Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Лекция №10 Халықаралық туризмдегі халықаралық ұйымдардың
құқығы
Жоспар:
Қолданылған әдебиеттер :
Александрова «Международный туризм»
www.world-tourism.org
www.tourlib.ru
Халықаралық туристік ұйымдардың рөлі
Туризм саласындағы мемлекет саясатының негізгі мақсаты, қазіргі заманға сай заңнама жасау болып табылады.Бұл мақсатқа жетуде туристік ұйымдардың алатын орны ерекше.
Халықаралық туристік айырбас көлемінің тұрақты ұлғаюы,мамандандырылған туристік ұйымдардың пайда болуына әкелді: , IATA, ICAO, PATA және т.б.Бүкіл әлемде 200 астам халықаралық туристік ұйымдар бар.
Туристские организации направляют свои усилия на создание международных правовых регламентов, изучение насущных проблем туризма, разработку важных рекомендаций по устойчивому развитию туризма.
Туристік ұйымдар өздерінің күшін туризмнің негізгі проблемаларын зерттеуге, халықаралық құқықты реттеуге бағыттайды.
Халықаралық ұйымдардың қызметі, туризмнің дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Халықаралық туристік ұйымдар мемлекеттің мүддесін қорғай отырып,әлемдік туризмді дамытуда.Олардың қызметіне сүйене отырып, елдер,аймақтар, облыстар туризмді дамыту және алға жылжыту үшін өздерінің туристік ұйымдарын құруда.
Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына мүше болуы ел үшін өте маңызды.
Бірнеше халықаралық ұйымдардың қызметін қарастырайық.
БҰҰ-ның соңғы актісі «туризмді мыңжылдық дамыту мақсатында қолдану» декларациясы болып табылады.Ол 2005 жылы Нью- Йоркте БҰҰ-ның Генералдық ассамблеясының ST-EP(туризмді тұрақты түрде кедейшілілікті жою мақсатында) бағдарламасын алдағы уақытта дамыту үшін қабылданды. БҰҰ-ның Генералдық ассамблеясының құжаттарында мемлекеттердегі халықаралық туризмнің құқық мәселесі қаралуда.Халықаралық туризмнің құқықтық тұрақтануында басты ролді БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметік одағы(ЭКОСОС) алады.Ол халықаралық туризмді дамытудың дипломатиялық конференцияларын ұйыдастырушы. ЭКОСОС тың басшылығымен БҰҰ-ның кедендік іс бойынша (1954 ж), БҰҰ-ның Римде (1963ж) туризм және саяхат коференция өтті.
Әлемдік туризмнің құқықтық тұрақтануын,мемлекеттердегі осы сұрақтардың заңдастырылуын БҰҰ-ның тек басты ұйымдары ғана емес қосымша,соның ішінде бірінші БҰҰ-ның экономикалық комиссиясы,ол аймақтық туризмді дамытудың проблемаларын шешу үшін жұмыс атқаруда.
Әлемдік туристік ұйым (ӘТҰ) ең танымал және әлем мойындаған туристік ұйым, ол 2 қаңтар 1975 жылы құрылған.
Әлемдік туристік ұйым (ӘТҰ) ең үлкен үкімет аралық ұйым, ол 143 мемлекетті біріктіреді,оған 350 мүше (туристік фирмалар,әуе компаниялар,қонақ үй желілері,қоғамдық ұйымдар,білім беру орындары) қосылған.
ӘТҰ жаңа жоба «Әлемдік туризм : 2000 жылға дейінгі және алдағы уақытқы дейінгі болжам», мұнда туризмге негізгі анықтамалар беріледі,туристік белсенділікке болжам,аймақтар бойынша туризмнің даму мүмкіндіктері, экономикалық және қаржылай
дамуы, демографиялық, әлеуметтік,саяси,заңдық және құқықтық өзгерістер.
ӘТҰ дайындаған халықаралық құжаттар, ұлттық туристік заңнаманың негізі болып табылады.
Халықаралық әуе транспортының бірлестігі және халықаралық азаматтық авиация ұйымының міндеті қауіпсіз,мамандандырылған және экономикалық тұрғыдан тиімді халықаралық әуе тасымалдау нарығын халықаралық стандарттар мен нормаларға сай дамыту.
Азия -Тынық мұхиттық туристік ассоциация (Pacific Asia Travel Association- PATA) Ассоциация 1951жылы Азия -Тынық мұхит бағытындағы туризмді дамыту үшін құрылған. Бұл Ассоциацияға Азия -Тынық мұхит аймағындағы 34 ел кіреді,олардың басты мақсаты:осы аймақтағы туризм мен саяхатты дамыту және жетістікке жету.Ұйымның жүргізіп жатқан жұмысы туризмді бағдарламаларды қолдану арқылы дамытуға негізделген.
Халықаралық туристік ұйым баспасөзі (МФТП) туризмнің дамуы туралы мониторинг,ұсыныстарды жасйды,жарнама қызметі,конкурстарды ұйымдастырады, премияларды береді.
Халықаралық қонақ үй және мейрамхана бизнесі ассоциациясы жыл сайын конгресс өткізеді, кездесулер ұйымдастырады, ассоциацияның міндеттері мен мақсаттарын анықтайды.Ұйымның белсенді мүшесі Ресей қонақ үй ассоциациясы болып табылады.
Евро одақ (ЕС) Европаның 25 елінің одағы,олар бірыңғай заң мен стандарт бойынша алға қарай даму үшін біріккен.
Әлемдік ассоциация білім және туризм мен қонақ үй бизнесі саласындағы кадрларды дайындау проблемаларымен және профессионалды кадрларды дайынуды қарастырады.Ұйым ұсыныстарын еңбек және әлеуметтік даму министрлігі 1999 жылы бекіткен.
Туристік индустрия кәсіпорындарының мамандарына квалификациялы талаптар.Қабылданған профстандарт негізінде туристік білім беру саласында жаңа стандарттар қабылданды.
Қонақ үй бизнесінің европалық ассоциация мектебі қонақжайлылық индустриясын дамыту үшін ұсыныстар жасайды.
Туризм бойынша Европалық комиссия Европаны әлемдік туристік нарықта жарнамалайды.
Дамыған елдердің ұлттық туристік әкімшіліктері,маманданған үкіметтік ұйымдар,мынаған жеткен:
Туристік ақпаратпен алмасу,халықаралық туризм бойынша статистиканы зерттеу,туризм дамуын болжау,стратегиялық маркетинг,экономикалық тұрақтылық және т.б туристік ұйымдар қызметінің негізі болып табылады.
Халықаралық туристік ұйымдар жасайтын құжаттар,халықаралық туризм дамуына үдкен ықпал жасайды.Олар халықаралық және ұлттық заңдарды үйлестіреді.
Маңызды құжаттар қатарына келесілер жатады:
* Халықаралық туризм және саяхат бойынша БҰҰ Рим конференциясы(1963 г.) ;
* Европадағы қауіпсіздік және қызметтестік қорытынды актісі (1975г.);
* Халықаралық қонақ үй ассоциация одағы қолдаған, Халықаралық қонақ үй ережелері 1981жыл;
* Әлемдік туристік агенттіктер ассоциациясы федерациясының ,қонақ үй мен туристік агенттіктер арасындағы кодексі (1991 ж.);
* Отель мен тасымалдаушы арасындағы келісім және стандарттық келісім шарт,оны халықаралық көлік одағы қабылдаған (1994г.);
* Монреаль декларациясы,оны халықаралық әлеуметтік туризм бюросының бас ассамблеясы қабылдаған (1996 жылы.);
* Маниль декларациясы (1997 жылы.);
Бұл тізімді ұзақ жалғастыруға болады,бірақ қазір туризм саласындағы халықаралық құқық актілерінің қалай жұмыс істейтінін қарастырайық.
Туризм сферасын халықаралық актілермен тұрақтандыру
Әлемдік туризм бойынша Манил декларациясы (1980 жылы) туризмге мынадай анықтама береді «адамдар өмірінде маңызды орын алатын, мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, білім мен экономика саласымен тығыз байланысты қызмет түрі».
Жалпы адам құқығы жайлы декларацияға сүйене отырып, Манил декларациясы мемлекеттің «өз азаматтарына ........ туризмді қол жетімді ету » жайлы міндеттерін айтуда.
1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмге келесідей анықтама береді : «Туризм адамдардың өзінің тұрғылықты жерінен,басқа жерге 1 жылдан аспайтын уақытқа белгілі бір мақсатпен демалу,емделу және т.б мақсатпен саяхаттауы».
Халықаралық туристік заң туризмнің дамуына үлкен үлес қосады және туристік қызметте жаңа бағыттар пайда болады. Дәстүрлі туристік қызметтер мен қатар жылжымайтын мүлік объектілерің маңызы артуда,олар әртүрлі курорттағы орналастыру орындары ,бұл жердегі демалысты клубтық демалыс дейміз.Бұл қызмет түрі «таймшеринг» және «клубтық демалыс» ретінде танымал. Жаңа қызмет түрін реттейтін жаңа туристік ұйымдар пайда болды: Европадағы таймшер ұйымы ол таймшер проблемаларымен айналысады және 1998 жылдан бері ӘТҰ мүшесі.
ӘТҰ таймшеринг сұрақтарын қарастыра отырып, 1996 жылы таймшеринг бойынша арнайы кітап шығарды.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады, еш қандай жерде туристік қызмет өз өзімен болмайды.Сондықтан кез келген мемлекет заңды пайдалана отырып туристік қызмет бизнесін тұрақтадыруға тырысады.
Халықаралық келісімдер
Туризм және туристік қызметтерді халықаралық құқықтық тұрақтандыру, халықаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Көп жақты халықаралық келісімдер:
- Адам құқығының жалпы декларациясы 10 желтоқсан 1948жыл;
- Әлеуметтік,мәдени және экономикалық құқық жайлы пакт 16 желтоқсан 1966 жыл;
- Азаматтық және саяси құқық жайлы халықаралық пакт16 желтоқсан
1966 жыл;
- Әуе транспорты жайлы Варшава конвенциясы 12 қазан 1929жыл;
- Азаматтық авиация жайлы Чикаг конвенциясы 7 желтоқсан 1944 жыл және осыған байланысты қабылданған Токио,Гаага және Монреал конвенциялары;
- Туризм үшін кедендік жеңілдіктер 4 шілде 1954жыл;
- Әлемдік мәдениет және табиғат мұраларын қорғау конвенциясы 23 қараша 1972жыл;
- Бала құқығы туралы конвенция 26 қаңтар 1990 жыл;
- Сауда және қызмет жайлы басты келісім 15 сәуір 1994 жылш;
- Биололиялық әртүрлілік жайлы конвенция 6 қаңтар 1995жыл;
Халықаралық туристік құқықтың келесі көзі халықаралық екіжақты келісімдер.Қазіргі таңда Казақстан Республикасының қатысуымен туризм саласында 40 астам үкімет аралық екіжақты келісімдер бар,соның ішінде Түркия,Италия,Болгария,Фрация,Кипр,Испания,Қытай,Куба,Тунис,Бразилия,Тайландпен.