Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1. Басқару жүйесінің тиімділігін түсіндіріңіз. Кәсіпорын ресурстарын жоспарлау түсінігіне тоқталыңыз.
Мекемені басқару немесе, қазіргі тілмен айтсақ, бизнесті басқару алғашқы мекеме-лер шыққаннан бері (соңғы 25-50 мың жылдар көлемінде) елеулі өзгерістерге ұшырады. Бірақ оның негізі өзгерген жоқ. Басшы қолында бар мәліметтер негізін-де шешім қабылдайды, ал жұмыскерлер белгілі бір өз деңгейінде сол шешімді орындауға кіріседі. Жалпы басқару жүйесінің тиімділігі келесі шараларға байланысты болады:1.жұмыстағы жағдайлар мен оқиғалар туралы мәліметтер басшыға қалай тез жеткізіледі;2.бұл мәлімет қандай деңгейде нақты және өзекті болып табылады (адекватты және актуальді);3.қабылданған шешім жұмыскерлерге қаншалықты жылдам және дәл жеткізіледі;4.басшы өзі қабылдаған шешім бойынша оның орындалғанын қалай бақылап, ары қарай жүргізе алады.
Мекеме тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр кезде әртүрлі техникалық құралдар қолданылды, олар тамтам дабыл қағарлары мен пошта кептерлерінен қазіргі уақыттағы суперкомпьютерлер мен интернет желілері және ERP жүйелеріне дейін жалғасып келеді. Осыларды сипаттау, әрі түсіндіру үшін«Мекемелердің (корпорациялардың) ресурстарын жоспарлау жүйелері» (МРЖЖ) пәні ұсынылды. «Мекемелердің ресурстарын жоспарлау жүйелері» түсінігі
Кез келген мекеме (корпорация) басшысы немесе иесі өз бизнесін ең тиімді түрде жүргізуге ұмтылады. Бұл мекеменің өз кірістері мен шығыс-тарын жоспарлы түрде бақылап отыруын және нарық аймағында бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.Заманауи нарық жүйесі барлық шығарылатын өнім жалпы бекітілген сапа стандарттарына сәйкес келуі тиіс, ол тек нәтижелік өнімнің сапасын ғана емес, оны өндіру процестерінің барлық сатыларын шикізат беретіндерді таңдаудан бастап, сатылған өнімнің тиянақты жұмыс істеуінің сервистік қызметін де қамтамасыз ету керек.Қазіргі кезде мекеме жұмысының сапалылығына берілетін стандарттар кешені бекітілген, оны ISO (International Standards Organization) ұйымы жасап шығарған. Бұл стандарттар кешенінің жалпы атауы ISO 9000 (ИСО 9000). ИСО 9000 құрылымы 1-суретте көрсетілген.
Мекеменің сапа жүйесін ИСО 9000 стандартына сәйкес енгізу мен сүйемелдеу келесі үш класқа жата-тын программалық өнімдерді пайдалануды ұсынады:
1) мекемені басқарудың кешендік жүйелері ;2) электрондық құжат айналымы жүйелері; 3) ұйым қызметінің моделін жасай алатын, оның ісін талдайтын және тиімді ететін өнімдер.
2. Корпоративті ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз және ашып жазыңыз.
Корпоративтік ақпараттық жүйелер (КАЖ) бұл ортақ құжат айналымымен біріктірілген, бас-қару үшін шешім қабылдауға қажет мәселенің бел-гілі бір бөлігін шешетін мекеменің жеке бөлімдері-нің ақпараттық жүйелері жиыны, мұндағы толық ақпараттық жүйе мекеменің ИСО 9000 сапа стан-дартына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. КАЖ-ға қойылатын талаптар.Тәжірибелер негізінде КАЖ-дерге қойылатын талаптар айқындалды, олар:Жүйелілік; Кешенділік; Модульділік; Ашық болуы; Бейімделуі; Сенімділігі; Қауіпсіздігі; Масштабтылығы ; Мобильділігі; Үйренудегі қарапайымдылығы;КАЖ-ді жасаушылардың оны енгізу мен сүйемелдеуі.
Қазіргі өндіріс алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларға негізделген тиімді басқару жүйесініз жұмыс істей алмайды.Нарық заманының жиі өзгеріп отыратын талаптары, ғылыми-техникалық, технологиялық және маркетингілік сипаттағы көлемді ақпарат ағындары мекеменің стратегиясы мен тактика-сына жауап беретін басшылардан жылдам әрі айқын шешім қабылдауды талап етеді. Жаңа технологияларға көшу, өндірісті қайта құру кезіндегі басқару жұмыстары қатаң талаптар қойып, соларды орындай алатын корпоративтік ақпараттық жүйелер құруды керек етеді. КАЖ, бәрінен бұрын, кешендік және жүйелілік талаптарына жауап беруі тиіс. КАЖ басқарудың барлық деңгейлерін корпорациядан ең кіші цехқа, нақты жұмыс орнына, жұмысшыға дейін қамтуы керек. Кез келген жұмыс орны ол мейлі конвейерде тұрған адамның жұмыс орны болсын, бухгалтердің, менеджердің, технологтың жұмыс орны болсын ол ақпараттың белгілі бір түрін беретін немесе пайдаланатын нүкте болып табылады. Осындай көптеген нүктелер бір-бірімен құжаттар, хабарлар, бұйрықтар, бұйымдар, әрекеттер тәрізді ақпараттар ағынымен байланысады. Ақпарат осындай модельде таратылып орналасқан сипатта болады, яғни оның түйіндері мен байланыстары болады. Түйіндер мен ағындар топталып шағын жүйелерге біріктіріледі. Осыдан барып КАЖ-дерге қойылатын тағы бір талап құрылым модульділігі пайда болды. Модульдер кейіннен сол жүйелерді инсталляциялау процесін жеңілдету мүмкіндіктерін береді де, жұмысшыларды дайындау, жүйені өндіріске іске қосу жұмыстарын жылдамтатады. КАЖ-дің келесі бір қасиеті жүйенің ашықтығы болып табылады. Бұл қасиет жұмысты автоматтандыру тек басқарумен шектеліп қалмайтынын, оның жобалау, сүйемелдеу, технологиялық процес, ішкі және сыртқы құжат айналымы, сыртқы АЖ-дармен байланысу сияқты жұмыстарды да есепке алатынын көрсетеді.Үлкен корпорациялардың басқа жерлерде, ел-дерде бөлімдері орналасуы мүмкін. Бұл КАЖ-дің бейімделу қасиеті болуы керектігін білдіреді. Яғни ол әртүрлі заңдарға, тілдерге, интерфейстерге, валюталарға бейімделуі тиіс. Ірі жүйелердегі көлемді мәліметтердің қауіпсіздік қасиеті болуы керек. Қауіпсіздік қасиеті мыналарды мәліметтердің тұтастығын сақтау, оларды рұқсатсыз пайдаланбау сияқты талаптарды қамтиды. Бұларға қоса, холдингтер тәрізді ірі корпорация-ға қолданылатын басқару технологиясын кішігірім мекемелерге де қолдану мүмкіндігі болуы керек. Мұндай қасиет масштабтылық деп аталады. Жүйелердің үйренудегі қарапайымдылығы қасиеті программа интерфейсінің түсініктілігі, оның толық құжаттамасы ның болуы, адамдарды осыған ұқсас жүйелер жұмыс істейтін мекемелерде ұйымдастырылған курстарда жылдам оқытып үйрету сияқты талаптарды қарастырады.
3. Корпоративті ақпараттық жүйелер архитектурасын ашып жазыңыз. Корпоративті ақпараттық жүйелердің даму тарихына шолу жасаңыз.
Корпоративтік ақпараттық жүйелер (КАЖ) бұл ортақ құжат айналымымен біріктірілген, бас-қару үшін шешім қабылдауға қажет мәселенің бел-гілі бір бөлігін шешетін мекеменің жеке бөлімдері-нің ақпараттық жүйелері жиыны, мұндағы толық ақпараттық жүйе мекеменің ИСО 9000 сапа стан-дартына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.КАЖ архитектурасы.КАЖ архитектурасы бірнеше деңгейлерден тұрады: Ақпараттық-логикалық деңгей; Қолданбалы деңгей; Жүйелік деңгей; Аппараттық деңгей; Транспорттық (көліктік) деңгей.
4. MRP жүйелерінің даму тарихына шолу жасаңыз. MRP әдіснамасын түсіндіріңіз.
MRP жүйелерінің тарихы
Әрбір өндірістік компания нарықтағы өз тауарларының бәсекеге қабілеттілігі үшін күреседі.
Өндірістік компаниялардың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
1960-жылдардың басында, яғни мәліметтердің үлкен көлемдерін сақтау және талдау мүмкіндігі пайда болған кезінде (мекемелерге арналған алғашқы операциялық жүйелер мен есептеу кешендері уақыты), мекемеге арналған программалық жабдықтамаларды жасау саласы дами бастады.
Материалдарға деген қажеттілікті жоспарлау ісі (Materials Requirements Planning, MRP) мекемені басқару үшін біртұтас программалық жаб-дықтама индустриясын жасауға итермелеген алғашқы жүйелердің бірі болды.
Материалдарға деген қажеттілікті жоспарлауды жүзеге асыру MRP-алгоритм деп аталатын алгоритм арқылы іске асырылатын болды.
MRP-алгоритм дайын өнімге, өндіріске, шикізаттар мен материалдар қорына тапсырыс беруді тиімді басқаруға арналған алгоритм.
MRP-әдіснамасы MRP-алгоритмді компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асыру.
Осы әдіснамамен жұмыс жасайтын жүйенің жүзеге асырылуы компьютерлік программа арқылы атқарылады, ол қоймадағы заттарды және өндіріс технологиясын да бақылай отырып, өндірістік процеске керекті құраушы заттардың дер кезінде жеткізілуін тиімді түрде қадағалауға мүмкіндік береді.
MRP жүйесінің басты мақсаты өндіріске керекті материалдар мен бұйымдардың дер кезінде қолда болуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс барысында қойманың бос қалмауын немесе шыққан өніммен оның толып кетпеуін де қадағалау болып табылады.
5. MRP жүйесінің құрылымына тоқталыңыз. Таза қажеттілікті есептеу формуласын жазыңыз және түсіндіріңіз.
MRP жүйесінің құрылымы
1 Терминология
- Материалдар шығарылған өнімнің құрамына кіретін шикізат және жекелеген бұйымдар. Ары қарай біз «шикізат» және «бұйымдар» түсінік-терін «материалдар» деп санаймыз.
- MRP-жүйе, MRP-программа - MRP алгоритмі-мен жұмыс жасайтын компьютерлік программа.
Материал статусы материалдың ағымдағы жағдайының негізгі көрсеткіші. MRP жүйесінде әрбір жеке материалдың әрбір уақыт сәтіндегі өзіндік статусы болады. Мысалы:
Материалды сақтандыру қоры (safety stock-страховой запас) өндіріс процеске керекті материалдар жұмыс кезінде алдын ала белгісіз, кездейсоқ кідірістер болып қалған жағдайда қол-дану үшін қажет. Бірақ өндірістік процесс кінә-ратсыз орындалған (идеал) жағдайда бұл қор керек болмайды. Бұл қордың көлемі өндірістік жағдайларға қарай әртүрлі болып қалыптасады.
MRP-программадағы материалға деген қажеттілік жұмыс кезінде керек болып қалған белгілі бір өлшемдегі материалдар (материалға деген тапсырыс беру қажеттілігі туындағанда) көлемін көрсетеді.
Материалға деген толық қажеттілік оның өн-дірісті іске қосуға қажетті санын көрсетеді, ал таза қажеттілік осы материалдың сақтандыру қоры мен қоймада бар саны ескеріледі. Жүйедегі тапсы-рыс таза қажеттілік пайда болған кезде (0-ге тең емес) автоматты түрде жасалады.
Таза қажеттілікті есептеу формуласы:
Таза қажеттілік = толық қажеттілік қолда бар саны сақтандыру қоры басқа тапсырыстар үшін сақталғандары.
(Чистая потребность = полная потребность инвентаризовано на руках страховой запас зарезервировано для других заказов)
2.2 MRP жүйесі қара жәшік ретінде
6. MRP жүйесінің негізгі элементтерін атаңыз. MRP жүйесінің кіріс және шығыс параметрлерін сипаттаңыз.
MRP жүйесінің негізгі элементтері:
Келесі суретте MRP- жүйесіне арналған кіріс және шығыс параметрлері көрсетілген.
Кіріс мәліметтері
Кіріс мәліметтері негізінде MRP жүйесі мынадай операцияларды орындайды:
- Негізгі өндірістік жоспар (НӨЖ) негізінде әрбір жоспарлау мерзімі үшін шығарылған нәтижелік бұйымдардың сандық құрамы анықталады;
- нәтижелік бұйымдардың құрамына НӨЖ-ге кірмейтін қосалқы бөлшектер енеді;
- НӨЖ бен қосалқы бөлшектер үшін, жалпы тізімге және жоспарлау мерзімдеріне сәйкес материал ресурстарына деген қажеттілік анықталады;
- материалдардың жалпы қажеттілігі жоспарлаудың әрбір мерзімдеріне сәйкес қорларды есепке ала отырып түзетіледі;
- уақыттан озу қажеттілігін ескеретін қорларды толтыруға берілетін тапсырысты дайындау іске асырылады.
Шығыс мәліметтері
MRP жүйесі жұмысының нәтижелері төмендегілер болып табылады:
өндірісті материалдық ресурстармен қамта-масыз етудің график-жоспары НӨЖ-ді қамтамасыз ету үшін әрбір уақыт мерзімін-дегі материалдар мен құраушы заттардың тіркеу бірлігімен көрсетілген саны.
7. CRP өндіріс қуаттылығын жоспарлау жүйесінің кіріс және шығыс мәліметтері жайлы толық мағлұмат беріңіз.
MRP класындағы мекемені басқару ақпараттық жүйесі құраушыларының бірі өндіріс қуаттылығын жоспарлау жүйесі (CRP) болып табылады.
CRP жүйесінің негізгі мақсаты - өндірістік технологиялық маршруттар бойынша оларды іске қосу, тұрып қалғанда, жөндеу, т.б. есепке ала отырып өндірістік жабдықтарды толық жұмысқа қосу арқылы НӨЖ-ді орындауға болатынын тексеру болып саналады.
CRP үшін кіріс мәліметтері:
Шығыс мәліметтері:
8. MRP жүйесінің негізгі функцияларын сипаттаңыз.
MRP жүйесінің негізгі функциялары:
Жалпы MRP-жүйесі бойынша:
MRP-ішкі жүйесі бойынша:
CRP ішкі жүйесі бойынша:
9. Мекемелердің жағдайына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды сипаттаңыз.
ҚР және ТМД елдерінде 1991-1998жж. байқалған өндірістің төмендеуі әртүрлі фак-торлармен түсіндіріледі, ал солардың кәсіп-орындарға қатысты жағын шартты түрде екіге: сыртқы және ішкі топтарға бөліп қарастыруға болады.
Сыртқы факторларға жататындар:
Мекемелердің жағдайына әсер ететін маңызды ішкі факторлар:
1) кәсіпорында қолданылатын технологиялар деңгейі (технологиялық жабдықтардың пайдаланылу мерзімі мен оның құрылымы, жабдыққа пайдалану және оны жөндеу деңгейі, транспорттық жабдықталу деңгейі, өндірістің кезеңдері бойынша технологиялық процестердің алға басушылық деңгейі және т.б.);
2) өндірістің ұйымдастырылу жағдайы (цехтар мен бөлім-дердің мамандандырылу деңгейі, өндірістің ырғақтылық (ритмділігі) деңгейі, өндірістік ресурстардың жүктелу деңгейі, өндірісті операциялық жоспарлау мен нормалау деңгейі, т.б.);
3) кәсіпорынды басқарудың жетілген түрде болуы (тиімді өндірістік бағдарламаны жоспарлау мен қалыптас-тыру деңгейі, маркетинг және болжау деңгейі, ассоримен-ттік жоспарлау деңгейі, есепке алу мен талдаудың болуы, шешім қабылдау технологиясы, персоналды ынталандыру, орындауды бақылау және т.б.).
10. ERP жүйесін ендіру жолдарына шолу жасаңыз.
ERP-жүйе тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.
ERPжүйелерін ендіру.
1)Сыртқы партнер арқылы ендіру
Таңдалған ERP-жүйесін ендіруден тәжірибесі мол кәсіби мамандар командасын (тобын) өзіне тартуға болады.
ERP-жүйесін ендіруде қысқа мерзім ішінде топ мүшелерін таңдау өте күрделі үдеріс.
3)Кәсіпорынды басқарудың ағымдағы сұлбасы негізінде ендіру.
Жоба жетекшісін тағайындау кезінде тапсырыс берушінің құзіреттілігі төмен адамды тағайындау ықтималдығының жоғарылығы.
4) «Дайын (под ключ)» толық функционалды жоба
Тәуекелдік жоғары, себебі жүйенің жұмыс істеу кезінде ғана қателіктерін анықтауға болады.
5) Модульдер бойынша сатылап ендіру
Кәсіпорын қызметіне әсер етуі төмен.
11. Кәсіпорынды басқарудың кешенді ақпараттық жүйелерінің құрылымы және негізгі компоненттеріне сипаттама беріңіз.
Кәсіпорынды басқарудың кешенді ақпараттық жүйелерінің құрылымы ретінде MRP/ERP моделінің құрылымдарын және негізгі компоненттерін қарастырамыз. Олар:
1.Қорларды басқару Бұл iшкi жүйе келесi функциялардың орындалуын қам-тамасыз етедi:
1) Inventory Control қор мониторингі;
2)Physical Inventory қойма қалдықтарын реттеу және түгендеу (инвентаризациялау).
Қорларды басқаруды мәселелерін шешуде - шикізат пен материалдар кірісі, қозғалысы және шығыны, аралық өнім-дер және дайын бұйымдар туралы барлық мәліметтерді өң-деу және түзету жүргізіледі; шағын қоймалардағы корларды есепке алу, бақылаудың жеке стратегияларын таңдау, шикiзат пен материалдар номенклатурасын әрбiр позиция бойынша толықтыру және есептен шығару және т.б.
2. Жабдықтауды басқару Бұл ішкі жүйе келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Purchase Orders сатып алуға тапсырыс;
2) Supplier Schedules өнімді жеткізу графигі;
3) MRP материалдарға қажеттiлiктi жоспарлау, яғни сатып алу тапсырыстарын басқару.
3. Сатуды басқару. Бұл iшкi жүйенiң негiзгi функциялары:
1) Sales Quotations - сатылымға квота беру;
2) Sales Orders / Invoices - сатылымға тапсырыстар (фактураның есебi);
3) Customer Schedules тұтынушыларға сату графигі;
4) Configured Products өнімдерді конфигурациялау;
5) Sales Analysis сатуды талдау;
6) Distributed Resource Planning (DRP) ресурстарды бөлуді басқару.
4. Өндірісті басқару. Бұл ішкі жүйеде өндірістік процестердің әртүрлі типтеріне сәйкес келесідей функциялар жүзеге асады:
1) Product Structures бұйымдар спецификациясы, мұнда шығарылатын бұйымдарда қолданылатын құраушы материалдар анықталады;
2) Routings / Work Centers өңдеу операциялары / орталықтары, мұнда цехтардың, бөлімшелердің және жұмыс орындарының сипаттамасы болады.
3) Formula / Process - көлемдi (процесті) өндiрiс үшiн жұмыс орталықтары бойынша маршруттары көрсе-тілген өнiмді жасау технологиялық процестері.
4) Work Orders шағын сериялы өндіріс және тапсырыс бойынша жұмыс жұмыс жасауға наряд-тапсырма (ауысым тапсырмасы);
5. Жоспарлау. MRP/ERP модельдерiнде мекеменің қамтамасыз ету, өндiрiстiк және сауда буындарын бастан-аяқ жоспарлау, жасалған жоспарлар мен әрекеттерді сәйкестендіру және жедел түзету істері қарастырылады.
Жоспарлау iшкi жүйесі келесi функцияларды жүзеге асырады:
1. Product Line Planning (PLP) тауарлық-номенклатуралық топтардың (ТНТ) қаржыларын жоспарлау;
2. Master Scheduling Planning (MSP) басты күнтізбелік график немесе көлемді күнтiзбелiк жоспарлау;
3. Distribution Resource Planning (DRP) ресурстарды бөлудi жоспарлау (RCP);
4.Materials Requirements Planning (MRP) материалдар қажеттiлігiн жоспарлау.
6. Сервистік қызмет түрлерін басқару. Бұл ішкі жүйені тек өндіріп қана қоймай, сату ісімен және кейінгі техникалық қызмет те көрсететін компаниялар, мыса-лы, азық-түлiктiң өндiрушiлер, белсенді түрде қолданады. Iшкi жүйе қажеттi функциялардың толық спектрiн қамтамасыз етедi: техникалық қызмет көрсету графигін құру, қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру, сатудан кейінгі қызмет көрсету, тұтынушылармен келісімге (контракт) отыру, т.б.
7. Бұйымдар шығару/жеткізу тізбектерін басқару. Бұл iшкi жүйелер материалдық және соларға сәйкес ақпараттық ағындарды тиiмдi түрде басқаруды қамтамасыз етуге арналған, ол өндiрiс арқылы бұйым өндірушіден тұтынушыға дейін ақпараттар легін басқарады.
8.Қаржыны басқару. Бұл iшкi жүйелер MRP/ERP идеологиясына сәйкес барлық қалған ішкі жүйелермен толық байланысқан және материалдар ағымдарына байланысты қаржы туралы жедел мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi.
Оған қоса, компанияның ағымдағы қаржы-лық жағдайы туралы ақпарат алып, ұтымды қар-жылай-экономикалық шешiм табуға көмектеседi. Материалдық ағындарды бастан-аяқ басқару (ақша айналымы) қаржы ағындарын да қадағалау-дың негізі болып табылады.
12. Бизнес тиімділігін басқару жүйелері (BPM-жүйелері). ERP-BPM жүйелерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
BPM (бизнестің тиімділігін басқаруға арналған жүйе. Бұл компания жетекшілері мен жекеменшік иелері үшін тиімді басқарудың есептерін шешуге арналған программалық шешімдер классы).
Басқарудың тиімді әдістері BPM класс жүйелерін басқара алады. Басқарудың тиімді әдістері: Құнды басқару, реттелген көрсеткіштер жүйесі, мақсаттарды басқару, стартегиялық қатарларды жасау, жекешелендіруді басқару, ішкі қаржыландыру, басқаруды есепке алу, бақылау және талдау.
ВРМ жүйелері - әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді сұранысты қалыптастыруды, мәліметтерді талдауды сонымен қатар: алынған мәліметтерді қолдану механизімінде қолдай алады.
ВРМ жүйелерінің негізгі ерекшеліктері:
BPM және ERP жүйелернінің салыстырмалы түрде талдау жасайық.
13. Кәсіпорын ресурстарын жоспарлау жүйесі (ERP-жүйесі) түсінігі және негізгі қызметі. ERP-жүйесіндегі қаржыны есепке алу және басқару функцияларын түсіндіріңіз.
Өндіріс менеджментінің негізгі түсініктерін (соның ішінде «ERP» термині де бар) толықтай қалыптасты деп айтуға болады. Бұл салада «нақты стандарт» (стандарт де-факто) ретінде Қорлар мен өндірісті басқарудың Америкалық ассоциациясы (American Production and Inventory Control Society, APICS) терминологиясы саналады.
APICS сөздігіне сәйкес «ERP-жүйе» (Enterprise Resource Planning Мекеме ресурстарын басқару) терминінің екі мағынасы бар.
ERP-жүйе тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.
ERP жүйесінің негізгі қызметтері:
Өндірістік жобалардың іске асырылуын жоспарлау және басқару. Бұл ішкі жүйеде жобаға талдау (оның құрылымын жасау, ішкі жобаларды белгілеу, ішкі жобаларды жеке жұмыстарға бөлу), жұмыстың желілік графиктерін қалыптастыру, материалдық және еңбектік ресурстарды, жабдықтарды жоспар-лау, осы жұмыстың орындалуына қажетті қаржылық шығындарды, олардың орындалу барысын басқару жүргізіледі.
ERP-жүйелерінде тарала орналасқан кәсіпорын ресурстарын жоспарлауды сүйемелдеуді жүзеге асыру қаржылық блоктың күшейтілуін, күрделі қаржылық ағындарды басқаруды және корпорация бөлімдерін біріктіруді қажет етеді. Сондықтан ERP-жүйелер құрамына төмендегідей ерекшеліктері бар корпорация қаржыларын басқаратын қуатты жүйелер кіреді:
14)MRP және MRPII жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атап көрсетіңіз.
MRP-алгоритм дайын өнімге, өндіріске, шикізаттар мен материалдар қорына тапсырыс беруді тиімді басқаруға арналған алгоритм. MRP-әдіснамасы MRP-алгоритмді компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асыру.
MRP жүйесінің басты мақсаты өндіріске керекті материалдар мен бұйымдардың дер кезінде қолда болуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс барысында қойманың бос қалмауын немесе шыққан өніммен оның толып кетпеуін де қадағалау болып табылады.
MRP жүйесінің негізгі элементтері:
MRP жүйесінің негізгі функциялары:
МRP мен МRPІІ нің негізгі айырмашылығы МRP материалдық қажеттілікті жоспарлау үшін а л МRPІІ өндірістік ресурстарды жоспарлау үшін қолданылады.
Қазіргі таңда мекемені басқаратын барлық күрделі ақпараттық жүйелерде MRP жұмыс істеп тұр. Оның мақсаты өнім шығаруға арналған өндірістік жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру болып табылады.
Бірақ оны қолдану қазір сирек кездеседі. Бұл MRP II сияқты дамығын концепция пайда болуына және ERP класының программалары пайда бола бастауына байланысты.
MRP II - MRP I-ге қарағанда кәсіпорындағы әр түрлі қорларды кең көдлемде қамтуға бағытталған. Бұл тұжырымдаманың шеңберлерде заттық қорларды жоспарлау ғана өндірілмейді сонымен қатар, капитал депаталатын қор да жоспарланады. В рамках концепции MRP II используется следующий алгоритм работы:
MRPII жүйесінің MRP жүесіне қарағанда мүмкіншіліктері өндiрiстiң нақты жағдайы және сатып алуға тапсы-рыстар беру бойынша керi байланыс жасау мен негізгі жоспар орындалуының мұқият тексерілуі болып табылады, оған қоса, жалпы жоспарға өндірістік қуатты жуықтап жоспарлау тәсілімен “егер-онда” талдауы енгізілетін MRP алгоритмі арқылы өзгерістер енгізу де қарастырылады.
Енді MRPII жүйесі өндірістік мекемелердегі кез келген біріктірілген есептеу жүйесінің негізгі бөлігі бола бастады.
Қазіргі таңда, MRPII жүйесі орташа және үлкен өндіріс ұйымдарының барлығында да қолданыс табуда.
MRPII-жүйесінің жұмыс жасау алгоритмі мекеменің барлық ішкі қызметтерін модельдеуге бағытталған. Оның бастапқы мақсаты ішкі коммерциялық және ішкі өндірістік оқиғаларға компьютердің көмегімен талдау жүргізу және есепке алып отыру болып табылады. Мысалы, дәл қазіргі сәтте болып жатқан және болашаққа жоспарланған жұмыстардың барлығын есепке алу.
Өндірісте ақау табылғанда, өндіріс программасы өзгергенде, жаңа технологиялық талаптар бекітілген кезде, MRPII жүйесі бірден осыларды есепке алып, осының нәтижесі болатын қиыншылықтарды азай-тып, олардан құтылу үшін өндіріс жоспарына қажетті жаңа өзгерістер енгізеді.
MRPII жүйелерін МRP жүйесіне қарағанда қолдану аясы және артықшылықтары кең көлемде:
15.MRPІІ-жүйелерінің функционалдық модульдеріне сипаттама беріңіз.
MRPII жүйесі төмендегідей функционалдық модульдерден тұрады:
Бизнестің дамуын жоспарлау модулі компания миссиясын (міндетін): оның нарықтағы өз орнын (ниша),таза пайданың анықталуы мен бағасын, қаржылық ресурстарды анықтайды. Іс жүзінде ол шартты қаржылық бірлік бойынша компанияның не өндіретінін, нені сататынын анықтап бекітеді және пайданың керекті деңгейіне шығу үшін өнім шығару мен оны дамытуға қаржыны қандай мөлшерде инвестициялау керек екендігін бағалайды. Осылайша, бұл модульдің нәтижелік жұмыс элементі болып бизнес-жоспар есептеледі.
Сатуды жоспарлау модулі көзделген бизнес-жоспарды орындау үшін сатылымның көлемі мен өсімі (динамикасы) қандай болу керектігін (көбі-несе дайын өнімнің саны бойынша) бағалайды. Сатуды жоспарлауды өзгерту міндетті түрде басқа модуль-дерді де өзгертеді.
Өндірісті жоспарлау модулі дайын өнімдер-дің барлық түрінің және олардың сипаттамасының өндірістік жоспарын бекітеді. Бұйымның әрбір түрі үшін жеке өндірістік программа болады. Осылайша, өндірістік программалар жиыны меке-менің жалпы өндірістік жоспарын құрайды.
Материалға деген қажеттілікті жоспарлау модулі (немесе қызмет түрін) - өндірістік программа негізінде әрбір дайын бұйымның түрі үшін талап етілген сатып алынатын заттар тізімін және жасалатын бұйымның барлық құраушы материалдарының кестесін анықтап, қанша өнім жиналатынын да анықтайды.
Өндіріс қуаттылығын жоспарлау модулі өндіріс жоспарын жұмыс қуаттылығы бірлік-терін толық жүктеу (станоктарды, жұмысшы-ларды, лабораторияларды, т.б.) ісіне түрлен-діреді.
Кері байланыс модулінде материал беру-шілермен, әріптестермен және дилерлермен пайда болған қиындықтарды талқыланады және шешіледі. Осылар арқылы, бұл модуль жүйедегі «тұйықталған сақина принципін» (closed loop principle) жүзеге асырады.
Кері байланыс кейбір жеке жоспарларды орындай алмай, оларды өзгертіп қайта қарау қажет болғанда, өте керек болады.
16.MRPII жүйесінің даму тарихына шолу жасаңыз. MRPII жүйесінің құрылымын сипаттаңыз.
MRPII жүйесінің негізгі мүмкіншіліктері өндiрiстiң нақты жағдайы және сатып алуға тапсы-рыстар беру бойынша керi байланыс жасау мен негізгі жоспар орындалуының мұқият тексерілуі болып табылады, оған қоса, жалпы жоспарға өндірістік қуатты жуықтап жоспарлау тәсілімен “егер-онда” талдауы енгізілетін MRP алгоритмі арқылы өзгерістер енгізу де қарастырылады.
MRPII жүйесінің құрылымы
MRPII жүйесі төмендегідей функционалдық модульдерден тұруы қажет:
Бизнестің дамуын жоспарлау модулі компания миссиясын (міндетін): оның нарықтағы өз орнын (ниша), таза пайданың анықталуы мен бағасын, қаржылық ресурстарды анықтайды.
Сатуды жоспарлау модулі көзделген бизнес-жоспарды орындау үшін сатылымның көлемі мен өсімі (динамикасы) қандай болу керектігін (көбінесе дайын өнімнің саны бойынша) бағалайды.
Өндірісті жоспарлау модулі дайын өнімдердің барлық түрінің және олардың сипаттамасының өндірістік жоспарын бекітеді. Бұйымның әрбір түрі үшін жеке өндірістік программа болады.
Материалға деген қажеттілікті жоспар-лау модулі (немесе қызмет түрін) - өндірістік программа негізінде әрбір дайын бұйымның түрі үшін талап етілген сатып алынатын заттар тізімін және жасалатын бұйымның барлық құраушы материалдарының кестесін анықтап, қанша өнім жиналатынын да анықтайды.
Өндіріс қуаттылығын жоспарлау модулі өндіріс жоспарын жұмыс қуаттылығы бірліктерін толық жүктеу (станоктарды, жұмысшыларды, лабораторияларды, т.б.) ісіне түрлендіреді.
Кері байланыс модулінде материал берушілермен, әріптестермен және дилерлермен пайда болған қиындықтарды талқыланады және шешіледі.
MRPII жүйесінің модульдерінің өзара әрекеттесуі
17.MRPII жүйесінің кіріс және шығыс параметрлерін ашып көрсетіңіз.
MRPII жүйесі өндірістік мекемелердегі кез келген біріктірілген есептеу жүйесінің негізгі бөлігі бола бастады.MRPII жүйесі сатылымға, бухгалтерлік есепке, есеп-фактураларды сатып алуға, жазуға деген тапсырыстарды өңдеу ісін нақты бір мәліметтер базасы негізінде біріктіре алатын толыққанды жүйе болып шықты. Бірақ MRPII жүйелері конструкторлық жұмыстарды, смета құрастыруды, кадрлар-ды, қызмет көрсетуді бақылай алмайды, яғ-ни мұнда мекеменің барлық бөлімшелері бір жүйеге біріктірілмеген.MRPII жүйесінің негізгі мүмкіншіліктері өндiрiстiң нақты жағдайы және сатып алуға тапсы-рыстар беру бойынша керi байланыс жасау мен негізгі жоспар орындалуының мұқият тексерілуі болып табылады.
Төмендегі суретте MRPII жүйесінің кіріс және шығыс параметрлерікөрсетілген. Мұнда, MRPII жүйесінің параметрлерінің MRP-жүйесі параметрлеріне сәйкес келетінін анық көруге болады, бірақ қалыпты сызықтық тізбек операцияларына кері байланыстың екі топсасы қосылады: өндіріс үшін қолайлы материалдар бойынша кері байланыстар топсасы және қолайлы өндірістік қуаттар бойынша кері байланыстар топсасы.
MRPII жүйесінің кіріс және шығыс параметрлері
18. Кері байланыс және оның MRPII жүйесіндегі алатын орнын анықтаңыз.
MRPII-жүйесіндегі кері байланыс (feedback) функциясына ерекше мән беру керек. Мысалы, егер бөлшектерді сатушылар құраушыларды/ма-териалдарды келіскен мерзімде жеткізуге қабі-летті болмаса, онда осындай қиындықтардың болғанын білген сәтте олар кідірістер туралы мәлімет беруі қажет.
MRPII класы жүйесімен басқарылатын мекеме-лерде материалдарды жеткізу мерзімі мен олардың қажетті мерзімі бір-біріне максималды түрде өте жақын болып келеді. Сондықтан, тапсырыстардағы мүмкін болатын кідірістерді жүйенің алдын ала біліп отыруын қамтамасыз ету қажет. Мұндайда жүйе (кідірісті есепке алатын) жаңа тапсырыс жоспарына сай, өндіріс қуаттылығының да жұмыс жоспарын жаңалап іске асыруы керек.
Кей кездерде кідіріс жиі болатын жағдайларда, MRPII жүйесі "сенімсіз" материалдардың аздаған көлемін қоймада (safety stock) тұрақты түрде ұстап отыруды талап етеді.
Қазіргі таңда, MRPII жүйесі орташа және үлкен өндіріс ұйымдарының барлығында да қолданыс табуда.
Бұл жүйенің негізгі және тиімді тұсы қысқа мерзімге (апталар немесе күндер) арналған мекеменің қажеттілігін жоспарлау және нақты уақыт аралығындағы қиыншылықтарды жүйеге енгізе отырып, кері байланысты жүзеге асыру бо-лып табылады (зат келмей қалса, жабдық бұзылса, автоматты түрде бұрынғы жоспар түзетіліп қайта құрылады).
MRPII-жүйесінің жұмыс жасау алгоритмі мекеменің барлық ішкі қызметтерін модельдеуге бағытталған. Оның бастапқы мақсаты ішкі коммерциялық және ішкі өндірістік оқиғаларға компьютердің көмегімен талдау жүргізу және есепке алып отыру болып табылады. Мысалы, дәл қазіргі сәтте болып жатқан және болашаққа жоспарланған жұмыстардың барлығын есепке алу.
Өндірісте ақау табылғанда, өндіріс программасы өзгергенде, жаңа технологиялық талаптар бекітілген кезде, MRPII жүйесі бірден осыларды есепке алып, осының нәтижесі болатын қиыншылықтарды азай-тып, олардан құтылу үшін өндіріс жоспарына қажетті жаңа өзгерістер енгізеді.
Өндіріс процесіндегі ақаулықтар нәтижесін бірден толық жою мүмкін де болмас, бірақ MRPII жүйесі олар пайда болмай тұрып-ақ, бірсыпыра уақыт бұрын хабар береді.
Кез келген MRPII жүйесінің жоспарлауды жүргі-зуге арналған белгілі бір мүмкіндіктері болады. Төменде кез келген MRPII жүйесінің басқаруға арналған жүйелік әдіснамалары келтірілген, олар осы жүйенің іргелі қозғаушы тетіктері болып табылады :
19. MRPII жүйелерін қолдану артықшылықтары. MRPII жүйесінің қызметіне тоқталыңыз
керекті бөлшектерді дер кезінде жеткізу арқылы тапсырыс берушілерге қызмет көрсетуді жақсарту;
өндіріс циклін және тапсырысты орындау мерзімін қысқарту соған сәйкес бизнес клиенттер сұранысын икемді түрде атқаратын болады;
аяқталмаған өндірісті қысқарту соңғы сұранысты қанағаттандыру үшін «дәл өз уақытында» ғана қажет болмайынша, жұмыс берілмейді;
артық бөлшектер мен сақталатын өнім көлемін қысқарту қоймаларды тиімді пайдалануды және заттарды сақтау үшін қаржыны аз жұмсауды қам-тамасыз етеді;
қорларды тепе-теңдікте сақтау (сбалансировать запасы) - ескірген бөлшектерді азайту және дефициттің де аз болуын қамтамасыз ету;
жұмыс өнімділігін арттыру адам ресурстары мен материалдар тапсырыстарға сәйкес пайдаланылады; таза пайда табу үшін өндірістің мекеме мақсаттары-на сәйкес келетінін тексеру үшін, «не болады-егер» талдауын қолдануға болады;
стратегиялық және оперативті мәселелерді шеше алатын және жұмысты өндірістің жасалған негізгі жоспарына сәйкес ұйымдастыра алатын үйлесті-рілген басқару тобын құру.
MRP-II-де сұранысты жоспарлау, тапсырысты орналастыру, қорларды басқару блоктары елеулі
MRP II Standart System жүйесі 16 топ қызметін сипаттайды:
1. Sales and Operation Planning (Сату мен өндірісті жоспарлау).
2. Demand Management (Сұранысты басқару).
3. Master Production Scheduling (Өндіріс жоспарларын құрастыру).
4. Material Requirement Planning (Материалдық қажеттіліктерді жоспарлау).
5. Bill of Materials (Тауарлардың спецификациялары).
6. Inventory Transaction Subsystem (Қойманы басқару).
7. Scheduled Receipts Subsystem (Жоспарлы жеткізулер).
8. Shop Flow Control (Өндірістік цехдеңгейінде басқару).
9. Capacity Requirement Planning (Өндірістік қуаттылықты басқару).
10.Input/output control (кіру/шығу бақылау).
11.Purchasing (Материалды техникалық жабдықтау).
12.DistributionResourse Planning ( Ресурстар бөлуді жоспарлау).
13. Tooling Planning and Control (Өндірістік операцияларды жоспарлау мен
14.Financial Planning (Қаржыны басқару).
15.Simulation (Моделдеу).
16. Performance Measurement (Қызметтің қортындыларын бағалау).
MRP II ақпараттық жүйе тобының негізгі материалдық (шикізат), жартылай фабрикаттар
MRP II біріккен стандарттар жүйені қолданудың көрсеткіштері:
ағымдағы кәсіпорынның қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және
өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешу;
қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқаруы;
20. ERP жүйесі. ERP жүйесінің MRPII жүйесінен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
Өндіріс менеджментінің негізгі түсініктерін (соның ішінде «ERP» термині де бар) толықтай қалыптасты деп айтуға болады. Бұл салада «нақты стандарт» (стандарт де-факто) ретінде Қорлар мен өндірісті басқарудың Америкалық ассоциациясы (American Production and Inventory Control Society, APICS) терминологиясы саналады.
Мұндағы негізгі терминдер мен анықтамалар, теориялар мен басқару практикасының дамуына қа-рай, тұрақты түрде жаңартылып отыратын APICS сөздігінде қамтылады. Осы басылымда ERP-жүйесінің нақты және толық анықтамасы келтірілген
APICS сөздігіне сәйкес «ERP-жүйе» (Enterprise Resource Planning Мекеме ресурстарын басқару) терминінің екі мағынасы бар.
ERP-жүйе тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.
ERP әдіснамасы өндіріс, дистрибьюция және қызмет көрсету аймағындағы тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысында сату, сатып алу, өндіріс және есепке алу істерін жүргізуге қажетті мекеменің барлық ресурстарын тиімді түрде жоспарлау және басқару әдіснамасы.
ERP-ның MRPII-ден айырмашылықтары
Қазіргі уақытта көптеген MRPII-/ERP-жүйелерін жасап шығарушылар өз жүйелерін ERP класына жат-қызады. "ERP" деп аталған үш әріп бұл класқа жат-пайтын жүйелердің де сатылымдарын өсіруді қамта-масыз ете алатын заманауи ең өзекті жүйе.
ERP және MRPII кластарына салыстырмалы түрде талдау жасайық. MRPII-жүйесінің де, ERP-жүйесінің де негізі өндіріс екендігін атап өткен жөн. Олар нарық кезе-ңінің заңдылықтарына: жаңа қызмет түрлерінің пай-да болуына, өндірістің жаңа технологиялық плат-формаларға ауысуына байланысты дамып келеді.
ERP-жүйелері көпфункционалды және үлкен аймақтарға тарала орналасқан өндіріс мекемелеріне (мысалы, холдингтерге, корпорацияларға, т.б.) арналып жасалады.
MRPII және ERP-жүйелерінің айырмашылықтары олардың аттарынан-ақ көрінеді: бір жағынан, корпорация ресурстарын жоспарлау (Enterprise Res-ources Planning), екінші жағынан, өндіріс ресурста-рын жоспарлау (Manufacturing Resources Planning).
Аталған жүйелердің нақты айырмашылығын келесі формула арқылы өрнектеуге болады:
ERP = MRPII + өндірістің барлық түрлерін іске асыру + компания қызметтерінің әр түрлі бағыттарындағы ресурстарды жоспарлау интеграциясы + көп сатылы жоспарлау
Көптеген MRPII жүйелері жоспарлау тереңдігіне байланысты дами отырып, олар кейбір параметрлері жағынан ЕRP-жүйелеріне жақындайды. Алайда, «кей-бір» сөзі «барлық» деген мағынада емес, сондықтан "ERP" терминін байқап, мұқият қолданған дұрыс.
21. ERP жүйелерінің өзіндік сипаттамалары. ERP тұжырымдамасын түсіндіріңіз
ERP класына кіретін жүйелерді мынадай қасиеттер ерекшелейді:
22. Корпоративті қаржыны жоспарлау және есепке алуды түсіндіріңіз.
ERP-жүйелерінде тарала орналасқан кәсіпорын ресурстарын жоспарлауды сүйемелдеуді жүзеге асыру қаржылық блоктың күшейтілуін, күрделі қаржылық ағындарды басқаруды және корпорация бөлімдерін біріктіруді қажет етеді. Сондықтан ERP-жүйелер құрамына төмендегідей ерекшеліктері бар корпорация қаржыларын басқаратын қуатты жүйелер кіреді:
23. Өндірісті басқарудың MRP/ERP стандарттары. MRP/ERP әдістемелеріне тоқталыңыз.
Өндірісті басқарудың MRP/ERP стандарты MRP-дан ERP-ға
Enterprise Requirement Planning (ERP) әдістемесі, яғни мекеме ресурстарын жоспарлау кәсіпорындардың матери-алдарға деген қажеттілігін қамтамасыз ететін Material Resource Planning (MRP) жүйесінен басталған басқаруды дамыту ісінің нәтижесі болып табылады.
MRP беретін артықшылықтар қоймадағы шикізаттар, жартылай дайын өнімдер мен басқа да заттарға, сонымен қатар өндірістің әртүрлі бөлімшелерінде орналасқан сол сияқты бөлшектерге байланысты шығындардың азайты-луында жатыр.
MRP концепциясының негізінде Bill Of Material (BOM) ұғымы жатыр. Ол құрамының спецификациясына сәйкес шығарылатын бұйымның мекемедегі ішкі шикізатқа, жартылай дайын өнімдерге және тағы басқа бөлшектерге тәуелділігін көрсетеді. Мұнда уақыт факторы басты рөл атқарады, өйткені материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі дайын өнімді шығару жоспарын бұзуы мүмкін.
Өндірістік процестердің уақытқа тәуелділігін ескеру үшін, кәсіпорындағы MRP концепциясын жүзеге асыруды сүйемел-дейтін ақпараттық жүйе өнімді шығару технологиясын (тех-нологиялық тізбегін), яғни технологиялық операциялардың реттілігі мен олардың ұзақтығын «білуі тиіс». Өнімді шығару жоспарының, ВОМ-ның, технологиялық тізбектің негізінде MRP-жүйесінде әртүрлі технологиялық операцияларды орын-даудың нақты уақыттарына байланысты керекті заттардың материалдық есебі шығарылады.
Дегенмен MRP әдістемесінің бір маңызды кемшілігі бар. Материалдарға деген қажеттіліктерді есептеу кезінде ол өндірістік қуаттылықтың жүктелуі мен амортизациясын, жұмыс күшінің, жұмсалатын энергияның бағасын есепке алмайды. Сондықтан MRP-ның логикалық жалғасы ретінде Material Resource Planning (өндірістік ресурстарды жоспар-лау) концепциясы жасап шығарылды, қысқаша жазғанда ол - MRPІІ.
Бүгінде МRP/ЕRP стандарттарын өндірістік қорларды бақылайтын Америкалық APICS (American Production and Inventory Control Society) қоғамы қолдап отыр.
MRP/ERP кәсіпорынның экономикалық көрсетікіште-рін дамытуға арналған, тәжірибеде тексерілген принципт-ердің, модельдердің, басқару істері мен бақылау шарала-рының біріккен ортасы.
ERP әдіснамасы өндіріс, дистрибьюция және қызмет көрсету аймағындағы тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысында сату, сатып алу, өндіріс және есепке алу істерін жүргізуге қажетті мекеменің барлық ресурстарын тиімді түрде жоспарлау және басқару әдіснамасы.
24. MRP/ERP моделінің қазіргі құрылымына тоқталыңыз. MRP/ERP моделінің ішкі жүйелерін ашып жазыңыз.
MRP/ERP моделінің қазiргi құрылымы
MRP/ERP моделі қазір төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады, оларды блоктер немесе топтамалар деп атайды:
Iшкi жүйелердiң әрқайсысы сүйемелдейтін негiзгi қызмет түрлеріне қысқаша тоқтайлайық.
MRP-ішкі жүйесі (MRP-подсистема ):
ERP-ішкі жүйесі (ERP-подсистема ):
Көптеген мамандардың назары бүгінгі таңда ақпараттық жүйелерді жасау мәселелеріне арналады. Ашық жүйелердің әдіснамасын қолдану сыртқы әсерлерге бейімдеуге қабілетті иілгіш (икемді) жүйелерді жасауды ұсынады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер әртүрлі бағыттағы өзара әрекеттесетін ішкі жүйелерден: білімді басқару ішкі жүйелері, шешімді талдау және қабылдау ішкі жүйелері (DSS decision suppot system), ресурстарды жоспарлау ішкі жүйелері (ERP enterprise resource planing), сыртқы ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу блогынан тұратын күрделі интеграцияланған кешен болып табылады.
25. ERP жүйесінің тиімділігі. Тиімділікке әсер етуші факторларды атап көрсетіңіз.
Тиімділік бизнес-функцияларды орындай алатын ERPжүйесінің қабілетін сипаттайтын сандық қасиет. Мынаны ескере алады:
Тиімділікке әсер етуші факторлар |
Іс-әрекеттер |
сенімділік (қожетімділік, қатесіздік, өнімділік) |
ERP жүйесін ендірудің бастапқы сатыларында болашақ үдерістерді сүйемелдеу сапасын жоспарлау |
Кәсіпорынның бизнес-үдерістеріндегі өзгерістер |
Динамикалық бизнес талаптарына сәйкес ERPжүйесінің бейімделуі |
Жұмыс сапасы |
Кәсіпорын қызметінің сапасын жоспарлау |
ERP жүйесінің жаңалықтары |
Оқыту бағдарламалары |
ERP-жүйесі - компанияның бизнес - үдерістерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін құрал. Жобаның барысында біз бизнес - үдерістерден ең үлкен қайтарымды алу үшін оларды қалай үйлестіруге болатындығы туралы кеңес береміз. ERP-жүйесінде іске асырылған бизнес-үдерістер көп жылдық тәжірибе негізінде қалыптастырылды, оларды дүние жүзінің мыңдаған компаниялары сынап көрді. Сондықтан, өзінің бизнес-үдерістерін тәртіпке келтіргенде оларды үлгі ретінде пайдалануға болады.
Кәсіпорынның қорын басқару жүйесін енгізу бойынша жобасы өндірістік қуаттарды кеңейту жобасы сияқты инвестициялық жоба. Жобаға жұмсалған қаржы алдағы уақытта елеулі дивидендтерді әкеледі.
Алғашқыдан ЕАЖ бағалар, тариф және басқа да құндық сипаттамалар туралы анықталған деректер негізінде қызмет немесе тауар құнын есептеудің шағын есептерін шешуге бағытталған, сондықтан оның жұмысының тиімділігі телекоммуникациялық операторлардың ERP-жүйесімен тығыз ықпалдасуынсыз мүмкін емес.
26. ERP жүйесінің тәуекелдігі. Тәуекелдікке әсер етуші факторларды атап көрсетіңіз
ERP-жүйе тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.
Тәуекелділік кез келген потенциалды мүмкін оқиғаның пайда болуы негативті немесе позитивті түрде жоба нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
Тәуекелдікке әсер етуші факторлар |
Алдын алу шаралары |
Құрама функционалдық, болашақтағы шешімнің қиындылығы, қолданушының көптігі |
Екжей тегжей жоспарлау, жобада сапа жүйесі |
Көп еңбекті қажет етуі, узаққа созылуы |
Жобаны кәсіби басқаруды ұйымдастыру |
Негізгі бизнес процесстердің жоспарсыз өзгеруі, басқару құрылымын қайта құру, жүзеге асыру барысында жоба шегінің өзгеруі |
Жобада өзгертулерді басқару процедурасын ендіру (бұл тәуекелділік өз кезегінде форс мажор) |
Жоба үшін мақсат пен жетістік белгілерінің белгісіздігі |
Жоспарлау, жоба үшін мақсат және жетістік белгілерін топ - менеджментпен қиыстыру |
Болашақ қолданушы мен басшы тарапынан жобаға қарсылығы |
Жобаны басқарудың формальді процедураларын ендіру, тиімді коммуникацияларды қолдану |
Жүзеге аспаған басқа жобаларға бағыныштылығы |
Ондай жағдайларды болдырмау, болған жағдайда идентифицирланған тәуекелділік ретінде жағдайды қадағалау |
Клиент vs серіктес типіндегі дау |
Серіктесті мұқият таңдау, жобаның мақсаты мен жетістік белгілерінің нақтылығы, келісім шарт, келіс сөздер |
27.SCM жүйесі. SCM жүйесінің құрамын атаңыз.
Жеткізу тізімін басқару жүйесі (ағыл. supply chain management, SCM) - кәсіпорынды жабдықтаудың барлық кезеңдерін басқаруға және автоматтандыруға және барлық тауар қозғалысын бақылауға арналған қолданбалы программалық жабдықтар мен ұйымдастырылған стратегия. SCM жүйесібарлық тауар айналымын қамтиды: шикізатты сатып алу, өндіріс, тауарды орналастыру. Жеткізу тізімін басқару жинақталған 6 негізгі аймағымен ерекшеленеді: өндіріс, жеткізу, орналасқан жері, қорлар, тасымалдау және ақпарат.
SCM жүйесінің құрамында екі ішкі жүйені бөліп қарастыруға болады:
28. Мекемені басқару жолдарын атаңыз және өнімнің сапасын бақылауды ашып жазыңыз.
Ұйымдастырылған жүйелерді (мекемелерді) негізгі басқару тәсілдері үш топқа бөлінеді:
1.Функционалдық басқаруға бағытталған ұйымдық құрылымдарда әртүрлі бөлімшелер арасында ақпарат алмасу күрделі мәселе болып табылады. Сонымен, функционалдық басқаруға бағытталған құрылымдарда оның бөлімшелері қызметкерлерінің жұмысы мекеменің мақсатымен тікелей байланыстырылмаған.
Артықшылығы: асығыс шешімдерді жүзеге асырудың салғырттығы.
Кемшіліктері:
1) ұйымның мақсатына жетуде қызметкерлердің қызығушылығының жоқтығы;
2) функционалдық бөлімшелер арасында келісімшілдіктің болмауы;
3) нақтылықтың төмен болуы және ақпаратты берудің едәуір кешіктірілуі;
2. Процеске бағытталған ұйым қызметіне ауысудың басқа артықшылықтарының арасынан сол процесті ұйымдастыру жағынан оны оңтайландыруды жүргі-зудің қарапайымдылығын, сонымен қатар процестер қолданатын ресурстарды, әсіресе адам ресурстарын пайдаланудың өзара сәйкестігін айрықша атап көр-сетуге болады.
Артықшылығы:
1) қызметкердің соңғы нәтижеге деген ұмтылысы;
2) өздігінен реттелудің есебінен жұмыстың тиімділігінің үнемі артуы;
3) уақытша шығындардың азаюы;
4) икемділігі.
Кемшілігі:
1) өзіндік өмір сүру үшін күрестің мәжбүрлігінен қызметкерлердің қабылдамауы;
2) бюракратияның жоқтығынан тиімсіз шешімдердің тәуекелдігінің жоғарылауы.
3. Мұнда тапсырма-ны орындау жауапкершiлiгі бизнес процестi атқарушыларға жүктеледі, ал сапаны бақыл-ау жауапкершiлiгі мен осы бизнес процестің орындалу кезеңдерiнiң уақтылы жүзеге асуын әртүрлі функционалдық топтардың мүшелері өз жауапкершiлiгiне алады. Матрицалық тәсіл бизнес процестiң бар-лық кезеңдерінің үйлесімді атқарылуын жү-зеге асыру үшін қосымша шығындар жұм-сауды қажет етеді. Сонымен, мекемені басқару жүйесiн жетiлдiрудiң мынадай жолдарын көрсетуге болады:
- процеске бағытталған басқаруға ауысу;
- басқарудың қазiргi ақпараттық технология-ларын енгiзу.
Артықшылығы:
1) асығыс шешімдерді жүзеге асырудың салғырттығы;
2) қызметкердің соңғы нәтижеге деген ұмтылысы;
3) өздігінен реттелудің есебінен жұмыстың тиімділігінің үнемі артуы;
4) уақытша шығындардың азаюы;
5) икемділігі.
Кемшілігі: қосымша шығындар.
29.ИСО 9000 стандартының құрамы және мекемені ақпараттандыруды түсіндір.
"ISO 9000" ортақ термині сапаны басқару мен оны қамтамасыз ету үшін құрылған тәуелсіз ISO ұйымына кіре-тін ISO/ТК 176 халықаралық техника-лық комитетi жасап шығарған халы-қаралық стандарттар топтарының қыс-қаша атауы болып табылады.
ІSO 9000 стандарты - бұл өнiм сапасы мен қызмет көрсетуді басқаруды қамтамасыз ететін талаптар жиыны. Ол компания жұмы-сын құрастырудың негізгі қағидаларын сип-аттайды, яғни сапаны бақылауға жауап бере-тін жеке бөлімшелердің жұмысына емес, компания жұмысының нәтижесін толық қарастырады. "ISO 9000" термині бiрнеше құжаттарды бiрiктіредi, олар: сертификациялау бойынша үш стандарт және оларды өндіріске енгiзу туралы нұсқаулықтар жиыны.
ИСО 9000 стандартының құрамы
ИСО 9000 тобындағы стандарттар келе-сі суретте көрсетілген.Сапа жүйесіне деген талаптар мекеменің қандай өнім шығаруына және өнім шығарудың толық циклінде жұм-ыс істеуіне байланысты болады. Сонымен қоса, бұл топқа жалпы қолда-ныстағы стандарттар мен терминдерге қат-ысты құжаттар да жатады.
1 сурет. ИСО 9000 стандарттар тобы құрылымы
ИСО 9000 және мекемені ақпараттандыру
ИСО 9001 стандартында мекеменің бизнес функциялары мен стандартқа бағытталған төмен-дегі сапа элементтері көрсетіледі:
9. Іс-әрекеттерді басқару
10. Сынақ жүргізу және басқару
30.ERP-жүйелерін жобалаудың негізгі сатыларын атап көрсетіңіз.
ERP-жүйе тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.
ERP әдіснамасы өндіріс, дистрибьюция және қызмет көрсету аймағындағы тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысында сату, сатып алу, өндіріс және есепке алу істерін жүргізуге қажетті мекеменің барлық ресурстарын тиімді түрде жоспарлау және басқару әдіснамасы.
ERP тұжырымдамасының (концепциясының) басты мақсаты заманауи кәсіпорындарды басқа-руда MRPII (Manufacturing Resources Planning) қағидаларын кеңінен қолдану болып табылады.
Көп сатылы өндірістік жоспарлауды қамтамасыз ету
-Әрүрлі аймақтарға бөлініп орналасқан үлкен өнді-рістік бірлестіктер жекеленген құрылымдық бөлімдерден немесе филиалдардан тұрады. Көбінесе әрбір филиалдың жеке бір өнім шығаратын аяқталған жеке өндірістік про-цесі болады.
- Міне, осындай бөлімдер шығаратын өнімдері ар-қылы бір-бірімен өзара байланыста болады, мыс., бірінің шығарғанын екіншісі ары қарай жетілдіреді. Бұл жеке бөлімдердің және тұтас өндіріс бірлестігі жұмысын жос-парлау процесін қиындатады.
- Шығарылатын бұйымдардың дер кезінде дайын бол-май қалуына байланысты бір бөлім өндірісінің тоқтап қалуы немесе асыра жүктелуінің алдын алу үшін компа-нияның әр түрлі өндірістік бөлімдерінің (сатып) алу/өн-діру жоспар-графиктері бір-бірімен өзара тығыз байла-ныста болуы керек
-ERP-жүйелеріне енгізілген жоспарларды бір-бірі-мен сәйкестендіру ісінің жұмыс істеу логикасы қара-пайым болады.
- Алдымен алу/шығару мен өндірістің өзіндік жос-парлары бірлестікке кіретін әрбір бөлім үшін жеке-жеке құрылады.
-Ішкі өндіріс желісіне кіретін әрбір номенклатура-лық бірлік (бөлшек) үшін оны дайындаушы және осы бірлікті дайындау басымдылығы көрсетіледі. Сонан соң барып ERP-жүйе көп сатылы (сәйкестендірілген) жос-пар құрады. Бұл жоспарларды бекітпес бұрын, жүйе олардың орындалуына сценарийлік бақылау жүргізеді.
-Жоспарлардың орындалатынын бақылау әдеттегі MRPII-дегідей өндіріс бірлестігі деңгейінде бір-біріне тәуелді сұраныстың тапсырыстар ағынын құрастыру жолымен жүргізіледі.
-Сындарлы (критикалық) жағдайлар туындап жатса, жоспарлар алдымен түзетіліп, содан соң барып бекітіледі.
Материалдар жағдайын сипаттау
Өндіріс программасы
Соңғы өнім құраушылары-ның тізімі
MRP-жүйе
Тапсырыстар жоспары
Тапсырыстар жоспарында-ғы өзгерістер
Атқарылу есебі
Қауіпті орындар» есебі
Болжамдар есебі
MRP-программа
қаржы
жабдықтау
жасау
өндіріс
маркетинг
сату