Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аржы ресурстары категориясына бір м~нді ж~не негізделген тал~ылама жасау дегеніміз оны~ ~аржы ~атынаст

Работа добавлена на сайт samzan.net:


17.Қаржылық ресурстарды жоспарлау

«Қаржы ресурстары» категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән  ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.

Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.

Қаржылық жоспарлау -   бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның  барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.

Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін.

      Бюджет экономикалық болжау ретінде.

      Бюджет бақылау негізі ретінде

      Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі.

      Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.  

Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда  бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде  болашақта жасалуы  мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы  жасалынады.

18, Экономикалық  тұрғыдан кәсіпорынның  қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша негізгі үш топқа бөлу дұрыс болады:

      меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;

      қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;

      қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.

Меншікті  және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстарына төмендегілер жатады:

      негізгі қызметтен түскен пайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарының пайдасы, құрылыс-монтаж жұмыстарының пайдасы, қаржы операцияларының пайдасы, яғни ақшалай кірістердің бөлігі;

      ақшалай түсімдер, оларға: амортизациялық аударымдар, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер,  азаматтардан түскен мақсатты түсімдер және  түсімдердің басқалай түрлері жатады.

Қаржы  нарығында мобилизацияланған ресурстар  меншікті акцияларды, облигацияларды және құнды қағаздардың басқалай түрлерін сату, сонымен қатар несие инвестициялары есебінен қалыптасады.

Қайта  бөлу есебінен түскен ресурстар - бұл  пайда болған тәуекелдерді сақтандыру есебінен жабу,  басқа эмитенттердің құнды қағаздары бойынша дивиденттер мен пайыздар, бюджеттік субсудиялар мен ресурстардың басқалай түрлері.

Енді қаржы ресурстарын құрайтын элементтерді жеке - жеке қарастырып көрейік.

Жалпы кіріс.  Өндірістік категория ретінде жалпы кіріс - жалпы өнімнің өндіріс процесінде тұтынылған бөлігін шегергендегі бөлігі. Жалпы өнімнің осы бөлігінің ақшалай формада сипатталған  құны - жалпы кіріс қаржы категориясы ретінде сипатталады. Қаржы категориясы ретінде жалпы кірістің мәнін анықтау кезінде оның өнімді өткізу процесінде  түсімнің бұрын жүзеге асырылған еңбек шығындарынан асуы ретінде ақшалай сипатқа енетін, еңбекпен қайта құрылған құн екендігін айта кеткен жөн.

Жалпы кірістен қосылған құн сияқты ақшалай категорияны ерекшелеу  еңбекті керекті және қосымша деп бөлумен байланысты.

Қосылған өнім - кәсіпорындарда жұмысшылардың қосымша еңбегі арқылы құралған және қоғамның таза кірісі ретінде болатын  өнім. Қосымша өнім екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай формада өткізіледі және жеке қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады. Қоғамның таза кірісінің осы категориясының ерекше белгісі - оның бөлу айырмашылығында. Ақшалай жинақтардың өмір сүруінінің негізгі формалары: пайда, қосылған құн салығы, әлеуметтік және медициналық аударулар және т.б.

Осыған байланысты жалпы кіріс жан жақты көрсеткіш және кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының қалыптасу элементі болып саналады олар қаржылық міндеттемелерді орындауға, кеңейтілген қайта өндіріс пен жұмысшыларды экономикалық ынталандыру шығындарын жүзеге асыруға арналған.

Өткізуден түскен түсім өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне жұмсалған шығындардың орнын толтырудың, ақшалай қаражаттар қорын құрудың негізгі қайнар көзі болып саналады, оның  дер кезінде түсуі қаражаттардың айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның қызмет процесінің үздіксізідігін қамтамасыз етеді. Түсімдердің дер кезінде түспеуі қызметтегі іркілістерге, пайданың төмендеуіне, келісім міндеттемелерін бұзуға, айыппұл санкцияларына әкеледі.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық  мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің  абсолютті және  салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін  белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы  активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және  оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау,  олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

19.Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар

Лизинг туралы жалпы түсінік.

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған.Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.

Лизингтің негізгі түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші(жалға беруші);

- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:

- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

- қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

- банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

- толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

- таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

20.Кәсіпкерліктегі факторинг мәні

Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы. «Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.




1. исследовательских работ среди учащихся 5 ~ 11 классов средних школ студентов образовательных учреждений
2. свободное ценообразование 2 использование новых технологий
3. Развитие межбюджетных отношений в Российской Федерации1
4. .1 Расчет электрических нагрузок цеха
5. КамАЗ как великий символ «застоя»
6.  Діяльність людини має складну ієрархічну будову
7. Предмет экономической теории
8. Харківський НВК ’ 7
9. тема жилищного права
10. В напевах счастья и тоски
11. а ~ неделя перед Великим Постом без мяса с 24 февраля по 2 марта Пасхальная Светлая ~ неделя после Па
12. Игра крестикинолики
13. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 31 Тема Проектирование БД
14. Важная роль в проведении активной политики на рынке труда принадлежит Службе занятости роль которой в наст
15. Реферат- Врожденные дефекты развития опорно-двигательного аппарата
16. ПРАКТИКУМ по курсу
17. Доклад- Урбанизм
18. Исследование самоотношения студентов
19. Требования к нефтям перед дальним транспортом Основные этапы подготовки нефти
20. Самые романтичные поцелуи