жалға беру; еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
№17 билет.
1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары. Әмір Темір барлас тайпасынан шыққан Тарагай бектің баласы. Ол 1336-1405ж аралығында өмір сүрген. 1370ж Мауараннахрды басып алады. Алдымен ол Ақ орданы басып алуды көздейді. 1380ж Ақ орданы жаулап алып Тоқтамысты билеуші етіп жариялайды.Енді Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Оны жазалау үшін Әмір Темір 1391ж 200мың әскермен оған қарсы жорыққа аттанады. Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерлерін қирата жеңеді. Бірақ ұрыста Тоқтамыс қашып құтылады.1395ж ТОқтамысқа қарсы тағы жорық жасайды. Бұл шайқаста Тоқтамыс жеңіліп, Темір қаланың байлығын тонайды. Алтын Орданың экономикасы қатты ойрандалды.
Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары. Әмір Темір 1371-1372ж Моғолстанға жорыққа аттанды. ОЛар Алмалықтың жанына жетіп, қалаларды тонайды.Моғолстанға 1372 жылдан 1390 ж дейін он шақты жорыққа шықты. Моғол әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпады. Ақ орда мен Моғолстан билеушілері Темірге карсы 1380ж одақ құруға әрекет жасайды. Бұл одақтан нәтиже шықпады, өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір 1384-1391ж Алтын орда мен Моғол жеріне бірнеше жорық жасайды.1390ж жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толықтәуелділікке түсті. Темірдің жорықтарының зардабы: елдер арасында байланыс үзілді. Мәдениеттің дамуына зардабын тигизди.
2.Әскери коммунизм (19181921 жж.)
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Компартия 1927ж өткен 15съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Негізгі ұстанымдары: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік , ұжымдастыру сатыларына кезең кезеңмен өту. ҚАКСР де ұжымдастыруды 1932ж көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж екінші жарт бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС тер (машина трактор станциялары) құрылды. (жымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 жиырма бес мыңдықшылар жіберілді. Ұжымдастыру даярлықсыз, көбіне әкімшілік күштеу арқылы жүргізілді. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: қатал жаппай қуғындаумен террорға негізделді; даярлықсыз , жергілікті жағдайлар ескерілмеген жүргізілді.; шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер , мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап , 1930-1932 ж аштық жарияланды. Ұжымдастыру қарсаңында -40,5 млн.мал болса, 1933 ж 1 қаңтарда 4,5млн.мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды
№18 билет.
1.Әбілқайыр хандығы
Әбілқайыр 1428ж хан сайланады. Жошы ханның 5 ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Ұлыстың басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан Қыпшақ хандығы деп аталаған. Бірақ Әбілқайырдың 40жылдан астам хан болуына байланысты Әбілқайыр хандығы деп атаған. Әбілқайыр хандығы 92 ру тайпадан тұрған. Әбілқайырды көптеген ру тайпалар қолдаса да, хандықтың ішінде әлі де жер үшін , ел үшін талас тартыстар күшейді. 1431ж Тоқа Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеди. Көптеген дүние мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда Базарды бағындырып, өзінің астанасы етеді. 1446ж Әбілқайыр Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етеді. Әбілқайыр 1456-1457ж Сығанақ түбінде Үз Темір тайшы бастаған ойраттармен жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болады. 1568ж Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлдем әлсірейді.
2.XV-XVI, XVII-XVIII ғ қазақ жыраулары
Сыпыра жырау 14ғ . Қазақстанның батысында өмір сүрген жырау қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Жырау есімі Ер Тарғын, Едіге жырларында кездеседі.
Сүйінішұлы Қазтуған 1420ж Астраханьдағы Қызылжар деген жерде омирге келген. Жыраудың бізге жеткен үш жыры белгілі. Солардын бірі Алаң да, алаң, алаң жұрт .
Доспамбет 15ғ 90жылдарында Дон өзенінің төменгі ағысының Азау қаласында дуниеге келген. Жырларында жастарды батыр, батыл болуға , елін , жерін қорғауға шақырады. "Айнала бұлақ басы жоқ", "Тоғай, тоғай, тоғай су", "Азау, азау дегенің" тағы басқа жырларының мазмұны отанды қорғауға бірлік пен берекеге үндейді.
Шалкиіз 1465-1560ж Жайық өзенінің шығыс жағалауында дүниеге келген. Жырларында көбіне әскери жорықтар жайында жазылады.
Жиембет Бортоғашұлы 16ғ 17ғ аралығында өмір сүрген. Сақталған жырларының мазмұнына қарағанда Есім ханның әскербасы қызметінде және кеңесшілірінің бірі болған. Есім хан жайында "Әмірің қатты Есім хан" деген жыры бар.
Марғасқа жырау да Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. Жыраудың туған өлген жылдары белгісіз. Есім ханға арналған "Еңсегей бойлы ер Есім" атты жеті мың жолдық тарихи жыры белгілі.
Ақтамберді Сарыұлы 1675-1768ж Оңтүстік Қазақстан Қаратау бойында дәулетті отбасынан шыққан. Орта жүздің ру басы ақсақалдарының бірі болды. Жырау 93жасында Семей өңірінде Жүректі деген жерде қайтыс болды.
Тәттіқара ақын Қостанай аумағының Сарыкөл маңында туып өскен. Шаруа отбасы өзініңн жырларындаан шыққан. Абылай ханның жақсы көретін адамы болса керек. Жыраудың өзіне тән бір ерекшелігі ол өзінің жырларында қазақ батырларының қай рудан екенін баяндап отырады. Қамыстың Басы майда, түсі сайда атты жыры бар.
3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталған болатын. 1925ж желтоқсан- БК П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру жарияланды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: өлкенің техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. Голощекин қазақ ауылдары Қазан лебін сезінген жоқ , сондықтан Кіші қазан төңкерісін жасау қажет деп ұсынды. Кіші қазан төңкерісінің бағыты: өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейін дамыту. Өлкені шиказат базасы ету. Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. 1931ж Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. Индустрияландыру Қазақстанға тигізген теріс әсері: халық дәстүрі, қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Индустрияландыру ерекшеліктері : өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Білікті жұмысшы мамандар , инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізін Ресей мен Украинадан әкелді.
№19 билет.
1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Көптеген ғалымдар қазақ сөзінің шығу тегін б.з.б. VII-IV ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынды. Ғылыми зерттеулер қазақ сөзі сақ, каспи, қас, қаз деген тайпа аттарымен байланыстырады. Берштам қазақ сөзін каспи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған. Кейбір ғылыми пікірде хазар мен қазақ сөздерінің төркіні бірдей. 1.қазақ сөзі ең алғаш қас пен сақ тайпаларының бірігуінен пайда болды, 2.қазақ сөзінің орта ғасырлардағы еркін адамдар деген мағынасы пайда болды. Радлов қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазды қазақ жүздерінің пайда болуы туралы нақты дерек жоқ жүз сөзі арабша басты бөлігі тармағы деген ұғым. Левшин өз кітабында үш жүз туралы жазды. Ақжол бидің есімі-Орта жүз, Бақтияр бидің есімі Ұлы жүз, Алдияр бидің есімі Кіші жүз ұранына айналған. Ұлы жүзде сарыүйсін, албан, дулат, шапырашты, жалайыр, қаңлы. Орта жүзде арғын , найман, қоңырат, керей , уақ. Кіші жүзде әлімұлы, байұлы, жетіру. Жүз халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория.
Музыка өнері. Қазақ халқының бұл өнері халық болып қалыптасқанға дейінгі негізгі ру-тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы деп айтуға болады. Г.Потанин "Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді"деген болатын. А.В.Затаевичтің "Қазақ халқының 500 ән-күйі" және "Қазақ халқының 1000 әні" атты кітаптарын шығарған болатын. Айтыс. Айтыстың мәні зор. Ол жастарды шешендік, зеректілік, тапқырлыққа баулиды. Айтыс бірнеше түрге бөлінеді: сүре, түре, қыз бен жігіт, жұмбақ, бәдік айтысы. Халқымыздың ән өнерінде кең тараған бір түрі- терме. Терме әуені,ырғағы бір сарынды, тыңдаушыға жеңіл. Терме қобыз, домбыра, сырнаймен суйемелденіп айтылады. XV-XVIIғ күйлер "Бозінген", "Аққу", "Ақсақ құлан ", "Бозайғыр", "Әншінің зары". Музыкалық аспаптар. Бақсы балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыз пайдаланады. Өлең жыр, ән айтқанда домбыра, сырнай, сыбызғы, қыл қобыз сияқты шекті аспаптар қолданылады. Үрмелі муз аспаптар : сазсырнай, сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней. Ішекті муз аспаптар : жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыра , қобыз, Шалып ойнайтындар: шаңқобыз, Соқпалы аспаптар: даңғара, дауылпаз, дабыл, асатаяқ.
Қазақ шеберлері ағаш, металл, суйек, мүйіз, тері, темір ұсталары болған. Ағаш ұсталары ағаш үйдің қаңқасын, ат әбзелдерін, түрлі жиһаздар жасаған. Сүйектен ағаш төсек, киіз үйдің есігі, кебеже, сандық, асадал әсемдеуге қолданған. Сүйекті кесіп, өңдеп, жонып, тегістейтін құрал- бастырық немесе қысқы. Мүйізден тарақ , қамшының сабын, қымыз құятын ожау, қасық жасаған.
3.Қоғамдық саяси жағдай. XX ғ 20-30ж Қазақстан мәдениеті.
1924 ж сәуір "Сауатсыздықты жойылсын" қоғамы құрылды. 1921-1927ж 200мыың адам оқып сауатын ашты. 1926ж мамыр Қ.АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан; Оралда ашылды. 1931ж желтоқсан- 15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді. 1930-1932ж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді. Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүру себептері: ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптары, 1930-1932ж аштық пен күйзеліс. Өлкеде ашылған жоғары оқу орындары: 1928ж тұңғыш педагогикалық институт ашылып, Абай есімі берілді. 1931ж Алматыда медицина инс ашылды. 1931-1932ж Орал мен Қызылордада пединституттар ашылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны , 118 орта арнаулы оқу орны болып , 40 мыңдай адам оқыды. Ұлы отан соғысы қарсаңында әдебиет ерекше орын алады.
Прозалық шығармалар : тар жол, тайғақ кешу-С.Сейфуллин 1927ж
Азамат Азаматыч Б.Майлин
Қартқожа-Ж.Аймаутов
Жұмбақ жалау С.Мұқанов
Өмір мен өлім Ғ.Мүсірепов
Қазақ драматургиясына туындылар қосылды: Айман-Шолпан ,Түнгі сарын М.Әуезов
Жалбыр-Б.Майлин
Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу-Ғ.Мүсірепов
Мансопқорлар, Ел қорғаны Ж.Аймауытов
Билет №20
1) Ұлт дегеніміз белгілі бір аймақта тарихи қалыптасқан адамдар тобының әлеуметтік-этникалық бірлестігі. Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамның негізгі арқауы болған қаңлы, үйсін, керей, найман т.б. ру-тайпалардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері дамып, жалғасып бізге жетіп отыр. Халқымыздың шаруашылыққа, отбасына, үйлену тойына, бала тәрбиелеу мәселесіне, ұлттық ойын-сауыққа, наным-сенімдерге, т.б. байланысты көптеген ұлттық әдет-ғұрыптары бар.
Өзінің өсіріп отырған малының басы аман болуын тілегендіктен оларға байланысты әртүрлі әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер дүниеге келген. Сондай әдет-ғұрыптардың бірі отпен тазарту. Халқымыздың тағы бір жақсы әдет-ғұрпы қазық майлау немесе бие мұрындық деп аталады. Бүл салт жайлауғ барғаннан кейін бие байланып, қымыз ашытуды ұйымдастырған кезде, құлын-биелердің аман болуына, қымыздың көп болуына тілек білдіріп, қариялар қазық басына май жағып бата береді. Ислам дініне дейінгі қазақтарда мал шаруашылығына тікелей байланысты құрал-саймандарды киелі деп санаған. Жылқы ұстайтын құрық, құлын байлайтын желі, қозы-лақ көгендейтін көген, жүген, ноқта, шаңырақ көтеретін бақан. Қазақтарда үлкенді сыйлау, құрметтеу рәсімі қатаң сақталған. Әсіресе үлкен отырған одан бұрын сойлемеу немесе олардан бұрын тамаққа қол салмау. Қазақтарда әйелдер күйеуінен жасы үлкен адамдардың атын атамайды. Немесе келіндер күйеуінің барлық туыстарының аттарын атамай, оларға өзінше ат қояды. Мұны қазақта ат тергеу деп атаған.Қазақтарда бір-біріне көмектесу әдеті кең тараған. Мұндай дәстүрді жылу, немеурін, үме немесе асар деп атаған. Қазақ халқында қаза болған адамдарын жерлеуге байланысты көптеген әдет-ғұрыптар атқарылады.Қоштасу, кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту,ас беру сияқты рәсімдер істеледі.
2) X ғ. ортасы Қарахан мемлекеті құрылды. Аумағы: Жетісу Шығыс Түркістанның бір бөлігі. Орталығы Баласағұн қаласы. Негізін қалаушы Сатұқ Боғра хан (915-955). Халқы жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін. Сатұқ Боғра хан қайтыс болғаннан кейін елде саяси бытыраңқылық басталды. 955 жыл Мұса хан билігі орнады.960 жыл Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Астаналары: Қашғар Мұса хан билігінің орталығы. Баласағұн Сүлеймен хан(Мұса ханның інісі) орталығы. X ғ. екінші жартысы Хасан Боғра (Сүлеймен ханның баласы) Саманилер астанасы Бұхараны, Самарқанды, Испиджабты жаулап алды. Хасан Боғра хан Қошқарбас деген жерде қайтыс болды. 999 жылы Жүсіп хан(Хасан Боғраның баласы) Бұхараны басып алып, Мәуереннахрды түгел бағындырды. Мемлекеттің негізгі үлесті жүйеде қалаған:
Билет №21
1.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.
2.Қазақстанның Ресейге қосылуы.
3.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.
1. Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1474-1511)отырды.Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салды.Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті.Бұдан кейін Бұрындықтың кезінде оның әскер қолбасшысы болған Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алады.Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы саяси,әлеуметтік-экономикалық жағынан дамиды.Алыс, жақын елдерге Қасымның аты әйгілі болып,Қазақ хандығы қуатты,іргелі елге айналды.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі ортағасырлық авторлардың өдері де атап өткен. Мәселен атақты Бабыр: “жұрттың айтуына қарағанда қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біоеу бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны 300мыңға жуық еді”,дейді. Қасым хан мамлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бірқатар заңдар шығарды. Оның заңдары “Қасым ханның қасқа жолы” деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Бұл заң жазбаша түрде сақталмаған. Қасым хан қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап ,сол кездегі заманның талабына сай,жаңа құқықтық заңдар шығарған.Қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып,күшті мемлекет құрды.Академик Ә.Х.Марғұланның айтуына қарағанда заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған.Бұл заң қазақтың от ауызды,орақ тілді ,елге сыйлы билерінің ықпалымен халықтар ерте заманнан ұстанып келген “Жарғы ” заңын күшейткен .Осы себепке байланысты халық Қасымның шариғат жолын алмай билер заңы “Жарғыны ” алып,жаңадан көтергенін ұнатып,оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті дейді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл заңға мына ережелер енген:
1.мүлік заңы (жер дауы,мал-мүлік дауы)
2.қылмыс заңы (кісі өлтіру,талау,шапқыншылық жасау,ұрлық істеу)
3.әскери заң(аламан міндеті,қосын жасақтау,қара қазан,ердің құны,тұлпар ат)
4.елшілік жоралары(майталман шешендік,халықаралық қатынастағы сыпайылық,әдептілік,ибалылылық)
5.жұртшылық заңы(шүлен тарту,ас,той,мереке,думан үстіндегі ережелер,ат жарыс,бәйге ережелері,жасауыл)
Міне осы заңдардың орындалуын қатаң талап етудің арқасында Қазақ хандығының күш-қуаты артып,әлем таныған қуатты мемлекетке айналды.
2. XIX ғасырдың басында Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде ерекше ауыр жағдай қалыптсады.Оның басты себебі, бұл аймақ халқы ортаазиялық Хиуа,Бұхар,Қоқан үстем тап өкілдерінің тұрақты шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан да бұл аймақ әлі де болса патша үкіметінің қол астына толық өтіп болмаған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым XIX 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қазақтарды күйзеліске ұшыратып кеткен. Мұндай ауыр шапқыншылыққа шыдамаған қазақтар 1821 жылы Тентек төре бастаған көтеріліске шыққан. Алайда көтерілістің қарқынынан қорыққан үстем тап өкілдері көтеріліске опасыздақ жасап, Қоқан хандығы жағына шығып кетіп,көтерілісшілер сәтсіздікке ұшыраған. Мұндай көтеріліс қырғыз,Шымкент,Әулиеата,Пішпек жерлерінде қамтыған.
XIX ғасырдың 20-30-жылдары «Азия комитеті» құрылады. Комитеттің басты міндеті патша үкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу болған. 1825 жылы подполковник В.К.Шубин басқарған 120 қазақтан құрылған зеңбіректері бар қарулы қосын Қаратал өзенінің бойында жіберіледі.Осы жерде қосын екіге бөлініп бірі осы жерде қалса, екіншісі Жетісудың ішкі аудандарына қарай ілгеріндейді. Жетісудың 50 000 адамы бар Үйсін болысының қазақтары патша үкіметі әкімшілігінің қол астына кіретіндігін мойындады. Ал 1819 жылы Сүйік сұлтан өзінің қол астындағы адамдарымен Ресейдың билігіне қарсы болмайтындығына ант берсе,1822 жылы Абылай ханның немерелері 14 сұлтан патша үкіметінің құзыорына алуды сұранған. Бұлардың өтінішіне 1824 жылы 13 мамырда I Александр қол қойған. Патша үкіметі Жетісу жеріндегі Қоқан хандығының билік жасау әрекеттерін тоқтату үшін тезірек қимылдауға тырысады.
Патша үкіметіне алдымен Қастек,Тойшыбек бекіністеріне бекініп отырған Қоқан хандығының әскеріне соққы беру керек болды.Ол үшін 1850 жылы Капитан К.Гутковский бастаған 200 атты қазақ,50 жаяу әскер Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Олар қоқандықтардың қырғыздардан жасақтаған әскерінен қарсылық көріп,Іле бойына шегінуге мәжбүр болады.Қоқандықьарға соққы беру енді 1851 жылы подполковник Карбышев қосынан жүктеледі.
Орыс әскербасы құрамында төрт қазақ жүздігінен тұратын бір батальон жаяу әскерден,18 зеңбірегі бар атты қосыннан құрылған қарулы күшті аттандарған. Бұлар 1851 жылы 7 шілдеде бекіністі ешбір қантөгіссіз-ақ алады.1854 жылы осы бекініске жақын жерге Верный бекінісі салынады.Мұнда орыс әскерлері жергілікті халықтың патша үкіметіне адал болуды бақылаған.1859 жылы осы Верный бекінісінің батысында Қастек бекінісін салғызады.Патша үкіметінің тірегі болған осы бекіністен Оңтүстік Қазақстанға қарай Әулиеата, Шымкент қалаларын әскери жаулап алу әрекеті басталған.
Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды алу үшін Орынбор, Сібір генерал-губернаторлығынан аттандырған екі жақты әскери шабуылы Шымкент, Әулиеата жерінде түйісіп,қазақ жерін 1864 жылы біржола жаулап алады. Ақмешіт, Түркістан,Әулиеата ,Шымкент қалаларын алған кезде әскери қарсылық көрсеткен адамдардың қырғынға ұшырағанын айтпағанның өзінде қарапайым халыққа жасалған зорлық-зомбылық , аяусыз тонаушылық адам төзгісіз дәрежеде болған. Осындай жағдайды өз кқзімен көрген Черняев әскерінің құрамында юолған Ш.Уәлиханов төзе алмай,Верный бекінісіне,одан кейін Тезек төренің ауылына кетіп қалған.
Патша үкіметі қарудың күшімен Оңтүстік Қазақстанды өзіне қосқаннан кейін,1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылғандығы туралы заң шығарды. Орталығын Ташкент қаласы етіп бекітеді.Бұл губернаторлықтың құрасына қазақ жері Жетісу және Сырдария облыстары болып кіреді.
3. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КСРО дағы саяси ахуал - 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі,КСРО-ның өмір сүруінің тоқтауы, ТМД-ның құрылуы, доақтас республикалардың басқа мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті. Бұл жерде өзге республикалардың бәрінің дерлік соның ішінде, Ресейдің өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы шешуші рөл атқарды. Ақыры, тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды.1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңы қабылданды.Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым жылдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылдары мен большевиктік шовенистик аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.Тәуелсіздік жолында ауыр шығындарға ұшырады.күрес үстінде қаза тапты , консентрациялы лагерлерге айдалды, аштан қырылды,шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты , тілі мен мәдениетінен айрылуға таяды.
Билет №22
1.Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.
2.Шоқан Уәлиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы.
3.Қазақстан ҰОС жылдарында (1941-1945).
1.Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Ішкі талас-тартыстармен сыртқы феодалдық соғыстардың ауртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп,оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға, Қазақ хандығының халқаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан зор үлес қосты. Хақназар хан (1538-1580жж.) хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Хақназар батыстағы Ноғай ордасымен,Оңтүстігінде Азия халықтарымен,солтүстігінде Сібір хандығымен,іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарайтын көшпелі ру-тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жалап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды. Ол өзінің алдында билік еткен Тақир,Бұйдаш хандардың қателіктерін қайталамауға тырысқан. Ел басқаруда сабырлылық танытып,мемлекетінің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған.Хақназар хан елін жерін сыртқы жаудың шабуылынан сақтауға,халқының бірлігін нығай туға бар өмірін арнаған.Хақназардың билік еткен кезінде оның мемлекетті дұрыс басқара білуінің арқасында Қазақ хандығының қуаты өсіп,саяси өрлеуі арта түсті. Хақназар елінің саяси бытыраңқылығын жойып, бір орталықтан басқару билігін орнатқан соң,хандықтың халықаралық жағдайын нығайтуға күш салды. Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен,Ноғай Ордасымен,өзбектермен,Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлерді басып алу ниетімен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады.Бұған қарсы күреске Хақназар хан қазақ қырғыз одағының әскерлерін пайдаланды.Бұл шайқастардың бірінде Абд ар-рашидтің баласы қаза тапты.Бұған жауап ретінде Абд ар-Рашид өршелене шабуыл жасап,қазақ-қырғыз одағының әскерлерін жеңіліске ұшыратты.Бұл қазақ-моғол шайқасы қазақтар үшін сәтсіз аяқталды.Қазақтар мен моғолдар арасындағы қанды шайқас мұнымен бітпеді.Абд ар-Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырлады.
Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында билік үшін таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті.Бұл жағдай бұқара халықты күйзелтіп жіберді.Нәтижесінде Ноғай Ордасында жаппай наразылық туды.Ноғай Ордасы құлдырап,ауыр ауыр дағдарысқа тап болды.Қаңлылар,қыпшақтар,тағы басқа көшпелі тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығына келіп қосылды.Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды.Ноғай Ордасында қырқысқан екі топ пайда болды.Бір тобы Мәскеу кінәзіне қосылуды жақтаса,екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтады.Бұл жағдайды тиімді пайдаланғын Хақназар хан Ноғай Ордасының көптеген ұлысын өзіне қосып алды.Сөйтіп Ноғай Ордасы XVI ғасырдың ортасында ішкі талас-тартыстан әлсіреп,мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.
XVI ғасырдың орта шеңінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті.Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды.Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты.Сөйтіп Бұхар ханы II Абдаллах пен Қазақ ханы Хақназар хан “дос болып өзара көмектесу” жөнінде “ант беріскен шарт”жасасты.
1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып,оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуін де қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы бірнеше қаласын сыйға берді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан,Сауран қалаларын Қазақ хандығына тарту етті.Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып,жансыздарын жіберді.Хақназарды және жанындағы сұлтандарын тегіс өлтірді.
Хақназар хан билігі кезінде қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара түсті.1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты.Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып,саяси қарым қатынас жасады.Ресеймен қатынас жасауда Хақназар хан әкесі Қасым ханның жолын ұстанды.
2.Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.Оның шын аты Мұхамедханафия.Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді.Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады.Оның арғы бабасы Аьылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды.Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді.Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген,Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны лауазымында қызмет атқарған.Шоқанның анасы жағынан туыс нағашыларыда осал емес Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын.
1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті.Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған ,таңдаулы оқу орындарының бірі болатын.Шоқан алғашқы жылдан өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты.Шоқан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскеріне қызметке жіберілді.Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды.Қызмет орнында Шоқан Сібірдің шенеуніктік аппаратымен бетпе-бет келіп,өкіметтің заңсыз әрекеттеріне қатты күйінді.
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлы ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын.1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың Орталық Қазақстан,Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады.Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып,қырғыздардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты.Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті.Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өміріне тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды.Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865жылы 10сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.
3. Фашистер Кеңес аумағында Остпанд, Украина , Ресей , Кавказ , Еділ-Оралрейхномиссариатты құруды жоспарлады. Соғыстың алғашқы кезеңдерінде 14-атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6- бригада құрылып майданға аттандырылды. Брест қамалын қорғауда А.Ноганов, В.Фурсов, К.Гурдиев , Ш.Шоптыров және басқалары болды.Мәскеу тұсында И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясыерлікпен шайқасты. В.Г.Клочков Ресей кең байтақ бірақ шегінерге жол жоқ , артымызда Ресей деген сөзі ұранға айналған.Мәскеу түбінде шайқасып ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардияның дивизия болыпқайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Дивизия И.В.Панфилов есімімен аталды. Мәлік Ғабдуллинға Кенес Одағының Батыры атағы берілді. 1998 жылы Н.Ә.Назарбаев өкімімен Б.Бейсекбаевқа халық қаhарманы атағы берілді.Линиград үшін шайқаста оқты кеудесімен жауып , қаза болған Сұлтан Баймағанбетов болды. 1941 жылы Жамбыл лининградтықтарға “Линиградтық өренім” жырын арнаған. 1942 жылы күзде Сталинград түбінде ұрыстар жүргізілді.. 1942 жылы Каспий өңіріне соғыс жағдайы еңгізілді. Сталинград бағытындағы шабуылдауда Қазақстан жерінде жасақталған дивизиялар қатысты. Ғани Сафиуллин басқарған 73- гвардыиялық дивизия 120 танкі , 800 автомашинаны жойды. 73- гвардыиялық дивизия Сталинградтық деген атақ алды. Ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942 жылы 19-желтоқсанда өз ұшағын жауға құлатып , қаза болды.300фашистке 11 қаhарман төтеп берді.
Билет №23
1.Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.
2.1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар.
3.1995жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
1.Хақназар хан қайтыс болған соң,хан тағына Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген Шығай хан (1580-1582жж.) отырды. Шығай хан билікті қолға алған соң,Ташкент билеушісі Баба сұлтанның қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп ,Бұхар ханы Абдаллахпен бірлесіп,Баба сұлтанның көзін жоюға кірісті.Баба сұлтанға қарсы күреске Шығай ханның баласы Тәуекел сұлтанда тартылды.Абдаллах ханның Сайрам,Сауран,Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығына қатысты.Бұл жорықта қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдаллах хан мейлінше риза болып,Ходжент деген жерді сыйға берді.
1582 жылы маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандады. Баба сұлтанды өлтіріп,Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кегін қайтарды. Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп, Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты. Тәуекел 1582-1598 жылдары хандық етті. Тәуекелдің хандық билікті алған кезінде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді.Біріншіден,Тәуекел хан мен қазақ сұлтандарына одақтас болып жүрген Абдаллах хан енді оларға қарсы шықты. Екіншіден хандықтың шығыс жағында моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды.1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасақан “ант беріскен шартты” бұзды.Сөйтіп Тәекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл бастап,Сауран, Түркістан, Отырар ,Сайрам қалаларын басып алып,Ташкентке қатер төндірді.1597 жылы Абдаллах хан мен оның баласының арасында қайшылық туды. Оны тиімді пайдаланған Тәуекел хан соғысқа дер кезінде шығып, Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін ойсырата жеңді. Тәуекел хан 1598 жылдың жазында көп жасақ жиып , Маураннахрға баса-көктеп кірді. Өзбек сұлтандары қолдаған Тәуекел хан Ақши,Искандер,Мүнши, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады.1594 жылы орыс патшасы Федорға елшісі Құл-Мұхаммедті аттандырып өзін қамқорлығына алуды өтінеді.Тәуекел ханның елші жіберудегі екінші бір мақсаты патша тұтқынында отырған жиені Ораз Мұхаммедті босатуды сұраған.
2.Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді.Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет билігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді.Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды. 1867-1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыз рет түгел қамтыды. Огда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы- Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы- Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір бөлігі,сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді. Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс - уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс - ауылдардан тұрды.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конститутциясы қабылданды. Онда мемлекетіміздің қазіргі таңдағы жағдайы, оның өркендеу үдерістері мен әлемнің жоғары дамыған елдерінің конститутциялық тәжірибесі ескерілді. Сонымен қатар 1993 жылғы Конститутцияда орын алған кейбір қайшылықтар түзетіліп, бұлыңғыр және екіұшты қағидалар нақтыланды. 1995 жылғы Конститутцияның негізіне, алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды. 30 тамыз Конститутция күні. Республиканың жаңа Конститутциясында заң шығарушы, атқарушы және сот билігі жүйелерінің міндеттері иан олардың өзара қатынастары барынша нақты айқындалған. Жаңа Конститутцияның қабылдануымен елімізде президенттік басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды. Конститутция 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады. Олар: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Үкімет; Конститутциялық кеңес, Соттар және сот төрелігі; Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталады. 1995 жылғы Конститутция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан - Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенаттың құрамы әр облыстың , республикалық маңызы бар қаланың және Қазақстан Республикасының астанасының әрқайсысынан сайланып келген екі адамнан, соған қосымша парламент өкілеттігі мерзіміне Республика президенті тағайындаған 7 депутаттан құралады. Мәжіліс республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттан турады.
Билет №25
1.Патша үкіметінің шет аймақтарға қоныстандыру саясаты 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережелерінен кейін-ақ басталған. Оның басты себебі, ереженің ауыл шаруашылығын жетілдіру мәселесіне арналған бағдарламасы шешілмей, ел ішінде толқулар күшейеді. Жерсіз қалған шаруалар үкіметтің рұқсатын күтпей-ақ стихиялы түрде шет аймақтарға көше бастайды. Үкімет ел ішіндегі мұндай жағдайды заңды түрде қолға алып, «Қоныстандыру басқармаларын» ұйымдастырды.Патша үкіметі бұл мәселені тездетуде алдына үш мақсат қойған. Біріншіден, Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуларды әлсірету;екіншіден, жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу; үшіншіден, шет аймақтарда қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай кулактарды шығарып, өзіне тірек дайында
2.XIX ғасырдың басында Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде ерекше ауыр жағдай қалыптсады.Оның басты себебі, бұл аймақ халқы ортаазиялық Хиуа,Бұхар,Қоқан үстем тап өкілдерінің тұрақты шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан да бұл аймақ әлі де болса патша үкіметінің қол астына толық өтіп болмаған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым XIX 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қазақтарды күйзеліске ұшыратып кеткен. Мұндай ауыр шапқыншылыққа шыдамаған қазақтар 1821 жылы Тентек төре бастаған көтеріліске шыққан. Алайда көтерілістің қарқынынан қорыққан үстем тап өкілдері көтеріліске опасыздақ жасап, Қоқан хандығы жағына шығып кетіп,көтерілісшілер сәтсіздікке ұшыраған. Мұндай көтеріліс қырғыз,Шымкент,Әулиеата,Пішпек жерлерінде қамтыған. XIX ғасырдың 20-30-жылдары «Азия комитеті» құрылады. Комитеттің басты міндеті патша үкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу болған. 1825 жылы подполковник В.К.Шубин басқарған 120 қазақтан құрылған зеңбіректері бар қарулы қосын Қаратал өзенінің бойында жіберіледі.Осы жерде қосын екіге бөлініп бірі осы жерде қалса, екіншісі Жетісудың ішкі аудандарына қарай ілгеріндейді. Жетісудың 50 000 адамы бар Үйсін болысының қазақтары патша үкіметі әкімшілігінің қол астына кіретіндігін мойындады. Ал 1819 жылы Сүйік сұлтан өзінің қол астындағы адамдарымен Ресейдың билігіне қарсы болмайтындығына ант берсе,1822 жылы Абылай ханның немерелері 14 сұлтан патша үкіметінің құзыорына алуды сұранған. Бұлардың өтінішіне 1824 жылы 13 мамырда I Александр қол қойған. Патша үкіметі Жетісу жеріндегі Қоқан хандығының билік жасау әрекеттерін тоқтату үшін тезірек қимылдауға тырысады.Патша үкіметіне алдымен Қастек,Тойшыбек бекіністеріне бекініп отырған Қоқан хандығының әскеріне соққы беру керек болды.Ол үшін 1850 жылы Капитан К.Гутковский бастаған 200 атты қазақ,50 жаяу әскер Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Олар қоқандықтардың қырғыздардан жасақтаған әскерінен қарсылық көріп,Іле бойына шегінуге мәжбүр болады.Қоқандықьарға соққы беру енді 1851 жылы подполковник Карбышев қосынан жүктеледі.Орыс әскербасы құрамында төрт қазақ жүздігінен тұратын бір батальон жаяу әскерден,18 зеңбірегі бар атты қосыннан құрылған қарулы күшті аттандарған. Бұлар 1851 жылы 7 шілдеде бекіністі ешбір қантөгіссіз-ақ алады.1854 жылы осы бекініске жақын жерге Верный бекінісі салынады.Мұнда орыс әскерлері жергілікті халықтың патша үкіметіне адал болуды бақылаған.1859 жылы осы Верный бекінісінің батысында Қастек бекінісін салғызады.Патша үкіметінің тірегі болған осы бекіністен Оңтүстік Қазақстанға қарай Әулиеата, Шымкент қалаларын әскери жаулап алу әрекеті басталған.Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды алу үшін Орынбор, Сібір генерал-губернаторлығынан аттандырған екі жақты әскери шабуылы Шымкент, Әулиеата жерінде түйісіп,қазақ жерін 1864 жылы біржола жаулап алады. Ақмешіт, Түркістан,Әулиеата ,Шымкент қалаларын алған кезде әскери қарсылық көрсеткен адамдардың қырғынға ұшырағанын айтпағанның өзінде қарапайым халыққа жасалған зорлық-зомбылық , аяусыз тонаушылық адам төзгісіз дәрежеде болған. Осындай жағдайды өз кқзімен көрген Черняев әскерінің құрамында юолған Ш.Уәлиханов төзе алмай,Верный бекінісіне,одан кейін Тезек төренің ауылына кетіп қалған.Патша үкіметі қарудың күшімен Оңтүстік Қазақстанды өзіне қосқаннан кейін,1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылғандығы туралы заң шығарды. Орталығын Ташкент қаласы етіп бекітеді.Бұл губернаторлықтың құрасына қазақ жері Жетісу және Сырдария облыстары болып кіреді.
3.1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КсРО-дағы саяси ахуал-1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі,КСРО-ның өмірсүруін тоқтатуы, ТМД-ның құрылуы,одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның джа тәуелсіздігін алуын тездетті.
Бұл жерде өзге республикалардың бәрінің дерлік, соның ішінде, Ресейдің өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы шешуші рөл атқарды. Ақыры, тамыз бүлігінен кейінгітөрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды.1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заны қабылданды. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсізжіктерін жариялаған республикалар-Армаения,Әзірбайжан,Беларусь,Қазақстан,Қырғыстан,Молдова,Өзбекстан,Ресей Федерациясы,Тәжікстан,Түрікменстан,Украина басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері тәуелсіз мемлекеттердің жана ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды.Осылай Алматыдағы кездесу нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келді. Алматы кездесуінен кейін Кеңес Одағы іс жүзінде өмір сүруін тоқтатып,ресми құжатта айтылғандай, «Армения Республикасы,Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы,Қазақстан Республикасы және т.б республикалар тең құқықты негізде және жоғары дәрежеде Келісуші тараптар ретінде Мемлекеттер Достастығын құрды». Хаттамаға жоғарыда айтылған республикалардың басшылары қол қойды.Алматы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтың маңыздылардың бірі-ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина басшылары қол қойды.Келісім бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.1991 жыл 21 желтоқсан-Алматы кеңесі.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудың толық аяқталуы.