Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Ма~саты- Студенттерге ~Р таби~и ортасыны~ дестабилизация процесі себептері мен салдары Аралды~ ~леум

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.5.2024

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі, себептері мен салдары, Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары, қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері, экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг, ҚР қоршаған ортаға қатысты заңдары,  ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру, ҚР тұрақты дамуды қамтамасыз ету, ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы және механизмі туралы білім беру.  

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

2.Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

3.Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

4.Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

5.Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

6.Экологиялық мониторинг

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995ж. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/л жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км3, өзен ағысымен – 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану – 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2км3, ал 1980 жылы – 10 км3. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Қазір ауа райының континенталдығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5-20С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Бұрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 г/л болса, қазір ол 2,5 г/л жеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.

4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемі – 112 км3, ең үлкен тереңдігі – 26м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне – шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.

Балқаш – жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6км3/ жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген.

Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1,2-ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-ден 2,3 г/л дейін). Судың минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.

5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.

Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.

6.Экологиялық мониторинг.

Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. „Мониторинг" деген термин "монитор" - сақтандырушы, кадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференниясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бакылау" ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық. шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қapeкeтi. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қayiпті ахуал, экологиялық дагдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, коршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып озгеруіне апарып соғады. Қaзіpri уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық нeriз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.

Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жагдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, кысымының, ылғалдығының өзrepyi кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Ce6e6i қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе коршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен коршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.

Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосферлық және басқалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық кұрамының антропогендік өзгеруін және ocы озгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар антропогендік әсердің арқасында кәзектеп экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық монито-рингтің  информациялық жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингпен негізгі міндеттepi:

  1.  антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;
  2.  антропогендік әсер факторларын бақылау;
  3.  антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін

процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау;

  1.  табиғи ортаның физикалық жағлайын бағалау;
  2.  антропогендік   факторлар   әcepiнeн   табиғи   ортада   болатын

өзгерістерді    болжау   және   болжамдалған    табиғи   ортаның

жағдайын бағалау.

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, кұрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені кұрушылар) жатады.

Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеоролоиялық), топырақтық, климатгық мониторинг, сейсмикалық, ионосферлық, Күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі жэне т. с.

Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әр-турлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі –нүктелі стационарлы көздер (зауыттардыцң мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша

мониторингтерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына  қарай     мынадай

мониторинг жүйелерін кұрайды:

ғаламдық   (биосфералық)   -   халықаралық   ынтымақтастық негізінде   Жер биосферасындағы   әлемдік   құбылыстар   мен процестерді   зерттеу   арқылы   назарға   устап,   экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

базалық (фондық) - жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды бақылау ;

• ұлттық - 6ip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;

аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi  аудандардың көлемінде  кұбылыстар  мен  процестерді зерттеу арқылы бақылау;

жергілікті     (локалды)     -     елді     мекендерде,      өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық өзгеруіне бакылау жүргізу;

импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:

  1.  қоршаған ортаның, жай-күйінің халықаралық мониторингі бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
  2.  мониторингтің жаңа станцияларын кұруда көмек көрсету;
  3.  атмосфера   мен    климаттың  жай-күйі,    қоршаған   орта
    ластануы туралы м
    әліметтерді жинау және тарату.

Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараттық жүйелердің   технологиялар   негізінде   жерді   пайдалану,   климат, әлеуметтік-экономикалық   даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.

Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік бepin отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық кұрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.

Локалды мониторингі жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тсксеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ipi калаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералық ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.

Мониторинг жүйесің колданылатын тәсілдерге (физикалық-химиялық    және    биологиялық    көрсеткіштердің    мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинг — атмосфераның, жауын-шашынның, жер бeтi мен жер асты суларының, мухит пен теңіз суларының, топырақтың, түптi тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық кұрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану денгейін анықтау.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына карап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг - коршаған ортаның екі құрам бөлігін   (химиялық және биологиялық)   бақылауға   негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралык) мониторинг — зерттейтін объектілерді барлауға және   тәжірибелік мәліметтерді   тіркеп   жазып   алуға  радиометриялық кондырғылармен камтылған ұшқыш аппараттар колданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Топтастыру принципіне қарай әр-турлі мониторинг- жуйелері бар. Олардың ішінде турлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның кұрама (комплексті) экологаялық мониторингі. Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі - бұл қоршаған табиги орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге  адам мен басқа да тipi ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тyyы туралы ескертуге арналған бакылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық  болып бөлінеді.

Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады:

  1.  бақылау объектін белгілеу;
  2.  бақылауға белгіленген объектіні тексеру;
  3.  бақылау объектісіне информациялық модель кұрастыру;
  4.  өлшеуді жоспарлау;
  5.  бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұксастыру;
  6.  бақылаудағы объектінің жагдайының өзгеруіне болжам жасау;
  7.  мәліметтерді колдануға ыңғайлы түрде дайындап колданушыларға тапсыру.

Кұрама экологиялық мониторингтің мақсаты жинақталып алынған мәліметтерді негізге алып:

  1.  адам тіршілік ететін ортаның және экожүйелердің жағдайын
    сипаттайтын   керсеткіштер   мен   функционалдык   бүтіндігінің
    сақталуына баға беру, яғни экологиялық нормативтердің сақталуын
    бағалау;
  2.  осы көрсеткіштердің өзгеруі себептерін анықтау және осы
    өзгерістердің тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік
    ортаға және экожүйе жағдайына диагностика жасап, көрсеткіштерді
    түзетуге кажетті   шараларды белгілеу ;
  3.  зиян тигізілмей тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауы
    алдын-ала ескертетін шараларды анықтап, солармен қамтамасыз ету.

Қоршаған ортаның жер бетіндегі мониторинг жүйесін И. П. Герасимов бірнеше өздеріне тән мақсаттары қамсыздандыру базалары бар блоктарға бөлуге болатынын 11.2-кестеде келтірілген мәліметтер  арқылы айқын көрсеткен.

Қоршаған ортаның жер бетіндегі мониторинг жүйесі

Мониторинг блогы

Мониторинг объектісі

Сипатталынатын көрсеткіштер

Бекініс нүктесі мен қызмет атқа-ратын орындар

Биологиялық (санитарлық)

Жермен жанасқан ауа қабаты. Жер бетіндегі және жер астындағы сулар. Өнеркәсіптік және үйжай ағын-дылары мен шығарын-дылары.

Радиоактивті сәулелер

Улы заттектердің мөлшері

Физикалық және биологиялық қоз-дырғыштар

Радиосәулелену дәрежесі

Гидрометеороло-гиялық, су шаруа-шылық, санитарлық эпидемиологиялық

Геожүйелік (шаруашы-лық)

Жануарлар мен өсім-діктердің құрып бара жатқан түрлері

Табиғи экожүйелер

Агроэкожүйе

Орман экожүйелері

Өсімдіктер мен жа-нуарлардың попу-ляциялық жағдай

Табиғи экожүйе-лердің функционал-дық құрылымы жә-не оның бұзылуы

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі

Көшет өнімділігі

Биосфералық (ғаламдық)

Атмосфера (тропосфера) және озон қалқасы

Гидросфера

Өсімдіктер мен топы-рақ жамылғылары, жа-нуарлар

Радиациялық ба-ланс, жылумен қат-ты ысу, газдық құ-рамы және шаңдану

Үлкен өзендер, су қоймаларының лас-тануы, суаттар, құр-лықтағы және су жиынтығындағы айналым

Топырақтың, өсім-діктер жамылғыл-рының және жа-нуарлардың жағда-йына ғаламдық си-паттама. Көмір қышқыл газы, от-тектің ғаламдық ба-лансы. Заттектердің айналымы

Халықаралық биосфералық станциялар

Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы алынған мәліметтер дұрыс қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланатын жолдарды тауып іске асыруға болады. Kaзipгi кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің жоқтығы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әр турлі басқару органдардың кызметін 6ipaз киындатып отыр. Адам мен коршаған ортаның экологиялық кауіпсіздік деңгейін көтepyгe су объектілерінің, топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, т, б. объектілердің мониторинг жүйесін дамытуға және жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.

Мониторинг зерттеулерінің негізгі бағытына коршаған орта сапасына баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы - адам организмінің    физиологиялық қажеттілігіне табиғи    жағдайдың сәйкестілігі. Ол өмip сүру ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және   белгіленген  тұрғындар  тобы үшін қалыпты   аурулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі. Көптеген ағзалардың таралу аймағы катаң белгіленген табиғи жағдайлармен шектеледі. Адам кез-келген табиғи жағдайда өмip сүруге қабілетті. Ол табиғи жағдайларға тек кана физикалық жағынан ғана емес, сондай-ақ сол табиғат жағлайларына ынғайлы тұрмыстық заттектер көмегімен де бейімделеді.

Сонымен бірлестірілген экологиялық мониторингтің болуы экологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға бағытталган талаптарды күшейтумен катар, белгілі жүйелердің нақтылы қауіпсіздігіне аналитикалық болжам жасау арқылы қорғау жүйесін icкe асыруға және экологиялық, кауіп-қатерлілікті төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері туралы не білесіздер?

2.Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.

3.Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.

4.Каспий теңізінің қандай экологиялық мәселелері бар?

5.Балқаштың қандай экологиялық мәселері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология  негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

7.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

10. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999




1. Тема урока- складывание рыбки в технике оригами
2. Роман Евгений Онегин - любимое детище Пушкина
3. ДЕМОНСТРАЦІЯ РІВНЯННЯ БЕРНУЛЛІ
4. потребности неограниченны а рессы ограничены; 2 ограниченная рационть эконх субъектов эконом
5. ВАРИАНТ 2 Дисциплина Технология органических веществ 2
6. PR-технологии в формировании имиджа средства массовой информации на примере телевизионной программы Домой!
7. Вариант 8 Ситуационные задачи Дальтонизм ~ сцепленный с Ххромосомой рецессивный признак
8. Тема Электростатическое поле в вакуумеЭлектростатическое поле создано системой точечных зарядов и
9. Реферат- Философия Сартра
10. МЕЖДУНАРОДНЫЙ ИНСТИТУТ РЫНКА МАЛАЯ АКАДЕМИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ В САМАРСКОЙ ОБЛАСТИ Ув
11. Теоретическая грамматика
12.  Статистические гипотезы и критерии согласия При использовании экспериментальных методов для решении кон
13. Лекция 23 Строение и роль белковых веществ Белки в питании человека
14. О христианской теме в творчестве АС Пушкина
15. тема 1 уровень центральный банк эмиссионный Функции- эмиссия денег; хранение золотовалютных резервов; в
16. Металлорежущие станки для студентов машиностроительных специальностей для внутривузовского пользова
17. Идиот Братья Карамазовы
18. Попытка 1 Начало формы Question1 Баллов- 1 Восстановите последовательность
19. задание 1 Классификация размеров в машиностроении.
20. издательскую обработку полученный печатанием имеющий выходные сведения Комбинированное.html