У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ж~мыс ма~саты ~арапайым апплет жасауды ~йрену

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

№5 зертханалық жұмыс.

 Апплеттер

1. Жұмыс мақсаты

Қарапайым апплет жасауды үйрену. Апплетті іске қосатын HTML файлдарды жазуды үйрену. Апплет және қосымша арасындағы айырмашылықты білу.

2. Алдын-ала қаралатын материалдар

1. 10 дәріс

2. Х.Дейтел Как программировать на С. Введение в С++ и Java, глава 24, стр.815-849

3.  Негізгі әдістердің қысқаша сипаттамасы

Графикалық интерфейстер, сызбалар және суреттерді апплет ішінде де бейнелеуге болады. Апплет Internet серверлерінде орналасатын Java тілінің класстары. Апплеттер клиенттерге желі арқылы жеткізіліп браузер көмегімен, WWW құжатының бір бөлігі ретінде ашылад.

Web-парақта апплеттің жасалуын және орындалуын басқаратын Applet класының бірнеше тәсілі бар. Апплетке main() тәсілі қажет емес, іске қосу кодтары init() тәсілінде орналасады. Жүктелетін init() тәсілі апплетті инициализациялау үшін автоматты түрде шақырылады.

start() тәсілі - апплет Web-броузер өрісіне әр ауысқан сайын шақырылады.  

stop() тәсілі - Web-броузер өрісіне әр шыққан сайын шақырылады.

destroy() тәсілі – апплет парақтан шыққанда, ресурстарды босату үшін шақырылады. Бұл тәсілдерден басқа автоматты түрде жүктелетін Component класының paint() тәсілі бар. paint() тәсілі тікелей шақырылмайды, тек басқа тәсіл, мысалы  repaint() тәсілі арқылы шақырылады.

/* # 1: түсті мәтін жолдарын шығару: ColorConstants.java */

import java.applet.*;

import java.awt.*;

public class ColorConstants extends Applet {

     public void init(){ }

  public void paint(Graphics g)     {

      g.setColor(Color.yellow);

      g.drawString("<Yellow>", 5, 30);// желтым цветом

      g.setColor(Color.blue);

      g.drawString("<Blue>", 5, 60);//синим цветом

      g.setColor(Color.green);

      g.drawString("<Green>", 5, 90);//зеленым цветом

    }

}

Апплет тәсілдері Graphics класының объектілерін параметр ретінде алады және олармен бірге ағымдағы түсті, қаріпті, курсор орнын да алады. Контекст әдетте update() немесе paint() тәсілдерінің анықталады.

Graphics  класының кейбір тәсілдері:

 drawLine(int x1, int y1, int x2, int y2) – кесінді сызады;

drawRect(int x, int y, int width, int height) және fillRect(int x, int y, int width, int height) - тіктөртбұрыш және іші боялған тіктөртбұрыш сызады;

draw3DRect(int x, int y, int width, int height, boolean raised) - үш өлшемді тіктөртбұрыш сызады;

drawRoundRect(int x, int y, int width, int height, int arcWidth, int arcHeight) - төбелері дөңгелектелген тіктөртбұрыш сызады;

drawOval(int x, int y, int width, int height) - дөңгелек (овал) сызады;

drawPolygon(int[] xPoints, int[] yPoints, int nPoints) - x және y координаталары массив арқылы берілген полигон (көпбұрыш) сызады;

drawPolygon(Polygon p) - Polygon объекті арқылы берілген полигон (көпбұрыш) сызады;
     drawPolyline(int[] xPoints, int[] yPoints, int nPoints)
- x және y координаталары массив арқылы берілген кесінділер тізбегін сызады;

drawArc(int x, int y, int width, int height, int startAngle, int arcAngle) - шеңбер доғасын сызады;

drawImage(Image img, int x, int y, Color bgcolor, ImageObserver observer) - сурет енгізеді;

drawString(String str, int x, int y) - мәтін жолын салады;

setColor(Color c), getColor() - ағымдағы түсты анықтайды және қайтарады;

getFont() - ағымдағы қаріпті қайтарады;

setFont(Font font) - көрсетілген қаріпті орнатады.

 

// # 2 мысал: полигонды бейнелеу: DrawPoly.java

import java.applet.*;

import java.awt.*;

public class DrawPoly extends Applet {

  int poly1_x[] = {  40,  80,   0,  40};

  int poly1_y[] = {   5,  45,  45,   5};

  int poly2_x[] = { 140, 180, 180, 140, 100, 100, 140};

  int poly2_y[] = {   5,  25,  45,  65,  45,  25,   5};

  int poly3_x[] = { 240, 260, 220, 260, 220, 240};

  int poly3_y[] = {   5,  65,  85,  25,  25,   5};

  public void paint(Graphics g)     {

       g.drawPolygon(poly1_x, poly1_y, poly1_x.length);

       g.drawPolygon(poly2_x, poly2_y, poly2_x.length);

       g.drawPolygon(poly3_x, poly3_y, poly3_x.length);

    }  }

// #3 мысал: үшөлшемді тікбұрыш: ThreeDRect.java

import java.applet.*;

import java.awt.*;

public class ThreeDRect extends Applet {

  public void draw3DRect(Graphics g, int x, int y,

     int width, int height, boolean raised)     {

      g.draw3DRect(x, y, width - 1, height - 1, raised);

      g.draw3DRect(x + 1, y + 1, width - 3, height - 3, raised);

      g.draw3DRect(x + 2, y + 2, width - 5, height - 5, raised);

    }

  public void fill3DRect(Graphics g, int x, int y,

     int width, int height, boolean raised)

    { g.draw3DRect(x, y, width-1, height-1, raised);

      g.draw3DRect(x + 1, y + 1, width - 3, height - 3, raised);

      g.draw3DRect(x + 2, y + 2, width - 5, height - 5, raised);

      g.fillRect(x + 3, y + 3, width - 6, height - 6);

    }

  public void paint(Graphics g){

      g.setColor(Color.gray);

      draw3DRect(g, 10, 5, 80, 40, true);

      draw3DRect(g, 130, 5, 80, 40, false);

      fill3DRect(g, 10, 55, 80, 40, true);

      fill3DRect(g, 130, 55, 80, 40, false);

    }

}

// # 4 мысал: терезеге GIF-суреттерді шығару: DrawImage.java

import java.applet.*;

import java.awt.*;

public class DrawImage extends Applet {

  Image img;   

  public void init() {

      img = getImage(getCodeBase(), "cow.gif");  }

  public void paint(Graphics g){

g.drawImage(img, 0, 0, this);

}  }

// # 5 мысал: апплетке параметрлерді беру: ReadParam.java

import java.awt.*;

import java.applet.*;

public class ReadParam extends Applet{

 int b;

 String name = "OK";

 boolean statement;

public void start() {//чтение параметров

   String param;

param = getParameter("statement");

if(param != null)

  statement = Boolean.valueOf(param).booleanValue();

try {

 param = getParameter("bNumber");

 if(param != null) // если не найден

    b = Integer.parseInt(param);

} catch(NumberFormatException e) {

 b = 0;

 statement = false;

}

}

public void paint(Graphics g) {

double d = 0;

if(statement)  d = Math.pow(b,2);

  else name = "FALSE !";

g.drawString("Name: " + name, 0, 11);  

g.drawString("Value b: " + b, 0, 45);

g.drawString("b power 2: " + d, 0, 62);

g.drawString("Statement: " + statement, 0, 79);

 }                    

}

// # 6 мысал: компоненті бар апплет: MyJApplet.java

import javax.swing.*;

import java.awt.*;

public class MyJApplet extends JApplet {

       JLabel lbl = new JLabel("Swing-applet!");;

 public void init() {

    Container c = getContentPane();

   c.add(lbl);

 }

}

4. Жеке тапсырма нұсқалары

  1.   «Перомен» сурет салу аумағы бар апплет құрастырыңыз. Түс және сызық қалыңдығын таңдайтын меню құрастырыңыз.
  2.  Сурет салу аумағы бар апплет құрастырыңыз. Түстерді таңдауға мүмкіндік беретін және сурет салу аумағын тазалайтын  батырмалар енгізіңіз.
  3.  Апплет терезесінде қарапайым мәтін редакторын құрастырыңыз. Файлдарды ашу және сақтау сұқбат терезелерін қолданатын меню жолдарын қарастырыңыз.
  4.   «Простой фрейм» мәтіні бар белгі (JLabel), батырма және мәтіндік өрісі (JTextField) бар апплет құрастырыңыз. Батырмаға әр басқан сайын мәтіндік өріске файлдан бір жол енгізілетін болсын.
  5.  Апплет терезесімен жылжып келе жатқан нүктенің жылдамдығын басқаратын программа құрастырыңыз. Бір батырма жылдамдықты ұлғайтады, ал екіншісі керісінше азайтады.
  6.  Апплет терезесінде берілген төбелері бойынша сынық сызық салыңыз. Төбе координаталары мәтіндік өріс арқылы енгізілетін болсын.
  7.  Апплет терезесінде дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің центірінің координаталары және радиусы мәтіндік өріс арқылы енгізілсін.
  8.  Көлденең жылжыйтын мәтіні бар апплет құрастырыңыз. Мәтін апплет жақтауына жеткен кезде түсін өзгертетін болсын.
  9.  Диоганаль бойынша жылжыйтын мәтіні бар апплет құрастырыңыз. Апплет жақтауына жеткен кезде мәтін регистры өзгертетін болсын.

 

5. Жұмысты тапсыруға қойылатын талаптар

Зертханалық жұмыста:

  •  программа мәтіні;
  •  программа жұмысының нәтижесі болуы керек  




1. Методичні рекомендації до самостійної підготовки студентів спеціальності 5
2. Международная Организация Труда
3. Сутність та зміст управління кадрами
4. Тема урока- Ходьба и бег
5. Реферат- Категория геополитики - баланс сил
6. Статья Проект как метод обучения на уроках русского языка подготовила учитель русского языка и
7. Любовные стихи Овидия
8. Биосинтез аминокислот
9. реферата Реферат от лат
10.  Понятие БД и СУБД их назначение
11. Реферат- Теория регулярных соответствий
12. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата юридичних наук1
13. Методические рекомендации по выполнению домашнего контрольного задания по дисциплине Земельное право
14. Судьба Калининградской области
15. Редьярд Киплинг, новеллист и поэт
16. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата історичних наук Львів 2000 Дисе
17. Эйлера и в форме И
18. Обособленные подразделения- как вести бухгалтерский и налоговый учет
19. тематическими циклами в огромном драматическом наследии Лопе де Веги были социальнополитическая драма ста
20. 2006 г ПРОГРАММА итогового государственного экзамена по теории государства и права для